МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ... @turtip_algandarym Channel on Telegram

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

@turtip_algandarym


МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ (Kazakh)

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ Telegram channel is a place where you can find inspiration, motivation, and guidance on personal development. The channel is created for those who are looking to improve themselves in various aspects of life. Whether you are interested in self-help, success stories, or practical tips for achieving your goals, this channel has something for everyone. The username @turtip_algandarym signifies the channel's mission to help its followers find their path to success and fulfillment. Join today and start your journey towards becoming the best version of yourself!

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

07 Dec, 15:49


✍️

Ұрпақтарға үлгі болу мен үлгілі мұра қалдыру парасаттылық. Ол адамзаттың ортақ борышы.

©Нұрмұқан Жанұзақұлы

📗"Бір ауыз сөзім - мың ділда"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

06 Dec, 16:27


✍️

Ойлаймын да...

«Еркекке мақтау, әйелге көңіл, балаға сүйіспеншілік керек».

©Ұстаз Бауыржан Әлиұлы
(Аллаһ рахым етсін)

📗"Ойлаймын да..."

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

06 Dec, 11:59


Аллаһумма салли уә сәллим уә бәрик 'әләә нәбиинәә Мухәммәд 💚

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

01 Dec, 17:13


✍️

Хазіреті Хасан (Одан Алла разы болсын) былай дейді: Мына үш нәрседен сақтан:

1️⃣ - Ібілісті лағнетке ұшыратқан тәкаппарлықтан.

2️⃣ - Адамды ('әләйһис-сәләм) жәннаттан шығарған ашкөздіктен.

3️⃣ - Қабылды бауырын өлтірткен көреалмаушылықтан.

📌Дереккөз: Ұстаз Марат Жарылқап

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

01 Dec, 17:02


✍️

Жұмсақтық таныт...

Пайғамбарымыз сахаба Сумра ибн Жундубкқа: «Әйел қабырғадан жаратылған. Оны түзеймін десең сындырып аласың. Жұмсақтық таныт, жақсы мәміле жаса да, әйеліңмен өмір сүре бер!», - дейді.

Махаббат екеуіңді де тек өмірдің баспалдағына жеткізеді, сосын үлкен сапар басталады.

Әйеліңді араларыңда түсінбестік туындаса да құрметтей біл. Отбасы болып қалу үшін екеуара кейбір нәрселерді елемей қоймау да керек, кейде.

Махаббат пен сүйіспеншілікті жоятын нәрсе бір-бірлеріңнің қателіктеріңді теріп, іздеп кету. Сол үшін кейде ол елемей қойса, кейде сен елемей қой.

Сол үшін кейде сен жеңілген сияқты бол, кейде ол жеңілген сияқты бола салсын.

Түсіну керек болған нәрсе, сен жалғыз өзің отбасылық өмірді қамтамасыз ете алмайтының сияқты, ол, әйелің де жалғыз өзі отбасылық өмірді қамтамасыз ете алмайды.

Құс та аспанда бір қанатымен самғай алмайды. Міндетті түрде қос қанатын қатар қағуы керек.

Әрбір адам бізден өз ақысын сұраудан алдын өз міндетін орындауы керек.

©Аслан Орақбай, Қанат Байбосынұлы

📗"Компас"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

26 Nov, 14:16


✍️

📌(ИННӘМӘӘ) (إنَّمَا) ДЕП БАСТАЛАТЫН ХАДИСТЕР

🔸6️⃣-ХАДИС:

إِنَّمَا الْقَبْرُ رَوْضَةٌ مِنْ رِيَاضِ الْجَنَّةِ أَوْ حُفْرَةٌ مِنْ حُفَرِ النَّارِ

Мағынасы: «Расында қабір - жаннат бақшаларының бір бақшасы немесе тозақ шұңқырларының бір шұңқыры
болмақ»

(Сунан әт-Термизи 2460.
)

Хадис имам әт-Термизидің хадис жинағында берілген. Хадис Әбу Сағид әл-Худриден (р.а.) риуаят етілген. Дәрежесі (имам әт-Термизидің тұжырымы бойынша) - хасан ғариб.

Түсіндірме: Адамның өлімінен бастап, қиямет күні қайта тірілуіне дейінгі уақыты «қабір өмірі» деп аталады. Осы уақыт арлығында болатын орынды «қабір» дейді. Қабір - Алла алдындағы өз міндетін орындаған, яғни Алланың бұйрығын орындап, тыйымдарынан тыйылып, өзгелерге ізгілік жасаған кісілер тынығып, рақат табатын жаннат бақшаларының бірі болса, ал өз міндетін орындамаған пенделер үшін азап тартатын жаһаннам шұңқыры болмақ.

©Аян Илесбеков

📗"Ақиқат нұры"
(Жаттауға жеңіл, мәні терең хадистер жинағы)

#Ақиқатнұры

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

25 Nov, 18:52


Махаббатқа лайықты солар ғана.

Қарайтын мейіріммен баласына,
Ата-анадан асатын адам бар ма?
Қос дүние Сардары Мұхаммед те ( ﷺ )
Құрметпенен қараған анасына.

Бар нәрсеңді құрбан ет жолдарында,
Қолыңнан келіп жатса аяп қалма.
Өйткені сен аңсаған жәннат кілті,
Ананың табанының нақ астында.

Бойларынан күш кетіп, әл тайғанда,
Хақың жоқ зекіруге, айқайлауға.
Егерде осыларды істер болсаң,
Саған да балаң сөйтер қартайғанда.

Олардың қараумен бол қабағына,
Қайғы-мұң сезілмесін жанарында.
Ин ша Аллаһ жұмақтық боласың сен,
Ата-анаң шынайы разы болса.

Қарттықпен істегені ұнамаса,
Тіпті де "Уһ" дейтұғын сөзді айтпа.
Әлемдердің Раббысы Хақ Та'ала
Дәл осылай бұйырған кәламында.
(Исра сүресі,23-аят)

Қанша жақсылық қылсаң да ата-анаңа,
Зәрусің тілегіне, батасына.
Перзенттік қарызыңнан құтылмайсың,
Меккеге үш арқалап апарсаң да.

Жүректерін нәзік қып жаратты Алла,
Сондықтан ауыр сөзбен жаралама.
Себебі мына бес күн,қу жалғанда,
Махаббатқа лайықты Солар ғана.

Албаров Мадияр

https://t.me/albarov_madiyar

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

25 Nov, 14:28


✍️

Ойлаймын да...

«Сабыр ет! Үмітіңді үзбе! Ертеңгі күндер кешегі күндерді ұмыттырады».

©Ұстаз Бауыржан Әлиұлы
(Аллаһ рахым етсін)

📗"Ойлаймын да..."

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

23 Nov, 16:34


✍️

Өз тізгініңді өзің алып жүре алмай, шатақ даудан шықпайтын бір ескі ауруың бар-ау, қазағым! Қылығыңды көріп ішім күйеді.

Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады.

©Әлихан Бөкейхан

📗"Алаш айтқан асыл сөз"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

23 Nov, 04:15


✍️

Өмірлік ұстаным:

"Білетін сияқты сөйлегеннен, білмейтін сияқты тыңда!"

📌Дереккөз: Ұстаз Марат Жарылқап

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

22 Nov, 16:08


✍️

Әке-шешелер мен мұғалімдер балаларға мына асыл қасиетті қалыптастыруға мүдделі: Ізгілікке әдеттендір! Жан-жақтылы өмір үйрет. Ғылымға, кітапқа қызықтыр! Өз ұлтының тілі ана сүтімен бірге шықсын.

©Нұрмұқан Жанұзақұлы

📗"Бір ауыз сөзім - мың ділда"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

21 Nov, 13:11


✍️

Ашуланшақ алдымен қартаяр.

(Армиян мақалы)

📗"Маржан сөз"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

21 Nov, 13:08


Көшеде жүрсең амандаспайтын адамдармен автобуста құшақтастырып қоятын Алматым-ай...)

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

18 Nov, 09:07


✍️

Сократ: “Өнерден жақсы, білімнен үлкен, ұяттан сұлу нәрсе, қызғаншақтықтан асқан дұшпан жоқ

©Исраил Сапарбай

📗"Бір тамшы көздің жасындай"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

14 Nov, 17:03


✍️

Кредит - достың киімін киіп алған жау.

©Ұстаз Құрманғазы Садыбаев

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

12 Nov, 18:40


Кешірші Раббым!

Шифа іздемей Құраннан нұрлы,
Дұғамды оқымай дәріден құнды,
Өзіңнен ғана дауа тілемей,
Өзімдей әлсіз құлдарға барып,
Айтқаным үшін ауырғанымда,
Кешірші Раббым!

Жақсы сөздерін жаудырып түрлі,
Сылып алардай мендегі мұңды,
Өзіңнен ғана пана іздемей,
Өзімдей әлсіз құлдарға барып,
Айтқаным үшін қиналғанымда,
Кешірші Раббым!

Жайнатып қоярдай оң мен солымды,
Түгендеп берердей барлық жоғымды,
Өзіңнен ғана жәрдем сұрамай,
Өзімдей әлсіз құлдарға барып,
Айтқаным үшін мұқтаждығымды,
Кешірші Раббым!

Албаров Мадияр

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

12 Nov, 16:05


✍️

Ибн Уиайна (Алла оны рахым етсін): "Кім бес уақыт намаз оқыса - Аллаға шүкірлік қылғаны. Ал намаздан соң ата-анасына дұға қылса, онда сол екеуіне шүкірлік еткені болып саналады", - деген.

©Жалғас Садуахасұлы

📗"Дін қиссалар тілімен"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

11 Nov, 10:37


“Алла саған зұлымдық жасағандарды, сені жылатушыларды, саған өктемдік жасағандарды ұмытпайды, сондықтан бір күні хақтардың қайтарылатынына сенімді бол”

©Нажиб Махфуз

📌Дереккөз: Ұстаз Ризабек Батталұлы

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

10 Nov, 16:20


✍️

Әкесінің ақшасымен үйленген әйелінің қадірін білмейді.

(Армиян мақалы)

📗"Маржан сөз"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

10 Nov, 06:49


Басымдағы сейіліп қара тұман,
Уақыт емші, тәуірмін бұрынғыдан.
Раббыма сансыз шүкір, сынақ беріп,
Кім - дос, ал кім - дұшпан екенін ұғындырған...

Албаров Мадияр

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

05 Nov, 19:03


✍️

Балам сапалы адам болсын десең мына алты нәрсеге абай болғаның жөн:

1️⃣ - Бала ананың ішіндегі кезінде алдымен ананың өзі күтілсін.

2️⃣ - Бала дүниеге келген күннен бастап бала тәрбиесін бастап жібер.

3️⃣ - Аяғы шыққаннан бастап мінез-құлқын қалыптастыр.

4️⃣ - Кітапқұмарлық әдетке баулы.

5️⃣ - Киініп-ішінуі ел баласынан
кем де, артық та болмасын.

6️⃣ - Денсаулығы күшті, дене шынықтыруға әуес болсын.

©Нұрмұқан Жанұзақұлы

📗"Бір ауыз сөзім - мың ділда"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

04 Nov, 18:42


✍️

Арамбұтақ

Жүзімде керекті және керексіз бұтақтар болады. Керектісі жүзім салады. Керексізі қорек сорады, яғни арамбұтақ. Өсімтал да өнімтал өзі. Пейілі жаман, дер кезінде отап тастамаса, жемісті бұтаққа кесірін тигізеді. Мұны отап тастау басқа емес, бағбанның ғана қолынан келетін шаруа.

Індет пен дерт жайлаған біздің қоғамда да арамбұтақтар аз емес. Әсіресе, а-ан-ау жоғарғы жақта. Адам мен заман ағзасын аздырып, тұқымын тоздырып жатқандар да солар. Қаулай өсіп бел алып кетпеуі үшін ауық-ауық қыршынынан қиып тастап отыратын Бағбан керек-ақ, Бағбан...

©Исраил Сапарбай

📗"Бір тамшы көздің жасындай"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

04 Nov, 12:08


"Жүрегімдегі Алланың есімдері"

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

04 Nov, 09:08


"Жүрегімдегі Құран кестесі"

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

02 Nov, 16:03


✍️

📌(ИННӘМӘӘ) (إنَّمَا) ДЕП БАСТАЛАТЫН ХАДИСТЕР

🔸5️⃣-ХАДИС:

إِنَّمَا الصَّبْرُ عِنْدَ الصَّدْمَةِ الْأُولَى

Мағынасы: «Нағыз сабыр - алғашқы соққы тиген сәттегі сабыр»

(Сахих әл-Бухари, 1283.)


Аталған хадис имам Муслимнің хадис жинағында берілген. Хадис Әнәстан (р.а.) жеткен. Дәрежесі - сахих.

Түсіндірме: Алла елшісінің ﷺ бұл хадисті баяндауына мынадай оқиға себеп болған: «Бірде пайғамбарымыз ﷺ қабір басында баласын жоқтап, жылап отырған бір әйелдің қасынан өтіп бара жатып оған: «Алладан қорық, сабыр ет!», - деді. Сонда әлгі әйел пайғамбарға ﷺ «Өз басыңнан өтпегеннен кейін менің қайғымның қаншалықты ауыр екенін қайдан білесің?! Менде нең бар, менен аулақ жүр», - деп қатқыл үнмен жауап қайтарады. Кейін қабір басындағылар әйелге ол адамның Алла елшісі екенін айтқанда, (ол пұшайман болып) дереу пайғамбардың ﷺ үйіне келеді. Есіктің алдында күзетші болмағандықтан, еш кедергісіз кіріп барып: «Сізді танымай қалыппын» деп, (дөрекілігі үшін) кешірім сұрады. Сонда Алла елшісі ﷺ оған жоғарыдағы тәлімді айтып, тағылым берген екен. Сабыр - адамзатты кемелдікке жетелейтін ең асыл қасиеттердің бірі. Асылында, бұл қасиет адам баласына әуелден Жаратушы тарапынан берілген, жетістікке қол жеткізудің игілікті кілті. «Сабыр» сөзінің шариғаттағы мағынасы: Алла Тағаланың разылығы үшін өмірдегі қиындықтарға төзу, шыдамдылық таныту. Жалпы бұл жалған дүниеде кез келген пенденің басынан талай қиындықтар мен қайғылы жағдайлар өтетіні ақиқат.
Қуаныш пен қайғының қатар жүретіні белгілі. Бұл - өмірдің заңдылығы. Әрбір сәтсіздік пен қиындықтың алғашқы соққысы тиген сәтте Ұлы Жаратушының сынағы деп қабылдап, оған сабырмен, төзіммен қабылдай білу - нағыз мүміннің сипаты.

©Аян Илесбеков

📗"Ақиқат нұры"
(Жаттауға жеңіл, мәні терең хадистер жинағы)

#Ақиқатнұры

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

01 Nov, 17:46


✍️

Намазын оқымай еткен бауырыма.

Исламсыз бекер ғой өмір сүрген,
Бес парызбен өткерген өмір күшті.
Сан пенденің арманы болып жүрген,
Намазыңнан айырылыпсың өкінішті.

Аллаға мойынсұнбау-күнә жаман,
Күнәһардың өмірі қара тұман...
"Менмін" деген хан, патшалар жете алмаған,
Айырылып қалыпсың байлығыңнан.

Алласына бағынып, құлдық ұрмай,
Кімді көрдің ақиқат жолды тапқан?
Оқудың орынына қаза қылмай,
Айырылып қалыпсың нағыз бақтан.

Алла ерекше сүйеді му'мин құлын,
Дұғасын қабылдайды жылап қылған.
Жын, шайтанға тойтарыс беретұғын,
Айырылып қалыпсың қаруыңнан.

Біліп тұрып бет бұрсаң тура жолдан,
Ертең отқа күйесің алаулаған...
Жақындатпай тыятын арсыздықтан,
Айырылып қалыпсың қорғаныңнан.

Алдыңда есеп берер ұлы күн бар,
Өкінесің өте алмасаң сұрақтардан.
Қап-қараңғы қапастан алып шығар,
Айырылып қалыпсың шуақ нұрдан.

***

Намазыңа орал бауырым уақыт созбай,
Алла қабыл етеді тәубе қылсаң...
Раббың парыз қылғанды орындамай,
Қалай үміт етесің жәннатынан?

Албаров Мадияр

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

31 Oct, 18:37


✍️

Хасан әл-Басриден (Алла оны рахым етсін) ата-анаға жақсылық жасау жайында сұраған уақытта: «Ата-ана үшін қолындағы байлықты сарып ету және ол екеуінің күнә істен басқа барлық талаптарын орындау»,-деп жауап берген.

©Жалғас Садуахасұлы

📗"Дін қиссалар тілімен"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

30 Oct, 12:06


😢😢😢

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

29 Oct, 16:13


✍️

قال جعفر الصادق رحمه الله تعالى: "من أكرمك فأكرمه ومن استخفّ بك فأكرم نفسك عنه" (روضة العقلاء لإبن حبان)

Жағфар ас-Садық (Оған Алла рахым етсін) былай дейді: "Саған құрмет көрсеткенге сен де құрмет көрсет. Сені менсінбегеннен де (ұзақ тұрып) өзіңе құрмет көрсет".

📌Дереккөз: Ұстаз Марат Жарылқап

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

29 Oct, 04:36


✍️

"Жас кезімде үлкендердің аузынан алдамшы өмір, опасыз ит өмір деген секілді сөздерді көп еститін ем. Бірақ қандай мағынада айтылады деп мəн беріп, ойлана қоймайтынмын. Енді осы жолы ойландым. Осы жолы бар жан-тəніммен шамырқана сезініп, ұққандай болдым. Иə, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тəрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны шаруа-қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні, сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің".

©Бердібек Соқпақбаев

📗"Өлгендер қайтып келмейді"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

28 Oct, 13:46


✍️

📌(ИННӘМӘӘ) (إنَّمَا) ДЕП БАСТАЛАТЫН ХАДИСТЕР

🔸4️⃣-ХАДИС:

إِنَّمَا شِفَاءُ الْعِيِّ السُّؤالُ

Мағынасы: «Білмегеннің дауасы - сұраумен жүзеге асады».

(Сунан Әбу Дәуіт, 336)


Хадис имам Әбу Дәуіттің хадис жинағында берілген. Жәбир ибн Абдулладан (р.а.) жеткен. Хадис дәрежесі - хасан.

Түсіндірме: Бұл хадисті жеткізген Жәбир (р.а.) мынадай оқиғаны баяндайды: «Біз сапарға шыққан едік. Арамыздағы бір адамның басына тас тиіп, жарақаттанып қалды. Ол таңертең тұрса жүніп күйінде тұрып: «Менің таяммум соғуымды жөн санайсыңдар ма?», деп сұрайды. Сонда жанындағы сапарлас серіктері: «Жоқ, бұл жағдайда таяммумге рұқсат жоқ деп ойлаймыз. Өйткені, су қол созым жерде тұр», - дейді. Оны естіген әлгі кісі күннің суығында ғұсыл құйынып, одан басындағы жарасы асқынып, қайтыс болады. Біз сапардан қайта оралғаннан кейін Алла елшісінің ﷺ құзырына кіріп, оған орын алған жағдайды баяндап бердік. Сонда Алла елшісі ﷺ: «О, Алла! Оны өлтірген екенсіңдер! Білмесеңдер сұрамайсыңдар ма? Білмегеннің дауасы - сұраумен жүзеге асады. Расында, ол кісіге таяммум соғып, жарақатын таңып, денесінің өзге жерін жууға болар еді», деп айтты», - деген екен. Яғни білмеген нәрсесін білетін адамнан сұрау, білмейтін кісіні надандықтан, оның ауыр зардабынан құтқарады. Жалпы, білмегеннің айыбы жоқ. Алайда білмеген нәрсені сұрамау нағыз айып болып саналады. Өйткені Алла Тағала Құранда бізді білмеген нәрсемізді білім иелерінен сұрауға бұйырған.

©Аян Илесбеков

📗"Ақиқат нұры"
(Жаттауға жеңіл, мәні терең хадистер жинағы)

#Ақиқатнұры

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

27 Oct, 18:26


✍️

Ойлаймын да...

««Еш қорықпа! Жаныңда мен бармын ғой» деп айтатын кісі болу керек жаныңызда».

©Ұстаз Бауыржан Әлиұлы
(Аллаһ рахым етсін)

📗"Ойлаймын да..."

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

27 Oct, 13:03


✍️

Ұзын тіл өмірді қысқартады.

(Армиян мақалы)

📗"Маржан сөз"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

26 Oct, 15:25


✍️

Тентек баланы тектей бермей, зерттей біл. Жазғыра беру жағымсыз тәрбие. Тентек баланың жан дүниесінде жасырынған жасампаздық жалындап жатуы әбден мүмкін.

©Нұрмұқан Жанұзақұлы

📗"Бір ауыз сөзім - мың ділда"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

24 Oct, 17:53


✍️

Рух

Рухтың он екі мүшесі бар. Олар: қажыр, қайрат, ождан, ар, намыс, ұят, абырой, сенім, төзім, үміт, иба, иман.

Қажыр қажыса, қайрат қартайса, ождан ортайса, ұят ұрланса, абырой тоналса, сенім семсе, намыс өлсе, ар азса, төзім тозса, үміт үзілсе, иба өшсе, иман көшсе – Рухтан не қалады?

©Исраил Сапарбай

📗"Бір тамшы көздің жасындай"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

23 Oct, 17:07


Көзіне елестетіп көп жылдарды,
Ібіліс үміт сыйлап тағы алдады,
"Күнәма ертең тәубе етемін" деп,
Ұйқыға жатты бірақ оянбады...

Албаров Мадияр

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

23 Oct, 16:28


✍️

Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек.

©Әлихан Бөкейхан

📗"Алаш айтқан асыл сөз"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

21 Oct, 18:22


✍️

Әке - барлық қараңғы
жолдардың шамшырағы..

©Ұстаз Абдулахад Сманов

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

20 Oct, 17:09


✍️

Ойлаймын да...

«Сұлумен емес, «сізді» сәресіне, намазға тұрғызатын адаммен көңіл қосу керек».

©Ұстаз Бауыржан Әлиұлы
(Аллаһ рахым етсін)

📗"Ойлаймын да..."

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

19 Oct, 17:34


Бес уақыт намаз

Тосқауыл болсаң ғана қу нәпсіңе,
Дақ түспейді адамдық келбетіңе.
ТАҢ НАМАЗҒА тік тұрсаң сенен асқан,
Бай адам болмайды екен жер бетінде.

"Жәннаттық"-деп жазсын десең есіміңді,
Уақыт кірсе өтеп ал БЕСІНІҢДІ.
Күнәңнің баршасына тәубе келтір,
Жаратқан құлына тым Кешірімді.

Намазға-еш нәрсенің жетпес құны,
Сондықтан да жоғалтпа асылыңды.
Тіршіліктің салынам деп қызуына,
Аса сақ бол, қаза етпе АСЫРЫҢДЫ.

Ахиреттік азықты қазір қамда,
Бауырым-ау құлшылықсыз жәннат бар ма?!
Раббыңнан мол сауапты үміт етіп,
АҚШАМДЫ оқы-қызарып күн батқанда.

Бақилыққа аттанса адам жаны,
Ең бірінші намаздан сұралады.
Түн болғанда ықыласпен ҚҰПТАНДЫ өте,
Осылайша бес намазың толығады.

Өлеріңді білмейсің қай мезетте,
Уақыт барда жәннаттық амал істе,
Түннен өтіп аман-сау таңға жетсең,
Қызарып бататұғын кешті күтпе.

Албаров Мадияр

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

18 Oct, 15:39


✍️

📌 ЕРЕКЕШЕ АБЫРОЙ СЫЙЛАЙТЫН САЛАУАТ

اللَّهُمَّ صَلَّ عَلَى مُحَمَّدٍ وَعَلَى آلِ مُحَمَّدٍ فِي الْأَوَّلِينَ وَالْآخِرِينَ ، وَفِي الْمَلَأِ الْأَعْلَى إِلَى يَوْمِ الدِّينِ.

Аллаһумма солли 'әлә Мухәммәдин уә 'әлә әәли Мухәммәдин фил әууәлина уәл әәхирин, уә фил мәлә-ил ә’лә илә йәумид-дин.

Аллаһым, қиямет күніне дейін әуелгілер мен соңғылардың және тектілердің ішінен хазіреті Мұхаммедке және оның
әулетіне салауат ете гөр.


Имам Шағрани: «Бір кісі Пайғамбарымыз ﷺ мешітте отырған кезінде келіп, оған: «Алланың саған сәлемі болсын, Ей, асқақ даңқ пен асқан жомарттық иесі!», - деп амандасады. Алла Елшісі ﷺ оны өзі мен Әбу Бәкірдің арасына отырғызады. Сол жердегі келгендердің барлығы Пайғамбардың ﷺ оны бұлай алға тартқанына таңқалысты. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ : «Маған Жәбірейіл (а.с) оның бұдан бұрын ешкім айтпаған салауатпен маған салауат айтқанын хабарлады», - деді. Әбу Бәкір: Ол кандай салауат, уа Алланың Елшісі?-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз ﷺ осы салауатты айтты.

[ «Афдалу салауат ғала сайидии садат», 125 бет]

©Ұстаз Бағлан Шежімбай

📗"Сырға толы салауат"
(Дәләилу Хайрат)


https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

18 Oct, 03:25


✍️

- "Балам, шатақтаспа. Шатақ құрсын. Дүниеде шатақтан жаман нəрсе жоқ. Иттермен ит болмай, жайлап, жөндеп сөйлес".

©Бердібек Соқпақбаев

📗"Өлгендер қайтып келмейді"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

16 Oct, 18:54


Уайымға салынба қайғырып тым,
Алладан басқа ұғады қайғыңды кім?!
Бүгін сәтсіз болғанмен барлық ісің,
Ертең күліп атады тағы бір күн...
Қайырлы түн!

Албаров Мадияр

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

16 Oct, 16:49


"...Әрдайым жақсылық жасаңдар, істеріңді барынша тиянақты етіп істеңдер. Шүбәсіз, Алла (әр ісі тиянақты, игілікке жаны құмар) ізгі жандарды жақсы көреді"

"Бақара" сүресі: 195-аят


https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

16 Oct, 14:30


✍️

Баласына өзінің қолымен ас пісіріп беруді ұмытқан ана, өзінің жанұясын да ұмыта бастайды.

©Нұрмұқан Жанұзақұлы

📗"Бір ауыз сөзім - мың ділда"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

15 Oct, 15:22


✍️

Тарыдай тағылым

Сахабаларының бірі Пайғамбарымыздан: “Ей, Расулулла, қайсы қасиеттер исламда ең үлгі һәм қадірлі саналады?” деп сұрағанда: “Аш-арыққа тағам бергенің, танитын-танымайтынға сәлем бергенің” деген жауап алады. Хадисте бұған қоса: “Өзің тоя жеп, көршің аш-жалаңаш отырса, Алла алдында да, адам алдында да күнәға батқаның” деген сөз бар.

Біздің қазақы ортада бұған керісінше “танымасты сыйламас” деген ұғым орныққан. Бұл не – ұлттық мінез ерекшелігіміз бе, әлде ислами ибаға исіне қоймағанымыз ба? Жарайды, бұрынғыны бұрынғы делік, қазіргі қазақ қандай? Арамызда, Құдайын былай қойғанда, әкесін танымай бара жатқандар аз ба? Құлқын мешітке емес – мешкейлікке, аш-арыққа емес – ашкөздікке, дарқандыққа емес – дарақы даңғойлыққа жеңдіргендердің әлгіндей аталы сөзге, баталы байламға құлақ аспауы қалай? “Құдайдан қорықпағаннан қорық” дегенді қазақ өзіне емей кімге айтқан? Әлде... “Айтып істеген ұрлықтың айыбы жоқ” па?

Жиырма бірінші ғасырдың қазағы қандай болар екен?..

©Исраил Сапарбай

📗"Бір тамшы көздің жасындай"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

15 Oct, 14:01


✍️

Жақсылық пен ар-намыс - жанның көркі,
Онсыз келмес ең сұлу тәннің көркі.

(Армиян мақалы)

📗"Маржан сөз"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

15 Oct, 05:42


Тыңдашы қарындасым!

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Жүрегің тек - Аллаһ деп дамылдасын.
Ар-ұятты әрқашан биікке қой,
Пәктігіңе қара дақ жағылмасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Сұлулықтан иманың болсын басым.
Аллаһқа құл, адамға сыйлы ару бол,
Есімің жамандықпен танылмасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Сөздерің туралыққа бағытталсын.
Тіл мен жағың ғайбатты айтып емес,
Аллаһты ұлықтаудан жалықпасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Күнә екенін білгейсің ысыраптың.
Қызыл-жасыл қызықпа дүниеге,
Ібіліс іргеңнен кеп азғырмасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Кезгің келсе егерде жәннат бағын-
Исламның бес шартын мықтап ұста,
Бірін де тастамастан парыздардың.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Аяулы ата-анаңа қарыздарсың.
Сен үшін ұялмасын асыл әкең,
Сен үшін жыламасын жан анашың.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Алдынан кесіп өтпе қарт жандардың.
Үлкендерді құрметте ізетпенен
"Көргенсіздің қызы"- деп қарғамасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Бояу жақпа, қастарың жұлынбасын.
Қияметте сәл ғана күнәң үшің,
Есімің "тозақтық"-деп жазылмасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Аллаһ тыйған әуретің ашылмасын.
Налыма:"Барлық қыздар ашық жүр"-деп,
Олар басқа, сен тіптен басқа жансың.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Өне бойың Құранмен сусындасын.
Сыртқа шықсаң түзеткін жүрісіңді,
Ниеті жамандарды таң қылмасын

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Тап-таза пейіліңе шаң жұқпасын.
Ел мен жұртқа көрсетпе кіндігіңді,
Аналық бақытыңнан айрыласың.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Иманың нәпсіге тез алынбасын.
Бөтен еркек бетіңнен сүймек түгілі,
Жақын келіп қолыңнан ұстамасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Ақкөңіл бол, ниетің тарылмасын.
Некесіз жақындаспа еш еркекпен,
Бір түнің бүт өмірді қорламасын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Бергеніне разы бол Жаратқанның.
Пайғамбарға ( ﷺ ) көбірек салауат айт,
Қияметте көргің келсе шапағатын.

Тыңдашы, тыңда мені қарындасым,
Ақыл айттым түсініп, ұғынарсың.
Өтінерім өзіңнен бір-ақ нәрсе
"Қатты айттың"-деп ағаңа тақпашы мін,
Бақытты бол аяулы қарындасым!

Албаров Мадияр

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

14 Oct, 16:43


Әбу Мұсадан (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбар (ﷺ): «Шын мәнінде, мүмін мүмінге бірін-бірі бекітіп тұрған ғимарат секілді», - деп саусақтарын тарақтап (көрсеткен).

(Бухари: 481)

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

14 Oct, 13:30


✍️

Әли ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын): "Бай бола тұрып сараң болған адам - жомарт кедейден асқан пақыр саналмақ", - деп айтқан.

©Жалғас Садуахасұлы

📗"Дін қиссалар тілімен"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

14 Oct, 12:41


https://youtu.be/iqiGYX_WoyI?si=9c6Zy9BBB-iKLVFv

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

13 Oct, 18:15


Хикмет: "Пәленше мені тек ісі түскенде іздейді" демей, адамдардың мұқтаждығын кетіруді маған нәсіп еткен Аллаға шүкір де."

Өйткені адамдардың мұқтаждығын кетіру жолында қызметте болу, мұсылман үшін ең ұлы қасиет.

📌 Дереккөз: Ұстаз Марат Жарылқап

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

12 Oct, 19:27


Сіз өлгенде...

Тірліктің демін жұтып ең соңғы рет,
Соғуын тоқтатқанда тірі жүрек,
Жәрдем бере алмайды аяулы анаң,
Бар болғаны жылайды зар еңіреп.

Шел басып көздеріңді судай тұнық.
Кеткен сәтте денеңнен жаның шығып,
Жәрдем бере алмайды асыл әкең,
Бар болғаны мұңаяр іштей тынып.

Тамырыңмен жүгірмей қызыл қаның,
Қозғалыссыз қалғанда саусақтарың,
Атыңды айтып ақырып зарлағанмен,
Жәрдем бере алмайды бауырларың.

Өлгеніңе сене алмай шыныменен,
Кетеді тұңғиықтау ойға терең,
Жәрдем бере алмайды сүйген жарың.
Қайғы жұтып, өкіріп, өксігенмен,

Жан-жағына бұрылмай қара басың,
Дірілсіз қалған сәтте кірпік, қасың,
Жәрдем бере алмайды балаларың,
Бар болғаны көл қылар көздің жасын.

Марқұм дейді, аталмай тіпті атың,
Сен жүрген жолдар енді болар сағым.
Өле-өлгенше сыйласып өтем деген,
Жәрдем бере алмайды туысқаның.

Бір мұңайып, жүрсең де бірге күліп,
Жоламайды енді саған шошып, үркіп.
Жәрдем бере алмайды жолдастарың,
Өз қолымен тастайды жерге көміп.

Дүниемен бағалап ердің құнын,
Жиған едің күндіз-түні таппай тыным,
Артығымен тұрса да бермейтінсің,
Сол дүниең құтқармас сені бүгін.

***

Сіз өлгенде берер жәрдем кәлимаңыз,
Намаз, зекет, қажылық, оразаңыз.
Жаратқанның жәннатын аңсасаңыз,
Көп болсын салихалы амалыңыз.


Албаров Мадияр

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

11 Oct, 15:37


✍️

Кейде жүрегіңе таудан ауыр қиыншылықтар түседі. Ол сенің қайғырып-жапа шегуің үшін емес, сәжде жасап Раббыңа жақындауың үшін орын алады..

©Ұстаз Абдулахад Сманов

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

10 Oct, 15:48


✍️

Ойлаймын да...

«Кез-келген адамның қол жеткізер ең биік мәртебесі - сенімді тұлға болу».

©Ұстаз Бауыржан Әлиұлы
(Аллаһ рахым етсін)

📗"Ойлаймын да..."

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

02 Oct, 14:50


✍️

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

©Әлихан Бөкейхан

📗"Алаш айтқан асыл сөз"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

01 Oct, 22:15


✍️

Қиянат жасаған адамдарға рақмет айтыңыз. Келесі жолы ол секілді адамдардан аулақ жүресіз.

©Ұстаз Сырым Шәкизада

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

29 Sep, 21:38


✍️

"Ауыздан шыққан анттың бəрі орындалса адам адам емес баяғыда-ақ періште болған болар еді."

©Бердібек Соқпақбаев

📗"Өлгендер қайтып келмейді"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

29 Sep, 16:54


✍️

Өтірік өзімшіл келеді,
Шындық төзімшіл келеді.

©Исраил Сапарбай

📗"Бір тамшы көздің жасындай"

https://t.me/turtip_algandarym

МАДИЯРДЫҢ ТҮРТІП АЛҒАНДАРЫ...

29 Sep, 06:21


"...Кімде-кім Аллаға тиісінше тағзым етсе және Оған қарсы келіп асы болудан сақтанса, Алла оған тығырықтан шығатын жол ашып береді."

"Талақ" сүресі; 2-аят

https://t.me/turtip_algandarym