Абдусамат Ханафин @abdusamat_hanfin Channel on Telegram

Абдусамат Ханафин

@abdusamat_hanfin


Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.

Абдусамат Ханафин (Kazakh)

«Абдусамат Ханафин» каналы – бұл оқиғалармен, кітаптармен алыстан келген тапшыларым мен басқа өзім пайдаланғандарды жан-жақты таныстыретін мекенжай. Мен сіздермен ойлым, тартулар, белгілі кітаптар мен қазанымдарды пайластырумен көмекші болуға тырысып жатамын. Бұл каналда арнайы парақшалар жоқ, тек маған келіп тұрған әділ мақсаттарымды бөлісуге табыс алыңыз.

Абдусамат Ханафин

11 Feb, 13:20


Даңққа жету жолы әрдайым қиындық пен
ауыртпалыққа толы деп айтылады, бірақ
жалқаулық пен енжарлықтың жолы одан
да ауыр және азапты. Тек жалқаулықтың
қиындықтары кейін келеді, ал даңққа
жету жолындағы қиындықтар басында-ақ
кездеседі. Екі жол да жүргіншісін бейнетке
салады, бұл дүниеде толық тыныштық жоқ.
Сондықтан өзіңе қай бейнетті таңдайтыныңды
шеш.

Шейх Юсуф Хаттар

Абдусамат Ханафин

10 Feb, 15:16


Адамдардың көбі Алланың күллі нәрсесін пайдаланады... Тек дінін ғана пайдаланбайды...
Бірақ адам алуға тиісті негізгі ілім, Құдай мен адамның байланысы, хақысы, адамның адамдық міндеті мен жаратылу мақсаты, шынайы бақыттың сыры, бәрі сонда болатын....

Абдусамат Ханафин

10 Feb, 07:02


المراة سريعة الانخداع و ضعيفة الرأي
Әйелдер тез алданады әрі көп нәрсені эмоциямен қабылдай салады.

Сондықтан әйелдер сүйем, күйем дегенге бастары айналып, күйеуге қалай шығып кеткенін көзін уқалап барып бір - ақ біліп жатады.
Сол үшін сақ болыңыз!

Абдусамат Ханафин

10 Feb, 05:03


Таңертең оянғанда, Алладан күніңе береке
тіле, себебі бір сағаттың берекелі болуы,
бүтін бір күннің берекесіз өтуінен әлдеқайда
артық. Адамның өмірінде жиі болатын жағдай
— аз уақыт ішінде үлкен істі қалай аяқтап
үлгергенін өзі де аңғармай қалады. Бұл
таңданыс - істің ауқымдылығына қарамастан,
оны оңай жүзеге асырып, жұмсалған еңбектің
нәтижелі болғандығынан туындайды.
Күн шығып, қайта батқан кезде, өзін сау-
саламат, еркін сезінеді, алайда түнде төсекке
жатып, күндіз не бітіргенін ойласа, жүрегін
тыныштандыратын, жанын рақатқа бөлейтін
ештеңе таппай қалады. Сондықтан Алладан
береке мен тура жолды сұра, және шығын мен
жоғалудан сақтанып, Аллаға сиын.

Шейх Юсуф Хаттар

Абдусамат Ханафин

09 Feb, 15:59


Оптимизм – барлық жағдайлар қарсы болса
да, Алланың жәрдеміне берік сену. Мұса
пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын)
алдында теңіз, артында қуған жау тұрғанда,
Ол сонда да: «Жоқ, менің Раббым менімен
бірге, Ол маған жол көрсетеді» деп айтқан.

Шейх Юсуф Хаттар

Абдусамат Ханафин

09 Feb, 11:34


Бұл өмірде ең бірінші назар аударатын нәрсе - Алланы дәлел-
дәйекпен тану. Адам тіреусіз тұрғызылған аспанға, кілемдей
төселген жерге үңіліп қарап, өз қолынан тұрғызған бекем құрылы-
старға, тіпті өзінін ағзасына зер салса, әр құрылыстың артында
құрылысшы, бұл әлемнің артында жаратушы бар екенін түсінеді.

Ибн Жаузи
(Лафтатул кабид иля насихатил
улад.)

Абдусамат Ханафин

08 Feb, 18:25


Қараңғылықты қарғамай, шырақ
жағыңыз..

Мәулана:
Шам басқа бір шамды тұтатқанда, ол үшін өз жарығын
әлсіретпейді. Керісінше, қараңғылықты жарықтандыруға көмектеседі.

Абдусамат Ханафин

08 Feb, 13:52


مَا تَضَيَّعْ مِن وَقْتِكَ تَنْدَمْ عَلَيْهِ

Уақытты босқа кетірсең, өкінесің.

Абдусамат Ханафин

07 Feb, 06:41


Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біздің салауатымызға мұқтаж емес, бәлкім салауат айтуға біз мұқтажбыз. Өйткені Пайғамбарымызға салауат айту арқылы пенде сауапқа кенеледі. Алла Тағала ол пендеге рахметін төгіп, күнәсін кешіріп, дәрежесін көтереді, қайғысын сейілтіп, ризығын арттырады.

اللهم صل على محمد

Абдусамат Ханафин

06 Feb, 13:54


Шырайлы Шымкент..

Абдусамат Ханафин

04 Feb, 13:42


Жұдырықтай жүректің әрбір қағысынада шүкіршілік жатса қадай игі. Мұндай адам нағыз жүрегі таза адам болмақ. Өйткені мұндай адамдар: Жүрегімді соқтырған Алла Тағалаға мың да бір шүкіршілік, деп, осы бір жүрек соғуының өзіне де шүкіршілік етеді.

Абдусамат Ханафин

03 Feb, 20:09


Тәбиғин Әбу Хазим (рахимаһулла) өзінің бір сөзінде:
«Саған берілген нығмет – сені Аллаға жақындатпаса, онда
оның түбі бәлекетке айналуы мүмкін» дейді.


Осы сөзге байланысты заманымыздың үлкен тәпсіршісі,
шейх Шағрауи былай деген: “Аллаға жақындатпаған
әрбір ниғмә (нығмет) – “ниқмә” (ашу-ыза, кек).

Абдусамат Ханафин

03 Feb, 18:57


Қыс басқа мезгілден күнінің қысқалығымен, түнінің
ұзақтығымен ерекшеленеді. Уақытының әрбір минутын
жемісті істермен толтырғысы келетін мұсылман адамға бұл
– Раббысына жақындау үшін таптырмас мүмкіндік.

Имам Ибн Ражаб әл-Ханбали (Алла оны рақымына алсын)
өзінің «Латаифу әл-мағариф» кітабында ол туралы былай
дейді:
«Расында қыс – мүміннің көктемі. Себебі
ол құлшылық бақшасында емін-еркін кезіп,
ғибадат алаңында мейлінше өрістейді. Әрі өзіне
жеңіл келген амалдар бағында жүрегі тазарады.
Жан-жануарлардың көктемгі бақта жайылып,
денесіне ет пен күш жинайтыны секілді мүмін
де қыста Алла жеңіл еткен ғибадаттармен өз
дінін дұрыстай алады».

Абдусамат Ханафин

30 Jan, 16:34


Жұма мүбәрак болсын!🤲

Абдусамат Ханафин

29 Jan, 17:21


Құранды құрметтеуге қатысты үкімдер
Егер біреу Құранға немесе оның бір бөлігіне немқұрайлы қарап, оны менсінбей кемсітсе, оған тіл тигізсе, лас жерге тастаса, Құран жазылған қағазды қорласа, мұсхафты (Құран кітабын) еш себепсіз нәжіспен былғаса және оның бұл әрекеті мазақ ету мақсатында жасалмағанын дәлелдейтін айқын негіз болмаса – тіпті әлсіз белгі болса да – ондай адам мұсылман ғалымдарының бірауыздан келісімі бойынша күпірлікке түседі.

📚[Әл-маусуғату әл-фиқһияту әл-куейтия«14/58]

Абдусамат Ханафин

29 Jan, 07:04


Адамды өсіретін де,
Өшіретін де - мінезі

Жақсы мінез ажарың, жаман мінез тажалың.

Абдусамат Ханафин

28 Jan, 16:48


Өмір – бұл қиындықтарды шешу жолы.
Қиындықтар сені жеңуі де мүмкін, немесе
олар сені ұлы адам етіп шыңдайды.
Таңдау – өзіңде.

Шейх Юсуф Хаттар

Абдусамат Ханафин

28 Jan, 06:17


Көңілің тарылса – сәждеге бар,
Ойың бытырап кетсе – сәждеге бар,
Жүрегің өзгерсе – сәждеге бар.

Шейх Юсуф Хаттар

Абдусамат Ханафин

27 Jan, 18:36


القرآن أنك لا تستطيع أن تغيير كلماته ولكن كلماته تستطيع أن تغيرك!

Красота Корана в том, что ты не можешь менять его слова, но его слова могут менять тебя.

Абдусамат Ханафин

26 Jan, 14:52


Кейде күн жүзін бұлттың бүркеп тұратынындай, ақыл нұрын нәпсі де бүркеп тұрады.

(Пифагор)

Абдусамат Ханафин

25 Jan, 10:08


Күнәға апаратын жерге жақын отырып, кейін
оған түсіп қалғаныңа шағымданба!
Орныңды ауыстыр, сонда аман боласың.

Шейх Юсуф Хаттар

Абдусамат Ханафин

23 Jan, 19:26


Әл Фараби бабамыздың керемет сөзін бүгін оқып қалдым. Сіздермен бөліскенді жөн көрдім.

Әл Фараби бабамыз айтады:
Адам білімді және тәжірбиелі болмай тұрып, көптеген нәрселерді терістеп, негізссіз деп табады, оларды абсурд деп ойлайды. Ал ғылымды меңгеріп, тәжірбиесін молайтқан шағында, ол үшін олар қажетті нәрселерге айналады. Сөйтіп, өзі бұрын абсурд деп ойлаған ойына қайран қалады.

Жұма қабыл болсын!🤲

Абдусамат Ханафин

22 Jan, 06:06


*Естеріңде болсын!*

“Умра” тәндердің, денелердің баруы оңай алайда рухтардың баруы қиын болған бір мекен.
Ұшақ тәнімізді тасиды. Рухымызды емес!Телефонды алып үнемі елмен байланысты отыру рухыңыз елде қалып қойғанының белгісі. Сіздің көңіліңіз, ойыңыз елде болса, араптардың киімі,культурасы мен машиналарында болса періштелер сізге назарын аудармайды.
Бұл кейіптегі умрамен сіз күнәдан пәк болып қайтуды қалауыңыз дәл бір қыстыгүні терезесі ашық үйді жылытуға тырысу секілді.
Умраға әрі тәніміз әрі Рухымыз барсын!

Умра дәрістерінен үзінді!
©️ Ержан Ұстаз

Абдусамат Ханафин

21 Jan, 12:19


Даналықты қайдан көрсең де ал, өйткені ақылды адам оның қандай қабырғада жазылғанына, қай адамнан жеткізілгеніне немесе қай дінсізден естігеніне мән берместен даналықты алады.

Абдусамат Ханафин

20 Jan, 16:38


Деймінда!!

Қазіргі уақыттағы ең үлкен жиһад сауатсыздықпен күрес. Мұсылмандардың соңғы ғасырларда артта қалуларының, көптеген саяси ойындардың құрбанына айналуларының, бірден бір себебі сауатсыздық. Білім мен дін бір- бірін толықтыратын егіз ұғым. Дінсіз ғылым ақсақтық болса, ғылымсыз дін соқырлыққа тең. Сондықтан мұсылмандар үшін ең қатерлі дұшпан сауатсыздық, білім деңгейінің төмендігі, біліктіліктің аздығы, жаңа технологияны ойлап табуды былай тұрсын, өзгелердің технологиясын да сауатты қоладана алмаулары.
Ендеше , бүгінгі таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан гөрі ғылымға сүйенбек.

Абдусамат Ханафин

20 Jan, 09:27


Деймінда!
Негізі қоғамға өзгеше ойлайтын азаматтар қажет. Оны ол ісі үшін жек көріп, қудамалау қажет. Өзгеше ойлайтындар - бізге айна іспеттес. Ұлттық болмысыңа тиіссе - оны түгендеуге кірісесің. Дініңе тиссе - дамытуға тырысасың. Бағытыңа тиіссе - одан керегін аласың. Жалпы өзгеше ойлайтын адамдар қоғамды ойландырушылар.

Себебі адамдар дамудың жолына қорғану мен дәлелдеу арқылы ұмтылып, ақыр аяғында ұмтылысы - махаббатты ісіне айналады. Адам баласының не істесе де өзі үшін істейтіні болмысында анық байқалып тұрғой!

Абдусамат Ханафин

19 Jan, 11:36


Біле білсеңдер Алланың жәрдемі өте жақын!
اللهم أعز الإسلام والمسلمين
اللهم انصر الاسلام والمسلمين في فلسطين
Көзімнің қуанышы, жүрегімнің сағынышы
АҚСА МЕШІТІМ
Пайғамбарымыздың исрасы мен миғражы куәсі
АҚСЫ МЕШІТІМ
Тыныштық заман арман болған
АҚСА МЕШІТІМ
Береке мен амандық айында, амандық таппаған
АҚСА МЕШІТІМ
Мұсылманның дұғасы мен жанына мұқтаж
АҚСА МЕШІТІМ
Қазаққа атасы Бейбарыстан аманат қалған
АҚСА МЕШІТІМ
Салахиддин Аюубилерді күтіп жатқан
АҚСА МЕШІТІМ

Абдусамат Ханафин

18 Jan, 17:23


Адамдарға ауызды берген Құдай, Нəсіпсіз, нəпақасыз қалдырмайтыныны анық. Абай атамыз айтпақшы, "əуелі Құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды...

Абдусамат Ханафин

18 Jan, 10:42


Қазақстанда “қонақ неке” деген пайда болыпты 😂

Абдусамат Ханафин

18 Jan, 10:06


Хәлдерің мүшкіл болып топырақ жесеңдер де, ілім алуды доғарушы болмаңдар. Себебі қазіргі дінсіздендіріудің жолын қарастырып жатқан қоғам да дініңді, арыңды ұстап тұру өте қиын! Біз қайта ілім алуымызды доғармай Алланың жібінен мықтап ұстап секуляристер мен дін дұшпандарынан сақ болумыз керек..

Абдусамат Ханафин

18 Jan, 07:45


«Кімде-кім өлімді жиі еске алса, мына үш қасиетке ие болады:

1. Тез тәубеге келеді
2. Бойұсынушы жүрекке ие болады
3. Және құлшылықты шын ниетімен жасайды.

Ал кім өлімді ұмытса, үш қасиетпен жазаланады:

1. Тәубені кейінге қалдырады
2. Ризығына қанағаттанбайды
3. Және құлшылықты немқұрайлы жасайды».

"Әт-Тәзкира", 1/27.

Абдусамат Ханафин

17 Jan, 19:02


Нағыз дос қиын сәтте қасыңнан табылады дегенді көп естиміз.
Байқап көресің бе?
Онда, Құранды өзіңе дос тұт!
Тығырыққа тірелгенде әрбір аяты ақылшың болады...
Қияметте қысылтаяң шақта жаныңа жақын серігіңе, шапағатшыңа айналады... Білмесең үйреніуді бүгіннен баста сәттілік!

Абдусамат Ханафин

17 Jan, 05:13


✍️ Алланың берген нығметтеріне шүкір айтып, бай болған жан, Алланың берген сынағына сабыр еткен кедейден артық тұрады.

📖 Тухфә

Жұма мүбәрак болсын!

Абдусамат Ханафин

16 Jan, 05:38


Спасибо вам за то, что вернули величие и гордость Палестине, теперь вы можете спокойно получать удел у своего Господа 💚

Абдусамат Ханафин

15 Jan, 18:56


Болмасын соғыс🤚

Официально соғыстың тоқтауы Ғаззадағы!
Сүйінші бауырлар Ғазза жеңді!!

Абдусамат Ханафин

15 Jan, 18:08


Журналист Анас Шариф объявляет об окончании войны и снимает с себя тяжёлую броню со словами «наконец-то я могу снять с себя этот бронежилет, который стал частью моего тела на протяжении всего этого времени». Альхамдулиллях, альхамдулиллях, альхамдулиллях!

Абдусамат Ханафин

15 Jan, 18:08


Алхамдулиллах

Абдусамат Ханафин

15 Jan, 09:37


Атқанда оғы жетіп, айтқанда сөзі өтіп, қабірге кіргенде қадірі қашпайтын қариялар қайдан шығады? Қапысын тауып қадірлей білген, салт-дәстүрі саралы, ұл мен қызы саналы елден шығады.

“Дайағашшы” кітабынан үзінді.

Абдусамат Ханафин

15 Jan, 07:23


Жаратты адамды Алла керек етіп,
Ой білім, ақыл берді зерек етіп.

Адамды биік қылар білім берді,
Берді ақыл шешетін небір түйіндерді.

Білікті білім алар, ұғушы ұғар,
Жүзеге осы екеуі алып шығар.

Білім ал осы өмірдің жолын ашар,
Кісіден білім білген бәле қашар.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

Жүсіп Баласағұн ‘
Құтты білік’

Абдусамат Ханафин

15 Jan, 05:13


Білім ақшасыз байлық,
Русыз даңқ,ерсіз билік..

Абдусамат Ханафин

14 Jan, 18:38


Хасан әл Басридан (رضي الله عنه) дүние жайында сұраған адамға айтқаны:

- Дүние және Ақырет жайында сұрайсың ба?

Дүние мен Ақырет Батыс пен Шығыс сияқты. Біріне жақындасаң, екіншісінен ұзайсың.

Осы дүниені сипатта дейсің бе?

Несін сипаттайын, басы - ауыртпашылық, соңы - жоқшылық. Халалына есеп бересің, харамына жаза аласың. Бай болсаң сынаққа, кедей болсаң қайғыға батасың.

©️ Абдуррахман Рофат әл-Бәшә (رحمه الله تعالى)

📚 Суар мин хаятут тәбиғин

Абдусамат Ханафин

14 Jan, 12:56


Мен көрдім дүние деген иттің көтін,
Жеп жүр ғой біреуінің біреуі етін.
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда,
Көбінің сырты бүтін, іші түтін.

©️ Абай ҚұнанбайҰлы (رحمه الله)

Абдусамат Ханафин

14 Jan, 06:34


Бір кісі кітаптарын ақтару мен қабірлерде жүруді әдетке айналдырады.

Себебін сұрағандарға:
"Жалғыздықтан артық қауіпсіздікті, қабірлерден артық насихатшыны, кітаптан артық пайдалы досты көрмедім" деген екен.

Абдусамат Ханафин

13 Jan, 19:48


Рамазан Ал-бутидің әкесі әр асқа отырған сайын баласына:
Балам бұл зәйтүн,бұл ірімшік,бұл нан.Қарашы бізге Алла осынша нығметті алып кеп берді" деп нығметтерді санап отырады екен.Осылай балаға әр ас ішкенде айтып,нығметтер қадірін түсіндіріп отырсақ бала санасына сіңіріп отырады екен.тіпті өзімізде түсініп отырамыз.

Абдусамат Ханафин

13 Jan, 15:52


Адамдардың мәселесі - өздері ғалым санайтын надандардың кесірінен шығады.

Имам Шәтиби (Аллаһ оны рақымына алсын)

Абдусамат Ханафин

27 Dec, 04:44


"Қалай жалбарынсаң да Алла сені кешірмейді" деп азғырған ШАЙТАНды тыңдама. ҚҰРАНДЫ ТЫҢДА:
"Алланың мейірімінен үміттеріңді үзбеңдер" дейді (Юусуф сүресі 87-аят).📚
Ізгілер сөзі✍️

Жұма күнгі тілектеріңіз қабыл болсын! 📚

Күндеріңіз сәтті өтсін!🤲

Абдусамат Ханафин

26 Dec, 10:57


Курсымызға 3орын бар..
Қатысам деген жандардың назарына!

Абдусамат Ханафин

26 Dec, 10:02


Алла сен жақсы көретін нәрсені сеннен үзбеуін қаласаң, сен де Алла жақсы көретін нәрседен үзілме

✍️имам Ахмад

Абдусамат Ханафин

25 Dec, 19:26


المسافة بين الحلم و الحقيقة تسمى التهجد

Арман мен шындықтың арасы - тахажжуд

Абдусамат Ханафин

25 Dec, 13:30


Шейх Мұхаммед Махди әл-Фәси айтты:

Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айту - маңызды сөз, мәртебелі іс және оның дәрежесі қандай екені дінімізде белгілі. Ақиқатында, салауат айту дегеніміз, сүннетте бекем болып, бидғаттан қашу. Сүннетті ұстаған адам - әр дайым Пайғамбарымызға салауат айтушы адам. Мейлі, ол адам тілімен салауат айтпасадағы. Ал кімде-кім сүннетті ұстанбаса, ақиқатында ол адам Пайғамбарымызға салауат айтпайтын адам. Мейлі, ол адам әрбір минут, әрбір халде тілімен салауат айтсадағы.

Шейх әл-Фәси, «Мәталә'ә әл-Мәсәрат 'әла Дәлил әл-Хайрат»

Абдусамат Ханафин

25 Dec, 10:51


Біреуге сұрақ қою оны құрметтеу болып табылады. Дұрыс сұрақ шешімнің жартысы.Өзгеріске алып баратын сұрақ қою үшін ілім керек.

Абдусамат Ханафин

25 Dec, 06:35


وَإِذَا قَامُوٓا۟ إِلَى ٱلصَّلَوٰةِ قَامُوا۟ كُسَالَىٰ
Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады.

4:142 (аят)

Пысы)
Ешқашан намазыңды жүк сияқты ауыр көрме.
Алла бізге намазды жүктерімізден құтылсын деп берді…

Абдусамат Ханафин

24 Dec, 19:14


Күнәларды қалай тастау керектігін білмей жүрсек духа намазында екен ғой.

Имам Шафиғи

Абдусамат Ханафин

24 Dec, 13:17


الإخلاص يصنع العجائب

Ықылас – ол таңғажайып дүниелеріді жасайды.

Демек бір салада жетістікке жетпей жүрсең, ықыласыңның аздығын!

Абдусамат Ханафин

24 Dec, 05:56


Ісіңде тұрақтылықты мақсатыңда берік болуы үшін мына дұғаны айтып жүріңіз.
Кейде істерімізде тұрақты және мақсатымызда берік болып жатамыз. Бірақ бір нәрсе жетіспей тұрады ол әрине “Дұға” себебі мұсылманның қаруы дұға.
Дұғада табанды бол!

اللهم إني أسألك الثبات في الأمر، والعزيمة على الرشد،
Уа, Алла! Сенен ісімде тұрақты да табанды, мақсатымда жігерлі де қайратты бодуды сұраймын.

Абдусамат Ханафин

24 Dec, 04:14


Егер де Алла қандай да бір құлын жек көрген болса, онда оның білімге деген құштарлығын алып қояды.

Хасан әл Басри 🖌️

Абдусамат Ханафин

23 Dec, 14:04


Досыңызға адал әрі сенімді болыңыз..

Абдусамат Ханафин

23 Dec, 07:39


Адамды 3 нәрсе бұзады:
1. Тәкәппарлық;
2. Қанағатсыздық;
3. Қызғаныш.
1️⃣ Тәкәппарлық - дінді бұзады. Оның кесірінен шайтан қарғысқа ұшырады.
2️⃣ Қанағатсыздық - жанның жауы. Оның кесірінен Адам ата жәннаттан қуылды.
3️⃣ Қызғаныш - жамандықтың негізі. Сол үшін Қабыл өзінің бауыры Әбілді өлтірді.

Абдусамат Ханафин

22 Dec, 17:42


Шынайы ғылым болған жерде шәкірттердің күннен күнге азаюы – қалыпты құбылыс. Ілім – табиғатынан күрделі.
Болашақта сен де ұстаз болсаң, шәкірттерің күннен күнге азайып жатса қапаланба.

Қайта керісінше, күннен күнге көбейіп жатса ойлан. Бәлкім, дәріс барысында әзілің көбейіп кетті. Бәлкім кітапқа қатысы жоқ ғажайыптарды айтып, адам тартып жатсың. Шынайы ғылым – өз маңына көп адам жинамайды.

©️Али Омари

Абдусамат Ханафин

22 Dec, 14:05


Әрбір келешек жақын!!

Жастық қош демей кетеді, кәрілік тос демей жетеді. Иә, күндер әне міне дегенше зымырап өтіп кетеді. Өткен күн алыстап, келер күн сәт сайын жақындай береді. Бүгін уақыт жоқ деген істі, ертең жасауға күшіңіз бен мүмкіндігіңіз, ал арғы күні өзіңіз болмай қалуыңыз мүмкін. Ендеше, әр нәрсенің қадірін өз уақытында жасап үйреніңіз.

Абдусамат Ханафин

21 Dec, 09:31


Ізгілер енжар, әрекетсіз (пассив) болса, ізгілік те баяулайды, ізгілер жатса, ізгілік те жатады. Кемелдік ояныс пен белсенділіктен басталады.

Құран Кәрімнің адмаға бұйырған ең алғашқы аяттары “Оқы” деген әмірмен бастадып, адамның жаратылысына, Алланың жомарттығына, кеңшілігіне, ғылым - білімге назар аударады.

Одан кейін түскен аяттар “ Тұр ескерт! (Оян, оят! Тұр, тұрғыз!”
Міне бұл аяттар оқуға, оянуға, белсенді болуға, енжар әрекетсіз жатпауға , белсенді болуға, тазалыққа , адал жүріп тұруға шақырады.
Жалпы Құран кәрім сананы оятуды, жүректерді тірілітуді, белсенді, қоғамға пайдалы болуды бұйырады.
Ендеше , жәй ғана жақсы болу жеткіліксіз, адамдарға пайдалы үлгілі болуды бұйырады.

Абдусамат Ханафин

20 Dec, 18:43


Біз жетпіс жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүрдік. Қазіргі билік басындағылардың көбі сол Құдайсыз қоғамда тәрбиеленгендер немесе солардың зәузат - жұрағаттары. Қазір ешкімге “Құдайсызсың” деп айта алмайсың бәрінің ауызында Алласы бар, анда - санда мешітке садақа беріп, жұма намазда қара көрсетіп қоюы да бек мүмкін. Бірақ олар бір нәрсені ескермейді немесе білмейді. Абай атамаыз айтады;Алла Тағалаға апаратын жол ауыз емес, ынталы жүрек, шын көңіл.
Өзіңді өзің алдарсың өзгені де алдарсың, Алла тағаланы алдай алмайсың.

Абдусамат Ханафин

20 Dec, 07:18


Алла Тағала Құран Кәрімде қандай да бір істі Алланың қалауымен бастауды бізге бұйрады.

Яғни “Алла қаласа” деместен ертең мынаны жасаймын сүйтемін бүйтемін деме! Алла қаласа деп істеріңді бастауды өсиет етеді біздерге сонда ғана жұмысыңыз алдыға жылжып жүре бастайды.

Себебі Алладан “бол” деген әмір келсе, болмайтын нәрсе жоқ, бәрі болады. Алла қаласа барлар жоқ болады, жоқтар бар болады. Алла қаласа көптер аз болады, аздар көп болады. Алла қаласа тоқтар аш болады, аштар тоқ болады. Алла қаласа күштілер әлсіз болады, әлсіздер күшті болады. Алла қаласп зорлар қор болады, қорлар зор болады..

Абдусамат Ханафин

19 Dec, 14:51


Ашудан құтылуға бола ма ?

Алла Тағала Құранда: «Және ашуларын жеңе білетіндер»

“والكاظِمينَ الغَيْظَ"

деп айтты, бірақ «ашудан арылғандар» деп айтпады.

Бұл сөздің даналығы мынада: адамның табиғаты жараланған кезде ауырып, оны сезінбеуге үйрене алмайды. Алайда сабыр сақтап, сол ауыртпалықты көтеруді үйрену – мүмкін нәрсе. Дененің жарақаттан ауырсынуы қандай табиғи болса, жүректің ашуландыратын себептерден қиналуы да сондай табиғи.

Абдусамат Ханафин

23 Nov, 14:30


Қасиетті рамазан айына дейін Құранға түсуді қаласаңыз “Құран жүрегімнің көктемі” атты тәжуид курсымызға шақырамыз!!

Байланыс 8775-820-49-89

Абдусамат Ханафин

23 Nov, 12:15


Өзіне ғибадат ету үшін, шүкір ету үшін және тәубе етуіміз үшін жаңа бір күн берген Аллаға мадақ болсын!

Абдусамат Ханафин

23 Nov, 10:31


Бір қыздан хиджаб киюге қалай келдіңіз деп сұрағанда: Алғашқы киетін хиджабым кебінім болып қалмаса екен деп Алладан қорықтым депті.

Абдусамат Ханафин

23 Nov, 04:48


«Жастардың ең абзалы -(ақыл тоқтатып, нәпсісін тізгіндей білген) егде адамдарға ұқсағандары, сондай-ақ егде адамдардың ең жаманы - (ғапылдыққа салынып, нәпсіге ерген) жастарға ұқсағандары»

Бәйхақи, Шуғабуль иман,
6-168

Абдусамат Ханафин

22 Nov, 11:28


ويل لطالب العلم، إن رضي عن نفسه

طه حسين


Өзіне-өзіне разы болған білім алушыға өкініш болсын!

(с) Таһа Хусейн - араб жазушысы

Абдусамат Ханафин

22 Nov, 05:48


Иа Раббым! Бізді ішіп-жеу үшін ғана өмір сүретін миллиондаған адамдардың қатарында болып қалуымыздан сақтағайсың.

Жұма мүбәрак болсын!

Абдусамат Ханафин

21 Nov, 15:56


Рамазан айы - Құран оқитын ай,
Әліппе оқитын ай емес!
Қазірден әліппені бітіріп, Құранға
Түсейік!
Оразада оқимын деумен неше жыл өтіп кетті ғой.

100 күн қалды🤍

Абдусамат Ханафин

21 Nov, 09:41


Кейбір адамдар бар, олар бетіңізге жуас қой секілді көрінгенімен, арт жақтан адам жегіш қасқыр сияқты. Кімде-кім біреудің кемшілігін сіздің алдыңызда тізіп, айтып берсе, күмәнсіз, сіздің де кемшіліктеріңізді басқалардың алдында сөз ететін болады📚
                         
Сағди Ширази✍️

Күндеріңіз сәтті өтсін!🤲

Абдусамат Ханафин

21 Nov, 07:09


Кедей адамға тұрмысқа шығып аштықтан қайтыс болған әйелді таппайсыз.
Бірақ бай адамға тұрмысқа шығып зорлық зомбылықпен қайтыс болған бірнеше әйелді табасыз.

Сол үшін қыздарыңызды
КӨРКЕМ МІНЕЗГЕ бай жігітке
беріңіз.

Абдусамат Ханафин

20 Nov, 19:37


«Сенім шуағы» кітабында адам баласын екі дүние бақытына жетелейтін һәм бүкіл салиқалы амалдардың іргетасы – Әһлу сүннет уәл-жамағат ғалымдарының сенімі келтірілген. Кітап қазақ даласында ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан Матуриди ұстанымына сай етіп жазылған. Осы сенім мектебіне үлес қосу мақсатында имам Әбу Ханифаның (Алла ол кісіні рақымына алсын) «Әл-фиқһ әл-акбар» атты еңбегіне қазақша түсіндірме жазуды жөн көрдік. Бұл шағын ғана еңбекте сенім мәселесіне байланысты бірқатар маңызды мәліметтер айтылған.
Кітап барша оқырман қауымға арналған.

Алматы, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Астана, Қостанай қалаларына жеткізу тегін.

Кітаптың құны 4000 тг

Реквизиттер:
87753891675
Мирас К

Қосымша ақпарат үшін 87759778727

Абдусамат Ханафин

20 Nov, 17:39


Алланы разы қылғыңыз келсе, адамдардың хаққысына абай болыңыз! Олардың хаққысына қол сұқпау арқылы разылықтарына ие болыңыз! Дүние алуды ғана білетін мұқтаждарға емес, хаққысымен алып, хаққысымен бергендерге келеді.

Құрманғазы Тұрмаханұлы
"Ризық" кітабынан

Абдусамат Ханафин

20 Nov, 04:39


Қаншама күнә жасап жүрсек те, Алла Тағала бізге нығметтерін тоқтатпай молынан беріп жатыр.
Ал егер ешқандай күнә жасамай, бұйрықтарын орындап жүретін болсақ хәліміз қандай болар екен.

Абдусамат Ханафин

19 Nov, 15:23


Адамның надандығы артқан сайын, әр істе өзін өзгелерден артық санай береді.

Абдусамат Ханафин

19 Nov, 10:38


Ауыздан шығатын сөздер 4 түрлі болады:
1)Тек пайдалы(бұлардың өзіне рия,ғайбат және нәпсіні ақтау араласуы мүмкін)
2)Тек зиянды(міндетті түрде үндемеу керек өйткені оның пайдасы зиянын жауып кете алмайды)
3)Пайдасы да зияны да жоқ (бос сөз бірақ уақытты кеттіреді)
4)Пайдасы да зияны да бар
Имам Ғазали(Аллаһ рақымына алсын)

Абдусамат Ханафин

18 Nov, 05:01


Суфиян ас-Саури (раһимаһуллаһ) айтты:

Жүрегіңнен сезіне алмаған діншілдікті - жүзіңнен көрсетуге тырыспа.

[Хильятул Аулия» 7/48]

Абдусамат Ханафин

14 Nov, 17:57


Достар, сіздерге жақсы жаңалығымыз бар.

Сенім шуағы кітабы сатылымда.

Бұл еңбекте адам баласын екі дүние бақытына жетелейтін һәм бүкіл салиқалы амалдардың іргетасы – Әһлу сүннет уәл-жамағат ғалымдарының сенімі келтірілген. Кітап қазақ даласында ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан Матуриди ұстанымына сай етіп жазылған. Осы сенім мектебіне үлес қосу мақсатында имам Әбу Ханифаның (Алла ол кісіні рақымына алсын) «Әл-фиқһ әл-акбар» атты еңбегіне қазақша түсіндірме жазуды жөн көрдік. Бұл шағын ғана еңбекте сенім мәселесіне байланысты бірқатар маңызды мәліметтер айтылған.
Кітап барша оқырман қауымға арналған.

Кітаптың құны 4500 тг

Реквизиттер:
87753891675
Мирас К

Чекті осы сілтемеге жіберіңіз!

Абдусамат Ханафин

14 Nov, 03:27


«Кітаптарды ұстаған әр адам дана болмайды, себебі білім — парақтардың ауырлығында емес, түсініктің тереңдігі мен сананың жоғарылауында.»

Абдусамат Ханафин

13 Nov, 14:58


Қазіргі уақыт жылдам, тез құбылуда барлық нәрсенің моделі сәт санап өзгеруде. Кеше ғана үйреніп -білген ілімің бүгін жарамай қалатын дәуірде өмір сүріп жатырмыз.

Абдусамат Ханафин

13 Nov, 11:20


Курсымызға тағы 5орын босады..
Қатысып үлгеріңіздер!!!

Абдусамат Ханафин

13 Nov, 04:08


«Кейбір әуелгі,ізгілер өзінің бауырына былай деп хат жазатын болған:«Бауырым! Мүмкін саған (бұл дүние өзіңе) тұрақты болып көрінер,дегенмен (сен бұл дүниеден) тұрақты түрде жүріп бара жатырсың (Қияметке қарай беттенуің үздіксіз жылжып келеді),сен сенігізінде өте жылдам (өзіңе білінбеседе) жүріп бара жатырсың,өлім сағаты саған беттеніп келеді,мына дүние тіршілігі болса артыңда (ұмыт қалып) қалып барады,ал артта қалып,өткен өмірің болса сенімен Қияметте жолыққанша саған қайтып келмес…

Ибн Роджаб/Джами’.

Абдусамат Ханафин

11 Nov, 14:22


Мүміндердің әміршісі Осман (р.а.)
Адамның ішіне сақтаған сырын Алла Тағала оның жүзі мен тілі арқылы ортаға шығарады.

Яғни ішіне сақтаған сыры жақсы болса, жүзінен жақсылық байқалады, ал ішіне сақтаған сыры жаман болса, жүзінен жамандық көресің.

Абдусамат Ханафин

08 Nov, 09:17


‎إِذَا صَلَّيْتَ فَصَلِّ صَلَاةَ مُوَدِّعٍ

“Егер намаз оқысаң, (осы өмірмен) қоштасып бара жатқан адам сияқты намаз оқы”.

📖Рисалатул-мустаршидин.

Абдусамат Ханафин

07 Nov, 18:23


Күре тамырдан да жақынбыз..

Жұма қабыл болсын!

Абдусамат Ханафин

07 Nov, 16:08


Фиқһи пайдалар:

📚Табиинул хақоиқ кітабынан.

Кейбір ғалымдарымыз Құранды кішкентай балдарға беру макруһ деп санаған, ал кейбір ғалымдарымыз бұған еш әбестігі жоқ деп айтқан. Осы көзқарас дұрыс, себебі оларға дәретті міндеттеу қиыншылық тудырады, ал оларға Құранды балиғат жасқа дейін бермеу Құран жаттаудың азаюына әкелетін болғандықтан, зәрулік жағдайында рұқсат етіледі.

Абдусамат Ханафин

06 Nov, 16:05


اسلام عليكم ورحمة وبركاته
Араб тіліне 3орын бос..
Және Құран тажуид 4 орын бос..

Қатысамын десеңіздер байланыс 87758204989

Бағасы 15мың..

Абдусамат Ханафин

06 Nov, 11:49


يقول النبي صل الله عليه و سلم
Пайғамбарымыз(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

من ودع شيئا لله
Кім Алла үшін бір нәрсемен қош айтысса

أي ترك شيئا لله
Алла үшін бір нәрсені тастаса

عوضه الله خيرا منه
Алла оның хайырлы нәрсемен орнын толтырады

Абдусамат Ханафин

06 Nov, 10:30


🔖Бір минуттық әзіл:

‎جَاءَ الرَّجُلُ إلَى زَوْجَتِهِ حَزِينًا وَ هِيَ تَسْألُ:
‎- مَا بِكَ؟
‎- أمَرَ السُّلْطَانُ بِقَتْلِ كُلُّ رَجُلٍ لَا يَتَزَوَّجُ زَوْجَةً ثَانِيَةً.
‎- إذًا اخْتَارَكَ اللّهُ وَ أعَدَّ لَكَ الشَّهَادَة - أجَابَتْ الزَّوْجَة

Ер адам әйеліне мұңайып келді ол сұрайды:
- Саған не болды?
- Сұлтан екінші әйелін алмаған барлық ер адамдарды өлтіруге бұйрық берді.
- Демек, Алла сені таңдады және сені шейіт етті! - деп жауап берді әйелі.

Абдусамат Ханафин

05 Nov, 05:38


Жүрегім таза болса болдығо деп айтатындарға.

Ғалымдарымыз жүректің тазарыуына жәрдем беретін 4 нәрсе бар деген:
1) Көп зікір
2) Аз сөйлеу
3) Жеке қалу (ғибадатпен)
4) Ішіп жеуді азайту.
Сонда оларда осы нәрселер табылған ба ?

Абдусамат Ханафин

05 Nov, 05:07


мотивация (Араб мақалы):

إضْرِبْ حَديداً حامِياً

📚Аударма (сөзбе-сөз): темірді ыстық кезінде соғыңыз. Яғни, бірден жасаңыз және кейінге қалдырмай, қол жеткізіңіз!

Абдусамат Ханафин

03 Nov, 12:08


Имам Әш-Шафиғи былай деген:

علمان لا يحيط بهما أحد: الحديث واللغة
«Ешкім түсіне алмайтын екі ғылым бар: хадис және тіл (араб).

Абдусамат Ханафин

02 Nov, 18:31


و إذا تأخر عليك الرزق فأستغفر الله

Егер ризығың кешігіп жатса Алладан кешірім сұрам көп истиғфар айт.

Абдусамат Ханафин

02 Nov, 05:23


💬 «Білмейтіндер үндемегенде, өздері де тыныштықты сезініп, адамдарға да тыныштық сыйлайтын еді. Қателіктері азайып, дұрыс тұстары көбейетін еді.»

💬 «لو سكت الجهال لأحسوا بالسلام وأسلموا للناس. سيكون هناك عدد أقل من الأخطاء، والمزيد من النقاط الصحيحة.

📕 الحافظ المزي، أكملو تهذيب الكمال

Абдусамат Ханафин

31 Oct, 12:39


Бұл дүниеде ең мықты адам - өз ілімі үшін малын жұмсай алған адам

أقوى إنسان في هذا العالم هو الذي أنفق ماله في سبيل تعاليمه

Абдусамат Ханафин

30 Oct, 15:26


Адам (а.с.) жәннаттағы қателігі арқылы адам баласы жер бетінде өмір сүруге мүмкіндік алды. Егер ол мүлт кетпегенде, адамзат қазір де жәннатта болар еді. Ал жәннат – сынақ мекені емес. Яғни жәннат сынақ мекені болмағандықтан, адам баласы толық адам шыңына жетіп, Жаратушысын танып-біле алмайтын еді.

Сондықтанда Адам атаның (а.с) жаңсақтығы – жүз мыңдаған пайғамбарлардың пайғамбарлық шыңдарға, миллиардтаған адамдардың толық адам шыңына жетуіне арқау болды.

Абдусамат Ханафин

30 Oct, 07:03


سنة مهجورة
💡Ұмытылған Сүннет:

бейсенбіде жолға шығуға тырысыңыз (сафар).

كَعْبَ بْنَ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ كَانَ يَقُولُ : لَقَلَّمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَخْرُجُ إِذَا خَرَجَ فِي سَفَرٍ إِلَّا يَوْمَ الْخَمِيسِ.

Али қағб ибн Малик, Алла оған риза болсын, былай деді: Егер Алланың елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бір жерге барғысы келсе, бейсенбіден басқа күні өте сирек жолға шықты.

Аль-Бухари 2949

Абдусамат Ханафин

29 Oct, 16:50


Әбу Мұса әл-Ашғари былай деген:
«Біздің екі тілегіміз бар еді. Оның, бірі бізден кетті. Ол - Алланың елшісі, ал
истиғфар айту нығметі бізбен бірге калды. Егер ол да кеткенде, біз кұрдымға құлар едік».деген

Абдусамат Ханафин

29 Oct, 14:32


Ризық-несібеміздің кемуі күнә себепті болады. Табысымызға береке кірмей, отбасымызда рызық-несібеміздің берекесі қаша бастаса онда Истиғфарды көп айту керек. Ісімізге қарауымыз керек не істеп жүрмін, амалымыз дұрыспа дұрыс емеспа мән беруіміз керек.

Ризабек Батталұлы

Абдусамат Ханафин

28 Oct, 15:54


«Ғалымды ғалым таниды» деген сөз бар. Өйткені оны тану үшін ғылым биігіне шығу керек. Ал ғалым адам наданды оңай таниды. Өйткені кезінде өзі де надан болған...

Кезінде имам Шафиьи [رَحِمَهُ اللَّٰه] Мысырға көшкенде елге сабақ береді. Ел түсінбейді. Солай бірнеше рет өз деңгейін түсіріп, елдің деңгейінде түсіндіре бастайды. Содан Мысырдың ілім деңгейі көтерілген.

Санасы оянған, миы уланбаған, ақылды адамдардың міндеті – елдің көзін ашу. Өздеріне елден зиян келсе де!..

Абдусамат Ханафин

28 Oct, 12:44


Құранды сіңірген жүректі Аллаһ Тағала азаптамайды.

لا يعذب الله قلبا وعى القرآن
- رواه الديلمي

📚 минхаж қосидин

Абдусамат Ханафин

27 Oct, 19:13


كن في الحياة كعابر سبيل
واترك وراءك كل أثر جميل
فما نحن في الدنيا إلا ضيوف
وما على الضيف إلا الرحيل

Өмірде болшы, жолаушы – бір өткінші,
Із қалдыр әр қадамыңда көркем, мықты.
Бұл жалғанда бәріміз – қонақпыз тек,
Қонаққа қайту – жазылған заң өтпелі.

Али ибн Абу Толиб ( Алла оған разы болсын)

Абдусамат Ханафин

27 Oct, 13:39


«Мүміннің – сөзі аз, амалы көп. Мұнафықтың – сөзі көп, амалы аз».

©️ имам әл-Фудайл ибн Ияд
(Алла оны мейіріміне бөлесін)

Абдусамат Ханафин

27 Oct, 06:45


Өмірдегі ең үлкен жеңіс ешқашан құламауда емес, әр құлаған сайын қайта тұруда📚

Ізгілер сөзі✍️

Күндеріңіз сәтті өтсін!🤲

Абдусамат Ханафин

26 Oct, 16:32


Имам әш-Шағби (рахимаһуллаһ) айтты:

Қияметтің белгісінен жақсылардың дәрежесі түсіп, жамандар көтеріледі.

Абдусамат Ханафин

26 Oct, 05:28


Біздің қоғам екіұдайлы. Еркектер отау үстіне әйел алса, ол еркек болады да, ал әйел ажырасса бітті жүргіш атанады.

Біздің қоғам екіұдайлы. Қыздар көшеге қысқа белдемше киіп шықса, өзі біледі де, ал хиджаб кисе мемлекет шектеу қояды.

Біздің қоғам екіұдайлы. Орысша түбіртек сұрап шу шығарса, ол тұтынушы болады да, қазақша сұрасаң ұлтараздық қақтығыс тудырады.

Абдусамат Ханафин

26 Oct, 04:46


Құран біздің:

▫️Дауысымызды ретке келтіреді: «…дауысыңды төмендет», Лұқман, 19-аят.

▫️Көзқарасымызды ретке келтіреді: «…көзіңді қадама», Таһа, 131-аят.

▫️Құлағымызды ретке келтіреді: «Жасырын тыңшылық жасамаңдар», Хужурат, 12-аят.

▫️Тағамымызды ретке келтіреді: «Жеңдер, ішіңдер және ысырап қылмаңдар», Ағраф, 31-аят.

▫️Сөзімізді ретке келтіреді: «Адамдарға жақсы сөздер айтыңдар», Бақара, 83-аят.

▫️Мәжілістерімізді ретке келтіреді: «Біріңді бірің ғайбаттамаңдар», Хужурат, 12-аят.

Құран өміріңізді ретке келтіріп, сізге бақыт әкеледі.

Абдусамат Ханафин

25 Oct, 18:58


Ұстаздардан сабақ алуда және олардың сұхбатына тұрақтылық танытпаудағы босаңсу яғни әлсіздік таныту — қауіпті сырқат және емделмейтін дерт.

(Шейх Мухаммад Ауаманың асыл сөздерінен)

Абдусамат Ханафин

25 Oct, 07:27


Әріптен бастап Құранға түсу тобына 4орын бар, Сабақ Алла қаласа дүйсінбіден басталады.

8775 -820-49-89 байланыс!!

Абдусамат Ханафин

25 Oct, 04:29


Сіз өлім төсегінде жатқан сәтіңізде Алланың үкімі мен шешіміне толықтай мойынсұнып, денеңіздің әлсіздік пен шарасыздыққа толы екендігін түсінесіз. Осы сәтте сіз үшін бүкіл жаратылыстың Иесі Аллаға деген бағыну басталады. Ал енді бүгін өзіңізді жеңіп, ерікті түрде Алланың бұйрығына неге мойынсұнбайсыз?

Өзінің құл екенін біле тұра пенде неге білмегендей кейіп танытады? Оның білмегендей болуы - құлдықтың ақиқатын еш өзгертпейді!.

(Мухаммад Сағид Рамадан әл-Бутый)

Абдусамат Ханафин

24 Oct, 16:20


Алдыңыздағы жабық есіктердің артында не тұрғанын білсеңіз, оларды жауып тастағаны үшін Аллаға көбірек шүкіршілік етер едіңіз..

Абдусамат Ханафин

24 Oct, 14:53


Жұма мүбәрак болсын!

Ясин оқыңдар. Бұл сүреде он берекет бар.
Аш адам оқыса – тояды. Киімі жоқ адам оқыса – киім табады. Бойдақ оқыса – үйленеді.
Қорқуда болған адам оқыса – сақ болады. Мұңды адам оқыса – көңіл-күйі көтеріледі. Жолаушы оқыса – сапарда жәрдем табады. Жоғалған нәрсе табылады. Науқас адам оқыса – шипа табады. Өлгеннің жанында оқылса – азабы жеңілдейді. Шөлдеген адам оқыса – суға қол жеткізеді..

Абдусамат Ханафин

24 Oct, 07:02


Алқама ибн Абда (Рахимаһулла):

ليكن فعلك أكثر من قولك، فإن زيادة القول على الفعل دناءة وشين، وزيادة الفعل على القول مكرمة وزين.

— Сөзіңнен ісің көп болсын. Ақиқатында, істен сөздің көп болуы - қадірсіз және айыпты іс! Ал, сөзден істің көп болуы - құрметті және жақсы іс!

📖 «Әмсәл уа хикам» Маурди, 221-бет.

Абдусамат Ханафин

23 Oct, 16:21


Курсымызға 4орын босады!!!
Қатысамын дегендер бисмилләһ..

Абдусамат Ханафин

23 Oct, 07:18


«Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті
Қылғанменен татымды бермес жеміс.

Бас жоғары жаралған, мойын төмен,
Қарашы, дене біткен ретімен.
Істің басы – ретін танымақтық,
Иман білмес тағатты қабыл демен.

© Абай

Абдусамат Ханафин

22 Oct, 12:04


Аллаға жақындатпаған кез-кезген жылжу ол-құлдырау.
Сені қарапайым етпеген білім-надандық.
Аллаға ғана мұқтаж екеніңді сездірмеген байлық- пақырлық.

🧭Компас кітабынан

Абдусамат Ханафин

22 Oct, 07:55


Кімде-кім нәпсісіне бір құлшылықтарды, зікірлерді жүктемесе, нәпсісі оған қалауын жүргізеді. Кім нәпсісінен құлшылықты талап етпесе, нәпсісі одан әртүрлі жамандықтарды талап етеді. Егер нәпсіңе ауыр құлшылықтарды жүктесең, ол күнә істеуді талап етпейтін еді, күнә жасауға бос уақыты болмайтын еді.
الإمام الشيخ أحمد بن عطاء الله السكندري رضي الله عنه

Абдусамат Ханафин

21 Oct, 17:30


Сұлтан Бейбарыс орталығына қарасты Азхарда оқып жатқан шәкірттерге тоңазытқыш, кір жуатын мәшіне, шаңсорғыш, суға арналған фильтр т.б. заттар алу керек болып тұр.
Алынған заттар сол пәтерде уақып болып қала береді.
Реквизит

87765773535
Абдулла М

Абдусамат Ханафин

21 Oct, 13:09


Әр адам денесінің шіритінін біледі және одан қорқады, бірақ көп адамның рухы денесінен бұрын шіриді, алайда, неге екені белгісіз, олар бұдан қорықпайды…

Ізгілер сөзі✍️

Абдусамат Ханафин

21 Oct, 11:07


من أعطم التوفيق
Ең ұлы жетістіктердің бірі

ان يفقك الله للحياة مع القرآن
Аллаһ саған үнемі Құранмен өмір сүру мүмкіндігін береді

النبي صل الله عليه و سلم قال
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай:

خيركم من تعلم القرآن و علمه
Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп, оны үйреткендерің

خير الناس ان لله اهليين
Пайғамбарымыз айтқан: «Расында адамдардың ішінде Алланың сүйіктілері бар»

هو فال: أهل القرآن هم أهل الله و خاصته
Құран адамдары - олар Алланың таңдаулылары

Абдусамат Ханафин

20 Oct, 11:45


ليس الهم عدد الكتب التي قرأتها
الهم ما استفدته منها

Сенің қанша кітап оқығаның маңызды емес, оқыған аз да болсын кітабыңнан қандай пайда алғаның маңызды.

Абдусамат Ханафин

20 Oct, 05:28


«Егер пенде Раббысы оның істерін қалай реттеп қойғанын білсе, жүрегі Раббысына деген махаббаттан еріп кетер еді».

©️Ибн Әбу Бәкр (рахимаһулла)

Абдусамат Ханафин

19 Oct, 16:24


«Барлық адамға көңіл бөле алмайсың, өзіңнің ілтипатың мен көңіліңді ақиқат жолындағы адамдарға арна! Әрі жомарттығың да бәріне жетпейді. Оны да рухы таза адамдарға сақта! Үнемі күш-қайрат жұмсап отырсаң да, күн мен түн сенің қажеттіліктеріңе жетпейді. Сол себепті істердің қайсысын істеп, қайсысын қоя тұратыныңды жақсылап сұрыпта».

© Аббас ибн Хасан

Абдусамат Ханафин

19 Oct, 16:10


Өмірде, білім алған сайын өсе беретініңді түсінсең, өміріңнің соңына дейін білім алушы едің📖

Абдусамат Ханафин

19 Oct, 12:29


قال علي - رضي الله عنه -: الدنيا جيفة فمن أرادها فليصبر على مخالطة الكلاب
« حلية الأولياء (238/8)

Әли (р.а) айтады: Бұл дүние ӨЛЕКСЕ іспеттес. Кімнің өмірлік мақсаты осы дүние болса, иттермен таласуға төзімділік танытсын.

Абдусамат Ханафин

19 Oct, 09:05


Тіпті кіші күнәлардың өзін азсынушы болма. Бәлкім, дәл қазір сенің басыңнан өтіп жатқан қиындықтар, сол бір кіші күнәлардың себебінен шығар…

©️Имам әл-Ғазали (рахимаһулла)

Абдусамат Ханафин

19 Oct, 06:50


Қолы жетпеген нәрсеге тәуекел етіп, қолы жеткеніне разы болып, жоғалтқанына сабыр көрсеткен адам тақуа адамдардан саналады»📚
Имам Ғазали✍️

Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін!🤲

Абдусамат Ханафин

19 Oct, 06:10


Араб тілін үйренушіге бірнеше кеңестер:
(Жалпы тіл үйренуге де)
1)Айналаңыздағы заттарды араб тілінде مرآة، جرور
2)Айналаңыздағы заттарға қарап, қарапайым сөйлемдер құрастырыңыз.
لقد قفلت المنزل
4) Арабша-қазақша(не) орысша сөздік орнына арабшадан ғана сөздікті қолданып көріңіз
5)Өз-өзіңізбен диалог жасап көріңіз. Күн сайын 2-3 минутыңызды арнаңыз. Осылай 30 күн істеп көріңіз.
6) Күнделікті сөздерді араб тіліне ауыстырыңыз.Күнделікті жоспарыңызды, инстаграм,азық-түлік тізімі т.б.

Абдусамат Ханафин

18 Oct, 15:17


"Еркектер өздеріне жүктелген міндетті орындамаса, әйелдерден ұят кетеді".
Әйел - бұл еркектің көлеңкесі. Егер шыбық түзу болса, онда оның көлеңкесі де түзу болады. Сондықтан қоғамда еркектер өздерін лайықты ұстаса, онда әйелдер де олардан үлгі алады" .

✏️ Имам Әл - Ғазали (رحمة الله تعالى)

Абдусамат Ханафин

18 Oct, 06:40


Әрекет етсең бәрі болмайды.

"Болады" деген ең үлкен өтірік.

Қабілет болса ғана болады.
Қабілет жоқ болса түзу жарға өрмелеуге тырысудың қажеті жоқ.

"Қанатты мотивациялық сөздер" арқылы шынайы өмірдегі өзімізді тұншықтырмайық.

Абдусамат Ханафин

18 Oct, 05:44


хадисте «Күннің ең қайырлысы – жұма. Адам ата жұма күні жаратылған, осы күні жәннатқа кірген және осы күні жәннаттан шығарылған. Қиямет күні де жұма күні болады», – деген. Сондай-ақ, Алла Елшісі жұма күнін кімде-кім құлшылық ғибадатпен өткізіп, Алладан өзіне кешірім тілесе, Алла оны кешіреді деген.

Абдусамат Ханафин

17 Oct, 17:36


Абу Сулейман Дарани ( Алла рахымына алсын): «пенде Алладан бір қажетін өтеуді қаласа, онда Пайғамбарға (с.ғ.с) салауатты көбейтсін. Дұғасын пайғамбарға салауат айтумен бастап, салауатпен аяқтасын. Алла Тағала оның айтқан салауатын сөзсіз қабыл етеді. Екі салауаттың ортасындағы сенің сұраған қажетің өтеледі» - деген.

Абдусамат Ханафин

17 Oct, 11:55


Ізгі кісілердің бірі былай дейді: Алла Елшісіне ﷺ салауат айту - ата-анаға жақсылық жасаудан болып саналады.

Сол кезде одан “қалайша?”- деп сұралады.
Ол: себебі періштелер оның сәлемін Пайғамбарымызға ﷺ жеткізіп “саған Пәленшеұлы Пәленше салауат айтты”,- дейді. Ендеше әкеңнің Алла Елшісінің ﷺ құзырында аталуына себеп болуың - (оған) жақсылық жасаудың бір түрі.

📝 Әдһам Шәрқауидің парақшасынан

Абдусамат Ханафин

17 Oct, 03:53


Құран-өзін оқыған адамдарды білдірмей тәрбиелейді, ауыртпай айықтырады, білдіртпей сауықтырады, тілі тазаланады ж/е бос сөздері мен бос әзілдері азайып, керек емес, қажетсіз жиындардан бас тартады!.

Абдусамат Ханафин

16 Oct, 18:23


Ісіңді толығымен Аллаға тапсыр, тыныштық табасың.

©️ Тәбиғин Әмир ибн Қайс.

[Хилятул әулиә📚]

Абдусамат Ханафин

16 Oct, 07:14


Хадис( Әбу Һурайра)
إنك لن تنفق نفقة تبتقي بها
وجه الله إلا ألبت عليها ، حتى اللقمة تجعلها في فم امرأتك

Расында, Алланың разылығы үшін кез келген нәрсені жасасаң, ол үшін сый аласың.
Тіпті әйеліңнің аузына бір тілім тағам салсаң да сауабы бар!

Абдусамат Ханафин

15 Oct, 18:38


Егер кімде Мусхаф болса,
Құранды тастап қойғандардан
болмас үшін оны күн сайын оқып
тұрсын, тіпті бірнеше аят болса да…

Мусхаф - Құран Кәрім кітабы.

Әбул-Фараж ибн әл-Жәузи

Абдусамат Ханафин

15 Oct, 17:15


Расулалла айтады:
Күшті мұсылман әлсіз
Мұсылманға қарағанда Алла
Тағалаға жағымды әрі қайырлы.
Бірақ екеуінде де жаксылық бар.
Өзіңе пайдалы іске ұмтыл. Алла
Тағаладан жардем сұра, әлсіздік
танытпа.
Егер бір іске тап болсаң “егер мен
былай етсем былай және былай
болар еді» деуші болма, керісінше
Алла Тағала тағдырыма осылай
жазған екен, Алланың қалауы
болды деп айт.

Абдусамат Ханафин

15 Oct, 11:19


Базалық араб тілі

Құранды түсініп, араб тілінде сөйлеп үйренгісі келіп жүргендерге арналған курс

Курста сіз:
1)Құрандағы сөздерді түсініп бастайсыз;
2)Стандартты араб тілін түсініп, күнделікті өмірдегі тақырыптарда сөйлеп үйренесіз;
3)Орта деңгейдегі мәтіндерді аударасыз.


Бұл курста тек практика. Араб тілінде әртүрлі тақырыптарда сөйлесіп практика жасаймыз, қателеріңізді жөндейміз

Абдусамат Ханафин

15 Oct, 11:17


Құран үйренудің жеңіл жолы:

Егер өз бетіңше үйренсең:
1)дұрыс дыбыс шығара алмау
2)ұстаз болмаған соң қатеңді түзей алмау
3)тұрақтылық - қатаң тәртіп жоқ

Ұстазбен білім алсаң:
1)жеңіл методика
2)Тажуидті толық меңгеру
3)Құранды қатесіз оқу

Абдусамат Ханафин

14 Oct, 14:33


Кімді тыңдап жүргенімізге қатты сақ болуымыз керек.
Қазір кім болсада діннің атынан курсын сатып пайда ғана көрмек!

Абдусамат Ханафин

14 Oct, 14:33


https://youtu.be/iqiGYX_WoyI

Абдусамат Ханафин

14 Oct, 05:04


“Адамның тілі зікірмен, ойы пікірмен, көңілі шүкірмен шұғылдансын. Зікір - жүректің емі, пікір - ақылдың кені, шүкір - сабырдың, жемісі. Осыларға бекем болса, өлген жүрек тез тіріледі"
Кожа Ахмет Яссауи

Абдусамат Ханафин

13 Oct, 17:53


Уақыт Алланың сізге сыйға тартқан нығыметтің ең үлкені.

Жүнәйд Бағдади айтады:
Дүниенің бір күні ақіреттің бір жылынан да қайырлы. Өйткені дүниенің бір күнінде Аллаһтың ризалығын табатын амал жасауға мүмкіншілік бар. Ал ақіретте дүниедегідей салих амалдар жасап, сауап табу мүмкіншілігі жоқ. Ол жерде тек нәтижтесін ғана көру бар.

Пысы. Ибнулуақыт болыңыз яғни уақыттың (баласы) яғни уақытты дұрыс жоспарлап, уақытпен бір бүтін болып дұрыс пайдалана біл.

Абдусамат Ханафин

12 Oct, 06:29


"من نعمة الله الدموع التي تخفف الأحزان"

"Қайғыны жеңілдететін көз жас — Алланың берген нығметі."

Абдусамат Ханафин

11 Oct, 18:08


الصبر هو عندما يشتعل قلبك، لكنك صامت
Сабр - бұл сенің жүрегің өртеніп жатса да, үндемеуің.

Абдусамат Ханафин

10 Oct, 11:24


Жұма мүбәрак болсын!

Имам əш-Шəфиғи:

مَا تَرَكْتُ غُسْلَ الْجُمُعَةِ فِي بَرْدٍ وَلَا سَفَرٍ وَلَا غَيْرِهِ

«Мен ауа-райы салқын болса да, сапарда болсам да, басқа уақытта да жұманың (сүннет) ғұсылын тастаған емеспін»,-деп айтты.

(Əн-Науауи «əл-Маджму’» 1/12)

Абдусамат Ханафин

10 Oct, 05:49


Кейін балаларыңыз сізден даналық таппай, басқалардың әкелеріне, сіз ойын-сауық іздеген кезде білім іздегендерге баратындай болашақтан қорқыңыз.

ثم خافوا من المستقبل حتى لا يجد أبناؤكم الحكمة منكم، بل يذهبون إلى آباء الآخرين، إلى من يطلب العلم عندما أنتم تطلبون اللهو.

Абдусамат Ханафин

10 Oct, 05:36


ليس الهم عدد الكتب التي قرأتها
الهم ما استفدته منها

Сенің қанша кітап оқығаның маңызды емес, оқыған аз да болсын кітабыңнан қандай пайда алғаның маңызды.

Абдусамат Ханафин

10 Oct, 05:33


أبدأ بسم الله الرحمن الرحيم. الصلاة على تاج البشرية الكريم نبينا صلى الله عليه وسلم.

Аса қамқор, ерекше мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын. Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (саляллаху алейхи уа саллямға) салауат болсын.
(Әр істі осылай бастасаңыз, берекелі болады)

Абдусамат Ханафин

07 Oct, 07:21


Араб тілінде «әл-Мудааханат» сөзін жағымпаздық, жағыну, жарамсақтық деп аударуға болады.
Имам әл-Куртуби, рахимахулла тағала, діндегі жағымпаздықты анықтай келе былай деп айтқан:

قال الامام القرطبي في تعريف المداهنة: هي ترك الدين لصلاح الدنيا.

«әл-Мудааханат» - бұл дүниенің пайдасы үшін дінді тәрк ету.
Басқаша айтқанда, біз пасықтар мен кәпірлердің сөгуінен, кінәләу сөздерінен қорқып дініміздің қағидаларынан бет бұрған жағдайды айтады. Шариғат тілінде бұл «әл-Мудааханат» - деп аталады.

(Махди Шамсуддин әл-Ханафи)