SADAQ @sadaq_zh Channel on Telegram

SADAQ

@sadaq_zh


Каналдан алынған материалды (мәтінді) өзге жерге жариялаған жағдайда сілтеме көрсетуді ескертеміз!

Ұсыныс жасау: https://t.me/Jauinbai
Арнаны қолдау: 87772151878
Инстаграм: https://www.instagram.com/_zhauynbai?igsh=aXZxYXgyMGE3aThp

SADAQ (Kazakh)

SADAQ телеграм каналы - бұл сізге жаңа және маңызды материалдармен таныстыруға арналған орын. Бұл каналдағы материалдарды қолданушылары талқылау, байланыс орнату және Ұсыныс жасау мүмкіндіктері бар. "sadaq_zh" пайдаланушы атының осы каналды ашуы арқылы, олар жаңа білім алу мүмкіндіктерін арттыру үшін барлық материалдарды жариялауға арнады. Канал арқылы сіз оқушылармен байланыста бола аласыз, оқудан алған білімдеріңізді бөлісе аласыз және өз білім мәртебесінізді жоғары тартып алуға бағытталасыз. Каналдың арнаны қолдау және жағдайының жөнінде толық білім алу үшін сілтемені бағалап көріңіз. Сізге қажетті барлық анықтамалар осы каналда табылады. Сіздің біліміңізді жоғары тарту жолында жүгіну үшін SADAQ каналына қосылыңыз!

SADAQ

13 Jan, 07:06


1931 жылы Телжан Шонанұлының «Орыстар үшін қазақша әліппе» еңбегі “Қазақстан” баспасынан 120 мың тиражбен шығады.

1981 жылы Мағауиннің «Аласапыран» романы 37 мың тираж, орыс тіліндегі «Смутное время» 1989 жылы 150 мың тираж, 1990 жылы Москвадан 100 мың тираж болып шыққан.
Тәуелсіздік алған жылға дейін бұл роман 357 мың тиражбен жарық көрген.

Бұл масқара рекорд қой)

Қазақ кітап оқуды қай кезде доғарды?

Бүгін біз 500 тиражбен шыққан кітапты да сата алмай, шығара да алмай әуреміз…

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

12 Jan, 13:48


Ресей,
Мәскеу,
Коммунарка,
Тұрар Рысқұлұлының бейіті.

P.S: естелік сурет

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

11 Jan, 17:20


Алаш арыстары алғаш «Жапония» деген мемлекеттің бар екенін айтып, олардың басқару жүйесін, идеологиясын әкелуге тырысты. Жапония екі супердержаваның ортасында тұрса да «жапондық рухтан» айырылмаған халық.
Ахмет, Әбубәкірдің баспасөзде Жапонияны үлгі етуі, тарихымен таныстыруы, Р.Мәрсектің Жапониямен байланыс орнатуға тырысуы, С.Сәдуақастың «Сәрсенбай» романындағы кейіпкерінің: «Біз Жапония сияқты болуымыз керек»,–деген сөзі бәрі «жапондық рухты» қазаққа сіңіруге тырысудағы бір деталь еді.

Бірақ,
Қазақстан Жапония бола алмады, бола алмайды.
Жапония да Қазақстанның күйіне түспес.

Тағы да бірағы бар,
Біздің бүгінгі межемізді, даму сатымызды өлшеу формасы Жапония емес, Өзбекстан болды.
Өзбек боксшылары, өзбек мәдениеті, салт-дәстүрі, футболшысы үлкен биіктерден көрініп, еуропаны мойындатып жатқаны рас.
Біздің ауылда жатқан, ауызы сасық қазақ «Өзбектерді қарашы…өзбек құрлы болмадық…» деп таңырқап, күйінуінің себебі–осы.

Жалпы өткен тарихынан үлгі алған елдің болашағы жарқын, ұлттық рухы биік болады.

Бірақ,
Тағы да бірағы бар.
Кішкентай халықтар ешқашан ҰЛЫ халық болуға талпынбайды. Тек жерінен айырылып, жойылып, жоғалып кетпеудің қамын ғана ойлайды.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

11 Jan, 12:32


Қызық,

Фейсбук кешелі бері Мұхтар Мағауин мен Мекемтас Мырзахметті жоқтап жатыр.

Ал, инстаграмда мамыражай тіршілік. Әркім өзінің ішкен-жегенін салып жатыр.

Тиктоктың әлемі мүлде бөлек. Ол жақтың дені – таза надандар.

Соған қарағанда жас буын (1993-2005)мәдени-қоғамдық, саяси мәселелерді зерделеуден, пікір білдіруден, зиялылардың ғұмырнамасын оқудан мақұрым секілді.

Қазіргі журналист, социологтар т.б зерттеушілер
“инстаграм мен тиктоктағы аудиторияның қоғамдық мәселелерге қатынасы: шешу жолы, ұсынастары”, “инстаграм мен тиктоктағы аудиторияның қоғамдық пікірі: статистика, даму тенденциясы” деген тақырыптарда зерттеу жүргізіп көрсе болады, жастардың надандығына кешіріммен қарап, жүйке жүйесі жетсе, зерттеуін толық аяқтайды 😀

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

11 Jan, 07:33


Екі күймек бір жанға әділет пе?

Абай


Екі күнде қос абыздан айырылу әділет пе?!

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

11 Jan, 06:46


Бүгін абайтанудың алыбы, әуезовтанушы ғалым, ірі ғалым, абыз ақсақал – Мекемтас Мырзахметұлы мәңгілік сапарына аттанды.

Тағы бір абызымыздан айырылдық.

Қазақ әдебиеті, қазақ ғылымы жетімсіреп қалды

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

10 Jan, 14:59


Мұхтар Мағауиннің мүрдесі Америкада жерленеді. Сондай-ақ ол Америкада жерленетін қазақтың тұңғыш жазушысы.

Енді Америкаға білім, ғылым іздеп барған әр жас жүрек ұлы жазушының құлпытасына соқпай, рухына Әл-фатиха оқымай кетпес.

Біздің де Америкаға жолымыз түсер, жазушының жеке мұрағатын ақтарып, басына құран оқып, туған жердің топырағын алып баратын күн туар

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

10 Jan, 12:42


Қазақтың бағзы тарихын тірілткен,
ҰЛЫ қазақ!
ҰЛЫ жазушы!

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

10 Jan, 05:28


“Мына Мен – айбынды Ғұн, ержүрек Түрік, кемеңгер Шыңғыс хан, Асқақ Алтын Орда, оған жалғас нұр шұғылалы Алаш әулеті – бар ғұмыры жарыққа ұмтылған арпалыс үстінде өткен Мұхтар Мағауин – көзім жұмылған мезетте, бұрнағы Алапат Бабаларым сияқты, өлмес, өшпес, Мәңгілік Аруаққа айналам! Иә!”

Мұхтар Мағауин
“Көлме-көл”
Толық шығармалар жинағы, 26-шы том.


https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

10 Jan, 05:04


Қазақтың қара нары, Қазақ халқының жоқтаушысы, алаш арыстарының ақтаушысы, ұлы жазушы – Мұхтар Мағауин дүние салды.

Иманды болсын!
Бір көрісу, тілдесі арман еді.
Өкінішті…

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

09 Jan, 16:18


Тіл болмаса, халық біріншіден, өзінің ұлттық бейнесін жоғалтады, екіншіден, мәдени құлдырауға ұшырайды.

Телжан Шонанұлы

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

09 Jan, 05:26


Біздің қоғам кәсіби маман мен белсенді адамды ажырата алмайды.

Белсенді адам – әр нәрсеге мұрынын бір тыққан, шала-шарпы білетін, академиялық білімі жоқ, қоғаммен тығыз байланыс орнатқан адам.
Бірақ бұлардың шеберлігі – сол саланың мықты маманы секілді сөйлей алуы.

Кәсіби маман–зерттеуші, өз саласын сүйетін, өз біліміне қанағаттанбайтын, публикадан, қате сөйлеп қалудан, қоғам проблемасынан алшақ жүретін, тыныштықты сүйетін адам. Оларды іздеп тауып қажет.

Қазақ қоғамы мәңгүртизмнің жаңа белесіне шықты.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

08 Jan, 05:15


SADAQ pinned «Пән аралық байланыс зерттеуді, ғылымның жаңа үрдісін, ЖИ бетбұрысын дамыту үшін, жас зерттеушілермен (магистрант, докторант, шетелде оқып жүрген, ізденімпаз зерттеушілермен) байланыс орнатқым келеді. Бізде ғылыми дәрежені сән көретін, әлеуметтік лифті ретінде…»

SADAQ

07 Jan, 18:59


Пән аралық байланыс зерттеуді, ғылымның жаңа үрдісін, ЖИ бетбұрысын дамыту үшін, жас зерттеушілермен (магистрант, докторант, шетелде оқып жүрген, ізденімпаз зерттеушілермен) байланыс орнатқым келеді.

Бізде ғылыми дәрежені сән көретін, әлеуметтік лифті ретінде пайдаланатын “ғалымдар” көп. PDh ді, профессор дәрежесін тегін таратқаннан ғылым дамымайды. Ғылымда үнемі тәжірибе алмасу, тың ізденістер, талпыныс болуы керек.

Осындай тәжірибе алмасу жасаймыз, бізге де пән аралық байланыс қажет десеңіздер, жақсы бір орта құрғым келеді

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

06 Jan, 18:30


«Ахмет. Соңғы үкім» фильмі теледидарға, телеграм каналдарға шықты дейді. Алыпсатарлар сатып жүрген көрінеді.

Оны қайдан көрсе болады?

SADAQ

06 Jan, 16:18


1916 жыл жайлы жазылған дерек

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

05 Jan, 16:57


Телжан Шонанұлының «Орыстар үшін қазақша әліппе» атты еңбегі

Бұл әліппе 1934 жылы Қазақстан баспасынан латын қарпіндк жарық көрген

Бүгінгі шала қазақтарға оқытуға болады ау?

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

05 Jan, 15:22


Иә, бір кездері Назарбаевтың:

«Кто такой Кайым Мухамедханов?» –дегені осы тұлға.

1951 жылы «Абайдың ақындық мектебі» тақырыбындағы диссертациясы үшін сотталып кеткен Қайым

Карлагта( түрмеде) жатып, аударма ісімен айналысып, зерттеу тақырыбын әрмен қарай жалғастырған Қайым

Темір торда отырып, өзінің ұстазы Мұхтар Әуезовке қарсы куәлік бермеген, тақырыпты ұсынған ұстазын кінәлап, басын арашалап алуға тырыспаған Қайым.

Ол түрмеде жатып өз күнделігіне: « Өзекті жанға бір өлім. Мен сол кезде: өлсем, алаш азаматтарынан жаным артық емес ... деп ойладым ...», – деп жазады.

Принципіне адал, алаштың жолын жалғаған ер Қайым – осындай еді.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

05 Jan, 12:03


Бүгін қазақтың ғажап ғалымы, Абай мұрасының жоқтаушысы, Алаштың соңғы тұяғы – Қайым Мұхамедхановтың туған күні

Қайым атамыздың абайтану, алаштану, шәкәрімтануға қосқан үлесі мол.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

04 Jan, 15:49


Осы арада Абайдың ислам дініне қатынасын да айта кету лазым. Ол өзінің өлеңінде молдалардың арамзалығы мен ала аяктығын сынап, мұсылмандық жолымен күніне бес уақыт намаз оқуды мінейді. Осы арқылы барлық діни ғұрыпты ұстанатын, әсіресе, отыз күн рамазан айындағы ораза мен тәулігіне бес уақыт намаз оқуға қарсы келеді. Құнанбайдың семьясындағы діни пікірлер мен ғұрыптар, әкенің үстемдігінің күші - Абайдың ислам әдет-ғұрыптарының бүркеншік қасиеттерін сезінуге жол ашты.

Әлихан Бөкейхан

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

31 Dec, 08:47


1 жылдық есеп

432 публикация шығарған екенбіз.
531 151 қаралым болған екен.

Былайша жаман емес)

SADAQ

30 Dec, 13:57


Жаңа жылда
Бәріміз
Белсенді болып, пікір жазып, әр деректі талдап, ғылымға ерекше назар аударып, кітап оқып, рухани дамып,
Бірден өзгеріп кетейікші?
Сол жақ иықта отырған шайтан «не боп кетті» деп түсінбей қалсыншы!


Шүкір,
2024 жылы көп дүние жасадық,
Құдай қаласа,
Келер жыл да берекелі, мерекелі, қуанышы мол жыл болсын!

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

28 Dec, 18:17


Күннен күнге өз оқырмандарыма риза бола бастадым.

Бұл не деген ғажап ә?

Жаңа жылдан кейін белсенді болу керек, әйтпесе, мына оқырмандардан ұят

SADAQ

28 Dec, 16:13


Алаш арыстыраның бүркеншек есімдері

P.S: сурет фейсбук желісінен алынды

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

27 Dec, 17:00


Студент жігіттер, қажет емес!
Тамақтарыңнан жырып берудің қажеті жоқ. (ақ ниеттеріңді қабылдаймын, түсінемін)
Бірақ,
Сендер ізденіс жолындағы жас жүрексіңдер, көп оқу үшін қаражат керек, кітап сатып алуға қаражат керек, жүріп-тұруға қаражат керек, өздеріңе қажет!

SADAQ

27 Dec, 14:52


Қазақстан орталық атқару комитетінің ағасы Жалау Мыңбайұлы

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

27 Dec, 05:15


Өткенде осы каналдағы бір ағамыз «каналың, өзің дамы»,– деп аз-маз қаражат салып жіберіпті. Ырза болып қалдым.

Әйтпесе, Міржақыпша айтсақ, дәл қазақ ғалымның, ғылымның қадірін ұғынатын халық емес. Бізге аты шыққан қарынбай мен “қара” қуған қуғыншылар болса жетеді.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

26 Dec, 18:01


Тұрар Рысқұлұлын бала күнімізде «Қызыл Жебеден», кейін «Қараш-Қараш оқиғасы» шығармаларынан танығанбыз.

Бүгін Ұлы Түркістан идеясы үшін күрескен қайраткердің туған күні!

Тұрар – ірі қайраткер, ірі тұлға. Бұндайда М.Шоқай « Тұрар қанша қызылдарша сөйлегенімен, артында Түркістандық рух көрініп тұрады» деген мазмұнда сөз айтушы еді.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

26 Dec, 16:50


Соңғы сұқбаттарды көріп, Ахмет, Әлихан, Міржақып, Халел, Мағжан бастаған алаш қайраткерлері неліктен эмиграцияға кетпеді деген сұрақ мазалайды. Эмиграцияға кетсе, қазақ әдебиетіне, тарихына, мәдениетіне өте мол олжа салар еді…

У.Тоған өз естелігінде «Ахмет екеуміз Стамбұлда кездесетін болып келістік. Ұзақ жылап қоштастық» деген мазмұнда жазады.

Соған қарағанда Ахметтердің де эмиграцияға кету жайлы ойлары болған болса керек. Бірақ қызылдардың қорлығына төзіп, елде қалудың өзі үлкен ерлік еді.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

25 Dec, 05:11


«Аты Рәш екен, Рәш емес-ау, Рабиға екен, «ескілікті тастау керек» деп, атын «Райка» атандырыпты»

Бейімбет Майлин

P.S: Бейімбет өз кейіпкерлері арқылы қоғамның бетін тіліп, әжуәлайды. Бүгін де біздің қоғамда қыздар “ескілікті тастап”, Жанарлар ЖанарА, АйнурА, Дамиля, АйлинА, ЖасминА болып жатыр…

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

24 Dec, 16:34


Өнер

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

21 Dec, 16:20


Ахмет Байтұрсынұлының Орынбор кригиздар мұғалімдер мектебін оқығаны жайлы куәлігі. Төменде бағалары да берілген.

P.S: Ахмет 3-ке оқыды екен деп, сіздер де 3-ке оқымаңыздар! Ол кезде қазақтарды оқытпау, дұрыс баға қоймау, ерекше үрдіс тараған еді.

Сурет А.Байтұрсынұлы атындағы Алматы мұражайынан

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

20 Dec, 16:45


«Қазақ хандығының құрылғанының өзі қателік» деген Дархан Әбдіктің соңғы сұқбаты қара танитындардың арасында аз сөз болып жатқан жоқ.

Рас, Жошыдан қалған ұлы империяның өкілдері өз арасында қырылып, бабадан қалған тұтас орта азияның быт-шытын шығарды. Қазақ хандығы да құрылғанымен, Қасымнан қалған мамыражай тіршілік ұзаққа созылмады. Әбілқайыр, Абылайдың кезінде қазақ хандығы құлаудың, тұтасымен жойылудың шақ алдында болды. Бұл тарихи факті. Қазақ хандығы төрелердің таққа таласынан іс жүзінде жойылды, сөз жүзінде сарқыншағы ғана қалды.

Сол арада төрелер битке өкпелемей, ел тұтастығын сақтай алғанда Орта азияда Русьінде, Қытай да қаймығатын, кеңесетін ұлы империя өз билігін жүргізер еді. Түркі халықтары қазақ тілінде сөйлер еді.

Бұл сөзді біз Әлихан Бөкейханның: «Пәлен хан-ай! Пәлен би-ай!» деп үйде отырып өкінесіңдер. Бұрынғы хандарың да, бұрынғы билерің де осы күнгі атқа міндім деп жүрген өздеріңдей еді. Қазақтың бұрынғы басшыларында әділдік береке болса, бүгінде қазақ бұл күйде болар ма еді?» деген сөзімен қорытамыз

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

17 Dec, 16:38


Әдемі түсқағаздар😍

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

15 Dec, 19:11


О, Тәуелсіздік,
Мен сені сүйемін!!!

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

15 Dec, 16:44


Елдес аға өзінің досы Міржақып қайтыс болғанын естігенде Кеңесбаевқа: «Ісмет, бүгін мен үшін қаралы күн аза тұтамын, аяулы досым Міржақып Дулатов, жан жолдасым дүние салғанын естідім, менің сабағымды өзің жүргізе сал», – депті.

А.Шаяхметов

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

23 Nov, 18:45


«Қазақ әдебиеті» газетінің кешегі санына шыққан мақаламыз.
Бізге қолдау білдіріп, сенім артқан Елдос аға Тоқтарбайға зор алғыс білдіреміз☺️

SADAQ

20 Nov, 05:21


Астаналықтар үшін

SADAQ

19 Nov, 14:49


Мына кітаптың шығуына үлес қосып, ниет қылғысы келетіндер бар ма?

SADAQ

18 Nov, 18:33


ХХ ғасыр басында қазақ қыздары әйел теңдігіне жету үшін қалыңмалдан бастартуға тырысып, ағаларына арыз жазған-ды.

Бүгінгі қыздар қалыңмал мен мәһірді екі бөлек алғысы келеді.

Ғасыр пародоксы деген – осы

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

16 Nov, 11:03


Жалпы архив суретке түсіруге, кейде копия жасауға материалдың 25% ғана береді.

Сондықтан құжаттың бәрін қолмен жазып алуға тура келеді.

P.S: бұл суретті, үстіне аты-жөнімді жазып, Талғат досым сақтап қойыпты

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

15 Nov, 17:56


Ғылыммен еркін айналысайын десең, тұрмыс тірлігі жар бермейді.

Сәбиттің Мұқтарға “ сен Еуропа мәдениетін, әдебиетін еркін меңгергенсің, мен бала күнімнен тап күресіне түсіп, рабфакті де оқи алмадым” -деп ренжитін нобайы осы еді.

Тарих басқаша түрленіп, Сәбит Бекеннің малайы, Мағжанның атқосшысы емес, бай болып туғанда совет үкіметін еш уақытта мойындамас еді.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

15 Nov, 17:07


Алашорда жазушыларының білімі бізден жоғары еді

Сәбит Мұқанов

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

14 Nov, 06:26


“Ұлы Сталин заңы”
Ескі газеттер сөйлейді.

Сурет әлем/желіден алынды

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

12 Nov, 16:23


Осы жерден ылғи кірген, шыққан, белсенді адамдарды қарап отырамын.
Таныс біреу шығып кетсе, әй не болды екен деп уайымдап қаламын.
Адам өзі сондай бір қызық жаратылыс қой.

Кейде ақпарат беретін сайттар сияқты болып қалмайын деп, оқырманға сәл жақындауға тырысамын.

SADAQ

11 Nov, 12:29


Әміре Қашаубаев және Қажмұқан Мұңайтпасұлы

Суреттін түсірілген жылы белгісіз

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

10 Nov, 19:15


«Сен мен ұрысқанда неге үндемейсің?…» деп те тиісетін едім.. сол күндер енді қарап тұрсам ең бақытты шақтарым екен!

Күлжамал Майлина (Бейімбеттің әйелі)

P.S: Бейімбет кедей, жетім өскен жігіт. Мінезі жібектей жұмсақ, тірі жанға зияны тимеген. Тума талант. Қазақтың бағаланбаған заңғар жазушысы. Классикалық әдебиетті Жүсіпбек, Бейімбет, Мұхтар жасап еді. Бірақ Бейімбетті халық көп атамайды. Жетім туған жұлдыздың есімін де жетім қалдырмайық

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

10 Nov, 17:22


Нәзірше айтсақ, қазақ қатындарының көсемі – Нәзипа Құлжанованың қарттық тартқан шағы.

Қазақ азаматтарының арасында Нәзипаның абыройы зор болған. Кеңес үкіметі орнаған соң да Нәзипа үкімет рақымшылығынан сызылып қалған жоқ. Кеңес үкіметі көтерген мәселелердің бірі – әйел теңдігі, әйелдерді оқуға, жұмысқа тарту еді. Сондықтан бұл мәселе Нәзипаның оң жамбасына келді десе де болады.

Өмір қызық қой. Күйеуі қызылдардың қолынан өлді, алашқа қиянат қылды. Әйелі сол қызыл үкіметте қызмет етті.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

10 Nov, 08:52


Түрік ақыны–Мағжан Жұмабай

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

09 Nov, 16:35


Кітап жазып жатқан соң, зерттеу жүргізіп жүрген соң мына жерге көп дүние жазуға уақыт болмай жатқаны.
Сонда да осы топты ашылғалы бері оқитын адамдар бар ма екен?
Каналдың 1 жылдығын өткізіп жіберейік

SADAQ

08 Nov, 17:19


Уға толды жас жүрегім, жабықтым,
Таныс дауыс ести алмай зарықтым.
Не дегенін, не істегенін біле алмай,
Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың!

Мағжан

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

08 Nov, 08:43


Франсия деген патшалық бар. Сонда Шампан деген жер бар. Ылғи ізуесті, һешбір шөп шықпайтын жер. Сол жерге франсуз халқы мұхит теңізінің ар жағында Америка деген жерден құстың қиын алдырып һәм жеріне қарай ғылымның айтуынша, керекті топырақтар, балшықтар һәм неше түрлі дәрілер араластырып, сол жердің десиатинасына расход аямай, мысалы бірер мың сом шығарып, соған уиноград-жүзім жеміс егіп, сол жемістен белгілі «Шампански» есімді арақ істеп, шынысын жеті-он, он бес сомға шейін сатады. Солайша бір десиатинадан жиырма бес, отыз мың ақша шығарып алады.

Алаш дәрігері – Әбубәкір Алдияр

P.S: 1913 жылы газетте жарық көрген мақала.
Автор Францияның солтүстік-шығысында орналасқан Шампань қаласы жайлы айтып отыр. Бұл аймақ 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Гранд-Эст құрамына кіреді. Солтүстігінде Бельгиямен, батысында Пикардия және Иль-де-Франспен, оңтүстігінде Бургундиямен, шығысында Франше-Конте және Лотарингиямен шектеседі екен. Шампань қаласы әлемге жүзім шарабын(вино) шығарумен танымал көрінеді.
Әбубәкір мақалада әлем елдерінің өнеркәсіп даму жолдарынан мысал келтіріп, қазаққа “француз екі басты, төрт аяқты емес”–дейді.

Президент Францияда жүр деген соң, еске түсіп кеткені)

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

02 Nov, 09:24


«Қазақ» газетіндегі мақаламыз

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

02 Nov, 08:24


1931 жылы 20 қыркүйекте М.Әуезовтың Әуезовтың алашордашылар жайлы тергеу сұрағына берген жауабы:

«Бұрынғы алашордашылар туралы көпшілігі, оның ішінде Жұмабав та теріс пікірде болған. Бұрынғы алашордашылар Жұмабаев екеумізді жақтырмайтын, „жазғыштар” деп кекететін»

Бұл да Мағжанды арашалап қалуға тырысқан бір әрекет болса керек

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

02 Nov, 07:31


1930 жыл. Тергеудегі Алаш қайраткерлерінің жауабы:
Сұрақ ОГПУ-дан М.Жұмабайға “Алқа” әдеби “жасырын” ұйымына М.Әузеовтың байланысты жайынан қойылған.

Жауап:
М. Жұмабай: «Мұхтар бұл бағдарламаны қостамады және шикі деп есептеді»

М.Әуезов: « Мен ол бағдарламаны бар ниеттіммен қолдадым. Жұмабаевтың мені неге ол бағдарламаны қостамады деп айтқанын түсінбедім»

P.S: Совет үкіметінің пиғылын өте жақсы түсінетін ұлт көсемдері (А.Байтұсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабай т.с.с) алаштың кейінгі буынын аман сақтап қалу үшін құйтырқы жауап беріп, оларды саяси элементтерден арашалап отырған.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

01 Nov, 12:31


ТОРҒАЙДАҒЫ “ТОҚТАБАЙ” КӨШЕСІ

Кезінде облыс болып дүркіреген, бүгінгі Ә.Жангелдин ауданы, Торғай ауылындағы К.Тоқтабай көшесінің бейнесі – осы (төменде суреті берілген)

Торғайдан Тоқтабай әулетіне көше берілгеніне бек қуаныштымыз. Ғадол-Кәрім Тоқтабай ұлт үшін адал қызмет қылған қайраткер еді. Әкесі Досжан болыс болған, Ы.Алтынсаринмен мүдделес, Торғайда мектеп салған азамат, інісі Мұқан – Міржақып Дулатұлының ұстазы, орыс тілі мұғалімі болған-ды. Ағайынды Тоқтабайлардан Нұрғали Құлжанов, Спандияр Көбеев сынды қайраткерлер білім алған.

Тоқтабай әулеті жайлы айтар, жазар дүние көп. Өткен апта «Қазақ» газетіне «Кәрім Тоқтабай тұғыры» атты көлемді мақаламыз басылды. Кәрімнің інісі Батырқайыр да 1921 жылы орын алған Торғайдағы үлкен аштыққа қарсы күресуге бар күшін салып, «Ақжол» редакциясына талай шырылдап хат жазған-ды.

Торғай маңында «Тоқтабай қарасуы (қыстауы)» бар. Бұл күні ол қараусыз, тарихи мәні ескерусіз жатыр. Qabylakhat Seidakhmetov аға қыстау жайлы кеңірек мәлімет беремін деген-ді. Бұл қыстау аштық уағында аш-арықтарды құтқаруға, жәрдем жасауға көп септігін тигізген. Сондықтан тарихи мәні бар орынға бір белгі қойған жөн болар еді.

Торғайдағы “Тоқтабай” көшесін түсіріп жіберген, елдегі жалғыз туысым Рамазан Ерболатұлы Құлет ке айрықша алғыс айтамын. К.Тоқтабайдың шығармалар жинағын, зерттеу жұмысын дайындап отырмыз. Оны да елмен қауыштыратын күн келсін!

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

28 Oct, 07:58


Қазақ республикасының жері кең 3 миллион шаршы шақырым шамасы.

Кәрім Тоқтабайұлы, 1927 жыл

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

26 Oct, 16:43


Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі:
Әдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі.

Алаш арысы,
Қошке Кемеңгер


https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

26 Oct, 16:34


Иттің боқ жемесе басы аурады

Ә.Бөкейхан

P.S: бізде өз боғын жеп, болпылдап жүргендер қаншама?
Сол иттен жаман тірлікті көрсем, Әлиханның осы сөзі еске түседі…

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

25 Oct, 06:08


Қызылжар (Петропавл) облысының картасы.

Жалпы облыстың 37% тұрғыны қазақтардан құрылған.

Енді картаға қарап, облыстағы қазақ ауылдарының атын саусақпен санап алса болады.

Қызық, бұл Қазақстанның бір облысы ма?

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

22 Oct, 16:23


Ұлылар да шаршайды, тығырыққа тіреліп жол таба алмайтын сәттері болады.

Олар осы сәтті, тұтас кезеңді, тарихты өзгертіп, шешім табуымен ҰЛЫ!

P.S: ой үстіндегі академик (Қ.Сәтбаев)

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

18 Oct, 17:26


Баланы іспен емес, сөзбен, үлгімен емес, ақылмен үйретпекші адам сорлы ғой.

Жүсіпбек Аймауытұлы

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

13 Oct, 12:57


ХХ ғасыр басында қазақ байларының балалары шетелде білім алған, білімді, білікті, ұлтшыл азамат болып өсті. Алаш арыстарының денінің тұқымы бай, атасы болыс, әкесі жеке кәсіпкер еді.

Бүгінгі күннің байларының балалары ұры, қанішер, қоғам зияндысына айналды…

Тарих осылай да қайталанып отырады.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

11 Oct, 15:22


Мұқтар мен Сәбит араласпаған дегендерге бір сүгірет)

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

09 Oct, 04:21


М.Әуезовтың «Таң» журналына шыққан “Адамдық негізі – әйел” атты мақаласы.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

08 Oct, 14:47


Петербор!
Тарих мемлекеттік архиві.
Бұл жерде қазақтың қазынасы көп. Тек алаңсыз жұмыс істеуге уақыт та, мүмкіндік те тар.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

07 Oct, 15:22


Қазақстанда тұрған қызық қой, талай ми жетпей оқиғаларды көзбен көруге болады.

Баяғыда алаш қайраткері Ы.М: “Ұлтшылдардың қазақ жерін аздаған уақытта Жапония, Германия қыламын дегені бос қиял”-деген-ді.

Рас, Алаш арыстары аздаған уақытта қазақтың қараңғы азаматтарын жүз жиып, мың кеңессе де Жапония қыла алмас еді. Оған әлеуметтік/ қоғамдық саяси мәселелермен қатар, дүниежүзілік геосаясат, инфрақұрылым да мүмкіндік бермес еді.

Бірақ, Алаш арыстарының ол ойы бос қиял емес, алдыға қойған мақсат еді. Қайтеміз, орындалмады..

Алаш арыстары атылып, шермен де кетті. Қазақ та 100 жыл өтсе де Жапония бола алмады…

Әлі болашағы белгісіз АЭС-ны Алаш арыстары болып қолдау–күлкілі, тіпті мазақ, қорлау.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

06 Oct, 13:35


Бұған Алаш арыстары: «Сәбит-ау Мұндай “жатыпатар” мінез саған қайдан бітті?»,-деген екен…

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

06 Oct, 13:18


“Абайдың ар жағында да қазақтың жақсылы-жаманды әдебиеті болған. Сол әдебиеттер сарқылып келіп, Абай заманында бір қазық қағып өтті. Осының кезеңіне Абай кез келген соң, даяр табақтың иесі, даяр тоқпақтың ұрушысы, даяр қазықтың қағушысы болды да жүре берді”

Сәбит Мұқанов

P.S: жастық не қылмайды?
Қызды-қыздымен Сәбит те Абай жайлы біраз дүние айтқан-ды

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

05 Oct, 06:26


Арамызда кітап оқитын, жиі кітап сатып алатын адамдар бар ма?

Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз/сатып алдыңыз?

SADAQ

04 Oct, 07:11


Бүгінгі Ұстаздар күні құтты болсын!

Қазақтың алғашқы ағартушы ұстазы – Ыбырай Алтынсары!

Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы!

Рух ұстазы – Әлихан Бөкейхан!

Осы каналдағы ұстаздарды шын жүректен құттықтаймын!

Шәкірттеріңіз көп болсын!
Әрқайсысы алаш азаматтарындай текті, түкті болсын!

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

01 Oct, 07:47


Біздің елдің жігіттері!

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

28 Sep, 12:38


–Мұхтар Әуезовқа деген көңіліңіз жібімеді ме?

– Жібіген! Әттең, бірақ, ұлы жазушы дүниеден аттанып кеткен соң... Тірісінде өзі жібіткісі келген! Ұлының ұлылығы да иіле білінуінен көрінсе керек. Иә, есімде, қалай ұмытайын, 1947 жылдың жазы еді. Көше бойында бетпе-бет ұшырасып қалған Мұхтар ағамды елемегенсіп кетпек боп едім, сұңғыла кісі өзі тоқтатты. "Аз ғана кідір, кешір, жаным!" деді ол үні дірілдеп. "Кезінде басқа түскен пендешілік адамға не істетпейді, ауыздан шыққан сөз ұшқан құс тәрізді ұстай алмайсың. Өткенге сала­уат, сені көрмегелі талай жылдар өтті. Жа­қаң­ның, Гая (шешесі Ғайнижамал), Әлтай­­дың (інісі) арты қайырлы болсын, өзің аман бол, соңдарында қалған жалғыз көзісің ғой", деп көңіл айтты. Именіңкіреп, көз­деріне қарасам, жас іркіліп қалыпты... Тағы да ескертемін, ұлы Мұхтар ағаны да түсі­нуге болады. Басына нақақтан үйірілген қа­ра бұлттан қорғалақтауы табиғилық! Әбден жүнжіп, зәрезап болған бір байғұстың: "Мені қашан қамауға аласыңдар?" деп "үш қаріпке" қоңырау шалғанын да ес­тігенбіз. Сол залым саясатпен сипатталатын заман­нан не күтуге болар еді-ау!

Гүлнәр Міржақыпқызының естелігі

PS. Бүгін ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күні.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

27 Sep, 17:54


Бүгін Әлихан Бөкейханмен бірге шәкірті, Нығмет Нұрмақұлы да атылған еді.

Нығмет Нұрмақұлы Әлиханның адал шәкірттерінің бірі. Жалпы алашшыл қазақ жігіттері өздерін Ахмет пен Әлиханның шәкіртіміз деп есептеген.

Осы кезде мынандай мәселе туады?

Әлиханға өз ақырғы сәулесі қалғанша күрескен қазақ жерінен топырақ бұйырмады.

Әлиханның сүйегі жоқ, күлі Дон зиратына төгілген.

Ахмет Байтұрсынұлы Алматы қаласында атылғанымен, жатқан жері белгісіз.

Міржақыптың сүйегі Тәуелсіздік жылдарынан кейін адам аяғы баспайтын Торғайдың арғы жағы Бидайаққа жерленді.

Үш көсемнің тағдыр жолы осындай болды.

Неге ел астаналарында әлі күнде дейін Әлихан, Ахмет, Міржақыптың ескерткіштері, бюсттері сирек кездеседі.

Неге әлі күнге дейін Міржақыпқа ашылған еңселі ескерткіш жоқ?

Алматыда ЖД вокзалдың алдында Әліби Жангелдиннің ескерткіші тұр. Сондай бір ескерткіш Міржақыпқа бұйырмағаны ма?

Ал Әлихан Бөкейхан болса ұлттың әкесі ғой. Бала әкесіне қарап өседі. Біздің әкеміз–Әлихан Бөкейхан!

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

27 Sep, 03:49


Бүгін ұлт көсемі – Әлихан Бөкейхан атылған күн!

«Алаш» идеясының негізін қалаған, «Алаш» қозғалысының жетекшісі,
«Алаш орда» үкіметінің төрағасы Қыр баласы мәңгілік сапарға аттанған күн!

Қайран ер!
Есіл ер!
Соңғы демі қалғанда да “совет үкіметін жек көрдім”-деген еді.


https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

26 Sep, 05:04


Науқаншылық!
Бізде жастар тұлға ретінде емес, массовка ретінде өсіп келеді.

АЭС-ның не екенін білмей, оны сүйемін деу–ақымақтық.

Осы науқаншылықтан қашан құтыламыз?

Дамымаған, демократияның сәулесі де түспеген елдерде сайлау, референдум болған сайын, жеке тұлғаны мәжбүрлеп, күштеу, талап ету, қуғындау жиі орын алады.

Ә.Бөкейхан осындайда “сайлау–қазаққа келген бір жұт”- деуші еді.

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

24 Sep, 18:48


Алматы паркінің бірінде күзгі жапырақ­ты аяғыммен үйгіштеп, соның қызығына батып тұрғанымда, ту сыртымнан естілген: "Гүлнәр, сенбісің?" деген дауысқа жалт қарасам, алдымда Мұхтар Әуезов тұр екен. Ағаның ұсынған қолын алып сәлемдестім. Мұхтар аға баяғы бала кезімдегідей бетімнен сүймеді, оны көңіліме алғаным жоқ, бойжеткендерді сүймейтін болар деп ойладым. Көрмегеніме 5-6 жылдай уақыт өтіпті. Отызыншы жылдары ұсталып, түрмеде отырғанын білетін едім, босап шыққанын естіген емеспін. Өзінің сұрауы бойынша хал-жайымды аңқылдап айтып келемін. Бір кезде ол менің бетіме тура қа­ра­мастан қарлығыңқы, булыққан дауыспен жайлап қана: "Қарағым Гүлнәр, енді келешекте кездескенімізде бір-бірімізбен танитын кісілерше амандасып, сөйлес­пей­тін болайық", дегенін естігенімде, денеме суық су құйғандай, өне бойым мұздап, қалшылдап, шошып кетсем керек...

Гүлнәр Міржақыпқызы естелігінен

https://t.me/sadaq_zh

SADAQ

24 Sep, 15:13


Түркияда кім бар?

SADAQ

21 Sep, 15:27


Бүгін қазақ жұрты алаштанушы, баспагер Ғарифолла Әнес атты ғалымынан айырылды…

Ғ.Әнестің басшылығымен “Қазақ”, “Айқап” газет-журналдар криллицаға аударып, Х.Досмұхамедұлы сынды ғалымдардың ғылыми мұрасын қазақ жұртымен қауыштырған еді. Әлі де қазаққа берер дүниесі көп еді…

Қазақ ғалымының қадірін білуші ме еді?

SADAQ

20 Sep, 11:09


Мына кітапты бүгінгі кітап жәрмеңкесінен сатып алдық ал)
Оқып көрейік
Оқығандар болса төменге пікір қалдырыңыздар!