Ақыреттік жақсыларым🤍 @akurettykzhansylar Channel on Telegram

Ақыреттік жақсыларым🤍

@akurettykzhansylar


𝓐𝓻𝓾𝓴𝓪🤍

Ақыреттік жақсыларым (Kazakh)

Достар, сіздің азық-түліктеріңізді жаман көрініс жақсырады ма? Оларды сіз әлемде көбінесе болатын жақсыларға айналдырады ма? Егер сіздің жауаптарыңыз 'Ия' болса, онда мұны білуға үшін @akurettykzhansylar көрсетілген каналға қатысты орындаймыз. Бұл каналда ақыреттік жақсылар туралы ақпараттар, кеңестер және таныс салт-дәстүрлер анықталады. Содан кейін, сіз басқа жақсы көріністерге қол жеткізе аласыз және әлемде сіздің азық-түліктеріңіз туралы біліміңізді пайдалануға болады. Сіздерді каналға қосылуға шақырамыз, сіздің азық-түліктеріңізді мүмкіндік бойынша көріңіз!

Ақыреттік жақсыларым🤍

28 Jan, 20:18


Өмірде екі жол бар, қайсысын таңдайсыз:

1. Мені еске алыңдар, Мен сендерді еске аламын (📖2:152)

2. Олар Алланы ұмытты, Алла да оларды ұмытты (📖9:67)

Ақыреттік жақсыларым🤍

13 Jan, 02:18


"Уа,Алла Тағалам! Қорықпайтын жүректен,тоймайтын нәпсіден,пайдасыз білімнен және қабыл болмайтын дұғадан Өзіңе сиынамын".

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дұғасы.

Ақыреттік жақсыларым🤍

13 Jan, 02:17


Адам намаз оқымаса не болады?🤔


Намаз – мұсылманның басты құлшылықтарының бірі және Исламның бес тірегінің бірі. Ол біздің Алламен байланысымызды нығайтады және рухани, моральдық, психологиялық тұрғыдан бізге пайда береді. Бірақ намаз оқымасақ, кейбір жағымсыз салдарлар туындауы мүмкін.

1. " Алланың разылығын жоғалту қаупі"
Намаз – бұл Алланың бізге парыз еткен бұйрығы. Оны әдейі орындамау үлкен күнә болып есептеледі. Құранда Алла Тағала былай дейді:
"Намаз оқымаушыларды азаптан сұрамай-ақ тозаққа тастаңдар" (Муддәсир сүресі, 42-43-аяттар)

2. "Рухани әлсіреу"
Намаз оқымау Аллаға жақындасу мүмкіндігінен айырады. Рухани тұрғыдан әлсіздік, тыныштықтың жоғалуы немесе мазасыздық пайда болуы мүмкін, себебі намаз адамның жанын тазартып, жүрегін тыныштандырады.

3. "Жақсылық пен берекеттен алыстау"
Намаз – өміріміздегі берекет пен жақсылықтың қайнар көзі. Намаз оқымау арқылы адам кейде жақсылықтар мен Алланың ерекше көмегінен айырылып қалуы мүмкін.

4. "Күнәлардың көбеюі"
Намаз адамды күнәлі істерден сақтайды. Құранда былай делінген:
"Расында, намаз арсыздықтан және жаман істерден тыяды"(Анкабут сүресі, 45-аят).
Егер намаз оқылмаса, күнәлі істерге бейімделу қаупі артуы мүмкін.

5. "Ақыреттегі жауапкершілік"
Намаз ақырет күні ең бірінші сұралатын амалдардың бірі. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
"Құлдың ақыретте есепке алынатын ең алғашқы амалы – намаз. Егер намазы дұрыс болса, қалған амалдары да дұрыс болады. Ал егер намазы дұрыс болмаса, қалған амалдары да дұрыс болмайды"(Тирмизи).

Бірақ есіңізде болсын:
Алла өте мейірімді және тәубені қабыл етеді. Егер намазды қалдырып қойсаңыз да, ешқашан кеш емес. Қазірден бастаңыз, Алладан кешірім сұраңыз және ниеттеніңіз. Алла әрдайым құлдарының қайтып келуін күтеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан:
"Алла өзінің құлы тәубе еткен кезде қатты қуанады"(Муслим).

Егер қазірден ниеттеніп, әрекет етсеңіз, Алла сізді кешіріп, тура жолға салары анық.

Ақыреттік жақсыларым🤍

14 Dec, 22:58


Құран - бақытты өмір сүруді үйретеді,
Құрансыздық - күйретеді!

@aqiqat_arnasy

Ақыреттік жақсыларым🤍

08 Dec, 20:30


Жүрек кеңейсе, көре алмауды,
өсекті, қызғанышты алып тастасақ…

Ризық та өседі, дұға да қабыл болады, өмір де өзгереді…🙌

Ақыреттік жақсыларым🤍

07 Dec, 22:17


Ақырет азығы атты марафоныма тіркелу ашылған болатын. Телеграм каналыма тіркелген жандардың бірі білсе, бірі білмес. Бізбен бізге дами отырып, көптеген сауапты амалға кенеліңіз🫂🫶🏻

Ақыреттік жақсыларым🤍

26 Nov, 22:56


Егер екі істің қайсысын істеріңді білмей тұрсаң, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін анықтай алмай жатсаң, нәпсің қаламай тұрғанын істе. Себебі нәпсі адамды ұятқа қалдыратын іске жетелейді.

Имам Шафиғи (Алла рахымына алсын)

Ақыреттік жақсыларым🤍

21 Nov, 11:51


«Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін»

(Бұхари, Мүслим)
@aqiqat_arnasy

Ақыреттік жақсыларым🤍

14 Nov, 09:14


Алла сізді сондай бір әдемі жолдармен жүргізсін. Және сол жолда Алладан басқа ешкімге мұқтаждығыңыз қалмасын…

Ақыреттік жақсыларым🤍

14 Nov, 09:14


Дұғаның ең үлкен шарты - кәміл сену, күмән қылмау, “запасной план” ойластырмау.

Ақыреттік жақсыларым🤍

11 Nov, 00:46


Аллаға бағынған әрбір сәтіңе сауап жазылатынын ұмытпа.

Суық күнде жылы төсегіңді тастап, таң намазына тұру оңай емес. Бірақ сол бір сәтте төсегіңді көтеріп, дәрет алар кезге дейін жүрген қадамдарыңа да сауап жазылады.

Отбасыңды асырау үшін таңертең тұрып жұмыс жасағаныңа да толассыз сауап жазылады.

Көшеде көзіңді тыйып, бөтен ер-әйелге қарамай жүргеніңе де сауап жазылады.

Жұмысыңнан, алып жатқан іліміңнен шаршап ұйықтаған сәттерге де сауаптар жазылады.

Аллаға бағынған әрбір сәтіңе сауап жазылады.

Ақыреттік жақсыларым🤍

11 Nov, 00:45


Сынақтардың көбеюі жүректің жұмсаруына себеп болады...🤍

Ақыреттік жақсыларым🤍

08 Nov, 07:44


Бүкіл жақсылықтың жиынтығы…

«Бар жақсылықты қамтитын мына бір үш нәрсе бар:

Күніңді өзіңе пайдалы амалдармен өткізе алмасаң, тым болмаса өзіңе зиянды амалмен өткізбе!

Жақсы адамдарды дос ете алмасаң, тым болмаса жаман адамдармен дос болма!

Мал-мүлкіңді Алла разы болар амалдарға жұмсай алмасаң, тым болмаса Алланың ашуын туғызар амалдарға жұмсаушы болма!»

©️Жунейд әл-Бәғдәди

Ақыреттік жақсыларым🤍

01 Nov, 18:56


Айдың жұма күнінен басталуы өте сирек құбылыс екен. Ол бір жылда бір ақ рет болады. Тіпті бірнеше жылда бір келуі мүмкін.

Берекелі жұмадан басталған айды берекелі етіп өткізейік!
@aqiqat_arnasy

Ақыреттік жақсыларым🤍

30 Oct, 06:08


Сенің ризығың - Аллаһтың саған деген махаббаты болса ше?

Ақыреттік жақсыларым🤍

30 Oct, 06:08


Қалайша Ұлы Раббыңа ең болмағанда әдемі намазыңмен кішкентай ғана болсын алғысыңды арнамайсың?

Ақыреттік жақсыларым🤍

29 Oct, 08:43


Құран курсына тіркелу ашылды қыздар😍
Егер курсқа қатыссаңыздар менен екі сыйлық болады:
1. Ақырет азығының 13 потогына тіркелу,
2. 30 параның көркем жазуға арналған Құран дәптері.
Егер бізбен бірге Құран үйренгіңіз келсе комментарияға жазыңыз🫂❤️

Ақыреттік жақсыларым🤍

01 Oct, 23:15


адамды таныған, адамға ренжімейді.
Аллаһты таныған, адамды ренжітпейді.

Ақыреттік жақсыларым🤍

01 Oct, 23:15


🤍

Ақыреттік жақсыларым🤍

29 Sep, 02:17


Алла Елшісі ﷺ былай деген:
1. «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп және оны үйреткендерің» (Бұхари)
2. «Араларыңдағы ең жақсыларың – мінезі көркем болғандарың». (Бұхари)
3. «Сендердің ең жақсыларың - қарызды көркем түрде қайтарғандарың» (Бұхари)
4. «Сендердің ең жақсыларың - әйелдеріңе және қыздарыңа жақсы қарайтындарың». (Байхақи)
5. «Адамдардың ең жақсысы – өзгелерге пайдалы болғаны». (Табарани)
6. «Иманы кәміл мұсылмандар - ең көркем мінезділері, ал сендердің ең жақсыларың - әйелдеріңе жақсы болғандарың» (Тирмизи)
7. «Сендердің ең жақсыларың – мұқтажды тамақтандыратындарың әрі сәлем бергенде жауап беретіндерің» (Сахих әл-Жамиғ)
8. «Адамдардың ең жақсысы – көршілеріне ең қайырлы болғаны» (Тирмизи)
9. «Адамдардың ең жақсысы - ұзақ өмір сүріп, сол уақытын жақсылық жасауға арнағаны» (Сахих әл-Жамиғ)
10. «Сендердің ең жақсыларың - жүрегі таза болғандарың және өтірік айтпайтындарың» (Сахих әл-Жамиғ)

Ақыреттік жақсыларым🤍

27 Sep, 01:34


Ассаламуалейкум жақсыларым! Қалдарыңыз қалай?🤍
Араға 1 ай салып каналыма қайта оралдым. Алдағы уақыттарда пайдалы дүниелер салып тұруға тырысатын боламын ИншаАлла🫶🏻
Менімен бірге болыңыздар🫂

Ақыреттік жақсыларым🤍

27 Sep, 01:32


«сүйікті болса - еркелеу болып кететін,әдеті шығар пенденің»

Ақыреттік жақсыларым🤍

27 Sep, 01:32


Мулк сүресі

Ақыреттік жақсыларым🤍

18 Jul, 21:05


ЖҰМА күні жасалатын сүннет амалдар:
• ғұсыл құйыну
• тырнақ алу
• әдемі киім киіну
• әтір себіну
• Кәһф сүресін оқу
• Пайғамбарымыз ( ﷺ ) салауат айту
• дұға ету
• истиғфар айту
• мешітке ерте бару

Ақыреттік жақсыларым🤍

11 Jul, 07:35


жастық шағыңда білім үйреніп қал,ғұмырыңды ғапылдықпен өткізіп алма.
жолыңда қанша қиындық кездесседе мойыма,біреу үшін емес өзің үшін үйренесіңғой...

Ақыреттік жақсыларым🤍

10 Jul, 15:44


Пайғамбарымыз ‎ﷺ былай деген:

«Расында, Аллаһ Тағала дөрекі бәзий адамды жек көреді». (сунән әт-Термизи)

Бәзий деген – басқаларды менсінбей, олардың дәрежесін түсіргісі келіп, өзінің ащы тілімен басқаларды балағаттауды жақсы көретін кесірлі адам.

©️Шейх Юсуф Хаттар (хафизаһулла)

Өзінен басқаның бәрін жаман көретін адамның мысалы…

Басқалардың дәрежесін түсіріп, өзіңнің дәрежеңді көтеру мүмкін емес. Басқалардың нығметін көреалмаумен өзіңнің нығметке бөленуің мүмкін емес. Сау жүрек иесі болайық🤍