Бараат түні Шағбан айының он бесінші түні. Сөздік мағынасы "бір қиыншылықтан құтылу" деген мағынаны білдіреді.
Бұл түнде бір жыл ішінде болатын жағдайлар, яғни тағдыр бекітіледі. Түнін құлшылық және дұғамен, күндізін оразамен өткізу маңызды.
Бараат түніне тиесілі 5 пайда бар:
1. Барлық маңызды іс осы түнге тиесілі.
2. Бұл түндегі құлшылықтың пайдасы мол.
3. Алланың мейірімділігі жауатын түн.
4. Кешірім түні.
5. Бұл түні Расулуллаһқа (с.а.у) шапағат құқығы толық берілген.
Бараат түнінде не істеу керек?!:
Алла Елшісі (с.а.у.) былай деп бұйырады:
"Шағбан айының он бесінші түні болғанда, ғибадат етіндер. Және ол түннің күндізінде ораза ұстандар. Себебі ол түні күн батқанға дейін Алла Тағала: "Менен кешірім сұрайтындар жоқ па, кешірім берейін. Менен рызық қалайтындар барма, рызықтандырайын. Бір сынаққа тап болғандарға жеңілдік берейін. Осындай тағыда - тағыда бар ма?" деп бұйырады." (Ибн Мажа, 1388)
Тағы да бір хадисте былай деп бұйырады:
"Бұл түн Шағбанның он бесінші түні. Алла Тағала бұл түнде Бәни Кәлб тайпасының қойларының жүніндей сандағы адамдарды тозақтан азат етеді. Тек қана Алла Тағалаға серік қосқандар, мұсылмандарға кек және дұшпандық сақтағандар, туысқандармен қарым-қатынасын үзгендер, тәкәппар адамдар, ата-анасына қарсы шыққандар және арақ ішуді тоқтатпағандардың жүзіне қарамайды." (Бұхари, әт-Тарғиб уәт-Тәрһиб, ІІ, 118)
Бараат түнінде жасалынатын амалдар:
1. Ораза ұстау.
2. Қаза намазы және нәпіл намаздар оқу.
3. Құран Кәрім оқу.
4. Тәубе истиғфар ету.
5. Салауат айту.
6. Аллаға мадақ айтып, шүкір ету.
7. Алланы көп зікір ету.
8. Садақа беру.
https://t.me/konil_bakshasy