Тіл кеспек жоқ @tilkespekjoq Channel on Telegram

Тіл кеспек жоқ

@tilkespekjoq


Либерал қазақ басылымы
Жаңалық ұсыну @nazerkenb
YouTube арнамыз: https://youtube.com/@tilkespekjoq?si=gokZeuGDIQ3Udpnn

Тіл кеспек жоқ (Kazakh)

Тіл кеспек жоқ - бұл 'Либерал қазақ басылымы' атты телеграм көмегі. Бұл каналда мемлекеттік саясаттылар, әділ уақыттағы тағдырлар және адам құбылысы туралы талдав, арнайы бизнес-хабарламалар мен басқалар туралы мағлұматтар жайлы публикациялар шешімдейді. Егер сізге жаңа пікірлер мен перспективалар керек болса, Тіл кеспек жоқ каналы сіздің үшін тура мәліметтерді табуға көмектеседі. Бұл каналда қазақ тіліндегі жаңалықтарды тыңдауға мүмкіндік бар, сондықтан сізге белгілі кезде жаңа тақырыптар мен ақпараттар мен бірге болып, жаңа білім алатын мәзмұн жеткізіледі. Қазақстандағы жаңа, салт-демалы белгілі жаңалықтарға мүмкіндік беретін Тіл кеспек жоқ каналынан алысу арқылы, сіз оқиға оқиға жаңа жаңалықтарды көре аласыз. Сондай-ақ, каналдың арқасындағы YouTube арнамасының сілтемесі арқылы, сіз оның бағасыз веб-сайтында канал хабарламаларын көре аласыз. Тіл кеспек жоқ - шетелдегі, орталық Азиядағы жаңалықтар мен білім алатын жаңа платформа арқылы танылған жаңа перспективаларды ашуға көмектеседі.

Тіл кеспек жоқ

20 Nov, 13:33


Бұл кісі кімнен қорқу керек екенін шатастырып алған жоқ па?..🤔🤭

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

20 Nov, 12:22


‼️ Қазақстанның Украинадағы елшілігі Украинада жүрген қазақстандықтарды елден кетуге шақырды. Бұл нәрсеге Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының артуы себеп болған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

20 Nov, 09:08


🇷🇺Мәжіліс «орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құруды» қолдады және бұған Қазақстан бюджетінен 43 млн теңге бөлінеді.

Бүгін мәжіліс депутаттарының 82-сі орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру шартын ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. 1 адам қарсы, 1 депутат қалыс қалды.

Құжатқа сәйкес, бұл үкіметаралық ұйым болады. Ғылым министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ұйымды құруға Қазақстан бюджетінен 43 млн теңге бөлінеді.

Еске салсақ, орыс тілін қолдау және дамыту бойынша халықаралық ұйым құру идеясын 2022 жылы Тоқаев ұсынған болатын.

Тіл кеспек жоқ

20 Nov, 06:21


💰Мемлекет меншігіне қайтарылған қаражаттың 28 млрд теңгесі Риддердегі аурухана құрылысына жұмсалмақ

Риддерде бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 млрд теңге бөлінеді.

Қаржы «заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» шеңберінде қайтарылған қаражаттан алынады.

Аурухана кешенінің құрылысы 2021 жылы басталған. Жобаның жалпы құны 34,8 миллиард теңге, оның 6,6 миллиард теңгесі бюджеттен бөлінген.

Қазір 55 мыңнан аса тұрғыны бар қалада 80 жылдан астам тарихы бар бір ғана емхана істейді.

📍Бас прокуратураның дерегінше, 2022 жылдан бері заңсыз иемделген 1,5 трлн теңге көлемінде актив мемлекетке қайтарылған. Олардың ішінде кәсіпорындардың акциялары мен үлестері, коммерциялық кешендер, еліміздегі және шетелдегі жылжымайтын мүлік, жер учаскелері мен қымбат зергерлік бұйымдар бар.

Тіл кеспек жоқ

20 Nov, 05:20


❗️Қамауда отырған Марат Жыланбаев қайтадан аштық жариялады

Бұл туралы белсендінің адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады.

Белсенді өзіне қатысты сот шешіміне наразылық ретінде 13 қарашада мерзімсіз аштық акциясын бастаған. Сондай-ақ, Жыланбаев абақтыдағы санитария жағдайы мен тамақ мәселесін көтеріп, шағымданған.

Бұған дейін белсенді өзіне тағылған айыпқа наразылық ретінде 40 күн аштық акциясын өткізген еді.

«Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев «экстремистік ұйымның ісіне араласты» және «экстремизмді қаржыландырды» деп айыпталып, 7 жылға сотталған еді.

Тіл кеспек жоқ

19 Nov, 11:06


❗️Оқиға желіде тарап, қоғам наразылығынан соң Маңғыстау облыстық прокуратурасы қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

19 Nov, 08:28


✍️Бұған дейін жалпыға ортақ декларациялаудың үшінші және төртінші кезеңдерін жою туралы петиция жарияланған еді.

Петиция авторлары табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайтын қарапайым халықтың есеп беруі қажет емес деп санайды.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

19 Nov, 07:15


Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 502 теңгеден саудаланып жатыр.

Астанада 1 доллар 500-502 теңгеден, Шымкентте 501 теңгеден сатылған.

Семейде 1 доллар — 505 теңге, Ақтөбеде — 501 теңге, Оралда 504 теңге болған.

Ұлттық банктің 19 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 497,89 теңге.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

19 Nov, 06:41


📹 Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы адамдарды сынады

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

18 Nov, 12:32


Украинаның Кривой Рог қаласында орыс жазушылары Александр Пушкин мен Михаил Лермонтовқа орнатылған ескерткіштер бұзылды. Жазушылардың ескерткіші отарсыздандыру туралы заң аясында алынған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

18 Nov, 11:29


⚡️Қостанай облысында 4 адам газдан уланып қаза болды

Бұл туралы жергілікті «ТобылИнфо» сайты хабарлады.

Оқиға 17 қарашада Амангелді ауданы Тасты ауылдық округіндегі Қарынсалды ауылында болған.

Газ салдарынан 8, 3, 2 жасар үш бала және олардың 67 жастағы атасы қаза болған.

Балалардың ата-анасы және 4 жасар тағы бір ұлы ауруханада жатыр.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

18 Nov, 10:15


💸 Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 501 теңге болды.

Фото: Vlast / Бейімбет Молдағали

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

18 Nov, 09:18


🤯 Ақша айырбастау орындарында доллар 500 теңгеден саудаланып жатыр. Доллар Halyk Bank-те — 500,2 теңге, Freedom bank пен «Еуразиялық» банкте — 500 теңге, «БЦК», Жусан, Kaspi — 499 теңге.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

18 Nov, 08:10


⚡️Қазақтан шыққан тұңғыш әйел дәрігер Гүлсім Асфендиярованың құлпытасы жаңартылды

Гүлсім Асфендиярованың жерленген жері 80 жылға жуық белгісіз болған.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

15 Nov, 10:32


🤩 «Бауырына салу» фильмі «Оскардың» үміткерлер тізіміне енді

Бұл туралы фильмге арналған Instagram-дағы парақша хабарлады.

Асхат Кучинчирековтің фильмі International Feature Film номинациясы бойынша үміткерлер қатарына енген.

International Feature Film номинациясы шетел тіліндегі ең үздік фильмге берілетін номинация.

«Бауырына салу» — әжесінің бауырына салып берген, әке-шешесі үшін бөтенге айналған баланың жан күйзелісі жайлы фильм.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

15 Nov, 09:09


Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жолдауында әскердегі тәртіпті күшейтуді тапсырған.

Бірақ одан өлім-жітімнің тоқтайтын түрі жоқ.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

15 Nov, 08:00


🤔 Перизат Қайрат басқаратын қордың бірнеше құрылтайшысы Amanat партиясынан екен

Перизат Қайрат басқаратын BizBirgemiz Qazaqstan еріктілер қорының бірнеше құрылтайшысы Amanat партиясынан болып шықты.

Бұл туралы «ҚазТАГ» сайты жазды.

Мағзұм Арсланбек Астана қаласы «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» филиалының төрағасы. Ол 2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланған.

Сергей Матюшенко Amanat партиясының Астана қаласы Байқоңыр аудандық филиалының атқарушы хатшысы.

Серікжанова Әйгерім Amanat партиясы жанындағы «Жастар рухы, жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының экс-құрылтайшысы және SAT MEDIA компаниясының басшысы.

Хафиз Аян Amanat партиясы жанындағы «Жастар рухы, жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалының экс-құрылтайшысы.

Тізімдегі өзге құрылтайшылар туралы ашық ақпарат көздерінде мәлімет жоқ.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

15 Nov, 05:15


🤔 Жаңа Зеландия парламентінің отырысы әлем назарына ілікті

Отырыста үкімет пен жергілікті халық маори өкілдері арасындағы келісімшарт талқыланып, дау болды.

Маори партиясының депутаты Хана-Равити Маипи-Кларк жаңа шартқа қарсы әскери би хаканы орындап, құжатты жыртып тастады.

1840 жылы жергілікті халық пен Ұлыбритания арасында жасалған шартта бастапқы кезде-ақ қателер болған.

Ағылшын тіліндегі құжатта «Ел егемендігін тапсырады» деп жазылса, маори тілінде «Британия қамқорлық көрсетеді» деп жазылған.

Содан бері шарт бойынша дау бітер емес.

Жұрттың парламенті қызық, иә?👀

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

14 Nov, 09:36


Маңғыстау облысында 11 баланың анасы билікті сынағаны үшін істі болды.

Бұл нәрсеге TikTok әлеуметтік желісінде жарияланған видео себеп болған.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

14 Nov, 04:37


Шарында сирек кездесетін сілеусін көзге түсті

Қызыл кітапқа енгізілген Түркістан сілеусінін рейд барысында ұлттық табиғи парк инспекторлары кездестірген.

Қайырлы таң!🤗🫂

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

13 Nov, 11:22


🫣 Аида ханым «Қалай оптимист болуға болады?» деген курс өткізбей ме екен?..

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

13 Nov, 08:33


📱Желіде Алмасбек Садырбайдың қамауға алынбас бұрын түсірілген мәлімдемесі жарияланды.

Видеода кәсіпкер өзіне жалған жала жабылып, «агро олигархтар» тарапынан қысымға ұшырап жатқанын айтады.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

12 Nov, 10:18


12 қараша — оппозициялық саясаткер, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің қаза болған күні.

Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы 12 қарашада Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда мерт болды.

Саясаткердің денесінен үш оқтың ізі және оқиға орнынан Заманбек Нұрқаділовке сыйға тартылған тапанша табылған.

Тергеу «Өзін екі рет кеудесінен, бір рет басынан тапаншамен атып қаза болған» деген қортынды жасады.

Оппозиция тергеу қортындысымен келіспейді. Олар «билікті сынаған қайраткер қастандық құрбаны болды» деп санайды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

12 Nov, 08:59


🤡 «Үй сияқты пісіріңіз», «Үйде тамақ дайындау»

Бұл — Airba Fresh азық-түлік жеткізу сервисінің жарнамалық баннерінде жазылған сөздер.

Компания аудармашылары «Пёчем, как дома» деген сөйлемді «Үй сияқты пісіріңіз» деп аударған екен.

Airba Fresh азық-түлік жеткізу сервисінің басшысы — Эдуард Ким. Ол Technodom компаниясының да иесі.

Эдуард Ким Forbes басылымына берген сұхбатында Airba Fresh сервисін іске қосу үшін 4 млрд теңге кеткенін айтыпты.

Жақсы аудармашыға ақша қимай қалдыңыз ба, Эдуард мырза?🤔

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

12 Nov, 05:48


😍 Шығыс Қазақстан облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Сирек кездесетін жыртқыш Аршаты орман шаруашылығында орнатылған фототұзаққа түскен.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

11 Nov, 11:35


‼️ Астана соты журналистердің шағымын қанағаттандырмады

Журналистер аккредитациядан өткізу туралы жаңа ереже сөз бостандығын шектейді деп, мәдениет және ақпарат министрлігін сотқа берген.

Бүгін Астананың ауданаралық соты тоғыз журналистің шағымын қанағаттандырмады.

Сот «Журналистерді аккредитациялау» ережесінен ешқандай заңбұзушылық байқамаған.

Журналистер бұл ережеге қарсы. Бас себеп — ереже бойынша 2 рет шарт бұзылса, журналист 6 айға аккредитациядан айырылады.

Telegram ~ Instagram ~WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

11 Nov, 09:19


😍 Фотограф Ксения Горленко Воробьевка ауылында түсірілген асканийлік бұғылардың суретін жариялады

Telegram ~ Instagram ~WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

11 Nov, 08:07


⚡️Желіде Қуандық Бишімбаев түрмеден қашып кетті деген ақпарат тарады

Бұл нәрсеге экс-министрдің колонияда жоқ екенін хабарлаған сюжет себеп болған.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

11 Nov, 07:14


🤭 Демалыс күні болған ең негізгі жаңалықты жазуды ұмытып кетіппіз

9 қараша күні Павлодарда дауыл Лениннің ескерткішін қиратты. Ескерткіштің тұрғанына 100 жыл болған.

Қатты дауыл салдарынан ағаш ескерткішке құлап, ескерткіш қираған. Мүсін қайта қалпына келтіруге жарамайды.

Ұлтшыл жел екен, иә?🤭

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

08 Nov, 12:37


💬 Әзіл-қалжыңды шетке ысырып, «Екі елге ортақ тарихшылар тобын құру не үшін қауіпті?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік.

22 қаңтарда Ресей тарихшысы Михаил Смолин «1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақ пен өзбек деген ұлт болмаған» деген мәлімдеме жасады.

Бұл — жаңалық емес. Ресей тарихшылары талай рет Қазақстан тарихын жоққа шығарып, «Қазақтарды Ресей жарылқады» деген ой айтқан.

Қазақстан билігі Ресей тарихшыларының даулы мәлімдемесіне көп жағдайда үнсіз қалады. Бұл нәрсені «Кремль ұстанымы емес» деп құтылады.

18 қазанда ҚазҰУ-да «Қазақстан мен Ресейдің ортақ тарихы және деколонизация дискурсы» деген дөңгелек үстел өтті. Жиынға Қазақстан мен Ресей тарихшылары қатысқан.

Осы жиында Ресей тарихшылары Ресейдің колониал империя болғанын жоққа шығаруға тырысқан. Ресей шет жақтағы елдердің дамуына ерекше ат салысыпты-мыс.

Жиында «өткенді ұмыту» туралы да сөз болған. Ресей миллиондаған адам өлген аштықты, ұлттың зиялы адамдарды атылып кеткен репрессияны ұмыттырғысы келеді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

08 Nov, 12:03


🫣 Қалай болар екен?…

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

08 Nov, 10:08


«Алжернонға арналған гүл». Әйгілі бестселлер алғаш рет қазақ тіліне аударылды

Астанада америкалық жазушы Дэниел Киздың «Алжернонға арналған гүл» романының тұсаукесері өтті.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

08 Nov, 08:43


Апелляция соты журналист Думан Мұхаммедкәрімге шыққан үкімді де өзгертпеді

«Экстремизмді қаржыландырды» және «Тыйым салынған ұйым ісіне араласты» деп айыпталған Думан Мұхаммедкәрімді сот жеті жылға бас бостандығынан айырған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

08 Nov, 08:22


Қазақстандық 6 компания Ұлыбритания санкциясына ілікті

Ұлыбритания 7 қарашада санкциялар тізімін жаңартты.

Санкцияға ілінген компаниялар саны – 56. Бұл компаниялар Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Қытай және Эстонияға тиесілі.

Қазақстаннан санкцияға Kazstanex, Zapchasttrade, CPS Energy, Stanex Group, Rabadaziya және Stanex Group компаниялары іліккен.

Корольдік компанияларды соғыс кезінде Ресейге әскери-өнеркәсіптік қолдау көрсетті деп күдіктенеді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

08 Nov, 06:17


Сот Әйгерім Тілеужанға айыппұл салу туралы шешімді өзгертпеді

Бұл туралы адвокат Айнара Айдархан хабарлады.

Белсенді Әйгерім Тілеужанға айыппұл жазда салынған. Айыппұл туралы қаулыда белсендінің «мекеме қызметкерлері талабына бағынбағаны» жазылған.

Ең қызығы — бұл айыппұл жазаның өтелмеген бөлігін жұмсарту түріне алмастыру бойынша өтініш түсіру мезгілі жақындағанда салынған.

Белсенді мен адвокаты сотқа шағым түсірсе де, апелляция соты белсенді Әйгерім Тілеужанға айыппұл салу туралы шешімді өзгертпеді.

Журналист, саяси белсенді Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасы кезінде «Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырды» деген айыппен 4 жылға сотталған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

08 Nov, 05:22


⚡️Рудныйда жақында ғана салынған жылу құбыры жарылды

Жер астынан атқылап жатқан ыстық судың видеосын жергілікті «Наша газета» сайты жариялады.

Оқиға Топорков көшесінде болған. Апат болған аймаққа жақын үйлер түн ішінде жылусыз қалған.

Ең қызығы — жылу құбырлары жақында ғана салынған. Бұл туралы жергілікті тұрғындар айтты.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

07 Nov, 13:13


🚖 Қазақстанда ер адамдар жол-көлік оқиғасына әйелдерге қарағанда 4,1 есе жиі ұшырайды

Бұл туралы мемлекеттік несие бюросының мәліметінде жазылған.

Indrive компаниясының дерегінше, такси сервисінде жүргізуші ерлердің саны 90 пайызды құраса, әйелдер саны 10 пайыздан төмен.

2025 жылдан бастап @indrive.kz компаниясы Қазақстанда әйелдерге арналған арнайы тариф қосылатынын айтты.

Осы ретте Тіl Kespek Joq редакциясы әйел такси жүргізушілермен бұл мамандықтың мүмкіндіктері мен қиындықтары жайлы сөйлесіп көрді.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

07 Nov, 12:12


😍 Nasa Юпитердің жаңа суреттерін жариялады. Суреттерді Juno құрылғысы түсірген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

07 Nov, 10:13


⚡️Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді

Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтті. Саммитте ұйым туының жаңартылған нұсқасы қабылданды.

Тудағы ең басты өзгеріс — туға сегіз бұрышты жұлдыз қосылған. Туда түріктің тұтастығын көрсететін ортақ нышандар бейнеленген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

07 Nov, 08:40


Дональд Трамптың инаугурациясы 20 қаңтарда өтуі мүмкін

Бұл туралы «Америка дауысы» сайты хабарлады.

NBC арнасы жаңа президенттің инаугурациясына Джо Байден де баратынын жазды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

07 Nov, 07:16


🤵‍♀️Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің 55,7% әйелдер болса, оның ішінде 20,3% ғана басшылықта

Бұл туралы мәжіліс депутаты Қарақат Әбден айтты.

Оның сөзіне қарағанда, әйелдер көбіне орынбасар қызметіне тағайындалып, негізгі «жұмыс күшіне» айналған.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

28 Oct, 14:24


🤑 Дубайда 1,5 мыңнан аса қазақстандықтың 2700-ге жуық жылжымайтын мүлікке иелік ететіні анықталған.

Олардың ішінде Қазақстан шенеуніктері мен олардың жақын туыстары, әкімдер мен депутаттар бар. Солардың бірі — Назарбаевтар.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

28 Oct, 12:37


⚡️Қазақшаға дубляждалған «Веном: Сонғы би» фильмі 18 миллион теңгеден астам касса жинады.

Бұл — алғашқы демалыс күндеріндегі қортынды. Осы уақыт аралығында Қазақстанда фильмнің екі тілдегі кассасы 666 миллион теңге болған.

Бұл — Sony Pictures туындыларының кейінгі үш жылдағы ең жақсы бастамасы.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

28 Oct, 10:59


🤔 Қазақстанда қай өңір тұрғындары несие көп алады?

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы тұтынушылық несиелер көлемі 12,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Несие көп алатын аймақтар тізімін Алматы қаласы бастап тұр. Жергілікті тұрғындардың 3,9 трлн теңге несиесі бар.

Екінші орында 1,3 трлн теңге қарызбен Астана тұрса, алғашқы үштікті 1,01 трлн теңгемен Шымкент қаласы түйіндейді.

Несиенің төменгі мөлшері Ұлытау (122,1 млрд теңге), Алматы облыстарында (156,8 млрд теңге) тіркелген.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

28 Oct, 08:15


‼️Шерзат Полат ісі 5 бап бойынша тергеледі

Тергеу ҚР ҚК-ның 99-бабы, 2-бөлімі («Адам өлтіру»), 293-бабы, 3-бөлімі («Бұзақылық»), 115-бабы («Қорқыту»), 432-бабы («Қылмысты жасырып қалу») және 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау») бойынша жүріп жатыр.

ІІМ басшысы Ержан Сәденов «Қасақана кісі өлтіруге қатысты» деген күдікпен сегіз адам, «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша үш адам сот санкциясымен қамалғанын айтты.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

28 Oct, 07:50


🔗 Қазақстанда жыл басынан бері әйелдерге қатысты «адам ұрлау» бабымен 15 қылмыстық іс, «бас бостандығынан заңсыз айыру» бабымен 11 қылмыстық іс тіркелген.

Құқық қорғаушылар қылмысты түп-тамырымен құрту үшін халықтың білім деңгейін көтеріп, адам құқығы жайлы жиі сөз қозғау керек деген пікірді алға тартады.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

28 Oct, 05:06


Қайырлы таң, оқырман😊🫶🏻

Назарларыңызға демалыс күні болған негізгі жаңалықтарды ұсынамыз:

• Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Ер адам Тереңқара ауылының шетінен табылған.

• Израиль астанасы Тель-Авив маңында жексенбі күні жүк көлігі автобус аялдамасына соғылды. Шамамен 40 адам жарақат алған.

• Еркін күрестен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан 97 келіде әлем чемпионы болды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

26 Oct, 06:16


🍿Кинотеатрда «Веном: Соңғы би» фильмі көрсетіліп жатыр

«Марвелдің» танымал туындысын көппен бірге кинотеатрдан көруге бірнеше себеп бар.

«Тіл кеспек жоқ» редакциясы үш оқырманға билет тарту етеді.

🔗 Байқау шарты карусельдің соңғы бетінде тұр

Тіл кеспек жоқ

25 Oct, 06:30


⚡️1990 жылғы 25 қазанда тәуелсіздік алуға алғаш қадам жасалды

Осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

25 Oct, 05:01


🇰🇿Республика күні құтты болсын!

1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылдады. Бұл тәуелсіздік алуға алғашқы қадам еді.

Бұл күн 2009 жылға дейін Республика күні ретінде мемлекеттік мереке болды.

Кейін мәртебесін жоғалтып, 13 жылдан кейін қайта оралды.

Тіл кеспек жоқ

24 Oct, 12:00


⚡️Думан Мұхаммедкәрім абақтыдан хат жолдады

Ол өзіне қатысты үкім шыққан сот отырысының материалдары берілмей жатқанын айтып, Алматы облыстық сотына шағымын жеткізді.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

24 Oct, 10:55


🫠 Александр Лукашенко 2025 жылы президент сайлауына қатысады

Бұл туралы ол ресейлік журналиске берген сұхбатында айтты.

Беларусьте президент сайлауы 2025 жылы 26 қаңтарда өтеді.

Александр Лукашенко елді 1994 жылдан бастап басқарып келеді.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

24 Oct, 08:25


🥶Жергілікті билік жылыту маусымына дайындалмаған

Ақтау әкімдігінің 23 қазандағы хабарламасына сүйенсек, қаладағы жылу желілерінде 35 ақау анықталған.

Күн суып, халық шулағаннан кейін ғана жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

23 Oct, 07:32


Бұл — Светқали Нұржан. Ол Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері болды.

Ақын «Тоқаевтың қасына тоқайласайық», «Тоқаев — қолы таза адам» деген сияқты бірнеше пікір білдірген.

Светқали Нұржан журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында «Бұл кісіні Құдай қазаққа әкелген» деген ой айтқан.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

23 Oct, 07:12


👀 Математик Асқар Жұмаділдаев «Қазақстанның еңбек ері» болды

Математикке бұл атақ отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері үшін берілген.

Асқар Жұмаділдаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы бірнеше рет пікір білдірген.

Математик «Қасым-Жомарт Тоқаев 13 жыл президент болсын» деген де мәлімдеме жасаған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

23 Oct, 03:30


😍 Қарағанды облысында сирек кездесетін арқарлар фото-тұзаққа түсіп қалды. Бұл арқар түрі қызыл кітапқа енген.

Қайырлы таң!

Тіл кеспек жоқ

22 Oct, 13:20


🤩 Өнертапқыш қыздардың жасы небәрі сегізде

Қыздар ұсынған IHear қосымшасы ең үздік технологиялық шешімдердің бірі деп танылып, «Technical Prize» номинациясын жеңді.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

22 Oct, 11:53


Мұрат Данияр полиция бөлімшесінен босатылды. Оның сөзіне қарағанда, журналиске біреу жалған ақпарат таратқаны үшін арыз жазған. Осы арызға қатысты іс қозғала ма, қозғалмай ма — әзірге белгісіз.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

21 Oct, 04:57


Қайырлы таң, оқырман😊🫶🏻

Назарларыңызға демалыс күні болған негізгі жаңалықтарды ұсынамыз:

• Қырғызстанда қар көшкіні салдарынан 6 адам қаза болды.

• Алматыда Мақатаев — Наурызбай батыр көшесі қиылысында орналасқан дәмхана өртенді.

• Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев UFC-де қатарынан төртінші рет жеңіске жетті.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

18 Oct, 13:13


‼️ Журналист Данияр Әділбеков 4,5 жылға сотталды

Журналиске «Көрінеу жалған сөз жеткізу», «Көрінеу жалған ақпарат тарату» баптары бойынша айып тағылған.

Қылмыстық іске журналистің Telegram-арнасындағы энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов, журналист Гүлжан Ерғалиева және Астана әуежайының топ-менеджері Юсуф Альжавдерға қатысты жазбалары түрткі болған.

Журналист өзіне тағылған айыпты мойындамады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

18 Oct, 13:03


⚡️ Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметінен кетті

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

18 Oct, 08:31


🥳 Отандық Nomad Yurt тобы конструктор түріндегі киіз үй жасақтап, Lego Ideas платформасында жариялады

Бұл платформада кез келген адам құрастырмалы ойыншыққа қатысты өз ерекше идеясын ұсына алады.

Жоба 10 мыңнан аса дауыс жинаса, Lego компаниясы ресми Лего киіз үйді жасап шығарады.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

18 Oct, 06:56


‼️ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Рысбаевты қызметінен босатты

Ол 2023 жылдың қарашасынан бері ішкі істер министрінің орынбасары болған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

18 Oct, 04:32


⚡️ХАМАС жетекшісі Яхия Синвар қаза болды

Бұл туралы Израиль әскері хабарлады.

Ол 16 қазанда Газаның оңтүстігінде қаза болған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

17 Oct, 11:26


⚡️ Абай облысындағы Аягөз ауданы жылусыз қалды

Бұл туралы жергілікті тұрғындар хабарлады. Абай облысының әкімдігі ақпаратты растады.

16 қазан күні сағат 15.00-де Аягөздегі жылумен жабдықтау желісінде апат болған. Д159 ысырмасы істен шыққан.

Абай облысының әкімдігі жылу беріле бастағанын хабарлады.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

17 Oct, 10:27


Тоқаев «жеңілмейді» деп есептейтін Ресейді Зеленский жеңгісі келеді

Ол Украина Жоғарғы радасына «жеңіс жоспарын» таныстырды. Бұл туралы рада депутаты Алексей Гончаренкоға сүйенген «Суспільне» арнасы хабарлады.

Владимир Зеленский ұсынған құжат бес бөлімнен тұрады. Ол құжатта НАТО-дан шақырту алу, Ресейге санкцияларды көбейту, соғыстан кейінгі қауіпсіздік туралы жазылған.

Украина президенті соғысты 2025 жылдың аяғына дейін аяқтауға болады деп санайды.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

17 Oct, 08:23


😔 Қазақстанда отбасы құру мақсатында қыздың еркінен тыс қыз алып қашу оқиғасы әлі де бар

Психолог мұны таңдау құқығын шектеу, мәжбүрлеу, әйелді психологиялық зорлау деп санайды.

Еркінен тыс алып қашқанда не істеу керек? Тығырықтан шығудың жолы қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

🔗 Толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

17 Oct, 07:29


‼️ «Интернет еркіндігі» есебінде Қазақстан «еркін емес елдер» қатарында қалды

Freedom House халықаралық адам құқықтары ұйымы «Интернет еркіндігі» есебін жариялады. Бұл есепте Қазақстан «интернеті еркін емес ел» қатарында аталды.

Қазақстан «интернет пайдалану», «контентті шектеу» және «қолданушы құқығын бұзу» бойынша 2023 жылдан еш өзгермеген. Есепте Қазақстан 34 балмен тұр.

Freedom House есебінде Қазақстандағы жарнама және масс-медиа туралы заңдар интернет қолданушылардың құқығын шектейтіні айтылған.

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp

Тіл кеспек жоқ

17 Oct, 06:39


Алматыда сейсмикалық жаттығу кезінде тұрғындарды шұғыл хабарландыру жүйесі Mass Alert сынақтан өткізілді

Сізге хабарлама келді ме?💬👇🏻

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp