Әшкере @askerenews Channel on Telegram

Әшкере

@askerenews


Ең маңызды жаңалық, фактчек, журналистік тексеру.

Байланыс: @aqultay
Instagram: https://www.instagram.com/ardaq.qultay/

Жарнама: +7 707 289 05 05

Әшкере (Kazakh)

Сізге әлемнің соңғы жаңалықтары және факттарымен танысу үшін Әшкере телеграм каналына қош келдіңіз! Бұл каналда журналистікалық тексеруден алдаулы жаңалықтар мен ақпараттар таралады. Сізге таңдаулы ағылшын тілінде мазмұндар көрсетіледі.

Егер сізге сұрақтарыңыз болса, @aqultay арқылы хабарласа аласыз. Осылайша, сіз Әшкере каналынан үлкен арнайы білім аласыз.

Болашақты жаңалықтарыңызға цілікті мекен жасау үшін Әшкере каналына жазылыңыз!

Сайттар мен сатылым жасау үшін: +7 707 289 05 05, Instagram: https://www.instagram.com/ardaq.qultay/

Әшкере

15 Jan, 07:13


📺🇸🇾Башар Асад кеткен соң Сирияда жаңа үкімет құрылды. Арасында тіпті әйел адамдар бар. Алайда бұл бәрі керемет деген сөз бе, талқылап көрейік.

Сонымен, билікте қазір - Хайат Тахрир әш-Шам (ХТШ) ұйымы. Ол террористік "Әл-Каида" ұйымынан бөлініп шыққаны белгілі. Билікке келген соң бұл ұйым прогрессивті болып көрінуге тырысты. Алайда кілтипан бар.

📺Елдің премьері Мохамед әл-Башир болды. Бұл таңғаларлық жағдай емес, Асад кезінде екінші үкімет Идлибте болған. Бұл қалада ол дәл осындай қызметте еді.

📺Экономика және сыртқы сауда министрлігін де ХТШ өкілі алып отыр. Олар өзін ислам технократтары ретінде көрсетіп, ел экономикасының либерализациясын қолдайды.

📺Ал жедел штаб қолбасшысы қызметіне тәжік Сайфидин Таджибоев келді. Ол бірқатар теракт ұйымдастырған деп айыпталған.

📺Ал Білім министрлігіне ислам бағытындағы білімді қолдаушы келді. Енді елде исламға дейінгі Сирия тарихы оқытылмайды. Жалпы алғанда Месопатамиядан басталатын ұлттық ғылым енді жалпы исламдық бағытта оқытылады. Мысалы бұрын Сирия тарих оқулықтарында Осман империясы жаулаушы ретінде бейнеленген, тіпті араб көтерілістері болған. Алайда енді Сирия тарихында Осман империясы колонизатор ретінде бейнеленбейді.

📺Сыртқы бақылау қызметіне Аннас Хаттаб келді. Ол Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ ұйымының мүшесі болған. Ақпарат және мәдениет министрлігін басқаруға келген басшы баспасөз еркіндігін қолдаймын дейді.

📺Үкіметтегі тағы бір адам Ресейде оқыған Махер әл-Шараа, ол ел басшысы әл-Жоланидің бауыры.

📺Ал ең қызығы, әділет министрі болған Шади әл-Уаиси, шариғат білімін алған, Алеппоның имамы болған. ХТШ мүшесі Идлибте шариғат соттарын өткізген. Ол тағайындала сала желіде видео тарады. Онда Шади әл-Уаиси жезөкшелікпен айналысты деп айыпталған әйелдерді далада өлім жазасына кеседі. Шенеунік үкім оқып, артынша баскесерлердің бірі әйелдің басына оқ атады.

📺Әйелдер ісі жөніндегі министр қызметіне әйел адам келді, алайда ол феминизмге қарсы екенін айтқан соң бірден сынның астында қалды. Өзі әйелдер шариғат бойынша өмір сүруі керек және ажырасуға құқығы болмауы керек деп есептейді.

📺Тағы бір әйел Орталық банк басшысы қызметіне келді. Бұл адам Башар Асад билігі кезінде осы банк басшысының орынбасары болған. Осыдан-ақ ХТШ ұйымында штат проблемасы бар екенін байқаймыз.

📺Ал елдің басшылығы Әбу-Мұхамад әл-Жоланиде, қазір өзін Мұхамад әл-Шара деп атайды, костюм киеді. Алайда оның формалдық лауазымы жоқ.

Соған қарағанда, бұл үкіметте көп орынды Идлибтегі клан өкілдері алып, ал жалпыұлттық инклюзивтілік байқалмайтын сияқты.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

15 Jan, 06:22


‼️🇺🇸TikTok осы жексенбіде АҚШ-та қосымшасын өшіруге дайындалып жатыр

🌐TikTok қосымшасы жексенбі күні АҚШ-та тыйым салу туралы заң күшіне енген жағдайда жұмысын тоқтатуға дайындалып жатыр, деп жазады жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған РИА Новости.

Бұл заңға Байден өткен жылы қол қойған болатын. Тыйымның күшіне енбеуі үшін TikTok 19 қаңтарға дейін америкалық компанияның басқаруына өтуі керек еді. Алайда, әлеуметтік желінің иесі мұндай қадамға баруға дайын емес.

Ал 20 қаңтарда Ақ үйдегі Овал кабинетке Трамп кіріседі – және жағдай өзгеруі мүмкін. Республикандық Трамп бұл тыйымды кейінге шегеруді сұраған, себебі мәселені өзі шешкісі келеді.

Бұрынғы президенттік мерзімінде ол TikTok-қа тыйым салуға тырысқан еді. Бірақ енді ойынан айнып, бұл платформаның жастармен жұмыс істеу үшін маңызды екенін айтқан.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

15 Jan, 05:45


🚀 🇹🇷Түрік компаниясы Fergani Space-тің алғашқы жерсерігі ғарышқа ұшырылды

Түркияның Fergani Space компаниясы өзінің алғашқы FGN-100-d1 жерсерігін АҚШ-тағы Ванденберг базасынан SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыраны арқылы ғарышқа ұшырды, деп хабарлайды TRT Haber. Ұшу Transporter-12 миссиясы аясында жүзеге асырылып, орбитаға 131 пайдалы жүк жеткізілді.

Компанияның бас директоры Селжүк Байрактардың айтуынша, FGN-100-d1 жерсерігі Fergani Space әзірлеп жатқан ғаламдық навигациялық жүйенің бір бөлігі болады.

Видео: TRT Haber

📱 t.me/askerenews

Әшкере

15 Jan, 04:47


‼️🇰🇷Оңтүстік Корея президенті ақыры ұсталды

Ұзаққа созылған қарсыласудан кейін биліктен шеттетілген президенттің резиденциясында тергеушілер Юн Сок Ёльді Парақорлықпен күрес бюросына ақыры жеткізді, деп хабарлайды Yonhap порталы.

Оған дейін Юн Сок Ёль қысқа видеоүндеу жазып, өз ұсталуын заңсыз деп санайтынын мәлімдеген. Полицияға мойынсұну шешімін ол қантөгістен қашу ниетімен түсіндірді.

Қаңтар айының басында мемлекет басшысын ұстауға тырысқан әрекет тергеушілер мен оның жақтастары арасындағы қақтығысқа ұласқан еді. Сол кезде Юн Сок Ёльдің жүздеген жақтасы резиденцияға кіреберісті жауып тастаған, ал президенттің қауіпсіздік қызметі бұл аумақтың қорғалатын мәртебесін алға тартып, тергеушілерге кіруге рұқсат бермеген. Бес сағатқа созылған қақтығыстан кейін ордер орындау тоқтатылды.

Оңтүстік Корея президенті желтоқсан айының басында елде әскери жағдай енгізуге тырысқан, содан кейін парламент оны бүлік жасауға талпынды деп айыптап, импичмент жариялаған.

Фото: Yonhap

📱 t.me/askerenews

Әшкере

14 Jan, 07:54


‼️Шетелде содырлар лагерінде дайындықтан өтіп келген діни радикалдар ұсталды

2025 жылғы қаңтарда ҰҚК полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ведомствоның сайтында хабарланды.

Терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынды. Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған.

Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған.

Тергеу әрекеттері барысында олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша діни әдебиет және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сурет: gov.kz

📱 t.me/askerenews

Әшкере

14 Jan, 07:10


‼️🇨🇳🇺🇸Қытай АҚШ-тағы TikTok бөлімшесін Илон Маскқа сату мәселесін талқылауда, бұл платформаның АҚШ-та тыйым салынуынан құтылу үшін жасалады, деп хабарлайды Bloomberg.

TikTok-тың иесі болып табылатын қытайлық ByteDance компаниясы платформаны Илон Маскқа сату нұсқасын қарастырып жатыр. Алайда компанияның басты стратегиясы – тыйымды сот арқылы дауластыру.

2024 жылдың сәуір айында АҚШ Конгресі TikTok-ты американдық компанияға сатуды талап ететін заң қабылдаған. Егер ол орындалмаса, 2025 жылдың 19 қаңтарынан бастап әлеуметтік желі елде тыйымға ұшырайды. ByteDance платформаны сатуды жоспарламайтынын және соттасатынын мәлімдеді. Ақырғы шешімді АҚШ-тың Жоғарғы соты қабылдауы мүмкін.

Бұған дейін Дональд Трамп TikTok-қа тыйым салуды кейінге шегеріп, ымыралы шешім табуды ұсынған еді.

Фото: pexels.com

📱 t.me/askerenews

Әшкере

13 Jan, 07:12


‼️🇺🇸Лос-Анджелестегі өрттен 24 адам қаза тапты, өртті сөндіруге жүздеген тұтқын жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі электр желісінің тірегіндегі ақау болуы мүмкін. Қазір не белгілі:

📺Соңғы мәліметтер бойынша, өрт салдарынан 24 адам қаза тауып, тағы 16 адам із-түссіз жоғалған. Зардап шеккендердің нақты саны тергеушілер өрт болған аймақтарға қауіпсіз түрде кіргенде ғана белгілі болады.

📺Осы аптада Калифорнияда жел қайта күшейеді деп күтіледі. Құрғақ ауа мен ұзақ уақытқа созылған құрғақшылық жағдайында бұл өрттің таралуына күрделі әсер етуі мүмкін. Федерал төтенше жағдайлар агенттігінің бұрынғы басшысы Крейг Фьюгетс өрттің ауқымын Катрина дауылымен салыстырып: "Бұл оқиға қауымдастықты мәңгі өзгертеді. Оны бәрі "осыған дейін" және "осыдан кейін" деп еске алады" деді.

📺Өртті сөндіруге 931 тұтқын қатысып жатыр. Олар тәулік бойы жұмыс істеп, "өрт шебін кесіп" өтіп жатыр. Бұл үшін олар күніне 10 долларға дейін жалақы алады және әр жұмыс күні үшін жазасын өтеуден қосымша екі күн қысқартуға мүмкіндік алады. Оларды өртті сөндіруге Қылмыстық түзету департаменті тартып отыр.

📺Полиция зардап шеккен аудандарда тонаушыларды ұстауды жалғастыруда. Итон қаласында 25 адам, Палисейдсте 4 адам ұсталған. Округ шерифінің айтуынша, олардың кейбіреулерінде қару мен есірткі болған, ал көбі Лос-Анджелесте тұрмаған. Өткен аптада осындай 20 тұтқындау болған. Сондай-ақ, билік алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлайды: зардап шеккендерден банк реквизиттерін беруді немесе апаттың салдарын жою үшін ақша аударуды сұрайды.

📺Өрттің шығу себептерінің бірі ретінде Альтаденадағы электр желісі тірегіндегі ақау қарастырылып жатыр. Куәгерлер түсірген бейнежазбаларға қарағанда, алғашқы өрт ошақтары дәл осы электр желісі маңында пайда болған. Қазір бұл жер толықтай жанып кеткен. Тергеушілер ол жерде жұмыс істеп жатыр және жергілікті тұрғындарды жақындатпай отыр. Southern California Edison компаниясы олардың тарату желілері өрт басталған уақыттан әлдеқайда бұрын тоқтатылғанын мәлімдеді. Тергеу жалғасып жатыр.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

13 Jan, 07:03


🇺🇦Курск облысында 300 солтүстіккореялық қаза тапты — оңтүстіккореялық барлау

Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Ресейдің Курск облысындағы солтүстіккореялық контингент 300 адамнан айырылғанын мәлімдеді.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея Республикасының Ұлттық барлау қызметінің бағалауы бойынша, Курск облысындағы КХДР әскерилерінің жалпы шығыны шамамен 3000 адамға жеткен: 300 адам қаза тауып, 2700-і жараланған.

Желтоқсан айында оңтүстіккореялық барлау қызметі Курск облысындағы солтүстіккореялық контингенттің шығыны 100 қаза тапқан және шамамен 1000 жараланған адамнан тұратынын мәлімдеген болатын.

Украина Президенті Владимир Зеленский жексенбі күні солтүстіккореялық екі сарбаз тұтқынға алынғанын көрсететін суреттер жариялады. Бұған дейін, өткен аптада, Зеленский солтүстіккореялықтардың Украина Қарулы Күштерімен шайқастағы жалпы шығыны шамамен 4000 адам болғанын айтқан еді.

Мәскеу мен Пхеньян шығындар туралы статистиканы ашпайды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

12 Jan, 11:48


🪖Әлем армияларының жыл сайынғы рейтингі жарияланды

Global Firepower зерттеу орталығы елдердің әскери қуатын жаңартылған рейтингін ұсынды. Алғашқы үштікті АҚШ, Ресей және Қытай бастап тұр.

🇮🇱 Израиль – 15-орын;
🇮🇷 Иран – 16-орын;
🇺🇦 Украина – 20-орын;
🇰🇿 Қазақстан – 57-орын;
🇺🇿 Өзбекстан – 58-орын;
🇦🇿 Әзербайжан – 60-орын;
🇦🇲 Армения – 61-орын;
🇹🇲 Түрікменстан – 77-орын;
🇬🇪 Грузия – 94-орын;
🇰🇬 Қырғызстан – 105-орын.

Фото: Ақорда

📱 t.me/askerenews

Әшкере

12 Jan, 10:30


Кеше наразылық эстафетасы Моңғолияға да жетті – онда үкіметтің отставкасын талап еткен жаппай митингтер болды

БАҚ-тың хабарлауынша, акцияға қатысушылар үкіметті түтінге (оның себебі – тас көмірді жағу), жұмыссыздыққа, кептелістерге, кедейлік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қауқарсыз деп айыптаған.

Мәліметтерге сүйенсек, ел астанасы Ұлан-Батыр көшелеріне шамамен 3 мың адам шыққан.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

12 Jan, 08:27


‼️🇺🇸Лос-Анджелесте дүлей дауыл өртті жаңа бағытқа айдап әкелді, құрбандар саны өсіп жатыр

NBC News мәліметінше, Лос-Анджелестегі өрттен қаза тапқандар саны 16 адамға жетті. Жел бағытын өзгертіп, өртті Брентвуд пен Энсино аудандарына дейін жеткізді.

Қауіпті өрт Лос-Анджелестің алты ауданында 15 мың гектар аумақты шарпып, бүтіндей елді мекендер мен 12 мыңнан астам ғимаратты жойып жіберді.

Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Лунаның айтуынша, кем дегенде 13 адам хабар-ошарсыз кеткен. Оның айтуынша, жоғалғандар туралы хабарламалардың өртке қатысы бар-жоғы әлі белгісіз.

Los Angeles Times газетінің мәліметінше, осы аптада Лос-Анджелестің бір бөлігін ойрандаған ең үлкен орман өрті сенбі күні желдің әсерінен бағытын өзгерткен.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

08 Jan, 07:14


🇺🇸‼️🇨🇦Трамп Канаданы қосып алған АҚШ-тың картасын жариялады

АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамп өз әлеуметтік желілерінде "О, Канада!" деген жазбамен Канада мен АҚШ-тың қосылған картасын жариялады.

Кейін Канада премьері Джастин Трюдо мәлімдеме жасады:

"Канада ешқашан Америка Құрама Штаттарының құрамына кірмейді, екі елдің жұмысшылары мен қауымдастықтары сауда мен қауіпсіздік саласындағы әріптестіктен пайда көреді".

Бұған дейін Трамп Канадаға АҚШ-тың 51-ші штаты болуды ұсынған еді. Трамптың пікірінше, бұл "Канададағы көптеген адамға" ұнар еді, өйткені АҚШ құрамына қосылса, "ешқандай кедендік баж болмайды, салықтар әлдеқайда төмен болар еді" және Канада "ресейлік және қытайлық кемелерден толық қорғалған болар еді".

📱 t.me/askerenews

Әшкере

07 Jan, 08:29


🇨🇳Тибетте жойқын жер сілкініс болып, қаза тапқандар саны 95 адамға жетті

Алдын ала мәліметтер бойынша Бейжің уақытымен 15:00-де жараланғандар саны 130 адам болған. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін бүгін таңертең 53 адам қаза тапқаны және 62 адам жарақат алғаны хабарланған болатын.

Магнитудасы 6,8 балл жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданына қарасты Дингри округінде ерте таңертең болған.

🇰🇿ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

07 Jan, 08:23


‼️Дания королі Трамптың Гренландияны АҚШ-қа қосып алу ниеті туралы мәлімдемесіне байланысты елдің елтаңбасын өзгертті

Дания, Норвегия және Швеция одағын бейнелейтін үш тәж алып тасталды, ал Гренландия мен Фарер аралдарының символдары (ақ аю мен қошқар) маңыздырақ орынға ие болды, деп хабарлады The Guardian.

Трамп желтоқсан айында АҚШ үшін Гренландияға "иелік ету ұлттық қауіпсіздік пен әлемдегі еркіндікті қамтамасыз ету үшін аса қажет" екенін айтқан. Ол сондай-ақ ұлын аралға сапарға жіберетінін жариялап, Гренландия АҚШ-тың бір бөлігі болған жағдайда жергілікті тұрғындарға "үлкен пайда" әкелетінін уәде етті.

Гренландия премьер-министрі Муте Эгеде Трамптың мәлімдемесіне жауап ретінде: "Гренландия — біздікі. Біз ешқашан сатылмаймыз және сатылғымыз келмейді", — деді.

Сонымен бірге жаңажылдық үндеуінде ол Даниядан тәуелсіздікке және "отаршылдықтың шынжырларынан" арылуға шақырды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

07 Jan, 07:17


❗️Канада премьер-министрі Джастин Трюдо отставкаға кететінін жариялады

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо дүйсенбіде Канада либерал партиясының жетекшісі қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы BBC хабарлады.

Ол оны алмастыратын кандидатура анықталғанға дейін премьер-министр болып қалады. Канада Парламентінің жұмысы 24 наурызға дейін тоқтатылады.
Трюдо партия жаңа төрағаны таңдағаннан кейін өкілеттігін тастайтынын мәлімдеді.

Мемлекеттің жаңа лидері "жалпыхалықтық бәсекелестік үдерісі" нәтижесінде таңдалуға тиіс, деп атап өтті Трюдо. Ол алдағы айларда елді жаңа сайлау күтіп тұрғанын айтты. Оның өзі оларға үміткер емес.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

06 Jan, 09:51


🇺🇦‼️Владимир Зеленский америкалық подкастер Лекс Фридманға үш сағаттық сұхбат берді. Ол қандай мәселелерді қозғады?

📺 Зеленский орыс тілінде сұрақтарға жауап беруден бас тартты (Фридман орыс тілін біледі), себебі ол "Ресей басшылығын да, халқын да құрметтемейді".

📺 Батыстың РФ басшылығына қарсы санкцияларды соғыс басталғанға дейін енгізбеу туралы шешімі – "сандырақ".

📺 Украина атысты тоқтату шарты ретінде болашақ шабуылдарға тойтарыс беретін қару-жарақ жеткізуді талап етеді, сондай-ақ НАТО-ға қосылуға дайын, егер альянс қазіргі уақытта Украина бақылауындағы аумақтарда әрекет етсе.

📺 25 қаңтарда (Трамп қызметіне кіріскеннен кейін) Украина АҚШ-пен келіссөз жүргізеді, содан кейін ғана Ресеймен байланыстар туралы айтуға болады. Үш жақтың қатысуымен бейбітшілікті талқылауға Зеленский келіспейді. "Алдымен біз онымен (Трамппен) келісіп алуымыз керек, соғысты қалай тоқтата алатынымыз туралы. Біз үшін онымен отырып сөйлесу маңызды. Еуропаның да даусы болғаны маңызды... Мен сенімдімін, ол (Трамп) Еуропамен бірге Украинаға қауіпсіздіктің мықты кепілдіктерін ұсына алады. Содан кейін ғана орыстармен әңгіме. Басқаша емес, біз үшеуіміз бірден отырып алмаймыз", – деді Зеленский.

📺 Зеленский Трампқа Украинаға қару-жарақ сату үшін Ресейдің мұздатылған активтерін (300 миллиард доллар) пайдалануды ұсынған. Алайда РФ активтерінің көп бөлігі АҚШ-та емес, Еуропада сақталған.

📺 Соғыс аяқталғанға дейін Украинада сайлау өткізу "қисынсыз", ал Зеленский екінші мерзімге түсу туралы шешімді соғыс қалай аяқталатынына байланысты қабылдайды.

📺 Зеленскийдің айтуынша, соғыс басталғаннан бірнеше күн өткен соң Александр Лукашенко оған қоңырау шалған. Оның сөзіне қарағанда, Беларусь басшысы кешірім сұрап, Ресейдің Украинаға шабуыл жасау үшін Беларусьті пайдаланғанына қатысы жоқ екенін мәлімдеген. "Мен оған [Лукашенко] сен де адам өлтірушісің дедім, ал ол маған: "Түсін, орыстармен соғысуға болмайды" деді. Мен оған: "Мұны қалайша жіберіп алдың?" дедім. Ол: "Жарайды, МӨЗ-ге (мұнай өңдеу зауыты) соққы бер, оның мен үшін қаншалықты маңызды екенін білесің ғой" деп айтты", – деп әңгімеледі Зеленский.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

06 Jan, 08:32


‼️🇮🇱ХАМАС өкілдері 34 израильдік тұтқынды босатуға дайын екенін мәлімдеді

ХАМАС өкілі Reuters агенттігіне жасырын түрде берген мәлімдемесінде, кез келген келісім Израиль әскерлерінің Газадан шығуымен және тұрақты атысты тоқтату режимімен байланысты болатынын айтты.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі бұған жауап ретінде топтан тұтқындардың осындай тізімі алынбағанын мәлімдеді. Reuters агенттігі бұл тізімнің көшірмесі бар екенін айтқанымен, ондағы аттарды жарияламады.

Кейінірек ХАМАС өкілдері BBC-ге ұйым Израильмен атысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңінде босатуға дайын кепілге алынған 34 адамың тізімін берді. Олардың арасында 10 әйел, 50-85 жас аралығындағы 11 егде жастағы ер адам, сондай-ақ ХАМАС Израильдің әуе шабуылдарынан қайтыс болды деп мәлімдеген балалар бар. Тізімге бірнеше науқас адамдар да кіреді.

2023 жылдың қазан айында ХАМАС пен Израиль арасындағы жаңа соғыс басталған кезде палестиналық лаңкестер 250-ден астам адамды тұтқынға алған болатын. Олардың жүзге жуығы әлі де Газа секторында тұтқында отыр. Болжам бойынша, олардың үштен бірі қайтыс болған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

05 Jan, 12:11


👨‍💼Президент Тоқаев сұхбатында бір емес, үш АЭС салуымыз мүмкін деді. Ал салушы ресейлік Росатом болуы мүмкін екен. Ендеше Росатом басқа елдерде АЭС-ті қалай салып жатыр?

🔶"Росатом" бүгінде 🇹🇷Түркияда Аккую деп аталатын АЭС-ті 2018 жылдан бері салып жатқаны белгілі. Құрылыс құны – 22 млрд доллар. Ол аяқталуға шақ қалғанда бір мәселеге тап болды. Себебі немістің Siemens компаниясы ақшасы төленіп қойған жабдықты жеткізуден бас тартқан. Өйткені Германия билігі компанияға экспортқа рұқсат бермей қойған.

🔶Ал тағы бір оқиға 🇻🇳Вьетнамда болған. 2010 жылы жасалған келісім бойынша, Росатом елде 2020 жылға дейін АЭС салуы керек еді. Алайда Вьетнамда энергия тапшылығы азайды деді, қаражат жеткіліксіз деді, құрылыс сол күйі салынбай кетті.

🔶Росатом 🇧🇩Бангладеште де АЭС құрылысын аяқтай алмай отыр. Келісім 2011 жылы жасалған, ал құрылысы 2017 жылы басталған. Бірақ талай күрделі мәселелер шығып, арты адам өліміне дейін барған.

🔶🇧🇾Беларусьте құрылысы 2013 жылы басталып, 2020 жылы іске қосылған Островец АЭС-і бар. Балтық елдері мен Еуропа Одағы бұл жобаны қауіпсіздік талаптарына сай келмейді деп сынады. 2016 жылы құрылыс кезінде реактор құлап, оны ауыстыруға тура келді. Литва мен басқа көрші елдер радиациялық қауіптен алаңдап, станцияны пайдалануға қарсылық білдірді.

🔶Росатом аяқтаған АЭС құрылысы 🇮🇳Үндістанда. Куданкулам деп аталатын АЭС бойынша келісім 1988 жылы жасалған. Арада Кеңес одағы құлады, қиындықтар болды, құрылысы тоқтап, тек 10 жылдан кейін қайта жаңғырды. Ал тағы 15 жыл өткенде, яғни 2013 жылы алғашқы реакторы қосылған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

05 Jan, 09:24


❗️ Қазақстанда метапневмовирус таралып жатыр

☄️Жіті респираторлық вирустық инфекцияларға жататын метапневмовирустың әлемде таралуы туралы БАҚ-тағы соңғы хабарларға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мынаны хабарлама жариялады.

Адам метапневмовирусы - көптеген елдерде ондаған жыл бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды.

🔴Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, эпидемиялық маусымның басында республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8 360 үлгі зерттелген.

Оның ішінде оң 1866 (22%), оның ішінде паратұмау – 178 (9,5%), РС вирусы – 433 (23,2%), метапневмовирус – 30 (1,6%), риновирус – 680 (36,4%), бокавирус – 113 (6,1%), аденовирус – 226 (12,1%), коронавирус – 206 (11,1%).

Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері - жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда, бүкіл әлем сияқты, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркеліп жатыр.

📶 эпидемиологиялық маусымның басынан бастап, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап республикада ЖРВИ-дің 2 002 335 жағдайы және зертханалық расталған тұмаудың 941 жағдайы, оның ішінде А(H1N1) типті тұмаудың 910 жағдайы, А(H3N2)-1 жағдайы, В тұмауының 30 тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты профилактика шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады, бұл әсіресе созылмалы аурулары бар ең осал пациенттерге қатысты.

Тұмау мен ЖРВИ-дың профилактика шаралары:
🔵адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;
🔵үй-жайларды үнемі желдету;
🔵қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;
🔵ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету;
🔵тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу.
🔵ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.

📹Видео: Желіде тараған видеода қытайлық ауруханалар толып қалғаны түсірілді делінген жағдай бейнеленген.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

04 Jan, 16:17


‼️БАҚ-та AZAL әуе компаниясының ұшағындағы зақым келген тұстары түсірілген кадрлар жарияланды

Әзербайжан БАҚ-тары ұшаққа зымыран соққысы жасалды деген болжамды қайта көтерді.

AnewZ басылымы желтоқсан 2024 жылы Ақтау маңында құлаған "Әзербайжан әуе жолдары" компаниясының ұшағынан түсірілген эксклюзивті фотосуреттерді жариялады.

Фотосуреттерде ұшақтың фюзеляжындағы зақымданулар – тесік іздері көрінеді.

Әзербайжан БАҚ-тары министрліктердегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып, алдын ала тергеу нәтижелері бойынша ұшақтың құлауына "Панцирь-С" ресейлік зениттік-зымыран кешенінен атылған зымыран себеп болуы мүмкін деген болжам жасалғанын хабарлады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

02 Jan, 09:16


АҚШ-та бір тәулікте үшінші теракт: Нью-Йорктегі түнгі клуб маңында атыс болып, 11 адам жараланды

Бұл туралы New York Post хабарлады.

Нью-Йоркте белгісіз біреу түнгі клубтың жанында оқ атқан, салдарынан 11 адам жараланған. Алдын ала мәлімет бойынша, жараланғандардың көбі жасөспірімдер, олардың барлығы оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін Жаңа Орлеанда жүк көлігі жоғары жылдамдықпен халықтың арасына кіріп кеткен – 10 адам қаза тапты, 30 адам жарақат алды.

Кейінірек Лас-Вегаста Трамп мұнарасының жанында Tesla Cybertruck көлігі жарылып, жүргізуші қаза тауып, тағы жеті адам жараланды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

02 Jan, 04:30


‼️🇺🇸Лас-Вегастағы Trump Hotel алдында жанармай мен отшашуларға толы Tesla Cybertruck жарылып, жүргізуші қаза тапты

Полиция бұл оқиғаның Трампқа қарсы акция немесе оның одақтасы, Tesla иесі Илон Маскқа қатысты әрекет пе, жоқ па - анықтамаған. Полицияның мәліметінше, таңғы сағат 8:40 шамасында көлік Trump Hotel-дің әйнек есіктерінің алдында тоқтап, түтін шығып, кейін жарылып кеткен.

Көлік жүргізушісі қаза тапты, ал тағы жеті адам жеңіл жарақат алды. CNN мәліметі бойынша, тергеу жанармай канистрлері, отшашулар, ашық ауада от жағуға арналған жанармай ыдыстары детонаторларға қосылып, қаза тапқан жүргізушінің кабинасынан іске қосылғанын болжап отыр.

Шериф Макмахилл полицияның бұл оқиғаның Жаңа Орлеандағы жаппай өлтіру оқиғасымен байланысты-байланысты емес екенін тексеріп жатқанын айтты.

Тергеуге полициямен бірге ФБР де қатысып жатыр. Қалалық өрт сөндіру қызметі өрт сөндірушілер көлікті өшіргенін хабарлады. Қонақтар қонақүйден эвакуацияланып, басқа жерге орналастырылды.

Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск өзінің X желісінде алғашында Tesla басшылығы бұл жағдайды зерттеп жатқанын жазды. Кейін ол жарылыс "отшашулардың өте көп болуы және/немесе жалға алынған Cybertruck жүксалғышындағы бомба" болғаны үшін жарылып, көліктің өз жағдайына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Кейінгі айларда Маск Дональд Трамптың жақын одақтасына айналған. Трамп компаниясы - Лас-Вегастағы Trump Hotel-дің ортақ иесі. Компания атынан саясаткердің ұлы Эрик Трамп инцидент туралы жазып, қонақүй үшін бастысы – қонақтар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі мен амандығы екенін жеткізді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

31 Dec, 10:18


‼️Financial Times басылымының 2025 жылға арналған болжамы жарияланды

Өткен жылы FT жасаған 22 болжамның тек үшеуі ғана қате болды. Басылым 2025 жылға келесілерді болжайды:

— Дональд Трамптың қысымымен Украина мен Ресей арасында бейбіт келісім жасалады;
— Трамп жаңа тарифтік соғысты бастайды – жыл соңына қарай АҚШ-тың импорттың жартысына салынатын баж салығы 10%-ға жетуі мүмкін;
— Биткоиннің құны $200,000-ға дейін көтеріледі;
— АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлемелер қазіргі деңгейде қалады немесе өседі;
— Технологиялық алыптар (Alphabet, Amazon, Apple, Meta, Microsoft, Nvidia және Tesla) құлдыраудан құтылады;
— Илон Маск пен Дональд Трамп жақсы қарым-қатынастарын сақтап қалады;
— Облигациялар нарығы құлдырамайды;
— Израиль мен АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы жасамайды;
— Жасанды интеллект жаңа деңгейге көтеріледі – күнделікті қолдануға арналған ИИ-агенттер пайда болады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

30 Dec, 08:25


👉👉👉👉 Бүгін 100 жасында АҚШ-тың 39-президенті Джимми Картер қайтыс болды. Тарихи тұлға Панама каналын қайтаруы туралы біле жүріңіз

1977 жылы Картер мен Панама лидері Торрихос арасында келісім жасалған. Бұл арқылы Панама каналы мен аймағы АҚШ иелігінен Панамаға қайтарылды. Енді Панама каналы деген не және ол қалай АҚШ иелігінде болғанын айтайық.

Панама каналы – адамзаттың ең ірі құрылысы, ең батыл жобаларының бірі. Ол Солтүстік және Оңтүстік Американы бөліп тұрған тар жол арқылы Атлант және Тынық мұхиттарын байланыстыратын жасанды су жолы. Оның құрылысын бір кездері тағы бір ірі жоба Суэц каналын салған Фердинанд де Лессепс басқарды.

Себебі 81 шақырым канал жүргізсе, бұл су жолы арқылы экономикалық пайда көруге мүмкіндік беретін еді.

Осылайша 1881 жылы Францияның инженерлері құрылыс бастады, бірақ атақты Лессепстің идеясы күйреді: қаржы тапшылығы мен сары безгектен адамдар қырылып, жоба аяқталмай қалды.

Оның үстіне, Суэц каналы жазық жерде орналасқан, ал Панама аймағының географиясы өте күрделі болды: джунгли, таулар және тропикалық климат. Бұл факторлар жобаны дұрыс жоспарлауда ескерілмей, 22 мың адам сары шешектен қаза болды. Дәл осы кезде сары безгек маса арқылы тарайтыны туралы ғылыми жаңалық ашылды.

Ал осыдан соң іске АҚШ кірісті. Экономикалық пайда көздеген ел бірден масамен күресті: жиналатын орнын жойды, химикат қолданды.

Бұл жобаны салып береміз және оған иелік етеміз деген АҚШ Панамаға Колумбиядан тәуелсіздік алып берген. Ал тура 100 жыл бұрын Томас Вудро Вильсон Ақ үйдегі батырманы басып, 20 мың тонна динамитті жарды. Осылайша Атлант пен Тынық мұхиттары қосылды.

Ал 1977 жылы Джимми Картер Панама каналын Панамаға қайтарды. Себебі Картерге Латын Америкасымен достық орнату, халықарлық қысымнан арылу және империялық ықпалдан шығудың символы керек болды. Осы және басқа да ісі үшін Картерге Нобельдің бейбітшілік сыйлығы берілді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

29 Dec, 14:44


‼️Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ жерден атқылаудың салдарынан зақымданған, Баку кешірім күтеді – Илхам Әлиев

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Ақтау маңында AZAL ұшағының апатқа ұшырауына байланысты жағдайларды түсіндірді.

"Әрине, қара жәшіктер ашылғаннан кейін ғана соңғы нұсқасы белгілі болады. Бірақ бастапқы нұсқалардың өзі жеткілікті негізделген және фактілерге сүйенеді. Ал фактілер бойынша, әзербайжандық азаматтық ұшақ Ресей аумағында, Грозный қаласына жақын жерде сырттан зақымдалған және іс жүзінде басқарудан айырылған. Сондай-ақ біз ұшағымыз радиоэлектрондық күрес құралдарымен басқарылмайтын жағдайға келтірілгенін білеміз. Бұл – ұшаққа келтірілген алғашқы зақым", – деді Әлиев.

Сонымен қатар ол осыған байланысты Баку Мәскеуден "кінәні мойындауды, кінәлілерді жазалауды және өтемақы төлеуді" күтіп отырғанын қосты.

Бұл – Әзербайжан билігінің ұшақ апатының себептері туралы жасаған алғашқы ресми мәлімдемесі. Бұған дейін бұл туралы ақпараттар үкіметтегі дереккөздерден бұқаралық ақпарат құралдарына тараған болатын.

Ақтаудағы әуе апатынан кейін Илхам Әлиев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескен. Келесі күні Әзербайжан президенті Ресей президентімен де сөйлескен. Владимир Путин Әлиевке телефон шалып, ұшақ апаты Ресейдің әуе кеңістігінде болғаны үшін кешірім сұрады. Бірақ, Әзербайжан президентінің айтуынша, зардап шеккен тарап бұл жеткіліксіз деп есептейді және толық жауапкершілікті – кінәні мойындауды, кешірім сұрауды және өтемақы төлеуді талап етеді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

28 Dec, 12:59


‼️Путин Әлиевтен AZAL ұшағының апаты үшін кешірім сұрады

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтен "Әзербайжан әуе жолдары" (AZAL) ұшағының апаты үшін кешірім сұрады.

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада Путин Ресей әуе кеңістігінде болған "қайғылы оқиғаға" байланысты кешірім сұрағаны және қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқаны жазылған.

Баку – Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан Embraer 190AR ұшағы 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшырады. Экипаж Грозныйда сәтсіз қонғаннан кейін бағытты өзгертуді ұйғарған. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның 38-і қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ Шешенстан үстінде Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесімен атқыланған, содан басқару жүйесінің істен шығуы салдарынан апатқа ұшыраған. Тергеу жалғасуда, ресми себебі ретінде қазір "сыртқы әсер" деп көрсетілген.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

28 Dec, 10:27


‼️Ақтаудағы ұшақ апаты туралы АҚШ пен Ресей не деді?

🇺🇸Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесі жанындағы стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби АҚШ "Әзербайжан әуе жолдары" компаниясының Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшағын Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі атып түсіруі мүмкін деген "алғашқы белгілерді" көріп отырғанын айтты, деп хабарлайды CGTN телеарнасы.

Сонымен қатар Кирби бұл белгілерді атаудан бас тартып, "алдын ала қорытынды жасағысы келмейтінін" мәлімдеді. Бұған дейін AZAL авиакомпаниясы ұшақтың апатқа ұшырауына "сыртқы физикалық және техникалық әсер" себеп болғанын хабарлаған еді.

🇷🇺Кремль Ақ үйдің "алғашқы белгілер" туралы мәлімдемесіне түсініктеме беруден бас тартты.

"Бұл мәлімдемелерді көрдік. Осы ретте сіздерге кеше Ресейдің авиация агенттігінің басшысы Дмитрий Ядровтың мәлімдемесін еске салғым келеді. Ол Ресейдің ұшақ апатының себептері мен жағдайларын зерттеуде Қазақстан мен Әзербайжанға жан-жақты қолдау көрсететінін айтты. Бұл Ресейдің дайындығы ретінде жарияланды. Біз тергеу нәтижелерін күтеміз. Әрине, президент әкімшілігі тарапынан бұл мәселе жөнінде пікір айту орынсыз", – деді Дмитрий Песков.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

27 Dec, 14:00


🇰🇿‼️🇦🇿Тоқаев Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

➤ Илхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты.

➤ Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп уағдаласты.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

27 Dec, 12:44


‼️Росавиация Azerbaijan Airlines ұшағы қонғалы жатқанда Грозный әуежайына дрондар шабуыл жасағанын растады

Бұл туралы ведомство басшысы Дмитрий Ядров мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Оның айтуынша, Грозный әуежайы маңындағы жағдай ұшақ қонғалы жатқан кезде "өте қиын" болған. Ядровтың айтуынша, әуежай үстінде украиналық дрондардың шабуылы салдарынан "Ковер" жоспары енгізілген, сондай-ақ бұл аймақта қалың тұман болған.

Ядровтың сөзінше, ұшақ Грозныйға қонуға екі рет сәтсіз әрекет жасаған. Экипаж командиріне Ресейдің басқа әуежайларына қону ұсынылған, бірақ ол Ақтау әуежайына баруды жөн көрген, деп мәлімдеді Росавиация басшысы.

Бұған дейін Росавиация ұшақ апатының себептерін түсіндіре отырып, ұшақ әуеде құстармен соқтығысқандықтан, командир Ақтауға қонуды шешті деп мәлімдеген болатын.

Басқа дереккөздер экипаждың апатты қонуға рұқсат сұрағанын, бірақ Ресейдегі ешбір әуежайға қонуға рұқсат берілмегенін айтады. Содан кейін экипажға Каспий теңізі арқылы Ақтауға ұшуға бұйрық берілген.

Видео: Росавиация / ТАСС.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

27 Dec, 10:51


📺"Грозныйға қону кезінде бірнеше жарылыс болған". Ақтау маңында апатқа ұшыраған рейстің тірі қалған жолаушылары оқиғаны баяндады

Қазақстанда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines рейсінің жолаушылары BILD басылымына берген сұхбатында бортта болған сұмдық оқиғалардың егжей-тегжейін баяндады. Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ, болжам бойынша, Шешенстан үстінде Ресей әскери күштері тарапынан атқыланған. Зақымдалғанына қарамастан, ұшақ Каспий теңізі үстімен ұшуды жалғастырып, кейін Қазақстан аумағында апатқа ұшырады. Борттағы 67 адамның 29-ы ғана тірі қалды.

"Біз өлімді күттік", – дейді жолаушылардың бірі Заур Мамедов.

Оның айтуынша, Грозныйға қону кезінде бірнеше жарылыс болған, содан кейін ұшақ басқарудан айырылған. Екі күшті соққыдан кейін борттағы барлық адамның бойын үрей билеген.

"Мен орындықты қатты ұстап отырдым. Ұшақтың терезесі бар оң жағы жұлынып қалған. Алдыңғы бөлігі жарылып кетті", – деп еске алады Кристина есімді жолаушы.

Кристина ауыр жарақаттарына қарамастан, ұшақ қирандыларының астынан шыға алған. Оның анасының айтуынша, ұшақтың артқы бөлігінде отырған жолаушылар ғана аман қалған.

Апат көптеген сұрақ туғызған. Жолаушы Субхонкул Рахимовтың айтуынша, ұшақ құлағанға дейін оның қаптамасы тесілген.

"Жарылыс болды. Бұл ұшақтың ішінде болған жоқ деп ойлаймын. Мен отырған жерде жанымдағы панель жұлынып қалды", – деді ол.

Фото: Bild

📱 t.me/askerenews

Әшкере

27 Dec, 09:05


🇦🇿‼️Әзербайжан Қазақстандағы әуе апатына байланысты Шешенстан билігінен көмек қабылдамайды

"Әзербайжан ешқандай көмекке мұқтаж емес. Не мемлекет, не азаматтар ондай көмекті қабылдамайды. Біз өз азаматтарымызға қажетті көмекті көрсетіп жатырмыз және көрсете береміз. Әзербайжан болған фактілерді мойындауды, кешірім сұрауды және тиісті өтемақы төлеуді талап етеді", – деп хабарлады Day.az сайтына Әзербайжан Президенті Әкімшілігіндегі дереккөз.

26 желтоқсанда Шешенстан премьер-министрінің орынбасары республиканың басшысы Рамзан Қадыровтың тапсырмасы бойынша "осы әуе апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлық отбасына қаржылық және қажетті басқа да көмек көрсетілетінін" мәлімдеген еді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

27 Dec, 04:14


‼️AZAL Ақтау іргесінде болған әуе апатында қаза тапқандардың отбасыларына 12 миллион теңге өтемақы төлейді

Ал зардап шеккендерге 6 миллион теңге беріледі. Әуе апатында қаза тапқан әрбір адамның отбасына 40 мың манат (12,1 миллион теңге) өтемақы төленеді, деп хабарлайды AZAL компаниясына сілтеме жасаған Azertag.az.

🇦🇿AZAL бақылау кеңесі J2-8243 Баку-Грозный рейсінің апатқа ұшырауына байланысты зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады.

Барлық жолаушыларға Әзербайжан заңнамасы мен халықаралық тәжірибеге сәйкес қосымша сақтандыру төлемдері жасалады.

Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer ұшағы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқанда Ақтау маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның 38-і қаза тапты.

🇰🇿Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың сөзінше, республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылған отбасына айына шамамен 138 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан – 357 мың теңге көмек көрсетілмек. Бұдан бөлек, 5 млн теңге шамасында бір реттік көмек алады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

26 Dec, 14:18


‼️Euronews эксклюзиві: AZAL ұшағының апатына ресейлік зымыран себеп болған

Euronews-ке берген эксклюзив сұхбатында Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздер AZAL әуе компаниясының 8432 рейсіндегі ұшақ апатының себебі "жер-әуе" класындағы ресейлік зымыран екенін растады.

Дереккөздердің мәліметінше, зымыран Грозныйға жасалған дрон шабуылы кезінде ұшырылған, нәтижесінде зымыран сынықтары ұшаққа тиіп, апатқа әкеп соққан.

Айта кетерлігі, ұшқыштардың сұрауларына қарамастан, ресейлік билік ұшаққа жақын маңдағы әуежайларға қонуға рұқсат бермей, ұшақты Каспий теңізі арқылы Қазақстанға бағыттауды тапсырған. Басылым мәліметінше, ұшақтың навигациялық жүйелері бұғатталып, зымыран "Панцирь-С" зениттік-зымыран кешенінен ұшырылған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

26 Dec, 12:22


🇰🇬 Қырғызстан бірнеше араб елімен визасыз режим енгізеді

2025 жылдың 4 қаңтарынан бастап Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Кувейт, Оман және Бахрейн азаматтары Қырғызстанға визасыз бара алады. Бұл елдердің туристік мақсатпен келетін азаматтары республика аумағында 360 күн ішінде 180 күнге дейін бола алады.

Бұл мәліметті Қырғызстан СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

26 Dec, 06:23


‼️Ақтаудағы апат: 38 марқұмның денесі сот-медициналық сараптама орталығына жеткізілді

Ақтауда Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағының конструкцияларын бөлшектеу жұмыстары басталды

Құтқару жұмыстарын жүргізуге 306 адам тартылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кинологтар да жұмылдырылған.

38 марқұмның денесі сот-медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6-уы Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. Қаза тапқан 7 адамның жеке басы анықталды.

Кеше құтқарушылар қара жәшікті тапты. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

26 Dec, 06:17


‼️Telegram-да ВЧК-ОГПУ арнасы Ақтау маңындағы апатқа ұшыраған ұшақ ұшқышы мен диспетчер әңгімесінің стенограммасы делінген жазба таратты

Экипаж жүйелердің ақауларымен күресуге бар күшін салған. Басқаруды жоғалту және қатты кедергілер фонында ұшқыштар диспетчерлерге борттың қатерлі жағдайы туралы хабарлаған.

Толық стенограмманы ұсынамыз (экипаж - э)/диспетчер - д):

08:11:50
э: AXY8243, Баку бағытымен ұшып барамыз.

08:11:58
д: AXY8243, ағымдағы бағытпен 900 м биіктікке көтеріліңіз.
э: Ағымдағы бағытпен 900 м-ге көтерілудеміз, AXY8243.

08:12:12
д: AXY8243, растаңыз, қосалқы әуежай ретінде Бакуға барасыз ба?
э: Растаймыз, қосалқы Баку әуежайына барамыз, AXY8243.

08:12:29
д: AXY8243, алдымен FL80-ге көтеріліңіз және Пинта нүктесіне ұша аласыз ба, хабарлаңыз.
э: FL80-ге көтерілудеміз, қазір хабарлаймыз, AXY8243.

08:12:48
э: AXY8243, екі GPS те жоғалды, бағыттау қажет.
д: AXY8243, түсінікті, оңға 360° бағыт.
э: Оңға 360° бағыт, AXY8243, рахмет.

08:14:15
д: AXY8243, FL150-ге көтеріліңіз.
э: FL150-ге көтерілудеміз (анық емес), AXY8243.
д: AXY8243, көтерілу жылдамдығын арттырыңыз.
э: Жылдамдықты арттырып жатырмыз, AXY8243.

...

08:16:05
э: Басқару жүйесі істен шықты, кабинада құстар соғылды. Құстардың соғылуы (анық емес).

08:16:16
д: AXY8243, түсінікті, қандай көмек қажет?

08:16:41
э: Мин-Водыдағы ауа райы қандай, көмек беріңіз.
д: AXY8243, 16-минутта.
э: Түсінбедім.
д: AXY8243, 16-шы минутта.
э: Қандай 16-шы минут?
д: AXY8243, хабарламаңызды қайталаңыз, сізді нашар естіп тұрмын.

08:17:15
д: AXY8243, бортта бәрі дұрыс па?
э: Бортта бәрі дұрыс, Мин-Водыға барамыз.
д: AXY8243, түсінікті, команда келгенше ағымдағы бағытта ұшыңыз.
э: Түсіндім, ағымдағы бағытта ұшып барамыз. Мин-Воды ауа райын беріңізші.
д: AXY8243, күтіңіз, FL150-ге көтеріліңіз.
э: FL150-ге көтерілудеміз.

08:18:29
д: AXY8243, солға орбита жасаңыз.
э: Орбита жасай алмаймын, басқару жоғалып жатыр. Мин-Водыға бағыттауды және ауа райын беріңіз.
д: AXY8243, түсінікті, күтіңіз. Солға 030° бағыт.
э: Солға 030° бағыт.

08:19:12
э: FL150-ді ұстай алмаймын, кабинадағы қысым жоғарылап барады.
д: AXY8243, түсінікті.

08:20:27
д: AXY8243, солға 360° бағыт.
э: Солға 360° бағыт, ұшақ басқарылмай барады.
д: AXY8243, ақпарат үшін: Мин-Воды ауа райы — жел 120°, 6 м/с, көріну 10 км астам, бұлттылық тұтас, төменгі шегі 180 м, QNH 1024 гПа, жұмыс жолағы 11.
э: Бізге Махачқаланы беріңіз.

08:21:20
э: Және Махачқаланы.
д: AXY8243, Махачқалаға баруды шештіңіз бе?
э: Дәл солай, Махачқалаға. Ауа райын беріңіз.
д: AXY8243, күтіңіз.

08:22:12
д: AXY8243, оңға 110° бағыт.
д: AXY8243, Грозный мұнарасы.
э: Тыңдап тұрмыз.
д: AXY8243, оңға 140° бағыт.

08:22:57
э: Гидравлика істен шықты.

Айта кетейік, үкіметтік комиссия апаттың нақты себептерін анықтап жатыр. Желі қолданушылары түрлі нұсқа айтып жатыр.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

26 Dec, 04:44


‼️ Блогер Азамат Сәрсенбаев ұшақ апаты болған жерді дронмен түсіргені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Сот Түпқараған ауданында түн ортасында өтті.

"Азаматтың айтуынша, ол құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдерінің жұмысына кедергі келтірмеген. Дронды қолдана отырып, жеткілікті қашықтықтан түсірілім жасаған. Лауазымды тұлғалармен және билік өкілдерімен байланысқа түспеген, түсірілімге тыйым салынғаны туралы ешқандай нұсқаулық алмаған", - деп мәлімдеді оның адвокаты Айбек Сүйіндіков @newtimes_media басылымына.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

25 Dec, 19:49


‼️Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Бұл туралы ҚР ТЖМ жариялады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, ұшақ апаты кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасының азаматтарының тізімі мынадай:

📺Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 ж.т., туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
📺Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 ж.т., туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
📺Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 ж.т., туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны.
📺Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 ж.т., туған жері: Алматы қ., Астана қаласының тұрғыны.
📺Жұмағат Эльдар 23.08.2013 ж.т., Астана қ. тұрғыны.
📺Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 ж.т., туған жері: Қостанай облысы, Қарағанды қаласының тұрғыны.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

09 Dec, 18:38


‼️Асадтың туыстары Ресейге қашқанға дейін Мәскеуде 19 пәтер сатып алған

2013 жылдан 2019 жылға дейін Башар Асадтың туыстары Москва-Ситиде жалпы құны 40 миллион доллар болатын 19 пәтер сатып алған. Financial Times мәліметінше, бұл пәтерлердің 13-і Асадтың немере ағасы Хафиз Махлуфқа тиесілі, ал тағы екі пәтер оның басқа бір немере ағасының жұбайы Рами Махлуфтың әйелінің атында. Пәтерлердің бір бөлігі тұрғын үй ретінде пайдаланылады, соның ішінде Мәскеу орталығынан бірнеше минуттық жерде орналасқан 3 бөлмелі пәтер де бар.

Жылжымайтын мүлікті сатып алу мәмілелері пәтерлердің иесі болып табылатын офшорлық компаниялар арқылы жасалған. Асад отбасының мұндай сатып алулары 2019 жылы-ақ БАҚ-та талқыланып, әлемдік биліктің назарын аудара бастаған еді.

Сирия режимі құлағаннан кейін Асад отбасы Мәскеуге көшіп келіп, осы елді паналады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл баспананың президент Путиннің жеке шешімімен берілгенін растады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

09 Dec, 14:22


‼️🇸🇾Сирияның өтпелі үкіметінің басшысы болып Мұхаммад әл-Башир тағайындалады

Қатарлық Al Jazeera телеарнасының мәліметі бойынша, Сирияның жаңа өтпелі үкіметінің басшысы Мұхаммад әл-Башир болады. Ол бұған дейін "ұлттық құтқару үкіметінде" даму және гуманитарлық мәселелер министрі, кейін премьер-министр қызметтерін атқарған. Бұл үкімет Идлибте жұмыс істеген.

Әл-Башир "Хайят Тахрир аш-Шам" (ХТШ) ұйымының жетекшісі Әбу Мұхаммад әл-Джоланидің жақын серігі.

Бұған дейін өтпелі үкімет басшысы қызметін Сирияның бұрынғы премьер-министрі Рияд Хиджаб алуы мүмкін екені хабарланған. Ол әл-Жоланиге қарағанда АҚШ үшін қолайлырақ үміткер деп танылған, себебі Вашингтон әл-Джоланидің ұйымын террористік деп жариялаған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

09 Dec, 10:48


‼️🇮🇱Израиль армиясы: елдің орталығы Йеменнен ұшырылған дронмен шабуылға ұшырады

Израиль армиясының баспасөз қызметі елдің орталығындағы Явне қаласындағы ғимаратқа дрон шабуылын растады. Дронның болжам бойынша Йеменнен ұшырылғаны хабарланды.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, қазіргі уақытта дабыл сигналдары неліктен іске қосылмағаны тексеріліп жатыр.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

08 Dec, 13:36


‼️Асад режимі құлағаннан кейін Түркияға жақтас топтар күрдтердің позицияларына шабуыл жасап жатыр

Түркия бақылауындағы "Сирияның ұлттық армиясы" мен исламистік топтар автономды "Сирия Күрдістанына" шабуыл жасап жатыр. Бұл аймақты "Сирияның демократиялық күштері" басқарады, олардың қатарында күрдтер, христиандар және әлемнің түрлі аймақтарынан келген солшыл белсенділер бар.

Түркияға жақтас топтар Манбидж қаласын басып алып, әрі қарай жылжуда. Түркияның көзқарасы бойынша (елде өз мемлекеттілігі жоқ шамамен 20 миллион күрд өмір сүреді), "күрд автономиясы" – заңсыз құрылым, оны жою керек деп саналады. Түркия қарулы күштері жылдар бойы Ракка және күрдтердің бақылауындағы басқа да аймақтарға ұшқышсыз ұшақтар мен авиация арқылы соққы беріп келеді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

08 Dec, 05:34


⚡️Асад режимі құлады

Сириялық топтар Башар Асад билігі құлатылғанын және Баас партиясының 50 жылдық билігі дәуірі аяқталғанын жариялады.

Олар президент Башар Асад Дамаскіден кетіп, босқындарды Дамаск "еркін" деп жарияланғаннан кейін "еркін Сирияға" оралуға шақырды, ал әскери операциялар департаментінің қолбасшысы Дамаскідегі әскерлеріне мемлекеттік мекемелерден аулақ болу туралы бұйрық шығарды.

"Хайат Тахрир аш-Шам" жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Жулани өзінің шын есімін әскери атақтың орнына Ахмед Аш-шараны қолдана бастады, деп хабарлады Telegram жариялаған мәлімдемеде:

"Дамаск қаласындағы барлық қарулы күшке қоғамдық мекемелерге жақындауға қатаң тыйым салынады", олар бұрынғы премьер-министрдің бақылауында ресми берілгенге дейін қалады және әуеге оқ атуға тыйым салынады".

Сирияның адам құқықтарын бақылау орталығы президент Башар Асад елден белгісіз бағытта кеткенін хабарлады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

07 Dec, 17:46


‼️🇸🇾Сирия армиясы берілмейтінін және исламшылдарға қарсы операцияларды "жоғары қарқынмен" жүргізіп жатқанын мәлімдеді

Бүгінде әлемдік БАҚ Башар Асад елден кетіп қалған болуы мүмкін деп жазып жатыр (бұл ақпаратты президент кеңсесі жоққа шығарған), алайда ел армиясының жаппай шегініп жатқаны туралы көптеген дәлел бар (тіпті кейбірі Иракқа кеткені хабарланған). Бірақ Сирия қарулы күштері мынадай мәлімдеме жасады:

📺Сирия армиясы мен қарулы күштерінің бас қолбасшылығы:
Сирия жүйелі түрде ақпараттық шабуылдарға және елді тұрақсыздандыруға, хаос пен үрей туғызуға бағытталған террористік әрекеттерге тап болып отыр.

📺Операциялар:
Армия террористердің шоғырланған жерлеріне қарсы Хама, Хомс және Даръа бағыттарында жоғары қарқынмен операциялар жүргізіп жатыр. Нәтижесінде террористер қаза тауып, жарақат алуда. Ондаған көлік құралдары, штабтар және қару-жарақ қоймалары жойылды.

📺Қорғанысты нығайту:
Қарулы күштер Дамаск маңында және оңтүстік өңірде қорғанысты нығайтуда. Бұл террористердің жасырын ұяшықтары арқылы хаос туғызу әрекеттерін болдырмау үшін жасалуда.

📺Хабарлама:
Қолбасшылық Сирияға қарсы жасалған жоспардың ауқымын түсінудің маңызын ерекше атап өтті. Әскерилер қауесеттерге сенбей, қауіпсіздік пен елдің болашағын қамтамасыз етуге арналған армияға сенуге шақырды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

07 Dec, 14:19


‼️Башар Асад Сирияда қалғанымен, оның отбасы елден кетіп қалды. Балалары мен әйелі Ресейге ұшып кетсе, күйеу балалары Біріккен Араб Әмірліктеріне барды, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Басылым мәліметінше, Асадтың әскері Сирияның оңтүстік-батысындағы ірі қала – Даръадан айырылған. Сонымен қатар Ресей "басқа басымдықтар" салдарынан тек шектеулі көмек көрсете алатынын ескерткен. Шын мәнінде, Ресей контингенті қазіргі мүмкіндікті пайдаланып, Сириядан ең қымбат әскери техникаларын эвакуациялауға тырысып жатыр.

Асад Түркия, БАӘ, Мысыр және Иорданиядан көмек сұрағанымен, барлығы бұл өтініштен бас тартты.

The New York Times агенттігі Асадтың тағы бір серіктесі – Иранның да осындай әрекетке көшкенін атап өтеді. Иран өз әскери командирлері мен жеке құрамын эвакуациялап жатыр. Кейінгі 13 жылда Иран Сирияны Ливандағы "Хезболла" ұйымына қару жеткізу үшін негізгі маршрут ретінде пайдаланған еді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

07 Dec, 09:11


‼️Асад режимі Сирияның оңтүстік-батысындағы ірі қала – Даръадан айырылып қалды

Жергілікті БАҚ мәліметінше, үкімет әскері қалаға шайқассыз берілді. Бұл келісім Асад армиясының Дамаск бағытына қауіпсіз шығуын қамтамасыз ету үшін жасалған. Даръа – осы аттас провинцияның әкімшілік орталығы.

Кеше сириялық көтерілісшілер көршілес провинцияның әкімшілік орталығы – Эс-Сувайда қаласына да кірді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

07 Dec, 05:17


Сирияның қазіргі президенті Башар Асадтың әкесі Хафез Асадтың ескерткіші көтерілісшілер басып алған Хама қаласында құлатылды.

Хафез Асад 1971 жылдан 2000 жылға дейін елді басқарған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

07 Dec, 05:08


‼️Иран Сириядан кейбір дипломаттары мен әскери кеңесшілерін эвакуациялай бастады

Бұл туралы The New York Times өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Ирак пен Ливанға Иранның Ислам революциясының сақшылар корпусының (КСИР) кейбір әскери қызметшілері эвакуацияланған. Сонымен қатар Сириядан кейбір ирандық дипломатиялық қызметкерлер мен олардың отбасылары, сондай-ақ Иранның қарапайым азаматтары елден шыққаны хабарланды. Кейбір адамдарды Тегеранға ұшақпен жеткізсе, енді бір бөлігі Ливан, Ирак және сириялық Латакия портына жерүсті көлігімен жіберілген.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

04 Dec, 05:36


🇰🇷Оңтүстік Кореяда не болды? Түсіндіреміз

Елдегі жағдайдың хронологиясы:

📺Президент Юн Сок Ёль түнде әскери жағдай жариялады.

📺Ол бұл шешімді "Солтүстік Кореяны қолдайтын күштерді тазалау" деп түсіндірді.

📺Импичмент процесі билік параличіне әкелуі мүмкін деп есептеді.
Әскери жағдайға қарсы азаматтар полициямен қақтығысты.

📺Парламент пен үкімет әскери жағдайды жойды.

📺Оппозиция президент пен қорғаныс министрлеріне импичмент ұсынбақшы, мемлекеттік төңкеріс жасады деп айыптап жатыр.

‼️CNN басылымының мәліметінше, президент әкімшілігінің басшысы мен 10-нан астам аға хатшы отставкаға кетуге өтініш берген. Бұл ақпарат президенттің кеңсесіне сілтеме жасай отырып хабарланды.

Президент Юн Сок Ёль әскери жағдай туралы түнгі жарлығы үшін отставкаға кету талаптары күшейгенімен, әзірге өз қызметінен бас тартқан жоқ.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

03 Dec, 16:50


🇰🇷 Оңтүстік Корея парламенті ел президенті енгізген әскери жағдайды жойды

Корялық YTN басылымының хабарлауынша, 190 депутат әскери жағдайды жоюға дауыс беріп, тиісті қарар күшіне енді.

Бұған дейін жетекші оппозициялық Демократиялық партия "Тобуро" парламенттің шұғыл жиналысын өткізгені туралы хабарланған еді. Аталған партия парламенттегі 300 орынның 170-ін бақылайды.

The Korea Herald-тың мәліметіне сәйкес, елде соңғы рет әскери жағдай 44 жыл бұрын, 1980 жылы 18 мамырда болған Оңтүстік Корея әскери үкіметіне қарсы демократиялық көтеріліс кезінде жарияланған.

Бұл жағдайға байланысты Сеулде азаматтар мен әскери қызметкерлер арасында қақтығыстар болып жатыр.

Оңтүстік Кореяның билік басындағы "Халық күші" партиясының жетекшісі Хан Дон Хун, оның құрамына президент те кіреді, билікті теріс пайдалануға жол бермеу үшін депутаттармен ынтымақтасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, партия президенттің жоспарлары туралы білмеген. Хан Дон Хун президенттің бұл шешімін қате деп санайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол әскерилердің "конституцияға қайшы әскери жағдайды" орындамауы тиіс екенін айтты.

Оңтүстік Корея конституциясына сәйкес, егер парламенттегі көпшілік әскери жағдайды жою үшін дауыс берсе, бұл шешім міндетті түрде орындалуы керек. Полиция мен басқа да күштер парламент ғимаратынан кетіп жатыр.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

03 Dec, 06:54


‼️Асад көтерілісшілермен күресу үшін Израильден көмек сұрады

Сирия президенті Асад сириялық режимге қарсы жауласқан исламшыл топтарға қарсы күресте Израильден көмек сұрады.

Бұл туралы Сауд монархына жақын интернет-басылым Elaph Сирия қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Хабарламада Асадтың жолдауын Израиль тарабына Еуропадағы оның көмекшілерінің бірі арқылы жеткізгені айтылған.

Дереккөздің мәліметінше, бұл өтінішке жауап ретінде Израиль Сирияда болып жатқан оқиғаларға қызығушылық танытпайтынын және ең алдымен Иран мен оның сателлиттерін елден шығару керегін талап еткен.

27 қарашада Hay'at Tahrir al-Sham басқаратын исламшыл топтар Алеппо мен Идлибтегі сириялық армия мен оның одақтас топтарының позицияларына ірі шабуыл бастады. Қарулы қақтығыстар әлі күнге дейін жалғасып отыр.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

02 Dec, 17:10


‼️Сириялық оппозиция Асадпен келіссөздерге дайын

Сириялық оппозиция Асадпен дереу келіссөздер жүргізуге дайын екенін көтерілісшілер өкілі әл-Бахра түріктің Haber телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Сонымен бірге ол топтардың елде саяси өтпелі процесс басталмайынша әскери әрекеттерді тоқтату ниеті жоқ екенін атап өтті.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

02 Dec, 13:21


‼️🇸🇾Сириядағы жағдай: басты жаңалықтар

📺Сириядағы Асад режимі бұдан былай Ресей мен проирандық топтардан бұрынғы жылдардағыдай ауқымды қолдауға сене алмайды. Бұл туралы Америкалық Соғыс Зерттеу Институты (ISW) жазады, бұл жағдай Дамасктың кез келген қарсы шабуыл операцияларын айтарлықтай қиындататынын атап өтеді.

📺1 желтоқсанда Израиль ӘӘК Дамаск әуежайына қонуға тырысқан ирандық ұшақты тоқтатып, оны Иран аумағына қайтуға мәжбүр етті, деп хабарлайды Ynet. Хабарда Mahan Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтың "Хизбаллаға" арналған қаруды тасымалдауға күдік келтірілгені айтылады. Израиль әскери күштерінің бұл әрекеті қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға бағытталған болуы мүмкін.

📺АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия бірлескен мәлімдемеде Сириядағы барлық тараптарды шиеленісті азайтуға және бейбіт халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

"Біз Сириядағы оқиғаларды мұқият бақылап отырмыз және барлық тараптарды шиеленісті бәсеңдетуге, азаматтық халықты және инфрақұрылымды қорғауға шақырамыз. Бұл қадамдар халықтың көшіп-қонуының алдын алуға және гуманитарлық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Қазіргі шиеленіс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 қарарына сәйкес сириялықтардың басшылығымен саяси шешімнің шұғыл қажеттігін көрсетеді", – делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланған құжатта.

📺Сирия президенті Асад елдегі соңғы оқиғалар аясында Түркиямен байланыс орнатуға тырыса бастады, деп жазады Turkiye Gazetesi. Газеттің мәліметінше, сириялық көшбасшы Түркия билігіне екі арадағы делдалдар арқылы келіссөздер жүргізу ұсынысын жіберген. "Ассад әлі күнге дейін Түркия ұсынған келісім мүмкіндігіне жауап берген жоқ" – деп жазады басылым.

📺Ирандық топтар Сирия армиясына көтерілісшілермен күресте көмектесу үшін елге кірді, деп жазады Reuters. Мәлімет бойынша, олардың қатарында Ирактың Al-Hashd Al-Shabi, Kataib Hezbollah және Fatimiyyun сынды қарулы топтары бар.

📺Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Багаи Иран әскери кеңесшілерінің Сириядағы терроризмге қарсы күресте көмек көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.

"Біз Сирия үкіметінің шақыруымен осындамыз және бұл біздің жаңа міндетіміз емес", – деп хабарлады ол.

📺РФ Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Иран және Түркия өкілдерімен тығыз байланыс ұстап отыр. Үшжақты кездесу өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ТАСС.

📺Түркияның сыртқы істер министрі Сириядағы соңғы оқиғаларды "сыртқы араласумен" байланыстыру дұрыс емес екенін айтты. "Дамаск өз халқымен және заңды оппозициясымен ымыраға келуі керек", – деп мәлімдеді министр TRT Haber телеарнасына берген сұхбатында.

📺Иран мен Сирия президенттері телефон арқылы сөйлесті. Иран Сирияға кез келген көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Асад Иранның қолдауын жоғары бағалап, бұл ынтымақтастықты "аймақтағы мәселелерді шешудің негізгі факторы" деп атады.

📺Израиль Иран қаруының Сирияға түсуіне жол бермейтінін мәлімдеді. Израиль армиясының өкілі Sky News Arabia-ға берген сұхбатында Иранның Сирияға көмек жіберіп жатқанын және Израиль бұл жағдайды қадағалап, қажетті шараларды қолданатынын атап өтті.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

02 Dec, 13:11


🇺🇦 Зеленский: Украина жоғалтқан аумақтарын әскери жолмен қайтара алмайды

"Ресей басып алған кейбір аумақтарды, соның ішінде Қырымды күшпен қайтару қиын. Біздің армиямыздың мұны жүзеге асыруға күші жетпейді. Сондықтан бізге шын мәнінде дипломатиялық шешімдер табу қажет", – деді Украина президенті Зеленский жапондық Kyodo агенттігіне берген сұхбатында.

Сонымен бірге ол мұндай қадамдарды тек Украина РФ-тың жаңа агрессиясын бастауға қауқарсыз болатындай деңгейге жеткен кезде ғана қарастыруға болатынын атап өтті.

Осыған байланысты Украина көшбасшысы серіктестердің қолдауы "жеткіліксіз" екенін тағы да айтып, НАТО-ны Киевті мүшелікке қабылдау туралы келіссөздерге мүмкіндігінше тезірек шақыруға үндеді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

02 Dec, 07:32


Қазасынан 19 жыл өткенде Заманбек Нұрқаділововтің туған ауылы Кегенде ескерткіш-бюсты орнатылды

Айта кетейік, мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің үйінде ескерткіш-тақта орнатуды және туған ауылы Кегенде ескерткіш орнатуды президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл тапсырған болатын.

Шараға Нұрқаділовтің туыстары, Кеген ауылының тұрғындары және қоғам қайраткерлері жиналды.

Еске салайық, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы Алматыдағы үйінде өлі табылған. Оның үш бірдей оқ жарақаты болған, бірі басына тиген. Меморгандар өлімнің ресми себебі – суицид деп атаған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

27 Nov, 16:21


❗️ "Астана Опера" театрының жанындағы көше дисплейінде Украина туының бейнесі желіде таралып жатыр

Бұл туралы Astana_brothers паблигінде жарияланған.

Сәрсенбі күні кешке әлеуметтік желілерде Украина туының кадрлары тарады.

КазТАГ сайтында видео жарияланғаннан кейін "Керуен Медиа" өкілдері бас редакторға хабарласты.

Олар Ресей туының Украина туының түстеріне боялуын "кабель тұйықталды" деп түсіндірді.

"Сағат 16:30-да "Керуен Медиа" LED-экранында Ресей туының жоғарғы сегментінде кабель тұйықталып, ақ түс өшіп қалды. Соның салдарынан электр жүктемесі кезінде түстердің реңкі өзгеріп, жарығырақ болып көрінді. Осылайша, ұялы телефонмен түсірілген видеода қызыл түс бейнежазбада сары түске ұқсап көрінеді", - деп нақтылады "Керуен Медиа" техникалық директорының орынбасары Мұхтар Бекбосынов.

Әшкере

27 Nov, 12:35


🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды

✔️Мәртебелі қонақты күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті және Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды.

✔️Бұдан кейін кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған картинасын таныстырды. Ол сондай-ақ мемлекеттер басшыларына полотноны жазуға үлес қосуды ұсынды. Картина Ресей президентіне сапар соңында сыйға тартылады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

27 Nov, 07:55


❗️🅱️🆎🆘 Путиннен кейін президент Тоқаевтың мақаласы ресейлік "Известия" басылымында жарияланды. Негізгі тұстарына тоқталайық:

1️⃣ Қазақстан мен Ресей: тұрақты достық пен серіктестік
Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы тығыз тарихи және мәдени байланыстарға негізделген. Бұл одақтастық екі халықтың болашағына деген ортақ жауапкершілікпен нығайтылған.

2️⃣ Стратегиялық серіктестік үлгісі
Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан мен Ресей тату көршілік пен көпқырлы ынтымақтастықтың үздік үлгісін көрсетіп келеді.

3️⃣ Мемлекет басшыларының тығыз байланысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бір-бірімен үнемі байланысып, шынайы достық пен іскерлік қарым-қатынас орнатқан. Бұл мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

4️⃣ Екіжақты сауда мен инвестиция
Ресей Қазақстанға 2023 жылы 3 млрд доллар инвестиция салды, ал Қазақстан да Ресейге дәл осындай қаржы құйды. 23 мың ресейлік компания Қазақстанда табысты жұмыс істеуде.

5️⃣ Бірлескен жобалар қарқыны
Қазақстан мен Ресей 18 млрд доллардан асатын 90-нан астам жобаны іске асырды, қазіргі уақытта 49 жаңа жоба қолға алынды.

6️⃣ Ұлы Жеңісті бірге атап өту
Екі ел Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге дайындалуда. Бұл ортақ тарихқа деген құрметтің айқын көрінісі.

7️⃣ Мәдени және гуманитарлық байланыстар
Қазақстан мен Ресей мәдени іс-шаралар, көрмелер, фестивальдер арқылы қарым-қатынасты нығайтуда. Биыл Мәскеуде Астананың мәдениет күндері ұйымдастырылды.

8️⃣ Білім саласындағы ынтымақтастық
Қазақстан Ресей мектептерін ашуды жоспарлап отыр, ал Ресейде 60 мыңға жуық қазақстандық студент білім алуда. Омбыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы ашылады.

9️⃣ Еуразиялық ықпалдастық
Қазақстан мен Ресей Еуразия экономикалық одағы аясында табысты жұмыс істеп, сауда кедергілерін жою мен экономикалық ықпалдастықты дамытуда жетекші рөл атқарып отыр.

1⃣0⃣ Көпполярлы әлемді қолдау
Қазақстан мен Ресей көпполярлы әлемді, бейбіт диалогты және мемлекеттердің егемендігін құрметтеуді дәріптеуде.

🔷 Болашаққа сенім
Қазақстан мен Ресей 2025 жылы көптеген ортақ жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл қос халықтың игілігіне бағытталған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

26 Nov, 11:04


❗️Израиль мен "Хезболла" арасындағы атысты тоқтату туралы ықтимал келісім аясында: Иран Израиль мемлекетіне қауіп төндіруін қайта жандандырып жатыр

"Біздің 26 қазандағы Израильдің жақындағы агрессиясына жауабымыз бұл режимнің кез келген басшысының қиялынан тыс болады", – деп мәлімдеді Иран Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Мохаммад Багери.

Оның айтуынша, жылдар бойы әзірленген Иранның қорғаныс доктринасы "жау қауіптеріне жойқын, ұстамды және уақтылы жауап беруге" негізделген.

Бұл мәлімдеме Израиль мен "Хезболла" арасындағы атысты тоқтату туралы ықтимал келісім жасасу аясында айтылды. Бұған дейін араб басылымдары Иранның келіссөздер процесіне жасырын араласып, аталған келісімді бұзуға тырысып жатқанын хабарлаған болатын.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

25 Nov, 16:11


🇷🇺 Путиннің "бейбітшілік жоспары" Украина аумағын 2026 жылға қарай үш бөлікке бөлуге бағытталған

Bild басылымының Украинаның барлау қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің құпия құжатында Путиннің жоспары шығыс Украинаның, соның ішінде Қырымның толық аннексиясын көздейді.

Құжатқа сәйкес, Киев, Сумы және Одесса облыстары "проресейлік мемлекеттік құрылым" құрады. Ал батыс аймақтар "талас-тартысты аумақтар" ретінде белгіленіп, бұл жерлердің тағдыры Венгрия, Польша және Румынияның қатысуымен өтетін келіссөздерде шешіледі деп болжанады.

Сонымен қатар бұл "бейбітшілік жоспары" Дональд Трампқа таныстырылады деп айтылған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

25 Nov, 13:15


❗️Биньямин Нетаньяху Ливандағы бітім туралы келісімді мақұлдады — CNN

Израиль премьер-министрі келісімнің негізгі қағидаларын мақұлдады, бірақ кейбір егжей-тегжейлі мәселелер әлі де нақтылануы қажет. Бұл туралы жексенбі кешінде израильдік шенеуніктермен қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлады CNN.

Алайда, телеарнаның дереккөздері атап өткендей, "бір ғана қате әрекет" келіссөздерге күмән тудыруы мүмкін, себебі Израиль билігі мен "Хезболла" бір-біріне қарсы айыптарын жалғастырып жатыр.

Израиль Ливан аумағында қазан айында шектеулі әскери операцияларын бастаған еді. CNN-нің еске салуынша, бұл шекарадағы бірнеше айлық шабуылдардан кейін орын алды. Осы уақыттан бері ЦАХАЛ "Хезболланың" бірнеше жетекшісі мен жоғары лауазымды мүшелерін, соның ішінде қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі Хасан Насралланы жойды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

25 Nov, 04:50


❗️🇰🇿Жыл басынан бері 16,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың

✔️45,9%-ы Қытайдан,
✔️39,2% – Өзбекстаннан,
✔️5,8% – Моңғолиядан,
✔️5,2% – Түрікменстаннан,
✔️2,8% – Ресейден
✔️1,1% басқа елдерден.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2%-ды және зейнеткерлер - 9,4%.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8%-ы жоғары білімді, 24,8%-ы орта кәсіби білімді, 54,4%-ы жалпы орта білімді, және 3% білім жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

24 Nov, 18:28


❗️🇺🇦Украина Қауіпсіздік қызметі журналистерге Днепрдегі "Южмаш" әскери зауытына шабуыл кезінде қолданылған ресейлік зымыранның қалдықтарын көрсетті мұндай зымыран қалдықтары Украина аумағында алғаш рет табылды — Associated Press

Бұл Ресейдің "Орешник" деп аталатын жаңа баллистикалық зымыранының қалдықтары болуы мүмкін. Путиннің айтуынша, бұл зымыран "Украина тарабынан батыс қаруымен жасалған шабуылдарға жауап ретінде ұрыс жағдайында сыналған".

📱 t.me/askerenews

Әшкере

24 Nov, 14:23


❗️Хуситтер Йемен азаматтарын Украинаға қарсы соғысқа алдап тартып жатыр - Financial Times

Financial Times басылымының жазуынша, хуситтермен байланысы бар Al Jabri General Trading & Investment Co SPC компаниясы ер адамдарға Ресейде жұмыс істегені үшін $10 мың сыйақы, ай сайын $2 мың жалақы және Ресей азаматтығын ұсынған.

Басылым деректеріне сәйкес, алданғандардың қол қойған келісімшарттарында хуситтік саясаткер Абдулвали Абдо Хасан әл-Джабриге тиесілі компания көрсетілген. 3 шілдедегі құжаттардың бірінде Нижний Новгородтағы "контрактанттарды іріктеу орталығы" өкілінің қолы қойылған.

Йемендік азаматтың біреуі басылымға берген сұхбатында өзі және тағы 200 адамнан тұратын топтың келісімшартқа қол қойғанын және оларды ешқандай әскери дайындықсыз майдан шебіне жібергенін айтқан.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

23 Nov, 17:34


❗️Зеленский АҚШ-тың жаңа президенті Трамптың қаңтарда соғысты аяқтау туралы ұсынысын күтіп отыр

Украина президенті Владимир Зеленский келесі жылы соғысты аяқтауға мүмкіндіктер бар екенін мәлімдеді. Grain from Ukraine халықаралық конференциясында ол әлем көшбасшыларының ұсыныстарын қарауға дайын екенін айтып, АҚШ-тың жаңа президенті соғысты аяқтау жоспарын 2025 жылдың қаңтар айында ұсынатынына үміт білдірді.

Сондай-ақ Зеленский Ресей президенті Путиннің Қарулы күштерді келесі жылдың 20 қаңтарына – Трамптың инаугурациясына дейін Курск облысынан ығыстыру тапсырмасын қойғанын хабарлады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

22 Nov, 17:26


❗️Путин мен Зеленскийдің бүгінгі мәлімдемелері

✔️Жау объектілері бойынша жаппай қолданылған кезде "Орешник" жүйесі стратегиялық мақсаттағы қарумен салыстырылады; оны сериялық өндіру туралы шешім қабылданды — Путин

✔️Зеленский Қорғаныс министріне одақтастардан "өмірді жаңа тәуекелдерден қорғауға қабілетті" жаңа әуе қорғанысы жүйелерін сұрауды тапсырды — Украина Президентінің бейне хабарламасы

📱 t.me/askerenews

Әшкере

22 Nov, 09:40


❗️Украинада ресейлік әскерлер "Нива" және "Жигули" көліктерімен шабуыл жасап жатыр – BILD сарапшысы

Алдыңғы шептен алынған ерекше кадрларға ашық деректерді зерттеу бойынша BILD сарапшысы Юлиан Рёпке назар аударған. Бір видеода ресейлік төрт әскери Покровск маңындағы украин позицияларына ВАЗ-2106 (Жигули") көлігімен шабуыл жасаған. Олардың барлығы қаза тапты. Басқа видеода үш "Нива" автокөлігі әскери пикаптарға айналдырылып, шабуылға шыққаны көрсетілген. Бұл көліктерді де украиналық дрондар жойған.

Бұған дейін Рёпке бронтехниканың жетіспеушілігіне байланысты РФ қарулы күштері сарбаздарды майдан шебіне қытайлық гольф-карттармен жеткізіп жүргенін хабарлаған еді.

"Жаңа кадрлар ресейліктердің Украинада алға жылжу үшін бронетехниканы, танкілерді немесе қытайлық көліктерді емес, қарапайым "Ладаларды" қолданатынын көрсетеді. Олар кейбір жағдайларда бронтехниканың міндеттерін орындауы тиіс. Бұл ақылға сыймайтын міндет. Украиналық кадрлардан көріп отырғанымыздай, мұндай әрекеттер үлкен шығындарға әкеледі. <..> Бұл таңғаларлық кадрлар, өйткені "әлемдегі екінші әскер" деп аталатын армия "Ладалармен" шабуыл жасауға мәжбүр", – деп Рёпке ирониямен мәлімдеді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

22 Nov, 04:46


⚡️ Ресей аумағына Батыстың алыс қашықтықтағы зымырандары қолданылғаннан кейінгі Путиннің үндеуі. Негізгісіне тоқталсақ:

▪️ 19 қарашада ATACMS жүйесінің 6 зымыранымен және 21 қарашада Storm Shadow жүйелерімен Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға шабуыл жасалды. Әуе қорғаныс жүйелері зымыран шабуылдарын тойтарды. Курск облысында адам шығыны болды.

▪️ Украинадағы қақтығыс Батыстың алыс қашықтықтағы зымырандарымен Ресейге жасалған шабуылдардан кейін ғаламдық сипатқа ие болды.

▪️ Путин жаңа "Орешник" орта қашықтықтағы зымыранының сәтті сынақтан өткенін мәлімдеді. Оны қазіргі заманғы әуе қорғаныс жүйелері ұстай алмайды. Бұл зымырандар 10 мах жылдамдықпен нысанаға жетеді, яғни секундына 2,5-3 километр.

▪️ Ресейдің жаңа зымыран кешендерін сынақтан өткізу кезінде жоюға арналған нысандар елге төнетін қауіптерге байланысты анықталады.

▪️ Ресей өзіне қарсы қаруын пайдалануға мүмкіндік берген елдердің әскери нысандарына қару қолдануға құқылы деп есептейді.

▪️ Ресей "Орешник" сияқты жүйелерді қолдану жағдайында ықтимал соққы аймақтарын алдын ала хабарлап, Украинадағы бейбіт тұрғындар мен басқа елдердің азаматтарына сол аумақтарды тастап кетуді ұсынатын болады. Мұндай қаруға қарсы тұратын құралдар қазіргі уақытта жоқ.

▪️ Ресей Днепропетровскіде зымыран техникасын қоса алғанда, әскери кешенді жойған.

Фото: РИА Новости

📱 t.me/askerenews

Әшкере

21 Nov, 17:22


❗️Путин Ресейдің Украинаға баллистикалық зымыранмен соққы жасағанын растады

Ресей президентінің айтуынша, бұл орта қашықтықтағы "Орешник" жүйесінен ұшырылған зымыран. Оның сөзінше, Днепрге жасалған соққы Украина Қарулы Күштерінің Ресей аумағына алыс қашықтықтағы батыстық қару-жарақты қолдануға рұқсат бергеніне жауап ретінде жасалған.

Президенттің мәлімдемесін ресейлік мемлекеттік агенттіктер тікелей эфирде таратып жатыр. Владимир Путин АҚШ-тың Украинаға Ресей аумағын алыс қашықтықтағы қарумен атқылауға рұқсат беруін түсіндірді.

Путин Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесін қайталап, Украина Қарулы Күштері Ресейге ATACMS зымырандарымен соққы жасағанын растады. Оның айтуынша, осыдан кейін "қақтығыс жаһандық сипатқа ие болды". Дегенмен президенттің сөзінше, бұл "арнайы операцияның" барысына әсер етпейді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

21 Nov, 14:02


❗️ХҚС Нетаньяхуды ұстауға ордер берді

Халықаралық қылмыстық сот Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға, бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галлантқа және ХАМАС-тың жоғары лауазымды қызметкеріне 7 қазан өткен жылғы Израильге жасалған шабуылдар кезінде және одан кейін болған әскери қылмыстарға байланысты қамауға алу ордерін берді. Бұл туралы CNN хабарлады.

Бейсенбі күні Нидерландта орналасқан сот мәлімдеме жасап, Нетаньяхудың әскери қылмыстарға, соның ішінде «соғыс жүргізу әдісі ретінде аштық салуды» және «адамзатқа қарсы қылмыстар, кісі өлтіру, қудалау және басқа да адамгершілікке жат әрекеттерді» жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін анықтайтын «ақылға қонымды негіздер» бар екенін мәлімдеді.

Бұл ордерлер тарихи оқиға ретінде Нетаньяхуды палестиндіктерге қарсы әрекеттері үшін Халықаралық қылмыстық сотқа шақырылған алғашқы израильдік көшбасшы етті. МҚС ордерлері қамауға алуға кепілдік бермесе де, олар Нетаньяхудың МҚС-қа мүше мемлекеттерге сапарларын айтарлықтай шектеуі мүмкін.

Премьер-министр кеңсесі ордерлерді «абсурдтық және антисемиттік» деп атап, теріске шығарды.

«Израиль Халықаралық қылмыстық соттың өзіне қарсы саяси бейтараптық танытып, алалаушылыққа негізделген әрекеттері мен айыптауларын толығымен жоққа шығарады», – деп мәлімдеді премьер-министр кеңсесі. Олар «ХАМАС террористік ұйымы ең ірі қырғын ұйымдастырғаннан кейін әділетті соғыс жоқ… Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі еврей халқына жасалған ең жойқын шабуылдан соң бұл әрекет әділетті» деп қосты.

Мәлімдемеде Нетаньяхудың «қысымға бағынбайтыны, шегінбейтіні және Израиль науқан басталғанда қойған барлық әскери мақсаттарға жетпейінше кері шегінбейтіні» айтылды.

Израиль, АҚШ сияқты, МҚС-тың мүшесі емес және қақтығыстағы әрекеттеріне қатысты соттың юрисдикциясын жоққа шығарды. Бұл талапты сот бейсенбіде қабылдамады. МҚС Израиль басып алған аумақтарда, соның ішінде Газа, Шығыс Иерусалим және Батыс жағалауда юрисдикцияға ие екенін мәлімдейді, өйткені Палестина басшылығы 2015 жылы соттың негізгі қағидаларын ұстануға ресми түрде келісім берген болатын.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

21 Nov, 13:35


❗️Қазақстан орыс тілін дамытуға 131 миллион теңге бөлді

Бұл туралы "Тіл кеспек жоқ" хабарлады. Кеше Мәжіліс, бүгін Сенат «орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы» шартты мақұлдады. Енді Тоқаевтың қол қоюы ғана қалды.

Ұйымның мақсаты — орыс тілін қолдап, халықаралық тіл ретінде дамыту.

Құжатта ұйым міндеттерінің бірі «орыс тілінде білім беру сапасын қолдау, орыс тілі және әдебиет бағыттары бойынша педагогика және ғылыми кадрларды дайындауға атсалысу, оқулықтар мен оқу нұсқаулықтарына сараптама жүргізу бойынша тәжірибе алмасу; орыс тілін қолдау және танымал етуді көздейтін шығармашылық жобаларға грант байқауларын бекіту» деп жазылған.

Қазақстан осы ұйымның жұмысына 2025-2027 жылдары ел бюджетінен 131 млн теңге жұмсайды.

📍Орыс тілін қолдау және дамыту бойынша халықаралық ұйым құру идеясын 2022 жылы Тоқаев ұсынған. Бұған дейін құжат Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусьте қабылданып, күшіне енген.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

21 Nov, 05:01


❗️🇮🇱АҚШ сенаты Израильге қару-жарақ жеткізілімін бұғаттаудан бас тартты
 
Сенатта (конгресстің жоғарғы палатасында) дауыс беру кезінде 100-ден 60-тан астам сенатор қарсы дауыс берді. Олар Израильге АҚШ-тан шабуыл қаруын жеткізуді бұғаттау талабымен келіспеген. Қарардың авторы Вермонттың тәуелсіз сенаторы Сандерс болды.
 
Америкалық заңнамаға сәйкес, АҚШ Конгресі "мақұлдамау туралы қарар" қабылдау арқылы шетелге қару-жарақ жеткізуді тоқтата алады. Бірақ мұндай қарардың ешқайсы заң шығарушы органның екі палатасында да мақұлданбаған және АҚШ президентінің ветосынан өте алмаған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

20 Nov, 17:47


❗️Желіде 2023 жылғы маусымдағы бүлік кезінде Пригожиннің Беларусь президенті Лукашенкоға қоңырау шалған жазбасы деген аудиожазба жарияланды

Бұл жазба "Московская прачечная" Telegram-арнасында пайда болды, ол, болжам бойынша, ресейлік арнайы қызметтермен байланысты болуы мүмкін.

Ескертейік, біз әлі бұл жазбаның шынайылығын растай алмадық.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

20 Nov, 16:30


❗️Reuters агенттігінің дереккөздері Путиннің келіссөздер үшін қойған талаптары туралы хабарлады

Ресей президенті Владимир Путин Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін Украинадағы атысты тоқтату мүмкіндігін талқылауға дайын, әсіресе ол қазіргі майдан бойынша қақтығысты тоқтатуға келіскенмен, Ресей басып алған украин аумақтарының көп бөлігінен бас тартуға ниетті емес. Сонымен қатар Путин Украина НАТО-ға қосылмауы керек деп талап етеді.

Бұл туралы Reuters агенттігі сәрсенбіде өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Олардың арасында, агенттіктің айтуынша, бес қазіргі және бұрынғы жоғары лауазымды ресейлік шенеунік бар.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков осы жарияланымға түсініктеме бере отырып, сәрсенбіде Путиннің келіссөздерге дайын екенін, бірақ майдан желісін мұздатуға келіспейтінін айтты. Песков Ресей арнайы әскери операцияның барлық мақсаттарына жетуге ұмтылатынын қайталады. Алайда 2022 жылдың ақпанында Ресейдің басқыншылығы басталғанда, Владимир Путин өз мақсаттарын нақты білдірмеген. Кейінірек ол Украинаға жаңа талаптар қойды, оның ішінде Херсон, Запорожье, Донецк және Луганск облыстарының егемендігінен бас тарту да бар.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

19 Nov, 12:16


❗️Ресей Қорғаныс министрлігі Брянск облысындағы нысанға ATACMS зымырандарымен шабуыл жасалғанын мәлімдеді

Бүгін түнде сағат 03:25-де (Мәскеу уақыты бойынша) Украина Қарулы Күштері Брянск облысы аумағындағы нысанға алты баллистикалық ATACMS зымыранымен соққы жасады, оның бесеуі атып түсірілді, біреуі зақым келтірді, деп хабарлады ведомство өкілдері.

Зымыранның қалдықтары әскери нысанның техникалық аумағына түскен, өрт шыққан, алайда өрт сөндірілді. Шабуыл салдарынан қаза тапқандар мен қиратулар жоқ, деп толықтырды министрлік.

Украина Бас штабы Украина Қарулы Күштері Карачев қаласындағы қару-жарақ қоймасына соққы бергенін мәлімдеді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

19 Nov, 11:55


❗️АҚШ билігі белгісіз ұшатын нысан бар екенін мойындағаны рас па?

🛸Бұл мәлімдемені АҚШ билігі емес, Орталық барлау басқармасының бұрынғы агенті Дэвид Граш айтқан. Ол бұл сөзін АҚШ Конгресінде жерден тыс өркениеттердің болуы және олармен ықтимал байланыс туралы алғашқы қоғамдық тыңдауларда айтқан.

Граштың айтуынша, АҚШ Қорғаныс министрлігі мен беймәлім ұшатын нысанның кездесуі орындарында адамға қатысы жоқ биоматериалдар табылған.

🛸Ол жерден тыс технология туралы жақсы білетінін және бірақ билік бұл бағдарламаларды жасырып отырғанын айтқан. Ал куәгерлерді қуғындауға дайындалып жатыр-мыс.

Сосын Конгрессте оған сұрақ қойылды: америкалық билік бөгдеғаламшарлықтармен байланысқа түсті ме? Ол сұраққа жауап бермеді, бірақ биліктің қолында биологиялық материалы бар ғарыш кемелері бар деді.

Ал одан "биоматериал адамдыкі ме, әлде жоқ па" деп сұрағанда экс-агент "Адамға қатысы жоқ, бұл мен айтып отырған бағдарламаны білетін адамдардың бағалауы болды" деп жауап берді.

36 жастағы Граш мұндай мәлімдемесін бұрынырақ та талай жасаған. Мысалы 2023 жылы NewsNation арнасына берген сұхбатында Пентагон құпия бағдарламасы аясында бөгдеғаламшарлықтардың ғарыш кемелеріне қол жеткізді деп мәлімдеген.

Бір шындығы, Граш шын мәнінде басқармада жұмыс істеген, алайда ол ешқандай дәлел келтірмеген.

🛸Оның сөзіне сенетіндер де көп, мәселен АҚШ Қорғаныс министрлігі Аляскада үш беймәлім нысанды атып түсірген, бірақ оны жариялаудан бас тартқан. Ал 2021 жылы АҚШ ұлттық барлау қызметі ҰБН-ды ұлттық қауіпсіздігіне қатер деп таныған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

19 Nov, 09:46


❗️Путин ядролық доктринаның жаңа нұсқасын бекітті — оған сәйкес, ядролық қару тіпті ұшқышсыз аппараттардың шабуылына жауап ретінде қолданылуы мүмкін.

"Новая газета" хабарына қарағанда, Владимир Путин "Ресей Федерациясының ядролық тежеу саласындағы мемлекеттік саясатының негіздерін бекіту туралы" жарлыққа қол қойды. Құжат ресми құқықтық актілер порталында жарияланды.

Доктрина мәтініне сәйкес, Кремль ядролық қаруды қолдануды "әуе-ғарыштық шабуыл құралдарының жаппай іске қосылуы туралы нақты ақпарат түскенде" және олардың РФ шекарасын кесіп өткенде (оған ұшақтар, ракеталар және ұшқышсыз аппараттар да кіреді) қарастыруы мүмкін.

Сонымен қатар, Ресей Беларусь егемендігіне "қарапайым қаруды" (жаппай жою қаруынсыз) қолдану арқылы "сындарлы қауіп" төнген жағдайда, ядролық қаруды қолдану құқығын өзінде сақтайды.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, ядролық доктринаны жаңарту қазіргі жағдайға сәйкестендіру үшін қажет болды. Ол бұл туралы ресми мәлімдеме жасап, ресейлік әскерилер Киевтің ATACMS ракеталарын қолдану ниеті туралы ақпараттардан кейінгі жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтты.

▪️18 қарашада Еуропалық комиссия төрағасының орынбасары Жозеп Боррель АҚШ-тың Ресейге қарсы қашықтығы 300 км-ге дейін жететін алыс қашықтықтағы ракеталарды қолдануға қатысты ветоны алып тастағанын растады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

19 Nov, 04:55


⚡️Мойындалмаған Абхазия президенті оппозицияның қысымымен отставкаға кетті

Мойындалмаған Абхазия президенті Аслан Бжания оппозицияның қысымымен отставкаға кетті. Сонымен қатар парламентті басып алған оппозициямен келісім бойынша үкімет басшысы да қызметінен кетеді.

"Елдегі тұрақтылық пен конституциялық тәртіпті сақтау мақсатында, Абхазия Республикасы Конституциясының 63-бабына сәйкес, мен Абхазия Республикасы президенті қызметінен отставкаға кетемін", – деп жазылған Бжанияның парламент төрағасына арнаған мәлімдемесінде. Бұл мәлімдеме Бжанияның баспасөз қызметі жариялаған.

BBC мәліметінше, Бұған дейін Абхазия оппозициясының жетекшілерінің бірі Адгур Ардзинба журналистерге берген сұхбатында оппозиция мен билік арасындағы келіссөздер нәтижесінде президент Бжания мен үкімет басшысы Александр Анквабтың отставкаға кетуге келісім бергенін хабарлаған еді.

Ресейдің "Интерфакс" агенттігінің мәліметінше, президент міндетін уақытша вице-президент Бадра Гунба атқарады, ал премьер-министр міндетін Валерий Бганба орындайды. Ол бұған дейін осы лауазымды иеленген.

Бжания сенбі күні, отставкасын талап еткен наразылық білдірушілер мойындалмаған республиканың парламент ғимаратын басып алғаннан кейінгі күні отставкаға кететінін уәде еткен болатын.

Абхазия астанасында толқулар бір апта бұрын басталды. Себеп – биліктің Ресеймен жаңа инвестициялық келісім жасауға ниеттенуі. Жергілікті тұрғындардың көбі ресейлік бизнестің кеңеюі туризмнен түсетін табыстарынан айыруы мүмкін деп алаңдап отыр.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

18 Nov, 07:03


🇹🇷🇹🇷Ердоған Зеленскийге соғысты "тоқтату жоспарын" ұсынуға ниетті

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украинадағы қақтығысты реттеуге бағытталған жоспар дайындады. Ол жоспар бойынша соғыс әрекеттерін "тоқтату", Донбаста халықаралық күштердің қатысуымен демилитаризацияланған аймақ құру және Украинаның НАТО-ға кіру мәселесін 10 жылға кейінге шегеру ұсынылады. Оның орнына Киев Батыс елдерінен қару-жарақ алуы тиіс деп жазылған Bloomberg басылымында.

Бұл жоспар 19-20 қарашада Бразилияда өтетін G20 елдері көшбасшыларының кездесуінде ұсынылады деп күтілуде. Дереккөздерге сәйкес, Ердоған Зеленскийді Стамбұлдағы бейбіт келіссөздерге қатысуға көндіруге тырысуда, себебі ол Украинаның жаңа территориялық шығындарға ұшырауынан алаңдайды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

18 Nov, 04:32


⚡️АҚШ Украинаға ATACMS қаруымен Ресейге шабуылдауға рұқсат береді: Зеленский пікірі

"Украинаны нығайту жоспары – бұл "Жеңіс жоспары", мен оны біздің серіктестерімізге ұсындым. Оның негізгі тармақтарының бірі – біздің армияның алысқа жететін мүмкіндіктері.

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары бұл мүмкіндіктерді қолдануға рұқсат алуымыз мүмкін екендігі туралы көп айтып жатыр. Бірақ соққылар сөзбен жасалмайды. Мұндай нәрселер алдын ала жарияланбайды. Зымырандардың өзі барлығын айтып береді. Олар міндетті түрде айтып береді", - деді Зеленский халыққа кезекті үндеуінде.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

17 Nov, 18:26


❗️Байден Украинаға Ресейге қарсы соққы беру үшін америкалық ұзақ қашықтыққа арналған қаруды қолдануға рұқсат берді — New York Times

New York Times басылымының дереккөзіне сүйенсек, рұқсат ATACMS ұзақ қашықтыққа арналған зымырандарын Курск облысында украин күштерін қорғау мақсатында қолдануға байланысты берілген.

Бұл шешім Ресейдің Украинамен соғыста солтүстіккореялық әскерлерді пайдалануы туралы шешіміне жауап ретінде қабылданған, деп жазады NYT.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

17 Nov, 14:33


❗️Үндістан алғашқы гипердыбыстық алыс қашықтықтағы зымыранын сәтті сынақтан өткізді

Бұл туралы жексенбіде елдің қорғаныс министрі Раджнат Сингх мәлімдеді. Сынақ сенбіде Үндістан түбегінің шығыс жағалауындағы аралда орналасқан Абдул Калам полигонында өтті.

Сынақтан өткен зымыран әртүрлі түрдегі жарылғыш зарядтарды тасымалдай алады және 1500 шақырымға дейін ұша алады. Оның жылдамдығы дыбыстың жылдамдығынан бес есе жоғары.

Осылайша Үндістан озық қару-жарақ технологиясы бар елдердің шағын тобына қосылады. Қазіргі уақытта гипердыбыстық қаруға АҚШ, Ресей және Қытай ие. Сондай-ақ Иран, Солтүстік Корея және Йемендегі хуситтер гипердыбыстық зымырандарды сынақтан өткізгенін хабарлаған, бірақ олардың қару-жарақ арсеналында бар-жоғы белгісіз.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

17 Nov, 05:50


❗️Қазақстанда мешіт ғимаратындағы газ жарылды: қаза тапқандар бар

Қазақстанның солтүстігіндегі Ақмола облысында бұрынғы ауыл мешітінің ғимаратында газ жарылысы болды. Бұл туралы NUR.KZ басылымы өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлады.

Жарылыс салдарынан ғимарат құлап, үш адам қаза тапты, оның бірі 12 жастағы бала. Тағы 16 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жарылыстың себебі — газ-ауа қоспасының тұтануы. Белгілі болғандай, бұрынғы мешіт ғимаратында ас беру рәсімі өтіп жатқан.

Кейінірек "ҚазТАГ" бұл бұрынғы мешіт ғимараты екенін нақтылады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

17 Nov, 05:14


👨‍💼Трамп соғысты аяқтай алмаса, Зеленскийді бейбіт келіссөзді бұзды деп айыптауы мүмкін

Бұл туралы FT жазды. Егер Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтата алмаса, ол Украина президенті Владимир Зеленскийді ымыраға келуден бас тартты деп айыптауы мүмкін. Тарихшы Сергей Радченконың айтуынша, Трамп тез арада келісімге келуге тырысып, путиннің күткеніне сай келмеуі мүмкін және ақырында Украинаға сәтсіздік үшін кінә артуы ықтимал, деп жазылған мақалада.

Егер АҚШ Украинаға қолдау көрсетуден бас тартса, бұл НАТО мен бүкіл Еуропаға қауіп төндіреді, әсіресе Кремль мұны АҚШ-тың Еуропаны ұжымдық қорғаудан бас тартуы деп қабылдаса, делінген материалда.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

16 Nov, 07:46


🇰🇿 Қазақстанда мұнайшылардың ереуілі жалғасып жатыр

"Азаттық" мәліметінше, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мұнай сервистік "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" кәсіпорнының, "Өзенмұнайгаз" мердігерінің жұмысшылары төртінші күн ереуілдеп жатыр. Олар 12 қарашадан бастап жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде. "Өзенмұнайгаз" басшылығы бұл талаптарды заңсыз деп атап, мәселелерді кәсіподақтар арқылы шешуді ұсынды. Алайда жұмысшылар "ҚазМұнайГаз" басшылығымен кездесу талаптарын алға тарып отыр.

Маңғыстау облысы республикадағы ең тұрақсыз өңірлердің бірі. Қазақстандағы ең ірі наразылықтар дәл осы аймақтың қаласы – Жаңаөзеннен басталған:

▪️ 2011 жылы Жаңаөзенде мұнайшылардың жаппай ереуілдері өтті. Жағдайды тұрақтандыру үшін қалаға әскер кіргізуге тура келді. "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" осы оқиғалардан кейін құрылған.

▪️ 2022 жылы газ бағасының көтерілуіне қарсы жаппай наразылықтар басталды. Бұл шерулер тез кеңейіп, қатысушылардың саяси талаптары да пайда болды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

16 Nov, 06:51


⚡️Politico: Трамптың командасы Киевке қақтығысты шешу үшін Ресей басып алынған аумақтарды беруге тура келетінін ескертті

Вашингтон Киевке халықтың 80%-ы "бостандық пен тәуелсіздікке" айырбастау үшін Ресейге "Елеулі аумақтық жеңілдіктер жасау" қажеттілігі туралы ескертті.

АҚШ-тың республикалық партиясындағы дереккөзге сілтеме жасаған Politico басылымы АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың командасында "Мұндай келісімге қарсылық білдіретін бірде-бір адам болған жоқ" деп жазады.

Трамптың қайта сайлануы "Украина 1991 жылғы шекараға оралғанға дейін осы соғысты жалғастыруға уәде берген Батыстың ақымақтығын айқын аңғартып отыр".

Сондай-ақ, басылым Трамптың Украинадағы қақтығысты шешудің егжей-тегжейлі жоспары жоқ екенін және оның кеңесшілері майдандағы шындықты ескере отырып, әртүрлі пікір айтатынын айтып жатқанын жазған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

15 Nov, 19:47


⚠️Абхазияда оппозиция президент отставкасын талап етті

Абхазия президенті Аслан Бжания өзі де, вице-президент те, премьер-министр мен үкімет мүшелері жұмыс орындарында болып, әрі қарай жұмыс істейтінін айтты. Бұл туралы Бжанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінгі наразылықтардың себебі Абхазия билігінің Сухум мен Мәскеу арасындағы инвестициялық келісімді ратификациялауға тырысуы болды. Наразылық білдірушілердің пікірінше, бұл келісім абхаз халқының мүддесіне қайшы келеді, ал оның пайдасын ең алдымен республика басшылары – президент пен премьер-министр көреді, бірақ халық емес.

Ал бұған дейін «Интерфакс» агенттігі Абхазия президенті Бжанияның парламент депутаттарынан құралған топпен, оның ішінде парламент төрағасы Лаша Ашубамен кездескеннен кейін, «қазіргі уақытта» президенттің отставкаға кету туралы шешім қабылдамағанын мәлімдеген болатын.

Бұл ақпаратты Абхазияның оппозициялық «Абхаз халық қозғалысы» жетекшісі Адгур Ардзинба да растады, деп жазады «Эхо Кавказа» («Радио Свобода» жобасы, Ресейде «шетел агенті» және «қажетсіз ұйым» ретінде танылған).

Сонымен қатар, Ресейдің мемлекеттік «РИА Новости» агенттігі Абхазия парламенті алдындағы наразылық білдірушілердің әлі де тарамай тұрғанын хабарлады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

15 Nov, 19:32


🇰🇿🇵🇸Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 
Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

15 Nov, 08:18


🎬Қазақстандық "Бауырына салу" фильмі Оскар сыйлығына ұсынылды

Актер әрі режиссер Асхат Кучинчерековтің "Бауырына салу" фильмі 2025 жылғы академия сыйлығына шет тіліндегі үздік фильм аталымына ұсынылды.

Бұл туралы жобаның Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Фильм бауырына салу атты ежелгі көшпелі әдет-ғұрып бойынша әжесінің тәрбиесін көрген Ерсұлтан есімді баланың оқиғаларын баяндайды. 12 жасында әжесінен айырылған бала ата-анасына оралуға мәжбүр болады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

15 Nov, 05:36


❗️👨‍💼Дональд Трамп Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу үшін "өте көп жұмыс істеуге" уәде берді

"Біз Таяу Шығыстағы жағдайды шешу үшін әрекет жасаймыз және Біз Ресей мен Украинада өте көп жұмыс істейтін боламыз. Мұны тоқтату керек. Мен хабарламаларды көрдім, үш күнде мыңдаған адам қаза тапты, олар сарбаз еді. Бірақ сарбаздар немесе бейбіт адамдар болсын, біз осы ЕО-да жұмыс істейтін боламыз", - деді АҚШ-тың сайланған президенті "Америка бірінші саясат институты" ұйымының салтанатты кешінде.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

14 Nov, 16:35


🇰🇿🇷🇺 Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов ресейлік "Росатом" корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті

Үкімет сайтының хабарына қарағанда, кездесуде атом энергетикасы, кванттық технологиялар, цифрландыру, сондай-ақ құзыреттер мен технологиялар алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар аталған салалардағы заманауи технологияларға қатысты өзекті мәселелерді қарастырды.

Сондай-ақ салаларды одан әрі дамытуға бағытталған түрлі елдер сарапшылары арасындағы өзара іс-қимылы мәселелері атап өтілді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

14 Nov, 09:23


❗️Әкімдер мен министрлер қанша жалақы алады?

Stan.kz порталы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап таратқан мәлімет бойынша, мемлекеттік қызметшілер арасында ең жоғары жалақы премьер-министр мен оның орынбасарларында екен. Олар 2,5 миллион теңге жалақы алады.

💸Облыс әкімдері орташа есеппен 1,7 миллион теңге;
💸министрлер – 1,5 миллион теңге;
💸мәжіліс депутаттары – 1,3 миллион теңге;
💸сенат депутаттары – 1,1 миллион теңге.

Фото: Caravan.kz

📱 t.me/askerenews

Әшкере

14 Nov, 05:27


❗️Алматыда ортағасырлық стильде салынған сарай бар

4 қабатты сарай бастапқыда жеке үй ретінде салынса, енді алматылықтарға нағыз ертегі әсерін сыйлауға дайын.

Бұл ғимараттың иесі Ольга Шин KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында құрылыс қанша уақыт және қалай жүргенін, сондай-ақ оған қанша қаражат жұмсалғанын әрі енді бұл мекенде қандай шаралар өткізілетінін айтып берді.

Толық оқу

t.me/kaznurkz

Әшкере

13 Nov, 13:49


❗️Енді қазақстандықтар "Келешек" бағдарламасымен баласына жинақ аша алады: мемлекет көмектеседі

📄Мәжіліс бүгін заң жобасын мақұлдады. Оның ішінде Келешек бағдарламасы да бар. Бұл – бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі.

Әрбір ата-ананың кез келген банкте кез келген жастағы баласының атына шот ашуға құқығы бар. Ал 5 жасқа толған балалардың шотына мемлекет бюджеттен 60 АЕК, жетім балаларға 120 АЕК мөлшерінде біржолғы бастапқы білім беру капиталын береді. Бұл 221 520 теңге және 443 040 теңге.

📃📃📃📃Бұл ақша мемлекеттік білім алу капиталы деп аталады. Алайда заң күшіне енген уақытта 5 жасқа толып қойғандарға бастапқы капитал берілмейді.

Ал енді осы жинақты ашқан соң ата-ана жыл сайынғы міндетті жарна төлеп отыруға тиіс. Ол 24 АЕК, яғни 88 608 теңге. Ал әлеуметтік осал топтағы отбасындағы балаға ата-ана жылына бұл соманың жартысын төлеуі керек.

Бұл жинаққа әрбір балаға мемлекет 5 пайыз көлемінде сыйақы беріп отырады, ал әлеуметтік осал топтағы балаларға 7 пайыз сыйақы.

Ал кейін, жинақталған қаражатты қайда жұмсауға болатынын айтайық.

📇 Оны Қазақстандағы және шетелдегі колледж, университеттерде оқуға жаратуға болады. Ал егер бала ҰБТ арқылы грант жеңіп алған болса, бұл қаражатты бірнеше мақсатқа аударуына болады. Мысалы білім алуды одан әрі жалғастыруға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және басқа адамдарға аударуға болады.

Бірақ маңызды шарттарын да ұмытпау керек.

Жыл сайынғы жарна талаптары орындалмаса, салымшы келісімшартты бұзса және бала азаматтығын ауыстырса, мемлекеттен бөлінген бастапқы капитал бюджетке қайтарылады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

13 Nov, 06:45


❗️АҚШ: Солтүстіккореялық сарбаздар Курск облысындағы шайқастарға қатысып жатыр

Солтүстік Кореяның Ресейге жіберген әскери қызметкерлері Курск облысында Ресей әскерін қолдау үшін шайқастарға қатысуда, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Ведант Пател сейсенбі күні. Бұл туралы "Радио Азаттык" хабарлады.

Оның айтуынша, Ресейге жіберілген он мыңнан астам солтүстіккореялық сарбаздың көпшілігі Курск облысының батыс бөлігінде шоғырланған және олар "ресейлік күштермен бірлесіп әскери іс-қимылдарға қатыса бастаған".

Солтүстіккореялық әскери қызметкерлер Ресей аумағында артиллерияны қолдану, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару, жаяу әскермен ұрыс жүргізу және окоптарды тазарту бойынша дайындықтан өткен. Бұл олардың алғы шептегі операцияларды орындауына қажет. Пателдің айтуынша, олардың жетістігі ресейлік әскерлермен үйлесімді әрекет ете алу қабілетіне байланысты болады. Алайда тілдік кедергі, басқару мен бақылау жүйесінің ұйымдастырылуы және байланыс мәселелері кедергі келтіруі мүмкін.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

11 Nov, 16:49


📹 Астана соты 9 журналистің мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Олар министр Аида Балаева бекіткен "журналистерді аккредиттеу ережелеріндегі" кей тармақты жарамсыз деп тануды талап еткен.

Журналистердің бірінші уәжі — мемлекеттік мекемелерден хабар тарату мақсатында тіркеу тәртібін реттейтін бұл ереже жарияланбай жатып күшіне енген, яғни олар бұл құжат қабылданатынынан бейхабар болған. Судья министрлік бұл жерде еш заңды бұзбады деп мәлімдеді.

Журналистер мемлекеттік органдардан алған ақпаратты тек өзі тіркеліп барған БАҚ-та ғана жариялауға тиіс деген ереже құқығымызды шектеп отыр деп наразылық білдірген. Судья бұл ереже де журналистер қызметін шектемейді деді.

Журналист әрі арызданушылардың бірі Серік Жолдасбай сот шешіміне келіспейді. Оның айтуынша, өз құқығын, елдегі сөз еркіндігін қорғауда журналистер ауызбіршілік таныта алмады.

🗣 "Ақпарат министрлігі құзырлы мекеме болған соң сот оның шешімін өзгертіп, біздің пайдамызға шешпейтіні анық болды. Қазақстандағы барлық журналист тізе қосып, осы мәселеде бір ауыздан әрекет етуіміз керек еді. Өкінішке қарай, журналистер ішінде белсенділік болмады. Саяси партиялар да үнсіз қалды. Оппозициялық ұйымдар өте жоқ" деді Серік Жолдасбай.

"Құқықтық медиа орталық" ұйымындағы Media Qoldau қызметінің жетекшісі, медиазаңгер Гүлмира Біржанова Конституциялық сотқа шағым түсіреміз деді.

t.me/azattyq

Әшкере

11 Nov, 15:08


❗️Түркия СІМ басшысы: Трамптың сайлаудағы жеңісі Ресей мен Украина арасындағы соғыстың аяқталу мүмкіндігін арттырды

"АҚШ-та Трамп сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, Ресей мен Украина арасындағы соғыстың аяқталуына деген үміт арта түсті. Біз Украинаның аумақтық тұтастығын қолдаймыз, бұл біздің Қырымға қатысты ұстанымымыздан көрініп тұр. Алайда бұл соғыстың ешбір тарапқа пайда әкеліп жатқанын байқап отырған жоқпыз. Бұл тек үлкен адам шығынына, қирауға және шығындарға әкелуде. Біз бұл фактіні америкалық және батыстық әріптестерімізге түсіндіріп, тараптар арасында келіссөздер жүргізудің қажеттілігіне назар аударып отырмыз", - деді Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Milliyet басылымына берген сұхбатында.

Фидан АҚШ пен Түркия арасындағы қарым-қатынасқа қатысты: "Екі ел арасындағы одақтастыққа негізделген жоғары деңгейдегі диалог билік басында кімнің тұрғанына қарамастан жалғасып, дамып келеді", - деп атап өтті.

Бұған дейін Associated Press ақпарат агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап, Трамп президенттік қызметке кіріскен алғашқы күнінде (20 қаңтар) Ресей мен Украинаны келіссөздер үстеліне отырғызуға тырысатынын хабарлаған еді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

11 Nov, 07:56


🇷🇺👨‍💼🇺🇦Трамп қызметіне кіріскен соң бірінші аптада Украина мен Ресейді келіссөз үстеліне отырғызуды жоспарлап отыр

Бұл туралы AP хабарлады.

Трамптың инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында өтеді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

11 Nov, 04:28


🇺🇸🇷🇺Трамп Путинмен сөйлесіп, Ресей басшысынан Украинадағы жағдайды ушықтырмауды сұрады

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп бейсенбіде Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімелесті. Бұл олардың Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейінгі алғашқы телефон арқылы сөйлесуі болды, деп хабарлады жағдайға қанық бірнеше дереккөз The Washington Post.

Басылым мәліметінше, Трамп Флоридадағы курортынан қоңырау шалу кезінде Ресей президентіне Украинадағы соғысты ушықтырмауға кеңес беріп, Еуропадағы АҚШ-тың айтарлықтай әскери қатысуын еске салған. Бұл туралы әңгіменің мазмұнын білетін дереккөз хабарлады.

Бұл дереккөз және осы мақала үшін сұралған басқа адамдар аты-жөндерін атамауды сұраған, себебі мәселе өте күрделі.

Екі басшы Еуропада бейбітшілікті қамтамасыз ету мақсатын талқылаған, ал Трамп Украинадағы соғысты тезірек аяқтау жолдарын қарастыру үшін қосымша сөйлесуге мүдделі екенін білдірді, деп мәлімдеді тағы бір дереккөз.

Айта кетейік, Трамп өзінің президенттік кампаниясында Украинадағы соғысты дереу тоқтататынын айтқан, бірақ оны қалай жүзеге асыратынын ашып көрсетпеген. Жеке кездесулерде ол Ресей басып алған кейбір аумақтардың сол елде қалуын қарастыратын келісімді қолдайтынын айтқан. Әңгіме барысында ол бұл мәселені қысқаша қозғаған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

10 Nov, 14:53


Ресей Курск облысында КХДР әскери қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды контршабуылға дайындалып жатыр

New York Times басылымының америкалық және украиналық ресми тұлғаларға сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей армиясы бұл операция үшін 50 мыңға жуық әскер топтастырған. Операция алдағы күндері басталуы мүмкін және оның мақсаты – Курск облысын толық бақылауға алу.

КХДР әскери қызметкерлерінің бұл шабуылға қатысатыны туралы ақпаратты New York Times-тың украиналық дереккөздері хабарлады. Олар Курсктен батысқа қарай ресейлік армиямен бірлескен жаттығулар жүргізілгенін атап өтті.

🇺🇦Батыс пен Украинадағы ресми тұлғалар солтүстіккореялық әскерлердің Курск облысына келуін "айтарлықтай ушығу" деп атады.

Америкалық шенеуніктердің мәліметінше, Солтүстік Корея Курск облысындағы ұрысқа қатысу үшін 10 мыңнан астам сарбаз жіберген. Әскерилер ресейлік формада және Мәскеу қамтамасыз еткен қару-жарақпен жабдықталған, бірақ олар өздерінің жеке бөлімшелерімен соғысуы мүмкін, деп мәлімдеді Пентагон өкілдері New York Times басылымына.

🚛 Жаттығулар барысында Ресей солтүстіккореялықтарды артиллериямен атуға, жаяу әскердің негізгі тактикаларын меңгеруге және траншеяларды тазарту әдістеріне үйретіп жатыр, деп хабарлайды америкалық ресми тұлғалар. New York Times былай деп жазады: "Бұл дайындық Солтүстік Корея әскерлерінің кем дегенде бір бөлігі Украина нығайтқан қорғаныс шептеріне тікелей шабуылдар жасайтынын көрсетеді". Сарапшылардың айтуынша, КХДР сарбаздары бронетехникасыз жеңіл жаяу әскер ретінде соғысады, бұл олардың қатарында үлкен шығындарға әкелуі мүмкін.

Егер операция сәтті аяқталса, Ресей шекарасына тоқтамай, украиналық әскерлерді одан әрі ығыстыруға тырысуы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір америкалық шенеуніктердің пікірінше, Солтүстік Корея өз әскерлеріне Ресей шекарасында ғана тоқтап, ресейлік әскерлердің Украинаға тереңірек енуіне жол беруі мүмкін, деп жазады New York Times.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

10 Nov, 05:20


🇪🇸 Испанияда су тасқынына байланысты жаппай наразылық өтіп жатыр

Валенсияда жаппай антиүкіметтік демонстрация басталды. Мыңдаған адам көшеге шығып, аймақтық биліктің отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Наразылық білдірушілер билікті жойқын су тасқыны қаупі туралы ескертуді тым кеш жібергені үшін айыптап отыр. Наразылық білдірушілер мен полиция арасында қақтығыстар болды.

30 қазанда оңтүстік-шығыс Испанияның бірнеше аймағында, соның ішінде Валенсия, Кастилия-Ла-Манча және шығыс Андалусияда, толассыз жауын салдарынан жойқын су тасқындары болды. Соның салдарынан 200-ден астам адам қаза тапты, шамамен 1 900 адам хабар-ошарсыз кетті. Корольдікте үш күндік аза тұту жарияланды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

09 Nov, 05:43


❗️АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Пентагон ұсынған қару-жарақты жөндеу және қызмет көрсету үшін американдық қорғаныс мердігерлеріне Украинада жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады

Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Америкалық шенеуніктің айтуынша, мердігерлер саны аз болады, олар майдан шебінен алыс жерде орналасады және ұрыс қимылдарына қатыспайды.

Дереккөздің айтуынша, Украинадағы аздаған мердігерлердің болуы АҚШ ұсынған жабдықтың "зақымдалған жағдайда тез жөнделуін және қажет болған жағдайда техникалық қызмет көрсетілуін" қамтамасыз етуге көмектеседі.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

09 Nov, 04:38


🇺🇸АҚШ-тың қысымымен Қатар ХАМАС-ты елден шығаруды талап етті

АҚШ-тың қысымынан кейін Қатар елде тұрып жатқан ХАМАС-тың Саяси бюро мүшелерінен елден кетуді талап етті. Financial Times мәліметінше, бұл талап шамамен 10 күн бұрын айтылған.

Байден әкімшілігіндегі дереккөздерге сәйкес, кепілдегі адамдарға қатысты нәтижесіз келіссөздерден кейін Вашингтон Дохаға ХАМАС-тың елдегі қатысуы бұдан былай қабылданбайтынын мәлімдеген. Саяси топтың кеңсесі Түркияға көшіріледі деп күтіледі.

Осы аптаның басында республикашыл конгрессмендер Қатардан ХАМАС активтерін бұғаттауды және елде тұрып жатқан топ басшыларын экстрадициялауды талап етпесе, "маңызды дипломатиялық салдарға" тап болатыны туралы ескерту жасаған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

08 Nov, 15:19


❗️TikTok-та тәңіршіл атанған Жанар Қарагөзова діни алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды

TikTok-та бірден үш аккаунт ашып, Жанар Қаракөзова ислам, мұсылмандар, сондай-ақ арабтар мен орыстар туралы өз ойларын ашық білдіріп, көпшілікке жеткізген. Мұғалім сөздерінде еш шектелмегені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы "Халықстан" арнасы хабарлады.

52 жастағы Қаракөзова Шымкенттегі №4 Досмұхамедов атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытқан. Биыл 30 жылдық педагогикалық қызметін атап өтуі мүмкін еді, бірақ оның әлеуметтік желідегі белсенділігі оны сот залына әкеп соқты. Ол видеороликтер жариялап, тіпті тікелей эфирлер өткізген.

Өзін бірде Күлтегін батырдың, бірде Тұмар ханшайымның, бірде Ұмай ананың ұрпағымын деп таныстырған Қаракөзова сот сараптамасына сәйкес, мазмұнында қорлау, агрессияны ақтау, зорлық-зомбылыққа шақыру және алауыздықты қоздыру белгілері бар видеолар жариялаған.

Сот анықтағандай, айыпталушы "неотеңіршілдік" идеологиясын ұстанған.

Мұғалім өз кінәсін мойындап, өкініп, жазаны жеңілдетуді сұрады. Нәтижесінде, Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

04 Nov, 07:31


❗️Түркия БҰҰ-ға Израильге қару жеткізуді тоқтату туралы өтініш жасады: оған 50-ден аса ел қол қойды, арасында Қазақстан да бар

1 қарашада Түркия БҰҰ-ға 52 мемлекет пен екі халықаралық ұйымның атынан Израильге қару-жарақ эмбаргосын енгізуді талап еткен хат жіберді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Құжатқа қол қойғандардың арасында Қазақстан және Таяу Шығыс, Африка, Азия және Латын Америкасының бірқатар елдері бар.

Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан ұсынған бастама, басып алынған палестиналық аймақтардағы, әсіресе Газа секторындағы жағдайға назар аудартуға бағытталған. Құжатта Израильге қару жеткізуді тоқтатып, адам құқықтары мен гуманитарлық құқықтың бұзылуын болдырмау қажеттілігі атап көрсетілген.

Хатта палестиналық аймақтарда, Ливанда және Таяу Шығыстың басқа бөліктерінде зорлық-зомбылықтың артуы және бейбіт тұрғындар, әсіресе әйелдер мен балалар арасындағы құрбандар санының көбеюі туралы алаңдаушылық білдірілген. Қол қоюшылар азаматтық тұрғындардың құрбандарын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады.

Агенттіктің мәліметі бойынша, құжатқа Қазақстан, Түркия, Палестина, Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезия, Оңтүстік Африка, Ресей, Норвегия, Қытай және басқа елдер, сондай-ақ Араб мемлекеттері лигасы мен Ислам ынтымақтастығы ұйымы қол қойған.

Түркия халықаралық қоғамдастық Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатып, әскери қақтығыстың ушығуын тоқтату және аймақтағы бейбіт тұрғындарды қорғау міндетін атқаруға тиіс деп санайды.

Әшкере

04 Nov, 05:51


❗️Иран Израиль соққысына жауап ретінде тұрақты армиясын қолдануы мүмкін

Бұл туралы 👨‍💻 The Wall Street Journal хабарлады.

Басылым мәліметінше, бұл шабуылға Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) ғана емес, тұрақты армия да қатысады. Мұндай шешім соңғы израильдік соққылар нәтижесінде ирандық әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындардың арасында шығындардың болуына байланысты қабылданған.

Дегенмен, дереккөздің мәліметінше, Тегеранның реакциясы аймақта әскерилерді орналастыруды көздемейді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

03 Nov, 14:47


🇳🇴Норвегияның ұлттық қорындағы ақшаны әрбір азаматына таратып берсе, 260 мың доллардан келеді. Қазақстанда 3 мың долларға да жетпейді. Норвегия қалай экономикасы мықты елге айналды?

Осыдан 100 жыл бұрын Норвегия экономикасы көршілеріне қарағанда ең әлсіз ел еді. Алайда елді өзгерткен бір оқиға болды. Бұл 1969 жылы Солтүстік теңізден алғашқы мұнай қоры табылуы еді. Ең қызығы, бұл теңіздегі шекарасы Ұлыбританиямен өте жақын және сол кезде шекара бекітілген еді.

Алайда мұнайы бар елдің бәрі бірдей бай емес. Осы сәтте Норвегия билігінің ақылды шешімін айтып өтейік. Бұл – Мемлекеттік зейнетақы қоры.

Ел билігі бірінші кезекте "мұнай инесі" деп аталатын тұзақтан шығу үшін 1990 жылы зейнетақы қорын құрып, алпауыт компанияларға инвестиция құя бастады. Бұл қордың арқасында Норвегия мұнай бағасының құлдырауына тәуелділігін азайтты.

Енді қызыққа келсек, Норвегия НАТО құрамында, бірақ Еуропа одағына қосылмайды. Бірнеше референдум өтсе де, халық қарсы. Оған себеп – экономикалық тәуелсіздік, мұнайдан түскен табысты бөліспеу, сондай-ақ ауыл шаруашылығына Еуроодақтың шарттары тиімсіз. Оның орнына ел Шенген аймағына қосылып, ел азаматтары Еуропада емін-еркін жүре алады.

💰Экономиканың мықты болуының тағы бір себебі – елдегі жемқорлық деңгейінің төмен болуы мен ашық үкімет. Норвегияда басқару жүйесі ашық және адалдыққа негізделген. Мемлекеттік шығындар мен экономикалық саясат қоғамға түсінікті және ашық түрде жүргізіледі, бұл елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығына оң әсер етеді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

03 Nov, 07:46


❗️Иранда студент қыз хиджабты дұрыс кимегені үшін қудаланғаннан кейін, қарсылық ретінде шешініп тастаған

Куәгерлердің айтуынша, Тегерандағы беделді Ғылым және зерттеулер университетінде "Басидж" ұйымының (қоғамға мемлекеттік бақылау жүргізумен айналысатын жасақ) мүшелері қыздың киімін бүлдіріп, хиджаб кию талабын бұзғаны үшін сөгіс берген.

Осыдан кейін қыз қарсылық белгісі ретінде шешініп тастауға шешім қабылдаған. Университеттің қоғаммен байланыс жөніндегі бас директоры Амир Махджуб: "Студенттің орынсыз әрекетінен кейін кампус күзеті араласып, оны құқық қорғау органдарына тапсырды", - деп жазды. Сондай-ақ, ол қыздың "психикалық ауытқуы бар" деп мәлімдеді.

Amir Kabir Newsletter студенттер тобы студенттің орамал тақпағаны үшін шабуылға ұшырап, қауіпсіздік қызметкерлері киімін жыртып жібергеннен кейін шешінгенін хабарлады. Сондай-ақ қамау кезінде студентке физикалық зорлық көрсетілгенін – оның басын көлік есігіне соғып, қатты қан ағуына себеп болғанын атап өтті. Қазіргі кезде оның жағдайы туралы ақпарат жоқ.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

03 Nov, 05:32


Иранның Израильге жоспарланған шабуылы "бүгінге дейінгі ең ауқымды және сапалы" болады деп болжанды. Бұл туралы Катардың Al-Araby Al-Jadeed газеті хабарлайды.

Тегеран операцияны тікелей өз аумағынан жүргізуді жоспарлап отырғаны айтылады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

02 Nov, 08:43


🇧🇹Саясаты мен экономикасы ешкімге ұқсамайтын ел

Бутан туризмге қарсы, жалпы ішкі өнімге қарамайды, оның орнына халықтың бақыт рейтингін жүргізеді. Бұл ел ең бір құпия мемлекет десе болады, капитализм немесе социализм емес, буддистік монархия десек орынды.

Бұл ел аумағы Қазақстанның ең кіші облысы Солтүстік Қазақстан облысынан үш есе кіші, ал тұрғындарының саны миллионға да жетпейді. Нарық элементтері бар, бірақ экономиканы классикалық экономиканың орнына ұлттық бақыт деңгейімен өлшейді.

Бұл дегеніміз ел тұрғындары тек бай болуға емес, бақытты болуға ұмтылады деген сөз. Ал бұл рейтинг халық денсаулығы, білім деңгейі, ел экологиясы арқылы жасалады.

Мәселен 90-жылдары Бутанда интернет пен телевизияға тыйым салынған. Биліктің мұндағы мақсаты – ұлттық мәдениетті сақтап қалу. Алайда тек 1999 жылы ел үкіметі заманауи технологияны енгізе бастады.

Бутан туралы тағы бір қызық дерек – бұл елде энергия гидроэлектрстанция арқылы өндіріледі. Себебі билік табиғатты қорғауды ойлайды. Тіпті елдің 60 пайызы орман алқабы болуын талап ететін заң бар. Осы арқылы Бутан әлемдегі ең экологиялық ел атанып отыр.

Бір қызығы, Бутанда туризмге қатаң тыйым салынған. Туристер келе алады десеңіз де, қатаң бекітілген тәртіппен және міндетті төлем жасауы керек. Бұл елдің мәдениеті мен табиғатын сақтау үшін жасалатын амал.

Алайда саясаты күрделі, елді 1909 жылдан бастап Ваңчуг династиясы корольдік форматта басқарады. Бүгінде елді Қытай да, Тайвань да мойындамайды. Себебі өз территориясы санайды. Сондықтан саяси қарым-қатынасы күрделі.

🇨🇳🇹🇼Неге Қытай мен Тайвань мойындамайды?

Бутан өз егемендігін қорғау үшін шет мемлекеттермен шектелген дипломатиялық байланыстар ұстайды. Бутанның негізгі серіктесі — Үндістан, ол Бутанның сыртқы саясаты мен қауіпсіздігіне үлкен ықпал етеді. Бутан мен Қытай арасында шекаралық келіспеушіліктер болғандықтан, бұл екі ел бір-бірін ресми түрде мойындамаған.

Бутан мен Қытай арасында шекара мәселелері шешілмеген. Екі ел арасында Тибетке жақын аймақтар бойынша келіспеушіліктер бар, себебі Қытай бұл аймақтарды өз жерінің құрамында деп санайды. Бутан, өз кезегінде, шекарасын сақтауға ұмтылады, сол себепті дипломатиялық байланыстар орнатуға асықпайды.

Тайвань Қытайдан тәуелсіздік алып, жеке мемлекет ретінде өзін танымал етуге тырысады. Алайда, көптеген мемлекеттер Қытайдың "бір Қытай" саясатын қолдайды, сондықтан Тайваньды жеке ел ретінде ресми түрде мойындамайды. Бутан да Тайваньды ресми түрде мойындамайды, себебі ол Қытайдың ықпалынан шығып, өз қауіпсіздігін сақтауды көздейді.

Бутан сыртқы саясатын жасауда көбіне Үндістанға тәуелді, және Үндістан Қытайға қарсы жақта орналасқан мемлекет ретінде белгілі. Сондықтан Бутан өзіне қауіпті шекаралық мәселелерді шешпейінше, Қытаймен дипломатиялық қатынас орнатудан сақтанады.

Қорытындылай келе, Бутан Қытай және Тайваньмен байланысын сақтықпен ұстанады, бұл оның тәуелсіздігін қорғау мен қауіпсіздігін сақтау үшін қажет.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

02 Nov, 04:45


❗️Израиль орталығындағы Тира қаласындағы ғимаратқа Ливаннан ұшырылған зымыранның құлауынан 11 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды, деп хабарлайды Ynet.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

01 Nov, 16:57


❗️The New York Times: Хаменеи Израильге қарсы жауап соққысы жоспарын дайындауға бұйрық берді

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Хаменеи 28 қазан күні Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесіне Израильге қарсы жауап соққысы жоспарын дайындауды тапсырды. Бұл туралы The New York Times ирандық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлады.

Иранның Израильге соққы жасау жоспары 5 қарашада өтетін АҚШ президенттік сайлауынан кейін жүзеге асуы мүмкін деп болжанған. Бұл дата республикашылар партиясынан үміткер Трамптың сайлау алдындағы позициясын күшейту үшін қақтығыстың өршуін пайдалана алады деп түсіндірілген.

Сонымен қатар Reuters агенттігі Трамптың жеңісі Иран үшін "қорқынышты жағдай" болатынын жазады, себебі ол Израиль премьер-министрі Нетаньяхуды ядролық нысандарға шабуыл жасауға және Иранның жоғары лауазымды тұлғаларын жоюға ынталандыруы мүмкін.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

01 Nov, 06:13


❗️Израиль армиясы Хизбалла дрондарының 70%-ын жойды

Хизбалла дрондарын анықтау мен ұстауда айтарлықтай қиындықтарға тап болған Израиль армиясы соғыс басталғалы дрондарды ұстап қалу сәттілігін көрсететін пайыздық мөлшерін жариялады. Қазіргі уақытта ұйымда алғашқы мөлшердің шамамен 30%-ы ғана қалған. Бұл туралы израильдік әскери тілші Дорон Кадош хабарлады.

Кейінгі айларда дрондарды ұшыруға жауапты әуе бөлімінің қолбасшысы жойылған болатын. Израиль армиясы 54 дрондарды сақтау нысанына, 24 зымыран алаңына, 8 құрастыру шеберханасына және 7 қару-жарақ қоймасына шабуылдады.

Дегенмен, Хезболланың әуе бөлімшесіндегі жауынгерлерді жою жұмыстары жеткіліксіз: қазіргі уақытта осы бөлімшенің жауынгерлерінің шамамен 10%-ы ғана жойылды.

Фото: abcmedia.am

📱 t.me/askerenews

Әшкере

31 Oct, 19:50


❗️Зеленский: Украина конституциялық түрде өз аумақтарынан бас тарта алмайды

Украина президенті Владимир Зеленский KBS оңтүстіккореялық телеарнасына берген сұхбатында тек Украина үшін ғана емес, жалпы Солтүстік Корея әскерилерінің Ресей жағында соғысуы туралы тоқталды. Сұхбаттың маңызды тұстарына тоқталуды жөн көрдік.

📺КХДР соғысқа қатысуы
Ресей соғыстың шиеленісін арттыру бағытында қадамдар жасайды. Солтүстік Кореяның әскери күштерін – офицерлері мен сарбаздарын тарту – Ресейдің тіпті жасырмай отырған бағыты. Бәрі Солтүстік Кореядан Ресейге миллиондаған – біздің мәліметіміз бойынша, 3,5 миллион артиллериялық снаряд жеткізілгеннен басталды. Сол снарядтармен Ресей біздің адамдарды өлтірді. Солтүстік Корея сондай-ақ зымыран берді. Қазірдің өзінде бізге қарсы соғысатын контингент бар екенін білеміз.

Бүгін 3 мың солтүстіккореялық әскери дайындық лагерінде екенін білеміз. Жақын арада бұл сан 12 мың сарбаз бен офицерге жетеді деп күтіледі. Инженерлік әскерлер мен көптеген солтүстіккореялық азаматтарды Ресейдің әскери зауыттарында жұмыс істеу үшін тарту туралы келіссөздер жүргізілуде. Путин Батыс, НАТО елдерінің және Оңтүстік Кореяның реакциясын тексеріп жатыр. Осы реакцияларға сәйкес, Путин контингентті ұлғайтуға дайын болады деп ойлаймын.

📺Ресей мен Солтүстік Кореяның ынтымақтастығы
Путин өз елінде мобилизациялаудан қорқады, өйткені бұл оның рейтингін төмендетеді. Ел ішінде мобилизацияны халықтың көпшілігі қолдамайды. Ал Солтүстік Корея Путин үшін ыңғайлы жол. Солтүстіккореялықтар қазіргі заманғы соғыс тәжірибесінен өтеді. Солтүстіккореялық әскери артиллерия, дрондар, FPV, ракеталар және тағы басқаларының қолданылуын үйренеді. Солтүстік Корея басшысы да Путин сияқты, адамдардың өмірімен санаспайды.

📺Тұтқындарға көзқарас
Біз әртүрлі ұлттағы тұтқындарды соғыс тұтқындары ретінде қабылдаймыз. Біз үшін олардың өмірін сақтау, халықаралық заңдарды құрметтеу және тұтқындарды қинамау өте маңызды. Мұны әсіресе баса айтамын, себебі ресейлік әскерилер біздің сарбаздарды қинағанымен, біз олай жасамаймыз. Біздің басты мақсатымыз – айырбас қорын арттыру. Сол себепті солтүстіккореялық әскерилерді, ең алдымен, украиндарға айырбастауға дайынбыз.

📺Киев пен Сеул
Біз Оңтүстік Кореямен қарым-қатынасымызда өте сақ болдық. Сол сияқты, Оңтүстік Корея да Украинаға көмекте абай болды. Бір нәрсе – Украинаға қаржылай немесе гуманитарлық, медициналық көмек көрсету, ал қарумен көмек көрсету – басқа мәселе. Солтүстік Кореяның Украинаға қарсы ресми түрде әскер жібергенін ескеріп, біздің өтінішіміз толығырақ болмақ. Бұл өтінішім жақын арада Оңтүстік Кореяға баратын өкіліммен бірге жүргізіледі. Біз қару-жарақ туралы сөйлесеміз. Оңтүстік Кореяның не жауап беретіні белгісіз, бірақ бізге көмектескенін қалаймыз. Артиллерия, әуе қорғанысы және басқа да маңызды мәселелерге қатысты көмек қажет.

📺Украина келіспейтін нәрсе
Украина конституциялық түрде өз аумақтарынан бас тарта алмайды. Бұл заңды тұрғыда мүмкін емес. Путин не ойлап тапса да, біздің оккупацияланған жерлерімізді өз конституциясына қосып, заңсыз өзгертулер енгізсе де, Украина бұл аумақтарды мойындамайды. АҚШ-та кім жеңсе де, Путин Ресейдің көшбасшысы болып қалса да, бұл мүмкін емес.

📺Курск операциясы
Ресей бізді өз аумағынан шығарып жібергісі келеді. Бұл оған қатты соққы болды. Әрдайым серіктестерге айтып келгенімдей, Ресей бүкіл армиясын Украина аумағында ғана қолданады. Ресей қорғансыз. Ресейде қалған әскерлері әлсіз, соғысқа дайын емес. Курск облысындағы алғашқы операциямыз мұны дәлелдеді.

Қазіргі уақытта Ресей сонда шамамен 45 мың әскер шоғырландырды. Солтүстіккореялық әскерлерді сол жерге жеткізіп жатыр. Өз аумағын қорғауға дайын болмаса, онда олар неге тағы солтүстіккореялық әскерлерді тартып жатыр? Өздерінің қарулы күштері жетпейді. Олар біздің Сумы қаласы маңындағы солтүстік аймақтарды басып алуды көздеді. Бірақ біз алдын ала әрекет еттік.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

31 Oct, 08:40


❗️Испанияда су тасқыны салдарынан үш күндік аза тұту жарияланды

Кейінгі мәліметтер бойынша, елде 95 адам қайтыс болды.

30 қазанда жауын-шашынның жылдық мөлшері түскен Валенсияда 92 адам қайтыс болған. Қанша адам жоғалып кеткені белгісіз.

Испанияның солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысындағы Валенсия, Таррагона, Андалусия және Экстремадура провинцияларында жаңбыр 31 қазанда да жауады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

31 Oct, 07:42


❗️Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер сыйақыдан қағылды. Бұл шынымен солай ма?

Бұрыннан Қазақстанда шенеуніктерге меморгандардың үнемделген қаражаты есебінен сыйақы беру тәжірибесі болатын. Енді мұндай болмайды, бұл қаражат бюджетке қайтарылады.

Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тәкиев мәжіліс кулуарында мәлімдеді.

Егер мемлекеттік органдың үнемделген жинағы пайда болса, онда ол бұл ақшаны сыйлықақыға аудара алмайды. Бұрыннан аударуға мүмкіндік беретін 112 атты код алып тасталған.

Сонда министрге енді қызметшілерге ішкі көздерден сыйақы беріле ме деп нақтылап сұрақ қойылды. Мұнда да министр "жоқ, сыйақы болмайды" деп нақты айтты.

Кейінірек Қаржы министрлігі бұл мәлімдемеге түсінік берді. Сөйтсек, шынында биылғы республикалық бюджетті орындау аясында үнемделген қаржыға кейбір шектеу енгізіліпті.

Алайда мұнда бір гәп бар. Сыйақы беруге арнап жоспарланған қаражат қысқармайды делінді. Өзгеріс тек үнемделген қаражатқа байланысты.

Мысалы салық төлеушілердің ақшасынан Қазақстанда мемлекеттік аппаратты ұстауға 1 трлн теңге жұмсалып келген. Бұл барлық мемлекеттік қызметшіге, әскерилерге және басқаларға берілетін жалақы және басқа да төлемдер еді.

📺Түсініп алатын жайт: көп ведомстволар сыйақыны көп жағдайда үнемделген қаражаттан беріліп келген.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

31 Oct, 06:01


❗️🇮🇷Иран Израильдің жақында жасаған шабуылына "соңғы әрі ауыр" жауап беретінін мәлімдеді

Бұл әрекет АҚШ-та 5 қарашада өтетін президенттік сайлау қарсаңында жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл туралы CNN телеарнасы аты-жөні аталмаған жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Израиль Тегеранды өз аумағына жасалған кез келген шабуылға батыл әрекеттермен жауап қайтарылатынын ескерткен. Сонымен қатар Ақ үй де Израильге шабуыл жасауды жалғастыруға шешім қабылдаса, америкалықтар израильдіктерді қолдап, оларды қорғауға шығатынын ескертті.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

30 Oct, 17:25


❗️Түрікменстан халқының Түркияға көшуіне байланысты миграциялық бақылауды күшейтуі мүмкін

🇹🇲Түрікменстан билігі Түркияға кетіп жатқан азаматтарын бақылауды күшейтуі мүмкін, деп хабарлайды Turkmen.news өз дереккөздеріне сілтеме жасап. Түркия "жұмсақ миграциялық саясат" жүргізіп, шетелден жұмыс күшін тартуды көздейді. Ашхабад өз кезегінде азаматтарының Түркияға көшуін шектеуге және шетелде жүргендерді елге қайтаруға күш салып жатыр.

Осы мақсатта миграция қызметінің қызметкерлері Түрікменстан азаматтарын әуе рейстерінен жаппай түсіріп, шетелдік паспорттардың мерзімін қысқартып, оларды алуды қиындатып жатыр.

Сондай-ақ шетелде оқып жатқан студенттерге ақша аударуды қиындату шаралары енгізіліп жатыр.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

30 Oct, 13:00


❗️Испаниядағы жойқын су тасқыны: 62 адам қаза тапты

Испанияның шығысындағы Валенсия провинциясында қатты жауын-шашын жойқын су тасқынына әкелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 62-ге жеткен, хабар-ошарсыз жоғалғандар саны артып жатыр.

Көптеген жол мен үй су астында қалып, әуе және теміржол қатынастары бұзылды.

Аймақ басшысы Мазонның айтуынша, қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, сондықтан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты санын анықтау мүмкін емес.

Кейінгі 8 сағатта осы провинцияда жылдық жауын-шашын мөлшеріне жуық жаңбыр жауғаны хабарланып отыр.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

30 Oct, 09:49


🇹🇷🇮🇱 Түркияда "Израильдің өтірігі" атты медиаплатформа ашылады

Түркия президенті әкімшілігінің байланыс басқармасында "Израильдің өтірігі" (The Lies of Israel) атты платформа ашылады. Бұл туралы басқарма басшысы Фахреттин Алтун мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл платформа Израиль мен оны қолдайтын күштердің тарататын "жүйелі дезинформациясын" анықтап, оны 7 түрлі тілдегі құжаттар арқылы әшкерелейді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

30 Oct, 05:28


❗️АҚШ Израилге сес көрсетті: БАПОР-ға қарсы заңның салдары бар

🇺🇸Мемлекеттік департамент өкілі Мэтью Миллер кеше Кнессетте (парламент) қабылданған заңға сілтеме жасады. Бұл заң палестиналық босқындарға көмек көрсету және БАПОР жұмысына тыйым салады. Миллер Вашингтонның "бұл мәселеге қатты алаңдап отырғанын" айтты. Ол заң орындалатын болса, АҚШ заңнамасы мен саясатына сәйкес салдарлар болуы мүмкін екенін қосты. Бұл туралы Reuters хабарлады.

28 қыркүйекте Кнессет БАПОР-дың Израильдегі қызметін тоқтату туралы заңды бекіткен. Заң жобасы ХАМАС содырларының 2023 жылғы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне басып кіруіне агенттік қызметкерлерінің қатысы туралы ақпарат негізінде әзірленді.

Израиль бірнеше рет БАПОР-дың көптеген қызметкері ХАМАС-тың әскери қанатының қызметіне қатысатынын мәлімдеген болатын.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

29 Oct, 17:25


❗️Құқыққорғаушы Айгүл Орынбек ұсталды деген ақпаратты полиция жоққа шығарды

Журналист Михатил Козачков Telegram-дағы жазбасын өшіріп, полицияның бұл ақпаратты жоққа шығарған постынан скриншот жариялады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

29 Oct, 08:44


❗️Өлтірілген Хизбалла басшысының орынбасары Наим Кассем ұйымның жаңа бас хатшысы болып тағайындалды

Бұл туралы айтылады Хизбалланың ресми мәлімдемесінде айтылған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

26 Oct, 10:27


⚡️Иран Израильге шабуылға жауап бермейтінін үшінші ел арқылы хабарлады

Иран Израильге 1 қазанда Иранның зымыран соққысына жауап болған шабуылға жауап бермейтінін үшінші ел арқылы хабарлады, деп хабарлады Sky News Arabia Эмират телеарнасы аты аталмаған дереккөздерге сілтеме жасап.

Иранның Tasnim ақпарат агенттігі өз кезегінде Израильдің соққысы салдарынан екі ирандық сарбаз қаза тапқанын хабарлады. Басқа мәліметтер жоқ.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

25 Oct, 05:47


❗️БҰҰ-ға қарасты ұйымда лаңкес жұмыс істеген бе: Израиль шұғыл түсінік талап етті

Израиль 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС содырларының Израильдің оңтүстігіне жасаған шабуылына қатысы бар деп күдік келтірілген Палестиналық босқындарға көмек көрсету және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің (БАПОР) қызметкерлерінің қатысы бойынша БҰҰ-дан шұғыл түсініктеме талап етті. Бұл туралы Израиль армиясының баспасөз хатшысы Агари хабарлады.

24 қазанда Израиль армиясы Жалпы қауіпсіздік қызметімен (ШАБАК) бірлескен операция барысында жоғарыда аталған шабуылға қатысқан террорист Мухаммад Абу Итавидің көзі жойылғанын мәлімдеді. Абу Итави ХАМАС бригадасын басқарған және 2022 жылдың шілдесінен бері БАПОР-да жұмыс істеген деп айтылады.

✈️ t.me/askerenews

Әшкере

24 Oct, 12:11


🇹🇷 Түркия ІІМ Анкарадағы теракт ұйымдастырушыларын анықтады

Түркия ішкі істер министрі Әли Ерликая TUSAŞ нысанында көзі жойылған екі адамның да күрдтердің әскери-саяси ұйымы РПК-ның мүшелері екенін хабарлады. Олар Әли Орек (кодтық аты "Роджер") және Мине Севджин Алчичек.

Sabah басылымы көзі жойылған ер адамның ұйымға 14 жасында қосылғанын және соңғы рет Сирияның солтүстігіндегі Камышлы ауданында болғанын жазған. Сонымен қатар теракт жасаушылардың Түркияға терактке 1-2 күн қалғанда парамотор арқылы келгені болжанып отыр.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

24 Oct, 08:46


❗️🇹🇷Бүгін түнде Түркия Сирия мен Ирактағы Күрдістан жұмысшы партиясының (РПК) позицияларына соққы жасап жатыр. Бұл Анкарадағы терактқа жауап ретінде жасалды.

Елдің Қорғаныс министрлігі Түркия авиациясы Сирия мен Ирактағы күрдтердің автономиялары орналасқан аймақтарда РПК-ға қарсы операция жүргізіп жатқанын хабарлады. Министрліктің мәліметінше, 30-дан астам нысан жойылған.

Күрд ресурстарының мәлімдеуінше, шабуыл Сирияның Әл-Камышлы (өзін-өзі жариялаған Сирия Күрдістанының астанасы), Кобани қалаларына, Ирактың Синджар қаласына және басқа да елді мекендерге жасалған. Шабуылға ұшақтар, дрондар және артиллерия қолданылған.

Еске салайық, кеше Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясының штаб-пәтеріне жасалған шабуылдан 5 адам қаза тапты (сапаны бақылау бөлімінің қызметкері, механик-инженер, қауіпсіздік қызметкері, тағы бір қызметкер және автокөлікті ұрлау үшін өлтірілген такси жүргізушісі). 22 адам жарақат алған. Шабуыл жасағандардың екеуі (ер адам мен әйел) өлтірілді, үшінші адам туралы әлі мәлімет жоқ.

P.S. Hürriyet мәліметінше, Түркияның барлық әуежайында ықтимал шабуылдарға байланысты қызғылт сары дабыл деңгейі жарияланды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

24 Oct, 08:39


🇹🇷🇰🇿 Baykar Қазақстанда дрондар шығаратын болды

Қазақстан Қорғаныс министрі Жақсылықов Стамбұлға сапар жасап, SAHA EXPO-2024 қорғаныс өнеркәсібі көрмесіне қатысты. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ауқымды іс-шара аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы Руслан Жақсылықовтың түрік әріптестері – ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлермен және қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің төрағасы Халық Гергүнмен келіссөздері өтті. Бұдан басқа Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мүбарак Фадель Аль-Мазруимен де кездесу өтті.

Baykar Defence компаниясының бас директоры Халук Байрақтармен келіссөз нәтижелі болды. Тараптар еліміздің аумағында жедел деңгейдегі тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер мен тосқауылдайтын оқ-дәрілер өндірісін оқшаулау мәселесі бойынша жол картасын әзірлеу туралы келісімге келді.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

23 Oct, 19:28


❗️Зеленский украиндарға кезекті үндеуін Make Russia small again футболкасымен жолдады

🇺🇦Украина президенті Telegram-дағы арнасында күнделікті үндеуін жариялады - бүгін ол премьер-министр Денис Шмыгальмен "қабылдануы қажет жедел шешімдер" туралы кеңес жөнінде айтты.

Сондай-ақ ол Украина Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Александр Сырскийдің Курск облысы мен Донбастағы шайқастар туралы баяндамасын жеткізді.

Роликті Зеленский Make Russia small again ("Ресейді қайтадан кішірейтейік") деген жазуы бар футболка киіп шықты. Онда 1462 жылғы Мәскеу князьдігінің картасы бейнеленген, ол бұл кезде князьдік құрамына Мәскеу, Суздаль және Вологда енген. Футболканың артқы жағында князьдіктің көлемі қазіргі РФ көлемімен салыстырылады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

23 Oct, 18:08


❗️Байден Украинаға 20 миллиард доллар көлемінде несиені мұздатылған ресейлік активтерден түскен кіріс кепілімен жариялады

АҚШ Президенті Джо Байден АҚШ Украинаға 20 миллиард доллар көлеміндегі несие беруді түпкілікті бекіткенін, бұл несие ресейлік мемлекеттік активтерден, АҚШ-та мұздатылған, түскен пайда кепілімен берілетінін жариялады. Бұл туралы BBC хабарлады.

Ресейдің басқыншылық соғысының басында батыс елдері өз юрисдикцияларындағы Ресей Орталық банкінің резервтерін мұздатып, олардың шамамен 300 миллиард долларды құрайтынын мәлімдеді. Содан кейін бірнеше рет бұл қаражатты тәркілеу және оны Украинаға тікелей жіберу ұсынылды, бірақ батыс елдері мұны жасауға батылы бармады, себебі бұл жаман прецедент тудыруы және басқа мемлекеттердің активтерінің шығарылуына себеп болуы мүмкін деп қорықты.

Ұзақ келіссөздерден кейін, ең алдымен АҚШ, Ұлыбритания және Еуропалық Одақ арасында, Украинаға 50 миллиард доллар көлемінде несиелерді мұздатылған ресейлік активтерден түскен кіріс кепілімен беру үшін күрделі схема әзірленді. Украина бұл кірістерді несиелерді өтеу үшін пайдалана алады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

23 Oct, 14:11


⚡️Түркияның Анкара қаласында теракт болды: Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

Бұл ақпаратты Түркия ішкі істер министрі Әли Ерликая растады.

"РБК" мәліметі бойынша, Анкарада түрік аэроғарыш компаниясы TUSAŞ объектісінде теракт болды, атыс сен жарылыс дыбыстары естілді.

TUSAŞ - әскери ұшақтар мен ғарыштық жабдықтар өндірісімен айналысатын компания. Жарылыс Кахраманказан ауданында болған. Басылымның хабарлауынша, жарылыс "өте үлкен" объектіде орын алды, онда шамамен 17 мың адам жұмыс істейді. Объектінің жанында Түркия Әуе күштерінің базасы да орналасқан.

"Бүгін Анкарада TUSAŞ компаниясының объектілерінде теракт болды. Шабуылдан, өкініштісі, қаза тапқандар мен жараланғандар бар", - деп жазды Түркия ішкі істер министрі Әли Ерликая әлеуметтік желі X-те.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

22 Oct, 05:47


📍📍📍📍1990-жылдары қалайша қазақтар өз тәуелсіздігін алып, ал татарлар бостандық ала алмады?

🔸СЕБЕПТЕР

Бірінші себеп – республикалардың құрылым формасы. 1920 жылы татардың да, қазақтың да Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы деген статусы болды. Алайда Қазақ АКСР-і 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды. Ал осы жылы татарлардың Татар Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы болды.

Айырмашылықты көрдіңіз бе, қазақта автономия деген сөз жоқ, ал татар әлі де автономия болып қалған еді. Яғни қазақ одақтас, ал татар автономия еді.

Екінші факторға тоқталсақ, қазақтар КСРО-ның құрамында болғанымен, өзінің жеке аумағы мен табиғи ресурстары мол болды. Халқының саны жағынан ірі республикалардың бірі болды. Бұл жағдай оның тәуелсіздік алуға деген мүмкіндігін күшейтті.

Ал татарлар Ресейдің орталық аймағында орналасқан және тарихи тұрғыдан Ресей империясының құрамында ұзақ уақыт бойы болды.

🔸ТАРИХИ ДЕРЕК

Мысалы Қазан хандығының атақты ақыны Құл Шариф Иван Грозный 1550-жылдары Қазан хандығын басып ала алмай, қулыққа барғанын жазған. 1549 жылы Сафа-Гирей хан өлген соң Сүйімбике ханша келгенде Иван Грозный әйел билігі әлсіз деп, шабуылдап көрген. Алайда хандықты ала алмай, Мәскеу жалған бейбіт келісім жасауға тырысады. Оның шарты бойынша, Сүйімбике мен оның ұлын алдыртады.

Татарлар осылай алданады. Олардан құтылған Мәскеу келісімді бұзып, 1552 жылы Қазан хандығын толықтай басып алады.

Тарихта татарлар өз мемлекеттігінен айырылғаннан кейін, Мәскеудің саяси ықпалында ұзақ уақыт болды. Сондықтан Татарстанның тәуелсіздік алуы Ресейдің орталық аймақтарына әсер ететін еді және Ресей Федерациясы оны өзінің территориялық тұтастығына төнген қауіп ретінде қарастырды.

🔸1990-ЖЫЛДАР

Татарстан тәуелсіздікке ұмтылғанымен, оның тәуелсіздік жолы күрделі болды. 1990 жылы 30 тамызда Татарстан Жоғарғы Кеңесі егемендік декларациясын қабылдап, өзін Ресей Федерациясынан тәуелсіз республика деп жариялады. Алайда, бұл декларация халықаралық деңгейде мойындалмады, және Ресейдің орталық билігі бұл тәуелсіздікке жол бермеуге тырысты.

1992 жылы Татарстанда тәуелсіздік туралы референдум өтті, және халықтың басым көпшілігі тәуелсіздікті қолдады. Бірақ Ресей Федерациясы бұл шешімге қарсылық білдірді, және Мәскеумен ұзақ келіссөздер нәтижесінде Татарстан тәуелсіздігін толық ала алмады.

1994 жылы Татарстан мен Ресей арасындағы келісім жасалып, Татарстанға кең автономия берілді, оның ішінде өз заңдары мен сыртқы экономикалық қатынастар жүргізуге құқықтар берілді. Бұл келісім Татарстанға белгілі бір дәрежеде дербестік берсе де, оны толыққанды тәуелсіз мемлекетке айналдырған жоқ.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

21 Oct, 17:00


🇮🇱Израиль армиясы: Ливандағы операцияларда "Хизбалла" ұйымының 52 командирі өлтірілді

Бүгіне дейін Израиль армиясы Ливанда "Хизбалланың" 52 жоғары лауазымды командирін өлтірген. Олардың ішінде 7 - бригада командирлері, 21 - батальон командирлері және 24 - рота командирлері.

Бұдан бөлек, ұйымның 3 200-ден астам әскери нысаны, соның ішінде қару-жарақ қоймалары мен ұшыру қондырғылары шабуылға ұшырады.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

21 Oct, 09:51


Журналист Асхат Ниязов Талғар мен "Хуторлықтар" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы шығарылымның кейіпкерлерінің бірі ұсталғанын хабарлады

"Дәл қазір полиция Талғар туралы шығарылымның бір кейіпкерін ұстады, ол "хуторлықтар" туралы айтып берген еді. Оны психиатриялық ауруханаға әкетіп бара жатыр", - деп жазды Асхат Ниязов Telegram-дағы "Обожаю" арнасында.

▶️Шығарылым YouTube-те жарияланған. Ақпаратқа сәйкес, ұсталған азамат – Шерзат Болаттың көршісі және отбасының досы. Журналист онымен бірге бұрын Хутор деп аталған Рысқұлов ауылына барған. Сұхбат автокөліктің ішінде жазылған, себебі сыртта болу қауіпті делінген. Ер адам бұл ауылдарда бұрын не болғанын және "Хуторлықтар" ұйымдасқан қылмыстық тобы туралы не білетінін баяндаған.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

21 Oct, 07:39


FETÖ қозғалысының жетекшісі Фетхуллах Гүлен ауруханада қайтыс болды

Бұл туралы Türkiye басылымы қозғалысқа жақын дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

🇰🇿Гүленнің Қазақстанға қандай қатысы бар?

Фетхуллах Гүленнің Қазақстанға қатысы оның негізін қалаған FETÖ қозғалысының халықаралық қызметіне байланысты. Гүлен қозғалысы 1990-жылдардан бастап Қазақстанда бірқатар білім беру мекемесін ашқан. Оның жақтастары Қазақстанда мектептер, лицейлер және жоғары оқу орындарын ашып, білім беру саласына белсенді араласып, өз желісін кеңейтті.

Ең танымал жобалардың бірі – "Қазақ-түрік лицейлері" (КТЛ) және "Сапа" білім беру мекемелері болды. Бұл мектептер сапалы білім беретін орындар ретінде танылып, көптеген қазақстандықтың назарын аударды.

Алайда 2016 жылғы шілде айындағы Түркиядағы төңкеріс әрекетінен кейін Түркия үкіметі Гүлен қозғалысын террористік ұйым деп жариялап, оның қызметін жаппай қудалауды бастады. Осыған байланысты Түркия Қазақстаннан Гүленге қатысы бар мекемелерді жабуды сұрады. Қазақстан бұл мәселеге мұқият қарап, кейін кейбір мекемелердің атауы мен құрылымын өзгертті, бірақ барлық мектептер жабылған жоқ.

Қазіргі уақытта Гүлен қозғалысына байланысты ұйымдар мен мекемелер Қазақстанда бар ма деген сұрақ әлі де өзекті, бірақ қазақ билігі бұл мәселені бейтарап түрде қарастырып отыр.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

21 Oct, 05:49


Өткен түнде Израиль әскери-әуе күштері Ливанның бүкіл аумағына әуе соққыларын жасады

Бұл туралы Хизбалла бақылауындағы Al-Manar телеарнасы хабарлады. Шабуылдардың нысаналары Бейрут халықаралық әуежайы маңындағы аудандар мен ливандық Al Qard Al Hassan банкінің филиалдары болды деп атап өтілді.

Израильдік БАҚ мәліметінше, бұл банк бүкіл ел бойынша 30-дан астам филиалы бар және Хизбалланың бақылауында. Осы банк арқылы ұйым Ираннан қаржыландыру алып отырғаны атап өтілді.

Бұған дейін Израиль армиясының баспасөз хатшысы Агари Хизбалланы қаржыландыруға пайдаланылатын маңызды экономикалық нысандарға жақын арада соққылар жасалатынын хабарлаған болатын.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

20 Oct, 10:01


Израиль қорғаныс армиясы ХАМАС-тың өлтірілген жетекшісі Яһя Синвардың әйелі мен балаларының жерасты тоннельдерінде жасырынған сәті түсірілген видео жариялады

Бұл 6 қазан күні, ХАМАС-тың Израильге басып кіріп, музыкалық фестивальде жаппай қырғын жасауының қарсаңында түсірілген видео екені айтылады.

Әлеуметтік желі қолданушылары Синвардың әйелінің Hermès Birkin брендімен шыққан сөмкесіне назар аударған. Оның құны (егер жалған болмаса) шамамен 32 мың доллар екені айтылды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

20 Oct, 03:32


Асу Алмабаев UFC-дегі кезекті жеңісіне жетті

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night 245 турнирінде өнер көрсетті.

Ол бразилиялық файтер Матеус Николауға (19-4-1) қарсы жекпе-жек өткізді, үш раундқа жоспарланған кездесуде Асу Алмабаев төрешілердің бірауыздан берген дауысымен жеңіске жетті.

Бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады.

Gif: Tengrinews.kz

📱 t.me/askerenews

Әшкере

20 Oct, 02:00


📺Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі 50-ден астам Хизбалла шахталары мен жерасты туннельдерін қиратты

Бұл туралы Израиль армиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың көпшілігі мешіттерде, мектептерде және басқа да азаматтық ғимараттарда орналасқан.

100 тонна жарылғыш заттармен жойылған туннельдердің арасында Хизбалланың Радван элиталық арнайы күштерінің жерасты штабы да болды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

18 Oct, 07:22


Өлтірілген Яһя Синвардың орнына ХАМАС-тың жаңа басшысы тағайындалды

Ливандық LBCI телеарнасының хабарлауынша, ХАМАС саяси бюросының басшысының міндетін атқарушы болып Халед Машаль тағайындалды.

Телеарнаның мәліметі бойынша, палестиналық топтың басшылығы түрік, катарлық және мысырлық делдалдарға топтың жетекшісі Яһя Синвардың Рафахтағы Тал әл-Сұлтан ауданында өлтірілгенін және саяси қанат басшысының міндетін Халед Машаль атқаратынын хабарлаған.

Машаль 1996 жылдан 2017 жылға дейін ХАМАС саяси бюросын басқарды, содан кейін бұл қызметті Исмаил Ханияға тапсырды.

📱 t.me/askerenews

Әшкере

18 Oct, 06:56


Парапланшы Алекс Ланг биіктігі 139 метрлік Хеопс пирамидасының үстінде жүгіріп, құстарға үрген иттің видеосын жариялады.

Келесі күні Лангтың досы, парапланшы Маршалл Мошер иттің жерге өздігінен түскенін көрсетті.

Сол...

📱 t.me/askerenews