Al-Muminun @almuminunq Channel on Telegram

Al-Muminun

@almuminunq


💌inst: 19nugman
📚дұғалар: t.me/soulbirdua

Al-Muminun (English)

Welcome to Al-Muminun, a Telegram channel dedicated to spreading positive vibes, inspiration, and motivation. With the username @almuminunq, this channel aims to help its followers 'be like a bee' - hardworking, dedicated, and always striving for excellence. Whether you're looking for daily affirmations, uplifting quotes, or practical tips on personal growth, Al-Muminun has something for everyone. Who is it? Al-Muminun is a community of like-minded individuals who believe in the power of positivity and self-improvement. What is it? It is a source of inspiration and motivation that will help you become the best version of yourself. Join us on this journey to success and happiness, and let's all strive to be like bees - constantly moving forward and making a positive impact on the world around us. Follow @almuminunq on Telegram today and start your transformation!

Al-Muminun

12 Jan, 16:08


Емтихан деген, саған таңдау еркін ұсыну. Нәпсің ба, әлде ақыретің ба…

Al-Muminun

11 Jan, 15:57


Елестетіңізші…

Жәннат бақшаларында жүрсіз.
Бір қарасаңыз, Пайғамбарымыз ﷺ жаныңызға келіп, күлімдеген жүзімен сізге қарап тұр екен…

Al-Muminun

10 Jan, 17:48


Проблема — маңдай мен топырақтың ортасында ғана ғой. Маңдай топыраққа жақындаған сайын проблема азаяды…

Al-Muminun

10 Jan, 13:52


Алладан бір ғана жұлдыз сұрайсың,
ал Ол саған бүкіл аспан әлемін береді.

бастысы, сұрауды тоқтатпа.

Al-Muminun

10 Jan, 09:47


Көзі көрмейтін зағип кісіден «егер көре алатын болсаң, ең бірінші нені көргің келеді»-деп сұрайды. Сонда ол:

Құранның әріптерін және қалай жазылғанын,-деп жауап береді.

Ал біз бен сіз ше?!
Көретін көзіміз бола тұра, Құранды көре алмай жүрміз. Себебі, көзіміз харам болған, ешбір пайдасыз, бос нәрселерге толып қалған…

Al-Muminun

09 Jan, 13:37


кейде, Алланың бермеуі — бергені.

кейде, дұғаңның қабыл болмауы
— қабыл болғаны.

Al-Muminun

09 Jan, 07:44


Үйіңдегі кітаптарыңа қарап ләззат алғаннан артық ләззат бар ма?!

©️Нұржан ұстаз (хафизаһуллаһ)

Al-Muminun

08 Jan, 18:59


— түнді жақсы көресің ба?
— ия, жақсы көремін.
— неге? бір нәрсе ести аласың ба?
— жоқ, тып-тыныш, үнсіздік…
Раббыммен тілдескен ұнайды.

Al-Muminun

08 Jan, 13:42


Салиқалы қыз қалмады дейтіндерге:

Ең алдымен кіріп кеткен лас батпақтан шығып алсаңызшы. Басыңызды шығарып қарамайынша оларды көре алмайсыз. Себебі, сіз іздеген салиқалы қыздар лас батпақтарда жүрмейді.

Al-Muminun

07 Jan, 15:07


Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де со­лардың бірімін.

Al-Muminun

06 Jan, 12:15


қанша рет қайталап оқысаң да түсіне алмайтын жалғыз кітап ол — әйел.

Al-Muminun

05 Jan, 17:55


Бір ғана жылы сөз — қаншама
жаралы жүректің емі бола алады.

Al-Muminun

05 Jan, 14:20


Адам бір ғана жымиюдың ішіне мыңдаған мұңды жасырады, бірақ оны ешкім байқамайды…

Al-Muminun

04 Jan, 14:52


барлығы Алладан тақуа, білімді, “түнде тахаджудке оятатын”, дамуға көмектесетін, т.б. жар сұрайды. (әрине дұрыс, сұрау керек) бірақ, ертең үйленгенде екеуің де сондай болып қалсаңдар ше, сен одан күтесің, ол сенен күтеді, соңында дым жоқ. Керісінше, мен сондай жар боламын, тақуалы, білімді, көркем мінезді, ол мені емес, мен оны намазға тұрғызамын дегендей өзін дайындап, өзін өзі қолға алғаны дұрыс сияқты деп ойлаймын, әсіресе ер адамдар…

[алушы емес, беруші болу керек]

Al-Muminun

04 Jan, 07:39


Имам Шафиғи: «Ілім үйрену — нәпіл құлшылықтан артық», - деген.

Әбу Дарда(р.а): «Таң азанмен ілім алуға баруды жиһад деп санамау ақымақтық», - дейді.

📚ихия улумид-дин
[Ілімнің артықшылығы, 15-бет]

Al-Muminun

03 Jan, 17:15


Аспанда қаншама жарқыраған жұлдыз болса да, жалғыз айды көреді көзім.

Al-Muminun

03 Jan, 08:42


Жұма күні жасалуы тиіс 8 амал:

1. Жұма намаз бен хұтбаға бару
2. Садақа беру
3. Алғыс білдіру
4. Туыстық қарым-қатынасты нығайту
5. Алладан күш-қуат беруін, келесі Рамазанға аман-есен жеткізуін сұраңыз
6. Дұға жасау
7. Тәубеге келу
8. Салауат айту

Al-Muminun

02 Jan, 13:12


Иман келтіруді тұқым деп алсақ, иманның дәмін сезіну — оның жемісі.

Al-Muminun

02 Jan, 07:34


Нәпсілер тамақтың дәмімен рахатқа кенелсе, нәпсі қалаулары мен құмарлықтарынан арылған жүректер болса рухани ләззаттардан рахат табады.

Al-Muminun

01 Jan, 16:18


дұғаларға арналған арна:

💌https://t.me/soulbirdua

Al-Muminun

01 Jan, 15:52


Бір күні әлбетте осылай айтасыз:

Дұғаларым бір ғана гүл үшін еді,
Раббым гүлге толы бақша нәсіп етті…

Al-Muminun

01 Jan, 14:25


Итіңнің сені қапқаны,
Басқа қожайын тапқаны.
Көбейсе достар себепсіз,
Пайдаңның тиіп жатқаны…

Al-Muminun

01 Jan, 13:48


Үмбет қашан дұрысталады,
жұмаға келген жамағат таң намазына келе бастағанда.

Ораза, құрбан айтқа жаңа жылға дайындалғандай дайындалғанда…

Al-Muminun

31 Dec, 19:37


Басқалар тойлағанда,
біз кітап талдағанбыз.

©️Нұржан ұстаз

Al-Muminun

31 Dec, 19:17


Аллаға шүкір, “кітап қаптау”
рәсімі сәтті аяқталды.

Кейде ойлап қоямын, бұл кітаптар да бір кісінің кітаптарымен бір сөреде тұрады ғой бір күні деп…

бұл байқұстар да шаршады күтіп)

Al-Muminun

27 Dec, 15:47


Адамдардың жүрегінде әдемі із қалдырыңыз.

Al-Muminun

27 Dec, 14:13


😍әлемдегі ең керемет көрініс👇

МаашааАлла 🔥

Al-Muminun

27 Dec, 09:20


Менің мәңгі махаббатым…

Тараз – жан дүниесі терең, көркімен баурайтын нәзік те сұлу ару секілді.

Тараз — уақыттың мәңгілік куәсі.
Тараз — көне өркениет бесігі.
Тараз — тарихтың тірі шежіресі.

Al-Muminun

27 Dec, 06:19


Мен тыныштықты жақсы көремін. Жалғыз болсаң, бос әңгімелерге мәжбүр емессің…

Өзіңмен, ойларыңмен және естеліктеріңмен оңаша қалғандағы сезім, бұл күнделікті шулы ортадан шығып, жанның тыныштық табатын өте жайлы әрі жылы сезім.

Тек тыныштықта ғана өзіңді тыңдап,шынайы ойларыңды түсінуге мүмкіндік бар.

Al-Muminun

26 Dec, 11:43


Жүректер де гүл сияқты — оларды күшпен аша алмайсың,олар өздері бүр жарып,уақыты келгенде ашылуы керек.

Al-Muminun

26 Dec, 08:25


📚сессиялар қалай болды?

Al-Muminun

25 Dec, 14:58


Ұшу үшін міндетті түрде құс болу шарт емес. Аз ғана қуанышты сәттердің өзі жеткілікті. Ешқашан мұңаймаңыз…

Al-Muminun

24 Dec, 17:20


Құранмен өмір сүру өте үлкен нығмет. Сондай бір нығмет, ол нығметті тек сезінген адам ғана түсіне алады.

Al-Muminun

24 Dec, 12:45


Егер сіз Құран жаттауда қиналып, басқалар 15 минутта жаттаған бетті сіз 1 сағатта жаттайтын болсаңыз, еш уайымдамаңыз, көңіліңізді түсіріп, оған бола алаңдаудың қажеті жоқ.

Бір нәрсені біліңіз, Алла сізбен көбірек сөйлескісі келіп тұр, өзгелер тек 10-15 минут тілдессе, сіз сағаттар бойы Алламен тілдесудесіз. Құран оқып өткізген әрбір уақыт сауап, береке және нығмет. Әсте бос өткен уақыт болып саналмайды.

Барлығының уақыты өтіп жатыр, бірақ қалай және кіммен өткені маңызды…

Al-Muminun

23 Dec, 17:39


Болашақ жарыңызды әлеуметтік желіден, көшелерден немесе сізге харам болған адамдарға қараудан іздемеңіз.

Болашақ адал жарыңызды түннің қараңғылығында, жайнамазыңызда отырып, дұғаларыңыздан іздеңіз...

Al-Muminun

23 Dec, 14:56


Құран Кәрім — сәулелері әр тарапқа шашырап, жайылған бір күн іспеттес.

Al-Muminun

23 Dec, 05:53


Аллаһым, Құранды көңілімнің
көктемі, кеудемнің нұры, қайғы-
мұңымды жоқ етуші қыла гөр!

Al-Muminun

22 Dec, 17:12


егер сіз, “мені ешкім түсінбейді” деп ойлап жатқан болсаңыз, онда біліңіз; Алла сізді құзырына шақырып жатыр.(барлық дерттеріңізді тыңдау үшін)

Al-Muminun

22 Dec, 16:27


Сен жығылма, жығылғандар басқалар,
Жығылғанға жаңа сынақ басталар.
Игілікке жеткеніңді көргенде,
Басқалардың көздерінен жас тамар…

Al-Muminun

22 Dec, 14:33


Құлпырған гүлді, әдемі түнді, керемет досты барлығы қалайды. Маңыздысы; гүлді тікенімен, түнді құпиясымен, досты бүкіл дертімен жақсы көре білу.

Al-Muminun

22 Dec, 11:26


Ең ауыр күрес — жүрек пен мидың соғысы. Қайсысы жеңсе де, сен құрбансың.

Al-Muminun

07 Dec, 16:54


Алла бір құлын сүйсе,
оны ешкімге мұқтаж етпейді.

Al-Muminun

06 Dec, 06:12


Алла сүйген құлының жүрегін,
сүйген құлының жүрегімен қосады.

Al-Muminun

05 Dec, 17:55


сағындым сені:

Al-Muminun

05 Dec, 14:10


— оқып жатсың ба?
— иә.

— университет үшін ба?
— Алла разылығы үшін, үммет үшін, үй-ішім үшін, рухымның тірі болуы үшін, және ең негізгісі “ОҚЫ” деп бұйырылғаны үшін.

Al-Muminun

04 Dec, 18:46


Көңіл құсы, Алланы сүйген жүректі сүйгенде ұшады самғап көктерге.

Al-Muminun

04 Dec, 15:24


Алланы білесіз ба?
Басқаны білмесеңіз де болады.

Алла сізді біледі ма?
Басқалар сізді білмесе де болады.

Al-Muminun

04 Dec, 10:15


i have started:

Al-Muminun

03 Dec, 19:37


Түн — өте керемет тыныштық. Қараңғы болғанымен, ұшқыр қиялдар мен терең ойлардың жарқырайтын кезеңі деуге де болатын шығар бәлкім…

Al-Muminun

03 Dec, 19:19


— Бақыт деген не өзі?!

Бәлкім бақыт — қымбат көлік, үйіңде,
Бәлкім бақыт — жақсы көңіл-күйіңде,
Талас-тартыс, аяусыз бұл өмірде
Нағыз бақыт — бір жанды шын сүюде.

Бәлкім бақыт — шетел асып қыдыру,
Бәлкім бақыт — миллиондарға шомылу,
Негізінде бұл өмірде бір бақыт
Шын достықтың керектігін бір ұғу.

Бәлкім бақыт — атақ, мансап қолдағы,
Бәлкім бақыт — зәулім сарай қорғаны,
Басты бақыт бұл өмірде ұмытпа
Ата-анаңның аман-есен болғаны!

Al-Muminun

27 Nov, 02:25


Мұнша қиындыққа толы заманда, адамға Әбубәкір Сыддық сияқты бір дос, Хадишадай бір жар керек екен…

(Алла оларға разы болсын)

Al-Muminun

25 Nov, 11:02


Келген жоқсың өмірге қайғыру үшін,
Болмай жатса ренжіме қай бір ісің.
Әр бір іске сабырлы бола білсең,
Алла өзі береді хайырлысын.

Al-Muminun

24 Nov, 16:41


Я Раббым, тағдырыма жазылмаған
нәрсеге тәуелді болудан сақтай гөр.

Al-Muminun

24 Nov, 09:32


Сіз үшін ұшуға талпынып, қағылған қанаттарды сындырып алмаңыз.

Өзгенің сеніміне кіріп, жүрегінен орын алу оңай нәрсе емес.

Al-Muminun

24 Nov, 04:40


Еркек топырақтан, ал әйел еркектің қабырғасынан жаратылған.

Демек, әрбір гүл өз топырағының құшағында гүлдейді.

Al-Muminun

23 Nov, 14:32


Сен көңіліңді Раббыңа бер,
Раббың көңіліңе қарай береді.

Al-Muminun

23 Nov, 11:31


Тірі адамның жүрегінің соғысы:
V~~√V~~^√\~~√V~~^√V\___


Ал, өлі адамдікі:
________________________________


Көрдіңіз ба? Тірі болсаң, өміріңде әртүрлі өзгерістер бар деген сөз. Қиындық пен жеңілдік, қайғы мен қуаныш деген сияқты. Ешқандай сынақ болмаса қорқу керек, себебі өліп қалған болуың мүмкін…

Al-Muminun

14 Nov, 16:24


Жар таңдау да кітап таңдауға ұқсайды.

Әдемі мұқабаны бір көргенде ұнатуыңыз мүмкін. Бірақ кітаптың ішіндегілерге көңіліңіз толмаса, соңына дейін оқи алмайсыз. Адамның ең жақсы жолдасы — оны жақсы көрген емес, оны түсіне білген жан.
Сондықтан, алдағы уақытта “қап, әттеген-ай” демеу үшін мына 3 нәрсені дұрыс таңдаңыз:

— жарыңызды
— жұмысыңызды
— жолдасыңызды

Al-Muminun

14 Nov, 15:57


Араб тіліндегі сөздіктер үшін:

https://t.me/words_talgar

Al-Muminun

14 Nov, 13:35


Намазыңа сақ бол,
намаз сені сақтайды.

Al-Muminun

14 Nov, 11:16


Адамның қысы күн суығанда емес,
Көңіл суығанда басталады екен…

Al-Muminun

12 Nov, 01:48


Кейде, байқаймын…
Бір ғана жылы сөздің қаншама мұздаған жүректі жылытқанын.

Al-Muminun

11 Nov, 19:57


Дүниенің барлық байлығына ие болғаннан не пайда, егер жаныңда сенімді жарың болмаса.

Al-Muminun

09 Nov, 20:22


Айтқан сөздеріңнің бәріне қант қосып айт, естіген сөздеріңнің бәрінен тұзын алып тастап тыңда.

Al-Muminun

08 Nov, 18:14


Менің сүйгенімді сен сүйе алмайсың,
Сенің сүйгеніңді мен сүйе алмаймын.

— әр Мәжнунның өз Ләйлісі бар…

Al-Muminun

07 Nov, 19:20


Ұйқысыздық кезінде
оқылатын дұға:

Оқылуы: «Аъузу би иззәтилләһи
уә би қудратиһи мин шәрри
мә әжиду уә ухазиру».

Мағынасы: «Тартқан азабым мен мазасыздығымның жаманшылығынан Аллаһтың ұлықтығы мен құдіретіне сиынамын».

Al-Muminun

05 Nov, 08:07


Алла саған тіпті сұрап үлгермегендеріңді де береді, сабыр ет!

Al-Muminun

04 Nov, 05:20


Өзгенің жазбасын рұқсатсыз алып, оны өзі жазғандай етіп көрсетіп, тіпті сілтеме де қалдырмау,
бұламанатқа қиянат.

Al-Muminun

04 Nov, 05:13


Почти барлық постты алып алған ба қалай өзі?!

Al-Muminun

04 Nov, 05:10


Мына кісі кім екен? Нагло COPY-PAST жасап жүр ғой кәдімгідей. Суреттерге дейін алып)
Админі жаза ала ма жекеге?!

Al-Muminun

03 Nov, 11:13


Кейбір әйелдер макияж қолданбайды, бетінде шұңқыры бар(ямочка).

Кейбір әйелдер әшекей тақпайды, көздері бар.

Кейбір әйелдер сөзге мұқтаж емес, көзқарасы бар.

Кейбір әйелдер қару қолданбайды, күлкісі бар.

— Asaf Özdemir

Al-Muminun

03 Nov, 09:43


Адамдар мені тек өзіне керек кезде ғана іздейді демеңіз, керісінше, Алла мені адамдардың мұқтаждықтарын кетіруге себепкер етіп жатыр деп қуаныңыз.

Al-Muminun

02 Nov, 20:27


кейбір адамдар дертіңе шипа болады

Al-Muminun

02 Nov, 15:19


Аллаһым, өзіңнің алдыңда тұруға
лайықты бір жүрек нәсіп еткейсің!

Al-Muminun

02 Nov, 04:43


Адамдардың жүрегіне қуаныш ұялата білген жан — ең бақытты адам.

Біреудің мұңаюына себепкер болып қалмаңыз. Бауырларыңызды әрқашан қуантып жүріңіз.

Al-Muminun

01 Nov, 02:44


Саған көрсетілген құрметке көңілің толмаса, көрсеткен құрметіңе қара!

Al-Muminun

31 Oct, 08:32


Кіммен дос болып жүргеніңе назар аудар. Себебі бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді.

— Мәулана

Al-Muminun

31 Oct, 07:27


Ашу да жел сияқты, қанша жерден тез басылса да, ағаштарға зиян келтіріп үлгереді.

Al-Muminun

30 Oct, 21:35


кейде біраз үнсіз қалу керек, ішкі дауысты жақсырақ есту үшін.

Al-Muminun

30 Oct, 08:28


Өте керемет бір дұға:

Я, Раббым хайырлы істі кешіктіруден, хайырсыз іске асығудан сақтағайсың.
Уақытымның қадірін білгендерден ет!

Al-Muminun

30 Oct, 07:39


Қыс келіп, жаурай бастадым. Бірақ жауратып жатқан қыстың суығы емес…

Al-Muminun

29 Oct, 13:06


— шәйға шекер қосайын ба?
— жоқ, жымиғаның жеткілікті.

Al-Muminun

28 Oct, 16:31


Қуанышты кезіңде Алланы еске ал, қиыншылықта Алла сені есіне алады(ұмытпайды). Дүниедеміз, қайсыбіріміздің басында қиыншылық жоқ дейсіз?! Бұл жәй дүние өмірі ғана…

Al-Muminun

28 Oct, 09:54


Сондай-ақ Оның (құдіретінің шексіздігін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – оларға бауыр басып, жандарың жай тапсын деп, сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін ұялатқандығы. Міне, осының өзінде ақылға салып ойланатын қауым үшін ап-айқын дәлелдер мен талай ғибрат бар.


Құран | 30:21

Al-Muminun

27 Oct, 13:43


Әр нәрсе өз уақытын күтеді,
Не гүл уақытынан бұрын ашылады,
Не күн уақытынан бұрын шығады.

— Мәулана

Al-Muminun

27 Oct, 10:31


Жүрегің тыныштық табатын жерге бар деді, мен Сенің құзырыңа келдім Раббым.

Al-Muminun

26 Oct, 10:12


кейде,
нәсіп болмауы да нәсіп екен…

Al-Muminun

25 Oct, 07:15


🇰🇿Республика күні құтты болсын!

Al-Muminun

24 Oct, 18:53


— көзіңді жұмшы
— жұмдым.
— не көріп тұрсың?
— ештеңе.
— бұл сенің Құрансыз өмірің…

Al-Muminun

24 Oct, 18:22


Алланы сүйген жүрек, міндетті түрде Алланы сүйген жүрекпен қосылатынына сенемін…

Al-Muminun

24 Oct, 16:55


кез келген жағдайда Құран оқы.

Al-Muminun

24 Oct, 07:26


Шүбәсіз , Алла (әр істі тиянақты, игілікке жаны құмар) ізгі жандарды жақсы көреді.

Құран | 2:195

Al-Muminun

23 Oct, 17:39


Кейде мұңды айтып жеткізуге сөз таппайсың, сөйтсем мұңның тілі үнсіздік екен ғой…

Al-Muminun

23 Oct, 12:58


• сүю,
• кешірім сұрау,
• мейірімді болу,
• әдемі сөйлесу,
• түсіністік таныту,
• құлағанды көтеру,
• жылағанды жұбату;

Мұның бәрі тегін, білесің бе?

Al-Muminun

22 Oct, 19:43


Әрбір сынақ бір мүмкіндік,
Әрбір мүмкіндік бір сынақ.

Al-Muminun

22 Oct, 08:16


Аллаһым, Құранды көңілімнің
көктемі, кеудемнің нұры, қайғы-
мұңымды жоқ етуші қыла гөр!

Al-Muminun

20 Oct, 17:21


өтеміз де кетеміз,
өлгеннен соң бекерміз.

Al-Muminun

20 Oct, 15:24


Бал денедегі ауруларға шипа болғандай Құран оқу да жүректің дерттеріне шипа болады.

Al-Muminun

19 Oct, 20:24


Ақ сезімді салыстырсам саған деген,
Сүт ұялып қасында қара болған.

Салыстырсам көктегі жарықтарды,
Сенен өткен әлемде жарық бар ма?

Al-Muminun

19 Oct, 20:07


Я Аллаһ, сенен хайырлысын сұрағанда, хайырлысына разы болатын бір иман, және сол хайырлысын түсіне алатын
бір парасат бергейсің!

Al-Muminun

19 Oct, 13:54


Her insan dağ değildir, yaslanma!

— Әр адам тау емес, сүйкенбе!

Al-Muminun

19 Oct, 07:22


Тыңда!
Тыңдағайсың, ғашықтарым,
Жар таңдауға — асықпағын!
Қате болып қалып ертең,
Көздеріңнен жас ақпасын!
Сөзін емес; ісін қара,
Сыртын емес; ішін қара!
Біл қарындас, түсін бала!
Жан іздеме көңілдікке,
Жар іздегін өмірлікке!

Al-Muminun

18 Oct, 17:31


Күннің суығын сезбей, жүректерін Құранмен жылытып жүргендерге сәлем болсын!

Al-Muminun

18 Oct, 11:33


сыртқы сұлулық — тек назар аудартады,
ал ішкі сұлулық — жүректерді жаулайды.

Al-Muminun

18 Oct, 11:27


Суретке ат қой десе:
әлеуметтік желі дер едім…

Al-Muminun

17 Oct, 19:54


Түн — қиялдарға толы уақыт қой.
Қараңғылықтағы жасырын тыныштық адамның рухына жайлылық береді.

Түнді түсінбейтін адам күндіздің қадірін біле алмайды.

Al-Muminun

17 Oct, 14:11


Бүгін бізге ғана сағат 20:00’де бітетін сияқты ғой сабақ. Светтерді өшіріп, универді жауып шығамыз…)

Al-Muminun

17 Oct, 10:06


Үйден шығарда барлық қыздар айнаға қарайды, бірақ әртүрлі мақсатта.

Кейбіреулер: сұлу болып тұрмын ба, өзгелерге әдемі көрінемін бе, киген киімім стильге сай ма ж/е т.б. деген сияқты.

Ал енді кейбірі болса: киген киімім дұрыс па, шариғатқа сай болып тұр ма, Аллаһ бұйырғандай ма,-деген оймен…

Al-Muminun

16 Oct, 19:01


“kur’ân’ı kerîm okumadığım, ona gözümün değmedi gün en kara gündür..”

| Құран Кәрім оқымаған, оған көзім түспеген күн ең қараңғы күн.

Al-Muminun

15 Oct, 10:20


Біз танитын әрбір адамның ішінде тағы да бір біз білмейтін адам бар.

Al-Muminun

15 Oct, 09:42


Құран терапия.

• әріптеріне қарау
• үйрену
• оқу
• тыңдау
• жаттау
• түсіну
• үйрету
• амал ету
Барлығы шипа, барлығы терапия.