ХАЛЫҚ ҮНІ @halyquni Channel on Telegram

ХАЛЫҚ ҮНІ

@halyquni


Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.

Ақпарат жіберу үшін: +7 705 563 6493

Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

ХАЛЫҚ ҮНІ (Kazakh)

ХАЛЫҚ ҮНІ телеграм каналы - бұл мемлекеттік және жаңалықтарға бағынбаушы ақпараттар мен хабарландыруларды ұсынады. Бұл канал арқылы сіз еліміздегі соңғы өзгерістерден жаңалықтардан хабардар боласыз. Егер сізде жаңа жаңалықтар бар болса, бізге хабарласыңыз: +7 705 563 6493. Сіздің көмегіңізбен бізді мектептеріміздегі студенттерге жеткізетін жарнаманы қолдайдық: +7777 859 44 66. Сонымен қатар, біздің веб-сайт арқылы артық көбірек мағлұмат аласыз: https://halyq-uni.kz. ХАЛЫҚ ҮНІ телеграм каналы - сіз үшін қолайлы және қажетті болады! Еліміздегі соңғы жаңалықтардан осы канал арқылы дайын болыңыз!

ХАЛЫҚ ҮНІ

21 Nov, 12:15


📆1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

5 қаңтар - демалыс күні 3 қаңтарға, яғни жұмаға ауыстырылады.

🔸Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.

https://t.me/halyquni

ХАЛЫҚ ҮНІ

21 Nov, 11:38


🗣Шетелден алынған қарызды қарапайым қазақстандықтар төлемейді.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

▪️Бұған дейін Қазақстан халықаралық банктен тағы 269 млрд теңге қарыз алатыны хабарланған.

▪️Сондай-ақ еліміз Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 52,3 млрд иена (167,3 млрд теңге) қарыз алуды жоспарлап отыр.

▪️Сонымен қатар Ислам даму банкі 1,2 млрд доллар бөледі.

https://t.me/halyquni

ХАЛЫҚ ҮНІ

21 Nov, 10:15


📲eGov-та кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық пайда болды

Енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн бағалай алады.

Сервисті пайдалану үшін:

▫️eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Басқа сервистер» - «МКБ. Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» бөліміне өту;
▫️жеке деректерді пайдалануға келісім беру;
▫️кредиттер мен сақтандыру шарттары туралы мәліметпен танысу;
▫️кредиттік және/немесе сақтандыру есебін жүктеуі;
▫️қажет болған жағдайда файлдарды смартфонға сақтауы қажет.

https://t.me/halyquni

ХАЛЫҚ ҮНІ

20 Nov, 04:41


🗣Қайтарылған активтер: 28 млрд теңге Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға бөлінді

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан Риддер қаласындағы 200 орындық стационары мен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 млрд теңге бөлінді.

Жобаның жалпы құны – 34,8 млрд теңге, қазіргі уақытта 6,6 млрд теңге игерілді. Оның ішінде 2 млрд теңге республикалық бюджеттен, 4,6 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Қалған қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінеді.

https://t.me/halyquni

ХАЛЫҚ ҮНІ

19 Nov, 04:48


📰 “Халық үні” ақпараттық порталында жарияланған ақпараттарды оқи отырыңыз

🔸 Қалыңмалы бар Қазақстанда енді жеке «мәһр» сұрау деген болмайды

🔸
Мемлекет басшысы ресми сапармен Сербияға барды

🔸
LRT-ға жеңіл рельсті пойыздар Қытайдан сатып алынады – Астана әкімдігі

🔸
Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі алаяқтық жасаған

ХАЛЫҚ ҮНІ

18 Nov, 08:40


💰Доллар бағамы 500 теңгеге жетті

Доллар курсы бір айда шамамен 19 теңгеге қымбаттады. Қазір Астанадағы ақша айырбастау орындарында 500 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыдағы айырбас орындарында ең қымбаты 499,7 теңге деп тұрса, Астанада бүгін 500 теңгені бағындырды.

Ұлттық банк кестесінде 22 қазан күні АҚШ валютасының құны 481,68 теңге болған еді. Содан бері баға тұрақты көтеріліп, қазіргі ресми бағам 495,95 теңге болып тұр. Ал нарықта одан біраз қымбатқа сатылып жатыр.

https://t.me/halyquni

ХАЛЫҚ ҮНІ

18 Nov, 04:34


🗣Заңсыз шығарылған активтер: 8 млрд теңге әлеуметтік нысандарға бөлінді

Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады.

▪️Бұған дейін Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын салу жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданған болатын.

https://t.me/halyquni

ХАЛЫҚ ҮНІ

15 Nov, 07:21


🗣Қарағанды облысында көлік апатынан 7 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға бүгін сағат 10.00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Құрма ауылының (2 шақырым жетпей) маңында болған.

Алдын ала болжам бойынша Toyota Alphard жүргізушісі көлік тізгініне ие болмай аударылған. Көлік апаты салдарынан оқиға орнында жүргізуші және 6 жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

https://t.me/halyquni

ХАЛЫҚ ҮНІ

15 Nov, 04:05


💰15 қараша – ұлттық валюта күні

Ұлттық валютамыздың айналымға енгеніне 31 жыл толып отыр.

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашадан бастап теңге айналымға енгізілді. Алғаш "портреттер" банкнотының бірінші топтамасы шығарылып, онда тұлғаларымыздың суреті бейнеленді.

Алғашқы банкноттарды Англияда Harrison&Sons фирмасы басып шығарды. Олар Қазақстанға ұшақтармен жеткізілді.

Теңге туралы қызықты деректер.

https://t.me/halyquni

ХАЛЫҚ ҮНІ

14 Nov, 10:37


🗣Халықтың ақшасына коттедж бен көлік алған: белсенді Перизат Қайрат ұсталды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

▪️Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600" және 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алды.

▪️Жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.

▪️Қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы «St. Regis», «Shangri-La», «Palazzo Versace» және «Kempinski» сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.

▪️Бұл елдерде ол "Cartier" және "Louis Vuitton" сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.

▪️Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

ХАЛЫҚ ҮНІ

14 Nov, 05:46


🗣Қазақстан мен Қатар әскери байланысты нығайтады

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан үкіметі мен Қатар үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Қос мемлекет үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім 2023 жылдың 12 желтоқсанында Доха қаласында жасалған.

Келісімді ратификациялау екі мемлекет арасындағы әскери білім беруге, әскери қызметшілерді даярлауға, біліктілікті арттыруға, әскери медицина, ғылым, мәдени, спорт саласында ынтымақтастық іс-шараларын өткізуге, және өзге де салаларда келісілген қызметтер мен жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді.

https://t.me/halyquni

ХАЛЫҚ ҮНІ

13 Nov, 07:32


«Келешек» жүйесі: ата-аналарға баласының оқуына ақша жинау жеңілдейді

Мәжіліс бүгін заң жобасын мақұлдады.

5 жасқа толған балалардың шотына мемлекет бюджеттен 60 АЕК (биыл 1 АЕК – 3692 теңге) , жетім балаларға 120 АЕК мөлшерінде біржолғы бастапқы білім беру капиталын береді.

Ең төменгі жылдық жарнаға қойылатын талаптар бұзылған жағдайда бастапқы білім беру капиталы бюджетке қайтарылуға тиіс.

Жиналған қаражатты Қазақстандағы немесе шетелдегі колледждер мен университеттерде оқуға жұмсауға болады.

https://t.me/halyquni

ХАЛЫҚ ҮНІ

13 Nov, 06:12


💰Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен (АИИБ) 52,3 млрд иена қарыз алады

Заң жобасы Үкіметтің қаулысымен Мәжіліске биыл 23 қазанда енгізілді.

Қарыз туралы келісімге 2024 жылғы 21 тамызда Астанада қол қойылды. АИИБ Қазақстанға 52,3 млрд иена сомасында қарыз бөледі. 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, қарызды өтеу мерзімі 15 жыл болады.

💰Бұл шамамен 167 млрд теңгені құрайды.

https://t.me/halyquni