Фабрицио ақпараты @romanokz Channel on Telegram

Фабрицио ақпараты

@romanokz


Жарнама бойынша ➡️ @futbigarna📝

Фабрицио ақпараты (Kazakh)

Қазақстанда футбол қызметінің ішінде отырған топтық журналист Фабрицио ақпараты телеграм каналына қош келдіңіз! Бұл канал Фабриционың ақпараттарымен жүргізілген жарнамалар мен спорт тақтасы мендеулерімен толтырылған. Футбол сыйлаулары мен түнгі деректерді көрсету арқылы, Фабрицио ақпараты каналы жаңа жағдайлар жайлы білімді алуға мүмкіндік береді. Жарнама бойынша ➡️ @futbigarna📝 көрсеткіші арқылы каналға қосылыңыз және Фабрицио ақпаратымен сіз дүниежүзіндегі футбол мәдениеті туралы толықтыраңыз!

Фабрицио ақпараты

12 Feb, 13:37


Кай Хаверц маусымды ерте аяқтады

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Арсенал» шабуылшысы Дубайда өтіп жатқан оқу жаттығу жиыны кезінде бұлшық етін зақымдап алғаны белгілі болған еді.

❗️ Осы жарақатына байланысты маусым соңына дейін командасына көмектесе алмайтын болды.

😳 «Арсеналдың» шабуыл шебінде жарақат алмаған үш ойыншы қалды:

▪️Этан Нванери
▪️Леандро Троссард
▪️Рахим Стерлинг
▪️Кай Хаверц (жарақат)
▪️Букайо Сака (жарақат)
▪️Габриэль Жезус (жарақат)
▪️Габриэль Мартинелли (жарақат).

Фабрицио ақпараты

12 Feb, 12:37


🇪🇸 Испания кубогының жартылай финалдық жұптары анықталды

🆚 Алғашқы кездесулер 25-26 ақпан күндері, ал қарымта кездесулер 1-3 сәуір күндері өтеді.

Финалда Эль-класико көреміз бе?

Фабрицио ақпараты

12 Feb, 11:15


🇫🇷 Кәсіби мансабында ең көп гол соққан франциялық ойыншылар:

1️⃣ Кәрім Бензема – 489
2️⃣ Тьерри Анри – 411
3️⃣ Роже Куртуа – 364
4️⃣ Андре Пьер-Жиньяк – 363
5️⃣ Бафетимби Гомис – 361
6️⃣ Килиан Мбаппе – 355 🆕
7️⃣ Мишель Платини – 354.

🤔 Бенземаны басып оза ала ма?

Фабрицио ақпараты

12 Feb, 10:25


Ресми: Бенджамен Менди – «Цюрих» ойыншысы атанды

✍️ «Ман Ситидің» экс-ойыншысы швейцариялық клубпен 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

30 жастағы футболшы бұған дейін франциялық «Лорьянда» өнер көрсетіп келген еді.

Фабрицио ақпараты

12 Feb, 07:12


«Арсеналдың» тағы бір шабуылшысы жарақат алды

🦵 Кай Хаверц Дубайда өтіп жатқан қысқы жаттығу жиынында бұлшық етін зақымдап алыпты.

👨‍⚕️ Жақын уақыттарда медициналық тексерістен өтіп, қанша уақытқа қатардан шыққаны белгілі болады екен.

🤕 Осыған дейін «зеңбірекшілер» қатарында Букайо Сака, Габриэль Жезус және Габриэль Мартинелли жарақат алып, қатардан шығып қалған болатын.

Фабрицио ақпараты

12 Feb, 05:10


«Ман Сити» – 2018 жылдан кейін алғаш рет өз алаңында өткен ЧЛ матчында жеңіліс тапты

🇪🇺 «Қалалықтардың» 34 матчқа ұласқан (негізгі уақыттағы) жеңіліссіз сериясына «Реал» (2-3) нүкте қойды.

🔽 «Реалға» дейін жеті жыл бұрын «Лионға» (1-2) есе жіберген екен.

Фабрицио ақпараты

12 Feb, 04:09


🇪🇺 «Реал» Чемпиондар лигасында 300 жеңіске қол жеткізген алғашқы клуб атанды:

🔟 🚀 «Реал» – 300 🆕
2️⃣ 🇩🇪 «Бавария» – 241
3️⃣ 🇪🇸 «Барселона» – 209
4️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «МЮ» – 161
5️⃣ 🇮🇹 «Ювентус» – 157.

Фабрицио ақпараты

12 Feb, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🇪🇺 ЧЛ. Плей-офф:

22:45. 🇧🇪 Брюгге - Аталанта 🇮🇹
01:00. 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Селтик - Бавария 🇩🇪
01:00. 🇫🇷 Монако - Бенфика 🇵🇹
01:00. 🇳🇱 Фейеноорд - Милан 🇮🇹

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ. 15-тур:

00:30. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Эвертон - Ливерпуль 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 22:08


🔝 Винисиус «Ман Ситиге» қарсы матчтың үздігі атанды

🅰️ «Реал» вингері қос ассистімен көзге түсті.

Лайық па?

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 22:00


⚡️ «Ювентус» пен «Боруссия Д» жеңіске жетті

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 21:58


🔥 Әдеттегідей камбэк

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 21:55


Бұл – «Реал»!

😎 Мүмкін емес, бірақ шындық

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 19:42


🤔 «ПСЖ» 1/8 финалда...

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 18:52


⚡️ «Ман Ситидің» негізгі құрамы

🇪🇺 «Реалға» қарсы кездесу 01:00-де Qazsport арнасынан көрсетіледі.

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 18:42


⚡️ «Реалдың» бүгінгі матчқа шығатын негізгі құрамы

🇪🇺 «Ман Ситиге» қарсы кездесу 01:00-де Qazsport арнасында көрсетіледі.

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 17:50


«Ливерпуль» Дарвин Нуньесті «Әл-Насрға» сатудан бас тартты

💰 Саудиялық клуб қаңтар айында Нуньес бойынша екі рет ұсыныс жасады. Барлық тараптар қаржылық шарттарды келісуге жақын болды.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Алайда мерсисайдтық клуб уругвайлықтың орнына шабуылшы таппағандықтан трансферден бас тартты.

❗️ Жазда бұл тақырып қайта қозғалуы мүмкін. «Қызылдар» келесі трансфер кезеңінде белсенділік танытады деп күтілуде.

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 16:30


❤️ Fonteam арнасының алғашқы видеосы шықты!

🔥
Әлімжан Асқар, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын және Елдос Ахметов Қазақстан құрамасы мен ҚПЛ-2025 туралы біраз дүние айтып тастады.

▶️ https://youtu.be/OuoE5oeVzaQ

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 06:11


👀 Джейдон Санчо нені меңзеді екен?

📲 Маркус Рэшфордтың «Астон Вилла» жейдесімен инстаға жүктеген суретіне: "Еркіндік🙏🙌" деген пікір қалдырды.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Айта кетейік, «МЮ» қос футболшыны да сатып алу тармағымен жалға берген болатын.

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 05:10


📊 OPTA нұсқасы бойынша командалардың ЧЛ-де топ жару мүмкіндіктері осындай:

1️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ливерпуль» – 24.6%
2️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Арсенал» – 16.6%
3️⃣ 🇮🇹 «Интер» – 14.5%
4️⃣ 🇪🇸 «Барселона» – 9.5%
5️⃣ 🇫🇷 «ПСЖ» – 6.3%
6️⃣ 🚀 «Реал» – 4.4%
7️⃣ 🇪🇸 «Атлетико» – 3.9%
8️⃣ 🇩🇪 «Байер» – 3.7%
9️⃣ 🇮🇹«Аталанта» – 3.5%
🔟 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ман Сити» – 3.2%.

Келісесіз бе?

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 04:19


⚡️ Букайо Сака жеке жаттығуға кірісті

🦵 «Арсенал» вингері «Кристал Пэласқа» (1-5) қарсы матчта жарақат алып, санына ота жасатқан еді.

Фабрицио ақпараты

11 Feb, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🇪🇺 ЧЛ. Плей-офф:

22:45. 🇫🇷 Брест - ПСЖ 🇫🇷
01:00. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ман Сити - Реал 🚀
01:00. 🇵🇹 Спортинг - Боруссия Д 🇩🇪
01:00. 🇮🇹 Ювентус - ПСВ 🇳🇱

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

10 Feb, 17:03


Алессандро Неста «Монцаға» оралды

🇮🇹 «Қызылдар» қазіргі бас бапкер Сальваторе Бокеттиді қызметінен босатып, Нестаны қайта тағайындады.

💼 Неста бұған дейін «Монцаны» шілде айынан желтоқсанға дейін баптаған еді. Араға бір жарым ай уақыт салып, қайта оралып отыр.

Фабрицио ақпараты

10 Feb, 16:35


Ресми: «Фейеноорд» Брайан Прискені қызметінен босатты

🇳🇱 Голландиялық клуб ЧЛ плей-офф кезеңі алдында бас бапкермен қош айтысты:

🏟️ 33 матч
18 жеңіс
🤝 7 тең ойын
8 жеңіліс

🔎 Қазіргі уақытта жаңа бапкер нұсқалары талқыланып жатыр.

Фабрицио ақпараты

10 Feb, 14:12


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ресми: Ясин Озджан – «Астон Вилла» ойыншысы атанды

✍️ Қос тарап төрт жылға жарамды келісімшартқа қол қойды.

💰 Бирмингемнің клубы 18 жастағы түркиялық қорғаушыны «Касымпашадан» 8млн еуроға сатып алды.

Ясин жаңа клубына шілде айында қосылады.

Фабрицио ақпараты

10 Feb, 14:07


Ресми: Уэйн Руни – «Amazon Prime» құрамына қосылды

📺 «МЮ» аңызы ЧЛ матчтарына талдау жасайтын бағдарламаның сарапшысы атанды.

💼 Руни соңғы рет Чемпионшипте өнер көрсететін «Плимутты» тізгіндеп, мерзімінен бұрын қызметінен қуылған еді.

Фабрицио ақпараты

10 Feb, 10:49


Ресми: Дастан Сәтпаев мансабын «Челсиде» жалғастырады

🏆 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Қайрат» пен «Челсидің» келісімге келгені ресми хабарланды.

💰 Ағылшындық клуб 16 жастағы қазақстандық таланттты 4.3 млн еуроға (бонустармен) сатып алды.

🔥 Дастан жаңа клубына 18 жасқа толғанда (2026 жылы) ауысады. Оған дейін «Қайрат» сапында тер төгеді.

Фабрицио ақпараты

10 Feb, 10:42


«Челси» Дариу Эссугуды бақылауын жалғастыруда

🇪🇸 «Спортингтің» 19 жастағы таланты қазір «Лас-Пальмаста» жалда ойнап жүр.

🔥 «Ақсүйектер» жартылай қорғаушыны қаңтар айында қысқа тізіміне қосып қойды.

Фабрицио ақпараты

10 Feb, 07:12


🇪🇺 Алдағы екі күн ішінде ЧЛ плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесулер өтеді

🆚 Қарымта матчтар 18-19 ақпан күніне жоспарланған.

Кімдер жеңеді?

Фабрицио ақпараты

10 Feb, 04:09


🇪🇸 Рафиньяның осы маусымдағы көрсеткіші:

🏟 35 матч
24 гол
🅰️ 15 ассист

🤔 «Алтын допқа» негізгі үміткер ме?

Фабрицио ақпараты

09 Feb, 22:02


🔥 Қызыл қағазда кедергі болмады

Фабрицио ақпараты

09 Feb, 19:31


«Тоттенхэм» Англия кубогынан үміт үзді

Фабрицио ақпараты

09 Feb, 18:42


Беньямин Шешко мансабындағы 100-ші голын соқты

🇩🇪 Словениялық форвард Бундеслиганың 21-турында «Санкт-Паулидің» (2-0) қақпа торын тулатты. Одан бөлек Хави Симонсқа гол пасын шығарып берді.

🔥 Бұл Шешконың клуб+құрама сапындағы 100-ші голы болды:

🇸🇮 Словения – 16
🇩🇪 «РБ Лейпциг» – 33
🇦🇹 «Лиферинг» – 22
🇦🇹 «Зальцбург» – 29.

Фабрицио ақпараты

09 Feb, 18:15


🧨 Here we go!

🇧🇷 Бенхамин Рольхейсер – «Сантос» ойыншысы атанады

🤝 Бразилиялық клуб «Бенфикамен» келісімге келді. Трансфер құны €11млн + (келесі сатылымнан 15%-ды) құрайды.

Фабрицио ақпараты

09 Feb, 17:01


🤯 Чемпионшипте соңғы орында тұрған клуб «Ливерпульді» Англия кубогынан ұшырып жіберді

Фабрицио ақпараты

07 Feb, 12:58


Абдуқодир Хусанов «Реалға» қарсы өнер көрсетеді

🇪🇺 «Ман Сити» плей-офф кезеңі алдында құрамына өзгеріс енгізді.

🔥 Жаңадан тек үш ойыншы тіркеуге рұқсат етілгендіктен Абдуқодир Хусанов, Нико Гонсалес және Омар Мармушты тізімге қосты. Одан бөлек Родридің де есімі жазылыпты.

🚫 Ал Витор Рейс мәжбүрлі түрде құрамнан тыс қалды.

Фабрицио ақпараты

07 Feb, 11:20


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Джастин Клюйверт АПЛ-нің қаңтар айындағы үздігі атанды

⚽️ 25 жастағы форвард қаңтар айында төрт матч өткізіп, 5 гол соқты. Одан бөлек еншісінде екі ассисті бар.

Лайық па?

Фабрицио ақпараты

07 Feb, 10:24


🇪🇸 ХХІ ғасырда Испания кубогының жартылай финалына жиі шыққандар:

🇪🇸 «Барселона» – 16
🇪🇸 «Атлетик» – 10
🚀 «Реал» – 9
🇪🇸 «Севилья» – 9
🇪🇸 «Атлетико» – 8.

Бұл жолы трофей кімге бұйырар екен?

Реал ⚡️
Барселона 🔥
Атлетико ❤️‍🔥
Реал Сосьедад ❤️

Фабрицио ақпараты

07 Feb, 09:40


«Тоттенхэм» 17 жыл бойы трофей жеңе алмай келеді

Эндж Постекоглуның командасы «Ливерпульге» (4-0, 1-0) қарсы жауапты матчта ойсырай жеңіліп, Лига кубогының финалына шығатын мүмкіндіктен айырылды.

🏆 «Қораздар» соңғы рет 2008 жылы Лига кубогынде топ жарған еді. Бұл клубтың ХХІ ғасырда жеңген жалғыз трофейі.

Фабрицио ақпараты

07 Feb, 06:11


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Мұхамед Салах «Ливерпуль» жейдесінде ең көп гол соққан командалар:

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «МЮ» – 16
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Вест Хэм» – 13
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Тоттенхэм» – 13 🆕

⚽️ Кеше «Тоттенхэм» қақпасына 13-ші голын соқты.

Фабрицио ақпараты

07 Feb, 05:10


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Лига кубогының финалистері белгілі болды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ньюкасл» – «Ливерпуль»🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

📆 Финал 16 наурыз күні «Уэмблиде» өтеді.

Кубок кімге бұйырар екен?

Ньюкасл ⚡️
Ливерпуль 🔥

Фабрицио ақпараты

07 Feb, 04:19


Голдың фабрикасына айналды

🇪🇸 «Барселона» Испания кубогының 1/4 финалында «Валенсияны» (0-5) талқандап, осы маусымда соққан голдарын 109-ға жеткізді.

🔥 Мұнша гол соғу үшін 35 матч жеткілікті болды.

⚽️ Осылайша 2011/12ж маусымнан кейін бірінші рет маусым басындағы 35 ресми матчта 109+ гол соғып отыр.

📁 Соңғы рет мұндайды Пеп Гвардиланың (112 гол) тұсында жасаған екен.

Фабрицио ақпараты

07 Feb, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🇮🇹 "А" Сериясы. 24-тур:

00:45. Комо - Ювентус

🇩🇪 Бундеслига. 21-тур:

00:30. Бавария - Вердер

🇫🇷 Бірінші лига. 21-тур:

01:05. ПСЖ - Монако

🇵🇹 Примейра. 21-тур:

01:15. Порту - Спортинг

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 22:28


🇲🇽 Ресми: Серхио Рамос – «Монтеррей» ойыншысы атанды

✍️ 38 жастағы қорғаушы мексикалық клубқа еркін агент статусында ауысты.

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 22:24


🇪🇸 «Барса» қиындықсыз Испания кубогының жартылай финалына шықты

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 21:59


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ливерпуль» Лига кубогының финалына шықты

🏆 Мерсисайдтық клуб ақтық мәреде «Ньюкаслмен» күш сынасады.

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 21:04


🔥 Ферран Торрес «Валенсия» қақпасына хет-трик жасады

⚽️ 3'
⚽️ 17'
⚽️ 30'

🤔 Қой деп айтатын біреу жоқпа?

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 20:58


🤯 «Барселона» «Валенсияға» қарсы осы маусымда:

🏟️ 3 матч
⚽️ 14 гол.

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 19:37


Харри Кейннің өтемақы құны белгілі болды

💰 Ағылшындық форвардты сатып алғысы келген клуб 65млн еуро төлеуі тиіс. Бұл тармақ 2026 жылдың қаңтар айынан бастап жарамды болады.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ клубтары бұдан хабардар. Бірақ ешбірі әзірге футболшымен байланыспады.

🇩🇪 Ал Кейннің өзі алдағы жазда «Бавариядан» кетуді жоспарлап отырған жоқ.

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 18:37


📺 Бүгінгі матчтарды FONBET-тен көріңіз!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿«Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» Лига кубогының жартылай финалында күш сынасады.

🇪🇸 «Валенсия» мен «Барселона» Испания кубогының тағы бір жартылай финалисін анықтайды.

❤️ Екі ойынды да FONBET-тегі достарымыз тікелей эфирде көрсетеді: https://fnbt.link/d17ab ⬅️

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 17:02


🇮🇹 «Милан» Жоау Феликсті командада сақтап қалуға ниетті

Шабуылшының жалға алу мерзімі маусым айына дейін жарамды. «Челси» келісімшартқа сатым алу тармағын енгізбеді.

«Россонери» маусым соңында «ақсүйектермен» толыққанды трансфер жайын талқыламақ.

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 13:56


Осы маусымда ең көп сәтті дриблинг жасаған ТОП-5 лига ойыншылары:

🇪🇸 Ламин Ямал – 73
🇩🇪 Джейми Гиттенс – 66
🇪🇸 Доди Лукебакио – 64
🇩🇪 Флориан Вирц – 62
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Мұхамед Кудус – 59
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Илиман Ндайие – 58.

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 11:42


💔

Фабрицио ақпараты

06 Feb, 11:40


😳 Ең үздік қорғаушының бірі мансабын аяқтады

👋 Марсело әлеуметтік желіде футболшы мансабын аяқтағанын хабарлады.

🇧🇷 Бразилиялық қорғаушы мансабын «Флуминенседе» бастап, жарқын жылдарын «Реалда» өткізді:

🏟 721 матч
58 гол
🅰️ 117 гол пасы
🏆 31 жүлде.

Фабрицио ақпараты

04 Feb, 01:06


🇫🇷 Ресми: Исмаэль Беннасер – «Марсель» ойыншысы атанды

✍️ Франциялық клуб жартылай қорғаушыны сатып алу мүмкіндігімен жалға алды.

💰 Толыққанды трансфер құны 12млн + 3млн (бонус) құрайды.

Фабрицио ақпараты

04 Feb, 00:34


🇮🇹 Ресми: Жоау Феликс – «Милан» ойыншысы атанды

«Россонери» футболшыны маусым соңына дейін жалға алды.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 23:19


🇮🇹 Ресми: Уоррен Бондо – «Милан» ойыншысы

💰 Трансфер құны 10млн еуроны құрады.

«Монца» ➡️ «Милан».

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 23:13


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ресми: Матис Тель – «Тоттенхэм» ойыншысы атанды

Франциялық шабуылшы «қораздар» сапында маусым соңына дейін жалда ойнайды.

💰 60млн еуро көлемінде сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 23:00


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ресми: Нико Гонсалес – «Ман Сити» ойыншысы атанды

✍️ Қос тарап 2029 жылдың маусым айына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

💰 «Қалалықтар» жартылай қорғаушыны «Портудан» 60млн еуроға сатып алды.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 21:24


✈️ Жоау Феликс Миланға ұшып келді

✔️ «Челси» португалиялық футболшыны маусым соңына дейін жалға берді.

🩺 Жақын уақыттарда медициналық тексерістен өтеді.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 21:16


🇩🇪 Ресми: Миши Батшуайи – «Айнтрахт Ф» ойыншысы атанды

✍️ Қос тарап 2027 жылдың маусым айына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

💰 Неміс клубы 31 жастағы шабуылшыны «Галатасарайдан» 3млн + 500мың еуроға (бонус) сатып алды.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 20:12


🧨 Here we go!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Аксель Дисаси – «Астон Вилла» ойыншысы атанады

🤝 Бирмингемнің клубы «Челсимен» келісімге келді.

26 жастағы қорғаушы маусым соңына дейін жалда ойнайды.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 19:49


🇩🇪 Ресми: Карни Чуквуэмека – «Боруссия Д» ойыншысы атанды

✍️ «Аралар» жартылай қорғаушыны «Челсиден» сатып алу мүмкіндігімен жалға алды.

💰 Толыққанды трансфер құны 40млн фунтты құрайды.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 19:19


🧨 Here we go!

🇮🇹 Уоррен Бондо – «Милан» сапына ауысады

💰 «Қызылдар» футболшыны «Монцадан» 10млн еуроға сатып алатын боп келісті.

🔄 21 жастағы жартылай қорғаушы «Марсельге» ауысатын Исмаэль Беннасердің орнын басады.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 19:06


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ресми: Марко Асенсио – «Астон Вилла» ойыншысы

🤝 29 жастағы футболшы маусым соңына дейін жалда ойнайды. Сатып алу мүмкіндігі жоқ.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 19:02


🧨 Here we go!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Матис Амугу – «Челси» ойыншысы атанады

💰 «Ақсүйектер» 19 жастағы жартылай қорғаушы үшін «Сент-Этьенге» 15млн еуро төлейді.

✍️ Амугу ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қояды.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 18:59


🧨 Here we go!

🇮🇹 Ноа Окафор – «Наполи» ойыншысы атанады

🤝 Неаполитандық клуб шабуылшыны «Миланнан» сатып алу тармағымен жалға алатын боп келісті.

💰 Жалға алу құны 2млн еуро, толыққанды трансфер 23млн еуроны құрайды.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 18:23


🧨 Here we go!

🇫🇷 Исмаэль Беннасер – «Марсель» ойыншысы атанады

🤝 «Милан» алжирлік футболшыны маусым соңына дейін жалға берді. Сатып алу тармағы қарастырылған.

💰 Жалға алу құны 1млн еуро, сатып алу құны 12млн еуро + 3млн (бонус) құрайды.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 18:20


🧨 Here we go!

🇳🇱 Роза Лукас – «Аякс» ойыншысы атанады

💰 Голландияның клубы 24 жастағы қорғаушыны «Вальядолидтен» 3млн + 500мың (бонус) сатып алатын боп келісті.

😎 Бұл трансфер Батеканың «Вальядолидке» ауысуына септігін тигізер деп үміттенеміз.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 17:55


🇮🇹 «Милан» Уоррен Бондоны өз сапына қосуға жақын

🇮🇹 Егер клубтар толық келісімге келсе, «Монца» жартылай қорғаушысы мансабын «россонери» сапында жалғастырады.

🔄 Бұл трансфер Исмаэль Беннасердің «Марсельге» ауысуына мүмкіндік береді.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 17:11


Лисандро Мартинес үшін маусым аяқталды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «МЮ» қорғаушысы «Кристал Пэласқа» қарсы матчта жарақат алып қалған еді.

🦵 Медициналық тексеріс нәтижесінде тізе байламын жыртып алғаны белгілі болды.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 16:18


«Порту» бизнестің жолын тапты

🇵🇹 «Айдаһарлар» Пабло Торре жөнінде «Барсамен» байланысқа шықты. Қазір «Ман Ситиге» ауысатын Нико Гонсалестің орнына ойыншы іздестіруде.

📝 Қысқа тізімде Торреден бөлек бірнеше есім бар.

💰 Айта кетейік, поругалиялық клуб бұған дейін Никоны «Барсадан» 8млн еуроға алған еді. Енді оны «Ман Ситиге» 60млн еуроға сататын боп келісті.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 16:07


✍️ Ресми: «Бавария» Мануэль Нойермен келісімшарт мерзімін ұзартты

🇩🇪 38 жастағы қақпашы Мюнхеннің клубында тағы бір маусымға қалады. Жаңа шарт 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды.

Фабрицио ақпараты

03 Feb, 15:54


🇫🇷 Ресми: Әл-Мусрати – «Монако» ойыншысы атанды

🤝 «Бешикташ» ливиялық футболшыны маусым соңына дейін жалға берді.

✔️ Сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Жалға алу құны 1млн еуроны, ал сатып алу құны 11млн еуроны құрайды.

Фабрицио ақпараты

30 Jan, 08:57


«РБ Лейпциг» Хави Симонсты сатып алады

🇩🇪 21 жастағы жартылай қорғаушы «қызыл бұқалар» сапында жалда ойнап келген болатын. Неміс клубы футболшыны толық сатып алуға шешім қабылдапты.

🔥 ПСЖ-мен жүргізіліп жатқан келіссөз сәтті аяқталуға жақын.

💰 Трансфер құны қосымша сыйақылармен қоса есептегенде 80млн еуроны құрайды деп күтілуде.

Фабрицио ақпараты

30 Jan, 08:48


«Боруссия Д» жаңа бапкер тағайындады

🇩🇪 Өткен аптада қызметінен қуылған Нури Шахиннің орнын Нико Ковач басты.

✍️ Тараптар 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды шартқа қол қойды.

⚡️ Хорватиялық маман бұған дейін Бундеслигада «Бавария», «Айнтрахт Ф», «Вольфсбург» сынды командаларды тізгіндеген.

Фабрицио ақпараты

30 Jan, 06:11


«ПСВ» өз жұлдызын жоғары бағалап отыр

Эйндховеннің клубы «Вест Хэмнің» Рикардо Пепи бойынша жасаған 25млн фунт көлеміндегі ұсынысын кері қайтарды.

⚽️ «Вест Хэмнен» бөлек бірнеше клуб америкалық шабуылшыны назарында ұстап отыр. Ол осы маусымда барлық турнирде 29 матч өткізіп, 18 гол соқты.

Фабрицио ақпараты

30 Jan, 05:10


Пьетро Комуццо «Наполи» сапына ауысуға жақын

🇮🇹 «Көктер» «Фиорентина» қорғаушысын сатып алу мүмкіндігімен жалға алады.

💰 Жалға алу құны 5млн еуро, толық трансфер құны 25млн еуроны құрайды.

Фабрицио ақпараты

30 Jan, 04:19


Матис Тель «Слованға» (3-1) қарсы матчтан кейін «Бавария» жанкүйерлерімен қоштасты

👋 19 жастағы шабуылшы ойын уақытының аздығына байланысты осы қысқы трансферде клубтан кетеді деп күтілуде.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Қазіргі уақытта Тельге «Тоттенхэм», «МЮ», «Челси» және АПЛ-нің тағы төрт клубы қызығушылық білдіріп отыр.

Фабрицио ақпараты

30 Jan, 04:09


🇪🇺 ЧЛ 8-турының үздік ойыншысы атағына үміткерлер анықталды:

🇫🇷 Осман Дембеле
🇮🇹 Лаутаро Мартинес
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Морган Роджерс
🇪🇸 Антуан Гризман

Кім лайық болды?

Фабрицио ақпараты

30 Jan, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🇪🇺 Еуропа лигасы. Жалпы кезең. 8-тур:

01:00. 🇳🇱 Твенте - Бешикташ 🇹🇷
01:00. 🇳🇱 Аякс - Галатасарай 🇹🇷
01:00. 🇮🇹 Рома - Айнтрахт Ф 🇩🇪
01:00. 🇵🇹 Брага - Лацио 🇮🇹
01:00. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Тоттенхэм - Эльфсборг 🇸🇪
01:00. 🇷🇴 Стяуа - МЮ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 22:39


🧨 Here we go!

🇸🇦 Джон Дюран – «Әл-Наср» ойыншысы атанады

🤝 Саудиялық клуб «Астон Вилламен» өзара келісімге келді. Трансфер құны €77млн + қосымша сыйақыны құрайды.

👨‍⚕️ Дюран ертең Лондонда медициналық тексерістен өтеді.

✍️ Бәрі сәтті жүзеге асса, «Әл-Насрмен» бес жылға жарамды келісімшартқа қол қояды.

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 22:26


Жеребе тарту рәсімі жұма күні өтеді

🤯 «Барселона» ПСЖ-мен қайта кездесуі мүмкін.

🔥 «Ман Сити» бұл жолы қиындыққа тап болды. Алдағы қарсыласы «Бавария» немесе «Реал» болуы мүмкін.

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 22:05


🇪🇺 ЧЛ жалпы кезең мәресіне жетті

✔️ 1-8 орындағы клубтар тікелей 1/8 финалға жолдама алды.

9-24 орындағы клубтар қосымша кездесу өткізеді.

Сүйікті клубыңыз нешінші орында?

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 21:58


👏 «Ман Сити» плей-оффта

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 18:10


💣 «Әл-Наср» Джон Дюранның трансфері бойынша «Астон Вилламен» ауызша келісімге келуге жақын

💰 Егер бәрі ойдағыдай жүзеге асса, трансфер құны 75млн еуроны құрайды деп күтілуде.

⁉️ Саудиялық клуб қосымша нұсқа ретінде Виктор Бонифасе жөнінде «Байермен» келіссөзді жалғастыруда.

🇸🇦 Қос шабуылшының бірін ғана қатарына қосады.

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 18:08


«Арсеналдың» ұсынысы қабылданбады

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Зеңбірекшілер» бүгін Олли Уоткинс бойынша «Астон Виллаға» 60млн фунт көлемінде ресми ұсыныс жасады.

👀 Бірақ бирмингемнің клубы ұсынысты бірден кері қайтарды. «Қызылдардың» ЧЛ маңызды матч қарсаңында ұсыныс жасағанына наразы болыпты.

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 17:08


🇮🇹🇫🇷«Интер» – «Монако» матчына болжам

Миландықтарға тікелей 1/8 финалға шығу үшін тең нәтиже де жеткілікті. Сондықтан тағы да аз гол соғылатын матчта жеңілмейтіні анық.

❤️ Ал FONBET-тегі достарымыз FABRIZIO промокоды арқылы тіркелгендерге 5000 фрибет тарту етеді: https://fnbt.link/d17ab ⬅️

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 16:23


Стивен Джеррард «Әл-Иттифак» бас бапкері қызметінен кетеді

🇸🇦 Қос тарап келісімшартты уақытынан бұрын бұзу бойынша келіссөз жүргізуде.

💼 Ағылшындық маман бұл қызметке 2023 жылдың шілде айында тағайындалған еді:

🏟 55 матч
19 жеңіс
🤝 16 тең ойын
20 жеңіліс.

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 14:42


👀 «Барселонаның» dressing room қабырғасындағы сурет

Не болды екен?

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 13:46


«Сантос» құрамын күшейтіп жатыр

🇧🇷 Бразилиялық клуб Артур Мелоны жалға алу бойынша «Ювентуспен» келіссөзге кірісті. Жалға алу шартына сатып алу тармағын қосуға ниетті.

✔️ Артур отанына оралуға келісіп отыр. Енді барлығы клубтар арасында шешіледі.

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 12:46


🇳🇱🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿ПСВ – «Ливерпуль» матчына болжам

«Қызылдар» ЧЛ 8-туры аясындағы матчқа негізгі құрамның біраз ойыншысын әкелмеді. Сондықтан алаң иелері жеңілмейтін сияқты.

❤️ Ал FONBET-тегі достарымыз FABRIZIO промокоды арқылы тіркелгендерге 5000 фрибет тарту етеді: https://fnbt.link/d17ab ⬅️

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 12:08


🔥 Бүгінгі күннің қызықты ойыны

🇪🇺 ЧЛ. Жалпы кезең. 8-тур:

01:00. 🇪🇸 Барселона - Аталанта 🇮🇹

Кім жеңіске жетеді?

Барселона ❤️‍🔥
Аталанта ⚡️

Фабрицио ақпараты

29 Jan, 09:23


«Комо» Жонатан Иконені қатарына қосады

🇮🇹 26 жастағы футболшы Сеск Фабрегастың командасында маусым соңына дейін жалда ойнайды. Сатып алу тармағы қарастырылған.

💰 «Фиорентина» жалға беруден 1млн еуро пайда табады. Толыққанды трансфер 8млн еуроны құрайды.

👨‍⚕️ Одан бөлек Алекс Валле бүгін «Комо» ойыншысы ретінде медициналық тексерістен өтеді. «Барса» түлегі де маусым соңына дейін сатып алу мүмкіндігімен жалда ойнайды.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 20:01


🇩🇪 Ресми: Йонас Урбиг – «Бавария» ойыншысы атанды

✍️ Қос тарап 2029 жылдың маусым айына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

⚡️ 21 жастағы голкипер «Кёльннан» ауысып келді.

❗️ Мюнхеннің клубы Даниэль Перецтің ұзақ мерзімге қатардан шығып қалуына байланысты жылдам әрекетке көшті.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 19:50


«Лион» бапкерсіз қалды

Франциялық клуб Пьер Сажды мезгілінен бұрын қызметінен босатты.

💼 45 жастағы маман бұл қызметке 2023 жылдың қараша айында тағайындалған еді:

🏟️ 56 матч
33 жеңіс
🤝 9 тең ойын
14 жеңіліс

❗️ Джон Текстор (клубтың иесі) бас бапкер етіп Пауло Фонсеканы тағайындағысы келеді екен.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 19:41


🇪🇸 Ресми: Акор Адамс – «Севилья» ойыншысы атанды

💰 Андалусиялық клуб 24 жастағы шабуылшыны «Монпельеден» 5.5млн еуроға сатып алды.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 18:08


👀 «Астон Вилла» Жоау Феликсті бақылап отыр

🔥 Португалиялық футболшы осы қыста клуб ауыстыруы бек мүмкін. Бирмингемнің клубы оны өткен жазда қатарына қосуға тырысып көрген еді.

🤝 Феликстің агенті Жорже Мендеш қазіргі уақытта бірнеше клубпен келіссөз жүргізіп жатқаны жайлы сыбыстар бар.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 17:31


🇫🇷 Ресми: Джума Ба – «Ланс» ойыншысы атанды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ман Сити» 18 жастағы қорғаушыны «Вальядолидтен» сатып алып, бірден «Лансқа» жалға берді.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 17:12


🧨 Here we go!

🇩🇪 Эмилиано Буэндия – «Байер» ойыншысы атанады

🤝 «Астон Вилла» жартылай қорғаушыны маусым соңына дейін жалға беретін болды.

Сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 15:07


🇪🇸 Испания құрамасы Луис де ла Фуентемен келісімшарт мерзімін ұзартты

✍️ Жаңа келісімшарт 2028 жылдың маусым айына дейін жарамды.

🥇 Испания құрамасы 63 жастағы маманның жетекшілігімен екі жыл ішінде Еуропа чемпионы атанып, Ұлттар лигасында топ жарды.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 14:42


«Астон Вилла» Аксель Дисасимен келісімге келді

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челси» қорғаушысы Унаи Эмеримен сөйлескеннен кейін Бирмингемнің клубына ауысуға келісті.

✔️ Футболшының жеке келісімі трансферді жеделдетуі мүмкін. Бұған дейін «ақсүйектердің» Дисасимен қоштасуға дайын екені хабарланған еді.

Енді барлығы клубтар арасында шешіледі.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 13:46


✈️ Андерсон Талиска Стамбұлға ұшты

🇹🇷 Бразилиялық футболшы жақын күндері «Фенербахче» ойыншысы ретінде ресми таныстырылады.

🇸🇦 Ал «Әл-Наср» Талисканың орнын басар ойыншы іздестіруде. Қазіргі уақытта Виктор Бонифаце жөнінде «Байермен» келіссөзге кірісіп кетіпті.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 12:57


«Байер» Джеймс МакЭйтиге көз тігіп отыр

🇩🇪 Неміс клубы «Ман Ситиге» футболшыны сатып алу құқығымен жалға алу бойынша ресми ұсыныс жолдап қойды.

👀 Хаби Алонсо 22 жастағы футболшыны өз командасында көруге асық. Жоспар бойынша МакЭйти жарақат алған Мартен Терьенің орнын басады.

❗️ Алайда «Сити» мен Пеп Гвардиола жартылай қорғаушыны жібергісі келмейді.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 11:31


Ламин Ямалдан кезекті рекорд

🇪🇸 «Барселона» жұлдызы ХХІ ғасырда бір маусымда 10+ ассист жасаған ТОП-5 лигадағы ең жас ойыншы атанды (17 жас, 6 ай).

🅰️ Ол «Валенсияға» (7-1) қарсы матчта Френки де Йонгтың гол соғуына мүмкіндік жасап берді. Бұл оның осы маусымдағы 10-шы ассисті болды.

🇪🇸 Одан бөлек еншісінде 5 голы бар.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 09:32


🧨 Here we go!

🇧🇷 Данило – «Фламенго» ойыншысы

33 жастағы қорғаушы «Ювентуспен» келісімшартын бұзды.

✍️ Ол «қызыл-қаралар» сапына еркін агент статусында ауысып, екі жылдық келісімшартқа қол қоятын болды.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 09:15


«Барса» ойыншысы «Әл-Иттихадқа» ауысуға жақын

🇸🇦 «Жолбарыстар» Унаи Эрнандес бойынша каталондық клубқа 4.5млн еуро көлемінде ресми ұсыныс жіберді.

Келіссөз сәтті аяқталуға жақын.

🇪🇸 20 жастағы жартылай қорғаушы ағымдағы маусымда «Барса Б» сапында 20 матч өткізіп, 9 гол соқты.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 09:00


🧨 Here we go!

🇹🇷 Андерсон Талиска – «Фенербахче» ойыншысы атанады

🤝 Стамбұлдың клубы трансфер жөнінде «Әл-Насрмен» келісімге келді.

✍️ Келісімшарт 2026 жылдың жазына дейін жарамды болады.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 08:55


🧨 Here we go!

🇺🇸 Мигель Альмирон – «Атланта Юнайтед» ойыншысы атанады

🤝 Америкалық клуб «Ньюкаслмен» және ойыншымен келісімге келді. Келісімшарт 4.5 жылға жасалады.

💰 Трансфер құны 12млн долларды құрайды.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 04:19


«Барселона» – 2015 жылдан кейін алғаш рет Ла Лига матчында бірінші таймда 5-0 есебімен жеңіске жетті

🇪🇸 Ханси Флик шәкірттері «Валенсия» қақпасына жауапсыз бес гол соғып тастады.

📆 Мұндайды соңғы рет 2015 жылы «Хетафеге» (5-0) қарсы матчта тіркеген.

🇪🇸🇪🇸 Ал жалпы өз тарихында алғаш рет «жарғанаттарды» бірінші таймда 5-0 есебімен жеңді.

Фабрицио ақпараты

27 Jan, 03:18


Неймар «Сантосқа» оралады

🇧🇷 32 жастағы вингер бразилиялық клубпен ауызша келісімге келді.

🇸🇦 Келесі аптада «Әл-Хиләлмен» келісімшарт мәселесі талқыланып, ресми қадам жасалады.

Фабрицио ақпараты

26 Jan, 21:57


🥶 «Барса» зорлық-зомбылықты ашық түрде көрсетті

Фабрицио ақпараты

26 Jan, 20:58


🔥 Лисандро Мартинестің голы МЮ-ге үш ұпай сыйлады

Фабрицио ақпараты

24 Jan, 06:11


«Милан» Сантьяго Хименеске көз тікті

✔️ «Россонери» бүгін «Фейеноордқа» мексикалық форвард бойынша ресми ұсыныс жасайды.

❗️ Ал бұған дейінгі ақпар бойынша Роттердамның клубы футболшыны қаңтарда жіберуге дайын емес. Тек қомақты ұсыныс қана жоспарды өзгертуі мүмкін.

Фабрицио ақпараты

24 Jan, 05:10


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челси» жақын уақыттарда Алехандро Гарначо бойынша ресми ұсыныс жасауға дайындалып жатыр

💰 «МЮ» аргентиналық футболшы үшін кемінде 70млн еуро талап етеді. Осындай талаппен «Наполидің» 50млн еуроны құрайтын ұсынысын кері қайтарды.

🇮🇹 Италиялық клуб Гарначоның жағдайын бақылауда ұстап отыр. Ал қосымша нұсқа ретінде «Боруссиямен» Кәрім Адейеми жөнінде келіссөз жүргізуде.

Фабрицио ақпараты

24 Jan, 03:18


✈️ Виллиан Лондонға ұшып келді

36 жастағы футболшы жақын уақыттарда агентімен кездесіп, болашағы жайында шешім қабылдайды.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Қазір оған бірнеше АПЛ клубынан ұсыныс бар. Ол өткен айда «Олимпиакоспен» қош айтысып, еркін агент атанған еді.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 22:07


🔥 «МЮ» жеңіске жетті

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 19:56


«Селтик» пен «Ренн» арасындағы қос трансфер

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 🇫🇷 Кёго Фурухаси «Селтиктен» ➡️ «Ренн» сапына ауысады. Трансфер құны – 10млн еуро.

🇫🇷 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Жота «Реннен» «Селтикке» қайта оралады. Трансфер құны – 10млн еуро + келесі сатылымнан 10%.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 18:23


🇪🇸 Рональд Араухо «Барсада» қалды

✍️ Каталондық клуб уругвайлық қорғаушымен 2031 жылдың маусым айына дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 17:38


🧨 Here we go!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Дастан Сатпаев – «Челси» ойыншысы атанады

✍️ Қос тарап 5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қоятын болды. «Қайрат» түлегі «Челси» сапына 18 жасқа толғанда ауысады.

🤝 Лондоннның клубы трансфер құнын 4млн еуро + қосымша бонусқа келісті.

🇰🇿 Бұл Қазақ футболындағы ең қымбат трансфер.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 16:38


«Ман Юнайтед» тікелей 1/8 финалға шыға ала ма?

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 «Қызыл сойқандар» Еуропа лигасы 7-туры аясында «Рейнджерсті» қабылдайды.

🔥 Екеуі де топ-8 қатарында қалуды қалайды. Сондықтан тартысты ойын болары сөзсіз.

❤️ Ал FONBET-тегі достарымыз FABRIZIO промокоды арқылы тіркелгендерге 5000 фрибет тарту етеді: https://fnbt.link/d17ab ⬅️

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 15:32


🧨 Here we go!

🇩🇪 Элье Ваи – «Айнтрахт Ф» ойыншысы атанады

Франкфурттың клубы Омар Мармоштың орнына «Марсель» шабуылшысын қатарына қосатын болды.

💰 Трансфер құны 26млн + 3млн еуроны (бонус) құрайды. Одан бөлек «Марсель» ойыншының келесі сатылымынан 12% үлесін алады.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 14:34


Хулиан Альварес – Чемпиондар лигасы 7-турының үздігі атанды

🇪🇺 Аргентиналық форвард «Байер» (2-1) қақпасынан екі рет саңылау тапқан болатын:

1️⃣ 🇪🇸 Хулиан Альварес – ⚽️⚽️
2️⃣ 🇳🇱 Люк де Йонг – ⚽️⚽️
3️⃣ 🚀 Винисиус – ⚽️⚽️
4️⃣ 🇪🇸 Рафинья – ⚽️⚽️

Сіздің пікіріңіз қандай?

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 14:30


Акор Адамс «Севилья» сапына ауысуға жақын

🇪🇸 Андалусиялық клуб «Монпелье» шабуылшысымен жеке келісімге келді. Қазір клубтар арасындағы келіссөз сәтті аяқталуға таяп келеді.

💰 Трансфер құны 5.5млн еуроны құрайды деп күтілуде.

⚡️ Нигериялық форвард бірнеше клубтың ұсынысынан бас тартып, «Севильяны» таңдады.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 14:10


🇮🇹 Ресми: Рандаль Коло-Муани «Ювентус» ойыншысы атанды

🤝 Туриннің клубы шабуылшыны маусым соңына дейін жалға алды.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 13:13


✈️ Кайл Уокер медициналық тексерістен өту үшін Миланға келді

🇮🇹 «Қызылдар» 34 жастағы қорғаушыны маусым соңына дейін (тегін) жалға алады. Сатып алу тармағы қарастырылған.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 12:47


ПСЖ-ның алғашқы камбэгі

🇪🇺 Париждің клубы кеше алғаш рет ЧЛ-де 2 гол айырмасымен жеңіліп тұрып, камбэк жасады.

🤔 Бұған дейін турнирде мұндай нәтиже тіркемеген екен.

📲 Ал жалпы барлық турнирді есептегенде мұндай камбэкті соңғы рет 2012 жылы («ПСЖ» 4-3 «Валансьен») жасаған.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 10:17


🔥 Осы аптада қос камбэкке куә болдық

Сіз үшін қайсысы ерекше болды?

ПСЖ ❤️
Барселона ❤️‍🔥

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 09:03


Ресми: Омар Мармош – «Ман Сити» ойыншысы

✍️ Қос тарап 2029 жылдың маусым айына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

💰 «Қалалықтар» 25 жастағы форвардты 75млн еуроға сатып алды. Бұған қосымша бонустары бар.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 08:51


❗️ «Комо» осы аптаның басында Эрик Гарсиямен келісімге келуге жақын болды

🇪🇸 Алайда 24 жастағы қорғаушы Ханси Фликпен сөйлескеннен кейін клубта қалуға шешім қабылдады.

Фабрицио ақпараты

23 Jan, 06:11


«Наполи» Карим Адейемидің өкілдерімен келіссөз жүргізуде

❗️ Ал күні кеше «Боруссиямен» байланыс орнатқан еді. Қос тарап 45-50млн еуро шамасындағы бағаны талқылап жатыр.

🇩🇪 «Аралар» Адейемиді сатуға дайын. Егер трансфер жүзеге асса, оның орнына «Брентфордтан» Кевин Шадені қатарына қосуға тырысып көрмек.

Фабрицио ақпараты

22 Jan, 06:11


🇸🇦 Ресми: Кайо Сезар – «Әл-Хиләл» ойыншысы атанды

💰 Саудиялық клуб 20 жастағы шабуылшыны «Витория Гимарайнштан» 9млн еуроға сатып алды.

Фабрицио ақпараты

22 Jan, 05:10


🇪🇸 «Барселона» кеше біраз дүниені жаңарты:

✔️ ЧЛ-де 5-4 есебімен жеңіске жеткен алғашқы клуб атанды

✔️ ЧЛ маусымының алғашқы жеті матчында алғаш рет 26+ гол соқты

Тарихында екінші рет (топтық кезеңде) бір матчта 4 гол өткізіп алды

✔️ 2014/15ж маусымнан кейін алғаш рет алты матч қатарынан жеңіске жетті.

Фабрицио ақпараты

22 Jan, 03:18


🇦🇷 Ресми: Кейлор Навас «Нью Олд Бойс» ойыншысы атанды

✍️ 38 жастағы голкипер аргентиналық клубпен бір жылдық келісімшартқа отырды.

Фабрицио ақпараты

22 Jan, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🇪🇺 ЧЛ. Жалпы кезең. 7-тур:

22:45. 🇩🇪 РБ Лейпциг - Спортинг 🇵🇹
22:45. 🇺🇦 Шахтер Д - Брест 🇫🇷
01:00. 🇫🇷 ПСЖ - Ман Сити 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
01:00. 🇪🇸 Реал - Зальцбург 🇦🇹
01:00. 🇳🇱 Фейеноорд - Бавария 🇩🇪
01:00. 🇮🇹 Милан - Жирона 🇪🇸
01:00. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Арсенал - Динамо Загреб 🇭🇷
01:00. 🇨🇿 Спарта Прага - Интер 🇮🇹
01:00. 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Селтик - Янг Бойз 🇨🇭

🇪🇺 Еуропа лигасы. Жалпы кезең. 7-тур:

20:30. 🇹🇷 Бешикташ - Атлетик 🇪🇸

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 22:08


Ресми: «Ливерпуль» мен «Барса» ЧЛ 1/8 финалына жолдама алды

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 22:01


🥶 Артық сөздің қажеті жоқ

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 22:00


😎 Хулиан Альварес «Атлетикоға» жеңіс сыйлады

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 21:56


🔥 «Ливерпульдің» ЧЛ-дегі жеңісті сериясы жалғасуда

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 20:50


Вангелис Павлидис – 2000ж бері ЧЛ-де «Барселона» қақпасына хет-трик жасаған екінші ойыншы атанды

⚽️ «Бенфика» шабуылшысы алғашқы таймда Войцех Шенсный қорғаған қақпадан үш рет саңылау тапты.

📆 Бұған дейін мұндайды Килиан Мбаппе (2021ж) тіркеген еді.

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 19:11


Кейлор Навас «Нью Олд Бойс» ойыншысы атануға жақын

🇦🇷 38 жастағы голкипер аргентиналық клубпен бір жылдық келісімшартқа қол қояды. Қос тарап ауызша келісімге келді.

🧤 Навас соңғы рет «ПСЖ» жейдесінде тер төккен еді. Ал оған дейін «Реал», «Леванте» және «Альбасете» сынды клубтардың намысын қорғады.

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 17:43


Криштиану Роналду дубль жасады

🇸🇦 Португалиялық форвард Саудия чемпионатының 16-турында «Әл-Халидж» (1-3) қақпасынан екі рет саңылау тапты.

⚽️ Осылайша мансабында соққан голдар санын 919-ға жеткізді.

🇸🇦 Қазіргі сәтте чемпионаттың осы маусымдағы үздік сұрмергендері тізімінде көш бастап тұр (13 гол).

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 16:43


Чемпиондар лигасы оралды!

⚽️ Бүгін кәрі құрлық басты додасының 7-туры басталады.

🔥Матчтардың қатарында «Бенфика» – «Барселона» және «Ливерпуль» – «Лилль» сынды қызықты ойындар бар.

❤️ Ал FONBET-тегі достарымыз FABRIZIO промокоды арқылы тіркелгендерге 5000 фрибет тарту етеді: https://fnbt.link/d17ab ⬅️

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 15:31


🇪🇺 ЧЛ осы маусымының үздік сұрмергендері:

1️⃣ 🇪🇸 Роберт Левандовски – 7
2️⃣ 🇪🇸 Рафинья – 6
2️⃣ 🇩🇪 Серу Гирасси – 6
3️⃣ 🇩🇪 Харри Кейн – 5
3️⃣ 🚀 Винисиус – 5
3️⃣ 🇩🇪 Флориан Вирц – 5
3️⃣ 🇵🇹 Виктор Дьокереш – 5
3️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Эрлинг Холанд – 5.

Бүгін кімдер мергендігімен көзге
түсер екен?

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 13:00


🇩🇪 Ресми: Том Бишоф – «Бавария» ойыншысы атанды

✍️ Мюнхеннің клубы 19 жастағы жартылай қорғаушыны қатарына тегін қосып, 4 жылдық келісімшартқа қол қойды.

Бишоф қазір «Хоффенхаймда» өнер көрсетуде. Қос тараптың келісімшарты маусым соңында аяқталады.

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 11:53


Омар Мармош бүгін Манчестерде медициналық тексерістен өтеді

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Сити» мысырлық футболшының трансферін бейсенбі күні ресми хабарлайды деп күтілуде.

💰 «Айнтрахт Ф» трансферден 75млн + 5млн (бонус) пайда тапты. Олар Мармошты өз сапына тегін қосқан еді.

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 11:01


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ресми: Витор Рейс – «Ман Сити» ойыншысы атанды

💰 «Көктер» 19 жастағы қорғаушыны «Палмейрастан» 40млн еуроға сатып алды.

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 10:30


🔥 Бүгінгі күннің қызықты ойыны

🇪🇺 ЧЛ. Жалпы кезең. 7-тур:

🇪🇸 «Атлетико» - «Байер» 🇩🇪

🖥️ 01:00. Qazaqstan

Кім жеңіске жетеді?

Атлетико ❤️‍🔥
Байер ❤️

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 10:12


«Порту» қайта бапкер ауыстырды

🇵🇹 «Айдаһарлар» Витор Бруноны қызметінен босатып, Хосе Таварешті уақытша бас бапкер етіп сайлады.

💼 Бруно шілде айында Сержи Консейсаудың орнын басқан еді. Оған дейін жеті жыл Сержи Консейсаудың ассистенті қызметін атқарған.

Фабрицио ақпараты

21 Jan, 08:13


«Ман Сити» Абдулла Жума Баны қатарына қосуға жақын

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 18 жастағы қорғаушының трансфері бойынша «Вальядолидпен» ауызша келісімге келді.

✔️ Ба ағылшындық клубқа ауысқанымен бірден жалға берілуі мүмкін. «Сити» оны Абдуқодир Хусановтың орнына «Лансқа» жібереді деп күтілуде.

Фабрицио ақпараты

14 Jan, 13:09


Рональд Араухо «Барсада» қалуға ниетті емес

🇮🇹 Уругвайлық футболшы «Ювентуспен» келіссөзге ашық. Тіпті «Барсада» қалғысы келетіні жайында ешқандай ақпар бермеді.

❗️ Туриндік ұжым көпке созбай трансферді жүзеге асырғысы келеді.

Фабрицио ақпараты

14 Jan, 12:37


«Арсенал» Мартин Субимендиді қатарына қосады

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Қазіргі уақытта ойыншының өкілдерімен белсенді келіссөз өтуде. Трансфер алдағы жазға жоспарланып отыр.

💰 «Зеңбірекшілер» Субимендидің келісімшартында бекітілген 60млн еуро өтемақы құнын төлеуге дайын.

Фабрицио ақпараты

14 Jan, 11:18


Ресми: Иньиго Мартинес бірнеше аптаға қатардан шықты

🇪🇸 «Барса» қорғаушысы «Реалға» қарсы матчта жарақат алған еді.

🤕 Медициналық тексерістен өтіп, оң жамбасының бұлшық еті жыртылғаны белгілі болды.

❗️ Осыған байланысты төрт аптаны өткізіп алады екен.

Фабрицио ақпараты

14 Jan, 11:05


Ноа Окафор «РБ Лейпцигке» ауыспайтын болды

🇩🇪 «Қызыл бұқалар» шабуылшыны жалға алу бойынша «Миланмен» келісімге келген еді.

🩺 Дегенмен медициналық тексеріс нәтижесі сәтсіз шықты.

✈️ Осы себепті неміс клубы трансферден бас тартты. Енді швейцариялық футболшы Миланға қайта оралады.

Фабрицио ақпараты

14 Jan, 10:18


Кристофер Нкунку «Баварияға» ауысуға дайын

🇩🇪 Жартылай қорғаушы көбірек ойнағысы келеді. Сондықтан ойын практикасын ұсынып отырған Мюнхеннің клубымен жекешарттарда мәселе туындамайды.

❗️ Барлығы клубтар арасындағы келісімге байланысты болмақ.

Фабрицио ақпараты

14 Jan, 06:11


«Бавария» мен «Челси» ойыншы айырбастауы мүмкін

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ағылшындық клуб Матис Тельді қатарына қосуға ниетті. Осындай мақсатта «Бавариямен» байланыс орнатты.

🇩🇪 Ал «қызылдардың» назары Кристофер Нкункуға түсіп отыр.

⚡️ Қазіргі уақытта қос тарап ықтимал ойыншы ауысымы бойынша келіссөз жүргізуде.

Фабрицио ақпараты

14 Jan, 05:10


🧨 Here we go!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Витор Рейс – «Ман Сити» ойыншысы атанады

🤝 «Қалалықтар» бір аптаға созылған келіссөз нәтижесінде «Палмейраспен» бір мәмілеге келді.

💰Бразилиялық клуб трансферден 40млн еуро пайда көреді.

🇧🇷 Қазір қос тарап футболшының қай уақытта ауысатынын талқылап жатыр. 19 жастағы қорғаушы «жасылдар» сапында жалға қалуы мүмкін.

Фабрицио ақпараты

14 Jan, 04:09


🇲🇽 Ресми: Хамес Родригес – «Леон» ойыншысы атанды

✔️ Колумбиялық футболшы «Райо Вальеканомен» келісімшартын бұзып, мексикалық клубқа еркін агент ретінде ауысты.

Фабрицио ақпараты

14 Jan, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ. 21-тур:

00:30. Брентфорд - Ман Сити
00:30. Вест Хэм - Фулхэм
00:30. Челси - Борнмут
01:00. Ноттингем Ф - Ливерпуль

🇮🇹 "А" Сериясы. 19-тур:

22:30. Комо - Милан
00:45. Аталанта - Ювентус

🇩🇪 Бундеслига. 17-тур:

22:30. Хольштайн Киль - Боруссия Д
00:30. Айнтрахт Ф - Фрайбург
00:30. Байер - Майнц

🇫🇷 Франция кубогы. 1/16 финал:

00:45. Реймс - Монако
01:10. Марсель - Лилль

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

13 Jan, 18:52


🧨 Here we go!

🇮🇹 Альберто Коста – «Ювентус» ойыншысы атанады

💰 «Қарт кемпірлер» «Витория Гимарайншпен» келісімге келді. Трансфер құны бонустармен қоса есептегенде 15млн еуроны құрайды.

✈️ 21 жастағы қорғаушы осы аптада Туринге ұшады.

Фабрицио ақпараты

13 Jan, 17:24


«Тоттенхэм» мен «Ювентус» Рандаль Коло-Муани бойынша ПСЖ-мен байланысқа шықты

❗️МЮ-де жағдайды бақылауда ұстап отыр. Іске кірісу үшін Маркус Рэшфордтың трансфері шешуші фактор болмақ.

🇫🇷 Париждің клубы қызығушылық білдіріп отырған тараптарды өз шартына көндіруге тырысады.

Фабрицио ақпараты

13 Jan, 13:38


Кайл Уокер «Брентфордқа» қарсы ойнамайды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Пеп Гвардиола қорғаушыны АПЛ-нің келесі турына шақырмайды деп күтілуде.

❗️ Дәл қазір футболшы мен «Милан» арасында белсенді келіссөз жүріп жатыр. Уокер осы айдан қалмай «Ситиден» кеткісі келеді.

Фабрицио ақпараты

13 Jan, 12:54


«Реал» өз тарихында үшінші рет (ресми турнирде) финалда бес гол жіберіп алды:

🇪🇺 1962ж. «Бенфика» (5-3)
🇪🇸 2007ж. «Севилья» (3-5)
🇪🇸 2025ж. «Барселона» (2-5).

Фабрицио ақпараты

13 Jan, 12:04


🧨 Here we go!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Дониэл Мален – «Астон Вилла» ойыншысы атанады

🤝 Бирмингемнің клубы «Боруссиямен» толық келісімге келді. Трансфер құны 23млн + 3млн бонусты құрайды.

✈️ 25 жастағы вингер жақын уақыттарда медициналық тексерістен өту үшін Англияға ұшады.

Фабрицио ақпараты

13 Jan, 12:01


Иван Фреснеданың «Комоға» ауысымы тоқтап тұр

🇵🇹 «Спортинг» испаниялық қорғаушыны «Комоға» жіберіп, оның орнына «Витория Гимарайнштан» Альберто Костаны қатарына қосуды жоспарлаған еді.

💰 Дегенмен таласқа «Ювентус» қосылып, «Виторияға» Лиссабонның клубынан жоғары ұсыныс жасады.

Енді «Комо» Фреснеданы қатарына қосуы үшін «Спортингтің» жаңа қорғаушы тапқанын күтуі тиіс.

Фабрицио ақпараты

13 Jan, 10:09


«Ювентус» Альберто Костаны қатарына қосуға жақын

🇮🇹 Туриннің клубы 21 жастағы қорғаушы бойынша «Витория Гимарайншқа» 15млн еуро ұсынды.

💰 Осылайша 12млн еуролық ұсынысымен фаворит боп тұрған «Спортингті» басып озды.

✔️ Егер бәрі жоспарға сай жүзеге асса, алдағы 24/48 сағат ішінде трансферді толыққанды аяқтағысы келеді. Қос тарап 5 жылдық шартқа қол қояды.

🆚 Коста Конференция лигасының 4-турында «Астанаға» (1-1) қарсы өнер көрсеткен еді.

Фабрицио ақпараты

13 Jan, 06:11


Ламин Ямал – ХХІ ғасырда 18 жасына дейін 15+ гол соққан ТОП-5 лигадағы алғашқы ойыншы

🇪🇺 ЧЛ – 1
🇪🇸 Ла Лига – 10
🇪🇸 Испания Суперкубогы – 3
🇪🇸 Испания кубогы – 1.

🌟 Одан бөлек Испания Суперкубогының финалында гол соққан ең жас ойыншы (17 жас, 183 күн) атанды.

Фабрицио ақпараты

13 Jan, 05:10


Ренату Вейга «Боруссия Д» сапына ауысқысы келеді

🇩🇪 «Аралар» Вейгаға өзінің сүйікті (орталық қорғаушы) позициясында өнер көрсету мүмкіндігі мен ойын практикасын уәде еткен.

❗️ Көңілді статуста өткен келіссөзде қос тарап келісімге келіпті. Енді «Челсидің» рұқсаты қажет.

✔️ Ақсүйектер футболшыны жалға бергісі келмейді, тек толыққанды трансферді қарастырмақ.

⚡️ «Боруссиядан» бөлек португалиялық қорғаушы жөнінде Италия, Франция және АПЛ клубтарынан ұсыныс түскен.

Фабрицио ақпараты

13 Jan, 04:09


«Барселона» алғаш рет екі Эль-класико қатарынан 4+ гол соқты

🇪🇸 Каталондық клуб қазан айында өткен Эль-класикода 4-0 есебімен жеңіске жеткен еді.

🇪🇸 Бұл жолы Испания Суперкубогының финалында (2-5) ірі жеңіске қол жеткізді.

📆 Мұндай нәтижені соңғы рет 1963 жылы «Реал» тіркеген екен (5-1, 4-0).

Фабрицио ақпараты

12 Jan, 07:48


😍 Бүгін Эль-класико!

🇪🇸 Испания Суперкубогы. Финал:

00:00. 🚀 Реал - Барселона 🇪🇸

Sport + Qazaqstan

Кім жеңіске жетеді?

Реал ⚡️
Барселона 🔥

Фабрицио ақпараты

12 Jan, 06:11


Джек Грилиш 2023 жылдан кейін алғаш рет мергендігімен көзге түсті

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Жартылай қорғаушы «Солфордқа» (8-0) қарсы матчта 11 метрлік айып добын голға айналдырды.

😳 Бұл оның 2023 жылдың желтоқсан айынан бергі алғашқы голы.

⚽️ Соңғы рет 393 күн бұрын «Кристал Пэластың» (2-2) қақпа торын тулатқан еді.

Фабрицио ақпараты

12 Jan, 04:19


«Милан» Кайл Уокерге көз тікті

🇮🇹 «Қызылдар» қорғаушының «Ман Ситиден» кеткісі келетіні жайлы ақпар тараған бойдан ықтимал трансфер бойынша келіссөз жүргізуде.

Дегенмен әзірге ресми қадам жасалмады.

Фабрицио ақпараты

12 Jan, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🇪🇸 Испания Суперкубогы. Финал:

00:00. Реал - Барселона

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англия кубогы. 1/32 финал:

17:30. Тэмворс - Тоттенхэм
20:00. Арсенал - МЮ
20:00. Ньюкасл - Бромли

🇪🇸 Ла Лига. 19-тур:

20:15. Атлетико - Осасуна

🇮🇹 "А" Сериясы. 20-тур:

19:00. Венеция - Интер
22:00. Болонья - Рома
00:45. Наполи - Верона

🇩🇪 Бундеслига. 16-тур:

19:30. РБ Лейпциг - Вердер
21:30. Аугсбург - Штутгарт

🇫🇷 Бірінші лига. 17-тур:

00:45. ПСЖ - Сент-Этьен

🇹🇷 Түркия Суперлигасы. 19-тур:

21:00. Газиантеп - Аданадемирспор

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

11 Jan, 14:13


⚽️ Федерико Кьеза «Ливерпуль» жейдесіндегі алғашқы голын соқты

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Вингер Англия кубогының 1/32 финалында «Аккрингтон» (4-0) қақпасынан саңылау тапты.

🅰️ Осыған дейін төрт матчқа қатысып, бір ассист жасаған еді.

Фабрицио ақпараты

11 Jan, 13:48


Хвича Кварацхелия «ПСЖ» ойыншысы атануға жақын

🇮🇹 Грузиялық футболшы Антонио Контеге неаполитандық клубтан кеткісі келетінін айтыпты.

💰 Ал париждіктер келіссөзде белсенділікті арттырды. Ойыншыға 4 есе жоғары жалақы ұсынып, жеке келісімін алды.

👀 «Наполи» келесі аптаға дейін трансферге рұқсат береді деп күтіліп отыр.

Фабрицио ақпараты

11 Jan, 12:52


Ибрагимович мансабын «Лациода» жалғастырады

🇮🇹 Римнің клубы «Бавария» шабуылшысы Арижон Ибрагимовичті маусым соңына дейін жалға алуға келісті.

💰 Жалға алу шартында сатып алу тармағы қарастырылған. Трансфер құны 8-9млн еуроны құрайды

Фабрицио ақпараты

11 Jan, 10:17


Акрам Афиф «Әл-Саддтан» кетуі мүмкін

❗️ Катарлық футболшының келісімшарты маусым соңында аяқталады. Қос тарап әзірге келісімшартты ұзарту жөнінде келісімге келмеді.

🇸🇦 Саудияның үш клубы жағдайды бақылауда ұстап отыр.

🥇 28 жастағы форвард өткен жылдың қорытындысы бойынша Азияның ең үздік ойыншысы атанған еді.

Фабрицио ақпараты

11 Jan, 08:29


«Ман Сити» белсенді

✔️ Абдуқодир Хусанов жақын уақытта медициналық тексерістен өтеді. «Ланспен» келіссөз сәтті аяқталды.

Омар Мармош бойынша келіссөз сәтті аяқталуға жақын. Ойыншымен жекешарттар келісілді.

Витор Рейспен жекешарттар келісілді. Тек «Палмейрастың» рұқсаты қажет. 18 жастағы қорғаушы «Сити» сапына жазда ауысады деп күтілуде.

Фабрицио ақпараты

11 Jan, 06:11


👀 Тиаго Мотта қызметінен кетеді депті

📲 Forza Juventus твит парақшасы: «Криштиану Гвинтоли («Ювентустің» спорт директоры) Даниломен қоштасуды жоспарлап отыр",– деген пост жазған.

❗️ Бір қызығы, осы жазбаның астына Данилоның агенті Бруно Мисорелли: "Тиаго Моттаны да клубтан босатады",– деген пікір қалдырыпты.

Дегенмен Мисорелли көп уақыт өтпестен жазған пікірін өшіріп тастаған екен.

Фабрицио ақпараты

11 Jan, 05:10


Дэвид Мойес «Эвертонға» қайта оралады

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 61 жастағы маман мерсисайдтық клубты тізгіндейді. Қос тарап 2027 жылдың маусым айына дейін жарамды келісімшартқа қол қоятын боп келісті.

💼 Мойес бұған дейін клубты 2002-2013ж аралығында баптаған еді.

Фабрицио ақпараты

11 Jan, 04:09


Ресми: Энцо Ле Фе – «Сандерленд» ойыншысы атанды

✔️ Ағылшындық клуб жартылай қорғаушыны «Ромадан» сатып алу тармағымен жалға алды.

💰 «Қара мысықтар» АПЛ-ге жолдама алса ғана Ле Фені 23млн еуроға сатып алуға міндетті болады.

Фабрицио ақпараты

11 Jan, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англия кубогы. 1/32 финал:

17:15. Ливерпуль - Аккрингтон
20:00. Челси - Моркам
22:45. Ман Сити - Солфорд

🇪🇸 Ла Лига. 19-тур:

01:00. Севилья - Валенсия

🇩🇪 Бундеслига. 16-тур:

19:30. Санкт-Паули - Айнтрахт Ф
22:30. Боруссия М - Бавария

🇮🇹 "А" Сериясы. 20-тур:

19:00. Удинезе - Аталанта
22:00. Торино - Ювентус
00:45. Милан - Кальяри

🇫🇷 Бірінші лига. 17-тур:

21:00. Брест - Лион
01:05. Ренн - Марсель

🇹🇷 Түркия Суперлигасы. 19-тур:

21:00. Бешикташ - Бодрумспор

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

10 Jan, 21:00


👏 Абдуқодир Хусанов – АПЛ-де өнер көрсететін алғашқы өзбек футболшысы

Фабрицио ақпараты

10 Jan, 20:48


🧨 Here we go!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Абдуқодир Хусанов – «Ман Сити» ойыншысы атанады

🤝 «Көктер» өзбекстандық футболшының трансфері бойынша «Ланспен» толық келісімге келді.

💰 Трансфер құны бонустармен қоса есептегенде 50млн еуроны құрайды.

Фабрицио ақпараты

10 Jan, 19:29


«Комо» тағы бір шабуылшымен толығады

🇮🇹 «Сарагоса» ойыншысы Иван Азон мансабын италиялық клубта жалғастырады.

🔥 22 жастағы футболшының трансфері бойынша келіссөздер сәтті аяқталуға жақын.

✔️ Сеск Фабрегас Азонмен сөйлесіп, жеке келісімін алды.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 19:53


🇪🇸 «Барселона» Испания кубогының 1/8 финалына шықты

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 17:39


🧨 Here we go!

🇫🇷 Луис Фелипе – «Марсель» ойыншысы атанады

✔️ 27 жастағы қорғаушы франциялық клубқа еркін агент статусында ауысатын болды. Жақын уақытта «Әл-Иттихадпен» келісімшартын мезгілінен бұрын бұзады.

👨‍⚕️ Медициналық тексеріс келесі аптаға жоспарланды.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 16:56


👏 «Ман Сити» жеңісті жолға қайта оралды

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 16:54


Войцех Шенсный бүгін «Барса» сапында дебют жасайды

🇪🇸 Польшалық голкипер «Барбастроға» қарсы матчты негізгі құрамда бастамақ.

🔥 Одан бөлек Рональд Араухода негізгі құрамға ілігіпті.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 15:54


🧨 Here we go!

🇩🇪 Исса Каборе – «Вердер» ойыншысы атанады

✔️ «Ман Сити» ойын уақытының аздығына байланысты 23 жастағы қорғаушыны «Бенфикадан» қайтарып алып, Бременнің клубына жалға беретін боп шешті.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 13:07


Ресми: Ла Лига пен RFEF Дани Ольмо мен Пау Викторды тіркеуден бас тартты

🇪🇸 «Барселона» осыған байланысты сотқа жүгінбек.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 12:37


🧨 Here we go!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Хулио Солер – «Борнмут» ойыншысы атанады

💰 «Шиелер» 19 жастағы қорғаушы үшін «Ланусқа» 15млн доллар төлейтін боп келісті.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 10:45


«Тоттенхэм» жаңа қақпашы тапты

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Славия Прага» ойыншысы Антонин Кински мансабын «қораздар» сапында жалғастыратын болды.

🤝 Клубтар трансфер жөнінде өзара келісімге келді. Бүгін қажеттерді құжаттарды толықтырып, ресми түрде қол қойылады.

💰 Ауысым құны 10млн фунтты құрайды.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 08:22


«Астон Вилла» Джейден Филоджинді жалға бермек

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Қос тарап осы бойынша келіссөзге кірісіп кетті. Унай Эмери ойын практикасын алуы үшін Филоджиннің жалда ойнағанын жөн санап отыр.

❗️ 22 жастағы вингер жазда (ойын уақытына байланысты) «Барсаның» ұсынысынан бас тартып, Бирмингемнің клубына ауысқан еді.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 06:11


Виктор Дьокереш 2025 жылды хет-трикпен бастады

🇵🇹 «Спортинг» шабуылшысы Примейраның 17-турында «Витория Гимарайнш» қақпасынан үш мәрте саңылау тапты.

🤯 Алайда мұнысы команданың жеңісіне жеткіліксіз болды. Тартысты матч 4-4 есебімен аяқталды.

🇵🇹 Дьокереш қазіргі уақытта чемпионаттың сұрмергендер тізімінде көш бастап келеді:

🏟️ 17 матч
⚽️ 21 гол
🅰️ 3 ассист.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 05:10


Лука Модрич – «Реал» сапындағы 561-ші матчын өткізді

🇪🇸 39 жастағы футболшы «Валенсияға» (1-2) қарсы матчты қосалқы құрамда бастап, 80-ші минутта алаңға шыққан еді. Бұл оның «Реал» жейдесіндегі 561-ші матчы болды.

🚀 Осылайша ол клуб тарихындағы ең көп матч өткізгендер тізімінде оныншы орынға көтерілді:

1️⃣ Рауль – 741
2️⃣ Икер Касильяс – 725
3️⃣ Маноло Санчис – 710
4️⃣ Серхио Рамос – 671
5️⃣ Кәрім Бензема – 648
6️⃣ Карлос Сантильяна – 645
7️⃣ Фернандо Йерро – 602
8️⃣ Пако Хенто – 600
9️⃣ Хосе Антонио Камачо – 577
🔟 Лука Модрич – 561 🆕
🔟 Пирри – 561
🔟 Мичел – 561.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 04:09


«Реал» – Ла Лигада 5000 ұпай еншілеген алғашқы клуб атанды

🇪🇸 «Валенсияға» (1-2) қарсы жеңіске дейін Мадридтің клубының еншісінде 4999 ұпай болған еді:

1️⃣ 🚀 «Реал» – 5002
2️⃣ 🔥 «Барселона» – 4887
3️⃣ 🇪🇸 «Атлетико» – 4018
4️⃣ 🇪🇸 «Атлетик» – 3771
5️⃣ 🇪🇸 «Валенсия» – 3767.

Фабрицио ақпараты

04 Jan, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ. 20-тур:

17:30. Тоттенхэм - Ньюкасл
20:00. Астон Вилла - Лестер
20:00. Кристал Пэлас - Челси
20:00. Ман Сити - Вест Хэм
22:30. Брайтон - Арсенал

🇮🇹 "А" Сериясы. 19-тур:

22:00. Фиорентина - Наполи

🇪🇸 Испания кубогы. 1/16 финал:

23:00. Барбастро - Барселона
01:30. Марбелья - Атлетико

🇹🇷 Түркия Суперлигасы. 18-тур:

15:30. Аданадемирспор - Башакшехир

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

03 Jan, 22:10


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Джуд Беллингем «Валенсияға» қарсы матчта:

55' соғылмаған пенальти
🅰️ 85' ассист
⚽️ 90+6' гол

Фабрицио ақпараты

03 Jan, 22:05


😎 Қызыл қағаз кедергі емес

Фабрицио ақпараты

03 Jan, 21:02


🔥 «Милан» Италия Суперкубогының финалына шықты

🆚 Енді финалда «Интермен» күш сынасады. Кубоктық матч 6 қаңтар күніне жоспарланған.

Фабрицио ақпараты

03 Jan, 18:53


🔥 Осы маусымда үздік шабуыл шебіне ие клубтар

Сіздің пікіріңізше ең үздігі кімдер?

Ливерпуль – 👍
Реал – ⚡️
Барселона – ❤️
Бавария – ❤️‍🔥

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 22:26


🏆 «Ботафого» – Либертадорес кубогының иегері атанды

🇧🇷 Рио-де-Жанейроның клубы тарихында алғаш рет турнирде топ жарды.

🔥 Финалда бір ойыншыға кем ойнағанына қарамастан, «Атлетико Минейродан» (1-3) басым түсті.

Осылайша «бір жұлдыздар» КӘЧ-2025 жолдама алды.

🆚 Одан бөлек осы жеңісінің арқасында Құрлықаралық кубоктың ширек финалына шығып, мексикалық «Пачуканың» қарсыласы атанды.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 19:40


🥶 Букайо Саканың Премьер-лиганың осы маусымындағы көрсеткіші:

🏟 12 матч
⚽️ 5 гол
🅰️ 10 ассист.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 19:35


🔥 Бір тайм ғана ойнады

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 19:28


🔥 Мусиала «Баварияны» жеңілістен құтқарды

🤝 Дер-Класикерде командалар ұпай бөлісті.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 17:21


«Борнмуттың» қос футболшысы рекорд тіркеді

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Шиелер» АПЛ-нің 12-турында «Вулверхэмптоннан» (2-4) басым түсті.

⚽️ Джастин Клюйверт үш рет пенальти орындап, 3-де голға айналдырды.

📆 Осылайша Патрик Клюйверттің ұлы бір матчта пенальтиден хет-трик жасаған АПЛ тарихындағы алғашқы ойыншы атанды.

🤯 Одан бөлек Эванилсон бір матчта өз командасының пайдасына үш рет пенальти әкелген алғашқы футболшы атанды.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 15:35


«Реал» чемпиондықты бермейтін секілді

🇪🇸 Мадридтің клубы дәл қазір Ла Лига турнирлік кестесінде 30 ұпаймен екінші орында келеді (ойналмаған екі тур бар). Көш басындағы «Барселонада» 34 ұпай.

🔥 Карло Анчелотти шәкірттері 14 және 15-ші турда жеңіске жетсе, 36 ұпаймен жеке-дара көш бастайды.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 15:07


👀 «Лас-Пальмас» қорғаушысы Кубарсидің аяғын басып құлатқан сәті

Пенальти болды ма?

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 15:04


Каталондықтар ұпай жоғалтты

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 13:36


Алехандро Бальде жарақат алып қалды

🤕 «Барселона» қорғаушысы «Лас-Пальмасқа» қарсы матчтың алғашқы таймында жарақат алып, алаңдағы орнын босатуға мәжбүр болды.

🔁 Бальденің орнына Жерар Мартин шықты.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 11:37


Матис Тель қаңтарда клуб ауыстыруы мүмкін

🇩🇪 «Бавария» 19 жастағы вингерді жалға беруді жоспарлап отыр.

📉 Франциялық жас талант ағымдағы маусымда небәрі 227 минут өнер көрсетті.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 08:48


👏 Николас Джексон барлық жағынан озып тұр

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челси» футболшысы Гамбияның астанасы Банжулға және Сенегалдың Зигиншор қаласына бір көлік азық-түлік жіберіп жергілікті халықты қуантты.

🇬🇲 Джексон өзі Гамбияда туылып өскен, бірақ Сенегелдың азаматтығын алған.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 06:11


Лаутаро Мартинестің мұңы бар...

🇮🇹 Аргентиналық шабуылшы 2023/24ж маусымда "А" Сериясында топ жарып, чемпионаттың үздік сұрмергені атанды.

🏆Италия Суперкубогының иегері атанды.

🏆 Аргентина құрамасымен Копа Американы жеңіп, турнирдің үздік сұрмергені болды.

🤐 Алайда The Best (жылдың үздік ойыншысы) жүлдесіне үміткерлер тізімінде жоқ.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 04:09


Ибраима Конате бір айға жуық қатардан шықты

🤕 «Ливерпуль» қорғаушысы «Реалға» қарсы матчта Эндрикпен допқа талас барысында тізесін зақымдап алыпты.

Басында жарақаты жеңіл деп күтілгенімен, медициналық тексерістен кейін футболшының бірнеше апта ойнамайтыны белгілі болды.

📆 Мерсисайдтық клуб ертең АПЛ-нің 13-туры аясында «Ман Ситимен» кездеседі.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 03:18


Альфонсо Дэвис бір айға көлік жүргізу құқығынан айырылды

🇩🇪 «Бавария» футболшысы кеше Мюнхенде Lamborghini Urus темір тұлпарымен гүләйттап жүріп, аяқ-асты полицейге ұсталыпты. Сол жерде тексеріс жүріп, Дэвистің ішімдік ішкені анықталды.

💰 Осыған байланысты футболшы бір айға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 500еуро көлемінде айыппұл арқалады.

Фабрицио ақпараты

30 Nov, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ. 13-тур:

20:00. Брентфорд - Лестер
20:00. Кристал Пэлас - Ньюкасл
22:30. Вест Хэм - Арсенал

🇪🇸 Ла Лига. 15-тур:

18:00. Барселона - Лас-Пальмас
01:00. Вальядолид - Атлетико

🇩🇪 Бундеслига. 12-тур:

19:30. Вердер - Штутгарт
19:30. РБ Лейпциг - Вольфсбург
19:30. Унион Берлин - Байер
22:30. Боруссия Д - Бавария

🇮🇹 "А" Сериясы. 14-тур:

22:00. Милан - Эмполи

🇫🇷 Бірінші лига. 13-тур:

01:00. ПСЖ - Нант

🇹🇷 Түркия Суперлигасы. 14-тур:

18:00. Аданадемирспор - Коньяспор

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

29 Nov, 19:03


Ресми: Руд ван Нистелрой – «Лестер» бас бапкері атанды

✍️ Қос тарап 2027 жылдың маусым айына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

🆚 Голландиялық маман «түлкілердің» бас бапкері ретінде алғашқы матчын «Вест Хэмге» қарсы өтеді.

Фабрицио ақпараты

29 Nov, 17:23


Винисиус – Ла Лиганың қараша айындағы үздік ойыншысы

🇪🇸 «Реал» вингері осы айда екі матчқа қатысып, үш гол соғып, бір гол пасының авторы атанды.

📊 Дауыс беру қорытындысы бойынша Дани Ольмо, Арно Мартинес, Кубо және Джулиано Симеоне сынды ойыншыларды басып озды.

Фабрицио ақпараты

29 Nov, 17:03


🥶 Тоқтайтын түрі жоқ

🇸🇦 Криштиану Роналду Про-лиганың 12-турында «Дамак» (2-0) қақпасына дубль рәсімдеп, мансабындағы голдар санын 915-ке жеткізіп тастады.

Фабрицио ақпараты

29 Nov, 15:31


Виктор Дьокерештің трансферінен үш клуб пайда көрмек

💰 «Спортинг» швециялық форвардты сатқан жағдайда түскен пайданы толыққанды иемдене алмайды.

🤝 Лиссабонның клубы футболшыны «Ковентри Ситиден» сатып аларда ағылшындық клубқа болашақ сатылымның 15%-ын беретін боп келіскен.

🛍 Ал оған дейінгі келісімшарт бойынша «Брайтонныңда» алатын өз үлесі бар.

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 19:31


8 футболшы Англия құрамасының қосынынан кетті

📝 Бұл тізімде: Коул Палмер, Леви Колвилл, Фил Фоден, ТАА, Джек Грилиш, Букайо Сака, Деклан Райс және Аарон Рамсдейл бар.

Аталғандардың кейбірінің жарақаты бар, кейбірі сақтық шарасы ретінде алдағы құрама матчтарына қатыспайды.

🔁 Кеткендердің орнына Морган Роджерс, Джаррод Боуэн, Джаррад Брэнтвейт, Тино Ливраменто және Джеймс Траффорд шақырылды.

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 17:06


Ресми: Рууд ван Нистелрой МЮ-ден кетті

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Голландиялық маманның клубтағы болашағы Рубен Аморимнің шешіміне байланысты болған еді.

💼 Аморим Рууд ван Нистелройды бапкерлік штабында қалдырмайтын боп шешті.

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 16:13


Дэвид Кут уақытша төрешіліктен шеттетілді

🤬 Әлеуметтік желіде АПЛ төрешісінің «Ливерпуль» мен Юрген Клоппты балағаттаған видеосы тарап, қызу талқыланып жатыр. Ол видеода мерсисайдтық клубты боққа теңеп, Клоппты нағыз ақымақ деп атады.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англияда төрешілердің жұмысына жауап беруші PGMOL ұйымы істі тергеуге алып, Кутты уақытша (мүлдем шеттетілуі мүмкін) қызметінен шеттетті.

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 15:46


Өз тарихында төртінші рет Қазақстан чемпионы атанған «Қайратты» құттықтағаны үшін Кинопоискқа рахмет!

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 13:37


🤕 «Реалдың» тағы бір ойыншысы жарақат алды

🚀 19 жастағы қорғаушы Хакобо Рамон жарақатына байланысты бір айға жуық ойнамайды.

Осыған дейін Мадридтің клубы сапынан Родриго (2 ай), Лукас Васкес (1 ай) және Милитао (9-10 ай) ұзақ мерзімге қатардан шығып қалған еді.

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 13:25


Трент Александер-Арнольд 2-3 аптаға қатардан шықты

🦵 Қорғаушы «Астон Виллаға» қарсы матчта бұлшық етін зақымдап алыпты.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ливерпуль» ТАА-ның «Реалға» қарсы матчқа дейін қатарға оралатынына сенімді.

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 11:31


Ресми: «Барсаның» қос футболшысы осы айдағы құрама матчтарына қатыспайды

🤕 Роберт Левандовски беліндегі жайсыздыққа байланысты 10 күнге қатардан шықты.

🦶Ал Ламин Ямалда тобық жарақаты анықталды. 17 жастағы футболшы шамамен 2-3 аптаны өткізіп жібереді.

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 10:31


Ресми: Жоау Перейра – «Спортинг» бас бапкері атанды

🇵🇹 40 жастағы маман МЮ-ге ауысқан Рубен Аморимнің орнын басады.

💼 Перейра бұған дейін Лиссабонның клубында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарып, артынша жастар құрамын баптаған.

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 09:34


Рууд ван Нистелрой МЮ-де қалуы мүмкін

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «МЮ» аңызының клубтағы болашағы Рубен Аморимге байланысты болмақ.

💼 Португалиялық маман оны өз штабында қалдыруды шешсе, жұмысын жалғастыра береді.

🔥 Осыған дейін Рууд ван Нистелрой команданы уақытша тізгіндеп, төрт матчтың үшеуінде жеңіске жетті (1 тең ойын).

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 08:46


📲 Рафинья инста сторисіне мынадай сурет жүктеді

«Реал Сосьедадқа» қарсы матчта Роберт Левандовскидің голы есепке алынбаған еді.

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 04:09


Дәрменсіз күй кешті

🇪🇸 «Барселона» Ла Лиганың 13-турында «Реал Сосьедадқа» (1-0) есе жіберді.

👟 Қызық жәйттің бірі каталондық клубтың ойыншылары қарсылас қақпасына 11 соққы бағыттаған, бірақ ешбірі тура жетпепті.

📆 «Барса» (Ла Лигада) мұндайды соңғы рет 2014 жылы бастан кешкен екен. Сол жылы «Малагамен» (0-0) күш сынасып, қарсылас қақпасын бірде-бір рет дәл көздей алмаған.

Фабрицио ақпараты

11 Nov, 03:08


Хакан Чалханоглу пенальтиден мүлт кетті

🇮🇹 Жартылай қорғаушы «Наполиге» (1-1) қарсы матчта 11 метрлік айып добын сәтсіз орындады.

⚽️ Осыған дейін «Интер» жейдесінде 19 рет пенальти теуіп, барлығын голға айналдырған еді.

Фабрицио ақпараты

10 Nov, 22:06


Роберт Левандовскидің есепке алынбаған голы

Офсайд па?

Фабрицио ақпараты

10 Nov, 21:59


«Барселонаның» жеңісті сериясы үзілді

📉 Ағымдағы маусымдағы үшінші жеңіліс.

Фабрицио ақпараты

10 Nov, 18:27


Дербиде жеңімпаз анықталмады

Фабрицио ақпараты

10 Nov, 16:45


Ресми: «Рома» бас бапкері Иван Юричті қызметінен босатты

🇮🇹 Клуб басшылығы бүгінгі «Болоньяға» (2-3) қарсы жеңілістен кейін осындай шешім қабылдады.

📊 Хорватиялық маман команданы небәрі екі ай тізгіндеді:

🏟 12 матч
4 жеңіс
🤝 3 тең ойын
5 жеңіліс.

Кім келер екен?

Фабрицио ақпараты

10 Nov, 15:59


🔥 «МЮ» сенімді жеңіске жетті

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Қызылдар» Рууд ван Нистелройдың жетекшілігімен соңғы матчын өткізді. Ертеңнен бастап команда тізгінін Рубен Аморим ұстайды.

Фабрицио ақпараты

10 Nov, 14:21


Эрик тен Хааг «Твенте» - «Аякс» матчын тамашалауға келіпті

🇳🇱 Голландиялық маман МЮ-ден кеткелі бері Эредивизи матчтарын қалдырмай көріп жүр.

Фабрицио ақпараты

08 Nov, 14:38


📊 CIES (Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы) нұсқасы бойынша 21 жасқа дейінгілер арасындағы ең құнды ойыншылар:

1️⃣ 🇪🇸 Ламин Ямал – €180млн
2️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Алехандро Гарначо – €114млн
3️⃣ 🇫🇷 Уоррен Заир-Эмери – €109млн
4️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Савио – €101млн
5️⃣ 🇫🇷 Жоау Невеш – €99млн
6️⃣ 🚀 Эндрик – €97млн
7️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Рико Льюис – €87млн
8️⃣ 🚀 Арда Гүлер – €76млн
9️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Кобби Майну – €74млн
🔟 🇮🇹 Кенан Йылдыз – €72млн.

Өз бағаларына лайық па?

Фабрицио ақпараты

08 Nov, 12:09


🔥 «Ноттингем Ф» жарап тұр

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Нуну Эшпириту Санту – АПЛ-нің қазан айындағы ең үздік бапкері атанды.

📊 Оның командасы қазан айында үш матч өткізіп, екі рет жеңіске жетті (1 тең ойын).

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Крис Вуд – АПЛ-нің қазан айындағы ең үздік ойыншысы атанды. Ол өткен айдағы үш матчта төрт рет мергендігімен көзге түсті.

🔝 Осылайша «орманшылардың» қос өкілі айдың үздігі марапатын жұлып әкетті. Осыған дейін мұндайды «Челси» жасаған еді.

Фабрицио ақпараты

08 Nov, 11:12


🇪🇸 Испания құрамасының алдағы Ұлттар лигасы матчтарына шақырту алған құрамы

🔥 «Порту» сапында үздік өнер көрсетіп жүрген Саму Омородион мен «Барселона» таланты Марк Касадо да тізімге ілікті.

🇪🇺 Луис де ла Фуенте шәкірттері осы айда Даниямен (16 қараша) және Швейцариямен (19 қараша) күш сынасады.

Фабрицио ақпараты

08 Nov, 09:53


Мауро Икарди 7-8 айға қатардан шықты

🤕 «Галатасарай» ойыншысы «Тоттенхэмге» (3-2) қарсы матчта тізе байламын үзіп алған.

💉 Жақын күндері футболшыға ота жасалады.

Фабрицио ақпараты

08 Nov, 04:09


«МЮ» ес жиып бастады

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Қызыл сойқандар» Рууд ван Нистелройдың жетекшілігімен ПАОК-тан (2-0) басым түсіп, осы маусымдағы Еуропа лигасындағы алғашқы жеңісін тіркеді.

🤝 Бұған дейін «Порту» (3-3) «Фенербахче» (0-0) және «Твентемен» (1-1) ұпай бөліскен еді.

📉 Одан бөлек бұл «қызылдардың» 2023/24ж маусымнан бері еурокубоктегі екінші жеңісі болды. Эрик тен Хаагтың тұсында тоғыз матч өткізіп, тек біреуінде жеңіске жеткен.

Фабрицио ақпараты

08 Nov, 03:08


«Челси» еурокубоктегі үздік нәтижесін қайталады

🇪🇺 «Көктер» Конференция лигасының 3-турында «Ноаны» қабылдап, 8-0 есебімен талқандап тастаған еді. Бірінші таймның өзінде 6-0 есебі тіркелді.

📆 Осылайша Лондондық команда 1971 жылдан кейін алғаш рет еурокубок матчының бірінші таймында алты гол соқты.

Биыл чемпион атана ма?

Фабрицио ақпараты

07 Nov, 21:59


🔥 «Челси» білгенін істеді

Фабрицио ақпараты

07 Nov, 21:55


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «МЮ» Еуропа лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

👏 Амад Диалло

Фабрицио ақпараты

07 Nov, 18:41


🔥 Виктор Осимхеннің ағымдағы маусымдағы көрсеткіші:

🏟 8 матч
6 гол
🅰️ 4 гол пасы

🆚 Әзірге «Тоттенхэм» қақпасына дубль рәсімдеді.

Фабрицио ақпараты

07 Nov, 15:36


Виктор Дьокереш – ЧЛ 4-турының үздік ойыншысы

🇪🇺 «Спортинг» форварды «Ман Сити» (4-1) қақпасына хет-трик жасаған еді.

📊 Дьокереш дауыс беру қорытындысы бойынша Луис Диас, Карим Конате, Николас Кюнді басып озды.

Лайық па?

Фабрицио ақпараты

07 Nov, 10:12


Антуан Гризман үздіктер қатарына қосылды

🇪🇺 «Атлетико» шабуылшысы ПСЖ-ға қарсы (1-2) матчта гол пасының авторы атанып, Чемпиондар лигасында гол+пас бойынша 50 ұпай еншілеген төртінші франциялық ойыншы атанды:

▪️Кәрім Бензема – 90 гол, 27 пас
▪️Тьерри Анри – 50 гол, 25 пас
▪️Килиан Мбаппе – 49 гол, 24 пас
▪️Антуан Гризман – 37 гол, 13 пас.

Фабрицио ақпараты

07 Nov, 08:40


📊 Opta ЧЛ 4-турынан кейін командалардың турнирде топ жару мүмкіндіктерін бағалады:

1️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ман Сити - 19%
2️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ливерпуль - 17%
3️⃣ 🇮🇹 Интер - 12%
4️⃣ 🇪🇸 Барселона - 9%
5️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Арсенал - 8%
6️⃣ 🇪🇸 Реал - 6%
6️⃣ 🇵🇹 Спортинг - 6%
7️⃣ 🇩🇪 Бавария - 4%
7️⃣ 🇩🇪 Байер - 4%
8️⃣ 🇫🇷 ПСЖ - 3%.

Сіздің басты фаворитіңіз кім?

Фабрицио ақпараты

07 Nov, 04:09


«Штутгарттың» жеңіліссіз сериясы үзілді

🇩🇪 Неміс клубы өз алаңында 26 матч (жолдастық/ресми матч) қатарынан жеңіліссіз келе жатқан еді.

Кеше ЧЛ жалпы кезеңнің 4-турында «Аталантаға» (0-2) есе жіберді.

🥶 Бергамолық команда өткен маусымда «Байердің» 51 матчқа ұласқан жеңіліссіз сериясында тоқтатқан болатын.

Фабрицио ақпараты

07 Nov, 03:18


🇪🇺 ЧЛ 4-турының үздігі атағына үміткерлер анықталды:

🇵🇹 Виктор Дьёкереш –
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Луис Диас –
🇦🇹 Карим Конате –
🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Николас Кюн –

Кім лайық болды?

Фабрицио ақпараты

06 Nov, 04:09


«Ман Сити» 2016 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасында төрт гол өткізіп алды

🇪🇺 «Қалалықтар» жалпы кезеңнің 4-турында «Спортингке» 4-1 есебімен ойсырай жеңілді.

‼️ Мұндай ірі есеп соңғы рет 2016 жылы «Барсаға» (4-0) қарсы матчта тіркелген екен.

Фабрицио ақпараты

06 Nov, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🇪🇺 ЧЛ. Жалпы кезең. 4-тур:

22:45. 🇧🇪 Брюгге - Астон Вилла 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
22:45. 🇺🇦 Шахтер Д - Янг Бойз 🇨🇭
01:00. 🇮🇹 Интер - Арсенал 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
01:00. 🇫🇷 ПСЖ - Атлетико 🇪🇸
01:00. 🇩🇪 Бавария - Бенфика 🇵🇹
01:00. 🇷🇸 Црвена З - Барселона 🇪🇸
01:00. 🇩🇪 Штутгарт - Аталанта 🇮🇹
01:00. 🇨🇿 Спарта Прага - Брест 🇫🇷
01:00. 🇳🇱 Фейеноорд - Зальцбург 🇦🇹

🇪🇺 Еуропа лигасы. Жалпы кезең. 4-тур:

20:30. 🇹🇷 Бешикташ - Мальме 🇸🇪

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 22:12


🇪🇺 Бүгінгі ойындардың нәтижелері

Қай матч көңілден шықты?

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 22:04


😅 Алекс Фергюсонның ізбасары келеді...

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 22:02


🥶 «Сантьяго Бернабеуде» қатарынан екінші жеңіліс

🧐 «Реалға» не болған?

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 22:00


🔥 «Ливерпуль» екінші таймда оталды

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 21:59


😨 Рубен Аморимнің шәкірттері «Ман Ситиді» талқандап тастады

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 20:58


🔥 Виктор Дьокереш «Ман Сити» қақпасынан саңылау тапты

🇵🇹 Бұл оның ағымдағы маусымдағы 21-ші, ал ЧЛ-дегі үшінші голы болды.

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 17:44


Деклан Райс «Интерге» қарсы ойнамайды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Жартылай қорғаушы жаттығу барысында кішігірім жарақат алып қалған. Жарақаты анау айтқандай ауыр емес екен, бірақ «Арсенал» сақтық шарасы ретінде футболшыны ЧЛ-не қатысатын тізімге қоспады.

✈️ Ал Мартин Эдегор командамен бірге Миланға ұшады.

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 15:37


🇦🇷 Аргентина құрамасының алдағы ӘЧ-2026 іріктеу матчтарына шақырту алған ойыншылар тізімі

🆚 Лионель Скалони шәкірттері осы айда Парагваймен (15 қараша) және Перумен (20 қараша) кездеседі.

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 15:02


📹 90min бүгінгі ойындарға болжам жасады

Қай матчтың есебі тура шығуы мүмкін?

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 14:42


🇪🇺 Бүгін ЧЛ 4-туры басталады

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 11:58


Мартин Эдегор оралды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Жартылай қорғаушы «Интерге» қарсы матч алдында командалық жаттығуға кірісті.

🦶 Ол тобығындағы жарақатына байланысты екі айға жуық ойнамаған еді.

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 11:07


Темірдей тәртіптің – темірқазығы

‼️ Педри Martinez y Hermanos бағдарламасына сұқбат беріп, Флик келгелі командада айыппұл жүйесі іске қосылғанын айтты. Неміс маманы ойыншыларға жауапкершілікті бірінші орынға қоюды талап етіпті.

Кімде-кім командалық жиналыс, жаттығу барысына кешігіп келсе, онда қаржылай айыппұл төлейді немесе алдағы матчқа қатыспайды.

👀 Мұндай жағдай «Алавеске» (0-3) қарсы матчта орын алған. Жюль Күнде матч алдындағы жиналысқа кешігіп, негізгі құрамнан шет қалған екен.

⚽️ Mundo Deportivo

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 09:16


😍 Бүгінгі күннің басты ойыны

🇪🇺 ЧЛ. Жалпы кезең. 4-тур:

🚀 «Реал» - «Милан»🇮🇹

🖥️ 01:00. Qazsport

Кім жеңіске жетеді?

Реал 🔥
Милан ⚡️

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 08:29


Хамес Родригес «Райо Вальеканомен» қош айтысуы мүмкін

⁉️ Колумбиялық футболшы тұрақты түрде ойын практикасын ұсынатын клубқа ауысқысы келеді, көп ұзамай Мадридтің командасымен келісімшартын мезгілінен бұрын бұзуы мүмкін.

🇪🇸 Хамес ағымдағы маусымда бес матчқа қатысып, жасыл алаңда небәрі 123 минут ғана өткізді.

Фабрицио ақпараты

05 Nov, 04:09


Рафаэль Леау «Реалға» қарсы матчты негізгі құрамда бастайды

🇮🇹 «Милан» вингері соңғы төрт матчтың 3-де қосалқы құрамға қамалған еді.

🧍‍♂️ Паулу Фонсека ойыншымен ешқандай кикілжің жоқ екенін айтып, мұны «Реалға» қарсы матчқа дайындық деп тұспалдаған болатын.

🔥 ЧЛ 4-турындағы «Реал» - «Милан» текетіресі бүгін түнде (01:00-де) өтеді.

Фабрицио ақпараты

02 Nov, 09:22


Хаби Алонсо – «Реалды» тізгіндеуі мүмкін негізгі үміткер

🚀 Флорентино Перес испаниялық маманды өте жоғары бағалайды және оның Папа Карлоның орнын жоқтатпайтына сенімді.

🔥 Алонсо алдағы жазда «Реалға» ауысар болса, бұл Флориан Вирцтің де трансферін сенімдірек етеді.

Фабрицио ақпараты

02 Nov, 04:19


🔥 Тоқтайтын түрі жоқ

🇵🇹 Виктор Дьокереш Португалия чемпионатының 10-турында «Эштрела» (4-1) қақпасына покер жасап, осы маусымдағы голдар санын 20-ға жеткізді:

🏟 16 матч
20 гол
🅰️ 4 гол пасы.

ТОП клубтар қайда қарап отыр?

Фабрицио ақпараты

02 Nov, 03:18


«Әл-Наср» «Әл-Хиләлді» жеңе алмай келеді

🇸🇦🇸🇦 Кеше қос команда Про-лиганың 9-туры аясында кездесіп, (1-1) тең тарқасты.

«Әл-Наср» Криштиану Роналдуды өз сапына қосқалы бері бірде-бір рет «Әл-Хиләлден» (ресми матчта) басым түспеген.

📊 Жеті кездесудің бесеуінде «көктер» жеңіске жетіп, екі матчта тең нәтиже тіркелген екен.

🇵🇹 Осы аралықта португалиялық дүлдүл өз еншісіне 1 гол мен 1 гол пасын тіркеген.

Фабрицио ақпараты

02 Nov, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🇰🇿 ҚПЛ. 25-тур:

14:00. Қызылжар - Қайсар
16:00. Қайрат - Ордабасы

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ. 10-тур:

17:30. Ньюкасл - Арсенал
20:00. Борнмут - Ман Сити
20:00. Ливерпуль - Брайтон

🇮🇹 "А" Сериясы. 11-тур:

22:00. Удинезе - Ювентус
00:45. Монца - Милан

🇩🇪 Бундеслига. 9-тур:

19:30. Бавария - Унион Берлин
22:30. Боруссия Д - РБ Лейпциг

🇫🇷 Бірінші лига. 10-тур:

21:00. ПСЖ - Ланс

👇 Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

01 Nov, 19:12


Тағы да: Месси, Месси

🇸🇦 «Әл-Хиләл» жанкүйерлері әдеттегідей «Әл-Насрға» қарсы матчта "Месси, Месси",-деп ұрандатты.

😅 Рәкең жәй ғана күлімсірей қарады.

Фабрицио ақпараты

01 Nov, 15:18


Роберт Левандовски – Ла Лиганың қазан айындағы үздік ойыншысы

🇪🇸 «Барса» форварды өткен айда үш матч өткізіп, жеті гол соқты.

🔥 Бұған дейін Ханси Флик - айдың үздік бапкері, ал Педри - айдың үздік жас ойыншысы атанған еді.

Фабрицио ақпараты

01 Nov, 13:38


Тибо Куртуа оралды

🚀 «Реал» қақпашысы «Боруссияға» (5-2) қарсы матчта бұлшық етін зақымдап, бір аптадан астам ойнамаған еді.

🔁 Жарақатынан айығып, бүгін алғашқы командалық жаттығуға қатысты.

Фабрицио ақпараты

01 Nov, 12:02


Ресми: Рубен Аморим – «МЮ» бас бапкері атанды

✍️ Қос тарап 2+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойды.

Португалиялық маман қараша айындағы халықаралық үзіліске дейін «Спортингте» қалатын болды.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ал «қызыл сойқандар» тізгініндегі алғашқы матчын 24 қараша күні «Ипсвич Таунға» қарсы өткізеді.

Фабрицио ақпараты

01 Nov, 10:54


👟 Осы маусымда ең көп ассист жасаған ТОП-5 лига ойыншылары:

1️⃣ 🇮🇹 Нуну Тавареш – 8
2️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Букайо Сака – 7
3️⃣ 🇪🇸 Ламин Ямал – 6
3️⃣ 🇫🇷 Жоау Невеш – 6
3️⃣ 🇪🇸 Рафинья – 6.

Фабрицио ақпараты

01 Nov, 07:50


🇮🇹 Давид Де Хеаның "А" Сериясындағы көрсеткіші:

🔝 Сейв жасау көрсеткіші бойынша 1-ші орында

🧤 Аз гол жіберген қақпашылар арасында 6-шы орында

2 пенальти қайтарды

3 құрғақ матч

4 матч қатарынан жеңісті серия.

Жаздың үздік трансфері ма?

Фабрицио ақпараты

01 Nov, 05:10


👏 Қарапайым Канте

🇸🇦 Про-лиганың 9-турындағы «Әл-Иттихад» - «Әл-Әхли» матчында жанкүйерлер алаңға жалаушаларды лақтырып, төреші кішігірім үзіліс жасауға мәжбүр болды.

🥺 Өзгелері су ішіп жатқанда, Н'голо Канте жасыл алаңды қоқыстан тазартты.

Фабрицио ақпараты

01 Nov, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🇩🇪 Бундеслига. 9-тур:

00:30. Байер - Штутгарт

🇫🇷 Бірінші лига. 10-тур:

23:00. Монако - Анже
01:00. Лилль - Лион

🇸🇦 Про-лига. 9-тур:

23:00. Әл-Наср – Әл-Хиләл

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

31 Oct, 16:28


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ-нің осы маусымында ең көп сәтті дриблинг жасаған футболшылар:

1️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Мұхамед Кудус – 28
2️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Жереми Доку – 22
3️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Адама Траоре – 21
4️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Омари Хатчинсон – 18
4️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Каору Митома – 18
5️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Илиман Ндиайе – 17
5️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Савио – 17
5️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Антуан Семеньо – 17
5️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Мұхамед Салах – 17
5️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Эберечи Эзе – 17.

Фабрицио ақпараты

31 Oct, 13:51


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ-нің қазан айындағы ең үздік бапкері атағына үміткерлер белгілі болды:

▪️Пеп Гвардиола – 3 матч, 3 жеңіс
▪️Нуну Эшпириту Санту – 3 матч, 2 жеңіс, 1 тең ойын
▪️Фабиан Хюрцелер – 3 матч, 2 жеңіс, 1 тең ойын
▪️Арне Слот – 3 матч, 2 жеңіс, 1 тең ойын

Кім лайық?

Фабрицио ақпараты

31 Oct, 13:33


🇪🇸 Ресми: Фермин Лопес «Барселонамен» келісімшарт мерзімін ұзартты

✍️ Жаңа келісімшарт 2029 жылдың жазына дейін жарамды.

💰 Жаңа шартқа сәйкес ойыншының өтемақы құны 400млн еуродан 500млн еуроға жоғарылады.

Фабрицио ақпараты

31 Oct, 13:31


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ-нің қазан айындағы ең үздік ойыншысы атағына үміткерлер белгілі болды:

▪️Йошко Гвардиол – (1 құрғақ матч)
▪️Брайан Мбеумо –
▪️Коул Палмер – 🅰️
▪️Букайо Сака – 🅰️🅰️
▪️Дэнни Уэлбек –
▪️Крис Вуд –
▪️Факундо Буонанотте –
▪️Матс Селц – 1 құрғақ матч, 14 сейв.

Кім лайық?

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 17:56


Ресми: Роберто Манчини Сауд Арабиясы құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

❗️Қос тарап өзара келісіммен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды. Бұл үшін италиялық маман қомақты өтемақы (25-30млн еуро) алады.

🇸🇦 Манчини құрама тізгінін 2023 жылдың тамызында ұстаған еді.

📊 Сауд Арабиясы құрамасы оның жетекшілігімен 18 матч өткізіп, жетеуінде жеңіске жетті (5 тең ойын, 6 жеңіліс).

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 15:44


🇪🇺 Чемпиондар лигасы 3-турының символикалық құрамы жарияланды

🔝 Винисиус – турдың үздік ойыншысы атанды.

⚽️ Ал Эрлинг Холандтың «Спарта Прага» (5-0) қақпасына соққан голы турдың үздік голы деп танылды.

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 15:03


Хави Симонс қатардан шықты

🦵 «РБ Лейпциг» жұлдызы «Ливерпульге» қарсы матчта тобығын зақымдап алған.

Осыған байланысты бірнеше апта ойнамайды.

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 13:06


🇪🇺 Винисиус ЧЛ 3-турдың үздік ойыншысы атанды

🚀 «Реал» ойыншысы «Боруссияға» (5-2) қарсы матчта хет-трик авторы атанған еді.

📊 Дауыс беру көрсеткіші бойынша Рафинья, Такуми Минамино, Тиджани Рейндресті басып озды.

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 10:05


«Реал» Родригоның жарақатына қатысты ресми мәлімдеме жасады

🤕 Бразилиялық футболшы «Боруссияға» қарсы матчта жарақат алып қалған еді.

👨‍⚕️ Бүгін медициналық тексерістен өтіп, оң аяғының бицепс бұлшық етіне зақым келгені белгілі болды.

🔁 Осыған байланысты 15-20 күнге қатардан шықты.

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 09:20


Арне Слот рекорд тіркеді

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Голландиялық маманның шәкірттері кеше «РБ Лейпцигтен» (0-1) басым түсіп, Слот «Ливерпуль» тізгініндегі 11-ші жеңісіне қол жеткізді.

🔥 Осылайша ол АПЛ командаларын жаттықтырғандар арасында алғашқы 12 матчта 11 жеңіс тіркеген бірінші бапкер атанды.

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 06:11


Джонатан Дэвид «Лилль» сапында тарихи көрсеткіш тіркеді

🇫🇷 Канадалық сұрмерген кеше «Атлетико» (1-3) қақпасынан екі мәрте саңылау тапқан еді.

📆 Бұл оның 2024 жылдағы 27 және 28-ші голы болды.

🔥 Осылайша Дэвид 1957 жылдан кейін бір күнтізбелік жылда 28+ гол соққан клуб тарихындағы алғашқы футболшы атанды. Соңғы рет мұндайды Фернанд Девламинк (1957ж. 39 гол) тіркеген екен.

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 05:10


«Лилль» Мадридтің қос клубынан айласын асырды

🇪🇺 «Төбеттер» ЧЛ жалпы кезеңнің 3-турында «Атлетикодан» (1-3) басым түсті. Ал 2-турда «Реалды» (1-0) қапы қалдырған еді.

🔥 Осылайша ЧЛ-нің бір маусымында «Реал» мен «Атлетиконы» жеңген үшінші команда атанды.

📆 Мұндайды бұған дейін «Челси» және «Ман Сити» жасаған.

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 04:09


«Барсаның» көптен күткен жеңісі

🇪🇸 Каталондықтар ЧЛ 3-турында Мюнхеннің клубын 4-1 есебімен талқандап тастады. Бұған дейінгі жеңісі 2015 жылы (3-0) тіркелген еді.

🆚 Жалпы қос команда Чемпиондар лигасында 16 рет кездескен. «Бавария» 11 матчта басым түссе, үш матч «Барсаның» пайдасына шешілген.

🔥 Бір қызығы «Барселона» «Баварияны» жеңген жылдары (2009ж, 2015ж) ЧЛ-де топ жарған.

Биыл ЧЛ жеңе ала ма?

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 03:18


🇪🇺 ЧЛ 3-турдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер

🇫🇷 Такуми Минамино – 🅰️
🇮🇹 Тиджани Рейндерс –
🚀 Винисиус –
🔥 Рафинья –

Кім лайықты?

Фабрицио ақпараты

24 Oct, 03:05


🔥 Бүгінгі қызықты ойындар тізімі:

🇪🇺 Еуропа лигасы. Жалпы кезең. 3-тур:

21:45. 🇩🇪 Айнтрахт Ф - РФШ 🇱🇻
21:45. 🇦🇿 Карабах - Аякс 🇳🇱
21:45. 🇮🇹 Рома - Динамо Киев 🇺🇦
00:00. 🇫🇷 Лион - Бешикташ 🇹🇷
00:00. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Тоттенхэм - Аз Алкмар 🇳🇱
00:00. 🇹🇷 Фенербахче - МЮ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
00:00. 🇳🇱 Твенте - Лацио 🇮🇹
00:00. 🇵🇹 Порту - Хоффенхайм 🇩🇪
00:00. 🇪🇸 Атлетик - Славия Прага 🇨🇿

🇪🇺 Конференция лигасы. Жалпы кезең. 2-тур:

21:45. 🇬🇷 Панатинаикос - Челси 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
21:45. 🇨🇭 Санкт-Галлен - Фиорентина 🇮🇹
00:00. 🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿 Нью-Сейнтс - Астана 🇰🇿
00:00. 🇪🇸 Бетис - Копенгаген 🇩🇰

Кімдер жеңіске жетеді?

Фабрицио ақпараты

23 Oct, 21:11


🇪🇺 ЧЛ 3-турдан кейінгі турнирлік кесте

Сүйікті командаңыз нешінші орында?

Фабрицио ақпараты

23 Oct, 20:55


⚡️ «Барселона» аяушылықты ұмытты

Фабрицио ақпараты

23 Oct, 20:18


😎 Екі күнде екі бразилиялық хет-трик жасады

Фабрицио ақпараты

23 Oct, 19:10


🇪🇸 Рафинья ағымдағы маусымда:

🏟 13 матч
9 гол
🅰️ 8 гол пасы.

🔥 Сұмдық қарқын

Фабрицио ақпараты

23 Oct, 17:37


🇪🇺 Флориан Вирц ЧЛ-де үш матчта үш гол соқты:

🆚 «Фейеноорд»
🆚 «Брест»

🔥 21 жастағы хавбек Чемпиондар лигасындағы алғашқы маусымын өткізуде.

Фабрицио ақпараты

23 Oct, 16:10


🇪🇺 Чемпиондар лигасында алғашқы үш матчта қақпасына гол өткізбестен жеңіске жеткен командалар:

🟠«Малага» (2012ж)
🟠«Лестер» (2016ж)
🟠«Астон Вилла» (2024ж)

Унай Эмери шәкірттері қай кезеңге дейін барар екен?

Фабрицио ақпараты

23 Oct, 13:45


👀 ЧЛ-де қай елдің футболшылары ең көп хет-трик жасаған?

🔥 Тізім мынадай:

1️⃣ 🇧🇷 Бразилия – 22
2️⃣ 🇫🇷 Франция – 17
3️⃣ 🇦🇷 Аргентина – 12
3️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англия – 12
4️⃣ 🇵🇹 Португалия – 11
5️⃣ 🇩🇪 Германия – 8
5️⃣ 🇪🇸 Испания – 8
5️⃣ 🇮🇹 Италия – 8.