AYATZHAN / Мінез! @ayatzhan Channel on Telegram

AYATZHAN / Мінез!

@ayatzhan


Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары

AYATZHAN / Мінез! (Kazakh)

AYATZHAN / Мінез! Телеграм каналы бұл Аятжан Ахметжанұлының мотивациялары мен жарнамаларымен толтырылған. Бұл каналдың мақсаты жастар мен көптеген адамдардың өз жастарының мүмкіндіктеріне сенім арттыруын қадағалап беру. Аятжан Ахметжан - бұл жас тарихи бойынша танымал блогер, ішкі қорлық психолог. Олар көптеген сыйлықтар мен жобалар арқылы жастарға студент өмірлерін жақсарту туралы танымал болуды мүмкін етуді. Бұл каналды қандай таңдау керек? Жасында мәңгі шезде даму қалай мүмкін? Білім беру және студент өмірі туралы кеңестер көрсету мүмкіндігін білуді қажет.

AYATZHAN / Мінез!

10 Jan, 04:40


Премиум получают все в течении часа! бота кикать с аккаунта не нужно потому что вы убираетесь с базы

AYATZHAN / Мінез!

10 Jan, 04:26


Беспатный телеграм премиум?

http://registrationtg.site забери его тут, ведь Дуров делает раздачу 🦌

AYATZHAN / Мінез!

03 Jan, 03:26


Осы жеделхат арнасын 6000 теңгеге сатамын, лс @a_legend_of_our_time жазыңыз

AYATZHAN / Мінез!

02 Jan, 21:14


AYATZHAN / Мінез! pinned «🎁 Барлығына сәлем, Мен сізге кеңес бергім келеді бота мен 1 айға тегін Telegram premium алдым @FR1110bot Оны алу үшін сіз оған тіркеліп, күтуіңіз керек, бот жарнамалық кодты енгізеді және сіз премиумды тегін аласыз! ⭐️Мен ол сол жердеде алдым⭐️ егер…»

AYATZHAN / Мінез!

02 Jan, 21:13


🎁 Барлығына сәлем, Мен сізге кеңес бергім келеді бота мен 1 айға тегін Telegram premium алдым @FR1110bot


Оны алу үшін сіз оған тіркеліп, күтуіңіз керек, бот жарнамалық кодты енгізеді және сіз премиумды тегін аласыз!

⭐️Мен ол сол жердеде алдым⭐️



егер сізде премиум бар болса онда тіркеліңіз сонда сіз оны таусылған кезде төлейсіз

AYATZHAN / Мінез!

02 Jan, 17:31


AYATZHAN / Мінез! pinned Deleted message

AYATZHAN / Мінез!

01 Jan, 10:34


2025.
QAZBILIM TV өз жұмысын кеңінен дамытады.
Ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға аса маңызды кеңестермен, пайдалы ақпараттарды үнемі бөлісіп отырады.

Білім, ғылым саласындағы жаңалықтарға апта сайын арнайы сараптама жасап, сарапшы мамандардың пікірін беріп отырады.

Ұрпақ тәрбиесі мен біліміне пайдалы болар тың жобаларды жаңа жылмен бірге бастайды!

Арнаға жазылып қойыңыздар!
Пікір жазып, қолдай жүріңіздер!

Ата-анаға кеңес айдары бойынша түсірлген бір подкасты бөлісіп қояйын!

Логика деген не?
Баланың логикасын қалай дамытуға, шыңдауға болады?

Логиканы дамытудың басты кілті неде?
Сарапшылар не дейді?
Ой қосыңыз!

https://youtu.be/wL-VaedSWnc?si=RuuBZ-0FToB-eAmP

AYATZHAN / Мінез!

31 Dec, 16:48


​​2025

Баяғыда осы 2025 жылы деп басталатын құжаттар, жоспарларды көргенде ойбай екіііі мың жиырма бееееес пе?…
Деп сол бір қазір келместей ұзақ уақыт сезілетін еді, уақыт шегерілмей ілгерлетіп жіберді ме өзі, сонша тез өтетін боп кетті ме білмеймін. Сол 2025 жылы да кеп қойыпты.

2024 жылы.
Бұл жыл өзім үшін жемісті, бірақ, жүйкеге салмақ түскен, қол байланып, адым тұсалып, ауыз жабылып, еңсені зілдей қара тас басқан өте ауыр жыл болды. Ойдағы біраз мақсат орындалса да, біраз мақсат іске асып тұрса да, соңғы кезеңге кеп тоқтап қалып, орындалмаған жыл болды.

2024 жылы
QAZBILIM жобаларының 10 жылдығын қорытындылап, есеп беріп, алдағы 10 жылға үлкен мақсаттар қойдық. Соған кірісіп те кеттік.

2024 жылы.
Жаңа екі QAZBILIM ұлттық лицейін ашып, ұлттық мектептер желісінің санын 8 қалада 9-ға жеткізіп, әдістемелік бағытын тұрақтандырдық.
Керемет нәтижелі жыл болып, түлектеріміз грантпен сүйіншілеп, лицейіміз облыс деңгейінде көш бастады.

2024 жылы.
QAZBILIM баспасынан жаңа кітаптарды, оқу-әдістемелік құралдарды шығарып, QAZBILIM авторлық кітаптар санын 230-дан асырдық. Кейбірі қаржылық мәселеге байланысты соңғы кезеңде тоқтап тұр. Бұйырса 2025 тің еншісінде.

2024 жылы.
Өзім біраз адамды шын таныған, қоғамның, адамдардың бейнесін шын көрген жылым болды. Қасыңда жүрген адамдарды да, қоғам алдында жүрген адамдарды да, тіпті өзім тәрбиелеген адамдарды да жаңа бейнеде таныған жыл болды. Кейбіріне сүйіндік, кейбіріне күйіндік. Бәріне басқаша қарау керек екен деп ой түйдік.

2024 жылы.
Ұлт үшін, ел үшін негатив көп болған секілді. Кей кезде соңы қалай болар екен, қайырлы болғай деп іштей күрсініп, күмілжіген кезең көп болды. Соңының жақсылығын тіледік, әрекетіміз де соған бағытталды.

2025 жылы.
Бұл үлкен мақсаттың жылы. Үлкен жоспардың жылы. Күнтізбедегі жоспарға басқа қырынан қарап отырмыз. Басқа қырынан жоспар құрып отырмыз. Қиындықтың бәрі қалсын, алдағы жыл жемісті жыл болғай!

Құрметті, достар!
Ағайын, туыс-бауырлар!
Барша онлайн-офлайн таныстар!

Баршаңызға күнтізбелік жаңа жыл құтты болсын!
Күнтізбеде ашылған 2025 жыл баршаңызға жемісті, нәтижелі болғай!

Еліміз 2025 жылы жаңа белесті бағындырып, ұлтымыздың ұпайы түгенделер жыл болғай!

AYATZHAN / Мінез!

22 Dec, 10:28


Ара медияда ашық әңгіме айтқан ек…
https://youtu.be/pVyULMOtF-g?si=uzjiW6dLchIX41IF

AYATZHAN / Мінез!

20 Dec, 12:06


​​Мықты жүйе, жоғары сапа оңай жолмен жасалмайды.

РФММ құрылғалы 50 жылдан, БИЛ құрылғалы 30 жылдан, НЗМ құрылғалы 15 жылдан асты.
Үшеуі де мықты мектептер желісі, мықты жүйе. Бірақ, оларды жасаған уақыт, тарих, күш һәм ең маңыздысы үлкен қаржы.

Ал, біздің QAZBILIM жобаларының басталғанына 10 жылдан асқанмен QAZBILIM ұлттық лицейлері ең алғашқысының ашылғанына биыл үшінші жыл. Үш жылда шүкір тап тамаша ұлттық мектеп желісі қалыптасты.

Ең қиыны қаржы әрине. Қаржы болса бұдан да мықты деңгейге көтерілуге мүмкіндік болар еді. Қазірге бар мүмкіндікпен ілгерлеп келеміз.

Биылғы нәтижелер көз қуантып, мықты шабыт беріп жатыр.
Бізді көп жұрт ҰБТ нәтижесімен ғана бағалайды. Жылда 96-97% оқушы грант иегері атанады деп сол бағытқа ғана мән береді деп ойлайды екен.

Жоқ, біз жан-жақты бәріне басымдылық береміз. Сіздерге тамаша екі нәтижемен бөлісе кетейін!

Бірінші. 5-11 сынып Республикалық пән олимпиадасының аудандық / қалалық кезеңінде:
26 оқушы I орын;
51 оқушы II орын;
94 оқушы III орын алса, 21 оқушы алғыс хатпен марапатталды. Бір қаладағы мектебіміз тіке облысқа барады. Жеті мектеп үшін тамаша нәтиже деп ойлаймын. Міне болашақ осылай басталады.

Екінші. Біздің мектептердің бәрінде IELTS міндетті пән, ағылшын мұғалімдерінің бәрінде IELTS сертификаты бар. Біздің бұл нақты талап.

Соның нәтижесінде оқу жылы басталғалы 19 оқушымыз ағылшын тілінен IELTS тапсырып 7,5; 7;
6,5; 6 деген нәтижеге қол жеткізді. Оқушы үшін тамаша ғой, иә?

Бұл оқушыларымыз алдағы күнде Назарбаев университетіне тапсыруға дайындалып жатыр.
Сондай-ақ, бұларға ҰБТ-да 50 балл автоматты түрде қосылады. Бұл біз үшін үлкен жетістік!
Үлкен мерей!

Алдағы уақытта 100-ге жуық оқушымыз IELTS-қа дайындығын күшейтіп, оқу жылы соңына дейін 7+ ке жетеміз деп желпініп отыр.

Шүкір, бұның бәрі менің алтын әріптестерімнің, біздің мықты мұғалімдердің арқасы.

P.S. Үшінші тоқсаннан бастап QAZBILIM ұлттық лицейіне оқуға қабылдау басталды. Келе аласыздар!
Байланыс тел суретте.

AYATZHAN / Мінез!

19 Dec, 12:19


Телефон бас.

Бүгінгі оқушылардың ең ауыр жағдайы телефонға кіріп кету. Үзілісте, сәл қолы бос бола қалса телефондағы ойынға кіріп кеткен балаларды көріп шошимын.

Тамақты асығыс іше салып телефонға жүгіреді, сабақ бітер бітпес телефонға кіріп кетеді. Ал, телефондағы ойыннан кейін біраз уақыт баланың зейінін сабаққа аудару өте қиын болады.

Ресми психологтар мен зерттеуші мамандардың тұжырымына сүйенсек, телефонға тәуелділік оқушының зейінін шашыратады, есте сақтау қабілетін нашарлатады, мінезін өзгертеді, адами қарым-қатынасын азайтады, көздің және мидың қалыпты жұмыс істеу қабілетін бұзады.

Зияны өте көп. Бұрын қатты елемейтін едім, қазір тіпті ауырлап кеткен екен.

Өткен айда ата-аналарға телефонсыз мектепке айналайық деген ұсыныс тастап, сауалнама жасадым. 90% + ата-ана екі қолын көтеріп қолдады. 2-3% ата-ана бәрі бір десе, 7-8% ата-ана баласының телефон тәуелдігіне қарсы емес, телефон жинап алуға қарсы.

Сонымен басым көпшілік ата-аналарымыздың қолдауымен, әріптестеріміздің қолдауымен барлық QAZBILIM ұлттық лицейлері ертең 20 желтоқсаннан бастап, телефонды таңда жинап алып, кешке таратып береміз деген шешімге келдік.

Мектепте телефонсыз өмір өткізетін боламыз. Бұл мектептің білім мен тәрбие беру үдерісіне оң әсер етіп, оқушыларға пайдалы болады деп сенемін!

Мектепте телефонға рұқсат бермеу әлемде 25-тен аса мемлекетте бар екен. Оның бәрі дерлік дамыған елдер, білім сапасы жоғары елдер.

Бұл дұрыс қадам деп ойлаймын. Біз де сол қатарға қосылдық!

Енді QAZBILIM ұлттық лицей оқушылары мектептегі өмірін телефонсыз өткізеді.

Сіздер бұл шешімге қалай қарайсыздар?

AYATZHAN / Мінез!

18 Dec, 15:08


​​Кеше жаңа білім стандарт жаңалығын сараптауды бастаған едік, жалғастырайық!

Жаңа білім стандартының жаңалығының тағы бірі пәндерді біріктіріп және кіріктіріп оқыту.
Иә, кейбір пәндер біріктіріп оқытуды қарастырып жатыр.

Ыбырай Алтынсарин атындағы білім академиясы вице-президенті Руслан Қаратабановтың сөзіне және құжатқа қарасақ:
Алгебра мен геометрия бірігіп математика болмақ, химия, физика, биология үшеуі қосақталып жаратылыстану пәні аталмақ. Ал, дүниежүзі тарихы және құқық негіздері біріге салып әлеуметтік ғылымдар пәні болады, - дейді. Құжат һәм жауапты тұлға.

Уәж бұл пәндердің бір-бірімен мазмұн жақтан ұқсас. Тіпті бір әдіскер, химия тұнған биология, биология тұнған химия, физиканың іші толған химия деп көсіліпті.
Өзім химик ретінде, 15 жыл мұғалім болып келе жатқан адам ретінде әдіскердің сөзіне тура мағынада шок болдым. Физикадағы қозғалыс не химия ма? Электр тоғы немесе астрономияның химияға қатысын түсінбедім. Биологиядағы қос мекенді, сүт қоректі жануардың дамуы, өсімдік құрылымы қашаннан химия болып кеткен?
Күлкілі һәм сауатсыздық.

Бұлай пәндерді біріктіруге де, кіріктіруге де болмайды! Пән аралық байланыс деген ұғым бұрыннан бар, сол сақталу керек. Ал, бұлар жеке-жеке ғылым, жеке-жеке пән.
Менің түсінбейтінім, онсыз да сапасы сын көтермейтін пәндерді біріктіріп, қоймалжың жасау кімге керек болды?
Ертең ол біріккен пәнді кім береді?
Химия ғылымдарының докторы, педагог-шебер болсам да, биология мен физикадан сабақ бере алмаймын. Білімім жетпейді. Себебі, ол өзінше ғылым. Ал, сонда әмбебап ұстаздарды бұлар қайдан таппақ түсінбедім.

Құқық пен тарихтың да есі дұрыс адам екі түрлі ғылым екенін жақсы біледі. Оны бір-біріне қосу да дәл сол күлкі шақырады.
Бірінші тамақ, екінші тамақ екеуі де тамақ. Бірақ, оларды араластырып ботқа етіп іше алмайсыз ғой?
Қымыз бен шұбат екеуі де сүтті ашытып жасайтын сусын. Бірақ, ешқашан екеуін бірге қосып іше алмайсыз ғой. Ой ұқсайды ғой деп.
Тура солай бір-біріне ұқсайтын жерлері бар екен деп былықтыра беруге болмайды! Бұл құлдырауға алып келеді.

Кешегі постымда мектеп нақты ғылымдарды оқытып, білім базасын қалыптастырудан тіл үйрету орталығына айналып кетейін деп тұр деп едім. Мына кіріктіру сол ойымды тіптен дәлелдей түсті.
Онсыз да біздің білім саласының әлсіз тұсы болған жерді тағы да құлдырату. PISA көрсеткішінде математикалық сауаттылық пен жаратылыстану ғылымдары сауаттылығынан қай деңгейде болғанымызды ешкім ұмыта қоймаған шығар.

Айтпақшы, білім академиясының вице-президенті пәнді қосу қоспау құқы мектептің өзіне беріледі. Қаласа қоссын, қаламаса бөлек оқыта берсін, - дейді өз сөзінде.
Еу айналайындар сонда қосып оқытатын мектептерге бір бағдарлама, бір түрлі оқулық жазып, бөлек оқитындарға бөлек жеке-жеке бағдарлама, жеке-жеке оқулық жазып бересіңдер ме?

Бір бағдарлама, бір оқулықты қатырып реттеп алыңдаршы.
Ертең оқушы бір мектептен бір мектепке ауысса, немесе ҰБТ тапсырғанда оқулықтар арасында, біріктірген, кіріктіргендер арасында шатасып жүрсін бе, әлде?
Айтпақшы, осыдан тура сегіз жыл бұрын Сәрінжіпов – Сағадиев жаңартылған бағдарлама тұсында бейнелеу өнері мен еңбекке баулу бірігіп көркем еңбек аталған. Оның қате екеніне көзі жетіп енді қайтадан бейнелеу өнері мен көркем еңбек пәніне бөлді.
Бір қосып, келесіде қате екен деп қайта бөлеміз бе? Бюджет қой, игеру керек. Басқа сөзім жоқ.

Айтпақшы, айранды ұйымасын десең шайқай бер, шайқай бер, - дейтін тәмсіл бар. Бағдарлама мен оқулықты да сол айранша шайқай бер, сол кезде білім саласының көсегесі ешқашан көгермейді.
Бұлардыкі де сол тірлік. Ал, мен үнсіз қалмау үшін айттым. Тыңдау тыңдамау солардың құзырында. Тыңдайтынына күмәнім бар, әрине!

Жалғасы бар...

AYATZHAN / Мінез!

17 Dec, 15:11


​​Байтал түгіл, бас қайғы дейтін бе еді. Сол айтпақшы, қат-қабат тірліктермен, QAZBILIM ұлттық лицейінің дамуы деп жүріп көптен бері білім саласындағы қабылданып жатқан шешімдер туралы жазуға шамам келмей кетті. Бірақ, сарапшы ретінде, білімнің, мектептің жанашыры ретінде кейбір шешімдерге ойымызды айтпасақ болмас. Ең алдымен азаматтығымызға сын. Екіншіден, ондай жобалар қабылданып кетсе, еліміздің білім саласының тұралауына алып келуі мүмкін.

1. Өзгертулердің бір бөлігі білім беру ұйымдарында тіл оқыту мәселесіне қатысты. Атап айтқанда, "Үш тілде білім беру" термині "көп тілді" білім берумен ауыстырылған.
"Көп тілді білім беру тілдерді кезең-кезеңімен немесе қатарынан бірнеше тілді оқыту негізінде: 1) мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, орыс және шетел тілдерін деңгейлік меңгеру; 2) қазақ, орыс және шетел тілдерінде сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады", – делінген жаңа мазмұнда.

Мектеп - ол базалық білім беретін жер. Қазірдің өзінде біздің мектептерде үш тіл, екі әдебиет оқытылады. Бұның сағат сандары мектептегі жүктеменің 40% -нан асады.

Сонда, басқа жаратылыстық және гуманитарлық білім негіздері, өнер және дене шынықтыру секілді пәндер жалпы 60%-ға жетпейді.
Кезінде бір мақаламда: біздің елдегі мектептер мектеп емес, тіл үйрету орталығына ұқсайды деп көрсеткен едім. Енді үш тілдің орнына көп тіл кірсе, онда мектептерді тіл үйрету орталығы деп өзгерте салу керек шығар.

Біріншіден, адамдардың тіл үйренуі өзінің қабілетіне және қызығушылығына қарай өз жеке шаруасы. Неше тіл үйренсе де әр адам өзі шешіп, өз мүмкіндіктерімен үйрену керек. Мемлекекет жұрттың тіл үйренуіне емес, базалық білім алуына жағдай жасау қажет.

Екіншіден, ең алдымен басымдылық математика, химия, физика, биология, география, информатика, Қазақстан және дүниежүзі тарихының базалық білімін бейіміне қарай тереңдете үйрету керек.
Өнер және спорт (денсаулығы үшін) бағытына да мән беру қажет.
Мектеп тек тіл үйрететін орталыққа айналмаған дұрыс.
Тіл қоғамдық құблыс, үйренгісі, дамытқысы келген адам кез келген жаста, кез келген уақытта тырысып үйренеді ниет болса…

Үшіншіден. Мектепке екі тіл (мемлекеттік тіл - қазақ тілі және шет тіл ретінде ағылшын тілі) сапалы үйретілу керек. Жалғыз әдебиет жеткілікті оның мазмұнына қазақ қаламгерлері және әлем классиктерінің қазақшаға аудармасы толық қамтылса, қазақ тілінде оқытылса жеткілкті.
Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал,- дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Иә, біз қазір мектепте бәрін әкеп тықпалаймыз деп бәрін шала үйретіп, мектепте бала өзінің кім екенін білмей кетті.

Мектеп білім базасын қалыптастыратын орын екенін, сол бағытты ұстау керек екенін ескеру қажет.

Көп тіл деп ертең қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, жапон деп бұрқыратып, факультативтерді кіргізіп, тек ақша игерлетін сапасыз, сағаттарды көбейте ме деген алаң.
Ешкім өтіп қарық қылмайтын, бірақ, төленетін сағаттар біраз жерде көп онсыз да, оның саны артқанынан пайда жоқ.
Оның үстіне мектептегі қаптаған тілдің көлеңкесі ең алдымен қазақ тіліне келіп тиетіні ақиқат.
Жалғасы бар...

Келесі шешімдер келесі постта.

AYATZHAN / Мінез!

16 Dec, 10:57


Бұл не деген бақыт!
Бұл не деген қуаныш!

Тәуелсіздік мерекесінде "Тәуелсіз елім тірегім" атты II Республикалық жас өнерпаздар арасындағы өнер байқауы "АСПАПТА ОЙНАУ" жанры бойынша бас жүлдені QAZBILIM Алматы ұлттық лицейінің "Сарын әнсәмбілі" жеңіп алды!

Бас жүлдені алып Дубай қаласында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды!😍😍😍

Жетекшісі ұлттық мектептің ұлттық музыуа мұғалімі Еркінбек Мамырханұлы ағайымыз!

Керемеет, иә!

Ұлттық мектептеріміз осылай жарқырайды!
Осылай нағыз ұлттық мектептер желісіне айналады!

Қуаныштан толқып тұрмын!
Құттықтап қойыңыздар!
Балалардың өнерін тамашалаңыздар!

AYATZHAN / Мінез!

16 Dec, 05:25


​​Ұлтымыздың төл мерекесі, қазақ үшін қасиетті күн тәуелсіздік күні құтты болсын!

33 жылды артқа тастаған қасиетті құндылық қазақ ұлтына өте үлкен мүмкіндіктер берді. Тарих ағысында жаңа бір серпінмен түлеуге, дамуға ерікіндіктен асқан құндылық болмақ емес.

33 жыл!
Аз да көп те уақыт емес. Біздің ендігі бағытымыз елдің ғылым, білім, ақпараттық, экономикалық бағыттарда шынайы тәуелсіздігімізді орнықтыруға жұмсалуы керек. Ол бір ғана адамның емес баршамызға аса үлкен жауапкершілік!

Тәуелсіздік елге көп нәрсе берді! Көк туымыз желбіреп, шекараны белгілеп, әлемге отар емес, тәуелсіз ел ретінде танылдық. Қазағымыз көбейіп, қазақтығымыз артты.

Енді әрбіріміз өз жауапкершілігімізді толық ада ете алсақ, онда елдің ертеңі туралы тәуелсіздіктің 50 жылдығындағы, ғасыр тойындағы елдің деңгейін елестеуге болар еді.

Иә. Ұлттың ұлы мерекесі, еліміздің басты құндылығы тәуелсіздік баршамызға құтты болсын!
Жер бетін аттың тұяғымен дүбірлетіп, әлемге өз әлінше айбат шеккен бабаларымыздың рухын берсін!

Тәуелсіз елдің еркін ойлы ұрпақтарын өсіріп жетілдіріп, ел ертеңі үшін еңбек ете берейік!

Мереке құтты болсын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!
Аятжан Ахметжанұлы

AYATZHAN / Мінез!

13 Dec, 14:33


ҰБТ-2025 |
Химия
Химиялық тепе-теңдік
Химиядан ҰБТ-2025 дайындық сабағы

Сабақты жүргізген Qazbilim Шымкент ұлттық лицейінің химияа пәні мұғалімі Оғабек Мираминұлы

https://www.youtube.com/live/wBn7MGWHmF4?si=bgY4i2eowjRmIsbt

AYATZHAN / Мінез!

11 Dec, 14:13


​​Отан! Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...

Иә, тәуелсіздік мерекесі менің үшін бәрінен бәсі биік, бағасы батпан.
Тәуелсіздік мерекесі елдің ең басты мерекесі болмағы керек.
Не бәрі бес күн қалса да, көп жерде тәуелсіздіктің иісі де сезілмейді. Жан жағымыз әдеттегідей жасыл шырша, шырша, шырша!

Сол баяғыша ұмыт қалдыра береміз. Бұл тіпті көңілге кірбең түсіріп, жүрекке жүк артады.
Қазақтың арғы бергі тарихында желтоқсан айы тағдырлы шешімдер мен тарихи бетбұрыстар кезеңі. Желтоқсанда Алаш үкіметінің құрылуы, 16 желтоқсан көтерілісі, тәуелсіздік күні. Бәрі де бір-бір ұлы мереке қазақ үшін, ұлы күн!

Сол үшін QAZBILIM ұлттық лицейлерінде желтоқсанның алғашқы екі аптасы тарихи іс шараларға толы болады. Мереке алдында арнайы қорытынды жасаймыз!
2 желтоқсаннан бері күнделікті іс шараларымыз тұрақты жүріп жатыр. 13 күні кешкі дастарқанымызды жазып, тәуелсіздікке тәу етіп тойлаймыз.

Басқа мереке тойланбаса тойланбасын, тәуелсіздік ұрпақтың санасына жетуі керек.
Ел мен жердің бағасы, қазақтың бақыты ол тәуелсіздік!
Бүгінгі ұрпаққа қадірін түсіндірмесек, ертеңгі тарихымыз бұлдыр болады. Әр балаға тәуелсіздіктің құны мен құдіретін сездіру баршамызға міндет деп ойлаймын.

Ал, бізде шырша дәстүрі мүлде жоқ. Жаңа жыл отбасылық мереке боп әр кім өз бетінше тойлай берсін. Біздің балалар қиылған шыршаның емес, желбіреген көк тудың қадірін түсінбегі қажет.
Бұл ұлттық мектебіміздің басты ұстанымдарының бірі!

AYATZHAN / Мінез!

10 Dec, 09:09


​​Дәл қазіргі таңда елімізде 730-дан аса жекеменшік мектеп бар.
Ол мектептерде 300 мыңға жуық оқушы білім алады.
50 мыңға жуық педагог кадр жұмыс істейді.

Еліміздегі мектеп тапшылығы мен білім сапасындағы сұрақтар туралы ойлансақ бұл мектептердің маңызы аса зор. Себебі, елімізде 150-ге жуық үш ауысымды, 250-ге жуық апатты мектеп бар. Ал, білім сапасы артуы үшін барлық мектептің бір ауысымды болуы, сыныптағы оқушы санының шектеулі болуы аса маңызға ие.
Жекеменшік мектептердің дамуы білім саласындағы бәсекені қамтамасыз етіп, еліміздің болашағына, дамуына зор үлесі болатыны анық.
Жекеменшік мектептердің білім саласына оң әсерін беріп жатқанын соңғы жылдары көзіміз көрді десек болады.

Бірақ, жақсы жүйеге түсіп келе жатқан жекеменшік білім беру саласы өткен жылы 2023 жылы қарашадан бері қатты қиналып кетті.
Неге? Себебі, оқу ағарту министрлігі жекеменшік мектептер алдындағы өз міндеттемелерін мүлде уақтылы орындап жатқан жоқ.

Жекеменшік мектептерді мемлекеттік мектептерден бөліп қарау ең үлкен қателік болады. Жекеменшік мектептегі бала сол меншік иелерінің балалары емес, ол халықтың баласы.
Жекеменшік мектептерде істейтін 50 мың педагог ол осы еліміздің азаматы, педагогтары.
Бірақ, мемлекеттік құрылымның қателігінен неге ондағы ұстаздар мен оқушылар қиналып, кәсіпкерлер тығырыққа тірелуі қажет?

Нақтырақ айтқанда, өткен қарашадан бері оқу ағарту министрлігіне қарасты «қаржы орталығы» АҚ өздерінің жекеменшік мектептермен болған келісім шарттарының орындалуын мүлде жүйесіз етті. Соның кесірінен бүкіл жекеменшік мектептердегі ұстаздар әлі қараша айының жалақысын ала алмай отыр.

Иә, оған кәсіпкердің өзін кінәлай салуға болады. Бірақ, мемлекеттік жекеменшік серіктестік ретінде мемлекет қолдауы заң бойынша бар. Оны президентіміз өзі бекіткен, заңдық норма бар.
Бірақ, орындамай отырған жоспарлау мен атқаруды іске асыра алмай отырған оқу ағарту министрлігі және оған қарасты қаржы орталығы.
Бұл еліміздің білім саласына жасалған ауыр соққы деп ойлаймын. Бұндай қарым-қатынастан кейін жекеменшік мектептерді күйретеміз. Ал, ондай жағдай болса, онда еліміз үш ауысымды мектептерден ешқашан құтылмайды!

Бұны ойлайтын жан бар ма?
Білмедім!

AYATZHAN / Мінез!

05 Dec, 10:12


​​Осыдан тура 10 жыл бұрынғы фото екен.
Кезекті олимпиадаға аттанғалы тұрғсн шәкірттеріме батамды беріп, естелік сурет жасап тұрған кезім екен.

2010-2017 жылдар арасында пәндік олимпиаданың азартына қатты кірдім. Таңнан кешке дейін, сенбі-жексенбіге қарамай, күн суық күндері сабақ болмай қалғанына қарамай олимпиадаға дайындалатын ек.

Аудандықтан қалалыққа, қалалықтан республикалыққа, одан халықаралыққа деп дайындалып біраз биікті бағындырдық. Өзімнің ұстаздық кезімнің ең ыстық кезеңі еді. Ол кезде мұғалім статусы да қазіргіден төмен, жалақы апталық 36 сағат (2 ставка) жүктемемен 95-98 мың теңге алатын, бірақ, айына 120 мың теңгеге пәтер жалдап жүретін қызық кезең еді.

Бірақ, ниет сұмдық еді, фанат едім. Сол кезеңнің пайдасында өзім университетте алмаған біраз білімді шәкірттерімді дайындап жүріп алдым. Қазір басшылық пен экономикалық шаруаьардың арасында жүріп сол кезеңімді қатты сағынам.

Шәкірттерімнің алды PhD ді менен бір жыл бұрын алып үлгерді. Шетелде мықты топ университетте білім алып жүргендері, жақсы ғалым болған біразы бар. Көбі дәрігер.

Қазір дәл сол кезеңдегідей (шөп жұлу, бос концерт залды толтыру, кәбинет римонттау секілді) заңсыз тірліктер жоғалды. Білім саласында бәсекелестік артты. Мұғалім беделі де, жалақысы да көтерілді. Шығармашылық мүмкіндіктер артты.

Бірақ, дәл сондай кезеңдегі фанаттық, ұстаздық жанкештілік, ұстаздық құндылықтар әлсірей бастады ма, - деп ойлаймын. Қазіргі кезде мектепте дәл сондай болса елестетудің өзі қиын.

Сіз қалай ойлайсыз?
Соңғы 10 жылда білім саласы қалай өзгеріп барады?

P.S. Мына фотоға қарап отырып сағындым сол 28 дегі жас кезді)).

AYATZHAN / Мінез!

28 Nov, 16:05


​​Ұлттық мектепті дамытуға инвестиция іздеймін!

QAZBILIM жобалары 10 жылда біраз белесті бағындырды. Бүгінде республика деңгейінде нәтижелі 9 ұлттық лицей, білім беру орталықтары жүйелі жұмысын жалғастыруда. Бүгінге дейін тек қазақ тілінде 230-дан астам оқу-әдістемелік құралдарын жарыққа шығардық. Онлайн платформалары да жұмыс істеп тұр.

Осы деңгейге ешқандай инвестициясыз, демеушісіз командамыздың қажырлы еңбегінің, бірлігі мен біліктілігінің нәтижесінде жеттік. Бірақ, ұлттық мектептерді дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, нақты біз ойлаған межемізге жету үшін көлемді инвестиция керек деген шешімге келдім. Сондықтан, бірлесе жұмыс істейтін, білім саласындағы ұлттың болашағына әсер ететін осындай өміршең жобамызға инвестор іздеп жатырмын. Демеуші боламын дегендерге де қарсылық жоқ.

QAZBILIM ұлттық лицейлер желісінің дамуы, ұлттық мектептердің дамуы, әдістемелік базасының жетілуі бәрі де қаржысыз мүмкін емес. Өз күшімізбен қаржымен арпалысып жүрсек өзге проблемалар туындауы мүмкін. Менің жұмысым да, мақсатым да білім сапасы, тәрбие үдерісін дамытып, жүйелік жұмыстармен айналысу еді. Бірақ, шыны керек кейде экономикалық мәселелермен айналысып кетіп, жүйке шаршайды екен.

Сондықтан, бір секіріп, ұлттық мектепті дамытуға инвестор іздеймін. Демеуші іздеймін. Кез келген ниетті жандармен кездесіп талқылауға ниеттімін.

P.S. Доллар 526-ға кетіп жатқанда, қаржыларыңызды осындай сауапты да, пайдалы тірлікке салыңыздар. Екі дүниеде қайырлы.

QAZBILIM GROUP компаниясы басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы.
Тел. 87029318008.

AYATZHAN / Мінез!

25 Nov, 13:31


​​QAZBILIM жобаларының ең үлкен бағытының бірі - QAZBILIM кітаптары.

QAZBILIM баспасы жұмыс жасағаннан бері тек қазақ тіліндегі 220-дан аса оқу-әдістемелік құралдарын шығардық.
Оның басты бағыттары:
1. Назарбаев зияткерлік мектептеріне түсу емтихандарына арналған кітаптар;
2. ҰБТ-ға арналған кешенді оқу-әдістемелік құралдар;
3. Пәндік олимпиадаға арналған оқу-әдістемелік құралдар;
4. Бастауыш және күнделікті сабақтарды тереңдете оқытуға байланысты оқу-әдістемелік құралдар.
Осы бағыттарда біздің кітаптарды еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылар мен әріптестер қолданып келеді.

Қазір кейбір жекеменшік мектептер де біздің кітаптармен оқытып, біздің оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануға көшті. Неге? Себебі, сапасы үшін. Нәтижеге жеткен бағдарламамен жүйелі кітаптар болғаны үшін.

Біз мүмкіндік болса алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарымызды дамыта түсуді қолға алуды жоспарлап отырмыз. Басты мақсат қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік құралдардың саны мен сапасын арттыру.

Құрметті достар, біздің кітаптарды Kaspi.kz дүкенінен ала аласыздар. Немесе + 7 776 431 80 08 нөмірінен тапсырыс бере аласыздар.

AYATZHAN / Мінез!

24 Nov, 11:30


​Бесінші күн Алматыда жүрмін. Ауа райы, тауы әдемі ғой. Жаз секілді жайнап, тауға барып сергіп алуға болады.

Бірақ, жүрісім қыдыру емес, QAZBILIM ұлттық лицейіндегі оқушылардың білімі, тәрбиесі, мектептердің дамуы туралы бітпес тірліктің қамы.

Біраз кездесулер жасап, бірімен ақылдасып, бірімен келісім, бірімен керісіп дегендей әйтеу ұлттық мектптерді дамытсақ деген мақсат.

QAZBILIM ұлттық лицейлерін бұрын оқушы келіп кетіп, ауыс түйіс азырақ болсын деп жылдық төлеммен қабылдайтынбыз. Бірақ, ол көптеген ата-аналарға ауыр тиеді екен. Сондықтан, осы айдан бастап айына төлем жүйесін қостық. Енді айына төлеп оқи аласыздар. Бұл ата-аналар үшін тамаша мүмкіндік деп ойлаймын!

Шүкір мектептердің жүйесі қалыптасты. Өткен оқу жылындағы нәтижені бұған дейін жариялағам. Биылғы нәтиже одан да күшті басталып жатыр. Ұжым жанып тұр, менің алтын әріптестерім барын салып жатыр. Бәрі жауапкершілікті сезінеді, ұлттық мектеп салмағын түсінеді.

Ал, менің тірлгім сол ұжымның қамы. Иә. 500 ге жуық адамның айлығын тауып, керегін реттеп беру оңай емес, біраз жүйкеге салмақ. Бірақ, оларды алаңсыз ететін күйге жеткізуім керек. Себебі, білім сапасы мұғалім сапасынан биік болмайды. Ал, мықты мұғалім алаңсыз бала тәрбиелеумен айналысу қажет.

Алдағы апта барлық QAZBILIM ұлттық лицейлерінде ашық есік күндері өтеді. 26-28 қараша күндері кез келген ата-ана балаларының сабағына кеп қатыса алады. Мұғалімдермен және мектеп әкімшілігімен балалардың жағдайын, білім беру үдерісін талқылай алады.

Баласын әкелуді ойлап жүрген адамдар да келіп барлық сұрағына жауап ала алады.

Сіз балаңыздың сабағына қатысар ма едіңіз?

Сіз мектепке үнемі қандай мақсатта барасыз?

Проблема туындағанда ғана барасыз ба, әлде бірлікте дамыту үшін барасыз ба?

Барша қазіргі және болашақ ата-аналар біз сіздерді күтеміз!
Есігіміз баршаңызға ашық!

AYATZHAN / Мінез!

23 Nov, 13:09


​​Кəрі ағашпен диалог

Көңіліме өзгеше шер байланып,
Келем тауда өзімше өр ойланып.
Күлемін кейде, мырс етем себепсіз,
Жабығам кейде өзімнен кері айналып…

Аңызақ жел, сұрқысыз, түсініксіз,
Ішкі əлемім белгісіз, бір тынышсыз.
Аласапыран санамды арқалап ап,
Сенделем аласұра бір тұғырсыз…

Тауға қарай беттемекке əл керек,
Аяғыңнан тартып жатар əр бөгет.
Бір тыныстап алмаққа кеп отырдым,
Құлап жатқан үстіне кеп нəн терек…

Отырдымда, «уа, кесілген нəн ағаш,
Деп сұрадым мұңымды айтып аралас.
Мына алып денеңменен дәрменсіз,
Сенің күйсіз құлағаның жарамас…

Сөйлеп кетті кенет ағаш күрсініп,
Менде кеше болған едім бір шыбық.
Жапырағымды шартарапқа жайқалтып,
Менде өмір сүрген едім құлшынып…

Жаңбырменен күн шуаққа мас болып,
Рахаттана ғұмыр кештім жас болып.
Тамырымды жая түскім келетін,
Табан астым жатсадағы тас болып.

Дей алмадым ешкімге мен о, сатқын,
Тас атқанға нәрімді мен асаттым.
Тамырымды кесіп кеткен талайға,
Жапырағымнан самалдық мен жасаппын.

Уақыт өтті, бойымда менің нəр бітті,
Тамырымды буып тастар алжытты.
Бүгін менің үстіме өнген талай шөп,
Кеше талай тамырмнан бал жұтты.

Е, дүниенің екі аяқты қожасы,
Ақылымды тыңда менің зер салып.
Менің ғана өмірімнің олжасы,
Арманым жоқ кетсем егер бере алып…

Тас бар жерде бой көтерме ардақтым,
Бір күн келіп тамырыңды тас байлар.
Тасжүрекке ізгілікке бармассың,
Аяғыңнан шалуды ол баса ойлар…

Өз ісіңнен өкініш зарын ішесің,
Сенде менің күйіме кеп түсесің.
Жемісі көп алма ағашта шіриді,
Болса да тек Иранбақта пісетін…

Ары қарай тыңдауға жүрек жетпеді,
Санамнан көп сатқындықтар кетпеді,
Қара орманның арасында нəн ағаш,
Жетпеген соң құлап жатыр оттегі…

Ағашқа қарап құри берді мағдұрым,
Секілденіп бейне менің тағдырым,
Сөйлейді екен ағаштар да, əттең-ай,
Жеткізе алмай жатады екен бағзы үнін…
Қор болып өтпесе екен аз күнім…

Аятжан Ахметжанұлы
2016 жылы сәуір.

AYATZHAN / Мінез!

21 Nov, 10:05


​​ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ ( 6 бөлім)

Жетістікке жету – адам баласына шабыт береді, жетістікке жеткен адамда мотивация да, ерік-жігер де жетерлік болады. Бірақ, жетістік қайдан келеді?
Бірде бір ғұламаға шәкірті дәл осы сұрақты қойса керек.
- Ұстаз, табыс қайда жасырынған? – дейді.
Сонда ұстазы:
- Табыс сенің сүрінген жеріңе жасырынған, – деген екен.
Ал, мұны атам қазақ «Ат сүрінбей жер танымас, ер сүрінбей ел танымас» дейді. Жалпы қателесу - ағаштағы қураған бұтақты кесу сияқты, егер сабақ ала білсек, табысқа жетудің басты кепілі. “Жеңіліс – жеңістің анасы” дейді мұндайды біздің жұрт.

Кім талпынбайды, кім сүрінбейді? Мәселе сүрінуде де, басқада да емес, мәселе әр нәрседен сабақ алу, әр істі өз жетістігіңе пайдалана білу. Мұны қазақ «көре көре көсем болар, сөйлей сөйлер шешен болар» дейді.
“Ащының дәмін татқан білер,
Алыстың мәнін жортқан білер”, - дегендей, ашпаса көрмей, айтпаса білмей жүре берсеңіз, табыстың сізде несі бар?! Шынымен табысқа жету басты мақсатыңыз болса, сүрінуден де, қателесуден де қорықпаңыз, әр қателіктен сабақ ала біліңіз. Әлемде ғалымдардың сан мәрте қателессе де қайтпаған ерліктерін білерсіз, мысалы, Мария Кюридің сынақты әлденеше жүз рет қайталағаны, тіпті жарылыстан құлағы естімей қалса да, шегінбегенін білерсіз. Кәдімгі біз қолданатын шамды (лампочка) ойлап тапқан Эдисон 10 000 рет қателесіп, тек соңында ғана шамды сәтті жасаған, оның табысқа жетуінің басты шарты – әр қателігін келесісінде дұрыстап отыруы.

Мүмкіндікке толы ғұмырда кез келген мүмкіндікті өз пайдаңызға жарата біліңіз. Алма бақта жүргенде кімнің басына алма құламады дейсіз, бақташының басына күнде әлденеше рет алма құлайды, бірақ, алма құлағанның бәрі бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан Ньютон болған жоқ. Архимедтен бұрын ешкім ваннаға суға түспеді дейсіз бе? Сол сынаманы берген хан да күнде түседі, бірақ, судың көтерілуін пайдасына асырған Архимед қана өз мақсатына жетті. Дәл осындай, әркім байқай бермейтін мүмкіндікті байқаған адам ғана табыстың шыңына шығады.

Сіз өмірде қаншалық сергексіз? Қателесуден қорқасыз ба, әлде қателік жасағанды жақсы көресіз бе?

Жапонияда сынақ мерзімге жұмысқа алған қызметкер қателік өткізбесе, жұмысқа алынбайды екен, себебі, қателікті тек жұмыс істемеген адам ғана жасамайды. Тек тапсырмамен жұмыс істейтін адам табысқа жетпейді. «Қошқар мен текедегі» текеше айтсақ, «кім тәуекел етпейді, сол табысқа жетпейді».

Сіз тәуекелшілсіз бе? Тәуекел жасап, сәттілікке жеткен кезіңіз көп пе, әлде сәтсіздікке ұшыраған сәтіңіз көп пе? Сәтсіздігіңізді, яғни, жеңілісіңізді жеңіске айналдырып көрдіңіз бе?

QAZBILIM GROUP компаниясы басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы

AYATZHAN / Мінез!

18 Nov, 12:42


​​Құрметті баспагерлер, достар, ата-аналар, ұлттық мектептің жанашырлары!

Адамды адам еткен- кітап, адамзат еткен-кітапхана, - дейді Әбіш Кекілбаев.
Мен үшін мектептегі ең жайлы, оқушы мен мұғалім үшін ең қолайлы орта кітапхана болу керек деп ойлаймын. Кемелді мектептің іші жартылай кітапхана, жартылай мұражай секілді жасалса деп армандаймын. Бұл баланың рухани өресін дамытуға, ізгілікке ұмтылдыруға керемет мүмкіндік болар еді деп ойлаймын.

Сондықтан да, мектебімізде жыл сайын осы бір дәстүрлі шарамызды өткіземіз. Биыл да өткізгелі отырмыз.
Ұлттық мектептің қалыптасуы мен дамуына аз да болса үлес болар еді. Ұлттық мектептің балаларының көз аясын кеңейтуге мүмкіндік болар еді.

Сіздерден QAZBILIM ұлттық лицейлері желісінде 15-25 қараша күндері арасында өткізіліп жатқан ұлттық мектепке кітап сыйла акциясына қолдау білдіруге шақырамын!

Қазақ және ағылшын тіліндегі ғылыми әдебиеттер, көркем әдебиеттер, тарихи танымдық әдебиеттер тағы басқа баланың көкжиегін кеңейтуге бағытталған кітаптарды қабылдаймыз!
Қазақ әдебиетінің бай туындыларын сыйласаңыз қуанып қаламыз!
Оқушы мен ұстаз оқуға тиісті туындылар болса қуана қарсы аламыз!

Құрметпен:
QAZBILIM ұлттық лицейлер желісі жетекшісі Аятжан Ахметжанұлы.

AYATZHAN / Мінез!

17 Nov, 15:16


​​Өткенде Shyńǵys Muqan аға: “Coffee Book-ті" жауып жатырмын. Өзін-өзі ақтамай, сақтап қалуға мүмкіндік болмады" деген кезде қатты өкінген едім. "Әдемі жоба, ұлтты интеллектуалды дамытуға жетелейтін жоба өмір сүргені дұрыс еді" деп өкіндім.
Ал бүгін университет қабырғасынан ашылғанын көріп, қуанып қалдым.

Иә, бизнестің шарты да, ойыны да – әділетсіз. Оған эмоция да, патриоттық та, ұлтшылдық та, адамгершілік те қас. Өз ережесімен ойнамасаң, өз ережесіне бағынбасаң, құрдымға жібере салады. Оның арты – тығырық.

Бизнес жетекшілері: "бизнес жасауда бірінші мақсатың – экономикаңды реттеу болмаса, экономикаңды дұрыс басқармасаң, тиімділігін арттырмасаң ұзаққа бармайсың", – дейді.

Иә, ұлттық мектептер желісін қалыптастырам, QAZBILIM-ді бизнестік жоба емес, әлеуметтік жоба етемін деп, барымды салып, 10 жылға жуық үздіксіз 365 күн, 24/7 барымды салдым.

Әсірелеу секілді көрінер. Бірақ соңғы үш жыл тіпті өз-өзімді қатты ұрып жібердім. Соңғы 1,5 жылда өте ауыр күйде жүрмін. Өмірімдегі өте үлкен құрбандықтар да болды. Денсаулық та ойланта бастады. Кейде қолыңды бір сілтегің келеді. "Жоқ, мақсатқа жетпей тынбау керек!" деп, қайтадан арпалысасың. Жігерің мұқалады.

Неге?
Себебі аренда үшін, коммуналдық төлемдер мен мемлекетке төлейтін салық үшін жұмыс істейсің. Қаланың мектепке сай ғимаратының арендасы 12 айда бүкіл кірісіңді қағады. Тентіретіп жібереді.

Оқу ақысын сәл көтерсең, ата-ананың қолы жетпейді. Оқығысы келген білімді бала төлей алмайды.

Ал көтермесең, аренда есігіңді, мемлекеттік салықтар шотыңды жабады. Сосын шақшадай басың шарадай болып отырасың. Тым ауыр.

Бірде бизнесмен Марғұлан Сейсембай: "Патриоттық бизнестің жауы, бизнес патриотизімнің досы", – деп еді. Рап-рас. Осы күні дәл соны өзім қатты сезініп жүрмін.

Өткенде сол Шыңғыс аға COFFEE BOOK-ті жапқанын естігенде де осы ой келді. Өзімдегі қиындықтар туралы ойлап, Шәкеңді түсіндім.

Өзім де бір күн осы күйге түспесем екен деп одан сайын қорықтым.

QAZBILIM Ұлттық мектептер желісі – ұлттың болашағы, елдің болашағы үшін жасалып жатқан жанкешті жобам. Бұндай дүниеге демеуші де, инвестор да табу тым қиын. Себебі бизнес көзімен қараған жұрттың шартына көне алмайсың.

Ниетіміз дұрыс қой деп, арпалысып келеміз. Құдай бір ретін табар деп, алысамыз. Сол сәтте біреулер түсінбей жағаңа, біреулер көре алмай балағыңа жармасқанда, "оо, атаңа нәлет!" деп айғай салғың келеді. Айғай салғың келеді.

P.S. Сурет ЖИ жасаған 60-тағы Аятжан. Бұл түрдегі күйге жетсек бұйырса. Бүгінгі арман орындалған күйді көрерміз...

AYATZHAN / Мінез!

15 Nov, 07:12


Ұлттық валюта күні

1993 жылы 15 қараша.
1 $ = 4,74 теңге

2024 жылы 15 қараша
1 $ = 497 теңге

Теңгеміздің бәсі биік, берекелі болсын!

AYATZHAN / Мінез!

14 Nov, 15:23


Ұлттық тәуелсіздік һәм отарсыздану туралы айтқан мына баяндамамның үзінділері тарап кетіпті де тикток пен инстада.

Толығын сұрап жатқандар көп екен!

Ұлттық тәрбие,
Ұлттық мектеп,
Ұлттық тәуелсіздік!

https://youtu.be/5pFZKUYW9Js?si=X0t9yu-liwNqBGRj

AYATZHAN / Мінез!

13 Nov, 15:47


ҰБТ-2025
Химия пәні
Квант сандары
Энергетикалық деңгейлер

Химия пәнінен ҰБТ-ға дайындық сабағы
Сабақты жүргізген QAZBILIM Шымкент химия пәні мұғалімі Диас Қайратұлы

https://www.youtube.com/live/4BNQyOAZrlE?si=EH7nSy3XGAKqq9Zx

AYATZHAN / Мінез!

11 Nov, 16:35


​​ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ (5 бөлім)

"Адам – бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы.
Менімен сен тең бе деп мақтанасың,
Білімсіздік белгісі – ол баяғы", -дейді ұлы Абай.
Иә, білімді болсаң, есті болсаң, өзіңнен ғана талап ет, тіршілігіңде жиіркенішті күйге түспе дейді. Біз ше? Бүгін кімбіз, ертең кім боламыз? Болжай аламыз ба?
"Өзім қанша мықтыны мойындасам,
Енді өзімді оларға мойындатам", -дейтін ақын Мұхтардың өрлігі шыға ма?
"Суда жүзген кеменің ізі қалмайды,
Қалса да, лездік толқындар легі жалмайды.
Басылса егер тарих бетіне ізгі ізің,
Дауыл, толқын мәңгі өшіре алмайды,
Ізсіз қалу – адамзат үшін жан қайғы", - дейді біздің қазақ.
Істеген ісімізден өзгеге өнеге бар ма, ертеңге тиер пайдасы бар ма, қаттырақ айтсақ, артымызда із қалдырып жатырмыз ба? Өзіңнен есеп алу осындай тым ауыр һәм мұңлы.
Себебін тағы да, Абайдан іздеп көрелік.
"Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?
Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді?
Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді?
Қартайғанда асырасын десең, о да – бір бос сөз. Әуелі, өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші, балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші, малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары – ол да екіталай", - демей ме оныншы қара сөзінде.
Иә, істеген ісің мен елге жасаған жақсылығың болмаса, басқа іс қалдырдым дегенің бос сөз, ұрпақ жалғастыру төрт аяқтылардың да қолынан келетін іс емес пе еді?!
Қазақ мұндайда "Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді" дейді. Менің атым ертең кімнің есінде қалар деп ойланар болсақ, Абай айтқан естілер санатында болар ма едік. "Ессізсің" десе әрине, есіміз шыға жынданамыз.
Есеп аларда 26 жыл ғана ғұмыр кешкен Сұлтанмахмұт та, 30-ға жетпей опат болған Шоқан Уәлиханов та тарихта атын бедерлеп кетті. Артындағы ұрпаққа ұшан теңіз еңбегін тастап кетті. Көп ғұмыр сүру де, аз ғұмыр сүру де маңызды емес, маңыздысы мәнді ғұмыр сүру екенін еске алсақ ше?
"Дүние қарап тұрсам, шолақ екен,
Адамдар бiр-бiрiне қонақ екен.
Барында оралыңның ойна да күл,
Қызығы бұл өмірдің сол-ақ екен", -дейді тағы халық әнінде. Ал, ойсыздық кімге опа берген-ді?
Ойлана жүрген өзімізге тиімді. Мен өзімнен үнемі есеп аламын, бірі анда-санда кешке бір ұйқысыз жатқан шақтарда «мен не істеп жүрмін?» деп ойланасың, кейде өзіңнен қорқасың, кейде өзіңе риза боласың. Қорқар шағыңнан риза болар шағың көп болғаны, әрине табысқа жеткізсе керек-ті.
Екіншісі, жылына бір рет келетін өмір есігін ашқан күнің. Жұрт тойлайтын шығар, мен тойлай алмадым сол күнді, бір жасқа қартайғаныңды тойлау күлкілі сезіледі, тіпті. Ал сол күні «осы жасқа немен жеттім, не бітірдім?» деп ойланасың. Бітірген, тым құрыса бітіріп жатқан ісің болса, қуаныштысың әрине. Себебі, "екі дүниенің бақытын бер" деп сұрамайтын ба еді атам қазақ? Бұ дүниенің бақыты қалдырған ізің болса керек.
Ал сіз ше, жасыңыз нешеде, бүгінге дейін не бітірдіңіз? Көз алдыңыздан ғұмырыңызды бір сыдыртып өткізіңізші…

AYATZHAN / Мінез!

08 Nov, 16:21


​​Құдайдан да күшті болып уақытты артқа бір сағат сырғыта салдық.

Енді қыс түсті. Кей өңірде күн төрттен аса батады. Бестен аса қараңғы түседі.
Екінші ауысымда оқитын балалар мектептен жетіден аса шығады. Бұл кез тым қараңғы. Оқушының амандығына, қауіпсіздігіне қиын боп тұр.
Енді не істейміз?
Бізде бәрін шеше салатын бір жаман үрдіс бар.

- Мектепке бала сыймай жатыр не істейміз?
- Сабақ уақытын қысқартып үш ауысымды жасаңдар!
- 45 минутты 40 минутқа түсірдік. Мәселе «шешілді».
- Бүгін мереке ғой. Не істейміз?
- Бір екі сабақты қысқарта салыңдар.
- Балалардың сабағы біткенше түн болып кетіп жатыр, не істейміз?
- Сабақ уақытын қысқарта салыңдар!
- 40 минутты 30 минутқа түсірдік. Мәселе шешілді.
- Міне, мәселенің шешу жолын тауып үйреніңдер. Жоқ жерден проблема туындатпай.

Көп жерде мәселенің шешу жолы осылай қалыптасты. Қазір кей мектептің бір академиялық сағаты 45 минут, кей мектепте 40 минут. Енді мына сағаттың жылжығанымен 30 минуттық ете салайық деген ұсынысты көріп кәдімгідей шошып отырмын. Бұл педагогикалық ұстаным, педагогикалық заңдылық қайда?
Өткенде неге 40 минут деген сұрағыма біреу 5 минуттың не ары берісі бар, оқитын бала 15 минутта да оқиды депті. Ех, сөйтіп оқу жылын да кесіп тастап едік.

Айналайындар, оқу бағдарламасы жоспарланғанда әр сабақ 45 минутқа лайықталады. Әр сабақтың салмағы, жүгі 45 минутқа арналады. Мұғалім үшін 5 минут түгілі 5 секунд та қадірлі һәм қымбат. Мұғалім 5 минутта өте үлкен мәселелерді шешіп үлгереді.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал» дейді. Әлде Ұлт ұстазының ұстанымы да ойыншық па?

Уақытты шегерген қателікті оқушының білім алу уақытын қысқартумен шешпеңдерші, өтініш!
Балалар, толық, лайықты, сапалы білім алу керек!

P.S. көптің баласы үшін жаным ашып, шырылдап отырмын. Әйтпесе маған бәрібір. QAZBILIM ұлттық лицейлерінің бәрі бір ауысымда сағат 8:30 – 16:30 аралығында оқиды. Қалай сырғытса да әсер етпейді.

AYATZHAN / Мінез!

07 Nov, 13:40


​​Баяғыда «Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, «білім беру ісінің үздігі», «білім беру саласының құрметті қызметкері» -деген төсбелгі иегер ұстаздарды көргенде құрметім кәдімгідей артатын. Ең мықты санаулы ұстаздарда ғана болатын еді. Олардың қадірі басым, ұжым алдында бедел еді.

Министрдің атынан бір адамға алғыс хат немесе құрмет грамотасы келсе ұжым болып қуанатын, ұжым болып марқайып қалатын еді.
Қазір ше? Бәрінен қадір кетті, анығын айтқанда қадірін кетірді. Әр жиынның соңы марапаттау, әр іс-шараның соңында медальдің шылдыры естіледі.

Тіпті білім саласында санат алсаң да медаль, сағат алсаң да медаль. Бәрі министрдің атынан, министрліктің атынан. Бәрі мәз секілді бірақ, бұрынғыдай ешкімнің беделі жоқ. Неге?
Қазір екі медаль елдің бәрінде бар, бірақ, ел бойынша білім сапасы төмен, министрлік соны шешеміз деп «мақсатты мектеп», «нысаналы мектеп, нышаналы мектеп» деп ала шапқын. Сонша кеуде толған медаль болса неге білім сапасы төмен болады деп мен де аңтаң, апам да аңтаң.

Ел бойынша балалардың тәрбиесі ушығып тұр. Аптасына әлеуметтік желіде жаға ұстатар екі-үш мәселе көресің. Күйінесің, күйрейсің. Министрлік пен білім басқармаларына қарасаң марапатталып жатқан, марапаттап жатқан іс-шаралар. Жылдан асты аспаннан медаль мен алғыс хат жауып жатыр. Сонша үздік көп, неге баладан тәрбие кетіп тұр? Жаңағы жұрттың өнегесі қайда?
Өткенде бір ақпаратты оқып отырсам бір облысқа 11 500 дана медаль барыпты-мыс. Ол өңірде қанша мектеп, қанша оқушы бар екен деп зерттедім де, мына мектебі аз өңірге осынша болса, сонда Түркістан облысына неше мың медаль барды екен деп бір күліп алдым. Күліп отырып күйініп ашуланасың ғой сол.
Атақ, мәртебе, даңқ, орден. Басқа ауырса да бұнымен ұстаздар ауырмау керек. Ұстаздарды ауыртпау керек.

3-4 жыл бұрын «Ұлт ұстазы», «Алаш ұстазы» деген марапат бизнеспен, ақшасын төлесең бере салатын медаль бизнесімен күресіп ек.
Енді басқа емес министрліктің түрі мынау... Қадірін әбден кетірдіңдер-ау, өз қадірлеріңмен қоса.

P.S. Содан күйініп YouTube-қа кірсем жазушы Қанат Тілеуханның «медаль» деген әңгімесі алдымнан шыға келді. Ой, тыңдап отырып бір риза болдым. Шын хәліміз дәл солай.
Сілтемесін комментке салдым.

AYATZHAN / Мінез!

05 Nov, 15:08


​​КЕШІР, ӘКЕ

Сен, әке,
Өкпелеме мынау жас елге,
Тентегі бар оспадар.
Қаны бар қазақ осы елде,
Дұшпанға қатал, досқа адал.

Сабыр ет, әке, бәсеңде,
Соны көш сонар басталар.
Туғанды маған әкелде,
Тірек болсын басқалар.

Армандап кеткен тәтемде,
Оны ойласам жас тамар.
Қытайда қалған көкемде,
Болмай тұр әлі асқақ әл.

Қазақ қып ұрпақ өсірген,
Әр қазаққа көш міндет.
Кешегі ғасыр кешірген,
Бүгінгі дәуір кешірмес.

Жатпайма, әке, кеш біліп,
Өр заңғарлы есіл ел.
Есін жияр ес біліп,
Қанатыда жетілер.

Майданда шапқан қас тұлпар,
Тұяғы талай кетілер.
Қазақ деген қас сұңқар,
Көгінде талай көсілер.

Қарашаңыраққа, әке, барар ем,
Ұрпаққа керек тұрақтау.
Өзіңді алып қалар ем,
Туған жер, әттең, жырақтау.

Кешір әке,
Екінші әрең мүшелім,
Ұлыңның ойы олақтау.
Мененде жасы кіші елдің,
Мененде ақылы шолақтау.

Аятжан Ахметжанұлы
2014 жылы шілде

AYATZHAN / Мінез!

02 Nov, 16:46


​​ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ (4)

Жетістікке жетудің, жалпы, жалғыз формуласы ол:
Бастау > даму > сүріну > тұру > қайта даму > жетістік!
Ал осы барыстың ең қиыны - бастау. Көп адам “бірдеме істеу керек еді” деген ойда жүреді, бірақ істемейді. Істемеу себебін жоғарыда айтқан едім, енді бастамау себебін іздеп көрейік.

Қазақ «Еріншектің ертеңі таусылмайды» дейді мұндайда. Еріншектік те бір өзіңді ақтайтын сылтау. Көп адамның ең үлкен кемшілігі - менің ойымша, “Келесі дүйсенбі!”
- Әлемді өзгерткің келе ме? Онда
өзіңнен баста,
бүгіннен баста,
дәл қазірден баста, – дейді Конфуций. Ал біз барлық істі (кітап оқуды, диетаны, жүгіруді, тіпті бизнесті де) келесі дүйсенбі немесе келесі айдың басынан, сәрсенбінің сәтінен бастаймын деп ойлаймыз, жоспарлаймыз. Бір есімізді жисақ, келесі аптаның ортасынан ауып кетеді. Сәрсенбінің сәтін күтіп жүріп, сәтсіздікке ұшырағандарымыз қаншама?!
“Үш күн жатсаң, тозаққа да көнесің” демей ме? Қорықпай үш күн істеген әрекет әдетке, әдет мінезге, мінез нәтижеге жеткізерін ойлай бермейміз. Бұл ғылыми тұжырыммен дәлелденген 72 сағат теоремасы. Сондықтан, ой әрекетке, әрекет әдетке айналған кезде ғана, жетістіктің жеңісі жақындайды.

- «Адам мінезін түзеп болмайды» деген кісінің тілін кесер едім, - дейді тағы ұлы Абай. Онда өзгеру мүмкін, тек өзгеруге шын ниетпен кіріссек. Қалай өзгермек керек?
Ол үшін өз-өзімізге үнемі есеп беріп отыруымыз керек. Ал, біз өзімізден есеп алып көрдік пе? Өзгенің өзімізге қайтаруы тиісті жақсылығы мен қарызынан басқаны есептемейтін пенделігіміз бар. Ал өзімізден өзіміз есеп ала аламыз ба? Ол сұрақ!
“Әуелі пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады.
Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен”, - дейді Абай.
Онда қызыққан дүниеңізді, бастауға тиісті ісіңізді келесі дүйсенбі немесе келесі жыл емес, бүгін бастаңыз, кішкентайдан болса да бастай беріңіз. Өзгеруді өзгеден емес, жүйеден емес, өзіңізден бастаңыз!
Сіз бастамай жүрген қандай тірлік бар? өзгеруге дайынсыз ба?

AYATZHAN / Мінез!

23 Oct, 14:53


​​Әдебиеттен нобельді кәріс жазушысы алыпты. Мемлекеттік “Абай” атындағы сыйлықтың да иегерлері белгілі боп жатыр екен, бүгін. Құтты болсын!

Осы тұтса қазақ әдебиетінің ең шоқтығы биік шығармаларының бірі, көлемі жағынан ең көлемді шығарма, түрме әдебиеті жанырының керемет туындысы ол 42 жылын қытай түрмесінде өткізген заңғар жазушы Қажықұмар Шабданұлының “қылмыс” романы деп ойлаймын.

Ол кісі тірі кезінде ата жұртын қанша аңсаса да үй қамақтан босатпады. Ел жаққа қанша хат жазса да ата жұртқа алдыру бақыты бұйырмай 2011 жылы өмірден өтіп кете барды.

Ал ол кісінің 6 томдық ғажап романы ҚЫЛМЫС романы “қылмысынан” айықпай баспадан шығаруға қатаң тиым салынып жарық көрмеді.

Қылмыстың алты томы ата жұртта жекелеген адамдардың демеуімен ғана жарық көрді. Шетелдегі қазақ әдебиетінің сүбелі туындысына мемлекет тарапынан көзқырын да салмады-ау. Сапалы, көлемді тираджбен шықпады да.

Негізі қазаққа берері мол, шетелдегң қазақ тарихының қатпар, қатпарына қызықтыра жетелейтін керемет туынды. Оқырманын шымшыма сөздерімен күлдіре отырып жылатады. Жылатып отырып күлдіреді. Оқыған да шығарсыздар.

Өткенде соңғы кездері аудио кітап тыңдауды әдетке айналдырғанымды айтып ем. Соңғы үш жылда біраз романды жаңғырта тыңдап шықтым.

Сол кезде Нәзір Сүлеймен бауырдың оқыған шығармалары біраз азық болды. Содан осы “қылмыстың” таралуына, оқырманға жетуіне бір көмегім болсын деп, Нәзірге қолқа салдым.
Азда болса демеушілік жасайын деп ем, Нәзір де келісті. Келісті де бастап кетті.

Қазірге дейін үш томын толық оқыды. Тіпті тыңдарман қауымы түріктің сериялын күткендей келесі бөлімін күтіп отыр. Өзім де соңғы үш бөлімін оқымап ем, күтіп отырмын.

Кітап сүйер қауым, тыңдап көріңіздер!
Ғажап туынды!
Ғажап роман!
Ажуа, сатира, ғажап логикалық шиеленіске толы өмірбаяндық туынды.

Нәзір дауысың қарлықпасын!
Шап! Қалған бөлімдерін күтеміз!

Сілтеме:
https://youtu.be/lQ4qmgk6KSU?si=FQtROO5rHpin-b3q

AYATZHAN / Мінез!

22 Oct, 10:18


Енді дәл осындай масқара болудан кейін егер ұяты болса қазіргі оқу-ағарту министрі, білім сапасына тіке жауапты бірінші орынбасары, Орта білім комитеті төрағасы, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасы бәрі командаларын жетектеп, чемодандарын көтеріп толық құрамда отставкаға кетуі керек деп ойлаймын. Ұяттары болса әрине.

Себебі, білім саласы елдің ең маңызды саласы. Ол жердегі бүгінгі нәтижесіз жұмысы елдің алдағы 10-20 жылындағы дамуына қолдан жасалған кедергі. Адами капиталдың сапасы ол елдің болашағының сапасы. Оны қамтамсыз ете алмаса, өз еріктерімен кеткені дұрыс.
Айтпақшы, президентке 1200-ден астам мұғалім қол қойып ашық хат жолдапты. Әрине мынадай масқаралықтан кейін есі дұрыс адам кетуін талап етеді.

Кетесіздер ме, құрметті оқу-ағарту министрі һәм командасы?
Жолдарыңыз болсын!

Аятжан Ахметжанұлы
QAZBILIM GROUP компаниясы басқарма төрағасы

AYATZHAN / Мінез!

22 Oct, 10:18


​​Мақсатынан адасқан «мақсатты мектеп» жобасы

Жібекті жүн қылады түте алмаған,
Жігітті күң қылады күте алмаған, - дейтін мақал бар еді. Дәл мына «мақсатты мектеп» жобасы мен оның айналасындағы шуды көріп отырып осы сөз ойыма келе береді. Қор болған мақсаттар ай, әлін білмейтін шенділер-ай.
Білім сапасы. Иә, ішкі сыртқы қандай зерттеуге қарасақ та біздің елдің білім сапасы көңіл көншітпейді. Білім сапасы жалған көрсеткіш қуған мектептер мен білім басқармаларының күнделік.кз-те көрсеткен жалған %-дары емес. Білім сапасы шынымен трагедия.

Басқасын айтпағанда 2-3 зерттеудің нәтижесіне қарайық;
- Дүние жүзі даму банкі еліміздегі адами капиталдың сапасы туралы зерттегенде, еліміздегі балалардың 1 %-ы ғана сапалы білім алады деп тұжырымдайды.
- PISA-2022 зерттеуіне қатысқан 81 елдің ішінде оқу сауаттылығы бойынша 61 –інші орында. (Бұның өзінде емтихан тазалығына күмәнмен қараймын.)
- ҰБТ нәтижесі бойынша елімізде орташа балл 68 балл. ҰБТ жалпы балы 140 екенін ескерсек орташа балдың 50% -ға да жетпеуі білім сапасының көрсеткіші қандай деңгейде екенін көрсетеді. (Бұл нәтиженің өзіне қаншама баланың орталық жағалап, қосымша курсқа барып жүріп жетеді.)

Дәл осы тұрғыдан алғанда ауруын жасырғанның өлімі әшкере деген анық. Біз білім сапамыздың шынайы төмен екенін ашық мойындап, оны дұрыстауға жұмыс жасамасақ, түбі жақсылыққа апармайтыны анық.
Білімі төмен елде қылмыс көп болады. Білімі төмен жерде әлімжеттік те көп болады, бұзақылық та көп болады. Бүгінгі заманда көрініс тауып жатқан оқиғалар да соның айқын көрінісі.
Дәл осындай ауыр мәселенің бар екенін бүгін үкімет те сезді, президент те сезді деп ойлаймын. Жоғарыдан білім сапасын арттырыңдар, орта білімнің мынау сапасы масқара деп жоғарыдан пәрмен түскен сыңайлы.

Өкінішке, сол пәрмен берген үкімет қазіргі оқу-ағарту министрлігінің бұған шамасы мүлде жетпейтінін ойламады.
Ал, оқу-ағартудың істің жүйесін білмейтін, заңды, құқықтық норманы білмейтін командасы білім сапасын көтеру мақсатын социалистік жарысқа айналдырды да, «мақсатты мектептің» мақсаттарының быт-шытын шығарды.

Өздері бекіткен норманың заңды, заңсыз екенін де білмеді. Заңға негіздемей бекітіп алды да, енді сасқан үйрек боп артымен жүзіп отыр. Өздерінің осы жобадағы мақсаттарынан да адасып қалды-ау шамасы. Жобаның айналасындағы құқықтық сұрақтарды бұған дейін біраз әріптестерім талдапты. Оған соқпай ақ қояйын. Мен күліп отырмын шыны керек.

1. «Мақсатты мектепке» енген мұғалімдерге курс оқытты. Ол курстың мақсатын да түсіндірмеді де, оқу керек деп ала шапқын болды. Онлайн курстарының да өнімділігін ойлағандары шамалы.
2. Курстан соң тест алынады. Тестен өтпесе шара көреміз деді. Шу еткен дауыс шыққанда өздерінің заңсыздығын сезе қойды да, тестен өтпесе де жұмыстан шығармаймыз деп жауырды жаба тоқыды.
Тест жексенбі екен, жұмыс күні емес заңсыз деп еді, тестке бармаған мұғалімге қысым жасалмайды деп тағы бұлтаң етті.
Нәтижесіне сұрау болмайтын, қатыспаса да ерікті болатын тестті өткізуге бюджеттен ақша бөліп отыру қаншалық күлкілі һәм бейшаралық еді.

«Мақсатты мектеп» жобасының әу бастағы білім сапасын көтеруге бағытталған мақсаты дұрыс еді. Бірақ, бірақ...
Жібекті түте алмағандар жүн етті ғой, қайтейін...
Білім сапасы төмен бе, төмен.
Бірінші, оны қалай дұрыстаймыз, -деп нақты зерттеу жасау керек. Сарапшы, зерттеуші тәжірибелі мамандармен нақты кеңесіп жобаны жасау керек.
Екінші, ол жобаны заңдық тұрғыда құжаттармен заңдастыру керек. (Құқықтық ел боламыз десек, бірінші заңдық тұрғыда бекітіліп, сосын барып басталуы міндетті!)

Үшінші, атқару механизімін шаш ал десе бас алатын әпербақандықа, жүз қойдан жүз сексен қозы алатын социалистік жарысқа салмай дұрыстап ұйымдастыру керек.
Өкінішке, қазіргі министрден де, министрдің командасында да ондай деңгей жоқ. Жоқ, екені бір айдан бергі шуға да, жұмысқа да есі дұрыс жауап бере алмай отырғанынан айқын көрінеді.

AYATZHAN / Мінез!

20 Oct, 11:46


​​Биылғы оқу жылында QAZBILIM ұлттық лицейлерінде қаржы сауаттылығы пәнін енгіздік.

Оны кәсіби мамандар жүргізсін деген мақсатпен, елімізге тамымал экономист Халықтың Мақсаты басқаратын Sana business академаиясымен келісіп, сол кісілер жүргізіп жатыр.

Бағдарламасын сол кәсіби мамандар жасап, жүйелеп 8 қаладағы 9 QAZBILIM ұлттық лицейінде қаржы сауаттылығы пәнін сол құрамда мықты бес маман жүргізіп жатыр. Қазірге оқушылардың қызығушылығы жоғары.

Алда Sana-ның қыз жігіттерімен бірге біраз жоспарлар бар. Қаржы әліппесін, қаржы сауаттылығы оқулығын дайындап шығарсақ деген мақсат бар.

Оқу жылының соңында бір жыл қаржы сауаттылығын оқыған оқушылар арасында республикалық деңгейде үлкен жарыс өткізсек деп тұрмыз. Басты мақсат экономиканың тілін ерте жастан түсіну.

Мақсат Халық ағамыз қаржы сауаттылығы - халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші, - дейді. Сондықтан да бұл пән маңызды һәм өзекті. Алдағы уақытта кеңінен дамытуымыз, жетілдіруміз керек.

Өткенде Алматыда осы қаржы сауаттылғы пәніне байланысты қаржы сауаттылғы пәні мазмұны, маңызы, оқыту ерекшелігіне байланысты Мәкеңмен сұхбат жаздық.

Мәкеңнің біраз сұраққа жауабы бізді де ойлантты. Сізге де пайдалы болады, тыңдап көріңіз.
Сілеме:

https://youtu.be/IfsjbU-cuBU?si=n6erdAB2ORpTR5im

AYATZHAN / Мінез!

18 Oct, 15:06


BILIm TALQY бағдарламасы:

Мақсат Халық. Қаржы сауаттылығы - хылықтың өмір сүру сапасының көрсеткіші

QAZBILIM-де қаржы сауаттылығы

Мазмұны және бағдарламасы

Маңызды неде?

https://youtu.be/IfsjbU-cuBU?si=bzDND0H-Mr2n2c11

AYATZHAN / Мінез!

17 Oct, 14:41


​​ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ (3 бөлім)

Иә, жетістікке жетем десең сылтау айтпа, қашан да әр жетістіктің де, сәтсіздіктің де себебін өзіңнен ізде. Ұлы Абай:

“Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап”, - деген. Ал, біз өзімізге емес, демеушіге, қолдаушыға сеніп жалтақтаймыз.

“Істегісі келетін адам мүмкіндік, ал істегісі келмейтін адам сылтау іздейді”, - дейді Бауыржан Момышұлы. Біз “мүмкін” деген сөзден гөрі “мүмкін емес” деген сөзді көбірек қолдансақ, онда жетістік бізден алыстайды. Себебі, «Біреу жұмыс қылайын десем, тұрған жерім жаман дейді, біреу маңайымдағы елім жаман дейді. Бұлардың бәрі де бос сөз. Абақтыдан жайсыз орын жоқ, онда да отырып жұмыс істеуге болады», - дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ал біз бүгінгі еркіндікте, мүмкіндікке толы қоғамда “мүмкін емес” деген сөзді жиі қолданамыз. “Мына жүйе оңбаған” демей тұрып, өзіміздің тірлігімізді оңап алып, ойланармыз.

Өзіңді өзгертуге мотивация керек пе? Онда жетістікке жеткен тұлғалардың өмір жолын бір ақтарып шығыңыз. Табысқа жеткен адамдардың талайы нөлден бастаған. Бір сөзбен айтқанда, мүмкіндікке толы өмірде мүмкін емес деген сөзді айтпаңыз.

Өзіңді өзгертуге мотивация керек пе? Онда жетістікке жетіңіз. “Білім білген сайын қызық” дегендей, жетістікке жеткен сайын адамның өзіне сенімі артады, жетістікке жеткен сайын шабыттанады. Ал, өзгеден емес, өзіңнен алған мотивацияң өзің үшін әлдеқайда баянды.
Бізде бәрін басынан бастауға, өзімізден бастауға батылымыз жете ме?

AYATZHAN / Мінез!

16 Oct, 14:42


​​Білімнен қайырымдылық жасау

Қазір қосымша курсқа қатыспайтын бала кемде-кем. Қосымша дайындыққа қатыспай ҰБТ-да жоғары балл алу мүмкін болмай кетті. Қосымша сабаққа қатыспай Назарбаев зияткерлік мектебіне, білім-инновация мектебіне түсу мүмкін емес.

Ал, қосымша сабақ ақылы. Ақылы дайындыққа қатысуға барлық балада мүмкіндік болмайды. Бұл деген сөз грантты тек ақылы оқи алатындар алады. Бұл әлеуметтік теңсіздікті келтіріп шығарады.

Сол білім алам деген балаларға көмек болсын деп 2020 жылдан бері YouTube де тұрақты ҰБТ-ға, НЗМ-ға, IELTS- ке дайындық сабақтарын жүргізіп келе жатырмыз!

Қазіргі таңда YouTube де QAZBILIM TV арнасында 700-ге жуық видео сабақ бар. Әр жылы ҰБТ-дан соң сіздердің каналдан дайындалып жақсы балл алдым деп қаншама оқушы жазады. Ұстаздарға да көп көмегі тиіп жатыр деп ойлаймын.

Биыл да сол үрдісті бастадық. Кешеден бастап YouTube де сағат 20:00 де тікелей эфирде сабақтарымызды бастадық!

Қосылып көрсеңіздер, оқушыларыңызға таратып қойсаңыздар болады!

Алдағы уақытта 8 қаладағы QAZBILIM ұлттық лицей ұстаздары тұрақты сабақтар жүргізеді. Біліммен қайырымдылық жасап, біліммен зекет береді.

Сілтеме: https://youtube.com/@qazbilim?si=Rofc--HxwstVoqja

AYATZHAN / Мінез!

14 Oct, 16:03


​​Саясат - сары аяз,
Санамды құл еткен,
Көбік сөз, ой таяз,
Шықпаған жүректен...

Бүгінгі күй осы,
Қоғамның дерті ауыр,
Биліктің жүйесі,
Сенімсіз ол жауыр.

Қанағат қарын тоқ,
Пенделік озып тұр,
Санамда уайым көп,
Төзімім тозып құр.

Сабырға жеңдірсем,
Санамда қорқыныш,
Ақылға көндірсем,
Болсыншы ел тыныш.

Ертеңді ойласам,
Санада сан сұрақ.
Тілімді толғасам,
Барады қансырап.

Осылай кетсе егер,
Тұра ма жан шыдап?
Бір Алла берсе екен,
Еліме тамшы бақ!

Жерімнен садаға,
Бір шөбін жұлдырман,
Қара жер анаға,
Қараулық қылдырман.

Тастамас додаға,
Намысын будырған.
Түсірер тобаға,
Батырын тудырған...

Бұл жерім ұжмақ-ты,
Қазағым қонсын тек,
Бұл елім қуатты,
Мəңгілік болсын тек!

Аятжан Ахметжанұлы
2016 жылы сәуір
#өлең
#мінез
#Аят

AYATZHAN / Мінез!

12 Oct, 12:52


​​Қазақ тілді бизнесмендер бас қосуы

Өзімді бизнес өкіліне жатқыза алмай-ақ қойдым. Өзімді бизнесмен санамаймын. Білім саласындағы жоба жетекшісі санаймын.

Бірақ, бүгінде еліміз бойынша 500-ден астам адамға жұмыс беріп отырған үлкен компанияға айналдық. Яғни, 500 адамның отбасылық табысы.

Оның сыртында 8 қалада 10 офис бар. Оның жалдауы, күнделікті шығыны.

Оның сыртында QAZBILIM баспасы өнімдерінің, кітаптары мен оқу құралдарының сатылымы. Оның айналымы.

Солай есептегенде айына 300 миллион теңгелік айналым жасайсың. Онсыз жоба өзін ақтамайды. Табысқа жетпейді.

Демеуші, қаржыландыру көзі жоқ, өзімен өзін дамытып келе жатқасын кей шешімге қаржылық тұрғыда қарауға міндетті боласың ғой. Онсыз банкроттық күтіп алады. Онсыз ұлттық мектеп құру арманы күл парша болады.

Ертең 13 қазан күні қазақ тілді бизнесмендер бас қосатын Алматыда Sana business forum өтеді. Сол шарада спикерлер қатарында біраз ой бөлісу мақсатым бар.

Биыл QAZBILIM ұлттық лицейлері мен sana foundation қоры бірігіп қаржы сауаттылығы пәнін енгізгенбіз. Ол қазір тап тамаша жүріп жатыр. Оқушылардың да қызығушылығы жоғары. Біз де өз серіктесіміздің осы бір үлкен мақсаттағы жобасына Халықтың Мақсатының ұсынысымен келіп қалдық.

🗓 Күні: 13-қазан
📍 Өтетін орны: InterContinental Almaty
Форумға тіркелу туралы ақпарат: @sana.forum

Ертең форумда жолығайық!

AYATZHAN / Мінез!

11 Oct, 16:30


​​ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ (2 бөлім)

“Адам пендесінің бәрекелдіні сүймейтұғыны болмайды”, - дейді ұлы Абай.
Иә, бәріміз өмірде, жұмыста, оқуда табысқа жетіп, бәрекелді ғұмыр кешкіміз келеді. Бірақ, қандай да бір ісіміз сәтсіз болса, “Мен негізі табысқа жетер едім, мен негізі дұрыс жасап келе жатыр едім” деп ақтала бастаймыз. Бір сөзбен айтқанда, өзімізге керемет адвокатпыз. Ал, жұртқа сыншы прокурормыз.
Біздің ең үлкен мініміз де сол, сылтауды сырттан іздейміз. Сұлтанмахмұт:

“Жақсы болсам өзімнен,
Жаман болсам өзімнен,
Тағдыр қылды дегенді,
Шығарамын сөзімнен”, - демей ме?! Біз де сүрінген жерімізден сүрінуге себеп болған ісімізді ойлана аламыз ба?

Қазақта “көптің бірі, ктің кірі” деген сөз бар, көптің бірі болу адамның әуелгі мақсаты болмаса керек-ті. Ал, біз өзімізді сын тезіне салып, көптің бірінен жетістікке жетуші тұлға деңгейіне көтере аламыз ба? Тым құрыса,
“Адам боп келдім өмірге,
Адам боп кету тілегім”, - деген ілгерідегілердің ар жолын сақтап кете аламыз ба? Әрине, өз көзімізге өзіміз тіке қарай алсақ, бұл ауыр сұрақ.

Әлемде табысқа жетпейтін адамдардың ортақ ерекшелігі де сол, табысқа жетпейтін адам қашан да өзін ақтап алатын сылтау табады.

Сіз қаншалық көп сылтау айтасыз? Қаншалықты ақталасыз? Сізді кері тартатын мін не?
Ойлана отырыңыз.

AYATZHAN / Мінез!

08 Oct, 15:48


​​ҚАС СҰЛУЛЫҚ...

Еу, көк мұнар!
Баурайыңа түнейінші бес күн ал,
Емдейінші жүректегі дертті бар.
Көк өзеннің басы толқып жататын,
Көк жайлаудың баласы едім көк құмар.

Еу, көктұмар!
Жершарының тағылған төсіне анық,
Баурайыңнан көк өзен есіп ағып.
Бауырыңа жатайын басты сүйеп,
Бабам салған жорықты есіме алып.

Рухым сонда жатар дараланып,
Бабам салған соқпаққа барам анық.
Сенің құзар шыңыңнан секірейін,
Қалсамда, қан жоса боп жараланып.

Болса да тәнім менің жара мейлі,
Бір жылуын жүрегім алар енді.
Сені тастап Сарыарқаға қалай кетем,
Жанымды қалай емдеп жазам енді?!.

Еу, көк томар!
Шірісеңде бақытың батпан сенің,
Басыңа қорған болар асқар сенің.
Рухыңды ешқашан өлтірмейді,
Кескенмен тамырыңды тастар сенің.

Еу, көкөзен!
Түрің жоқ мені аса қатты елеген,
Кескінің сенің кербез еді не деген!
Толқыныңмен барасың еркелеп бір,
Сұлулыққа қанып жатыр кенезем.

Еу, Асқар тау!
Мəңгілікке түнер ем баурайыңа,
Қос тігіп, қазан асып қойнауыңа.
Ол бақыт бұйырмайды маған бірақ,
Бабамның жазылғанмен маңдайына.

Ех, адамдар...
Аруларды сұлу дейді,
Бірақ маған өтірік мұның енді.
Кербез тау керіліп жатқан кезде,
Қас сұлудың бөксесі білінбейді...
Жүрегі қызғаныштан дірілдейді...

Аятжан Ахметжанұлы

AYATZHAN / Мінез!

08 Oct, 10:06


Химия пәнінен ҰБТ-ға қалай дайындалған дұрыс?

Сабақты жүргізген PhD химик Аятжан Ахметжанұлы

https://www.youtube.com/live/tKbS2kmOxDg?si=WoURhYdtz2_8oDwc

AYATZHAN / Мінез!

07 Oct, 15:30


​​ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫ (1-бөлім).

Әлқисса (кіріспе )

Адам - бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы...
Сөз қандай ауыр, иә. Менің сөзім емес, Абай атамның сөзі.
Иә, бәрі рас. Осы деймін де, дүниеде 7 миллиард адам бар, сол 7 миллиард адамның 7 миллиард түрлі мақсаты бар. Әркімнің мақсатына қарай ғұмыры басқа. Сол жолда бір жығылып, бір сүрініп, бір тұрып, алға жортасың. Біреу жетеді, біреу жетпейді. Біреу тіпті, мақсатының не екенін де білмей өте шығады.

Ал, біреулердің мақсаты біреулермен бір арнада тоғысқанда ғана соңына шығады. Біреулер мақсатынан жол ортада күдер үзеді. Ал, өлген күні боқтан сасық біреусің.
Мұны қазақ “тағдыр” дейді.
Иә. Біз де сол, бір сүрдектен қашып, өзімізше жол салуға асыққан пендеміз.

“Егер де, есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ақыретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?” - дейді Ұлы Абай.

Біз де кейде әлімізше өз-өзімізден есеп алып көреміз, есеп алып отырып, өз-өзімізден шошимыз. “33 деген жастан асқанда орда бұздық па, орға жығылып, сүрініп әлі жүрміз бе?” - деп селк етеміз.

“Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,
Ашуың — ашыған у, ойың — кермек.
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық
Кім көңілді көтеріп, болады ермек?” - дейді ұлы Абай 40 жасында. Абай “қартайдық” десе, бірдемені сезген шығар. Біз ше? Ол жасқа да жетерміз. “Ойландық па?” деген ой ғой.

Жә, “Жетістікке жету формуласы деп бастаған автор неге мұңдандырды?” демеңіз, мотивацияның басы ойлану, өзгерістің басы өзіңнің бағытыңды айқындау болса керек-ті.
“Адамды құртатын ой емес, ойсыздық”, - дейді тағы сол қазақтың ғұламасы Абай. Кейде мақсатсыз, ойсыз жандар көп секілді көріне береді маған да.
Иә, сіз де мақсатыңыз туралы ойланып көріңізші, жеттіңіз бе?

Ал, бұл сұрақтың өзім берген жауабын соңына таман өзім айтармын. Қазірше бірге ойланайық. Мақсатыңыз не, сіз үшін өмірдің мәні не, мағынасы не?

AYATZHAN / Мінез!

05 Oct, 12:26


​​Атың шықпаса “желіні” өрте!

Хайптан тайып жығылған пенде көп. Тіпті тайып жығылатынын білсе де үнемі әдейі жасайды. Неге?
Себебі, жұрт соны талқылайды, таратады. Есесіне ол хайптан оқырман жинайды, танымалдығын арттырады.

Бұл соңғы 5-6 жылдағы әлеуметтік желінің жұлдыздарының әдетіне айналған тірлік. Біраз бей әдеп тірлік жасаған, желіде шешенсінгендер мен шешінгендер бұл жұрттың есінде шығар. Оларды да кезінде жұрт талады, жерден алып жерге салды. Бірақ, көп өтпей жұрт ұмытты.

Есесіне олар қазір тренер, психолог, коуч, танымал блогер. Ақшасын тауып, жұртты сауып өмір сүріп жүр.
Бүгінгі жігіттікі де сол тірлік, сол жоба. Олардың сөзімен айтқанда әдемілеп тұрып хәйіп жасап алды. Бүкіл елге танылды, ел таныды. Оның мақсаты орындалды. Енді 2-3 рет кешірім сұрап құтылады.

Мәселені екі жолмен шешу керек негізі. Біріншісі ол заң. Нақты заң бойынша үстінен арыз жазып, соған қарай жазалату. Құқықтық ел боламыз десек дұрысы сол. Әркім білгеніне қарай лағып оттай бермеуі қажет.
Екінші жол, елемей қою, парақшасынан оқырман ретінде жазылмау. Ондайларға ең ауыр жаза сол.
Кешегі хайпажорлар бүгінгі жұлдыз екенін ескерсек, бұл да келешектің жұлдызы.

Жә, айтайын дегенім негізі әлеуметтік желіні сондайлардың ермегі етіп, халықты тобырға айналдырмас үшін сауатты халық бір уақыт сауатты дүние жазып, есі дұрыс әңгіме айтып, желідегі бостықты толтыру керек.

Онсыз оқырман жұртты бұндайлар тобырға айналдыра беретіні сөзсіз.
Шыны керек, соңғы 2 жыл қатты қарбаластықпен, бас алмас тірліктердің соңында кетіп, тұрақты жазатын тақырыптарымнан, мотивациялық посттарымнан мен де ажырап қалдым.

Енді тұрақты әр күні әр түрлі тақырыпта ойларымды үнемі жазып, тұрақты сериалды посттар салып тұрсам деп ойлаймын.
Оқушыларға, жас мамандарға, ата-аналарға жалпы ізденімпаз жұртқа пайдасы тиер дүниелер жазып тұруға тырысамын. Арасында өлеңдерімді де, сұхбаттарымнан үзінділер де жариялай жүрермін.

AYATZHAN / Мінез!

05 Oct, 09:58


Қасқа жолда Жамбыл Зейнолламен су жаңа әңгіме...
https://www.youtube.com/watch?v=FiSiZudmzk0

AYATZHAN / Мінез!

05 Oct, 09:25


QAZBILIM GROUP басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы “Ұстаздар күнімен” құттықтады🎊

Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті.

Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше.

Төл мерекелеріңіз құтты болсын, ұстаздар!💐

AYATZHAN / Мінез!

30 Sep, 16:22


PhD дипломы қолға тиді.
Ең көп күттірген диплом болды, маңдай тердің өтеуі ақталды. Ресми түрде химия саласы бойынша философия докторы (PhD) атандық!

Өмірімде 9 жыл туған ауылымда, 3 жыл қалада 12 жыл мектепте білім алдым.

Бір жыл Түркістан Кентауда халықаралық қазақ-түрік университетінде дайындық курсын, Еуразия ұлттық университетінде 4 жыл бакалавр, 2 жыл магистратура, 3 жыл докторлық жалпы 9 жыл білім алдым.

38 жасымның 7 жасы балалықпен, 22 жылы білім алумен кетіпті. Қалғаны еңбек етумен өтіп жатыр.

Қазірге ең соңғы нүктесі осы PhD атану болды. Бұл өзі бір ауыр кезең болды. Көп еңбекті, үлкен күшті қажет етті, жүйкеге талай салмақ салды.

Осы жолда ұстаздарым, жетекшілерім, жанашыр жандарым көп көмек көрсетті. Баршаңызға басымды иіп шын жүректен алғысымды білдіремін!

Білім, ғылым жолында қолдан келгенше еңбек ете береміз!

AYATZHAN / Мінез!

28 Sep, 10:59


Суицид туралы әңгіме жиілеп кетті…
Осыдан 11 жыл бұрын жазған мақалам екен…

Сол кездегі ойлар әлі өзекті екенін өзім оқып отырып ойланып кеттім…
Бірақ, мәселе сол кезден де ауырлап кетіпті…
Сондықтан да шығар көбейіп бара жатқаны…

Оқып көріп, ойланайық…
Ата-ана, ұстаз, қоғам…
бәрімізге ойланбақ ләзім!
https://kazbilim.kz/archives/471?amp=1

AYATZHAN / Мінез!

18 Sep, 14:51


​​Адалдық, уәде һәм ұстаным!

Адамдардың алуан түрлі қасиеті болады. Ұстаз болғасын, адам тәрбиесімен жұмыс жасағасын көп жерде адамдардың психологиясын, ішкі толқынысын, сана сезімін, бәрін түсінгің келеді. Айналаңа зерттеп қарайсың.

Өмір алуан ағынға салады. Бірде қиындықта қаласың, бірде бәрі оңынан шешіліп жатады. Әр толқында жан-жағыма көп қараймын, көп ойланамын, болып жатқан оқиғаларға көп талдау жасаймын. Қанша психолог болып кетсең де, адамдардың шешімдерін түсінуге шамаң келмейді. Себебі де алуан түрлі шығар.

Кейде сен биік деңгей күткен жерден шалшық су шығып кетеді. Сен күтпеген жерден мөлдір бұлақ ағып жатады.

Мен үшін сенім деген жүк ең ауыр секілді. “Сенім-ұлы күш” деген ұстанымға көп сенім артасың. Бірақ, көбі бірақ дегізетін сәттер көп болады.

Мен үшін ең маңызды дүние адалдық, уәде һәм ұстанымға беріктік.
Биыл үлкен мақсаттар жолындағы уәделердің үдесінен шығу бәрінен маңызды болды. Соңғы 2-3 ай ойымдағы ұмыт қалмаған уәденің соңына шығардым. Иығымдағы біраз ауыр жүк түсті. Себебі, уәде ғана басыңды тік көтеріп жүруге, өзгеге тік қарауға мүмкіндік береді. Ал, бұл көшбасшының бойындағы басты қасиет болу керек деп ойлаймын.

Бірақ, қоғамдағы осы дүниелерге қатты қарным ашатын болып жүр. Сол үшін де айнаға көп қарап, өзімнің ұстанымдарымды үнемі есіме аламын. Принциппен өмір сүру-ауыр. Бірақ, адамда принцип болу керек деп ойлаймын. «Өкінішке» дейтін жәйттер тым көп болатын секілді…

Сіз де айнаға қарап көріңізші?
Адалдықты сақтай аласыз ба?
Уәделеріңіз орындалды ма?
Ұстанымдарыңызға беріксіз бе?

Әй, бірақ, адам өзін өзі толық білсе, патша болады демей ме бұрынғылар?
Қиын ә?