Sakenkyzy @sayanyn_siyasy Channel on Telegram

Sakenkyzy

@sayanyn_siyasy


Ой жазбалар🖌

Sakenkyzy (Kazakh)

«Sakenkyzy» телеңгі штрихтер мен саздырыс туралы ақпараттарға жақын болуға тырысады. Бұл каналда сіз оңай жазбаларға талпынып, олардың шығармалары мен сабақтары жай мағыналар мен көркем тұрғындармен оқып, танымал емес дайындықтарды аладыңыз. «Sakenkyzy» каналының мақсаты өзенді шығармалар төмендегі кісілердің жігінді төмендейді. Олардың сұраулары мен назар алуларына қол жеткізуге көмектесу үшін осы платформада мүмкіндік беріледі. «Sakenkyzy» каналында барлық жасама жазбалары жаңа қатысушылар үшін кеңсе мүмкіндігін ашу үшін тапсырылған. Осы каналға қатысты көбі мартаушылар тұрақты насихаттарды және тапсырмаларды ала алады. «Sakenkyzy» каналында барлық жазбалар мен тапсырмалар үшін ең жақын жауап ұсынған, сіздерге ойжазы Дүниясы қазандыруға мүмкіндігін қамтынастыратын көмекші болуымыз. Осы мақсаттар құралған каналға қосылыңыз және сіздің қазақша тіліңізді дамытуға көмектесуді сұранымызға ие болыңыз!"

Sakenkyzy

22 Nov, 10:10


Білесіздер ме мұсылман адам қай кезде өзі байқамаған күйде сыналады? Күнә жасаған немесе кемшілікетегі бауырын көрген кезде. Бұдан мен жақсы екенмін ғой,бұл жасаған күнәні мен жасамаймын деп өзін жоғары бағалап қояды.Мүмкін біз жасаған күнәні ол бауырымыз жасамаған шығар. Асылында бағалаушы Алла ғой.

Ибн әл Қоийм р.һ: Тәкаппардың тәспісінің дыбысынан, күнәхардың жылаған дауысы жағымдырақ деген.

(Кез-келген жазба бірінші өзіме бағытталады)

Sakenkyzy

20 Nov, 18:19


👧🏻мама, біз енді 3 еуміз емеспіз, ойыншықтарым бар…
🧕🏻иә, біз 3 еуміз емеспіз, төртіншісі Алла.
👧🏻жоқ Алла бірінші, біз екінші, үшінші, төртіншіміз
🧕🏻жаным, ақылдым менің🥰

Sakenkyzy

14 Nov, 06:31


Таксиде кетіп бара жатырмын. Қарапайым 50 жастардағы ағай. Сөйлемесе де жақсы кісі екені байқалып тұрды. Әйелімен сөйлескенін естіп, ішкі ойым алдамапты дедім.

Телефонына әйелі қоңырау шалды, жұмсақ даусымен:
-алло, қайдасыз? мен баняға шығып барамын, үйге келіп бірдеңе жеп алсаңызшы, соны айтайыншы деген едім.
- иә бара бер, мен жолдамын.
-жақсы, Алла жар болсын.
- иә рахмет, дала суық жылы киініп аласың ғой, жаурап қаласын.
-аха иә, Алла жар болсын…
Көзімнен жас ыршып шықты🥹

Махаббат. Қамқорлық. Сыйластық.

Sakenkyzy

12 Nov, 13:17


👧🏻:мама, бақытты сатып ала алмайды иә?
🧕🏻: иә, солай
👧🏻: онда бақытқа қалай жетеміз?
🧕🏻: бізде намаз, құран болса, Алланың айтқанын тыңдасақ бақытты боламыз…

Мәрикоштан бұндай сұрақ күтпедім. Ақылы толысып келе жатқаны сұрағынан білінеді екен. Бұрын Алла қайда, қандай деп қоятын. Қәзір бақытқа қалай жетеміз деген сұрақтар қояды, қуанып қалдым🙂

Sakenkyzy

12 Nov, 06:36


Тірі балық ағысқа қарсы жүзеді, өлі балық ағыспен бірге ағады.

Sakenkyzy

08 Nov, 08:40


Мәриям теріс қарап киініп жатып: “өзіңді жақсы көр, өзіңе сен” деп күбірлеп жатыр.

Болашақ мотиватор өсіп келе жатыр😁

Sakenkyzy

07 Nov, 06:41


Бір-біріміздің жолды жүріп, аяқ киімізді киіп көрейікші. Менің жолым саған тар, аяқ киімім үлкен болуы мүмкін. Ал сенің аяқ киімің маған тар бірақ жолың кең болу мүмкін. Бірақ тар аяқ киіммен кең жолда жүрудің қандай рахаты бар???

Бір-біріміздің жан дүниемізге енсек жүректеріміз де шыдамас. Кетуге асығармыз…Адамның жан дүниесі қапталған. Оны танысаң да, сезіне алмайсың. Мүмкін жартылай. Сен оны түсіну үшін сол жолмен жүріп көрген болу керексің немесе оны қатты жақсы көрген болу керексің. Түсіну мен сезіну екі бөлек. Сезінген адам ғана түсінеді…

Sakenkyzy

03 Nov, 15:10


Қараңғы мен жарықты бір жерге жинай алмағандай, дүние мен ақыретті бір жерге жинай алмайсың.

Ризабек ұстаз дәрісі.

📒Олжекемнің қойын дәптерінен.

Sakenkyzy

30 Oct, 10:14


Жақсы сөз, насихат айту тыңдаушыға да айтушыға да үлкен пайда. Мысалы Олжекемнің тг каналындағы бір жазбасы ерекше есімде. Жазғаны: “бір жақсы іс жасарда оны кіші көрме, қайдан білесің сол амал сені тозақтан құтқарып, жәннатқа кіргізер” деген. Кіші көріп тұрған амал көргенімде осы сөз еске түсіп үлкен шабыт береді.

Біз білмейміз, жақындарымыздың есінде қандай сөздерімізбен есте қалатынмыз…

Sakenkyzy

28 Oct, 19:53


Дінге қызмет тек шариғат ілімін оқумен жүзеге аспайды. Бірақ адамдар шариғат ілімін тоқтаусыз үйреніп жүрулері үшін басқа саладағы кісілер оларға көмек қолын созулары қажет.

Ең кемі өз отбасыңыздан бастаңыз. Екі ұлыңыз болса, біреуі шариғат оқып, ал екіншісі басқа бір салады үлкен жетістікке жетіп, шариғат оқып жүрген бауырын қаржылай қамтамасыз етсін. Сол кезде екеуі де дін жолында жүрген болып саналады иншаа Алла. Және кәсіпте жүрген бауыры, шариғат ілімін оқып жүрген бауырының себебімен ризығына береке кіреді. Оған нақты дәлел бар хадисте.

Жалпы қызметтің түрі көп, әркім өз саласымен қоғамда діннің дамуына өз үлесін қоса алады.

Манчестер Сити, ПСЖ секілді атақты футбол клубтарының президенттері арабтың байлары. Солар Ислам дінінің дағуатына бір кішігірім бөлігін болсын арнағанда, бәлкім әлемнің барлық түкпіріне дейін Исламды насихаттай алар ма едік… Көп нәрсе қаржыға келіп тіреледі ғой.

Дінсіздік пен арсыздыққа миллион емес, миллиардтаған, трилиондаған доллорлар жұмсалып жатыр. Нәтижесінде барлығымыз ұрпағымыз үшін қорқып, сол арсыздық пен жамандыққа еріп кетпейді ме екен деп уайымдап жүрміз. Қашан мұсылмандар дәл сондай қаражатты жұмсап бастайды, сол кезде ғана көптеген жамандыққа төтеп бере алатын шығармыз.

Алла бұл дінді бізсіз-ақ сақтайды. Бірақ біз оған ат салысамыз ба? Маңыздысы осы.

Sakenkyzy

28 Oct, 19:47


Күнәнің жазаларынан:

“Алланың саған хайырлы іс жасауға тауфиқ(көмек) бермеуі.
Түнде ұйықтамай, пайдасыз өткізу. Ұйықтар алдын күнә жасау. Сосын таңға тұрмай, күн шыққан соң бір-ақ тұрып, сол күнін көңілсіз өткізуі”.


Нақыл сөз.

Sakenkyzy

28 Oct, 19:43


Айт күні әдеттегідей отбасымды қыдыруға алып шықтым. Балаларымның ойнап, күліп жүргеніне қарап мәз болып отырмын. Есею деген осы шығар деген ой келді…

Sakenkyzy

28 Oct, 19:31


31 қаңтар, 2023 жыл

Таң намазы демекші, егер таңға бірінші күйеуім тұрса ол мені оятады. Мен тұрсам мен оятамын. Екеуміз келісіп алғанымыз бар. Мысалы мен күйеуіме: мені таңға оятарда тозақ оты жайлы айтып оятыңыз дегенмін. Өйткені тәтті ұйқымды кәдімгідей ашады. Ал ол кісі таңға оятар болсаң “әлхәмдулилләһиләзии ахйәна бәьда мә әмәтәнә уә иләһин нушуур” деген дұғаны есіме сал деп айтқан. Өйткені осы дұғаны айтқанда шайтанның бірінші түйіні шешіледі екен. Бірақ осылай күнде айтпаймыз. “Кәз тұрам, сосын, сосын..” деген сәттерде ғана)) Ал дұға ұйқыдан тұрғанда айтылады. Ол міндетті түрде.

Жалпы таңғы ұйқы тәтті болады. Ал күн суық болса тіптен)) Бірақ таң намазына тұрғаннан кейінгі сезім мүлдем бөлек. Бірде күйеуім таң намазға оятты. Уақыт әлі бар болғандықтан қәзір деп жата тұрдым. Содан күйеуім қызымды жіберіпті. Маған: мама, таң намаз оқисыз ба? деді. Иә дедім. Бір кезде қайттан келіп: мама, тозақ оты ыстық па? деді. Күйеуім айтқызып жатқанын түсіндім де, орнымнан атып тұрдым. Адамның жаны тәтті ғой. Бірақ тек қорқынышпен емес, Аллаға, Оның Елшісіне (саллаллаху алейхи уа саллам)деген махаббаттан да тұрасың. Қорқыныш пен махаббат. Екеуі үйлескенде Аллаға бағынасың. Тек қорықсаң, Алла жайлы жақсы ойда болмайсың. Ал қорықпаймын, тек жақсы көремін десең ол жалған сөз. Өйткені Алладан қорыққан адам Оны жақсы көреді. Бақара сүресінде Алла тағала: “Менен ғана қорқыңдар” деп айтқан...

#Олжекем_жайлы_естелік💗

Sakenkyzy

28 Oct, 18:19


21 шілде 2022жыл.

Әкетайымыз сабақтан қолы босамай жүр. Таңнан кешке дейін басқа ауданда сабағы болса, кештен түнге дейін басқа жерде сабақ. Балаларға толыққанды көңіл бөле алмай жүр. Содан әкетай Мәриямға: “Мәриям, сен бүгін не істедің?”деген еді, ол: “мен сені сағындым” депті. Өзім іштей: ілім жолында ғой барлығы деп қоямын. Дұрыс емес жолда жүріп қолы босамаса әрине аянышыты, бірақ ең мақтаулы амал ілім жолында болған соң қуанасың, шүкір етесің...

#Олжекем_жайлы_естелік💗

Sakenkyzy

26 Oct, 17:22


Соңғы уақытта оқыған ең даналы сөздің бірі:

«Адам қанша уақыт қайғыратынын өзі шешеді».

Әрі қарай қайғыра беремін десе де, дәл қазір қайғыруды тоқтатамын десе де шешімі өзінің қолында.

Sakenkyzy

25 Oct, 19:44


Стамбулдағы кезіміз еді. Мен екі баламен сыртқа шығып Олжекеңді күтіп тұрғанбыз. Олжеке оқудан келе жатты алыстан қуанып. Жақындап балдарды құшақтап: алыстан келе жатқанда үшеуіңді қатты жақсы көріп кеттім ғой деп күлімдеген еді. Сол кезде ерекше қуанған едім🥹

Sakenkyzy

25 Oct, 19:25


Мәриям әкетайын сағынып есіне алып жылап тұрады. Бүгін сондай түн болды. Әкетайды ойламайын десем де ойлап кете беремін. Басымды алып, ішінен миымды ап тастағым келеді дейді. Осы сөзі ауыр тиді💔

Бүгін әкетайға 3 дұға жасадым дейді: Жәннатта болсын, ауырмасын, ғалым болсын…(жәннаттың төрі нәсіп болып, ғалымдармен тірілсін🤲🏻)

Әкетайымен болған әр сәті есінде. Мәриям үшін тек жылы қарым-қатынас, махаббат, мейірімге толы естеліктер қалдырды…Әкетайының Мәриямға қайтыс болардан 2 күн бұрын айтқан соңғы сөзі: Мәрикош…деп әлсін шыққан даусы еді…бірдеңе деуге шамасы болмады, не болса да ішінде болды😢

Sakenkyzy

25 Oct, 18:15


Күнә қай кезде құлшылықтан артық?

Имам Әбу Хазим (рахимаһулла) былай дейді:

«Адамға кейде жасаған жақсылығы зиян беріп, жасаған күнәсі керісінше оған пайда беруі мүмкін. Егер адам сауап амал жасаған кезде, іштей тәкәппарлығы артып, сол жақсылық жасағаны себепті өзін басқалардан жоғары көре бастаса, оның жақсылығын Алла бір сәтте- ақ жоқ қылуы мүмкін. Дәл сол секілді бір адам күнә жасап, артынша оған қатты өкініп, өзін құдды бір дүниедегі ең сорлы адам секілді сезінсе, бәлкім, Алла оған үлкен жақсылыққа жол ашар».

📖”Әбу Хазим р.һ өсиеттері”

Sakenkyzy

25 Oct, 01:15


Әбу Хазим өзінің бір сөзінде:
«Өткен дүние – құдды бір түс секілді. Ал қалған ғұмырымыз – үмітке толы. Кімде-кім мына дүниені шынайы таныса, оның рахаттарына қуанып, оның сынақтарына мұңаймас еді» дейді. Өткен дүние құдды бір түс секілді дегені – оған көп шоғырлануға болмайды. Өткеннен тек сабақ алып, өзіңді жақсы жаққа бұр дегені. Алайда сол бір өткеніңді ойлай беріп, болашағыңды да өткеніңмен өткізіп алма.

📖 “Әбу Хазим р.һ өсиеттері”

Sakenkyzy

22 Oct, 19:23


Түн сезімдерден, таң тіршіліктен тұрады…егер керсінше болғанда, адам күндіз тіршілік жасай алмай, түнде ұйықтай алмайтын еді…