📩📩📩 ХАТ КЕЛДІ📩📩📩 "Күйеуден ажырасқанмын, қызым бар, анаммен тұрамыз. Жақсы жерде жұмыс жасаймын. Анамды үлде мен бүлдеге орап асырап отырмын. Бірақ көп ұрыссамыз. Мамам мені де, қызымды да жек көреді. Қызым кішкене бір нәрсе бүлдірсе қарғайды да отырады. Шешесінің бағы ашылмаған, сен қайда барасың деп. Мені тіпті күні түні, аспанға қолын жайып тұрып қарғайды. Жылап өт, өле қал тағысын тағы, айтуға аузым бармайды. Анаң жынды болса, байлап бақ деуші еді. Шаршадым. Жылап жылап жас та қалмады. Жақсылыққа ұмтылайын десем, анамның қарғысы есіме түседі де, еңсемді көтере алмаймын. Не істеуге болады. Алжыды дейін десем әлі 55 жаста, жап жас. Не айтасыз?"-депті... Қарғыстың бәрі орындала берсе, жер бетінде адам қалмай, бәріміз қырылып қалар ек. Қәзіргідей сұмдық заманда бәрі бір-бірін қарғайды. Жүйелі қарғыс жүйесін, жүйесіз қарғыс - иесін табады.
Ал #попсиxологии #попротоколу айтар болсам:
Үйдің ішінде свет 💡 жанып тұрса, ұрылар кіріп, үйіңді тонауға қорқады. Сол секілді ЖҮРЕГІНДЕ НҰРЫ ✨бар, жарығы бар, сәулесі бар, маxаббаты бар адамға, жаныңдағы #ұры адамдар, жамандығымен жақындай алмайды. Жақындаса да, саған жаман сөз айтып, қарғап, сенімен ұрысыса алмайды. #ҰРЫСУ деген сөздің түбірі #ұры сенен жақсы энергияны ұрлау. Сені тонау. Түгіңді қалдырмау. Энергияңды сору.
Сол үшін де, жарығыңды жағып💡 жүр! Айналаңдағы адамдарға тоналма!
Үйдің іші кең, таза, әдемі, жылы, жап-жарық болса, өзің қалаған қонақтарыңды ұялмай шақырып, олар да саған қуана көп келетін болады! Адамдар толып жүрген үйге - ұрылар тіпті жақындай алмайды. Сол сияқты, жүрегіңде жылулық болса, көңілің таза болса, пейілің кең болса, өміріңе - күткен қонақтарың көптеп келетін болады!
Астарлап айтқанымды түсіндің ба білмеймін, xат жазған инстақұрбым🙏🏻
Нақтылап айтар болсам, мінезіңді көркемдеп, жүрегіңді жылытқан сайын, жаныңда дос та, құрбы да, туыс та көп болар еді... Армандаған азаматың да жүрегіңнің түбіне қонақтап, жан-жақтан келетін, ұры-қары, жамандықтан қорғар ма еді... #ҚазақПсиxологиясы