hafizbol.kz @hafizbol_kz Channel on Telegram

hafizbol.kz

@hafizbol_kz


hafizbol.kz (Kazakh)

hafizbol.kz Telegram қағазы жасауды тәртіптейтін арнайы бағдарлама болып табылады. Бұл ұстаздық жүйесі дайындық программасы жасауға ынталандыратын көмекші. Бұл бағдарлама қол жетімді нұсқаға - онлайн режимінде жауап беру жөніндегі сессия жоспарлауға мүмкіндік береді. Сол себепті, білім алушыларға көмек көрсетеді, оларға қағаздық жасауды және олардың оқуын тәртіптеу жолында қажетті білім береді. hafizbol.kz Telegram каналы арқылы кез келген адам қолданушылардың оқуын жетікше шығарып алуға көмек көрсетеді.

hafizbol.kz

03 Jun, 08:55


Жомарттық - ешнәрсе күтпей беру. Қайырымын күтіп беретін болса - ол сауда. Мен беремін, сенде беру керексің.

Сауда мақсатында жасаған жомарттықтың сауабын - осы дүниеде алуымыз мүмкін. Жомарттық мақсатында жасалған жомарттықтың қайтарымын ақыретте алудан үміт етеміз

hafizbol.kz

19 May, 09:26


Қызық тақырып талқылап жатырмыз. Топқа қосылыңыз🫰🏻

hafizbol.kz

19 May, 09:26


Қанағат және ысырап👇🏻

hafizbol.kz

28 Feb, 08:40


Шүкіршілік пен разылық - рызық пен қуанышты арттырғаны секілді, наразылық пен разы болмау - қиындықтар мен проблемаларды арттырады

hafizbol.kz

07 Jan, 08:06


Имам Ағзам Абу Ханифаның жалғыз ұлы Хаммад алғаш Құран үйреніп, "Фатиха" сүресін жаттағанда, оның ұстазына 500.000 дирхам жібереді.

Ұстазы: "мұншалықты көп ақша жіберетіндей қызмет көрсеткен жоқ едім ғой" - дегенде, Имам Ағзам: "Ұлыма үйреткен Құранды аз нәрсе деп ойлайсыз ба? Қазірше қолымда бары осы болды. Әйтпесе, Құран Кәрімнің құрметіне бұдан да көп берер едім" деген екен

hafizbol.kz

13 Dec, 11:35


Ең ұлы - Алла
Ең ұлы кітап - Құран
Адамдардың арасында ең жақсысы - Құранмен айналысқандар (үйрену, оқу, жаттау, түсіну, амал ету, үйрету)

"Сендердің ең жақсыларың - Құранды үйреніп, оны үйреткендерің" (Хадис)

hafizbol.kz

04 Dec, 09:08


Күндізгі уақытта көп сәжде,
Түнгі уақытта ұзақ қиямда тұру - қабыл болу ықтималдығы жоғары

(Әбу Зар әл-Ғифари)

hafizbol.kz

17 Nov, 09:37


Ақылдағы ақпарат жүрекке түспесе, ақылда шіриді. Ақылда шірудің белгісі - тәкаппарлыққа айналады.

Тәкаппарлықтың белгісі - барлық нәрсені сынай беруі, жамандауы, салғыласуы, өзінікін дұрыс екенін дәлелдеуі, мойындамауы

hafizbol.kz

09 Nov, 18:28


Құран үйренуге уақыт бөле алмаған адам басқа іске уақыт бөледі. Егер игі іс болса, керемет. Бос нәрсе болса, өкінішті (сериал, телевизор, инстаграм, тик-ток, бос қыдырулар т.б.)

Саналы түрде жақсы іске ниет етпесек, санасыз түрде пайдасыз іске ниет етеміз, және оны жүзеге асырамыз.

Құран оқуға уақыт, ыңғайлы жер, ұстаз ЖОҚ емес, ішкі ниетіміздің жоқтығы.

Күнә жинау үшін жақсылық жасамай қоя салу жеткілікті

Ауыр болса да шындық

hafizbol.kz

06 Nov, 07:31


Күліп күнә жасаған, жылап Тозаққа кіреді,
Жылап құлшылығын жасаған, күліп Жәннәтқа кіреді

hafizbol.kz

05 Oct, 17:36


Алла Тағала айтады:

"Кімде-кім Құран оқу, дұға ету және меннен қалағанын сұраумен шұғылданса, оған шүкір еткендерден де артығын беремін" дейді

Тирмизи

hafizbol.kz

05 Oct, 11:15


Жазбаны оқу үшін басыңыз🤏🏻

hafizbol.kz

30 Sep, 13:57


Барлық жамандық – нашар мінез-құлықты адамдармен
сұхбаттас болудан пайда болады

hafizbol.kz

14 Sep, 15:15


Сахаба Абдулла ибн Омардан (әкесі екеуіне Алла разы болсын)
жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Темірге су тиіп, бетін тот басқаны сияқты, жүректерді
де тот басады», - деді. Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, онда
жүректерді не тазартады?» - деп сұрайды. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өлімді жиі еске алу мен Кұранды көп оқу», - деп жауап берді"

hafizbol.kz

21 Aug, 19:04


https://youtu.be/s0KbdO229N0

34 минуттарыңызды арнап, осыны қарап шықсаңыздар, біраз ой түйесіздер

hafizbol.kz

16 Aug, 07:11


https://youtu.be/j_LUSJBejLM