Belgisiz ūly @belgisizuly Channel on Telegram

Belgisiz ūly

@belgisizuly


Сезім тамшылары…

Belgisiz ūly (Kazakh)

Белгісіз үлі - сіздің сезім тамшыларыңызды жинауға арналған Telegram каналы. Бұл каналда жасау және өзге сезімдерді бөлісе отырып, өзіңіздің нақты таңдауларын айтарсыз. Белгісіз үлі көркем дамыған платформа, әлі шешімін таба алмайтын мәселелерді талдайды. Сіздің тамағыңызды кеңсіздікке жүргізу үшін біздің каналға қосылыңыз. Сіз үшін нақты оқиғалар және көңіл керек ақпараттарды пайдаланып, жаңа даму жолдарын таба аласыз. Белгісіз үлі - сіздің тамаша жағдайда сезім тамшыларыңызмен бөлісуді тиіс. Каналға қосылыңыз және жаңа мүмкіндіктерді көріңіз!

Belgisiz ūly

20 Feb, 16:39


Қабірдің ғана есігі жоқ.

#суға_лақтырған_тас

Belgisiz ūly

19 Feb, 14:47


сұлулық жүректе…

#бүгін

Belgisiz ūly

18 Feb, 14:12


таңдамау да - таңдау.

#бүгін

Belgisiz ūly

17 Feb, 15:28


мен орысша айтқанда “отношение выяснять” еткенді ұнатам. “Мен ол үшін кіммін? Ол мен үшін кім? Жалпы бұл қарым-қатынастың мәні не?”дегенді көп ойланам. Бәлкім, солай өзімді танығым келетін шығар.

#бүгін

Belgisiz ūly

16 Feb, 14:37


Кеше жантайыып, телефонға телміріп жатсам, бірдеңе дұрыс емес сияқты көрінді экранда. Бажайлап қарасам, телефонның қорғаныш бетіне қылдай сызат түсіпті. Байқамай жүре бергенмін ғой осы уақытқа дейін. Адамның көңілі де сондай нәзік. Әуелі аздаған қаяу-мұң түседі. Бір қарағанда өзіңе де байқалмайды. Қанша өмірлік тәжиірбе болса да, жүрекке түскен мұң жинала-жинала экрандағы нәрсені анық көрсетпейді. Сондықтан кешірімді бол. Сонда жүрегің тыныш, миың таза болады.

©️Қытайлық философ Ма

#суға_лақтырған_тас

Belgisiz ūly

15 Feb, 05:20


Бағана таңғы ас ішуге бара жатқанмын. Жанымызда КНБ-ның ғимараты бар, соның жанында, көшеде бір аға амандасады. Сосын “Инстаграмың болса, әйелім конкурсқа қатысып жатыр еді, лайк басып жіберші” ,-деді. Қуана-қуана басып, пікір жазып кеттім.

Риза болғаным, әйеліне қалай да болсын көмектескісі келіп жатыр. Өскенде сол аға сияқты боламын деп шештім. Жо, жоқ Кнбщник емес, адал жар, қамқор күйеу, жауапкершілігі мол әке деген сияқты. Себебі “Отан - отбасынан басталады”.

#бүгін

Belgisiz ūly

14 Feb, 14:13


Кофе-ғұмыр…


Бір күні қызы әкесіне көңілсіз күйде келіп, өміріне шағым айта бастады:
- Әке, мен бәрінен шаршап кеттім. Менің жеке өмірімде де, қызметімде де үнемі қиындықтар таусылмайды... Мұның бәрімен қалай күресемін?
Сонда әкесі байыппен былай деді:
- Мен саған қазір бірдеңе көрсетейін.
Әкесі отқа су толы үш ыдысты қойды да, әр ыдысқа сәбіз, жұмыртқа мен кофе салып қайната бастады. Біраз уақыт өткен соң отты өшіріп, қызынан сұрады:
- Бұларға не болды?
- Не болушы еді, ыстық су қайнағанда жұмыртқа мен сәбіз пісті де, кофе қайнап еріп кетті, - деп жауап берді қызы.
- Дұрыс! – деді әкесі, - егер біз бұған байыппен көз салсақ, қайнаған суда қатты сәбіз жұмсарды, ал сұйық жұмыртқа қатып қалды. Бұларды осындай күйге түсіріп, өзгерткен қайнаған су – қайнаған өмір. Адамдарды да өмір осылай өзгертеді. Осындай жағдайлар өмірде де жұмсақ адамды қатты, қаттыны жұмсақ етеді.
- Ал кофе ше? – деп таңдана сұрады қызы.
- О, кофе – бұл ең қызығы. Ол мына қайнаған суда еріп кетті де оған ерекше дәм мен иіс сыйлады... Бұл өмірде осындай адамдар көп. Олар жағдайды өзгерте алмаса да, жағдайға байланысты өзін өзгертеді де өміріне өкпе артпай, тіршілігін жалғастыра береді. Сөйтіп өзіне жаңа іс тауып, өзін басқа қырына ашады. Бұл өмірде қандай рөл атқару – әркімнің өз еркінде.

©️”Массагет” сайтынан

#суға_лақтырған_тас

Belgisiz ūly

13 Feb, 15:42


Жылай-жылай көзі жасы да суалар,
Бірте-бірте от сезім де сөнеді…

#біркемдүние

Belgisiz ūly

13 Feb, 09:28


Барлығыңызды 15 ақпан (сенбі) сағат 18:00-де №14 кітапханада өтетін "Тоқсары" танымдық стендап жобасын көруге шақырамын!

Кіру тегін. Ешқайда тіркелмейсіздер:)

Мекенжай: Римского-Корсакова 3, №14 кітапхана

Belgisiz ūly

11 Feb, 09:45


Былай ғой.

Керек сөзі екі-ақ жағдайда жіктеледі:

Мен саған/оған керекПІН

Сен маған/оған керекСІҢ

Өзге жағдайдың бәрінде

Сен сүйтуІҢ керек
Мен бүйтуІМ керек

Осыны жаттап алайықшы. Жай ғана. Екі мысалды жаттап алайық. Болды.

Belgisiz ūly

10 Feb, 08:29


Өзгені сынаудың құны,
сол сыннан өзің өту

Belgisiz ūly

10 Feb, 08:27


Адамнан көп күтіп қалу, тым идеал көру, өзіңнен артық санау – бастапқыда күткен сезімдеріңнің күл талқанын шығарады.

@dinaraboranbay1

Belgisiz ūly

10 Feb, 08:26


Неге біз өзімізбен өзіміз бетпе-бет келуден қорқамыз? Негізі адамдар екі топқа бөлінеді: өмірді сүйетін және сүймейтін адамдар. Шын мәнінде, өмірді сүймейтін адамдар бірінші топқа қарағанда өмірден мәнді жиі іздейді, сол тұрған бойларында-ақ олардың өмірінде мән болуы мүмкін, тек өздері байқамайды. Олар өмірді сүймесе де, жалғыздықты, ішкі жалғыздығын сүйетінін өздері де білмейді. Шын мәнінде, көбіне-көп жалғыздықты саналы түрде өздері таңдайды. Сосын Құдайға «неге жалғызбын?» деген сұрақты қояды. Ақымақтық һәм күлкілі.

Аягүл Мантай «Уақыттың көз жасы»

Belgisiz ūly

10 Feb, 08:25


уақыт емес өтіп жатқан, өмірің!

#сөз

Belgisiz ūly

10 Feb, 08:25


Сүйген қыз “сүйгенін”дүниемен сынамайды

~менің ойым

Belgisiz ūly

09 Feb, 14:28


Бір сәттік ашуды ұстай білсең, мың күндік қайғыдан аулақ боласың.

©️Қытай даналығы

#біржерденоқығаным

Belgisiz ūly

08 Feb, 15:15


Үнемшілдік - береке (бедное мышление емес). Ысырап - күнә (богатое мышление емес).

#біркемдүние

Belgisiz ūly

07 Feb, 15:23


Сылтауы бар адамның келешегі көмілген.

©️”Сұлтан Абулхамид” сериалынан

Belgisiz ūly

06 Feb, 14:42


Мен саған аспандағы Айды алып берер едім, алайда ол менікі емес. Мен сенің жастығыңды гүлге бөлер едім, бірақ олардың өсетін жері басқа. Мен құстардың тілін үйреніп алып, сенің ең сүйікті әндеріңді айтуын сұрар едім, әйтсе де олардың тілін Duolingo-дан таба алмадым. Мен жұлдызды сындырып алып, айналаң үнемі жарық болуы үшін саған сыйлар едім, дегенмен менің қолым аспанға жетпейді. Сондықтан саған мен ұсына алатын ең қымбат зат, жанымның ұясы болған жүрегімді әрі оның кілтін тарту етемін…❤️‍🩹

©️ Said by kartikiarora

#біржерденкөргенім

Belgisiz ūly

05 Feb, 15:32


Шынында өмір деген не? Өмір - бүгін. Иә, бүгінгі күн ғой. Қаншама жылдарды артқа тастаңыз да, олар жай естелік болып қалды. Кері қайтара алмайсыз, қайта жүріп өте алмайсыз ол жолдармен. Ал ертең ше? Ертең әлі келген жоқ. Құдай сақтасын, бәлкім, келмеуі де мүмкін. Уақыт пен кеңістікті есепке алып қарағанда шындық қазіргі сәтте, дәл бүгінгі күнде. Жүзіңізге күлкі дарытып, көңіліңізде көрікті ой көктететін, жаныңызға жайлылық сыйлайтын бір мүмкіндік болса, ол - бүгін. Ұлы мақсатыңызға тура қазір жете алмауыңыз мүмкін, дегенмен соның жолына түсіп, қадам басу үшін берілген мүмкіндік. Ойларымыз алысқа ұшып, қиялымыз қиянға әкетсе де, жүрегіміз өрекпи соғып, үнемі биікке асығып тұрса да, шынайы бақыттың қазіргі мекеніңіз бен бүгініңізде екенін тағы бір ойланыңыз. Асылында өміріңізде қанша күн бар екені емес, күніңізде қанша өмір бар екені маңызды емес пе?..

#суға_лақтырған_тас

Belgisiz ūly

04 Feb, 18:57


"Кафе на краю земли" деген кітаптан оқыған керемет бір оқиға бар теңіз тасбақасы туралы. Ерекше сұлу теңіз тасбақасын көрген сүңгуірші күнде қуып жетпек боп соңынан жүзеді екен. Бірақ жете алмай қала береді. Теңіз жағасына шығып ойланады, неліктен жылдам жүзсе де қол созым жердегі тасбақа ұзап кете беретінін ұғынуға тырысады. Сөйтсе тасбақа теңізден өзіне қарсы соқққан толқынды тапжылмай, бір орында қалуға тырысып тосып алса, толқын жағаға соғып кері қайтқан оңтайлы сәтті пайдаланып теңізге беттейді екен. Сүңгуір өз қателігін сонда ұғады. Ол толқынға қарамай бар назары тасбақада болып дамылсыз жүзе беріпті, қарсы соққан толқынға төтеп беремін, жүзіп өтемін деп ойлайды да, тез шаршап қалады екен. Сонда, өмір сүруді қарапайым теңіз тасбақасынан үйрену керек боп тұр ғой...

©️ пікір иесі: Көркем Зиятқызы

Belgisiz ūly

04 Feb, 17:51


балық мұхит ағысын басқара ала ма?

#суға_лақтырған_тас

Belgisiz ūly

03 Feb, 14:35


#біржерденоқығаным

Belgisiz ūly

02 Feb, 17:12


адам баласына ақыл үнемі өткеніне қайғырып, болашағын уайымдап жүру үшін емес, Құдайды танып, адамдығын сақтау үшін берілген.

#суға_лақтырған_тас

Belgisiz ūly

02 Feb, 13:53


Күніңіз “Бисмилләһ” деп басталып, “Әлхамдулиллаһ” деп аяқталсын…

#бүгін

Belgisiz ūly

01 Feb, 13:50


Өмірден баз кешіп, бәрінен жалығып, қиналып кетсең, оқи ғой :

Алла әрқашан саған қайырлысын нәсіп етеді. Бұл дегеніміз Ол әрдайым саған ұнатқаныңды емес, қажеттісін, сен үшін ең жақсысын сыйлайды деген сөз. Әрі бұл дүниенің сынағы уақытша, иманды жандар үшін мәңгілік рақат бар. Ендеше бұл дүниеге тым салмақты қараудың қажеті жоқ, қандай нәрсе ұсынылып жатса да. Бастысы арғы өмірде, шынайы өмірде ұтылмасақ болғаны. “Бұл дүние - ақіреттің егістігі” деп Пайғамбарымыз (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай, жай қолдан келгенді істеп, дайындала беруіміз керек. Өзімізге және айналамызға көмектесудің жолында алға қарай қадам баса берсек, уақытымыз зая кетпейді, өміріміз бос өтпейді, жақыным🩵

#құшақтадым

Belgisiz ūly

31 Jan, 14:31


Күн жылытпайтын суық көңілді - сөз ғана жылыта алады.

©️Ғабиден Мұстафа

Belgisiz ūly

30 Jan, 17:11


Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
қайта тұрып қақың бар жүгіруге…

©️Мұқағали Мақатай

Belgisiz ūly

29 Jan, 16:07


Ғашықтар үшін жоқ ұстаз, бәріміз түгел шәкіртпіз…

©️ Қадыр Мырза Әлі

Belgisiz ūly

28 Jan, 16:02


А разве мёртвых утешат слёзы?..

©️ из аниме “Великий из бродячих псов”

Belgisiz ūly

26 Jan, 12:45


Маған ….. жетпейді. Бос орынды толтырыңыз.

#жазағой

Belgisiz ūly

22 Jan, 14:24


Сіздің өмірлік мақсатыңыз не?

#жазағой

Belgisiz ūly

21 Jan, 13:40


Егер сізге әлемдегі тек 3 (үш) елге саяхаттап баруға болатындай шектеу қойылса, бұл қай мемлекеттер болар еді? Не үшін дәл осы мемлекеттерді таңдадыңыз?

#жазағой

Belgisiz ūly

20 Jan, 14:37


өтірік айтуға болады, егер :

#жазағой

Belgisiz ūly

19 Jan, 16:29


Біз жүргізушісін танымасақ та автобусқа сеніп, мінеміз. Ұшқышты танымасақ та, ұшаққа сеніп, отырамыз. Болашағымызға алаңдап, тәуекел етуге қорқып, қателік істеп қоюды ойлай беретініміз не? Сіздің өміріңізді бүкіл әлемді, сізді жоқтан бар қылған Құдай басқарып тұрған жоқ па?

#суға_лақтырған_тас

Belgisiz ūly

19 Jan, 13:26


мен үшін ақша - 

#жазағой

Belgisiz ūly

18 Jan, 14:05


мені ашуландыратын 3 нәрсе : 

#жазағой

Belgisiz ūly

17 Jan, 13:49


өмірімде міндетті түрде осы істерді істеуім қажет :

#жазағой

Belgisiz ūly

16 Jan, 15:06


Осы 3 нәрседен басқа, барлық нәрсеге көніп, қабылдай аламын :

#жазағой

Belgisiz ūly

15 Jan, 14:16


Қай нәрсені қасиетті деп санайсыз? (яғни, бұл нәрсемен әзілдеуге/ойнауға болмайды.)

#жазағой

Belgisiz ūly

14 Jan, 13:39


Соңғы рет қашан және не үшін шынайы қуандыңыз?

#жазағой

Belgisiz ūly

13 Jan, 13:30


Соңғы рет қашан және не үшін жыладыңыз?

#жазағой

Belgisiz ūly

12 Jan, 13:34


Анаңызбен қарым-қатынасыңыз жайлы не ойлайсыз? Қаншалықты жақынсыздар немесе керісінше:

#жазағой

Belgisiz ūly

11 Jan, 13:56


Отбасыңыздағы ең ұнайтын нәрсе:

#жазағой

Belgisiz ūly

10 Jan, 14:15


Сіз үшін махаббат деген не?

#жазағой

Belgisiz ūly

09 Jan, 15:14


Өміріңіздегі түсінген ең басты ой :

#жазағой

Belgisiz ūly

08 Jan, 14:05


Есіңізден кетпейтін өміріңіздегі ең керемет естелік :

#жазағой

Belgisiz ūly

07 Jan, 14:57


Адамдардың болмысындағы сіз бағалайтын 3 қасиет :

#жазағой

Belgisiz ūly

06 Jan, 13:41


“Тауға шығу” туралы әзілдің авторына айтарым : уахахахаха

#депше

Belgisiz ūly

06 Jan, 13:30


Өміріңізде жеткен ең биік жетістігіңіз :

#жазағой

Belgisiz ūly

05 Jan, 13:41


Егер болашақтан бір нәрсені білу мүмкін болса, бұл не болар еді?

#жазағой

Belgisiz ūly

04 Jan, 13:21


Өткен өміріңізде бір оқиғаны өзгерте алсаңыз, бұл қай оқиға болар еді?

#жазағой

Belgisiz ūly

03 Jan, 12:45


Өміріңізде ең бастысы не нәрсеге шүкір етесіз?

#жазағой

Belgisiz ūly

02 Jan, 14:28


Қайтыс болар алдындағы сәтті елестете аласыз ба?


#жазағой

Belgisiz ūly

01 Jan, 14:08


Сіз үшін “мінсіз күн” қандай болуы керек?

#жазағой

Belgisiz ūly

31 Dec, 19:03


- аға, аспанға ұшып бара жатқан жарқыраған не нәрсе?
- қайырымдылыққа қыйылмаған, ауаға ұшқан ақшалар ғой, алтыным…

#қысқа_әңгіме

Belgisiz ūly

31 Dec, 13:47


Егер дүниежүзіне танымал болсаңыз,сізді кім деп танығанын қалар едіңіз?

#жазағой

Belgisiz ūly

31 Dec, 08:45


Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы айларға ерекше көңіл бөлетін, оны қалай өткізу керектігі жөнінде сахабаларға кеңес айтып отыратын. Сондай-ақ Ережеп айы басталған кезде: «Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!»  – деп дұға оқитын.

(Бәйһақи).

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері»,– деген (Ибн Асакир).

Дереккөз : https://www.muftyat.kz/kk/articles/sermons/2021-02-11/34822-erezhep-rukhani-daiyndyk-aiy/

Belgisiz ūly

31 Dec, 08:42


- ертең қуанышты күн
- Жаңа жыл мерекесін айтасың ба?
- жоқ, қасиетті үш айдың алғашқысы Ережеп басталады.

#ертең

Belgisiz ūly

30 Dec, 14:46


Бүкіл әлемдегі адамдардың ішінен кімді түскі ас ішуге шақырар едің? Неге?

#жазағой

Belgisiz ūly

30 Dec, 14:45


Қайырлы кеш, сүйікті оқырмандарым! Шабытым шала бүлініп, кежегем кері тартқаны себепті тұрақты жазбалар жаза алмай жүрмін. Айып етпеңіздер.

🔹Енді былай істейік : мен күніне бір сұрақ қоямын арнада. Соған бааарынша белсенді жауап беріп отырайық, иә? Ұялатын кісілер болса, анонимді хабарлама жазсаңыз болады.

🔹Сосын ертеңнен бастап күніне бір ғибратты әңгіме салып, оған қатысты ойымды жазып отырамын, (демек көөөп жазба болып кетуі мүмкін бір күнде) оған да өз ойларыңызды білдіріп жүрсеңіздер тамаша болар еді. Аал кеттік, Бисмилләһ

#хәләуләйлім

Belgisiz ūly

26 Dec, 14:51


мен оттегіні көмірқышқыл газына айналдыра алам. Ал сенің қандай сиқырлы қабілетің бар?

#дэпше

Belgisiz ūly

24 Dec, 11:12


Кейде Құдай сенің жоспарларыңды бұзады, өйткені сол жоспарлар сені бұзар еді ...

#degen_eken

Belgisiz ūly

22 Dec, 12:37


Амал етпеген білім - су құймаған гүлге ұқсайды. Ерте ме, кеш пе, солып қалады.

#бүгін

Belgisiz ūly

22 Dec, 06:59


Уайым ертеңгі жүгіңді жеңілдетпейді, тек бүгінгі тынышыңды кетіреді.

#бүгін

Belgisiz ūly

18 Dec, 17:54


Егер біз жай ғана бақытты болғымыз келсе, онда бұл өте оңай болар еді. Бірақ біз өзгелерге қарағанда бақыттырақ болғымыз келеді. Ал, мұның мүмкін емес екені айдан анық, күннен жарық. Себебі басқалар   көзімізге бізден  бақыттырақ болып көрінеді де тұрады.

© Монтескье

Belgisiz ūly

16 Dec, 14:50


Міне, менің жасым биыл алпыс жетіге толды. Соның қырық жылын азаттық жолындағы күреске арнаған екенмін. Адам болып жаралған соң, құр ішкен-жегенге мəз болмай, белгілі бір идеялар үшін алысқанға жететін не бар бұл тірлікте?! Тіпті сол жолда жан қиып, басынды берудің өзі рахат емес пе. Онда өлім де қорқынышты емес, қайта бүкіл өміріңе мағына беріп, сəн кіргізіп тұрады. Шіркін, ер жүрек күрескерлердің алғы сапында жүріп, кеудесін оққа төсеп өлген адамда да арман бар ма екен? Енді, міне, шалғайдағы шағын қаланың бір бұрышында төсектен тұруым мұң болып, аш иттей бұралып жатқан түрім мынау. Ешкімге қажеті жоқ, арам өлім ғой — мұның аты...

©️ Қабдеш Жұмаділов “Тағдыр”

Belgisiz ūly

16 Dec, 06:05


Сосын танитын-танымайтын (дүкенде, асханада, т.с.с. жерлерде) адамдарға “Мереке құтты болсын!” , “Тәуелсіздік күні құтты болсын!” деп құттықтап жүрейікші, тек онлайн жазумен, сторис салумен шектелмей. “Жаңа жылыңызбен” деп шала да болса ерін жыбырлататынымыз бар ғой, ұялмай-ақ. Өзімізді өзіміз көтермесек, ешкім бізге саты әкеліп бермесі анық.

#бүгін

Belgisiz ūly

16 Dec, 05:17


Тәуелсіздік пен ұлт жолында шәһит кеткен ата-бабаларымыз бен аналарымыздың рухына дұға тілейік. 16 Желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын! Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз баянды болғай🇰🇿

#бүгін

Belgisiz ūly

15 Dec, 13:44


Өзіңнің ең жақын адамың дүниеден өткенде, сенің де тірлігіңнің бір бөлшегі сонымен бірге кететін сияқты ма, қалай? Ажар анасын қайтпас сапарға ұзатып салғаннан бері Демежан көңіліне де алғау түсіп, жалпы өмір, өлім туралы көп ойлайтын болып еді. Адам өмірі қандай қысқа?! Бірақ тірі пенде соны ойламауға тырысып, өзін алдарқату үшін неше түрлі қарбалас қам-қарекет, бітпес, таусылмас ермектер тауып жүреді. Ал шындап ой жіберсең, тірліктегі қызық-қуаныш, талас-тартыс, жеңіс-жеңіліс дегендерің — өзіңді-өзің емексіткен, жай күн өткізудің амалы сияқты.

©️Қабдеш Жұмаділ “Тағдыр”

Belgisiz ūly

14 Dec, 15:01


Әдемі түріңнен не пайда, егер жүрегің ұсқынсыз болса?!

#degen_eken

Belgisiz ūly

12 Dec, 15:46


Теңіздің тап ортасында шөлден қаталап өлген қандай жаман десеңізші?! Сол секілді өмірде өте көп нәрсеге ие бола тұрып, ең керектісі бойыңда болмуынан өкінішті не бар?!

#біркемдүние

Belgisiz ūly

11 Dec, 10:20


Жаман мінез - қиыршықтанып (ұсақталып) сынған сазды құмыра сияқты. Ол жамауға келмейді не топырақ болып жарытпайды.

© ғұламалардан

Belgisiz ūly

07 Dec, 18:28


Рухымыз “тән” атты қонақүйдің тұрғыны. Әр адам әлемге өз терезесінен қарайды.

#суға_лақтырған_тас

Belgisiz ūly

07 Dec, 18:00


Кез келген адамның тосынсыйы бар.

#бүгін

Belgisiz ūly

05 Dec, 17:07


Адамға өз жүрегінен артық төреші жоқ.

#ғұламалардан

Belgisiz ūly

04 Dec, 14:55


Сабыр сақтау - бейқамдық емес. Ол әр нәрсенің қазіргі жағдайына қарамастан соңы не боларын ойша барлап, соған сену. Сабырдың мәні не? Оның мәні : тікенектерге қарап тұрып, раушан гүлін көру; түн құшағында тұрып, баяу атып келе жатқан таңға көз жіберу. Ал сабырсыздық құдықтың түбінде жатып, “аспан осындай ғана екен” деп ойлау. Құдайды сүйетіндер ешқашан тағатын таусып, сабырын сарқымайды, себебі жартыкеш айдың толысып, айналасын нұрға бөлеуі уақыт еншісінде екенін терең түсінеді.

© Элиф Шафак

Belgisiz ūly

03 Dec, 15:46


Өмір дүкенінен қалаған нәрсеңді қалағаныңша ал. Бірақ соңында ақысын төлейтін касса бар екенін ұмытпа.

#degen_eken

Belgisiz ūly

02 Dec, 16:58


🔡 Ғашық болу қызық сезім. Өз сезімдеріңді ешқашан түсінбейсің. Ерке жел секілді есті шығарады және есіңді кетіреді. Онда отпен ойнау – қауіпті. Мүмкіндігінше от секілді қауіпті дүниелерден алыс болған жөн!

@dinaraboranbay1

Belgisiz ūly

02 Dec, 16:09


- өзімді қашан бақытты сезінер екенмін?

- Алла қаласа, сезінесіз әлі. Сену керек. "Егер бақыт сізге әлі келмеген болса, ол өте үлкен, сондықтан асықпай келе жатыр" деген екен.
Немесе бақыт деген сәттер ғой, айналаңызға және өзіңізге мұқият зер салыңыз : сәбидің күлкісінен, жақыныңыздың қуанғанынан, қарттың батасынан, мұғалімнің алғысынан, бір тал шоколадтан, деніңіздің саулығынан, ата-анаңыздың амандығынан, қарныңыздың тоқтығы мен көйлегіңіздің көктігінен, ашық аспаннан, қазақ болғаныңыздан, мұсылман болғаныңыздан (Аллаға шүкір) бақыт табуға болады)

#меніңше

Belgisiz ūly

01 Dec, 13:32


СұрАқ : Марат аға, қалайсыз?
Кеш жазып тұрғаным үшін кешірім сұраймын
Қолыңыз босаған уақытта жауап бере аласыз ба?

Мен 4 курс оқимын, gpa 2,57 болып түсіп кетіп едіі.
Енді сұрайын деп едім, жұмысқа орналасқанда
ол жағына қатты мән береді ма? Сізде сондай жағдай болып па еді?

Рақмет)

ЖауUp: Қайырлы күн. Шүкір, жақсы. Өзіңіз қалайсыз?

Жұмысқа аларда тек дипломыңызды сұрайды, ал ең маңыздысы ықыласыңыз, қабілетіңіз, талабыңыз, біліміңіз.

#бүгін

Belgisiz ūly

01 Dec, 13:30


СұрАқ : Қайырлы таң,адамның құндығылығы қалай өлшенеді?

ЖауUp: Қайырлы күн! Адамның құндылығы - Құдайдың бұйрығына қаншалықты бағынатынына және басқа адамдардың ақысына қаншалық мұқият екеніне байланысты - деп ойлаймын.

#депойлайм

Belgisiz ūly

30 Nov, 17:30


Егер қиындықтан эмоцияны алып тастасақ, тапсырма ғана қалады.

#degeneken

Belgisiz ūly

19 Nov, 12:48


- Көп нүкте - бұл аяқталудың жақын қалғанын білдірмей ме?
- Мүлде олай емес, балам.
- бірақ онда күмәннің үлесі көп қой...
- Белгісіздіктің. Ал тіпті ең бұлыңғыр белгісіздікте үміттің әлсіз сәулесі болады. Мен соншалық оптимист емеспін, алайда адамдардың басқа түскен сынақтардан күштірек екеніне сенемін.

© Эльчин Сафарли

Belgisiz ūly

18 Nov, 12:48


Менің жаным ашиды бұл өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға...

©Мұқағали Мақатай

#бүгін

Belgisiz ūly

17 Nov, 15:34


Көк жазуды басып, арна әкімшісіне (админі) анонимді (құпия) хат ( пікір, сын, ескертпе, ұсыныс, тілек,т.б.) жазуыңызға болады.

#()

Belgisiz ūly

16 Nov, 17:34


сұлулықтың бетте болғаны жақсы, дегенмен оған қоса жүректе болмаса бұл жақсылықтан қайыр жоқ.

#бүгін

Belgisiz ūly

14 Nov, 15:38


Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір хадисінде: «Нағыз мұсылман сол – оның тілінен жəне қолынан ешбір мұсылман зиян көрмейді», – дейді.

Belgisiz ūly

12 Nov, 14:35


...өміріңізді қай шақпен өлшейсіз? Көп адам өткенімен өлшеп жатады. Бір жағымсыз оқиға болды және тағы да сүріндім. Сәтсіздіктің ызғары тәніңді не жаныңды қарып өтті. Сонымен? Өмір бітіп қалды ма? Мүмкін Жер тоқтап қалған шығар? Сол үшін бақытсыз деген киім киіп алу керек пе? Кешіріңіз. Бірақ қаласаңыз да, қаламасаңыз да Өмір жалғасуда, Жер айналуда. Қандай жағдайды бастан өткізсеңіз де, сол мұңды болсын қайғыны кеудеңізге беріш қып қатырып аласыз ба, оны қабылдап, артқа тастайсыз ба? Шешім әрқашан өзіңізде.

#суға_лақтырған_тас

Belgisiz ūly

12 Nov, 13:55


Миымды үтіктемеші !

#депше

Belgisiz ūly

12 Nov, 13:41


ауыр ашылатын есіктер бар ғой бір. Сондай есіктің артында кішкентай ұлының сөмкесін арқалаған ана қинала ашып жатыр екен. Өзі де аласа бойлы, талдырмаш кісі. Баласын сабақтан алып қайтқан болуы керек, ұлы самбырлап бірдеңелерді айтып жатыр. Бер жағынан итеріп, ашысып жібердім де, ұстап тұрдым. “Рақмет” деді жұмсақ дауыстап.
Осындай сәттерде өзімді тірі адам сезініп қаламын. Біртүрлі қызық сезім… Әрқашан өзге жандарға “есік” ашып жүрейікші, адамдар…

#бүгін

Belgisiz ūly

11 Nov, 13:00


🎉 Результаты розыгрыша:

Победитель:
1. Naz

Проверить результаты

Шартты толық орындаған Наз бикешке кітап бұйырды. Барлық қатысушыларды құттықтаймын. Кітапты сатып алам деушілер болса, Kaspi дүкенінен немесе Алматыдағы Kitap.al, Olja peak дүкендерінен ала аласыздар.

Belgisiz ūly

10 Nov, 14:29


Жан қалауынан махаббат, сана қалауынан достық, тән қалауынан құмарлық туады. Демек махаббат пен құмарлық екі басқа. Қайың отпен достасуға құмартыпты. От қайыңға өзінің жалындаған гүлін ұсыныпты. Жас қайыңның күлі ғана қалыпты...

© Мырзагелді Кемел

Belgisiz ūly

10 Nov, 07:06


Ертең анықталады, бұйырса. Үлгеріп қалыңыздар.

Belgisiz ūly

09 Nov, 06:46


Барлық кедергі, қорқыныш тек миыңның ішінде.

#солай_емес_пе?

Belgisiz ūly

08 Nov, 12:50


Аздардың қатарынан бол.

#тілек

Belgisiz ūly

06 Nov, 16:42


реніш тек сәттік эмоцияның тұнбасы ғой, оны тазалау/тазаламау әркімнің өз еркі. Бірақ ыдысыңыз (жүрегіңіз) не нәрсеге толатынын ойлап қойыңыз…

#меніңше

Belgisiz ūly

05 Nov, 19:17


Біреуге масыл болып өмір сүруден сақтасын деймін. Өзіме де, өзгеге де.

Аяқ-қолың сау, есің бар шақта өз күніңді өзің көруге талпыну қажетсің. Сені ешкім асырауға, қателігіңді кешіріп, бүлдіргеніңді түзеп беруге міндетті емес. Солай біреуге арқа сүйеп қалғандар жаңағының бір ілгері басқан аяғын кері қайтарады. Селбесіп, өсуге, өнуге мұрша бермей қояды.

Біреуге залалың тимей, ешкімді ыңғайсыз жағдайға қалдырмай, әлдебіреуді әурелемей, ешкімге жүк түсірмей өмір сүру – ол да бір сауаттылықтың көрінісі.

Belgisiz ūly

05 Nov, 14:51


"...Сен тілеген түннің бәрі қайырлы..."

#🫀

Belgisiz ūly

04 Nov, 16:24


рухыңызға үңіліп көріңіз. Адам өзін танығанда, өзгені таниды, өзіне шындықты мойындай алса, біреуге де мойындай алады. Сол секілді өзіңізге өзіңіз ашық болуға батылыңыз жетсе, өзгелерге де ойыңызды батыл айта аласыз.

#бүгін

Belgisiz ūly

02 Nov, 14:20


әр нәрсенің қайыры бар, соңында адам ненің өзі үшін жақсы екенін біле алмайды. сондықтан үнемі асығады, әркез алаңдайды. алайда ғайыптың кілттері Алланың жанында екенін, Оған тәуекел етсек, ең жақсы нәтижеге жетерімізді есте ұстауымыз қажет.

#бүгін

Belgisiz ūly

01 Nov, 14:35


- мынау айран ба?
- жоқ, кефир ғой

#біркемдүние

Belgisiz ūly

31 Oct, 13:37


Түбі рақат болатын қиындықтың несі қиындық? Соңы азап болатын ләззаттың несі ләззат?

#ғұламалардан

Belgisiz ūly

30 Oct, 14:33


Дені сау адамның басында баға жетпес асыл тәж болады. Оны тек науқас адамдар ғана көреді…

#біркемдүние
#ғұламалардан

Belgisiz ūly

30 Oct, 07:24


Қайырлы күн!
Оқырмандарым арасында “Белгісіз&ұлы” егізкітабымды ойнатамын, бұйырса.

🔺Шарттары :

🔹Арнама жазылған болуыңыз керек;

🔹Арнаңызға осы жазбаны репост жасаған болуыңыз керек. Мен тексере алатындай ашық болғаны жөн.

🔹Қараша айының 11-і күні сағат 20:00-де рандомайзер арқылы анықталады.

@belgisizuly

Belgisiz ūly

29 Oct, 14:01


жеміс бірден ағаштан өсіп кетпейді ғой. бірінші ағаштың жапырағы, сосын бүршігі, одан кейін гүлі. Ең соңында ғана жеміс пайда болады. Істеп жатқан ісімнің нәтижесін көрмедім-деп мұңайып, шаршап, жарты жолда тоқтап қалма.

#саған
#бүгін

Belgisiz ūly

28 Oct, 14:01


Жақсы көретін адамыңа, жақыныңа қарай қадам басу - жақсылық.

#бүгін

Belgisiz ūly

26 Oct, 14:01


адам есеюге асығады, сосын қайта бала бола алмайды. қолда барын жоғалтқанда ғана қадірлей бастайды.

#біркемдүние

Belgisiz ūly

24 Oct, 16:24


жеміс өсіп тұрған ағашқа ғана тас атылады.

#ғаламтордан

Belgisiz ūly

24 Oct, 14:55


әркімді өз ойымен қалдырған жақсы.

#бүгін

Belgisiz ūly

22 Oct, 14:03


жаңбыр мен жердің байланысы, әр тамшының өзінің түсетін жері бар.

әрбір тамшыға берілген бұйрық бұлжытпай орындалады, жерде оны қасқайып қабылдайды.

қанша тамшы? миллион, миллиард? оны санауға сенің санаң жетпейді.

енді ойлашы, жаңбырдың әр тамшысына дейін Аллаһтың жоспары, саған келгенде орындалмай қалады деймісің?

#ойық

Belgisiz ūly

22 Oct, 13:55


Алла жаратқан әр жаратылыста Оның Мейірім мен Даналық есімінің шағылысы бар ғой.

#бүгін

Belgisiz ūly

21 Oct, 12:16


«ертең, міндетті түрде бақытты боламын» — деді де оянбады…

#ойық

Belgisiz ūly

20 Oct, 14:45


“ал мен неге “жалғызбын” неге мен де солай күлмеймін?” - деп сұрап отырсың ба өзіңнен?

#жазағой

Belgisiz ūly

20 Oct, 13:32


неліктен сенің сәби жүрегіңді,
жүрегімнен жұлуға жүрексінем?

Belgisiz ūly

18 Oct, 14:01


жылау ұят емес, жүрегіңнің жұмсақтығынан…

#саған
#бүгін

Belgisiz ūly

17 Oct, 13:50


көп адам осы (өткінші) дүниенің айналасынан шыға алмай қалады. Ортада сезім де, сенім де жоқ, жай өрмекшінің торы сияқты алдамшы бірдеңе ғана ұстап тұратын. Жүрек жоғары идеяға байланбағандықтан күн өткен сайын өмірі сүреңсіздене бермек.

#біркемдүние

Belgisiz ūly

16 Oct, 15:45


“уақыт емдейді” дейді ғой біреулер. Уақыт емдемейді. Ол жаңа жаралар салады, ескі жара жаңасынан қарағанда жеңіл ауыратындай көрінеді, сөйтіп біз жаңасымен алысып жүріп, ескісін ұмыт қалдырамыз…

#суға_лақтырған_тас

Belgisiz ūly

15 Oct, 13:55


сынықты да ауыртып салады ғой, әйтпесе ол қисық бітеді де тіпті ауыртады. Сол сияқты өмірде көп нәрсе нәпсімізге жақпай жатады, бірақ одан өтуіміз керек.

#бүгін

Belgisiz ūly

13 Oct, 15:01


Көк жазуды басып, арна әкімшісіне (админі) анонимді (құпия) хат ( пікір, сын, ескертпе, ұсыныс, тілек,т.б.) жазуыңызға болады.

#()

Belgisiz ūly

13 Oct, 14:44


жүрегіңді тыңдап көр. өзіңді іштей қинай берме. Алла қаласа, бәрі өз ретімен, өз уақытымен болады. Сезімдеріңді түсінуге тырысқаның жақсы, дегенмен сұрақтардың жауабы бірден ойыңа түсе бермейді. Кемелдікке ұмтылған адам әр күн сайын өзіне жаңалық ашады.

#бүгін
#саған

Belgisiz ūly

11 Oct, 13:45


пендеде қанағат жоқ болғасын бәрінен жалығады…

#біркемдүние

Belgisiz ūly

11 Oct, 12:00


- кеше тақпаған галстугіңді бүгін тағып бара жатқаның не?
- кешегілер ойыма қарайтын еді, бүгінгілер мойныма қарайды.

#degeneken

Belgisiz ūly

09 Oct, 15:17


Қайырлы кеш, оқырмандар. 5098 оқырманы (подписчик) бар @ozgewesin Телеграм арнасы сатылады.

Сұрақтарыңыз болса : 87762178607 нөмерге жазсаңыздар болады.

#жарнама

Belgisiz ūly

09 Oct, 15:12


жүрегіме орнаған тұрақты мұң,
сезімімнің алдында ұяттымын.
шексіз мұнар аспанға қарап тұрып
бүгін сізді сағынған сияқтымын…

өткеніне беймәлім, өкінді кім?
бір бұрышта жылап тұр жетім жырым
сарғайған жапыраққа қарап тұрып
бүгін сізді сағынған секілдімін…

демеймін тағдырыма арыз мұным,
үмітті ортадағы тағы үздірдім.
сәбидің күлкісіне қарап тұрып
бүгін сізді сағынған тәріздімін…

ал сіз ше?


#бүгін
#mood

Belgisiz ūly

09 Oct, 13:45


адамдар жазған кітапта өмірдің шағын ғана бөлшегі болғаны сияқты, өмірде де кітаптың кішкентай бөлігі ғана бар. Сондықтан оны тұтастай шындық деп қабылдай беруге келмейді.

#бүгін

Belgisiz ūly

07 Oct, 13:45


махаббат - екі адамның бір ұлы мақсатқа бір жолмен бірге аттануы

#меніңше

Belgisiz ūly

06 Oct, 12:59


көшеде : “бауырым, бір штук жайнамазың бар ма?” деп сұрайтын күнге қашан жетер екенбіз?

#қазір