YELNAZNOOR🤍 @yelnaznoor Channel on Telegram

YELNAZNOOR🤍

@yelnaznoor


@yelnaz_noor

YELNAZNOOR🤍 (English)

Are you tired of scrolling through your social media feeds and not finding content that truly speaks to your soul? Look no further, because @yelnaz_noor is here to bring you a daily dose of inspiration, positivity, and self-discovery. Who is @yelnaz_noor, you ask? Well, this Telegram channel is curated by a team of experienced life coaches, motivational speakers, and spiritual gurus who are dedicated to helping you navigate through life's ups and downs with grace and resilience. What is @yelnaz_noor all about? It's a safe space where you can explore topics such as mindfulness, manifestation, gratitude, and personal growth. So, if you're ready to embark on a journey of self-discovery and empowerment, join @yelnaz_noor today. Let the magic of positivity and self-love transform your life from the inside out. Remember, you are capable of achieving greatness and living a life filled with love and abundance. Embrace the light within you and let @yelnaz_noor be your guiding star on this beautiful journey.

YELNAZNOOR🤍

17 Nov, 16:28


Жақында мына каналды өшіремін

YELNAZNOOR🤍

17 Nov, 16:28


https://t.me/+2-vA5WIw6rpkMTUy

YELNAZNOOR🤍

17 Nov, 07:37


Ата-анамыз, жақындарымыз, достарымыз және барша мұсылмандар үшін мына нәрселерді Алладан дұға жасап, сұрау маңызды екен…⬇️

Ертең қабірге кіргізілгенде екі періште келіп бізге сұрақ қоятынын білесіздер ғой. Сол кезде міндетті түрде Пайғамбарымыз(саллаллаху алейхи уа саллям) жайлы мынадай сұрақ болады.

“Сендерге жіберілген ер кісі жайлы не айтасың?”

Бұл жерде Пайғамбарың кім дегенде, жәй ғана Мұхаммед деп айтып, құтылып кете алмаймыз. Бізге ол жайлы не айтасың деп сұрақ қояды. Сол кезде Пайғамбарымызды(саллаллаху алейхи уа саллям) танымайтын, сираны оқымайтын, оны жақсы көрмейтін адам не айтады? Ештеңе айта алмай қалады. Бірнәрселер естіп едік деп…

Сол үшін өзіміз үшін және жақындарымыз үшін Алладан үнемі сұрайықшы бізге Пайғамбарымызды(саллаллаху алейхи уа саллям) лайықты түрде танып, жақсы көруді нәсіп етуін.


Одан кейін тағы да сұрау керек мына нәрсе бар.⬇️

Сираны оқығанда кез келген адам Пайғамбарымыздың(саллаллаху алейхи уа саллям)бойындағы көркем қасиеттерді бойына сіңіре бермейді. Алла белгілі бір топтағы адамдарға нәсіп етеді. Олар жайлы Құранда айтылған кімдер екені. Ол кісілер:

1) Раббысымен жолығатын сәтті үміт ететін кісілер

2) Сот күніне сенетіндер

3) Алланы көп еске алатындар. Көп зікір ететіндер. Отырса да, тұрса да, жатса да…


Біз Алладан өзіміз әрі жақындарымыз үшін осы топтағы адамдардан болуды сұрауға өте мұқтажбыз. Жақындарыңыз да дұғаларыңызға мұқтаж.
Дүниелелік заттарды сұрап, шектелмей, ең маңызды деген ахыретімізді, ол жақтағы күйіміздің дұрыс болуын сұрайық.

YELNAZNOOR🤍

17 Nov, 05:46


https://youtube.com/playlist?list=PLXNJxW7Y_9xBRCJMM89T3TuEwSXbrKSH3

YELNAZNOOR🤍

17 Nov, 04:22


🫶🏻❤️

100 рет зікір еткесін “+” қойып кетсеңіздер⬇️❤️🫶🏻Еш Рия емес, керісінше бір-бірімізге шабыт берейік жақсылықта жарысып, Оны еске алуға

YELNAZNOOR🤍

17 Nov, 02:22


https://youtu.be/hm6EVxmBn9M

YELNAZNOOR🤍

17 Nov, 02:09


Теңіз 🌊 🌊 🌊

«Десять заповедей» деген фильм бар. Пророк Моисеи немесе біздің тілмен Мұса пайғамбар туралы. Сол киноны бұрындаа көргем. Сюжеті күшті, ежелгі Египет, тарих болғасын қызыққам. Алдында осы фильмде көрсетілген эпизодтар құранда(18) айтылғанын, оған қоса оның интерпретациясы туралы білдім.

..Мұса пайғамбар перғауынның қорлығынан қиындық көрген Израиль ұрпақтарын азат қылмақ ниетпен жолға шығады. Рамзес перғауын құлдарын бостандыққа шығаруға келісім бергенімен, артынша сөзінен тайып қалың әскерін жібереді. Мұса бастаған топ қашып келе жатып, алдарынан шеті жоқ көк теңізді көреді. Бірге ілескен қалың тобыр біткен жеріміз осы деп ойлайды. Бірақ..уақи түсіп..Мұсаға айтылады “теңізге кір, ол ашылып құрлықтағы жолмен ары өтесіңдер” деп. Фильмде Моисеи таяғын тастағанда, су қақ жарылып ортасынан қара жол пайда болады. Адамдар содан өтіп аман қалады. Ал перғауын әскері суға батып өледі.

..осы жерде толық сену/сенім арту мысалын көруге болады. Сен сенесің, сосын теңіз ашылады. Теңіз ашылғанын көріп, сену емес. (Это как вечный диалог: -поверь, покажу. -покажи, поверю).

Яғни, бір істі толық сеніп, орындалады деп, ешбір күмән мен күдіксіз істеуге ниет етсең - әрекетіңнен берекет болады екен.

Осыны психологиядан оқыдық қой кезінде. Секрет деген кинода бар) визуализациЯ: представить, то что желаешь так, как будто оно уже есть.

Еврейлерде сондай. Идеяларының орындаларына нық сеніммен кіріседі. Сенеді, жасайды, сосын барып анализ басталады. А не сперва анализ, что да как бас қатырып емес. Кіл мықтылардың, тым масштабты жетістікке жеткендердің психологиясы, ішкі установкасынан осындай элементтерді байқадым.

Қызық..

PS фильм сюжеті мен азды-көпті оқығанымды, түсінгенімді араластырып жазып отырм.