бауырың жазды 💌 @attarazi_01 Channel on Telegram

бауырың жазды 💌

@attarazi_01


аноним сұрақ-пікірлер үшін:

t.me/anonaskbot?start=dJBGrvZQo06eWVY

musafirs' (Kazakh)

musafirs' - өзіңізді жақсы көресіз пе? Өтірікті мекендейтін жер анықтамалармен ашық қалдыңыз пе? Толық сенімді сөйлесу мекендеріне үміт бергеніңіз бар ма? Егер сізде жауаптары таңырақты сұрақтар бар болса, онда @attarazi_01 каналы сіздің көмекшіңіз болады. БҰЛ каналда сіз қазақ тілінде мағансызды танымал өтірікті шаралармен, жақындағы жер анықтамалармен таныстырып, олар туралы көмекші пікірлер аласыз. musafirs' каналы - сіздің ақпараттығыңызды жеткізу арқылы қолданыстардың тәуекелі жерді жақсы көруге көмекші болады. Оқыңыз, таныңыз мен канала қосылыңыз!

бауырың жазды 💌

11 Feb, 17:23


Өмір - ит, мен - сүйек. Мүжіліп жатырмын. Өте қиын. Бірақ әр секундыма әльхамдулиЛляһ!

#қызық_контекст

бауырың жазды 💌

11 Feb, 13:41


💖 У тебя новое анонимное сообщение!

Неге жигиттерге тисе бересз

↩️ Свайпни для ответа.



ОЙБАЙ! Кім тиісті?😂 Жігіттер қауымында әкем де бар. Әй-жәйсіз дүрсе қоймаймын ғой. Жағдаяттарға қарай, жігіттік болмағанда ғана сөгем.

Шешем айтпақшы: қызыңды да, ұлыңды да

бауырың жазды 💌

11 Feb, 13:13


Ақша майдаланса тиын,
Жігіт майдаланса, уф, жағдай қиыыыын

бауырың жазды 💌

11 Feb, 12:24


☎️Бұрын телефон байлаулы тұратын. Ал адамдарда бос көп болатын.

📱Қазір телефон бос кетті де ал адамдар байланып қалды.


©️Ақиқат арнасы

бауырың жазды 💌

11 Feb, 05:44


Кеудемді қысқан сөздерім
Шығам деп лаулап жатады.
Оқталған қанша кездерім
Айтылмай сыр боп қалады?

Үнсіздік жаулап көздерім
Өрілер саптау таппады.
Өзгенің қырты қызықпас
Қуыста жатыр…
Мен ұрлаған жайдары менің мезгілім.

бауырың жазды 💌

10 Feb, 12:45


No filter ❄️ Not edited

бауырың жазды 💌

10 Feb, 04:07


Тәуекел-тәуекел деп апта басын, жаңа күнді тансық дүниеге білек сыбана кірісумен бастадық. Аллаһ әр жанның күніне береке берсін🤲

бауырың жазды 💌

09 Feb, 17:42


Кейде бар шындықты шырылдап жазу да, айту да керек секілді. Бүккенге сұққан болып, тартына берген сайын мұсылман қақысын өзге тұрмақ өзімізден таптап жатқандар қаншама. Пайғамбарымыз ﷺ салып берген сарра жолмен өнеге көрсете алсақ, жамандыққа тұла бойымыз бен ақылымызды қоса қарсы баптасақ, ин шаа Аллаһ, жасырын да ашық қанаулар азаяр. الله عالم

бауырың жазды 💌

09 Feb, 17:35


Орамал тағуға да қатысы бар. Тырсиған көйлегін көріп сөккен адамға қарсы тарап ана қызды жақтап «өзің бейкүнәдей болмашы» деп бетжұлысып кетеді.

Неге айтпасқа?

Пайғамбарымыздың ﷺ өзінің сөздері бар емес пе: «Кімде-кім бір жамандық көрсе, оны қолымен түзетсін. Егер оған шамасы келмесе, тілімен түзетсін. Тілімен де түзете алмаса, жүрегімен түзетуге тырыссын (сол жамандықты жүрегімен қаламай, оған жағымсыз бір іс деп қарасын), бұл да иманның ең әлсізі (ең төменгі дәрежесі)» (имам Муслим)

Просто күнәлі істі, тіпті соған алып баратын жолды да жақтамау керек. Ол болмайды деді ме? «Все! Талқыланбайды!» болуы керек.

ҮКІМ, БҰЙРЫҚ ЕШҚАШАН ТАЛҚЫЛАНБАЙДЫ!

Қазіргі әлемнің бір қиғаш жағы осы. «Адам құқығы, жеке басым» дей тұра көрсетіліп сызылған шекарадан асып кете барады. Тіпті адамдықтан секіреді. Шариғат адам құқығын таптамайды. Аллаһ өзі жаратқан жаратылыстарға не керегін біледі. Жайдан жай ешбір шариғат заңы бекітілмеген. «Тәрбиесіз берген білім - адамзаттың қас жауы» бұны ескеру керек. Еркін өседі деген сайын еркінсіп өзіңді отырғызып кеткенде ғана «Қап-ай, а!» деп бармақ тістейміз.


كُنتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنكَرِ وَتُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ
«Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын, сондай-ақ Аллаға сенетін қайырлы үмбет болып шығарылдыңдар», – деп айтқан («Әли Имран» сүресі, 110-аят).

бауырың жазды 💌

09 Feb, 17:04


Намазыңды бір рет қаза қылып алуың қолдан тоқылған жемпірдің тарқалғанындай ие бола алмай қалуыңа әкеліп соғады.

Жұрт «қиямет таянғанда мұсылманға 5 уақыт намазға тұру оңай болмайды. Сол себепті бір қаза намазға түсініктікпен қарау керек» деп оттай береді. Сен қазір бір намазға тұрудан кетсең, ертең бесеуі де кетеді. Дәл солай Құраннан бір бет ашудан кетсең, ертең мүлдем ашылмайды.

«Тақуалық мелочьтан басталады»

⬆️Жарықтық Абдулланың сөздері
Оңтүстіктегідей: Жәнім әшИін Абдулла 😂

бауырың жазды 💌

09 Feb, 12:59


🦋Мендегі махаббат тілі - дұғама қосу

бауырың жазды 💌

09 Feb, 12:00


Алты мыңмен бастап, төрт мыңнан бір-ақ шығыппыз ғой 😅

Саны бар сапа жоқтан жақсы шығар🫶

Әр жанға бақыт тіледім😘

бауырың жазды 💌

08 Feb, 14:34


РАМАЗАНҒА 20 КҮН🥹🤍

бауырың жазды 💌

08 Feb, 12:54


❄️ У тебя новое анонимное сообщение!

сиз кыз или ул?

↩️ Свайпни для ответа.




Еріксіз күлкі пришла😂

Кыз или ул болганым биреуге пайдалы акпарат па екен ол?




Анонимді хаттарда нешетүрлі әңгіме бар. Кей жұрт мені бот көре ме, маған өміріндегі проблемаларын «шешіп берші» деп жазып жібергенде түсінбей қалған кездер де болған
😂 Бірақ қолдан келгенше жауаптар қатуға тырысамын. Муфтият емеспін ғой пәтуә, үкім жасап жіберетін или же «дважды два щетыре, будьте мущинами» дейтін)
Дегенмен азын аулақ ақпараттың әдебиет көздерін нұсқай аламын, бірақ шындық жүгін арқалау қиын.

бауырың жазды 💌

08 Feb, 07:59


Жинкин левтер осындай болады. ~rrrr~

бауырың жазды 💌

07 Feb, 17:25


Жас қыздың сөзі өтіп кетті…

Сенің 24 сағатта 5 уақыт жайнамазға тұрмаған аяқтарың ертең Махшар алаңында сені қалай тік ұстап тұрмақ?…


Құдайға қайтуымызға тағы бір ескерту

бауырың жазды 💌

07 Feb, 10:58


Аптаның сәтті тәмамдалуымен, студенттер 🫂

бауырың жазды 💌

06 Feb, 17:08


😊




«бауырың жазды» каналына соадминдер қарастырамыз 🤗





Ниет білдірушілерге: t.me/anonaskbot?start=dJBGrvZQo06eWVY

бауырың жазды 💌

06 Feb, 06:08


Дунья - Китай😆

бауырың жазды 💌

05 Feb, 15:32


Жаңылыссам оны да жазың. Мен де сендей пендемін. Бар ойымды тергенім. Ақты ақ деп айтпаса, кете бермек қатын аламын деп әлемге жар салған бетсіздердің күндері.

бауырың жазды 💌

05 Feb, 15:16


ЕРКЕК СЫМАҚТЫҢ МӘ🫁ӘББӘТІ)

Махаббат деген құдіретті күш деп кім айтып еді? Менің есімде тек қарапайым халықтан қалған сөз екен.

Махаббат деген сезім ғой. Рухани азық та емес, ең қызығы. Мысалы ше, біз айтамыз ғой адамның жануардан айырмашылығы оның санасында деп. Бірақ қазіргінің махаббаты бір жеңсіктік, құймырлық секілді. Орысша «хотеть», яғни, қалау дегеннен шығатын туындаушы сезім.

Сүю деген не зат өзі?

«Ол сезімді сезінбеген - мақұрым қалған көр соқыр!» дейді. Ал меніңше бәрі керсінше секілді. Махаббат болмаса суық қанды, айық болар ма еді. Махаббаттан басы кеткен бейбақтардың адамдықты, адалдықты, тіптен өзіне опасыздық жасаумауды ойлаған күнін көрмеппін. Махаббат деп жырлаған бертіңгінің ақындарының өмір тарихына бір көз жүгірте салыңызшы) бәлки осы абзацтың түйінін қағып аларсыз.

Еркектің 10 жыл отасқан қатыннын бала-шағамен бір жас үшін тастағаны - МАХАББАТ.
Ағзасына да, өмірлік тарихына да пайдасы бар заттарды тастап, тәуелділікке бас ию - МАХАББАТ.
«Мен жақсы көрем» деп адамдық жігін аттап, күйтшілдік артынан еру - МАХАББАТ.
• Құдайына, шешесіне қоя алмаған сүюді, «сыйлау» ұғымынан жұрдай қалып, қатынның етегінен кету - МАХАББАТ!


Махаббат адамға жақсылыққа талпынуға ынта берді ме? Бұл сұрақтың төркіні отбасыға, отанға, шешеге, ең бастысы Құдайға қойған махаббаттан өзге дүниелерді шымшу.

🧔🏻‍♂️Әкеден көрген тәрбием - еркектің миы 24/7 айыққан боп жұмыс жасап тұруы керек. Себебі қатын-баланы мерзімінде қауіптен құтқаруы, адал аспен аштықтан сақтауы екі талай болмақ. Эмоция, сезім, қиялизм деген қатындікі. Қатын жылай салады, күле салады, жаны қиналса қарап тұр-ау демейді де бақырып-шақыра салады. Оны дүйімге паш ету - еркектік емес. Еркек тек жайнамазында ғана жылау керек. Шеше, қатын дегенге күлу керек. Бала-шағаға жылы қабақпен мейірім төгу керек. Ал әлемге тік қарап, көздегі сенімділік пен бойдағы қайратын бір көзқараспен көрсете алуы керек. Міне нағыз еркек сипаты. Ал қазіргі «еркек те адам» дейтін сылтауы шексіздердің жоғарыда тізгеннің ешқайсы да маңына жоламас. Аллаһ осы жаратылыс бейнесі үшін де еркекке қатынға би бола алу құқығын берген. Диванында дәкөй доңыз жатқанда қазіргі қатын баласына нан үшін жұмысқа шықпаса аш өледі ғой. Вооот, повод кетті. Сөйтіп жүйе, система істен шығып, феминизм, маскулизм, сексисттер бас көтере береді. Оған кім кінәлі? Қоршағанға ренжіп, қатынды крайний қылу оңай ғой, әрине.

Еркекті еркек деп сыйлау қазақ қызының тегінде, қанында мөр боп қалған қасиет. Бірақ қазіргінің қазақ қыз-жігіттері бұндай қасиетті жасап шыққан жүйелерінен сызып тастағандай. Халыққа шығып бай-қатын іздеуі жеңсіктік емей немене?

Ұзын сөздің қысқасы, Махаббат деген ұлы күш емес! Күнәлі істі ақтап, жақтап, көгере кетіп боздау. Махаббатты жағымды сезім екенін тек жұбайлар мен ана-бала арасынан көрмесеңіз, ақ некеге тұрмай, бір қарынды жармай ешқалай ақтай алмайсыз. Махаббат жақсы дүние бола алуы үшін адал затқа ғана қолданған дұрыс.



#субъекттің_ойы

бауырың жазды 💌

05 Feb, 06:59


Гуглдан қарау жоғынан😂

бауырың жазды 💌

05 Feb, 05:21


Көп қыздар шешелерін «Жәннатым» дейді екен.
Шеше деген ұлға жәннат қой, қызға емес. Қыздың жәннаты - күйеуі)

Тиюін тиіп алған соң «сенің шешең алтын, менің шешем алтын» дегендер шыға бастайды. Тимей жатып, границаларды четко қойып тастаса, қақтығыстар туындамас паааа… 🤷‍♂️


#қабылдау_өзіңізден



Қыздың үш жұртын білемісіз?

Толық түсіндімесімен атай алғанға тай аттырармыз)

бауырың жазды 💌

04 Feb, 05:05


Бірақ практикада тинейджерлермен жұмыс істеу өте қиын. Төбемдегі шаңырақтың астында екі жасөспірімім бар. Шын алаңдаймын. Өмірде әңгімеге тартылмайды. Тартып бастасаң да сөзден қашып-пышып секіреді. Бірақ жүрек жардысын жеткізгенде «біз не үшін өмір сүреміз, егер жетер жеріміз сол бір көр болса?» дегенді естіп, көңілімде жұлынбай қалған арамшөп секілді қалып қойғанда жанталастым. Аллаһтың лағниетілері тынымсыз тірлікте ғой. Қанша жерден отбасымда дінді сіңірсе де нағыз қуатын шағында, нағыз ыстық кезінде лағниетілер басып жібермесіне сарғаямын. Аңдумен де тыныштық құриды. Бірақ мұсылманның қаруы дұға демек…

Жақындарыңызды бағалаңыздар.

«Сен қалаған жандарға иман бермесе қиын» дегенді есту, әрине, оңай емес. Бірақ та үмітсіз шайтан! Аллаһ ешқайсымыздың басымызға бермесін.

ЖОҒЫНДА ЖОҚТАҒАНША, БАРЫНДА БАҒАЛАҢЫЗ!

бауырың жазды 💌

04 Feb, 04:56


Өлім туралы жазуға көп оқталып тергенім осы енді. Мен үшін өте ауыр тақырып. Ауырлығы адамның өзін сол бір эгоисттік көз-қарастары үшін, тіптен өзін әлсіз тұлға көре алғаны үшін ғана. Шынымен бұндай тірлікті жүрегім көтере алмайды. Тіптен Аллаһ жазған ақтық демін алып кеткен жанның да хабарын естігенде бойдан салқын қан жүрігіп өтеді. Балалықпен, шалалықпен бәлки черный юмор қолдануға өзіме рұқсат бергенім де дұрыс емес болған шығар. Сайып келгенде бұндай тақырыпқа үстіртін қарау өмірге қолды бір сілтегенмен тең.

бауырың жазды 💌

04 Feb, 04:40


«НАҒЫЗ ФИЛОСОФТАР ӨЛУДІ АҢСАҒАН»

Сол талқыға салатыным философияның әр сөзі)

«Әркім өз алдына философ, себебі философ болу - ойлана алу және оны тіл құдіретімен сыртпен бөлісе алу. Тек әркім жекедара философ болуға ұмтылу шешімінде өз жолын анықтайды»

«Философия сөзі грек тілінен «дамуға құштар» дегенді білдіреді. Ал әр заманның мен-мен деген философтары әлемдегі, әлемге дейін және әлемнен кейін дегендерді қарастыруға талпынады. Әлемнен кейін не бар екенін білу үшін олар о дүниеге асығады» дейді.

Осы сөздерді лекциядан естіп қалғанда «мұсылман философтары» есіме түсе қалды. Шынында атын атап, түсін түстеу қолдан келмес. Бірақ біраз ақпарат көздері дінге шынай махаббаты бар жандардың бұ дүниенің жалған екендігінің білгенін растайды. Ең қызығы «олар да өлімді асыға күтіп, раббысына қауышуды аңсады» дейді.
Мәселе - адамның өлімге ұмтылуының себебі.

«Неге ұмтылады?» деген сұрақ.

-Ислами ұғымда өлім деген бір дүниеден екінші дүниеге өту. Яғни, қасірет емес жай ғана переход. Бірақ кездесер қиындықтарды ескермегенде ғана (қабір азабы, өлім сәті т.с.с.) Сайып келгенде философия атасы Ислам ғой) Әлемге қатыстының бәріне жауап бар. Тек ниет қажет. Ниетті тудыратын ойлар, идеялар. Ал олар пайда болу үшін адам мойынға бітіскен бастың ішіндегі қадірлі миды іске қосып, саралай білу керек.

Комфорт зонадан шығуға, дамуға «НЕГЕ?» және «ҚАЛАЙ?» деген сұрақтарды қойса жеткілікті. Ар қарай түрлендіріп қазбалай беру өзіңізден)


МАСҚАРА БОЛЫП, «бауырың жазды» дегеннен оқыдым деп, өзіңізді кәм бір философ санап, «өлем» деп кетпеңіз) мұсылман ақтық демін күтеді, бірақ өлуге әрекет жасамайды!

Өз өзіне қол салу = гарантиямен тозаққа жол салу

«мен не үшін өмір сүремін, өмірдің мәні неде?!» сиқылды сұрақтарға жауап исламда бар.

Эксперименттік тұлға ретінде, басқа да мұсылмандардың атынан да нақты айта аламын, шындық тек ИСЛАМДА! Исламмен ғана өмірдің мәнін, сұрақтардың жауабын таба алдым. Сіз де табасыз!




Осы бір сөздерді жасөспірімдерге (подростоктарға) айтса ғой шіркін. Отбасылардағы қайғы-қасірет азаяр ма, шіркін…

бауырың жазды 💌

04 Feb, 03:54


🌺Қыз ғұмыры нәзік гүл іспеттес тағдыр. Жайқалып өскенінше еккен жерде баптайды. «Енді қауызы ашылды-ау» дегенде үзіп алып, сыйға тартады. Ал сый қылып алған жер гүлін суарып, ұзаққа шыдатпаса гүл келген жерінде бір мезетте солып, қурап қалады. Артынша өледі…

бауырың жазды 💌

03 Feb, 18:34


күн батыстан шыққанша тәубе етіңдер’

бауырың жазды 💌

03 Feb, 18:29


жақсы адамдар азайып жатыр, сол себепті өзіңді бағала

бауырың жазды 💌

02 Feb, 17:51


«Жіберіп алған мүмкіндік» деген ұғым жоқ, сіз өткізіп алғанның бәрі жай ғана сіздікі болмаған

🥀

бауырың жазды 💌

02 Feb, 17:34


Адамның адамға шын ғашық болғанын әзір көре қоймадым. Әркім өз басына жекедара эгоист. Кемінде барын беруге тарланады. Ал жоқтан бар жасау жайында үндемей-ақ қойдым.

Сөйте тұра, арғы өмірді ойламай бұл қу дуниеге не деп шырылдайын?

Аллаһым, жүрегімді бұл дүниеге байламашы. Бұл дүниенің көзбояушы жандарына да байламашы. Тек өзіңмен қауышуды аңсаған, жүрегі саған ғана байланған құлдарыңның қатарынан етші. Әмин!

бауырың жазды 💌

02 Feb, 14:47


Аллаһ бүгінгі әбиірден айырмасын!🤲🏻🤍

бауырың жазды 💌

01 Feb, 10:38


Кейде подкасттарды да беталды тыңдаған миға ауыр. Ми деген есте сақтау, жадысында «корзина» , яғни, өшіру деген ұғымы жоқ жаратылыс қой. Ал ол миға көрінген, былшылдаған сөздерді сақтау өте қауіпті. Ертең ол ой бәрі бір адамды бір жерден тесіп шығарып, тыныштықтағы ғұмырының тас-талқанын шығарып жібереді.

Қазір әлеуметтік желіде ақпарат фильтрі түп тамырымен жойылған. Тек цензура мен ашық түрде қанды көрсетпегені болмаса, ешбір миға кітаптан артық пайда әкелер ақпаратты беріп жатқанын көре алмаймыз. Ақпарат берілсе де психикаңыз бен денсаулығыңызға ауыр зақым келтірер жағымсыз жақтары құрдымға сүйрелейді. Кеше туылған балалар түгіл саналы адамдарды артынан құзға сүйрелеп келе жатқан аса қауіпті екенін ескермей жатамыз.

Қазір подкаст дегенге ит-мышық та қонаққа кеп мияулап, үргенін таспалап жатыр. Оған тіпті талант пен өнер де керек емес. Таспалайтын құрылғыны қосып, өшіресің. Бітті! Сол бірнеше минуттық, алтын уақытты текке біз далаға шашып алып жатамыз. Қазіргілер тіптен қуланып алған, трейлер құсатып, анонс, прогрев жасап тастап щепетильный, corny тақырыптарды ортаға тастаған құсатып кеседі де әлемге таратады. Бұл дұрыс емес.

Бұның бәрінен мен өзімді әрең шектегенде тіпті ертең мойныма жауапкершілігі екі есе болып ілінетін өзімнен даритын ұрпаққа қалай тоқтау қоятынымды ойласам… Осы өмірден безіп кеткім келеді. Шынымен қиямет тақалған заман осы шығар. Дінім кеш батқанша тұрақталары екі талай болатын, Абай атамыз қақсап кеткен «заманақыр жастары» болдық-ау…


«Миға мусор жинама» деген бір ұстаз.

бауырың жазды 💌

31 Jan, 16:36


Өмірімнен бір сәт🥸

Мен негізі шынымды айтсам өмірімде тәңіршіл деген адамды көрмегем ғой. Тек әлеуметтік желілерде ғана болмаса. Кеше в живую көрдім😂

Мә, кәм әңгіме айтқан құрлы миыңды айналдырып жібереді екен. Бізде университетте философия, мәдениеттану және саясаттану мен әлеуметтану пәндері бар. Мен студенттердің әңгімесінен «философия дінге қайша келе ме?» деп жүрсем дым күдіктенбеген мәдениеттану мен әлеуметтану атып шықты😄 Екі сөздің бірі «заң темір қамал болса сіздің иманыңыз жүрегіңізде ғой, ал вот тәртіпке сай киім үлгісін дұрыстағаныңыз болашақта өзіңізге абзал» дейді, прикинь😂 Бұған дейін ешкім бетіме кеп киіміме әңгіме айтпағасын маған тансық дүние болып қалды😅 Сосын «как учила мать» деп бетіне ыржиып ахалап, оттым амалсыздан) бірақ мені бір моральный инвалид қылып тастады ше. Бір жағынан күлкілі болды.

Сөйтіп әлгінде сол тәңіршіл мұғалімнің сабағында жайнамазымды құшақтап қашып-пышып сырттан келе жатсам, өзге группаның баласы мұғалімнің көзінше, дүйім жұрттың алдынды «қабыл болсын» дері бар ма🤣 ойбай, сасқаным соншалық дәкөй матамды ішіме тықтым. Сөйтіп отыра бергеннен теология қозғалып біраз диспут болды.

Диспутта ол ғылыми көзқарасты көп мысал етеді. Ал мен логика тұрғысынан және дәлелденген теорияларды ғана қабылдап, келтірген мысалдарына оппозициялық көзқарас білдірдім. Сөйтіп жаңағы кісімен ешқалай дипломатия орнамады. Бірақ айттым, исламда ешқашан әйелді кемтар санамаған. Керсінше әйел ақыли ақсақ болса тектілік жібін үзген қиынаты болады дедім. Рас қой ерге тектілік шешеден ғой. Сөйтіп жәңәгі қазақи мәдениет пен шешендікке сындырмақ болып, мысалдар келтіре бергенде менің көзқарасымды лектор мойындады😂

Сөйтіп саналы түрде түсіндірмекке ол кісі мені де қоса адасқан жексұрындай көрген екен😂 рас күлкілі, бірақ әйтеуір кем де кем бір жанның моральіне ықпал ете алғаныма қуандым сол кезде. Шүкір!

Әйтеуір арпалыс өмір, практикадан итіңді шығарып жүрсе мына жақта лекциялармен миыңды ашытып бірдеңе қылады. Шын мәнісінде мен түскен оқуым тіл маманы болған соң ғана 3-4 айлық сынақты көтеруге болады. Бірақ мені қойшы, мұсылман жұртына бір тіл тигенде шынымен қазақты мазақ еткен сезіммен теңдей алай-дүлейді сездім. Айтпасқа болмады деген сөз ғой қысқасы. Сөйтіп өзгеден «дұрыс істедім бе?» деп нақтылағанда олардың мақұлдаған көздері өзіме қайта сенімділік берді. Шындықты біле отырып жасырған дұрыс емес, кемінде қате пікірдегіні өзгертуге ықпал ету керек қой. Солай емес пе? Әлде үндемей өткізе беруім керек пе еді?

бауырың жазды 💌

31 Jan, 15:03


Иә, мектепте екілік, үштікпен оқыған бала тағдыр сәттілігімен жетістіктерге жетер. Бірақ беспен оқыған бала «тек сәттілік» деп отыра бермей, болашағына ерте қамдана алады. Не дегенмен де білімді құнсыздандыруға болмайды.

Сіз қазір үштікпен оқып бәлки бір бизнес басқарарсыз, бірақ үздік оқысаңыз бизнес емес ӘЛЕМ басқаруыңыз мүмкін ғой?

Негізі болашаққа қадам жасау сенімнен ғой. Әркімнің жетістігінің формуласы бақыт формуласы секілді әртүрлі ғой. Сол себепті көзді кеңінен ашып, көкіректі ұзағынан ояту керек.

Білім алу тек білім ордаларында ғана іске аспайды. Үйіңізде ғылымнан қызықтырған, ұнатқан кітабыңызды алып жай ғана оқи берсеңіз «👍🏻» мынауский адам боласыз.

деп айттым өзіме. Сіз де өзіңізге бір мезгіл айтып қойсаңыз болады 😁

бауырың жазды 💌

31 Jan, 06:15


Жұма мүбәрак болсын!🤍

Жұмада тек үйге ғана уборка жасамай, жүрекке де жасау қажет. Бір сәт жүрек пен көңілдегіні тазалайық🫶

бауырың жазды 💌

31 Jan, 06:09


Бүгін сен жалқаулығыңды күйретуің керек.
Әйтпесе, ертең жалқаулық сенің өміріңді күйретеді!🫵

бауырың жазды 💌

28 Jan, 22:46


🤍Өзіңді танысаң ғана өзгені тани білесің

бауырың жазды 💌

28 Jan, 03:28


Мәдениет пен дін егіз ұғым…

Философия оқытушысы)

***

Мәдениетке діннің еш қатысы жоқ. Дінді қоспаңыз!

Мәдениеттану оқытушысы)))


Светская страна! Светский білімді реттесе «светская» сын есімін қабылдаймын. Ал оған дейін «светская = дискриминация» өкінішке орай.

Неге «светская»?
Ата заңымызда сөйдейді.


{жоғарыда келтірілген оқытушылар сөздері светский университеттің лекцияларынан алынған}

бауырың жазды 💌

28 Jan, 03:20


«Қиямет таянғанда дінді ұстап жүру қолға шоқ ұстап жүргенмен тең болады»

Ажалсыз жаның қиналып кеткенде азғырғанның сөзі балдай көрінеді екен. Бірақ ол балдың дәмін тату-татпау әркімнің ырқындағы дүние.

«Кейде білім талап етемін» деп жүріп толқынның ағысына қарсы шығуға қауһардың жоқтығы да қажытады. Мына сайқал заманда діннен қосымша білім алып, дамудың рөлін шариғатпен ауыздықтап жүрген арулар! Сіздер мықтысыздар! Біліңіздер, сіздердің еңбекпен алып жатқан білімдеріңіз азғындық иісіне төтеп беру үшін. Аллаһ бәрін реттейді екен. Сайқал заманның сайқал өкіліне өзгені мазақ ету - олардың жан рақаты.

Қыздарды мықты дегенім де жай емес. Еркекке тән күресу функциясы табиғатынан. Ал қыз баласының табиғаты күресу емес - қамқорлық. Бірақ…

Қазіргі қоғамның күрделенгені соншалық тіпті дін өкілінің өзі қараңғылықты дәріптейді. «Қатын-қалаш ақымақ болса басқару оңай» дейді-міс. Ақымақ қатыннан дүбәрә ұрпақ шығатынында шаруасы жоқ. Тектілік шешеден. Тексіз шеше туған тектілік иісін сезбез ез, жігіттікке сын келтірер ұлы мен ары менен ұяты моншақтай шашылған қыздары елі, діні, ділі тұрмақ өзін қорғауға не ақылы, не әлі жетпейді.

Сөзімнің төркіні тағы да әкеліп еркек атаулыға тіремейді. Әлемнің я «сексизм», я «феминизм» дертін жұртырып алғаным жоқ. Менің ішімді өртеп жатқан - әлемнің әділеттен жұрдай болғаны, санасыздықтың адамдар арасында модаға айналғаны және индивидтің «адамдық» қасиетін жоғалтқаны.

#субъектінің_ойы #біркемдүние

бауырың жазды 💌

27 Jan, 15:08


Газадағы АДАМ атаулыны «2млн ғана» деген адамдардың ит-мышыққа жандары аши қалатыны күлкілі

#burningLA

бауырың жазды 💌

27 Jan, 13:36


«Сөзің өтсін десең, не қолыңда билігің, не байлығың болуы керек»

Дәл қазіргі заман көрінісі. Әлемді қайтейін Қазақстаным өз қазақ қызын шектетіп жатса…

Өз елімнің конституциясы, ата заңы өзіне қайшы. Билік деген аты бар да заты жоқ қуыс кеуде. Қарапайым халықтың көңілін қалдыру түгілі, үмітін су сепкендей өшіреді. Аллаһ халықтан шығарған қарапайым болсаң байдың, я әкімнің баласынан кейін тұрар балақ-жамау боларсың.


#бір_кем_дүние

бауырың жазды 💌

21 Jan, 15:48


АААА, әжептәуір жұртшылық «өзіңе сен» дегенге өзін идол көріп, Құдайын да пышқырмайтын кездерді көріп жатырмыз. Аллаһ сақтасын, әрине.

Бірақ өзіңе сенгенің - Құдайыңа өзіңді тәуекел етіп тапсырғаның ғой. «Өзім-өзім-өзім» десең өзегіңді толтырып өзеннің арғы бетінен ағыстан өтпей-ақ аспан арқылы лақтырғанда дереу тәубеңе түсіріп тастайды ғой. Сол үшін, өзек өртенбес үшін өзімсімей Құдайды еске алып, «бисмиЛляһ» сөз басы дегендей «бисмиЛляһ»-мен бастасақ Қыдырды қырық қадаймыз, ин шаа Аллаһ))

бауырың жазды 💌

21 Jan, 15:43


Әрдайым бір үлкен өзгерістен соң жаңа дүние басталуы үшін өзіңе деген үлкеееееееен сенімділік керек екен.

Инста білгірлер айтпақшы «Әр істің басында үлкен тәуекел мен табандылық қажет. Себебі алғашқы қадам әрдайым қиса да көз жанары жетпес алыс армандай көрінеді. Бастаған соң тастамау керек» дейді.

Сіздің де бастап жатқан жаңа дүниеңіз берекелі болсын!

Жаңа дүние - ауқымды ұғым. Тіпті өзіңізбен күресте тізгендеген титтей де бастауыңыздың өзі әжептәуір тәуекелді талап етеді. Бір жандар сәждеге құлауды үйренді; екіншілер ораза ұстап, нәпсіні жүгендеуді үйренді; ал үшіншілер {тахаджуд, ораза, 5 уақыт намаз, спорт, отбасыға көңіл және тағысын тағы} даму жолындағы, өзінің жаңа бейнесін жарқыратудағы жорығын бастап кеткен.

1. Адам көреді
2. Санаға бір ой (идея) келеді
3. Идея арманға айналады
4. Армандағанға жету жолда мақсат айқындалады
5. Мақсатқа жетер жолда Сәкен келеді десең ә) қалжың😂 Мақсатқа жетелер қадамдар жасалады
6. Әр жоғарылаған сатыда (қадамда) кездескен кедергі, қиыншылықтарға төтеп беріп, табанды болады
7. Арасында құлап алуға да болады😉
8. Құласаң еріксіз тұрасың. Себебі тек өлгендер ғана тұрмайды))
9. Сөйтіп короче жетесің (шұрбалаңдап кеттім, айып етпеңіз)

#Аллаһ_бергені_қайырлы

бауырың жазды 💌

20 Jan, 20:49


🍃 qadamdas-тың соңғы посты
Админдік посттан кетіп барамын

Қысқа уақытта барынша пайда тигізуге тырыстым :)

Алла өміріңізге береке беріп, жаныңызды жақсылықпен толтырсын🤲🏻

Көп рақмет 💜

Assalamu’aleikum ua rahmatullahi ua barokatuh!

#ғайып

бауырың жазды 💌

20 Jan, 07:24


Атақты 10 сахаба бар, олардан бөлек тағы да бірнеше сахабалар тірі кезінде жәннатпен сүйіншіленіп қойған екенін баршамыз білеміз. Сол сүйінші хабардан кейін мына дүние, олар үшін өте тар болып кеткен шығар дим да. 😢
Мына әлемге сыймай, тек барар мекенін аңсаумен өтіп, уақыт өтпей кеткен шығар……..

бауырың жазды 💌

19 Jan, 14:45


Не суди другого, да не будешь сам судим

депті көрші халық
🇷🇺

бауырың жазды 💌

19 Jan, 11:49


Соңғы жаңалықтар бойынша:

– кейбір жерлерде оқ атылуда
– ХАМАС әскері мен полициясы Ғаззаға келіп жағдайды реттеп жатыр
– гумкөмек қалаға кіріп бастады

бауырың жазды 💌

19 Jan, 08:38


⠀⠀
ٱلْحَمْدُ لِلَّٰهِ
барыма да
жоғыма да
⠀⠀⠀

бауырың жазды 💌

19 Jan, 08:27


Соғыс біткенмен БОЙКОТ бітпейді⚠️

Себебін қалай қабылдасаңыз да өз еркіңіз. Бірақ есіңізде сақтаңыз. Дүкен сөресіндегі бір коланың бөтелкесі (кез келген бойкот өнім) ертең жеткен жеріңіздің себебі болмасын🫂

🤍өңештен өткен асыңыз адал болсыншы;
🤍киген көйлегіңіз адал болсыншы;
🤍тапқан табысыңыз да адалынан болсыншы!

бауырың жазды 💌

19 Jan, 07:30


471 дней ужасов.

سَلَامٌ عَلَيْكُمْ بِمَا صَبَرْتُمْ

«Мир вам за то, что вы проявили терпение!» (Коран, 13:24).

бауырың жазды 💌

19 Jan, 06:52


Жеңіс 🇵🇸🥹

бауырың жазды 💌

19 Jan, 03:24


Бұйырса 1-2 сағат көлемінде келісімшарт ресми түрде күшіне енеді🥹

Дұғада қосайық🤲🏻

бауырың жазды 💌

18 Jan, 17:24


🤔 Банктегі бөліп төлеу кредитпен (өсімқорлық) бірдей екендігін білдіңіз бе?

Бұлай рассрочка алуды адал деп білу адамды діннен шығару қаупі бар. Себебі, Алла құранда өсімнің адал еместігін анық айтты (өлім-өмір зәрулігімен рұқсат етілгеннен басқа)

Алуға болмайды. Алып қойсаңыз адал деп сенбеуіңіз керек. Және қиналсаңыз да келесі жолы барынша алмауға бекініңіз

Алла баршамызға өсімге жоламай өмір сүруді нәсіп етсін🤲🏻

бауырың жазды 💌

18 Jan, 15:35


🤍
бір күні, Алла тағаланың рақымымен, сіздің жүрегіңізге тыныштық келеді және онымен бірге көптен күткен қуаныш келеді.
Бір күн келеді және сіздің армандарыңыз орындалады және сіз нағыз бақытқа жету үшін барлық сынақтардан өтуге не қажет екенін түсінесіз)

бауырың жазды 💌

18 Jan, 09:09


- ерлер көзін, әйелдер тілін тиып жүрсе көөөп нәрсе тыныш болады :)

#түйін

бауырың жазды 💌

17 Jan, 04:59


💜🤲🏻

бауырың жазды 💌

17 Jan, 01:18


«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» депті біреуі комментте

«Таңның берекесі» деп шырылдаған Алпамыс мырза екен👍

бауырың жазды 💌

16 Jan, 06:59


Катардың мәлімдеген қызметтік хабарламасында келісім осы аптаның жексенбісі ресми күшіне енеді деседі.

Дұғада болайықшы! Іс әзір қуанумен бітпеді. Жексенбіге дейін не болары тек Аллаһқа мәлім. Дұға жасауды тоқтатпайық.

СӘЖДЕДЕ ӨЗІҢІЗДІ ҰМЫТСАҢЫЗ ДА БАУЫРЛАРЫҢЫЗДЫ ҰМЫТПАҢЫЗШЫ. СЕБЕБІ БАУЫРҒА ТІЛЕГЕН ҚАЙТАРЫМДЫ, ИН ШАА АЛЛАҺ!


Мұсылман бауырыңа жасаған дұғаң - өзіңе жасаған жақсылығың!

бауырың жазды 💌

16 Jan, 06:20


Палестина жай ғана мұсылман мемлекеті емес тарихта шындықты шырылдатып, жүректегіні кеңінен ашып көрсеткен алпамса мемлекет 🇵🇸🇵🇸🇵🇸

Палестинаға қару нұсқау тоқталғанымен ол жаққа қияс қарайтындардың қыры бәсең емес. Ондағы даму тежелді. Ал қарсы тарап ше? Ол жақта дүние сол қалпы емес пе?

Не десекте соғыс оңай дүние емес. Қаншама соғыстың ойып тастаған жерлері мен жаралаған жүректері бар. Дәл солай Палестинаға атылған әр оқтың ойған ізін ешкім ұмытпас.

Бұл да бір сынақ! Бұл да бір жеңіс! Такбир!

бауырың жазды 💌

16 Jan, 05:45


Отан тек Палестина ғана емес!

Былтырғы жылда Сирия түрмесі Сейд-Найя туралы естіген шығарсыздар. Көз көрген, әлемдік масштабқа шыққан тек Палестина ғана болғанымен біз білмейтін қаншама мұсылмандарды қанау болып жатыр. Бұл атыс-жарылыстың біткенімен жауыздық тарихта қалады. Шынайы мұсылмандық риясыз бауырына жаны ашығанда ғана білінеді. Сол себепті жұрт білмейтін, хабарсыз қанап жатқан бауырларымызды да ұмытпайықшы💔

бауырың жазды 💌

16 Jan, 05:38


Аллаһу Акбар!🥹

бауырың жазды 💌

15 Jan, 18:48


Егер бұл біздің көз жастарының үні болса, онда олардың жүректерінің үні қандай болмақ?!
Уа, рухтың рухы…
Уа, төзімнің белгісі, сендер: «Ештеңе етпес», – деп айтқан күніңдер…
Уа, ұлы сабыр, «Жылама, ер жігіт!» деген батыл үндерің…
Уа, иман мен Құранның тірегі, адамзат жете алмаған биік арман…
Уа, «Аллаһу Акбар» деп ұрандаған дауыс, Алланы ұлық еткен жердің үнін жаңғыртқан қасиетті сөз!

Уа, Алла! Оларға жеңіс бер, олар Сенің туыңды жер бетінде желбіретсін!
Біз, сөзсіз, Сенің уәдеңді күтеміз!

منقول

бауырың жазды 💌

15 Jan, 18:41


кім бойкотқа немқұрайлы, салғырт қараса, соның жүрегіне «мүмін мүмінге бауыр» деген аят, исламдағы бауырмашылдық түсініктері әлі кірмеген

бауырың жазды 💌

15 Jan, 18:41


израильді қолдаған компаниялар кешірімге лайық емес оңбағандар!

егер мен сізге айтсам, осындай тамақ сататын компания бар, олар бір әскерді қару-жарақпен, тамақпен қамтамасыз етеді...сөйтіп сол әскер келіп, отбасыңды, бауырларыңды азаптап өлтіріп, аштан қырып, қарындасыңды көзіңше зорласа...кейін әскер кетіп қалса, сіз айтасыз ба «бастысы әскер кетті, енді өлтірмейді, тамақтарын, тауарларын тұтына берейік» -, деп? әрине жоқ. бойкотта туура осындай.

бауырың жазды 💌

15 Jan, 17:52


Сүйінші!

Палестинадағы (Ғаззадағы) соғыс тоқтады! Аллаһу Әкбар!
Барлық мадақ пен мақтаулар тек Аллаға❤️‍🩹🤲🏼

бауырың жазды 💌

15 Jan, 15:44


ең үздік насихат – үнсіздік.

Көрсет, үнсіз…

#дағуат

бауырың жазды 💌

15 Jan, 06:00


Ертеде Әбул-Әсуад деген кісі балаларына:

«Мен сендер кішкентай кезде де, есейген кездеріңде де, тіпті дүниеге келмей тұрғандарыңда да жақсылық жасадым», -депті.

Сонда перзенттері:

«Кішкентай күніміз бен есейген шағымыз түсінікті, бірақ біз туылмай тұрғанда қандай жақсылық жасадыңыз?!» - деп сұрайды таңғала.

- Мен сендер кейін ұялып, қысылмайтындай ана таңдадым,-деген екен әкесі.

[Асылбек Әуезханұлы ағамыз]

https://t.me/kerekdaiyndyk

бауырың жазды 💌

15 Jan, 05:02


📚 Адамның мінез-құлқына, табиғатына байланысты кітаптан түйін:

– мінездегі кейбір бұзықтық не әлсіздіктер сәбидің іште жатқан немесе дүниеге келген кездегі зақымдары арқылы пайда болады екен. Яғни физиологиялық жағдайға байланысты.
Бала өсе келе бұл мінез дамып, өмірінде көрініс табуы мүмкін.

Сол үшін дүниеге сәби әкелетін ана өзін жақсылап күтінуі қажет
(жүйке, тамақ, денсаулық)


Бұл кезеңде жолдасының қамқорлығы, қолдауы да үлкен рөл атқарады 💜

Болашақ аналарға бөлісіңіз, сақтап алсын :)

бауырың жазды 💌

05 Jan, 19:15


Тірі байлығы - тірек болар иман берсін!

Керемет сөздер, ә? 42 әріпке береке берген - Аллаһ! Берекесін мереке қылған да - Аллаһ! Байлығым, өзгеге дари қоймаған қазынам - ана тілім🤍


кейде өйстіп ел мен жерге, тілге махаббатым ұстай қалады😊

бауырың жазды 💌

05 Jan, 17:23


Жылағым келді…

Апта соңын жып-жылы мультикпен аяқтайық 🥹

🎬 МУЛЬТФИЛЬМ

34 минуттан тұратын шедевр❤️

бауырың жазды 💌

05 Jan, 13:44


أنت سيد كلماتك ما لم تنطق بها، وعندما تنطق بها تصبح هي سيدة عليك

Ты - хозяин своих слов, пока не высказал их. А когда высказал, то уже они — твои хозяева.

бауырың жазды 💌

04 Jan, 20:36


• ер адамдардың көбіне ортақ нәрсе – әйел адамнан мақтау/реакция мен қолдау/сенім күтуі.

Осыны кейде ер адамға қате ниетте пайдаланатын бөтен әйелдер болады (айласы бар).
Әлсіздігіне бұлай шабуыл жасау мүлдем дұрыс емес.

Негізінде бұндай реакцияларды ер адам әйелі, анасы, әпке-қарындасынан алуы керек еді. Тіпті бұны міндеттерінің қатарына қосып қойса да жөн болады.

Егер жоғарыдағы адамдар ер азаматқа қолдау білдірмесе сырттағы алдамшы реакцияларға түсіп қалып, отбасымен байланысы нашарлауы мүмкін.

Сондықтан, ер адамның әйел адамға қамқорлық көрсетуі міндет болғанындай, әйел адамдар еріне қолдау білдіру мәселесіне бейжай қарамауы керек

#қарым_қатынас_негіздері

бауырың жазды 💌

04 Jan, 14:19


Егер олар еркек болып қалса, әйелдер әйел болып қалар еді…

Бәріне бір топырақ емес, қазіргі мәстектерге. Қалыптасқан қоғам қызға давка жасаудан басталды🙂

бауырың жазды 💌

03 Jan, 09:37


– сөйтіп күнә жасап жатып өліп кетсек ше?! Сенің кебініңді ендігі сатылымға шығарып та қойған шығар, қайдан білесің?

• базар жанындағы мешітте айтылған насихат

#ояу_жүрек

бауырың жазды 💌

03 Jan, 07:21


Сирек кездесетін жайт😍

Осы айда Аллаһтың қалауымен 5 Жұмамен тоғысады екенбіз, ма шаа Аллаһ 🥺

бауырың жазды 💌

02 Jan, 23:11


Жүрегіңді тынышталдыр, бұл бар болғаны жәй ғана дүние❤️‍🩹

🗣️Нұржан Смағұл

бауырың жазды 💌

01 Jan, 09:59


Алла жүрегіңе бір жақсылыққа деген ой салса оны дереу қабыл ет

Мүмкін сол арқылы Рақымына бөленуге шақырған шығар…

#sofar

бауырың жазды 💌

01 Jan, 01:12


Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген (Ибн Асакир).

бауырың жазды 💌

31 Dec, 19:14


Газадан не айырмасы бар?

бауырың жазды 💌

31 Dec, 18:33


🇵🇸Есік алдында атылған салюттардың дыбыстарынан көзіңізді бір мезгіл жұмып, Газада атылып жатқан жандардың орнына өзіңізді қойып елестетіңізші. Әр дүрсілге зәре-құтыңыз қашары сөзсіз. Енді ойлаңыз, ол жандар сондай өмірді өздеріне тілеп алып па еді?! Сіз әке-шешеңізге, бала-шағаңызға, көп болса тіпті далада қаңғыған ит-мышыққа да жаныңыз ашиды. Ал олар ше? Жануардың қасында олар сіз бен біз секілді АДАМДАР ғой. Олардың да дәл біздің өмірдей тәуелсіз, тыныш өмір сүрулеріне құқығы бар емес пе?

«ЕНДІ НЕ ІСТЕЙ АЛАМЫН ОЛАРҒА?» дер болсаңыз
Дұға қылыңыз! Ең мықты қару дұға!

Біреу тоңып секіріп жатса, екіншілер тойып секіріп жатыр…

бауырың жазды 💌

31 Dec, 15:20


Мынадай хакерский трюк келіп тұр бір оқушымнан. Сөйтсем одан емес, автоматты жіберілетін хат екен.

Ашсаң аккаунтты бұзып алады дейді. Жаңа жыл адамдарды ғана бұза ма десем… 😂

бауырың жазды 💌

31 Dec, 12:05


Садақа жәшігіне сылдырлап түспеген теңге, аспанға тарсылдап атылды…

бауырың жазды 💌

30 Dec, 18:47


📊 тәәк…

бауырың жазды 💌

30 Dec, 11:06


• Сый күтсең сыйлай біл

#ок

бауырың жазды 💌

30 Dec, 07:11


Біреудің амалын түзегіңіз келсе, ең алдымен оның жүрегіне жол табыңыз.

КӨП білетін, АЗ амал ететін сөз...

бауырың жазды 💌

29 Dec, 15:04


Бұл әрекетін түсіне алмадым ал..

Жақсы компания деп ойлаушы едім, қазір осындай бүлік шығарып жатыр)

Тіпті Умраға болса да балиғатқа толған әйел затына 90 км+ жерге махрамсыз шығуға болмайтыны анық үкім.

Қасиетті мекенде құлшылық жасауға апаратын туркомпанияның бұндай өрескел қателігі болмады ендііі 😐

бауырың жазды 💌

29 Dec, 10:08


☃️ У тебя новое анонимное сообщение!

Ассаляму алейкум!
Аға, неге ер адам, то есть жұбайлар, әйелі күйеуіне "сіз" деп сөйлейді? Сіз деп обращаться етед? Ол негізі шарт па? Шариғи ма?

↩️ Свайпни для ответа.


Ua’aleikumassalam!

Шариғи шарт емес. Яғни сіз демесе күнә деп айтпаймыз.

Ал, бойұсынушылық пен құрметтің белгісі ретінде еріне «сіз» деп сөйлесе сауабы бар Алла қаласа

Себебі, Құранның өзінде Алла Тағала ерінің дәрежесін көтеріп қойғандықтан сыйластық таныту – тақуалық жолы

Сонымен қатар ері Алланың аманатына жауапкершілік сезініп, әйеліне қамқорлық көрсетуі – тақуалық жолы

анығын Алла білуші!

бауырың жазды 💌

29 Dec, 06:05


🍃 Раббыңның қалауына күмәндану – ұяларлық әрекет.

Күмән – бір нәрсе күткеніңдей болғамағаннан да ауыр сезім.

Егер Аллаға шынайы тәуекел еткен болсаң еш уайымдама.
Расында Ол шынайы тәуелекел етушілерді жақсы көреді!

#ғайып

бауырың жазды 💌

29 Dec, 00:38


🍃 өзіңді де өзгені белгілі бір типке жатқызып, үкім беруге асықпа!

Шынайы бағаң Алланың алдында мәлім.

Амалдар соңымен өлшенетінін білсең жақсы жолда табанды бол.
Жаман жолдан мүмкіндік барда Аллаға қайт.

Үмітсіз шайтанның құрығынынан Құдіретті Раббыңның Рақымына қауыш

бауырың жазды 💌

28 Dec, 13:40


🍃 Кішкентай кезде үлкендердің ұсақ-түйекке сонша мән беретініне ренжуші едік қой)

“Ұсақ-түйек” емес екенін есейгенде түсінеді ғана түсінеді екенсің…

#ғайып

бауырың жазды 💌

28 Dec, 08:47


– Мүмкін бүгін айтқан салауаттың себебімен күнә істемей жатқан шығарсың…

#mubaarak

бауырың жазды 💌

28 Dec, 06:04


🧕Не откладывайте замужество.

Многие сестры-мусульманки долго выбирают подходящего супруга или тратят много времени на обучение и построение карьеры. Однако истина в том, что многие братья-мусульмане обращают внимание на возраст будущей супруги. Даже если им понравится её внешность и религиозность, они могут отказаться от брака только из-за возраста сестры.

Уважаемые сестры, мой совет вам: не затягивайте с замужеством. В противном случае вы можете оказаться в ситуации, когда мужа найти будет сложно. Жизнь без мужа и детей — это тема, о сложности которой другие сестры могут постесняться рассказать вам.

#мотивация

бауырың жазды 💌

26 Dec, 07:59


Ұшақтар да құлайды. Құлын Раббысы әртүрлі сынақпен сынайды. Бүгін біраз адамның тәубесіне келген күн болған шығар. Барды қанағат етпей, масайып кеттік пе,білмедім. Әйтеуір қайта бір оятып алды.

Қашан,қайда қалай өлетініңді бір Алла біледі.

Елестетші. Ұшақтың ішіндесің. Өлетініңді біліп тұрсың. Қандай сезімде болар едің? Немесе ауызың кәлима айта алмай жатыр. Немесе Кәлимаңды білмейсің. Ауыр ғой иә. Өтее...
Оқиға біз жақта болған соң, ақпаратты бірден естідім. Мен бұл оқиғаны талқылағым келмейді. Тек ғибрат болса екен деймін. Бұл оқиға тек ұшақтағыларға сынақ емес, барлық адамзатқа сынақ болғандай. Жарыса жазып жатқан коменттер. Группадан келіп жатқан видеолар. Адамдардың не ойлағанын білгім келді. Бірі неге теңізге қона қоймады екен десе, бірі барымызды бағалайық деп жатты.
Пилоттың қандай жағдайда болғанын сезініп көрдім. Тіпті елестете алмадым.. Артыңда 66 адамның өмірі. Жолаушылар қандай халде болды екен. 💔

Енді өзіңе анализ жаса. Жұрттың не айтқанын емес, оқиғаны естігенде іштей не ойладың? Ауызыңнан қандай сөз шықты? Алла сақтасын деп қоя салдың ба? не мұсылман бауырың, жалпы адамзат үшін дұға еттің бе? Ойланарлығы осы.

#өзімүшін

бауырың жазды 💌

25 Dec, 20:12


Хасан Басри (оған Аллаһ разы болсын): «ақылдылар — зікірден пікірге, пікірден зікірге өтеді. жүректерінің сөйлеуін талап етеді. әрі соңында жүректері хикметті сөздерді айта бастайды»,- деген.

бауырың жазды 💌

25 Dec, 18:15


Сонымен, ер мен әйелдің фитрасы/болмысы екі басқа екенін жеткілікті түсіндірдік деп ойлаймыз. Қоғамдық рөлдері де екі түрлі. Бірі екіншісінен дәрежеде жоғары болса, демек сол жоғары болған істе оған инструменттер, ресурстар, қабілеттер берілді және жауапкершілігі бар деген сөз. Алайда бұл универсалдықты білдірмейді. Әйел адамның өзіне тән, басқа задачаларға арналған инструменттері, ресурстары, қабілеттері бар. Екеуі бірлесіп кіріссе ғана алға қойған мақсаттарына, мұраттарына тиімді, әрі жылдам, жеңіл жетеді. Өйткені бірінің жоғын екіншісі толықтырып тұрушы.

Әйел адам әлемді құтқарып немесе жаулап алуы керек емес. Ерінің әлемді құтқарып немесе жаулап алуына жәрдемдессе, бұл оның да тең үлесі деген сөз. Бұны қайдан алдым? Әбу Дәудтен [رَحِمَهُ اللَّه] келетін хадис бар.

«Бір күні Аллаһ Елшісі [ﷺ] сахабаларының ортасында болғанда Әсмә бинт Язид [رَضِيَ اللَّهُ عَنْها] есімді ансари сахаба әйел келеді де бүй дейді: «Сіз маған ата-анамдайсыз. Сізге күллі әйелдердің атынан келіп тұрмын. Сіз үшін жанымды беруге даярмын. Шығыстан Батысқа дейінгі аралықтағы барлық әйелдер: Аллаһтың сізді күллі еркектер мен әйелдерге Ақиқатпен жібергенін мойындайды. Сондай-ақ біз: сізге және сізді жіберген Раббыңызға иман еттік.

Мен сіздердің қалауларыңызды орындайтын, балаларыңызды көтеріп жүрген, үйде отырған көп әйелдердің бірімін. Сіздер, ерлер қауымы, жұмаға жиналуда, жамағатпен намаз оқуда, жыл сайын қажылық-умра өтеуде, Аллаһ жолында соғысуда артықсыздар. Ал біз, сіздер қажылыққа, әскери сапарға аттанғанда үйлеріңізде қалып, өзімізді [арымызды] сақтаймыз, киімдеріңізді тігеміз, сіздер атқаратын игі істерді атқара алмаймыз, уа Аллаһтың Елшісі»


Пайғамбарымыз [ﷺ] сахабаларына бұрылды да: «Сендер дін мәселесінде әйелдерден осы әйел айтқандай әдемі айтқан біреу жайлы естідіңдер ме?» деп сұрады. Артынша әйелге бұрылып:

«Қайт та, басқа әйелдерге де жеткіз. Сендердің ең жақсыларың күйеулеріңнен не нәрсеге разы болатынын сұрайтындарың; ол нені қаласа орындайтындарың, оның пікірімен келісетіндерің. Осыларды орындауларың — олармен [күйеулеріңмен] келісетіндіктеріңді білдіреді. Мұның бәрін орындағандарға — өзі тікелей қатыса алмайтын, күйеуінің ізгі істеріне берілетін сауаптарға тең сауап алады» - деді. Әйел бұрылып, қуаныштан «ләә иләәһә иллә Аллаһ», «Аллаһу акбар» деп қайтып кетті». [мағ.ауд].

Көріп тұрғандарыңдай, іс-әрекеттер бөлек болғанымен сауаптары бірдей. Ер адам өз фитратына сай, әйел адам өз фитратына сай амалдар жасаса, Аллаһтың [ﷻ] жеңілдігі мен жәрдемі болады, сондай-ақ сауапта кемітпейді.

الله اعلم

[Жалғасы бар...]
Басы

бауырың жазды 💌

23 Dec, 18:54


🫂 Екіжүзділік — қиын кәсіп емес, кез-келген теріс пиғылды адам оған оңтайлы.

бауырың жазды 💌

23 Dec, 03:58


Ұятсыздық пен нәпсіқұмарлықтың емдері:

Бұл дерттен құтылудың үш негізгі амалы бар:
1. Аштықты ұстану – тағамды шектеу арқылы нәпсіні әлсірету.
2. Көзді харамнан сақтау – тыйым салынған нәрселерге қарамаудан сақ болу.
3. Жүректі толықтай баурайтын іспен айналысупайдалы әрі рухани тұрғыда байытатын істермен шұғылдану.

Егер бұл үш тәсіл көмектеспесе, онда бұл дерттің негізін жоятын жалғыз жол – неке.

©️Әбу Хамид әл-Ғазали
(Рахимаһулла)

бауырың жазды 💌

20 Dec, 19:01


🖼️ фонға қоюға арналған хадистің бөлігі

(дәретхана, жуынатын жер сияқты лас орындарда ашпауыңызды сұраймын)

бауырың жазды 💌

19 Dec, 08:06


🍃 Кей адам сырттай тыныш көрінгенмен іштей стресс…

Өзіңді Раббыңа толық тапсырып үйренуді де Аллаға тапсыр

#жаймен

бауырың жазды 💌

19 Dec, 05:34


🧎🏻‍♀️‍➡️Қаннен қаперсіз өмірім үшін Аллаһқа мың мадақ

бауырың жазды 💌

18 Dec, 22:23


«Қазақ тілі бай. Бізде жылқының 40 атауы бар»

Жылқының 40 атауы болғаннан тіл байымайды. Тілдің дамығанын көрсететін бір-ақ нәрсе - тілдің кеңістікті игеруі. Кәсіптерді игеруі…

Егер сен белгілі бір тілде бөлек бір саланы, яғни, медицинаны, инженерияны сол тілде талқылай алмасаң жылқының қырық атауы болғаннан не пайда?

Қазақ тілінің қазіргі таңдағы үлкен проблемасы - күнделікті өмірде толыққанды мәселе талқылайтын құралға айналмай жатқандығы. Әдетте поэзия мен әдебиеттің тілі болып жатқандығы. ТІЛДІ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ КЕРЕК. БОЛДЫ)


Көшеде кетіп бара жатып «даяршы маған қазақша жауап бермеді, қазақша қызмет көрсетпеді» деп дүрбелең салып, халықты қорқытқаннан, кешірім сұратқаннан тіл дамымайды. Мемлекеттік тіл даму үшін мемлекеттік органдар қазақ тіліне көшуі керек. Парламенттегі заңдар қазақша талқылануы керек, қазақша жазылынуы керек. Орысша жазылып, қазақшаға аударылмай…




🗣️Дархан Әбдік

бауырың жазды 💌

18 Dec, 17:00


Раббысына қайтты

Бауырымыз Гүлсезім Қыдырқызына Фатиха оқып, дұға жасап жіберулеріңізді сұраймыз

бауырың жазды 💌

18 Dec, 12:16


Бір түсінгенім, әке-шешеңнен басқасының бәрі сені сыртпен болмасын іштей көре алмай, я қызғанып қалу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да көңілдегіні айтпас үшін отыз екі тіске мығым болу керек екен.

Тақымыңды мықтап қыссаң да көреалмаушылық аттан сұлап түсіреді. Жаныңдағы жолдас-досың да, бір ұрпақтан дарыған жақындарың да желкеден қысылып, демдері тарылса тегіс жолда кенет шыққан кедергідей аяқтан қағу ықтималдылығы өте жоғары…

Қарындас жан көлденең шыққанда, замандасқа не деп ренжиін?😄

бауырың жазды 💌

16 Dec, 11:15


«Желтоқсанда бізді ешкім жеңбеген»

Бейбіт шаңырақ астындағы отыз үшінші тәуелсіздік күніміз құтты болсын, қазағым!🇰🇿

бауырың жазды 💌

30 Nov, 07:12


Қуанып тұрмын 🥹

– бір бауыр күллі мұсылманға жақсылық жасап, оларды сауапқа кенелтіп, әрі Ақыретте сол себеппен Алланың разылығынан үміт етуге болатын оңай жолды біледі екен 😍👍

Сіздерге де айтайын ба?

Реакция ❤️

бауырың жазды 💌

30 Nov, 04:55


«Адамның тағына талассаң да, бағына таласа алмайсың»

бауырың жазды 💌

30 Nov, 04:52


📔Учи..
Если не учил сегодня, то повтори
☑️
Если не повторил, то читай
📔
Если не читал, то слушай
🎧

Важно то, чтобы ваш день не был лишен Корана!
📚

бауырың жазды 💌

28 Nov, 20:25


«Бұл дін қаттылықпен ешқашан жетпейді, бауырлар. Бұл дін тек қана жұмсақ мінезбен жетеді.

Пайғамбарымыз ﷺ не дейді?
- Жұмсақтық қай нәрсеге енсе соны көркем қылып жібереді. Қаттылық қай нәрсеге кірсе оны дөрекі қылып тастайды - дейді.

Ұрып жатыр, жағын сындырып жатыр. Абу Джахиль келіп, басын жарып жатыр. Анау келіп боғын төгіп жатыр. Мынау келіп бірдеңе істеп жатыр. Пайғамбар ﷺ қарсы шығып, төбелесіп жатыр ма біреуімен? Қолынан келмей ме, анамен жекпе-жекке шығып? Бойында бірнеше еркектің күші бар ғой. Ана жауырыны жер иіскемеген Рукананың өзі жеңіліп қалған ғой. “Бәрің біртіндеп келіңдер десе” құлатады ғой…»

🗣️ Нұрсұлтан Рысмағанбет

бауырың жазды 💌

28 Nov, 18:56


🍃 tabandy Bol, asyqpa

#zharyqsham

бауырың жазды 💌

26 Nov, 12:25


Жақсы көру дегеніміз - адамның жақсылығын көре алу.

бауырың жазды 💌

26 Nov, 07:15


«Сен жомартсың сараң болғандығыңнан,
Сен сабырлысың ашулы болғаныңнан»


Ақыл чакинул пат!

Бірақ расымен отырып ойланатын сөздер, бірақ керегінде дөп айтылған.

бауырың жазды 💌

25 Nov, 19:13


Дінді саясат қылып өзіндік мақсатта пайдаға асыруды көздеу – кейін пайда болған саяси ойын түрі.

Алла ойындарын осады уайымдамаңыздар ;)

Қандай политик, стратЭг, неше әріп, неше көз, қандай -ит, қандай -шіл бәрібір кім болса да!

Алладан айла асыра алмайды ешкім :)

Сол үшін уайымдамаңыздар. Барлық бетперде шешіледі. Барлық образ сомдалады.

Ақиқат жалғыз боп қалады.

Алла – бәрін Білуші, Естуші, Көруші. Және Ол бізге жеткілікті❤️

бауырың жазды 💌

25 Nov, 18:32


Сенімді пәтуә алу үшін осында хабарласыңыздар
ҚМДБ

бауырың жазды 💌

25 Nov, 18:28


💔 Әлеуметтік желіде Алтай Берішке көкесіндей сеніп жүрген бауырлар барын көргенде аяп кетесің.

Ділмұрат пен Алтай Беріш – адастырушы, анық уаһабилер!

Өзіңіз ескеріп, басқаларды ескертіп жүріңіздер. Cаясатын мықты жасап жатыр, Алла сақтасын бұлардың бүлігінен.

Бұларға жауап жан-жақтан болуы керек

бауырың жазды 💌

24 Nov, 21:55


тәмәәм✊🏼

бауырың жазды 💌

24 Nov, 21:39


Әп, бәрекелді! Жарадыңыз, қадамдас мырза!🤩

Алты алашқа аты шыққан қазақ жігіті болыңыз! Аллаһ сауапты істеріңіздер айырмасын! Ниетіңіздің түзулігі тек өзіңізді ғана емес, айналаңызды да түзейтіндей қауқарлы болсын! Еңсеңізді иманыңыз көтеріп, жүзіңізді Құраныңыз нұрландырсын!

Ісіңіз алға бассын!

бауырың жазды 💌

24 Nov, 21:33


Алланың жәрдемі, сіздердің себеппен

Қолдан келген амалды жасап, қайырымдылық шарасын тәмәмдадық :)

Алла баршамыздың ниетімізді қабыл етсін ❤️🤲🏻

Бұйырса өте Үлкен сауапты іс жасадыңыздар!

Бұл ерекше балаларға сіз бен біз мейірім көрсетпесек, кім көрсетеді?!

Бір шырақтың жануына, қадамының нық болуына білдірген қолдауыңызбен Алланың алдында құр қол қалмассыз

бауырың жазды 💌

24 Nov, 21:20


«Демалыс күндері жұмыс істемейміз» деген балалар үйі басшының жауабы бүлдіршіннің басын сипап, ойнату деген жоспарды бұзғаны көңілді түсіріп бастағаны сол еді…

Бүгін қалаға келетінін біліп қайта қуандым.

Жұмыс күндері менің де ыңғайым шықпайтыны үшін тиімді нұсқа директордың өзіне беріп жіберу болды.

Сөйтіп базарлығын дайындап, кешкі уақытта Гүлнар апайдың қолына табыстадым.

бауырың жазды 💌

24 Nov, 21:20


Бүгін сіздер себеп болған салиқалы амал

+ 9300 теңгедей (шамамен) түсті тағы да

≈ 44,500 ₸

3-18 жас арасындағы балалар үйі. Арасында ерекше балалар бар.

Балаларға 20 кітап
Тәлімгерге 2 шт.

Және +1 кітап
директор Пайғамбарымыздың өміріне қызығатынын білдірген соң оған «Адамзаттың асыл тәжін» алдық.
Одан алған пайдасы өзіне де балаларға да болады бұйырса 😍

бауырың жазды 💌

23 Nov, 08:47


Ертең бұйырса админжанның жасына бір сан қосылады :)

Соған орай бірдеңе бүлдіріп жатырмыз :)

Тойламаймын, дұға-тілектерге ашықпын
Одан да маңызды нәрсені суреттен оқи аласыз😌

бауырың жазды 💌

23 Nov, 05:48


Не нәрсеге ұмтылуымыз керек еді?
Не нәрсеге ұмтылып жүрміз?

🧩 анонхат

бауырың жазды 💌

22 Nov, 17:09


– өмірді сезініп, мәнін түсінгім келіп жүр…

– өмірді сүргенде ғана сол хәлге жетуге болады.

– сонда оны қалай сүрген жақсы?

– сол өмірді Жаратушының айтқанына сәйкес

#ізгілікке

бауырың жазды 💌

22 Nov, 11:31


Жұма күнінің тәмамдалуы

бауырың жазды 💌

22 Nov, 04:30


☕️ Туркада дайындалған кофе

Осындай ғажайып сусынды жаратқан Аллаға сансыз мадақтау болсын!

Жер бетінде мынадай сусындар бар, Жәннәттағы сусындар қалай болар екен а?! ☺️

Баршаңызға Жұманың берекесі болсын!

#mubaarak

бауырың жазды 💌

22 Nov, 03:08


🍃 Алланың сені Өз жолында пайдалануы – ең Үлкен нығметтерден.
Ендеше, сен шүкір етушілерден бол!

#Juma_mubaarak
#ізгілікке

бауырың жазды 💌

21 Nov, 18:25


Хасан Басридің (оған Аллаһ разы болсын) былай дегені риуаят етіледі, Аллаһ Елшісі ﷺ: сендерге адамдар арасынан ең жаман ұрлық жасаған кім екенін айтайын ба?- деді. ол жердегілер: иә,- дейді. Аллаһ Елшісі ﷺ: намазынан ұрлағандар,- деп айтқан. «намазынан қайтіп ұрлайды?»,- деп сұрайды әлгілер. Пайғамбарымыз ﷺ: намаздың рукуғы мен сәждесін кеміткендер ұрлайды,- деп жауап берді.

📚муатта 1/167, дарими 1/350, муснад 22136, Ахмад ибн Ханбал.

бауырың жазды 💌

21 Nov, 13:29


Құндылығы бағасынан жоғары марафон 😍

бауырың жазды 💌

21 Nov, 13:19


БАРЛЫҒЫҢЫЗ КҮТКЕН СӘТ❗️❗️❗️
2470 ₸

🛑 жеңілдікпен
990 теңге

Қыздар қауымы
бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар. Марафон сіздерге пайдалы болатынына сенімдімін.

Тіркелу жолы:

1. Kaspi арқылы қатысу ақысын төлеңіз: +77789952959 (Гулмерей А.) 💳
2. Төлем чегін Telegram арқылы жіберіңіз: @marafon_chekkk 📩

Орын саны шектеулі!

бауырың жазды 💌

21 Nov, 08:21


Рамазанға 99 күн қалды 🥹

#coming_soon

бауырың жазды 💌

21 Nov, 05:25


Күніңіз мәнге толы болсын

бауырың жазды 💌

17 Nov, 13:54


📌Абдулла ибн Аббастан (родиаЛлаһу анһу):

«Саған қатысы болмаған нәрсе жайлы сөз қозғама. Сондай-ақ саған қатысты болған нәрсенің көбісін қоя сал. Ақымақ адаммен де таласпа, жұмсақ адаммен де таласпа» Талас деген нәрсе жақсылық алып келмейді.

«Өзіңнің мұсылман бауырыңды еске алатын болсаң, ол сені қалай еске алуды жақсы көрсең, сен де дәл солай оны еске ал» Сен, мысалы, өзің жайлы жақсы нәрсе айтқанын қалайсың, жансақ әңгімелер болғанын қаламайсың ғой тура солай сияқты бауырың жайлы сондай дұрыс нәрселерді айт.

«Сондай-ақ мынадай бір кісінің амалын қыл: жақсылық қылсаң ертең оның қарымын көресің, жамандық қылсаң оның жазасын көресің»
сондай амалға сенетін адамның амалын қыл дейді.

«Аллаһқа әрдайым шүкіршілік қыл. Кейде өзіңнің үмітіңді азайт»
көп үміттенбе дейді.

«Қабірлерді зиярат еткенде жүрегіңді іске қос. Қабірді зиярат ету саған өлімді еске түсіреді» Қабірстанға барған кезде жүрекпен ойлан, ертең сен де сол күйді кешесің.

Сөз соңында «Махшарда, қияметте жүргендей жүрегіңмен сен. Жүрегіңмен қияметте бол» дейді.

Қараңыздаршы үлкен насихат. Бұл сөздерге бәріміз мұқтажбыз. Аллаһ айтылған, естіген, білген нәрсемізге амал қылуды нәсіп етсін...


🗣️Мирас Ерланұлы

бауырың жазды 💌

17 Nov, 09:37


Ер елдің иесі
Әйел - үйдің киесі

бауырың жазды 💌

16 Nov, 03:21


Мына жалған дүниеде Абайдан асқан философ, психолог жоқ-ау, сірә…

Өзге ұлттың философын кем демеймін. Дегенім тек нағыз универсал, нағыз адам - Абай!

бауырың жазды 💌

16 Nov, 03:19


✌️Қазіргі мотиваторлардың сөзі:
«Өзіңе сен, өзіңе сен. Сенде тек қана өзің ғана барсың. Басқа ешкім жоқ… БАСҚА ЕШКІМІҢ ЖОҚ!»


🪻Иә, өте дұрыс! Адам өзінің қолынан келетініне сенбесе бір жұмысты тындыра алуы екіталай. Осы тұста Абай атамыз не деді

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

🪻Алғашқы шумақта жұрттың «сөзіне емес, өз күшіңе сен» дейді. Яғни, бұл шумақ жұрттың жылы сөзіне жібіп, «кеттік» дегенге еріп кетер ез болма дегені.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

🪻Өзіңді құрғақ мотивацияға тойдырма. Біреудің сенің артыңнан үрлеп жіберген желіне ауып, көкірек керіп, кербезденіп, бос әурешілік жолында баз кешпе дейді.

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

🪻«Өзіңде тек өзің барсың» демей-ақ, жүрегіңдегі асыл - міне, нағыз сен! дейді.




Біздің жүректің түбінде не бар екен?

Бүгінгімізді ұрлаған ғайып не екен?

Қандай дүниеге ұмтылыс бастап, алға қадам басып келеміз?

Мақсатымыз не?

Арманымыз қандай?

бауырың жазды 💌

15 Nov, 16:22


🍃 даналық – қай кезде, нені, қалай істеу керектігін білу

#іске_сәт

бауырың жазды 💌

15 Nov, 15:04


«Өмірде бір жолдар болады. Тек Аллаһ пен сен ғана өтуің керек жолдар. Бөгде жансыз, жаратылыссыз…»

бауырың жазды 💌

15 Nov, 12:18


🖇Біз ірі болуымыз керек,
Ірі болу үшін тірі болуымыз керек.

©️Ахмет Байтұрсынұлы

бауырың жазды 💌

15 Nov, 08:50


jum’a Mubarak

бауырың жазды 💌

14 Nov, 20:32


Жоғарыда көрсетілген реквизитке, яғни, каспи нөміріне жіберген әр тиыныңыз нағыз мұқтаж жандарға жөнелтілетін болады, ин шаа Аллаһ!

Ниетіңіз қабыл болсын!🤲

бауырың жазды 💌

14 Nov, 19:31


Лұқпан Хакім ұлына: ”балам, тәтті тамақ көп же”,– депті. ұлы: “әке, ылғи да тәттіні қайдан табам?” дегенде Лұқпан: “тамақты аз-аздан же, сонда тамағың тәтті болады”,– деп жауап қатады.

расында, ішпек-жемектің, көңіл көтермек, ойнап-күлмектің өлшем-тоқтауы бар. Абай қара сөзінде мансап іздемек, айлалы болмақтың өлшеуі барын айтады. “өлшеуінен асырса, боғы шығады” деп нығарлайды.

🧁не нәрсенің рақатын көп көргің келсе, шектей біл. ләззаттарды шектеу – шектелу емес, асылында, сол ләззаттың рақатын үзбейтін қорғаныс, сақтау. Абай оны “ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың” деп түйіндейді.

бауырың жазды 💌

14 Nov, 02:45


🍃 тірі жанның өзі ұйықтап (жарты өлім) жатып бастырылып қалғанда «Лә иләһә иллә Алланы» әрең айтады.

өлген адамға қабірде жатып бұл сөзді айту оңай болады деп ойлайсыз ба?

Ендеше, кеудеңде жан барда жүрегіңді тек Аллаға байлағын, бауырым ❤️

#ғайып #сын_дәптер

бауырың жазды 💌

13 Nov, 19:13


🕐

бауырың жазды 💌

13 Nov, 11:13


✍️Адамдардың шектен шыққандары соншалық, арзан күлкі үшін Құдайын приколға тығатын кезге де жеттік💔




Басқасы емес мұсылман бауырың соны істегенде… өзіңді біртүрлі сезініп кетеді екенсің🥺

бауырың жазды 💌

13 Nov, 05:37


Оқып жүрген Құраныңызға осындай әдемі қап алғыңыз келсе немесе достарыңызға сыйлағыңыз келсе, төмендегі арнаға өтіп, тапсырыс берсеңіз болады:

https://t.me/guranlight

Өте сапалы. Көздің жауын аларлықтай🙂

бауырың жазды 💌

12 Nov, 17:59


🪫Бос іс шариғаттағы, Құдайдың алдындағы міндеттеріңді орындауға кедергі болатын болса онда ол харам болып қалады…

‘Ерсін Әміре

бауырың жазды 💌

12 Nov, 17:46


Анонимді хаттардың ішінен бір жазбаға көзім түсті😄

Сөзбе сөз тасығып келмеді, қысқаша мағынасында маған «ақылсынбашы» дейді😂 Сөйтіп ана жазғанның әр әріпін оқыған сайын жазғандарым есіме түсіп, расымен де «кімге жазамын сол сөздерді?» деймін ғой өзіме. Ойланып, отырып қалдым. 5-10 минут. Ойланғанда да тәкаппарлықпен күресіп ойландым.

• Жарықтық ұстазым айтатын: «әркімде бір-бір мұң мен қайғы бар. Олар саған мықты болып көрінгенмен ішіндегісіне өздері соғыс ашып, бойындағы жақсылыққа қайшы қырларымен күресіп жүрген пенделер».

• Тағы үсті-үстіне қосылып Нұрсұлтан ұстаздың сөзі тап ете қалды: «адам тәкаппарланып кетпес үшін Аллаһ әркімнің бір каналын қысып, жүрегіне мұң береді» деген.

Сөйтіп жәңәгі тәкаппарлығыма жауап қатып, артынан арам ойлар кіріп кетері бар ма… СДВГ ұстап, өз өзіме айналдырып алып, эмоцианалды әткеншекте бір ми шайқап қайттым.

Сондағы түйгенім, саусақтарыммен терген, яки тіліммен өрген әрбір сөздерім өзіме тік бағытталып шыққан төтелер екен.

Көбісі айтады ғой «жұртқа пайдам тисін деп жазамын» деп. Мен бейбақтан пайда тек дүниемен келмесе ақіреттен үмітті өзіңізге байлаңыз дер едім. Жұртқа бас қатырмас бұрын өзімді жиыстырып алуым керек емес пе?…

«Артында жоқ көсеумен қамшылайды,
Ақымақ әуре деген әлін білмей»
дегеннің күйін кешпейін. Ин шаа Аллаһ😊

бауырың жазды 💌

12 Nov, 17:16


Сабақ уақытында екі ғимарат арасында жүгіріп жүріп, бір демде дәп осы көріністе қалт жібермей, тұрған жерімде қатып қалдым. Әдемілікке тойып алған соң ғана таспалау есіме түсіп, аулай алған кадрым осы.

~тағы да ғашық етті🤎

бауырың жазды 💌

11 Nov, 17:35


🫧 Өзің жұртқа ештеңе бере алмасаң, басқаның тиіп жатқан пайдасына араласпа!

бауырың жазды 💌

11 Nov, 16:15


وَإِذْ نَجَّيْنَٰكُم مِّنْ ءَالِ فِرْعَوْنَ يَسُومُونَكُمْ سُوٓءَ ٱلْعَذَابِ يُذَبِّحُونَ أَبْنَآءَكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَآءَكُمْ ۚ وَفِى ذَٰلِكُم بَلَآءٌ مِّن رَّبِّكُمْ عَظِيمٌ

(Әй, Исрайыл ұрпақтары!) Естеріңде болса, кезінде сендерді ауыр азапқа салған Перғауын әулетінен құтқарған едік. Олар ұл балаларыңды тірідей бауыздап, қыз балаларыңды (өздеріне күң қылып, қорлау үшін) тірі қалдыратын еді. Біле білсеңдер, осының бәрі сендерге Раббыларыңнан келген үлкен сынақ болатын.

(сура «Бакара» 2:49)




«Ол хабарласқанда Бақараны жаттап отырып, осыған дейін білмеген ақпараттарды оқып, түйгенін айтты. Расымен еврейлер жайлы тегіс айтылған…»

#from_Archie

бауырың жазды 💌

10 Nov, 16:12


Жүрегіңізге нұр сеуіп, көңілді тыныштандыратын зікірмен аптаны тәмәмдайық😍

Өзіңіз тыныш бөлмеде не жүріп келе жатып тыңдауға болады.

Музыкадан бас тарта алмай жүрсеңіз керемет шешім❤️

бауырың жазды 💌

10 Nov, 16:11


көркем зікір – Хәсән Әли

бауырың жазды 💌

10 Nov, 13:01


📎Кез-келген күнә істі тастаудың жалғыз жолы - Аллаһтан лайықты түрде қорқа білу.

Қорқыныш деген тұла бойыңды жайлап кете алатындай өзіңді құл екеніңе сендіре біл. Қаламдар көтеріліп, жазылғанның бәрі кеуіп кеткен ақиқатты қабылдай алмасаң құрдымың сол жерден басталды. Қыз-қырқынға барғыштау, тіліңді құлақ түскен әңгімеге салғыштау, хаосты ұлылық көріп, тәрбие-тәртіптен секіру деген сиқылды түрлі-түрлі араздық бастамаларында өзіңнің қалай жасап кеткеніңді білмей қаласың. «Дер кезінде тоқтатып үлгерем» деп емес, «басынан ол іске кіріспеймін» деу керек қой. Уақытты басқаратын Аллаһу та’аля сені дер кезінде тоқтатпай алыс жарға сүйрелеп жіберсе, нағыз қызықтың көкесі сонда болмақ…🔴


💗Abdullah

бауырың жазды 💌

10 Nov, 12:12


🔎Аллаһтан басқасының бәріне тәуелділік - намыс қорлау, қорлық, өзіңізге деген афронт…

бауырың жазды 💌

10 Nov, 11:35


🍃Егер бұл өмір шынымен олар айтқандай жеңіл әрі оңай болса, САБЫР (صبر) жұмақ есігінің кілті болмас еді…🗝️

бауырың жазды 💌

10 Nov, 06:15


🍃 үңіліп тұр жүрегіңе…

#жарығым

бауырың жазды 💌

09 Nov, 21:38


Жұрт түнгілік ұйқыға батқанда мафия құсап мен шықтым ал каналға 😂



«Миға шабуыл» жасап, қотыр қырларды көбейте қояйын десем, ақылыма сантүрлі сұрақ келеді. Солардың ішінде:

- Бүгін анаңа хабарластың ба?
- Бүгіндікке бір адамды болсын қуанта алдың ба?
- Осы күніңде кімге жақсылық жасап, өзіңе қанша сауапты іс жинадың?
- Әдеттегі ісіңнен алға прогресс бар ма?
- Кімнен кешірім сұрап үлгердің?


Өзімнен отчет алу ғана емес қырық жылғы оқиғаның желісінде қайта айналдырып бір адреналин алып қалдым😄



Өзіңізге есеп беріп жатып пе едіңіз?