Комментаторлар Ортасы @sportorta Channel on Telegram

Комментаторлар Ортасы

@sportorta


Қазақ комментаторларының ортасы

Жарнама: @alimjanasqar

Комментаторлар Ортасы (Kazakh)

«Комментаторлар Ортасы» - бұл осы каналда қазақ комментаторларының ортасы болып табылады. Спорттың әлемінде танымал кеңестерде жұмыс істейтін комментаторлардың танымдылығын көрсету мақсатында құрылған бұл каналдың мақсаты арман ұстану, деңгейді спорт жағдайлары және жаңалықтарымен танысу, спорттан мәліметтер алу үшін жаңа тақырыптар мен жаңа әуендер бойынша білім алу. Спорттағы ең соңғы жаңалықтар мен оқиғаларды жаңарту саласында жаңа қызметкерлердің жаңа мақсаттары мен жетістіктерін анықтау мақсатында құрылған бұл канал көптеген жағдайларда спорттың парақшасы болуға тырысып жатады. Осы каналдың арқасында бұл көрнекті қазақ комментаторларымен бөлістігін ұмытпауымыз. Сіз де осы каналға қосылыңыз, спорт негізінде білім алыңыз!»

Комментаторлар Ортасы

06 Jan, 13:40


С детства за “Интер”😂

Комментаторлар Ортасы

30 Dec, 19:30


💣 “Атыраудың” гол-машинасы “Тобылға” ауыспақшы

Беларусь шабуылшысы Николай Сигневич 2024 жылы “Атырау” футбол клубының құрамында сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергендерінің бірі атанды. Ол маусымда 24 матчта 10 гол соғып, команданың маңызды ойыншыларының бірі болды. 

Жақында ақпарат көздері Сигневичтің Қостанайлық “Тобол” клубына ауысуы мүмкін екенін хабарлады. 32 жастағы шабуылшы қыста “Тобол” құрамына қосылу мүмкіндігін қарастыруда. 

Николай Сигневич туралы анықтама:
• Туған күні: 20 ақпан 1992 жыл
• Туған жері: Брест, Беларусь
• Бойы: 194 см
• Позициясы: Шабуылшы

Клубтық карьерасы:
• “Динамо Брест” (2011–2013): 33 матч, 6 гол
• БАТЭ (2013–2018): 98 матч, 29 гол
• “Платаниас” (Греция, 2016–2017, аренда): 16 матч, 2 гол
• “Ференцварош” (Венгрия, 2018–2020): 32 матч, 5 гол
• “Химки” (Ресей, 2020): 2 матч
• БАТЭ (2020–2021): 22 матч, 6 гол
• “Аполлон Смирнис” (Греция, 2022–2023): 21 матч, 1 гол
• “Атырау” (2024): 24 матч, 10 гол

Ұлттық құрама:
• Беларусь ұлттық құрамасы (2014–2021): 21 матч, 1 гол

Сигневичтің мансабында Беларусьтің “Динамо Брест” және БАТЭ клубтарында, сондай-ақ Венгрияның “Ференцварош” және Грецияның “Платаниас” командаларында ойнаған кезеңдері бар. Ол Беларусь ұлттық құрамасында да өнер көрсетіп, 21 матчта 1 гол соққан. 

Егер Сигневич “Тобол” клубына ауысса, бұл команда шабуылын күшейтіп, алдағы маусымда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

@kommentator_maulen

Комментаторлар Ортасы

30 Dec, 13:29


ҚАЗАҚСТАННАН ОСЫ ФУТБОЛШЫ ТОП-ЧЕМПИОНАТҚА БІРІНШІ КЕТЕДІ

Ислам Чесноков – 2024 жылғы ҚПЛ-дың үздік ойыншысы.

Дания, Словакия, Грекия, Ресей клубтары қызығуда.

Чесноков ақшаға қарамай Еуропаға кетемін деп отыр.

Исламды «Астана» да шақырып жатыр. Кетуі керек пе?👇

https://youtu.be/9OHvzi-CjMU?feature=shared

https://youtu.be/9OHvzi-CjMU?feature=shared

https://youtu.be/9OHvzi-CjMU?feature=shared

Комментаторлар Ортасы

23 Dec, 08:26


Детилер, биыл "Ливерпуль" Англия чемпионы болатын сияқты. Бәсекеге кім түседі: "Челси", әлде "Арсенал"?

Менен аздап кешегі матчқа пікір...

Комментаторлар Ортасы

20 Dec, 09:02


🇰🇿 Марат Омаров – Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті

Астанада ҚФФ президентінің сайлауы өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 36 жастағы Марат Омаров ҚФФ президенті болып сайланды. Ол 34 дауыс жинады.

Марат Омаров – 34 дауыс
Алтай Даумов – 2 дауыс
Ербол Қайыров – 0 дауыс

@kommentator_maulen

Комментаторлар Ортасы

19 Dec, 10:57


ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛЫН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ

Үміткер Ербол Қайыровтың версиясы.

Сайлау ертең, 20 желтоқсан, Астанада өтпек.

https://youtu.be/w9ftnvnydYM?feature=shared

Комментаторлар Ортасы

18 Dec, 12:52


"Пәрменді Пеп дәрменсіз Гвардиолаға айналды"

Сендерге ыстық пирожки әкелдім, балалар)

Комментаторлар Ортасы

13 Dec, 05:21


Астана-Челси: бекер ажиотаж болды ма? Не деген гол?!

Ойыннан влог. Стадион лық толы.

«Челсиді» қолдағандар көп болды.

Алаңға нешінші құрам шықты?

«Челсидің» жастары «Астанадан» мықты ма?

Ұйымдастыру жағынан проблема болды ма?

Томасовқа енді мансабын аяқтауға болады.

Неге қазақстандықтар алаңға аз шықты?

https://youtu.be/kYKr-2yQdAk?feature=shared

https://youtu.be/kYKr-2yQdAk?feature=shared

https://youtu.be/kYKr-2yQdAk?feature=shared

Комментаторлар Ортасы

11 Dec, 15:46


Игорь Шацкий = Буффон

Ұлттық құраманың қақпашысы бірінші лигаға кетті.

Не үшін? Неге «Ақтөбе» емес?

«Челсидің» бұрынғы ойыншысы не үшін келді?

Буффон да кезінде «Ювентус» үшін төменгі дивизионға барды.

«Ақтөбе» неге чемпион болмады?

Тез кіріп, видеоны тамашала. Лайк бас 👇

https://youtu.be/KOfChUbGOB4?feature=shared

https://youtu.be/KOfChUbGOB4?feature=shared

https://youtu.be/KOfChUbGOB4?feature=shared

Комментаторлар Ортасы

11 Dec, 13:53


Уалихан Қосанбайды құттықтап қояйық!

Комментаторлар Ортасы

10 Dec, 21:04


Видеосында көріңіздер

Комментаторлар Ортасы

10 Dec, 21:03


Менің ойымша пенальти. Контакт болды

Комментаторлар Ортасы

10 Dec, 13:23


Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер Ербол Қайыровтың сайлауалды видеосы.

https://youtu.be/al1s2J6Dm_s?feature=shared

Комментаторлар Ортасы

10 Dec, 12:14


(Б)ҰРЫН ЭКСПРЕСС

🏆 Жирона – Ливерпуль

"Ливерпуль" ЛЧ мәселесін шешіп алды. Бірақ бүгін Арне Слот ішінара ротация жасап, негізгі құрамды алаңға шығарады деп ойлаймын. "Ливерпуль" ЛЧ аясында бес матчта 1 ғана гол жіберді. Бүгін де гол жіберетініне сене алмаймын.

Жалпы, "Ливерпуль" үшін осы түні тең ойын да жеткілікті. Матч 0-0 есебімен тең аяқталуы да мүмкін. Өйткені, бар күшін АПЛ-ға сақтап, алдағы Boxing Day күйін күйттейді.

"Жирона" Артем Довбик пен Алеиш Гарсияны сатқан соң қайтадан Испанияның ортаңғол командасына айналды. Қазір ЛЧ деңгейіндегі команда емес. ПСЖ, ПСВ, Штурм – сырт алаңда үш команданың қақпасына гол сала алмай пұшайман болды. Түздегі ойыны іләкәрдің күйі.

Бүгін "Жирона" үйінде ойнайды. Бірақ "Ливерпуль" бүгін гол жібереді дегенге сенбейм. Обз – жоқ. Ең мықты қорғаныс қазір "Ливерпуль", "Интер", "Аталанта" командаларында.

🏆 Байер – Интер

"Байер" қазір оталды. Қатарынан 5 матчты жықты. Кризис артта қалды, ЛЧ 1/8 финалына тікелей жолдама алатын мүмкіндік бар.

"Интер" де бабында. ЛЧ аясында әлі гол салдырған жоқ, қақпасын алдырмады. Бірақ бүгін "Байер" миландық клубтың қақпасын теуіп ашады деп сенем. "Интер" де қарап қалмас. Лаутаро Мартинес үш матч бойы гол сала алмай келе жатыр. Бүгін барын салады. Обз – әрине шығады.

🏆 Аталанта – Реал М

Бергамолықтар қыркүйектен бастап жеңіліп көрмеді. "Аталанта" 9 матч қатарынан жеңді – мұндай серия қазір Еуропада ешкімде жоқ ау. А Сериясы лидеріне айналды. Атмосфера ғажап. ЛЧ мәселесін толық шешіп алды, дей алмаймыз. Сондықтан мотивация бар.

"Реал" бүгін жеңілсе, жағдай одан сайын ушығады. Сондықтан тәжірибеге басатын кез келді.

Екі команда жазда ғана Еуропа суперкубогында кездескен. Бірақ бұл "Аталанта" командасының тұрқы бөлек. Тактикалық тұрғыда да, психологиялық тұрғыда да үстем тұр. Мендік болжам – тең ойын. "Аталанта" қақпасына 2 голдан асырып жібермегеніне 3 айға жуықтады.

🏆 Шахтер – Бавария

Бұл матчта "Бавария" анық фаворит. Мюнхендіктер бүгін жеңбесе, үздік сегіздікке кіре алмау қаупі бар. Сондықтан бүгінгі матчта "Бавария" командасының жеке тоталын алғым келіп отыр. Венсан Компани командасы 2 голдан асырып салады.

🏆 Зальцбург – ПСЖ

Париж бүгін жеңбесе, тіпті тең түссе де Луис Энрикенің креслосы қозғалады. Сондықтан кім көрінгеннен жеңіліп жүрген "Зальцбург" командасын 3 ұпайдан қақпасқа амал жоқ.

"Зальцбург" тек ЛЧ аясында емес, ішкі чемпионатында да ала-құла ойнап келеді. Сондықтан, ПСЖ жеңісін -1 форасымен ала беруге болады.

Комментаторлар Ортасы

10 Dec, 07:31


Мен енді мұндамын)

Комментаторлар Ортасы

10 Dec, 07:31


"Реал" клубына ми керек. Тони Кросстың орнын кім басады?

Тони Кросс ұлттық құрама сапында шабуылға жақын ойнағанымен, "Реал" клубында реджиста рөлін атқарады. Яғни, шегініп ойнайтын плеймейкер.

Қазір Тони Кросс секілді IQ жоғары, ойынның ырғағын дәл сезетін, кез келген нүктеге пасты дәл жеткізетін, шабуылды бірінші бастап – ортада дерижерлік ететін бірнеше жартылай қорғаушы ғана бар: Родри, Чалханоглу, Киммих және Энцо Фернандес. Енді бұл тізімге Райан Гравенберхті де қосуға болады.

Бұл футболшылар допсыз да, аяғына доп тисе де дұрыс шешім қабылдайтын, команданың жүрісін ортадан бақылайтын оғландар. Родри бұрын допсыз шебер ойнайтын, қазір пасты да оңды-солды үлестіретін реджистаға айналды. "Интер" ортасын Чалханоглу билеп-төстейді. Киммих "Бавария" сапында оң қапталда да, реджиста рөлінде де шебер ойнайды. Гравенберх – Арне Слот (Ливерпуль) философиясының өзегіне айналды.

Бірақ бүгін Энцо Фернандес туралы айтайық. Әрине, Тони Кроссты ешкім 100 пайыз алмастыра алмайды. Тони тек алаңда емес, алаңнан тыс жерде де үлгілі болды. Энцо Фернандестің репутациясы немістікіндей емес. Жақында ажырасып, алимент төлейтіндердің қатарына қосылды. Кейде артық әңгіме айтып қоятыны да бар. Америка кубогы финалынан кейін Франция сапындағы қара нәсілді футболшыларға қаратып өктем сөйлеп қойды. Кейін тіпті кешірім де сұрап үлгерді.

Бірақ Энцо Фернандес қазіргі "Реал" үшін таптырмас ойыншы. Модрич қартайды, Беллингем шабуыл өтінде жүретін ойыншы (Иско сияқты), Вальверде алаңды сканерлейтін хавбек емес, Чуамени мен Камавинга – ақылдан гөрі физиканың ойыншысы.

Ал, Энцо өте ақылды. Жанына Кайседоны қойсаңыз да, Лавияны жексеңіз де (Чуамени мен Камавинга) матчты алып шығады. Шегініп те, ұмтылып та ойнайды. Кейде реджиста, кейде box-to-box. Пас үлестіреді, алыстан тебеді, қорғанысқа қайтады, шабуылға оқтын-оқтын араласады. Дәл пас перу коэффициенті жоғары, доп үшін таласта да белсенді.

"Реал" ертедегі Кросс – Модрич – Каземиро үштігін тапқысы келсе, қазір оны Чуамени (Камавинга) – Вальверде – Энцо одағымен алмастыра алады.

Егер, келесі маусымнан бастап "Реал" тізгінін Хаби Алонсо ұстайтын болса, онда Энцо қазіргі "Байер" клубындағы Гранит Джаканың функциясын атқаратындай әуселесі бар.

Комментаторлар Ортасы

08 Dec, 12:44


«Спорт пульс» YouTube арнасының кезекті қонақтары - Өз заманының мықты қақпашылары Алмат Бекбаев пен Самат Отарбаев.

Ұлттық құраманы кім баптау керек?

Шацкий неге бірінші лигаға аттанды?

Сейсен Ақтөбеде номер бірінші қақпашыға айналады ма?

Сондай-ақ КФФ Президенттігіне үміткер Ербол Қайыров актуалды сұрақтарға жауап берді.

https://youtu.be/daIqgJbdMCY?si=t57Wnmx9o4XJn9PW

Комментаторлар Ортасы

03 Dec, 19:23


Жігіттер!
“Мальорка” - “Барселона” матчының екінші таймын жүргіземін. Осы сілтемеден көрсеңіздер болады.

https://t.me/btfstudio?livestream

Комментаторлар Ортасы

28 Nov, 09:12


Гегенпрессинг бәсеңдеп, гегемония салтанат құрды

"Ливерпуль" менеджментіне қол соғу керек. Клубтың мәртебесін көтеріп, еңсесін тіктеген Юрген Клоппты жоқтатпайтын бапкер тапты. Әрине, Арне Слотта неміс маманына тән харизма жоқ, бірақ Юрген сыналап енгізген менталитетті төгіп-шашпай, команданы одан әрі дамытып жатыр.

Арне Слотт келгелі бірқатар футболшыда прогресс бар. Алиссон сынды, бірақ Келлехер қамшы салдырмай келеді. Кешегі пенальтиді тосуы – психологиялық сенім көрінісі.

Кертис Джонс монстрға айналды, Райан Гравенберх теңдессіз футболшы болды. Клопптың қос қанатына айналған Трент (Конор Брэдли) пен Робертсонды (Цимикас) да жоқтатпайтын латеральдар пайда болды.

Луис Диас пен Коди Гакпоның қайсын шығарсаң да командаға пайдасы сіңетін ротация пайда болды.

Арне Слоттың тұсында әлі "бағы" ашылмаған бір футболшы болса, ол – Дарвин Нуньес. Бірақ ол да көп матчты голсыз аяқтағанмен, допсыз да ықпалды форвардқа айналды.

"Ливерпуль" Клопп кезіндегі менталитетін сақтап қалғанымен, тактикалық тұрғыда ішінара реформа енгізіп бастады. Бұрынғыдай гегенпрессинг көзден бұлбұл ұшып бара жатыр. Қарсыласты толассыз прессингпен жөргегінде өлтіру жоқтың қасы, есесіне допты ортадан тартып алып, бос кеңістікті мейлінше пайдалану үрдісі пайда болды.

Тренттің өзі қорғаныста жинақы ойнайтын болды. Салах қайта "Алтын доп" үшін таласатындай бабына келді. Конате мен Ван Дейк тандемінен қайсы үздік екенін ажырату қиын жағдайға жеттік.

Доминик Собаслаи – Кертис Джонс арасында тамаша бәсеке пайда болды. Стартта қайсы шықса да картинаны бұзбай ойнайтын деңгейге жетті.

Арне Слотт көп энергия жұмсайтын емес, ақыл-айлаға салатын жүріске көшті. Идеясына сендіре алды, ойыншыларды да соған көндіре алды. Юрген Клопптан қалған команданы айтқанымен жүргізе алу – ерлік.

Слотты әзірге жүрісі алдаған жоқ, демек футболшылар да оның идеясынан бұлтартпайды. Жеңістер сериясы Арне Слоттың абыройын нығайтып, команданың сеніміне кіріп үлгерді (Федерико Кьезадан басқа трансфері болмаған бапкер үшін зор жетістік).

Алиссон, Жота, Кьеза сияқты футболшылар жарақатынан айықса, ротация бұдан да күшейетін түрі бар.

Нидерланды маманы ЛЧ мәселесін шешіп алды, енді бар күшін АПЛ-ға жұмсап, Boxing day бұғауынан аман шығу үшін әрекет етеді. Егер, "Ливерпуль" 1 желтоқсанда өтетін матчта үстем түсетін болса, "Сити" командасынан 11 ұпай алға озып, Пеп гегемониясына тоқтау салатын басымдыққа жетеді.

https://t.me/togyzdyq

Комментаторлар Ортасы

26 Nov, 17:13


🇰🇿Шавкат Рахмонов алғаш қазақтан шыққан UFC чемпионы атанады ма? Неге Белал қашып жүр?

▶️Осы сұрақтардың жауабын біздің жаңа подкастта таба аласың

https://youtu.be/uftTzbGZyVU?si=0976Np5uOu2jiJay

Комментаторлар Ортасы

25 Nov, 20:38


1 таймнан кейінгі Яго Аспас және Жерар Мартин 😂😂😂

Өзіме қатты өтті, кеш шығарып отырғаныма айып етпеңіздер 😅

Комментаторлар Ортасы

25 Nov, 09:58


"Сити" дағдарысы: 5 матчқа бес бидайым

Кевин де Брюйне әлі бабында емес. Былтыр АПЛ үздігі болған Фил Фоден әлі ұйқылы-ояу. Кайл Уокер шау тартты, бұрынғыдай жарақаттан кейін тез қалпына келуі қиын.

Родри – Пеп командасының қазығы (системообразующий игрок). Родрисіз "Сити" – бір кездері Бускетсі жоқ "Барса" сияқты. Ортада баланс бұзылды. Қазір "Сити" контршабуылдан гол жіберуден алдына жан салмай келеді. Илкай Гюндоган Родридің рөлін алып кете алмай жатыр – допсыз жүрсе осалдау, аяғына доп тисе ғана бірдеңе ойлап табады.

Рубен Диаш жарақат алған соң қорғаныста баланс бұзылды. Жалпы, былтыр "Сити" қорғанысындағы төрттік – Диаш, Уокер, Гвардиол, Аке кемі 30 матчтан өткізген еді. Биыл бұл төрттіктің басы жиі қосылмай келеді. Оған қоса қорғаныстағы төрттік бірдей бабында емес.

Былтыр АПЛ аясында "Сити" сапында 12 турда 9 футболшы гол салған. Биыл осы аралықта бар болғаны 6 ғана ойыншы көзге түсіпті. Оған қоса, биыл Эрлинг Холанн мүмкіндігінің жартысын далаға теуіп жатыр.

Былтыр Хулиан Альварес джокер ретінде 2-таймда жақсы нәтиже берген, биыл ондай ойыншы жоқтың қасы. Қазір "Сити" скамейкасы соншалықты бай емес. Джек Грилиш "таусылды", Джереми Доку ойынында былтырғыдай драйв жоқ. Жаңадан келген Савиньо әлі адаптациядан өтіп болмады (опкаткадан шықпады).

Былтыр орталық жартылай қорғаушылардың арасында Фил Фоден, Родри, Бернарду Силва өндіріп гол салса, биыл Матео Ковачичтен басқасы үнсіз (оның өзі жарақат алды).

КДБ биыл "Сити" сапында соңғы маусымын өткізіп жатыр. Енді бұрынғыдай әр матч сайын пас үлестіретін, өндіріп гол салатын Кевинді көрмейсіз. Өйткені, бәрі сарқылады. Ақылы алға тартқанымен, физикасы көнбейді. Илкай Гюндоган да осы маусымды аяқтап, Пептің бапкерлік штабына кіруі әбден мүмкін.

Кайл Уокердің орнына да лайықты ізбасар керек. Рико Льюис лайықты кандидат дей алмаймын. Әлемдегі ең мықты вингерлердің дені сол қапталда ойнайтынын ескерсек, "Сити" Педро Порро сияқты бір латеральды сатып алуға тиіс (негізі ол "Сити" сапында жаттығып, осы командаға қосылмақ болған).

"Сити" командасына да Кай Хаверц сияқты ақылды форвард керек. Холанн сөзсіз голеодор, бірақ басқаларға да бос кеңістік жасап, пас алмасуға келгенде де шебер ойнайтын бір футболшы керек. Альтернатива – ротация қашан да маңызды. Қазір Холаннды алмастыратын, немесе жанына жегетін есі дұрыс форвард та жоқ.

"Сити" клубының бес матч қатарынан жеңілгені – шынымен кризис. Бірақ осы апақ-сапақта клуб Гвардиолаға сенім артып, келісімшартын созып жатыр. Демек, осы маусымды аман-есен өткізіп, келер жылы бум транферлер жасалады. Биыл "Ливерпуль" чемпион деп ойлаймын, егер 1 желтоқсанда өтетін матчта 3 ұпай еншілесе...

Комментаторлар Ортасы

25 Nov, 07:08


Черчесов Магомед Адиевтің артынан қалмайтын болған ба? 😊 Қазақстан құрамасының бапкерінің грозныйлық клубпен бір әңгімесі болған секілді https://aladop.kz/post/stanislav-cherchesov-akhmatka-baruy-mumkin-48644/

Комментаторлар Ортасы

25 Nov, 07:07


Адамдар шынымен бұл мен дегенге сенбей жатыр. Қазір бір сілтеме салып, бәріңді сендіремін!

Комментаторлар Ортасы

25 Nov, 05:26


Жоқ, сенбесеңдер фотомды жіберейін.

Комментаторлар Ортасы

25 Nov, 05:26


Өз аккаунтымнан жазайын, шынымен, мен ғой! Нанұрсын.

Комментаторлар Ортасы

25 Nov, 05:25


Қайырлы таң қазақ елі! Бұл мен ғой, Ермаш.

Комментаторлар Ортасы

23 Nov, 19:31


Родрисіз “Сити” бес матч қатарынан жеңілді

Комментаторлар Ортасы

21 Nov, 12:24


Пусть говорят: “Он жил во времена Ахиллеса”. Пусть говорят: “Он жил во времена Гектора”.

Біз Роджер Федерер мен Рафаэль Надальдың дәуірінде өмір сүрген бақытты жандармыз.

Ешқашан ұрда-жық спорттың фанаты да, насихатшысы да болған емеспін. Маған теннис ұнайды. Теннис мені Роджер Федерер мен Рафаэль Надальдың ойынымен баурап алды. Қос алып. Енді екеуі де карьерасын тәмамдады. Осыдан бірер күн бұрын Рафа да ракеткасын шегеге ілді. Тағы бір ғаламат дәуір аяқталды, тағы бір дегдар ойыншы зейнетке шықты.

Рафа Надаль ғаламат теннисші болды. Кортта да, корттан тыс та бір АДАМ болды. Публикаға ойнаған жоқ, бірақ публика бәрібір оның жағында болды. Қарапайым Надаль болғаны үшін. Өзін де, жанкүйерін де алдамағаны үшін.

Эстет теннисші болды. Ешқашан ракеткасын жерге ұрып, миллиондар тамашалап отырған кортта ерсі қылық көрсеткен емес. Қарсыласы әлемнің 200-ші ракеткасы болса да баспасөз алдында өзін кәміл фаворит санамайтын. Өйткені ол бәрін құрметтейтін, бәріне бірдей тыңғылықты дайындықпен шығатын.

Таланты мен тәжірибесі өзінен едәуір кемшін спортшыларды кортта мазақ қылған кезі жоқ. Әйтпесе, арсеналында қаншама айла-тәсіл болды.
Рафа 24 жасында төрт құбыласы тең теннисшіге айналып, Grand Slam (басты төрт трофей) біткеннің бәрін түгендеді. Бірақ даму даңғылынан шыққан жоқ. Керісінше, трофейінің көбін 24 жасқа толған соң жеңді.

Надаль кез келген матчта жанын салып ойнады. 20 жыл ішінде енжар болған, кортқа шықпай жатып жеңілген кезі жоқ. Әр доп үшін таласты, әр метр үшін жанын берді. Грунт гиганты – королі болды (Рафа өлгенде оны арулап «Филипп-Шатрие» жанына жерлеп, адамдар топырақ орнына грунт салатын шығар).

Рафа ауыр жарақат алса да кортқа қайта оралып, тіпті үйіне трофейін құшақтап қайтатын. Ол барлық жарысты жеңсе де, кез келген финалдан соң көз жасына ерік беріп, балаша жылап қалатын. Өйткені әр гейм үшін, әр сет үшін ақырғы күшін жұмсайтын (дәл солай мыңнан астам матч өткізді). Оның көзінен жігерсіз адамның сорасы емес, тек жанкешті спортшыға тән еңбектің көз жасы парлайтын.

Әрбір ойыннан кейін матчқа қызмет еткен барлық персоналдың қолын алып, алғысын айтатын. Реферимен санасқан жоқ, қарсыласымен сөз таласқан жоқ. Өзі – ракеткасы – темірдей мінезі. Қай жағынан да үлгі болды.

Надаль өте дәулетті адам болды. Бірақ көпке байлығын емес, үнемі корттағы жанкештілігін насихаттады. Біздің есімізде де талантты, өзіне келгенде талапшыл, ішкі мәдениеті бай, діттеген мақсатына жету үшін ақтық демі қалғанша күресетін Надаль қалды.

BIG теннисші һәм BIG адам. Сол үшін қимастық та бар. Өйткені Рафаның ойынын тамашалағанда оған тән биіктікті өз бойымыздан да көргіміз келді. Тас жаратын таланты үшін емес, ағыл-тегіл адамгершілігі үшін жақсы көрдік.

Комментаторлар Ортасы

21 Nov, 12:24


Рафа Надаль – ракеткасын ешқашан жерге ұрмаған дүр спортшы

Комментаторлар Ортасы

18 Nov, 05:27


Ал, достар! Ұлттар лигасы артта қалды.

Енді не істейміз? Черчесов бізге керек пе?

ҚФФ президенті болып кім сайланады?

Неге бір де бір гол соқпадық?

Жауаптары осы жерде 👇

https://youtu.be/Evispw3ah4E?feature=shared

https://youtu.be/Evispw3ah4E?feature=shared

https://youtu.be/Evispw3ah4E?feature=shared

Комментаторлар Ортасы

15 Nov, 19:08


https://t.me/soqqyjanegoal/35469

Комментаторлар Ортасы

15 Nov, 11:16


Мадина Сәдуақасованың бюсті. Қазақ телевидениесінің өтірігі. Красножанның адалдығы – ЖБ оқиға

Контент жасауға бізге FONBET
көмектеседі!

Арнаны қолдап, олардан сыйлық алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://vk.cc/cCMwOr

https://www.youtube.com/watch?v=vo7Mhn86RLs

Комментаторлар Ортасы

15 Nov, 04:24


Қазақстан-Австрия: Черчесов қашан кетеді?

Ұлттар лигасынан кейін бе?

Шынымен де жылына 1 млн еуродан артық ақша таба ма?

Жастар құрамада дебют жасады.

Покатилов қақпаға оралды.

Құраманы сынайсың ба, әлде қолдайсың ба? Пікіріңді Ютубта қалдыр 👇

https://youtu.be/UAFNfIgnRUI?feature=shared

https://youtu.be/UAFNfIgnRUI?feature=shared

https://youtu.be/UAFNfIgnRUI?feature=shared

Комментаторлар Ортасы

14 Nov, 17:47


Билікте футболды дамытуға қарсы топ жұмыс істейді. "Қайрат" ішкі конкуренцияны өлтіріп тастаған

https://youtu.be/etpMRuLnOwM?si=Y2a8oKuZBsD6qoyT

Комментаторлар Ортасы

11 Nov, 17:10


"Қайраттың" чемпиондығына күмән. Мазақ болған "Астана". Өтірік сөйлеген депутат – ҚПЛ-дің соңы

https://youtu.be/gij4oN_n5zM?si=xbaW-u4GLTOd2tY0

Комментаторлар Ортасы

05 Nov, 21:00


«Реалдың» бүгінгі қорғанысы 👀

«Милан» осал болмаса да, топ-қарсылас емес. Бірақ «россонери» шабуылшылары не істегісі келсе, соны істейді.

Ляпорт сияқты мықты орталық қорғаушы керек. Әйтпесе болмайды. Бір де бір титул алмайды.

1-2 ойыннан кейін Анчелоттиді де алып тастайды.

Немесе «Реал» «Боруссияға» қарсы ойында сияқты қайтадан екінші таймда ояна ма?

Комментаторлар Ортасы

30 Oct, 14:49


Достар, “Соққы және гол” жобасы туралы барлығын білгіңіз келсе видеоы тамалауға кеңес беремін 👇👇

https://youtu.be/ynR7JGMcfhs?si=GkzLV2r2aBxsX0l1

Комментаторлар Ортасы

29 Oct, 04:07


Родриге берілген “Алтын доп” - испан жартылай қорғаушыларына қойылған ескерткіш. Хави, Иньеста, Хаби Алонсо, Давид Сильва, Сеск Фабрегас, Бускетс, Иско, Гути…

Комментаторлар Ортасы

28 Oct, 20:03


Родри алса бек қуаныштымын. Ғажап ойыншы. Біз тек өндіріп гол салатын, дриблинг жасайтын ойыншыларға ғана басымдық береміз. Родри секілді ақылды ойыншыларды да ұмытпауымыз керек.

“Алтын доп” мен үшін қашан да субъективті жүлде саналады, бірақ Родри үшін қуаныштымын!

Комментаторлар Ортасы

28 Oct, 12:19


Бүгін қалған АПЛ клубтарының жанкүйерлері палау пісіріп, ет таратып жатқан шығар енді 🤣

Комментаторлар Ортасы

28 Oct, 05:19


Кеше «Астана»-«Ақтөбе» тартысты ойын болды.

«Ақтөбе» қорғаушылары өздері қателік жасап, осылайша чемпиондыққа үміткерлер қатарынан шығып кетті.

Фанаттар өз командасын кінәлап жатыр. Ол дұрыс па?

Шынымен де слив болды ма?

Ромеро неге бос қақпаға гол салмады?

https://youtu.be/o06__H6S1HA?feature=shared

https://youtu.be/o06__H6S1HA?feature=shared

https://youtu.be/o06__H6S1HA?feature=shared

Комментаторлар Ортасы

26 Oct, 18:22


💪 Жаңағы видеомыз қиналып-қиналып барып жарыққа шықты. Ютуб удалить етіп тастамағанша көріп үлгеріңіздер. ҚПЛді егжей-тегжей талқыладық.

https://www.youtube.com/watch?v=I2SQJwOEZVo&t=3171s

Комментаторлар Ортасы

24 Oct, 17:41


🔥 Күздің басты матчы! Эль-Класико!

Реал Мадрид пен Барселона супержұлдыздарының әлемге әйгілі дербиі - ондаған камералардың объективінде. Ла Лигада клубтар бір-біріне 600 гол соқты. Осы маусымда Лос-Бланкос ерекше рөлге ие: олар басынан бастап Ханси Фликтің командасын қуып жетуі керек. 26 қазан күні сағат 23:50-де біз жай ғана футбол матчын көріп отырған жоқпыз. Біз Эль-Класиконы көріп отырмыз.

▶️ Setanta Sports Кинопоиск сайтында көрсетіледі: https://clck.ru/3EBb7Y

Комментаторлар Ортасы

22 Oct, 09:29


🏆 ПСВ сенсация жасайды. “Бавария” шіріді. “Интер” күш жинады – Чемпиондар лигасына болжам

https://youtu.be/QPp48eIoBis

Комментаторлар Ортасы

13 Oct, 15:06


Станислав Черчесов жақында ешқайда да кетпейді. Нәтиже болмаса да. Голдар соғылмаса да. Себебі 1 млн еуродан артық жалақы алады.

Кетсе, келісім-шарт бойынша ҚФФ бүкіл ақшасын беруі тиіс. Жаңа бапкерге де қаражат табуға тура келеді. Сондықтан шыдаңдар. 1-2 жыл қалды.

Комментаторлар Ортасы

13 Oct, 14:48


Ұлттық құрама: жеңбек былай тұрсын, 4 матч қатарынан гол сала алмай келеді.

Фиаско!

Комментаторлар Ортасы

11 Oct, 04:43


Осы ойыннан кейін не дейсіздер?

Станислав Черчесов жарап тұр ма, әлде кетсін бе?

Қазақ футболының болашағы бар ма? 👇

https://youtu.be/qacIz8lG9BI?feature=shared

https://youtu.be/qacIz8lG9BI?feature=shared

https://youtu.be/qacIz8lG9BI?feature=shared

Комментаторлар Ортасы

05 Oct, 11:05


https://youtu.be/ddZuVrjELg0?si=kllyD7uLG6jgYMjw