ТАҢ НАМАЗЫ @tannamaz Channel on Telegram

ТАҢ НАМАЗЫ

@tannamaz


ТАҢ НАМАЗЫ (Kazakh)

ТАҢ НАМАЗЫ - бұл telegram каналы, өзендерімізден біреу күннің күншілікті аяқталуына дайын деректерді пайдалануға көмектесетін жер. Осы каналды көргенде, тілі, ерекшеліктері, жогары дәрежедегі суреттері туралы мәліметтер аласыз. 'ТАҢ НАМАЗЫ' каналы - бұл сізге толық намаз оқу деректерін табу үшін мақұл көрсеткіс болады. Бұл каналда, Құран және салаваттардың оқулары, намаз құлағандары мен жеткізгілері, намаздың бәрін жасырындай демеу, аяқталатын немесе тазартатын намаздың толық жұмыстық нұсқасы, намаз туралы аяғындағы кітаптар мен сіздің сұрақтарыңызға жауаптар туралы мәліметтер ұсынылады. Тіркеліп, 'ТАҢ НАМАЗЫ' каналындағы аспапты оқи аласыз және сізге көмек көрсететін барлық қажетті ақпаратты аласыз.

ТАҢ НАМАЗЫ

04 Jun, 13:54


Сонымен қатар АЯТУЛ КҮРСІ жаттаймыз.

АЯТУЛ КҮРСІ БАҚАРА СҮРЕСІНІҢ АЯТЫ. ЕҢ ҰЛЫ АЯТ.
БҰЛ АЯТ НАМАЗДАН СОҢ ОҚЫЛАДЫ. КІМ НАМАЗДАН СОҢ АЯТУЛ КҮРСІ ОҚЫСА, СОЛ АДАМ ЖҰМАҚТЫҚ деген АЛЛА ЕЛШІСІ (С.А.У).


Осындай ғажаптан қалайша бас тартамыз?

АЙТПАҚШЫ, АЯТУЛ КҮРСІНІ ТАҢДА ОКЫСАҢЫЗ КЕШКЕ ДЕЙІН, КЕШКЕ ОКЫСАҢЫЗ ТАҢҒА ДЕЙІН ҚОРҒАЛҒАН БОЛАСЫЗ❤️

ТАҢ НАМАЗЫ

04 Jun, 13:52


Келесі жаттайтынымыз Алла Елшісіне (с.а.у) салауат:


Аллаһумма салли
 
اَللَّهُمَّ صَلِّ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا صَلَّيْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَ عَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ
 
«Аллаһумма салли ‘алә Мухаммәдин уа ‘алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә ‘алә Ибраһимә уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»

🌷Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына салауат ет. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.
 
Аллаһумма бәрик
 
اَللَّهُمَّ بَارِكْ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا بَارَكْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَعَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ
 
«Аллаһума бәрик ‘алә Мухаммадин уа ‘алә әәли  Мухаммад, кәмә бәәрактә ‘алә Ибраһима уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид»

🌷Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі  даңқың ұлы.

ТАҢ НАМАЗЫ

04 Jun, 13:47


Начни читать намаз,
Пока не прочитали над тобой.

ТАҢ НАМАЗЫ

17 Sep, 02:42


🌸«Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып, Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.

❗️Ескерту: Екінші рәкәғатта алғашқы рәкәғаттағыдай ниет етілмейді, сана дұғасы оқылмайды, әъуузу айтылмайды❗️.
Тек қана 🌸«Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиимді» айтып,
Фатиха мен қосымша сүрелерді оқып, 2-рәкәғатты оқуға кіріседі.

🌸Фатиха сүресі:👇

Әъуузу билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим.
Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-ләзиина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин.
Әмин (әмин іштей айтылады).

🌸Ықылас сүресі:👇
Қул һуаллааһу ахад, Аллааһус-сомад, ләм ялид уә ләм иююләд, уә ләм якул-ләһуу куфу-уан ахад.

Қосымша сүрені оқыған соң
🌸«Аллааһу әкбар» деп
рүкүгке барып,
3 рет
🌸«Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды.
Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып 🌸«Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып,
тік тұрған соң
🌸«Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.
Сосын
🌸«Аллааһу әкбар» деп
сәждеге барады да сәждеде 3 рет
🌸«Субхаана раббиял аъләә» деп айтады.
❗️Сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.
🌸«Аллааһу әкбар» деп
екінші сәждеге барып
🌸«Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды.
🌸«Аллааһу әкбар» деп сәждеден көтеріліп тік отырады.
Әйелдер болса екі аяғын оң жаққа жіберіп, жартылай жамбастап жерге отырады.
Әйел намазда отырғанда назары тізе мен көкірек арасында болып, қолын тізесінің үстіне арасын бос етіп қояды. Сосын отырыс кезінде

әт-тахият дұғасын оқиды:

🌸«Әт-тахияаату лилләәһи уас-солауаату уат-тоийбәәт, әс-сәләәму ъаләйкә әйюһән-нәбию уа рахматуллааһи уә бәрәкәәтуһ, әс-сәләәму ъаләйнәә уа ъаләә ъибәәдилләәһис-соо-лихиин, әшһаду әл-ләә иләәһә иллаллааһу, уә әшһаду әннә Мухаммәдән ъабдуһуу уә расуулуһ».

Салауат:👇

🌸«Аллааһумма солли ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә соллайтә ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид.

🌸Аллааһумма бәәрик ъаләә Мухаммәдин уа ъаләә әәли Мухаммәд, кәмәә бәәракта ъаләә Иброоһиима уа ъаләә әәли Иброоһиим, иннәкә хамиидум мәжиид».

Раббана дұғасы:👇

🌸«Рәббәнәә әә-тинәә фид-дуния хасанатән, уа фил әә-хироти хасанатан, уа қинәә ъазәәбән-нәәр».
Сосын:
🌸«Әс-сәләәму ъаләйкум уа рахматтуллаһ» деп
әуелі оң жаққа сосын
сол жаққа сәлем береді.
Бұл кезде екі көз иыққа қарайды. Сосын екі қолды жайып, мына дұғаны оқиды:
🌸«Астағфируллааһ (3 рет), Аллааһумма әнтәс-сәләәму уа мин-кәс-сәләәм, тәбәәроктә иәә залжәләәли уәл икроом. Бирахматика я архамар роохимиин».
Аумин, - деп бет сипайды.
Міне, осымен таң намазының 2 рәкәғат сүннеті де аяқталды.

ТАҢ НАМАЗЫ

12 Sep, 04:16


ТАҢ НАМАЗЫ
(таң намазы – 2 рәкәғат сүннет және 2 рәкәғат парыз)

Таң намазының 2 рәкәғат сүннетінің оқылу тәртібі
Әуелі ниет етіледі: «Таң намазының екі рәкәғат сүннетін өтемекке қараттым жүзімді құбыла тарапына хаалисан лилләәһи таъаалаа», Аллаһу әкбар деп құлақ қағылады.
Екі алақанын құбылаға қаратып, саусақ ұштарын иықтарымен теңестіре көтеріп, «Аллааһу әкбар» деп тәкбір айтады.
Оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды.
Тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады.
🌸Сосын сана дұғасын оқиды:

«Субхаанәкә Аллааһумма уа бихамдика уа тәбәәро кәсмука уа тә ъаалаа жаддукә уә ләә иләәһа ғойрук».

Сосын Фатиха мен қосымша сүрелерді оқиды:

🌸Фатиха сүресі:

Әъуузу билләәһи минаш-шайтоонир-ражиим. Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим.
Әлхамду лилләәһи роббил ъааләмиин. Әр-рахмәәнир рахиим. Мәәлики иаумид-диин, ийәәкә наъбуду уа ийәәка нәстаъиин. Иһдинас-сироотол мустақиим. Сироотол-ләзиина ән-ъамта ъалайһим, ғойрил-мағдууби ъалайһим уәлад-дооооллиин.
Әмин (әмин іштей айтылады).

🌸Кәфирун сүресі

Қул яәә әйюһәл кәәфируун. Ләә аъбуду мәә тәъбудуун. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Уәләә әнә ъаабидум-мәә ъабәттум. Уә ләә әңтум ъаабидуунә мәә аъбуд. Ләкум диинукум уәлия диин.

«Аллааһу әкбар» деп

рүкүгке барып,
🌸3 рет «Субхаана раббиял ъазиим» деген тәсбихты оқиды.

Саусақтарының арасын ашпай екі қолын тізесінен жоғары қояды, арқасы мен тізесін біраз ғана бүгеді.

Рүкүгте тұрғанда көздің назары аяқтың саусақ ұштарында болады.

Сосын рүкүгтен көтеріліп бара жатып:

🌸 «Сами ъаллаһу лиман хамидаһ» деп айтып,

тік тұрған соң:

🌸 «Раббәнәә уә ләкәл хамд» деген тәсбихты айтады.

Сосын «Аллааһу әкбар» деп сәждеге барады.

Сәждеге барарда ең алдымен
тізе, сосын

қол, одан кейін

мұрын мен маңдайды жерге тигізіп,

саусақ араларын жабық ұстайды, сәждеде басын екі қолдың ортасына қояды.
Сәждеде 3 рет
🌸 «Субхаана раббиял аъләә» деген тәсбихты айтады.

Сәждеде білектерін жерге қойып, шынтақтарын қабырғасына жақын ұстайды,
аяқ пен дене бір-біріне тиіп тұрады, екі аяқтың саусақ ұштарымен жер тірейді.
Сосын сәждеден көтерілгенде бір тәсбих айтатын уақыттай кідіріс жасап барып екінші сәждеге қайта барады.
Сәждеде көзді ашық ұстап, мұрынға қарайды.
🌸«Аллааһу әкбар» деп екінші сәждеге барып
🌸«Субхаана раббиял аъләә» тәсбихын тағы да 3 рет оқиды.
🌸«Аллааһу әкбар» деп сәждеден алдымен
басын көтеріп, содан соң
қолымен тізесін таянып тұрады.

Оң қолын сол қолының үстіне қойып, көкірек тұсына ұстайды.
Тік тұрғанда көздің назары сәжде жасайтын орынға қарап, аяқ арасын төрт елі мөлшерінде жақындатып тұрады.
Міне, таң намазының 2 рәкәғат сүннетінің 1-рәкәғаты бітті.

ТАҢ НАМАЗЫ

12 Sep, 04:16



ТАҢ НАМАЗЫ

05 Aug, 07:13


Channel created