↝ dámelen @dametkenn Channel on Telegram

↝ dámelen

@dametkenn


мән іздейміз.

өзім: @jazarymbar

инстаграмда да бірдеңелерім бар: https://instagram.com/dammetken?utm_medium=copy_link

↝ dámelen (Kazakh)

↝ dámelen is a Telegram channel dedicated to sharing insightful and inspiring content. The channel's username is @dametkenn and it is managed by @jazarymbar. The channel aims to provide its followers with thought-provoking content that ignites creativity and sparks curiosity. From articles to images and everything in between, dámelen offers a diverse range of content to engage its audience. Follow dámelen on Telegram for a daily dose of inspiration and enlightenment. Join the community today and embark on a journey of knowledge and discovery. Stay connected and be inspired with dámelen!

↝ dámelen

04 Dec, 19:48


Екі ғылыми мақаламды да жетекшіме тапсырдым. Енді жарияланатыны жайлы хабарды күту керек. Бірінші семестр аяқталған соң, диссертацияға да кірісу қажет. Осы жылы бітіретініме сене алмай жүрмін.

Бір айдай сараманда болдық. Өзім кезінде қорыққан, сабағына өліп-талып дайындалған оқытушының орнына бакалавр студенттеріне сабақ бердім. Аудиторияға кіріп келе жатсам, бәрі қуанады. Мен апай сияқты қинамаймын ғой. Тым жұмсақ оқытушы сияқтымын.🥲

↝ dámelen

04 Dec, 19:44


Түр-келбетіңе қошемет сөз есту – құлаққа жағымды. Бірақ парасат-пайымыңа, біліміңе, еңбегің мен ізденісіңе қошемет көрсетілуі – жанға жағымды.

↝ dámelen

04 Dec, 19:42


Жастық шақта басқа кезеңдерде бола бермейтін таптырмас мүмкіндік бар. Ол – тәуекел ете алу.

Бала кезіңде сені қорғаштайтын ата-ана болады. Ол кезде сенде өзіңе деген жауапкершілік жоқ. Ересек кезіңде, өзің әке я ана болғанда көп жағдайда белді бекем буа алмайсың. Себебі сенде жауапкершілік көп.

Сондықтан ең тиімді мезгіл – жас дәурен. Қылшылдан жас кезіңде білім алуға, кәсіппен айналысуға, шығармашылығыңды шыңдауға, ел, жер көруге, мамандық ауыстырып, тәжірибе алмасуға қажыр-қайрат та, уақыт та болады. Осы кезді қалт жібермей, молынан пайдалана алу қажет.

↝ dámelen

26 Nov, 20:32


Сыйластық – қарым-қатынастағы ең құнды пазл. Қозғаушы күші дегенге де саяды. Онсыз сезім өрбімейді. Сыйлаған соң сөзіне мән бересің, сезіміне сән бересің. Сыйлағаннан кейін махаббат үшін жұмыстанасың. Сыйлағандықтан салғырттық пен селқостыққа жол бермейсің.

↝ dámelen

26 Nov, 20:20


Ақпараттың айналасында жүргесін, күнде бірдеңе білу, есту, көру, жазумен боласың. Көбіне көзге ілігетіні – негатив жаңалықтар. Онсызда уайымшыл адам. Одан бетер болып жүргені.

↝ dámelen

26 Nov, 20:11


«Әр істің ізгі мұраты мен қою мәні жүрек пен санаға мәлім болғанда ғана, ол азап пен қорлық болудан қалады».

«Қаныш және ғылыми майдан».

↝ dámelen

26 Nov, 20:09


Күні бойына жоспарлаған шаруаларыңды істеп барып арқаны кеңге салып демалғанның рақаты бөлек.

↝ dámelen

05 Nov, 19:50


Өткен жұмада Оралда «Қаныш және ғылыми майдан» кітабының таныстырылымы өтті. Санжар Керімбайдың әсерлі де дәмді әңгімесін тыңдап қайттым. Кітап та алдым. Жәкеме «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабын бердім. Жәкем «Өзбекәлі дертімен» ауырып жүр енді)

↝ dámelen

05 Nov, 19:48


Жақында бір аптаға жуық қатты ауырдым. Енді адам болып, реттеліп жатырмын. Сол күндері ауырмаған кездерімді аңсағаным-ай.

↝ dámelen

05 Nov, 19:44


📕 «Қазақ әйелдеріне манифест»
👤 Нәзипа Құлжанованың еңбектерінен жинақталған
📖 232 бет

«Алқа» баспасында жарық көрген. Көрген бойда бірден тапсырыс бердім. Өйткені Нәзипа Құлжанованы қазақ әйелдерінен шыққан алғашқы журналист ретінде танитынмын. Әйел теңдігі туралы да ойларын алға тартқан оқығандардың бірі. Не туралы жазғаны қатты қызық болды.

Кітапта журналистің әр түрлі жылдары жарық көрген мақалалары жинақталған. Әсіресе, жыныстық сауаттылық, ана мен бала денсаулығы, түрлі аурулардан сақтану жолдары жазылған. Бұл тұста кей мәліметтер бізге етене таныс, жаттанды болғанымен, ол заман үшін жаңалық екенін ескерген жөн. Баланы босанғанда қайда жатқызу керек, қандай киім кигізеді, ана нені ішіп, нені жемеуі керек секілді көптеген мәселелерді қозғайды.

Кейіннен әйел теңдігі, әдебиетке қатысты мақалалары жазылған. Ұлттың сау да сауатты болуы үшін әйелдің оқуы қажет деп оқудың маңызын түсіндіреді. Әдебиет туралы жазғандарын көбірек оқитын болармын деп едім, тек екі мақала екен. Аздық етті.

Бұдан кейін шай, май секілді тұрмыстық заттарға анықтама беріп, шығу тегін, жасалуын түсіндірген. Жалпы, журналистің жазған дүниелерінің танымдық қуаты мол. Әрі-берден соң әлі күнге дейін өзекті.

#оқығаным

↝ dámelen

05 Nov, 19:15


Біреуге масыл болып өмір сүруден сақтасын деймін. Өзіме де, өзгеге де.

Аяқ-қолың сау, есің бар шақта өз күніңді өзің көруге талпыну қажетсің. Сені ешкім асырауға, қателігіңді кешіріп, бүлдіргеніңді түзеп беруге міндетті емес. Солай біреуге арқа сүйеп қалғандар жаңағының бір ілгері басқан аяғын кері қайтарады. Селбесіп, өсуге, өнуге мұрша бермей қояды.

Біреуге залалың тимей, ешкімді ыңғайсыз жағдайға қалдырмай, әлдебіреуді әурелемей, ешкімге жүк түсірмей өмір сүру – ол да бір сауаттылықтың көрінісі.

↝ dámelen

05 Nov, 19:01


Ақыл баяғыда-ақ аңдағанды жүректің ә дегенде қабылдай салуы оңай емес.

↝ dámelen

22 Oct, 19:34


Ұсыныс, тілек, ой болса @jazarymbar осында жазсаңыздар болады.

Инстаграмда да бармын. Мархабат.

↝ dámelen

22 Oct, 19:29


ұядан ұшқан күнім.🕊️

↝ dámelen

22 Oct, 19:28


Көп уақытқа жоғалып кеттім. Арнада қалып, оқып, белсенді болмасам да пікірін жекеме жазып жатқан шын оқырмандарыма алғыс.

Осы аралықта көп өзгеріс болды. Соның бірі – ұямнан ұзатылып, отбасылы болуым. Өмірімнің ендігі бір баспалдағын жанымдағы жолдасыммен бірге бастық. Қайырлы шешім, сау да салауатты отбасы болайық деген ниеттеміз.

Одан бөлек, магистратураның 2-курсындамын. Өзім оқып жүріп әрі өзгелерді оқыта жүріп уақыттың қалай зымырап өткенін байқамай да қалыппын. Бір ғылыми мақалам халықаралық журналға жариялану барысында. Енді бір мақаламды жазу қажет. Сөйтіп диссертация жазуға да бір табан жақындадым.

Бөлек бір отбасыға мүше болып қосылдым. Сіңісуге төзім, еңбек пен білім қажет. Әйелдік, «қызым» деп шеттетпесе де, келіндік міндеттерім және бар.

Осындай өзгерістерден соң өзіңді жинап, жиып алу қиын, әрине. Бірақ жұтылып кеткім келмейді.

Өзің ұнататын істің жоғалмағаны жақсы ғой.🤍

↝ dámelen

22 Oct, 18:48


«Тілді емлеге сыйғыза алмайсыз ғой. Сөзді, контексті емлеге сыйғыза алмайсыз».

Бүгін «Kozqaras podcast»-қа келген филолог, лингвист, редактор Назгүл Қожабектің подкастын қарап шықтым. Қазақ тілінде таза сөйлеу, сауатты жазу мәселесі, қате аудармалар, қазақ тілі мен қазақ әйелін не байланыстыратыны сөз болды.

Филологтарға бағыт-бағдар да берілді. Қарап шығуға кеңес беремін

↝ dámelen

22 Oct, 18:44


Жаныңа жақынның жүрек дүрсілін естіп жату – бөлек сезім.

↝ dámelen

22 Oct, 18:42


Агрессия көбейіп кетті десе, депутаттар медиадан, медиа ата-анадан, ата-ана мұғалімнен көреді.

Бұның бәрі қоғамды құрастырады. Жауапкершілік бәрінде бар. Қазіргі қоғам бейнесі - біз келіскен дүние.

↝ dámelen

06 Sep, 14:40


Кез келген жақсы сезімнің басы сондай ерекше тәтті болады, иә? Әсіресе, махаббаттың. Өзіңіздің сүйіктіңізбен өткізген алғашқы сәттерді еске түсіріңізші. Бөлек сезім. Сол тәттілік өн бойында сақталсын. Жоғалмасын. Басы тәтті болған махаббат ақыр аяғына дейін тәтті болсын.🕊️

↝ dámelen

06 Sep, 14:36


📕«Дайағашшы»
👤 Ұларбек Нұрғалымұлы
📖 253 бет

Парақтарынан қазақылықтың иісі аңқитын кітап. Маған қатты ұнады! Өзім топшылағандай кітап екен.

Автор кезіндегі көшпенді өмірдің қызығы мен қиындығын, ескідегі адамдардың есті сөздері мен есте қалар оқиғаларын жазып шыққан. Кітап «Кісі қадірі» және «Сөз қадірі» дейтін екі бөлімнен тұрады. Алғашқысында кей салт пен дәстүр, атбегілік, құсбегілік жайында әңгімелер сөз болса, екіншісінде «маймөңке», «қолқа», «боздақ» секілді көптеген сөз бен тіркестердің мағынасын ашады.

Автор қазақтың көзсіз, сөзсіз түсінікті болатын дара даналығын жеткізе білген. Кей тұсында қатты таң болдым. Әсіресе, сыңсудың мәні мен маңызын түсіндірген тұсы ерекше ұнады. Дала пәлсапасы тұнып тұр.

Шағын тақырыптарға бөлінгендіктен оқуға жеңіл келеді. Тіл байлығын көбейтемін деушілерге, атамның әңгімесін, ауылдың иісін сағындым деушілерге нағыз керек кітап.

#оқығаным

↝ dámelen

06 Sep, 13:51


«Әңгіме ғана емес, көп тірлігіміз де сондай секілді. Тиянақ жоқ, байыз жоқ, не көзде, не көңілде тыныштық жоқ, бірдің басы, бірдің аяғы, жалтақ-жалтақ, алақ-жұлақ. Мұндай күйдегі адамға ғылым қона ма, білім жете ме, иман ұялай ма?..»

Ұларбек Нұрғалымұды «Дайағашшы».

↝ dámelen

06 Sep, 13:50


Кейінгі жазбалар бір ай бұрын жарияланыпты. Жазбай кеткенімді білемін. Бірақ бұнша уақыт өткенін байқамай да қалыппын.

Өмірімде орын алар, орындалар өзгеріс көп. Сол өзгерістердің өресінде жүріппін де қойыппын. Бірақ арнаны жауып тастау, мүлде жазбай кету деген ой болмапты. Бір бөлшегім – осында.

↝ dámelen

07 Aug, 16:03


Есейгендіктің белгісі – тыныштығыңды талан-таражға салатын адамдардан, жағдайлардан бойыңды аулақ ұстау.

↝ dámelen

07 Aug, 15:56


Ауылда, ата-анамның қасындамын. Еркелеп те жүрмін, есейгенімді көрсетіп те жүрмін. Шамамен төрт жылдай осылай келіп-кетіп жырақта жүріппін. Туыстарым: «бұ қыз ұстатпай жүр» деп жатыр)

Өткенде тамақтан уланып қалдым. Негізі, олай тамақ іше алмай қалатындай ауырмайтын едім. Бұл жолы ауыр болды. Әкем дәрімді әкеліп, анам қасымнан бір елі кетпей қойды. Сол қамқорлықтары қашанда ыстық.

Әупірімдеп, ептеп, ет жеп, реттеліп келеміз.🙃

↝ dámelen

07 Aug, 15:51


Адалдықтан сусындаған жүрек басқаның арамдығын байқай бермейді. Әділетсіздік осы жерде.

↝ dámelen

18 Jul, 20:37


Өткенде журналист Дина Төлепбергеннің «Мамский әңгіме»-дегі сұқбатын қарағанмын. Баласына қатысты әңгіме өрбігенде жылап алдым. Қандай мықты әйел! Сұқбат бойы ауыр әңгіме айтып отырса да, күліп отыр. Көзі күліп тұр.

Жалпы, өз миссиясын ғана емес, өзінің, өмірінің философиясын түсінген тұлға деп есептеймін. Тыңдап отырып, көкейге мынадай ой ұялады: біз денсаулық, уақыт, махаббат деген құндылықтардың бағасын білмейді екенбіз. Олардың қымбат екенінен бейқамбыз. Жұмыс істеу, ақша табу, үй алу, тойға бару, көбірек лүпіл жинау, танымал болу деп, жүгіре береді екенбіз, артынан қуа береді екенбіз.

Әрине, қоғам өйтпесіңе қоймайды. Бірақ бәрібір құндылықты дұрыс бағалай алуымыз керек. Бірінші орында ішкі күйің, рухани әлеуетің болса, қалғандары кейінгі орындарға жайғассын.

↝ dámelen

18 Jul, 20:13


Кейбірі айтқаныңды естімесе, саусақпен санарлығы айтпағаныңды да естіп қояды. Негізі, барлығы ойда басталып, ойда аяқталады ғой.

Ойларыңды бөлісе алмағанда, ойлар сені бөліседі. Сондықтан сөзсіз-ақ түсініп тұратын, сөзбен кемітіп, кемсітпейтін, мін іздеп, міндетсінбейтін жақыныңның болғаны жақсы.

↝ dámelen

18 Jul, 20:02


Адуынды жүректің сезгені мен салқынқанды мидың шешкені түйіспесе – іште болатын соғыстың ең тартыстысы сол.

↝ dámelen

11 Jul, 21:00


«Сені жоғалтып алғым келмейді» дейтін, тілегі мен тірегін сенен аямайтын адамыңның болғаны өміріңе мән үстейді.

↝ dámelen

11 Jul, 20:48


Өзіңе ғана көмектесе аласың. Басқаға жәрдем беремін деп жармасудың қажеті шамалы. Ешкім сұрамаса да, «мен жақсырақ білемін» деп құтқарушы болу ешкімге пайда әкешмейді. Қауіптен қоғаштай берудің керегі жоқ. Өз тәжірибесін тірнектеп жинасын. Дәмін өзінше татсын. Шын жанашыр болсаң, тек «қармақ бер».

↝ dámelen

11 Jul, 20:45


Мен тұратын үйге жақын маңда кітапхана жоқ. Сөрелерде тізілген кітаптар арасында, кітап парағынан басқа ештеңе естілмейтін жерде кітап оқуды сағындым. Ол сағыныштың, тіпті, иісі де бөлек қой.