📌 Имам Альбани мен мəуліт өткізуді дұрыс санайтын адамның арасында орын алған пікірталас
– Шейх Альбани: Пайғамбарымыздың (ﷺ) туған күнін (мəуліт) тойлау жақсы іс пе, жоқ əлде жаман іс пе?
– Қарсыласы: Əлбетте, жақсы іс.
– Шейх Альбани: Тамаша. Ендеше, осы жақсылықты Аллаһ елшісі (ﷺ) жəне оның сахабалары білмей өткен бе?
– Қарсыласы: Жоқ.
– Шейх Албани: Мен сенің жоқ деген жауабыңмен қанағаттанбаймын. Негізінде, сен бірден: Əлбетте, жоқ! Аллаһ елшісі (ﷺ) жəне оның сахабалары осы бір жақсылықты білмей қалулары мүмкін емес. Өйткені, біз Ислам мен Иманды пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) жолы арқылы ғана үйрендік, қалайша енді біз ол білмейтін жақсылықты біліп қалдық? Бұл мүлде ақылға қонымсыз əрі болымсыз нəрсе деп жауап беруің керек еді.
– Қарсыласы: Бірақ та, пайғамбарымыздың (ﷺ) мəулітін өткізу - оны еске алу баптан болғандықтан, ол нəрседе оны құрметтеу барғой!
– Шейх Альбани: Сен айтып тұрған нəрсе - пəлсəпа (философия, ақылға берілу). Біз ол нəрсені де жəне ол нəрселерді айтқандарды да білеміз. Əрі олардың кітаптарын оқып та көргенбіз! (Бұның бəрі бос сөз). Алайда, Аллаһ елшісі (ﷺ) адамдарға дағуат қылған кезде Исламға толықтай шақырды ма, жоқ əлде таухидке (бірқұдайшылдыққа) шақырды ма?
– Қарсыласы: Таухидке шақырды.
– Шейх Альбани: Шақырған ең алғашқы нəрсесі – таухид. Сосын барып намаз парыз етілді, сосын барып ораза парыз етілді, сосын барып қажылық парыз етілді, сосын барып Исламның басқа да парыздары мен амалдары шариғат етілді. Демек, сен де дағуат қылуда (Аллаһ елшісі ﷺ көрсеткен) осы жолмен жүр. Біз қазір ғана сенімен Исламда Аллаһ елшісі (ﷺ) білмей өткен жақлысықтың болуы мүмкін емес екендігіне келістік. Себебі, біз жақсылықтың барлығын Аллаһ елшісі (ﷺ) арқылы білдік. Негізінде, бұл – ешбір адам дауласа қолмайтын мəселе. Əрі мен осы нəрседе күмəн келтірген адамды (яғни, Аллаһ елшісі ﷺ дінді жеткізгенде кейбір нəрселерді білмей қалған дейтін адамды) мұсылман емес деп білемін. Аллаһ елшісі (ﷺ) дінге қатысты барлық нəрсені жеткізіп кеткендігін бекітіп, күшейте түсетін хадистердің бірі – пайғамбарымыздың (ﷺ) келесі сөзі:
ما تركت شيئا يقربكم إلى الله إلا وأمرتكم به
«Аллаһқа жақындататын жақсылықтардың ешбірін де қалдырмастан, сендерге оны толық жеткіздім».
Демек, егер мəуліт жақсылық əрі бізді Аллаһқа жақындататын ізгі амал болғанында, Аллаһ елшісі (ﷺ) оны бізге жеткізген болар еді, солай ма, əлде жоқ па? Сосын, мен айтып жатқан əрбір əріпте сен менімен қанағаттанбастан келісуіңді қаламаймын. Сондықтан, қанағаттанбай қалған жеріңде: Мен мына жерде қанағаттанбадым, кеңірек түсіндіріп жіберңізші деп айтуға сен толық еріктісің. Ендеше, осы жерге дейін айтқан нəрселеріме сен менімен толықтай келісесің бе?
– Қарсыласы: Иə, толықтай сізбен біргемін.
– Шейх Альбани: Аллаһ саған жақсылықтан жазсын! Олай болса, хадисте: «Аллаһқа жақындататын жақсылықтардың ешбірін де қалдырмастан, сендерге оны толық жеткіздім» делінген. Осыдан келе, біз мəуліт жасау рұқсат деп санайтындардың барлығына айтарымыз: Сендердің пайымдауларыңша; мəуліт – жақсы іс екен. Ендеше, не сол жақсылықты Аллаһ елшісі (ﷺ) бізге айтып кеткен немесе айтпаған. Егер, айтып кеткен деп жауап берсеңдер, онда сендерге Аллаһ бізге үйреткендей:
﴿هَاتُوا۟ بُرۡهَـٰنَكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَـٰدِقِینَ﴾
﴾Егер шыншыл болсаңдар, онда құжаттарыңды (дəлелдеріңді) келтіріңдер﴿ деп айтамыз. Сөзсіз, сендер мəулітке ешуақытта ешбір дəлел келтіре алмайсыңдар! Біз (мəулітке рұқсат беретін) 'Алəуидің де жəне 'Алəуиден басқалардың да кітаптарын оқыдық. Олардың барлығының айтатын бар дəлелдері: мəуліт тойлау – жақсы бидғат деген бос сөз ғана. Негізінде, мəуліт тойлау рұқсат дейтіндер де, рұқсат емес дейтіндер де, барлығы да мəуліттің Аллаһ елшісінің (ﷺ) жəне сахабалардың уақытында, тіпті, төрт мазһаб имамдарының кезінде де болмағандығына бірауыздан келіседі.
(Жалғасы астында)⬇️⬇️⬇️