Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
30 желтоқсаннан бастап елімізде қысқы демалыс ресми түрде басталды және 8 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл 10 күн – балалардың демалып, жаңа күш-қуат жинауына, отбасымен уақыт өткізуіне керемет мүмкіндік.
📚Оқу-ағарту министрлігі демалысты қызықты әрі қауіпсіз өткізу үшін «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында арнайы ұсыныстар дайындады. Бұл ұсыныстар:
• Қауіпсіздік сабақтары;
• Білім беру, спорттық және мәдени іс-шаралар;
• Шығармашылық жобалар мен отбасылық демалыстарды қамтиды.
Естеріңізде болсын, балалардың қауіпсіздігі – ең басты міндет!
• Жолда, мұз айдындарында, сырғанақтарда және су қоймалары маңында сақ болыңыздар!
• Жаңажылдық гирляндалар мен отшашуларды қолданғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!
❄️Баршаңызға қауіпсіз, көңілді және пайдалы демалыс тілейміз!
#біртұтас_тәрбие
#ұлытау_тәрбие
#ҚысқыДемалыс #БалаларҚауіпсіздігі #БіртұтасТәрбие