PARANOIA.KZ @paranoiakz Channel on Telegram

PARANOIA.KZ

@paranoiakz


Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

PARANOIA.KZ (Kazakh)

PARANOIA.KZ Телеграм каналы - бұл арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады. Сіз осы канал арқылы қоғамның өзгеше жағдайлары, ең соңғы жаңалықтар мен аналитикалық мәліметтермен таныса аласыз. PARANOIA.KZ каналы арқылы сіз көптеген сала туралы білім алуға болады, сондықтан сіздерге есік болатын жаңа жаңалықтар жинауда. Тағылымның бір бөлігі болып отыраңыз және PARANOIA.KZ каналына қосылыңыз!

PARANOIA.KZ

15 Feb, 18:17


Зеленский: “Мен өзімнің министрлеріме сирек кездесетін металлдарды игеру туралы құжатқа қол қойдырмадым. Өйткені құжат шикі, онда біздің мүддеміз қорғалмаған, қандай да бір қауіпсіздік кепілдігі жайлы сөз жоқ. Біз ескі қателіктерді қайта қайталамаймыз және күмәнді құжаттарға қол қоймаймыз. Біз асқан бір ақылды емес шығармыз, бірақ біз аса сақпыз. Бұл құжатты пісіру керек, қайта қарау қажет”, - дейді.

PARANOIA.KZ

15 Feb, 16:00


“Хезболла” жақтастары кешеден бері UNIFIL (БҰҰ-ның Ливандағы бітімгерлік күші) көліктеріне шабуыл жасауда. Бірнеше көлікті өртеген.

Ливан әскері “Хезболла” жақтастарын Бейрут әуежайы маңынан күштеп тарқатуды бастады.

Ливан билігі әскерді ұрысқа сақадай сай болуға шақырды.

PARANOIA.KZ

15 Feb, 15:53


Ливанда мыңдаған адам наразылық акциясына шықты. Олар Бейрут әуежайына апаратын жолды жауап тастаған. Қолдарында Ливан, “Хезболла” және Иранның туы бар. Жиналған халық “Билік АҚШ пен Израильдің ығына жығылуда” деп ұрандатуда.

Бірнеше күн бұрын Ливан билігі Ираннан келген екі ұшақты Бейрут әуежайына қондырмады. Ұшақта “Хезболлаға” арналған қару мен қаржы бары айтылды. Артынша “Хезболла” жақтастары көшеге шығып, наразылық өткізді. Наразылық ауқымы бүгін артты.

Айтпақшы, бүгін Иран Ливанның ұшақтарын өз әуежайында қабылдаудан бас тартты.

PARANOIA.KZ

15 Feb, 14:51


Украина мен Ресей бойынша арнайы өкіл Кит Келлогг сөз сөйлеуде. Былай дейді:

- Келіссөзде мен Украина бағытына жауаптымын. Ал Уиткофф Ресей бағытына жауапты.

- Мен соғысты бір жылда аяқтау дегенді айтқым келмейді. Сол себепті де 180 күн дегенді осы жерде айтайын және сол аралықта бар күшімді саламын.

- Трамп Украинаның маңызды мүдделерін ескермейді деу қателік. Сол себепті де бұл “әлсіз келісім” болмайды.

- АҚШ Украинаны қолдауды жалғастырады. Қаржылай және басқа. Алайда ұрыс қимылдарын біртіндеп тоқтатып, келіссөз үстеліне отыру керек.

- АҚШ соғыстан кейін Украинаның демографиясын көтеруге көмектеседі. (Украина азаматтарының елге қайта оралу бағдарламасы жайлы).

PARANOIA.KZ

15 Feb, 11:37


Мысыр Газаға қатысты өзінің жоспарын ұсынды. Ол бойынша палестиндіктер Газада қалуы тиіс. Газаны қалпына келтіруді араб елдері мен халықаралық қауымдастық іске асырады. Ал Газаны басқару бойынша арнайы комиссия құрылады, оған ХАМАС кірмейді.

Мысырдың кей сарапшылары болашақта Газа аймағына жерасты өткелдерінен қару-жарақ өтпеу үшін Мысыр мен Газаның маңындағы күзетті күшейтіп, жердің астын темір қоршаумен қоршап тастауды ұсынды. Бұл жоспар әлі де толықтырылады дейді Каир.

PARANOIA.KZ

15 Feb, 11:24


Бүгін ХАМАС пен Израиль тұтқын алмасу барысында өзара психологиялық қысым әдісін қолдануға тырысты.

ХАМАС тұтқындарды босату барысында Эйнав Ценгаукердің суреті бар құм сағатын ұстатып, оған «Уақыт аяқталуда» деген жазу жазған. 2023 жылы, 7-қазанда ХАМАС 25 жастағы Матан Ценгаукерді тұтқынға алды. Оның анасы Эйнав Ценгаукер Израильде тұтқындарды босату бойынша наразылық акцияларын ұйымдастырушылардың бірі болды.

Ал Израиль түрмеден шығарылатын тұтқындарға Израильдің нышаны белгіленген футболка кигізіп, оған «Біз ешқашан ұмытпаймыз және ешқашан кешірмейміз» деген жазуды араб тілінде жазды.

PARANOIA.KZ

15 Feb, 11:06


«ЕО мен Орталық Азия арасындағы алғашқы саммит» 3-4 сәуірде өтеді. Өтетін орны Өзбекстан. Оған Орталық Азиядағы бес елдің басшы-қосшысы мен Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта және Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен қатысады.

«ЕО елдері Орталық Азияға тиімді шарттармен инвестиция ұсынуға дайын» дейді сарапшылар. Ал Ресейдің бұл әрекетке қарсылық танытары анық. 2024 жылы Сергей Лавров ЕО елдерінің Орталық Азияға қызығушылығына қатысты былай деді: «ЕО басшылары бізді Орталық Азия мен Кавказдан ығыстыру жоспарын жасырмай айтуда. Алайда олардың ойлағаны іске аспайды. Біз тарихи тұрғыдан осындамыз және ешқайда кетпейміз. Біздің одақтастар мен серіктестеріміз де оны жақсы түсінеді және өзара байланысымызды арттыруға мүдделі», - деді.

PARANOIA.KZ

15 Feb, 10:53


Израильдің СІМ басшысы Гидеон Саар Палестина мемлекетін құруға қатысты Түркияға жауап берді: «Израиль осы уақытқа дейін палестиндіктерге бейбіт процесс өткізуге талай мәрте мүмкіндік беріп келді. Бұл жерде палестиндіктердің ешқашан суверенді мемлекеті болмаған. Сендер қазір Палестина деп жүрген жерді айтамын. Палестина деген атауды кім қойды? Император Адриан Израильді жаулаған сәтте осы атауды қолданды. Сол атады. Ол сол жаулаушылық соғыста Иерусалимді қиратып, жаңа қала тұрғызды және оны Элия-Капитолина деп атады. Қазір ешкім Элия-Капитолинаны білмейді, еске алмайды, бірақ бәрі Иерусалимді біледі. Тарихқа қараңдар. Бұл жерде еврейлердің қанша мәрте Римге қарсы соғысқанын. Мыңдаған жылдар бұрын. Сол себепті де Палестина деп жүргендерің Израильдің жері ғана», - дейді ол.

Осылайша ол Газаны Түркия құрамына уақытша қосу керек деген Дәуітоғлының сөзіне жауап қатқан.

PARANOIA.KZ

15 Feb, 10:43


АҚШ-тың Мемлекеттік Хатшысы Марко Рубио Путин мен Трамптың әңгімесі Зеленский мен Трамптың әңгімесінен ұзағырақ болғанының себебін айтты.

Былай дейді: «Мәселе мынада. Путинмен сөйлесу барысында аудармашының қатысуы міндетті. Бұл әңгіме барысын өте ұзартып жібереді. Ал Зеленский ағылшын тіліне жатық, жақсы біледі, аудармашыны қажет етпейді. Трамп пен Зеленский тікелей сөйлесе береді, тілдік барьер жоқ. Сол үшін де әңгіме барысы қысқарақ болды», - дейді.

Бұған дейін Axios сайты Зеленский мен Трамптың әңгімесі ұзақ болғанын жазды. Путинмен сөйлесудең тең жартысын аударма алғанын айтты және осы тұрғыдан әңгіме ұзаққа созылды деді.

PARANOIA.KZ

15 Feb, 10:35


Зеленский Мюнхенде сөз сөйлеуде. Былай дейді:

- Украина өзін келіссөзге қатысудан шеттетіп тастауды қабылдамайды. Украинаға қатысты шешім Украинасыз қабылданбауы тиіс. Дәл сол сияқты Еуропаға қатысты шешім де Еуропасыз қабылданбауы қажет.

- Еуропаның ортақ әскери күштерін құратын сәт жетті.

- Украина 2024 жылы 1,5 млн дана дрон жасады. Бұл әрине серіктестермен бірлесе отырып жасалған жұмыс, алайда бұл рекорд саналады. Біз дрон өндірісі бойынша әлемде көшбасшы елдің біріне айналдық.

- Еуропада қазіргі сәтте біздің әскеріміз ғана шынайы әскери тәжірибеге ие. Өйткені ауқымды заманауи соғысты өткеріп жатыр. ЕО елдері агрессияға бізсіз төтеп бере алмайды, сол сияқты біз де ЕО-сыз төтеп бере алмаймыз. Бізге күш біріктіру қажет.

- Күні кеше ғана Ресей Чернобыл АЭС-ін атқылады. Бұл жолы олар 50 келі жарылғыш күші бар шахедті қолданды.

- Ресейдің бұл соғыста 250 мыңнан астам сарбазы қаза тапты. 600 мыңнан астамы жараланды. Олардың аты-жөнін тіркеп отырған тәуелсіз зерттеушілер де бар. Путин КХДР әскерін Курск облысына айдап салды. Біз олардың басым бөлігін жойдық.

- «КХДР әскері әлсіз екен» деп өздеріңді алдамаңдар. Олар соғысуды үйренуде, тәжірибе жинауда. Ал ЕО әскерінде ондай тәжірибе жоқ.

- Ресей қосымша 15 жаңа дивизия құруда. 150 мың сарбазды жұмылдырады. Ресей сарбаздарды жинауға арналған жаңа рекрутинг орталықтарын ашып жатыр. Бұл жалғаса береді, себеюі мұнайдың бағасы Ресейге мүмкіндік ашып отыр.

- ЕО елдері АҚШ-қа нарық ретінде керек пе? Иа, керек. Ал одақтас ретінде ше? Ол жағын білмедім...

PARANOIA.KZ

15 Feb, 07:25


ХАМАС бүгін үш тұтқынды босатады. Александр (Саша)Труфанов - Ресей және Израиль азаматы, Саги Декель Чен - АҚШ және Израиль азаматы, Яир Хорн - Израиль азаматы.

ХАМАС тұтқын алмасу процесі алдында Саша Труфановтың Газа жағалауында балық аулап, серуендеп жүрген видеосын жариялады. Видеоны “дінде тұтқынға жақсы қарауға бұйырған” деген жазумен таратты.

PARANOIA.KZ

15 Feb, 07:15


ХАМАС пен Израиль арасындағы кезекті тұтқын алмасу басталды. ХАМАС бүгін 3 тұтқынды босатады.

PARANOIA.KZ

14 Feb, 19:45


Зеленский мен Вэнс кездесуі: Не айтылды?

Вэнс:

- Біз соғысты аяқтап, бейбітшілік орнату бойынша жақсы диалог құрдық. Мұндай диалогтар алдағы апталар мен айларда көп болады. Біз соғыстың аяқталғанын қалаймыз, - деді.

Вэнс:

- АҚШ-тың мақсаты - Украинада тұрақты бейбітшілік орнату, - деді.

Бұл кездесуде Украинаның пайдалы қазбаларын АҚШ пайдалануына беру туралы пікір айтылмады.

Ал Washington Post: “Вэнс Зеленскийге Украинаның 50%-ға жуық сирек кездесетін пайдалы қазбаларын АҚШ-тың игеріп пайдалануына рұқсат беру туралы құжат ұсынды. Зеленский қол қоюдан бас тартты”, - деп жазды.

Бұл арада Bloomberg: “ Путин Трамппен және Зеленскиймен келіссөздерге қатысатын команданы жасақтап жатыр. Кремль әккі әрі тәжірбиелі кадрлерге арқа сүйемек. Ресей командасында Путиннің ұзақ жылғы серігі, Сыртқы саясат бойынша кеңесші Юрий Ушаков, РФ Сыртқы барлау қызметінің басшысы Сергей Нарышкин бар”, - деп жазады.

PARANOIA.KZ

12 Feb, 10:24


Түркияның экс-премьері, бүгінде Gelecek оппозициялық партиясының басшысы саналатын Ахмет Дәуітоғлы былай деп ұсыныс айтты: «Газа тұрғындарының соңғы заңғы мемлекеті Осман империясы болды. Біз Осман империясының заңды мұрагеріміз. Газа халқы референдум өткізіп, Түркияның автономды аймағы ретінде бізге қосылсын және Палестина мемлекеті құрылғанға дейін біздің құрамда болсын. АҚШ келіп, Газаны жаулап алса, біз Газа тұрғындарын қорғамай қарап тұрамыз ба? Өздерің үшін аса қадірлі саналатын сионистеріңді АҚШ-қа алып кетіңдер», - дейді.

Ол Трамптың Газаға қатысты жоспарын сынға алып, «АҚШ президенті анклавтағы газ қорына қызығып отыр» деді.

PARANOIA.KZ

12 Feb, 10:14


Песков: "Ресей Украинамен территория алмасу тақырыбын талқыламайды. Украина әскері Ресейдің жерінен толық қуылады."

PARANOIA.KZ

12 Feb, 10:02


Сарапшылар Трамп әкімшілігінің шешімін “Қытайға берілген мүмкіндік” деп атады.

Демократтар “Қытайдың әлемде ықпалы артатын болды” деп мәлімдеп, Трампқа шешімін өзгертуді сұрауда. Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6247

PARANOIA.KZ

12 Feb, 08:33


Kpler аналитикалық орталығының бір ақпаратын көзім шалып қалды. 2023 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстан Израильге шикі мұнай жеткізу бойынша көшбасшы болған екен. Израильдің Ашкелон, Хайфа және Эйлатта ірі мұнай өңдеу зауыттары бар. Міне, осы зауыттарға шикі мұнайды негізінен Қазақстан, Әзербайжан және Батыс Африка елдері жеткізген. Эйлаттағы мұнай өңдеу зауыттары Газадағы ұрыс қимылына байланысты уақытша жабылған, бірақ қалған екі аймақ істеп тұр. Араб елдері Израильге мұнай сатпайды. Баку бұны мүмкіндік санайды және «Израильге мұнайды жеткізу арқылы Қорғаныс саласында өзара тиімді байланысты арттыруға болады» деп есептейді. Оны іске асырып та жатыр. Дрондар, бронды техника, зымырандар алуда.

Суретте 2023 жылғы көрсеткіш. 2024 жылы да қатты өзгере қоймады деп ойлаймын.

PARANOIA.KZ

12 Feb, 08:23


Израильдің Әзербайжандағы елшісі Джордж Дик: «Биыл «Eurovision» байқауында Әзербайжан атынан ұлты еврей Асаф Мишиев додаға түсетінін естіп, толқып тұрмыз. Ол өзінің Mamagama тобымен бірге ән айтады. Бұл елде мұсылмандар, христиандар және еврейлер тату-тәтті күн кешуде. Еврейлер мен христиандар спортта, өнерде және ғылымда бұл елді талай мәрте танытты. Өз атымнан және күллі Израиль халқы атынан Асафқа және Әзербайжанға сәттілік тілеймін», - дейді.

Сарапшылар бір тұрғыдан Түркиямен, екінші тұрғыдан Израильмен тығыз байланыс ұстап, әріптестік орнатқан Бакудың әрекетін «дипломатиялық шеберлік» деп атады. Әзербайжан Израильге мұнай сату бойынша үштікке кіретін елдің бірі саналады. Қарымтасына Израильден түрлі қару алды және Қарабақты азат етуде қолданды. Қазір Әзербайжан үшін қауіпті елдің бірі Иран саналады. Иранға қарсы саясатты күшейту үшін де Бакуге Израильмен тығыз байланыс ұстау маңызды.

PARANOIA.KZ

12 Feb, 08:08


Киев ресейлік газды транспорттаудан бас тартқан сәттен кейін, Мәскеу Украина жеріндегі газ қоймалары мен транспорттау бағыттарына соққы жасауда. 11-ақпанда Ресей Украинаның газ қоймаларына екі айдың ішінде екі мәрте зымыранмен шабуыл жасады.

PARANOIA.KZ

12 Feb, 07:44


Илон Маск Трамппен кездесу барысында АҚШ-тағы бюрократияны қатаң сынға алды. Алайда саяси шолушылар Масктың сөзіне емес, іс-әрекетіне көбірек назар аударған. Ол кездесуге 4 жастағы ұлы X Æ A-12 ала келген.

Саяси шолушылардың бірі былай дейді: «Көптеген саясаткерлер саяси жолды бірге бастайды. Алайда ол жолды жүріп өту барысында көзқарас қайшылығы пайда болып, жақын достар бітіспес қарсыласқа айналуы мүмкін. Әзірге Трамп пен Маск бұл жолды бірге бастады, бірақ 4 жылда осы жолды бірге жүріп өте ме? Бұл үлкен сұрақ».

Жақында Time журналы Маскты АҚШ президентінің тағында отырған кейіпте бейнеледі. Трамп бұл журналға қатысты «Ол журнал әлі де баспаханадан шығатынын білмеппін» деп пікір білдірді.

PARANOIA.KZ

11 Feb, 16:07


Ресейде “Арнайы операцияға қатысқан батырдың Сперматозоид банкісі” атты жалған сайт ашылды. Алаяқтар жалған сайт ашып, тұрғындардың жеке ақпаратымен қаржылық операцияларды іске асырмақ болған. Сайттың ішіне сарбаздардың жалған анкеталарын салып, “арнайы операцияға қатысқан батырдан бала тусаңыз мемлекет барынша қаржылық қолдау көрсетеді” деп жазыпты. Тіпті министрліктің жалған құжатын да жүктеген. Ресейлік әйелдер өтініш тастаған сәтте, сайттың алаяқтар құралы екені анықталды.

PARANOIA.KZ

11 Feb, 15:26


АР: Израиль әскері Сирия аумағынан 2025 жылы шығарылмауы мүмкін. ЦАХАЛ Сирия жеріндегі 9 әскери базаға орналасуды бастады және 3 бригаданы топтастырды.

PARANOIA.KZ

11 Feb, 15:03


Ресей тарапы Украинамен келісім жасасу үшін Киев Запорож және Херсон, Донецк және Луганск облысынан өз әскерін толық әкетіп, Ресейге аталған аймақты тұтас беруі тиіс деп тағы да мәлімдеді. Бұл туралы Ресей СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков айтты.

Қазір бұл аймақтың басым бөлігі Ресей оккупациясында. Алайда Украина үлкен қалалар саналатын Херсон мен Запорож қалаларынан бөлек, Отрадное, Вольнянск, Новояковлевка, Новониколаевка, Покровск, Славянск, Краматорск және басқа қалаларды бақылауында ұстап тұр. Бұдан бөлек мыңға жуық ауыл да осы аймақтағы Украина әскерінің бақылауында.

Ұлыбритания барлау қызметінің болжамынша аталған аймақты басып алуда Ресейдің 300 мың әскері қаза тауып, 500-700 мыңы жаралануы мүмкін. Бұл соғысты тағы кемі 3 жылға созуы ықтимал деп топшылауда.

PARANOIA.KZ

11 Feb, 14:51


The Guardian: Зеленский Курск облысындағы Украина әскерінің бақылауындағы аймақты Ресей оккупациялап алған аймақтың бір бөлігіне алмастыру мүмкіндігін қарастыратынын айтты.

PARANOIA.KZ

11 Feb, 14:11


Трамп Иранның ядролық бағдарламасы туралы: «Иранда ядролық қару болмауы тиіс. Оны тоқтатудың екі жолы бар. Не бомбалау, не келісім жасасу. Менің ойымша қазір Иран үрейдің құшағында отыр. Олар бізбен келісім жасағысы келеді. Олардың қорғаныс саласы әлсіреді. Мен оларды бомбаламай келісім жасауды құп көремін», - дейді.

PARANOIA.KZ

11 Feb, 09:50


Сирия бұл залалды жоя ала ма?

2024 жылы, 8-желтоқсанда Ахмед аль-Шараа (Әль-Жулани) Дамашықтағы орталық мешітте сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Сирияны каптагон вирусынан тазартатынын» айтты.

Башар Асад есірткі сатты. “Хезболла” оған қалай көмектесті?

Асад режимі құлаған соң, хуситтер каптагон өндіру бойынша алға шықты. Көрсеткіш қандай? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6242

PARANOIA.KZ

11 Feb, 09:06


БАҚ: ХАМАС пен Израиль арасындағы келісім жасалғаннан кейін, Газа аймағына 13 800 жүк көлігі гуманитарлық көмек кіргізді. Бұл аптасына 4200, ал күніне 600 жүк көлігі деген сөз. Газаға күн сайын тамақ пісіруге арналған 50 цистерна газ бен жанармай жеткізілуде. Үйінділерді қазу үшін газалықтарға 4 экскаватор берілген. Газа тұрғындарына 300 мың шатыр (палатка) берілді, оның 120 мыңы үлкен шатыр саналады. Шатырды Мысыр мен Иордания берді.

PARANOIA.KZ

11 Feb, 08:50


Reuters: АҚШ Еуропа елдерін Украина үшін көбірек қару сатып алуға көндіруде. Украина мен Ресей арасындағы соғысты реттеу үшін тағайындалған АҚШ президентінің арнайы өкілі Кит Келлогг «Қауіпсіздік бойынша Мюнхен конференциясында» осы мәселені тағы да талқылайды. Конференция 14-16 ақпанда өтеді және баста тақырып Украина-Ресей соғысы болмақ.

PARANOIA.KZ

11 Feb, 08:43


Fox News президент Дональд Трамптың ХАМАС-қа сес көрсеткенін мәлімдеді. Трамп ХАМАС-тың алдағы сенбіде тұтқындарды босатуды тоқтатқанын «келісімді бұзу» деп атады.

«Егер сенбі күні сағат 12:00-ге дейін тұтқындар босатылмайтын болса, онда мен келісімді үзу керек деп ойлаймын. Нағыз тозақ басталар еді. Израиль келісімді үзе алады», - дейді Трамп.

ХАМАС пен Израиль осы уақытқа дейін 5 мәрте тұтқын алмасты. Израиль 21 тұтқынын кері қайтарып, 730 палестиндікті түрмеден босатты. Алайда ендігі таңда келісім күшін жойып, ұрыс қимылдары қайта басталуы ықтимал. Тараптар «келісімді сақтамады» деп бір-бірін айыптауда.

PARANOIA.KZ

11 Feb, 08:37


Трамп Украинадағы сирек кездесетін металлдарды игеру жайлы айтты.

«Олар (Ресей мен Украина) келісімге келе алуы мүмкін, келісімге келмеуі де мүмкін. Олар(Украинадағы ресурс) күндердің бір күні ресейлік болып кетуі мүмкін, болмауы да мүмкін. Бірақ ол жақта біздің ақшамыз бар және мен оны қайтарғым келеді. Яғни салынған қаржының қауіпсіздігіне кепілдік болуы тиіс», - дейді Трамп.

Трамп әңгіме барысында Украина жерінен АҚШ 500 млрд долларға жуық ресурсты игере алатынын айтқан.

WSJ басылымы Трамптың Украинада соғысты тоқтатқаннан кейін, құрылыс жұмыстарына қатысуды қалайтынын жазды. «Одесса қаласы мен порттық аймақтарды қалпына келтіруге Трамппен қатысы бар компаниялар қатысуы мүмкін, ал Украинаны қалпына келтіру шығынын Вашингтон Еуропаға артпақ» дейді басылымы.

WSJ-ге пікір білдірген сарапшы Уолдер Уотсин: «Трамптың Украинадағы металлдарды игеру жайлы айтуы Киев үшін тиімді кепілдік болуы мүмкін. Өйткені Трамп кәсіпкер ретінде өз қаржысын қашанда қорғайды. Яғни Украинада өзі билікте отырған сәтте Ресейдің қайта басып кіруіне жол бермейді. Металлдарды игеру үшін жергілікті халықты жұмысқа тартады, онсыз болмайды», - дейді.

PARANOIA.KZ

29 Jan, 07:01


Түнде Украина дрондары Ресейдің Кстово қаласындағы мұнай базасы мен МӨЗ-ге соққы жасады. МӨЗ маңында 6 жарылыс болған. “Сибур-Кстово” өнеркәсіп кешенінде өрт шыққан.

PARANOIA.KZ

28 Jan, 22:17


Молдова. Сепаратистік Приднестровье аймағы. Газ тапшылығына байланысты туындаған энергетикалық дағдарыс жалғасуда.

Бүгін Тирасполь қаласында энергетикалық дағдарыс құрбандарына арналған акция өтті. Онда жылынамыз деп түтінге тұншығып көз жұмғандардың суреттері қойылған.

PARANOIA.KZ

28 Jan, 21:42


Зеленский Фицоға жауап берді: “АҚШ-тың LNG газына ақша төлеу керексің, ал ресейлік газға тек қана ақша емес, сонымен бірге тәуелсіздігің мен суверениетініңді бересің. Еуропада көпшілігі тәуелсіздігі мен суверенитетін сақтап қалуды таңдады. Бірақ олардың ішінде Фицо мырза жоқ. Ол өзін газбен қамтамасыз ете алатын АҚШ пен өзге серіктестерді емес, Мәскеуді таңдады. Осы тұста жаңылысты. Еуропада барлығы алысты көре алатын көреген және ұлттарымызды жақындастыра алатын саясат ұстануы қажет”, - дейді.

PARANOIA.KZ

28 Jan, 20:24


Reuters: Трамптың тапсырмасынан кейін АҚШ әлемнің ондаған еліне түрлі бағдарлама бойынша қаржы бөлуді тоқтатты. USAID бойынша жұмыс істейтін әлем елдеріндегі ұйымдар дабыл қағуда. АҚШ СПИД, малярия, туберкулез, ана мен бала денсаулығына арналған түрлі дәрілер және басқа ауруларға арналған препараттарды жеткізуді тоқтатуда.

USAID-тың әлемдің денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшысы Атул Гаванденің сөзінше АҚШ 20 млнға жуық ВИЧ-пен ауыратын адамды қолдап келген. Ендігі таңда препарат жеткізбесе, млндаған адам көз жұмуы мүмкін. Себебі басым көпшілігі Африка елдері саналады және халықтың дәрі сатып алуға мүмкіндігі жоқ.

PARANOIA.KZ

28 Jan, 20:16


Словакия премьері Фицо: “Біздің жауымыз - Зеленский. Қазіргі бізде бар проблемаларды Зеленкий туындатты. Мен оны ұнатпаймын, өйткені ол Словакияға зиян келтіруде.

Зеленский мырза Әзербайжаннан келетін қайдағы бір газ жайында айтады. Ештеңе де дайын емес, үстелде бірде-бір жоба жатқан жоқ. Егер Украина өз аумағы арқылы ресейлік газдың транзитін жалғастырмайтын болса, онда Словакия ЕО-ның Украинаға беретін барлық көмегін толықтай бұғаттайды”, - дейді.

PARANOIA.KZ

28 Jan, 18:49


Милоновтың ұсынысын естіп, бақыттан басы айналған Гренландия халықтық республикасындағы көңіл-күй🕺💃

PARANOIA.KZ

28 Jan, 18:37


Ресейлік депутат Виталий Милонов Гренландияны Ресей құрамына кіруге шақырды.

«Біз Трамптың Канаданы АҚШ-қа тәуелді Америкадағы кедей аймақ деп атағанын естідік. Ал АҚШ-тың өзі Байденнің билігі салдарынан экономикалық, саяси дағдарыста жатыр. Яғни Ресей ғана экономикалық және саяси жүйесі тұрақты ел ретінде біздің ортақ халқымызды қолдай алады. Ресей мен Гренландияда тұтатын этносты айтып отырмын. Ол этнос инуиттар немесе эскимостар. Бізде де, оларда да бар», - дейді ол.

«Гренландия Ресей құрамына кіріп, жаңа субъект бола алар еді. Мысалы Гренландия халықтық республикасы. Қажетті қорғанысқа ие болар еді, ал Дания басқыншылары оларға қамқорлық жасамайды. Дания Украинаға бар қаруын беріп, өздері толық ел бола алмай отыр. Ресей мен Гренландия – бір ел», - дейді Милонов.

Мынау ғасыр ұсынысы ғой! Мынаны Гренландия жіберіп алмауы тиіс!)

PARANOIA.KZ

28 Jan, 18:23


Путин бірқатар мәлімдеме жасады. Украина мен Ресей соғысы жайлы сұрақтарға жауап берді. Қысқаша былай дейді:

- Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізу туралы өзінің тыйым салған бұйрығының күшін жоя алмайды, өйткені ол қазір легитимді басшы емес. Алайда келіссөз жүргізу қажет болса, оны жасаудың амалдары бар. Келіссөзді кез келген адаммен жүргізсек болады, алайда Зеленский ешқандай құжатқа қол қоя алмайды. Ол заңсыз басшы саналады.

- Ресеймен келіссөз жүргізуге қатысты тыйым салу бұйрығының күшін Жоғары Раданың төрағасы жоя алады деп ойлаймын.

- Украинаны Батыс қолдауын тоқтатса, Киевте қаржы мен оқ таусылып, қақтығыс бір жарым немесе екі айдың ішінде бітер еді. Ал қазір Украинаның суверенитеті нөлдік деңгейге жақын десек болады.

- Ресей 2022 жылдың ақпанының соңында Украинаға Донбасстан кетуді ұсынды. Сол сәтте-ақ әскери қақтығыс тоқтайтын еді. Ресей 2022 жылдың көктемінде Киев маңынан әскерін әкетті. Өйткені қантөгісті ұлғайтпау керек деп санадық. Бізді алдап соғуы мүмкін еді. Солай болды да. Ұлыбритания украиндықтарды соғысты жалғастыруға көндірді, ол фактіні ешкім жасырып отырған жоқ.

- Егер Батыстың Мәскеу мен Киев арасында бейбітшілік орнатуға қатысты шынайы ниеті болса, онда Зеленскийдің тыйым салу бұйрығының күшін құқықтық тұрғыдан жарамсыз деп табудың жолдары табылары анық.

PARANOIA.KZ

28 Jan, 16:03


БАҚ: Үндістан аймақтарында үш түрлі індет тарауда. Бір аймақта 17 адам көз жұмса, тағы бір аймақта 12 адам көз жұмған.

PARANOIA.KZ

28 Jan, 15:52


Конго Демократиялық Республикасында жағдай ушыға түсті. Ел астанасы Киншаса қаласында АҚШ пен Франция елшілігіне от қойылды. Бірнеше сауда орталығы тоналған. Батыстық дипломаттар орналасқан ғимараттарға автоматтан оқ жаудырылған.

PARANOIA.KZ

18 Jan, 19:29


Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім 19-қаңтарда, сағат 08:30-да күшіне енеді.

Келісім аясында Израиль 1890 палестиндікті тұтқыннан босатса, ХАМАС 33 адамды тұтқыннан босатады.

Келісімнің бірінші кезеңі 42 күнге созылады.

PARANOIA.KZ

18 Jan, 17:42


Курскідегі босқындар «бомж болдық» деп наразылық айтуда.

Украина шабуылынан кейін бас сауғалап, шекаралық аймақтардан Курскінің орталығына қашқан босқындар: «Не ақша жоқ, не берілген баспана жоқ, далада қалдық», - деп шулауда.

Видеода Курскінің орталығына жиналған 50-ге жуық адам. Олар Суджа және Большолдацкі аудандарының тұрғындары. Ақшалары таусылғанын, билік не жаңа төлемдерді, не баспана сертификаттарын бермеген.

PARANOIA.KZ

18 Jan, 11:14


Cирияның Латакия аймағында босқындардың үйіне қайтуына байланысты іс-шара өтуде. Іс-шара барысында Сирияның туынан бөлек Түркияның да туы көтеріліп, ғимараттарға ілінген. Бұл туралы Иран саясаткері Әли Абджалил былай дейді: "Латакияға қарап-ақ бір дүниені түсінуге болады. Сирия деген мемлекет бар, бірақ болашақта бір қарағанда оны Түркияның провинциясы екен деп қалуыңыз мүмкін".

PARANOIA.KZ

18 Jan, 10:35


Грузияның Қорғаныс министрлігі: “2025 жылы НАТО-Грузия әскери жаттығуын өткізуді ойластырып отырмыз.”

PARANOIA.KZ

18 Jan, 10:14


34 жыл бұрын...

1990 жылы тамызда Саддам Хусейн Кувейтке басып кіріп, тұтас мемлекетті аннексиялады. Саддам 1980-1988 жылдары Иранмен соғысқан болатын. Ол соғыстан кейін үлкен экономикалық дағдарысқа тап болды. Саддам көптеген елге қарыз еді, соның ішінде Кувейт және Саудия да бар болатын. Ол қарызды төлемеу сылтауларын іздеді. Артынша «Кувейт біздің мұнайымызды ұрлауда, біздің аумағымызға тиесілі жерден заңсыз мұнай өндіруде» деген жалған айып тағып, 1990 жылдың 2-тамызында Кувейтке басып кірді. Ол бірнеше күннің ішінде Кувейт әскерін талқандап, мемлекетті аннексиялады. Салдарынан Кувейттің 5 мыңға жуық сарбазы мен 4 мыңнан астам бейбіт тұрғыны көз жұмды. БҰҰ Ирактың әрекетін айыптап, Кувейттен әскерін дереу шығару туралы қарар қабылдады. Алайда Ирак қарарды орындамайтынын және Кувейт Ирактың жері екенін айтты.

Әлем елдері Ирактың мұнайын алудан бас тартты. Бағдадқа қару жеткізуге тыйым салды. АҚШ бастаған коалиция Сауд Арабиясына әскер топтастырып, «Шөл дала қалқаны» атты операцияны бастады. Операцияның мақсаты Сауд Арабиясын Ирактың шабуылынан қорғау болатын. Ал 1991 жылы 17 қаңтардан 18 қаңтарға қараған түні әйгілі «Шөл дала бораны» операциясы басталды. Операцияның мақсаты Кувейтті азат етіп, Ирак әскерін талқандау болатын.

Операция авиацияның соққы жасауымен басталып, жаяу әскердің қатысуымен жалғасын тапты. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Мысыр, Сауд Арабиясы, Кувейт бастаған әскер Ирактың әскерін талқандап, Кувейтті азат етті. Ирактың Кувейттегі әскері алғашқы аптада талқандалды, алайда Кувейттің толық азат етілгені 1991 жылдың 28-ақпанында жария етілді. Операция барысында Ирак 50-80 мыңға жуық сарбазынан, мыңдаған танк пен бронды техника, артиллериядан айырылды, ал біріккен коалиция шығыны 400 адамға жуық еді. Ирак әскері Кувейттен шегінер сәтте мұнай және газ орындарын жарып, отқа орады. Бұл үлкен экологиялық апатқа әкелді. Соғыстан кейін Ирак үлкен экономикалық дағдарысқа ұшырады, санкциялар салынды және ішкі қайшылық артты. Мысалы бірнеше мәрте күрдтердің ірі қарулы көтерілісі болды.

2002 жылы Саддам Кувейтке шабуыл жасағаны үшін Кувейт билігінен кешірім сұрады, алайда Кувейт кешірімді қабыл алған жоқ. Бағдад Кувейтке оккупация үшін шығынды әлі төлеп келеді. 2024 жылғы ақпарат бойынша 52 млрд доллар репарация төлеген.

PARANOIA.KZ

18 Jan, 09:01


IRNA: Иранның Жоғарғы Сотының ғимаратына шабуыл жасалды. Ғимарат ішінде атыс болған. Салдарынан екі сот қаза тауып, біреуі жарақат алды. Көз жұмған қызметкерлер тыңшылық және лаңкестік істерді қарастырған сот қызметкерлері еді. Шабуылды Иран билігі теракт деп қарастыруда.

PARANOIA.KZ

18 Jan, 08:58


Wall Street Journal: Трампты ұлықтау рәсімінен кейін АҚШ тарихындағы заңсыз мигранттарды депортациялау бойынша ең ауқымды операция басталады. Трамп 5 млннан бастап 12 млнға дейін мигранттарды депортациялауы мүмкін. Арнайы жасақ пен полиция операцияға дайындалу үстінде.

PARANOIA.KZ

18 Jan, 08:52


Рубль экономикамызды құлдыратуда - Азат Перуашев

Кеше Қазақстан Ұлттық Банкі жылдық 15,25% базалық мөлшерлемені өзгертпей сақтау туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев: «Бұл шешім емес, бұл - қорыққаннан басын құмға тығу!», - деп сыни пікірін білдірді.

Азат Перуашев:

– Инфляцияға теңгенің көптігі емес, отандық тауар өндірісінің жетіспеушілігі қысым жасайтыны, оның табиғи салдары ішкі нарықтың импортқа тәуелділігі екені баршаға бұрыннан белгілі. Ал доллардың нығаюы, дәлірек айтсақ, сауда шектеулерінің ауыртпалығынан Қазақстан да зардап шегетін Ресей рублі бағамының төмендеуі (рубльдің теңгеге айырбасталуына және республикада долларды сатып алуға байланысты) әсер етіп отыр. Салдарынан инфляция теңгені одан әрі құнсыздандырып, қысымға ұшырап жатыр. Бұл санкциялар салдарынан құлдыраған рубльдің экономикамызды да құлдыратып, жерге тыққанынша жалғасады!

PARANOIA.KZ

18 Jan, 08:42


АҚШ-тың Жоғары Соты Тик-Токтың шағымын қарастырды. Сот АҚШ билігінің шешімін қолдады. Енді Тик-Ток желісі не АҚШ-қа сатылуы тиіс, не АҚШ нарығынан кетуі қажет.

Тик-Ток АҚШ-тың Жоғары Сотынан шешімді қайта қарауды сұрауда.

АҚШ-та 170 млнға жуық адам Тик-Ток желісін қолданады. Аталған желіде донат алу бойынша да АҚШ азаматтары алда тұр. Компанияның АҚШ-тан кетуі желінің табысын еселеп азайтуы мүмкін.

Тик-Токтың АҚШ-тағы тағдырын Трамп әкімшілігі анықтамақ. Күні кеше Трамп пен Қытай төрағасы Си телефон арқылы сөйлесті. Тақырып арасында Тик-Ток мәселесі де талқы болған.

PARANOIA.KZ

18 Jan, 08:34


CNN: Солтүстік Корея жақын аралықта Ресейге тағы да әскер жіберуі мүмкін. Солтүстік Корея мен Ресей шекарасы маңындағы әскери топтасу соны көрсетеді.

Сурет пен видеода Ресей жеріндегі жаттығудағы Солтүстік Корея әскері.

PARANOIA.KZ

18 Jan, 08:26


Ресей МемДума төрағасының орынбасары, депутат Анна Кузнецова былай дейді: “Украинада балаларға сұмдық қылмыс жасалуда. Киевтік укронацистік режимнің қылмыстарын зерттесек түп-тамыры Еуропаға алып барады. Украина аумағында 60 мыңнан астам бала жоғалып кеткен. 23 мыңнан астам баланы құқық қорғау органдарының қатысуынсыз, яғни заңсыз негізде шетелге әкеткен. Ол жақта олардың өмірі мәз емес екені анық. Адам ағзасын саудалау, ЛГБТ индустриясы және басқа дегендей”, - депті🤦‍♂️

Ее де…Оккупациядағы төрт облыстан мыңдаған баланы Ресейге әкетіп, оны Киевке қайтару үшін БАӘ мен Катар мұрындық болып жүргені жайлы айтуды ұмытып кеткен-ау…

PARANOIA.KZ

18 Jan, 08:01


Украина дрондары түнде Туладағы мұнай базасына соққы жасады. Шабуылға 8-10 дрон қолданылған. Аталған мұнай базасы 60 цистерналы ірі қойма саналады.

PARANOIA.KZ

18 Jan, 07:56


Ресей әскері түнде Киевті баллистикалық зымырандармен атқылады. Зымыранның бірі су құбырына тисе, енді бірі тұрғын үйге түскен. Шабуыл салдарынан 4 адам көз жұмды.

PARANOIA.KZ

17 Jan, 20:12


Reuters: Қытай халқы үшінші жыл қатарынан демографиялық құрдымға кетуде. 2024 жылы Қытайдағы халық саны 1,39 млн адамға азайған. Қытай билігі «Бір отбасы – бір бала» саясатынан бас тартса да, демографиялық өсім көтерілер емес. Бұл Қытайдағы халықтың бала тууға қатысты ұстанымымен де тікелей байланысты. Қытайда 719,09 млн ер және 689,19 млн әйел адам бар. 60 жастан асқан азаматтардың саны 310 млн адамды құрайды. Бұл Қытайдың экономикалық өсіміне кері әсер етуде.

БҰҰ 2100 жылға қарай Қытайдағы халық саны 35 пайызға азаюы мүмкін деп болжам жасауда.

PARANOIA.KZ

08 Jan, 17:39


Кеосаян комада жатыр. Оған не болған?

Тигран Кеосаян қазақтарға қатысты не айтып еді?

Оның сөздеріне Қазақстанның жауабы қалай болды? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6124

PARANOIA.KZ

08 Jan, 17:06


Маргарита Симоньянның күйеуі Тигран Кеосаян 27-желтоқсаннан бері комада жатыр дейді бірқатар ақпарат көздері. Кезінде Қазақстанға қарата біраз сөз айтып еді. Біреу ауырып қалды дегенді естіген сәтте, саулық тілеуші едім. Бірақ бұл жолы емес...

PARANOIA.KZ

08 Jan, 16:50


БАҚ: Мехикода белгісіз азамат мүсіндер мұражайына кіріп, Нетаньяхудың мүсінін тас-талқан етті. Ол «Жасасын, Палестина! Жасасын, Судан! Жасасын, Пуэрто-Рико» деп ұрандатқан. Оның бұл әрекетін Израиль айыптады. Ал Мексика билігі мүсінді талқандаған азаматты үш жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.

PARANOIA.KZ

08 Jan, 16:36


Ресей, Энгельстегі мұнай базасында екінші мәрте жарылыс болып, 3 өрт сөндіруші көз жұмды. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Аталған мұнай базасында Ту-160 ұшақтарына қажет Т-8В маркалы жанармайы сақталып келген. Энгельсте стратегиялық бомбалаушы ұшақтар орналасқан әскери әуежай бар, мұнай базасы сол әуежайды жанармаймен қамтамасыз етіп келген еді.

PARANOIA.KZ

08 Jan, 16:16


Ресей Украинаның Запорож қаласына соққы жасап, 13 бейбіт тұрғын көз жұмды. Ондаған адам жарақат алды.

PARANOIA.KZ

08 Jan, 13:24


«Венгрия Ресейге деген тәуелділікті сақтап қана қоймай, еуропалық нарыққа АҚШ пен өзге де елдердің энергоресурстарын кіргізуге кедергі болуда. Егер Венгрия үшін ЕО мен АҚШ-тың қуатты болуы емес, Ресейдің қуатты болуы басты приоритет болса, онда оны ашық айтуы тиіс. Олар ЕО мен НАТО-дан шығып, ТМД мен ҰҚШҰ-ға кіреміз десе, біз Венгрияның орнын алмастыруға дайынбыз», - дейді Украина СІМ басшылығы.

Бұған дейін Венгрия билігі ресейлік газ бен мұнайды Еуропа нарығынан ысырып тастауды сынға алып, НАТО-ның шығысқа жылжуын қатаң айыптаған болатын.

PARANOIA.KZ

08 Jan, 11:33


БАҚ: Израиль әскері Сириядағы Эль-Кунейтра аймағының солтүстігінде 7 шақырым алға жылжып, аталған ауданды “жабық әскери аймақ” деп жариялады. Аймақтағы биіктіктердің барлығы Израиль қолына өтті. ЦАХАЛ байланыс бағаналары мен уақытша бақылау камераларын орнатуда.

PARANOIA.KZ

08 Jan, 11:26


Қара тізімдегі кемелерге қатысты Қытай билігінің ұстанымы өзгерді. Ресей неге ашулы?

Тыйым күші Қытай мен Ресейге қалай әсер етеді?

Ресейлік сарапшылар неге Қытайдың шешімін “арқаға сұғылған қанжар” деп бағалауда? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6123

PARANOIA.KZ

08 Jan, 07:39


Канаданың биліктен кетіп бара жатқан премьері Трюдо Канаданың АҚШ-қа ешқашан қосылмайтынын айтты.

Оған жауап ретінде Техас штатынан Конгресске кандидат Валентина Гомес былай дейді: “Егер АҚШ Канаданың АҚШ-тың құрамына кіргенін қаласа, онда ол кіреді. Бұған сен не істейі аласың, балақай? Ештеңе!”

Осы сәтте Трамп өзінің парақшасына Канаданы АҚШ-тың құрамында бейнелеген картаны жариялады.

PARANOIA.KZ

08 Jan, 07:28


Frankfurter Allgemeine Zeitung: Rheinmetall компаниясы Украинаға 2024 жылдың соңында Lynx бронды техникасының бірінші данасын жеткізді. Бұл жаңа әскери бронды техника саналады. Бронды техниканы жаттығу мен ұрыс алаңында сынап көру арқылы жаппай шығарудың қажеттілігі бар-жоқтығы анықталмақ.

PARANOIA.KZ

08 Jan, 07:23


БАҚ: Түнде Украина дрондары Саратов облысына шабуыл жасады. Энгельсте мұнай базасына дрондар соғылып, өрт шықты.

PARANOIA.KZ

03 Jan, 20:01


Пәкістан мен “Талибан” арасындағы қақтығыс ушыға түсті.

Он шақты күн бұрын Пәкістан Ауғанстан жеріндегі бірнеше елді-мекенге соққы жасады. Соққыны пәкістандық тарап аталған ауылдарда “Техрик-е Талибан” ұйымының мүшелері тығылып жатыр деп түсіндірді. “Техрик-е Талибан” ұйымы Ауғанстан мен Пәкістанның шекаралық аймақтарында топтасып, ұзақ жылдар бойы Пәкістанға қарсы соғысып келе жатыр.

“Талибан” шабуылдан әйелдер мен балалар өлгенін айтып, “Техрик-е Талибан” мүшелерін жасырмадық деп, соққыны агрессия ретінде бағалап, Пәкістан шекарашыларына қарсы шабуылға шықты. Арада атыс-шабыс күшейді.

“Талибан” Пәкістан жеріне өтіп, шекара маңындағы бірнеше ауылды басып алған. Қарымтасына Пәкістан соққыны күшейтіп, әскерді топтастырып жатыр. Сарапшылар жағдайдың ушығып кеткенін айтуда.

PARANOIA.KZ

03 Jan, 19:45


Приднестровьеде электр тапшылығына байланысты тоқты үнемдеу әрекеті күшейді. Тұтас аудандардың жарығын уақытша сөндіру, көше шамдарын өшіру іске асуда.

PARANOIA.KZ

03 Jan, 14:03


Axios: АҚШ президенті Джо Байденге әскери кеңесшілері мен сарапшылары Иранның ядролық нысандарына соққы жасау жоспарын таныстырды. Кеңес жабық форматта өтті. Ол бойынша Тегеран Трамптың инаугурациясына дейін ядролық қаруды иемденуге мүмкіндік алса, соққы жасау қажеттілігі айтылды. Әзірге Байден бұл жоспарға қатысты шешім қабылдаған жоқ.

PARANOIA.KZ

03 Jan, 13:53


Сириядан үш ақпарат:

1. Сирияның солтүстігіндегі Әл-Хол абақтысынан жүздеген сотталушы қашып кетті. Олардың басым көпшілігі ДАИШ (ИГИЛ) лаңкестері саналады.

2. Хомс қаласында Асад режиміне адалдық сақтап, оппозицияға берілуден бас тартқан қарулы топ пен ХТШ арасында шайқас басталды. Атыс қаланың бірнеше ауданында болуда.

3. Сирия мен Ливан шекарасы маңында қарулы қақтығыс болуда. Ливан әскері бірнеше сарбазының жараланып, екі сарбазының қаза тапқанын айтты. Бейрут қарулы қақтығысты Сирия жеріндегі қарулы топтың бастағанын айтты, алайда олардың қазіргі режимге қатысы бар-жоқтығы белгісіз.

PARANOIA.KZ

03 Jan, 11:07


Yonhap News: Ресей БҰҰ-ға Солтүстік Кореяға мұнай жеткізуге қатысты міндетті ақпараттық есепті бермеді. БҰҰ сайтында Мәскеудің әлі күнге дейін Пхеньянға жеткізілген мұнайдың көлеміне қатысты деректің берілмегені жазылған. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері 2017 жылы Солтүстік Кореяға жеткізетін мұнай көлемін шектеп, ал жеткізілген мұнайға қатысты ақпарат беруге келіскен болатын. Алайда Ресей мен Қытай 2024 жылы Солтүстік Кореяға жеткізген мұнайға қатысты ақпаратты толық бермеген. Мұнай жеткізетін елдер ай сайын есеп беруге міндетті.

PARANOIA.KZ

03 Jan, 10:23


Ақпарат көздері Астана-Щучинск жолындағы жаппай көліктердің соқтығысуынан зардап шеккендер жоқ екенін айтуда. Маңыздысы адамның өмірі ғой. Бастысы адамдар аман болсын.

Жолда абайлап жүріңіздер!

PARANOIA.KZ

03 Jan, 10:08


Астана-Щучинск жолында 40-қа жуық көлік соқтығысып қалыпты. Видеолары әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бастысы адам шығыны болмасын деп отырмын.

Ал Теміртау жақта 800-ден астам көлік ауа райына байланысты жолда тұрған көрінеді. Ауа райы еліміздің бірқатар аймақтарында құбылып тұр. Боран, аяз, тұман. Жолда абай болыңыздар. Ескерту хабарламаларына мән беріңіздер!

Видео Тенгриньюс арнасынан

PARANOIA.KZ

03 Jan, 10:01


Посткеңестік елдердің ішінде 1991 жылдан бері халық санының көбеюі бойынша ең жоғары көрсеткіш Әзербайжанда, ал халық саны азаю бойынша рекордты Молдова орнатыпты. Сарапшылар Балтық елдерінде, Ресейде, Беларусьта, Грузияда, Арменияда, Молдовада алдағы он жылдықта халықтың азаюы жалғасады дейді. Украинада соғыстан кейін экономикалық қиындықтарға қарамастан босқындар келіп, сәл өсім көрсетуі мүмкін деп болжаса, Орталық Азияда және Әзербайжанда өсім жалғасады деп болжам айтуда. Картинкада 1 жыл бұрынғы ақпарат көрсетілген.

PARANOIA.KZ

03 Jan, 09:43


Лукашенко: «26-қаңтарда сайлауды лайықты өткіземіз. Сайлауды той сияқты, мереке сияқты өткізу керек. Америкадағыдай бастан атып, құлақтан ататын шоу керек емес. Бізге бұл сайлаудың лайықты, әділ өтіп, ешқандай сынға қалмауымыз маңызды», - дейді.

26-қаңтарда Беларусьта президенттік сайлау өтеді.

PARANOIA.KZ

03 Jan, 08:39


Батыстық басылымдарда, қарулы қақтығыстарды зерттеу институттарында, ақпарат көздерінде Курск облысындағы ұрыстарға қатысты видео, фото дәлелдемелер өте көп. Соларды күнделікті кім не жазды, не салды деп қарап отырамын.

Курск облысындағы шайқастарда КХДР әскері шайқасып жатыр ғой. Видеолардан КХДР әскері жайлы түсінгенім мынау:

1. Сарбаздары рухсыз емес. Бұйрықты қарсылықсыз орындайтын сияқты.Мотивация бар. Мүмкін ол тірі қайтуға жанталас, мүмкін ақша, мүмкін Солтүстік Кореяда қалған отбасының жағдайын ойлау.

2. Тұтқынға түспеуге тырысады. Бір-екі жағдайда ғана тұтқын алынды. Оның өзі ауыр жаралылар, ақпарат бере алмай өліп кетті. Ал ресейліктердің өздері Курскте тұтқынға көп беріледі.

3. Заманауи қаруды қолданудан қиындықтары бар. Өздері шығарған ескі 1970-80 жылғы пулемет, автоматтарды қолданып жүр.

4. Дрондардан қорғану инстинкті әлі толық қалыптаса қоймаған. Ресей және Украина әскері дронның дыбысы естілсе болды, қашып, тығылу жолын іздейді. Қай бағыттан ұшып келе жатқанын біледі. Қорғану бойынша да бірқатар тәжірибе бар, мысалы бір адам бірнеше қорғаныс жилетін жамылып жата қалады немесе бетонның астына жасырынуға тырысады дегендей. Ал КХДР сарбаздары көп жағдайда дрон келіп соғылғанша қақиып тұра береді. Қорғануды білмейді, құр жата қалады. Бір видеода дрон келіп соғылғанға дейін 100-ге жуық сарбаз сапта тұрғанын көрдім.

5. Тиісті форма берілмеген сияқты немесе тым аз берілген. Ақ қарлы алқапта, қар басқан ашық далада жаздық жасыл әскери формамен жүгіріп жүр. Қыстық камуфляж неге берілмегенін түсінбедім.

6. Бронды техникамен КХДР әскерінің шабуылын қолдау жағы әлсіз. Көбіне бір-екі бронды техникамен немесе мүлде техника қолдауынсыз шабуылға шығады. Әрине ондай сәтте шығын көп болады.

7. Тілді түсіну және аударма жағынан қиындық бар сияқты. Географияны меңгеру де қиынға соғып жатыр. Бір шабуылда қате бағытта жүгіріп кеткен, оны ресейлік сарапшылар да айтты.

Шайқастарда КХДР әскері қырылып жатыр. Жаралылары көп. Бірақ бәрінде РФ әскерінің құжаты бар.

PARANOIA.KZ

03 Jan, 08:37


Курск шайқастарында аяқтарынан айырылған КХДР сарбаздары…

PARANOIA.KZ

03 Jan, 07:46


Оңтүстік Кореяда президентке импичмент жариялаған соң, оны тұтқындау ордері берілді. Президентті ұстау үшін бүгін күштік құрылымның 200-ден астам қызметкері президент резиденциясына келді. Алайда олар президентті тұтқындай алмады. Президент Юн Соктың күзет қызметі мен оның қолдаушылары күштік құрылым қызметкерлерін резиденцияға кіргізбеді. Бес сағат бойы резиденцияға кіруге талпынса да, әрекеттерінен түк шықпаған. Тұтқындау туралы ордердің күші 6-шы қаңтарда аяқталады.

PARANOIA.KZ

02 Jan, 19:05


Сирияның жаңа үкіметі білім беру бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізді. Енді Сирия оқулықтарында:

— «Осман оккупациясы» деген сөз тіркесінің орнына «Осман билігі» деп қолданылады.

— Асадтар отбасының суреттері оқулықтардан алынып тасталады

— «Әссәләму алейкум» сәлемдесуі сабақта қолданылады.

– Оқулықтардан «лотерея, жылдық пайыз, Құдайлар, Құдай-Ана, Арамей Құдайлары, Көктем құдайы» сияқты көптеген тіркестерді алып тастады.

PARANOIA.KZ

02 Jan, 17:02


Судандағы соғыстан бір көрініс. Ұрыс аймағынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау сәті. Бронды техника тұрғындарды қорғауға тырысуда.

Судандағы соғыс 2023 жылдың 15-сәуірінде басталды. Судан Қарулы күштері мен Суданның Жылдам әрекет ету жасақтары арасында кескілескен шайқас болуда. Азамат соғысынан 20 мыңнан астам адам көз жұмған.

PARANOIA.KZ

02 Jan, 15:04


БАҚ: Приднестровье билігі барлық өндіріс кешендерінің жұмысын тоқтатты. Тек қана азық-түлік өндіретін кешендер жұмысын жалғастыруда.

Украина аумағы арқылы ресейлік газды транзиттеу тоқтатылған соң, Приднестровье сепаратистері осындай шешімге келген.

PARANOIA.KZ

02 Jan, 14:36


The Sun басылымы өткен аптада Башар Асадты улағанын жазды. Асадтың жүрек соғысы күрт бәсеңдеп, есінен танған. Оған шұғыл медициналық көмек көрсетілген. Ресейдің бірқатар БАҚ-тары да бұл ақпаратты растады.

PARANOIA.KZ

02 Jan, 14:18


Жақында Радик Темірғалиевтің “Tamga.История казахских племен” деген кітабын оқып бітірдім. Қазақ руларының тарихы жайлы жазылған туынды.

Бүгін желіден осындай бір картаны көріп қалдым. ХХ ғасырдың басындағы қазақ руларының орналасуы деп көрсетіпті. Рушыл емеспін, тек тарих үшін қызықты ақпарат деп ойлаймын. Кей рулардың екі-үш аймақта шашырай орналасуы Жоңғар шапқыншылығымен, Патшалық Ресейдің саясатымен байланысты сияқты.

Арамызда тарихшылар бар ма? Карта жайлы не айтасыздар? Картадағы деректер шындыққа сәйкес келе ме?

PARANOIA.KZ

02 Jan, 13:34


Иран билігі Сауд Арабиясына қарсылық нотасын жолдады. Сауд Арабиясы екі күн бұрын Иранның 6 азаматына қатысты өлім жазасы үкімін іске асырды. Оларға есірткі сатты деген айып тағылған. Тегеран бірнеше жыл бойы 6 азаматын ақтап шығуға тырысты, алайда сот отырыстары нәтижесіз аяқталды.

Иран елшілігі “азаматтарға қатысты үкімді орындау бойынша ескертпе берілмеді” дейді. Яғни өлім жазасын іске асыратынын айтпай, үкім орындалған соң ғана Саудия билігі Иранды хабардар еткен.

2016 жылы қаңтарда Сауд Арабиясы Иранның азаматтары мен Иранға қатысы бар 47 адамды өлім жазасына кесіп, үкімді орындады. Соған байланысты Иран Сауд Арабиясымен дипломатиялық байланысын үзген еді.

2021 жылдан бастап екі ел қайта байланыс орната бастады.

PARANOIA.KZ

02 Jan, 13:22


“Мәскеу” өртенді…

Алматыдағы “Мәскеу” сауда орталығында өрт шығып, адамдырды эвакуациялауға тура келген. Өртті жылдам сөндіріп үлгеріпті. Зардап шеккендер жоқ.

PARANOIA.KZ

02 Jan, 13:15


БАҚ: Ресейдің Курск облысындағы Ивановское елді-мекеніне зымыран соққысы жасалды. Соққы 810-шы элиталық бригада сарбаздарын марапаттау сәтінде жасалған.

PARANOIA.KZ

02 Jan, 09:38


2025 жылы адамзатты не күтіп тұр? Бұған қатысты FT басылымы өз болжамын жасады. Басылымның 2024 жылға жасаған болжамының 90 пайызы дәл келген.

Сонымен Украина соғысы, Таяу Шығыстағы қақтығыстар, Африка құрлығы, АҚШ-тағы саясат және басқа жайлы не айтты? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6102

PARANOIA.KZ

02 Jan, 08:13


АҚШ-ты шулатып жатқан оқиғаның бірі, Лас-Вегастағы Трампқа тиесілі қонақ үйдің бірінің алдында Cybertruck-тың жарылуы болды. Жарылыстан бір адам көз жұмып, 7 адам жарақат алған. Қазіргі таңда жарылыс себептерін арнайы қызмет өкілдері тексеруде. Жарылысқа қатысты Маск мәлімдеме жасап, себебін анықтауға барын салатынын айтты. Кей ақпарат көздері жарылыстың қолдан ұйымдастырылғанын жазып жатыр. Ал полиция көліктің багажынан отшашудың көп мөлшері табылғанын айтты.

PARANOIA.KZ

02 Jan, 08:07


Кешігіп салынған ақпараттар тізбегі...

АҚШ-та 2025 жыл атыс-шабыспен басталды. Жаңа Орлеанда 42 жастағы Шамсуд дин Жаппар бір топ азаматты көлікпен қасақана қағып, артынша оқ жаудырды. Салдарынан 15 адам көз жұмып, ондаған адам жарақат алған. Полиция қызметкерлері қаскөйді оқиға орнында атып тастаған. АҚШ билігі оқиғаны теракт деп атады және бұл шабуылға өзге де азаматтардың қатысы болуы мүмкін екенін айтуда.

Нью-Йорктің Куинс ауданындағы «Amazura» түнгі клубында да атыс болып, бірнеше адам көз жұмды. Атыстың неден шыққаны белгісіз. Ақпарат көздері жауласушы топтар (банда) өзара жанжалдасып қалып, арты атыс-шабысқа ұласқанын жазды.

PARANOIA.KZ

01 Jan, 10:57


Ресейлік арналардың жазуынша желтоқсанның 30-нан 31-не қараған түні Украина теңіз дрондары бір емес, екі тікұшақты атып түсірген. Экипаж құрамының тірі қалуы екіталай дейді.

PARANOIA.KZ

01 Jan, 10:16


Ыстамбұл халқы 2025-тің алғашқы күнінде митингке шықты. Жүздеген мың адам “Газадағы геноцид тоқтасын!” деп ұрандатып, әлемдік қауымдастыққа үн қатуда.

PARANOIA.KZ

04 Dec, 08:49


БАҚ: «Талибан» қыздар мен әйелдерге медициналық оқу орынында білім алуға тыйым салды. Шешім күшіне енді және медициналық салада білім алатын студент қыздарды оқу орнына кіруге тыйым салына бастады. Медицина саласының басшылары шешімді өзгертуге тырысуда. Олар елдегі медициналық жағдай өте ауыр екенін, білікті мамандар тапшы екенін айтып, шешімді қайта қарауға шақырды. Алайда «Талибан» өз шешімін өзгертпейтінін айтуда.

«Талибан» билікті қолына алғаннан кейін, қыздарға білім алуға тыйым сала бастады. Алайда ЖОО-да медициналық салада білім алуға рұқсат етілді. Енді ол саланы да қысымға алуда дейді сарапшылар.

Ауғанстан жүкті әйелдердің көз жұмуы бойынша көшбасшы елдердің бірі саналады. Сонымен бірге әйелдерге медициналық тексеріс қол жетімді емес мемлекеттің қатарында. «Талибанның» жаңа заңдарына сәйкес ер адамдарға бөтен әйелдің денсаулығын қарауына көп жағдайда рұқсат жоқ. Ендігі таңда әйел азаматтарға медициналық білімге тыйым салынса, онда әйелдерді медициналық тексерістен өткізу тіпті қиындай түспек.

PARANOIA.KZ

04 Dec, 08:19


FT: Ресей әскері Херсон қаласына ауқымды шабуыл жасауға дайындалуда. Қазіргі таңда өзеннен өту үшін кемі 300 қайық дайындауда. Алайда Ресей әскері үшін өзеннен өтіп, жағалауға бекіну оңайға соқпайды. Минаға толы жағалау, кей тұстағы тасты шатқалдар мен Украина әскерінің артиллериясы, дрондар әскері үлкен шығынға әкелуі мүмкін.

PARANOIA.KZ

04 Dec, 07:56


Грузия. Кешегі митингтен бір көрініс. Түнгі қақтығыстарда 20-дан астам полиция мен 30-дан астам наразылыққа шығушы жарақат алған.

PARANOIA.KZ

04 Dec, 07:36


Reuters: Конго Демократиялық Республикасында 140-тан астам адам белгісіз жұқпалы дерттен көз жұмды. Елдің шығысындағы Кванго аймағында ауру тарап жатыр. Аймақ губернаторы індетті жұқтырушылардың саны артып келе жатқанын айтуда. Аурудың алғашқы белгілері дене температурасының көтерілуі, бас ауруы және жүректің айнуы. Әзірге қандай індет екені нақты анықталмады. Ақпарат көздері індеттің балалар мен әйелдер арасында тез тарап жатқанын айтты. ДДСҰ аталған аймаққа өз қызметкерлерін жіберді және індетті анықтауға тырысуда.

PARANOIA.KZ

03 Dec, 18:09


Оңтүстік Корея. Парламент ғимаратының алдында мыңдаған халық тұр. Олар "әскери жағдайға жол жоқ" деп ұрандауда. Заң бойынша Парламент "әскери жағдайды тоқтату туралы шешім" шығарса, әскер ол шешімге бағынуы тиіс. Алайда әскер президенттің әскери жағдайды тоқтату туралы бұйрығын күтетінін айтты.

PARANOIA.KZ

03 Dec, 16:40


Парламент спикері У Вон Сик: Ел президенті Юн Сокқа қарсы импичмент жариялауды ұсынамыз!

PARANOIA.KZ

03 Dec, 16:35


Оңтүстік Корея Парламенті Спикері әскери жағдайдың күшін жоятын шешімді мақұлдады.

Арнайы жасақ Парламент ғимаратын тастап шықты. Алайда ғимарат ауласынан алыс кетпеді. Парламенттің ғимаратының алдына мыңнан астам халық жиналып, наразылық білдіруде.

PARANOIA.KZ

03 Dec, 16:18


Санкция күшейді. Рубль соққы алуда…

Панама ресейлік танкерлерді тізімнен шығарды. Үндістан сотқа берді. Салдары қандай?

Ресейдің тынысы неге тарылуда? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6023

PARANOIA.KZ

03 Dec, 16:09


Арнайы жасақ Парламент ғимаратына кіруге талпынып жатқан сәтте, Парламент “елдегі әскери жағдайды тоқтату туралы” ұсынысты қолдап, дауыс берді. Осылайша Президент жарлығына қарсы шықты.

PARANOIA.KZ

25 Nov, 19:25


Axios: Израиль мен Ливан ұрыс қимылдарын тоқтатуға қатысты алдын-ала келісімнің мәтінін бекітті. Келісім 36 сағаттың ішінде күшіне енуі мүмкін. Келісімнің қысқаша мәтіні:

- АҚШ басшылығымен келісімнің орындалуын қадағалайтын арнайы мониторинг комитеті құрылады.

- “Хезболла” Литани өзенінің арғы жағалауына әскерін әкетеді. “Хезболла” Израиль шекарасына 30 шақырымнан артық жақындамайды. Ал осыған дейін “Хезболла” тұрған позицияларға Ливанның тұрақты әскері орналастырылады.

- “Хезболла” Литани өзенінің арғы жағалауына шегінген соң, Израиль Ливаннан өз әскерін шығара бастайды.

- Аталған іс-әрекеттер 60 күннің ішінде толық орындалуы шарт.

Әзірге тараптар ұрыс қимылдарын үдете түсті. Израиль Бейрутты тағы бомбалап жатыр.

PARANOIA.KZ

25 Nov, 18:52


Алматы. Жер сілкінісін сездіңіз бе?😱

PARANOIA.KZ

25 Nov, 18:42


БАҚ: Украина екі күн бұрын Украина ATACMS зымырандарымен Курск облысын атқылап, С-400 кешеніне соққы жасады. Шабуылдан кешеннің радары, ату қондырғысы мен жоғары жиілікті станциясы жойылған. Шығын құны ондаған млн долларды құрайды.

PARANOIA.KZ

25 Nov, 14:35


БАҚ: Украина түнде Курск облысындағы Халино әуежайына ATACMS-пен соққы жасады. Әуежайға зымыранның кассеталық түрімен шабуыл жасалған.

Ресей Қорғаныс министрлігі: Украина атқан баллистикалық зымырандарды әуе қорғаныс жүйелері қағып түсірді.

ISW: Желіде тараған видеода әуежайға кемі 5 зымыранның түскенін байқауға болады.

PARANOIA.KZ

25 Nov, 13:15


БАҚ: 28-қарашада Астанада өтетін ҰҚШҰ-ның жиынына Армения қатыспауы мүмкін. Алайда Ереван жиын барысында қабылданатын құжаттарға қарсылық білдірмейді.

PARANOIA.KZ

25 Nov, 13:06


БАҚ: Израиль Бейрутке соққы жасауда. Ливан астанасына кемі 12 зымыран түскен.

PARANOIA.KZ

25 Nov, 12:48


Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің ХХ Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнеконференция режимінде қатысады.

28 қараша күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді. Жиында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері талқыланады. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.

Ақпарат “Ақорда” арнасынан алынды.

PARANOIA.KZ

25 Nov, 10:54


Ресей қанша әскермен шабуыл жасамақ? Сарапшылар не дейді?

Ресейдің Запорожге шабуылы неге кешігуде?

Украина әскері шабуылды тойтаруға қалай дайындалып жатыр?

Не үшін сарапшылар бұл шайқасты “соғыстың ең ірі шайқасы” деп бағалайды? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5994

PARANOIA.KZ

25 Nov, 10:20


БАӘ-де Израиль азаматы, раввин Цви Коганды өлтірді деген күдікпен үш азамат ұсталды. Ақпарат көздері ұсталған азаматтардың Өзбекстан азаматы екенін айтуда. БАӘ билігі қастандықты қатаң айыптады және істі әділетті тергеуге уәде етті.

WSJ басылымы БАӘ ұсталғандардың кінәсін дәлелдесе, оларды өлім жазасына кесуі мүмкін екенін айтты.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 22:04


Ресейлік депутат: “Украина әскері Курскте 14 ауылды өртеп, 1139 кешенді жойды. Украин нацистері 300 мың шошқа, 27 мың сиырды өлтірді. Біздің қоймаларымызда 350 мың тонна астық бар еді. Бәрін тонап әкетті”, - дейді.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 18:39


Украинаның бүгін Storm Shadow зымырандарымен Ресейдің Крусктегі жерасты штабына соққы жасаған сәті.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 18:37


Defense Express: Украина Storm Shadow зымырандарымен Курск облысының Марьино елді-мекеніндегі «Барятинск» тарихи кешенінің жанында орналасқан жерасты штабына соққы жасаған. Штабта Ресей және Солтүстік Кореяның әскери шенділері болуы мүмкін. Фотода Барятинск кешені.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 15:00


Израиль Сирияға соққы жасады.

Сирия БАҚ-тары: Израильдің шабуылынан 36 адам көз жұмып, 50-ден астам адам жараланды.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 14:57


БАҚ: “Хезболла” Израиль аумағына зымыранмен соққы жасады. Төрт адам жарақат алған.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 14:51


АҚШ Украинаға кезекті әскери көмек пакетін жариялады. Құны 275 млн доллар.

Оған HIMARS-қа арналған оқ-дәрілер, 155 мм және 105 ммтрлік артиллериялық снарядтар, 60-мм және 81-ммтрлік минометтер, барлау дрондары, танкке қарсы қолданылатын TOW кешендері, Javelin және AT-4 жүйелері, автоматтар мен пулеметтер және басқа кіреді.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 14:46


Bloomberg: Украина бүгін алғаш рет Ресей аумағына Storm shadow зымырандарымен соққы жасады. Оккупациядағы Қырымға да зымыранмен шабуыл жасалған.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 14:38


БАҚ: Украина әскері Курск облысы, Марьино елді-мекеніндегі әскери базаға соққы жасады. Соққы зымырандармен жасалған.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 14:34


WSJ: Солтүстік Корея Ресейге генерал-полковник Ким Йон Бокты жіберді. Ол Ресейдегі Солтүстік Корея әскеріне басшылық етеді. Ким Йон Бок КХДР-дегі беделді генералдың бірі және Ким Чен Ынның әскери істегі бір кеңесшісі саналады.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 14:27


Германия Украинаға кезекті әскери көмек пакетін жариялады. Ол бойынша Украинаға беріледі:

- MARDER-лер және оған арналған оқ-дәрі;
- 47 дана MRAP көліктері;
- 1 радиолокациялық TRML-4D станциясы;
- 4 дана Panzerhaubitzen-2000 гаубицасы және оған арналған 40 мың снаряд;
- 20 дана VECTOR жоғары сапалы түсіріліммен жабдықталған барлау дроны;
- 12 дана HORNET XR барлау дроны;
- 100 дана RQ-35 HEIDRUN барлау дроны;
- 120 дана SONGBIRD барлау дроны;
- 60 дана Golden Eagle барлау дроны;
- 2 дана VT-4 Ray барлау дроны;
- 2 дана BIBER көпір салу техникасы және оған арналған бөлшектер;
- 3 дана WISENT-1 миналы алқапты тазарту танктері;
- 8 дана Caracal көліктері;
- 20 дана шекарашыларға арналған бронды көлік;
- 6 дана M1070 Oshkosh жүк көліктері;
- 100 мың HLR 338 мылтығы.

Украина Германиядан сапалы барлау дрондарын сұраған еді. Көмек пакетіне соны көбірек қосқанға ұқсайды.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 10:12


Трамп: “Билікке келген сәтте, Байден әкімшілігі Израильге қару жеткізуге кедергі келтірген барлық шешімнің күшін жоямыз. Израильге қажетті қаруды жеткізуді қамтамасыз етеміз. Өзін-өзі қорғай алатын негізде қаруды береміз”, - дейді.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 10:09


Байден биліктен кетер шағында БҰҰ-ның конвенциясына сәйкес тыйым салынған қаруды Украинаға беруді мақұлдады. Конвенцияны Ресей мен АҚШ мойындамаған!

Аталмыш қару ұрыс даласына қалай әсер етеді? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5976

PARANOIA.KZ

20 Nov, 10:06


The Times: АҚШ билігі Storm Shadow зымырандарымен Ресей аумағын атқылауға рұқсат етті. Зымыранды Ұлыбритания мен Франция шығарса да, онда АҚШ-тағы компаниялардың бөлшектері бар. Сәйкесінше Вашингтонның рұқсаты қажет. Ұлыбритания мен Франция билігі де Киевке өзінің рұқсатын берген. Алайда шешімін жария түрде мәлімдемейді.

PARANOIA.KZ

20 Nov, 08:51


Киевтегі АҚШ пен Испания елшілігі Ресей тарапынан ауқымды зымыран шабуылы жасалу мүмкін екенін ескертуде.

PARANOIA.KZ

16 Nov, 18:41


“Хезболла” Израиль аумағын атқылауда. Бірнеше зымыран ғимараттар мен көліктерге тиген.

PARANOIA.KZ

16 Nov, 16:16


БАҚ: Қытайдың Цзянсу аймағында ер азамат адамдарға пышақпен шабуыл жасап, 8 адам көз жұмды. 17 адам жарақат алған. Қытай полициясы оқиғаны теракт деп бағалауда.

PARANOIA.KZ

16 Nov, 16:13


Израиль ұшақтары Ливанның төрт қаласына соққы жасауда. Бейрут пен туристік қала саналатын Тир(Сур) қалалары да шабуылға ұшыраған.

WP басылымының жазуынша Трамптың Израильге қатысты көзқарасы Нетаньяхудың шабуылды үдетуіне себеп болуда.

PARANOIA.KZ

16 Nov, 16:08


Financial Times: Солтүстік Корея Ресейге артиллериялық кешендер мен гаубицалар жеткізуде. КХДР Ресейге кемі 50 дана 170-ммтрлік M1989 гаубицаларын берген. Сонымен бірге 20 дана 240-ммтрлік реактивті ату қондырғыларын жеткізген.

PARANOIA.KZ

16 Nov, 13:03


FT: Трамптың командасы Иранды жаңа ядролық келісім жасауға көндіру үшін, Тегеранға бұрын-соңды болмаған экономикалық қысым жасау стратегиясын қарастыруда.

PARANOIA.KZ

16 Nov, 11:00


Грузия:

Парламенттік сайлаудың қорытындысын қайта қарап, нәтижені мәлімдеді. Грузия ОСК-сі жеңісті биліктегі “Грузия арманы” партиясына берді.

Ал оппозициялық коалиция өкілі һәм депутат ОСК төрағасына наразылық білдіріп, қара сия шашты.

Грузия халқы бүгін митингке шықпақ…

PARANOIA.KZ

16 Nov, 06:47


БАҚ: Солтүстік Корея шекаралық аймақта дыбыс күшейткіш арқылы түрлі әуендерді қосып, Ким Чен Ынды ұлықтау жырларын 24/7 режимде қояда. Оңтүстік Кореяның шекара маңындағы тұрғындары түнде ұйқылары қашқанын айтып, билікке шағымдануда.

PARANOIA.KZ

15 Nov, 21:23


Абхазия оппозициясы билікпен келіссөздерді тоқтататынын мәлімдеді.

Бір сағаттың ішінде президент қызметінен кетсін, болмаса президент тығылған ІІМ ғимаратын басып аламыз деген еді. Енді оппозиция президенттің қашып кеткенін жазуда.

Абхазия президентінің баспасөз хатшысы: “Президент қызметін жалғастыруда. Ол қазіргі сәтте өзінің туған ауылы Тамышта”, - дейді

PARANOIA.KZ

14 Nov, 09:23


Израиль әскері бүгін Ливан астанасы Бейрут қаласына жойқын соққы жасауда.

Бейруттегі халықаралық әуежайдың маңындағы бірнеше ғимаратқа зымыран түскен. Қаланың әр тұсына соққы жасалуда.

Ливан билігі шұғыл түрде БҰҰ жиынын өткізуге шақырды.

PARANOIA.KZ

14 Nov, 09:10


Ресей билігі жаралы сарбаздарға берілетін қаражатты азайтты. Кей тұста 30 есеге!

Сарбаздарға қандай жарақаты үшін қаржы төленеді? Бастысы қанша төленеді? Көз, құлақ, аяқ, бас, омыртқаның құны қанша?

Ресейлік сарапшылар неге ашулы? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5954

PARANOIA.KZ

14 Nov, 08:01


Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық жағдай туралы мәліметті жариялапты.

9 айда 278,7 мың бала дүниеге келген. 99,5 мың адам адам қайтыс болған. 20383 адам елге келсе, 10201 адам елден кеткен.

PARANOIA.KZ

13 Nov, 20:05


CNN: Питер Хегсет АҚШ-тың Қорғаныс министрі болуы мүмкін. Ол Ирак пен Ауғанстанда арнайы жасақ құрамында соғысқан. Офицер. Кейін телеарнада жүргізуші болып қызмет еткен. Жасы 44-те.

PARANOIA.KZ

13 Nov, 19:42


Қытай әскері жаттығуларда робот иттерді қолдануды арттырған. Жапония БАҚ-тарының жазуынша соңғы ауқымды 5 жаттығудың төртеуінде Қытай робот иттерді қолданған. Робот иттер барлау қызметін атқарады. Алдағы уақытты жылжымалы байланыс құралын тасу қызметін де атқаруы мүмкін.

PARANOIA.KZ

13 Nov, 18:52


Әлгі деймін де…Қазақфильмде қылыш, найза, шоқпар қоры мол әә. Алда-жалда деп жатқаным ғой…Кино түсіруге)

PARANOIA.KZ

13 Nov, 18:47


“Мосфильм” өзінде бар әскери техникаларды Ресей әскеріне беруде. Бұл туралы режиссер Карен Шахназаров Путинмен кездесу барысында айтты.

2023 жылдан бері Ресей әскеріне 28 дана Т-55, 8 дана ПТ-76 танктерін, 6 дана БМП және 8 әскери техниканы сүйреуіштерді беріпті. Бұл техникаларды “Мосфильм” киноларды түсіруде қолданып келген екен.

Сонымен бірге түрлі кинодан түскен табыстан Ресей әскеріне 6 млн рубль аударыпты.

PARANOIA.KZ

13 Nov, 17:43


Дамаск: Израиль ұшақтары Сирияның Кусейр ауданына соққы жасауда.

PARANOIA.KZ

13 Nov, 17:25


БАҚ: Байден мен Трамп Ақ үйде кездесіп, билікті табыстауға қатысты мәмілеге келді.

PARANOIA.KZ

13 Nov, 17:20


Қоғам қайраткері, бұрынғы депутат Уалихан Қайсаров Ресейдің қазіргі көптеген аймағы тарихи тұрғыдан қазақтарға тиесілі болғанын айтты. Сарытау, Қорған, Омбы, Томбы, Орынбор және басқа жайлы айтты. Дәлелмен келтірді.

Уалихан Қайсаров Қазақстан тарапы тарихты жақсы білетінін айтып, мемлекеттер өзара жасасқан құжаттарды ұстануы тиіс екенін мәлімдеді.

PARANOIA.KZ

13 Nov, 17:07


The Times: АҚШ тарапынан әскери көмек тоқтатылса, Украина бірнеше айдың ішінде қарапайым ядролық бомбаны жасап шыға алады. 1945 жылы АҚШ әскері Нагасакиге тастаған “Толстяк” бомбасы қарапайым технологиямен жасалды. Киевке қазіргі таңда дәл сондай бомбаны жасау аса қиынға соқпас еді. Қажетті плутонийді ядролық реакторда қолданған жанармайдан алуға болады. Украина реакторларында 7 тоннаға жуық плутоний бар. Бұл кемі жүзден астам кіші ядролық бомба жасауға жеткілікті.

WP: Украина 1000 шақырымға жететін баллистикалық зымыранын жасауға жақын қалды. Кей дерек бойынша жабық сынама да өткізіп үлгерген.

PARANOIA.KZ

13 Nov, 16:46


Ресейлік БАҚ: Новосібірдегі әскери бөлімшенің бірінде кеше кешкісін 12 сарбаз бөлімшені тастап, қашып кетті. Олар бөлімшенің мүлкін талқандап, “бунт” деп ұрандатқан. Қазіргі уақытта қашқындардың жетеуі ұсталды, бесеуі іздестірілуде.

PARANOIA.KZ

09 Nov, 03:25


АҚШ-тың Әділет министрлігі Иранның Трампқа қастандық жасамақ болғанын мәлімдеді.

Иран билігі тыңшылар арқылы Трампқа қарсы қастандықтың жоспарын құрған дейді АҚШ-тың Бас прокуроры Меррик Гарленд. Қазіргі уақытта қастандық жоспарын құрды деген айыппен Иранның 51 жастағы азаматы Фархад Шакери айыпталуда. Ол бүгінгі таңда Иранда болуы мүмкін депті.

Сонымен бірге Нью-Йорктың екі азаматына, 49 жастағы Карлайла Ривера мен 36 жастағы Джонатан Лодхолтқа да айып тағылуда. Олар АҚШ-та Иранды масқаралайтын сюжет жасаған журналисті өлтірмек болған деген күдікке ілінуде.

PARANOIA.KZ

08 Nov, 18:55


Axios: Екі күн бұрын Трамп пен Зеленский телефон арқылы 25 минут сөйлесті. Сөз арасында Трамп Киевті қолдайтынын айтты, алайда нақты қандай қолдау екенін мәлімдемеді. Сөйлесу сәтінде Маск те болған. Ол Украинаны Starlink-пен қамтамасыз ете беретінін айтқан.

PARANOIA.KZ

08 Nov, 16:30


WSJ: Трамп билікке келе сала, Иранға орасан қысым жасауды ойластыруда. Ол Иранның мұнайына жан-жақты қысымды күшейтеді, санкцияны қатаңдатады. Трамп Иранның тыңшылары өзін өлтірмек болды деген ақпаратқа сенеді, сол себепті де барынша қатаң позицияда болмақ. Сарапшы Роберт Макналлидің ойынша Трамп Иран танкерлерін қабылдайтын порттарға санкция салулы ойластыруда.

PARANOIA.KZ

08 Nov, 16:26


БҰҰ-ның Адам құқығы департаментінің баяндамасы: Газада қаза тапқандардың 70 пайызға жуығы балалар мен әйелдер. Қаза тапқандардың ішіндегі ең кәрісі 97 жастағы әйел, ал ең жасы бір күндік бала. Жалпы көз жұмғандар саны 43508 адам, жараланғандар саны 102684 адамды құрайды.

PARANOIA.KZ

08 Nov, 10:13


Ресей президенті Владимир Путин Сочиден сөйледі. Сонымен президент Путин не дейді? Қараңыз:

ПУТИННІҢ БАЯНДАМАСЫ: БАТЫСҚА КІЖІНУ ҺӘМ СОҒЫСТЫ АҚТАУ
ПУТИН ДИАЛОГҚА ДАЙЫН: ОЛ ҚАНДАЙ ДИАЛОГ?

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5942

PARANOIA.KZ

08 Nov, 10:10


The Economist: Трамп Украинаны сатып кеткен немесе оның жеңілісіне себепкер болған тұлға ретінде тарихта қалғысы келмейді. Сол себепті де Киевті Мәскеуге толық жығып беруі екіталай. Трамп келісім жоспарын ұлықтау рәсіміне дейін әзірлеп, кейін тараптарға ұсынады. Қазір партияластары арасында да бұл қызу талқылануда. Алдағы үш ай Украина үшін қиын болмақ. Путин Украинаның энергетикалық жүйесіне соққы жасап, басшылықтың көзін жоюға талпынуы мүмкін.

PARANOIA.KZ

08 Nov, 09:11


Осындай бір қызық ақпарат жүр.

Өзбекстанда білім алатын шетелдік студенттердің саны бойынша көшті Үндістан бастады. Артынша Пәкістан тұр, үшінші орында Түркіменстан. Қазақстан бесінші орынға жайғасыпты.

PARANOIA.KZ

08 Nov, 09:03


Бишімбаев ісінен кейін қоғамда танымалдылыққа ие болған мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова қазақстандықтарға үндеу тастап, «Тәртіпті өзіңнен баста» қоғамдық акциясын бастауға шақырды. Ол акцияның мақсаты қоғамда құқық бұзушылықты азайту, жастарды заңды сақтауға шақыру дейді.

Видео: EL.KZ арнасынан

PARANOIA.KZ

08 Nov, 08:53


Ресейдің Мәскеу, Петербор, Екатеринбург, Новосібір аймақтарында Қырғызстанның милиция өкілдіктері ашылды. Басты мақсат Ресейдегі Қырғызстан азаматтарының еңбек ету барысында заңсыздыққа бармауын қадағалау, құқықтарын қорғауға көмектесу дейді.

Жауапты болып Петерборда милиция полковнигі Тологонов Таалайбек, Екатеринбургте милиция полковнигі Жороев Нурдин, Новосібірде милиция подполковнигі Асанов Эрнест тағайындалыпты. Ал Мәскеуде милиция полковнигі Жолдошев Кылычбек жауапты болмақ.

PARANOIA.KZ

08 Nov, 08:33


Әзербайжанда елге белгілі, қоғамға танымал Назакет Мамедова атты журналист, саясаттанушы бар. Ұзақ жылдар бойы түрлі жобаларды атқарды. Әсіресе медиа алаңда танымал болды. 2023 жылдың қазанында сол Назакет Мамедова құқық қорғау органдары тарапынан қамауға алынды. Не үшін?

Тергеу Назакеттің Ресей мүддесіне жұмыс істегенін анықтады. Ол YouTube-та Alfa TV («Альфа ТВ») атты арна ашады. Артынша әлгі арнада ресейлік бағыттағы материалдарды, ақпараттарды қарша боратады. Тек қана ақпарат салмай, сұхбаттар ұйымдастырады. Ақпараттарда Әзербайжанның мемлекеттік, ұлттық мүддесіне қайшы келетін ұстанымдар көп айтылған.

Тергеуде Назакеттің Мәскеуге жиі барып тұратыны анықталды. Онда құпия кездесулерге қатысып, қаржы алады. Транзакциялар да болып тұрған. Әрине оны тікелей өз атына емес, өзге біреудің атына рәсімдеп отырған. Әзербайжан БАҚ-тары оның ресейлік арнайы қызметпен байланысы болғанын жазуда.

Қысқасы тергеу оны кінәлі деп танып, «Отанға опасыздық жасады» деген айыппен 13 жылға бас бостандығынан айырды. Дұрыс!

PARANOIA.KZ

08 Nov, 07:36


Гайана билігі елдегі 18-100 жас аралығындағы азаматтардың әр қайсысына мұнайдан түскен қаржыдан 480 доллар аудармақ. Бұл бір реттік шара. Алайда оппозиция қаржыны ай сайын немесе белгілі бір мереке сайын аударуды ұсынуда.

Гайана 2015 жылға дейін кедей елдердің қатарында еді. 2015 жылы мұнайдың мол қоры табылып, оны игеру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда Гайананың ЖІӨ-мі ең қарқынды өсіп келе жатқан әлемдегі 10 елдің қатарында.

Көршілес Венесуэла Гайананың мұнайлы Эссекибо аймағын тартып алуға ниетті. Тіпті арнайы референдум да өткізді.

PARANOIA.KZ

08 Nov, 07:24


БАҚ: Саратовтағы МӨЗ-ге дрондар шабуылы болды.

PARANOIA.KZ

08 Nov, 07:10


Түнде Амстердамда Израильдің “Маккаби” футбол командасы мен “Аякстың” ойыны болды. Ойыннан кейін бетін бүркемелеген адамдар израильдік клубтың жанкүйерлерін жаппай соққыға жыққан. Қаладағы израильдіктер тоқтаған қонқа үйлерге шабуыл болған. Дүкендерді шаққан. Ондаған адам ауыр жарақат алған. Қазіргі уақытта жеті адам жоғалғандар тізімінде.

Израиль билігі шұғыл кеңес өткізіп, Амстердамға арнайы екі ұшақ жіберді. Нидерланды билігі қалаларға қосымша полиция күштерін топтастырды.

ЕО оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты комиссия құруға көмектесетінін айтты.

Сарапшылар болған оқиғаны 1938 жылғы, қарашаның 9-нан 10-на қараған түні Германия мен Аустрияда болған “Хрусталь түні” оқиғасымен салыстыруда.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 13:44


Трамп Путинге қоңырау соға ма?

Путин Трампты құттықтай ма? Песков не дейді? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5934

PARANOIA.KZ

06 Nov, 13:35


БАҚ: Каспийск портына жасалған шабуыл барысында “Татарстан” және “Дағыстан” атаулы кемелер істен шығуы мүмкін.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 11:23


Ауыр артиллерия, яғни “Путин отряды” ұйымы Дональд Трампты жеңісімен құттықтап, бірнеше “аса құнды” кеңестерін айтты. Трамп құлақ асады деген ойдамыз.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 10:33


“Хезболла” Израильдің Бен-Гурион әуежайын атқылады. Әуежайға ондаған зымыран атылған. Зымырандардың бірі әуежай ғимаратына түссе, енді бірі ұшу жолағына түскен. Әуежай тұрағындағы көліктерге де зымыран бөлшектері тиген.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 10:13


Трамптың жеңісі жарияланған соң, Мәскеу биржасында ресейлік компаниялардың акциялары күрт өсуде. Қандай компаниялардың акциялары өскен?

Сарапшылар Трамптың саясаты Ресей экономикасына ауыр болатынын айтуда. Неге?

Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5932

PARANOIA.KZ

06 Nov, 09:24


Әлеуметтік желіде “Курск облысындағы Солтүстік Корея әскерлері” деген атаумен аталмыш видео тарауда. Видеоның нақты қашан, қайда түсірілгені белгісіз.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 08:53


Бүгін Украинаның дрондары Дағыстандағы Каспийск қаласының портына шабуыл жасаған болатын. Соққы Ресейдің Каспий флотының кемелеріне жасалыпты. Ресейде өзі бес флот бар, соның бірі осы Каспий флоты. 2020 жылдан бастап флоттың негізгі базасы осы Каспийск қаласында орналасқан.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 08:45


Politico: Трамп Украинадағы соғысты бір күнде тоқтатуы екіталай. Қазіргі сәтте Ресей үшін 3 жылға жуықтағанда Донецк облысын басып алудың шынайы мүмкіндігі ашылды. Ал Трамптың жобасы соғысты кім қай жерді бақылауда ұстап тұр, сол аумақ бойынша қақтығысты тоқтатып, келісім бастауға итермелейді. Бұл Ресей үшін тиімді емес.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 08:38


Зеленский Трампты жеңісімен құттықтады. Қысқаша былай дейді:

"Мен президент Трамптың жаһандық мәселелерді реттеуде “бейбітшілікті күшпен орнату” атты ұстанымын қолдаймын. Дәл осы ұстаным Украинадағы соғысты әділетті бейбітшілікпен аяқтауға жақындатады. Біз бірлесе отырып осыны іске асырамыз деп үміттенемін. Трамптың дәуірінде қуатты АҚШ-тың болуын күтеміз. АҚШ-тың қос партиясы Украинаны қолдай береріне күмән келтірмейміз.

Украина Еуропаның қуатты әскери державасының бірі ретінде әлем мен Еуропада ұзақ та әділетті бейбітшілікті қамтамасыз етуге тырысуда. Оны біз одақтастарымыздың көмегімен іске асырып жатырмыз.

Президент Трамппен жеке кездесіп, құттықтауды және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуды талқылау сәтін асыға күтемін”, - дейді ол.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 08:12


Израиль премьері Нетаньяху Трампты “Ақ үйге тарихи негізде қайта оралуымен” құттықтады.

Трамп бұған дейін Байден әкімшілігін Израильге тиісті көмек көрсетпегені үшін айыптап, Иранды күшейтті деп сынға алған болатын.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 07:57


Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті басталды.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 07:54


Трамп: “Біз АҚШ халқы үшін салықты төмендетеміз. Мен соғыстарды тоқтатамын. Ал Америка енді қайта ұлы болады!” - дейді.

PARANOIA.KZ

06 Nov, 07:41


Трамп халық алдында сөз сөйлеуде.

“Мен жеңіске жеттім. Біз Сенатта, Өкілдер палатасында басымдыққа ие болудамыз. Бұл біздің ұлы жеңісіміз. Менің дәуірім АҚШ үшін алтын дәуір болмақ. Біз шекараны шегендейміз. АҚШ-қа адамдардың келгенін қолдаймын, алайда олар заңды жолмен келуі тиіс”, - деп Трамп алғашқы сөзін сөйлеуде.

PARANOIA.KZ

28 Oct, 17:10


Грузияның оппозициялық партиялары:

- Жаңадан жасақталған Парламенттің жұмысына бойкот жариялады.

- Қайтадан әділ, шынайы сайлау өткізуді талап етті.

PARANOIA.KZ

28 Oct, 17:05


Бәсе, осындай ақпарат қашан шығады деп едім)

PARANOIA.KZ

28 Oct, 16:30


“Грузин арманы” партиясының жеңісін мойындап, алдын-ала құттықтау жіберген Венгрия премьері Виктор Орбан бүгін Грузияға келді.

Орбанды көрген наразы халық оған “Ресейшіл сатқын”, “Путиннің жандайшабы” деп айғайлауда.

PARANOIA.KZ

28 Oct, 16:24


Грузияда Парламенттік сайлау нәтижесін мойындамаған оппозиция өкілдерінің қарсылық акциясы басталды.

Акцияны қолдауға ел президенті Саломе Зурабишвили келді.

PARANOIA.KZ

28 Oct, 13:47


Достар! Спиртке әуес болмаңыздар! Спортқа әуес болыңыздар!

Үйде де һәм түзде де,
Көктемде һәм күзде де.
БҰҰ-да да, садикте
БРИКС-те, саммитте,
Спортты сен ұмытпа!

PARANOIA.KZ

28 Oct, 13:42


БАҚ: Иран билігі Motorola компаниясының ұялы телефондарын елге кіргізуге және қолдануға тыйым салды. Бұл Ливандағы болған жарылыстардан кейін қабылданған шешім саналады.

PARANOIA.KZ

28 Oct, 13:32


Трамп соғысты аяқтаймын дейді. “Минск-3” келісіміне ұқсас жоспар құруда. Онда не жазылған?

Жоспарда “Жазалау әдісі” болмақ. Ол қандай әдіс?

Трамп Путинді өз айтқанына қалай көндіреді? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5892

PARANOIA.KZ

28 Oct, 12:52


Израиль ұшақтары Ливанның Тир (Сур) қаласына соққы жасауда. Аталмыш қала Ливанның туристік орталықтарының бірі саналады және 150 мыңнан астам тұрғыны бар. Израиль қаланың портты бөлігінде “Хезболланың” нысандары мен қоймалары көп дегенді айтуда.

PARANOIA.KZ

28 Oct, 12:47


НАТО-ның Бас Хатшысы Марк Рютте: “Солтүстік Кореяның әскері Курск облысына келуде. Біздің қолымызда фактілер бар және енді ол жайында біз нақты айта аламыз. КХДР әскері әлі ұрысқа қатыса қоймады”, - дейді.

PARANOIA.KZ

28 Oct, 11:06


🗣 Грузияда биліктегі "Грузин арманы" партиясы парламенттегі орындардың жартысынан көбін иеленгенін жариялады

🗳 Парламентке бес пайыздық межені еңсерген батысшыл төрт оппозициялық күш: "Өзгерістер үшін коалициясы" (11,04 пайыз), "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясы (10,16 пайыз), "Қуатты Грузия" (8,8 пайыз) және "Гахария Грузия үшін" партиясы (7,8 пайыз) да өтті. Оппозициялық партиялар дауыс беру қорытындысы бұрмаланды деп отыр.

Сонымен, сайлаудың ресми қорытындысына сай, 11-шақырылымдағы Грузия парламентіндегі 150 орынның 89-ы "Грузин арманы" партиясының еншісіне тисе, "Өзгерістер үшін коалициясы" – 18, "Бірыңғай ұлттық қозғалыс" партиясы – 17, "Қуатты Грузия" – 14, "Гахария Грузия үшін" партиясы – 12 орын иемденеді.

🇬🇪 Грузия президенті Саломе Зурабишвили сайлау қорытындысына келіспейтіндерді 28 қазан кешке ел астанасындағы Руставели даңғылына акцияға шығуға шақырған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

PARANOIA.KZ

28 Oct, 10:38


БАҚ: Әскери сарапшылар әлемдегі ең тиімді жаяу әскердің ұрыс көлігін (БМП) анықтады. M2 Bradley-ді үздік деп таныды. Ұрыс жүргізу, жеке құрамды соққыдан сақтау, жылдамдық және маневр жасау алуандығы оны үздік деп тануға себепкер болған.

Видеода Bradley көлігі Курск облысында ұрыс салуда.

PARANOIA.KZ

28 Oct, 10:27


Ресей әскері Донбасста Селидово қалашығының басым бөлігін басып алды. Қаланың батыс бөлігінде украин сарбаздары тұр, алайда олар көп ұзамай тиімді позицияға шегінері анық.

Донбасс бағытында Ресей шабуылын үдетуде және Запорож бағытында жаңа шабуылға шығу мақсатында әскер санын арттыруда.

PARANOIA.KZ

25 Oct, 16:08


ISW: Украина әскері Курск облысында айырылып қалған аймағының бір бөлігін қайта қайтарып алды. Кореневоның оңтүстік-шығысында алға жылжып, екі биіктікке бекінді. Снагость өзені мен Дарьиноның солтүстік бағытында да алға жылжу бар.

PARANOIA.KZ

25 Oct, 15:57


Bloomberg: Солтүстік Корея Ресейге 8 млнға жуық снаряд жеткізген. Бұл Ресей әскері қолданатын снарядтың 60 пайызы деген сөз. Ал ресейлік снаряд 30 пайызды құрайды, Иранның снаряды 10 пайызды құрап отыр. Солтүстік Кореяның Ресейге берген снаряды Батыстың Украинаға берген снарядынан 2,5 есе көп. КХДР Ресейге снарядтан бөлек 100 дана Hwasong-11 зымыраны мен танкке қарсы Bulsae-4 жүйелерін жеткізуде.

PARANOIA.KZ

25 Oct, 14:18


Ресейдегі базалық (негізгі) мөлшерлеменің бұл жолғы өсуі рекордтық көрсеткішке жетті дейді сарапшылар.

Тіпті 2014 жылы Ресей Қырымды басып алып, санкция астында қалып, мұнай бағасы құлаған сәтте де бұндай болмаған. 2022 жылы Ресей көп санкцияның астында қалғанда да негізгі мөлшерлеме бұлай көтерілмепті.

PARANOIA.KZ

25 Oct, 13:39


Набиуллина: Базалық мөлшерлеменің көтерілуіне қарамастан, Ресейдегі инфляция 2024 жылы болжамнан екі есе жоғары болды. Орталық Банк әзірге инфляцияның төмендеуін болжай алмайды. Өкінішке орай Ресей экономикасының қызуы (перегрев экономики) қарқынды жүруде және болжамнан ауытқуда.

PARANOIA.KZ

25 Oct, 13:30


Ресейдің Орталық Банкі базалық мөлшерлемені (негізгі мөлшерлеме) 19%-дан 21%-ға көтерді.

Сонымен бірге желтоқсан айында мөлшерлеме тағы да 2%-ға көтерілуі мүмкін. Оны Набиуллина айтты.

Ал сарапшылар наурызға дейін базалық мөлшерлеме 25-28 арасында болуы мүмкін дейді.

PARANOIA.KZ

25 Oct, 08:08


WSJ: Илон Маск Путинмен ұдайы байланыста. 2022 жылдың соңынан бастап Путин мен Маск түрлі тақырыпта пікір алмасқан. Оның ішінде геосаяси шиеленістен бастап, жеке тақырыптар да бар. Маск Ресейдің өзге де билік басындағы шенеуніктерімен байланыста.

The Wall Street Journal-дың жазуынша 2023 жылдың соңында Ресей Маскке өтініш айтып, Starlink спутниктік байланыс терминалдарын Тайуанда қоспауды сұраған. Ресей бұл өтінішті Қытайдың сұрауы бойынша айтқан. Қазіргі таңда Тайуанда Starlink жүйесі ресми қосылмады және байланысы өте төмен деңгейде.

Масктың өзі Путинмен 2021 жылы бір мәрте ғана сөйлескенін айтты.

WP: Украина әскерінің Угледар қаласы үшін ұрыстар мен Торецк шайқастарында Starlink-тің байланысының нашарлауы байқалады.

PARANOIA.KZ

25 Oct, 08:05


Халықаралық Қылмыстық Сот Моңғолияға қатысты ресми мәлімдеме жасады. ХҚС Путин Моңғолияға барған сәтте, Моңғолия билігі оны тұтқындауы тиіс еді дейді.

“Путинді тұтқындамай, Моңғолия соттың талабы мен ережесін бұзды. Бұл Рим статутына қарама-қайшы әрекет”, - делінген мәлімдемеде.

ХҚС халықаралық қылмыс жасаған адамдарды тұтқындау шешімі жекелеген мемлекеттердің ұстанымынан жоғары екенін атап өтті. Ендігі таңда ХҚС Моңғолияның әрекетін қарастырып, оған қатысты шешім шығармақ.

PARANOIA.KZ

25 Oct, 07:24


FT: Израиль Иранға қарсы соққы беру жоспарын өзгертуде. Ендігі таңда Израиль бұрғылаушы бомбалар арқылы Иранның жерасты қоймасындағы зымырандарын жоюды ойластыруда. Израиль ұшақтары әуеде жанармай құю дайындықтарын үздіксіз жүргізуде. Израиль шабуылда 50-ге жуық ұшақ пен ондаған шабуылдаушы дрондарды қолдануы мүмкін.

PARANOIA.KZ

25 Oct, 07:20


The New York Times: Аятолла Иран әскеріне Израильге қарымта соққы жасауға дайындалуды бұйырды. Израильдің соққысы жойқын болмаса, онда Иран қарсы соққы жасамай, жағдайды ушықтырмауға тырысады. Ал егер Израиль шабуыл барысында Иранның мұнай және ядролық нысандарын жойса, онда Тегеран қарсы соққы жасайды. Қарсы соққыда 1 мың дана зымыран мен дрон және аймақтағы Иранның прокси күштерін қолдануы мүмкін.

PARANOIA.KZ

25 Oct, 07:07


Лукашенко: СОҒЫСАМЫЗ!

Лукашенко Ресей шенеуніктеріне ескерту жасап, соғыс жайлы айтты. Былай дейді:

“Ресейдің биік мінбердегі шенді-шекпенділерінің арасында Беларусьты қосып алғысы келетіндер бар. Алайда бұл әрекетті іске асыру соғысқа ұласады. Сендер кішкентайсыңдар, біз үлкенбіз, біздің экономикамыз мынандай, сендердікі былай дейді. Біз сендерге көмектесетін боламыз, Ресей құрамына қосылыңдар дейді. Сұрақты бұлай қоюға болмайды. Бұл мүмкін емес, ешқашан іске аспайды. Айтуға да қорқып тұрмын, алайда бұл тіпті соғыс деген сөз ғой!”

PARANOIA.KZ

25 Oct, 05:43


Республика Күні құтты болсын! Ел аман, жұрт тыныш, ту биік, тұғыр мықты, халық бай, әскер қуатты болсын!

PARANOIA.KZ

24 Oct, 18:34


Ресейдің Челябі облысы, Коркино қалашығына арнайы жасақ кіргізілді.

40 жастағы таксист әйелді белгісіз біреулер өлтіріп кеткен. Жергілікті чатта “өлтіргендер сығандар” деген ақпарат тараған. Ондаған адам жиналып, сығандардың үйлерін талқандап, көліктерін аударып, бірнеше үйді өртеп жіберген. Сығандарды ұрып-соққан.

Арнайы жасақ өкілдері агрессия көрсеткендерді ұстауда. Ал сығандардың көбі өзге аймақтарға кетуде дейді ресейлік ақпарат көздері.

PARANOIA.KZ

24 Oct, 17:15


Шешенстанның Грозный ауданы, Петропавл станциясы маңында Росгвардияның көлігіне шабуыл жасалды. Көлікке белгісіз адамдар автоматтан оқ жаудырған. Сарбаздар арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Қазіргі таңда шабуыл жасаушылар іздестірілуде.

PARANOIA.KZ

24 Oct, 16:10


Украинаның барлау қызметі: “Солтүстік Кореяның дайындықтан өткен алғашқы сарбаздары Курск облысына келе бастады. Бүгінде Ресей жерінде 12 мыңға жуық КХДР сарбазы бар. Олардың ішінде 500 офицер мен 3 генерал бар”.