Гүлмира Ілесбай | QMDB @gulmira_ustaz Channel on Telegram

Гүлмира Ілесбай | QMDB

@gulmira_ustaz


Гүлмира ұстаз

Гүлмира ұстаз (Kazakh)

Гүлмира ұстаз - бұл Telegram каналы Физикалық-математикалық білім шаруашылығы саласында кеңестер ашатын, балаларға аса ұсынымды білім беретін Жетіші Оқытушы. Бұл каналда ғылыми қызметтерінің кең көлемінен жүргізуші Гүлмира Ілесбай оқушыларға тәжірибелі материалдар, жаңа оқулықтар, тест сұраулары және оқу үдерісі туралы ақпаратты көрсетеді. Гүлмира ұстаз көмегімен, оқытушылар, оқушылар және оқушылар туындаушылары оларды қол жетімді білім алу және үйрену процессін жетілдіреді. Егер сіздің баланыздың физикалық-математикалық біліміне көмек керек болса, Гүлмира ұстаз каналы сіздің арманыз болады. Тілеулерімен қорғалған және білім беру үрдісін жеткізудегі сапалы білім алыңыз.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

18 Feb, 13:54


Әссәләму алейкум, құрметті қауым! 🥰

Менің есімім – Элиза, Гүлмира ұстаздың продюсерімін. Ұстазбен бірге сіздерге пайдалы болатын жаңа форматтағы кездесулер, видеолар және өнімдер әзірлеудеміз. Осы орайда, сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды! 🙌

Төмендегі сұрақтарға шынайы жауап берсеңіздер, үлкен көмек болар еді. Алдын ала рақмет 🤍

Гүлмира Ілесбай | QMDB

12 Feb, 13:03


Ақпанның 13-нен 14-не қараған түн БАРААТ ТҮНІ!🌑

Бараат – дұғалар қабыл болатын түн. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Шағбан айының жартысы толғанда түнін намазбен, күндізін ораза ұстаумен өткізіңдер. Өйткені Алла Тағала күн ұясына батқанда: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін. Қане, не сұраушы бар?» – деп таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді», – деген. (Ибн Мәжа).

Гүлмира Ілесбай | QMDB

04 Feb, 15:28


РАМАЗАНҒА 24 күн!

Аллаһ нәпсіні сынайын деп ең әуелі отқа салады. Оттан шығарып алып: «Сен кімсің, Мен кіммін?»,– деп сұрағанда нәпсі: «Мен менмін Сен сенсің»,– деп жауап береді.

Жаратушы оны мұзға салып, сұрағын қайталайды. Нәпсінің жауабы өзгермеді. Аллаһ тағала енді нәпсіні аш қалдырады. Нәпсі сонда ғана: «Мен құлмын, Сен Жаратушысың» деп жауап береді.

Демек, аштық сөзсіз нәпсіні тияды. Бұдан шығатын қорытынды Рамазан айында нәпсіге қыл бұрау салынып, пенде өзін тәрбиелейді.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

29 Jan, 03:21


«Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа».
Соңғы айда сізге берілген қай нығметін әсіресе айтар едіңіз. Жаңа таныстықтар, жаңа білім, достар, қызметтер, ізгі амалдар, саяхаттар, отбасыңызбен бірге өткізген шақтар, ыхласпен жасаған құлшылық тағы нені қосар едіңіз?
Мен жасаған күнәмды қосар едім😪
Сол арқылы иманның дәмін сездім. Күнә, харам істің жиркенішті екенін, жеке өзім бұл жолға түспес екенімді білдім . Тек Алланың ғана мейрімімен осы ақиқат жолды тапқанымды тереңірек түсіндім. Алланың жіберген сынағын нығмет көріп, содан ғибрат еттім.

@gulmiraustaz

Гүлмира Ілесбай | QMDB

26 Jan, 15:22


Бүгін Миғраж түні!🌙
Қандай амалдар жасап, өткізу абзал?

Гүлмира Ілесбай | QMDB

25 Jan, 02:03


Қымбаттым,
сізді халықаралық Орамал күні қарсаңында өтетін *«Шырақ»* атты күнделігімнің тұсаукесеріне орай ұйымдастырылып жатқан *рухани кешімізге* шақырамыз 🥰

Өтетін күні: 01.02.2025
Уақыты: 12:30
Құны: 3990тг

Қатысу үшін төмендегі нөмірге жазыңыз 👇
+7 747 033 3895, Райхан

Гүлмира Ілесбай | QMDB

22 Jan, 09:18


Ережеп айының соңғы 10 күніне қадам бастық. Алла қаласа, қасиетті Рамазан айының басталуына небәрі 38 күн қалды.

Ережеп айындағы ерекше оқиға- Миғраж түні.Пайғамбарымыз(с.а.с) көкке көтерілген, намаз парыз етілген ерекше оқиға - 26 нан 27 қаңтарға қараған түнге сәйкес келеді!

Гүлмира Ілесбай | QMDB

21 Jan, 04:35


Live stream finished (1 minute)

Гүлмира Ілесбай | QMDB

21 Jan, 04:33


Live stream started

Гүлмира Ілесбай | QMDB

21 Jan, 04:33


Live stream finished (13 seconds)

Гүлмира Ілесбай | QMDB

21 Jan, 04:32


Live stream started

Гүлмира Ілесбай | QMDB

17 Jan, 09:04


Қыздар Керемет ұсыныс!!!!
Тез арада , ұстаздардың бақылауымен Құранға түсуге болады!
Осы Рамазанды ерекше Құранмен өткізгіңіз келсе тез курсқа келіңіз!!!

Гүлмира Ілесбай | QMDB

17 Jan, 04:30


📌 Курс бойынша толық ақпарат алу және тіркелу үшін:
https://api.whatsapp.com/send/?phone=77718526311&text&type=phone_number&app_absent=0

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Jan, 02:47


Бүгіннен бастап кішкене де болса қайырымдылық жасап, жүрегімізді ұлы айға дайындайық! 🌙

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Jan, 02:46


Рамазанға 49 күн!

Пайғамбарымыз ﷺ:
“Бізге садақа беруге асығуымызды бұйырды, себебі, садақаны бақытсыздық аттап өте алмайды”– дейді.

Рамазан – күнәлар кешірілетін, сауаптар еселенетін ай. Осы қасиетті айларда садақа– Алланың разылығына жақындатып, жанымызды тазартатын құлшылық түрі.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Jan, 01:56


Фудайл ибн Ияд رحمه الله:

"Бізге Алла Тағаланың былай дегені жайында хабар жетті :

"Ей, адам баласы, мені таң намазынан кейін бір сәт зікір ет және аср намазынан кейін бір сәт зікір ет сол екеуінің ортасында Мен саған жеткіліктімін."

Яғни, күндізгі қызып тұрған жұмысыңда неше түрлі мәселелеріңді , барлығын да Алла Өзім оңдаймын сенің ісіңді Өзім туралаймын дейді .

Гүлмира Ілесбай | QMDB

12 Jan, 18:00


🔰 Ертең хижри жыл санауы бойынша Ережеп айының ортаңғы күндері, яғни, 13,14,15 күндері басталады. Бұл уақытта ай 🌒 толады😊
Сондай-ақ, ертең дүйсенбі - аптадағы сүннет ораза күні.

(13-14-15 қаңтарға сәйкес келіп тұр) + Бейсенбі күнінің оразасы😍

🔰 Осы ай толған мезгілде ораза тұту - Алла Елшісінің ﷺ сүйікті амалдарының бірі. Арабтар осы мезгілді «Әййәмул-биид», яғни жарық, әппақ күндер деп атайды.

Мухаддис Әбу Дәуіттің «Сунанында» осы күндері ораза ұстағандардың сауабы он есе еселенетіндігі айтылады (Әбу Дәуіт. Сунан).

🔰 Басқа хадисте бұл үш күнде ораза ұстау бір ай ораза ұстағанмен тең болады делінген

🔰Хадисте: “Кімде - кім Алла үшін 1 күн ораза ұстаса, Алла Тағала оны 70 жылға тозақ отынан алыстатады” делінген.

Рамазан айына небәрі 1 жарым ай уақыт қалды. Бұл күндер дайындық бастай алмай жүргендерге бір мүмкіндік🌹🌹🌹

Ертең оразаға ниеттісіз бе?

Гүлмира Ілесбай | QMDB

11 Jan, 05:08


Жалғастырушы топқа

Гүлмира Ілесбай | QMDB

07 Jan, 05:51


Ережеп – Алладан кешірім тілеп, күнәларды жуып-шаюға мүмкіндік.

Истиғфар айтуды әдетке айналдыру қажет.

https://youtu.be/x2TDPEEbJ3g?si=W14DXZFmuJkDuomu

Истиғфарды тек тілмен айтып қана қоймай, бүгінгі күніңізді таффаккур етіп айтсаңыз абзал!💛

Видеода толығырақ⬆️

Гүлмира Ілесбай | QMDB

07 Jan, 05:19


Әс сәләму әлейкум, оқырман!🫂Ережеп айы – жаңа бастамалардың айы. Сіз қандай жақсы іс бастайсыз?

Гүлмира Ілесбай | QMDB

01 Jan, 10:20


Ережеп айы келді — қасиетті ай!🌙
Бұл айда жақсылық жасап, Аллаға құлшылықты арттыру өте маңызды. Осы айда не істеу керек?

1️⃣ Тәубе ету – өткен қателіктерді мойындап, Алладан кешірім сұрау.
2️⃣ Құлшылықты күшейту – намазды толық оқып, қосымша нәпіл намаздарын орындау.
3️⃣ Ораза ұстау – мүмкіндігінше нәпіл ораза ұстау сауапты.
4️⃣ Садақа беру – көмекке мұқтаждарға қол ұшын созу.
5️⃣ Алланы зікір ету – дұғаларды оқып, Алланы мадақтау.

Ережеп – берекеге толы ай, әрбір сауапты іс мың есе артығымен жазылады!

Қолдан келер жақсылықты жіберіп алмаңыз!

Гүлмира Ілесбай | QMDB

30 Dec, 05:19


Шүкіршілік тек тілмен емес, амалмен жасалу қажет екенін білдіңіз бе?

Өміріміздегі кез келген жақсылықты бағалап, жүрегімізбен шүкір етейік. Мысалы: басқаларға жақсылық жасау, Аллаға құлшылық ету, Оған тәуекел ету — осының бәрі шүкірдің көрінісі.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

30 Dec, 05:18


«Егер шүкір етсеңдер, Мен сендерге тағы да арттырамын, ал егер күпірлік етсеңдер, Менің азабым өте қатты.»

(Ибраһим сүресі, 7-аят)

Гүлмира Ілесбай | QMDB

30 Dec, 05:16


Алланың нығметіне шүкіршілік🌿

Сұрақ: Бүгін қандай бір нәрсе үшін шүкір еттіңіз? Өз ойыңызбен бөлісіңіз! ⬇️

Гүлмира Ілесбай | QMDB

30 Dec, 05:11


РАМАЗАНҒА 59 КҮН!🌙

Және 1 қаңтар қасиетті айлардың бірі Ережеп айы басталады.
Бұл ай- рухани тазару мен құлшылыққа ерекше мән берілетін айлардың бірі.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

23 Dec, 05:35


Тапсырма:

1. Ниет тексеру жаттығуы:
“Бүгінгі күнгі құлшылықтарыңызды (намаз, дұға, садақа т.б.) орындамас бұрын өз ниетіңізді тексеріңіз. Амалды тек Алла Тағаланың разылығы үшін жасап жатқаныңызды жүрегіңізден өткізіңіз.

2. Дұға жасауды әдетке айналдыру:
“Бүгін Пайғамбарымыздың (ﷺ):
‘Уа, жүректерді аударушы Алла! Жүрегімді дініңе бекем ет’ деген дұғасын күні бойы бірнеше рет айтып жүріңіз. Осы дұғаны оқығаннан кейінгі ішкі сезімдеріңізбен бөлісіңіз.”

Гүлмира Ілесбай | QMDB

23 Dec, 05:30


Алла Тағалаға құлшылық ету кезінде ықыласты болу – амалды тек Оның разылығы үшін орындау деген сөз.

Осы аят әрбір амалда ықыластың қажет екенін ескерткен. Егер құлшылық рия (яғни, адамдарға көрсету үшін) немесе мақтану үшін жасалса, ол амал қабыл болмайды.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

23 Dec, 05:28


وَمَآ أُمِرُوٓا۟ إِلَّا لِيَعْبُدُوا۟ ٱللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ ٱلدِّينَ حُنَفَآءَ وَيُقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُؤْتُوا۟ ٱلزَّكَوٰةَ ۚ وَذَٰلِكَ دِينُ ٱلْقَيِّمَةِ

Әйтпесе оларға да хақ дінді шын көңілден толық қабылдап, «таухид» сенімімен бір Аллаға риясыз құлшылық ету, намазды кемеліне келтіріп, ақсатпай уақытылы оқу және зекеттерін толық өтеу бұйырылған еді. Нағыз тура, мінсіз дін, міне, осы!

(«Бәйинә» сүресі 98:5)

Гүлмира Ілесбай | QMDB

23 Dec, 05:23


РАМАЗАНҒА 67 КҮН!🌙

Әс сәләму әлейкум, оқырман! Бүгін дайындықты жалғастырайық.
Құлшылығыңызды қандай ықыласпен жасап жүрсіз?

Гүлмира Ілесбай | QMDB

20 Dec, 06:26


Көркем мінез – тек сыртқы сыпайылық емес, жүректің тазалығы, сабыр, мейірімділік және кешірімшілдік.

Жұма күні осы қасиеттерді қайта жаңғыртуға себепкер болсын:
• Біреуге жылы сөз айтыңыз.
• Ренжіткен адамды кешіріңіз.
• Қиын жағдайдағы жанға қол ұшын беріңіз.
• Өз ісіңізде адал болыңыз.

Жұма мүбәрак болсын!🙌🏻

Гүлмира Ілесбай | QMDB

20 Dec, 06:26


Қасиетті жұма күні әрбір мұсылман үшін жақсылыққа ұмтылу, жүрек тазалығы мен көркем мінезділікке бет бұрудың ерекше мүмкіндігі.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
“«Расында, қиямет күні маған сүйіктілерің әрі ең жақын отыратындарың – көркем мінезділерің»” деген

Гүлмира Ілесбай | QMDB

18 Dec, 02:17


Таңды құлшылыққа арнау – береке кілті

Алматының көркем таңы, таза ауасы – ерекше нығмет. Құлшылық пен жақсы амалдармен басталған таңдарыңыз берекелі болсын!

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Таңғы уақыт – береке әрі намаздың өз мақсатына жететін кезі» дейді.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

15 Dec, 13:39


🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын!

📎https://www.instagram.com/p/DDmZMTnswGy/?igsh=MTdjMGxyNTJrdXVhNA==

Гүлмира Ілесбай | QMDB

15 Dec, 11:55


Рамазан айы алдында истиғфарды не үшін жасау керек?

1. Жүректі тазарту:
Күнәлар адамды рухани әлсіретеді. Осы айға таза жүрекпен кіру үшін истиғфар жасап, өткен қателіктерден арылу қажет.

2. Алланың рақымына жақындау:
Аллаға истиғфар арқылы жақындау Рамазанның берекетін толықтай сезінуге көмектеседі.

3. Дұғалардың қабыл болуы:
Күнәлар кешірілсе, жасаған дұғаларымыз қабыл болу ықтималдығы артады.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Dec, 06:37


Тапсырма:

«Астағфируллаh» истиғфарын күніне кемінде 100 рет айтыңыз. Бұл жүректі жұмсартып, күнәлардан арылуға көмектеседі.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Dec, 06:36


Истиғфар дегеніміз не?

Истиғфар – Алладан кешірім сұрап, күнәлар үшін өкініш білдіру. Бұл тек сөзбен ғана емес, жүректен шыққан шынайы тәубе арқылы Алланың кешірімін тілеуді білдіреді.

Истиғфар:
«Астағфируллаh» (Мен Алладан кешірім сұраймын).

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Dec, 05:13


Пайғамбарымыз (с.ә.с.) былай деген:
«Аллаға ант етемін, мен күніне жетпіс мәртеден де көп Алладан кешірім сұрап, тәубе етемін.»

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Dec, 05:12


فَقُلْتُ ٱسْتَغْفِرُوا۟ رَبَّكُمْ إِنَّهُۥ كَانَ غَفَّارًا

Және де оларға: «Раббыларыңнан күнәларың үшін кешірім тілеңдер! Өйткені Ол (құлдары қанша жерден күнәға батса да тәубелеріне келген жағдайда) өте кешірімді», – дедім.

(«Нұх» сүресі 71:10)

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Dec, 05:12


Көпшілік үшін маңызды тақырыптардың бірі: тәубе және кешірім сұрау – Рамазанға дайындықтың негізі.

Аллаға шынайы тәубе етіп, күнәлардан арылу – Рамазан айын қарсы алудың маңызды қадамдарының бірі. Алла бізді әрдайым тәубеге шақырады және Оның рақымы шексіз!

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Dec, 05:10


РАМАЗАНҒА 76 КҮН!🌙

Әс сәләму әлейкум, оқырман!🥰

Рамазан айына 76 күн қалды. Бұл қасиетті айды лайықты қарсы алу үшін қазірден бастап рухани дайындық жасау маңызды.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

06 Dec, 12:11


📌 Ұсыныс

1. Тұрақты уақыт белгілеңіз. Таң, түскі, кешкі уақыттарға бөліп оқыңыз.
2. Тәпсірмен оқыңыз. Аяттардың мағынасын түсіну үшін тәпсірге жүгініңіз.
3. Дұға жасауды ұмытпаңыз. Әр оқылымнан кейін жүрекпен дұға етіңіз.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

06 Dec, 12:10


Құран – жүректерге шипа. Осы келер Рамазанда оны оқып, жүрегіңізді нұрландырыңыз!
Алла баршамызға Құранды толық оқып, амал етуге нәсіп етсін! 🌙

Гүлмира Ілесбай | QMDB

06 Dec, 12:10


РАМАЗАНҒА 84 күн🌙

📖 Рамазан айы – Құран түскен қасиетті ай

“Рамазан айы – адамзатты тура жолға бастаушы, айқын дәлелдерді һәм ақиқат пен жалғанның ара-жігін ажырататын өлшемдерді қамтыған қасиетті Құран түсе бастаған ерекше ай.”

(Бақара сүресі, 185-аят)

Гүлмира Ілесбай | QMDB

29 Nov, 10:21


Жалқаулықпен қалай күресесіз?

Шейх Мұхаммад ас Сейд аль Ханбали жалқаулықпен күресу үшін Пайғамбарға ( صلى الله عليه وسلم) көптеп салауат айтуға кеңес береді. Сонымен қатар таң және екінті намаздарынан кейін 100 рет :" يا حي يا قيوم " (я хаийу ,я қойум) зікірін оқуды ұсынады.

Практикада жасап көріңіздер!)

Гүлмира Ілесбай | QMDB

28 Nov, 12:17


Егер пайдалы болса, осы кестемен құрбыңызбен бөлісіп, осы телеграм каналда Рамазан айына бірге дайындалуға шақырсаңыз болады!☺️

Гүлмира Ілесбай | QMDB

28 Nov, 11:56


Сақтап алыңыз!

Гүлмира Ілесбай | QMDB

28 Nov, 11:54


Рамазан айына дайындалу үшін дұрыс күн тәртібін

жасау және ұйқы мен тамақтану режимін реттеу маңызды. Бұл сізге оразаны жеңіл және пайдалы түрде ұстауға көмектеседі.

Міне, осындай тәртіпке арналған ұсыныс:

Гүлмира Ілесбай | QMDB

28 Nov, 11:54


Көп адамдар аса мән бермейтін, бірақ маңызды тақырыптардың біріне тоқталып - сіздерге пайдалы кесте беремін!

Гүлмира Ілесбай | QMDB

28 Nov, 11:53


Әссәләму әлейкум, оқырман!

Бүгін Рамазанға дайындалуды жалғастырамыз ба?☺️

Гүлмира Ілесбай | QMDB

26 Nov, 09:41


Гүлмира Ілесбай | QMDB pinned «Рамазанға бірге дайындалуға қалай қарайсыз?😍 Әр күнімізді берекелі пайдалану мақсатында сіздерге Рамазанға дайындық туралы пайдалы ақпараттар, дұғалар, және аяттармен бөлісіп отыру ниеттелініп отыр! Алла Тағала баршамызға осы айға аман-есен жетіп, құлшылығымызды…»

Гүлмира Ілесбай | QMDB

26 Nov, 09:35


ҚОРЫТЫНДЫ:

Тазалық – тек жеке басымызға ғана емес, айналамызға, да пайдалы. Бұл әрекет Алланың бұйрығын орындау, өзгелерге жақсылық жасау және өзімізді рухани кемелдендіру арқылы сауапқа апарар жол.

Сол үшін сіздерді Рамазан айында тазалыққа ерекше мән беріп, сауап жинауға шақырамын
!

Гүлмира Ілесбай | QMDB

26 Nov, 09:34


Неге тазалықты ұстану сауап?

Ислам діні тазалықты тек физикалық тазалық деп емес, құлшылықтың, тақуалықтың және Алланың разылығына жетудің бір бөлігі деп қарастырады.


1. Алланың бұйрығы:

Тазалықты сақтау арқылы біз Алланың сүйіспеншілігіне лайық боламыз, ал бұл ең үлкен сауап.

2. Пайғамбардың (с.а.с.) өсиеті

Иманға жақындау үшін тазалықты сақтау – сауапты істердің бірі.

3. Намаз және құлшылыққа дайындық:

Тазалық – намаздың негізгі шарттарының бірі. Дәрет алу, ғұсыл құйыну және киімнің таза болуы құлшылықтың қабыл болуы үшін міндетті. Бұл әрекеттердің барлығы сауапқа жатады.

4. Қоршаған ортаға пайда:

Қоршаған ортаны таза ұстау – басқа адамдардың өміріне жеңілдік әкеледі. Мұсылман ретінде өзгелерге жақсылық жасау – үлкен сауап.

5. Денсаулық пен рухани тазалық

Тазалықты сақтау денсаулықты нығайтады, ауру-сырқаудың алдын алады. Денсаулық – Алланың берген аманаты, оны күту – сауапты іс. Ал жүрек пен ой тазалығы адамды күнәдан алыстатып, тақуалыққа жетелейді.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

26 Nov, 09:31


ТАПСЫРМА:

Алла тазалықты сүйеді дегенді жүрегімізге түйіп, күнделікті өмірімізге енгізейік!

Гүлмира Ілесбай | QMDB

26 Nov, 09:28


Неге Алла тазалықты сүйеді?

Ислам діні тазалыққа ерекше мән береді. Бұл тек дене мен киімнің тазалығы ғана емес, жүрек, ой, сөз және қоршаған ортаның да тазалығын қамтиды.

Тазалықтың түрлері:


1. Дене тазалығы:

Намазға дайындалу үшін дәрет алу, киім мен денені таза ұстау – бұл Алланың бұйрығы.

2. Жүрек тазалығы:

Жаман ойлардан, көреалмаушылық пен жеккөрушіліктен арылып, жүрегімізді нұрға толтыру.

3. Қоршаған орта тазалығы:

Табиғатты ластамау, үйіміз бен маңайымызды таза ұстау – мұсылманның міндеті.

4. Тіл тазалығы:

Өсек, ғайбат және жаман сөздерден тыйылу.

Неге тазалық маңызды ?
• Тазалық – Алланың разылығына жетудің жолы.
• Ол адамның рухани байлығын арттырып, жүрегіне тыныштық береді.
• Қоғамдағы тәртіп пен үйлесімділіктің негізін қалайды.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

26 Nov, 09:15


Аят:
“Шын мәнінде, Алла тәубе етушілерді және тазаланушыларды жақсы көреді”
(Бақара сүресі, 222-аят).

Хадис:

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): “Тазалық – иманның жартысы” деген.

Рамазан айы – рухани және тәндік тазалық айы. Бұл айда тек жүректі емес, сыртқы тазалыққа да мән берілу керек! Таза орын, таза киім, таза ниет – Алланың разылығына бастайтын жол.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

26 Nov, 08:43


Тазалық – Рамазанға лайықты дайындықтың бір бөлігі. Бұл тек дене мен киімді таза ұстау емес, жүректі жаман ойлардан, үйді ретсіздіктен, ауызды өсек пен ғайбаттан тазарту.

Рамазан – жан мен тәнді жаңарту айы, сондықтан өзімізді жан-жақты дайындауымыз қажет.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

26 Nov, 08:42


Тазалық Рамазан айында неге маңызды?

• Рамазан айына дайындық кезінде неге рухани ғана емес, сыртқы тазалыққа да мән беру керек?
• Алла тазалықты сүйеді дейді, бұл біздің күнделікті өмірімізге қалай әсер етеді?
• Тазалық иманның жартысы деп естідік. Оның мәнін толық түсінеміз бе?

Гүлмира Ілесбай | QMDB

26 Nov, 08:41


РАМАЗАНҒА 95 КҮН🌙

Ниет етуді жүрекпен жасауды үйренген болсақ, келесі тақырыпқа көшеміз!

Ол- ТАЗАЛЫҚ!

Гүлмира Ілесбай | QMDB

25 Nov, 07:19


Ниет негізінде жүректен болуы қажет. Яғни түнде ертең ораза ұстайтыны жайында жүрегімен ойлаған адам ниет еткен болып есептеледі.

Ораза ұстау ниетімен сәресіге тұрған адамның бұл ойы да ниет болып есептеледі.

Оразаға жүрекпен ниет ету жеткілікті. Бірақ жүрегімен коса тілімен жеткізсе одан да жақсы.

Сондықтан ораза ұстайтын адам әрі жүрегімен, әрі тілімен ниет етіп: «Ниет еттім Рамазанның ертеңгі оразасын ұстауға» - деп айтқаны абзал.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

25 Nov, 05:14


Осы айтылғандардың барлығын қорытындылай келе сіздерге

Сұрақ: Ниет жайлы не білесіз?

Рамазандағы оразаға ниет ету үшін арнайы дұғаны айту ғана міндетті ме, әлде жүрекпен бекітесіз бе? Қалай ойлайсыз? 🌙

Комментарийде жауап берсеңіз болады☺️

Гүлмира Ілесбай | QMDB

25 Nov, 03:00


Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) айтқан:
«Рамазан айы келгенде Жәннат есіктері ашылады, Тозақ есіктері жабылады және шайтандар шынжырланады»

Бұл хадис Рамазан айының қаншалықты берекелі және ерекше екенін, сол үшін ниетімізді дұрыстап, амалдарымызды жақсартуға мүмкіндік берілгенін білдіреді.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

25 Nov, 02:52


Хадис

Әбу Хурайрадан жеткен хадис бойынша Алланың елшісі (с.а.у) айтты:

«Шын мәнінде Алла сендердің келбеттеріңе, байлықтарыңа қарамайды, Алла сендердің жүректеріңе, амалдарыңа қарайды» .

Хадистегі жүрек деп тұрған нәрсе ол адамның ниеті өйткені ниеттің орны шығатын жері жүрек болғандықтан мекенді айтумен ниетті мақсат етуде.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

25 Nov, 02:51


Ниет ғибадаттарда шарт пен парыз ретінде маңызды. Кейбір жерлерде сүннет ретінде жүреді. Яғни бұдан шығатын қорытынды: ниетсіз ешбір іс болмайды.

Ниет етпей ұстаған ораза
арнайы мақсат етіліп ұсталған ораза ғибадатына жатпайды. Жай бір әдетке айналған амал болып қалады. Алайда Алла разылығы үшін ниет етілген әдеттер ғибадатқа айналатынын білген жөн.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

25 Nov, 02:49


РАМАЗАНҒА 96 КҮН

Бүгін ниет етудің маңыздылығы туралы айтайық.
Себебі Рамазан айы – бұл ниетімізді дұрыстап, жүрегімізді тазартып, Аллаға жақындайтын ерекше ай.

Ниет – бұл құлшылықтың өзегі, сол себепті әр амалымызда таза әрі ықыласты болуға тырысуымыз керек.

Дұға (Рамазанға ниет дұғасы):

“Я Раббым, менің Рамазан айындағы ниетімді қабыл етіп, бұл қасиетті айды мейіріміңе, кешіріміңе және сауабыңа толтыршы. Менің оразамды, намазымды, және барлық құлшылығымды қабыл алшы!”

Гүлмира Ілесбай | QMDB

25 Nov, 02:46


Сіз ниеттің маңыздылығы туралы естігенсіз бе?

Алла елшісі ниет туралы (ﷺ):

«Амалдардың қабыл болуы әрі сауапты болуы ниетке байланысты. Кімде кім неге ниет етсе, оның қарымтасын алады»деген

Гүлмира Ілесбай | QMDB

15 Nov, 00:21


📖 Тәжуидқағидалары Пайғамбарымыздың тәуәтур жолымен әрі сахих хадистермен жеткен оқу тәсілінен алынған.
Сол хадистердің бірінде Әнас ибн Мәлик былай деген: Одан «Пайғамбарымыздың Құран оқуы қандай еді?», − деп сұрағанда: «Ол созып оқитын деп Бисмилләәһиррахмәәниррахиимді созып оқыды. Бисмил-ләәһи – деп созды, Аррахмәәнды созды және Аррахиимды созды».

Негізінде дәл Пайғамбарымыздың оқу тәсілі ауызекі оқу арқылы жеткен. Яғни, бір-біріне ауызша оқып үйрететін болған.
🔎 Ал Пайғамбарымыз оқу тәсілін Жәбірейіл періштеден үйренген, үйренгенін сахабаларға үйреткен. Осылайша Құранды оқу тәсілі Жәбірейіл періштеден Пайғамбарымызға, Пайғамбарымыздан сахабаларға,сахабалардан табиғиндерге, табиғиндерден тәжуид ілім болып қалыптасқанға дейін ауызекі беріліп келген.
🔎 Мысалы, Пайғамбарымыздың сахабаларға үйреткен-дігін турасында мына хадистен байқаймыз: Пайғамбарымыз Абдуллаһ ибн Масғудтың намазда Құран оқығанын естіп: «Кімде – кімді Құран түскеніндей оқылуы қуандыратын болса, ибн Умми Абдтың (Абдуллаһ ибн Масғуд) қырағатымен (оқу тәсілімен) оқысын». Яғни, Абдулла ибн Масғудтың Құран қалай түссе, дәл солай оқығандығы айтылады.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Nov, 09:04


Хазрет Лұқман (ғ.с.) ұлына берген насихатында былай деген: «Ұлым! Ғалымдардың мәжілісіне қатыс. Көктен жаңбырымен жерді көгертетін Алла хикмет нұрымен мұсылмандардың жүрегін толтырады».

«Ғалымның өліміне теңізде балықтар, көкте құстарға дейін әр жаратылыс жоқтап жылайды» делінген де сөз бар.

Хасан Басри: «Ғалымдар болмаса, адамдардың басқа жан иелерінен айырмашылығы болмас еді. Өйткені олардың оқытуымен адамдар адамдық дәрежеге жеткен» дейді.

Ілім алудың маңыздылығы жайында Ислам әлемінде төртінші Халиф болған Али ибн Әбу Талиб (р.а): «Ілімсіз ғибадатта, түсінбей оқыған ілімде және ойланып, мән бермей оқуда еш жақсылық пен берекет жоқ» деген.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

11 Nov, 20:51


😪 Соңғы кезде мені қатты мазалайтын нәрсе, дұрыс емес ақпараттардың тез таралуы, адамдар тарапынан қолдауы. Ақиқаттың жабылған күйі қалуы.

-Дінді қайдан үйренуге болады?
- мешіттен діни сабақтарды тегін үйрене аласыз!

Әсіресе Ақида, Фиһқ, Көркем мінез.
Ақидаң дұрыс болмаса, жасап жатқан құлшылығың қабыл болмайды.
Намаздык шарттары дұрыс орындалмаса, намаз дұрыс болмайды.
Мінезің дұрыс болмаса, намазыңда, амалдарыңның сауаптары зая болады! Бәрі бір-бірімен тығыз байланысты.

Мұсылманның 40 парызы бар, соның біреуі жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйю!
Осы каналға таныс, құрбыларыңызды шақырыңыз!
Алла сауаптан жазсын!!

@gulmiraustaz

Гүлмира Ілесбай | QMDB

29 Oct, 08:42


Әссәләму әлейкум, қалайсыздар 🤍

Сіздерді «Шырақ» марафонына қатысуға шақырамын 🙌

Толық ақпаратты бұл жерден оқи аласыздар 👇

Гүлмира Ілесбай | QMDB

15 Oct, 04:42


Таңғы және кешкі дұғалар жинағы

Гүлмира Ілесбай | QMDB

15 Oct, 04:36


https://psv4.userapi.com/c610523/u312390305/docs/15ad97b07ce8/Ta_1187__1171_y_zh_1241_ne_keshki_d_1201__1171_alar.pdf?extra=DnRq31xhPfaeV94g8DL8o8BzKVw2pTTQ1xOBFZJjI7BagF1l9yQz3t8k3K6otOqccXFVh_XeWy-rPelYrYcl4IsDWIzqOEatgrWF0DBnxyhGIZuRHsk_DM5w0QmMapy7D-oEPuLonB6z

Гүлмира Ілесбай | QMDB

15 Oct, 02:15


https://youtu.be/iqiGYX_WoyI?feature=shared

Гүлмира Ілесбай | QMDB

14 Oct, 16:18


Жастық шақта жалқаулықпен, қартайғанда денсаулықпен арпалысып жүргенімізде жарқ етіп өте шығатын жалған өмір-ай! Соның арасында көп нәрсеге үлгеріп, тек бір нәрсені — құлшылықты ғана (қабірдегі жалғыз жолдасымыз сол болса да) кейінге қалдыра беретінімізді айтамын да….

Гүлмира Ілесбай | QMDB

13 Oct, 17:40


Осы демалыста ауылға, туған елге барып қайттым. Ата-анамның басына Құран оқып, дұға жасадым.
Туған үйдегі барлық заттың өз тарихы, естелігі бар. Маманың еккен гүлдері, әкемнің отырғызған жүзім ағаштары. Үйдегі жиһаз бен қолдан тоқыған кілемдері.
Қашан алған еді, қайдан әкелген еді бәрі есімде. Әр затпен бір оқиға байланысты.
Бірақ, осы заттардың ешқайсы да оларға кәзір керек емес. “Сындырып қойма”-деп ұрсатын ыдыстарыда, жатар алдын оқитын кітаптары да, ауылды шақырып тамақ пісіретін қазан-ошағыда.
Кешіксе көз ілмей ұйықтамай күтетін балаларында іздемейді.🥲🥲🥲

Огородтың ішіндегі арықтан өтетін ағашы сол әлі еш нарсе болмаған жатыр. Қанша жыл өтседе, қар-жаңбырдың астыгда қалсада шірімепті. Осы бір ағашқа қарап ой келді, балаларының аяғы су боомасын деп тастаған ағаштың әлі де қызмет етіп тұруы. Ол қызметін жасағанша сол кісілердің аруағына сауап болып жазыла берері анық. Біз кішкентай елемеген істің ақыретімізге сауап болып барып тұрары қандай керемет десеңізші !!!🥰🥰🥰
Шырағың сөнбесін!!🤲🏻🤲🏻🤲🏻


@gulmiraustaz

Гүлмира Ілесбай | QMDB

10 Oct, 06:17


Ұрланған түйе
Бір күні яһудилердің бірі, екі өтірікші куәгер табады да пайғамбарымыздың жанына барып: «Ей, Мұхаммед! Сахабаларыңнан пәлен кісі менің түйемді ұрлап алды. Оны көрген куәлар да бар, міне олар» деп қасындағыларды көрсетеді.

Пайғамбарымыз куәлардан сұрағанында “иә, дұрыс айтады” деп оның сөзін растады. Кейін сахабаларынан болған ол кісіні шақыртып оған былай дейді:
-Саған шағым түсті.
-Не болды, Йа, Расулаллаһ?
      -Сен осы өткен түнде түйе ұрлапсың.
      -Мен бе, кімнің түйесін?
      -Міне, мына яһудидің түйесін.
      -Ол түйені мен сатып алдым, ұрлағаным жоқ.
      -Жарайды, ал сенің сатып алғаныңды көрген куәгерлер бар ма?
      -Йа, Расулаллаһ, мен осы біраз бұрын ғана алдым, әлі ешкім көрген жоқ.
      -Мына куәгерлер түйенің яһудидікі екендігін айтты. Сондықтан түйе яһудиге беріледі.
      Осы кезде бұл мүбәрәк сахаба пайғамбарымыздан “Йа, расулаллаһ! маған аз уақыт бересіз бе?”-деп өтінеді. Кейін мешіттің бір бұрышына 2 рәкат намаз оқып, сосын қолын ашып дұға етеді: «Йа, Раббым! Мен күнде жатар алдында пайғамбарымызға 10 салауат оқимын. Йа раббым егер сенің құзырыңда осы оқыған салауаттарым қабыл болған болса, мені бұл қиыншылықтан құтқара гөр! Мен бұл түйені сатып алдым, бірақ куәгерлер яһудидікі екенін айтуда.»

      Сахаба қайтып келгенінде түйе орнынан тұрып “Йа, расулаллаһ! Бұл яһуди өтірік айтып тұр. Мен мына кісінің түйесімін.” деп тілге келеді.
      Түйенің сөйлегенін көрген яһуди және куәгерлері қорыққандарынан тұра қашады. Олар кеткеннен кейін пайғамбарымыз мұның себебін сұрағанында сахаба:
      -Йа, расулаллаһ! Менің бір әдетім бар! Әр түні жатудан алдын сізге 10 салауат айтамын. Аллаһу та’ала бұл 10 салауатты қабыл етіп, түйеге тіл бітірді,-дейді. Сонда пайғамбарымыз былай деді:
      -Сенің маған әр түні 10 салауат оқығаның үшін Аллаһу та’ала дүниеде кезіңде сені бұл қиыншылықтан құтқарғанына қарағанда ахыретте жаһаннам отынан да құтқарады.

Салауат айтуды ұмытпайық!!!

@gulmiraustaz

Гүлмира Ілесбай | QMDB

09 Oct, 03:15


📚 Құран Кәрімнің Ағраф сүресінде (27 аят) «Әй, адам баласы! Шайтан ата аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жанаттан шығарғаны сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол және оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық» дейді. Олай болса ұяты жоқтың иманы жоқ, иманы жоқ шайтанның досы.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

09 Oct, 03:13


📚 Құран Кәрімнің Ахзаб сүресінде (35 аят) «Ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдерге Алла Тағаланың жарылқауы және ірі сыйлығы бар» делінген.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

08 Oct, 08:48


Бауырым!

Сен әуелі өзіңді-өзің айнытпай тануды ойласаң,

Екі дүниеде де бақытты болуды ойласаң,

Өзіңді болмашы судан көркем етіп жаратқан

Раббыңның разылығын алуды ойласаң,

Қартайған шақта төсектен қарғып тұрып,

Жастармен жарыса шабуды ойласаң –

Онда, намаз оқы!

Адамзат көріп-білмеген аруды ойласаң,

Жетпіс хор қызын алуды ойласаң,

Ақыры болмайтын Ақырет жұртында

Жас болып мәңгі қалуды ойласаң,

Біліп-білмей жасаған күннен арылып,

Дертіңе шипа табуды ойласаң –

Онда, сен намаз оқы!

Өмірден басқа мән іздеп лағуды ойласаң,

Алла емес, адамдарға жағуды ойласаң,

Нәпсіңді ғана қанағаттандырып,

Жаныңды күтіп бағуды ойласаң,

Шыңғыруға толы шыңыраудағы отта

Шыжғырылып мәңгі жануды ойласаң –

Намаз оқымауға сылтау тап!

Серік Қалиев

Гүлмира Ілесбай | QMDB

08 Oct, 06:56


Қасиетті хадисте Алла Тағала былай айтқан:

«Уа, Менің құлдарым, Мен оң жолға түсіргендерден басқаларың адасушы болдыңдар, сендерді дұрыс жолға түсіруімді сұраңдар, Мен сендерді оң жолға түсіремін!

Уа, Менің құлдарым, Мен тамақтандырғаннан басқаларың аш қаласыңдар, Менен сендерді тамақтандыруды сұраңдар, Мен сендерді тамақтандырамын!

Уа, Менің құлдарым, Мен киіндіргеннен си жалаңаш қаласыңдар, Менен өздеріңді киіндіруді сұраңдар, Мен сендерді киіндіремін!

Уа, Менің құлдарым, ақиқатында, сендер күндіз-түні күнә жасайсыңдар, ал Мен сендердің барлық күнәларыңды кешіремін, Менен кешірім сұраңдар, Мен сендерді кешіремін» (Мүслим).

Хадис екі түрлі болады:
1. Хадис-шәриф : пайғамбарымыздың жасаған амалдарымен сөздері;
2. Хадиси кудси: Алланың Құраннан бөлек айтқан сөздері

@gulmiraustaz

Гүлмира Ілесбай | QMDB

07 Oct, 04:37


🛑 Дінімізде парыз етілген амалдарды дүние үшін, мақтан үшін істесе дұрыс әрі қабыл болмайды. Ал керісінше, осы өмірдегі дүние ісін Ақыреті үшін жасаса шынайы құлшылық болып саналады. 

🛑 Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мүміннің ниеті амалынан жақсы. Алла ешбір күмәнсіз құлына амалына қарап бермегенді ниетіне қарай береді. Өйткені ниетте рия болмайды. Керісінше амалға рия араласып кетеді»,- деген. (Дәйләми)

Осы әр іске дұрыс ниет ете білу, күнделікті ісіңді құлшылыққа алмастыратын практика, техникамен бүгін басталған “ Шырақ” марафонымда бөлістім. Толығырақ менім инста парақшамда.

@gulmiraustaz

Гүлмира Ілесбай | QMDB

05 Oct, 01:34


Ниеті жақсының жасай алмаған жақсы ісіне де, сауап жазылады 


Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың сөздерін жеткізіп: «Шын мәнінде, Алла жақсы және жаман (амалдарды) жазып, сосын оны түсіндірді: «Кімде-кім бір жақсы амал (істеуге) ниеттеніп, оны істемесе де Алла ол үшін Өз қасында толық бір жақсы амал (істелгенін) жазады.

🛑 Егер ол ниеттенгенін істесе, Алла ол үшін Өз қасында оннан жеті жүз есеге әрі (одан да) көп есеге дейін (жақсы амал істелгенін) жазады.

🛑 Ал кімде-кім жаман іске ниеттеніп, (бірақ,) оны істемесе, Алла ол үшін Өз қасында толық бір жақсы амал (істелгенін) жазады. Егер ол ниеттенгенін істесе, Алла ол үшін бір жаман іс (жасалғанын) жазады»,—деген. (Бұхари, Муслим)

📚 Хадистен Жаратушының пендесінежасайтын үлкен мейірімін көре аламыз. Демек, адам тек қана ойымен жақсы іске ниеттеніп, бірақ түрлі себептермен оны жасай алмаса да сауап жазылады. 
🛑 Ниетіміз түзу болсын!!!
@gulmiraustaz

Гүлмира Ілесбай | QMDB

04 Oct, 07:12


Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер бала жүрегіне нұр құйып, білім мен тәрбиеге ұмтылуға шабыт беріп келесіздер. Сіздердің еңбектеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен шыдамдылықтарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз.

Шәкірттеріңіз әрдайым жетістікке жетіп, сіздерге тек қуаныш пен мақтаныш сыйласын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, ал еңбектеріңізге тек табыс тілейміз!

Гүлмира Ілесбай | QMDB

01 Oct, 01:43


Қисса
Бір күні Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Алладан бұл дүниедегі жәннаттағы көршісін көрсетуін сұрайды. Сол кезде Жебірейіл періште келіп: «Сенің жәннатағы серігің пәленше жерде тұратын пәленше деген қасапшы», – деп жауап берді. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) қасапшының дүкеніне барған кезде ет сатумен айналысып жатқан жас жігіт екенін көрді.

Мұса оған (оған Алланың сәлемі болсын) жігіттің істерін жақыннан бақылап көрді бірақ ешбір ерекшелікті байқамады. Түн болған кезде қасапшы аздап ет алып үйіне қайтты. Мұса пайғамбар да (оған Алланың сәлемі болсын) оған ілесіп барып, қонақ қылуын өтініш етіп, бірақ өзін таныстырмады. Жігіт Мұсаны (оған Алланың сәлемі болсын) кең пейілімен қарсы алып, үйіне кіргізіп қонақ қылды.

Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) бақылауын жалғастырды. Әлгі жігіт тамақ дайындап, үйіндегі бір қарт әжені жуындырып, киімін ауыстырып, қолымен тамақ берді. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) әлгі қарияның түсініксіз тілде бір нәрсе айтқанын естіді. Қарияны тамақтандырғаннан кейін жігіт қонағын күтіп, тағам әкеліп, бірге тамақ іше бастады. Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) жігіттен қарт әже жайында сұрады. Жігіт: «Бұл менің анам мен оның қызметіндемін», – деп жауап берді. Содан кейін Мұса (оған Алланың сәлемі болсын): «Анаң өз тілінде не деп айтты?» – деп сұрады. Жігіт: «Мен әркез осылай анамның қызметін жасаған кезімде ол: «Алла Тағала ақыретте Мұса пайғамбарды (оған Алланың сәлемі болсын) саған көрші етсін!» – деп дұға етеді. Мен сияқты жұмыр басты пендеге пайғамбармен көрші болу қайдан бұйырсын», – деді.

Сол кезде Мұса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): «Онда мен сені сүйіншілейін! Алла Тағала сенің анаңның дұғасын қабыл етті. Сенің ақыреттік көршің мен боламын», – деді.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

29 Sep, 06:45


Әссәляму алейкум, бұл Гүлмира ұстаздың менеджері Элиза ☺️

Сіздерді бүгін сағат 20:00 болатын тегін сабаққа шақырамыз, қатысу үшін тек чатқа тіркеліп алыңыз👇

https://chat.whatsapp.com/CekF6ClMlNi742jSuJbb7l

Ал бұл сабақтың программасы:

Гүлмира Ілесбай | QMDB

27 Sep, 00:57


📚. «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?» («Зүмәр» сүресі, 9). Және де пайғамбарымыздың хадисінде: «Кімде-кім білім іздеу жолына түссе, Аллаһ тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым іздеушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалымға көктегілер және жердегілер, тіпті судағы балықтарға дейін жарылқау тілейді» деп келтіреді. Білім үйрену ешқашанда кеш емес.

Жұмадағы дұға тілек қабыл болсын🤲🏻🤲🏻🤲🏻

Гүлмира Ілесбай | QMDB

12 Sep, 04:21


Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болмысы, жүріс-тұрысы мен әдебі барша мұсылман үмбетіне үлгі. Алла Тағала қасиетті Құрандағы «Ахзаб» сүресінің 21-аятында:
لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِمَنْ كَانَ يَرْجُو اللَّهَ وَالْيَوْمَ الآخِرَ وَذَكَرَ اللَّهَ كَثِيرًا
«Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем үлгі-өнеге бар», – деп айтқан.

Гүлмира Ілесбай | QMDB

07 Sep, 06:38


Намаз дұғаларын дұрыс жаттайық!!!

2,493

subscribers

163

photos

102

videos