Сот Атбасар колониясындағы азаптау ісінде сотталушыларды ақтағаннан кейін Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) азаптауға қарсы коалициясы бас прокурор Берік Асыловқа жүгінді.
Құқық қорғаушылар белсендіні азаптау туралы оқиға видеодан кейін ғана белгілі болғанын, ол бейнеде колония қызметкерлерінің тұтқынды азаптағаны анық көрінетінін атап өткен.
- Колония қызметкерлері бастапқыда адамды азаптау ауыр қылмыс екенін білуі керек еді. Бұл жағдайда да барлық істердей олар өз әрекеттерінің заңсыздығын білмеуі жауапкершіліктен босатпайды, – делінген үндеуде.
Коалиция тек 12 адам сотталушы орындығына отырғанына назар аударды, ал жәбірленуші азаптауға колонияның одан да көп қызметкері қатысқанын хабарлаған. Айтпақшы, жәбірленушілердің саны да көп – 41 адам.
https://qaz.ulysmedia.kz/news/26120-atbasar-turmesindegi-azaptau-ku-kyk-korgaushylar-bas-prokurorga-undeu-tastady/
☑️Ұлысқа жазылыңыз