Kazakh in Cardiff (I was) @qazcard Channel on Telegram

Kazakh in Cardiff (I was)

@qazcard


Технология сізді қалай өзгертпек

Канал авторы - @daniyar

Kazakh in Cardiff (I was) (Kazakh)

Qazcard Telegram channel - Казахстандық жан-жақтың Кардифф қаласында жүргізген тыныштықтарын талқылау және басқа истерін жайлы ақпарат алуға мүмкіндікті беретін көмекші канал. Бұл каналда жарияланған посттар арқылы әр адам орындық жақты алар және басқа түрлі қосымша ақпараттарды табуға мүмкіндікке ие болады. @daniyar атты автордың және пайдаланушылардың реалдык тұлғаларының өмір сүруі жайлы сұраулары бар кезде, Qazcard каналы осы адамдарға көмек көрсету үшін дайын болады. Сіз де Казахстандық жан-жақтың Кардифф қаласында анықталатын тыныштықтары жайлы ақпарат алу үшін @qazcard каналына қосылыңыз!

Kazakh in Cardiff (I was)

11 Feb, 08:05


Можете быстро определить, какой из этих двух URLов легитимный, а какой ведет на фишинг-сайт?

Подсказка: это не какой-то странный вид /, и не кириллическая буква вместо латинской.

Правильный ответ: первый URL ведет на сайт v1271.zip (да, есть такие домены .zip), и передает ему юзернейм "https" и пароль "//github.com/..../refs/tags/".

Впечатляет, в общем. Я это в теории знал, но на практике настолько хитро спрятанные примеры не встречал, кажется. Следите за @ в URLах, короче. И если вы скачиваете какой-то файл данных, а скачался .exe, не запускайте никогда. Надеюсь, что это хоть и без меня понимаете.

Kazakh in Cardiff (I was)

11 Feb, 08:05


100 жыл өмір сүрсең, 100 жыл оқы деген. Мың жерден айтишник болсақ та, мынадай біле бермейтін фишиң бар екен

Kazakh in Cardiff (I was)

06 Feb, 12:49


Меніңше бұл фестивальдардың құны, беделі бес тиын.

Бұл фестивальдардың бар болу себебі халықтың сұранысы емес, кино өнерінің жаңа кейіп алуға пісіп-жетілгені емес, жай ғана сол видео жасайтын компаниялардың лобби жобасы. AI видеолардың нормализациясы, легитимизация үшін жасалған пиар жоба деп есептеймін өз басым. Өйткені бұндай жобалар арқылы айғайлап тұрған жаңалықтар шығару жеңіл.

Бірақ бұл скепсистің бәрі бүгін ғана өзекті. 4-5 жылда, мүмкін одан да тез уақытта AI жобалар марвелдің деңгейіндегі бір попкорн фильм жасап қалар.

Kazakh in Cardiff (I was)

06 Feb, 12:46


Жасанды интеллект өміріміздің түрлі салаларына еніп жатыр. Тіпті AI арқылы жасалған фильмдер фестивалі өтіп жатыр екен.

Бұл жақсы ма, жаман ба? Бір жағынан, идеяларды жылдам әрі қолжетімді етіп жүзеге асыра аласың. Екінші жағынан, мұндай өнерде жан бар ма? – деп қаласың. Қазіргі кезде AI тек құрал ретінде қолданылғанымен, оның авторға айналып кетпеуіне не кепіл?

Kazakh in Cardiff (I was)

06 Feb, 05:55


Айтишник емес жазылмандарыма үндеу.

Мына 3,5 сағаттық видеоны бірдеңе ғып қарап шығыңыз. Егер Жасанды Интеллект (ЖИ) туралы көріп білуіңіз керек бір ғана видео бар болса, онда сол осы. Арнайы жалпы халыққа түсінікті қылып жасалған өте қызық лекция. Андрей Карпаты әлемдегі ең беделді ЖИ оқытушысы. Зейін салып қараңыз. Кейін маған рахмет айтасыз.

Ал айтишник жазылмандар онсыз да қарайды 🙂

https://www.youtube.com/watch?v=7xTGNNLPyMI

Kazakh in Cardiff (I was)

05 Feb, 08:43


2024 жыл бойынша айтидағы айлық туралы статистика. Толығырақ көру үшін сайтына тіркелу қажет. Мобилка, frontend, backend әр қайсын бөлек-бөлек қарауға да болады

https://techinterview.space/salaries

Kazakh in Cardiff (I was)

01 Feb, 12:51


Бүгін Digital Almaty-ға барып ISSAI-дың командасымен жолығып қалдым. Сөйтіп өткендегі Oylan чатының жасамай тұрғанына бәріңіздің атыңыздан шағым айттым. Фикс жасап қойыпты. Енді тексеріп көрсеңіздер болады. Қаншалықты қазақша ойланады екен

https://oylan.nu.edu.kz/oylan

Kazakh in Cardiff (I was)

28 Jan, 13:16


Тағы да сол "ТереңІздеу" туралы. Олар тура OpenAI-дың REST-API моделін көшіріп алыпты. Егер ЧатГПТдан кетіп, дипсинкке интеграция жасағың келсе, екі ғана жолды өзгерту керек: baseURL және apiKey

Болды, біраз ақша үнемдейсің. Әй, сабаздар-ай!

Kazakh in Cardiff (I was)

28 Jan, 06:57


Айтпақшы, deepseek шыққалы, мына эмоджиді реакция қатарына қосып қою міндет сияқты ғой енді 🐳

Kazakh in Cardiff (I was)

28 Jan, 03:17


“DeepSeek келіп бүкіл нарықты шайқап жібергені - түбінде Гугл үшін жеңіс” деген құлаққа кіретін пікір оқыдым. Сіз қалай ойлайсыз?

Kazakh in Cardiff (I was)

16 Jan, 06:08


⚡️ Қытайлық робот 100 метрді 10 секундта жүгіріп өтті

Синьхуа агенттігі бұл жаңалықты робот техникасындағы жаңа технологиялық серпін деп жазды.

Инженерлер жылдамдығы жануарлардан асып түсетін робот жасамақ, мынау роботтың пантера мен гепард түріндегі прототипі.

Салмағы 38 килограмм, биіктігі 63 сантиметр Black Panther машинасының аяғы секундына 5 рет қозғалады, әзірге ол әлемдегі төрт аяқты роботтардың ішіндегі ең жылдамы.

Роботты Чжэцзян университеті жанындағы Гуманоидтік инновациялар институты және Mirror Me стартапының ғалымдары әзірлеген.
(Институттың атауының өзі қандай, қараңызшы).

Роботтың икемділігін, әбжілдігін, қимылын жақсарту үшін қара пантера мен қосаяқтың буындары мен табанын негізге алған.
Зерттеушілер алдағы уақытта роботты жануарлардан барлық жағынан асып түсетіндей етіп жетілдірмек.

Kazakh in Cardiff (I was)

15 Jan, 06:10


"Сәлем. Қалайсың, нестеп?"

ChatGPT енді адамдға диалогты өзі бастай алады. Тапсырма деген фича шығыпты. Мысалыға бір тақырып бойынша жаңалықтардың қорытындысын күн сайын осындай уақытта маған жіберіп тұр деп тапсырма қоясың. Өзі сосын жазып отырады.

Жаңа бір тіл немесе машық үйренгенге әдемі кететін сияқты. "Күн сайын маған ағылшынша жаңа 5 сөз үйретіп тұр, сөйлеммен мысал келтір, үй жұмысын бер" дегендей тапсырма бересің. Болды, тегін тренер

Kazakh in Cardiff (I was)

07 Jan, 14:22


Сөзділ өзгерді!

Екі жыл бұрын қазақша wordle жасағанда екі-үш айдан соң ешкім қолданбай кететіне сенімді болғанбыз. Қуанышымыз ба өкінішіміз бе білмейм, бірақ әлі күнге дейін 1500-дей адам күнделікті кіріп ойнайды екен. Сондықтан доменге әлі де ақша төлеп, сөздік қорын өзгертіп жобаны жалғастыруға тура келіп отыр 😅

Бес әріптік сөздер моральді ескірді. Сөз табу паттернін бәрі түсініп алды, ойын тым жеңіл боп кетті. Сол үшін енді алты әріптік сөздер жасыратын боламыз. Едәуір қиындаған секілді. Өзіңіз кіріп тексеріп көріңіз

https://wordle.kz

Kazakh in Cardiff (I was)

23 Dec, 05:49


Kazakh in Cardiff (I was) pinned «Білгенім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз Айнымалының аты кодтың жылдамдығына әсер ететінін білген ба едіңіз? 🤯 https://www.romainguy.dev/posts/2024/naming-is-hard/»

Kazakh in Cardiff (I was)

23 Dec, 05:35


Білгенім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз

Айнымалының аты кодтың жылдамдығына әсер ететінін білген ба едіңіз? 🤯

https://www.romainguy.dev/posts/2024/naming-is-hard/

Kazakh in Cardiff (I was)

17 Dec, 11:27


Мынадай сұрыптау алгоритмін көргенсіңдер ма? Бұның авторы не гений, не жынды 😆

Kazakh in Cardiff (I was)

06 Dec, 03:56


Айына 200 доллар төлейтін ChatGPT Pro шығыпты, аламыз ба?

Kazakh in Cardiff (I was)

05 Dec, 07:28


#adventOfCode

Сен: AoC-тағы бесінші күннің тапсырмасын қалай шығарсам екен деп жарты сағат ойланып отырасың.

Котлиндағы Корутинаны жасап шығарған автор: ұшаққа отырып жатып екі бөлімін де шығарып тастайды

Kazakh in Cardiff (I was)

03 Dec, 07:24


#adventOfCode

Бүгінгі тапсырма таза RegEx-ке жатып алғандарға арналған екен. Кім шығарып қойды? Паттернді бөлісіп жіберіңдерш.

https://adventofcode.com/2024/day/3

Kazakh in Cardiff (I was)

02 Dec, 11:26


Мынау біздің жеке лидербордқа инвайт 3350963-81055dd8

Мен бүгінгі және кешегі есепті шығарып қойдым. Оңай кезде балл жинап алайық, сосын қиындап кетеді 😄

Kazakh in Cardiff (I was)

02 Dec, 02:29


Айтпақшыыы, Advent of Code басталды ғой. Биыл ең болмаса 10 есеп шығарайық, иә?

Advent of code деген не екенін ұмытып қалсаңыз, мына постта бәрін түсіндіріп жазғам. Уже екі жыл болды осы чаттың өз лидерборды бар, бүгін-ертең сілтемесін жіберем лидербордтың. Қосылайық https://adventofcode.com/2024

Kazakh in Cardiff (I was)

26 Nov, 08:48


О каком AGI вы все говорите, если современные модели все еще не могут 3+2 правильно посчитать?

Kazakh in Cardiff (I was)

26 Nov, 08:48


Қаншама GPU-ды қосып отын жаққандағы ең мықты "ойлана алатын" модел үшке екіні қоса алмайды. Бұндай сын жаңа идея емес, бұндай посттарды, мемдерді талай көріп жүрміз. Бірақ мына Боря деген каналдың авторы OpenAI-да жұмыс істейді. Сөйте тұра AGI-дың жақын екеніне сенбейді.

Kazakh in Cardiff (I was)

01 Nov, 07:31


Миграция жазуға ерінген кезде:

Kazakh in Cardiff (I was)

31 Oct, 09:25


Кім ChatGPT-ді жиі қолданады. Чатқа былай деп жазып, қандай сурет шығарып бергенін талқылайық.

Based on what you know of me, draw a picture of what you think my life currently looks like

Мені былай елестетеді екен. Андроид код туралы көп сұрақ қоя беретінім білініп қалды 😁

Kazakh in Cardiff (I was)

28 Oct, 11:15


“Ауатардың” дубляжына ~2 млн теңге жұмсап, бірінші маусымын (20 серия) аяқтадық. Қаражаттың бәрін көрермендер жинап берді.

Мультсериал дубляжының жаңартылған нұсқасына кәсіби актерлер қатысты (жоғарыдағы видео).

Аудармада сленг, диалект, ауызекі тілді қолданып, дубляждағы қазақ тілін жаңаша ұсынуға тырыстық.

“Ауатар” мультсериалы бірінші маусымының сапалы дубляжын көру үшін бізге демеуші болуыңыз қажет. Сізді телеграм чатқа қосамыз. Сол жерден барлық 20 сериясын көре аласыз.

Демеушілер чатына қосылу үшін мына реквизитке 10 000 тг донат жіберсеңіз болады:

карта kaspi: 4400 4302 6252 2920
Мақсат М.
карта halyq: 4405 6397 8949 7813
PayPal: [email protected]

Чекті мына логинге жолдаңыз: @maksache.

❗️Жиналған қаражатты жобаны жалғастыруға жұмсаймыз. Сондықтан сіздің қолдауыңыз маңызды.

Kazakh in Cardiff (I was)

27 Oct, 07:04


:/ деген символдар қатарын автоматты түрде emoji-ге айналдыратын кездер болады.

Алайда сайт сілтемесін де осылай өңдесе расымен осы эмоцияны шақыратын жағдаят екен 🫤

Kazakh in Cardiff (I was)

21 Oct, 12:53


Каспи Гид қашаннан бері PlayStation Store жазылымы бойынша консультация жасайтын болған?

(Қарсы емеспін, жақсы үрдіс қой жалпы)

Kazakh in Cardiff (I was)

19 Oct, 07:05


Мың жерден бәрін ойластырсаң да, өмір саған сен болжамаған edge case әкеп береді.

Видеода Waymo-ның self-driving көлігі. Яғни, көлік ішінде руль ұстап отқан адам жоқ

Kazakh in Cardiff (I was)

02 Oct, 17:12


видео арнада, міндетті түрде 4К сапада көріңіз 😍

Kazakh in Cardiff (I was)

30 Sep, 15:07


Бүгінгі қонағымыз программист және подкастер Нәрікби Мақсұтпен Еуропадағы өмір, IT индустрия, жасанды интеллект пен отандық мамандардың потенциалы туралы тілдестік.
Сонымен қатар Алматыдағы транспорт пен қауіпсіздік, қара әзіл және колониализмді де талқыладық.

Тамашалаңыз!

https://youtu.be/xupb_NanPMY

Kazakh in Cardiff (I was)

18 Sep, 07:07


Осы рас бар ғой. Кейде айти бабблдың сыртына шығып адамдармен сөйлескенде, тіпті ChatGPT дегенді естімеген адамдар көп екенін көріп сабама түсіп қалам

Kazakh in Cardiff (I was)

13 Sep, 06:31


Кеше OpenAI өзінің жаңа o1 деген моделін көрсетті ғой. Бұл моделдің айырмашылығы - тапсырманы алмас бұрын сәл "ойланып" алады. Мына видео жаңа моделдің тек кодты қалай жазатынын көрсетеді. Негізі компанияның ютуб каналында түрлі салада мықты екенін көрсететін бірнеше видео шықты, көріп шықсаңыз болады. ChatGPT білдірмей күннен-күнге күшейіп, бір күні бәрімізді жұмыссыз қалдырады

Kazakh in Cardiff (I was)

09 Sep, 14:04


Қазір 3 сағаттан кейін жаңа айфонның презентациясы болады. Тим Кук пен Крейг Федеригенің шпаргалкасы желіге таралып кетіпті деседі

Kazakh in Cardiff (I was)

02 Sep, 05:51


дүйсенбілік лайфхактар тізімінен:

Kazakh in Cardiff (I was)

15 Aug, 07:34


Илон Маск әлгі өз жасанды интеллектімді істейм деп бұртиып xAI деген компания ашып еді ғой. Сол иксАИ кеше жаңа grok-2 деген сурет жасай алатын моделін көрсеткен. Сапа жағынан революция көрінбейді, бірақ моделде ешқандай цензура жоқ секілді. Адамдар осындай суреттер жасап жатыр енді. Бұл модель қандай скандалмен бітер екен, әліптің артын бағайық

🍿🍿🍿

Kazakh in Cardiff (I was)

07 Aug, 09:43


"Адамзат келе жатқан өзгеріске дайын емес. Әлеуметтік жағынан да, экономикалық жағынан да, моральдық тұрғыдан да"

ЖИ тақырыбын бәріне түсінікті тілмен ашып беретін жақсы видео. Негізі күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе осы AGI болу керек деп дабыл қағатын ғалымдар көп. Солардың сөзінің жаны бар екеніне тағы бір аргумент

Kazakh in Cardiff (I was)

06 Aug, 04:29


Make web browsing great again

iOS-18 де осындай фича бар екен. Сайттағы жарнама немесе басқа да қажетсіз баннерлерді Танос сияқты күлге айналдырып жіберуге болады

Kazakh in Cardiff (I was)

25 Jul, 19:29


ОпенАИ компаниясы жақында SearchGPT шығарамыз дейді. Сундар Пичайдың реакциясы қандай болды екен мына жаңалыққа?

Kazakh in Cardiff (I was)

19 Jul, 15:12


Пов: Сен уже 14 рет перезагрузка жасадың, көмектеспеді. Сосын айтишнікті шақырдың. Ол келіп бер рет перезагрузка дегенді басып еді, бәрі істеп кетті

Kazakh in Cardiff (I was)

19 Jul, 10:49


Айтпақшы windows-ты құлатқан crowdstrike деген корпоратив антивирустың жаңа пакеті болатын. Сол краудстрайктың СЕО-сы бұрын МакАфиде СТО боп жұмыс істеген екен. Осы МакАфидің көрде жатқанына 3 жыл болса да, әлі жүрген жерін шулатып жүр

Kazakh in Cardiff (I was)

19 Jul, 09:33


Майкрософттың бірнеше қызметі құлап жатыр. Біраз жерде осындай BSOD. Аэропорттардың жүйесі жасамай тұр. Әуе билеттерін қолмен жазып, қолмен печать ұрып, аздап ретро боп қалды әлем