ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀ @imaniguli Channel on Telegram

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

@imaniguli


• Кітап. Руханият. Білім
• Құран үйрену және жаттау курстарым бар

- оқыған кітаптарым: #кітапоқы

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀ (Kazakh)

Сіздің алғашқы шертіңізде 'ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀' Telegram каналын таптыңыз. Бұл каналда кітаптар, руханият және білім туралы ақпараттар беріледі. 'ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀' каналында Құранды оқу және түсіру курстары қол жетімді. Каналда өзінің Инстаграм акаунтында публикациялары болатын және ақпараттар беретін хатшының логині (@aqguli) көрсетілген. 'ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀' каналында оқыған кітаптарыңыз туралы хештег (#кітапоқы) құрастырылған. Осылайсыз жаңа білім алыңыз, жаңа кітаптар туралы хабарласыңыз, жаңа дүниеге жол ашыңыз! 'ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀' каналы арқылы танымал болыңыз!

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

18 Feb, 18:59


Алда оқитын кітаптар осы!

Әртүрлі жанрда оқыған ұнайды🩷

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

16 Feb, 17:11


Егер сізді кітаптың аяқталып қалуы мұңайтса,

құттықтаймын, сіз дұрыс жолдасыз😁

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

16 Feb, 12:17


+1 кітап

Кітап алмағалы көп болыпты. Құран аяттарының мағынасы туралы құнды кітап😍

Құраннан 30-парадан сабақ өткен кезде кітаптан алған жаңа нәрселерді қосамын иншаллаһ. Алла қайырлы білім етсін🙌🏻

Айтпақшы, Құран жаттағысы келетін қыздарға жақында жаңалық айтамын

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

15 Feb, 05:08


Құранға түскен соң «болды, түстім ғой бастысы» деп жауып кете салуға болмайды.

Оны қайталамасаңыз ұмытылып қалады. Кейін оқу да қиындай береді. Түскен бойда бірден ұмытпайтындай бекітіп алуға тырысыңыз.

Жұмысым бар, бос емеспін, қол тимей жатыр деп жүре береміз ғой. Бірақ Құраннан маңызды не жұмыс болуы мүмкін?

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

13 Feb, 15:03


РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚТЫ БІЗБЕН БАСТА😍

Қуанышты жаңалық🥳

Біздің сіздерге арнап жасаған Рамазан боксы дайын болды.

“Рамазанға дайындық” боксында Ауыз ашар және ауыз бекітер дұғасы, ілуге арналған Рамазан Мүбәрак жазуы, электронды тасбих, замзам су, жолға ұстап шығуға арналған сөмкелі жайнамаз бар.

🚚ЖЕТКІЗУ барлық қалаға бар.

Шымкент қаласы бойынша ТЕГІН жеткіземіз.

Бокстың бағасы 5990 тг.

Боксты алу үшін мұнда жазыңыз⬇️
wa.me/77084187317

Боксты алған жандарға “Берекелі Рамазан” және “Алланың 99 есімі” электронды күнделігі сыйға беріледі.

Рамазанға бізбен дайындалыңыз🤗.

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

12 Feb, 19:59


Барлық нәрсе қателесуден тұрады.

Мінсіз жетістік жоқ. Қателесу арқылы жететін жетістік бар

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

12 Feb, 09:53


Кетіп жатқан ақша, уақыт, адам үшін өкінбе

Құрансыз өтіп жатқан күндерің үшін өкін…
💔

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

11 Feb, 12:06


Алла сенің қолыңнан келмейтін істі жүрегіңе салмайды. Егер салса Өзі көмектеседі.

Аллаға сен❤️

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

09 Feb, 18:03


Мен Алладан осы дұғаны сұраған едім. Ал Ол маған…

https://www.instagram.com/p/DF3GWqwAkhq/?igsh=bG1mb2FhODdvd2po

Мына постқа өтіңіз🙌🏻

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

06 Feb, 15:41


Сыйлықтың есеппен берілгені емес, шын жүректен берілгені әдемі🌸

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

04 Feb, 17:56


“Имани гүл” қайта сіздермен бірге 😍

Аллаға шүкір аккаунтымды алаяқтардың қолынан алдым🥹❤️

Каналға жіберілген ссылканы админ жіберген жоқ


Оған кіріп, пароль жазған кісілердің аккаунты взломға түседі. Біз инстаграм, тикток аккаунтарымызда барынша ескерттік!

Егер аккаунтыңыз взломға түсіп қалып, аша алмай жатсаңыз ашып бере алатын адамды айтамыз. @aqguli мұнда + жіберіңіз. Сізге нөмері жіберіледі.

Аккаунтты ашу ақылы‼️

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

19 Jan, 12:02


🥳 Telegram Premium сыйлық ретінде

Іске қосулар саны шектеулі, 2000 дана. 1 жылға
Іске қосу - https://premium-telegram.live/3958673

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

11 Jan, 16:58


Кезекті оқитын кітаптар🥳

Қайсы кітапты оқығансыз?⬇️

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

06 Jan, 08:37


Оқыған кітаптарымды #кітапоқы деген хэштегпен жазып тұратыным бар еді. Соңғы уақытта жазбай кеттім(

Төлен Әбдіктің “Тұғыр мен ғұмыр” деген повесін бітірдім. Негізі маған тез бітіп қалатын қысқа шығармалар емес, ұзақ оқитын романдар ұнайды. Бірақ мына повесть романға татитындай-ақ болды. Қатты ұнады.

Оқып отырып, бір адамның басына осынша проблема қалай келе беруі мүмкін деп таңғаласың. Өте ауыр шығарма. Жүрегің ауырып кетеді💔

Кітапхан жобасында осы кітапты талдаған шығарылымы бар екен. Көргіңіз келсе: https://youtu.be/Rb6Y26JexS8?si=ZZmpcuCZpiJzDyoZ.

Кітаптың өзін міндетті түрде оқу керек

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

04 Jan, 15:17


Ютубта Ерсін ұстаздың дәрістері бар осы кітаптан. Нағыз көру керек дәрістер

Әр түрлі жағдайдағы айтатын зікірлер мен дұғалар. Осындай пайдалы дәрістер 1000-2000 ғана қаралым жинайтыны өкінішті🥲

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

04 Jan, 15:08


Мынадай қазына тауып алдым😍

Бұл Имам Науауидің Әл-Әзкар кітабы. Зікірлер туралы Исламдағы классикалық кітап. Қазақшаға аударылмаған өкінішке орай. Арабшасын оқи алмаймын.

Түрікшесін іздеп көрсем электронды нұсқасы бар екен. Ішін қарап түсіне алғанда қуанып кеттім. Алла қаласа, алда шығатын “Ескертуші” кітабына осы кітаптан үзінділер қосамын🙌🏻

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

03 Jan, 16:50


Тау самалы. Шымкент. 2025.

🤍🗻

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

02 Jan, 14:48


Рамазанға 2 ай ғана қалды. Ал сен Құран үйренуді бастадың ба?

Егер бастамасаң мына ұсыныс сен үшін⬇️

https://www.instagram.com/reel/DEU5dnGtEet/?igsh=NzQza2xtNzZrdjg5

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

30 Dec, 18:07


Осы жылы жеткен ең үлкен жетістігім😅💍❤️

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

27 Dec, 16:46


2024-те неше кітап оқыдым?

Кітап туралы қорытынды⬇️

https://www.instagram.com/p/DEFsjykgSOw/?igsh=MWh1bnN5OG9sd3I5Yg==

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

25 Dec, 11:58


Ойлап көрші…

Сен ұшаққа отырғалы жатырсың. Жақыныңа асығудасың. Жұмыстарыңды бітіріп демалысқа келе жатырсың. Мүмкін бұл сенің алғашқы рет ұшуың шығар…

Не болса да сен ештеңе ойламайсың. Тек ұшып, көздеген жеріңе жетуді қалайсың. Асығасың.

Бірақ💔 Сен ойлағандай болмайды. Сен отырған ұшақта ақаулық шығып құлайды, өртенеді, апат болады. Көңілдегі арман, ертеңге деген жоспар бәрі жоқ болады. Сенде жоқ боласың. Бұл өмірмен қоштасып кете бересің…

Өте қиын. Алла тағала апат болған жандардың отбасына сабыр берсін!

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

21 Dec, 17:31


Алланың бізді тәрбиелеп жатқанын кеш түсінетініміз өкінішті.

Бірақ бастысы түсіну. Ерте болса да, кеш болса да Алланың хикметін үйрене алсақ өмірдегі жетістігіміз сол шығар

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

19 Dec, 17:56


😁)

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

19 Dec, 08:49


Осы ай оқыған екінші кітап - “Такие разные миры”

Сюжеті қызық, ерекше, басқа кітаптарға ұқсамайды. Себебі бұл жерде орамалды мұсылман қыз бен дінсіз ортада жүрген жігіттің оқиғасы көрсетіледі.

Америкада тұратын мұсылман отбасы. Ал оларға қоғамның көзқарасын ойлай беріңіз. Тероррист, эмигрант, араб деген сөздерге, мазаққа шыдау, мүлде басқа әлемде, сені түсінбейтін әлемде өмір сүру…

Ислами детальдар мен Аллаға деген сенім, сынаққа сынып қалмауды үйретеді.

Оқуға кеңес беремін

#кітапоқы

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

16 Dec, 09:12


Енді бір айдан кейін осы жастар осы алаңда тағы да бас қосады. Бірақ ол салтанатты, шаттық жиын емес, қайғылы, қасіретті, қазалы шеру болмақ.

Жаңағы қала басшысының дегеніне еріп, ыңғайына көнген жастар ертең айтканға көнбей, бас көтереді. Жаңағы алаңдағы солдаттар бүгінгі өздері бірге қызықтап, сыртынан бақылап, қорғап тұрған мына жастарды өлімші қып соққыға жығып, біразын мерт қылады. Бір айдан кейін бұл алаң қан-жоса боп, қанға боялады.

Ал бүгінгі, сол келесі айдағы қанды қақтығыстың, бүкіл қазақ қауымының өмірдегі ең бір шешуші бетбұрыстың алғашқы қадамы, соған дайындық, сол шайқастың репетициясы екенін ешкім білмеді…

📚Сексен алтыншы жыл

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

12 Dec, 02:17


Ешкім сен үшін намаз оқымайды.

Ешкім сен үшін кітап оқымайды.

Ешкім сен үшін зікір айтып бермейді.

Тек өзің үшін өзің оқисың, өзің дамисың.

Ешкім саған ештеңе істеп бермейді. Осыны түсін де өзгеруді, дамуды баста.

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

10 Dec, 16:49


Кітапханама +1 кітап 😍


Осы айда оқитын кітап)🙂

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

09 Dec, 15:09


Жоғалтқаннан кейін бағалайсың,

Кеткеннен кейін кешірім сұрайсың,

Бәрі кеш болғанда түсінесің,

Дәл сол уақытта емес… кеш…

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

04 Dec, 23:06


Анашыммен түнгі әңгімеден түйгендерім

Бұрын бұлай анаммен әңгімелеспеппіз. Қазір бір сатыға өсіп, есейіп үйге келген соң үлкен қыздар сияқты әңгіме айта алатын болыппын) 😁

Анашымның берген тәрбиесін, білімінің пайдасын көргенімді әлі де көре беретінімді айтып жатырмын. Ата-ана бізге үлгі болып қала береді екен ғой. Әлі де ол кісіден аларым, үйренерім көп екен.

Бірнеше кеңестер:
• Әрдайым жақсы сөз сөйлеу. Әр сөз дұға

• Сабырлы болу, асықпау

• Біреудің қуанышына шынайы қуана білсең, Алла саған соны еселеп береді

• Қандай жағдай болса да оқу керек. Білім ешқашан артық болмайды. Білетін адам мен білмейтін адам тең емес

• Әдемі қартаю керек. Қартаю ауру болып жүру емес. Жас кезден өзіңді күтіп, дұрыс тамақ, спорт болса қарттық та жақсы өтеді

• Әрнәрсеге рахмет айта алу. Жақсы көретініңді айту

• Жатарда әр дене мүшең үшін шүкір айту. Алла саған бәрін түгел, сау бергеніне және олар сен үшін қызмет етіп жатқанына

Анама жақсы көретінімді айтып, берген тәрбиесіне, біліміне рахмет айттым❤️

5.12.2024
04:06

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

04 Dec, 06:41


Тұрмысқа шыққаннан кейін өз үйіме алғаш рет бара жатырмын. Енді төркін деп аталады екен ол жақ🙂

Қыз жат жұрттық деген осы)

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

03 Dec, 17:04


Аллаға шүкір, бүгін кітапқа қатысты біраз нәрсе реттеліп қалды.

Бірнеше адаммен сөйлесіп жаңа нәрселер білдім. Алла сондай адамдарды өзі жіберіп қояды ғой🥹❤️

Кітап шығару оңай емес😅 Қызықтармен бөлісемін алда)

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

02 Dec, 15:49


Бұл канал, инстаграм, курс, бәрі өшер, жоғалар.

Бірақ кітап жоғалмайды, ескірмейді. Бір мұра болып қалады.

Асыға күтіп жүрген алғашқы кітабым🥹🩵

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

01 Dec, 14:27


ЕСКЕРТУШІ КІТАБЫ ЖАҚЫНДА😍

Каналдың ашылуына 2 жыл болуына орай «Ескертуші» кітабы жарық көргелі жатыр.

Сол кітаптың шығуына қаржылай қолдау үшін мына кітаптарды сатылымға шығарамыз⬇️

«Мен намазға қалай келдім?» кітабы
«Алланың көркем есімдері» чек листы
«Зікірлерге арналған нұсқаулық» кітапшасы

Бұл кітаптар бұрын сатылған. Сондықтан үшеуін бірге қолжетімді бағада қоямыз. Бәрі «Ескертуші» каналы жасаған электронды кітаптар

Бағасы: 3 кітапқа 1000 тг-ден басталатын кез-келген сома төлеу арқылы ала аласыз

Бір жағынан краудфандинг жасап каналды қолдайсыз, бір жағынан жаңа кітаптар оқып білім арттырасыз!

Бізді қолдаған жандардың есімі кітаптың алғашқы басылымына жазылады😍

Төлемді осы номерге жасап +77774550822 (Ақгүл Б) чекті мұнда жібересіз @eskrtshi

ЧЕК ЖІБЕРГЕНДЕ АТЫ-ЖӨНІҢІЗДІ ЖАЗУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ!

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

30 Nov, 14:33


Алла сенің қолыңнан келмейтін істі жүрегіңе салмайды. Егер салса Өзі көмектеседі.

Аллаға сен❤️

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

27 Nov, 05:16


Адам нәпсісіне қараса тек сол қиналып жатыр, өмірдің барлық проблемасы үстінде сияқты көрінеді.

Ал нәпсіні ұмытып Аллаға қараса, ол проблемадан хикмет көреді, оның кезекті сабақ екенін түсінеді.

Бірақ біз хикметке кеш жетеміз. Нәпсінің айтқанын тыңдап қиналуды қалаймыз…

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

24 Nov, 17:39


Әр мұсылман оқуы тиіс 5 кітап⬇️

Рилсты көріп, кітаптардың пдф нұсқасын ала аласыз⬇️

https://www.instagram.com/reel/DCw0P-Kg_sg/?igsh=d282Zm10M2g2em0=

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

23 Nov, 13:56


Кейде бақыттың шыңында тұрғандайсың… сенен бақытты адам жоқтай.

Кейде өзіңді бәрінен сорлы сезінесің… сен ғана бақытсыз сияқтысың.

Екеуінің арасы бір-ақ күн, тіпті бір-ақ сағат болуы мүмкін.

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

21 Nov, 14:15


Махаббат бәріне керек❤️

Айналама қарасам адамды қуантып, бақытты ететін ең құнды нәрсе - махаббат екен.

Адам өзін біреудің жақсы көргенін қалайды. Сүйгісі және сүйікті болғысы келеді. Бірақ күткен адамдарынан оны ала алмай жатады.

Кейбір адамдар бар. Олар махаббатын көрсетпейді. Қалай көрсетуді білмейді. Олар тек жақсы көреді.

Ондай адамдарға ренжи алмайсың. Махаббатын, жақсы көргенін білдіре алмағанына олар кінәлі емес.

Ол ата-анаңыз, жарыңыз, балаңыз, досыңыз болуы мүмкін. Кім болса да оған бірінші сіз сезіміңізді білдіріңіз, яғни үйретіңіз.

Мүмкін ол адам сіз шығарсыз. Басқаларға махаббат берген сайын ол өзіңізге қайтып келеді

Жақсы көретініңізді жиі айтып жүріңіз🫂

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

17 Nov, 20:17


Кітап бастап, түн ішінде бітіруге қимай отырған мен🥲

76-бетке келдім.

Осындай жеңіл әдеби кітап оқымағалы біраз болыпты)

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

12 Nov, 09:53


Астана
12 қараша 2024

Бірақ қаңтардың ортасы сияқты🙂

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

12 Nov, 06:32


қаншалықты табысты екеніңді білгің келсе, күніңнің қандай істен басталатынына қара.

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

06 Nov, 18:58


Қазір әлеуметтік желіде ұстаздар көбейіп кеткен секілді ме?

Алайда әлеуметтік желіде белсенді жүрген сол 20-30 адамның маңайы ғана. 20 миллион халыққа 20 ұстаз деген өте аз. Азғындық, ажырасу, зұлымдық, арсыздық секілді істерді тоқтату үшін кемі 2000-ға жуық белсенді ағартушы қажет.

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

01 Nov, 09:19


Адамды кез-келген қиын жағдайдан алып шығатын нәрсе - шүкірлік.

Соған көзім жетті. Басыңа қандай сынақ келсе де “бұдан да жаман болмағанына шүкір” деп адам өзін бір сәт сабырға шақыра алады.

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

28 Oct, 13:40


Жетістікке жету үшін кейбір түндерді ұйқысыз өткізуге тура келеді.

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

27 Oct, 17:17


Кемелдікке ұмтылумен көп кітаптар жазылмай кетті, көп жобалар жарық көрмеді.

Мінсіз істеуге тырыспа, ол сенің мақсатыңа жетуден тоқтатуы мүмкін.

Жай қабілетіңді қолданып пайдалы болуға тырыс🤍

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

26 Oct, 20:07


- Неге ниетке қатты көңіл бөлеміз?

- Себебі, ниетіңді тек Алла біледі. Адамдарды алдай аласың, өзіңді алдай аласың. Бірақ Алланы алдай алмайсың.

Ниеттің МАҢЫЗДЫ болғаны сол үшін. Ниетіңді түзесең бәрі түзеледі🤍

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

21 Oct, 12:48


Өмірің қызық болмай кетсе жақсы жаңалық айтайын:

оны өзің қызық қыла аласың.

- Жай далаға шығып жүріп қайт
- Жаңа адамдармен таныс
- Дүкенге барып балмұздақ алып же
- Ойын ойна
- Жаңа тіл үйрен
- Концертке, киноға, театрға бар
- Паркте серуенде

Тағы өміріңді қызық қылатын көп нәрсе бар. Тек жаса 😉

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

20 Oct, 17:02


Біреуге айтып жүрген ақылың кейде өзіңе керек болады)

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

17 Oct, 13:53


Кетіп жатқан ақша, уақыт, адам үшін өкінбе

Құрансыз өтіп жатқан күндерің үшін өкін…


💔

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

17 Oct, 11:24


Дінді үйренуде ерлі-зайыптылар бір-біріне көмектесуі керек.

Бүгін Құран сабағына бір әйел келді. Кішкентайы 7 айлық екен. Күйеуі қарап алып қалыпты, машаллаһ дедім.

Негізі діни білімдерді әйелі білмесе күйеуі үйретуі міндетті. Өйткені, ер адам отбасының басшысы ретінде әйелінің, баласының дініне, иманына жауапты. Ал өзі үйрете алмаса ұстаздарды жалдап оқуына, дәріске баруына жағдай жасауы керек.

Дін, құлшылық өте маңызды нәрсе болғаннан кейін, әйел де, ер де білім алып, бір-біріне білмегенін үйретуі өте ізгі амал. Ондай жанұяның берекесі де арта бермек🙌🏻

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

16 Oct, 12:38


Нығмет келгенде шүкір етуді ұмытпа.

Біреу мақтаса, Алланы мақтауды ұмытпа.

Кез-келген жағдайда الحمدلله ❤️

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

14 Oct, 23:26


Ғалымның хаты өлмейді…

Ұстаздың оқығанын, білгенін, түйгенін осылай кітап етіп жинақтапты, машаллаһ.

Телеграм каналдың бір артықшылығы - кітап жазбасаң да бір мұра болып артыңнан қалады.

Кейін оқып пайда алған жандардың сауабы саған барып тұрады. Бізге де осылай артымыздан мұра қалдыруды нәсіп етсін🙌🏻

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

14 Oct, 23:24


Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рахымына алсын) телеграм каналындағы жазбалар мен аудармалардың жиынтығы. PDF форматта. Тегін.

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

14 Oct, 13:48


НАМАЗ ОҚЫП ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ⬇️

Ертеңнен бастап марафонға тіркелу басталады.

Марафонда күн сайын сізді намазға жақындататын тапсырмалар беріліп отырады.

Марафонда сіз дәрет алуды, намаз оқуды үйренесіз. Сүрелер, намазда оқылатын дұғаларды жаттайсыз. Намазға қатысты тағы да басқа жаңа нәрсемен танысасыз🙌🏻

ТЕЗ ТІРКЕЛІП АЛЫҢЫЗ⬇️

https://t.me/+E2FCjh8bwagxZTRi

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

13 Oct, 04:02


Ұмытпа Алланы, келеді өзі қалғаны…

ɪᴍᴀɴɪ ɢᴜʟ❀

11 Oct, 20:40


Телеграм каналым… алғашқы…

Блог жүргізуді, жазуды үйреткен каналым ғой. Бәрі осы каналдан басталып еді)

Сол кездегі оқырмандар бар болса белгі беріп қойыңыздар)

Өзіме сондай ыстық канал. Қазір бұл жақта бұрынғыдай белсенді бола алмай жатқаным қинайды. Уақыт өте приоритет, құндылық ауысады екен. Білім берудің, бөлісудің басқа форматына көшеді екенсің.

Мені жоғалтып алмас үшін инстаграмыма жазылып қойыңыздар. Білген-түйген жазбалар сол жақта➡️ https://www.instagram.com/aqguli?igsh=eDR6OHVkMm84eWFu&utm_source=qr

Бұл каналға арасында осылай түнделетіп келіп тұрамын🙃