UAGYZ MEDIA🌙 @uagyzmedia Channel on Telegram

UAGYZ MEDIA🌙

@uagyzmedia


Құрметті Мұсылман Бауырлар!

Каналымыз жайлы достарыңызға
айта жүріңіздер. Олар да тіркеліп, білімдері артсын, барынша көп бауырларымызға пайдамыз тисін!
Ин Шаа Алла🌙

UAGYZ MEDIA🌙 (Kazakh)

UAGYZ MEDIA🌙 каналы - бұл Құрметті Мұсылман Бауырларға арналған оқу-танымдық канал. Алдыңғы білімдеріңізді арттыруға және өз бауырларға пайдамен жетікті таратудың жолын немесе омай ғана бір дұрыс нұсқасын табу үшін бұл каналға қосылыңыз! 🌙Ин Шаа Алла

UAGYZ MEDIA🌙

10 Feb, 01:56


Рамазанға ең үлкен дайындық – құран оқып үйрену. Әлі де 2 аптадан аса уақыт бар. Бұл уақыт құран оқып үйренуге толықтай жеткілікті.

Рамазанда құранның әрбір әрпіне 700 еседен артық сауап жазылады. Осындай үлкен нығметтен мақрұм қалып қоймайық.

UAGYZ MEDIA🌙

08 Feb, 16:46


Өмір — велосипед айдау секілді нәрсе. Тепе-теңдікті сақтау үшін әрекетті тоқтатпауың керек.

(с) Эйнштейн абыз

UAGYZ MEDIA🌙

06 Feb, 10:27


Тірі адамның жүрегінің соғысы:
V~~√V~~^√\~~√V~~^√V\___


Ал, өлі адамдікі:
________________________________


Көрдіңіз ба? Тірі болсаң, өміріңде әртүрлі өзгерістер бар деген сөз. Қиындық пен жеңілдік, қайғы мен қуаныш деген сияқты. Ешқандай сынақ болмаса қорқу керек, себебі өліп қалған болуың мүмкін…

UAGYZ MEDIA🌙

05 Feb, 11:43


Алла үшін сүйген, сүйгенінен бас тартпайды.

Алла үшін жақсы көру деген не?

Оның ешбір кемшіліктеріне қарамастан жақсы көре білу.

UAGYZ MEDIA🌙

04 Feb, 03:43


Сөз есту жайында:

Таныс емес, таныс болса да алыстан амандасатын адамнан ауыр сөз естісек елемеймізғой)

Бірақ та…

Жаныңа жақын адамыңнан ауыр сөз есту жараңа тұз сепкендей екен…

UAGYZ MEDIA🌙

29 Jan, 07:19


Алла мына үш себепті адамға ауру беріп сынайды екен. Олар:

1. Күнә-қателіктерін кешіріп, өшіру үшін.
2. Өзінен бет бұрып, алыстап кеткен пендесінің көңілін Өзіне қайыру үшін.
3. Ақыреттік дәрежесін асқақтату үшін.

Шынында да, адам ауырған соң сабырдан кейін тек сабасына түсіп, тәубе етіп, шүкіршілік жасаудан артық аса алмайды. Ерекше Мейірімді болған Раббымыз сені азаптап не істесін? Сынақтан, ауру-сырқаудан ғибрат алу керек. Шүкіршілік жасап, истиғфарды көп айтудың пайдасы – мол.

📚Компас кітабынан

UAGYZ MEDIA🌙

29 Jan, 07:11


Сира 7: Алла Елшісінің (ﷺ) Исламды ашық уағыздауға кірісуі

🎙Ұстаз Ерлан Ақатаев

UAGYZ MEDIA🌙

25 Jan, 13:25


Паранжа үсте - бітеу қап,
Бетінде перде - шімбеті.
Шімбетінің астында
Гүл шырайлы шын беті.
Желпіне алмай, жамылып,
Быршып тұрған тер беті.
Шаңырақ сырға құлақта,
Мөлт-мөлт еткен меруерті.
Зәмзәм құйған құтыдай
Домаланған келбеті.
Тарта беру тымпиып -
Көшеде оның міндеті.
«Ағузы біллеһи, әйелге
Мұтлақ харам ер беті».

©️Мағжан Жұмабаевә

UAGYZ MEDIA🌙

24 Jan, 13:39


Біреу сендерге жақсылық қылса, сендер де оған дәл сондай жақсылық істеңдер. Егер істей алмасаңдар, дұға жасаңдар.

Хадис

UAGYZ MEDIA🌙

19 Jan, 06:08


Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) бізге мынадай керемет насихат айтқан екен:

«Кімде-кім ұмытшақтықтан қорықса, Алла Елшісіне (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) көп салауат айтсын!»

©️Фейруз Абади
(Рахимаһулла)

UAGYZ MEDIA🌙

16 Jan, 17:16


Сира 6: Үш жыл жасырын насихат

🎙Ұстаз Ерлан Ақатаев

UAGYZ MEDIA🌙

12 Jan, 23:26


Алланың тағдыры сөзсіз орындалады: оны ешбір себеп кешіктіре алмайды, ешбір сақтық тоқтата алмайды, ешбір амал бөгей алмайды! Перғауын өз билігін құлататын баланың дүниеге келуінен қауіптеніп, мыңдаған сәбиді өлтірді. Алайда, сол бала дүниеге келгенде, оны өзінің сарайында бағып-қағып, тәрбиеледі.

📚Расайл мин әл-Құран

UAGYZ MEDIA🌙

12 Jan, 13:53


Егер біреу жоқта басқа біреудің жақсылығы туралы айтса, сол жақсы сөзді иесіне жеткізетін адамды табу қиын. Ал біреу біреудің жоқ кезінде жамандаса, сол жаман сөзді жеткізуге асығатындар көп.

Шейх Әдһам Шарқауи (хафизаһулла)

UAGYZ MEDIA🌙

12 Jan, 13:42


Ақшаның болуы дінге қайшы емес; керісінше, адал ақша ізгі адамның қолында болса, қандай ғанибет!

Маңыздысы — ақшаның қолыңда болып, жүрегіңде болмауы. Ақша өмірді жайлы етеді, бірақ өмірдегі ең әдемі нәрселер сатып алынбайды. Ақшаға дәрі сатып алады, бірақ денсаулықты сатып ала алмайды; төсек сатып алады, бірақ ұйқыны сатып ала алмайды.

Әрдайым естеріңізде болсын: сіздерде сатып алынбайтын көп нәрсе бар!

UAGYZ MEDIA🌙

08 Jan, 08:06


Біліңдер:

Берекемен келген аз дүние...
Хараммен келген көп дүниеден хайырлы!

Шейх Уайл Ханбали(хафизаһулла)

UAGYZ MEDIA🌙

07 Jan, 17:25


Сира 5: Аль-Муддасир сүресінің алғашқы аятының түсуі

🎙Ұстаз Ерлан Ақатаев

UAGYZ MEDIA🌙

03 Jan, 05:33


Адамдар сен туралы былапыт сөйлеп жүрсе, Аллаға шүкір ет!

Не себепті шүкір етесің?

Өйткені, Алла сені олармен емес, оларды сенімен шұғылдандырып қойғаны үшін.

©️Мұстафа Махмуд

UAGYZ MEDIA🌙

03 Jan, 04:41


Сира 4: Пайғамбарымызға ﷺ алғашқы уахидың түсуі

🎙Ұстаз Ерлан Ақатаев

UAGYZ MEDIA🌙

01 Jan, 02:54


Дейміз ғой жыл өзгерді, күн өзгерді,
Бірақ та осы жылы кім өзгерді?
Жаңа жыл, жаңа күннен түк пайда жоқ,
Өзгертпей жүрсең ескі мінездерді…

UAGYZ MEDIA🌙

31 Dec, 23:37


Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.

© Қадыр Мырза Әлі

UAGYZ MEDIA🌙

28 Dec, 07:04


Биіктетіп қайтеміз тұлғамызды,
Пайғамбардан бәрібір кім бар ізгі?
Кімнің ұлы екенің маңызды емес,
Кімнің құлы екенің шын маңызды!

UAGYZ MEDIA🌙

25 Dec, 15:49


Сира 3: Мұхаммед ﷺ Пайғамбарлықтың келуі және алғашқы уахидың түсуі

🎙Ұстаз Ерлан Ақатаев

UAGYZ MEDIA🌙

25 Dec, 15:48


– 2025-ке ең ұлы мақсат?

– Бірде-бір намазды қаза етпеу.

UAGYZ MEDIA🌙

24 Dec, 11:28


Пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Қиямет күні мұсылмандардың таразысында көркем мінезден артық ауыр нәрсе болмайды. Шын мәнінде, Алла сөзі мен іс әрекеті жамандарға қатты ашуланады» деген.

Имам Тирмизи✍️

UAGYZ MEDIA🌙

20 Dec, 03:03


– Алла мені ести ме?

– Иә!

– Онда неге менің сұрағанымды бермеді?!

– Кез келген шипагер сен жақсы көретін дәріні емес, сені емдейтін дәріні береді.

©️Мұстафа Махмұт

UAGYZ MEDIA🌙

20 Dec, 02:58


Сынақ пен нығмет үйдегі қонақ іспетті. Егер үйде сынақ сабырлықты көрмесе, кетпей қалып қояды. Нығмет болса, үйдің ішінде шүкірді көрмесе, кетіп қалады.

UAGYZ MEDIA🌙

17 Dec, 14:52


Егер пенде сәжде жасап жатқан кезінде Алланың оған қандай мейірім төгіп жатқан білсе, сәждеден басын көтермес еді…

©️ибн Әби Бәкр

UAGYZ MEDIA🌙

17 Dec, 14:48


Сира 2: Қағбаның тұрғызылуы

🎙Ұстаз Ерлан Ақатаев

UAGYZ MEDIA🌙

16 Dec, 05:35


Бүгіңгі тәуелсіздік мейрамы құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Тәуелсіздігімізді Жаратушымыз Қияметке дейін қылғай🤲🏻

UAGYZ MEDIA🌙

15 Dec, 15:05


Алла Тағала жаныңа бейқамдықтан оятып, жақсылыққа жетелеп жүретін біреуді жіберсе — ол да бір бақыт!

Шейх Сағид әл-Камали (хафизаһулла)

UAGYZ MEDIA🌙

13 Dec, 05:49


Сира 1: Мұхаммед Пайғамбарымыздың (ﷺ) дүниеге келуі

🎙Ұстаз Ерлан Ақатаев

UAGYZ MEDIA🌙

12 Dec, 08:51


Қылыш елді күзейді,
Қалам елді түзейді.

©️Жүсіп Баласағұн

UAGYZ MEDIA🌙

11 Dec, 17:45


Сіздер сұрағандай Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаянының кіріспе дәрісі.
Алла баршамызға пайдалы ілім берсін Әмин 🤲🏻

UAGYZ MEDIA🌙

11 Dec, 17:43


Сира кіріспе: Азамзат тарихы

🎙Ұстаз Ерлан Ақатаев

UAGYZ MEDIA🌙

10 Dec, 15:48


Рамазан айына 8️⃣0️⃣ күн қалды…

Сүйікті Пайғамбарымыз ﷺ өзі:

اللهم بَلّغنا رَمَضان

«Аллаһым бізді Рамазанға жеткізе көр»,-деп дұға қылатын.

UAGYZ MEDIA🌙

10 Dec, 15:14


Рамазан айына дейін Пайғамбарымыз ﷺ жайлы біраз мағлұмат аласыздар деген үміттемін Ин шаа Алла🤲🏻

UAGYZ MEDIA🌙

10 Dec, 15:12


Ерлан Ақатаев (сүйікті ұстазымның😁) Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаяны жайында дәрістерді шығарайын ба?
Алла елшісін бірге жақынрақ таниық😍

UAGYZ MEDIA🌙

09 Dec, 16:27


Адамдардың ішіндегі күнәсі көбі, істеген күнәларын айтушы адам.

©️ Салман аль Фариси

UAGYZ MEDIA🌙

08 Dec, 10:50


«Есіңде ме, жолдасына: "Қайғырма, Алла бізбен бірге", – деп айтқанын?» (Тәубе, 40).

Кейде сөздер құшақтағандай болады,
Кейбір сөздер бауырыңа басқандай әсер береді.
Кейде өмір тарылып кетеді,
Бірақ жақыныңның жылы сөзі келіп, кеңейтіп жібереді.
Кейде жүрек жараланады,
Ал сүйіктіңнің мейірімді қолы сол жараны емдейді.
Кейде жүрек мұңаяды,
Сонда жақын адамның құшағы оны қуанышқа бөлейді.

📚Расайл мин әл-Құран

UAGYZ MEDIA🌙

08 Dec, 10:42


Кейде, байқаймын…

Бір ғана жылы сөздің қаншама мұздаған жүректі жылытқанын.

Жаныңа жақын адамның бір ауыз жылы сөзі, тіпті жымиып қараған бейнесінің өзі жаныңды жылытады…

UAGYZ MEDIA🌙

07 Dec, 06:59


Ібіліс тағын судың үстіне қойып, жан-жаққа әскерін жібереді. Оған ең жақыны - ең қатты азғыратыны болады.

Сөйтіп біреуі келіп: “Мен үйттім де, бүйттім”, - деп адамдарды азғырғанын айтып мақтанады.

Ібіліс оған: “Дым да бітірмепсің”, - дейді.

Сосын тағы біреуі келіп: “Мен бір адамды қоймай азғырып, ақыры әйелінен ажырастырып тындым”, - дейді.

Сол кезде Ібіліс “Міне, жарайсың!” деп оны өзінің қасына отырғызады.

📚 Хадис. Сахих Муслим

UAGYZ MEDIA🌙

07 Dec, 05:49


Ашу — өкініштің дәні. Ашуды ұстау қиын, бірақ ашумен бүлдіргенді жөндеу одан да қиын.

Белгілі хадис ғалымы Ибн Хиббан әл-Бусти (Алла рахымына алсын)

UAGYZ MEDIA🌙

03 Dec, 10:59


Қанша соқыр адам бар, жүрек көзі ашылған,
Қанша көзі ашық бар, жүрек көзі жабылған.

UAGYZ MEDIA🌙

02 Dec, 19:08


Жетістіктің 5️⃣ кілті:

Таң, бесін, екінті, ақшам, құптан.

UAGYZ MEDIA🌙

26 Nov, 16:31


Адамдардың жүрегіне қуаныш ұялата білген жан — ең бақытты адам.

UAGYZ MEDIA🌙

17 Nov, 14:57


Алыптар секілді іс қалдыру үшін құмырсқалар секілді еңбек ету қажет…

©️Нежіп Фазыл

UAGYZ MEDIA🌙

15 Nov, 12:44


Кім өмірде мәңгілік тұрақтаған?…
Күн жетсе жан тәннен жырақтаған.
Бастықпын деп, баймын деп кеуде керме,
Көр мен тердің арасы бір-ақ қадам.

©️Арман Бердалин

UAGYZ MEDIA🌙

12 Nov, 17:45


Санаулы күн
Санаулы ай
Санаулы жыл
Санай жүріп самайлар ағарды кіл
Уақыттан не пайда санағаннан
Алатұғын өмірде бағаңді біл
Қанша күнің санап көр текке кетті
Қанша жанды санап көр өкпелеттің
Адамдықтан адасып қаншама рет
Қаншама рет ауытқып,шетке кеттің
Қанша жүрек түбінен орын тептің
Қанша адамның жүзіне шуақ септің
Қаншама рет қуанып бардыңдағы
Қанша адамның алдынан жылап кеттің
Ал,қанеки,
Санап көр сағынышым
Сарқылмастан тұрғанда сана күшің
Не жақсылық көрсетті адам саған
Не жақсылық жасадың адам үшін

©️Мұқағали Мақатаев

UAGYZ MEDIA🌙

09 Nov, 15:00


18 жасар өзіме мына 4 кеңесті берер едім:

1️⃣ Уақытыңды босқа кетірме
Уақыт - қылыш сияқты.
Сен оны кеспесең ол сені кеседі!


2️⃣ Ортаңа мән бер
"Кісі - жолдасының дінінде"
деген.
Ұрымен жолдас болсаң ұры, ұлымен жолдас болсаң ірі боласың!

3️⃣ Тіл табысуды үйрен
"Ортаға өнеріңмен емес мінезіңмен сыясың” , "Мал баққан дау бақпайды" деген ілгерілер.

4️⃣ Мықты тұлғалардан үйреніп, қателіктерінен сабақ ал
Сол қателіктерді өзің жасап үйренсең көп уақытың мен күшің кетеді.
"Кісі болар баланың кісіменен ісі бар"!
"Жақсыдан шарапат жаманнан кесапат"
деген.

©️Мұхаммеджан Тазабек

UAGYZ MEDIA🌙

07 Nov, 06:31


Ұстаздар жиналып алып, футбол ойнағанын елестетіп көріңізші:
- Біреуі пас беріп Ма шаа Алла дейді,
- Екінші допты тоқтатып, Алла разы болсын депті,
- Үшінші гол салып Альхамдулилаһ деді,
- Қақпашы болса, Субханналаһ деп допты жіберіп алыпты,
- Капитан болса, Аллаһу Акбар деп қуана кетіпті.

Байқадыңыз ба осыны жымиып оқып, зікір айтып алдыңыз😁🙂

UAGYZ MEDIA🌙

03 Nov, 19:54


Барлығы саған зиян келтіруді қалап, бірақ Алла пайда тигізуді қаласа, олардың зияндарын сен үшін пайдалы қылып қояды.

UAGYZ MEDIA🌙

31 Oct, 09:03


Күнініне мың рет күнә жасап қоятындай нәпсісінің алдында өте әлсіз болсаң да, мың рет тәубе етуде әлсіздік танытпа.

Шайтанға ең сүйікті кез мұсылманның үмітсіздікке салынып, Алланың мейірімінен күдер үзген сәті. Ал Алланы қуантатын ең басты нәрсе құлдарының тәубе еткен көрінісі!

Бұған Алла Елшісінің мына хадисі дәлел: “Сендердің бірің сахарада түйесін жоғалтып алып, кейін қайтадан тауып алса, қуана ма? - деп сұрайды. Сахабалар: Иә! Уа, Алланың елшісі! - деп жауап қатады. Сонда Пайғамбарымыз: Мұхаммедтің жаны құдіретінде болған Аллаға ант етейін! Алла Тағала құлының тәубесіне сендердің бірің жоғалтқан түйесін тапқанда қуанғанынан әлдеқайда қатты қуанады! - деген екен.

📚 Компас кітабынан

UAGYZ MEDIA🌙

29 Oct, 14:04


Балаң өтірік айтпасын десең, шындығы үшін жазалама. Жұбайың өтірік айтпасын десең, шындығы үшін жазалама.

UAGYZ MEDIA🌙

27 Oct, 11:49


Біреудің қолындағыға қарау — өз қолымыздағының рахатынынан айырады.

UAGYZ MEDIA🌙

25 Oct, 07:02


Алла жаратқан дүниенің
тұтқасы - еркекте,
Кілті - әйелде,
Қызығы балада,
Сыры - данада.

[Халық даналығы]

UAGYZ MEDIA🌙

22 Oct, 18:36


Өмірің қатты қиындап кетсе де, Алла ешкімге шамасы жетпейтін нәрсені жүктемейтінін есіңнен шығарма!

UAGYZ MEDIA🌙

20 Oct, 19:15


Мен Құдайдан байлықты сұрадым. Ол маған Исламды берді.

©️ Мұхаммед Әли

UAGYZ MEDIA🌙

19 Oct, 14:09


Кімде-кім қиындық көрген адамға жәрдем етсе, Алла оған кеңшілік жасайды! Кімде-кім біреудің жүрегін жібітсе, Алла оның жүрегін жібітеді! Кімде-кім біреудің жүрегін қуантса, Алла оның жүрегін қуантады! Кімде-кім біреудің ауыртпалығын жеңілдетсе, Алла оның ауыртпалығын жеңілдетеді! Кімде-кім біреудің көз жасын сүртсе, Алла оның көз жасын сүртеді! Алладан артық жомарт та, сенімді де ешкім жоқ.

Жақсылық жасау — жамандықтан қорғайды.

📚Расайл мин әл-Құран

UAGYZ MEDIA🌙

15 Oct, 11:29


Бал арасы 🐝 40 күн өмір сүреді және 1000 - нан аса гүлге қонып, 1 ғана шай қасық көлеміндей бал береді екен. Біз үшін кішкентай ғана шай қасықтай бал болғанымен, ал аралар үшін бұл бүкіл ғұмыры екен.

#Ойланарлық…

UAGYZ MEDIA🌙

15 Oct, 07:25


САЛАУАТ АЙТУДЫҢ 10 ҚАСИЕТІ

🟢 Салауат айту – Алла Тағаланың әмірі.

🟢 Хақ Тағала пайғамбарына салауат етеді. Жаратушының салауаты – пайғамбарын періштелеріне мақтауы.

🟢 Салауат айту – періштелердің тұрақты дұғасы.

🟢 Пайғамбарға бір салауат – Алла Тағаладан он жарылқау.

🟢 Бір салауат мұсылманды он дәрежеге көтереді.

🟢 Бір салауатқа он сауап жазылады.

🟢 Бір салауат он күнәні жояды.

🟢 Дұғадан алдын салауат айту тілектің қабыл болуына себеп болады.

🟢 Салауат пайғамбар шапағатына себеп болады.

🟢 Салауат күнәлардың кешірілуіне себеп болады.

🟢 Салауат уайым-қайғының кетуіне, мәселенің шешілуіне себеп болады.


Салауат айтуларыңызға себепкер болайын :)

أللهُمَّ صَلِّ علَى مُحَمَّدٍ وَ علَى آلِ
مُحمدٍ


Аллаһумма салли ала Мухаммәдин уә ала әәли Мухаммәд

«Уа, Алла! Мұхаммедке және оның әулетіне салауат жолдай гөр».

UAGYZ MEDIA🌙

14 Oct, 09:56


Кемені судың үстінде көру табиғи бір көрініс. Ал суды кеменің ішінде көруің қауіпті. Олай болса, сен дүниенің жүрегінде бол, дүние сенің жүрегіңде болмасын.

UAGYZ MEDIA🌙

13 Oct, 03:10


Ауылда жұртты таң атпай оятатын бір әтеш бар екен. Бір күні соның даусы шықпай қалады. Иесінен сұраса, жұрттың шағымынан кейін басын алдым депті.
Халықты оятқысы келетіндердің басы кесілетінін сол кезде түсіндім.

Мухаммед Хусейн Шехрияр
Әзірбайжанның көрнекті ақыны.

UAGYZ MEDIA🌙

10 Oct, 21:33


Сен киындықты
жеңбесең,
қиындық сені жеңеді.

[Түнг ойлар]

UAGYZ MEDIA🌙

10 Oct, 20:48


Өмір болғансоң ғұмырымыздың кейбір сәттерінде түңіліп те кетіп жатамыз, бірақ сондай ала бұлт сәттерде "уайымдама жаныңдамын" деген адамның болғаны қандай жақсы?!

Есті жия сала бұл да бір өткінші сынақ екенін ұғынасың…

Алла өмірімізге жеңілдік беріп, қиналып жатқан әрбір мұсылманға Раббым өзінің жәрдемін бергей!
Әмин 🤲🏻

UAGYZ MEDIA🌙

10 Oct, 20:36


Тынысыңыз тарылып, өмір қиындап кеткен кезде, бейтаныс мұқтаж жанға жәрдем беріңіз. Сонда Алла сізге жәрдем береді…

UAGYZ MEDIA🌙

09 Oct, 05:23


Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл.

©️Абай

UAGYZ MEDIA🌙

06 Oct, 03:21


Әйелдің қырық емес
бірақ жаны бар.
Әйелдің шыдамы мықты
бірақ жарылуы бар.
Әйелдің ашуы қатты
бірақ кешірімі бар.
Әйелдің мінезі жұмсақ
бірақ қайраты бар.
Әйелдің төзімі күшті
бірақ ызасы бар.
Әйелдің жаны әлсіз
бірақ көз жасы бар.

UAGYZ MEDIA🌙

02 Oct, 19:07


Өлімнен кете алмайсың қашсаңдағы,
Космостан жаңалық ашсаңдағы.
Намаз оқы,
Аллаға құлшылық қыл.
Күннің өзі мәңгі емес аспандағы.

UAGYZ MEDIA🌙

02 Oct, 08:03


«Кімнің ойына кенеттен дұға қылу келсе, Алла оны қабыл еткісі келгені.

Кімнің ойына истиғфар айту келсе, Алла оны кешіргісі келгені.

Ал кімнің ойына Аллаға шүкір ету келсе, Алла оған арттырып бергісі келгені».

Нәфәхат рухания📚

UAGYZ MEDIA🌙

29 Sep, 13:33


Жастық шақта жалқаулықпен, қартайғанда денсаулықпен арпалысып жүргенімізде жарқ етіп өте шығатын жалған өмір-ай! Соның арасында көп нәрсеге үлгеріп, тек бір нәрсені — құлшылықты ғана (қабірдегі жалғыз жолдасымыз сол болса да) кейінге қалдыра беретінімізді айтамын да….

UAGYZ MEDIA🌙

27 Sep, 11:48


Сөздің маңызы кетіп,
самалы калды.
Адамның жақсысы
кетіп, жаманы қалды.

©️Мөңке би

UAGYZ MEDIA🌙

25 Sep, 19:29


Ұлға білім берсең
сауатты ер шығады,
қызга білім берсең
сауатты ел шығады.

[Халық даналығы]

UAGYZ MEDIA🌙

24 Sep, 18:57


Ұйықтар алдын өзіңе қоюың керек ең маңызды сұрақ:

«Бүгін Алланың разылығына лайық болар қандай амал жасадым?»

UAGYZ MEDIA🌙

22 Sep, 09:42


Кейде аяқ-асты күтпеген бір нығметке тап боласың.

Алайда сен оны бұрын Алладан сұрап дұға қылған едің.

Сен ол дұғаңды ұмытып қалсаң да, Алла оны ұмытпады.

©️Шейх Шағрауи (рахимаһулла)

UAGYZ MEDIA🌙

20 Sep, 13:30


Орамал тағу орта ғасырға оралу болса,
Бұтты жалаңаштау тас дәуірне оралу емес пе?!