КТК жаңалықтары @ktknewskz Channel on Telegram

КТК жаңалықтары

@ktknewskz


КТК жаңалықтары (Kazakh)

КТК жаңалықтары - Қазақстандағы ең соңғы жаңалықтар, Қазақстанның жаңа әрекеттері мен көрнектері туралы хабарламалар, орыс және шет мемлекеттеріндегі ең басты жаңалықтарды ұсынады. Бұл Telegram каналы сізге орыс жазушылардың жаңартуларындағы негізгі хабарламалар енгізулерін таратады. КТК жаңалықтары каналында орналасқан істер мен событиялар қолданбаға жүктелетін жаңалықтармен толтырылған. КТК жаңалықтары каналында қазақстандағы әсері халықаралық жаңалықтар туралы мәліметтер, мәдени мәселелер мен мұрагерлік жаңағылардың толық ақпараты салынады. КТК жаңалықтары каналы - Қазақстанның ең басты негізгі жаңалықтары мен көрнектерінің бірежер арқылы жаңартуларымен толтырылған жаңалықтардың тек аралық құрамы. Қазақстан жаңалықтарына үздіктік таратуды қалайша кегізгенің бір бағытын көрсету үшін КТК жаңалықтары каналына кіріңіз.

КТК жаңалықтары

18 Feb, 16:57


Қазақстандық блогерлердің басына қара бұлт үйірілді. Салық органдары әлеуметтік желі белсенділеріне бұрын-соңды болмаған сомада, бас-басына 1 миллиард теңгеге дейін салық есептеп, түбіртек жөнелтті. Бір жарнама посты үшін біреудің бес айлығын сұрайтын блогерлер абдырап, енді жан-жақтан үн қатып жатыр.

КТК жаңалықтары

18 Feb, 16:54


Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде үкіметтік комиссия жұмысын бастады. Жеті адамның өмірін жалмаған апатқа «газ жарылысы себеп» деген алғашқы болжам айтылды. Кенішке вице-премьер Қанат Бозымбаев бастаған үкімет мүшелері келді. «Қазақмыс» компаниясы тарапынан марқұмдардың отбасыына қаржылай көмек берілмек. Ұжымдық келісімшартта көрсетілген материалдық міндеттеме толық орындалады дейді.

КТК жаңалықтары

18 Feb, 10:18


‼️ Ұлытауда апат болған жерде үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр

Вице-премьер Қанат Бозымбаев сонда жүр.

Оқиға орнында ТЖ қызметі, ІІМ және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Комиссия мүшелері оқиға орнында болып, тергеу барысымен танысты.

Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді.

Әрі қарай Премьер-министрдің орынбасары Штаб отырысын өткізіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі.

КТК жаңалықтары

18 Feb, 05:19


✉️ Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

❗️Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.

❗️Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.

КТК жаңалықтары

18 Feb, 05:15


Ұлытау облысындағы шахта апаты: Жетінші жұмысшының денесі табылды

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ына тиесілі кеніштен жетінші қызметкердің мәйіті табылды.

Жеті қызметкердің денесі жер бетіне көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне берілді.

ҚР ТЖМ Жедел штабында ашылған жедел желіге қазіргі уақытта 23 қоңырау келіп түсті.

КТК жаңалықтары

17 Feb, 20:46


Шерзат Полаттың өлімі бойынша күдіктілердің абақтыда туған күн тойлауына байланысты Алматы облысы полиция департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Бірнеше ведомствоның бақылауындағы іс бойынша тергеліп, абақтыда сотты күтіп жатқандардың видеосы демалыс күндері әлеуметтік желіде жарияланды.

КТК жаңалықтары

17 Feb, 20:41


Бүгін шығыстағы екі облысқа су жаңа әкім тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Уәли Абай облысына әкім болды. Ал Шығыс Қазақстан облысын енді Нұрымбет Сақтағанов басқарады.

КТК жаңалықтары

17 Feb, 11:27


⚜️Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті.

Мемлекет басшысы дипломатқа ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Сондай-ақ, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың дәйекті дамып, үкіметаралық ықпалдастықтың белсенді өркендеп келе жатқанына назар аударды.

Президент былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдердің өз деңгейінде іске асырылып жатқанына көңілі толатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл уағдаластықтарды жүзеге асыру жан-жақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанға ыстық ықыласын жолдады.

КТК жаңалықтары

17 Feb, 11:27


✍️ Руслан Желдібай Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалды

КТК жаңалықтары

17 Feb, 10:39


Астанада екі ер адамның арасында туындаған жанжал атыспен аяқталды

Елордада екі ер адамның арасында туындаған жанжал қарулы қақтығысқа ұласты.

Оқиға салдарынан 41 жастағы қала тұрғыны жеңіл жарақат алып, денесінде сырылған іздер қалған. Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау барысында жанжал кезінде олардың бірінің қарсыласына травматикалық қарудан оқ атқанын және кейін оқиға орнынан ізін суытқанын анықтады.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Алматы ауданының полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 27 жастағы азамат болып шықты. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында қылмысқа айғақ зат ретінде танылған тапанша тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды заңсыз сақталған травматикалық қаруды ішкі істер органдарына дереу тапсыруға шақырады.

КТК жаңалықтары

17 Feb, 10:08


✍️ Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды

КТК жаңалықтары

17 Feb, 09:49


✉️Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇱🇹Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады.

✔️Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған.

✔️Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

КТК жаңалықтары

17 Feb, 09:42


Астанада лифтіде шабуылға ұшыраған баланың жағдайы жақсарды

Елордада тұрғын үй лифтінде шабуылға ұшыраған баланың денсаулығы жақсарып келеді, бүгін дәрігерлер жарақат тігістерін алуды бастады.

— Бүгін тігістердің басым бөлігі алынды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, өзін белсенді ұстауда. Қашан үйге шығаратыны белгісіз. Бәрі тексерістен кейін анықталады, — деп түсіндірді № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейнов.

Айта кетейік, елордадағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінде жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Шабуыл жасаған жасөспірім арнайы психоневрологиялық есепте тұрған.

КТК жаңалықтары

17 Feb, 09:41


Ақмола облысында екі браконьер ұсталды

Ақмола облысының Целиноград ауданында браконьерлік фактісі анықталды, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

2025 жылғы 16 ақпан күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының маңында рейдтік іс-шаралар барысында РМКҚ «Охотзоопром ӨБ» инспекторлары заңсыз аңшылықпен айналысқан екі ер адамды ұстады.

— Тексеру кезінде олардың үстінен ТОЗ-34 тегіс ұңғылы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер табылды. Оларға тиесілі «Фольксваген» маркалы автокөлікті қарау барысында оның жүксалғышынан жабайы қабан мен қоянның ұшалары анықталды. Аталған факті бойынша Целиноград аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі («Заңсыз аңшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталды, — делінген хабарламада.

КТК жаңалықтары

17 Feb, 09:34


‼️ Әлеуметтік желіде Шерзаттың өліміне күдіктілердің туған күн тойлатып отырған бейнежазбасы тарады

Алматы облысының Полиция департаменті қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

«Уақытша ұстау изоляторынан тараған видео бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық кінәлі тұлғалар, соның ішінде басшылық та, қатаң жауапкершілікке тартылады. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды. Осы құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылданды», – делінген хабарламада.

КТК жаңалықтары

17 Feb, 06:40


✍️ Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

КТК жаңалықтары

17 Feb, 06:40


✍️ Нұрдәулет Төлеев Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды

КТК жаңалықтары

17 Feb, 06:40


✍️ Ерұлан Жамаубаев Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

КТК жаңалықтары

16 Feb, 11:59


Қостанайда сырғанақты бұзу кезінде жұмысшы қаза тапты

Ер адамның құлаған кезде көпеген сүйегі сынған.

Бұл фактіні Қостанай облысының полиция департаменті растады. -

Еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан адам қаза болған оқиға бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, -  деп хабарлады полиция қызметкерлері. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы пациенттің ауруханаға жатқызылғаннан кейін көз жұмғанын нақтылады.

- 13 ақпанда сағат 19:22-де Қамысты аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1966 жылы туған науқас жеткізілді. Диагноз «Көп жерден омыртқа мен жамбас сүйектерінің сынуы» және «1-2 дәрежелі жарақаттық шок». Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Тексеру және емдеу медициналық хаттамаға сәйкес жүргізілді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде науқастың алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Өкінішке қарай, сағат 22:40-та науқас көз жұмды, - деп хабарлады дәрігерлер.

КТК жаңалықтары

15 Feb, 11:37


💬 Экологтар теңіздің қызыл түсіне қатысты зерттеу қорытындысын жариялады

Маңғыстау облыстық экология департаменті мамандары Каспий теңізінің қызыл түске боялу құбылысына байланысты 2025 жылдың 12 ақпан күні теңіз суынан сынама алып, химиялық және мұнай өнімдеріне талдау жұмыстарын жүргізген болатын.

Сынама қорытындысы бойынша қауіпті ештеңе анықталмаған. 

КТК жаңалықтары

14 Feb, 15:27


Астанада 25 жастағы жігіт футбол қақпасының астында қалып мерт болды. “Достық арена” спорт кешенінде болған қайғылы оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

КТК жаңалықтары

14 Feb, 15:24


Алматыда төрт жасар бүлдіршінді ұрып-соғып, тұншықтырған атышулы жекеменшік балабақша мүлдем тіркелмеген болып шықты. Бұл туралы бүгін Алматы білім басқармасы мәлімдеді.

КТК жаңалықтары

14 Feb, 12:03


✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды.

КТК жаңалықтары

14 Feb, 10:42


✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

КТК жаңалықтары

14 Feb, 09:32


Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимаратына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай архив Алматыдан Астанаға көшірілді. Бұл ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ.

✔️Арнаулы ғимаратта мұрағат қоймасы, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан. Мұндағы 24 мұрағат қоймасы қағаз жүзіндегі құжаттарды, дыбыстық-бейнелік жазбаларды сақтауға, сондай-ақ шағын таспалардағы және электрондық құжаттарды сақтандыру қорын орналастыруға арналған.

✔️Президент Архивінде Қазақстанның 1918 жылдан бергі саяси тарихына қатысты құжаттардың мол қоры жинақталған. Атап айтқанда, қорда еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, сыртқы және ішкі саясаты, халықаралық қатынастары, экономикалық қайта құру үрдістері мен әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша материалдар бар.

КТК жаңалықтары

14 Feb, 07:26


🥈 Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан басым түсіп, Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесіне қол жеткізді. Шешуші матчтың есебі: 3-0.

Бірінші кезеңде сан басымдығын тиімді пайдаланып шабуылшымыз, капитанның бірі Малика Алдабергенова есеп ашты. Ал шешуші айналымның басында Юлия Буторина жойқын соққымен есепті еселеді. Тағы бір шайбаның авторы - Дария Молдабай.

Бұл - хоккейден әйелдер құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші жүлдесі (3 алтын, 3 қола) және соның ішіндегі алғашқы күміс медалі.

КТК жаңалықтары

13 Feb, 17:13


«Жол ережесін есепсіз бұзатындар айыппұл төлеудегі 50 пайыздық жеңілдіктен қағылу керек». Сенатор Марат Қожаев жауапсыз жүргізушілерге қатысты жазалау саясатын қайта қарау қажет деп санайды.

КТК жаңалықтары

13 Feb, 17:01


Павлодар облысында қарттар үйінің қызметкерлері қорғансыз қарияларды ұрып-соғып, күш көрсеткен және бұл масқара жайт үнемі болған. Тексерістен кейін мұның бәрі дәлелденіп, қылмыстық іс қозғалған.

КТК жаңалықтары

13 Feb, 09:24


🏒 ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада СКА командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 13 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.

КТК жаңалықтары

13 Feb, 09:23


🗣Жамбыл облысында полицей өзіне қол жұмсады

Қазір суицидке әкелудің мән-жайы анықталып жатыр. Бұл ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

КТК жаңалықтары

12 Feb, 17:03


Астанада лифтіде пышақталған бүлдіршіннің беті бері қарады. Бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған бес жасар бала қазір ауруханада жатыр. Ал оған суық қару сілтеген жасөспірім бірден ұсталған. Психикасында ауытқуы бар 14 жастағы жасөспірім бірден оқшауланды.

КТК жаңалықтары

12 Feb, 17:01


Ақтауда I топтағы мүгедек баланы теңіз жағасына апарып зорлаған күдікті іздестіріліп жатыр. Қылмыс болғалы қырық күн өтсе де, ешкім ұсталған жоқ дейді жәбірленушінің анасы. Сондықтан полицейлердің жұмысына көңілі толмаған ана облыстық прокуратураға арыз жазған. Ал зәбір көрген жасөспірімнің жүйкесі сыр беріп, ашуланшақ болып кеткен көрінеді.

КТК жаңалықтары

12 Feb, 08:47


Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

«Алматы-Ташкент» автожолында жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген патрульдік автокөлігімен соқтығысқан.

«Оқиға салдарынан қызметтік көлікте болған екі полиция қызметкері әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Үшкемпір Абай Бақытбекұлы жансақтау бөлімінде көз жұмды», - делінген облыстық ПД хабарламасында. 

КТК жаңалықтары

12 Feb, 08:38


Алматыда қоқыстан әйелдің бөлшектелген денесі табылды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы қатты қалдықтарды өңдеу зауытында әйелдің бөлшектелген денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам өзімен бірге ішімдік ішіп отырған әйелмен жанжалдасып, оны өлтіріп тастаған. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

КТК жаңалықтары

11 Feb, 16:28


Картоп мәселесі шешімін таппай тұр. Дәлірек айтсақ, осы көкөніс түрінің бағасы. «Құны түспейтін не қылған өнім» деген сұрақ бүгін Үкімет жиынынан кейін ауыл шаруашылығы министріне қойылды. Айдарбек Сапаровтың пікірінше, бәріне кінәлі — сауда орындары.

КТК жаңалықтары

11 Feb, 16:25


Қосымша құн салығының көтерілуі инфляцияның өсуіне әкелуі мүмкін, бірақ бұл уақытша құбылыс болады деп отыр ұлттық экономика министрі. Айтуынша, инфляция үш пайыздан аспайды әрі жағдай бір жылда реттеледі. Осылай деген Серік Жұманғарин қосымша құн салығын 12-ден 16 пайызға дейін өсірудің бюджетке тиімді тұстарын жіпке тізді.

КТК жаңалықтары

11 Feb, 16:18


Астанада жасөспірім кішкентай баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған

Оқиға қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің лифтінде орын алған.

Белгілі болғандай, жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған екен.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы кішкентай баланың ауруханаға жеткізілгенін, жағдайы ауыр екенін хабарлады.

Жасөспірімді назарда ұстамаған ата-анасы жауапкершілікке тартылатын болды.

КТК жаңалықтары

11 Feb, 09:46


Оттық үшін танысын өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған ақтөбеліктер сотталды

Танысына оттық үшін пышақ сұққан Константин Панаскин 11 жылға, ал оның өлімін жасырмақ болған Михаил Лукин 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотқа Алқабилер қатысты. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған іске үкім шықты.

— Константин Панаскин Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлігімен айыпты деп танылды. Оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны қауіпсіздігі орташа мекемесі болып белгіленсін. Михаил Лукин Қылмыстық кодекстің 439 бабы бойынша айыпты деп танылды. Оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сүйенсек, Лукин мен Панаскин психикалық ауруға шалдыққан. Ішімдікке тәуелді. Түзету мекемесінде мәжбүрлі түрде емдеу жүргізілсін, - деді судья Алтынбек Сабыров.

КТК жаңалықтары

03 Feb, 09:12


💬 «Медеу» мұз айдыны қалай жаңартылады

Алматы әкімдігі «Медеу» аумағын жаңғырту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Мұз айдынының батыс бөлігінде серуендеу аллеясын құру, айдын айналасында жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтар орнату, оңтүстік беткейде, яғни Есентай өзенінің оң жағалауы бойымен көркейту жұмыстарын жүргізу, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болуы үшін оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігінде екі жедел саты орнату көзделген.

КТК жаңалықтары

03 Feb, 07:04


Елімізде 4237 шетелдік заңсыз такси қызметін атқарған

Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден астам таксопаркті анықтады, онда 4 237 шетелдік жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз қызметін заңсыз жүзеге асырған.

Еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында заң шығарушы көші-қон заңнамасын бұзған жұмыс беруші мен шетелдіктердің жауаптылығын көздеген.

Қазіргі уақытта Көші-қон қызметі комитеті прокуратураның қадағалау актісін қарауда, онда елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктерге де, шетелдіктерге де қатысты тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қойылған.

- Бүгінгі күні еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік-таксист (Алматы - 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматы - 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 112 қабылдау-тарату орнына (Алматы - 81) қамалды, республикадан 156 шетелдік шығарылды (Алматы - 79), деп жазды Алматы қаласының прокуратурасынан.

Бұл жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.

КТК жаңалықтары

03 Feb, 06:59


💬 15 миллиард теңгені иемденген «QI-Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасының жетекшісі экстрадицияланды

Бас прокуратураның мәліметінше, аталған топтың мүшелері 2017-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында «QI-Trade» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 4,7 мыңнан астам салымшының жалпы сомасы 15 миллиард теңге қаражатын заңсыз иемденген.

Осылайша, көрші мемлекет аумағында жазасын өтегеннен кейін күдіктіні Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін жаза күтетін болады. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

КТК жаңалықтары

02 Feb, 13:49


🚗 Еліміздің шығыс өңірінде күн райына байланысты жолдар жабылды

2025 жылғы 2 ақпан сағат 15:30–да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрі қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 3 ақпан сағат 06:00–де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.  

КТК жаңалықтары

02 Feb, 11:58


⚽️ Қазақстан Дания құрамасынан ұтылып қалды

Футзалдан EURO 2026 іріктеу турнирі аясында қазақстандық футболшылар Даниядан 3:2 есебімен жеңілді.

Қарымта ойын 5 ақпан күні Елордада өтеді деп жоспарланған.

КТК жаңалықтары

02 Feb, 08:43


⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Қадірлі баспасөз қызметкерлері!

Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі.

Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді.

Елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткен. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді. Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр.

Газет-журналдарымыз алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін.

Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін!

КТК жаңалықтары

01 Feb, 13:01


💬 Дикий Арман өзіне қол жұмсамақ болды

«Бұл сотталған (Арман Жұмагелдиев — ред.) өзіне аздаған жарақат келтірді. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған ерекше бақылауда. Онымен мекеме психологтары жұмыс жүргізуде», — деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Мәліметке сай, осы факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

КТК жаңалықтары

01 Feb, 12:48


Астанада қоғамдық орындарда кальян шеккендер жазаланды

Елорданың Есіл ауданында қоғамдық орындарда кальян шегудің алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд жүргізілді.

«Екі ойын-сауық мекемесінде заң бұзушылықтар тіркелді. Олардың әрқайсысында заңсыз кальян шегудің бір дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды», – дейді полиция аға лейтенанты Жұлдыз Михин.

Кальян шегетіндерге ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.

Айта кетейік, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

КТК жаңалықтары

31 Jan, 15:57


Талдықорғанда өз қызын өлтірген әйел мен оның күйеуі сотталды. 14 жастағы қызын ұрып өлтіргені дәлелденді. Өгей әке — өмір бойына, ал шешесі 19 жылға сотталды.

КТК жаңалықтары

31 Jan, 15:53


Маңғыстауда фитнес-жаттықтырушы Алина Серікованы қорлап, өз-өзіне қол салуға итермелегені үшін қылмыскерлердің бірі өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Қалған төрт айыпталушыға 13-16 жыл аралығында жаза тағайындалған. Марқұмның туыстары ауданаралық сот үкімі күші жойылғанда, көңілі орнына түсті.

КТК жаңалықтары

31 Jan, 11:47


Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды

Астана қаласының Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Есіл жағалауында «Күн» субұрқағы құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаржыны жымқыру күдігіне ілінген еді.

КТК жаңалықтары

31 Jan, 09:44


💬 Алматыда жаңа туған сәбиін үйдің кіреберісіне тастап кеткен ана іздестірілуде

«Нәресте қазір ауруханада жатыр. Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының кім екенін анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полициядан.

КТК жаңалықтары

30 Jan, 17:16


Елімізде 14-15 жастағы қаршадай қыздардың бала тууы жиілеген. Сенатта жасөспірімдердің жүктілігіне қатысты қорқынышты статистика айтылды.

КТК жаңалықтары

30 Jan, 17:13


Алматыда тасбауыр ана жаңа туған сәбиін екіқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен. Жерде шырылдап жатқан шақалақты көрген тұрғындар абдырап қалған. Дүние есігін енді ашқан қыз баланы тұрғындар бүгін түскі уақытта байқапты. Бөбекті үйдің екінші қабатына тастап кеткен. Жылап жатқан сәбиді тұрғындар дереу жылы жерге кіргізіп, жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Қазір нәресте ауруханада жатыр. Ал бейкүнә баласынан бас тартып, қараусыз тастап кеткен көкек-ана іздестіріліп жатыр.

КТК жаңалықтары

30 Jan, 11:45


❗️Ақпан айы қиын болмақ: АШМ шаруаларға үндеу жолдады

Ақпаратта айтылғандай, ақпан айында еліміздің басым бөлігінде жауын–шашын мөлшері нормадан жоғары болады.

«Осыған байланысты малды жылы және құрғақ қорада ұстау керектігін сұраймыз. Жемшөп мөлшерін көбейтіңіз, өйткені суықта жануарлар дене температурасын ұстап тұру үшін көп энергияны қажет етеді. Жемшөп қорын тексеріңіз, күн райының күрт өзгеруі жемнің қолжетімділігі мен сапасына әсер етуі мүмкін. Бұлақтың қатып қалуын болдырмаңыз және таза су беріңіз. Сонымен қатар малдың жағдайын тексеріп отырыңыз», - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінен.

КТК жаңалықтары

30 Jan, 09:59


🚇Метрополитен басшысы метродағы темір қоршауға қатысты түсінік берді

📌Метрополитен директоры Алмас Орынбеков метродағы темір қоршауларға бюджеттен қаражат бөлінбегенін айтты.

🔉«Бұл жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалған уақытша шара. Қазір вагондар арасына бөлу құрылымдарын орнатуды жалғастырып жатырмыз әрі солай сынақтан өткіземіз», – дейді метрополитен басшысы.

Айтуынша, алдымен тот баспайтын болаттан жасалған металл тіректер,  одан кейін соққыға төзімді шыныдан жасалған қоршаулар орнатылады.

КТК жаңалықтары

30 Jan, 06:06


⚡️CBS мәліметінше, Потомак өзенінен жолаушы ұшағы мен әскери тікұшақтың соқтығысуынан қаза тапқан кемінде 18 адамның денесі шығарылды.

КТК жаңалықтары

30 Jan, 05:59


⚡️Вашингтон әуежайының маңындағы өзенге ұшақ құлады

❗️ Вашингтонда апатқа ұшыраған ұшақ бортында 64 адам болған, оның ішінде 60 жолаушы және 4 экипаж мүшесі бар.

Кемінде төрт адам әуе апатынан аман қалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды NBC.

❗️ The Washington Post басылымының мәліметінше, полиция Вашингтондағы Потомак өзенінен ұшақ пен тікұшақтың соқтығысуынан қаза тапқандардың бірнеше денесін алып шықты.

КТК жаңалықтары

29 Jan, 15:39


Атырауда екі бірдей құзырлы орган қызметкерлері төбелесіп, бір басшы ес-түссіз күйде жансақтау бөлімінде жатыр. Өңірдегі көлік прокуратурасы мен мемлекеттік кірістер департаменті басшылары бірге демалып, арты жұдырықтасумен аяқталған.

КТК жаңалықтары

29 Jan, 15:33


Үлкен сұранысқа ие жанармай бағасы 5 теңгеге ғана қымбаттайды. Ақпаннан бастап бензин мен автогаз бағасын министрлік реттемейді деген мәлімдемеден кейін, ведомство басшысы бүгін нарықты бәрібір сырттай бақылауға тура келетінін жеткізді. Министр Сәтқалиевтің айтуынша, шектен шыққан алыпсатарларға қолданылатын шара да бар.

КТК жаңалықтары

13 Jan, 09:24


💬 Елімізде туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ алуға болады

2025 жылы Kaspi Bank постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу жобасы іске қосылады. Бұл ХҚКО-ға бармай-ақ құжат алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, туу, қайтыс болу, неке қию және ажырасу туралы куәліктерге электрондық апостиль қою қызметі қосылады. Бұл қызмет 2025 жылдың төртінші тоқсанында қолжетімді болады.

КТК жаңалықтары

13 Jan, 08:14


⚡️Биыл студенттердің стипендиясы 2 есе көбейеді

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.

Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.

КТК жаңалықтары

12 Jan, 07:11


☄️Елімізде ауа сапасы нашарлаған қалалар саны күрт артты

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

«2025 жылғы 12 қаңтарда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен, Семей, Ақтөбе, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде», - делінген хабарламада.

КТК жаңалықтары

11 Jan, 19:11


⚡️Осы сәттерде Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ғимараттардың бірінде өрт сөндірушілер өртті сөндіруде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінде төбе жабынының жануы орын алды.

КТК жаңалықтары

11 Jan, 08:08


💬 Алматыда полицей пышақ жарақатынан қаза тапты

Қалалық полиция департаментінен мәлім еткендей, жанжал салдарынан пышақ жарақатын алған Медеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Алматыдағы ауруханалардың бірінде көз жұмды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

КТК жаңалықтары

10 Jan, 15:58


Атыраудағы мұнай-газ өңдеу зауытында апат болды. Өндіріс аумағында ақау шығып, жанармай жан-жаққа төгілген.

КТК жаңалықтары

10 Jan, 15:55


Елімізде түннен бері қар құрсауында қалған 100-ден аса адам құтқарылды. Ақтүтек боран солтүстік пен орталық өңірлерде соғып тұр. Жамбыл облысының таулы аймағында да қар қалың жауыпты. Ал батыстағы облыстардың кейбірінде көк тайғақ, соның кесерінен тайып жығылып мертіккендер көп.

КТК жаңалықтары

10 Jan, 11:52


🇰🇿🚆🇺🇿Алдағы уақытта Астана мен Самарқанд арасында пойыз қатынауы мүмкін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Өзбекстан темір жолдары» АҚ өкілдері кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Келіссөз барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын туристік пойыздардың рейсін тұрақты негізде ұйымдастырып отыру келісіміне қол қойылды. Сонымен қатар, бірлескен жобаларды іске асыру үшін жұмыс тобы құрылды.

КТК жаңалықтары

10 Jan, 08:08


Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады

🔵Мемлекет басшысы Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фумен кездесуде озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Кай-Фу жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты.

🔵Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуда және бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар Ли Кай-Фу Қазақстанның IT бастамаларды енгізу, бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетін жоғары бағалады.

КТК жаңалықтары

10 Jan, 06:06


Мұхтар Мағауин өмірден өтті

Белгілі жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден озды.

Бұл туралы қаламгердің ұлы Едіге Мағауин Facebook-тегі парақшасында жазды.

— Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55–те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55), — деп жазды ол.

КТК жаңалықтары

09 Jan, 16:02


Қайырымдылық пен ем-домды сылтау етіп жұрттан жылу жиғандардың шоты тексеріледі. Мемлекеттік кірістер комитеті биыл үш ай қатарынан 100 адамнан көп мобильді аударым түскен тұлғалардың қандай мақсатта ақша жиғанын майшаммен қарамақшы. Бұл санаттағы адамдарға салық салынбағанымен, ақша жинаудағы мақсатын түсіндіріп дәлелдейтін құжаттар міндетті түрде сұралады.

КТК жаңалықтары

09 Jan, 16:00


Қарағандыда тұрғын үйде өрт шығып, екі және төрт жасар бала иіс тиіп қайтыс болды. Құтқарушылар отқа оранған үйден тек 60 жастағы әйелді ғана тірі алып шыққан.

КТК жаңалықтары

09 Jan, 07:11


🇨🇳 Қытай Ярлун-Цаңпо өзенінің бойынан әлемдегі ең үлкен бөген тұрғызбақ

Қытайлық ресми агенттіктің хабарлауынша, Ярлун-Цаңпо өзенінің төменгі ағысынан бой көтеретін гидроэнергетикалық нысан дамудың жаңа үлгісін жедел қалыптастырып, жоғары сапалы өсімді алға жылжытуда маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, төмен көміртекті дамуды ілгерілетуге бағытталған жасыл жоба ретінде, ол жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы шаралар қабылдауда үлкен маңызға ие. Жоба Ярлун-Цаңпо өзенінің мол гидроэнергетикалық ресурстарын пайдалана отырып, аймақта күн және жел энергиясын дамытуды мақсат етеді.

КТК жаңалықтары

08 Jan, 17:04


Алматыда түнде бір аптаның қары жауып, әуе қатынасына кедергі келтірді. Қалың қардан бірнеше рейс кейінге шегерілген. Астанада да ұшақтар уақтылы көкке көтеріле алмай, жұрт жолынан қалды. Таң атысымен жұмысқа асыққан алматылықтар коммуналдық қызметтің жұмысына риза емес. Өйткені тротуарлар мен көше тазартылмаған. Ал қар алдағы үш күнде де жауып, жел күшеюі мүмкін деп болжайды мамандар.

КТК жаңалықтары

08 Jan, 17:02


Еліміздің төрт өңірінде боранға байланысты күре жолдар жабылып, қозғалыс қиындады. Жамбыл облысының таулы аймақтарында мыңнан астам көлік асудан өте алмай тұрып қалған, көбі — жүк көлік. Құтқарушылар қар құрсауында қалған 100-ге жуық адамды қауіпсіз жерге шығарды.

КТК жаңалықтары

08 Jan, 11:25


Алматыда жанжал шығарған 6 үндістандық студент депортацияланады — Саясат Нұрбек

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыда жаппай төбелес шығарған үндістандық студенттер туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, жанжалға тек қана үндістандық студенттер қатысқан, қазақстандық студенттердің қатысы жоқ. Қазіргі уақытта Алматы полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

— Сол тергеудің нәтижелерін күтеміз. Үндістан елшілігімен тікелей байланыстамын, елшімен де сөйлестім. Осылайша, бірлесіп, жанжалға қатысқан студенттерді депортацияға жіберу шешімін қабылдадық. Бұл біздің ішкі нақты позициямыз. Жақында Президентіміз «Ана тілі» газетіне сұхбат берді. Кез келген шетелден келген азаматтар өз елінде қалай заң сақтаса, Қазақстанда да солай қатаң заң сақтауға міндетті. Сондықтан тергеу шешімі қандай болса да, біз Үндістан елшілігімен бірлесіп, 6 студентті депортацияға жібереміз, — деді министр Үкіметте өткен брифингте.

КТК жаңалықтары

08 Jan, 08:47


Алматы полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

Алматы полициясы жүргізушілерден көліктерін тек белгіленген жерге қоюға шақырды.

Көлік құралдарының қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін жауын-шашын кезеңінде көшелерді уақтылы тазалау қажет, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектісі.

– Полицияның бұл үндеуі ауа райының және қаладағы жол қозғалысы жағдайының нашарлауына байланысты жасалды. Қала көшелеріне көптеген коммуналдық көлік шыққаны белгілі. Көліктердің дұрыс қойылмауынан кей жерлерде қар шығару және жолды тазалау айтарлықтай қиындық туғызып жатыр. Кеңселер мен мекемелер көп шоғырланған жерлерде азаматтар жол ережесін елемей, көліктерін ретсіз қояды. Біріншіден, заңбұзушылық бар. Ал, екіншіден, бұл қар тазалайтын техникаға белгілі бір қолайсыздықтар туғызады. Осыған байланысты көлік иелеріне үндеу жасап, көлік тұрағы мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырамыз,– деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Спикердің сөзінше, шаһар көшелерін 150-ге жуық патрульдік полиция жасағы мен әкімшілік полицияның мамандандырылған батальоны күзетеді. Жол апаттарының алдын алу және жалпы жол жағдайын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Осыған байланысты жол қозғалысын бақылайтын патрульдік полиция бөлімшелерінің саны арттырылды.

– Қыста көлік жүргізуде белгілі бір қиындықтар туындайды. Сондықтан жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты шектен асырмауға, тежегіш педалін қатты баспауға, ең бастысы, орындалатын маневр туралы басқа жол қозғалысына қатысушыларды алдын ала ескертуге шақырамыз. Жолдардағы қауіп-қатер туралы ескертеміз және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, өз өмірлерін, сондай-ақ басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеуді сұраймыз, – деді ол.

КТК жаңалықтары

08 Jan, 07:57


🏛🏛🏛🏛 Президент Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Марат Омаров ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижелері туралы есеп берді.

❗️Кездесу соңында Президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

КТК жаңалықтары

08 Jan, 06:15


Халықты жұмыспен қамтитын мекеме басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ ЖҚД бірлесіп Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ РМК басшыларының бірнеше рет пара алу әрекетін әшкереледі.

Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы — құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдікке ілінді.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

КТК жаңалықтары

07 Jan, 16:08


Шымкентте мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға берілген баспаналар бүлініп жатыр. Тұран-2 шағынауданындағы бір жыл бұрын пайдалануға берілген үйдің жертөлесі судан құрғамайды. Ал жаңбыр жауса, шатырдан су ағады, дейді тұрғындар. Тіпті қыстың күні пәтерлер жылымайтын көрінеді. Өйткені 54 пәтерлі үйге мердігерлер жер үйге арналған шағын насос орната салған.

КТК жаңалықтары

07 Jan, 16:06


Алматының элита кешенінде үй тонауға келіп, ерлі-зайыптыны атып кеткен қаскөй екі аптадан кейін құрықталды. 38 жастағы күдікті қылмысына дейін сол пәтерге жиһаз орнатуға барып, ақша толы сейфті байқаған екен.

КТК жаңалықтары

07 Jan, 09:20


🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

✉️Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

▪️Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

КТК жаңалықтары

07 Jan, 09:20


⚡️Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 52-ке жетті

Сицзан автономиялық ауданы Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 53 адам қаза тауып, тағы 62 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған.

КТК жаңалықтары

07 Jan, 03:49


⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рождество мерекесімен құттықтады

Құрметті отандастар!


Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.

Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.

Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.

Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.

Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Рождество мерекесі құтты болсын!

КТК жаңалықтары

07 Jan, 03:48


⚡️Рождество құтты болсын !

КТК жаңалықтары

06 Jan, 18:14


Қаңтар оқиғасына үш жыл толды. Қасіретті күндер қоғам қабырғасын қайыстырды. Бейбіт басталған митинг не себептіі қанды оқиғаға ұласты? Қарапайым халықты арандатқан кім? Қаңтар хронологиясын електен өткізсек.

КТК жаңалықтары

06 Jan, 18:06


Қытайда тарап елді біраз шошытқан метапневмовирус біздің елде де анықталған. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ, деп отыр мамандар. Өйткені эпидемиологиялық жағдай қалыпты. Одан қалды, метапневмовирус бұған дейін айтылғандай, емі жоқ жаңа ауру емес — Ковид-19-ға ұқсас.

КТК жаңалықтары

06 Jan, 11:31


⚡️Таразда полиция қызметкері ауыр қылмыстың алдын алды

Тараз қаласындағы кафелердің бірінде масаң күйдегі ер адам мекеме күзетшісімен жанжалдасып қалған.

КТК жаңалықтары

06 Jan, 07:22


Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Әзербайжан тарабы қазақстандық құтқарушыларды марапаттады

Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Гейдаров Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау халықаралық әуежайы маңында "Азербайджан Хава Йоллары" ұшағы апатқа ұшырауына байланысты құтқару операциясына қатысқан бір топ қызметкерін марапаттады.

КТК жаңалықтары

06 Jan, 05:07


🏛🏛🏛🏛 Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

КТК жаңалықтары

05 Jan, 08:27


Тоқаев Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады

Ақорда таратқан мәліметке сәйкес:

- Асқар Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі;

- Дәулет Батырашев Қазақстанның Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі;

- Жан Ғалиев Қазақстанның Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Ал Талғат Шалданбай Қазақстанның Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстанның Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

КТК жаңалықтары

04 Jan, 14:16


⚡️ «Қаңтар: сынақ пен сабақ»

4 қаңтар сағат 21:30-да

Жіберіп алмаңыздар !

КТК жаңалықтары

04 Jan, 08:03


🚔Түркістан облысында полицейлер жүргізушілерге көмекке келді

Облыста ауа райы күрт суытып, таулы аумақтарда қалың қар түсті. Кейбір жолдарда көктайғақ болып, тұман түсіп, көру мүмкіндігі нашарлауда.

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тәулік бойы қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Абай - Шардара тас жолында кептеліп қалған жүк көлігін байқап, жүргізушіге көмек көрсетті. Жетісу облысының тұрғыны түсіндіргендей, ол Қытайдан Өзбекстанға қарай бағыт алып, алайда жолда адасып, бұрылуға тырысқанда жол жиегінен шығып кеткен. Сонымен қатар Шардара ауданында полиция жолда тұрып қалған жеңіл көлікті сүйреуге көмектесті.

Жүргізуші сақшылардың көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

⚠️Полиция жүргізушілер мен жолаушыларды қолайсыз ауа-райында жолдарда абай болуға және жол ережелерін сақтауға шақырады.

КТК жаңалықтары

03 Jan, 11:36


⚡️Астана-Петропавл тас жолындағы оқиғаға қатысты «ҚазАвтоЖол» мәлімдеме жасады

3 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты Астана-Петропавл республикалық жолының 18-232 км учаскесінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

95 көліктің қатысуымен жол апаты орын алған.

«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, қазір жолдың бір жолағы тазартылып, көліктер жүре бастады. Тасжол барлық көліктер үшін жабық.

КТК жаңалықтары

03 Jan, 04:05


Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 3 адамды құтқарды

❄️ Астрахан ауданында көлік қар құрсауында қалды.

🧑‍🚒Құтқарушылар қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 3 адамды эвакуациялап, Астрахан ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

КТК жаңалықтары

31 Dec, 18:56


🎄Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер, Польша Президенті Анджей Дуда, Украина Президенті Владимир Зеленский, Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишиба, Иордания Королі II Абдалла, Норвегия Королі V Харальд, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси,Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонг, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало, Сенегал Президенті Бассиру Диомай Фай, Кот’д Ивуар Президенті Алассан Уаттара, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Маада Био, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Хан, ЮНЕСКО Бас директоры Одрэ Азуле, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев, Eni S.p.A. компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци және шет мемлекеттердің бұрынғы басшылары, халықаралық ірі ұйымдардың, компаниялардың, қаржы институттарының, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де түсіп жатыр.

КТК жаңалықтары

30 Dec, 17:11


2024 жылдың аяқталуына жақындағанда әлемде бірнеше әуе апаты болды. Бір тәулікте үш жолаушы ұшағы құлады, апатты жағдайда қонды. Оңтүстік Кореяда әуе кемесі қона берген сәтте дөңгелегі шықпай қалып, бетон қоршауға соғылған. Ұшақ сол мезетте отқа оранып, ішіндегі 179 адам ажал құшты. Қайғылы оқиғадан кейін жергілікті билік бір апта аза тұту күнін жариялады.

КТК жаңалықтары

30 Dec, 17:09


Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі Бразилияға жіберілетін болды. Мұндай шешім Әзірбайжан және Ресеймен кеңесе отырып, халықаралық Чикаго конвенциясына сай қабылданған. Бразилиядағы Авиация оқиғаларын тергеу орталығы қайғылы жағдайды толық әрі ашық зерттеуге мүмкіндік береді дейді көлік министрлігіндегілер. Ал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы апатты тергеуге қатысты аралық есеп 30 күн ішінде тапсырылу керек екенін ескертіп отыр.

КТК жаңалықтары

30 Dec, 11:47


✉️Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇰🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

✔️Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

КТК жаңалықтары

29 Dec, 07:06


Channel photo removed

КТК жаңалықтары

29 Dec, 07:06


Channel photo updated

КТК жаңалықтары

29 Dec, 04:04


🇰🇷 Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырады

Бангкоктан (Таиланд) келе жатқан Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Муан әуежайына дұрыс қона алмай қоршауға соғылған.

Ұшақта 181 адам болған, оның алтауы экипаж мүшесі екені айтылды. Апаттан 62 адам қаза тапқан, бұл сандар әлі де өсуі мүмкін.

КТК жаңалықтары

28 Dec, 16:03


🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Ресей тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

✔️Президенттер Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының апатқа ұшырап, Қазақстан және Ресей азаматтарының қаза табуына байланысты бір-біріне көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин апат себептерін анықтау үшін тараптардың атқарып жатқан жұмыстарын талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметтік комиссиясы тергеу ісін Әзербайжан, Ресей және Бразилия елдерінің мамандарын тарта отырып жүргізіп жатқанын айтты.

✔️Президенттер тергеу амалдарын жан-жақты және ашық жүргізудің маңызды екенін атап өтті.

КТК жаңалықтары

02 Dec, 10:20


⚡️ Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді

Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында полиция қызметкерлері жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан азаматтарды ұстады.

Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді.

🟠Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

КТК жаңалықтары

02 Dec, 06:46


💬 Алматыда көлікке оқ атқандар іздестіріліп жатыр

Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде адам болмаған. Күдіктілер қозғалыс құралының артқы терезесінен оқ атқан. Алматы қаласының Полиция департменті аталған дерек бойынша қылмыстық із қозғалғанын хабарлады.

КТК жаңалықтары

01 Dec, 06:53


💬 Грузияда митингке шыққандар парламент ғимаратын өртеді

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Тбилисидегі парламент ғимараты маңында наразылық білдірушілерді тоқтату үшін суатқышты қолданды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Демонстранттар бірнеше сағат бойы парламент ғимаратына қарай петарда лақтырып, отшашу атты. Петардалардың бірі терезеге кіріп, іште өрт шықты.

Екі жақтан да зардап шеккендер бар. Екі күн ішінде полиция 150-ге жуық адамды ұстады.

КТК жаңалықтары

30 Nov, 12:28


⚡️Астанада жүк көлігінің жанармай багы жарылып, адамдар зардап шекті

Үш қабатты әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан бокстан өрт шықты. Өрт кезінде бокстың ішінде 3 жүк көлігі болған, өрт сөндірушілер екі көлікті өрттен сақтап қалды. Өрт салдарынан үш адам зардап шекті, олар жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне жіберілді.

КТК жаңалықтары

29 Nov, 17:04


Түркістан облысында өкпесі шіріген балаға шұғыл көмек қажет. Бадам ауылында тұратын 9 жасар Сезімгүл Қалмаханның өкпесі екі жылдан бері іри бастаған. Қазір тек тыныс беру аппаратымен жатыр. Алматылық дәрігерлер қыздың әрі кетсе, бір жыл ғана өмірі қалғанын айтыпты. Десе де кішкентай науқасқа донор табылып, Үндістандағы медициналық клиника ота жасауға келіскен. Бірақ оған 40 миллион теңге қажет. Екі жылдан бері малының бәрін сатып бітірген көпбалалы отбасында ондай қаражат болмай тұр. 12 адам тұратын отбасы жақынының өмірін сақтап қалу үшін қазір өзі тұрып жатқан жалғыз баспанасын сатылымға қойды.

КТК жаңалықтары

29 Nov, 16:58


Елімізде туу көрсеткішінде биыл ұлдардың саны қыздарды басып озды. Статистика агенттігі тоғыз айдың есебіне сүйеніп осындай қорытынды жасап отыр. Ұлу жылының тоғыз айында қазақ жерінде 280 мыңдай шақалақ дүние есігін ашса, соның 53 пайызы — ұл.

КТК жаңалықтары

29 Nov, 09:48


🔎 Google Финляндиядан 27 млн еуроға жер сатып алды

Компания өзінің деректер орталығын кеңейту үшін Финляндиядан 27 миллион еуро тұратын жер телімін сатып алған.

Мұндай ауқымдағы жер мәмілелері Финляндияда сирек кездеседі.

КТК жаңалықтары

29 Nov, 07:12


⚡️ Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді

Полицейлер темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінен заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнім тәркіленді.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады.

🟠 Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және осы іске қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

КТК жаңалықтары

28 Nov, 16:21


Доллар рекорд орнатты. Бүгін айырбас орындарындағы АҚШ ақшасының теңгеге қатысты бағамы 525-тен асып кетті. Себебі, қор биржасындағы сауда-саттықтан соң, доллар шамамен 13 теңгеге қымбаттап, төл ақшамыз едәуір құнсызданған. Ал Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне сыртқы факторлармен қатар ішкі жағдайлар да әсер етуде дейді. Сондықтан құбылмалы уақытта ақша айырбастауға асықпаған абзал дейді.

КТК жаңалықтары

28 Nov, 16:19


Қазақстанда бес мыңға жуық дәрігер жетіспейді. Сенаторлар денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын реттеуде жүйелі тәсіл керек дейді.

КТК жаңалықтары

27 Nov, 18:35


Атырау облысында құжатсыз мал тасымалдағандар жаппай жауапқа тартылуда. Себебі өңірде күйдіргі кеселі таралып жатыр. Қазірге дейін Сібір жарасын жұқтырған үш ірі қара арам қатып, бір адам ауруханаға түскен.

КТК жаңалықтары

27 Nov, 18:32


Алматы облысында жеті жастағы оқушы микроавтобус астына жаншылып мерт болды. Қайғылы оқиға қала іргесіндегі «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде болды. Ауладағы абыр-сабыр кезінде жеткіншек автобустың артына құлап кеткен. Ал жүргізуші оны байқамай қалса керек.

КТК жаңалықтары

27 Nov, 07:51


🗣Әлемдегі ең қарт ер адам 112 жасында дүниеден озды

Джон Альфред Тиннисвуд - Ұлыбританияда «Титаник» суға кеткен жылы туған, екі дүниежүзілік соғыс пен испан тұмауы және коронавирустан аман қалған.

Ол бұрын «өте белсенді» және «көп серуендегенін», бірақ ол неге мұндай ұзақ өмір сүргенін білмейтінін айтқан.

Қазір жер бетіндегі ең қарт адам және ең қарт әйел атағы 116 жаста болған жапондық Томико Итоокаға тиесілі.

КТК жаңалықтары

26 Nov, 16:49


Жетісу облысындағы жер сілкінісінен кейін стратегиялық нысандарға мониторинг жасалды. 4 балл дүмпуден зақым келген ғимараттар анықталмапты. Ошағы Жаркент пен Шонжы арасындағы аумақта тіркелген . Толқыны 250 шақырым жердегі Алматыға 2 балл болып жетуі — қозғалған тектоникалық қабаттардың тереңде орналаспауынан.

КТК жаңалықтары

26 Nov, 16:47


Премьер-министр еліміздегі пойыздардың кестеден кешігіп қатынауын сынға алды. Ауа райы мен басқа да оқыс жағдайларды қоспағанда, бұл көлік түрінің тең жартысы діттеген жеріне кемі 40 минут кешігіп жетуді дағдыға айналдырған.

КТК жаңалықтары

26 Nov, 02:16


‼️Алматыда жер сілкінісі сезілді

Кеше 23 сағат 45 минутта Жетісу облысында жер асты дүмпуі тіркелді.

Зілзала ошағы Алматыдан 257 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісі әр жерде әртүрлі сезілген:

Алматыда – 2 балл,
Жаркент қаласында – 4 балл,
Чунджа ауылында – 3 балл,
Текеліде – 3 балл,
Қырғызсай ауылында – 2 балл,
Қарабұлақ кентінде – 2 балл,
Жансүгіров ауылында – 2 балл,
Көкпек ауылында – 2 балл,
Сарқант қаласында – 2 балл,
Талдықорған қаласында – 2 балл.

КТК жаңалықтары

25 Nov, 15:42


Ақтөбедегі әскери бөлімде жауынгер қазасына байланысты тергеу басталды. Гарнизон басшылығы сарбаздың суицид жасағанын растап отыр.

КТК жаңалықтары

25 Nov, 15:39


Түрмеде де тыныш отырмаған. Еліміздің үш өңіріндегі түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар теракт ұйымдастырмақ болған. Абақтыда жатып ылаң салмақ болғандардың жолын Ұлттық қауіпсіздік комитеті кесті.

КТК жаңалықтары

25 Nov, 08:52


Павлодарда жантүршігерік көлік апатынан 16 жасар қыз бала қайтыс болды

Павлодардың қақ ортасында болған жол-көлік апатынан кәмелет жасына толмаған қыз бала көз жұмды. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақат алған. Оның бірі жансақтау бөлімшесінде жатыр.

Облыс орталығындағы Назарбаев даңғылында жол-көлік апаты болып, салдарынан 16 жасар қыз бала қайтыс болып кетті, деп жазады kazinform.

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова хабарлады.

— Түнгі уақытта Назарбаев даңғылында жантүршігерлік жол-көлік апаты болып, 16 жасар жолаушы қыз бала оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі кәмелет жасына толмаған жасөспірім зардап шеккен. Оның бірі — 15 жасар қыз бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Ал 14 жасар ер бала өміріне қауіп төндірмейтін жарақаттармен емдеу ұйымына жеткізілді», - деп мәлімдеді С. Шәкенова.

Апат кезінде кәмелет жасына толмағандардың жанында заңды өкілдері болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

КТК жаңалықтары

25 Nov, 06:44


💬 Бразилияда автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 17 адам қаза тапты

Автобус таулы жолдан құлауы салдарынан кем дегенде 17 адам қаза тауып, 30-ға жуық адам жарақат алды. Бұл туралы G1 жергілікті порталы хабарлады.

Порталдың мәліметінше, автобуста 40 адам болған. Апат көліктің техникалық ақауы салдарынан орын алып, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. 

КТК жаңалықтары

23 Nov, 14:10


🔭 Әлемдік ғарыш ұйымы Күннің ерекше суреттерін жариялады

Еуропалық ғарыш агенттігі EКA-ның Solar Orbiter миссиясы жетілдірілген құралдар арқылы Күнді зерттеп жатыр. Солардың бірі – поляриметриялық және гелисейсмикалық кескіндеме (PHI), ол көрінетін жарықта кескіндерді түсіріп қана қоймай, магнит өрісінің бағытын өлшейді және әртүрлі беттік аумақтардың қозғалысы мен жылдамдығын бақылайды.

КТК жаңалықтары

22 Nov, 16:05


Адам саудасының алдын алу жолы қандай? Мұның жолын бүгін құзырлы орган өкілдері, халықаралық сарапшылар мен Мәжіліс депутаттары бірге іздеді. Ұлттық диалог орталығында айтылған статистика — алаңдатарлық. Тек жыл басынан бері елімізде адам саудасына қатысты ашылғаны бар, ашылмағаны бар — 197 қылмыс тіркеліпті.

КТК жаңалықтары

22 Nov, 16:03


Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан 27 жастағы жігіт көз жұмды. Ол тізгіндеген көлік қарама-қарсы келе жатқан автобуспен бетпе-бет соғылған. Апатқа ұшыраған автобуста 30-дан аса жолаушы болыпты.

КТК жаңалықтары

22 Nov, 09:52


💬 Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды.

Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.

КТК жаңалықтары

22 Nov, 09:49


🔎 Екібастұзда үйінен кетіп қалған жасөспірім дронның көмегімен табылды

22 қарашада таңертең 9-сынып оқушысының ата-анасы полицияға түнгі сағат 3-те үйден кетіп, оралмаған ұлын іздеуге көмек сұрады.

Полицейлер тек облыс бойынша ғана емес, көршілес аймақтарға да хабар жіберді. Сондай-ақ жоғалған бала туралы ақпарат БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланды.

Іздеуге 300-ге жуық азамат атсалысты: полиция және ТЖ қызметкерлері, еріктілер. Сонымен қатар екі іздеуші ит, тікұшақ, дрон пайдаланылды.

Дрон көмегімен сағат 13:00-де полиция саяжай аумағынан жасөспірімді тапты.

КТК жаңалықтары

22 Nov, 09:46


🗣Қостанайда құбыр жарылып, мектеп пен тұрғын үйлер жылусыз қалды

Апат жерасты жылу желісінде болған. Қостанайда 8 тұрғын үй, мектеп және спорт залы жылусыз қалды. Қалпына келу жұмыстарын сағат 20:00-ге дейін жоюға уәде берді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Жылу-энергетика компаниясының мәліметінше, апат Бородин №221А көшесінде диаметрі диаметрі 150 мм құбырда болған.

КТК жаңалықтары

21 Nov, 17:08


Таразда мемлекеттік университеттің анықтамасын алып заңсыз жұмыс істеп келген шетел азаматтары ұсталды. Еңбек мигранттары қолдан жасалған құжат арқылы маусымдық жұмысын алаңсыз атқарып келген. Мәселен 19 келімсек тексерушілерге Тараз мемлекеттік университетінің студентіміз деген анықтама көрсеткен.

КТК жаңалықтары

21 Nov, 16:54


Салғырттығы үшін жұмыстан қуылды. Алматы облысы Талғар ауданындағы уақытша ұстау изоляторының басшысы қызметінен босатылды. Бір күдіктіні тергеу абақтысынан жіберіп алғаны үшін тағы 11 қызметкер жазаға тартылды.

КТК жаңалықтары

21 Nov, 11:35


💬 Астанада жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын оқшаулап, сағат 14:58–де толығымен сөндірген.

Нақтыланған мәліметтер бойынша автобуста жолаушылар болмады. Өрттің себебі анықталуда.

КТК жаңалықтары

21 Nov, 09:29


‼️Сұйытылған мұнай газдың көтерме бағасы қайта бекітіледі

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Ашық НҚА-дағы бұйрық жобасына сәйкес, шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Энергетика министрінің бұйрығымен сұйытылған мұнай газын өндіретін зауыттар үшін шекті көтерме бағалар тоннасына 45 158 теңге деңгейінде бекітілді.

Бұйрық 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды.

КТК жаңалықтары

20 Nov, 16:24


Көпшілігі міндеттен босағанымен, табысы көптер қадағалауда. Мемлекеттік қызметке кіруді көздегендер мен кәсіппен айналысуды бастағандар декларация тапсыра береді. Табысы мен мүлкі туралы мәліметті жариялауға міндетті отандастырымыздың тізіміне өзгеріс енді.

КТК жаңалықтары

20 Nov, 16:21


Каспийде итбалық әлі де қырылып жатыр. Аймақтағы балық шаруашылығы испекциясының мамандары жағалауда жайрап жатқан екі мыңға жуық сүтқоректінің өлексесін тапқан.

КТК жаңалықтары

20 Nov, 10:11


🇰🇿🪪🇺🇿 Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан жеке куәлікпен өту тәртібі енгізілмек — Шавкат Мирзиёев

Өзбекстан басшысы атап өткендей, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты нығайту, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету сыртқы саясаттың басым бағыты болып қала бермек.

КТК жаңалықтары

20 Nov, 06:56


💬 Каспийде итбалық әлі де қырылып жатыр

24 қазан мен 18 қараша аралығында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында жағалауға шығып қалған 1 155 итбалық өлексесін тапты.

Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Андрей Руцкийдің мәліметінше, өлекселер әбден шіріп, ыдырап кеткен, сондықтан патологиялық материал алу мүмкін болмаған.

КТК жаңалықтары

19 Nov, 16:08


Өзгеріссіз қалды. Үкімет бесінші уақыт белдеуін қолдаймыз деп, қоғамда қызу талқыға айналған мәселеге нүкте қойды. Себебі қолданыстағы UTC+5 белдеуі географиялық тұрғыдан Қазақстанның көп бөлігін қамтиды әрі ғылыми негізделген және экономикалық тұрғыдан да тиімді. Осылай деген премьер-министр бүгін сауда және интеграция мен мәдениет және ақпарат министрліктеріне неғұрлым түсінікті ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізуді тапсырды.

КТК жаңалықтары

19 Nov, 16:04


Зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер мен студенттер, жалпы бизнес пен мемлекеттік қызметке қатысы жоқтар декларация тапсыру машақатынан босатылады. Елімізде мұндай санаттағы адам саны 8 миллионнан асып жығылады.

КТК жаңалықтары

19 Nov, 06:20


💰 5 млн теңгеден астам өтемақы: Тойда уланған қонақтар өз құқығын қорғады

Биылғы сәуір айында той үстінде тамақтан уланып қалған 18 адам Екібастұздағы «Grand Hall» мейрамханасының иесінен өтемақы талап еткен еді. Сот шешімімен мейрамхана иесі арызданушылардың жалпы сомасы 5,2 млн теңгеден астам шығындарын өтейтін болды.

КТК жаңалықтары

18 Nov, 16:41


Ақмола облысы Сабынды ауылындағы жарылыстан зардап шеккен 16 адамның екеуінің жағдайы әлі де ауыр. Олар Астана ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

КТК жаңалықтары

18 Nov, 16:36


Павлодар облысында өгей әке оқушы қызын зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Жасөспірім жақынының айуандыққа барғанын мұғаліміне жайып салған.

КТК жаңалықтары

18 Nov, 09:34


Таразда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады

Полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады.

Оқыс оқиға Таразда болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желілерден белгілі болды. Жазбаға сүйенсек, Таразда патрульдік полиция батальонының инспекторы "қызметтік қарумен ойнап, әріптесін абайсызда атып тастады".

"2024 жылғы 16 қарашада қызметтік көлікте қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкері қарумен абайсызда өзінің әріптесін атты. Кездейсоқ ауыр зардаптарға әкеп соққан немқұрайлылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленуші Қордай аудандық ауруханасына жатқызылды", — деп түсіндірді ведомствода.

Полиция қызметкерлері қызметтік тексеру жүргізеді, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталады.

КТК жаңалықтары

18 Nov, 07:33


100 млн-ға жуық теңге алып қашып кеткен қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

«Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған», - делінген хабарламада.

Күдікті осы жылдың шілде айында Санкт-Петербург қаласында ұсталған.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды. Егер оның қылмысы дәлелденде 10 жылға дейін сотталады.

КТК жаңалықтары

18 Nov, 06:35


📺🎙📻 Еліміздегі телеарналар мен радионың жұмысы бір күнге тоқтайды

21 қараша сағат 03:00 мен 17:00 аралығында телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

КТК жаңалықтары

17 Nov, 15:01


💬 Қытайда тағы да халыққа пышақпен шабуыл жасалды, бұл - биылғы сегізінші оқиға

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуыл 16 қарашаға қараған түні болған. Шабуыл болған жер Уси политехникалық кәсіптік-техникалық колледжі болса, шабуыл жасаған - 21 жастағы колледж студенті.

КТК жаңалықтары

16 Nov, 12:23


Бурабайда пеликан құтқарылды

15 қараша күні «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері әлсіреген пеликанды тауып, орман шаруашылығы инспекторларына тапсырды. Құс зоосаябаққа жеткізіліп, ветеринарлық тексеру нәтижесінде оның денсаулығы жақсы екені анықталды.

Пеликанның биылғы жылы туған балапан екен және оның қанаттары ұзақ қашықтыққа ұшуға жарамсыз. Құс қыстауға арналған арнайы вольерге орналастырылып, көктемде табиғи ортасына жіберіледі.

КТК жаңалықтары

15 Nov, 16:59


Ақтөбедегі қатаң тәртіптегі түрменің тазалығына қатысты шағым айтқандар тергелетін болды. Себебі, жазасын өтеушілер қолдануға тыйым салынған ұялы телефон арқылы колония ішін камераға түсірген.

КТК жаңалықтары

15 Nov, 16:57


Мүгедектігі бар адамдарға зейнетақымен қатар жәрдемақы да төлеу ұсынысын Үкімет қолдамады. Вице-премьер Тамара Дүйсенованың айтуынша, республикалық бюджетке бұл сома үлкен салмақ.

КТК жаңалықтары

15 Nov, 11:10


⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«ЕКІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыру қажет.

Былтырғы Жолдауда үш жылдың ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру міндетін қойдым. Біз негізгі азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыра бастадық. Атап айтқанда, таяу жылдары сүт өндіру көлемін 600 мың тоннаға көбейтуге мүмкіндік беретін 116 заманауи тауарлы сүт фермасы салынады.

Жалпы қуаты жылына 220 мың тонна құс етін өндіретін 29 фабриканы, сондай-ақ қуаты жылына 850 миллион жұмыртқа өндіретін 11 құс фабрикасын пайдалануға беру көзделген.

100 мыңға жуық ірі қараға арналған 6 бордақылау алаңын, сондай-ақ 50 мың бас уақ малға арналған бордақылау кешенін іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Үкімет алғашқы мамандандырылған биржа ашуды қолға алды. Бұл кешенде мал саудасының заманауи ережелері сақталып, фермерлер мен тұтынушылар арасында басы артық делдалдар болмайды»

КТК жаңалықтары

15 Nov, 11:09


⚡️Мемлекет басшысы:

«Енді алдағы жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталайын.

БІРІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыруды жүйелі жүргізу қажет.

Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру ақсап тұрған саланың бірі еді. Биыл мемлекет бұл мәселені шешіп, бөлінетін қаржы көлемін айтарлықтай арттырды. Біз пайыздық мөлшерлемемен субсидиялау арқылы несиелеудің күрделі әрі көлеңкелі жүйесінен бас тарттық. Диқандар енді көктемгі егін егу және жиын-терін жұмыстарына 5 пайыз мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген несие алады. Мұндай несиелеу көлемі алғаш рет жарты триллион теңгеден асты (580 миллиард теңге, бұған дейін 180 милллиард теңге болған), алдағы уақытта бұл көрсеткіш бір жарым триллион теңгеге дейін жеткізіледі»

КТК жаңалықтары

15 Nov, 11:09


⚡️Мемлекет басшысы:

«Қазақта «Еңбегіне қарай – өнбегі» деген сөз бар. Мұны, ең алдымен, ауыл халқының ерен еңбегінің жемісі деуге болады. Мемлекет тарапынан да тиісті жұмыс жүргізілді, қажетті көмек берілді. Қазір елімізде жаңа экономикалық бағдар аясында нақты шаралар қолға алынып жатыр.

Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде инфляция деңгейі төмендеді (биылғы қазан айында жылдық инфляция 8,5 пайызды құрады), сондай-ақ ұлттық экономиканың өсімі 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында 4 пайыздан асып, жақсы қарқын алды. Мұнайдан тыс салаларды дамыту арқылы оң динамика байқалады. Бұл – маңызды үдеріс. Ішкі жалпы өнім өсімінің үштен екісінен астамы сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс пен ауыл шаруашылығына тиесілі. Осы бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыру керек.

Қазақстан шет елдерден тікелей инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр.

Биыл жетекші халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанның қазіргі несие рейтингі инвестициялық сенімділік деңгейінде тұрғанын растады. Қыркүйекте Moody’s агенттігі Қазақстанның ұзақмерзімді рейтингін «Тұрақты» деңгейіне көтерді. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтиже»

КТК жаңалықтары

15 Nov, 11:09


🏛🏛🏛🏛 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумындағы сөзі басталды

«Баршаңызды Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумының ашылуымен құттықтаймын! Алқалы жиын Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында өтіп жатыр. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Сондай-ақ бұл форум елімізде тың игеру науқаны басталғанына 70 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Сол науқанның түрлі салдары болғанын білесіздер. Соған қарамастан ауыл шаруашылығында көптеген оң өзгеріс жасалды. Қазақстан аз уақыт ішінде әлемдегі ең астықты елдің біріне айналды. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарды, елді мекендер салынды. Мен бүгін алғашқы тыңгерлердің және олардың ізін басқан диқандарымыздың еңбегін ерекше атап өткім келеді.

Жаңа ғана арнайы көрмені араладық. Отандық өнімдеріміздің сапасы жоғары, көбі экспортқа шығарылып жатыр. Бұл – зор жетістік. Қазақстан Егіс алқабы және жайылымдық жер көлемі жағынан әлемде 6-орын алады. Біз бидай экспорттайтын 10 ірі мемлекеттің қатарына кіреміз. Ұн экспорты бойынша көш басындағы елдің біріміз.

Биыл түрлі қиындыққа қарамастан, қамбамыз астыққа толды. Күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шын мәнінде диқандарымыз тамаша нәтижеге жетіп отыр. Құттықтаймын және баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!»

КТК жаңалықтары

11 Nov, 15:57


Таразда екі адамды азаптап өлтірді деген күдікпен 28 жастағы жігіт ұсталды. Бірер күн бұрын қала орталығындағы жалдамалы пәтерден екі әйелдің жансыз денесі табылған болатын. Полицейлер марқұмдардың денесінде зорлық белгілері барын хабарлаған.

КТК жаңалықтары

11 Nov, 15:54


Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан әскериді ақтық сапарға шығарып салды. 36 жастағы офицер Батыр Оразымбетов өзі білім алған Талғат Бегелдинов атындағы әуе күштері институтында еңбек еткен. Қаралы митинг те аталмыш жоғары оқу орнында өтті. Сенбі күні Сарыжар ауылы маңында құлаған тікұшақта марқұммен бірге екі әріптесі болған-ды. Аман қалған олар ауруханада. «Жағдайы жақсы, беті бері қарады» - дейді дәрігерлер.

КТК жаңалықтары

11 Nov, 09:07


Қазақ қызы бокстан үш мәрте Ресей чемпионы атанды

Омбылық қазақ қызы Салтанат Меденова Серпухов қаласында (Мәскеу облысы) бокстан әйелдер арасында өткен 25-інші Ресей чемпионатында жеңімпаз атанды.

Салтанат 81 келіге дейінгі салмақта финалда Краснодар өлкесінің өкілі, өткен жылғы әлем чемпионы Анастасия Демурчянды ұтты. Осылайша, С.Меденова үш дүркін Ресей чемпионы атанды.

«Әлем чемпионы Анастасия Демурчянмен өткен финалдық жекпе-жек ең ауыр айқастың бірі болды. Психологиялық жағынан біраз қиындыққа түскенімен, рингке шыққаннан кейін жеңілдеп сала бердім. Анастасияның менің салмағыма өткенін білдім. Сондықтан оған дайындалдым. Мен үш дүркін Ресей чемпионы атандым. Тезірек үйге жетіп, туыстарымды, анамды құшақтағым келеді», деді Салтанат Меденова.

Ресей біріншілігіне 48 өңірден 172 спортшы қатысып, бақ сынады. Омбы қаласында туып-өскен Салтанат Меденова биыл БРИКС ойындарында да алтыннан алқа таққан болатын.

КТК жаңалықтары

09 Nov, 12:32


⚡️Тікұшақ апаты: Ақтөбе әкімінің орынбасары зардап шеккендердің жағдайын білді

Дәрігерлердің айтуынша, екі азамат қазіргі уақытта жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жағдайлары тұрақты ауыр деп бағалануда.

«Бүгінгі жағдайға байланысты марқұм болған азаматтың ата-анасына, ағайын-туысына, жақындарына көңіл айтамыз. Жаңа ғана марқұмның отбасына барып, көңілімізді білдірдік. Облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетіндігін жеткіздік. Аталған мәселе бойынша іс қозғалып, тиісті шешімдер қабылданады»,  — деді Жолдас Батырхан.

КТК жаңалықтары

08 Nov, 19:54


Абай облысында мал ұрлығы өршіп тұр. Жұрттың жайылымда жүрген төрт түлігі ізім-ғайым жоғалып жатыр. Зар қаққан Суықбұлақ ауылының тұрғындары құзырлы органдарға өкпелі. Олардың айтуынша, табын сиыр, үйір жылқы жоғалса да, барымташыларды ұстай алмай отыр.

КТК жаңалықтары

08 Nov, 19:50


Таразда жалға алынған пәтерден екі әйелдің денесі табылды. Қылмыс қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

КТК жаңалықтары

08 Nov, 06:38


ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің мәлімдеуінше, өлім себебі — суицид.

Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

КТК жаңалықтары

07 Nov, 16:21


Маңғыстау облысында итбалықтың қырылуына қатысты жүргізілген зерттеудің алдын ала қорытындысы жарияланды. Гидробиология және экология институтының мамандары бұл жағдайға эпидемия себеп болмағанына сенімді.

КТК жаңалықтары

07 Nov, 16:18


Астанада да табиғат тосын мінез танытып тұр. Кешелі бері елордада қатты жел тұрып, шатырлар жан-жаққа ұшып, бірсыпыра көліктер мен ғимараттарды зақымдады. Жарықсыз қалған аудандар да бар.

КТК жаңалықтары

07 Nov, 05:44


Ақтөбе облысында боранда түнде далада қалған 5 адам құтқарылды

Абай ауылына жақын маңайда 2 ер адам ауа райының қолайсыздығына қарамастан мал тексеруге кетіп, қарда тұрып қалған. Құтқарушылар қар құрсауында тұрып қалған жеңіл автокөлікті эвакуациялап, адамдарды құтқарды.

Осы сапардан қайтар жолда құтқарушылар қарда тұрып қалған, ішінде екі адамы бар жеңіл автокөлікті көріп, оларды да эвакуациялап, құтқарды.

Аталған азаматтар тұрғылықты жеріне жеткізілді.

КТК жаңалықтары

06 Nov, 15:36


Талғарда Хасан Қасымбаевтың тапсырысымен соққыға жығылды делінген спортшының жақындары күзетке алынды. Ережесіз жекпе-жек шебері Арман Әлімовтің анасы бүгін тілшілерге үш жыл бұрынғы оқиғаны жіпке тізгендей айтып берді. Ол бұл қастандықты «хуторлықтар» деп аталатын қылмыстық топ мүшелері жасағанына сенімді. Ал оған тапсырыс берген сол топтың басшысы Хасан Қасымбаев екенін айтып отыр. Әйел бұл туралы «сол уақыттан бері қанша айтсам да, ешкім құлақ аспады» дейді. Расымен Талғарда қылмыстық топ бар ма? Оған Хасанның қатысы қандай? Бұл сұрақтарға бүгін ішкі істер вице-министрі жауап берді.

КТК жаңалықтары

06 Nov, 15:32


Ақтөбе облысында ақтүтек бораннан бір күнде 30 көлік соқтығысып, төртеуі аударылған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Дегенмен облыста қазір жолдар жабылып, полиция бекеттерде кезекшілікте тұр.

КТК жаңалықтары

06 Nov, 14:25


⚡️ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Кешкі жаңалықтар
https://www.youtube.com/watch?v=qOatRgCBc1Q

КТК жаңалықтары

06 Nov, 11:11


Анасынан ерте айырылған Динараны генерал әкесі бетінен қақпай, еркелетіп өсірді. Дәрігер мамандығын алған қыз өз қылығымен талай рет әкесін жерге қаратты. Қызын әскери санитарлық бөлімге орналастырған өз жоспары болды. Қызының тағдырына алаңдаған әкесінің арманы орындалды ма?

ЖУЫРДА ! ТЕК КТК ТЕЛЕАРНАСЫНДА !

КТК жаңалықтары

06 Nov, 11:07


Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитінде 8 құжатқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті аясында мынадай құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

1. Түркі мемлекеттері ұйымы XI саммитінің декларациясы;

2. «Түркі әлемінің жасыл дамуы: орнықты келешектің бірлігі» туралы шешім;

3. Бішкек қаласын 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық астанасы деп жариялау туралы шешім;

4. Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы шешім;

5. Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім;

6. Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарларын тағайындау туралы шешім;

7. «Түркі мемлекеттері ұйымының Тұрақты өкілдері жөніндегі ереже» туралы шешім;

8. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының тулары жөніндегі шешім.

КТК жаңалықтары

06 Nov, 09:33


Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жетті

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, Ақ үйге оралды.

Оған берілген дауыстар саны басты қарсыласы Камала Харристен басым түсті. Сайлау қорытындысы бойынша, Д. Трамп жеңіске жету үшін қажетті 270 сайлаушының дауысынан асып түсіп, 277 дауыс жинады, - деп хабарлайды Fox News. Аталмыш телеарнаның мәліметінше, Харристің 226 дауысы бар. Оның жеңісін Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон да жариялады.

КТК жаңалықтары

06 Nov, 09:33


Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» өз алаңында жеңіліп қалды

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің төртінші туры басталды.

Бұл турда Испанияның «Реал Мадрид» клубы өз алаңында Италияның «Милан» командасына 1:3 есебімен жол берді. Бұл жанкүйерлер күтпеген жағдай болды. Өз алаңында ешкімге есе жібермейтін испаниялық клуб аталған турнирде екінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Ал Нидерландтың ПСВ командасы өз алаңында испаниянлық «Жиронаны» клубын, англиялық «Ливерпуль» германиялық «Байерді» 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Екінші турдың алғашқы ойын күнінде олардан басқа словакиялық «Слован Братислава» Хорватияның «Динамо Загребіне» 1:4, италиялық «Болонья» Францияның «Монакосына» 0:1 есебімен есе жіберді.

Ал шотландиялық «Селтик» Германияның «Лейпцигін» 3:1, (Германия), португалиялық «Спортинг Лиссабон» (Англияның «Манчестер Ситиін» 4:1, германиялық «Боруссия Дортмунд» Австрияның «Штурмын» 1:0 есебімен жеңсе, «Лилль» (Франция) мен «Ювентус» (Италия) 1:1 есебімен тең ойнайды.

Енді 6 қарашада екінші ойын күні жалғасады. Алдымен 22.35-те «Шахтёр Донецк» (Украина) пен «Янг Бойз» (Швейцария), 00:50-де «Интер» (Италия) мен «Арсенал» (Англия) кездеседі. Аталған екі кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ ПСЖ (Франция) мен «Атлетико Мадрид» (Испания) ойынын 00:50-де тікелей эфирде «Qazaqstan» телернасынан көруге болады.

Сондай-ақ бұл күні «Брюгге» (Бельгия) мен «Астон Вилла» (Англия), «Спарта Прага» (Чехия) мен «Брест» (Франция), «Бавария» (Германия) мен «Бенфика» (Португалия), «Фейеноорд» (Нидерланд) пен «Ред булл Зальцбург» (Австрия), «Црвена Звезда» (Сербия) мен «Барселона» (Испания), «Штутарт» (Германия) пен «Аталанта» (Италия) ойнайды.

КТК жаңалықтары

25 Oct, 17:04


Ұлттық мереке — Республика күнін отандастарымыздың атап өтіп жатқанына осымен үшін жыл. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Декларацияда ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетіне қатысты маңызды шарттардың барлығы тайға таңба басылғандай жазылды.

КТК жаңалықтары

25 Oct, 17:00


Республика күні Алматыда мемлекеттік туды ұлықтаумен басталды. Таң атысымен әйгілі «Медеу» мұз айдынында көк байрағымыз биіктігі 40 метр тұғырға көтерілді.

КТК жаңалықтары

25 Oct, 06:26


⚡️Талғарда изолятордан қашқан күдікті ұсталды – полиция

Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен айыпты құрықталды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін айып тағылады», - дейді құзырлы департаменттен. 

КТК жаңалықтары

25 Oct, 03:59


⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

🇰🇿Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам – сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы.

Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді.

Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігі қазіргі реформалардың берік тірегіне әрі қозғаушы күшіне айналды. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз.

Еліміздің ертеңі қандай болатыны әрбір отандасымызға байланысты екені анық. Азаматтарымыз осы қастерлі жауапкершілікті терең түсініп, мемлекеттігімізді нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс және бақ-береке тілеймін!

КТК жаңалықтары

25 Oct, 03:59


🇰🇿Республика күні құтты болсын!

КТК жаңалықтары

24 Oct, 16:25


Прокурорлар Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков мемлекеттік наградаға ие болды.

КТК жаңалықтары

24 Oct, 16:22


Түркияда терактіден зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандық азамат жоқ. Соңғы мәлімет бойынша лаңкестіктен бес адам қаза болған. Осыған байланысты түнде Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.

КТК жаңалықтары

24 Oct, 08:20


🚝Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы LRT құрылысы қарқынын тексерді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек нысанның дайындық деңгейі және мегаполистің көлік жүйесін одан әрі дамыту келешегі туралы баяндады.

Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды. LRT құрамына 18 станса кіреді. 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрамды іске қосу жоспарланып отыр. Қозғалыс аралығы 4-5 минутты құрайды. Бастапқы кезеңде тәулігіне 25 мың адам жолаушылар ағыны күтіледі, бұл ретте жолаушылар ағыны ең жоғары уақытта тәулігіне 92 мың адамға жетуі мүмкін.

Төлем жүйесі қалалық аналогы бойынша, көлік картасын валидациялау немесе QR-код арқылы төлеу арқылы қарастырылған.

КТК жаңалықтары

24 Oct, 05:44


⚽️🔝16 жастағы қандасымыз Қытайдың әйелдер футбол командасының жаттығушылар тізіміне таңдалды

Қытай футбол қауымдастығы футболдан жастар арасындағы ұлттық чемпионатына (U-17) дайындық жұмыстарын бастап кетті. Соған орай жақында Қытай футбол қауымдастығы 17 жасқа дейінгі мемлекеттік әйелдер футбол командасының 2024 жылғы алғашқы жаттығушылар тізімін жариялады.

Аталған тізімге Іле Қазақ автономиялы облысының Күнес ауданынан келген 16 жастағы Махпер Жанарқызы таңдалған.

Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Махпер бүкіл Шыңжаң бойынша жаттығу толымдылығына ие болған жалғыз спортшы.

КТК жаңалықтары

23 Oct, 17:22


Елімізде кейбір азық-түлік қымбаттауы мүмкін. Вице-премьер тауық еті, ірімшік, апельсин мен банан бағасы өсуі мүмкін деп отыр. Түгелі болмаса да, кейбір әлеуметтік маңызы бар тауар құны теңгенің әлсіреуіне байланысты өсуі мүмкін екен.

КТК жаңалықтары

23 Oct, 17:20


Республика күні қарсаңында Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Талай жыл табанды еңбек еткен мектеп мұғалімдері мен ғалымдар, еліміздің мәдени-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар назардан тыс қалмады. Биыл жоғары марапат, әсіресе, қара жұмыстан тартынбаған еңбек ардагерлеріне берілді.

КТК жаңалықтары

23 Oct, 12:07


💰 Елдос Сметовтың бапкері мен Нұрдәулет Жұмағалидың айлығына 4 млн теңге қосылды

Келесі айдан бастап Әлем чемпионатының жеңімпазы Жарқынай Рахымбаева және қола жүлдегер Серғали Әбілда, биылғы Паралимпиаданың паражүзуден күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали мен бапкері Саттар Бейсембаевтың жалақысы өседі. Ал Елдос Сметовтың бапкері келесі олимпиадаға дейін ай сайын 4 млн теңге қосымша жалақы алады. Осы аптада өткен Жамбыл облыстық мәслихатының сессиясында осындай шешім қабылданды.

КТК жаңалықтары

22 Oct, 16:40


Тойға барғаны үшін түрмеге аттанды. Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы енді жазасының қалған бөлігін қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Нұрасыл Болат бүгін сот залында қамауға алынған.

КТК жаңалықтары

22 Oct, 16:31


Жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға еліміздің екі облысында әлеуметтік нысандар салынады. Спорт кешені мен музыка мектебіне үш миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Бұл қаражатты заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия тиісті заң шеңберінде мемлекетке қайтарған.

КТК жаңалықтары

22 Oct, 07:58


⌨️ Қостанайда полиция екі шетелдік дропперді ұстау операциясын жүргізді

Шілде айынан бастап Қазақстанға келген 30 жастағы көршілес елдің азаматы Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларында алаяқтар жымқырған ірі көлемдегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Кейін ол ақшаны Тelegram арқылы "кураторлар" жіберген банк карталарына аударған.

Оның 21 жастағы көмекшісі өзінің қылмыстық әрекетін сыбайласынан тәжірибе жинау арқылы бастады.

Екеуі де қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды. Жеке тінту барысында олардың жалдамалы пәтерінде полиция қызметкерлері үшінші тұлғалардың телефондары мен банк карталарын тәркіледі.

Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактілеріне қатысы бар екені анықталды. Полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр.

КТК жаңалықтары

22 Oct, 06:01


💬 Қорғаныс министрлігі ЖОО-да тегін оқуға грант алған мерзімді әскери қызметшілерінің тізімін жариялады

Бір жарым мың орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болды.

Конкурсқа Қорғаныс министрлігінен 8 169, Ұлттық ұланнан 6 441, Төтенше жағдайлар министрлігінен 315, Шекара қызметінен 2 715, Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысты.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 19:37


Қырғызстанда қар көшкінінен қаза болғандардың денесі түгел табылды. Қайғылы оқиға Ақ-Сай тауында болды.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 19:33


Құжатты қолдан жасаған, ВИН-кодты цехта өзгерткен. Алматыда 150-ден аса көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ құрықталды. Олар — арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен делдалдар. 17 адамды құрықтау үшін полиция прокуратурамен бірлесіп арнайы операция ұйымдастырған.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 12:13


Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты атышулы істі тергеу қалай жүріп жатқанын айтты.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті деп танылған 11 адамның бесеуі кәмелет жасына толмаған. Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп жазады kazinform.

Бұған қосымша кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту; жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық; бопсалау; есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіру; азаптау; кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қосымша істер қаралуда.

«Қылмыстық істердің 9 қатысушысы қамауда отыр, ал екеуіне „үйқамаққа алу“ бұлтартпау шарасы таңдалды, оның ішінде кәмелетке толмағандар саны — 5. Сонымен қатар, істің мән-жайы бойынша жәбірленушіден жауап алынды. Сот тыңдауы және ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде», — деп жазылған министрлік жауабында.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 12:12


Атырауда 23 жастағы бойжеткенді 3 күннен бері іздеп жатыр

Атырауда 23 жастағы бойжеткен 3 күн бұрын жоғалып кеткен. Оны полиция қызметкерлері таба алмай жатыр.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жоғалған ару 18 қазанда түнгі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кеткен.

«Із-түзсіз жоғалған бойжеткен Яна Легдокимова 2001 жыоы дүниеге келген. Ол Атырау қаласындағы Авангард-2 шағын ауданында тұрған. Үйінен 18 қазан күні сағат 22:00 шамасында шығып, осы уақытқа дейін кері оралмаған. Жоғалған бойдеткеннің бойы – 1 метр 60 см», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен аруды жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізіп жатыр. Әзірге із-түзсіз жоғалған қыздың қай бағытқа кеткені, қайда жүргені туралы еш дерек жоқ.

«Жоғалған адамды іздестіру жалғасып жатыр. Ол туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне дереу қоңырау шалуды сұраймыз», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 10:39


🇨🇿 Ян Липавский кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, Чехия Президенті Петр Павелдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Прагаға ресми сапармен келуге шақырғанын жеткізді

➤ Чехия Сыртқы істер министрі қарқынды экономикалық байланыстар қазақ-чех ынтымақтастығының негізі саналатынына назар аударды. Ян Липавский өнеркәсіп, «жасыл» даму талаптарына көшу және энергетика салаларын бірлескен жұмыстың басым бағыттары ретінде атап өтті.

➤ Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ян Липавский өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

➤ Кездесу соңында Мемлекет басшысы Чехия Президенті Петр Павелге ізгі тілегін жеткізді.

КТК жаңалықтары

21 Oct, 10:39


🇰🇿🇨🇿 Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Чехия арасында достық пен өзара құрметке құрылған көпжылдық әрі нәтижелі ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті.

➤ Мемлекет басшысы министрдің сапары екі ел арасындағы көпжақты қарым-қатынастың нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл.

➤ Президент екі елдің сауда және инвестициялық байланыстарын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар екеніне назар аударып, еліміздің чех инвесторларына алдағы уақытта да қолдау білдіруге дайын екенін айтты.

КТК жаңалықтары

19 Oct, 11:01


⚡️Қырғызстанда қар көшкіні басып қалған алты адамның мәйіті табылды

Қаныш-Қия ауылының 14 тұрғыны мен бір шетелдік тауға сирек кездесетін өсімдіктің тамырын іздеп шығып, жоғалып кеткен болатын. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде сегіз азамат аман-есен табылып, алтауы қар көшкіні астында қалып, мерт болды.

КТК жаңалықтары

18 Oct, 16:12


Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметтен босатылды.

КТК жаңалықтары

18 Oct, 16:10


Алматы облысында 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатқан полицейлер тағы бір күдіктіні ұстады. Осылайша аталмыш қылмыспен қамауға алынған адам саны11-ге жетті.

КТК жаңалықтары

18 Oct, 11:42


⚡️Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметтерінен босатылды

ҚР Бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов лауазымдарынан босатылды.

КТК жаңалықтары

17 Oct, 16:02


SIM-картаны EGov арқылы беруді ұсынған Цифрлық даму министрлігі қазір осыны жүзеге асырудың жолдарын қарастырып жатыр. Ведомство басшысы аталған жүйе енгізілсе, алдымен телефон алаяқтары азаяды дейді.

КТК жаңалықтары

17 Oct, 16:00


«Бейбіт келісімге келуі керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан форумда Ресей-Украина арасындағы жағдайды реттеудің басқа жолы жоқ деді.

КТК жаңалықтары

17 Oct, 08:14


🟥Алматыда элиталы тұрғын үй өртеніп жатыр

«Престиж-Алатау» көпқабатты тұрғын үй кешенінің жетінші қабатындағы пәтер өртеніп, өрт үйдің шатырына жайылған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына барды, өрттің ауданы нақтылануда. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Мұнда 25 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады ведомство.