Жыл бастала мың құбылған қара алтын құны соңғы аптада өз өсімін жалғастырды. Бүгінде Brent маркасының бір баррелі 76 доллардан асқан. Осылайша екі аптада шамамен 3%-ға қымбаттады. Ал, жоғары сұрыпты WTI маркасы 72 доллар 12 центке саудаланып жатыр.
Мұнай нарығындағы оң серпін АҚШ-тағы шикізат қорының көбеюінен туындаған. Сондай-ақ, саяси шиеленістен қара алтын тасымалындағы қиындықтар бағаның шарықтауына алып келді. Атап айтқанда, Қазақстан мұнайы жөнелтілетін құбырға жасалған шабуылдан кейін, экспорт көлемі күрт қысқарды.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz