STARMOON @staaarmooon Channel on Telegram

STARMOON

@staaarmooon


https://instagram.com/_mussayeva?igshid=YmMyMTA2M2Y= 👈🏻инстаграм парақшам

STARMOON (Kazakh)

STARMOON - бұл Telegram көтерілісі арқылы көптеген арманша ақпараттар мен белгілерді біріктіруге болатын қанағатты канал. staaarmooon пайдаланушы аты арқылы үздік жазылымдағы жаңалықтар мен бейнежазбаларды қолданыста ұстануге болады. Осы канал арқылы сіз өз бетіңіздегі суреттерді жүктей аласыз, оған көрініс немесе көріністің сипаттамасын қойып жасаса аласыз. Егер сізде көбі жоқпен, үміткерлер мен іскерлер бар болса, STARMOON - сіздің сайлықтарыңызды жариялайтын орталық болуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін стаармооондың инстаграм парағына қарайыңыз.

STARMOON

18 Jan, 12:14


Көреген шөл

Халыққа да, билікке де тиімді әділдікті ұстанған «шөл даладан» үйренеріміз көп…

Мұнаймен ғана шектелсе, Дубай тез дамымас еді. Қалаға ғана емес, әрбір адам баласына осындай жан-жақтылық пен көрегендік қажет-ақ…

#дубайкүнделігі

STARMOON

17 Jan, 06:38


Тереңдік

Адам потенциалын кәсібиліктің көлеңкесінде қалдырған басшы қателеседі. Биіктікті бәрі байқайды. Ал тереңдікке бәрі бірдей үңіле қоймайды.

#дубайкүнделігі

STARMOON

14 Jan, 18:36


Былтыр осы Дубайдағы ең қымбат отель екенін біліп, келесі жылы міндетті түрде осы жерге келемін деп мақсат қойып кетіп едім. Шүкір!

STARMOON

11 Jan, 13:44


.. ❤️🙏

STARMOON

11 Jan, 11:53


Енді үндемей қалмаймын деп шештім 🙂

STARMOON

11 Jan, 11:06


Өздерін өздері ашып берді ме қалай өзі? Демалыста жүр едім. Істейтін басқа тірлік жоқ. Айып етпеңіздер 😀

P.S. мәселе тек баннерде емес түсінген адамға))

STARMOON

10 Jan, 17:12


Вакансия дизайнын да, мәтінін де бізден көшіре салу сән ғой конкуренттерге ))

STARMOON

31 Dec, 14:58


2024 ЖЫЛҒА ҚОРЫТЫНДЫ🎄

Қаңтар: Шөл даладан көрікті қалаға айналған Дубайға саяхатпен бастаған ай
Ақпан: 27 жасты Мальдивта қарсы алған ай
Наурыз: Стамбулмен қайта жүздескен ай
Сәуір: Келер оқу жылына дайындық бастаған ай
Мамыр: Келер оқу жылына дайындықпен қатар ҰБТ нәтижелерін уайымдаған ай
Маусым: 6 жыл күткен 140 баллға жеткен ай
Шілде: Энергия таусылып, шаршаған ай
Тамыз: Қазақстандағы ең ауқымды түлектер кешін өткізген ай
Қыркүйек: Черногорияның тылсым табиғатына тамсанған ай
Қазан: Астанаға кетіп үнсіздікте ойланған ай
Қараша: Өмірлік сабақ алған ай
Желтоқсан: Қателіктерден сабақ алып, маңызды шешім қабылданған ай.

#Жужайдыңжылы

STARMOON

22 Dec, 14:06


Эфирде қызық болып жатыр😁

STARMOON

22 Dec, 12:09


КЕШ БАСТАЛДЫ😍🔥

STARMOON

22 Dec, 11:00


JUZ40 компаниясының Алматы Аренадағы жаңа жылдық кешіне 1 сағат қалды🎄

Біздің корпоративтің атмосферасын сезінгің келсе, тікелей эфирден тамашалай аласың👇

https://www.youtube.com/live/k8ZCi_vRHC4?si=3BqBThfvp2WuWZ-R

STARMOON

21 Dec, 12:03


Microsoft, Apple, Amazon секілді алпауыт компаниялардың көбі о баста қайда құрылды? Гаражда.

Мақсатқа жетуді ақшаға байлау – ақымақтық…

STARMOON

19 Dec, 14:01


ЖАҚСЫ ӨМІР СҮРУ

Бойыңды үрей билеп, әр түн сайын «ертең бірдеңе болып қалмай ма?» деген қорқынышпен ұйықтасаң, ақша, үй, машинаңнан ешқандай пайда болмайды.

Қорқыныш адамның қуанышын жеп тастайды. Үлкен компания басқару, жетістікке жету көбіне рахат болып көрінеді. Бірақ әркімнің өз ауыртпашылығы, қиыншылығы бар. Мұндайды Шерхан Мұртаза бір-ақ ауыз сөзбен түсіндірген: «бір кем дүние…»

Кейде менің де уайыммен, қорқынышпен өмір сүрген кездерім болған. Тәубеңе келіп, үрей сейілгенде ғана тыныш өмірдің қадірі артып, жақсы өмір сүре бастайсың.

Демек мен үшін жақсы өмір сүру байлықпен емес, қорқынышсыз, сеніммен өмір сүру арқылы өлшенеді екен…

#Жужайдыңойлары

STARMOON

19 Dec, 07:15


«Сіз бұл өмірге жай ғана ақша табу үшін келген жоқсыз. Адамзаттың ой-өрісін кеңейтуге, мүмкіндіктерін арттыруға, үміт сыйлауға және жетістік рухымен шабыттандыруға келгенсіз. Сіздің мұратыңыз – бұл дүниені байыту, ал егер осы міндетіңізді ұмытсаңыз, ырысыңыздан айырыласыз».

АҚШ-тың 28-президенті Вудро Уилсон

STARMOON

17 Dec, 18:15


Соңғы барған подкастымда өмірімнің оқушы, студент, ұстаз кезеңдері бойынша мардымды сұхбат өткіздік.

Шәкірт тәрбиелеу, шәкіртті жақсы көру, шәкірт үлгі тұтатын ұстаз болу тақырыптары тереңінен ашылды деп ойлаймын🫶

STARMOON

16 Dec, 16:37


ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА СЕНЕМІН БЕ?

«Әр қиындықтың артында бір жақсылық бар» дейді ғой. Бабаларымыз көрген қиындықтың жақсылығы бүгін бізге бұйырған сияқты…

Қазір біз Қазақстанның «мүмкіндіктер» кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Дамыған елдерде конкуренция көп болса, Қазақстанда жаңа нәрсені жүзеге асыру да, бизнес ашу да оңайырақ. Мықты маман болсаң, қолдау да көп. Бізге тек оқып, ел үшін еңбектену ғана қалды.

JUZ40 ашылғалы 6 жыл ішінде тәуелсіз ұрпақтың ерекшелігін байқап келемін. Қазір өз ойын ашық айтатын, өзіне не керегін білетін ұрпақ өсіп келе жатыр. Бұрынғылар өз ойын айтуға қысылса, қазіргілердің бойында еркіндік, жалын, сенім бар. Бұлай өскен жастар болашақта көп нәрсе жасай алады. Мағжан атамыз секілді, мен де жастарға сенемін.

Қазіргі жастар Қазақстандағы көп нәрсені өзгертеді дегенге де сенемін. Олар өткен кезеңнің, қазіргі үлкендердің қателігін ашық естіп, анық көріп өсті. Сол қателіктер қайталанбаса, 10-20 жылда еліміздің деңгейі 2 есе өседі, бұйырса🙌

p.s. Тәуелсіздігіміз баянды болғай🇰🇿

#Жужайдыңойлары

STARMOON

13 Dec, 14:55


ҚАЙ КЕЗДЕ ӨЗІМДІ ЕРЕКШЕ БАҚЫТТЫ СЕЗІНЕМ?

1. Отбасымның жанында.

Ата-ана, бауырларымның қасында бүкіл уайымды бір сәтке ұмытып, дастархан басында шынайы күліп, өз-өзіммен боламын. Көп адамға солай шығар.

2. Сүйікті ісіммен айналысқанда

Әсіресе оқушы, студенттермен онлайн не оффлайн жиналыс жасап, білгенімді бөліскенде энергиям артып, ерекше күйге бөленемін.

3. Жаңа нәрсе білгенде

Бұрын білмеген нәрсені оқығанда немесе өмірімде жаңа таныстықтар пайда болып, мықты адамдармен сөйлескенде, «әлі ұмтылатын нәрсем бар екен ғой» деп шабыттанып кетемін.

4. Алдағы уақытта өз адамымды тапқанда мүмкін…😁

#Жужайдыңойлары

STARMOON

13 Dec, 11:52


«Басқаларды бақытты етуге тырыса отырып, өз бақытымызды табармыз».

Платон

STARMOON

12 Dec, 20:49


Алматыға қайта көшіп келдім, достар 🙂

STARMOON

06 Dec, 11:57


«Адам баласын құртатын – ой емес, ойсыздық шығар...»

Оралхан Бөкей

STARMOON

05 Dec, 20:54


STARMOON pinned «ЭНЕРГИЯ Соңғы кезде кездесулерді азайттым. Осыған дейін кездесулер менің көп уақытымды алатын. Ішінде пайдалысы да болды. Бірақ жұмыспен салыстырғанда, кейбірінің приоритеті қатты маңызды емес еді. Сол үшін кей адамдарға «Жоқ» деп айтуды үйрендім. Ол…»

STARMOON

04 Dec, 15:37


ЭНЕРГИЯ

Соңғы кезде кездесулерді азайттым.

Осыған дейін кездесулер менің көп уақытымды алатын. Ішінде пайдалысы да болды. Бірақ жұмыспен салыстырғанда, кейбірінің приоритеті қатты маңызды емес еді.

Сол үшін кей адамдарға «Жоқ» деп айтуды үйрендім. Ол менсінбей кету, өзінше болу емес. Дәрежесі өсіп, «жоқ» деп айта бастаған адамды көбі «адам танымай кетті» деп ойлап қалады. Бірақ өз басымнан өтіп, маңызды жұмыстарым көбейген соң, барлық адам бірдей менсінбегеннен «жоқ» демейтінін түсіндім.

Мен үлгі алатын тұлғалар фокусын тек мақсатына жеткізетін әрекеттерге қояды екен. Өйткені энергия шексіз емес, керісінше өлшеулі ғана. Сондықтан мақсатыңа қатысы жоқ істерді жоспарыңнан сызып тастап үйрену керек. Солай ғана энергияңды үнемдеп, қоғамға пайдалы мақсаттарыңды жүзеге асыра аласың...

P.S. Қазіргі таңда кей адамдарға кездескім келмейтінін ашық айтамын. Ал «уақытым жоқ» десем, расымен солай болғаны. Кездесу үшін адамдар 1 ай, кемінде 2 апта бұрын айтса, уақыт табылуы мүмкін. Өйткені менде 1 айға алдын ала жоспар құрылып тұрады🙌

#Жужайдыңойлары

STARMOON

30 Nov, 19:09


Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын 😍🔥

Жаңа жылға қарсы тағы да байқау ұйымдастырамын! Күтейік 🫶🏻

STARMOON

30 Nov, 16:06


Тікелей эфир басталды. Жеңімпаздарды анықтайын деп жатырмын🔥

STARMOON

30 Nov, 16:02


Live stream finished (56 seconds)

STARMOON

30 Nov, 16:01


Live stream started

STARMOON

30 Nov, 15:52


Жиналайық

STARMOON

30 Nov, 13:13


Тікелей эфир 21:00 болуы мүмкін

STARMOON

30 Nov, 12:42


ҚАРАША DUMP🍂

1. Қараша айындағы басты өзгеріс:

Көптен жоспарланып жүрген JUZ40 community ашылуы сәтті өтті. Әр жылдың түлектерін бір жерде көріп, қатты қуанып қалдым.

2. Қараша айында оқыған кітабым:

«Выход из операционки», Татьяна Демина

3. Қараша айында көрген подкасттар:

Арманжан Байтасовпен подкаст
Оскар Хартманнмен подкаст
Говард Стивенсон лекциясы

4. Қараша айында ең көп тыңдаған музыкам:

Ninety one – Olar

5. Қараша айында түйген ең басты ойым:

Не үшін жұмыс істеп жатқаныңды көзбен көру саған жаңа шабыт сыйлайтыны сөзсіз.

#қарашаdump

STARMOON

28 Nov, 22:04


Күшік асырап, ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген болды, мені атты.

STARMOON

28 Nov, 13:32


Байқауға бәрі қатыса алады 🙌🏻

STARMOON

27 Nov, 12:45


Ғаламды танымаған адам өзін де танымайды…

Өмір бойы өзінен елу есе ауыр жүкті көтеретін құмырсқаға мән беріп қарасақ, алып арманымызды арқалай алатынымызға күмәнсіз сенер едік.

#Жужайдыңойлары

STARMOON

26 Nov, 06:01


ЖУЖАЙ АПАЙДАН ЕРЕКШЕ БАЙҚАУ😍🔥

🎁 Жеңімпазға басты ұтыс – IPHONE 16 PRO MAX 1 трбт

🎁 Екінші орын - 500К

🎁 Үшінші орын - 300К

🎁 Төртінші орын - 200К

🎁 Бесінші орын - 100К

Жеңімпаз атану үшін не істеу керек?

📌 ШАРТТАРЫ:

1. Инстаграм парақшасына жазылу: https://www.instagram.com/_mussayeva?igsh=MXdtOHFpaXh0dXJ1eg==

2. YouTube-қа тіркелу: https://youtube.com/@mussayevazh?si=5EgaDRGinHV7Mv0E

3. TikTok-қа тіркелу: https://www.tiktok.com/@zhuldyzai.mussayeva?_t=8rh4U2fv5Cp&_r=1

4. Telegram каналға тіркелу: https://t.me/staaarmooon

5. Конкурс жеңімпаздары анықталатын тікелей эфирге қатысу: 30 қараша, 20:00

📌 СКРИН ДӘЛЕЛДЕРДІ ЖІБЕРІП, КОНКУРСҚА ТІРКЕЛУ ҮШІН:

https://forms.gle/LZnV6DqDnZP6pcjz8

❗️ЕСКЕРТУ

Жеңімпаздар 30 қараша 20:00-де Жужайдың инстасындағы тікелей эфирде рандом түрде анықталады. Рандомайзер таңдаған адам тікелей эфирде отырмаса, жеңімпаз бола алмайды. Ондай жағдайда рандомайзер қайтадан жүргізіледі.

Ендеше сәттілік❤️

STARMOON

25 Nov, 09:41


Мен үшін бақытты адам деген қандай?👇

https://www.instagram.com/p/DCwp64TN1oN/?igsh=MWdhc3d2MDd6cmh1aw==

STARMOON

24 Nov, 13:43


STARMOON pinned «Маңызды ақпарат! ЕНУ-дағы кездесу 25 қаңтарға ауысатын болды. Себебі істейтін жұмыстарым көбейіп жатқандықтан, уақыт жағынан жетіспеушіліктер орын алуда. Түсінесіңдер деп ойлаймын. Сонымен қатар МУА, ЖЕНПУ кездесуге шақырып еді. Оларды да келесі жартыжылдыққа…»

STARMOON

24 Nov, 13:43


Маңызды ақпарат!

ЕНУ-дағы кездесу 25 қаңтарға ауысатын болды. Себебі істейтін жұмыстарым көбейіп жатқандықтан, уақыт жағынан жетіспеушіліктер орын алуда. Түсінесіңдер деп ойлаймын.

Сонымен қатар МУА, ЖЕНПУ кездесуге шақырып еді. Оларды да келесі жартыжылдыққа қалдырдым. Бұйырса, басқа да универлерге келетін боламын. Рақмет 🙏🏻

STARMOON

20 Nov, 10:51


Маңызды сұрақ

– Қателесе берем. Бірақ қателіктен қорықпау керек дейді ғой.
– Иә, бірақ қателікке анализ жасамай, қайталай беруден қорқу керек.

Қиындықтар, қателіктер бізге тәжірибе жинау үшін беріледі. Сондықтан қателесу – норма. Ал қателіктен соң, «Мен не үшін олай қателестім?» деген сұраққа жауап іздеу – жетістікке жетелейтін жол.

Тек жұмыстың өзінде мұндай мамандар бірден көзге түсіп, компания үшін құнды мақсаттарды жүзеге асырып жатады. Ал мұндай адамның рухани әлемі, тұлғалық дамуы бөлек әңгіме…

#Жужайдыңойлары

STARMOON

19 Nov, 12:30


«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден».

p.s. «Sham» мектебінің құрылтайшыларымен жиналыс.

STARMOON

18 Nov, 10:47


Білетінім бір тоғыз…

Оқыған сайын, ізденген сайын өзіңнің аз білетініңді түсіне бастайсың. Білім кеңістігіне кірмесең, өмірде де, жұмыста да БӘРІН БІЛЕТІН сияқты сезімде жүресің.

Алайда ең шебер маман – «мен бәрін білем» демейтін адам екені анық.

#Жужайдыңойлары

STARMOON

15 Nov, 18:10


Осы кездесулерде студенттер «Студенттерге не кеңес бересіз?» деген сұрақты жиі қойған болатын.

Соған орай, басқа да студенттерге пайдалы болсын деген мақсатпен арнайы видео түсірдім👇

https://youtu.be/3Y1TWQcDces?si=kqxGl0QXWrOTG-BI

STARMOON

15 Nov, 17:52


НУ, СДУ, МНУ университеттерінің студенттерімен кездесуге бардым. Қызықты әрі пайдалы болды деп ойлаймын.

Жалындап тұрған дамушы жастарды көріп қуандым. Бұйырса, алдағы уақытта басқа да универлерге баратын боламын.

STARMOON

15 Nov, 10:24


Өкінішке қарай, ЕНУ-да ертең жарық, су болмауына байланысты кездесу болмайды. Басқа күнге ауысады 🙌🏻

STARMOON

15 Nov, 05:07


«Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды».

Қадыр Мырза Әлі

STARMOON

12 Nov, 12:06


– Мақсатың бар ма?
– Бар.
– Қандай әрекет жасап жатырсың?
– Ешқандай…

Көбі жақсы өмір сүруді, саяхаттауды, армандарын орындауды қалайды. Бірақ еңбек ету, дисциплина, уақытты жоспарлау, жақсы әдет қалыптастыруға келгенде, бәрін ертеңге қалдыра салады. Бүгін жай ғана өмірдің ағысымен жүруді таңдайды.

Ал ағыс ешқашан таудың шыңына шығармайды

#Жужайдыңойлары

STARMOON

12 Nov, 04:40


«Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың».

Абайдың отыз жетінші қара сөзінен

STARMOON

11 Nov, 20:51


STARMOON pinned «Ютуб демекші, каналыма ерекше видео шықты. Командамның тосыннан қойған біртүрлі, қызықты сұрақтарына шынайы жауап бердім👇 https://youtu.be/lJrn2_U3Xzg?si=HA0L3IbB70dlxbNc»

STARMOON

11 Nov, 16:15


МЕН ҚАЙТАЛАП ОҚУҒА ДАЙЫН 3 КІТАП

1. «МАРТИН ИДЕН»

Мұнда бәрі бар: жазушылық, сұлулық, жан сұлулығы, арман, еңбек, теңіз… Бұл шығарма мені өмірге, ұлы мақсат қоя білуге үйретті. Жай ғана әрбір адам оқуы керек деп санаймын.

2. «АТАУ-КЕРЕ»

Кемінде 3 рет оқыған шығармын. Алғаш оқығанда «қазақ әдебиетінде осындай да шығарма бар екен ғой» деп таңғалған едім. Түбінде әр адам әр ісіне, ниетіне сай жауап алады. Ал рухани әлсіреуден табиғат арқылы құтылады: «…Өтірік айтпауды, алдап-арбамауды табиғаттан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза».

3. «НАЧНИ С ПОЧЕМУ»

Бәрі НЕ істеп жатқанын біледі. Көбі ҚАЛАЙ істеу керегін біледі. Ал әлемді өзгертетін тұлғалар НЕ ҮШІН істейтінін біледі. Осы кітап менің МИССИЯМ туралы бағытымды жүйелеп, командаға да оны түсіндіруіме үлкен септігін тигізді.

#Жужайдыңойлары

STARMOON

10 Nov, 13:09


Ютуб демекші, каналыма ерекше видео шықты.

Командамның тосыннан қойған біртүрлі, қызықты сұрақтарына шынайы жауап бердім👇

https://youtu.be/lJrn2_U3Xzg?si=HA0L3IbB70dlxbNc

STARMOON

09 Nov, 15:41


📱ЮТУБТЫҢ МАҒАН БЕРГЕН 3 ПАЙДАСЫ

1. Әлемде не болып жатқанын білу

Әлемде болған жағдайларды ютубтан ізденіп, әр түрлі ақпараттарды алатынмын. Солайша таным көкжиегім кеңейіп, сыни ойлау қабілетім шыңдалатын.

2. Кімнің не ойлайтынын, қалай өмір сүретінін түсіну

Бұрын Ресей блогерлерінің саяхаттап, тіл үйреніп, пайдалы бір тақырыпты талқылап сөйлескендерін ұнататынмын. Олар менің виртуалды досыма айналған еді. Бизнесмендердің ұстанымдары мен ойларын тыңдап, өзімдікімен салыстыратынмын. Мұның бәрі маған мотивация берді.

3. Өзгелерге пайдалы болу мүмкіндігі

Ютуб канал ашып видеолар түсіру бұрыннан бергі арманым еді. Әрі өзімді қалай бар, солай көрсеткім келетін. Мысалы, көбі мені қатал деп ойлайды. Бірақ басқа да қырларымды ютуб видеоларымнан байқай алады. Өзіме кезінде біреулер мотивация берсе, енді өзім де өзгелерге мотивация болуға тырысамын❤️

#Жужайдыңойлары

STARMOON

08 Nov, 19:52


«Ұлтымыздың ертең азып-тозып кетпеуіне ертеңгі ұрпақ жауапты. Ал ұрпақтың мықты боп жетілуіне бүгін біз жауаптымыз!»

Шахмардан Есенов

STARMOON

06 Nov, 13:21


Трамп қайтадан президент болды!

Басқасын білмейм, Трамптың жасын берсін деп тілер едім😁

STARMOON

06 Nov, 11:59


«Мен неге әлі жетістікке жетпей жатырмын?» дейтін жастарға жауап…

STARMOON

05 Nov, 16:00


ҚАНДАЙ АДАМДЫ БІРДЕН ЖҰМЫСҚА АЛАР ЕДІМ?

- Адами жағынан шынайы
- Кәсіби жағынан еңбекқор

Шынайы адам пікірін ашық айта алады. Барлық жерде өзін бірдей ұстайды. Басқаша түр жасамайды. Жағымпазданбайды. Бір нәрсені бүлдіріп қойса да, ашық мойындай алады.

Еңбекқор адамға қандай істі берсең де, орындайды. Ертеңге қалдырып немесе оңай жолды іздеп кетпейді.

Қанша жерден талантты болса да, еңбек етпеген адамнан пайда жоқ. Қанша жерден пысық болса да, шынайылығын жоғалтқан адамнан пайда жоқ.

#Жужайдыңойлары

STARMOON

05 Nov, 14:09


«Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз».


Ә. Рудаки

STARMOON

02 Nov, 14:17


ҚАЗАН DUMP🍂

1. Қазан айындағы басты өзгеріс:

Астанаға уақытша көшуім.

2. Қазан айында оқыған кітабым:

📖 «Управление компанией»

3. Қазан айында көрген фильм- сериалдар:

🎞️ «ЗАМАНBACK» көркем фильмі
🎞️ «АБСТРАКЦИЯ» және Билл Гейтс жайлы деректі фильм.

4. Қазан айында ең көп тыңдаған музыкам:

🎶
Lady Gaga & Bruno Mars Die With A Smile

5. Қазан айында түйген ең басты ойым:

Миыңда хаос болса, жұмысыңда да хаос болады. Жұмысымды реттеймін десең, бірінші өзіңді реттеуден баста.

#қазанdump

STARMOON

01 Nov, 16:31


Бұл ВЛОГ бәріңізге пайдалы болып, мотивация, шабыт, күшті көңіл-күй сыйлайтыны анық😁

https://youtu.be/68q5WHY3Xn8?si=kY8fDakNlnea1X6I

STARMOON

01 Nov, 16:13


Тимбилдингті 23 минуттық ВЛОГ етіп шығардық😍

Командамның реакциясы😂

STARMOON

01 Nov, 14:18


🛩️ Жалпы қанша млн кеткенін, командамның бизнес-классқа отырғандағы әсерін, 3 күннің ең ерекше сәттерін бөліспекшімін.

Қызық болса, реакция қалдырайық😁

STARMOON

01 Nov, 14:06


Өткен аптада жеке командам Zhuzhai Team-мен АСТАНАДА ТИМБИЛДИНГ болды❤️

3 күнге ҚАНША ТГ кетті деп ойлайсыздар?😂👇

STARMOON

30 Oct, 15:11


JUZ40 COMMUNITY

Мақсаты:
бізді бітіргеннен кейін де түлектерімізбен байланысты үзбеу, әрі қарай олардың дамушы ортада болып, өз сүйікті істерін тауып, еліміздің дамуына үлес қоса алатын мықты тұлға болуларына көмектесу.

Бұл қауымдастықта әр ай сайын дамуға қатысты тапсырмалар, түрлі жарыстар, іс-шаралар өтіп тұратын болады. Әр қаладағы универден біздің түлектерге арналған жеке клуб ашамыз. Әр клубтың бір лидері болады. Бұйырса, алдағы уақытта толық ақпарат беріледі.

Ең бастысы, жылына 1 рет ең белсенді студенттерімізге арналған ҮЛКЕН КЕШ өтетін болады! Бұл кеш ТҮЛЕКТЕР КЕШІНЕН кем түспейді🔥

❗️ТІРКЕЛУ ҮШІН: forms.gle/qwi3Pn6hpAnN8sK56

📱 Телеграм-каналы: https://t.me/+3ibXnu8V1hg4NjEy

STARMOON

30 Oct, 14:55


Елімізде болып жатқан қайғылы жағдайлар да қоғамға дұрыс ортаның, дамушы жастардың қаншалықты керек екенін көрсетті деп ойлайм.

Сондықтан JUZ40-ты бітіріп кеткен әрбір түлекті JUZ40 COMMUNITY мүшесі болуға шақырам❤️

STARMOON

30 Oct, 14:40


Бірақ осы жылдан бастап JUZ40 түлектерін бір ортаға біріктіреміз деп шештік. Бұл туралы білетіндер де бар шығар🫶

STARMOON

25 Oct, 20:38


Осы уақыттарда күтемін 🙌🏻

02.11.24 16:00 - NU

11.11.24 18:00 - SDU

15.11.24 16:00 - MNU

16.11.24 16:00 - ENU

Ескерту: бұл универлер мені өздері шақырды, мен таңдап барып жатқан жоқпын.

STARMOON

24 Oct, 05:16


МНУ тоже шақырып жатыр. Универлер бойынша тур жасаймын-ау осы 😄

МНУ-лықтар бар ма екен мында? 🤔

STARMOON

23 Oct, 19:21


https://www.instagram.com/p/DBeM7rWtD2_/?igsh=MjFlODlpamkzbjht


Жақында ЕНУ және СДУ университеттеріне де қонаққа барамын :)

STARMOON

22 Oct, 19:52


ОСЫЛАЙ РАХАТТАНЫП ДЕМАЛЫП ЖАТЫР ДЕП ОЙЛАП ҚАЛМАҢДАР😅

Астанаға біраз уақыт адаптация болды және 1 аптадай ауырып қалдым. Негізі Астанаға уақытша көшудегі мақсатым:

1. Тыныштық

Алматыдағы шу, қарбалас шаршатты. Тыныштық керек болды. Үлкен компанияны басқарып, дамыту үшін стратегиялық тұрғыдан ойланып, өз-өзіммен болуым керек. Маңызды жоспарларымды жүзеге асыру үшін де.

2. Фокус

Жұмысқа дұрыстап көңіл бөлуім керек болды. JUZ40, JUZENG басқару жүйесіне өзгерістер енгізіп бастадым. Сондықтан дәл қазір кездесулерге ашық емеспін.

3. Өзгеріс

Бұйырса, жаңа жобаларға кірісем. Олардың стратегиясын, бағыт-бағдарын анықтап жатырмын. Мектепке дайындық та басталды;)

p.s. Бизнес бойынша консультация, кездесу сұрайтындар бар. Алдағы уақытта ол да жүзеге асып қалар😉🙌

STARMOON

22 Oct, 18:28


Жужайдың Астанадағы күндері қалай өтуде деген сұраққа жауап беретін сурет:

STARMOON

18 Oct, 17:17


«Мына өмірде, жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда.
Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!»


Мұқағали Мақатаев

STARMOON

14 Oct, 15:00


ЖЕҢІМПАЗ АНЫҚТАЛДЫ🔥

Бірақ…

🎫 Бұл 3 мұғалімге де Бағжан Октябрь концертіне БИЛЕТ сыйлаймын деп шештім. Ал Сланбек ағайға билетпен қоса КІТАП беріледі🫶

p.s. Жолдасымен баруы үшін Құралай апайға 2 билет сыйлаймын😉

STARMOON

14 Oct, 13:19


1. Жансая апай

STARMOON

14 Oct, 13:19


Осы влогта пікірде ең көп аты аталған мұғалімге сыйлық беремін дегем🎁

Бірақ 3 мұғалім тең түсіп тұр екен. Сол 3 мұғалімнің арасынан жеңімпазды осы каналымда дауыс беру арқылы анықтаймыз.

📌Дедлайн: бүгін 20:00.

STARMOON

12 Oct, 12:37


🎬 JUZ40 басшыларының 6 жылдыққа түсірген видеосы

Мен де сіздермен бірге енді көрейін деп жатырмын🫶

https://youtu.be/aEzGGxSvjPs?si=PwxEV86kLVq1a9ro

STARMOON

11 Oct, 06:33


«ШЕКТЕУЛЕРДІ БҰЗҒАН JUZ40»

Бұл видеода мені қалыптастырған кезеңдер, JUZ40-ты ашқан жер мен алғаш оқушылардан сабақ сұраған бөлмеге дейін көрсетілді.

Бұл жолы өткен шақтың өзіне барып қайттым…

Туған күнің құтты болсын, 6 жасар ғаламшарым❤️

https://youtu.be/PO4ed273XoI

STARMOON

08 Oct, 15:08


Ютубтың арқасында ол да мүмкін екен😁

«ЖужАй күнделігіне» өтіп, қыркүйек айына менімен бірге саяхат жасай аласыз.

Әзірге осылай❤️

p.s. Бұл влогта ешқайда салынбаған сәттер көп🫶

STARMOON

08 Oct, 14:57


🗓️1 ай бойы жанымда жүрсеңіз:

• Жужай, қалай бәрін қатар аласыз?
• Жұмыстан тыс уақытта қандайсыз?
• Күніңіз қалай өтеді?

деген сияқты сұрақтардың бәріне жауап берер едім. Бастысы, сол арқылы мен бәріңізге пайдалы бола алар едім…

STARMOON

08 Oct, 14:01


Менің қасымда 1 ай жүру сізге қызық болар ма еді?

STARMOON

08 Oct, 10:17


Кітапты 6 минут оқығанның өзінде стресстің 68%-ға төмендейтіні 2009 жылы дәлелденген. Ал Чикагодағы зерттеу нәтижесінде, кітап оқитын адамдардың миы тез қартаймайды екен:)

Кім қандай кітап оқып жүр? Бөлісіп кетейік👇

STARMOON

05 Oct, 18:55


STARMOON pinned «Алғашқы кейіпкері – Майра, JUZ40-та тарих пәнінен куратор🫶 ✈️ Майра Алматыға бизнес класспен ұшып келіп, менімен бірге қыдырып, түрлі сыйлықтарға ие болды: https://youtu.be/QQ1tQhnUz6A?si=v4RhzrHeSU1OoBVa»

STARMOON

05 Oct, 03:54


«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін».

Серке Қожамқұл

STARMOON

02 Oct, 12:05


ӨЗІҢДІ АЯУ VS АЯМАУ

Мәнді өмір сүру үшін адамға мақсат керек. Ал мақсатты әркім әр түрлі қояды:

1. Біреулер оңай жететін, өзінің комфортына сай мақсат қояды.
2. Енді біреулер көбі ойлай бермейтін, екінің бірі жете бермейтін ұлы мақсат қояды.

Мен комфорттың қорабынан шықпайтын, өзімді аяйтын жолды таңдамадым. Қайта комфорт өмірге жету үшін аянбауға бел будым. Жеке өмірімді, денсаулығымды құрбан еттім... (бұл бәрі солай істеуі керек деген сөз емес). Өкінем бе? Жоқ. Өйткені алдымда ұлы мақсат болды. Шүкір, қазір соған ақырын жетіп жатырмын.

Орта жолды қанағат етсең, бөлек әңгіме. Бірақ ұлы мақсатты көздесең, мынаны ескеру керек:

🌄Сол мақсатқа ғана фокус қоймасаң, сол мақсат үшін нәпсіңді құрбандыққа шалмасаң, процесске баспен кіріп кете алмасаң, бұл өмірден өзіңмен бірге құр қиялды арқалап кетуге дайын болғайсың…

STARMOON

01 Oct, 17:01


Алғашқы кейіпкері – Майра, JUZ40-та тарих пәнінен куратор🫶

✈️ Майра Алматыға бизнес класспен ұшып келіп, менімен бірге қыдырып, түрлі сыйлықтарға ие болды:

https://youtu.be/QQ1tQhnUz6A?si=v4RhzrHeSU1OoBVa

STARMOON

01 Oct, 16:55


Осы жылы «Куратормен 1 күн» рубрикасын бастадым.

Бұл жердегі басты мақсатым – ең басты рөлді атқаратын қызметкерге көңіл бөлу.