Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆 @aibarys_kitap Channel on Telegram

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

@aibarys_kitap


Сәлем! Есімім Айбарыс. Даму жолында жүргеніме 7 + жыл. Өзім оқып жүрген кітаптардан алған білімімді подкаст арқылы бөлісемін!

• Ең маңызды ойларды 3-5 минутта тыңдап, біліміңді шыңда!

• Консультация/сұрақ/ұсыныс/жарнама @aiba_km

• Каналға тіркеле кет!

Айбарыс | Подкаст (қазақша) | Даму каналы (Kazakh)

Сізге кітаптарды оқуға ғана үміт көрсеңіз, Айбарыс атауы сіз үшін толықтыруларынан біреу бола алатын керемет подкаст каналы! Айбарыс атындағы ұсыныстар және тарихтан өзге білімдерді сізге тексеру дұрыс жол таңдау арқылы көмек көрсетеді. Осы каналды қазір тіркеліп, сұрақтарыңызды жіберіп, кеңестеріңізге ортақ болыңыз – өзіңіздің біліміңізді шықтарыңыз керек! Жазылыңыз және Айбарыс каналы арқылы кітаптардың қазақша тілде айырылған жаңа арнайы мазмұнымен танысасыз!

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

25 Apr, 17:55


Өміріңнің жарық сәттерге толы болғанын қаласаң, іштегі қараңғылықтан арылуға тырыс.

Себебі сыртқы әлем сенің ішкі жан дүниеңнің шағылысы…

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

19 Apr, 23:41


«Өміріңізге бір адам кіріп немесе бір жағдай күтпеген жерден орын алса, сол адамның немесе жағдайдың сізге келгендегі даналығын іздеңіз»

Ешнәрсе бекерден бекер болмайды. Әрбір нәрсенің даналығын көруге тырысу керек.

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

10 Apr, 03:01


АС САЛЯМУ АЛЕЙКУМ!

Достар, айт мейрамдарыңмен! Аллаһ Тағала бізден де, сіздерден де барлық жақсы
амалдарымызды қабыл етсін!

Келесі Рамазанға аман-есен жетуімізді нәсіп етсін! Айт құтты болсын❤️

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

09 Apr, 18:56


Ас саляму алейкум

Ертең мешітке айт намазына баруды ұмытпайық

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

03 Feb, 12:45


Бүгінге инсайт:

Көп адамдарды жиі байқаймын. Өзі басқара алмайтын аймаққа көп көшеді, көп талқылайды, көп жамандайды. Мысалы басшыларға сөз тигізеді, ауа райына сөз тигізеді, басқа адамдардың бет-әлпетіне, жұмыстарына, кәсіптеріне сөз тигізеді. Бірақ бұлардың барлығы ол адамның басқара алмайтын аймағында.

Өзгелердің аймағына көшіп, өзінің басқара алатын аймағын ұмытып кетіп жатады. Өзінің денсаулығы, өзінің жұмыстары, кәсіптері, өзінің отбасы және т.б.

Күш-қуатымызды, энергиямызды өзіміз басқара алмайтын аймаққа емес, өзіміз басқара алатын аймаққа жұмсасақ, әлдеқайда көп нәтижелерге жетуші едік…

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

22 Jan, 18:47


Алматыда қатты жер сілкінісі болды. Алматылықтар (және басқа да жер сілкінісі болған аймақтағылар) амансыздар ма?

Аллаһқа дұғада болайық. Бұл жер сілкіністері және басқа да апаттар Аллаһтың қалауымен ғана болады. Және бұл бекерден-бекер емес. Егер бір жерлерде күнәлар көбейіп кетсе, Аллаһ Тағала жаза ретінде немесе ескерту ретінде жібереді екен.

Баршаңызды Аллаһ Тағала Өз қорғауына алсын 🤲

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

02 Jan, 07:53


Өмірлерін жақсы жақа қарай өзгерту үшін көп адамдар күтіп жүрген нағыз дүйсенбі кеше басталып қойды

▪️Жаңа күн
▪️Жаңа апта
▪️Жаңа ай
▪️Жаңа жыл

Бұдан кейін ешқандай сылтау жүрмейді) Ендеше осы жылды өткен жылдағыдан да жақсы өткізуге тырысайық🚀

Адам өзін өзгертпесе, жай ғана күнтізбенің ауысуы ештеңені өзгертпейді 🗓️

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

01 Jan, 16:04


Айтпақшы, әртүрлі әдемі оқылған mp3 форматтағы Құрандарың болса, жекеме жіберіп қойыңдаршы (Құран каналдарының сілтемелері де болады)

Осы жоғарыда жіберген каналға бөлісіп қояйын. Жақсылықтың таралуына себепші болайық

Нашид емес, тек Құран!

Жекеме сілтеме👇
@aiba_km

Рақмет🙃

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

01 Jan, 15:48


Ендеше Аллаһтың сөзі болған Құранды жиі тыңдап жүрейік

mp3 форматта осы екінші телеграм каналыма Құрандар салып жүремін. Әртүрлі Құран оқушылардың оқуларымен. Тіркеліп алсаңдар болады🪐

Сілтеме 👇

https://t.me/quran_on

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

01 Jan, 15:47


"Расында жүректер тек Аллаһты еске алумен ғана тыныштық табады."

أَلَا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ

"Рағыд" сүресі 28-аят

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

30 Dec, 13:02


Баршамыздың сыртқы келбетімізді Аллаһ Тағала әдемі қылып жаратты. Біз енді өзіміздің ішкі жан дүниемізді түзеп, соны да әдемілейік

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

30 Dec, 12:49


بسم الله

عن أنس رضي الله عنه: كَانَ لِأَهْلِ الْجَاهِلِيَّةِ يَوْمَانِ فِي كُلِّ سَنَةٍ يَلْعَبُونَ فِيهِمَا فَلَمَّا قَدِمَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الْمَدِينَةَ قَالَ: كَانَ لَكُمْ يَوْمَانِ تَلْعَبُونَ فِيهِمَا وَقَدْ أَبْدَلَكُمْ اللَّهُ بِهِمَا خَيْراً مِنْهُمَا يَوْمَ الْفِطْرِ وَيَوْمَ الْأَضْحَى
رواه الإمام أحمد، صححه الألباني

Ардақты сахабалардың бірі Анас ибн Малик (Аллаһ оған разы болсын) айтады:
"Пайғамбар ﷺ Медина қаласына келмей тұрып, надандық-күпірлік уақытта, жыл сайын ойнап көңіл көтеретін екі күн болатын. Сосын Пайғамбарымыз ﷺ Медина қаласына келген уақытта былай деді: "Сендерде əр жылы ойнайтын екі күндерің бар еді. Ұлы Аллаһ ол екі күннің орнын одан жақсы екі күнмен ауыстырды, Ораза айт мейрамы жəне Құрбан айт мейрамы!"
(Имам Ахмад рохимаһуЛлаһ риуаят еткен)

Құрметті мұсылман бауырлар!
Мұсылманға жат күпірлік мерекелерінің бірі - жаңа жылды тойлау! Бұл күнде ең үлкен күнәлардың көп жасалынатын күні болып табылады. Аллаһтың қаһарынан қорқыңыздар. Олармен бірге болудан алыс болыңыздар!
Осы түнде жасалынатын ең үлкен жамандықтардың бірі:

1. Аллаһ емес, жаңа жыл бізге жаңа бақыт алып келсін, аяз ата бізге жақсылық алып келсін немесе жаңа жылға ауысқан түнді қалай өткізсең, келесі жылың солай болады деген сияқты кешірілмейтін өте жаман күнә, яғни Аллаһқа серік қосу жасалынады! Расында бақытты өмірге жету, тек Аллаһқа иман келтіріп және Ислам бұйырған жақсы амалдарды жасаумен болады.

Аллаһ Тағала Қасиетті Құранда былай дейді:

{مَنۡ عَمِلَ صَـٰلِحࣰا مِّن ذَكَرٍ أَوۡ أُنثَىٰ وَهُوَ مُؤۡمِنࣱ فَلَنُحۡیِیَنَّهُۥ حَیَوٰةࣰ طَیِّبَةࣰۖ وَلَنَجۡزِیَنَّهُمۡ أَجۡرَهُم بِأَحۡسَنِ مَا كَانُوا۟ یَعۡمَلُونَ}
[سُورَةُ النَّحۡلِ: ٩٧]

"Аллаһқа иман келтірген ер мен әйел салиқалы амал жасаса, оған әлбетте жақсы бақытты өмір береміз, сондай-ақ оларға міндетті түрде істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз"
[Ан-Нахль сүресі, 97 аят]

2. Жəне бір үлкен жамандықтың бірі - жасыл шырша талды тауаф қылу (айналу). Бұл шыршаны айналу ешқандай жақсылық әкелмейді, бәлкім бақытсыздық алып келеді. Аса Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда мұсылмандарды тек Меккедегі жалғыз Қағбаны ғана тауаф қылуға (айналуға) бұйырды:

{وَلْيَطَّوَّفُوا بِالْبَيْتِ الْعَتِيقِ}
[سُورَةُ الحَجِّ: ٢٩]

"Олар ежелгі Үйді Қағбаны тауаф етсін"
[Əл-Хадж сүресі, 29 аят]

3. Және Аллаһ қатты тыйым салған, адам баласының өмірін бұзатын некесіз жыныстық қатынас, арақтардың ішілуі, кәпірлерге ұқсап бір-бірін құттықтау сияқты жамандықтар жасалынатын күн болып табылады.

Аса Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда былай дейді:

{وَلَا تَتَّبِعْ سَبِيلَ الْمُفْسِدِينَ}
[سُورَةُ الأَعْرَافِ: ١٤٢]

"Бұзғыншы-бүлдірушілердің жолына ерме"
[Аль-А'раф сүресі, 142 аят]

Аса Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда былай дейді:

{وَإِذَا رَأَيْتَ الَّذِينَ يَخُوضُونَ فِي آيَاتِنَا فَأَعْرِضْ عَنْهُمْ}
[سُورَةُ الأَنْعَامِ: ٦٨]

"Қашан олардың біздің аяттарымызға қарсы шығып тұрғанын көрсең, олардан бет бұр"
[Əл-Әнъам сүресі, 68 аят]

Ардақты сахабалардың бірі 'Абдуллаһ ибн Омардан, Аллаһ оларға разы болсын, келген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ айтады:
"Кімде-кім бір қауымға ұқсаса - ол солардан болады!"
(Абу Дауд риуаят еткен)

عَنْ ابْنِ عُمَرَ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ تَشَبَّهَ بِقَوْمٍ فَهُوَ مِنْهُمْ. رواه أبو داود

4. Осы жаңа жыл мейрамымен құттықтау, отырыстарына қатысу - Ғалымдардың бір ауызды шешімдерімен - үлкен күнə, харам болып табылады!

قال ابن القيم رحمه الله تعالى: "وأما التهنئة بشعائر الكفر المختصة به فحرام بالاتفاق مثل أن يهنئهم بأعيادهم وصومهم، فيقول: عيد مبارك عليك، أو تهنأ بهذا العيد ونحوه، فهذا إن سلم قائله من الكفر فهو من المحرمات وهو بمنزلة أن يهنئه بسجوده للصليب بل ذلك أعظم إثما عند الله وأشد مقتا من التهنئة بشرب الخمر وقتل النفس وارتكاب الفرج الحرام

📚 أحكام أهل الذمة (1/144 - 244)

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

28 Dec, 08:51


Адамның өзіне болған құрметінде ешқандай проблема жоқ.
Адамның өз-өзін жақсы көруінде ешқандай проблема жоқ.

Бірақ!

Адамның өз-өзін жақсы көруі мен өзіне болған құрметі “эгоизмге” апармауы керек! Қазіргі таңда көп адамдар бұл қасиетті тіпті мақтап, жақтап жатады.

Маңызды нәрсе!

Адамдардың көпшілігі бір нәрсені дұрыс деп санауы немесе сол бойынша жүруі ол - расымен де “дұрыс” деген сөз емес!
Бірнәрсенің дұрыстығы сол нәрсені қолдайтын адамдардың көптігімен (санымен) ӨЛШЕНБЕЙДІ!

Эгоизм - өте төмен адамның бойындағы ең жиіркенішті қасиеттердің бірі!

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

22 Dec, 03:00


Бүгін жұма намазы

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

21 Dec, 15:11


Ауырып жүрген кездегі қызықтарды айтып берейін.

- Жөтелім жазылмай кеткен соң, соңғы 1 аптада уколдар да алып бастадым. Укол дегенді ұмытып қалыппын. Соңғы рет шатаспасам осыдан 10 жыл бұрын салдырған шығармын…

- 1 күнде 5 уколдан салып жүрдім😂🤦🏻‍♂️

- Қолдағы тамырға негізі 7 уколдай алуым керек еді. Кейбір дәрігерлердің венаға дұрыс сала алмағандарының себебінен қолымда 7 емес, 12 тесіктей бар😂

Бір күні тіпті бір дәрігер оң қолыма салып, инені тамырға түсіре алмай шығарып алды. Кейін сол қолыма салып, ол жақта да тамырыма түсе алмады. Тамырым үлкен, жақсы көрінгеннің өзінде. Ақыры салдырмадым дәл сол уколды. Үшінші рет теспей-ақ қойыңызшы деп басқа дәрігерге кетіп қалдым🤣

- 1 апталық уколдарды 7 түрлі адамға салдырыппын😂
Ешкімді кінәламаймын. Сол кісілерге салдыруға барған өзім. Қолдың тамырына салатын кезде жақсы тәжірибесі бар адамға барған дұрыс екен.

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

21 Dec, 14:51


Ас саляму алейкум!

Достар, баршаңа сәлем!
Ауырып жүргеніме 1 айдан асып, телеграмға көп шыға алмай кетіп едім. Бұйырса активный болып бастаймын.

Өздерің қалайсыңдар?)
Емтихандары болып жатқан оқушы, студенттерге сәттілік! Жақсылап тапсырып шығуларыңа тілектеспін🤝

Осы 2023 жылды қағаз бетіне түсіріп, қорытындылап, 2024 жылға жаңа мақсаттар қойып бастадыңдар ма?
Ертерек бастай берген дұрыс. Сол уақытқа дейін артығын өшіріп, ұмытқанды қайта жазып реттеу үшін.

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

09 Dec, 00:02


“Барлық нәрседен мүмкіндік іздеу”

Өмірімізде жаңа нәрсе орын алғанда, жаңа адамдармен кездескенде өзімізге сұрақ қою:

“Бұл маған қандай мүмкіндік береді?”

Жетістікке жетуші адамдар кез келген жағдайдан “мүмкіндіктерді” көруге тырысады. Олар кез келген нәрсенің нәтижесі жақсылықпен бітеді деген позитивті оймен қарайды.

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

08 Dec, 20:58


Бүгін үйге кісілер келген соң, кішігірім қарбалас болып кетті.

Режим сәлем айтып жатыр бүгін алыстан😂

Кісілерді күтіп болған соң, осындай вайбта өзіміз қала аралап демалып қайттық 🌨️❄️

Қайырлы түн

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

06 Dec, 10:07


Таразда бүгін күннің шығуы

Айбарыс🎙️| Подкаст (қазақша) | Даму каналы 🏆

06 Dec, 10:02


Тараз туралы қызықты факт:

Тараз қаласы қатты үлкен болмаған соң, қалаға әр шыққан сайын кем дегенде 1 танысыңмен көрісіп қаласың😂