FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹 @furqan_qm Channel on Telegram

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

@furqan_qm


Әйел жамағатына арналған үздіксіз Құранмен шұғылдану алаңы📖📖📖
🌺
Құранды үздіксіз жаттау тәсілдері📖
🌺
Құран жаттаған ізгілердің өмірінен үзінді 📖
🌺
Шабыттандыратын видеороликтер📖
🌺
Құнды ақпараттар📖
🌺
Әйел жамағатына бағытталған тақырыптар
🌺

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹 (Kazakh)

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹 Telegram тобы - бұл әйел жамағатына арналған үздіксіз Құранмен шұғылдану алаңы. Мемлекеттік мәдениеттік үйрену жолында Жаратылан Измірді жеткізу жөнінде сізге әркім іздеу, түсіну үшін көмек көрсетеді. Құранды үздіксіз жаттау тәсілдері, Құранды үздіксіз жаттаған ізгілердің өмірінен үзінді күйін білдіреді. Сізге жарияланған видеороликтер арқылы Жаратылан Измір туралы шабыт алуға мүмкіндік береді. Құнды ақпараттарды жинау, Әйел жамағатына бағытталған тақырыптар туралы білім алуға көмек көрсетеді. Бұл Telegram тобы әйелдерге құрметті бағыттар жасауға мүмкіндік береді. Өз мәзіліңізден кейін қатысу және көптеген жақсы білім алу мүмкіндігін шешіңіз!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Feb, 13:51


«Өзін Рамазанға дейін түзеп үлгерген адам неткен бақытты».

©️Амр ибн Қайс (рахимаһулла)

(Латаиф әл-мәғәриф📚)

Түзелу үшін дүйсенбіні, жаңа айды тіпті рамазанды да күтпе. Рамазанға дейін түзеліп үлгеруді мақсат ет.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Feb, 10:35


Осы аяттарды оқыған сайын өзіңді құдды бір жәннатта жүргендей сезінесің ғой, Субхан Аллаһ🥹 Сол жәннатқа жету үшін, жақсылармен тіріліп, аяттарда айтылғандай рақатқа бату үшін, үнемі Алланы жүрекпен, тілмен еске алып, көбірек амал жасауға талпынайық.🤍

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Feb, 10:31


إِنَّ أَصْحَـٰبَ ٱلْجَنَّةِ ٱلْيَوْمَ فِى شُغُلٍۢ فَـٰكِهُونَ
Жұмақтықтар бүгін жанға жағымды істермен шұғылданып, қалағандарынша ішіп-жеп, ойнап-күліп, рақатқа батуда.

هُمْ وَأَزْوَٰجُهُمْ فِى ظِلَـٰلٍ عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ مُتَّكِـُٔونَ
һәм өздері де, жұбайлары да саялы жерлерде жайлы орынтақтарға шалқая түсіп жайғасып отыр.

لَهُمْ فِيهَا فَـٰكِهَةٌۭ وَلَهُم مَّا يَدَّعُونَ
Онда олар үшін дүниеде істеген игілікті істерінің жемісі ретінде жұмақтың бар нығметі дайын тұрады әрі көңілдері не қаласа, соның бәрі алдарына тартылады.

سَلَـٰمٌۭ قَوْلًۭا مِّن رَّبٍّۢ رَّحِيمٍۢ
һәм олар ерекше мейірімді Раббыдан ыстық сәлем алады.

Ясин сүресі, 55-58 аяттар.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Feb, 06:45


Аллаға шүкір, соңғы 5 апта ішінде арнамызға 300 адам қосылды, лә хәуләә уа ләә қууәтә иллә биЛляһ.

Ин шәә Аллаһ, әрі қарай Аллаһ разылығы үшін, үмметіміз үшін Құранға, елге қызмет етеміз. Сіздер үшін әрдайым пайдалы ілімді іздеуге тырысамыз. Фурқан ұжымына дұға етіп қойсаңыздар🤲🏻❤️

Осы жазбаның астына арнаға қатысты ұсыныстарыңызды, қандай контент ұнайтынын жазып кетсеңіздер, құрметті жамағат🌹. БаракаЛлаһу фикум!

(Жарнама, шариғи сұрақтар, т.б. артық нәрсе жазбаймыз🥲)

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Feb, 06:20


БисмиЛляһ деп, келе жатқан қасиетті Рамазан айында 1 амалдан орындасаңыздар болады. Пайдалы болсын!🕊️🤍

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Feb, 02:16


Баланың ең алғашқы ұстазы, мектебі – оның әке-шешесі.

Ата-анасының намаз оқығанын көрген бала – намазға жығылады.

Ата-анасының Құран оқығанын көрген бала – Құранды оқып үйренуге талпынады.

Ата-анасының көркем мәміледе болғанын, көркем мінезді ұстанғанын көрген бала оларға ұқсауға тырысады.

Ата-анасының сүннеттерді орындап жүргенін көрген бала – сүннетке жақын болады.

Бала айтқанды емес, көргенді жасайды...

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Feb, 13:05


Өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада pdf форматта muftyat.kz сайтынан мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады:

🌐 https://www.muftyat.kz/kk/page/web/ramadan/


https://t.me/kuransunna2023

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Feb, 12:09


Осман ибн 'Аффан رضي الله عنه өз қолымен жазған Құраны

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Feb, 05:35


Бір адам әл-Хасан әл-Басриден رحمه الله иман туралы сұрағанда, ол:

«Иман – екі түрлі болады, егер менен Аллаға, Оның періштелеріне, Оның кітаптарына, елшілеріне, жәннат пен тозаққа, қайта тірілуге және есеп-қисапқа деген иман туралы сұрасаң, мен иман келтірген мүмінмін. Ал енді Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Шынайы мүміндер – Алланың аты аталғанда, жүрегі діріл қағатын, аяттары оқылғанда, иманы беки түсетін һәм Раббыларына барынша тәуекел ететін жандар»
деген аятты меңзесең, Алланың атымен ант етейін, мен олардың қатарынанмын ба әлде емеспін бе білмеймін» деген.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Feb, 23:51


Жан ризқы - сәресі уақытында бөлінеді.
Тән ризқы - таңнан кейін бөлінеді .

Шейх Юсуф Хаттар حفظه الله

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Feb, 12:14


Матадан тігілген Құран кітап😍

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Feb, 06:48


ٱلْخَبِيثَـٰتُ لِلْخَبِيثِينَ وَٱلْخَبِيثُونَ لِلْخَبِيثَـٰتِ ۖ وَٱلطَّيِّبَـٰتُ لِلطَّيِّبِينَ وَٱلطَّيِّبُونَ لِلطَّيِّبَـٰتِ ۚ أُو۟لَـٰٓئِكَ مُبَرَّءُونَ مِمَّا يَقُولُونَ ۖ لَهُم مَّغْفِرَةٌۭ وَرِزْقٌۭ كَرِيمٌۭ

Пасық әйелдер пасық ерлерге лайық, сондай-ақ пасық ерлер де пасық әйелдерге лайық. Ал ізгі әйелдер ізгі ерлерге лайық, сондай-ақ ізгі ерлер де ізгі әйелдерге лайық. Міне, осынау ізгі жандар жалақорлардың жапқан жалаларынан пәк, ада. Оларға Алланың кеңшілігі мен берекелі де қайырлы ризық нәсіп болады.

Нұр сүресі, 26-аят.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Feb, 04:06


Асылында сол 5 мың теңгені көбіміз қажет емес заттарға, кофе мен тәттіге жұмсаймыз, ал рухани дамуға келгенде, қысылып, "бұл маған қажет пе?" деп, ойланып қалатынымыз бар...😢

Немесе жарнамасы мықты блогерлердің бір 20, 50, 100 мың теңгелік дүниелік курстарына қаражатты аямаймыз, иманымызды тек Рамазан айы келгенде ғана ойлана бастаймыз. Осындай жағдайға тап болмас үшін рухани дамуымызды қазірден қолға алуымыз керек. Ниет пен әрекет – бізден, тауфиқ, нәтиже – Алладан.🤍

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Feb, 03:58


Ассаляму алейкум құрметті жамағат! Марафонға тіркелу әлі де жалғасуда, үлгеріп қалыңыздар, ин шәә Аллаһ бұл жобамыз өте пайдалы, жемісті болмақ.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Feb, 01:43


Күніңізді берекемен және жақсылыққа толтырудың екі мықты жолы:
1. Таң намазынан кейін Құран оқу – жүректі нұрландырудың және өміріңізге тыныштық әкелудің ең әдемі амалы.
2. Таңыңызды 100 салауатпен бастау – бұл сіздің күні бойы Алланың рақымына бөленуіңізге жол ашады.

Осы екі амалды әдетке айналдырсаңыз, әр күніңіз ерекше берекелі болмақ.🤍

ұстаз Нұрбол Рахматилла

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

16 Feb, 13:00


Құранды жеңіл жаттауға арналған мусхаф😍 Таратып жіберсеңіздер.

Ішінде қайталанатын және ұқсас аяттар белгілі бір түстермен белгіленген.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

07 Feb, 13:21


Көп жылдар бұрын мен 3 жасында Құран жаттаған кішкентай баланы кездестіріп, ата-анасынан оны қалай тәрбиелегенін сұрадым.

Әкесі: «Анасы оны құрсағында көтеріп жүргенде күнде Құран оқитын. Ас әзірлеген кезде ас үстінде Құран оқитын. Ол сусын ішкен кезде Құран оқитын. Ол жай ғана отырғанда Құран тыңдайтын. Ол дұға еткенде Алладан баласына Құран иесі болуын тілейтін. Ол дүниеге келгенде анасы оны тамақтандырмас бұрын Құран оқитын. Ұйықтағанда Құран тыңдайтын. Онымен ойнағанда оған Құран оқитын. Оның үш жылдық өмірі тек Құранмен өткен еді, сондықтан Аллаһ оның жаттауын жеңілдетті».

Құрметті ата-аналар, сіздің тақуалығыңыз балаңызға қалай әсер ететінін көріп тұрсыз ба? Сіздің өмір салтыңыз балаңызды қалай қалыптастыратынын көрдіңіз бе? Сіз ата-ана болмай тұрып бала тәрбиесі сол кезден басталатынын көрдіңіз бе?

Шейх Мухаммад Аслам حفظه الله

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

07 Feb, 10:20


قال الشافعي رحمه الله:
حفظت القرآن وأنا ابن سبع سنين.

Имам Шафиғи рахимаһулла: Құранды жаттап біткенде жеті жаста едім.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

07 Feb, 08:08


Жұма мүбәрак болсын!🤍

–Кәһф сүресін оқуды;
–Салауат айтуды;
–Садақа беруді;
–Жиі дұға етуді;
–Ғұсыл құйынуды ұмытпаңыздар.

Күндеріңіз берекелі өтсін🤲🏻

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

07 Feb, 07:58


Құран Кәрімде:

«Мунафиқун» сүресі «Кәфирун» сүресінен әлдеқайда ұзын.

Түсінген жанға осының өзі жеткілікті!

Шейх Мухаммад Уаил әл-Ханбали حفظه الله

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

07 Feb, 04:10


Осы видеоны мұқият көріп, тыңдап шығыңыздар. Асылында, барлығымызда Құран жаттауға ниетіміз болса да, амалымыз ниетімізге сай емес...💔 Ғаззалық бауырларымыз – таухид, тәуекел мен Алланың Кәләміне деген махаббаттың нағыз көрінісі...

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

06 Feb, 11:29


Сені Алланың алдында не күтіп тұрғанын білгің келсе, Амалыңды Алланың кітабында айтылғандармен салыстыр, сонда не күтіп тұрғанын білесің.

Мына аяттардан табасың:

“Жақсылық жасаушылар – нығметте. Жамандық жасаушылар – тозақта”

Инфитар сүресі, 13, 14-аяттар.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

06 Feb, 08:49


كُلُّ نَفْسٍ ذَآئِقَةُ ٱلْمَوْتِ ۗ وَإِنَّمَا تُوَفَّوْنَ أُجُورَكُمْ يَوْمَ ٱلْقِيَٰمَةِ ۖ فَمَن زُحْزِحَ عَنِ ٱلنَّارِ وَأُدْخِلَ ٱلْجَنَّةَ فَقَدْ فَازَ ۗ وَمَا ٱلْحَيَوٰةُ ٱلدُّنْيَآ إِلَّا مَتَٰعُ ٱلْغُرُورِ

Әрбір тірі жан (бір күні) өлімнің дәмін міндетті түрде татады. Қиямет күні бұл дүниеде істеген істеріңнің қарымын толық аласыңдар. Кімде-кім тозақтан аулақ әкетіліп, жұмаққа кірсе, зор жетістікке һәм мақсат-мұратына жеткені. (Біліп қойыңдар), бұл дүниенің тіршілігі алдамшы қызықтан, жалған бұйым-боқшадан басқа түк те емес.

Әли Имран сүресі, 185-аят

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

06 Feb, 04:06


Құранмен өмір сүру өте үлкен нығмет. Сондай бір нығмет, ол нығметті тек сезінген адам ғана түсіне алады.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

05 Feb, 12:16


Келе жатқан Қасиетті ай ішіп-жеумен, ифтарларға барумен ғана шектелмесін...

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

05 Feb, 12:15


рамазан кіммен ауызашар жасайтыныңызды жоспарлайтын, қандай тамақтар жасаумен басыңызды қатыратын, мерекелік ойын-сауық, жамағат жиналатын кештерде уақыт өткізетін ай емес.

• рамазан- адамдардан бөлініп, Раббыңызбен жеке қалатын жалғыздықтың айы. соның ішінде ұялы телефон, әлеуметтік желілерден алыстайтын уақыт.

• рамазан- тек құлшылықтар жасайтын, әсіресе тоқтаусыз Құран оқып сауап жинайтын ай.

• рамазан- ізгі ғалымдардың барлық ілімді ысырып, Құранды хатым етуге көңіл бөлетін айы.

sakeena

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

05 Feb, 05:50


Проблемаңыз көп болса да, шаршап, ұйқыңыз келсе, ештеңеге зауқыңыз болмаса да, сол 1 бет Құранды, зікірді, намазды тастамаңыз! Мүмкін осы тұрақтылығыңыз дұғаңыздың қабыл болуына, проблемаңыздың шешілуіне, күш-қуатыңыздың артуына себеп болар...

ләә хәулә уә ләә қууәтә илля биЛләәһ, Алладан басқа ешкімде күш пен қуат жоқ, расында Ол –Мутәкәббир, нағыз Ұлылықтың жалғыз ғана Иесі!🤍

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

05 Feb, 05:44


Уирд туралы🌙

Күнделікті оқитын Құран, айтатын зікір, қылатын намазыңыз болсын.

Өзіңізге уирд(әдет) қалыптастырыңыз. 1 пара болмаса да, 1 бет болсын, бірақ мүлде тастамаңыз. Бір ғана зікір болсын, мүлде тәрк етпеңіз. 2-ақ ракағат болса да, күнделікті оқитын бір нәпіл намазыңыз болсын.

Аз нәрсемен болса да, әдет қалыптасатын болса, әдет, әдет болып қалады. Кейін оның мөлшерін арттыру немесе кеміту өз қолыңызда. Бастысы тұрақтылыққа, табандылыққа қол жеткізген боласыз, ин шәә Аллаһ.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

05 Feb, 03:51


«Темір қолданылмай қалса, тат басып, бүлінгені секілді, жүрек те Алланы сүю, Оны сағыну және зікір етуден мақұрым қалса, оны надандық торлап, ақыры өшіп, құриды

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

04 Feb, 13:59


Аяттарға ақыл тоқтатып ойлансаң...

Ұстаз Жомарт Кершеев

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

04 Feb, 07:51


Құран – Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы мұғжизасы. Адамзат Құранмен сәйкес өмір сүргенде ғана ақиқат ұғымының биігін бағындыра алады. Құранды көбірек оқу және әрдайым жаттап жүру арқылы пенде Раббысына сүйікті құл болу мәртебесіне қол жеткізеді. Мұсылман Құранды жиі оқығанда ғана тақуа бола алады. Құранды жеңіл жаттаудың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік қырлары мен сырлары бар. Солардың бірнеше тәсілін Құран ілімдері кітаптарынан жинақтап төменде келтіріп отырмыз.    
 
Құран жаттауға қызығушылық таңытқан адам, ең алдымен, оны жаттаудың жеңіл тәсілдерін таңдауы тиіс. ⬇️

https://azan.kz/kz/maqalat/read/sahmadiev-quran-zhattaudyin-syirlaryi-11246

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

04 Feb, 04:01


بسم الله الرحمن الرحيم 💛
Шағбан айында Рамазанға дайындық ретінде жасауға болатын амалдар:

–Қаза намаз, қаза оразаны өтеу;

–Оразаның фиқһын қайталау(оразаны бұзатын, бұзбайтын жайттар);

–Құран үйрену, оқу, жаттау
Оқи алмасаңыз Құранға түсу
Оқи алсаңыз хатым түсіру, Құран жаттау(әсіресе әйелдер жамағаты үшін тарауих намазында пайдасы тиеді, әртүрле сүре, аяттарды оқи аласыз);

–Тұрақты садақа беруге үйрену(тұрақты амал – Аллаға ең ұнамды амал). 100 теңгеден болса да, күнде садақа беру;

–Намазды уақытылы, кешіктірмей оқу(ол да Аллаһ үшін ең ұнамды амал);

–Нәпіл ораза ұстау, ағзамызды аз тамақтануға үйрету;

–Қасиетті айда ас әзірлеуге көп уақыт кетірмес үшін алдын ала заготовка жасап, мұздату(үнемделген уақытыңызды құлшылыққа арнай аласыз);

–Тоқтамай зікір, салауат айту(үй жинағанда, жұмыста, оқуда, ас әзірлегенде, жол жүргенде);

–Әлеуметтік желілерге лимит қою немесе мүлдем өшіру;

–Ұйқы режимін дұрыстап, тахаджут намазын үзбей оқуға үйрену(басында оянуыңыз қиын болмақ, бірақ шамамен 10-14 күннен кейін үйреніп кетесіз ин шәә Аллаһ);

–Рамазанның қадірі және бұл айды сахабалар, табиғиндер, ғұламалар қалай өткізгені жайлы оқу;

–Құран мен Сүннеттен дұғаларды жаттау, алдын ала тілейтін дұғаларыңызды(өзіңіз, ақыретіңіз, отбасыңыз, жақындарыңыз, үммет үшін, т.б.) жазып алу;

–Іліммен айналысу(ең абзал амалдардың бірі);

Қосымша:

–Ер адамдар мүмкіндігінше мешітте көбірек уақыт өткізгені дұрыс;

–Қыз-келіншектер фитнадан сақтану мақсатында құлшылығын үйде атқарғаны абзал, себебі әйел заты жасырын хәлімен қадірлі. Жәй ғана бөлмеңізді жинап, әсемдесеңіз көңіл-күйіңіз де көтеріліп, құлшылыққа құлшынысыңыз арта береді, әрі өзіңізді бөтен адамдардың көзіне түсуден сақтай аласыз, ин шәә Аллаһ.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

04 Feb, 01:51


Ізгілердің бірі былай деген екен: «Көздеріңе құлшылықтың өз үлесін беріңдер!»

Сонда одан: «Көздің құлшылықтағы үлесі не?» – деп сұрағанда, ол: «Құранға қарау, оның мағынасын ойлану және оның ғажайыптарынан ғибрат алу», – деп жауап берген екен.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

25 Jan, 12:52


Құран оқу, жаттау, оның абзалдығы жайлы және көптеген басқа тақырыптар қамтылатын керемет кітапша🌸 Олжас Ханафин ұстазымыздың رحمه الله жұбайысы жазған🩷 Оқуға кеңес етеміз, бисмиЛляһ

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

25 Jan, 09:40


Құраннан ештеңесі жоқ адам...

Нұрсұлтан Рысмағанбет ұстаз

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

25 Jan, 07:56


Қасиетті Құранмен қарым-қатынаста сақтау қажет әдептер:

1. Құранның үстіне кітап немесе қағаз қоймаңыз.

2. Құранға сүйенбеңіз.

3. Отырғанда, Құран алдында аяқтарыңызды созып отырмаңыз.

4. Құранның ішінде қағаз, ақша немесе басқа заттарды сақтамаңыз.

5. Құранды біреуге ұсынғанда құрметпен беріңіз, лақтырып немесе итеріп бермеңіз.

6. Құранды жерге қоймаңыз (тіпті кілемнің үстіне болса да).

7. Құранды күн сәулесі әсер етіп, бүлініп қалатын жерде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.

8. Құранды жастықтың астына қоймаңыз.

9. Құранды кез келген кітап сияқты немқұрайлы ұстамаңыз; Алланың сөзі екенін сезініп, құрметпен қараңыз.

10. Құранды досыңызға үстелден итеріп бермеңіз, оны әдеппен қолына беріңіз.

Құран – Алланың қасиетті кітабы. Оған деген құрмет – иманның белгісі.

Шейх Ратиб ән-Наблуси
Нұрсұлтан Зұлпықар

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

25 Jan, 03:10


Кімде-кім бір нәрседен қорықса немесе қатты уайымға түссе Ясин сүресін оқысын деген.
Пайғамбарымыздың ﷺ үйін мүшріктер қаруларымен қоршап алған кезде Ясин сүресін оқып шыққан еді.

Шейх Әдһам حفظه الله
Galymdar.kz

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

24 Jan, 13:00


Музыканың иманыңызға әсері

Ұстаз Олжас Ханафин رحمه الله

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

24 Jan, 10:52


Бұл фотосуретте біздің ата-бабаларымыздың (шамамен 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басы) мусхафы көрсетілген.

📍Алматы қаласы, ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы, Этнография залы

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

24 Jan, 10:49


Абай Құнанбайұлы өзінің тырнақалды шығармаларының бірі «Әлифби» өлеңінде араб әріптері мен Құран оқудың ереже-қағидаларын шебер қолданған. Ол бұл өлеңін: 

«Әлифдек ай йузіңе ғибрат еттім,
Би, бәләй дәртіңа нисбат еттім.
Ти, тілімнән шығарып түрлі әбиат,
Си, сәнәй мәдхия хүрмәт еттім...» – деп бастап, араб тіліндегі жиырма сегіз әріпке кезегімен тоқталады. Осылайша Абай ислам ғалымдарының өлеңмен үйрету тәсілін қолдана отырып, араб әріптері мен Құран оқуға қатысты ережелерді түсіндіреді. Бұл сегіз шумақ өлеңінде жиырмаға тарта араб сөздері мен біршама шағатай сөздерін еркін қолданады. Өлеңнің соңында:
«Я, ярым, қалай болар жауап сөзің,
Мәт – қасың, тәштит – кірпік, сәкін – көзің.
Үтірмен асты-үстілі жазуға бар...» – деп араб жазуындағы сөздерді дұрыс оқу үшін қойылатын белгілерді келтіреді: мәт (~) – қыздың қасына, тәштит (ш) – кірпігіне, сәкін (сүкін Е.Ш.) (о) – көзіне балап суреттеледі.

muftiyat.kz

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

24 Jan, 08:27


Құранды көп оқып, оған ой жүгірту Пайғамбарымыздыңﷺ сипаттарын бойымызға сіңіреді. Өйткені Пайғамбарымыздыңﷺ мінезі Құран еді.

Шейх Махмуд Дурро حفظه الله

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

24 Jan, 01:45


Аллаһ елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

Әбу Дәуіт/1531
Ержан Бақытжанов

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

24 Jan, 01:42


Жұма мүбәрак болсын! Кәһф сүресін оқуды ұмытпаңыз❤️

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

24 Jan, 01:42


Құран оқудағы мүміннің хәлі…

Аллаһ Тағала: “Біз кітап түсіргендердің арасында оны лайықта түрде терең түсініп оқитындар бар” - деген. (Бақара, 121-аят)

Имам Ғазали رحمه الله

Яғни, Құран оқуда мүміннің тілі, ақылы, жүрегі қатар жұмыс жасауы.

1) Тілдің міндеті - әріптерді дұрыс оқу.
2) Ақылдың міндеті - мағыналарын түсіну.
3) Жүректің міндеті - уағыз алу, әсерлену, жаман амалдардан тиылу, бойсұну.

Демек, тіліміз оқиды, ақылымыз Құранды аударады, жүрегіміз әсер алады. (Ихья улум әд-дин 1-287)

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

23 Jan, 11:34


Құран ол - қабірде серігің, есеп қисапта - шапағатшың, сират көпірде - жол көрсетер шам шырағың.

Құраннан артық қандай дос таба аласың..?

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

23 Jan, 07:36


رَبِّ هَبْ لِى حُكْمًا وَأَلْحِقْنِى بِٱلصَّٰلِحِينَ

Раббысына былай деп жалбарына бастады: «Уа, Раббым! Менің бойыма даналық пен дұрыс үкім айтып, лайықты шешім шығара білетін қабілет дарыта көр! Мені ізгі құлдарыңның қатарына қоса көр!»

(«Шұғара» сүресі, 83 аят)

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

23 Jan, 04:35


«Әр адам таңмен тіршілігін бастайды: бірі өз нәпсісін құтқарады, ал бірі оны құрдымға батырады».

—Муслим

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

23 Jan, 00:16


Құранда тақуа жандарды "...сәресі уақытында Алладан кешірім тілейтіндер" деп сипаттайды.
[ Имран, 16-17 ]

Имам Ғазали رحمه الله өзінің "айюхал уалад" кітабында Пайғамбарымыздың ﷺ мына хадисін келтіреді: «Аллаһ Тағала 3 дауысты жақсы көреді: Әтештің дауысын, Құран оқушының дауысын және таңсәріде кешірім тілеушінің дауысын».

Таңсәріде кешірім тілеудің маңыздылығын осыдан аңғарсақ болады...

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

22 Jan, 12:58


Өмір қысқа, ал білім көп. Сондықтан уақытты зая кетірмеу керек. Түн мен бос уақыттың қадірін білу қажет.

Яхия ибн Муъаз Рази: «Түн ұзақ, оны ұйықтап қысқартпа. Күндіз жарық, оны күнә істеп тұнжыратпа», – деген екен.

Тәлімгер тағылымы, 51-бет

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

22 Jan, 11:00


وَلَا يَذْكُرُونَ ٱللَّهَ إِلَّا قَلِيلًۭا
Олар Аллаһты өте аз еске алады.
( Ниса сүресі, 142-аят)

Бұл аят кімдер жайлы? Мұнафиқтар жайлы! Ғалымдар күніне ең кем дегенде бір сағат Аллаһты зікір етуге тырысу керектігін айтады . Әрине, бұл әрқашан оңай бола бермейді. Ең жақсысы зікірді үзіліссіз жасаған дұрыс, кейбіреулер оны таң намазынан кейін ал біреулер екінті намазынан соң жасап жатады. Егер , бір сағат толық отыра алмасаңыз , онда бөліп жасаңыз. Мысалға, бір отырғанда жиырма минут одан кейінгісінде отыз минут отырыңыз.

Муфтий Абдурахман ибн Юсуф Мангера

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

22 Jan, 08:40


Хасан әл-Басри رحمه الله айтты:

«Қиямет күні адам баласына ғұмырының сағаттары көрсетіледі. Сауапсыз өткен әр сәт оның өзегін өртейді».

✍🏻Ғұмырды сақтау Ибн Әл-Жәузи

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Jan, 01:42


Шейх Ахмед Иса әл-Мағсарауи былай деген:

لا تخبر الناس كم تقرأ من القرآن وكم تحفظ...
ودعهم يرون فيك القرآن!
فليس العبرة أين وصلت في القرآءة القرآن، إنما العبرة أين وصل القرآن بك!

Адамдарға Құранның қаншасын оқып, қаншасын жаттағаныңды айту қажет емес...
Олар өздері сендегі Құранды байқасын!

Құраннан қай жерге дейін жеткенің маңызды емес, Құран сенің қай жеріңе дейін жеткені маңызды...

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Jan, 13:22


⌛️Егер біз әлеуметтік желілерді ашқандай, мусхафты да жиі ашып отырсақ, баяғыда-ақ хафыз болып кетер едік!

Ойланып көріңіз: әлеуметтік желілерде лентаны шолу үшін күніне 30 минут жұмсасаңыз, бұл айына 15 сағат, ал жылына 180 сағат болады!

Осы уақыт ішінде сіз:
• Күніне әр бетке 30 минут бөлу арқылы Құранның 360 бетін жаттай аласыз.
• Немесе күніне жарты бетке 30 минут жұмсап, Құранның 180 бетін жаттай аласыз.

Егер сіз әлеуметтік желілерге уақыт тауып, сол жерде барлық уақытыңызды өткізетін болсаңыз, «Құранға уақытым жоқ» деп қалай айта аласыз?

Мәселе ниет пен табандылықта...

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Jan, 10:41


Кейін біз әрбір сұрақты талдап, жауабын арнаға саламыз, ин шәә Аллаһ

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Jan, 10:20


Осы жазбаның астына Құранға түсуге, жаттауға қатысты сұрақтарыңызды қойсаңыздар болады🌹⬇️

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Jan, 09:58


Бүгін арнаның оқырмандарынан кішігірім сауалнама алғымыз келеді, келесі сұрақтардың барлығына жауап беруді сұраймыз, 1-2 минут уақытыңызды ғана алады🥰

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Jan, 09:56


Құранға құрмет көрсетудің бір түрі – оны қойған кезде ашық қалдырмау, және оның үстіне басқа кітаптарды қоймау. Құран әрқашан басқа кітаптардан жоғары тұруы тиіс.

Хаким ат-Тирмизи (Аллаһ оны рақымына бөлесін)

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Jan, 07:11


📿Құран жаттайтын шәкірттерге алтын қағида:

Жаттайтын нәрсені 4 сағат тапжылмай бір орында жаттағаннан, 2 сағат әртүрлі уақыттарда жаттаған абзал.

Таңнан кейін 1 сағат жаттап, бесіннен кейін 30 минут, ақшам, құптаннан кейін тағы да 30 минут қайталап бекіткеннің пайдасы көбірек болады, ин шәә Аллаһ.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Jan, 03:46


Құранның оқиғаны сипаттау әдісі...

Сен Құранның қай жерін ашып қарасаң да, мысалы:«Фәджр»,«Зумәр»,«Духа» сүрелерінде немесе Аллаһ Тағаланың Нух а.с. оқиғасын сипаттаған кезде оқиғаны бейнелегені сондай, ішінде өмір сүргендей күй кешесің.

Бұл сезімді сен қалай сезінесің?

- Тәжуидті (Құранды дұрыс оқу ережесін) жақсы меңгеру;
- Сүрені жаттау;
- Жаттағаныңды түнде жеке өзің оқу.

Осы нәрселер арқылы Құран Кәрімнің керемет әсерін сезінесің.

Мәселен, Құран Кәрімнің оқылуындағы мына мәнеріне мән беретін болсақ - әріптердің бір-біріне қосарлануы, көріністі сипаттағандағы дыбыс мәнері.

Бейне бір шынайы оқиғаны, айқын суретті көргендей боласың.

«Инсан» сүресін оқыған кезде «Инсан» сүресі құдды бір саған жәннәтқа кіргендей сезім береді. Сүрені оқып келе жатып, (Біз Құранды түсірдік) деген аятқа келген шақта, “Мен қайдамын” деп оянасың.

Осы жағдайлар менде жиі қайталанып тұрады. Сендер де «Инсан» сүресін оқып, сезініп көріңдер — жерде екеніңді ұмытып, Жәннатқа кіргендей сезім сендерде де болады.

Құранның оқиғаны сипаттау әдісі таң қаларлық! Сөздердің оқылуы да мағынасынан сыр шертеді.

Шейх Әли Һани حفظه الله

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Jan, 14:38


Әрдайым жатар алдын Құран оқуды, кәлима, зікір, салауат айтуды әдетке айналдырыңыз. Сол түні ұйықтап оянбай қалсаңыз, Алланың құзырында соңғы сөзі хайырлы болған құлдарынан боласыз...🌙

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Jan, 13:22


Рамазанға дайындықты әлі бастамаған, бірақ бастауға ниеттеніп жүрген жандар үшін керемет жаңалық!

Ramadan Online курсы🩷

–10 жылдық тәжірибесі бар ұстаздан ілім аласыз
–Уақыты ыңғайлы, дәрістер демалыс күндері өтеді
–Құны: ТЕГІН🤩

Қамтылатын тақырыптар:
• Оразаның фиқһы(«мынаны істесем оразам бұзылады ма» деген сұрақтар ендігі мазаламайды)
• Рамазан айының қадірі
•Тақуалыққа жету жолдары

wa.me/7087193954
Осы нөмерге жазып, курсқа тіркеле аласыздар. Тек нәзік жандылар үшін!🌸

Кезінде сахабалар, табиғиндер Рамазан айына дайындықты 6 ай бұрын бастаған. Ережеп пен Шағбан айларында жиі ораза тұтып, Құранды көп хатым етіп, тәхәджуд намазын үзбей оқыған...

Аль-Му'әллә ибн әл-Фәдл(Аллаһ оны рахымына алсын) айтты:

كانوا يدعون الله تعالى ستة أشهر أن يبلغهم رمضان يدعونه ستة أشهر أن يتقبل منهم

«Олар Алладан Рамазан айына жетулері үшін алты ай бойы дұға етіп, Рамазан айынан кейін алты ай бойы Алладан өздерінің істеген амалдарын қабыл етуін сұрады».

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Jan, 12:56


Сахаба Əбу Дарда (оған Аллаһ разы болсын) Аллаһ Елшісінің ﷺ былай деп айтқанын риуаят еткен: «Кім əрбір таңда жəне кеште жеті мəрте мына сөздерді айтса:

“Маған Аллаһ жетіп артады. Одан басқа құлшылыққа лайықты (ешбір) құдай жоқ. Тек Оған ғана мен тəуекел еттім. Сондай-ақ, Ол – ұлы 'аршының Раббысы”

حَسْبِيَ اللّهُ لا إِلَهَ إِلاَّ هُوَ عَلَيْهِ تَوَكَّلْتُ وَهُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ

Тәубе сүресі, 129-аят.

Хəсбия-Ллаhу лəә илəәһә иллəә hуə ‘əләйhи тəуəккəлту уə hуә Роббуль-‘аршиль-‘азыым

Аллаһ Тағала оны осы дүниенің жəне ахиреттің уайымынан құтқарады».

[ Əбу Дауд 5081, Ибн Сунни 71 ]

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Jan, 10:23


🗣️ Дауысты көтеріп оқу арқылы қайталау

Кімде-кім берік және тұрақты есте сақтауды қаласа, ол дауыстап бірнеше рет қайталауы керек және қанша зерек болса да бір-екі ретпен шектелмеуі тиіс.

Ибн әл-Жәузи: «Бізге Әл-Хасан ибн Әби Бәкір ән-Нисабури: «Мен үшін жаттау тек елу рет қайталағанда ғана болады», – деп айтты. Әбу Исхақ әш-Ширази сабақты жүз рет қайталаған.

Шынында да, көп қайталау басында шаршатуы мүмкін, бірақ болашақта оның нәтижелері өте пайдалы болады. Қайталанбай жатталған материал, әсіресе бірінші кезеңде, жылдам ұмытылып жоғалып кетеді. Өйткені ол қайталау арқылы бекітілмеген.

💡Сондықтан: «Дәріс бір әріп, қайталау мың рет» – деп айтылған. Бұл сөздің мағынасы – аз дәріс алып, оны көп қайталау. Осыған ұқсас ғалымдардың: «Бір кітапты екі рет оқу, екі кітапты бір рет оқудан пайдалы» деген сөздері бар.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

17 Jan, 07:34


МУСХАФТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙМЫЗ?📖

Мусхаф – Құран Кәрім кітабы.

Мұсылман адам сүйікті мусхафын таңдауға ерекше мән беру қажет. Ол сіздің Құранды жаттау мен оқу барысында сенімді серігіңіз болмақ, сондықтан ол тек ыңғайлы ғана емес, сонымен қатар көз қуантарлықтай да болуы керек.

🗝️ Мусхафтың көлемі
Кітаптың ең қолайлы көлемі сіздің көру қабілетіңізге байланысты. Көзіңізді шаршатпайтын тым кішкентай кітап таңдамаңыз, бірақ өте үлкен кітап та ыңғайсыз болуы мүмкін. Өзіңізбен бірге алып жүретіндей, сөмкеге сыятын орташа өлшемді кітап табуға тырысыңыз.

🗝️ Түсі мен қарпі
Құранның парақтары ашық-сары, сары түсті болғаны дұрыс, себебі сары парақтар көзді шаршатпайды, ұзақ уақыт оқуыңызға қолайлы болады.

Құранның қарпі анық болуы керек, сонда сөздердің қайда аяқталып, қайда басталатынын оңай байқай алатындай. Медина немесе Түрік баспасын таңдасаңыз болады, ол өз ыңғайыңызға қарай.

1 сурет – Медина баспасы
2 сурет – Түрік баспасы
Қаріп пен аяттардың орналасуында айырмашылықтар бар.


🗝️ Парақтың қалыңдығы
Құранның парақтары қалың болуы тиіс, беттің артқы жағындағы аяттары оқығанда көрінбеуі қажет.

🗝️ Бір мусхафты қолдану
Сізге ыңғайлы әрі түсінікті мусхафты табу өте маңызды. Бұл сіздің оқуыңызға оң әсерін тигізеді. Құранды оқуға әрі жаттауға бір кітап таңдаңыз, себебі көзіңіз бір баспаға, бір кітапқа үйренуі керек.

🗝️ Электронды мусхафты пайдаланбаңыз
Құранды телефон, планшет немесе басқа электронды құрылғылардан жаттауға, оқуға дағдыланбаңыз. Құранның беттеріндегі жолдар мен оның қарпімен танысу Құран оқушы үшін маңызды.

Уақыт өте келе кітабыңызбен байланысыңыз арта береді. Оның ішінде сіздің қарындашпен белгіленген түзетулеріңіз, оқып қайталайтын парақтарыңыз, аяттарыңыз болады. Құранның электронды нұсқасы сізге Құранды түпнұсқасынан, мусхафтан оқығандағы рахатты бере алмайды...❤️

Жазба пайдалы болса, реакция қойып, жақындарыңызбен бөліссеңіздер болады.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

13 Jan, 06:51


Құран жаттаушы адам тәкаппарланып кетуден, өзгелерді төмен көріп, өзін өзгелерден биік ұстаудан, өзіне құрмет көрсетуді талап ету немесе күту, дәмету секілді әрекеттерден сақтануы қажет. Егер бойында осындай кеселдер, ойлар болса, одан тез арада арылуға жұмыстану керек.

Бұл әрекеттер жалғасын таба берсе, түбінде Алланың разылығы емес, Алланың ашуына ұшырауы мүмкін, Алла баршамызды сақтасын.

⁉️ Сондай Құран жаттаушы адам, қари қалай өзін - өзі ұстауы керек?

📖 Иесіне бойұсынған күйде;

📖 Шүкіршілік пен Иесіне ризалық күйде;

📖 Сол нығметті қалай берген болса, сондай сұрауы да бар екенін ұмытпаған күйде;

📖 Соңғы күнге дейін абыроймен алып шығуды көздеген күйде;

📖 Құран иесі қандай болса, сол талапқа сай болуға тырысу

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

13 Jan, 06:49


"Бұл Құран - қараңғы түндегі жарығың ғой, жарығың...

Ендеше, жарығыңды сөндірме!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

12 Jan, 08:16


"Мен ізгі ғалымдарымыздың Құран оқығанда күндіз - түні шаршамай оқитынына таң қалған едім.

Алайда, қазіргі таңда көпшілік адамдардың күндіз - түні телефоннан көз алмайтынын көргенімде, жүрек өз сүйген ісінен жалықпайтынын білдім
"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

12 Jan, 06:25


Құран оқуда қалай жылдамдық қосамын?

📍 Құранды көркем оқуға машықтану, жылдамдық қосу әрі әріптердің махраджын анық шығарып үйрену үшін  Құранды ЖИІ ХАТЫМ ету керек.

📖 Құранды бірден қатесіз, жылдам оқу мүмкін емес. Бұл көрсеткіштерге жету үшін көп еңбек қажет етеді. БАРЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕМЕН КЕЛЕДІ: көп оқу, көп жаттығу, көп тыңдау.

📖 Құран оқығанда біз әуезді, әсем етіп оқығымыз келеді. Осы орайда әуезге мән беремін деп тәжуид ережелерін назардан тыс қалдырмауымыз аса қажет. Құран оқуда ең бастысы - ережеге сай оқу. Ережені жақсылап бекіткен соң, көркем оқуға көшсек те болады.

#Құранескерту

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

12 Jan, 05:04


| Та Ха сүресі 25-28 аят

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

12 Jan, 04:18


"Күн сайын рилс көруге жұмсайтын уақытымызды Құранға арнасақ, баяғыда-ақ қари, ғалым болар ма едік?!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

12 Jan, 04:16


Құранды ашып оқу, үйрену, хатым ету, жаттау үшін Рамазанды күтпе!

Бүгін баста!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

12 Jan, 02:08


"Құранның шапағатымен бізді құрметке бөле, Раббым!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

11 Jan, 11:36


Солих әл-Мәрри (рохимаһулла):

“ Түсімде Алла елшісіне Құран оқыдым. Ол маған: «Уа, Сәбит, бұл қырағат ғана. Көз жасың қайда?» - деді.

📚 [Олар Пайғамбарымызды осылай көрген]

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

11 Jan, 07:01


| әр-Рахман сүресі 19-23 аят

| Аятты оқушы: Умайр Шамим

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

11 Jan, 05:22


"Құран бұл - өмір"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

10 Jan, 11:22


Шынайы Құран иелері болуды Алла нәсіп етсін, осы жолды жеңілдетсін

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

10 Jan, 11:21


📍Құран иелерін олардың түндерінен танисың: ел ұйықтап жатқанда, олар түңгі құлшылықта (тахажүт) болады;

📍 Құран иелерін күндерінен танисың: елдің аузы ашық болса, олар күндерін ораза ұстаумен болады;

📍 Адамдар шат - шадыман, сән - салтанатпен жүргенде, олар артынша қайғының да келетінін біледі;

📍Көп күлкінің артынан жылаудың да уақыты келетінін біледі;

📍Олар тәккаппарлықты кішіпейілдікпен басады;

📍Қаттылықтың артынан жұмсақтықтың келетінін біледі.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

10 Jan, 11:14


Құранды хатым етіп отырғанда, жаттап, оқып отырған кезде "қашан аяқтаймын, сүренің соңы қайда екен?" сынды ойлар сізді мазаламасын. Сіздің мақсатыңыз сүре, аятты тез аяқтау емес - сіздің мақсатыңыз Құраннан өз үлесіңізді алып қалу, Құранмен рахаттану.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

06 Jan, 04:09


"Құранмен дүниеге емес, Аллаға жақында!

Құранмен Аллаға сүйкімді бол!

Құранмен Аллаға ұна!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

06 Jan, 02:22


"Құран кітаптарының көптігі сені алдаусыратпасын.

Құран кітаптары көп болғанымен, жүрегіңде неше сүре бар? Амалыңда неше пара бар?"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

05 Jan, 13:22


"Негізінде біз Құранды дүниелік мақсаттар үшін оқып үйренеміз, жаттаймыз. Бұл өкінішті. Асылында, Құранның мұсылман өміріндегі орны, функциясы ол емес қой?! Мұндай пайым мен ойлардан бізге тез арада арылу қажет. Құран не нәрсе үшін түссе, сол мақсатта оқы, үйрен, жатта!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

05 Jan, 05:06


Құран жаттауда көбірек су ішіңіз. Су мидың 78% құрайды екен. Мидың қалыпты жұмыс жасауы үшін су ішуді әдетке айналдырған жөн.

Жаныңызға су дайындап қойып, үзілістер арасында ішіп отырыңыз. Кей ғалымдар зәмзәм суын ішуді кеңес етеді екен
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

05 Jan, 04:42


"Я, Аллаһым! Құраннан алыстатпа, жақындат! Құраннан қол үзіп қалмай, осы жолда табанды ет!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

04 Jan, 16:07


Құран жаттаған күндер - жүрегіңе көктемді еккен күндер.

Әр аят, әр сүре жатталған сайын жүрек құлпыра түседі. Құран нұры жүрегіңді толтырады.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

04 Jan, 15:59


“Құранның мұғжизаларының бірі - оны қанша оқысаңда, тыңдасаңда еш жалықтырмайды”.

Ал енді жалығып жатсаң, мәселе Құранда емес, мәселе мына бізде!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

02 Jan, 03:04


"Жопарлы бол. Жоспары жоқтың түбі - жеңіліс"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

31 Dec, 07:48


📍Сахабалар мен табиғиндердің үйлерінен жыл он екі ай Құранның дауысы естіліп тұратын. Отбасындағы қариялар, балалар, әйелдері - бәрі Құран оқитын. Әсіресе, Рамазан айының түнгі уақытында ерекше естілетін. Табиғин Әбул - Әхуас:

"Сахабалардың бірі екінші бір сахабаның үйіне түнде келіп, есігін қаққанда үй ішінен араның гуілі секілді дауыс еститін болған. Ал біздің мына халыққа сахабалар қорыққан нәрседен қауіптенбейтіндей не көрінді?!" - деп айтқан.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

31 Dec, 03:35


"Құранды жаттаумен қатар қайталауды да алып жүр. Бір жүйеге қой."

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

30 Dec, 04:04


Әл.желідегі сен тұтынатын контент - миыңның азығы.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

30 Dec, 03:59


Желілердегі ақпарат ағыны сені секунд сайын бомбалап:

"Маған қара, мені оқы, маған тамсан" деп, зейініңді парша - парша етсе, қалай Құран жаттайсың? Қалай аяттарға ой жүгіртіп, сабақ аласың?

Мүмкін емес...

📍 Құран жаттаймын деген адам әл.желіден бас тартуы қажет. Мейлінше, телефонды қолына сирек алғаны жөн
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

30 Dec, 03:13


ТҰРАҚТЫЛЫҚ - бір уақытта, сол бір орында және бір кітаппен.

Тұрақтылық - адамның мінезін шыңдайды. Ойыңды жинақтап, жаттауға зейініңді тұрақтандыруға көмектесетін де осы тұрақтылық
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

30 Dec, 03:06


"Кейінге қалдыру - шайтанның үлкен құрықтарының бірі"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

29 Dec, 15:55


"Құран жаттау үшін оңтайлы уақытты тосумен - ақ талай жылдар өтті - ау .. "


"Күнің өткен сияқты, артын бақсам, дәл солай өмір де өте береді екен - ау..."

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

29 Dec, 06:33


" 1 жыл өтті қанша сүре жаттадыңыз?

Қанша пара жаттадыңыз?

Қайсысын амалға айналдырдыңыз?

Өзгеріс бар ма?"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

29 Dec, 05:03


"Құран саған адал болғанындай, сен де оған адал бол!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

28 Dec, 14:18


💡 Өзгелер ұйықтап жатқанда, сен жатта!

💡 Басқалар беріліп жатса, сен соңына дейін шыда!

💡 Басқалар тек армандап жүрсе, сен әрекет ет!

💡 Өзгелер шағымданып жатса, сен шүкір ет
!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

28 Dec, 09:38


"Құранды жаттауға кіріспес бұрын Құранды бірнеше рет хатым еткен абзал"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

28 Dec, 04:49


"Құран жаттау қиын" деген сөз - "нәпсі семірді" деген сөз.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

28 Dec, 04:47


Хифздың басы.

📖 Егер адам 1 бетті мүдірмей және тәжуид қағидаларын сақтап оқыса, (егер беттегі аяттар қиын болса 1,5 минут, егер жеңіл аяттар болса, 1 минутта) онда Құран жаттауын сенімді түрде бастай берсе болады.

Егер шәкірттің оқу жылдамдығы әлсіз, орташа болса әрі тәжуиді әлі бекімеген болса, жаттау барысында үлкен қиындықтарға тап болады.

Көбінде мұндай шәкірттер жаттауды тастап қояды. Себебі қателер көп, жұмыс жасалатын тұстар көп соны түзей - түзей шәкірттің жаттауға деген құлқы төмендей береді. Тек нақты мақсаты бар, қиындыққа төтеп бере алатын шәкіртте Алла қаласа нәтиже болады
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

28 Dec, 04:46


"Нағыз демалысың Құранмен болсын"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

27 Dec, 06:08


| Ас-Сафф сүресі 1-4 аят

| Фахад Азиз Ниязи

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

27 Dec, 06:06


«Кімде-кім «Кәһф» сүресінің аятын оқитын немесе жаттап алатын болса, Дәжжәлдан қорғалынады», – делінген.

Әбу Дәрда (Алла оған разы бодсын) жеткізген Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде былай баяндалған:

«Егер кімде-кім «Кәһф» сүресінің алғашқы 10 аятын жаттап алса, Дәжжәлдан қорғалынады»

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

27 Dec, 05:54


"Раббыңның «Сөзі» (яғни, Құрандағы бар мәліметтер мен үкімдер) шындық һәм әділдік тұрғысынан кемел. Оның «Сөздерін» (яғни, күллі болмысқа, жаратылыс атаулыға, соның ішінде адамзатқа қатысты үкімдерін) өзгерте алатын ешқандай күш жоқ. Ол – бәрін естуші, бәрін білетін шексіз ілім иесі"

(Әнғам, 115)

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

26 Dec, 03:40


| Ад - Духан сүресі 38-42

| Аятты оқушы: Абдуллах Хумейд

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

26 Dec, 03:20


Жаттау барысында беттерді қосу

📖 Беттің соңғы 3 аятын жаттап жатсаңыз, келесі беттің алғашқы аятын қосып жаттаңыз. Сондағысы, 3+1 аят жаттайсыз. Осы арқылы беттерді байланыстыру онайырақ болады.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

26 Dec, 03:19


 «Құран оқылғанда оған құлақ салыңдар әрі  тыныштық сақтаңдар. Рақымдылыққа бөленесіңдер»

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

25 Dec, 15:36


"Құранға ықыласыңыз төмендеп жатса, Қарилар жайлы бағдарламалар, сұхбаттарды көруге кеңес береміз. Еліміздегі қарилар, ұстаздардың подкасттары да көптеп шығып жатыр. Алла пайдалы етсін баршамызға

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

29 Nov, 04:14


Құран оқудың ішкі әдептері

2. Алланы ұлықтау

Кісі Құран оқитын кезде жүрегіне Алланың ұлықтығын сездіріп, оқып жатқан нәрсесінің адам баласының сөзі еместігін, сондай - ақ Алла сөзін оқуда үлкен жауапкершіліктің бар екенін ұғынуы керек.

Құранның мұқабасы мен парақтары дәретсіз дененің тиюінен қорғалғаны секілді, Құранның ішкі мағынасы да, үстемдігі мен ұлылығына қарай, пенденің жүрегі барлық кірлерден тазарып, нұрланбайынша, Құранның ішкі мән - мағынасы мен жүректердің арасында перде болады. Құранға деген мұндай әдепті сахаба Икрима ибн Әби Жәһилден көруге болады. Ол Құранды парақтап аша бастағаннан есінен танып, сосын былай дейтін:
"Ол - Раббымның сөзі, Ол - Раббымның сөзі емес пе?".
Сондықтан Құранды ұлықтау - Алланы ұлықтаумен тең. Ендеше пенде Алланың сипаттарына, асқақтығына, істеріне ой жүгіртпейінше, жүрегіне Алланы ұлықтау сезімі орнамайды
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

29 Nov, 04:13


"Құран саған ғана түскендей оқы, жатта, амал ет!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

28 Nov, 09:11


"Кімде - кім Құранға сай іс жасамаса, оның азабы барзах әлемінде (қабірде) басталып, махшарға дейін жалғасады"

("Құран оқудың сауабы мен әдебі" кітабынан)

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

28 Nov, 09:08


Алла Тағала қасиетті кітабын елеусіз қалу үшін емес, басшылыққа алынып, соған сай амал жасау үшін түсірген.

Сондықтан балиғат жасынан асқан әр мұсылман Құрандағы сенім мәселелеріне илануға, бұйрықтарын орындауға тиіс.
Бұл жөнінде Алла Тағала:
" Мына Құран да Біз түсірген қасиетті, мүбәрак кітап. Ендеше, Алланың мейіріміне бөлену үшін оны басшылыққа алыңдар һәм оған сенбей, үкімдеріне қайшы келуден барынша сақтаныңдар", - деген.

(Әнғам, 155
)

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

28 Nov, 01:57


"Құранды үйреніп, оны үйреткенің үшін Алла алдында дәрежелі болатындай Исламнан басқа тағы қай дінде бар?!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

27 Nov, 15:43


🎧Уахи деген не? Өмірім уахиға қалай сәйкеседі?
👤Ұстаз Ерлан Ақатаев

@KURAN_MUGZHIZA

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

27 Nov, 07:09


Ал бірде оқып, бірде оқымай, ұмытып, нәпсіге беріле беретін адам - Құранның тәтті дәмін әлі де тата алмаған адам.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

27 Nov, 07:07


Құран жаттаушылар, Құран иелері, Құранмен байланысы тығыз адамдар - міне, осылар Құранның нағыз берекеті мен рахатын көріп жүрген адамдар.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

27 Nov, 05:52


Құран оқудың ішкі әдептері

1. Алла сөзінің ұлылығын сезіну

Алла Тағала өзінің әуелден бар кәләм (сөйлеу) сипатының айқын көрінісі болған Құранды ұлылығына қарамастан, әлсіз пенделеріне шексіз мейірімділігімен түсірді. Сондықтан пенде ұлы Құранның дыбыстар мен әріптерде қалайша көрініс тапқанына мән беруі керек. Өйткені адам баласы өздеріндегі сипаттарсыз Алланың сипаттарын түсіне алмайды. Егер Құранның ұлылығы әріптермен әрлену арқылы жасырылмағанда, Арш пен басқа да ұлы жаратылыстар Алла сөзінің ұлықтығынан қирап қалушы еді.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

27 Nov, 05:51


📍Келесі жазбалар Құран оқудың ішкі әдептеріне арналады👇👇👇

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

27 Nov, 02:32


"Әлемде әр әрпіне 10 сауап жазылатындай Құраннан басқа тағы қандай кітап бар?!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

26 Nov, 14:59


Құран Кәрімнің мыңдаған тәпсірлері бар, әлі күнге дейін де тәпсір еңбектері жазылып жатыр. Кейбір ғалымдар жүз, жүз бес томнан тұратын тәпсір кітаптарын жазған. Бір Фатиха сүресінің 7 томдық тәпсірі жазылған. Бірақ өкінішке орай сонша еңбектердің өртеніп немесе жоғалып кеткендері болған. Бірақ күнімізге жеткен тәпсір еңбектері өте көп.

Біз ең жеңіл тәпсір кітабын да толық оқымаппыз🥲 осыдан-ақ қаншалықты артта қалып, ұсақтанып кеткенімізді білуге болатын шығар.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

26 Nov, 12:13


Абдулла ибн Аббас (Алла ол кісіге разы болсын):

"Мүлк сүресін оқы. Оны жатта! Бала  - шағаңа, көршілеріңе үйрет!

Өйткені, бұл сүре азаптан құтқарушы. Оқыған кісіге Алланың жанында шапағатшы. Егер кісі оны жаттаған болса, Алладан оны тозақтан құтқаруын тілейді. Алла сол себепті оны қабір азабынан қорғайды
" деген.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

26 Nov, 12:04


Құран оқудың сыртқы әдептері

21. Құранды он қырағаттың бірімен оқу

Қырағат ғалымдары жету жолдары мен жеткізуші тұлғаларды мұқият зерттей отырып, тарихта кеңінен танылған бірнеше Құран қырағаттарын анықтап берді.

Мутауатир қырағаттарға белгілі жеті қырағат жатады. Кейбір ғалымдар осы қырағаттарды онға толықтыратын үш қырағатты "ахад" деп бағалаған. Ал қалған қырағаттар "шәз" деп танылған. Кейбір ғалымдар аталған он қырағаттың барлығы мутауатир жолмен жеткендігін алға тартады.

Құранды аталмыш он қырағатпен оқыған дұрыс. Басқа шәз қырағаттарымен оқуға рұқсат етілмейді.

Құран оқушы Құранды бір қырағатпен бастайды, егер аяттар арасындағы байланыс өзара жалғасын тауып жатса, сол қырағатпен жалғастыра береді. Ал егер аяттар арасындағы байланыс аяқталса, басқа он қырағаттың біріне өтуіне рұқсат етіледі. Мәжілісте Құранды бір қырағатпен оқыған абзалырақ.

Танымал он қырағат қарилары

1. Имам ибн Амир
2. Имам ибн Кәсир
3. Имам Асым
4. Имам әбу Амр
5. Имам Хамза
6. Имам Нәфиғ
7. Имам Кисәй
8. Имам әбу Жағфар
9. Имам Яғкуб
10. Имам Халаф

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

22 Nov, 03:44


Құранға қалай уақыт табамын, қай кезде жаттаймын сонда? деген сынды сұрақтар сізді мазалап жүрсе, ойланып көріңізші:

📍 Ұйқыға уақыт таптық;
📍 Телефонды қолға алмайтын, 5 минут болсын уақыт жұмсамаған кезіміз жоқ шығар;
📍 Әңгімеге уақыт таптық;
📍 Демалуға уақыт таптық....

Ал Құранға ше?!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

22 Nov, 03:40


Қалай есте сақтаймын?
Қайталай беру арқылы

Қалай жаттағандарымды бекітсем болады?
Қайталай беру арқылы

Қалай естен шығармауға болады?
Қайталау арқылы

Көп сұрақтың жауабы біреу ғана: қайталау және қайталау

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

22 Nov, 03:20


Ең үлкен азаптың бірі - Құраннан алыстау.

Мұны Құранмен шұғылданып, Құранмен байланысы мықты адам жақсы біледі.

Әрдайым дұғада бол. Құраннан қол үзуден, алыстаудан, тастап қоюдан Алла бізді сақтасын!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

21 Nov, 12:24


Құранмен үнемі байланыстағы адам уақыт өте жүрегінің жұмсарғанын байқайды. Ол жұмсару - күнәлардан тазару деп аталады. Бұл - бірте - бірте болады.

Жер жүзінде ешбір кітап мұндай қасиетке ие емес. Тек - Құран!

Құранның біз сезіне алмай жүрген, білмей жүрген қаншама ғажайыптары бар?!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

21 Nov, 10:46


Құран оқы!

Көлікте оқы

Далада оқы

Жұмыста оқы

Түнде оқы

Таңда оқы

Демалыста оқы

Баламен оқы

Сапарда оқы

Отырып оқы

Тұрып оқы

Шамаң келмесе, жатып оқы

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

21 Nov, 03:23


"Құранмен жүрегіңді толтыр. Құранмен толмаса да, міндетті түрде басқамен толады (музыка, кино, дүниеге махаббат, атаққұмарлық)"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

20 Nov, 15:50


🎧Уахимен жүрген адам тек Алладан ғана қорқады
👤Ұстаз Ерлан Ақатаев

@KURAN_MUGZHIZA

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

20 Nov, 08:44


Екі дүниеде де Құранның рахатын көруді нәсіп етсін Раббымыз

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

20 Nov, 07:02


Құранмен шұғылданушы адам әрдайым Алланың жәрдемін сезінеді, Алланың құдіретін сезіне бастайды.

Құран жаттап жүруінің өзі - Алланың рұқсатымен жүзеге асып жатқанына шын иман келтіреді. Ол Аллаға сондай мұқтаж
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

20 Nov, 06:03


Құран оқудың сыртқы әдептері

17. Құранды абзал уақыттарда оқу

Қырағаттың ең абзалы - намазда оқылғаны.

Намаздан тыс уақытта ең абзалы - түнгі уақыт.

Түннің екінші жартысы бірінш жартысына қарағанда абзалырақ.

Шам мен құптан арасында да Құран оқу - ұнамды іс.

Ал Құран оқу үшін күндізгі уақыттың ен абзалы - таң намазынан кейінгі уақыт.

Жалпы, Құран оқудың ешқандай ұнамсыз уақыты жоқ.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

20 Nov, 06:02


"Құранмен тұлғалан"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Nov, 07:28


"Құранды қашан аяқтаймын?"деп алаңдама! Ол уақыт та келер. Алайда, Құранды толық аяқтаған кезде:
📍 Беттер жатталған;
📍 Паралар жатталған

Жаңа сүре жаттаған сәттегі сезім енді болмайды. Тек жатталғанды қайталау кезеңі...

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Nov, 07:21


Имам Ибн Әбу Шәйба жеткізген хадистің мәтінінде:

"Расында, бұл Құран - себеп (арқан). Оның бір ұшы Аллада, екінші ұшы сендердің қолдарыңда. Сондықтан оны берік ұстаныңдар. Өйткені сендер Құранды ұстанғаннан кейін ешқашан адаспайсыңдар әрі құрымайсыңдар", - деп айтылған
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Nov, 06:55


"Дүниені уайым қылғаныңдай, Құранды да уайым ет!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

14 Nov, 06:47


🎧Елшінің сөйлегені уахи ғана
Ұстаз Ерлан Ақатаев

@KURAN_MUGZHIZA

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

14 Nov, 06:44


Құран оқудың сыртқы әдептері

14. Құранды тыңдау

Құран оқылған кезде, егер кісінің мүмкіндігі болса, оны тыңдап, бір сәт ондағы Алла Тағаланың үндеуіне құлақ асуы үлкен сауап әрі құлшылық. Құранда:

وَإِذَا قُرِئَ ٱلۡقُرۡءَانُ فَٱسۡتَمِعُواْ لَهُۥ وَأَنصِتُواْ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ

"Ендеше, Алланың шексіз рақымына бөленеміз десеңдер, Құран оқылғанда, оған құлақ түріп, үнсіз тыңдаңдар!" дейді.

Құран оқылып жатқанда оған ден қойып тыңдау, мағынасына ой жүгірту - маңызды әдептердің бірі. Сол себепті, ондай кезде сөйлесу - мәкруһ.

📚Ғұлама Әбу Мұхаммед ибн Абдуссәләм да Құран оқылған кезде басқа нәрсеге мән беріп немесе сөйлесіп отырудың әдепке жатпайтындығын айтып өткен. Алайда Құран оқылып жатқан кезде қажеттілік үшін сөйлесудің әбестігі жоқ.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

14 Nov, 06:42


📍Құранға тек сөреден ғана орын бермеңіз, жүрегіңізден де орын беріңіз. Құран сөреде тұрған сайын шаң басады, ал жүректе тұрса, жүректі шаңнан тазалайды.

Егер Құраннан ажырап қалған болсаңыз, дәл қәзір дәрет алып, Құраннан бір бет болмаса бір аят болсын оқып қойыңызшы…Жүрегіміз құранға сондай мұқтаж.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

13 Nov, 15:51


Channel photo updated

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

13 Nov, 10:38


Құран оқудың сыртқы әдептері

13. Құранды тәфхиммен оқу

Құранды тәфхиммен оқу - мұстахаб. Өйткені әл - Хаким келтірген риуаятта "Құран тәфхиммен түскен" деп айтылған.

📍 Тәфхим дегеніміз - Құранды ер кісілердің жуан қырағаты секілді оқып, әйел кісілердің қылымсып сөйлегеніндей оқудан сақтану"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

13 Nov, 05:39


Депрессия, стресс деген - Құраннан алыстады деген сөз!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

13 Nov, 03:42


"Нағыз өзгеріс - Құранмен басталады"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

12 Nov, 02:43


Құран жаттау жолында әркімнің өз қиындығы бар. Әр қиындықты алға тартып, Құранды тастап қойма! Және қиындық, сынақ тек сенде ғана емес, осыны біл!

Нақ жемісін көргенде, бұл уақытша сынақтар үшін әлі талай алғыс айтасыз. Қиындықтар - бізді тек мықты етеді.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

12 Nov, 01:58


Құран оқудың сыртқы әдептері

12. Құранды әсем дауыспен оқу

Сахабалар, табиғиндер және одан одан кейінгі барша мұсылман ғұламалар Құранды әсем дауыспен оқудың мұстахаб екендігіне бірауыздан келіскен.

Сағд ибн Әбу Уаққастан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.с.):
"Кімде - кім Құранды әуендетіп оқымаса, бізден емес" деген. Көпшілік ғалымдар хадистегі "әуендетпесе" сөзін "әсем дауыспен оқымаса" деп түсіндірген.

Ғұламалардың айтуынша, дауысты әсемдеуде қырағат аясынан шықпау керек. Шектен тыс әсірелеуге, бір әріпті қосып немесе бір әріпті қалдырып кетуге рұқсат етілмейді.

📚 Әл - Мәуәрди "әл - Хауи" атты кітабында:
"Құранды әуендетіп оқыған кезде, Құран сөзіне қандай да бір харекет (тыныс белгі) енгізуге, не болмаса қандай да бір харекетті қалдырып кетуге, сондай - ақ, мәдтерді созбай немесе мәд жоқ орындарды созып немесе сөзді өзгертуге, мағынасын бұзатындай дәрежеде созып Құранның оқылу ережесінен шығып кетуге тыйым салынады.

Әр адам шамасы жеткенше Құранды әсем дауыспен оқуға тырысуы керек. Әбу Дәуіттің "Сунан" жинағында келген риуаятта Ибн Әбу  Муләйкаға:
"Егер Құран оқушы немесе жаттаған (қари) адамның дауысы әсем болмаса не істейді?",- деп сұрақ қойылғанда:
"Шамасы жеткенше көркем оқуға тырысады", - деп жауап берген.

Құранды тәжуид ережелеріне сай, әр әріптің махражын шығарып, бөліп - бөліп әрі анық оқуға тырысу керек. Сонымен қатар білім талап етуші қырағат барысында талап етілген ережеден ауытқып, жоғары дауыспен оқымауы тиіс. Егер қаридың шамасы келіп жатса, Құранды араб дауыс ырғағымен, тәжуид ережелеріне сай оқыған жөн. Ол үшін қазіргі танымал араб қариларының қырағаттары жазылған үнтаспаларды тыңдап, машықтанса болады.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

12 Nov, 01:56


"Құран оқылған үй - көктегілерге жарық жұлдыздай жарқырап көрінеді"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

11 Nov, 00:59


Шариғаттың негізі - Құран мен сүннет

Имам Әбу Юсуфтың айтуы бойынша, Имам Ағзам Әбу Ханифа жалғыз ұлы Хаммад алғаш Құран үйреніп, "Фатиха" сүресін жаттағанда оның ұстазына бес жүз мың дирһам жібереді.
Ұстазы: "Мұншалықты көп ақша беретіндей қызмет көрсетпеген едім ғой", - дегенде, имам Ағзам: "Ұлыма үйреткен Құранды аз нәрсе деп ойлайсыз ба? Қазірше қолымда бары осы болды. Әйтпесе, Құран Кәрімнің құрметіне бұдан да көп берер едім", - дейді.

Міне, сондықтан болар Әбу Ханифа өз сөзінде:
"Шариғат негізі - Құран мен сүннет. Бұл екеуінен ауытқуға болмайды", - деген
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

11 Nov, 00:59


"Құранмен сүрген өмір - нағыз бақыт"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

10 Nov, 07:39


Құран оқудың сыртқы әдептері

11. Құран Кәрімге құрмет көрсету

Барлық ислам ғалымдары мұсхапты қадірлеп, оған құрмет көрсетудің уәжіп екендігіне бірауыздан келіскен. Сондай - ақ, оны жастық етіп жастануға тыйым салынады. Тек Құранды ғана емес, керісінше, одан да басқа діни қайнаркөздерді жастық етіп жастануға рұқсат жоқ.

Егер бір кісінің алдына мұсхап алып келінсе, оны құрметтеп, орнынан тұруы - мұстахаб. Өйткені ғұламалар мен салиқалы кісілерді құрметтеп орныңнан тұру да - мұстахаб амал. Сол секілді Құран да құрметке әбден лайық.

Сондай - ақ мұсхапты хош иістендіріп, тұғырға немесе тірекке қойып қою - мұстахаб амал. Мұсхапқа құрмет ретінде оны күміспен әшекейлеуге рұқсат етіледі. Ал алтынмен көмкеруге келсек, олай жасау ерлерге емес, әйелдерге рұқсат.

Құран және оның аяттары мен ғылыми кітаптарға қарай кісінің аяқ созуына тыйым салынады.

Әбу Дәуіт Абдулла ибн Омар (р.а.) жайында:
"Ол Құран оқыған кезде, көңілі қанағаттанғанға дейін ешкіммен сөйлеспейтін" дейді. Бұл риуаят имам Бухаридің хадис жинағында "оны оқып болмайынша сөйлемейтін еді" деген сөздермен келген.

Қырағат барысында орынсыз қол және басқа да ағзалармен ойнау немесе басқа да көңілді аудартатын нәрселерге қарамау қажет. Өйткені Құран оқушы Раббысына мінәжат етеді
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

26 Oct, 14:44


Сахаба Абдулла ибн Аббастан жеткен хадисте Пайғамбар (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын):

" Мүлік сүресі - қорғаушы. Ол қабір азабынан құтқаратын қорғаушы", - деп айтқан.

Сахаба Әнәс ибн Мәликтен жеткен хадисте Пайғамбар (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын):

"Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар. Ол өзін оқыған пендеге жақтасып, түбінде оны жәннатқа кіргізеді. Ол - Тәбәрәк сүресі", - деп айтқан.

Хадисті имам Дияуддин әл - Мақдиси, имам әт - Тәбәрәни "әл - Муғжам әл - аусат" жинағында келген. Хадис "әл - Жәмиғ әс - сағир" кітабында да келген
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

26 Oct, 14:35


"Бақара" сүресі шайтандардар қорған

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

25 Oct, 12:21


📍Бүгінгі естіген көркем сөздердің бірі:

📖 "Құран Саған ғана арналып түскендей амал қыл"

[1. Біреуді тәрбиелеу үшін емес. Ең әуелі өзіңді тәрбиелеу үшін жаса.

2. Сен амал етпесең, ешкім амал етпейтіндей ықыласты бол]

#Құранескерту

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

25 Oct, 12:07


"Үйлердің ең қадірсізі - Құран аяттары оқылмайтын үй"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

24 Oct, 06:53


Имам Муслим сахаба Әбу Һурайрадан (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбар (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын):

"Кімде - кім мұсылманның дүниедегі қиыншылықтарының бірін жеңілдетсе, Алла Тағала Қиямет күні оның қиыншылықтарының бірін жеңілдетеді.

Кімде - кім (қарызды қайтаруға) қиналған кісіге жеңілдік  жасаса, Алла Тағала дүние мен ақыретте оған жеңілдік жасайды.

Кімде - кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала дүние мен ақыретте (оның айыбын) жасырады.

Мұсылман кісі мұсылманның жәрдемінде болса, Алла да оның жәрдемінде болады.

Кімде - кім білім іздеп жолға шықса, Алла Тағала оның жәннатқа жетер жолын жеңілдетеді.

Қандай да бір жамағат Алла үйлерінің бірінде бас қосып Алланың кітабын оқыса, оны өзара үйренсе, тыныштық түседі. (Алланың) рақымына бөленеді. Періштелер оларды қаумалап алады. Әрі Алла Тағала оларды құзырында еске алады.

Кімде - кім (сауапты)істен алыс болса, ата - тегі оны (Алланың алдындағы мәртебесін) өсірмейді", - деген.

📖 Субһаналлаһ, Алла және оның Елшісінің уәделері қандай?!!!

⁉️ Осы уәделерге қаншалықты иман келтіресіз?

📖 Алладан асқан уәдеде тұрушы бар ма?!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

24 Oct, 06:39


"Алланың жәннаттықтарға көрсетер ең зор құрметінің бірі - Құранды құзырынан естіртуі"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

23 Oct, 12:25


Атқарып жүрген ісіміздің маңыздылығын, сый - сауабын білген сайын ынта, ерекше құлшыныс пайда болады.

Құран да солай.

Не үшін?

Кім үшін?

жаттап, оқып, үйреніп жүргеніңізді бір саралап қойыңыз. Ықыласыңыз азайып жатса, Құранға қатысты білім алыңыз (артықшылығы, маңыздылығы)

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

23 Oct, 06:53


Бір іспен әрдайым шұғылданса, адам зеріге бастайды. Ол ісі қызықсыз болуға айналады.

Алайда, Құранмен олай емес! Керісінше, оны көп оқыған сайын, көп көңіл бөлген сайын оған деген сағыныш арта береді
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

23 Oct, 02:19


"Құран Кәрім оқылғанда тыныштық орнап, періштелер түседі"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

22 Oct, 08:19


Қари шейх Абдурашид ас-Суфидің әкесі баласына айтқан насихатынан:

Ей, балақайым! Біліп қой! Құранды Алланың құзырында қадірі жоқ адам ғана оқымай қояды.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

22 Oct, 06:31


Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) Құранды оқыған соң, мынадай дұға жасайтын:

"Уа, Аллаһым! Құранмен маған рақым ет, оны маған жетекші, нұр, жолбасшы, мейірім ет!

Иә, Алла! Одан ұмытқан нәрсемді есіме сал! Одан білмей қалған нәрсемді маған үйрет! Оны күндіз - түні окуды маған нәсіп ет! Уа, әлемдердің Раббысы, маған оны айғақ ет!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

22 Oct, 06:25


Құранды толық жаттауға тырысыңыз

Толық жаттай алмасаңыз, жартысын жаттауға тырысыңыз

Жартысын жаттай алмасаңыз да, бір бөлігін жаттаңыз

Құраннан өз үлесіңізді алыңыз
!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

22 Oct, 04:31


"Адамдардың ең жаманы - Құранды оқи тұра түзелмегендер"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

21 Oct, 14:20


"Құранда отыз аяттан тұратын сүре бар, ол қияметте (жаттап және амал қылған) пендесіне күнәсі кешірілгенге дейін шапағат етеді. Бұл - Мүлк сүресі"

(Имам Тирмизи 2891; Әбу Дәуд, 1395
)

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

21 Oct, 05:02


"Телефонға бөлген уақытты - Құранға да бөле аласыз!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

21 Oct, 05:01


Құран жаттап жүрген болсаңыз, өзіңізді тым зорықтырып алмаңыз.

Жаттаудың арасында қысқа үзілістер алып тұрыңыз.

Табиғатқа, таза ауаға шығып серуендеп алыңыз.

Ұйқының да маңызы өте үлкен. Негізі жаттаудан кейін көз шырымын алып алыңыз. Ол миыңыздың ақпаратты қорытып, тынығып алуына сеп болады.

Кейде Құран жаттау барысында мазмұны, мағынасы, сөздер жағынан қиын сүре я аяттар кезігеді. Тіпті бір күнде ештеңе жаттай алмайтын кездер де болады. Міне, осындай кезде миды тынықтырып, Алладан жәрдем сұрап, Құранға қайта отырыңыз
.

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

21 Oct, 02:47


"Құран күллі ілімді қамтыған"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

20 Oct, 09:14


Ән'ам, 153
Құран оқушы - Ыхлас Салих

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

20 Oct, 09:12


Құранмен өмір сүру және оны терең түсініп оқып-үйрену – екі дүниенің де шынайы рақаты. Мұны тек сол рақатты сезінгендер ғана түсіне алады! Біздің уақытымыз шектеулі, күндеріміз бізді белгіленген күнге қарай асықтыруда. Сондықтан Құранды өзіңе серік, жұбаныш және осы жолдың басшысы ет! Өмірдегі ең құнды нәрсе – Құранмен бірге болу. Өміріңнің қадірін біл.

📖 “Халал сиқыр” кітабынан

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

19 Oct, 03:17


"Құранмен әсерленгендерден гөрі Құранмен тәрбиеленгендерден бол!"

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Oct, 06:41


Алла Елшісінің (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде: «Кімде-кім «Кәһф» сүресінің аятын оқитын немесе жаттап алатын болса, Дәжжәлдан қорғалынады», – делінген. Әбу Дәрда (р.а) жеткізген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде былай баяндалған: «Егер кімде-кім «Кәһф» сүресінің алғашқы 10 аятын жаттап алса, Дәжжәлдан қорғалынады». Ал, Муслимнің жеткізген басқа риуаятында соңғы 10 аяты жайлы айтылған. Барлығын Алла білуші!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Oct, 06:09


"Кәхф" сүресін тек оқумен шектелмеңіз! Тәпсір сабақтарын қарасақ, біз үшін тың мәліметтер, ғибрат алар сабақтар тым көп.

Тек оқумен шектелмей, амалымызды да тірілтейік!

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Oct, 05:37


"Кәхф" сүресі жайлы

FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹

18 Oct, 05:37


"Кәхф" сүресін әр жұма сайын оқуды ұмытпа!"