Usbanov ARNASY @usbanov Channel on Telegram

Usbanov ARNASY

@usbanov


Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Promotional Article for Usbanov ARNASY Telegram Channel (Kazakh)

Usbanov ARNASY каналы - бұл Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады. Канал арқылы сіз осы тақырыптар туралы алғашқы ақпарат алуға болады. Usbanov ARNASY каналының құрамы Mezgil.kz сайтына тиесілі ақпараттармен толтырылған. Каналда саясат және экономика саласындағы мақалалар, соғыс жағдайлары және кризистер туралы актуалды ақпараттар талғаларын тапсырасыз. Usbanov ARNASY каналы арқылы әлемдік жаңалықтар және құжаттар, тайғау және саяси тақырыптарға тыңдауға болады. Бұл каналды толықтай дайындау үшін @usbanov маусымды немесе кез келген уақытта тексеріңіз.

Usbanov ARNASY

21 Nov, 14:51


Осыған дейін Украина «Storm Shadow» зымыранымен Курскі облысындағы Марьинодағы командалық басқару пунктіне соққы жасағаны айтылған.

Сол соққыдан 18 сарбаздың қаза тапқан, 33-і жараланған.

Жараланғандардың 3-еуі солтүстік Корей сарбаздары. Екеуінің жағдайы өте ауыр болса, бір медбике жеңіл жараланған.

Usbanov ARNASY

21 Nov, 14:47


Британ армиясының өкілі: Біз Шығыс Еуропада Путинмен соғысуға дайынбыз!

Ұлыбритания ҚК Бас штабы басшысының орынбасары Роб Магова: «Егер Британ армиясына бүгін түнде соғыс десе, біз бүгін шайқасқа кіруге дайынбыз!», - дейді.

Usbanov ARNASY

21 Nov, 14:39


Ағымдағы жылдың қазан айында 70 мыңнан астам қырғызстандық Ресей Федерациясының көші-қон заңын бұзған.

Оларда еңбек немесе азаматтық-құқықтық келісім-шарт, саусақ ізін тіркеу, басқа да қажетті құжаттар болмаған.

Usbanov ARNASY

21 Nov, 13:56


Санкция:

Ресейлік әуе компаниялары санкциялық шектеулерге байланысты шетелдік ұшақтарды жөндей алмай, ақыры 34 дана Airbus ұшағын тоқтатты.

Әңгіме Airbus A320neo және A321neo ұшақтары жайлы болып отыр. Ресейде мұндай 66 лайнер бар екен. Оның тең жартысы қораға кірді. Бұл дегеніңіз - Ресейдің бүкіл флотының тең жартысы деген сөз!

Usbanov ARNASY

21 Nov, 12:10


Ресейдің континенаралық балистикалық зымыранмен Украинаның Днепріне жасаған бүгінгі соққысының тағы бір видеосы...

Usbanov ARNASY

21 Nov, 12:09


Politico: Украина Байден әкімшілігінен Ресей территориясына соққы беру үшін америкалық «Томагавк» зымырандарын пайдалануға рұқсат беруін сұрамақ.

Usbanov ARNASY

21 Nov, 12:07


Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Галлантты Газада әскери қылмыс жасады деген айыппен қамауға алуға ордер берді.

Usbanov ARNASY

21 Nov, 12:05


“Ресейдің Днепрге құрлықаралық баллистикалық зымыранмен соққы жасаған сәті” деген атаумен, аталмыш видео тарауда. Ақпарат көздері Ресейдің РС-26 “Рубеж” зымыранын қолданғанын жазуда. Зымыранның салмағы 40-60 тонна, ал ұшу қашықтығы модернизациясына байланысты 3-7 мың шақырымды құрайды. Зымыран нысанаға жақындаған сәтте бірнеше бөлшекке бөлініп, соққы жасайды.

Зымыран алғаш рет соғыс жағдайында қолданылып отыр.

Usbanov ARNASY

21 Nov, 12:04


2022 жылдан бастап 2024 жылдың қазан айына дейін 6665 Ресей азаматы Қазақстан азаматтығын алды, оның 2199-ы Қандастар, деп хабарлады ҚР ІІМ.

Usbanov ARNASY

21 Nov, 11:56


Дәл қазір ғаламтордағы ең қызу талқыланып жатқан сурет осы.

Егер жаһан жұрты ядролық соғысты бастай қалса, қай елдер ядролық қару зардаптарын көбірек тартатыны, қай елдер қауіпсіз аймақ саналатыны бейнеленген.

Ең қауіпсіз елдер - Австралия, Бразилия, Парагвай және Аргентина екен. Ал Қазақстан ядролық державаларға жақын орналасқан мемлекет болғандықтан, қою қызыл, яғни қауіпті аймаққа кіреді.

Usbanov ARNASY

21 Nov, 11:50


Ресей СІМ-і: НАТО Молдованы Украина қарулы күштерін қамтамасыз ететін логистикалық базаға айналдыруға тырысуда!

Usbanov ARNASY

21 Nov, 11:41


Әуелі жаңалықтан бастайық: ТМҰ аясында Түркі мемлекеттерінің ортақ Әнұраны жазылғалы жатыр.

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5985

Usbanov ARNASY

21 Nov, 11:11


шариғатпен емес, тиісті заңнама нормаларымен реттелуі тиістігін ұмытпайық!

Ермұрат Бапи,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі

Usbanov ARNASY

21 Nov, 11:11


Жуықта өткен Республикалық фермерлер форумында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былай деді (түпнұсқадан қаз-қалпында): «Сегодня красивая жизнь в соцсетях и агрессивная реклама так называемого «успешного успеха» создают у людей иллюзию, что добиться всего легко и просто. Какая-то часть молодежи в это верит и тратит свое драгоценное время впустую».

Міне, осы «успешный успех» бүгінде қоғамдық пікірге ықпал ету саясатына ауыз сала бастады. Президенттің пікір призмасы арқылы қоғамда орын алған жекелеген жәйттерге тоқталайын.

Жуықта әлеуметтік желілер арқылы Парламент Сенатының бұрынғы басшысы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйғызбай мақтаған видео тарағаны мәлім. Әлбетте, тақырыпқа желеу болған персонаждың басқалардан адами «артықшылығы» болса, оған ешқандай дау жоқ. Бірақ бұл адам – Дариға ханым кеше ғана елдегі екінші басшы ретінде жоғары саяси лауазым иесі болғанын ұмытпаған жөн. Сондықтан бұны бұрынғы саяси режимнің «артықшылығын» дәріптеуге арналған, қоғамдық санаға сіңірілмек саяси манипуляция деп қабылдау керек.

Әсіресе қазақ қоғамына (қайталап айтам, қазақ қоғамына) іріткі салуға астыртын бағытталған осындай «ескіні аңсау» үрдісі бүгінде саяси сипат ала бастаған сияқты. Әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан мұндай манипуляция арқылы «жаңа Қазақстанды» саяси жік-жікке бөлу, өш алу, есе қайтару, «қайтып келу» әрекетінің әлпетін сезіну қиын болмаса керек.

Мәселен, тағы бір мысал: Қаңтар оқиғасына тікелей қатысы бар, қантөгіске себепші болды деп саналатын «теріс діни ағым» иелері ендігі жерде қоғамның саяси санасына «қиқым салуға» белсенді түрде кірісуде. Бұған тағы да сол «успешный успех»-қа жеткен бұрынғылар мұрындық болуда. Қаңтарда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттеніп, ақырында шетелге қашып кеткендер біртіндеп елге орала бастады.

Енді олар ел ішіне ұлттық мұра мен салт-санаға қарсы идеологияны үйіріп, реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасауда. Мақсат – әзірге онсыз да ала-құла қоғамда әлеуметтік-протестік теңселіс пен наразылық тұрғысында толқулар тудыру. Әлеуметтік желілер мен таралымы миллионға тақау жазылушысы бар танымал интернет ресурстарға қаржылай көмек беру арқылы оларды өз «бауырларына» басып, ашық платформалар арқылы саяси теңселістер тудыруға ниетті. Маған мұндай инсайдерлік ақпараттың бірнешеуі жетті.

«Бүгінгі билік отставкаға кетеді», «мерзімінен бұрын өтетін сайлауларға дайындық жүріп жатыр», «депутаттардан ұят кетті» (мен өзімді ұяттан кеттім деп айта алмаймын және өзгеге де айтқызбаймын) деген сияқты жалаң трендтердің әлемжеліге еркін тарауына сол реваншистік күштердің қолтыққа су бүрку әрекеттері себеп болуда. Бұның бәрі «бұрынғының кезінде мұндай болмаған» деген тезисті тарату арқылы қоғамдық санаға солақай саңылау салудың саяси технологиясы деп қабылдау керек.

Мен дәл осындай контрпропагандалық материалдардың бір парасын тиісті ведомстволардың жоғары лауазымгерлеріне жолдаған едім. Енді қоғамға іріткі салушы түпнұсқаларды анықтауды, ең бастысы – ел-жұртқа жік салу пиғылы бар осындай «ескішіл» астыртын күштерді анықтауды, олар жөнінде қоғамға толыққанды ақпарат беруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығынан сұраймын.

Әлбетте, мен мүдделі мекемелерді мәні майысқан мәселенің анық-қанығын, мемлекттің діңі мен діңгегін солқылдатуға тырбанған реваншистік күштерді анықтауға шақырғанда, депутат Бапи сөз бостандығына нұқсан келтіруге әсер етуде деген ой болмауы керек. Ешқандай заңсыз қудалау болмауы тиіс. Бұл ұлттың, елдің, мемлекеттің тұтастығына тәнтіліктен туған әрекет деп қабылдануы керек.

Бірақ жеме-жемге келгенде, «ескішілдік» технологиясы ұлттық тұтастыққа қастық қылатын, қазақ қоғамын саяси лагерьлерге бөлшектеуге құштар «сөз бостандығы» біздің елдік болашағымызға қатер тудыруы әбден мүмкін. Қазақстанның қауіпсіздігіне, жуық болашақтағы елдік мұратына қаскүнем мұндай сөз бостандығы бізге қажет емес деп санаймын.

Сол сияқты «бұрынғы билікті» аңсаушылар ушықтырып, қазақтар мен жалпы мұсылмандар дүниесін «жаңа Қазақстанға» қарсы айдап салып жүрген діни-саяси әрекеттер де әшкереленуі керек. Қазақтың мың жылдық ұлттық мұраттары мен ұлттық салт-дәстүрі

Usbanov ARNASY

21 Nov, 11:11


«Ескі Қазақстанды» аңсаушылар бас көтере бастады...

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Ермек Сағымбаевқа!

ҚР Ақпарат және мәдениет министрі

Аида Балаеваға!

Usbanov ARNASY

21 Nov, 11:08


Ресейдің “Каспий флотының” Каспий теңізіне әсері қандай?

Экобелсенділер не дейді?

2018 жылғы бес ел (Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Иран және Ресей) бірігіп жасаған келісімде не жазылған? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5984

Usbanov ARNASY

21 Nov, 11:07


Мұнайшылар дауы: Таған Қашанов кім?

Жаңаөзен мұнайшыларының тақырыбы қоғамда қыз-қыз қайнап тұрған тақырыптардың бірі. Әсіресе Жаңаөзендегі «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» (БЖБ) мекемесінің жұмысшыларының ереуілдеп тұрғанына аз уақыт болған жоқ.

Осының алдында ғана Жаңаөзендегі ереуілшілер алдына барған «ӨзенМұнайГаз» АҚ Бас директоры Жанболат Саймағамбетовтың боқтық сөздер айтқаны әлеуметтік желілерге желдей тараған. Ереуілдеген мұнайшылардың алдына барып, диалогқа шақырған Саймағамбетовтың сөзінше: Ереуіл басталған алғашқыда 2000-ға жуық адам жұмысқа шығудан бас тартқан. Кейін әрқайсына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талап-тілектері ескеріліп, диалог арқылы көпшілігі жұмыстарына оралған. Қазір 280-нен астамы ғана қалған.
Ал видеода ол Саймағамбетов дөрекі сөйлеп, ұрсып тұрған адам «Барлау жұмыстары басқармасы» мекемесінің кәсіподақ төрағасы Таған Қашанов деген кісі көрінеді.

Осыдан соң, әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа дәл осы Таған Қашановқа қатысты да тың ақпараттар тарады. Оның өткені мен қазіргі қызметіне қатысты деректер тарауда. Онда:
Жаңаөзенде мұнайшыларды ереуілге бастап жүрген белсенді Таған Кашановтың мекемеде көлік жүргізушісі ретінде бір, профсоюз лидері ретінде екі айлық алатыны, айлық табысы 2 млн теңгеге жуықтайтыны айтылады. Мақсаты – профкомнан айырылып қалмаудың қамы екені баяндалады.

Онан соң, Таған Қашановтың «қылмысты өткені» жайлы сөз болады. Нақтылап айтқанда есірткімен ұсталып, істі болғаны айтылады. Оқиға 2021 жылдың 4 сәуірінде, Ақтау халықаралық әуежайында болған. Таган Қашанов Ақтаудан Шымкентке ұшар алдында, әуежай тексерісінен өткен. «Рапискан» құрылғысы арқылы тексерістен өтіп жатқанда, шұлығының ішінен есірткі заты табылған.

Желідегі ақпаратта: Қашановтың өзіне тағылған айыпты толық мойындағаны, соның негізінде ҚР-сы ҚПК-нің ст.ст.387-390, 392, 393, 395-398, 401-402, 529 баптарын басшылыққа алып, Кашанов Таган Ботабекұлын Қазақстан Республикасы ҚҚ-нің 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танығаны айтылады.

Ескерту: Материалда аты аталған жекелеген тұлғалар пікір білдіреміз десе, олардың да пікірлерін жариялайтын боламыз.

Әзірге екі видеоға қатысты ақпарат осы. Қалғанын оқырман өзі таразылай жатар...

Usbanov ARNASY

21 Nov, 09:41


Қазақстан президенті Тоқаев Мажарстанға сапарлап барып-қайтты. Аталған сапар аясында қандай мәселелер талқы болды? Қандай келісімдерге қол қойылды? Қазақстан мен Венгрия әріптестігінің болашағы қандай?

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5982

Usbanov ARNASY

21 Nov, 08:28


Қазақ жоғары білімінің альма-матері, қара қазаны – еліміздегі ең көне университеттердің бірі саналады. ҚазҰУ 1934 жылы ашылған. 1991 жылдың қазанында әлемнің екінші ұстазы деп әйдіктелетін Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі дәл осы университетке берілген.

🔹90 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХ: ҚАЗҰУ – ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
🔹ҚАЗҰУ-ДЕ НЕ ӨЗГЕРДІ? ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ БАР?
🔹ҚАЗҰУ ҒАРЫШҚА МИКРОСПУТНИК ҰШЫРАДЫ
🔹ҚАЗҰУ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҚАЙ САТЫДА?
🔹ЖАТАҚХАНА – «ҚАЛА ІШІНДЕГІ ҚАЛА»
🔹ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ЗЕРТХАНАСЫ
🔹ӘЛЕМДІК СУПЕР КОМПЬЮТЕР – ҚАЗҰУ-ДЕ ТҰР!

Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=5981