Бұл туралы аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ерейментау ауданы аумағында учаскелік инспекторлар «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы аясында заңсыз фитолаборатория жұмысын тоқтатты», – делінген баспасөз хабарламасында.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері есірткі құрамдас өсімдіктер өсірілген ыдыстар мен өңделген шикізатты тәркіледі. Шикізаттың нақты құрамы мен салмағын сот-химиялық сараптама анықтайды.
«Күдіктінің айтуынша, өсімдіктердің тұқымын ол жаз мезгілінде өзі жинап, арнайы бөлме дайындаған. Қажетті жабдықтарды: шамдар, терморегуляторлар, желдеткіштер сатып алған. Есірткі құрамдас өсімдіктерге қалай күтім жасау және олардан шикізат дайындау туралы ақпаратты ол интернеттен алған», – деп түсіндірді полиция депртаменті.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.