Қаржылық сауаттылық @qarjysayaty Channel on Telegram

Қаржылық сауаттылық

@qarjysayaty


Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріп шығыңыз.

👫Арнаға мына сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty
Арна иесі: Исламбек Әділбек
| Жарнама [реклама] және ұсыныстар бойынша – @islmbekk

Қаржылық сауаттылық (Kazakh)

Каскелердің көптегені талас қайтаған жері – қаржылық. Олардың бірі дұрыста қаржылықты білмейді. Осы себепті, көптеген адамдар үйрену қажет. Бұлдың үшін жақынға сізге көмек көрсету арнамы бар – 'Қаржылық сауаттылық'

'Қаржылық сауаттылық' арнасында 12 сабақ бар. Оларды тегін көре аласыз. Сабақтар бойынша каскелердің қаржылық сауаты жайлы мағлұмат аласыз. Сізге қаржылықтың ең негізгі кезеңдерін, арнайы мәселелерін меңгерудің маңызды тәжірибелерін ұсынады

Арнаны қосу үшін, 'Қаржылық сауаттылық' арнасындағы осы сілтемені пайдаланыңыз: https://t.me/qarjysayatynnАрна іесі – Исламбек Әділбек. Сізге қаржылық сауаты жайлы мәліметтер беру арқылы көмек көрсету үшін ол үйрену материалдарын жүргізген

Сіз де қаржылық сауатын білген кезде, арнамыздағы қазіргі жарнама бойынша мәліметтер алу үшін Исламбекке хабарласа аласыз: @islmbekk

Қаржылық сауаттылық

23 Jan, 05:30


Доллармен депозит 💵🗽

⚠️Бұл кеңес немесе ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияладым!

Екінші деңгейлі банктер доллармен депозит ашсаңыз жылына 1% өсім береді. Кей банктерде 1%-дан да төмен. Сіздерге доллармен пайызы көп депозитті айтамын деп уәде бердім. Уәдемде орындағалы тұрмын. Тағы да ескертемін: бұл ұсыныс немесе жарнама емес. Ақпарат ретінде жарияладым.

| Freedom broker-дің ұзақ мерзімге арналған долларлық депозиті бар. Бұл депозит доллармен жылына 6.4% өсім көрсетеді. Мысалы, 1000$-ды 12 айға салсаңыз, 12 айдан кейін +64$ депозитіңізге қосылады. 1000$-ды 3 айға осы депозитке салсаңыз, 3 айдан кейін 11.51$ қосылады.

📍Депозит талаптары:
~ Депозитті ең аз дегенде 1000$-мен аша аласыз
~ Депозит доллармен және еуромен ашылады
~ Мерзімінен бұрын шығарып алу қарастырылған
~ Депозитті 3 ай, 6 ай, 12 айға аша аласыз.

Депозит жайлы толық ақпаратты Freedom broker компаниясының менеджеріне хабарласып біліңіз. Мен бар білгенімді айттым.
Пайдалы болса реакция қалдырыңыз

Қаржылық сауаттылық

22 Jan, 07:32


🤯Қызықтың көкесі енді басталды

🇺🇸АҚШ президенті Дональд Трамп "Stargate" атты жаңа компания құратынын айтты. Оған 500 млрд доллар инвестиция салады. Ол түгелдей жасанды интеллект (AI) және технология саласында жұмыс істейді. Біз өзі қандай ғасырда өмір сүріп жатырмыз?!
Бұл компанияның құрамына ірі технологиялық алпауыт компаниялар бірігеді.

"Stargate" компаниясын құрайтын негізгі 3 компания:
1. OpenAI - жасанды интеллект (ЖИ) саласында зерттеулер мен бағдарламалар жасайтын үздік компания.
2. SoftBank – әлемдегі ең мықты инвестициялық компаниялардың бірі, әсіресе стартаптар мен технологиялық компанияларды дамытуға инвестиция жасайды.
3. Oracle - IT-инфрақұрылымға арналған шешімдер жасаумен айналысады.

| Болашақта бұл компанияға Arm, Microsoft, NVIDIA секілді ірі компаниялар да серіктес болып жұмыс істейді.

~ 2025 жылы жасанды интеллектке инвестиция жасау керек деп "2025 жылы қайда инвестиция жасаған тиімді" сабағында айтқанмын. Айтқаным күн айналмай орындалып жатыр

Қаржылық сауаттылық

21 Jan, 05:30


Алғашқы халал ETF - 🕌🌙

~ Маған "халал акциялар жайлы айтасыз ба", "қандай халал акциялар бар" деген сұрақтар көп келеді. Менің бұл саладан кәсіби білімім болмағасын жауап беруден бас тартамын. Енді ақырын зерттеп, осы тақырып төңірегінде посттар шығарамын.

🇰🇿Қазақстанда алғаш рет халал ITSS ETF-і жарыққа шықты. Бұл ETF толықтай Исламның қатаң қағидаларын ескереді. Тек халал компанияларға инвестиция жасайды.

🔹Бұл ITSS ETF-тің құрамына 30 ірі әлемдік компанияның акциялары кіреді.
Атап айтқанда, Apple, Microsoft, Nvidia және Tesla сияқты әлемдік технологиялық лидерлердің, ExxonMobil және Chevron сияқты мұнай компанияларының, Procter & Gamble және Johnson & Johnson сияқты танымал тұтынушылық тауар өндірушілерінің, сондай-ақ Visa және Mastercard сияқты төлем жүйелерінің және басқа да әлемдік компаниялардың акциялары кірді.

Тикер: ITSS. 1 ETF-тің құны: 10$. Paidax және Freedom broker арқылы сатып ала аласыз.
⚠️Инвестициялық ұсыныс емес.

Қаржылық сауаттылық

20 Jan, 05:30


😍Кішігірім жаңалық

Кітабымның ISBN нөмірі дайын болды. ISBN номер дегеніміз кітаптың халықаралық стандартты нөмірі.

"Инвестор бол" кітабымның баспадан шығуына саусақпен санаулы күндер қалды. Кітап қаржылық сауат, қарыз, инвестиция жайлы. Кітап қалай дайын болады, осы жерге бірден жариялаймын.

Реакция арқылы құттықтасаңыз қуанамын😊

Қаржылық сауаттылық

19 Jan, 06:30


Бәрін бірге сатып ал!
(барынша түсініп оқуға тырысыңыз)

🌏Tesla, Microsoft, Amazon, Apple, Google секілді аузын айға білеген компаниялардың акциясын комбо ретінде сатып алыңыз. Бұл компаниялардың барлығын бірге алу үшін сізге QQQ ETF-ін сатып алу қажет.

~ QQQ ETF-тің құрамында әлемдегі үздік 100 технологиялық компания бар. Сіз осы ETF-ке инвестиция жасасаңыз әлемдегі үздік 100 технологиялық компанияны иеленесіз. Бұл ETF - ұзақ мерзімге инвестиция жасайтындар үшін және технология мен инновация салаларының өсетініне сенетін инвесторлар үшін өте қолайлы.

Мысалы сіз Tesla ($426), Microsoft (429$), Amazon ($225), Apple ($229), Google ($197) компанияларының акцияларын жеке-жеке алсаңыз 1506$ кетеді. Осының бәрін QQQ ETF-і арқылы 521$ ала аласыз. Тиімді ме? Әрине тиімді!

🌱Лайфхак: Tabys қосымшасы арқылы осы компаниялардың барлығын 51$-ға сатып ала аласыз.
Ол үшін табыс қосымшасының ішінде "NASDAQ 100" ETF-ін сатып аласыз. Осылай сіз әлемдегі ең үздік 100 технологиялық компанияның акционері атанасыз.

Қаржылық сауаттылық

18 Jan, 06:45


"Freedom банк шынымен ақша беріп жатыр ма" деген сұрақ көбейді?!
~ Барынша түсіндірейін, сіз түсінуге тырысыңыз

`Freedom өз қолданушыларын арттыру үшін "БАЙ БОЛ" жобасын іске қосты. Freedom өзіне тіркелген әрбір адамға 1000-3000 тг көлемінде кэшбек береді. Бұрын бұл жобаны Yandex, Glovo, Jet секілді компаниялар жасаған. Иә, бұл шын. Мақсаты өз қолданушыларын көбейту

"БАЙ БОЛ" жобасына қалай қатысады:
1. Төмендегі сілтемені басып, телефоныңызға Freedom қосымшасын жүктейсіз
https://freedombank.onelink.me/WNLd/vcfiy05k
(👆🏻осы сілтемемен жүктесеңіз ғана ақша береді)
2. Сілтеме арқылы қосымшаны жүктеп "super card" картасын ашасыз. Ашылғасын 100 теңге саласыз. Сол 100 тг номеріңізге единица қылып қайта аударасыз.
3. Қосымшаға тіркелгеніңіз үшін сізге 1000 тг түседі. Сіз де өз достарыңызды қосымшаға тіркесеңіз, әрбір тіркелген досыңыз үшін 1000 тг кэшбек аласыз. Ол кэшбекті kaspi-ге аудара аласыз.

🙆🏻‍♂️Толық түсіндіңіз деп ойдамын. Түсінбесеңіз, көмек керек болса, қысылмай ватсапқа жазыңыз: wa.me/77473257571

Қаржылық сауаттылық

17 Jan, 05:30


😍Міне жаңалық: Қазақ жігіт Apple компаниясының басшысы болды

| Ақтөбелік Әділхан Қопабаев әлемге әйгілі Apple компаниясының басшылық қызметіне барып жатыр. Әділхан Apple компаниясының Орталық Азия және Армения аймағына басшылық етеді.

~ Мен білсем, Әділхан Apple компаниясында басшылық қызметке тағайындалған тұңғыш қазақ.

Cіздің осы жаңалықты естігендегі реакцияңыз қандай болды? Белгілей кетіңіз⤵️

Қаржылық сауаттылық

16 Jan, 15:10


Бұндай өсімді тек инвестиция арқылы ғана көре аласыз💵

| Графиктен 2024 жылғы қазақстандық компаниялардың өсімін көре аласыз. Байқап тұрғаныңыздай 2024 жылы қазақстандық компаниялар едәуір өсті. 2024 жылы қазақстандық компанияларға инвестиция жасағаныңызда сіздің де капиталыңыз артатын еді.

Centrcredit +120,1%
Kcell +74,84%
Freedom +65,7%
Halyk +53,1%
«Қазақтелеком» +33,0%
«ҚазМұнайГаз» +26,8%
Kaspi +18,7%
Қазатомөнеркәсіп +9,0%
KEGOC 2,8%-ға өсті.

KaztransOil -4,7%
AirAstana -24,9%-ға дейін түсті.

🗓️2025 жылдың алғашқы айынан бастап сіз де инвестиция жасауды қолға алыңыз. Кейін маған рахмет айтасыз. Мен "2025 жылы қайда инвестиция жасаған тиімді" тақырыбында 54 минуттық бейне сабақ жазып қойдым. Сабақты көру үшін осында жазыңыз: @islmbekk
Сабақ ақылы: 1270 тг.

График: Kursiv

Қаржылық сауаттылық

09 Jan, 14:01


Азық-түлік дүкенін ашамын деп бәрі бала кезде армандады ғой иә? 🧀🥩🍎

Walmart Inc. — бөлшек сауда нарығындағы әлемдік көшбасшы.
| Супермаркеттер, гипермаркеттер және дисконт-дүкендер арқылы тауар сатумен айналысады. Адамның күнделікті өміріне қандай заттар керек, соның бәрін сатады.

🔸Walmart - 20 мемлекетте азық-түлік, тұрмыстық тауарлар, киім-кешек және басқа да қажетті өнімдер сатады;
🔸Walmart дәріханалары - дәрі-дәрмек саудалайды;
🔸Walmart - өз жеке маркаларымен де өнім шығарады;
🔸Walmart.com және басқа аймақтық сайттар арқылы әртүрлі тауарларды онлайн сатады.
~ айта берсем көп.....

📉тикері: WMT. 1 жылда акциясы 80%-ға өсті. 1 акциясының құны: $90 (47.000 теңге) шамасында. 3 ай сайын дивиденд те төлейді.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда.

Қаржылық сауаттылық

08 Jan, 06:01


Доллар бағасы түсе ме💵

📨 Соңғы уақытта жекеме осы сұрақ өте көп келіп жүр. Себебі, теңгесін долларға айырбастағысы келетін адамдар саны көбейді. Теңгенің тоқтаусыз құнсыздануы - долларға деген сұранысты кішкене болса да арттырып тұр.

| Доллар бағасы өсетінін / түсетінін болжау үшін жәй ғана тарихи көрсеткішке назар салайық. Теңге 1993 жылдан бастап әр жыл сайын шамамен 9% құнсызданды. 1993 жылы 1 доллар 4.69 теңге болды. Қазір 1 доллар 520 теңге. Айналдырған 32 жылдың ішінде теңгеміз 100%-дан көп құнсызданып кетті.
Графикке назар салыңыз. Жүрегіңіз ауырады💔

`Доллар әр жыл сайын тоқтаусыз өсіп келеді. Теңге тоқтаусыз құнын жоғалтып келеді. Сол үшін де табыстың бір бөлігін долларға айырбастап жинау - дұрыс шешім. Тек долларды кемі 7-8 ай ұстау керек.

🌱Лайфхак: табысыңыздың 5-10%-ын долларға айырбастап, доллармен депозит ашып қойыңыз. Доллар бағамы көтеріледі және депозиттен де қосымша табыс табасыз.

Осы пост 700 реакция жинаса, жылына доллармен 3-5% өсім көрсететін депозитті айтамын.

Қаржылық сауаттылық

07 Jan, 06:30


2025 жылы қай бағытқа көбірек инвестиция жасаймын? 1 бөлім

🗓️Әне-міне дегенше 2025 жылдың алғашқы аптасы зу етіп өте шықты. Туған жеріме келіп, анамның шәйін ішіп, демалып жатырмын. 1 апта бойы зерттеп, биыл қай бағытқа көбірек инвестиция жасайтынымды шештім.

1. Жасанды интеллект. Осы жылы жасанды интеллект саласына көбірек назар қоямын. Себебі, бұл сала әлі де трендте. Әрі 2024 жылы инвестициялық табысымның 60%-ы осы саладан болды.

2. Тоқпен жүретін көліктер нарығы. Мойындасақ та, мойындамасақ та тоқпен жүретін көліктер сұраныста. Жыл өткен сайын тоқ күшімен жүретін көліктер саны артып келеді. Ұзақ мерзімге инвестиция жасағасын, осы бағыт мен үшін ыңғайлы.

3. Шағын компаниялардың акциясы (small-cap). Биыл АҚШ нарығындағы шағын компаниялардың акциясын ETF арқылы иеленемін. Энергетика, банк, медиа, фармацевтика және жасанды интеллект салаларын біріктіретін шағын ETF-ті сатып аламын.

👨🏻‍💻көбірек реакция бассаңыздар, 2-ші бөлімін шығарамын.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес.

Қаржылық сауаттылық

26 Dec, 06:30


1 жыл - қорытынды😍

🗓️Осыдан 1 жыл бұрын ашық портфел жүргізіп бастадым. Ашық портфелді жүргізудегі мақсат: оқырмандарыма инвестиция жасаудың оңай әрі тиімді екенін көрсету және үйрету болған.

🔹1 жыл бойы қандай акциялар, etf-тер алғанымды ашық осы жерге жариялап отырдым. Әр ай сайын ашық портфелімнің көрсеткіштерін де жарияладым. Зымыраған уақыт-ай, 1 жыл өте шықты.

🔹Желтоқсанның 10-ы күні SCHG ETF-ін сатып алдым.
Бұл, АҚШ-тың өсу қарқыны жоғары ірі компанияларына бағытталған ETF. Бұл ETF-тің құрамында: Apple, Microsoft, Alphabet (Google), Amazon т.б акциялар бар.

Қорытынды: ашық портфелімді ашқаныма 1 жыл.
~Портфелім теңгемен: 27.3%
~Доллармен: 29.2%-ға өсіп тұр.
Мақсат: 1 жылда теңгемен 20%, доллармен 12% өсім көру болған. Қойған мақсатты асыра орындадым!

Қаржылық сауаттылық

25 Dec, 06:30


Жаңа брокер - Paidax😍

Paidax - жаңадан ашылған брокер. Астана Халықаралық Қаржы Орталығынан (AIFC) ресми түрде лицензиясы бар. Акция сатуға ресми құжаты да бар. Бір сөзбен айтқанда, акция сатып алатын қосымша.

~ Бұл брокермен жақында ғана таныстым. Paidax арқылы шетелдік акцияларды ғана сатып алуға болады. Мысалы, apple, nike, tesla, microsoft т.б танымал компаниялардың акциясын саудалайды.

Paidax-тың өзге брокерлерден артықшылығы:
🔹комиссия төмен (100$-ға дейін 0%)
🔹бағдарламасына тіркелген әрбір инвесторға, $50 сыйға береді. (қолданушы жинау үшін деп ойлаймын)
🔹шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді;
🔹қосымшасын әлеуметтік желі ретінде де пайдалануға болады.
🔹Қазақ тілінде де қолдануға болады. Бағдарламаны қазақ балалары жасаған.

Кемшілігі:
🔸Ақшаны шоттан шығарғанда 1-3 күн күту керек;
🔸Бағдарламасына тіркелу үшін код керек. (осы код арқылы тіркеле аласыз: ISLM);
🔸Қазақстандық акциялар сатылмайды.

⚠️Бұл жарнамалық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияладым. Тіркелу, тіркелмеу өз еркіңізде

Қаржылық сауаттылық

24 Dec, 12:08


Қазір төлемді тек осы 2 картамен жасаймын 💵💳

⚠️Бұл жарнама немесе ұсыныс емес. Өзім қолданатын карталарға шынайы шолу жасадым.

1. bcc - #картакарта картасы.
Бұл карта арқылы төлем жасағанда әр төлемнен 5-10% кэшбек (сыйақы) аламын. Мысалы, алдыңғы айда 300.000 теңгені осы картамен жұмсадым. Маған 15.000 тг кэшбек берді.
| әр айдың 1-і күні 7 санаттың 3-ін таңдайсың. Сол санаттарға арналған кэшбек болады. Мысалы, киім-кешекке 7%, супермаркетке 5% т.б. Мен киім алсам, жұмсаған қаржымның 7%-ы өзіме қайта түседі. Бұл өте тиімді.
| Бұл картаны bcc бөлімшесіне жарып аштырдым.

2. Freedom-ның (кез келген) картасы.
Freedom карта арқылы төлем жасағанда 2% кэшбек төлейді. Кэшбек freedom-ның цифрлық теңгесі арқылы түседі. Ол цифрлық теңге - freedom-ның акциясына жалғанған. Яғни, акциясы өссе, сіздің де кэшбегіңіз арта береді. Бұл супер шешім. Қазір депозиттен де тиімді болып тұр.
| Бұл картаны онлайн freedom superapp қосымшасы арқылы аштым.
| Freedom-да қосымша өте көп.
Кэшбек беретін қосымшасы осы: https://freedombank.onelink.me/WNLd/uz2i1pgc

❗️Екі картаны да apple pay-ге жалғап қойдым. Қазір кез келген жерге барсаңыз, сізге kaspi-ден төлем жаса дейді. Мен ол кісілерге “POS терминал бере аласыз ба” деймін. Сөйтіп, apple pay арқылы төлем жасап кетемін.
❗️Кей жерлерде тек қана “каспий перевод” деп тұрса, осы екі картадағы өзіме қажет ақшаны kaspi-ге аудара қоямын. Пайызсыз аударылады.

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

22 Dec, 06:30


Жаңа жылға сыйлық🎅🏼🎄🎁

"Қаржылық сауаттылық" арнасын ашқаныма 1 жыл болды. Жаңа жыл да жақындап қалды. Осы екі мерекенің құрметіне мен өз оқырмандарыма сыйлық дайындадым.

💚Сыйлық: арнайы ақша жинақтауға арналған блокноттар (суреттегі) және компанияның акциясын сыйлаймын.

Сыйлықты ұтып алу үшін:
1️⃣. Осы арна жайлы айтып, өзіңіздің әлеуметтік желіге жазба немесе видео жариялау (instagram stories, telegram пост);
2️⃣. Сол жазбаның астына https://t.me/qarjysayaty cілтемесін белгілеу; (сілтемені басқанда арнаға өту керек);
2 шартты орындағасын, өз жұмысыңызды суретке түсіріп (скриншот) мына акаундқа жіберіңіз: @islmbekk

🗓️Жеңімпазды 29-ы күні 15:00-де анықтап, осы посттың пікір бөліміне жариялаймын!

Қаржылық сауаттылық

21 Dec, 06:30


Қандай депозит тиімді?

Депозиттің тиімсізі болмайды. Әркім өз арманына, уақытына, мақсатына сай депозит таңдауы керек. Әмбебап, бәріне келе беретін тиімді депозит жоқ.

1️⃣. Қолыңызда бос қаржы болса, оны 1-5 ай көлемінде пайдаланатын болсаңыз, кез келген қарапайым депозитке сала беріңіз. Себебі, сіз ол қаржыны жақын арада пайдаланасыз. Сізге депозиттегі қаржыны алып-салу қолжетімді болу керек.

2️⃣. Қолыңыздағы бос қаржыны 6 ай-1 жыл көлемінде пайдаланбасаңыз, жинақтаушы депозитке салыңыз. Яғни, жинақтаушы депозитке саласыз, 6 ай-1 жыл көлемінде қаржыны шеше алмайсыз. Жинақтаушы депозиттің пайызы, қарапайым депозиттен әрдайым жоғары болады.

3️⃣. Қаржыңызды үйге, көлікке деп жинасаңыз, мерзімді депозиттерді таңдасаңыз. Яғни, қаржыны салуға болады, мерзімі жетпей ала алмайсыз. Мерзімі жетпей алған жағдайда, үстіндегі пайыз төмендейді.

4️⃣. Баланың біліміне, болашағына қаржы жинағыңыз келсе "ақыл" және келер жылы іске қосылатын "келешек" депозиттерін қарастырсаңыз болады. Бұл депозиттердің өсімі әдеттегі депозиттерден жоғары болады.

😊Сізде қандай депозит бар?

Қаржылық сауаттылық

20 Dec, 08:30


Түбіртек (чек) тіркеп, ақша ал💵

🔸Amian қосымшасы арқылы фискалды түбіртекті тіркеп, ақша ала аласыз. Күнде зат сатып алғанда, фискалды түбіртекті дүкеннен талап етіңіз. Сол түбіртекті amian қосымшасына тіркеп, 1-10% көлемінде кэшбек (ақша) аласыз. Кейін ол кэшбекті картаңызға ақша ретінде аударып жіберсеңіз де болады.

"Бұл не қылған батпан құйрық" деп ойлап тұрсыз ғой?! Бұл қосымша, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе жұмыс істейді. Яғни, сіз дүкеннен фискалды түбіртекті талап етсеңіз, ол дүкен фискалды түбіртекті сізге беруге міндетті. Егер бермесе, ол дүкен өз табысын салық оргондарынан жасырып отыруы әбден мүмкін. Сіз түбіртекті талап ету арқылы дүкенді заңды жұмыс істеуге итермелейсіз.

| "Amian" қосымшасын play market, app store-ден жүктеп ала аласыз. Бұл қосымшаға тек фискалды түбіртекті тіркей аласыз. Кассалық түбіртек пен фискалды түбіртекті шатастырмаңыз. Екеуі екі бөлек түбіртек.
Жобаның ресми сайты: https://amian1.kz/

©️https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

14 Dec, 06:30


Акциясы 1 жылда 43% өскен компания

AT&T (тикер: T) – бұл телекоммуникация және медиа саласындағы әлемдегі ең ірі және танымал компания. AT&T АҚШ-тың телекоммуникация нарығында маңызды ойыншы.
~ Қарапайым тілмен айтқанда, бұл компания - адамдардың бір - бірімен онлайн байланысуына, интернетке қосылуына және онлайн ойын-сауық көруіне мүмкіндік береді. Біздегі, қазақтелеком, билайн, актив секілді компания ғой.

💵AT&T компаниясы дивиденд төлейтін акция ретінде танымал. Бұл компания әрбір 3 ай сайын дивиденд төлейді. 1 жыл ішінде акциясы (доллар) 40% өскен.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда.

Қаржылық сауаттылық

13 Dec, 05:30


Несие алудан ерікті түрде бас тарта аласыз

E.Gov мобильді қосымшасының алғашқы бетіне "несиені тоқтату" батырмасы шықты. Сіз осы батырманы басып, несие алудан ерікті түрде бас тарта аласыз.

🔹Несие алудан ерікті түрде бас тартсаңыз, сіздің атыңыздан өзге адам несие ала алмайды. Бұл қызмет - қаржы алаяқтарының жолын кеседі. Яғни, сіздің атыңызды жамылып, алаяқтар несие рәсімдей алмайды.

| Кейбір адамдар несиеге әбден тәуелді болып қалады. Яғни, ойланбай несиені ала береді. Осындай адамдар үшін де таптырмас қызмет деп ойлаймын.

⚠️пайдалы ақпарат деп танысаңыз, жақындарыңызға жіберіп, бөлісіп қойыңыздар!

©️https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

06 Dec, 06:30


қиялға ерік берейік 😁
💭егер қаржы құралдары сөйлесе:

Кредит: маған кірсең оңдырмаймын, тыныш жүр
Бөліп төлеу: мен пайызды ешкім көрмесін деп қойыныма тығып алдым
Инфляция: қарнымның ашқаны, қадіріңнің қашқаны
Депозит: мен сенің ақшаңды өсіріп бере алмаймын, бірақ инфляцияға 1-1 тұрып берейін
Алтын: кез келген дағдарысты жекпе-жекке шақырамын
Қолма-қол ақша: инфляция қанымды ішті. Енді көтерілдім ба дегенде.....
Трейдинг: ақша жоғалтып, депрессияға түскің келе ма?! 9990 теңгеге курс сатам.
Инвестиция: болашағын жарқын қылғысы келетін жандар қайдасыңдар? Шыдамсыздар әрі кетіңдер, сабырлы жандар бері келіңдер!

🌱 https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

05 Dec, 10:02


Менің қаржылық әдеттерім:

1. Үлкен суммада зат сатып алуды алдын-ала жоспарлаймын.
2. Айына 1 рет инвестиция жасаймын.
3. Экономикаға байланысты жаңалықтарды әрқашан бақылап жүремін.
4. Табысымның 1 бөлігін ылғи да жинақтаймын.
5. Табыс түсетін жерді 5-тен төмендетпеуге тырысамын. Бірі азайса, екіншісінен көбірек табыс табуға талпынамын.
6. Қаржы, инвестиция тақырыбында айына 1 кітап болса да оқимын.
7. Кіріс-шығыс есебін жүргіземін. Қолмен жазбаймын. Барлық банк карталарымды monefy қосымшасына жалғап қойдым. Ол өзі есептеп шығарып береді.
8. Білім саласына қайырымдылық жасағанды жөн көремін.
9. Жинақтаған қаржымды құнсызданудан сақтау үшін әртүрлі активтерге әртараптандырамын.
10. Қарыз, несие, бөліп төлеу т.б қарыз түрлерін мүлде қолданбаймын.

Бұл әдеттерді қалыптастыру оңай болмады. Кейде бұл әдеттер бұзылып та кетеді. Ең бастысы: қарызға кірмей - өз табысыңа сай өмір сүреу.

Қаржылық сауаттылық

04 Dec, 05:30


«Әлемде тез табысқа жеткісі келетін инвесторлар көп, бірақ олар ұзақ мерзімді стратегия таңдаған шыдамды инвестор сияқты көп табысқа жете алмайды».

~Уоррен Баффет

Қаржылық сауаттылық

03 Dec, 14:00


Қазір тұрып жатқан үйім, Сарыарқа базарына жақын. Азық-түлік алуға базарға барамыз. Соңғы уақытта базардан бір дүниені байқап жүрмін: сауданы қолма-қол ақшаға жасасаң, заттың бағасын түсіреді. Егер, банк қосымшасы арқылы аударым жасасаң, заттың бағасын өсіріп айтады.

Себебін сұрап көріп едім, алған жауабым:
"қазір адамдардың 90%-ы банк қосымшалары арқылы төлем жасайды. Біз ол ақшаны шешіп алғанда банкомат бізден пайыз алады. Біз сол пайызды өз қалтамыздан төлемес үшін, заттың бағасына қосып сатуымызға тура келеді" дейді.

| Бұл қазір барлық жерде бар. Гажеттерді де қолма-қол ақшаға алсаң, едәуір бағаға төмен аласың. Мысалы, жақында кәсібіме жеке смартфон керек болып, нарықты зерттедім. Сонда мынадай баға өзгерісін байқадым. Мен алғалы тұрған смартфон 200.000 теңге көлемінде. Әр жерде әртүрлі баға ұсынды:
1. Техникалық маркеттерде (Sulpak, Alser) - 265.000+ теңге.
2. Маркетплейстерде (kaspi) - 245.000 - 260.000 теңге.
3. Шағын техника сататын дүкендерде:
🔸қолма-қол ақшаға алсаң: 199.950 теңге
🔸 несие, бөліп төлеуге алсаң: 245 000+

📍Байқап тұрғаныңыздай, үлкен қаржыны талап ететін заттарға қаржыны жинап алған дұрыс. Егер қаржыны жинамай несиеге немесе бөліп төлеуге алсаңыз, банк пайызын және саудагердің де пайызын сіз төлейсіз. Кей жерлерде инфляция мөлшерін де заттың құнына қосып жібереді.
Қарапайым азық-түліктің өзіне баға қосқанда, техникалық тауарларға шамадан тыс баға қосады.

Қандай зат алсаңыз да, нарықты толық зерттеп, есептеп алыңыз. Алатын затыңызды алдын-ала жоспарлап, соған қаржы жинасаңыз, затты өз құнында ала аласыз. Жылдап несиені төлегеннен, айлап ақша жинаған дұрыс.

Қаржылық сауаттылық

02 Dec, 06:30


Менің смартфонымда қаржыға байланысты 14 бағдарлама бар екен

~ Осы 14 бағдарламаны не үшін пайдаланатыныма тоқталайын:

1. Baraka - халал акцияларды зерттеуге арналған бағдарлама.
2. bcc.kz - төлем жасау үшін пайдаланамын.
3. Freedom SuperApp - Freedom-ның цифрлық валютасы үшін қолданамын.
4. Freedom broker - брокерлік қызметін пайдаланамын.
5. Halyk - әртүрлі мақсатта пайдаланамын.
6. Islamicly - халал инвестиция бағыты бойынша пайдаланамын.
7. Jusan - әртүрлі мақсатта пайдаланамын.
8. Kaspi pay - кәсібім үшін пайдаланамын.
9. Kaspi.kz - төлем жасау үшін пайдаланамын.
10. Monefy - кіріс - шығыс есебімді жүргіземін.
11. Otbasy bank - пайдаланбаймын. Бұрын жазып алғам.
12. Paidax - Қазақстанда жаңадан ашылған брокер. Шот аштым, келер жылы осы брокермен инвестиция жасап көремін.
13. Tabys - бұрын пайдаландым. Қазір көп пайдаланбаймын.
14. Wallet - apple pay-ге өз карталарымды жалғап, әртүрлі төлемдерді жасаймын.

Қаржылық сауаттылық

01 Dec, 06:35


Тырнақты алып, шашыңызды жиі жуып жүрсіз бе?

Procter & Gamble компаниясы адамдар күнделікті тұтынатын тауарларды шығарады. Компанияның шығаратын өнімдері жеке күтім, денсаулық, үй тазалығы және азық-түлік саласындағы тауарларды қамтиды.

📍Procter & Gamble компаниясы шығаратын танымал өнімдер:
Pantene – Шаш күтіміне арналған шампуньдар мен бальзамдар.
Gillette – Ерлерге арналған ұстаралар мен басқа да күтім құралдары.
Oral-B – Тіс пасталары мен электр тіс щеткалары.
Tide, Ariel – Киім жууға арналған өнімдер.
Fairy – Ыдыс жууға арналған сұйықтықтар.
Pampers – Жөргектер және балаларға арналған тазалау құралдары.

🛡️Procter & Gamble компаниясының акциясы қорғаныс акциялары құрамына кіреді. Қорғаныс акциясы (defensive stocks) – бұл нарықтың ырқына көнбейтін, тұрақты кіріс әкелетін компаниялар акциясы.
~ Procter & Gamble компаниясының акциясы 1 жылда 20.59%-ға өсті. Компания дивиденд төлейді.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда.

Қаржылық сауаттылық

30 Nov, 14:01


Байлық - жылдар бойы қайталанған дұрыс қаржылық әдеттердің нәтижесі. Кайдзеннің мына алтын ережесін ұмытпайық: "Жылдам - бұл баяу, бірақ тұрақты түрде істелетін іс". Байлыққа тез жетудің жолы болса, ол - дұрыс қаржылық әдеттерді тұрақты түрде қайталай беру.

🔹Дұрыс қаржылық әдеттерге үнемдеу, тапқаныңнан аз жарату, кіріс-шығыс есебін жүргізу, қолыңда жоқ ақшаға зат сатып алмау (несие, бөліп төлеу арқылы), табысыңды арттыру жолдарын үнемі ойлау, брокерлік шотқа ақшаның бір бөлігін үнемі салып отыру, акцияларды арзан кезінде сатып алу және қымбаттаған кезінде сату т.б жатады.

~ Д.Жігітбек

#қаржысауаттылығы

Қаржылық сауаттылық

29 Nov, 05:30


Көп адам білмейді екен🤫

Менің екінші telegram арнам бар. Ол ақылы.
Мен ол жақта инвестицияға байланысты сабақтар өтіп, өзімнің жасаған инвестицияларымды сонда жариялаймын.

Ол арнаға кімнің қосылғаны тиімді?
~ Менің тегін 12 сабағымды көріп, инвестицияны бастаған адамның қосылғаны дұрыс. Себебі, мен ол жақта инвестицияны тереңірек түсіндіремін.
📍"ақылды инвестор" арнасының "қаржылық сауаттылық" арнасынан басты айырмашылығы: ол жақта бейне сабақтар өтемін. Инвестицияны тереңірек түсінуге арналған жазбалар жариялаймын.

| бұл ақылы арна, курс емес. Бұл арна тұрақты түрде жүріп тұрады. Яғни, курс сияқты аяқталып қалмайды. Инвестицияны тереңірек меңгергіңіз келсе, арнаға тіркеліп алуға кеңес беремін.

Арнаға тіркелу құны: 5.990. Әрбір 100 адам қосылған сайын, 1000 теңгеге қымбаттайды.
Тіркелу үшін мына аккаунтқа жазыңыз: @islmbekk

Қаржылық сауаттылық

28 Nov, 10:01


Ақшаны жұмсап жүріп, ақша жинау💵
(өте пайдалы. соңына дейін мұқият оқыңыз)

Мүлде ақша жинай алмаймын, ақшаны жұмсап қоя беремін дейтін адамдар көп. Әр адам орташа есеппен айына кемі 150-300 мың теңге ақша жұмсайды. Ақшаны жұмсап жүріп те, кэшбек арқылы ақша жинауға болады.
~ Төлемді ылғи да kaspi аударыммен жасай бермей, кэшбек беретін карталармен, apple pay немесе google pay арқылы төлем жасап, кэшбек жинаған дұрыс.
Сіз бәрібір де сол қаржыны жұмсайсыз, жұмсаған қаржыңыздан көбірек кэшбек алуға тырысыңыз.

💳Кэшбек жинаудың әртүрлі нұсқалары бар. BCC,Home Credit Bank, Halyk Bank, Jusan Bank қолданбалары арқылы айына 5-20% көлемінде кэшбек жинауға болады. Мысалы, BCC банктің картасы арқылы айына 7-10% кэшбек ала аласыз. Айына 200.000 теңге жұмсасаңыз, оның 14-20 мың теңгесі өзіңізге кэшбек болып қайта түседі. Ол жылына шамамен 160-200 мың теңге болады. Депозиттердің өзі сізге бұндай өсім бермейді.

Әрбір қолданбаның өзіне тән ерекшеліктері бар:
🔸Жанармай бекеттерінде бензин құйғанда Halyk QR немесе Home Credit Bank картасы арқылы төлеген дұрыс. 5-7% кэшбек аласыз.
🔸Маркетплейстен зат алсаңыз, ең жоғары кэшбекті halyk және jusan банк ұсынады. Шамамен 15-20%. Затты алмас бұрын барлық маркетплейстен бағаны салыстырып, тиімдісін алған жөн. Егер баға екі жақта да бірдей болса, кэшбекті көп беретініне жүгініңіз.
🔸Онлайн такси шақырсаңыз, jusan және freedom, bcc картасы арқылы төлем жасауға кеңес беремін. 5-7% кэшбек аласыз. BCC картасы арқылы әртүрлі санаттардан да кэшбек алуға болады. Мысалы, киім, мейрамхана, супермаркет т.б.
🔸Айына бір рет әртүрлі банктердің кэшбек төлеу ұсыныстарын қарап тұрыңыз. Кейде 30-35% кэшбек ұсынатын уақыттар да болады.

Бұл кэшбектерді қалай жаратуға болады?
Өзіңізге ақша ретінде аударып алсаңыз да болады. Ең тиімдісі: жиналған кэшбекті инвестицияға құю. Әртүрлі активтерді сатып алуға пайдаланған дұрыс. Акция, облигация, алтын, күміс сатып алып отырыңыз. Мысалы, freedom карталары арқылы сауда жасасаңыз, сізге freedom валютасын сыйға береді. Сіз сол валютаны инвестиция жасауға пайдалана аласыз.
Сол сәтте сіз ақшаны жұмсап жүріп, инвестициялық капитал жинақтайсыз. Ол капитал кейін сізге пассивті табыс әкеледі.

#қаржысауаттылығы
©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

27 Nov, 05:01


💰Ең көп табыс беретін ТОП 5 депозит

5. Halyk Вank
"Барынша жоғары" депозиті. 17% жылдық мөлшерлеме. Ең кемі 6 айға ашуға болады.
Ақшаны шешу және толтыру мүмкін емес. Ең аз толтыру суммасы - 15.000 теңге.

4. Altyn Bank
"Резерв" депозиті. 17,2% жылдық мөлшерлеме. Ең кемі 6 айға ашуға болады.
Ақшаны шешу және толтыру мүмкін емес. Ең аз толтыру суммасы - 15.000 теңге.

3. Freedom Bank
"Капитал" депозиті. 17,5% жылдық мөлшерлеме.
Ақшаны шешу және толтыпу мүмкін емес. Ең аз толтыру суммасы - 15.000 теңге. Ең азы 6 айға ашуға болады.

2. Home Credit Bank
"Сберегательный акционный" депозиті. 17,6% жылдық мөлшерлеме. Ең кемі 6 айға ашуға болады. Ақшаны шешу және толықтыру мүмкін емес. Ең аз толтыру суммасы - 100.000 теңге.

1. Евразийский банк
"TURBO" депозиті. 18% жылдық мөлшерлеме. Ең кемі 6 айға ашуға болады. Ақшаны шешу және толықтыру мүмкін емес. Ең аз толтыру суммасы - 1.000.000 теңге.

⚠️Мәліметті әр банктің ресми сайтынан алдым. Депозиттің шарттары мен пайыздары өзгеріп тұрады. Депозит ашпас бұрын, депозиттің шарттарыммен мұқият танысыңыз.

Қаржылық сауаттылық

26 Nov, 05:01


Биыл жеке портфелімде қандай акциялар мен ETF-тер өте жақсы өсті

~ Жеке портфелімді жүргізгеніме 3 жыл 2 ай өтті. 3 жыл 2 айдан бері ай сайын үздіксіз инвестиция жасадым. Биыл портфелімде өте жақсы өскен акциялар мен ETF-тер:

🔹Palantir Technologies (PLTR) - бұл деректерді талдау платформаларын әзірлеумен және сатумен айналысатын технологиялық компания. Акциясы 1 жыл ішінде 235%-ға өсті. Портфелімдегі үлесі 4.7%.
🔹XLU – бұл коммуналдық қызметтер саласына бағытталған ETF. Бағасы 1 жыл ішінде 30%-ға жуық өсті. Портфелімдегі үлесі 8%.
🔹VIG – бұл дивидендтерін тұрақты өсіріп келе жатқан компанияларға инвестиция жасайтын ETF. Бағасы 1 жыл ішінде 23% өсті. Портфелімдегі үлесі 11%.
🔹Halyk Bank – Қазақстандағы ең ірі және жетекші қаржы ұйымдарының бірі. Акциясы 1 жыл ішінде 48%-ға өсті. Портфелімдегі үлесі 8%.

🌱Жеке портфеліме қандай акциялар сатып алғанымды ақылы "ақылды инвестор" телеграм арнама жариялап отырамын.

⚠️бұл инвестициялық ұсыныс емес.

Қаржылық сауаттылық

25 Nov, 07:59


Телеграм арнамның ашылғанына 1 жыл болды😍

| 2023 жылы 25 қараша күні "қаржылық сауаттылық" телеграм арнамды аштым. 1 жыл ішінде 29 000-ға жуық оқырман арнама қосылды. 1 жылда 297 жазба жарияладым. Бұл жазбаның барлығы қаржы сауаттылығы мен инвестицияға негізделген.

~ Арнама қосылған оқырманның ниетін түсінемін: қаржы сауаттылығын арттырып, қарыздан құтылып, сауатты инвестиция жасағысы келеді.
Осы жауапкершілікті сезініп, тегін 12 сабақ өттім арнамда. 12 сабақты көру

📍арнамдағы тегін 12 сабақты оқып, инвестиция бастап кеткен оқырмандар өте көп. Әлі де бұл telegram арнама қаржы сауаттылығы және инвестиция бойынша ақпараттар жариялап тұрамын.

😊Мені және менің telegram арнамды құттықтап, реакция басып кетіңіздер

Қаржылық сауаттылық

11 Nov, 05:30


Соңғы рет қандай кітап оқыдым

Өзім кітап жазып жүрсем де, кітап оқуды тоқтатпадым. Соңғы рет "Моя дочь миллионер" кітабын оқыдым.

👨🏻‍💻Кітап автордың жеке тәжірибесіне негізделген.
Автор өз қызының кішкентай кезінен бастап, қызының болашағы үшін инвестиция жасайды.

💵Автор айына 100$ инвестиция жасап, қалай баланың болашағына қаржы жинауға болатынын нақты көрсеткен.
Қайда инвестициялап жатқанын, қандай құралдарды таңдағанын, қалай дағдарыстың алдын алғанын бәрін де осы кітапта жазған.
Сол үшін де кітап өте пайдалы

⚠️Кітапты меломаннан сатып алдым.

Қаржылық сауаттылық

10 Nov, 10:01


"Инвестор бол" кітабы қашан шығады

Менің 6 айдан бері "инвестор бол" кітабын жазып жүргенімді білесіздер. Ол қазақ тіліндегі инвестиция жайлы алғашқы кітаптың бірі болмақ. Кітап толық аяқталды. 200 бет болды.

✒️Кітаптың орфографиялық қатесін түзеу үшін кәсіби маманға жібердім. Қатесін жөндеп біткесін, ішкі дизайнын жасап, кітапты баспаға жөнелтеміз.

😍Кітап шыққан күні осы жерге жазба жариялаймын!
Мені қолдап, 1-1 реакциядан атыңыздар

Қаржылық сауаттылық

09 Nov, 10:01


🌱🏭Republic Services Inc. — қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын компания. Бұл компания тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және қайта өңдеу қызметтерін ұсынады.

Компания 1996 жылы құрылған.
Қызметкерлер саны: шамамен 36 000.

Компания ұсынатын қызмет түрлері:
🔹Қалдықтарды жинау және тасымалдау
🔹Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу
🔹Энергия өндіру (қалдықтарды энергияға айналдыру)

| Компания акциясын осыдан 2 жыл бұрын жеке портфеліме қостым. Ол кезде 1 акциясы 120$ болған. Дивиденд те төледі.

📍Жыл басында (2024) акция бағасы 164$ болса, қазір 200$. Жыл басынан компания 21% өсім көрсетті.
Тикер: RSG

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда. Тәуекел мен табыс бірге жүретінін ұмытпаңыз.

Қаржылық сауаттылық

08 Nov, 10:01


Ашық портфелімнің қазіргі жәй-күйі қандай

Ашық портфелімді ашқаныма 10 айдан асты.
~Портфелім теңгемен: 25.7%
~Доллармен: 23.2%-ға өсіп тұр.

Портфеліме 1 акция, 1 ETF қостым
🔸Акция: Kaspi. Жақында kaspi компаниясының бағасы төмендеді. Сол сәтте kaspi компаниясының акциясын ашық портфелге қостым.
🔸ETF: VIG. Бұл АҚШ-та дивидендтерін тұрақты түрде арттырып отыратын компаниялардың акцияларына инвестиция жасайтын қор.

~ қосымша: теңгемен жылына 20% өсім беретін облигацияны да портфеліме қостым.

🗓️Ашық портфелді ашқаныма жақында 1 жыл болады.
Ашудағы мақсат: Оқырмандарыма инвестиция жасаудың оңай әрі тиімді екенін көрсету және үйрету.
Мақсат: 1 жылда теңгемен 20%, доллармен 12% өсім көру болған. 1 жыл өтпей орындадым

Қаржылық сауаттылық

07 Nov, 05:30


Жаман жаңалық – инвестордың ең жақын досы. Бұл акцияны жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді

🙋🏻‍♂️нарықтағы нашар жаңалықты акция сатып үшін сәтті пайдаланғандар қол көтерейік!

📍Сіз әлі де акция сатып алуды үйрене алмай жүрсеңіз, осы telegram арнамда тегін 12 сабақ бар. Көріңіз, үйреніп алыңыз. Сабақтарға өту үшін батырманы басыңыз⤵️
тегін сабақтарды көру

Қаржылық сауаттылық

06 Nov, 05:30


Дивиденд😍

🔸Жыл басынан бері қазақстандық компаниялардың төлеген дивидендтерін суреттен көре аласыз!

📍Сіз акция сатып алғанда, компанияның бір бөлігін сатып аласыз. Сіз компанияның бір бөлігін сатып алғасын, оның тапқан табысының да бір бөлігін алуға құқылысыз.
🌱Сіз акцияны сатып алғаныңыз үшін, компания өз табысының бір бөлігін сізге береді. Осы төлемді дивиденд деп атаймыз!

Мысалы, менде Қазатомпром компаниясының 73 акциясы бар. Маған Қазатомпром компаниясы 1 акциясы үшін 1213 теңге дивиденд төледі. 73 акцияма 88 549 теңге дивиденд түсті.
📍Пассивті табыс деп осыны айтамыз!

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

05 Nov, 05:23


Кімнің қайда инвестиция жасағаны дұрыс?

📍Әр адам инвестиция жасамас бұрын өзінің инвестициялық стратегиясын бекітіп алу керек. Мысалы, менің стратегиям - ұзақ мерзімге негізделген. Мақсатым: 45 жасқа дейін капитал жинау. Мен осы мақсатыма сай өз портфелімді жинаймын.

| Мақсат әр адамда әртүрлі болады. Біреу үйлену үшін қаржы жинауы мүмкін, біреу үй алу үшін. Енді бірі болашағы үшін. Сол үшін әркім әртүрлі инвестициялық портфел жинақтайды.

Инвестициялық стратегияны құру үшін сіздің мінез-құлқыңыз, мақсатыңыз және жасыңыз маңызды:
👵Сіз зейнет жасына жақындаған болсаңыз, сіздің портфеліңіз облигация және алтын т.б өте тұрақты құралдардан тұруы керек.
👨🏻‍💻Сіз жас әрі сабырлы болсаңыз, портфеліңіздің басым бөлігі акциядан тұрғаны дұрыс.
👨🏻Сіз тәуекелге барғыш, ақшаңызды жоғалтудан қорықпасаңыз, енді өсіп келе жатырған компанияларға, стартаптарға инвестиция жасаңыз.
👩🏻‍🏫Сіз консервативті адам болсаңыз, тәуекелге баруға қорықсаңыз, сізге қорғаныс активтеріне инвестиция жасау керек. Алтын, кор т.б.

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

03 Nov, 13:07


Депозиттен 3 есе көп😍

🏦Халық банктің акциясы соңғы 1 жыл ішінде 47% өсті.
| Депозит 1 жыл ішінде 14% ғана өсім береді. Салыстырмалы түрде, акция өсімі депозиттен 3 есе көп.

• Халық банк - Қазақстанның ең ірі қаржы ұйымы саналады. Әрі қорындағы ең көп қаржысы бар банктің бірі де осы - халық банк. Оның қаржылық тұрақтылығы акция бағасына оң әсер етіп жатыр🙌.

Қазір халық банктің 1 акциясының бағасы: 220 теңге.
Маусым айында 1 акциясы үшін 25 теңге дивиденд төледі.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияладым. Сатып алу, сату өз құзырыңызда. Тәуекел мен табыс бірге жүретінін ұмытпаңыз.

Қаржылық сауаттылық

02 Nov, 09:32


💵👨🏻‍💻Қаржы сауаттылығы бар адамның әдеттері:

1. Табысының бір бөлігін жинайды. Табысы түскен күні бір бөлігін міндетті түрде жинақтайды.
2. Шығыны табысынан асып түспейді. 200.000 теңге табыс тапса, 180.000-ға өмір сүреді.
3. Үлкен сатылымдарды алдын-ала жоспарлайды. Яғни, смартфон, машина алмас бұрын, қаржыны жинақтап, дайындалады. Айлап қаржы жинайды, жылдап несие төлемес үшін.
4. Кіріс және шығыс есебін жүргізеді.
5. Инвестиция жасайды. Жинақтаған қаржысына инвестиция жасайды.
6. Эмоциямен сатып алмайды. Заттарды эмоциямен сатып алмайды, өзіне нақты не қажет, соны сатып алады.
7. Салық төлейді. Салық жүйесін түсінгесін, салық төлеудің маңызын түсінгесін, салық төлейді.
8. Саяхаттайды, қаржылық білім алады. Экономикалық жаңалықтарды ылғи да бақылап отырады.
9. Кредит, бөліп төлеу, тұтынушылық несиеге жоламайды.
10. Қайырымдылық жасайды.

Сіздің бойыңызда осы 10 қаржылық әдеттің қайысысы бар

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

21 Oct, 08:13


💵🗓️Инвестицияны 2019 жылы бастадым

Ең алғаш 1000 теңгеге инвестиция жасап бастағам. Кейіннен, қаржылық әдет қалыптастырдым. Табысымның 10%-на тұрақты түрде инвестиция жасаймын деген. Әдет қалыптасты. Солай портфелім ақырын-ақырын ұлғая берді.

Менің мақсатым: 45 жасқа дейін капитал жинақтау. Яғни, ұзақ мерзімді инвестиция. Мені нарықтағы жағдайлар қатты алаңдатпайды. Себебі, менің инвестициялық стилім: ұзақ мерзімді.

😔 Өте көп бастаушы инвесторларды көремін. Инвестицияны қарыз жабу немесе тез табыс табу құралы ретінде көргісі келеді. Ол өте қате түсінік.
Себебі, инвестиция ұзақ мерзімде ақшаны сақтау және ұлғайту құралы. Егер, 1-2 айда табыс табамын, табысымды ұлғайтамын деп инвестиция жасасаңыз, бұл мүмкін емес.

📍Инвестиция тұрақтылық, шыдамдылық, сабырлы болуды талап етеді.
🔸Егер күте алмасаңыз, сабырсыз, шыдамсыз болсаңыз, сізге ИНВЕСТИЦИЯ жасап қажет емес.

Инвестиция бойынша ТЕГІН 12 сабақты оқыңыз. Ол үшін мына сілтемені басыңыз👇
https://t.me/qarjysayaty/134

Қаржылық сауаттылық

19 Oct, 06:44


Kaspi.kz акциясы 1 күнде 7.78%-ға өсті📈

- Кеше kaspi.kz Түркияның ең беделді маркетплейсі Hepsiburada-ның 65%-ын сатып алды. Сол себепті kaspi.kz-тің акциясы 1 күнде өсіп шыға келді.

🇹🇷 Hepsiburada - Түркияның ең беделді маркетплейсі. 2023 жылы 12 миллион жеке сатып алушыға, 100 мың серіктес-дүкендерге қызмет көрсеткен. Осы жаңалықтан кейін Hepsiburada акциялары да 1 күнде 60% өсті🤯

🔸2024 жылы Kaspi.kz-тің дүкенін 9 айда 7,8 миллион тұтынушы пайдаланған. Бұл Қазақстан ішінде. Енді Түркия қосылса, Kaspi компаниясының пайдасы да, капиталы да артқалы тұр.

_Кеше осы жаңалықты естіген бойда, нарық ашылмай тұрып "ақылды инвестор" ақылы телеграм арнамда kaspi.kz-тің өсетінін айттым. Сәйкесінше өсті.

⚠️Инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда. Тәуекел мен табыс бірге жүретінін ұмытпаңыз.

Қаржылық сауаттылық

18 Oct, 05:02


Халал инвестиция🌙🕌

🔹Халал инвестиция – бұл ислам қағидаларына сәйкес келетін инвестициялық қызмет. Ол шариғат ережелеріне сай келуі керек, әсіресе риба (пайыз), харам (рұқсат етілмеген) кәсіптер және құмар ойындардан аулақ болуды талап етеді. 

📉Халал инвестицияның негізгі қағидаларына мыналар жатады:
1️⃣. Риба (пайыз) тыйымы: Исламда риба, яғни пайыз табу тыйым салынған.
2️⃣. Харам кәсіптерден аулақ болу: Инвесторлар алкоголь, темекі, құмар ойындар, шошқа өнімдері және т.б. рұқсат етілмеген салаларға инвестиция жасамауы керек.
3️⃣. Таза пайда мен активтерге назар аудару: Компаниялардың табысы таза және халал болуы керек, сондықтан кейбір инвестициялық қорлар (мысалы, исламдық индекстер) компанияларды тексеріп, олардың табыс көздерін және бизнесін бағалайды.

🙋🏻‍♂️Бұл тақырыпты 1 ай төңірегінде терең зерттедім. Қандай құралдар бар, қандай компаниялар арқылы халал инвестиция жасай аламыз?! Бәрін де зерттедім.
| Егер осы постқа 500 реакция жинасаңыздар, жақын күндері "халал инвестиция" тақырыбында шағын кітапша шығарамын.

Қаржылық сауаттылық

17 Oct, 10:01


- Сен сонда барлық ақшаңды саяхатқа, кітапқа, инвестицияға жұмсайсың ба?

- Иә, сен ше, барлық өміріңді кредит, рассрочка төлеуге жұмсайсың ба?!

https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

16 Oct, 05:01


💵📗Осыдан 1 ай бұрын "жасыл сандықша" кітабы қолыма түсті

- Жата жастана оқыдым. Бұл оқулық емес, көркем әдебиет. Менің таңқалғаным, кітапта инвестиция, акция жайлы ертегілер бар. Өте түсінікті. Кішкентай балаға үлкен тақырыпты ертегі арқылы түсіндіру - шеберлік.

🔸10 ертегі бар кітапта. Ақшаны жинау, сақтау, оны дұрыс жұмсау тақырыптары да қамтылған.
Өзім 3 кітап жазғасын, мына кітаптың қалай жазылғанын өте жақсы түсінемін. Әсіресе кішкентай балаға қаржылық сауатты ертегі арқылы түсіндіру, оңай шаруа емес.

🔸Біз мойындасақ та, мойындамасақ та, қаржылық сауатты үйренетін уақыт келді. Сол сәтте мына қарыздың шырмауынан қоғам болып шығамыз. Сол үшін бізге осындай кітаптар қажет-ақ.

⚠️Постты ақпараттық қолдау ретінде жаздым. Бұл кітап еш жерде сатылмайды. Кітапты Ұлттық кітапханадан немесе Алматы қаласындағы желілілік кітапханалардан таба аласыз. Кітап маған сыйға келді.

Қаржылық сауаттылық

15 Oct, 14:00


Дивидендтік төлемі жоғары компаниялар📈

🔹Суретте көрсетілген компаниялар өзінің дивидендтерін жыл сайын арттырып отырған компаниялар. Тізімдегі 11 компания кеше ғана пайда болған компаниялар емес. Ұзақ жылдардан бері инвесторлардың арасында танымалдылыққа ие болған және қор нарығында көп саудалатын компаниялар.

🔸Кім өзінің портфелін дивиденттік компаниялармен толтырғысы келеді, осы 11 компанияны зерттеп көрсін.

⚠️ Инвестициялық ұсыныс емес. Ақпарат ретінде жарияланған жазба. Сатып алу, сату өз құзырыңызда. Тәуекел мен табыс бірге жүретінін ұмытпаңыз.

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

18 Sep, 05:01


Бұл кітапты екінші рет оқып жатырмын...

Бұл кітаптан үйренерім өте көп.
Баланы саналы, жомарт, ақшаның қадірін білетін қылып тәрбиелеудің сыры да жазылған.
📖Балаға қаржы сауатын үйретуге арналған нақты құрал бар бұл кітапта. Бұл біздің елдегі әрбір отбасыға қажет кітап.

🔸Еліміздегі еңбекке жарамды адамдардың 95%-да кредит бар. Бұлай болуының басты себебі: қаржы сауатының жоқтығы. Мектепте, университетте қаржы сауатын оқытпауы.
| Біз қазір өз балаларымызға, кіші іні-қарындастырмызға қаржы сауатын үйретпесек, олар да дәл осындай қиындыққа тап болады.

🔹Бізге қаржы сауаты жайлы кітаптарды жастана оқу керек. Үйрену керек. Балаңызға қаржы сауатын үйреткіңіз келсе, осы кітаптан бастаңыз!

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

17 Sep, 05:02


Инвестицияда ең құбылмалы салалар〰️

1. Технологиялар - жаңа инновациялар мен өзгерістер бірден нарықты өзгертіп жіберуі мүмкін.
2. Энергетика - мұнай, газ бағаларына геосаяси жағдайлар жиі әсер етеді.
3. Криптовалюталар - биткоин және басқа криптовалюталардың тәуекелі тым жоғары.
4. Биотехнологиялар - клиникалық сынақтар нәтижесіне байланысты.
5. Шикізат - алтын, күміс сияқты бағалы металдар сұраныс пен ұсынысқа тәуелді.

📍Бұл салаларда тәуекел жоғары болғандықтан, инвестиция жасағанда сақ болған жөн

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

16 Sep, 05:02


Инвесторларға пайдалы 5 сайт:

🔸Yahoo Finance (finance.yahoo.com)
Жаңалықтар, нарықтық бағалар, компаниялар туралы ақпарат, және қаржылық көрсеткіштерді талдау үшін өте қолайлы ресурс.
🔸Bloomberg (bloomberg.com)
Экономикалық және қаржылық жаңалықтар, сараптамалар, және әлемдік нарықтарға арналған мәліметтермен бөлісетін жетекші ресурс.
🔸Investopedia (investopedia.com)
Инвестиция, қаржы және экономика туралы кең көлемді түсініктемелер, анықтамалар және оқулықтар ұсынады. Бұл сайт бастаушы және тәжірибелі инвесторлар үшін де пайдалы.
🔸Morningstar (morningstar.com)
Қаржылық деректер, қорлар мен акциялар туралы талдау, рейтингтер және басқа да инвестициялық ақпараттар ұсынады.
🔸Seeking Alpha (seekingalpha.com)
Инвесторлар мен сарапшылардың талдаулары, жаңалықтары және пікірлерімен бөлісетін платформа. Мұнда нарықтық трендтерді түсінуге және инвестициялық шешімдерді қолдауға арналған мақалалар бар.

~ Бұл сайттар инвестиция туралы білімді тереңдетуге, нарықтағы жағдайды бақылауға және сараптамалық материалдарға қол жеткізуге көмектеседі.

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

15 Sep, 10:01


Суретте 2024 жылы миллионерлердің әлем бойынша миграциясы көрсетілген. Жасыл түспен көрсетілген елдерге миллионерлердің көшіп келуі болжанған, ал қызыл түспен елден көшіп кетуі көрсетілген.

Миллионерлердің көптеп көшіп келуі болжанған елдер:
1. Біріккен Араб Әмірліктері (UAE) — +6700
2. АҚШ — +3800
3. Сингапур — +3500
4. Канада — +3200
5. Австралия — +2500

Миллионерлердің ең көп көшіп кетуі күтілетін елдер:
1. Қытай — -15,200
2. Ұлыбритания (UK) — -9500
3. Үндістан — -4300
4. Ресей — -1000
5. Оңтүстік Корея — -1200

Бұл картада миллионерлердің қай елдерге көшуді жоспарлайтынын және қай елдерден көшіп кететінін көруге болады.

Қаржылық сауаттылық

13 Sep, 10:01


Менің жариялап жүрген жазбаларымды түсінбесеңіз не істеу керек

Қаржылық сауаттылық

12 Sep, 14:01


S&P 500 индексін тікелей иелене аламыз ба

Қаржылық сауаттылық

12 Sep, 14:01


S&P 500 индексіне инвестиция жасауға мүмкіндік беретін бірнеше танымал ETF-тер бар.
Cолардың ең кең таралғаны:

🔹SPDR S&P 500 ETF (SPY)
Бұл ең танымал және ең алғашқылардың бірі болған S&P 500 ETF. Ол 1993 жылы құрылды және кеңінен танымал. SPY нарықтық капитализациясы бойынша S&P 500 индексінің көрсеткіштерін қайталайды.
🔹Vanguard S&P 500 ETF (VOO)
VOO - бұл Vanguard компаниясының ETF-і, ол да S&P 500 индексін қайталайды. Оның басқару төлемі (expense ratio) төмен және ұзақ мерзімді инвестицияларға қолайлы.
🔹iShares Core S&P 500 ETF (IVV)
IVV - бұл iShares компаниясының S&P 500-ге негізделген ETF-і. Ол да төмен шығындармен және жоғары өтімділікпен ерекшеленеді.

Осы ETF-тер арқылы S&P 500 индексіне инвестиция жасай аласыз.

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

11 Sep, 10:01


S&P 500 дегеніміз не?

Бұл сөзді инвестициямен айналысатын әрбір адам білуі керек. Егер білмесе, өзін инвестормын деп санамасын🤭.

S&P 500 (Standard & Poor's 500) – АҚШ-тағы ең ірі 500 компанияның акцияларының бағаларын қамтитын қор нарығының индексі. Бұл индекс АҚШ экономикасының жағдайын көрсетеді және әлемдегі ең танымал индекстердің бірі болып табылады. Инвесторлар S&P 500-ді нарықтағы трендтерді бағалау және ұзақ мерзімді инвестициялар үшін пайдаланады.

S&P 500-дің негізгі ерекшеліктері:
🔹Индекске енгізілген компаниялар әртүрлі салаларды қамтиды, соның ішінде технология, қаржы, денсаулық сақтау, тұтыну тауарлары, өнеркәсіп және энергетика сияқты салалар.
🔹S&P 500 индексі АҚШ экономикасының денсаулығын көрсетеді, бірақ ол сонымен қатар жаһандық экономикаға әсер ететін көрсеткіш ретінде де қарастырылады, себебі көптеген ірі халықаралық компаниялар осы индекске кіреді.
🔹S&P 500 индикатор ретінде пайдаланылады, ол инвестициялық қорлар мен зейнетақы жоспарларын басқаруда, сондай-ақ жеке инвесторлар арасында нарықтағы трендтерді бағалау үшін қолданылады.

S&P 500 индексі инвесторлар үшін маңызды, өйткені ол АҚШ-тың қор нарығының жалпы өсуін немесе құлдырауын көрсетеді және ұзақ мерзімді инвестициялар үшін пайдалы көрсеткіш болып табылады.

Қаржылық сауаттылық

10 Sep, 10:02


😔Қазақтар жіберетін қаржылық 6 қателік...

1️⃣. Кредитті пассивті дүние үшін алу. Той жасау, смартфон алу т.б
2️⃣. Ауқымды сатып алуды алдын-ала жоспарламау. Үйге керек техникалық жабдықты алдын-ала жоспарламай, тығырыққа тірелгенде кредитке ала салу.
3️⃣. Қаржы жинамау. Еліміздің 2.2%-да ғана депозит бар. Әлі де ел тұрғындары жеткілікті деңгейде қаржы жинамайды.
4️⃣. Тез табыс табу көздерін іздеу. Ылғи тез табыс табу көздерін іздеу арқылы алданып қалады. Ең ішің ашитын жағдай: 1 рет алаяққа алданған адам, екінші рет қайта алдану фактісі өте көп.
5️⃣. Инвестициямен айналыспайды. Ұзақ мерзімде инвестиция жасау мүлде ойына кіріп шықпайды. Өзінің болашағына, отбасына қаржы жинау былай тұрсын, жеке басын алып жүре алмайды. Қарызға кіріп, счеттарын блокқа жіберген.
6️⃣. Қаржылық сауат тым төмен. Жоқ десе де болады. Үйренуге, білуге ұмтылмайды.

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

09 Sep, 05:02


Кітабым не болып жатыр?

Кітабымды толық жазып аяқтадым. Инвестиция саласында жүрген 3 кәсіби маманға кітабымның электронды нұсқасын жібердім. Ол кісілер кітапты оқып, өз бағасын береді. Идея қосып, әртүрлі пікір білдіреді.
🔹Содан кейін кітапты дизайнерге жіберемін. Дизайнер толық әрлеп біткесін, баспаға жол тартады.

🗓️Кітап шамамен қыркүйектің аяғы немесе қазанның басында шығады. Күтіп жүргендер бір-бір реакция қалдырсаңыздар

#инвесторбол

Қаржылық сауаттылық

08 Sep, 05:01


2024 жылы ең қарқынды өсіп жатырған саланың бірі ол - жасыл энергетика саласы...

Жасыл энергетика: жаңартылатын энергия көздері, әсіресе күн және жел энергетикасы, әлемдік тенденцияларының арқасында қарқынды өсіп келеді🌱
Жасыл энергетикаға инвестиция жасаудың бірнеше жолы бар:

📈Акциялар:
▫️NextEra Energy (NEE) – АҚШ-тағы ең ірі жаңартылатын энергия өндірушісі.
▫️First Solar (FSLR) – Күн панельдерін өндіруші компания.
▫️Vestas Wind Systems (VWDRY) – Жел турбиналарын шығаратын әлемдік көшбасшы.

ETF-тер:
▫️iShares Global Clean Energy ETF (ICLN) – Әлемдегі жаңартылатын энергия компанияларының акцияларын қамтиды.
▫️Invesco Solar ETF (TAN) – Күн энергиясы секторына бағытталған.
▫️First Trust Nasdaq Clean Edge Green Energy Index Fund (QCLN) – Таза энергия саласына бағытталған компаниялардың акцияларын қамтиды.

Бұл ETF-тер және акциялар жасыл энергетика саласына инвестиция жасауға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімде инвестиция жасайтын инвестор үшін таптырмас саланың бірі.

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

07 Sep, 05:01


Маған табыс 5 жерден түседі...

Табысты әртараптандыру - әрбір адамға қажетті дағды. Бойыңдағы бүкіл қабілетті пайдаланып, оны табысқа айналдыру қажет💵

Менің табысым 5 жерден түседі:
1. Ютуб парақшам
2. Жеке кәсібім [кітап сатамын]
3. Тик-ток
4. Инвестиция
5. Копирайтинг [әртүрлі телеграмдарға пост жазамын]

| Негізгі осы 5 саладан табыс табамын. Кейде ол 7-ге дейін жетеді. Қосымша: инвестиция бойынша [тек оффлайн] консультация жасаймын және кітап сату бойынша ақыл-кеңес беріп тұрамын.
📍Бұл саланың барлығы менің негізгі және қосымша табыс көзім болып саналады.

©️ https://t.me/qarjysayaty

Қаржылық сауаттылық

06 Sep, 07:38


Жаңадан😍

| Алдағы 2 айда жаңадан инвестиция жайлы 20 сабақтан тұратын ТЕГІН сабақ жазамын.
Бейнесабақ+жазбаша+график.

0-ден бастап, бәрін бүге-шүгесіне дейін түсіндіретін сабақ болады. Ол сабақтың бәрін де осы жерге жариялаймын!

Арнаны міндетті түрде бақылап, достарыңызды қоса жүріңіздер!

Қаржылық сауаттылық

06 Sep, 05:01


Ең қатты төмендеп жатырған акциям қандай?
[ашық портфел бойынша]

🔴Ол - «Air Astana» компаниясының акциясы.
Қазір құны 28%-ға төмендеп тұр. Төмендеуінің басты себебі, компания есебінің теріс бағытта шығуы. Компанияның таза табысы төмендеп кеткен.
~ Әртүрлі факторлардың әсерінен компанияның акциясы құлдырауын жалғастырып жатыр.

⚠️Ашық портфелімнің 1.8%-ын «Air Astana» компаниясының акциясы құрайды. Яғни, менің бүкіл портфелімнің 1.8%-ы ғана Air Astana-ға тәуелді.

:Бағасының өсіп, түсуі портфеліме өз әсерін қатты тигізе қоймайды. Себебі: үлесі тым аз.

©️ https://t.me/qarjysayaty