Кішкене саясаттан. Байқаймын Зеленскийді АҚШ-та, Европа да лақтырып кеткен сынайлы. Онымен қоймай берген ақшасын қайтар деп жатыр. Бұл ешкімге сенім артудың қажеті жоқ екендігінің айғағы. Өйткені, Ресей де, АҚШ-та, Европада, тіпті Түркия да өзінің мүддесін, яғни, өз елінің мүддесін ең бірінші қатарға қояды. Ол заңдылық. Жеме-жемге келгенде лақтырып кетуі бек мүмкін.
Зеленский Ғаззадағы бала-шағаны қырып жатқан Израильді бірінші боп қолдады (ол жақта украин сарбаздары да жүрді), ондағысы әрине өз елінің туын әлемдегі күшті елдердің қатарына қоссын дегендік. Бірақ, оларға Украина да, Зеленский де ешкім емес, қызметшісі ғана, қанша мақта, қанша оларға жағымпаздық жаса, саған келер пайда болмайды, сені көтермейді ешқашан.
Сондықтан, анаған, мынаған жалтақтамай, дұрыс саясат жүргізу керек. Бәрімен достық қатынастың шеңберінде бизнес жасау керек. Кей жерде озып, кей жерлерде қалып дегендей.
Мұнда ел тізгінің ұстаушы билік иелерінің батыл, ақылды және мықты саясатшыл болулары маңызды. Негізі Назарбаевтың сыртқы саясаты дұрыс деп ойлаймын.
Әсілі, әлемді билеп-төстеп отырғандардың ойында әлемдегі елдердің басына өңшең саясат жүргізе алмайтын босан, майда-шүйде біреулерді қою жоспары бар. Ол саясат жай-жай жүргізіліп жатыр. Құдай біздің елден оның бетін аулақ қылсын!
Қазіргі шиеліністі заманда біздің елге мықты президент керек болады деген ойдамын. Мысалы, бір облыстың көркеюі әкімнің мықтылығына және іскерлігіне байланысты болғаны секілді, елдің де мықты болуы тікелей президентке байланысты.
Құдай біздің елдің басына мықты басшыларды нәсіп қыла берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әлемде соғыс болмасын!