BAQ.kz @baq_kz Channel on Telegram

BAQ.kz

@baq_kz


BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы.

Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз:

https://www.instagram.com/baq.kaz/
https://www.facebook.com/baq.kz
https://www.tiktok.com/@baq.kz_

BAQ.KZ – Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы (Kazakh)

BAQ.KZ – түкпір-түкпірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы. Бұл портал Қазақстанның бөлектерінде пайда болатын жаңалықтар мен событиялар туралы хабарламаларды құрудағы мақсаттарына сенімді. BAQ.KZ порталымен сіз өзіңіздің қала және еліңіздің барлық жаңалықтары мен білім алуға болашағыңыздыгы қолдау бар!

BAQ.kz

08 Feb, 12:35


😱Таразда бес қабатты тұрғын үй өртенді

Ж.Дүрімбетов көшесі бойында жаңадан салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген.

Жамбыл облысының өрт сөндірушілері жоғары дәрежелі шақыртуға барып, 1 мың шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндірді.

Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

@baq_kz

BAQ.kz

08 Feb, 10:54


📸«Жаңа адамдар» жастар форумынан фоторепортаж

@baq_kz

BAQ.kz

08 Feb, 10:27


🏠Алматыда 17 жас ғалымға пәтер сертификаттары табысталды

Алматы қаласында орналасқан мемлекеттік органдарға ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарынан 300-ге жуық өтінім келіп түскен.

Айта кетейік, Президент тапсырмасымен өткен жылы 25 жас ғалымға тұрғын үй сертификаттары берілді.

@baq_kz

BAQ.kz

08 Feb, 09:42


👏Пойызда күй тартқан жас домбырашылар жолаушыларды сүйсінтті

Жас өнерпаздар «Әке толғауы» күйін орындады.

Олар Алматыда өткен байқауда гран-при иеленіп, Астанаға жеңіспен оралды.

Видео: «ҚТЖ» баспасөз қызметі

@baq_kz

BAQ.kz

08 Feb, 07:31


🇰🇿 🥉 Константин Борцов Азиада ойындарының қола жүлдегері

🏆ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан отандасымыз үшінші орын иеленді.

Айта кетейік, Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындары өтіп жатыр.

@baq_kz

BAQ.kz

08 Feb, 06:49


❗️Олжас Бектенов Қосшының бас жоспарымен және көпсалалы жаңа аурухананың құрылысымен танысты

📍Бүгін Премьер-министр жұмыс сапарымен Қосшы қаласына барды.

350 орындық стационары медициналық мекеме қала және Ақмола облысының Астана маңындағы жеті ауданы тұрғындарына қызмет көрсетеді.

📌Нысан Viamedis компаниясының жеке инвестициясы есебінен 28 млрд теңгеден астам сомаға салынуда.

‼️Емхана осы жылдың соңына дейін, стационар 2026 жылы ашылады деп жоспарланған.

@baq_kz

BAQ.kz

08 Feb, 05:46


😲 Кәсіпкерлерден ақша бопсалаған екі блогер 7 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында алқабилердің қатысуымен сот жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшыларынан ақша бопсалаған екі блогерге үкім шығарды.

Олар кінәлі деп танылып, әрқайсысы жеті жылдан бас бостандығынан айырылды.

Сотталушылар әлеуметтік желіде жағымсыз материалдарды жариялаймын деп қорқытып, сауда саласында "тексеру" жүргіземін деп, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің директорынан ақша бопсалағаны анықталды.

Бопсалаушылар айына 200 000 теңге жіберуді талап еткен.

Абыройы үшін алаңдаған кәсіпкер талап етілген қаражатты төлеуге келісіп, бес айдың ішінде қылмыскерлерге 1 000 000 теңге аударған.

Бопсалаушылар мұнымен тоқтамай, басқа компания басшысынан тағы 50 млн теңге алмақ болған, бірақ сотталушылардың бірі қаражаттың бір бөлігін беру кезінде ұсталған.

@baq_kz

BAQ.kz

08 Feb, 04:35


Полицейлер гастролер-ұрыларды елордалық ломбардта ұстады

5 ақпанда Аршалы ауданының Ижевское ауылында пәтер ұрлығы болып, 780 мың теңгеден астам сомадағы алтын әшекейлерді ұрланған.

Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, болжамды ұрыларды ол дүкеннен үйіне қайтып келе жатқанда кездестірген. Кейінірек жедел уәкілдердің айтуынша, гастролер-ұрылар біраз уақыт үйді бақылап жүрген.

Аталған факті бойынша полицейлер күдіктелерді елордалық ломбартардың бірінен ұстады.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

@baq_kz

BAQ.kz

08 Feb, 02:39


🥈 Шорт-трек: Қазақстан құрамасы күміске қол жеткізді

ІХ Қысқы Азия ойындарында шорт-тректен аралас эстафетада (2000м) Қазақстан құрамасы мәреге екінші келді.


Құттықтаймыз!

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 18:57


Астанада қауіпті жарнамалар өшіріліп жатыр

Елорданың Алматы ауданында «Заң және тәртіп» акциясы аясында есірткі граффитилерін анықтау және жою бойынша рейд жүргізілді.

Тыйым салынған заттардың жарнамасымен күресуге бағытталған акцияны аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қолға алды. 

Мұндай рейдтер елорданың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Билік азаматтарды елордада тазалық пен тәртіпті сақтау жөніндегі бастамаларға қосылуға шақырады.

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 12:40


❗️Бразилиядағы ұшақ апаты: Ұшақ көшеге шұғыл қонуға тырысып, автобусқа соғылды

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:20 шамасында көліктерге соқтығысқан.

Ұшақ Кампо-Ди-Марти әуежайынан (Сан-Паулу) таңғы сағат 7:15 шамасында ұшып, Порту-Алегре қаласына бет алған. Ұшып шыққаннан кейін небәрі бес минуттан кейін көшеге шұғыл қонуға тырысып, автобусқа соғылды.

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 12:21


🇰🇿 ІХ қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр

Қытайдағы сары құрлық бәсекесі Харбин және Ябули қаласында өтеді. Оған 34 елдің 1200-ден астам атлеті қатысады. Қазақстан сапынан 137 спортшы, спорттың 6 түрінен 10 дисциплина бойынша бақ сынайды.

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 12:03


➤ Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес пен мемлекеттің қарым-қатынасын цифрландырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бизнеске бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, ал мемлекетке бюрократияны азайтып, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға мүмкіндік береді.

➤ Президент көктемгі су тасқыны кезінде қаржылай көмек көрсеткен кәсіпкерлер мен «Қазақстан халқына» қорына жарна салған бизнес өкілдеріне алғыс айтты. Қор қаражаты денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталуда.

Адал кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыратынын айтты. Ол бизнеске кедергі келтіруге жол берілмейтінін атап өтіп, экономикалық реформаларды халық пен кәсіпкерлердің қолдауы маңызды екенін жеткізді.

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 11:54


⚡️Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы экономиканы нығайту Қазақстанның аймақтағы көшбасшылығын сақтаудың басты шарты екенін атап өтті.

Ол еліміздің жаңа көзқарастар дәуіріне қадам басқанын және бизнес дамуы үшін түбегейлі өзгерістер қажет екенін айтты. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдау Үкіметтің тұрақты назарында болатынын жеткізді.

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 11:13


❗️"Төрт әйелі мен зәулім сарайы бар": Имамға жала жапқан ер адам сотталды

"Астана имамының зәулім үйі" туралы ақпарат таратқан ер адам айыппұл арқалады.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, үйдің нақты кімге тиесілі екенін және қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін түсіндірді. Ол бейнероликті тек қызығушылық үшін жариялағанын айтып, өкініш білдірді.

Құқық бұзушыға 180 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл (707 760 теңге) немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 10:29


🇰🇿Ақ Азиаданың ашылу салтанатындағы «Мемлекеттер шеруі» кезінде Қазақстанның көк байрағын шайбалы хоккейден ұлттық құрама мүшесі Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шығады

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 10:13


❗️Тоқаев Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 09:39


⚡️"Рахман қайнарлары" шипажайының тағдыры не болмақ?

BAQ.kz редакциясы атынан облыстық басқармадан "Рахман қайнарларының" болашағына қатысты ақпарат сұраған едік. Бірақ сауалымыз жауапсыз қалды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, шипажай қазіргі уақытта қаңырап бос тұр. Қазіргі жағдайы осындай👇
https://baq.kz/rahman-qaynarlary-shipazhayynyn-tagdyry-ne-bolmaq-200007161/

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 08:45


🥹 Жаңа туған нәресте ауруханаға ТЖМ тікұшағымен жеткізілді

ШҚО-да кішкентай пациенттің асқынуларын болдырмау мақсатында ТЖМ әуе кемесі жұмылдырылды.

Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында бала мен оның анасы Ана мен бала орталығына аман-есен жеткізіліп, мамандардың бақылауына табысталды.

@baq_kz

BAQ.kz

07 Feb, 08:05


🔴 Ағза трансплантациясы: донор жоқ, ал үміті сөнгендер көп

Елімізде жыл сайын 3500 адам бүйрек, 200-дей жан бауыр ауыстыру үшін күту парағына жазылады екен. Олардың ішінде 400-ден астам отандасымыз өзіне қажетті ағза доноры табылмағандықтан мезгілсіз көз жұмады.

Еліміздегі ағза донорлығы, шет елдердегі жағдай, біздегі дәрігерлердің біліктілігі мен осы мәселеге қоғамның көзқарасы - «Мінбердің» кезекті шығарылымында🔻
🔗https://youtu.be/139t9aoKHBI

@baq_kz

BAQ.kz

31 Jan, 07:28


⚡️Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорынан кетті

Болат Жәмішев бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады.

@baq_kz

BAQ.kz

31 Jan, 06:43


⚡️Ақтаудағы Алинаның өлімі: Сот кінәліні өмір бойына соттады

Ақтаулық фитнес жаттықтырушы Алина Серікованың өліміне қатысы бар басты фигурант Нұргелді Сейтқалиев өмір бойына, ал Еркебұлан Аманқос – 16 жылға, Жалғас Үсенғалиев – 13 жылға, Дархан Құлбас – 13 жылға, Аралбай Мерей – 13 жылға сотталды.

Сотталушылардан ортақтасқан түрде жәбірленуші С. пайдасына 19 618 415 тенге материалдық шығын және 30 000 000 тенге моральдық шығын өндірілді.

@baq_kz

BAQ.kz

31 Jan, 06:33


🌎 Әлем жаңалықтары

🇮🇹 Италия Қытайдың DeepSeek чат-ботын бұғаттады
Италияның Garante реттеушісі DeepSeek чат-ботын GDPR талаптарына сай болмағаны үшін бұғаттады. Компания сервистің Италияда жұмыс істемейтінін мәлімдегенімен, билік оны ел аумағында ресми түрде шектеу туралы шешім қабылдады.

🇺🇸 Трамп 30 мың заңсыз мигрантты Гуантанамоға жібермек
Трамп Пентагон мен Ішкі қауіпсіздік министрлігіне Гуантанамо базасында заңсыз мигранттар үшін орталық дайындауды тапсырды. Оның айтуынша, мұнда ең қауіпті 30 мың мигрант ұсталады, себебі оларды басқа елдерге жіберу мүмкін емес.

🇸🇪 Швецияда Құран өртеу акциясына қатысушы атып өлтірілді
Құранды өртеу акцияларына қатысқан Салван Момика Швецияда оққа ұшты. Оны Стокгольм маңындағы пәтерінің балконында атып кеткен. Оқиғаға байланысты 5 адам ұсталып, тергеуге Швецияның Қауіпсіздік полициясы қосылды.

@baq_kz

BAQ.kz

31 Jan, 05:51


💸 Елдегі әр бала Ұлттық қордан 129,4 доллар алды

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа дейінгі балалардың шотына 129,38 АҚШ доллары көлемінде қаржы аударылды.

Жалпы төлем сомасы 888,8 млн долларды құрады, ал бағдарламаға қатысушылар саны 6,9 миллионнан асты.

2025 жылғы 31 қаңтарда осы ақпаратты eGov mobile мобильді қосымшасынан және kids.enpf.kz сайтынан алуға болады.

@baq_kz

BAQ.kz

31 Jan, 05:15


⚡️Қазақстандықтардың өмірі 1 ақпаннан бастап қалай өзгереді?

BAQ.KZ тілшісі ақпаннан бастап енгізілетін өзгерістерге шолу жасады👇
https://baq.kz/1-aqpannan-bastap-ne-ozgeredi-200006560/

@baq_kz

BAQ.kz

31 Jan, 04:34


🛢Қазақстанның мұнай нарығындағы орны қандай? Мұнай бағасының төмен түсуіне не себеп? Тозығы жеткен кен орындарының мәселесі қалай шешіледі?

BAQ.KZ тілшісіне "Қазақстан мұнай-сервис компаниялары" одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов еліміздің мұнай нарығындағы орны мен болашағы туралы айтып берді👇

🔗Сұхбатымыз осында

@baq_kz

BAQ.kz

31 Jan, 02:57


❄️Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Алматы, Жетісу облыстарында қар мен бұрқасын болжанса, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Түркістан облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Кей аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, ал Шымкент пен Алматыда тұман мен көктайғақ сақталады.

@baq_kz

BAQ.kz

30 Jan, 15:04


❄️ Қысқа Азиада ойындары: спортшыларымыз спорттық киімдерін көрсетті

Қысқы Азиада 7-14 ақпан күндері Қытайдың Харбин қаласында өтеді.

@baq_kz

BAQ.kz

30 Jan, 14:02


📸 Катонқарағайда қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Барыс камераға сақтықпен жақындап, оны аяғымен түртіп көрген сәт ерекше кадр ретінде тіркелді.

@baq_kz

BAQ.kz

30 Jan, 13:06


🇰🇿🇺🇸 Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.

@baq_kz

BAQ.kz

30 Jan, 13:04


🚘 Қазақстанда автогаз бағасы 1 ақпаннан бастап қанша теңгеге қымбаттайтыны белгілі болды

Энергетика министрі 2025 жылғы 29 қаңтардағы бұйрығымен сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу жоспары аясында тауар биржаларынан тыс автогаз құю станцияларына арналған бөлшек саудадағы шекті бағаларды бекітті.

@baq_kz

BAQ.kz

30 Jan, 12:37


✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

@baq_kz

BAQ.kz

30 Jan, 12:34


🚘🏡Сақтандыру кезінде нені ескеру керек, зерттеу жасап көрген едік.
Бұл туралы міндетті түрде білуіңіз керек👇

https://baq.kz/kolik-pen-uydi-saqtandyru-ne-ushin-kerek-200006630/

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәліметіне сүйенсек елімізде 2024 жылы жасалған шарттар бойынша сақтандыру объектілерінің саны - 146 013 793 болған.

@baq_kz

BAQ.kz

30 Jan, 12:02


💸 Нарықтағы доллар бағасы тағы өсті

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың нәтижесінде доллар курсы 519,28 теңге болды.

Қазақстанның айырбастау пункттерінде орташа валюта бағамдары келесідей орнатылған:

Доллар: сатып алу – 519-521 теңге, сату – 522-523 теңге
Евро: сатып алу – 540-541 теңге, сату – 543-547 теңге
Рубль: сатып алу – 5,15-5,2 теңге, сату – 5,24-5,27 теңге.

@baq_kz

BAQ.kz

30 Jan, 11:58


🇰🇿🇷🇺Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Digital Almaty 2025 цифрлық форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Ресейдің Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.

Президент Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алғанын айтты.

@baq_kz

BAQ.kz

30 Jan, 11:15


🇰🇿Астанада IX қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтетін ойындарға Қазақстаннан 137 спортшы қатысып, 6 спорт түрі бойынша 51 медаль жиынтығына таласады.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!✊🏻

@baq_kz

BAQ.kz

26 Jan, 13:42


⚡️Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды

Құтқарушылар көмекке асықты. Олар 1994 жылы туған айелді жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны жедел жәрдем қызметерлеріне тапсырды.

Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң суға түсіп кеткен.

@baq_kz

BAQ.kz

26 Jan, 10:45


🔥 Елордада көп қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабаттағы пәтерінде өрт шықты

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт 30 ш.м. алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда.

1970 ж.т. пәтер иесін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

@baq_kz

BAQ.kz

26 Jan, 07:02


🌎Әлем жаңалықтары

🇺🇸Пентагонның жаңа басшысы бекітілді
Бұрынғы тележүргізуші Пит Хегсет жұма күні аз ғана басымдықпен жеткілікті дауыс жинап, АҚШ-тың келесі Қорғаныс министрі – Пентагон басшысы атанды. Бұл президент Дональд Трамп үшін демократтар мен кей республикалықтардың қарсылығына қарамастан, даулы кандидатурасын бекіттіре алған үлкен жеңіс болды.

🇵🇸Газа секторындағы үйлердің 92% қираған
Қарулы қақтығыстан, әсіресе, өңірдің солтүстік аудандары қатты зардап шеккен. Атыс-шабыс салдарынан Газадағы үйлердің 92%-і қираған. Оның ішінде 160 мың баспана жермен жексен болса, 276 мыңы бүлінген.

🇺🇿
Өзбекстан халқының саны 37,5 миллионнан асты
2025 жылдың 1 қаңтар күнгі мәліметі бойынша, Өзбекстан халқының саны 37 млн 543,2 мың адамға жетті.

🇷🇺🇰🇬
Путин Қырғызстанның бұрынғы басшысын марапаттады
Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Ресей ғылымына еңбегі сіңген ғылым қайраткері атағын алды. Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев елді 1990-2005 жылдары аралығында басқарған.

@baq_kz

BAQ.kz

26 Jan, 05:29


🛜Елдегі пойыздарда интернет жүйесі қосылды

Елімізде жолаушыларға ғаламтор қолжетімділігін ұсынған алғашқы пилоттық жоба аясында №3/4 "Астана-Алматы" пойызы елордадан жолға шықты.

Аталған бағыттағы сапар 17 сағатқа созылады. Алғашқы сапарда 500 жолаушы ғаламторға қосылу мүмкіндігін қолданды.

@baq_kz

BAQ.kz

25 Jan, 12:14


🌎Әлем жаңалықтары

🇺🇸Сот Трамптың жарлығын уақытша тоқтатты
Сиэтл соты Трамптың туу құқығы бойынша азаматтықты шектейтін жарлығының күшін уақытша тоқтатты. Бұл шешімге 22 штаттың бас прокурорларының шағымы себеп болған.
Трамптың жарлығына сәйкес, егер баланың анасы не әкесі АҚШ азаматы немесе елдің заңды тұрғыны болмаса, АҚШ-та туған балалар америкалық азамат ретінде танылмайды.

🇺🇸🇨🇳Қытай мен АҚШ арасы
Қытай мен АҚШ арасында пікір қайшылығы болса да, өзара ынтымақтастық пен диалогты нығайтуға мүмкіндік бар, - деді дипломат. Ол екі елдің сауда ынтымақтастығы өзара тиімді екенін атап өтті.

⚡️ХАМАС кепілдегі төрт адамда босатады
ХАМАС сенбі күні бостандыққа шығатын кепілдегі төрт израильдіктің атын атады. Ал Израиль 180 палестиналық тұтқынды түрмеден шығарады.Бұл атысты тоқтату келісімі күшіне енген өткен жексенбіден бергі екінші алмасу.

@baq_kz

BAQ.kz

25 Jan, 11:34


ТЖД хабарлауынша, Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарь өртенген.

@baq_kz

BAQ.kz

25 Jan, 11:19


Өрт сөндірушілер Алматы қаласының Мұзды сарайдағы өртті сөндірді

Алматы қаласындағы жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарьдің өртенуі орын алды.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып кеткен.

@baq_kz

BAQ.kz

25 Jan, 07:43


⚡️Жезқазған қаласында орналасқан мұнай базаларының бірінің аумағында арнайы мақсаттағы 3 автокөлік өртенді.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газ-ауа қаспасының жарылып, ангардың қабырғаларының қирауы орын алды.

Өрт салдарынан мұнай базасының 4 қызметкері ауруханаға жатқызылды.

Өрттің себебі анықталуда.

@baq_kz

BAQ.kz

25 Jan, 06:30


💸 Қазақстан ардагерлеріне қандай жәрдемақы төлейді?

Елімізде 85 203 ардагер бар. Биыл ардагерлерге мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның көлемі 17 млрд теңге.

Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санатына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді👇
https://baq.kz/qazaqstan-ardagerlerine-qanday-zhardemaqy-toleydi-200006195/

@baq_kz

BAQ.kz

25 Jan, 04:19


⚡️Жетісу облысы Алакөл ауданында "Үшарал – Достық" Теректі учаскесінің тас жолында ТЖМ күшімен 12 адам құтқарылды

Белгілі болғандай, 6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылардың көмегі қажет болды.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 16:37


🎆 Қазақстанда отшашу сатуға тыйым салу ұсынылды

Бұл петиция ePetition порталында жарияланды. Петиция авторларының айтуынша, пиротехника табиғатқа зиян келтіріп қана қоймай, адамдар мен жануарларға қауіпті деп есептейді.

2024 жылдың жаңа жылдық мереке кезінде пиротехникалық өнімдерден еліміздің аймақтарынан 63 адам зардап шеккен, соның ішінде 20 бала бар.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 15:32


📆 Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болды

🔹Қаржылық мониторинг органдары күні – 28 қаңтар;
🔹Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі;
🔹Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
🔹Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
🔹Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;
🔹Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
🔹Автожол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
🔹Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні - 10 қараша;
🔹Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні – 13 желтоқсан.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 14:32


🥊 Жәнібек Әлімханұлы Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін

Top Rank ұйымдастыратын кеш 5 сәуірде өтуі мүмкін. Спорт сарапшыларының болжамы бойынша жекпе-жек Астанада ұйымдастырылады деген пікір айтады.

Бұған дейін Әлімханұлы өзіне абсолютті чемпион атағы керектігін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Әлімханұлы шаршы алаңға соңғы рет 2024 жылғы 4 қазанда Сиднейде шығып, тоғызыншы раундта жаңазеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутқа түсірді.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 13:55


✍️ Мемлекет басшысы «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 13:34


💰Қазақстан Орталық Азия елдері арасында орташа жалақы бойынша көш бастап тұр

ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеті жариялаған мәліметтерге сәйкес, былтыр қыркүйекте Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 817,2 доллар болған.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 13:31


🥶 Ауа райы болжамы: Аяздың беті қайта ма?

25, 26 және 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы:

Қазақстан аумағында жоғары қысым аймағының әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанған.

Елдің басым бөлігінде түнде ауа температурасының біртіндеп 12-23 градусқа дейін, күндіз 5-13 градус аязға дейін жоғарылауы күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градус, таулы аймақтарда 13-18 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз болады, ал Батыс Қазақстанда түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяздан 2 градус жылыға дейін ауытқиды.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 12:25


⚡️Маңғыстаудағы сарбаздың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Үкімге сәйкес Дамир Досовқа қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Одан бөлек ол жәбірленуші тарапқа 235 мың теңге материалдық және 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуі тиіс.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 11:31


Ақпанның 7-14 аралығында Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындары өтеді.

Ұлттық құрамадан кімдер жарыс алаңына шығады, еліміздің қысқы спорттағы жай-күйі қандай деген сараптама жасадық👇
https://baq.kz/elimizde-qysqy-sporttyn-zhay-kuyi-qalay-200006173/

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 11:27


🛜 Meta платформалары (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистерінің қолжетімділігіндегі ақаулар серверлік инфрақұрылымдағы техникалық ақауларға байланысты орын алды. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады.

Министрлікке сәйкес, мұндай ақаулар әлемнің көптеген елдерінде тіркеліп, сервистердің тұрақты жұмысына әсер еткен.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 10:57


‼️Маңғыстаудағы сарбаз өлімі: прокурор айыпталушыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Елордада Ақтаудағы “Оймаша” полигонында сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

Лейтенант Дамир Досовқа сарбазды қасақана өлтірді деген айып тағылып, прокурор 13 жылға, ал жәбірленуші тарап 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушылар оқтың абайсызда атылғанын дәлелдеп, істі жеңіл бап бойынша қарауды талап етуде. Сот процесі жалғасып жатыр.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 10:20


‼️Павлодарда 11 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Күдіктіге "кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты зорлық-зомбылықпен сексуалдық әрекеттер жасау" және "кәмелетке толмаған адамға күш қолдану арқылы есірткі қолдануға мәжбүрлеу" баптары бойынша айып тағылған.

Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді. Қылмыс 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 08:54


⚡️Елімізде жанар-жағармай бағасы біртіндеп қымбаттайды

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Jan, 08:26


⚡️Ақтау түбіндегі ұшақ апатының алдын ала себептері келесі аптада айтылады

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлім етті.

@baq_kz

BAQ.kz

21 Jan, 06:51


⚡️Премьер-министр ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту үшін тиімді шаралар қабылдап, карбонды полигондар құруды тапсырды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, барлық мемлекеттік органдар мен қоғамның осы іске белсенді атсалысуы қажеттігін айтты.

@baq_kz

BAQ.kz

21 Jan, 06:43


📈 Елімізде картоп бағасы неге қымбаттап кетті?

Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова нарықтағы мәселелерді атап өтті.

@baq_kz

BAQ.kz

21 Jan, 06:37


❗️Алматы облысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Қайғылы оқиға Алматы-Бішкек автожолының 38 шақырымында болған. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, салдарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болды.

@baq_kz

BAQ.kz

21 Jan, 06:10


🌍 Әлем жаңалықтары

🇺🇸 Дональд Трамп ұлықталды
Трамп ресми түрде АҚШ-тың 47-президенті атанып, инаугурациялық сөзінде елдің өркендеу дәуірі басталғанын мәлімдеді. Оның 29 минутқа созылған бұл сөзі 1933 жылдан бері ең ұзақ инаугурациялық сөз ретінде тіркелді.

🇵🇸ХАМАС алғашқы үш тұтқынды босатты
ХАМАС-тың әскери қанаты «Қассам бригадалары» үш израильдік тұтқынды босатқаны туралы видеода тұтқындарға ұйымның логотипі бар қапшықтар мен «босату туралы шешім» сертификаты табысталған сәт көрсетілген.

🇲🇽 Мексикада төтенше жағдай
Мексиканың Тихуана қаласы Трамптың жаппай депортациялау жоспарына байланысты төтенше жағдай жариялап, мигранттардың ағылуына дайындалып жатыр.

🇹🇼Тайвандағы жер сілкінісі
Тайванның оңтүстігінде 6 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен 15 адам жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, ал зақымданған Чжуэй көпірі туралы хабарланған.

@baq_kz

BAQ.kz

21 Jan, 05:47


‼️Экология және табиғи ресурстарды қорғау министрі Ерлан Нысанбаев әкімдіктер тиісті шараларды қабылдамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

@baq_kz

BAQ.kz

21 Jan, 05:34


🇺🇸 Трамп қызметінің алғашқы күні 100 жарлыққа қол қойды

АҚШ-тың жаңа 47-президенті қандай уәделер берді және не айтты?

▪️Мексика шекарасында төтенше жағдай жариялап, есірткі картельдерін террористік ұйым деп танитынын мәлімдеді.

▪️ Энергия өндірісін ынталандыру үшін энергетикада төтенше жағдай енгізетінін хабарлады.

▪️ Әділетсіздікпен күресуге, сөз бостандығын қайтаруға және мемлекеттік цензураны тоқтатуға уәде берді.

▪️ Инаугурация күнінен бастап АҚШ-та тек еркек пен әйел ғана мойындалатынын айтты.

▪️ Әлемдегі ең қуатты армия құрып, АҚШ-тың әскери жетістіктерін бейбітшілікпен өлшеуге тырысатынын жеткізді.

▪️ Марсқа АҚШ туын тігуге және Панама каналын бақылауға қайтаруға уәде етті.

@baq_kz

BAQ.kz

21 Jan, 04:55


⚠️ Астана әуежайында рейстер кешігіп жатыр

21 қаңтар күні сағат 8:33-тен 10:33-ке дейін ұшу-қону жолағы ауа райы мен техникалық қызмет көрсетуге байланысты жабылды.

Жоспарланған 70 рейстің 6-ы, күтілетін 68 рейстің 14-і кешігіп жатыр.

@baq_kz

BAQ.kz

21 Jan, 04:40


‼️ІІМ шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Шетелде оқып немесе жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың Telegram және WhatsApp-чаттарын алаяқтар өз пайдасына пайдалануы мүмкін.

Олар өзін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, тиімді шарттармен валюта айырбастауды ұсынады, бірақ түскен қаражатты алған соң байланыстарды өшіріп, чаттан шығып кетеді.

Алаяқтық жағдайлары Корея, Қытай және АҚШ-та тіркелген, сондықтан азаматтарға сақтық таныту ескертіледі.

@baq_kz

BAQ.kz

21 Jan, 03:43


⚡️Қарағанды және Ақмола облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Шектеу «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» автожолының бірнеше учаскесін қамтиды, жолды бүгін сағат 20:00-де ашу жоспарлануда.

@baq_kz

BAQ.kz

21 Jan, 03:21


⚡️Қазақстан ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған азаматтарды құтқарды. Ұлытау және Қарағанды облыстарында қарға батып қалған екі жеңіл көліктен алты адам эвакуацияланып, жақын маңдағы ауылдарға жеткізілді.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.

@baq_kz

BAQ.kz

20 Jan, 17:08


⚡️Дональд Трамп ант қабылдап, АҚШ-тың 47-ші президенті болды

@baq_kz

BAQ.kz

20 Jan, 16:55


⚡️АҚШ-тың 47-ші президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсімі басталды

Трамптың инаугурациясында Капитолий Ротундаға 800 адам, Эмансипация Холлға 1300 және Visitor Center театрына 500 адам келеді деп жоспарланған еді. Капитолий ғимаратында барлығы 2600-ге жуық адам жиналған.

@baq_kz

BAQ.kz

20 Jan, 15:45


🤳 Мектептер мен колледждерде "111" байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды

Бұл орталық балалар мен олардың ата-аналарына құқықтық, психологиялық және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді.

Енді балалар мен ата-аналар "111" нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігінен басқа, QR-кодтар арқылы сұрау жібере алады.

Кодтар білім беру ұйымдарында, балалар үшін қолжетімді орындарда және автобус аялдамаларында орналасқан.

@baq_kz

BAQ.kz

20 Jan, 15:40


‼️Елордалық құтқарушылар «Астана-Шучинск» автожолында жоғары өтімді техникамен патрульдеу жүргізуде.

«112» хабарламаларына назар аударып, ұзақ сапарларға шықпау ұсынылады.

@baq_kz

BAQ.kz

20 Jan, 15:15


🇺🇸Трамп инаугурация алдында Ақ үйге келді

@baq_kz

BAQ.kz

20 Jan, 14:34


📑 "Больничный": Қазақстанда аурухана парағы енді электронды форматта болады

Денсаулық сақтау министрлігі еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасын электронды форматқа көшіруді жоспарлап отыр.

Құжат «Ашық НҚА» сайтында 3 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

@baq_kz

BAQ.kz

20 Jan, 14:00


Ауа райына байланысты автожолдар жабылды

@baq_kz

BAQ.kz

20 Jan, 13:39


📲 Елімізде TikTok-қа тыйым салына ма?

Әлемде TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салынған елдер арасында Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Сомали және Өзбекстан бар. Бұл елдерде түрлі қауіпсіздік, моральдық және заңды себептерге байланысты қолданба бұғатталған.

Қазақстанда қазіргі уақытта TikTok желісіне тыйым салу мәселесі қарастырылмайды.

@baq_kz

BAQ.kz

20 Jan, 12:41


⚡️Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Сағымбаев ведомствоның даму бағыттары, қауіпсіздікті күшейту және цифрландыру жұмыстары жайында мәлімет берді.

Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

@baq_kz

BAQ.kz

20 Jan, 12:22


⚡️Картоп көктемге дейін жете ме немесе баға неге өсіп кетті?

Соңғы күндері дүкен сөрелерінде картоп бағасы күрт өсіп кетті. Бағаның бірден шарықтап кеткені халықты алаңдатып отыр.

Мысалы, Астанада бір келі картоп бағасы 400 теңгеден жоғары. BAQ.KZ тілшісі қазақстандық картоп өндірушілерден қымбатшылыққа не себеп болып отырғанын сұрап көрді👇
https://baq.kz/kartop-koktemge-deyin-zhete-me-nemese-baga-nege-osip-ketti-200005870/

@baq_kz

BAQ.kz

18 Jan, 13:13


🥉Қазақ спорт және туризм академиясы студенті Арина Крюкова қола медаль иегері!

🇰🇿 Қысқы универсиада ойындарында спортшымыз биатлоннан 7,5 шақырым қашықтықтағы спринт сайысынан үшінші келіп, жүлделі орынға ие болды. Құтты болсын!👏

@baq_kz

BAQ.kz

18 Jan, 12:05


😱 Әйел сәбиді улап, оның қиналып жатқан видеосы арқылы қайырымдылық жинаған

Австралияда 34 жастағы әйел нәрестеге рұқсат етілмеген дәрілер беріп, сәбидің зардап шеккен сәттерін видеоға түсіріп, желіде жариялағаны үшін қамауға алынды.

Ол видеоларды қайырымдылық жинау және жаңа жазылушылар тарту мақсатында пайдаланғаны анықталды.

Әйел қамауға алынды.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Jan, 10:34


💸 Арнаулы әлеуметтік төлем кімдерге тағайындалады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, арнаулы әлеуметтік төлемдерге 3 205 адам жүгініп, оның 3 093-іне төлем тағайындалған.

Төрт қаржыландыру көзінен берілетін төлем бойынша 11 117 өтініштің 10 475-іне тағайындау жасалған, ал 490 өтініш беруші шарттарды орындамағандықтан бас тартылған.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Jan, 10:10


🥇 Қазақстан қоржынына тағы бір алтын

Никита Акимов биатлоннан ерлер арасындағы (10 км) қашықтықта алтынға қол жеткізді.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Jan, 09:34


👏 Елдос Сметов "Әлемнің үздік дзюдошысы" атануы мүмкін

Халықаралық дзюдо федерациясы 2024 жылғы «Ең үздік ер дзюдошы» номинациясы бойынша шорт-листке жеті спортшыны, оның ішінде қазақстандық Елдос Сметовті енгізді.

Жеңімпазды көрермендердің дауыс беру нәтижесіне сүйеніп, IJF сарапшылар комиссиясы анықтайды.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Jan, 08:52


❄️Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Қар көшкіні жолды жауып тастады. Жол «Облшығысжол» ЖШС күшімен тазартылды.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Jan, 06:47


🌍Әлемге шолу: Трамптың инаугурациясы, Газадағы тұтқындар, экс-премьердің соты

🇨🇳Си Цзиньпин Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин телефон арқылы сауда балансы, фентанил және TikTok мәселелерін талқылады. Трамп екі елдің әлемді бейбіт әрі қауіпсіз етуге бірге күш салатынын мәлімдеді.

🇵🇰Пәкістанның бұрынғы премьері сотталды
Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан сыбайлас жемқорлық үшін 14 жылға сотталды. Оның партиясы бұл үкімге шағым түсірмек.

🇮🇱Газада кепілге алынған адамдар босатылады
Израиль үкіметі Газада кепілге алынған адамдарды 19 қаңтар, жексенбі күні босату жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұл шара үкіметтің шешімі мен келісімнің күшіне енуіне байланысты жүзеге асырылмақ.

🇫🇷Эмманюэль Макрон Ливанға барды
Франция президенті Эммануэль Макрон Ливанның жаңа басшылығына қолдау білдіру үшін жұма күні Бейрутке барады. Оның сапары БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Ливанға келуімен тұспа-тұс келді.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Jan, 03:31


❄️🌬️Бірнеше өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады – Қазгидромет

18 қаңтарда еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі.

Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында тұман және көктайғақ байқалады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, көптеген аймақтарда тұман түсіп, жол қозғалысына қауіп төндіреді.

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 16:34


🚘 Жүргізуші емтиханына жазылу: жаңа өзгеріс бар

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылу енді тек "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Емтиханға тіркелу үшін екі факторлы аутентификациядан өту қажет
SMS-код арқылы жеке басыңызды растайсыз

Бұрын бұл қызмет booking.gov4c.kz сайты арқылы іске асырылса, енді мобильді қосымшада қолжетімді, бірақ сайт әлі де жұмыс істейді.

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 15:34


⚡️Қазақстанда 920 мың адам несие алудан ерікті түрде бас тартқан

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, елімізде микроқаржы ұйымдарынан кредит алатын азаматтар азаймай тұр.

Олардың үлесі 2024 жылғы қаңтар мен қазан айының аралығында 25 пайызға артқан. Ал қарыз сомасы 1 триллион теңгеден асқан екен.

Айта кетейік, азаматтар несие алуға шектеуді eGov порталы арқылы қоя алады.

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 14:35


📕"Қазақ чемпиондары": комикс жанрындағы кітап жарыққа шықты

Спорт журналисі Аслан Қаженов ақын, жазушы, журналист Азамат Әбілқайыр бірлесіп әзірлеген "Қазақ чемпиондары" атты балаларға арналған комикс жанрындағы кітаптар жарық көрді. Бұл бес кітаптан тұратын туынды Париж-2024 Олимпиадасында жүлдегер атанған қазақстандық спортшылардың балалық шағы мен жетістіктерін бала тілімен түсінікті етіп баяндайды.

Кітап сатылымға шықпай, мектептер мен спорт орталықтарына тегін таратылады, ал оның электронды нұсқасы сайтта қолжетімді болады.

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 13:55


⚡️Президент Әлихан Байменовпен кездесу барысында мемлекеттік басқарудың даму үрдістері мен реформалар талқыланды

Байменов мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Президент айтылған ұсыныстарды іске асыру үшін тиісті органдармен жұмыс істеуді тапсырды.

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 13:12


⚡️Тоқаев Халықаралық және Азия ауыр атлетика федерацияларының президенттерін қабылдады

Кездесу барысында елімізде 20 мыңнан астам адамның ауыр атлетикамен айналысатыны және бұл спортты ілгерілету үшін федерациялармен ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Президент екі мейманды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 13:03


⛽️ Елімізде 1 ақпаннан бастап автогаз қымбаттайды

Энергетика министрлігі 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын көтеру туралы бұйрық жобасын жариялады.

Бұл өзгеріс өндірушілердің шығындарының өсуіне байланысты қабылданып, өңірлерде газ бағасы 6-дан 21 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 12:20


⚡️Анасының әрекетін ұлы қайталады: Ұшақта адам құтқарған Дінмұхаммедтің анасымен сұқбат

Ұшақта адам өмірін құтқарып қалған Дінмұхаммед Бектұрғанның әрекетін көпшілік батыл әрекет деп бағалап жатыр. Студент болса да, адам құтқарып қалған Димаш қандай бала болған? Дәрігер болуға шешімді кім қабылдаған?

Бүгіннің батырларының бірі 23 жастағы Дінмұхаммед жайлы BAQ.KZ тілшісіне анасы Ғалия Нұрсейітова әңгімелеп берді.👇
https://baq.kz/anasynyn-areketin-uly-qaytalady-ushaqta-adam-qutqargan-dinmuhammedtin-anasymen-suqbat-200005703/

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 11:54


❄️Елімізде 18-23 қаңтар аралығында қатты аяз болады

Өңірлер бойынша болжам:
18 қаңтарда Түркістан облысында қатты жауын-шашын күтіледі.
20 қаңтарда Ұлытау облысында, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында күшті қар жауады.

21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Абай облыстарында қарлы боран болады.

22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты қар жауады.

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 11:25


⚡️Алматыда мәйіттерді қорлаған күзетшіні сот ақыл-есі дұрыс емес деп таныды

Іс материалдары бойынша, Б. психикалық ауытқушылықпен ауырып, бірнеше ай бойы мәйітхана ғимаратында мәйіттермен қорлық көрсеткен, бұл әрекеттерін видеоға түсірген.

Сарапшылар ер адамның психиатриялық стационарда емделуін ұсынды, ал сот оның психикалық ауруына байланысты өз іс-әрекетін түсінбегенін және басқара алмайтынын анықтады.

Соттың шешімімен Б. психиатриялық стационарға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 10:41


❗️ Сарыөзек гарнизонында далалық жаттығу кезінде мерзімді қызметтегі сарбазға атыс қаруынан оқ тиіп, қайғылы оқиға болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қару қолдану ережесін бұзудан туындаған.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, ал Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның отбасына көңіл айтып, көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

@baq_kz

BAQ.kz

17 Jan, 10:31


⚡️Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдап, агенттіктің 2023 жылғы жұмыс нәтижелері мен алдағы жоспарларын тыңдады.

Асхат Жұмағали былтыр тіркелген 1641 жемқорлық қылмысы, мемлекетке қайтарылған 486,5 миллиард теңге, сондай-ақ "ақшаны бояу" пилоттық жобасы мен тегін дәрі-дәрмек беру жүйесінің тиімділігі туралы баяндады. Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және халықаралық тәжірибені енгізу бойынша тапсырмалар берді.

@baq_kz

BAQ.kz

11 Jan, 19:32


⚡️Өрт оқшауланды

Сөндіру жұмыстары төрт жауынгерлік учаскеде жүргізілді. Процесс ғимарат құрылысының ерекшеліктерімен, жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен қиындады.

@baq_kz

BAQ.kz

11 Jan, 18:24


Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Барлығы 59 дамаға жуық жеке құрам және 16 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс жасауда.

@baq_kz

BAQ.kz

11 Jan, 18:00


Осы сәттерде Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ғимараттардың бірінде өрт сөндірушілер өртті сөндіруде.

Алдын ала мәліметтер бойынша, төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінде төбе жабынының жануы орын алды.

@baq_kz

BAQ.kz

11 Jan, 12:29


⚡️Орман өрті: Лос-Анджелесте 10 мыңнан астам үй күлге айналды

Өртенген аумақ көлемі 12 мың гектардан асады. Тілсіз жаудан 10 адам қаза тапқан. Калифорния штатындағы өрт 7 қаңтарда тұтанып, 7 ірі от ошағы тіркелді.

Әлемге әйгілі Голливуд жотасында өрттің беті қайтты. Америкалық киножұлдыздардың элиталық үйлері де жанып кеткен.

@baq_kz

BAQ.kz

11 Jan, 10:10


⚡️"Келешек": Қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, “Келешек” жүйесі 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың білім алуына қаржыны алдын ала жинақтауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе елде және шетелде мектепке дейінгі, техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру қызметтерін төлеуді қолдауға бағытталған.

Толығырақ білу👇
https://baq.kz/news/othernews/keleshek-qalay-zhinauga-zhane-qayda-zhumsauga-bolady-200005252/

@baq_kz

BAQ.kz

11 Jan, 08:09


‼️Алматыда полицей пышақ жарақатынан қаза тапты

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерінің қызметтен және жұмыс уақытынан тыс болған.

@baq_kz

BAQ.kz

11 Jan, 05:15


🥇Алматыдағы “Шымбұлақ” тау шаңғы курортында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан алтын медаль жеңіп алды.

Ол финалда 104.52 ұпай жинап, Қазақстанға бұл спорт түріндегі алғашқы алтынды әкелді. Екінші және үшінші орындарды қытайлық спортшылар Юйхэн Ян мен Чжичен Ян иеленді.

@baq_kz

BAQ.kz

11 Jan, 03:25


⚡️Көкшетауда полиция қызметкерінің әрекеті желі қолданушыларын таң қалдырды

Ол мүгедектер арбасындағы ер адамды вокзалға дейін қауіпсіз жеткізді. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің адамгершілік пен жауапкершілік үлгісін көрсететін әрекеттерінің бірі ретінде жоғары бағаланды.

Жыл басынан бері Ақмола облысы полицейлеріне ондаған алғыс хаттар түскен.

@baq_kz

BAQ.kz

10 Jan, 16:05


⚡️ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 6 адамды құтқарды

Қарағандыда бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жиһаз жанды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері түтінді аймақтан құтқару қалпақтарының көмегімен 6 адамды құтқарып, 1 адамды эвакуациялады.

Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

@baq_kz

BAQ.kz

10 Jan, 13:47


🇰🇿🇰🇬Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады

Президент Қырғызстан Сыртқы істер ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, берік достық пен тату көршілік байланыстарға арқа сүйеген қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық сипатында қарқынды әрі дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.

@baq_kz

BAQ.kz

10 Jan, 13:35


✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

@baq_kz

BAQ.kz

10 Jan, 12:54


🌍 Әлем жаңалықтары: Лос-Аджелестегі өрт, Ливандағы жаңа президент және Трамп тағы да таңғалдырды

🇷🇺 Путин дайын, Трамп ше?
Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді. Дегенмен Трамп екі көшбасшы арасындағы ықтимал келіссөздердің қашан болатынын нақты айтқан жоқ.

🔥Өрттен ажал құшқандар артты
АҚШ-тағы Лос-Анджелес аймағындағы екі алапат орман өрт кем дегенде 10 адамның өмірін қиды. AccuWeather компаниясы экономикалық шығынды 135-150 миллиард долларға есептеп отыр.

🇮🇱 Израиль-ХАМАС қақтығысы
Бұл қақтығыста 46 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Соңғы апталарда Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісімге жақындай түскендей болды.

🇱🇧Ливан президентті сайлады
Ливан парламенті елдің президенті ретінде әскердің бас қолбасшысы Джозеф Аунды сайлады.

@baq_kz

BAQ.kz

10 Jan, 12:39


💳 Балаларыңыздың банк картасын бақылауға алыңыз!

Соңғы уақытта алаяқтар өздерінің заңсыз әрекеттеріне жастардың банк карталарын пайдалана бастады. Бұл схемаға «дроппер» деп аталатын адамдар тартылып, олар қылмыскерлердің нұсқауларын орындап, шоттарға түскен қаражатты қайта аударып отырған.

❗️Мәселен, Қостанай облысында екі студент өз карталары арқылы алаяқтарға ақша аударуға көмектескені үшін сотталды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы 1200-ден астам дропперге қатысты сот үкімі шығарылып, 1 миллиард теңгеден астам қаражат өндірілген.

@baq_kz

BAQ.kz

10 Jan, 12:03


⚡️Президент мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін жетілдіру және креативті индустрияны дамытуға қатысты заңға қол қойды.

«Келешек» жүйесі аясында бес жастан асқан балаларға бастапқы білім беру капиталы мен жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы қарастырылған.

Сондай-ақ, креативті индустрияны қолдау үшін арнайы қор құрылып, облыстар мен қалаларда креативті орталықтар ашу жоспарлануда.

@baq_kz

BAQ.kz

10 Jan, 11:23


⚡️Елімізде мобильді аударымдар арқылы төлем жасау – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда, биыл бұл салада қадағалау қатаңдай түсіп, жаңа ережелер енгізілуі мүмкін.

Бұл жаңалық кәсіпкерлер мен қарапайым пайдаланушыларға қалай әсер етеді?
❗️Біле жүріңіз👇

https://baq.kz/mobildi-audarymdarga-baqylau-kusheye-me-200005235/

@baq_kz

BAQ.kz

10 Jan, 10:31


⚡️Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдап, компанияның жетістіктері мен жобаларын талқылады.

Нұрлан Сауранбаев жүк тасымалы көлемінің рекордтық өсімін, транзит әлеуетін арттыру шараларын және 2800 шақырымнан астам темір жолдың жаңартылғанын баяндады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы транзиттік хаб ретіндегі әлеуетін нығайту бағытында жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Jan, 15:45


⚡️“Мені ұрлап кетті”: Павлодарда жалған ақпарат берген жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Полицейлер шұғыл іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін жасөспірім үйінде аман-есен табылды.

Белгілі болғандай, жасөспірімнің іші пысып, ата-анасы мен әпкесін алдауға бел буып, ол өзін «ұрлады, ұрып-соқты» деген жалған ақпарат жеткізген.

Бұл әрекеті үшін ата-анасына 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Jan, 14:35


🍦 Жас кәсіпкер қымыздан жасайтын балмұздағының сырын ашты

Абай облысында 21 жастағы кәсіпкер қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығарады. Ерекше өнімнің авторы - Айдын Серікқазин. Ол кәсібін 2019 жылы бастаған.

Ұлттық брендті дамытып жүрген жас кәсіп иесі өзінің құпиясымен бөлісті👇
https://baq.kz/zhas-kasipker-qymyzdan-zhasaytyn-balmuzdagynyn-syryn-ashty-200004977/

@baq_kz

BAQ.kz

06 Jan, 11:32


⚡️Елордада жас отбасы арзан бағада тур аламыз деп алаяққа алданды

Күдікті жәбірленушілерге Египетке әуе билеттерін нарықтағы бағадан екі есе арзан ұсынып, төлем алғаннан кейін жалған билеттер жіберген. Жас отбасы алданғандарын тек әуежайға келгенде түсініп, 1,5 миллион теңге шығынға ұшыраған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында оның бірнеше адамды алдағаны белгілі болды.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Jan, 10:47


⚡️ Жеке куәлік пен паспортты қанша теңгеге жасатамыз?

Қазақстанда жеке куәлік пен паспорт 10 жылға беріледі. Ал енді бұл құжаттарды қалай аламыз? Рәсімдеу жұмыстарына қандай құжаттар қажет? Оның құны қандай болады?
BAQ.KZ тілшісі түсіндіріп берді👇
https://baq.kz/zheke-kualik-pen-pasportty-qansha-tengege-zhasatamyz-200004975/

@baq_kz

BAQ.kz

06 Jan, 10:03


⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты

Зауытта 380 жүк және 70 жолаушылар электровозы шығарылып, 80 секциясы Әзербайжанға экспортталған.

Мемлекет басшысына жаңа буын локомотивтерін шығару жобасы мен зауыттың болашақ жоспарлары таныстырылды.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Jan, 09:04


⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҰУ-дің Студенттер үйін аралады

Президент 2656 орындық жаңа жатақхананы көріп, оның заманауи инфрақұрылымын оң бағалады. Жатақханада коворкинг аймақтары, кітапханалар, спорттық және коммерциялық орындар бар, ерекше қажеттілігі бар студенттердің талаптары ескерілген.

Былтыр елде 11 079 орындық 40 жатақхана пайдалануға берілсе, биыл тек Астанада 3400 орындық 7 жатақхана іске қосылады.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Jan, 08:45


‼️ Алматыда метапневмовирус анықталған жоқ

Өткен аптада ЖРВИ мен тұмаудың 12 164 жағдайы тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе төмендеген.

Тұмаудың 71 жағдайы расталып, науқастарға қажетті ем тағайындалды, ал метапневмовирус анықталмады.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Jan, 07:34


⚡️Президент QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты

QazSwimAcademy-де ересектер мен балалар үшін ұзындығы әртүрлі бес бассейн мен заманауи жаттығу залы бар.

Мемлекет басшысы жас спортшыларға сәттілік тілеп, спорттың денсаулық пен ел беделін арттырудағы рөлін атап өтті.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Jan, 07:26


💸 2025 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20%-ға өседі

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Jan, 06:31


⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін мектеп 800 оқушыға арналған және заманауи технологиялармен жабдықталған. Мемлекет басшысы мұндай оқу орындарының жас буынды жан-жақты дамыту мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызын атап өтті.

@baq_kz

BAQ.kz

03 Jan, 14:13


⚡️Азаматтарды жылыту пунктінде ыстық тамақпен және шаймен қамтамасыз етілуде.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

@baq_kz

BAQ.kz

03 Jan, 12:46


⚡️Авариялық-құтқару жұмыстарына
барлығы 152 адам және 68 бірлік техника жұмылдырылды.

Авариялық-құтқару жұмыстары барысында 71 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Олар жылыту пунктіне жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Тағы 11 адам құтқарылды, оның 10-ы Макинск аудандық ауруханасына жатқызылды.

@baq_kz

BAQ.kz

03 Jan, 12:36


⚡️Алдын ала мәліметтер бойынша 200 астам көлік патрульдік полиция автомашиналарының сүйемелдеуімен Астана қаласына қарай жүре бастады.

ТЖМ күштері мен құралдарын үйлестіру орнында ТЖ жөніндегі вице-министр Кеген Тұрсынбаев. Командалық орталықта жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда.

@baq_kz

BAQ.kz

03 Jan, 10:31


⚡️“Астана-Петропавловск” тас жолындағы жағдай туралы “ҚазАвтоЖол” мәлімдеме жасады

3 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты “Астана-Петропавловск” республикалық жолының 18-232 км учаскесінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.

95 көліктің қатысуымен жол апаты орын алды.

Қазір жолдың бір жолағы тазартылып, жарамды көліктер қозғалысты жалғастыруда. Дегенмен, учаскеде қозғалыс уақытша қайта шектелді, жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істеуде.

@baq_kz

BAQ.kz

03 Jan, 10:06


⚡️Қарағанды тасжолында ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 800 автокөлік тұрып қалды

ІІМ мәліметінше, бүгін Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі негізгі бағыт: Қарағанды — Астана және Қарағанды — Павлодар жолдары жабылған.

@baq_kz

BAQ.kz

03 Jan, 09:22


❗️Астана - Петропавл тас жолында жаппай жол апаты болды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Жолда абай болыңыздар!

@baq_kz

BAQ.kz

03 Jan, 05:37


🗞️Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбатынан маңызды ойлары:

🔹
Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін

🔹Көктемгі су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған шаралар мемлекеттің тиімді жұмыс істей алатынын көрсетті. Зардап шеккен бір де бір отбасы көмек-қолдаусыз қалған жоқ

🔹Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты

🔹Мен теңгені күшейту үшін еліміздің алтын-валюта қорын босқа ысырап ету орынсыз деп санаймын. Нарыққа қатысы бар кейбір құрылымдар теңге бағамын басқаруға қолайлы ету туралы ұсыныстар айтып жүр. Ұлттық банк пен Үкімет оның бәрін мұқият қарастырып жатыр

🔹Қаңтар оқиғасына қатысты: Бір нәрсе анық, сол кезде тәртіпсіздікті бастаған және төңкерісті ұйымдастырған адамдардың қимылына дереу тосқауыл қойып, батыл әрекет жасамағанда, қазір Қазақстан дербестігі мен егемендігі әлдеқайда шектеулі, мүлде басқа мемлекетке айналар еді.
Біз халықтың берекелі бірлігінің арқасында осы ауыр сынақтан сүрінбей өттік

🔹Заңсыз алынған қаржы және басқа да активтерді қайтаруға қатысты жұмыс­тың нәтижесінде 2022 жылдан бері мемлекет қазынасына 2 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл қаржы мектептер мен маңызды инфрақұрылым нысандарын салуға және өзге де әлеуметтік міндеттерді орындауға жұмсалып жатыр. Әділдік дегеніміз осы емес пе?

🔹Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға сіңірген тарихи еңбегін лайықты бағалау керек. Мен Президент ретінде мемлекет мүддесін басшылыққа алуға, ел бірлігін бәрінен биік қоюға міндеттімін. Қазір біз шамамен айына бір рет телефон арқылы сөйлесіп тұрамыз

🔹Талғардағы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қажетті шаралардың бәрін қабылдады. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеп-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын. Көп ұзамай осы іске қатысты сот болады

🔹Бұл оқиғаға орай құзырлы органдар қабылдаған барлық шара заң талаптарына толық сай келеді. Ал басқаның бәрі – құр дақпырт пен теріс пиғылды кейбір топтардың осы жағдайға саяси сипат беруге деген ұмтылысы ғана. Бұған жол беруге болмайды.

@baq_kz

BAQ.kz

03 Jan, 05:29


Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты

@baq_kz

BAQ.kz

02 Jan, 14:03


💰 Жаңа жылдан кейін бала туған аналарға қанша теңгеден төленеді?

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге болады. Сәйкесінше, әлеуметтік төлемдер көлемі де артады. Біле жүріңіз👇
https://baq.kz/zhana-zhyldan-keyin-bala-tugan-analarga-qansha-tengeden-tolenedi-200003430/

@baq_kz

BAQ.kz

02 Jan, 11:36


✉️ Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысы Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ Президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Сонымен қатар Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.

@baq_kz

BAQ.kz

02 Jan, 10:45


🇰🇿 😍Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық үздік орындар тізіміне енді

CNN Travel 2025 жылы саяхаттауға лайық 25 бағыттың қатарына Қазақстанды, әсіресе Алматы қаласын қосты. Алматы табиғи ландшафттары мен заманауи мәдениеті үйлескен ерекше атмосферасы арқасында Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп танылды. Тянь-Шань тауларының етегінде орналасқан қала саяхатшыларға табиғаттың сұлулығына жақын болуға мүмкіндік береді және Neo Nomad асханасы мен мәдени орталықтарымен ерекшеленеді.

@baq_kz

BAQ.kz

02 Jan, 08:05


⚡️2025 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қанша төлейміз?

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2% (тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін.

Осылайша, 2025 жылы МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей болады👇
Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;
Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;
Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;
Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;
Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге;
Дербес төлеушілердің жарналары – 4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);
Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар – 7 285,9 теңге.

@baq_kz

BAQ.kz

02 Jan, 07:38


⚡️Алматыдан 353 шақырым жерде жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 қаңтар сағат 09:40-та жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым қашықтықта – Қытай аумағында орналасқан. 

@baq_kz

BAQ.kz

02 Jan, 06:03


✍️ Мемлекет басшысы есірткі айналымына қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды

Құжат есірткі өндіру мен өткізу ұйымдастырушыларына жауапкершілікті күшейтіп, есірткіні жасырын орналастырушыларға қолданылатын шараларды жұмсартуды көздейді.

Есірткі айналымына қатысқаны үшін мүлікті тәркілеу, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал алғаш рет қылмыс жасағандар үшін жаза жеңілдетіліп, ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Заңда білім беру ұйымдарында немесе кәмелетке толмағандарға есірткі таратушыларға қатаң жаза (мүлкін тәркілеп, 15-20 жыл бас бостандығынан айыру) белгіленген. Лауазымды тұлғалар үшін жаза күшейтіліп, енді мүлкін тәркілеумен 15-20 жылға бас бостандығынан айырылады.

Сондай-ақ қылмыстық топтармен есірткі өсіру, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін және оларды қолдану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

@baq_kz

BAQ.kz

02 Jan, 05:15


🟢 Көлік қозғалысы ашылды

2025 жылғы 2 қаңтарда сағат 09:00-де Ақмола облысында «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) қозғалыс ашылды.

@baq_kz

BAQ.kz

01 Jan, 16:19


⚡️ТЖМ қызметкерлері 7 шетел азаматын құтқарды

Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан 20 шақырым жерде «Донское-Бадамша» автожолының 27 шақырымында минивен қар үйіндісіне тұрып қалып, қозғалысын жалғастыра алмады. Жүргізуші 112 нөміріне хабарласты.

Құтқарушылар оқиға орнына барып, жоғары өтімді техниканың көмегімен ішінде 7 Тәжікстан азаматы бар көлікті сүйреп шығарды. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

@baq_kz

BAQ.kz

01 Jan, 13:54


⚡️Онлайн кредиттер үшін жаңа талап енгізілді

1 қаңтардан бастап онлайн кредит алу үшін биотметриялық верификациядан өту міндеті енгізіледі. Ал қарыз алу туралы келісімшартқа электронды-цифрлық қолтаңба қою қажет. Онсыз онлайн кредит берілмейді.

Айта кетері, бұған дейін жеке тұлғаларға жұбайының келісімінсіз несие беруге тыйым салынған болатын. Бұдан бөлек, әрбір қазақстандық "электронды үкіметтің" веб-порталында және "eGov Mobile" мобильді қосымшасында өз атына кредит рәсімдеуге тыйым сала алады.

@baq_kz

BAQ.kz

01 Jan, 12:29


⚡️ШҚО-да пәтердегі өрт кезінде 7 тұрғын құтқарылып, эвакуацияланды

Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйде жетінші қабатта орналасқан пәтердің балконы жанды.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 7 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Құтқарушылар өртті жедел түрде 4 ш.м. алаңда сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

@baq_kz

BAQ.kz

01 Jan, 11:03


✉️ Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.

@baq_kz

BAQ.kz

01 Jan, 10:46


⚡️Қазақстанда ең төменгі жалақы және ең төменгі зейнетақы мөлшері өсті

ең төменгі күнкөріс деңгейі – 46 228 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге;
ең төменгі базалық зейнетақы 32 360 теңге;
ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
айлық есептік көрсеткіш – 3 932 теңге.

@baq_kz

BAQ.kz

01 Jan, 10:17


⚡️Жаңа жыл қарсаңында ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді

Өткен тәулікте 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері 158 шығу жасады, оның 88-і өрттер мен жану оқиғаларына, 70-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға.

Бұл ретте 25 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды және эвакуацияланды.

❗️ ТЖМ ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынады.

@baq_kz

BAQ.kz

01 Jan, 06:15


Қазақстандықтардың өмірінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді? BAQ.KZ тілшісі шолу жасады.👇

🔗https://baq.kz/1-qantardan-bastap-ne-ozgeredi-200003872/

@baq_kz

BAQ.kz

01 Jan, 05:33


❄️ Қар көшкіні қаупі: сақ болыңыз!

1-2 қаңтар аралығында Алматы облысының тауларында қар көшкіні қаупі сақталады.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды, туристерді және демалушыларды қарлы беткейлерге шықпауға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Іле-Алатаудың оңтүстік беткейіндегі 55 қауіпті учаске көшкін түсу ықтималдығымен ерекшеленеді, әсіресе температураның көтерілуі мен мол жауын-шашын кезінде.

@baq_kz

BAQ.kz

31 Dec, 19:27


⚡️Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың құттықтау сөзі

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 13:52


🇰🇿🇦🇿 Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

➤ Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

➤ Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты.

➤ Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп уағдаласты.

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 13:35


⚡️Абай облысының ТЖМ қызметкерлері Жарма ауданында қар құрсауында қалған үш адамды құтқарды.

Алматы-Өскемен тас жолының Қалбатау ауылынан 57 шақырым қашықтықта екі жеңіл автокөлік тоқтап қалғаны туралы хабар түскен.

Құтқарушылар «Трэкол» көлігімен оқиға орнына барып, 1963, 1971 және 1972 жылы туған азаматтарды қауіпсіз жерге – «Қызыл су» кафесіне жеткізді.

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 11:56


#Желмая. Сыбайлас-жемқорлық жиі болатын, таныс-тамырлықтан әлі арылмаған қай аймақтар?

"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы қонағы «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры болған Дидар Смағұлов.

Тамыз айында «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі жұмысын аяқтады» деген мәлімдеме шықты. Қазақстанда коррупция тоқтады ма? Не себеп болды? Сыбайлас-жемқорлық жиі болатын, таныс-тамырлықтан әлі арылмаған қай аймақтар?

Осы және де өзге де сауалдарға жауап осында👇

▶️https://youtu.be/Gf1ZUVG5yMc?si=EPLKu0ykpM6wDcng

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 11:37


⚡️Алматыда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен "Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілері" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада уақыт белдеулерінің адам денсаулығына әсері туралы баяндалып, биологиялық ырғақтарға бейімделу бойынша ғылыми әдістер мен ұсыныстар ұсынылды.

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 11:22


⚡️"ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды

26 желтоқсанда Қордай аудандық соты «ҚазАвтоЖол» филиалының басшысының орынбасары Д. Тультаев, «ДорСтрой» ЖШС жобасының жетекшісі У. Құрбанов және «Алматы Сапа Инжиниринг» ЖШС сарапшысы Д. Мұсақұлды бюджет қаражатын ысырап еткені үшін кінәлі деп тапты.

Олар «Қордай» өткізу пунктін реконструкциялау кезінде 296 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған. Тультаев пен Құрбанов 8 жылға, ал Мұсақұл 7 жылға бас бостандығынан айырылды және тиісті салаларда жұмыс істеу құқығынан айрылды.

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 09:51


⚡️ Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды

Ресейде полицияға қарсылық көрсеткен 35 жастағы әйелге қараша айында халықаралық іздеу жарияланған.

Қазақстанда жұмыс іздеп жүрген күдікті тексеру барысында анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол экстрадициялау шешімі шыққанға дейін қамауда ұсталады.

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 08:52


⚡️ Ақтаудағы ұшақ апаты. Зардап шеккендерге өтемақы төленеді

Өтемақының мөлшерін Әзербайжанның AZAL (Azerbaijan Airlines) авиакомпаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Апаттан зардап шеккендерге 20 мың манаттан (6,1 млн теңге) төленеді. Ал апат кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 40 мың манаттан (12, 2 млн-нан теңгеден астам) беріледі.

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 07:59


👏 BAQ.KZ тілшілері жүлделі болды

ҚР Ұлттық ядролық орталығы журналистер арасында полигон тарихы, ядролық сынақтардың салдары және оны қауіпсіз күйге келтіру бойынша орталықтың атқарған жұмыстары тақырыбында байқау өткізді.

Орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков 2024 жылғы жұмыс қорытындысын шығарып, байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Конкурстың нәтижесі бойынша BAQ.KZ тілшілері жүлделі болғанын айта кетейік:

ІІ орын – Нұржан Мергенбай
ІІІ орын – Гүлжан Раманқұлова


Жүлделі орын құтты болсын!!!🎉

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 07:40


⚡️ Ұшақ апаты. Зардап шеккен науқастардың жағдайы қалай?

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқастың жағдайы туралы хабарлады. Науқастардың төртеуі жансақтау бөлімінде, оның біреуінің жағдайы өте ауыр, үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Екі науқас травматология бөлімшесінде ем алып жатыр.

Зардап шеккендер арасында Әзербайжан мен Қырғыз елінің 3 азаматы бар, барлығы толық медициналық көмек алуда.

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 07:06


⚡️ 2050 жылға қарай елде қала халқының үлесі қанша болады?

2050 жылға қарай Қазақстанда қала халқының саны 57%-ға артып, 19,3 миллион адамды құрайды деп болжануда.

Ал ауыл халқы шамамен 9%-ға өсіп, 8,2 миллионға жетеді.

Үш ірі мегаполис – Астана, Алматы және Шымкенттің халқы қала тұрғындарының 51%-ын құрайды деп күтілуде. Сонымен қатар, Маңғыстау, Ақтөбе және Түркістан облыстарында қала халқының айтарлықтай өсуі болжанады, ал Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында азаюы мүмкін. Бұл болжам 2401 сценарий негізінде жасалған.

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 06:01


✍️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 05:21


Толығырақ осында👆

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 05:12


⚡️Елдігімізді танытқан ерен жыл

Egemen Qazaqstan-ға Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мақаласы шығып, Президенттің жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасап, қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеу­меттік-экономикалық даму­дағы іргелі өзгерістер мен табыс­тарға тоқталып өтті👇

https://baq.kz/news/othernews/eldigimizdi-tanytqan-eren-zhyl-200004412/

@baq_kz

BAQ.kz

27 Dec, 04:15


⚡️Елімізде 375 мың оқушы орнына арналған 254 мектептің құрылысы аяқталды.

Оның ішінде білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 23 нысан бар. Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен – 126 мектеп.

@baq_kz

BAQ.kz

19 Nov, 02:07


☁️Еліміздің 13 өңірінде күн райы бұзылады

«Қазгидромет» синоптиктері 19 қарашада қолайсыз ауа райы күтілетінін ескертті. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, көктайғақ болып, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түседі.

Қарағанды, Ұлытау, Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстарында тұман.

Қызылорда облысының орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Тұман, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 19:18


🇰🇿Сербия астанасының символына айналған «Белград мұнарасында» еліміздің көк байрағы бейнеленді

Биіктігі 168 метр болатын мұнара биыл 15 қазанда ашылған болатын.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Сербияға ресми сапармен барды.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 18:50


ТЖМ құтқарушылары ағаш қоймасындағы өртті сөндірді

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Цветочная көшесінің бойында орналасқан өнеркәсіптік базалардың бірінің аумағында ағаш материалдарының ашық жалынмен жануы орын алды.

Жоғары өрт жүктемесіне қарамастан, өрт 140 шаршы метр аумақта сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 18:17


Полиция қоғамдық орындарда кальян шеккендерді жазаға тартып жатыр

Бір күнде полицейлер ойын-сауық орындарында кальян шегудің 10-нан астам жағдайын тіркеді. 4 әкімші және кальян шеккен 7 келуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

❗️Айта кетейік, Қазақстанда оқу орындары, медициналық мекемелер, мейрамханалар, кинотеатрлар сияқты қоғамдық орындарда, сондай-ақ көлік пен вокзалдарда темекі бұйымдарын, электрондық темекі мен кальян шегуге тыйым салынады.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 16:52


🫡Әскери қызмет туралы деректерді қалай алуға болады?

Енді қазақстандықтар eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады.

Бұл «Цифрлық мәліметтер» сервисінің жаңартылуы арқасында мүмкін болды. Енді пайдаланушылар өздерінің әскери қызметке шақырылу мәртебесі мен әскери қызметке шақыру туралы ақпаратты смартфонынан тікелей қарап, бөлісе алады.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 16:24


Ерлан Қарин Қазақстан-Ресей медиа форумына қатысты

📍Мәскеу қаласында өткен шара ТАСС ақпарат агенттігінің 120 жылдығына орай ұйымдастырылды.

▫️Басқосуда тараптар бұқаралық ақпарат құралдары арасында бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыру жоспарын талқылап, саланы дамытуға, оған цифрлы технологияларды енгізуге қатысты пікір алмасты. 

✔️ Айта кетейік, аталған форумға өзгелермен қатар «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы Айна Задабек те қатысты.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 15:03


Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды

🇰🇿🤝🇷🇸Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды.

✔️Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.

✔️Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

✔️Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 14:44


‼️Республикалық жолдарда жылдамдықты асырғандарға 4 желтоқсаннан бастап айыппұл салынады

«Қала сыртындағы жолдарда екі камера арасында белгіленген жылдамдықтан қатты жүрген жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынады», - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Айыппұл көлемі 5-тен (18 460 теңге) 40 (147 680 теңге) АЕК-ке дейін болады.

Бұрын көліктің жылдамдығы камера алдында тіркелетін. Қазір орташа жылдамдық екі камера арасындағы жол қашықтығымен өлшенеді.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 14:35


Жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы жабайы доңыз бен елік ерекше назар аудартады.

Бұл видео өңірдің биологиялық әртүрлілігінің жоғары екенін дәлелдейді. Жануарлардың мекен ету ортасын зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жабайы жануарлар мен олардың мекендеу ортасын қорғау шараларын жетілдіруге көмектеседі, деп хабарлайды qazaqormany.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 12:41


🗣 Қалың малды мәһір деп санауға бола ма? Діни басқарма пәтуа шығарды

Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал.

Қазақ дәстүріндегі қалыңмалды ислам шариғатындағы мәһір деп есептеуге қатысты ғалымдардың бірнеше көзқарасы бар👇
https://baq.kz/qalyn-maldy-mahir-dep-sanauga-bola-ma-dini-basqarma-patua-shygardy-200001730/

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 11:40


🚓 Түнгі патрульдің кезекшілігі қалай өтеді?

Қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – полиция қызметкерлеріне жүктелген маңызды міндеттердің бірі. Сақшылар бұл жұмысты қалай атқарып жүр?

Осы сұраққа жауап іздеген BAQ.KZ тілшісі полицейлермен бірге түнгі кезекшілікке шықты👇
📱https://youtu.be/aVBpx53BUd8

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 10:20


🗣Қазақстанда ағза алмастыруға кезегін күтіп, үмітін арқалап жүрген жандар аз емес.

Кімдер ағза доноры бола алады, елімізде ағза донорына көзқарас қандай, зерттеу жасап көрген едік.

Бұл шығарылымда ағза донорлығына қатысты мәселелер айтылады. Елімізде ағза трансплантациясына неше адам мұқтаж, осы шығарылымнан көре аласыздар.👇
📱https://youtu.be/7KH7X98v8YA

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 10:07


😨Екатеринбургте аурухана өртеніп жатыр

Кейбір науқастар өрттен және түтіннен қашып, терезелерден секірген. Оқиға орнынан адамдардың терезеден секіріп жатқан кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Өрт ғимараттың төбесінен басталып, 300 шаршы метр аумаққа тараған.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 10:00


🇰🇿🇴🇲Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы жеделхатында Оман Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі саналатынын айтты. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

@baq_kz

BAQ.kz

18 Nov, 09:00


👏Белгілі дзюдошы, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Абиба Әбужақыноваға «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды.

Сүйінші жаңалықты дзюдошы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

@baq_kz

BAQ.kz

12 Nov, 08:20


⚡️Дүниежүзілік климат саммитіне қатысушылардың бірге суретке түскен сәті

@baq_kz

BAQ.kz

12 Nov, 07:55


⚡️Министрлік құны 120 млн теңге тұратын дронды көрсетті

@baq_kz

BAQ.kz

12 Nov, 06:31


🇰🇿🇦🇿🇺🇳 Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды

Мемлекет басшысын Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.

Президент СOP29 саммитінің пленарлық сессиясында ең бірінші болып сөз сөйлейді.

@baq_kz

BAQ.kz

12 Nov, 06:22


🗣Премьер-министр Олжас Бектенов жылу беру кезеңінде өрттердің 50%-ға жуығы пештер мен мұржалардағы ақаулардың кесірінен болатынны айтты.

@baq_kz

BAQ.kz

12 Nov, 04:48


❗️Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

Облысқа қарасты Жамбыл ауданындағы «Алматы-Бішкек» автожолының 76-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

Дөңгелектің жарылуына байланысты Nissan Elgrand көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, Toyota Land Cruiser 300 автокөлігімен соқтығысты. Кейін инерция бойынша Nissan Elgrand ағашқа соғылған.

Жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттары бар тағы төрт жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды.

@baq_kz

BAQ.kz

12 Nov, 04:41


❄️Елордада түнгі ауысымда қар тазалауға 1,2 мыңнан аса арнайы техника шығарылды

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді.

Күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер елордадан 24 мың текше метрден астам қар шығарды, бұл 1800-ден астам ауыр жүк көлеміне тең.

@baq_kz

BAQ.kz

12 Nov, 03:54


⚡️Ақтөбеде жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі сотталды

Оқиға биыл шілде айында болған. Сотталушы жұмыс кезінде әріптесімен кезекті еңбек демалысын бермегені үшін жанжалдасады. Сотталушы пәтердің қосымша кілті бар екені есіне түсіп, жәбірленушінің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiрмек болады.

Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен соттаушы кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

@baq_kz

BAQ.kz

12 Nov, 02:50


🌨️Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» болжауынша 12 қарашада атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар жауады.

Еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста жаңбыр жаууы ықтимал.

Республиканың шығысында қалың қар жауады. Ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, шығыста көктайғақ болуы мүмкін.

📍Астанада күндіз ауа температурасы -8-10 °C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

📍Алматыда күндіз ауа температурасы +8+10 °C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

📍Шымкентте күндіз ауа температурасы +9+11 °C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

@baq_kz

BAQ.kz

11 Nov, 18:30


💰 Қазақстандағы орташа жалақы 11 пайызға өсті

2024 жылғы III тоқсанда елдегі айлық жалақының орташа мәні 390 328 теңгені құрады.

💰 Орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі:
📍Шымкент қаласында – 16,1%-ға,
📍Алматы қаласында – 15,2%-ға,
📍Абай және Ақтөбе облыстарында – 14,2%-ға,
📍Қостанай облысында – 14,0%-ды құрады.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 12:27


🌤 Боран, қар аралас жауын жауады. Алдағы күндері күн райы қандай болады?

7-9 қарашаға арналған ауа райы болжамы:

7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қар жауады, елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар аралас жауын жауады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында 30 м/с екпінді жел соғады.

Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасының түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 2-7 градус аязға дейін төмендейді, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз - 3 градус жылы, таулы аудандарда 6-11 аяз болады.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 12:03


✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

✔️Қазақстан Президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 12:00


🇺🇸АҚШ-тың ескі һәм жаңа президенті Дональд Трамптың саяси ұстанымы қандай?

Бүгін АҚШ-та Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетіп, АҚШ-тың 47-президенті атанды. BAQ.KZ тілшісі сайлауда жеңімпаз атанған көшбасшының өмірі туралы қызықты фактілерді жинады👇

https://baq.kz/aqsh-tyn-eski-ham-zhana-prezidenti-donald-tramptyn-sayasi-ustanymy-qanday-200000884/

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 11:53


💸Елордада мектеп директорына 52,3 млн теңге айыппұл салынды

Жыл бойы жұмыс істемейтін қызметкерлерге жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам жалақы мен сыйақы аударылып отырған.

Сот үкімімен мектеп директоры бөтен мүлiктi иемденiп жымқырғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 52,3 млн теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Кінәлі тұлға залалды толық көлемде өтеді.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 11:15


❗️Ата-аналар назарына: Астанада сабақ уақыты қысқартылды

6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқарады.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 11:02


🗣 Депутат Қарақат Әбден әйелдердің жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 10:02


💸 100 теңге төлемесе, 10 мың теңге төлеуге мәжбүр: Депутат халықты қанап отырғандар жайлы айтты

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы ақылы тұрақтар мен қауіпсіздікті бақылауды білмейтін бейнебақылау камералары жайлы мәселені көтерді.

❗️Бұл дегеніміз 100 есе көп.

Ең сорақысы, 2018 жылдан 2022 жылға дейін ақылы автотұраққа төленген ақшаның 95 пайызы жеке серіктеске, тек 5 пайызы мемлекетке түсіп келген.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 09:35


⚡️Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп мұғалімдеріне сынып жетекшілігі үшін берілетін қосымша ақының көбеюіне қатысты ойын айтты.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 09:08


🗣Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысты

Бүгінгі саммитке қырғыз бауырларымыз «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбын ұсынып отыр.

Саммитте не айтылды?

Соңғы 10 жылда ұйым мүшелері арасындағы экономикалық байланыстар нығая түсті.
Биыл өзара сауда айналымы 45 миллиард доллардан асты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше елдер арасында көлік-логистика бағытындағы байланыстарды тереңдету өте маңызды деп санайды
Тасымалдау жолдарына қатысты бірлескен келісім жасау қажет.
Қаржы-инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажет. Бұл бағытта Түркі инвестициялық қоры ерекше рөл атқарып келеді.
Түркі әлеміне ортақ ақпарат кеңістігін қалыптастыру мақсатында кабельдік телеарналардың өзара хабар таратуын ұйымдастыру қажет.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 08:46


⚡️Балалар қараңғыда сабақтан шығады: Уақыт белдеуі мектепке қалай әсер етіп жатыр?

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 07:36


🇰🇿🤝🇰🇬 Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 06:59


🗣Дональд Трамп АҚШ-тың 47-президенті болып сайланды

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 06:41


🇰🇿🇰🇬Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына барды

Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

@baq_kz

BAQ.kz

06 Nov, 06:36


⚡️Бүгінде елімізде инфрақұрылымның 45%-ы мүгедектігі бар жандар қажеттіліктеріне бейімделген.

Премьер-министр нақты нәтижеге қол жеткізу үшін осы бағытта сапалы жұмыс жүргізу маңызды екенін атап өтті.

@baq_kz

BAQ.kz

28 Oct, 19:00


Елордалық құтқарушылар балаға көмекке келді

Нұра ауданында Әзілхан Нұршайықов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде 2021 жылы туған бала пәтерінде қамалып қалды.

Жедел келген құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып тоғызыншы қабаттан сегізінші қабатқа түсті. Терезе арқылы пәтерге кіріп баланың зардап шекпегеніне көз жеткізгеннен кейін, оны анасына тапсырды.

@baq_kz

BAQ.kz

28 Oct, 17:56


Тұман, көктайғақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

https://baq.kz/tuman-koktaygaq-birneshe-onirde-eskertu-zhariyalandy-200000252/

BAQ.kz

28 Oct, 17:01


🚉«Астана-Семей» бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды

Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретханамен жабдықталған.

@baq_kz

BAQ.kz

28 Oct, 16:20


Елімізде қайтыс болған донор төрт адамның өмірін сақтап қалды

Мидың өлімі туралы мәлімдемеден кейін 39 жастағы донордың туыстары келісім беріп, ағзаларды төрт адамға сыйға тартты. Көп ағзаны алу барысында жүрек, өкпе және екі бүйрек алынды.

1977 жылы туған ер адамға жүрек, 1962 жылы туған әйелге өкпе, 2015 жылы туған балаға бүйрек, ал 1966 жылы туған әйелге екінші бүйрек трансплантатталды, осылайша елдің төрт азаматының өмірі сақталып қалды.

@baq_kz

BAQ.kz

28 Oct, 14:40


БҚО тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының табанды ұстанымын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабымен (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) көзделген қылмыс жасағаны үшін сотталушының кінәсі толық дәлелденді.

Атап айтқанда, 2021 жылдан бастап борышкердің 2 787 838 теңге көлеміндегі балаға алимент төлеу бойынша берешегі бар.

Бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бірнеше жыл бойы өз міндеттерін қасақана орындамаған.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

@baq_kz

BAQ.kz

28 Oct, 14:19


⚽️ Бүгін футболдан «Алтын доп-2024» иегері анықталады

Биыл 68-ші мәрте өткізілетін «Алтын допқа» басты үміткерлер есебінде бразилиялық Винисиус Жуниор («Реал Мадрид», Испания), испаниялық Родри («Манчестер Сити», Англия) және англиялық Джуд Беллингем («Реал Мадрид», Испания) есімі аталып отыр.

@baq_kz

BAQ.kz

28 Oct, 14:00


👏🏻 Түркістан облысында үшем дүниеге келді

№ 2 облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. 17 қазан күні Сайрам ауданы Ақсу ауылының тұрғыны Нәзима Эгамбердиева дүниеге екі ұл мен бір қыз әкелді.

27 жастағы ана мерзімінен бұрын кесарь тілігі арқылы босандырылды.

Сәбидің біреуінің салмағы 2 келі 430 грамм болса, екіншісі – 2 келі 490 грамм, үшіншісі - 1 келі 730 грамм болды. Үшемге - Хасан, Фатима, Хусан деп ат қойылды.

Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды.

@baq_kz

BAQ.kz

28 Oct, 13:15


🌦Елімізде күн жылынуы мүмкін бе?

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы👇

Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтілуде.

@baq_kz

BAQ.kz

28 Oct, 12:37


💸 Ауылда жұмыс істегісі келетін мамандарға 7,5 млн теңге беріледі

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында: ауылға тұруға және жұмыс iстеуге келген мамандарға (денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және т.б.) республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алуға 2500 АЕК-ге дейін (аудан орталықтары үшін)
2000 АЕК-ке дейін (ауылдық елді мекендер үшін) жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға дейін бюджеттік кредит беріледі.

Бұдан басқа, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдап жатқан өңірлерде үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаты (үй құнының 50%, бірақ 4 млн теңгеден аспайтын мөлшерде) беріледі.

@baq_kz

BAQ.kz

28 Oct, 11:01


🇰🇿🇲🇳Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды

Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

@baq_kz

BAQ.kz

28 Oct, 09:28


🔥Астанада жатақханалардың бірінде өрт шықты

Сарыарқа ауданында Шәкен Айманов көшесіндегі жатақханалардың бірінің дәретханасында өрт орын алды.

Келген құтқарушылар жиһаздың жануын жедел түрде сөндіріп, өрттің таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

@baq_kz

BAQ.kz

26 Oct, 19:29


Астанада бірқатар автобустың бағыты өзгерді

https://baq.kz/astanada-birqatar-avtobustyn-bagyty-ozgerdi-200000146/

BAQ.kz

26 Oct, 17:49


Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының алтынына таласады

https://baq.kz/rizabek-aytmuhan-alem-chempionatynyn-altynyna-talasady-200000143/

BAQ.kz

26 Oct, 12:05


🎾 Әмір Омарханов Кореядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисшілер Ванджу қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J300 турнирінде табысты өнер көрсетті.

Жұптық сында жарыстың бірінші ракеткалары, қазақстандық Әмір Омарханов пен кореялық Хойонг Рох үздік шықты. Қазақстандық-кореялық жұп финалда корт иелері Йенсу Джейонг - Джангжун Кимді айқын басымдылықпен ұтты - 6:2, 6:2.

@baq_kz

BAQ.kz

26 Oct, 10:40


🎓 Министрлік магистратура мен докторантураға түсушілерге маңызды хабарландыру жасады

28 қазанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Тіркелу Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында өтеді. КТ-ға тіркелу 2024 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.

@baq_kz

BAQ.kz

26 Oct, 08:23


🚑 Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді құтқарды

Әйел ауруханаға ауыр халде түскен.

Ота барысында оның жүрегі тоқтап қалған.

Дәрігерлер тобы әйелдің өмірін сақтауға барын салды.

Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық.

@baq_kz

BAQ.kz

26 Oct, 08:02


28-29 қазан күндері Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барады

Сапар аясында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

@baq_kz

BAQ.kz

26 Oct, 07:02


✉️ Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

✔️Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.

@baq_kz

BAQ.kz

26 Oct, 04:31


🏠Мәдениет саласының қызметкерлеріне баспана берілді

Пәтер сертификаттарын оларға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева салтанатты түрде табыстады.

Министр баспаналы болғандарды құттықтай отырып, мемлекет азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

@baq_kz

BAQ.kz

25 Oct, 18:32


Жаңбыр, тұман: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

https://baq.kz/zhanbyr-tuman-birneshe-onirde-eskertu-zhariyalandy-200000100/

BAQ.kz

25 Oct, 16:24


💥 Астанада Республика күніне орай мерекелік отшашу болды

Мерекелік отшашу демеушілердің қаражат есебінен ұйымдастырылған.

Айта кетейік, осы айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық және басқа да көптеген іс-шара өтті.

@baq_kz

BAQ.kz

25 Oct, 16:18


🎆Мереке құтты болсын!

@baq_kz

BAQ.kz

25 Oct, 15:54


🎆Триатлон паркіне отшашуды тамашалауға келген астаналықтар

Отшашу бүгін сағат 21.00-де Триатлон саябағында өтеді.


@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 18:59


Шавкат Рахмонов АҚШ-қа аттанды

Шавкат Рахмонов америкалық Белал Мухаммадпен (24-3) титулдық айқас өткізу үшін АҚШ-қа аттанды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Kill Сliff залында жаттығу жасайды.

Шавкат Рахмонов карьерасындағы басты кездесуді 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өткізеді.

Айта кетейік, Белал Мұхаммад 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды.

Осылайша, Рахмонов UFC-дегі алғашқы қазақстандық чемпион атануы мүмкін.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 17:50


👏🏻Олимпиада жүлдегері Александра Ле нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты

Ұлттық құрама мергені 10 метрден винтовкамен оқ атуда 633.5 ұпай жинады.

Александра биыл осыған жақын ұпайды Мюнхендегі Әлем Кубогының шешуші кезеңінде 632 балл жинаған.

Ал осыған дейінгі үздік көрсеткіш Елизавета Безруковаға тиесілі болған (632.7 ұпай).

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 17:05


14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

https://baq.kz/14-onirde-qolaysyz-aua-rayyna-baylanysty-eskertu-zhasaldy-200000049/

BAQ.kz

24 Oct, 16:17


💥 «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік жарықпен безендіріледі

Бүгін кешке Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасы мерекелік жарықтандыруға қосылады. Сәулеттік жарықтандыру 24 қазан күні сағат 20:00-де қосылады. Алматылықтар мен қала қонақтары мерекелік құттықтауды 24 және 25 қазан күндері көре алады.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 15:34


🎥 Қазан қаласында өткен БРИКС-тің XVI саммитіне шолу

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 14:25


Республика күні: Шымкентте 300-ден астам отбасы баспаналы болды

Республика күні қарсаңында мемлекеттік бағдарлама аясында 304 отбасы қоныс тойын тойлады.

Ұлық мереке  қарсаңында пайдалануға берілген Бозарық шағын ауданында орналасқан баспаналарды тұрғын үй кезегіндегі азаматтар Отбасы банк арқылы  «2-10-20», «5-10-20»  бағыттары бойынша несиелік негізде рәсімдеген.  

Жаңа қоныстанушылар арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды  тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері  бар.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 12:17


🎬ЭКСКЛЮЗИВ

Кезінде еліміздің Қазақ Республикасы деп аталуына не кедергі болды?


1990 жылдың 25 қазаны Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылуы тиіс дата.

Сол кезде қандай депутаттар Кеңес Одағы құрамынан шығуға қарсы болды?
Неге елдің атауы Қазақ Республикасы емес, Қазақстан деп қабылданды?

Осы және өзге де маңызды сұрақтардың жауабын BAQ.KZ ақпарат агенттігі дайындаған деректі фильмінен ертең, 25 қазан сағат 9:00-де Youtube-арнамыздан көре аласыздар.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 11:40


🗣Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысты

Саммитте не айтылды?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, БРИКС БҰҰ қызметін толықтыра түседі.

БРИКС даму тұрғысынан мол әлеуетке ие және түрлі құрлықтағы мемлекеттерді біріктіреді

БҰҰ Жарғысындағы дипломатия мен диалог қағидаттары БРИКС-тің негізгі күн тәртібіне айналды. Ол қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етіп отыр

Қазақстан Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтау, егемендікті қорғау, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және көпқырлы тәсілдерді қолдану арқылы жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бастамасын қолдайды

Еліміз Қытай мен Бразилияның Украина жөніндегі бейбіт жоспарын құптайды

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалауды және оның құрамын Африка, Латын Америкасы, Азия елдерінің жаңа мүшелері есебінен кеңейтуді қуаттайды

БРИКС жаһандық басқару құрылымында орта державалар мен дамушы экономикалардың үлесін арттырып, бұл үдерісте негізгі рөл атқара алады

Қазақстанның БРИКС-ке мүше елдермен сауда-саттық айналымы қарқынды өсіп келе жатыр. Бұл көрсеткіш былтыр еліміздің сыртқы сауда көлемінің жартысына жетті.

Саммитке 36 елдің өкілдері және 6 халықаралық ұйымның жетекшілері қатысты, сондай-ақ жоғары деңгейдегі 20-ға жуық делегация келген.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 10:55


👏Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды

Ашылу салтанатына Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Татарстан Республикасының Мәдениет министрі Ирада Аюпова, Қазандағы ҚР Бас консулы Ерлан Ысқақов, сондай-ақ Татарстан Жазушылар одағының төрағасы Ркаил Зайдуллин, сондай-ақ қала тұрғындары мен қазақ ұлттық-мәдени автономиясының өкілдері қатысты.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 10:32


🟠🟡🟢🔵🟣
Тәуелсіздіктің тарихы 1990 жылдың қазанынан басталуға тиіс – ғалым

1990 жылдың 25 қазанында Алматыда егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл елдің тәуелсіздігі үшін өте маңызды құжат еді. Тарихшылардың пікірінше, аталмыш декларация әлі де болса өзінің тарихи бағасын алған жоқ.

25 қазан – Республика күні мен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесінің қандай айырмашылығы мен артықшылығы бар?

Толығырақ «Мінбер» жобасының мерекеге арналған шығарылымында👇
📱https://youtu.be/W0Ln96Pkj7s

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 10:02


⚡️Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды

Атышулы экс-министр Қуандық Бишімбаев ісінде танымал болған прокурорлар Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков Республика күніне орай мемлекеттік марапатқа ие болды.

Сондай-ақ мінсіз қызметі үшін ведомстволық медальдар мен алғыс хаттарға ие болды.

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 09:39


⚡️Тұрғын үй сертификаты дегеніміз не, оны кімге береді?

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға беріледі.

🔍Толығырақ

@baq_kz

BAQ.kz

24 Oct, 08:36


⚡️Тоқаев БРИКС-тің XVI саммитіне қатысу үшін «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығына барды

@baq_kz

BAQ.kz

22 Oct, 18:28


❗️23 қазанға арналған ауа райы болжамы

Толығырақ: https://baq.kz/23-qazanga-arnalgan-aua-rayy-bolzhamy-343276/

BAQ.kz

22 Oct, 16:53


«Қайрат» футзал клубы жеңіске жетті

🍎 Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» венгриялық «Халадаш» командасынан басым түсті.

🔹 Қазақстандық команда жауапсыз төрт гол соғып, ойынды аяқтады. Осылайша «Қайраттың» осы маусымдағы Чемпиондар лигасының алғашқы ойыны жеңіспен басталды.

🇭🇺 Халадаш 0:4 Қайрат 🇰🇿

⚽️Алиссон 7’
⚽️Эдсон 10’
⚽️Арриета 28’
⚽️Деннис 39’

@baq_kz

BAQ.kz

22 Oct, 15:40


❗️Киберқауіпсіздік: Министрлік интернеттегі сақтық шараларын еске салды

Төменде көрсетілген нұсқауларды орындау деректерді қорғауға және қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі 👇🏻

1. Әртүрлі аккаунттар үшін күрделі және бірегей парольдерді пайдалану.

2. Құрылғылардағы бағдарламалық қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру.

3. Күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ашпау.

4. Антивирус бағдарламаларын пайдалану.

5. Жеке ақпаратты бөгде сайттарға және қосымшаларға сенбеу.

6. Аккаунттар үшін екі факторлы аутентификацияны пайдалану.

7. Әлеуметтік желілердегі құпиялылық параметрлерін тексеру.

8. 1414-тен келген кодтарды үшінші тұлғаларға бермеу.

9. Банктік реквизиттерді үшінші тұлғаларға хабарламау.

@baq_kz

BAQ.kz

22 Oct, 15:05


🎆 Астанада Республика күніне арналған отшашу болмайды

Мерекеге орай отшашу болмайтынын Астана әкімдігі нақтылады. Алайда тұрғындар мен қонақтар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.

Мерекелік іс-шара төменде көрсетілген орындарда өтеді 👇🏻

📍Алматы ауданы – «Интернациональный» тұрғын алабы; 📍Байқоңыр ауданы – «Өндіріс» тұрғын алабы; 📍Есіл Ауданы – «Бәйтерек» монументі; 📍Нұра ауданы – орталық саябақ; 📍Сарыарқа ауданы – қалалық алаң.

@baq_kz

BAQ.kz

22 Oct, 14:57


👏«Астана Опера» театрында өткен салтанатты кештен фоторепортаж 📸

@baq_kz

BAQ.kz

22 Oct, 14:52


🇰🇿 Президент Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

«Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

@baq_kz

BAQ.kz

22 Oct, 14:48


Мемлекет басшысы Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан» атты мерекелік концертке барды.

➤ «Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері мен түрлі шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

@baq_kz