AR - Спорт жаңалықтары

@arsport_news


Қазақстан және әлем спортына қатысты тың жаңалықта🇰🇿🌏📰

📩 Сұрақтар бойынша: @Xxxx0nba

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 23:28


Қазақстан🇰🇿-Қырғызстан🇰🇬 5-4. Жеңіс!

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 23:28


Көкпар: Қазақстан🇰🇿-Қырғызстан🇰🇬. Есеп 1-3 кезінде дау басталып кетті...

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 23:23


Санаулы сәттен кейін көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталады

Салтанатты шараны тамашалауға келген қонақтар өз орындарына жайғасып жатыр.

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:57


ҚР ҰОК Бас хатшысының өкілеттігіне қатысты ресми мәлімдеме

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды.

Одан бөлек, сенімінің жоғалуына байланысты Ж.Утешеваны Бас хатшы ретінде атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады.



Официальное заявление касательно полномочий Генерального секретаря НОК Казахстана

Полномочия Генерального секретаря, предоставленные на основании доверенности, отозваны в соответствии с приказом Президента Национального Олимпийского комитета Казахстана.

Кроме того, на рассмотрение членов Генеральной Ассамблеи будет вынесен вопрос об исключении Утешевой Ж. из состава исполнительного комитета в качестве Генерального секретаря в связи с утратой доверия.

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:57


🤔

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:51


🥇🌏 Азия ойындары-2022 мен Олимпиада ойындары-2024 турнирлі кестесі (Азия елдері үшін)

Азия ойындары-2022:
1. Қытай🇨🇳
2. Жапония🇯🇵
3. Оңтүстік Корея🇰🇷
4. Үндістан🇮🇳
5. Өзбекстан🇺🇿
6. Қытайлық Тайпей🇹🇼
7. Иран🇮🇷
8. Тайланд🇹🇭
9. Бахрейн🇧🇭
10. Солтүстік Корея🇰🇵
11. Қазақстан🇰🇿

Олимпиада ойындары-2024

1. Қытай 🇨🇳
2. Жапония🇯🇵
3. Оңтүстік Корея🇰🇷
4. Өзбекстан🇺🇿
5. Иран🇮🇷
6. Бахрейн🇧🇭
7. Қытайлық Тайпей🇹🇼
8. Гонконг🇭🇰
9. Филлипиндер🇵🇭
10. Индонезия🇮🇩
11. Қазақстан🇰🇿

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:51


Париж-2024. Жер тұрғындарын құттықтаймын!🌏🥇🥈🥉

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:51


Біздікілер несіне жеткізіп Бокстан Әлем чемпионатын Астанада өткізбекші? Құлдырап жатқан ұйымның Чемпионатың өткізудің өзі ұят қой. Бокс басшыларында намыс жоқ сияқты. Болса Париждегі позордан соң Әлем чемпионатын өткізуге таласпай, федерацияға реформа жасайтын еді...

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:50


Бүгін ресми түрде тағайындалды! Өз басым қуаныштымын! Әзірге одан артығы жоқ!

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:49


🇰🇿🎾 Бір қызымыз жеңілсе де екіншіміз бар...

Юлия Путинцева әлемнің екінші ракеткасы Коко Гауфты жеңіп Цинцинатидегі турнирдің келесі айналымына шықты!

Құтты болсын! Ауруынан айығыпты ғой!

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:48


🇰🇿🥊 Жаңа бапкер - Василий Жиров?

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері - Василий Жиров болады деген ақпарат бар.

1974 жылы Балқашта туған Барысымыз, қазіргі жүйеден ада адам. 1996 жылғы Олимпиадада Вэл Баркер кубогін иеленген. Кәсіпқой бокста да біршама жетістіктері баршылық.

Ал қызық енді басталады. Бұл оғлан қазақ боксын дамыта ма? Еділовты кеңесші қылдық, Жировты бапкер қылсақ 2000 жылдардағы Сиднейді қайталаймыз ба? Махмұтовымыз кім болады, Головкин?

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:48


Мына жағдайдан соң бүгін таңда Министрдің Баспасөз хатшысы орнынан кетіпті-мыс. Негізі орын босататын адам ол емес еді....

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:48


Бапкерді жоқтаушылар заказ алған ба? Бүгін бір емес 10 шақты пост шықты алдымнан қайғырып жазылған. Басқа басқа бокс бапкеріне кенде емеспіз. Біреу кетсе екіншісі келеді ғой.

Бір ғана тұсымен келісуге болады, Федерация өз арын сақтау үшін Бапкерді құрбандыққа шалып жіберді. Алайда, бұл бапкерден бар жауапкершілікті алып тастамайды. Боксшылардың 3-раундқа жетпей өшіп жатқаны тікелей соның құзырындағы жұмыс қой...

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:48


🥊🇰🇿 Бокстан жаңа халықаралық ұйымның президенті - Г.Головкин болады деген әңгімелер шығып жатыр.

Кезінде Гафур Рахимовқа қарсы Серік Қонақбаевты қолдаған батыс бұл жолы тағы да қазақстандықты қолдап отыр-мыс. Бізге қандай артықшылықтар алып келеді? Лос Анджелесте алтын күте береміз бе?

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:48


🇰🇿Мемлекет басшысының Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі кейінге шегерілді

2024 жылдың 14 тамызында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ бұл іс-шара кейінге шегерілді. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр.

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:47


Мен де Баскетбол федерациясында істедім. Алайда Министрлік сияқты ешкімге коммент жазыңдар ойбай демегем. Ол - Пиардың өте арзан түрі. Тіпті құсқым келетін түрі.

Баскетбол дамымағандықтан ең көп негатив пікір жазылатын спорт. Сонда да бір пікірін өшіріп көрмегем әлеуметтік желілерден. Министрлігі бар, ДРС-ы бар бәрі біреуге пост жазғызғыш, пікір өшіргіш әйтеуір....

(С) Айдос Рымқұл

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:47


🇰🇿🥊 Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Бас бапкері қызметіне - Қайрат Сәтжанов қайта келеді деген ақпарат бар.

Сізше лайықты ма?

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:47


🎾🇰🇿 Теннис: 18 жасқа дейінгі әлемдік рейтинг

Рыбакина, Бубликтердің орнын басатын мықты жастар өсіп келеді.

Бұйырса 2028 жылы Лос Анджелесте🇺🇸 өтетін Олимпиадада осылардың біреуін көрейік!

AR - Спорт жаңалықтары

20 Jan, 22:47


10 ерекшелікті тап! Біздің дөкейлер Париждегі сәтсіздіктен соң артын жуып шаюға кірісті!