Бекзат Жақсылық @bekzatzhaqsylyq Channel on Telegram

Бекзат Жақсылық

@bekzatzhaqsylyq


Бекзат Жақсылық (Kazakh)

Бекзат Жақсылық - көптеген мақалалар және сұрақтар бойынша пікірлерді бөлісу мекендесі. Осы топтықтасу орталығы атындағы каналда сіз өз пікірлеріңізді жариялау, басқалардың пікірлері мен сұрақтарына жауап беру болады. Бекзат Жақсылық каналы Қазақстанда және шетелде түрлі темалар бойынша жасалған. Бұл каналдың мақсаты - адамдарды біріктіру және жалпы қызықты мәселелер туралы пікірлерді айту. Егер алдыңғы мақалаларды оқып, басқа адамдар менің де пікірім болсын деп ойлайсыз, онда Бекзат Жақсылық каналына жазылыңыз. Сіздерді келісіміміз туралы шындықты, біліміз қалпына келетін сұрақтарға жауап беру үшін күтеміз!

Бекзат Жақсылық

22 Jan, 16:58


Намаздың 12 парызы бар оның бірі дұрыс болмаса намаз дұрыс болмайды десем, оны қабыл ететін Алла ғой дейді тиктоктағы кейбір “ақылгөйлер”

Ойламын да біз намаз оқитындарға жеткізе алмай сабырымыз таусылып қалып жатыр..

Сүйікті Пайғамбарымыздың ﷺ
сабыр қандай болды екен, осы дінді адамзатқа үйретті ғой😩

Бекзат Жақсылық

22 Jan, 11:17


Музыка емдейді деп ойлайды, бірақ ол көбіне жаралайды..

Бекзат Жақсылық

11 Jan, 10:53


Бүгінгі дұға:

“Раббым Алла, маған жәннатқа кіру міндетті болмай, мені дүниеден алмауыңды сұраймын”

Бекзат Жақсылық

07 Jan, 17:48


Мүмкіндік-өзін іздеген адамға ғана жолығады

Бекзат Жақсылық

31 Dec, 19:44


“Жәннат иелерінің көпшілігі-арамдығы жоқ, ақкөңіл жандар” (Байһақи)

Бекзат Жақсылық

30 Dec, 14:38


Бір үзім нанды нығмет (Құдайдың сыйы) санамайтын адам, үстіне тамақ үйілген дастарханды да нығмет деп білмейді.

Қарапайым баспананы нығмет деп білмейтін адам, зәулім сарайды да нығмет көрмейді.

Екі аяғын нығмет көрмейтін адам, қымбат көлікті де нығметке баламайды.

Нығметті сезіну үшін оның құнына емес, құндылығына қарау керек!

Қолыңда бар нығметтер көзіңе жоқтай немесе аздай көрініп жатса, мына нәрсені бір ойлап қой:

Сен күнде ұйқыдан тұрғанда беті-қолыңды жуасың, ал біреу тұра сала бүйрегін шаяды…

📚 Шарқауи, Расәйіл мин ән-Нәби

Бекзат Жақсылық

28 Dec, 15:16


Музыка тыңдай беретін адамның ойлануға уақыты жоқ..

Ойлануға уақыты жоқ адамның басы қайдан істесін..

Бекзат Жақсылық

26 Dec, 05:47


Ғалымдар сөзі:
Мұсылмандар мың жылдан артық жер бетінде жетекші болды.
Бірақ, соны ешкім айтқысы келмейді.
Кейіңгі екі - үш ғасырда ғана ғылыми - техникалық, әскери жақтан төмендесе де, басқа барша тараптан төмендеген жоқ.
Мұсылмандар бәрібір ахлақта, әдепте, адамгершілікте, ғибадатта адамзаттың алдында келе жатыр, келе береді де.
Өйткені, адам өмірі тек материалдық нәрседен ғана тұрмайды, керісінше руханият жағы ең маңыздысы болып табылады.

Бекзат Жақсылық

09 Dec, 12:36


“Ері үйге келгенде алдынан шықпаған әйелде хайр жоқ”

(С) Ибн Фулан..)

Бекзат Жақсылық

23 Nov, 07:42


Ұялып өтірік айтпа, өтірік айтуға ұял

Бекзат Жақсылық

18 Nov, 19:11


Тренд екен деп ере беру-ақылдың таяздығының белгісі

Бекзат Жақсылық

16 Nov, 12:47


Егер де сіз жетістікке жетер болсаңыз – қуаныш, ал сол жетістікке ардан аттамай жетсеңіз – сүйініш

Әдәб Алидың 700 жыл бұрын айтқан насихаты

Бекзат Жақсылық

15 Nov, 07:03


Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады.

Ахмет Байтұрсынов

Бекзат Жақсылық

12 Nov, 20:03


Кейбір жағдайларды көріп, кейбір таныс ( уағыз тыңдап, жүрегінде иманы бар) бауырлардың да күнәні жасырып істесе бір жөн ғой, стористарына салып қойғандарын байқап. Насихат айтуда неге жайбырақат жүр екенбіз деймін да…

Алла ақырымызды қайырлы етсін😔

Бекзат Жақсылық

11 Nov, 15:17


Жетістікке жетуде мынадай факторларға назар аудару қажет:
1. Өзіңді тану.
2. Адамгершілігіңді жоғалтпау.
3. Оқып-үйрену.
4. Мақсат қоя білу.
5. Өзіңе сену.
6. Жоспар құру.
7. Уақытты тиімді пайдалану.
8. Ерік-жігерді жетілдіру.
9. Топпен жұмыс істеу, ақылдасу.
10. Тынымсыз еңбек ету.
11. Тәуекел ету.
12. Өз ісінің шебері болу.
Жетістікке жету жолында осы жоғарыда аталып өткен факторларға жеке-жеке тоқталып өткенді жөн көрдік.

Бекзат Жақсылық

11 Nov, 06:19


«Айналаңа ең соңғы рет көретіндей көз таста, соңғы рет еститіндей құлақ сал, ең соңғы рет сөйлейтіндей үн қат. Сонда өмірі көрмеген, естімеген, айтпаған нәрселерді сезіне аласың».
Хелен Келлер

Бекзат Жақсылық

09 Nov, 12:26


Арам табыстан мұсылман адам рахаттанып өмір сүре алмайды..

Бекзат Жақсылық

08 Nov, 01:37


Әс сәләму алейкум!
Жұма мубарак болсын!

Достарыңызға пайдалы болыңыздар!

Бекзат Жақсылық

07 Nov, 10:23


Көпшілік жамағаттың “білім алу” деген түсінігі Құранды арабша оқып үйренумен шектеледі.

Мақсат төмен болған соң Құранға да түспей қалады, түссе жалғастырып оқып кетпейді.
(Мақсатты Құранға түсіп бірнеше пара жаттаймын, фиқһтан, ақидадан білім аламын деп биік қою керек)

Әрбір адам, мұсылманға белгілі деңгейде білім алу парыз, алмаған жағдайда күнә болатынын біліп жүру керек..

Бекзат Жақсылық

06 Nov, 06:45


Гарвард университеті “Адамды не бақытты етеді?” деген сұраққа зерттеу жасап, біршама адамды 70 жыл бойы бақылайды.

Зерттеу қорытындысы: адамның өзін бақытты сезінуіне әсер ететін үлкен фактор-жақсы қарым қатынастар.

Оны немене 70 жыл зерттеп жүр, сұраса айтар едік қой😄

Бекзат Жақсылық

04 Nov, 05:52


Марқұм Бауыржан ұстазымыз керемет кісі еді ғой, насихаттары да ерекше!

Бекзат Жақсылық

04 Nov, 03:52


Жетісітіктің сыры-мақсаттарыңа адал болу..

Бекзат Жақсылық

03 Nov, 17:28


Бай санадағы адам үнемі шәкірт позициясында жүреді екен. бай санада жүрейік😊

Бекзат Жақсылық

03 Nov, 17:17


Адам біреуден пайда алу үшін (білім, өнер, өнеге, шабыт, бағыт, тәжірибе) өзі кішіпейіл, жүрегі таза яғни кішкентай кемшіліктерді елемейтін адам болуы керек.

Өзі тәкәппар, адамның кем тұсын тез аңғарғыш адамнан жақсы шәкірт, үйренуші мұсылман шықпайды..

Пайғамбар болмаған адамда міндетті түрде пенделік қателіктер болуы мүмкін, болады да.

Сіз үйренуші адам ретінде мақсатыңызды шешіп алыңыз! Сізге білім керек пе әлде идеал адам керек пе?

Бекзат Жақсылық

02 Nov, 08:52


Шынайы білім қонған адам қарапайым болады..

Бекзат Жақсылық

01 Nov, 00:46


Сіз егер 5 уақыт намаз оқымай тек жұма оқитын болсаңыз онда дәреттен бастап намазға дейін не жасайтыныңызды жазып қояйын!

1) Іш киім мен сырт киіміңіздің тазасын (зәр тимеген) киіңіз

2) Егер ғұсыл алып барғыңыз келсе аузыңызға 3 рет, мұрныңызға 3 рет су алып, кейін бүкіл денеңізді шаясыз. Осылайша намаз оқуға болады

3) Ал егер дәрет алып қана баратын болсаңыз ескеріңіз, алдын ғұсылыңыз бұзылған ба жоқ па? (Ғұсыл жыныстық кезде немесе өздігінен ұрық ақса да бұзылады) егер бұзылған болса толық ғұсылданасыз.

4) Дәреттің 4 міндеті бар:
(Дәретханаға кіріп әурет жуу міндет емес, ал егер кіші немесе үлкен дәретке шықсаңыз қағазбен сумен тазаланасыз)
1 Бетті жуу, 2 екі қолды шынтағымен бірге жуу, 3 басқа мәсих (сулап 1 рет сипау) тарту, 4 екі аяқты тобығымен бірге жуу.
(Бетті жуардан алдын 3 реттен мұрын мен ауызды шаю сүннет)

5) Намазға барғанда еш сүре не дұға білмесеңіз тыныш қана отырып, кейін жамағатпен бірге оқылатын парызды оқысаңыз жұманы оқып сауабын алған боласыз..(жеке оқылатын намазға ұю міндет емес)

Алла ниетіңізді қабыл етсін!🤲🏻
Достарыңызбен де бөлісіп қойыңыз!

Бекзат Жақсылық

31 Oct, 13:27


Надандықтан артық кедейлік жоқ.

Бекзат Жақсылық

29 Oct, 10:52


Күнәмды Алла кешірді ма екен деп уайымдап жүрген бауырым!

Алла қаласа үлкен күнәні де кешіреді, немесе кіші күнәға да азап жібереді

Ал күнәнің кешірілуінің үлкен белгісі адамның ол күнәні қайта жасамауы..

Бекзат Жақсылық

25 Oct, 20:02


Құлшылықтағы бір өте қарапайым мәселені қозғасаң да жамағаттың кейбірі сені көміп тастауға дайын. (Әсіресе тик-токтың коментында)

Керісінше біз білмегенімізді түзеп, үйрену керек емеспіз бе?!

Құлшылықты шариғатқа сай болмаса да әйтеуір амалдай бер деп біреу айтқан ба еді?

Құлшылық екі шартпен дұрыс болады:
1) Ықылас (Алла үшін)
2) Шариғатқа сай (сүннет бойынша)

Бекзат Жақсылық

25 Oct, 06:39


Жұмаға баратын 5 уақытқа әлі келмеген бауырларымызға жазып едім, пайдасы тиер!

Бекзат Жақсылық

24 Oct, 13:21


«Ей, Адамның ұрпағы, сен – бұл сенің күндерің. Күнің өткенде, онымен бірге сенің өмірің де кетеді» (Хасан Әл-Басри)

Бекзат Жақсылық

21 Oct, 18:01


Ілім қиындыққа жасырылыған (осыны ұмытпаңыз!)😊

Бекзат Жақсылық

21 Oct, 09:58


Нағыз рахат – рахатты тәрк етуде

Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жемек.

Бекзат Жақсылық

21 Oct, 07:19


Әс сәләму алейкум бауырлар!
Жаңа апта берекелі болсын!

Бекзат Жақсылық

19 Oct, 06:22


Ал ендеше

"Екі жүзді үшін Құран оқығаннан, ауыр тастар көтергені оңайырақ."

Ибн 'Аббас (رضي الله عنه)

Бекзат Жақсылық

18 Oct, 10:12


Әс сәләму алейкум жазбаларды оқитын ықыласты бауырларым!😊

Кейінгі күндері телеграмға аз көңіл бөліп кеттім!

Қолға алып жатырмын, жақсы жазбалар күтіңіздер!

Бекзат Жақсылық

17 Oct, 12:37


"Кейбір табиғиндер айтты:
"Кімнің күнәсі көп болса, ол шөлдеген адамдарға су берсін". Алла итке су бергенді кешірді, ал адамға , мұсылманға, мүмінге су беріп өмір сыйлаған адам жайлы не айтуға болады?"

"Тафсир әл-Қуртуби"

Бекзат Жақсылық

14 Oct, 06:59


Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рахымына алсын) телеграм каналындағы жазбалар мен аудармалардың жиынтығы. PDF форматта. Тегін.

Бекзат Жақсылық

13 Oct, 17:58


Жігіттің жақсысы:

Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.

(с) Әйтеке би

Ай-ай қазір көп жігітке жетіспейтін қасиет қой шіркін..

Бекзат Жақсылық

13 Oct, 09:46


Бәрінен жақсы болу міндетті емес, кешегі күннен жақсы болсаң жеткілікті.

Бекзат Жақсылық

10 Oct, 13:42


⬆️Бұл Әбу Хәзим (рах) деген табиғиннің Халифаға айтқан сөздерінен. Араларында болған диалог өте қызық тағы да бөлісермін иншалла!

Бекзат Жақсылық

10 Oct, 13:19


Сені Алланың алдында не күтіп тұрғанын білгің келсе, Амалыңды Алланың кітабында айтылғандармен салыстыр, сонда не күтіп тұрғанын білесің.

Мынау аяттардан табасың:

“Жақсылық жасаушылар – нығметте. Жамандық жасаушылар – тозақта”
“Инфитар” 13-14 аяттар

Бекзат Жақсылық

09 Oct, 08:55


“Кімде-кім өзін кім екенін білгісі келсе, кімдерді жаксы көретіндігіне қарасын”

Мәуләнә Руми (р.а.)

Бекзат Жақсылық

08 Oct, 10:06


“Тəкаппар адамның арқасынан жүрушілері артқан сайын, оның Алла тағаладан ұзақтауы да артады.”

Әбу Дарда (р.а)

Бекзат Жақсылық

07 Oct, 13:13


Ата-бабаларыңмен мақтану ақымақтық

Қабыл Адамның (ғ.с) ұлы, Кенан Нұхтың (ғ.с) ұлы еді. Әкелерінің пайғамбар болуы оларды күпірліктен құтқармады. Бабаларыңның салих болғандарын айтып мақтанбау керек. Солар сияқты салих болуға, солардың жолында болуға тырысу керек.

Бекзат Жақсылық

07 Oct, 12:59


Алла жолындағы бауырды табудан қиналғандай басқа ештеңеден қиналған емеспін.

Абдулла ибн Мубарак (р.а)

Бекзат Жақсылық

06 Oct, 13:50


Ізгілерден мынадай сөз қалған:

Біз, бір харам нəрсе істеп қоямыз
ба деп қорқып, жетпіс халалды істеуден бас тартатын едік

Бекзат Жақсылық

06 Oct, 12:13


Тəкаппарлықтың зиянын білмейтін адамды білім адамы деп атау өтірік болады.

Адамның ілімі артқан сайын, Алла субхәна уә тағаладан
қорқуы артады. Күнə жасауға батылы бармайды. Сондықтан да пайғамбарлар (ғалейһимуссалам) өте қарапайым еді.

Бекзат Жақсылық

06 Oct, 11:58


Мен білемін деген адам надан адам..

Бекзат Жақсылық

05 Oct, 14:51


Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе, олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады.

© Абай Құнанбайұлы