Жүрек тыныштығы🫀 @midinaevna Channel on Telegram

Жүрек тыныштығы🫀

@midinaevna


Алланың бізге берген уəдесі бар: "ОЙЫҢДЫ ӨЗГЕРТСЕҢ, ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕМ".
Инста: gulshat.midina

Жүрек тыныштығы🫀 (Kazakh)

Жүрек тыныштығы🫀 атындағы Телеграм көрсетуші каналымызга қош келдіңіз! Бұл каналда адамдарға өмірін жақсылау, дүниеге толықтыру және жүрекке тыныштық беру туралы мотивациялық хабарландырулар туралы ақпараттар таптырасыз. Мұнда біздің ашық жүйе арқылы, өзіңің денсаулығын жақсылау, өзіңің психологиялық мән-мазмұнын өңдеу және оған талпыныңыз барысында жақтыру мақсатында нұсқаулықтар және ақпараттар таба аласыз. midinaevna пайдаланушы атынан бұл каналға жазылыңыз және күнделікті жаңа мотивациялық аманды таптырыңыз! Жүректі тыныштандыру үшін бізбен бірге болыңыз!

Жүрек тыныштығы🫀

13 Feb, 06:55


Бүгінгі оқыған мотивациялық сөз

"Өмір бұл жарыс! Кім көп еңбектенеді , сол арманына, мақсатына жетеді! Өмірге арызданып отыра берсең мәрегеде, мақсатыңада жете алмайсың!"

Жүрек тыныштығы🫀

13 Feb, 06:05


Сенің айналанда БАҚЫТ жок . Бақытты жан -жағыннан іздеме. Бақыт сенің жүрегіңде Қаласаң бақыттысың ,барына шүкір етесің .Қаласаң бақытсызсың ,
барыңды көрмейсің .
Өміріңде жақсы болса Алланы есіне алған адам керемет адам. Жамандық келгенде онсызда
Алланы есіне алады адамдар.
Байыңда , кедейіңде аллаға мұқтажсыңдар .
Алла қаласа береді,
қаласа алады .

Жүрек тыныштығы🫀

13 Feb, 03:34


Қайырлы күн!🌞 Қалайсыздар?🥰
Әр жаңа күн – жаңа мүмкіндік. Өткенге өкінбе, болашаққа алаңдама, бүгінгі күніңді ең жақсы түрде өткізуге тырыс. Алға қойған мақсатыңа бір қадам болса да жақында. Себебі үлкен жеңістер – кішкентай, бірақ тұрақты қадамдардан басталады. Алла Тағала күш-қайрат, береке берсін!

Жүрек тыныштығы🫀

07 Feb, 06:46


Ештеңе кездейсоқ емес. Болуы керек
жерде болдың.Айтылуы керек жерде айттың. Жасалуы қажет жерде
жасадың. Кездесуің керек кезде кездестің. Алланың барлық ісінде ұлы
даналық бар.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Feb, 05:36


Ар сақта! Намысты бол!
Талаптан! Қарекет қыл! Теуекел ет!
Уедеге берік бол! Мәрт бол! Ақылға сал! Қайратты бол!Жүрегіңді жылыт!
Біліміңді көбейт! Өнерді үйрен!
Мінезді бол! Еңбексүйгіш бол!

(с) Бейсен ҚҰРАНБЕК

Жүрек тыныштығы🫀

07 Feb, 05:36


Жүрек тыныштығы🫀 pinned «Әрбір адам өз БАҚЫТЫН әртүрлі нәрседен іздейді. Біреуі байлықтан,біреуі атақтан, біреуі әртүрлі құмарлықтардан, біреуі баладан, біреуі білімнен. Менің ойымша, БАҚЫТ — шүкіршілікте. Сіз шүкір еткен сайын Алла тағала сізге бір ерекше сезім береді екен.…»

Жүрек тыныштығы🫀

07 Feb, 05:33


Бір күні, дұғаларыңның көз алдыңда орындалып жатқанын көресің.
Сол сәтте жүрегің ризашылыққа толып, қуаныштан көз жасың төгіледі.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Feb, 05:17


Жұма қабыл болсын!
Дұға тілектеріңіз қабыл болсын!
Жұмадан жұмаға аман есен жете берейік!

Жүрек тыныштығы🫀

06 Feb, 06:47


Әрбір адам өз БАҚЫТЫН әртүрлі нәрседен іздейді. Біреуі байлықтан,біреуі атақтан, біреуі әртүрлі құмарлықтардан, біреуі баладан, біреуі білімнен.

Менің ойымша,
БАҚЫТ — шүкіршілікте.
Сіз шүкір еткен сайын
Алла тағала сізге бір ерекше сезім береді екен.
Барымызды бағалайық!

Жүрек тыныштығы🫀

06 Feb, 06:34


Ирандық режиссер 90 секундта адамның анасына деген сезімі мен махаббатын жеткізді. Әрқайсымыздың анамызбен байланыстыратын байланыс ешқашан бітпейді
Аналарымыз аман болсын❤️

Жүрек тыныштығы🫀

06 Feb, 05:13


Жүрек тыныштығы деген өте маңызды, тыныштық деген байлық,ақшаның көптігі, еш алаңсыз қыдыру, ішіп-жегенің, ұйықтағаның емес, тыныштық-ол ең бірінші ата-ана, бауырларыңның, отбасыңның, бала-шағаңның, жақындарыңның амандығы, уайымсыз бақытты өмір сүруі. Алланың саған деген оң көзі, сұрағаныңды білдіртіп те, білдіртпейде беруі, мейлі ол кішкентай болсын, мейлі үлкен болсын, ең бастысы алланың сүйікті құлы болып, сені есіне алып, тілегеніңді беруі.

Жүрек тыныштығы🫀

06 Feb, 05:12


Қайырлы күн!🌞Қалайсыңдар? Адам үшін үлкен байлық
бір- бірінен қал сұрау,
сәлемдесу екен.
Сол байлық сізден кетпесін.
Жақсы сөз- сөйлейік
Ащы тілді - болмайық
Сөз адамды - қуантады
Сөз адамды- жылатады
Көркем мінезді болайық.

Жүрек тыныштығы🫀

03 Feb, 05:36


Қайырлы күн! 🌞Қалайсыздар?🥰
Жаңа апта жақсы жаңалықтарға толы болсын!✊🏻

Жүрек тыныштығы🫀

24 Jan, 06:38


Кімде кімнің аузынан салауат шыққан болса біле берсін, ол Алланың сүйікті құлы..

«Егер Алла бір құлына жақсылық қаласа, оның тілін Пайғамбарға салауат айтуға жеңілдетіп қояды».

©️Ибн әл-Жәузи

Жүрек тыныштығы🫀

24 Jan, 06:37


Қасиетті Жұманың берекеті мен жақсылығы бізбен сізге болсын!
Әмин!🤲🏻

Жүрек тыныштығы🫀

21 Jan, 11:00


1. Үнсіздік-мағынасыз сұрақтарға берілетін, ең жақсы жауап !

2. Біреуге көмектесу үшін мықты және бай болу маңызды емес. Мейірімді болу жеткілікті !

3. Жаныңа жақын тұтқанның бәрі досың емес , ренжіткеннің бәрі қасың емес !

Жүрек тыныштығы🫀

21 Jan, 10:58


Сен өткен шағында қате-кемшіліктері бар жақсы адамсың!

Өміріңнің қалған жаңа парақтарын тек жақсылыққа толтыр!

Жүрек тыныштығы🫀

21 Jan, 10:44


Егер біреуге ренжіп жатсаң, осы үш нәрсені ойла:

1. Ренішіңнің бір бөлігін өзіңе аудар. Мүмкін бұл менің айыбым шығар, қандай кемшілігім бұған себеп болуы мүмкін? - деп бір ой жүгірт.

2. Ренішіңнің екінші бір бөлігін тағдырға аудар. Бұның да бір хикметі бар шығар, бұл оқиғадан не түйдім? - деп ойланып көр.

3. Қалған бір бөлігін ренжіткен адамның нәпсісіне аудар. Мүмкін ол адам нәпсісіне беріліп, не істеп жатқанын білмей қалған шығар? - деп, барлығы қателесетінін есіңе сал.

Жүрек тыныштығы🫀

21 Jan, 09:26


Қателес. Шатас. Бәрін бұз, достарыңды жоғалт.

Сен өмір сүруді жалғастыруың керек.

Үйрен. Бұрынғы қателіктеріңді қайталамауға тырыс.

Сен өсіп жатсың. Осының арқасында, қандай адам болуың керек екенін түсініп жатсың

Асықпа.. Уайымдама.

Саналы бол, болып жатқан дүниенің мән-мағынасын түсін.

Соңында айтатыным, қаншама қателік жасасаң да Раббыңа қайт.. Өйткені ешқандай күнә Аллаһтан үлкен емес.. Ол кешіреді..

Және өзіңе әрқашан қамқор бол..

Мен саған сенемін…

Жүрек тыныштығы🫀

21 Jan, 05:46


Аллаһ, өмірдегі жолың әрқашан оңай болады деп уәде бермеді..

Бірақ, Мейірімді де Рақымды Раббың әр қадамыңда, сенімен әрқашан бірге болатынына уәде берді..

Оған деген сенім, қараңғы уақыттарда сенің нұрың болсын!

Жүрек тыныштығы🫀

21 Jan, 05:42


Қайырлы күн! Қалайсындар?
Жадыраңыз,🌼 күліңіз,😊
Әдемі болып жүріңіз❤️
Сәтті болсын күніңіз🔥

Жүрек тыныштығы🫀

16 Jan, 02:14


Иә,РАББЫМ!
Иә,Рахман! Иә Рахим!
Мені материалды да, рухани да бай пенделеріннің катарына қосып қойшы!

Тек қана материалды жағынан емес, имани жағынан да, рухани жағынан да, моральдық жағынан да бірге баюды нәсіп етші екі байлыгымды тең дәрежеде ұстауымды нәсіп етші!

Материалдық байлыгым артқан сайын, рухани байлыгымды да арттырып отыршы

Тапқан табысымды жүрегімде емес, қолымда ұстауды нәсіп етші

Әмиин🤲🏻

Жүрек тыныштығы🫀

16 Jan, 02:12


Қайырлы таң! Қалайсыздар?

Жүрек тыныштығы🫀

09 Jan, 04:01


Қайырлы күн! 🌞 Қалайсыздар?🍀

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 11:28


Өмірде қимылдауды қойған адам өмір сүруді қояды, тірі өлік сияқты, ешнәрсеге әлі жоқ, зауқы болмай жүреді. Белсенді өмір сүрудің мәні зор. Жата бермеңіз, телефонға үңіліп отырып қалмаңыз, сыртқа шығып келіңіз, аспанға қараңыз, айналаға көз тастаңыз. Аллаһтың Шексіз Құдіреті мен Шеберлігін жан жағыңыздан көре біліңіз. Балаңызды құшақтаңыз, анаңызға жылы сөз жазыңыз, күйеуіңізге күлімдеңіз.
Бәрі жақсы, тамаша!
Мына дүние керемет.

Динара Исмайл

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 10:29


Психологтар ренішті ұмыту үшін кешіру керек дейді. Бірақ іштен реніш шықпайынша кешіру де қиын. Олай болса, қарапайым осы бес амалмен реніштен уақытылы құтылып отырыңыз.

Жазира Смағұлова

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 10:27


5. Жазыңыз. Жазу арқылы да ренішті, басқа да жағымсыз эмоцияны босатуға болатынын көп адам білсе керек. Бірақ орындайтындар аз. Бір парақ қағаз бен қалам алып, жүректегі, көңілдегі реніштерді жазыңыз. Қағаз толып қалса, келесі параққа жазыңыз. Іште бір жеңілдік пайда болғанша жаза беріңіз. Жазып болған соң оқып шығыңыз. Қағазды жыртып, содан кейін өртеңіз. Отқа қарап отырып, реніштің жанып жоқ болғанын ойлаңыз.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 10:27


4. Айқайлау да ренішті іштен қуып шыға алады. Ешкім жоқ жерге барып, айқайлаңыз. Ренжіткен адамды сырттай сыбап алуға да рұқсат. Айқайлап жатқанда тіліңізге келген сөздердің бәрін айтып салыңыз. Ал егер айтарға сөз таппасаңыз ренішті, ашу тудырған лас энергия айқайлаған дауыспен сыртқа шығып жатыр деп елестетіңіз.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 10:21


3. Сөз арқылы шығару. Адам көбінесе ең жақын адамдарына ренжиді. Бұл әбден дәлелденген. Бірақ жақын адамдармен қарым-қатынасты салқындатып алмау үшін ренжіткенін ашып айта алмайтындар көп. Құрбыңызға, досыңызға айтып үйреніңіз. Ал егер олардан жеке, отбасылық мәселелеріңізді жасырғыңыз келсе, онда суға айтыңыз. Ағып жатқан өзеннің жағасына барып, жайғасып отырыңыз. Жаныңызды ауыртқан жағдайды, өкпеңізді суға айтып шығарыңыз. Тіпті жылап та алсаңыз болады. Бүкіл реніш өзен суымен алысқа ағып кетті деп ойлаңыз. Соңында бет-қолыңызды жууды ұмытпаңыз. Егер өзен таппасаңыз, үйдегі су құбырын баяу ашып, суды ағызып қойып, осы бір амалды жасауға болады.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 10:20


2. «Ұрып шығару» әдісі де кең тараған. Әрине мұнда адамды ұрмайсыз. Үйіңіздегі бір жастықты таңдап алыңыз. Оны жастанбайсыз, тек ренішіңізді өзгеге айта алмай қиналғанда тоқпақтап ұрасыз. Ұрып жатып ренжіткен адамға айта алмаған сөздерді айтсаңыз да болады.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 10:18


1. Ең оңай жолы – жылау. Көңілдің кірі (реніш, өкпе, кек, уайым) көз жасымен жуылады. Ренжігенде көзіңізге жас келді ме, оған бөгет болмаңыз. Мүмкін мықты боп көрінгіңіз келер, тәкаппарлығыңызға нұқсан келер, бірақ оның бәрі денсаулықтан қымбат емес. Ешкімнен ұялмай, жасырмай жылап-жылап алыңыз.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 10:17


Сондықтан да оны ішке жұта бермей, дер кезінде құтылып отырған дұрыс. Ал сізге көмектесетін бірнеше психологиялық әдіс-тәсілдерді Орындаңыз!

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 10:15


Өкпе-ренішті сақтауға болмайды. Бұл физикалық та, психологиялық та тұрғыдан зиян. Қаупі де бар. Психосоматиктердің зерттеуінше, ол қатерлі ісік ауруларын тудырады екен.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 07:48


Ішкі әлемді қалай қалыптастыруға болады?

Өткенді қабылдап, реніштерді жіберіңіз.

Өзіңізді жақсы көріп, кешіруді үйреніңіз.

Әр күнге шүкірлік етіңіз – бақыт алыс емес, ол сізде бар нәрселерде жасырын.

Басқаларға көмектесіп, ізгілік жасаңыз – ішкі жарығыңыз күшейе түседі.

Шынайы бақыт – бұл іште. Оны сырттан іздемеңіз, өз жан әлеміңізді тәрбиелеңіз. Өмірдің мәні сіздің жүрегіңіз бен ойыңыздың тереңінде жасырын. Жаныңызды тазартыңыз – нағыз бақыт сол жерде.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 07:25


Өзіңнің түр-келбетіңді төмен санама.
Көздер қандай болса да, тек көруге арналған. Мұрындар қандай болса да, иіскеп білуге міндеттелген. Құлақтар қандай болса да, естуге-тыңдауға арналған. Өзіңді өзгенің түр-келбетімен, дене мүшесімен салыстырма.
Ішкі болмысыңа емес, сыртқы келбетіңе бола сені таңдаған болса, нағыз дос емес. Ондай адамнан сақ бол. Бір күндері басқа түр мен келбетке тартылып сені тастап кетуі мүмкін. Ешбір жөндеу жүргізіліп, өзгертілмеген қалпыңда сені таңдаған адам ғана саған жұп бола алады.
Басқаларға ұнау соншалықты маңызды емес.
Қалпыңда бол.
Сен түр, келбет емессің, СЕН АҚЫЛ-ОЙ, САНАСЫҢ. Сен пішін емессің, СЕН ЖАРЫҚСЫҢ.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Jan, 07:01


Қайырлы күн!🌞Қалайсыңдар? Адам үшін үлкен байлық бір- бірінен қал сұрау, сәлемдесу екен. Сол байлық сізден кетпесін.
Жақсы сөз- сөйлейік
Ащы тілді - болмайық
Сөз адамды - қуантады
Сөз адамды- жылатады
Көркем мінезді болайық.

Жүрек тыныштығы🫀

25 Dec, 06:23


Бұл әлемде барлығы махаббатпен жаратылған. Қорқыныш махаббаттың бір бөлігі. Бірақ қорқыныш адамның санасында бар және адамды басқаратын да сол қорқыныш сезімі. Біз барлығын санамыздағы нәрсеге қарай бағасын береміз. Егер біз қорқатын болсақ, біз қабылдаған нәрсені қорқынышпен түсіндіреміз. Егер біз ренжісек, біздің қабылдауымыз ренішпен өлшенеді. Біздің эмоцияларымыз әлемге қарайтын сүзгіміз іспетті...

📚"Шеберлікпен сүю" кітапшасынан

Жүрек тыныштығы🫀

25 Dec, 06:21


Махаббат бәріне керек❤️

Айналама қарасам адамды қуантып, бақытты ететін ең құнды нәрсе - махаббат екен.

Адам өзін біреудің жақсы көргенін қалайды. Сүйгісі және сүйікті болғысы келеді. Бірақ күткен адамдарынан оны ала алмай жатады.

Кейбір адамдар бар. Олар махаббатын көрсетпейді. Қалай көрсетуді білмейді. Олар тек жақсы көреді.

Ондай адамдарға ренжи алмайсың. Махаббатын, жақсы көргенін білдіре алмағанына олар кінәлі емес.

Ол ата-анаңыз, жарыңыз, балаңыз, досыңыз болуы мүмкін. Кім болса да оған бірінші сіз сезіміңізді білдіріңіз, яғни үйретіңіз.

Мүмкін ол адам сіз шығарсыз. Басқаларға махаббат берген сайын ол өзіңізге қайтып келеді

Жүрек тыныштығы🫀

25 Dec, 06:19


Жаратушыға деген махаббат кез келген рухани ауруды емдей алады. Кез-келген бос орынды толтыра алады. Кез-келген қорқынышты жояды және кез келген жүректі тазартады.

Жүрек тыныштығы🫀

25 Dec, 03:38


Қайырлы таң! Қалайсыздар?
Қандай бақыт таңның дәмін татқаның!
Қандай бақыт жаңа нұрға батқаның!
Әр күн сайын саулық тілеп сіздерге,
Қандай бақыт сәлемдесіп жатқаным.

Жүрек тыныштығы🫀

24 Dec, 03:50


Күнде таңертең айтыңыз!

Менің жолым ашық!
Денсаулығым мықты!
Сәттілік менің серігім!
Мен Алланы сүйемін!
және Шүкір етемін!

Әумин!🤲🏻

Жүрек тыныштығы🫀

24 Dec, 03:21


Қалайсындар?
Бүгінгі күн сәтті болсын!✊🏻

Жүрек тыныштығы🫀

18 Dec, 04:03


Өмір болған соң барлық адамда проблема бар.
Сырттай білінбегенмен біреу баламен, енді бірі денсаулықпен, ақшамен, қарызбен, отбасылық түсініспеушілікпен сыналады. Бітпестей болған қиындықтан арылу үшін ШҮКІР етіңіз!

Жүрек тыныштығы🫀

18 Dec, 03:29


Әлхамдулиллах!
Әр күнді шүкіршілік айтумен бастайық
Алла тағаланың сыйлаған әр бір таңы берекеге толы болсын!

Әмин🤲🏻

Жүрек тыныштығы🫀

18 Dec, 03:25


Қайырлы күн!🌞 Қалайсыздар?🥰.

Жүрек тыныштығы🫀

15 Dec, 04:25


Жүрек тыныштығы🫀 pinned «Алла сізді қатты жақсы көреді, сондықтан көп алаңдап, стреске түсуді доғарыңыз. Оның орнына Аллаға тәуекел етіңіз. Алла сіздің ішіңіздегі барлық қайғы-мұңды біледі. Бақшаңыз бүгін-ертең гүлдермен толатын болады, уайымдамаңыз!»

Жүрек тыныштығы🫀

13 Dec, 05:00


Өмір адамды аспанға көтереді де, жерге құлатады да. Сенің қаншалықты мықты немесе әлсіз екеніңді сынау үшін..
Сен берілмеуді, сынып қалмауды үйрен! Сабырлы қалпыннан тайма!
Сенің төзімінің күшті екенің біліп қайғы айналып өту үшін..
Сен қанша бағын тасып биіктесең де, қарапайым бол, аласа бола біл! Асып кеттім деме! Адамгершілік қасиетіңді жоғалтпа! Басындағы бақ мәңгілікке қалып, қасыңнан кеткісі келмейтіндей болсын.

Жүрек тыныштығы🫀

13 Dec, 04:00


Алла сізді қатты жақсы көреді, сондықтан көп алаңдап, стреске түсуді доғарыңыз. Оның орнына Аллаға тәуекел етіңіз. Алла сіздің ішіңіздегі барлық қайғы-мұңды біледі.
Бақшаңыз бүгін-ертең гүлдермен толатын болады, уайымдамаңыз!

Жүрек тыныштығы🫀

13 Dec, 03:43


Жұманы садақамен бастап, шүкірмен аяқтайық! Жұма мен жұма арасында тек ӨСУ болсын: иманда, білімде, ризықта, дамуда, қарым-қатынаста өсе беруді жеңілдетіп қойсын Раббым!

Жұма берекелі болсын!

Жүрек тыныштығы🫀

12 Dec, 04:06


Тіпті мына өмірде мәңгі жүретіндей өмір сүреміз, ал өлімді ойласақ көңіліміз түсіп ұзақ ойға батамыз.
Себебі арғы өмірге деген дайындық жоқ екенін білеміз
Әйтеуір алдамшы өмірдің ләззатына батып алданып жүргенге мәзбіз. Кезінде сахабалар өзінің жәннаттық екенін білседе көп жылайтын. Ал біз күнәһар екенімізді біліп тұрып көп күлеміз қандай өкінішті , мына алдамшы өмірге деген махаббат жүрегімізде орнығып қалғаны

Жүрек тыныштығы🫀

12 Dec, 04:03


Бұл өмір біз ойлағандай болмайды
Кейде бәрі біз қалағандай болса екен деп тілейміз, бірақ алдымызда небір тосын жағдайлар күтіп тұрғанын ұмытып кетеміз.
Пенде болғасын сынаққа сынып қалыпта жатамыз, бірақ сондай кездерде Алланың саған жақын екенін ұмытпауымыз керек.
Біз қаншама күнә жасап жатсақта Алла бізге мүмкіндік беріп жатыр.

Жүрек тыныштығы🫀

12 Dec, 03:43


Адамдар позитивке қарағанда негативке көбірек көңіл бөледі.
Позитивті ойлаңыз. Шүкіршілік етіңіз. Шүкіршілік айтатын заттар негативке қарағанда өте көп. Мысалға: көретін көзін бар, жүретін аяғын бар, еститін құлағын бар, ұйықтайтын үйін бар, бүгін жейтін тамағын бар және т.б. өте көп мысалдар бар.

Жүрек тыныштығы🫀

12 Dec, 03:40


Күніне біреулері шығып жатса, кейбірлері кіріп жатыр😊
Енді қосылағандарға қош келдіңіздер!❤️
Осы каналдағы жазбаларды басынан қарап шығуға кеңес берем. Бәлкім керекті мәселені табасыз деген ойдамын.
Баршамызға Алла берекетін берсін

Жүрек тыныштығы🫀

12 Dec, 03:39


Қайырлы күн! Қалайсындар?
Жадыраңыз,🌼 күліңіз,😊
Әдемі болып жүріңіз❤️
Сәтті болсын күніңіз🔥

Жүрек тыныштығы🫀

06 Dec, 04:21


“Ей адам баласы, сен күндерден тұрасың. Әр күнің кеткен сайын сенің бір бөлшегің кетті”

Хасан әл-Басри

Жүрек тыныштығы🫀

29 Nov, 08:07


Қанша үлгілі болсаң да, сені ұнатпайтындар болады. Шайтандар тіпті періштелерді де ұнатпайды!

Жүрек тыныштығы🫀

29 Nov, 03:40


Ешкімді ренжітпе. Жамандама.
Ол арқылы сен бақытты болмайсың, ол да жаман болып қалмайды.
Ешкімді төмен санама. Қорлама. Ол арқылы сен үлкен болмайсың, ол кішірейіп қалмайды.
Біреуге астамсыма. Қызғанба. Сен бай болып кетпейсің, ол кедей болып қалмайды.
Алла адамдарды бәрібір теңестіреді.

Жүрек тыныштығы🫀

29 Nov, 03:28


Әлемде сен қалай бар болсаң, 100 пайыз солай қабылдай алатын жалғыз адам бар. Ол сенің — анаң! Оған қамқор бол.❤️

Жүрек тыныштығы🫀

29 Nov, 03:26


Қасиетті жұма мүбәрак болсын!

Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың оған игілігімен сәлемі болсын 🌸

Жүрек тыныштығы🫀

22 Nov, 11:36


Құдай өмірді саған қарызға берген, уақыты жеткенде өзі де алады. Ал оған дейін сол өмір үшін күресу керек.

Ілияс Есенберлин «Алтын құс»

Жүрек тыныштығы🫀

22 Nov, 04:25


Бұл өмір мәңгі емес.Ешкім мәңгі емес.
Сізде,басқаларда.
Барлығымыз Алланың құлымыз.
Алладан келдік,және оған қайтамыз.
Ең алдымен айналасыңызға қараңыз да ойланыңыз
Айналада не сіздікі,мынау менікі дейтін?
Не бар сіз 100% пайыз менікі деп айта алатын?Барлығы Алланыкі.Адамдарда,заттарда,бұл әлемде Жаратушыға тиесілі.Сіз тек уақытты арендаға аласыз.Өмір бақи емес!
Бұл өмір өткінші,бұл қалыпта мәңгі қалмаймын.Бәрі өтеді,кетеді.Аллахыма тапсырамын,себебі мен әлсізбін.

Жүрек тыныштығы🫀

22 Nov, 04:03


Өзім үшін ең керек дұға

Аллаһумма ахсин хулуқи.
«Алла, мінезімді көркем ет!»

Жүрек тыныштығы🫀

22 Nov, 03:17


Жұма баршамызға мүбәрәк болсын! Тілеген дұға тілектеріңіз қабыл болсын!

Жүрек тыныштығы🫀

18 Nov, 09:52


Өмірде кезіккен адамдардың сізге берері мол. Жақсы адам болса, тәлім аларлық тұстары болады. Ал жаман адам болып шықса, сізге сабақ боларлық тұстары болады. Тек бар болғаны тиімді байдалана білу қажет.

Кеше кейбір адамдарды көріп түйген ойым.

Жүрек тыныштығы🫀

18 Nov, 09:41


Қайталанбайтын сәттерді қайталанбайтын адамдар ғана жасайды.

Жүрек тыныштығы🫀

18 Nov, 09:01


“Кімнің сөзі көбейсе, қатесі де көбейеді”.

Омар ибн Хаттаб

Жүрек тыныштығы🫀

18 Nov, 04:51


Өз жүрегіңді аманат деп қабылда. Оған кірбің түсірме. Таза ұста. Бағаламайтын, қадір тұтпайтын адамдарға жүрегіңді беріп қойма.  Жүректі Аллаға ғана сеніп табыстауға болады. Қалғандары тек уақытша.

Жүрек тыныштығы🫀

18 Nov, 04:48


Жүректің тыныштық таба алмауының себебі, тыныштық берушіні ұмытқандықтан!

Жүрек тыныштығы🫀

18 Nov, 04:47


Адамдар сен туралы былапыт сөйлеп жүрсе, Аллаға шүкір ет!

Не себепті шүкір етесің?

Өйткені, Алла сені олармен емес, оларды сенімен шұғылдандырып қойғаны үшін.

©️Мұстафа Махмуд

Жүрек тыныштығы🫀

18 Nov, 04:46


Жоқ, жоқ дей беру - шүкірсіздік. Әрбір адамда өзіне керекті ресустардың барлығы бар, сырттан іздеудің керегі жоқ. Бақытты болғыңыз келеді ме? Бақытты болуыңыз үшін сізде барлығы бар, оның кілтін ішкі әлеміңізден іздеу керексіз...

Құдайдың берген нығметін көрмеу, көре алмау - соқырлық. 

©Арман Қуанышбаев

Жүрек тыныштығы🫀

18 Nov, 03:17


Қайырлы күн!🌞 Қалайсыздар?🥰.
Жаңа аптада,Жаңа күннің берекесін беріп, қуанышты күндеріңіз көп болып, несібелеріңіз арта берсін!

Жүрек тыныштығы🫀

11 Nov, 04:51


Қайырлы күн!🌞 Қалайсыздар!
Аптаның алғашқы күні апта бойғы сәттіліктердің бастауы болсын! Отбасямызға амандық, денсаулық, ауызбіршілік, мол несібе нәсіп етсін,
Алла тағала🤲🏻

Жүрек тыныштығы🫀

08 Nov, 03:57


Қасиетті жұманы пайғамбарымызға салауат айтумен әсемде.

Аллаһумма салли ала саиидийна Мухаммад.

Жүрек тыныштығы🫀

08 Nov, 03:45


Көп Аллаға шүкіршілік білдіріңіз!
Тағдырыңызға разы болыңыз!
Мен тағдырыма разымын!
Тағдырымдағы барлық нәрсеге разымын!
Ата - анама, бала - шағама, ризығыма, жан жарыма, бауырларыма,қайын - жұрт, көршілеріме, жолымда жолыққан әр бір жан үшін Раббыма разымын!

Жүрек тыныштығы🫀

08 Nov, 03:43


Иә,Раббым!
Табысымды адал етіп, маған қанағат бере гөр. Маған разы болмайынша мені бұл дүниеден ала гөрме!

Әумин!🤲🏻

Жүрек тыныштығы🫀

08 Nov, 03:05


Қасиетті Жұманың берекеті мен жақсылығы бізбен сізге болсын!
Әмин!🤲🏻

Жүрек тыныштығы🫀

07 Nov, 08:26


Көңілің әрдайым жадырап жүрсін. Көп жымиғаннан өлген адам жоқ. Бірақ, көп мұңайғаннан өлген адам көп.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Nov, 04:33


ШҮКІР ЕТУДІҢ СЕБЕБТЕРІ:
- Ұйықтайтын үйің бар
- Жейтін тамағың бар
- Мейірімді жүрегің бар
- Басқаларға жақсылық тілей аласың
- Ішетін таза суың бар
- Саған көңіл бөлетін адамдар бар
-Дамитын мүмкіндігің бар
- Киетін таза киімің бар
- Армандарың бар
-Бүгін тірі оянғаныңа!
Шүкір ету өте қарапайым. Сенде бар, өзің байқай бермейтін нәрселер кейбір адамдардың арманы екендігі есіңде болсын.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Nov, 03:52


Біз қалаймыз, бірақ Алланың өз қалауы бар.
Біз жоспарлаймыз, бірақ Жаратушының өз жоспары бар екеін ұмытамыз.
⠀Кейде қалағаның , ойлағаның, күткенің, үміт еткенің болмай жатса көңіл түсіру керек емес. Себебі біз әсер ете алмайтын, біздің қолымызда емес үлкен дүниелер бар әлемде. Өміріңнің әр сәті, тамақтануың, су іше алуың, тіпті тыныс алуыңның өзі тек бір Раббыңның қалауымен болып жатқанын естен шығарма. Ал біздер.. тіпті осындай ғажайып нығметтерді ойламаймыз, ауа жұтудың өзі бақыт екенін ұмытамыз.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Nov, 03:44


Жүрегіңді Раббыңа берсең, Раббың өміріңді көркем етеді.

Біздер жүректі дүниеге беріп өзімізде, ісімізде, өмірімізде кері кетеді.

Раббым бір өзіңнің разылығың үшін өмір сүруді нәсіп ет!
Тек Сен үшін…

Жүрек тыныштығы🫀

07 Nov, 03:35


Қайырлы күн!🌞Қалайсыздар?
Бүгінгі күндеріңе сәттілік!✊🏻

Жүрек тыныштығы🫀

22 Oct, 10:50


Жақсы көру мен жек көру — тиынның екі жағы сияқты.
Жақсы көретін адамды жек көріп кету де, жек көретін адамды жақсы көріп қалу да дем арасында…

© Дастан Құрманбаев

Жүрек тыныштығы🫀

22 Oct, 04:09


Түсінген адамға
Ұйқыдан ауырмай ояанудың үлкен бақыт қой….

Жүрек тыныштығы🫀

22 Oct, 03:55


Алла бүгін қиындықтары бар адамдарға күш қуат берсін! Ауырып жатқандарға шипа берсін! Қайғысы бар адамдарға сабыр берсін!
Әумин!🤲🏻

Жүрек тыныштығы🫀

22 Oct, 03:49


Қайырлы күн! 🌞Қалайсыздар?🥰

Жүрек тыныштығы🫀

21 Oct, 04:39


Аллаға бағынған әрбір сәтіңе сауап жазылатынын ұмытпа.

Суық күнде жылы төсегіңді тастап, таң намазына тұру оңай емес. Бірақ сол бір сәтте төсегіңді көтеріп, дәрет алар кезге дейін жүрген қадамдарыңа да сауап жазылады.

Отбасыңды асырау үшін таңертең тұрып жұмыс жасағаныңа да толассыз сауап жазылады.

Көшеде көзіңді тыйып, бөтен ер-әйелге қарамай жүргеніңе де сауап жазылады.

Жұмысыңнан, алып жатқан іліміңнен шаршап ұйықтаған сәттерге де сауаптар жазылады.

Аллаға бағынған әрбір сәтіңе сауап жазылады.

Жүрек тыныштығы🫀

21 Oct, 03:50


Тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайтын тілектеріңді де Алла естиді!

Жүрек тыныштығы🫀

21 Oct, 03:31


Қайырлы күн! 🌞Қалайсыздар?🥰
Жаңа апта жақсы жаңалықтарға толы болсын!

Жүрек тыныштығы🫀

17 Oct, 03:16


Қайырлы күн!🌞
Әр күн-бұл сіздің жаңа мүмкіндігіңіз, оны сізге ешкім қайтармайды.
Ешқашан өзіңіз туралы жаман айтпаңыз және ойламаңыз.
Сөздер күшті энергияға ие🔋

Жүрек тыныштығы🫀

16 Oct, 15:29


Кешірілмейтін істер бар.
Ұмытылмайтын сөздер бар.
Жақындарының бәрі жатқа айналатын кездер бар.Адам біреуге риза болса,кемшілігін көрмейді.Ал біреуге ренжісе,жақсылығын көрмейді...

Жүрек тыныштығы🫀

16 Oct, 14:40


Мен білетін ерекше бір жақсы адам бар, ол сіз осыны оқып отырған жан, аман болыңыз сіз сондай жақсы адамсыз,
Аман болыңыз дар жақсы адамдарым!😊

Жүрек тыныштығы🫀

16 Oct, 14:26


Өмірдегі барлық сынақ Алланы ұмытқанда келеді. Қиналу үшін емес. Оны тауып қайта Оған бару үшін. Ал біз қиналу деп түсінеміз. Неге сынақтар бітпейді дейміз. Ал өзіміз Алладан алыс екенімізді түсінбейміз.

Жүрек тыныштығы🫀

16 Oct, 14:20


Адам әрқашан өзін көрсетуге тырысады. Дәлелдегісі келеді. Қандай мықты, табысты, ақылды екенін көрсеткісі келеді. Ал ол қабілеттерді берген Алланы ұмытып кетеді.

Жүрек тыныштығы🫀

16 Oct, 14:15


Бір күнə істеген сәтте бірден тəубеге кел!
Адам суға түскендіктен тұншықпайды. Сол судан шыға алмағандықтан тұншығады.

©Мəулана Руми

Жүрек тыныштығы🫀

16 Oct, 08:03


Бір түнде күзді қысқа айналдырған Алла Тағала, сенің де қайғыңды бақытқа айналдыра алады.
Сабыр!

Жүрек тыныштығы🫀

16 Oct, 04:34


Мейірімдік әлеммен азайып барады . Азайған сайын қатыгездік көбею де.Мейірімдік кешіруден басталады. Кешіру ашуды тоқтатады .Ең алдымен сөйлер алдың ойланайық. Біреудің ашуына тиетін,біреуді жәбірлейтің сөзден аулақ болайық. Қатты ашу келсе, көз қара түнек сияқты байланады. Ақылда,сезімде адамнан алыс кетеді. Сөзден бастап,ашуға ұласып, бейкүнә біреуге қайғыдан қан жұттырмайық. Біреуді жәбірлеп , қорлаудан аулақ болайық. Абайсыз сөйлеп ,жанын ауыртып алсақ, не болады.
Сөз адамның ойынан...

Жүрек тыныштығы🫀

16 Oct, 04:33


Егер адамдардың жүректеріне үңіле алсақ, әрбір жүректе “мұңға толы бір оқиғаны” көрер едік.

Бір-бірімізге мейірімді болайық. Алла да бізге мейірімін төгер.

©️Халил Жәбрән

Әркімнің басқалар білмейтін өз шайқасы бар.

Жүрек тыныштығы🫀

16 Oct, 04:30


Әр күні жаңа нәрсе үйренуге, ізденуге, оқуға тырыс.
Онсыз да күндерің бір-біріне ұқсап өтуде…

Жүрек тыныштығы🫀

16 Oct, 03:33


Иә,Раббым!
Мен әлсізбін. Мені дүние өзіне қызықтырып тартуда. Мені Өзіңе қайтаршы. Мені тек Өзіңе байлашы.

Әумин!

Жүрек тыныштығы🫀

07 Oct, 05:52


Сен өзіңді кішкентай ғана жаратылысқа теңейсің,
Бірақ сенде әлемді өзгерте алатын үлкен күш жатыр

Әзірет Али

Жүрек тыныштығы🫀

07 Oct, 05:00


Өзімді зерттеп, түсіне бастаған сайын өзгелерді де түсіне бастаймын.

Өзімнің жанымның қаншалықты нәзік әрі оны қаншалықты қорғайтынымды біліп, өзгелерге де жақсы қарым-қатынас жасап, олардың да жанының нәзік екенін әрқашан жадымда ұстап жүрмін.

Өзіңді түсінген сайын, өзгелерді де түсіне бастайсың.

Жүрек тыныштығы🫀

07 Oct, 03:11


Қайырлы күн!🌞Жаңа апта жағымды жаңалыққа толы болсын!✊🏻

Жүрек тыныштығы🫀

04 Oct, 06:48


Жұма мубарак болсын!

• «Кәһф» сүресін оқыңыз/тыңдаңыз
• дұға етіңіз
• Садақа беріңіз
• Аллаға шүкіршілік етіңіз
Алла елшісіне көбірек салауат айтуды ұмытпаңыздар.

Жүрек тыныштығы🫀

24 Sep, 11:17


Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды. Сен жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең керемет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас дұшпан болған адамның жан досыңа айналғанын көресің. [41:34]

Жүрек тыныштығы🫀

24 Sep, 06:59


Жақында кітаптан бір қызық ақпарат оқыдым:

Қалай ойлайсыз 10 арманы бар адамның армандары орындалады ма, әлде 100 арманы бар адамның ба?

Теория вероятности бойынша қаншалықты көп арман болса, соншалықты орындалу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан 5000 жуық нақты армандарды қағазға жазу керек.

Жүрек тыныштығы🫀

24 Sep, 06:40


Барлық нәрсе Алланың қалауымен болып жатқан дүниелер, ештеңеге де ешкімге де ренжудің қажеті жоқ екенін түсіндім. “Ит үреді, керуен көшеді” деген осы екен ғой. Әрбір сынақ сені алға жылжуға мотивация. Сынақты қаламасаң өзіңді өзің тәрбиелесең де болады ерік жігерің жетсе ☺️

Жүрек тыныштығы🫀

24 Sep, 06:24


Рәббымыз, сырды, сыбдырды,
жүректің дүрсілін, көңілдің уайымын, айта алмайтын дұғамызды естиді де біледі де.

Сол үшін,қамыға берме.

2,463

subscribers

615

photos

268

videos