Bugin.kz @buginkz_kz Channel on Telegram

Bugin.kz

@buginkz_kz


Қазақстандағы және әлемдегі кейінгі жаңалықтар

Bugin.kz (Kazakh)

Bugin.kz телеграм көмегімен Қазақстанда және әлемде болған көрініске қарай маңызды жаңалықтарды алуға болатын мүмкіндікті араласуда. Бұл каналда әр жыл белгілі күндерде болған ескертулер, жоғары жаңалықтар, қоғамдық үздіктер және көпше соның ішінде беретін құралдар туралы хабарландырулар келісімдері шығарылады. Bugin.kz каналы Қазақстандағы барлық адамдарға ұнамды мәтіндер, сүреттер және бейне секілдер арқылы мамандандырылған жаңалықтарды танытады. Шет елдедегі көріністер туралы хабарландырулар да бар болғаны үшін, бұл канал әлемдегі адамдарға да қолдау көрсетеді. Bugin.kz - Қазақстан және әлемдегі кейінгі жаңалықтар мен жаңалықтарды пайдаланушыларға жеткізу мақсатын алады.

Bugin.kz

07 Feb, 10:05


‼️Олимпида чемпионы Бақыт Сәрсекбаев президенттің тапсырмасымен елге оралды

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев елге оралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Боксшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ол елге президенттің тапсырмасымен келгенін айтты.

Мені президенттің тапсырмасымен Турищм және спорт министрі шақырды. Маған министрдің берген тапсырмасы - Ұлттық құрама жанынан резервтік құрама құру. 12-19 ақпан аралығында 18-22 жас аралығындағы боксшылар арасынан резервті құрамаға іріктеу чемпионаты өтеді. Сол құрамада жүлделі орынды еншілеген жас боксшылар менің қол астымда жаттығуды бастайды”, - деп жазды боксшы.

Bugin.kz

07 Feb, 08:44


❗️Қарағандыда тәрбиеші балаларды көрпемен тұншықтырып ұйықтатпақшы болған

Шахтинск балалақшасындағы тәрбиешінің іс-әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тәрбиеші баланы ұйықтап жатқан жерінен жұлып алып дәретке отырғызады екен. Сонымен қатар бүлдіршіннің аузын қолымен, содан кейін көрпемен жауып ұйықтатпақшы болады. Өзге де видеолардан оның балаларға дөрекі қылық көрсетіп жатқанын анық көруге болады.

Қалалық білім бөлімі бұл тәрбиешінің жұмыстан босатылғанын хабарлады. Құзырлы органдар тергеуді бастады.

Bugin.kz

07 Feb, 08:22


❗️Мектепте өрт шығып, 17 бала тірідей жанып кетті

Мектептегі өрттен 17 бала мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы жағдай Нигерияның солтүстік-батысында болған. Түн ортасында мектеп өртеніп, шырт ұйқыда жатқан 17 оқушы тірідей өртеніп кетті.

Сонымен қатар денесін күйік шалған 20-ға жуық бала ауруханаға жеткізілді. Әзірге өрттің шығу себебі анықталмады. Елдің төтенше жағдайлар агенттігі тергеуді бастағанын мәлімдеді.

Нигерия президенті Бола Тинубу қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Өрт кезінде мектепте 100-ге жуық бала болған.

“Түнгі 2-де қалың ұйқыда жатқанда есікті біреу қағып, “Өрт, өрт!” деп айғайлағанынан шошып ояндым. Жалма-жан тұрып, далаға бірден атып шықтық. Мектептің төбесі отқа оранған екен. Адамдар іштегілерді құтқарып жатты”, - дейді мектеп мұғалімі.

Bugin.kz

07 Feb, 05:59


‼️Қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысында мектеп салынады

Қайтарылған активтерден Кербұлақ ауданы Көксай ауылында салынатын мектепке 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазір елді мекенде спорт және акт залдары, асханасы жоқ бір мектеп жұмыс істейді. Онда екі ауысымда 53 бала оқиды. Ал жаңа мектеп 60 адамға шақталған.

Мектеп құрылысына қаржы мемлекет басшысының қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Арнайы мемлекеттік қордан бөлінген.

Bugin.kz

07 Feb, 05:51


‼️Қаңтар оқиғасы: археологқа оқ атқан подполковник 7 жылға сотталды

Алматы гарнизоны әскери сотында қанды Қаңтарда қаза тапқан археолог Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановты атқан кінәлінің ісі қаралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Археолог Ерлан Жағыпаровты атты деп айыпталған подполковник Айтжан Әубәкіров 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Марқұм Ерлан Жағыпаровтың отбасына сотталушы 30 миллион теңге моральдық шығын өтейді.

Айта кетейік, Қаңтар оқиғасы кезінде 49 жастағы алматылық азаматтың денесі табылған. Ол қолына кісен салынған, аяусыз соққыға жығылған, жүрек тұсынан оқ атылған күйде табылған. Кейіннен оның археолог Ерлан Жағыпаров екені белгілі болды. Жағыпаровтың туыстары оның 6 қаңтарда жоғалып кеткенін мәлімдеген. 12 қаңтар күні оның қайтыс болғанын білген.

Bugin.kz

07 Feb, 05:17


🛑 Нұрлан имам Трамппен кездесті

Қазақстандық дінтанушы, теолог, имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-та Ақ үйдің ұйымдастырған қайырмдылық таңғы асында бой көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстандық имам қайырымдылық шара барысында АҚШ президенті Дональд Трамптың дәл алдында отырыпты. Бұл туралы Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

"Америка Құрама Штатының 45-ші және 47-ші Президенті Дональд Трамп мырза қайырымдылық шарада сөз сөйледі. Ең ілері "Құдайым мені атқан адамға өлтіртпей, сіздердің алдарыңызға шығаруы - бұл елім үшін сый әрі менің көп дүниелерді жақсы жағына өзгертуіме себеп" деп айтқаны. Бұл сөзін Вашингтонда тап менің алдымда айтқаны маған үлкен әсер берді. Отырған орным да тура алдына түскен екен. Қасымда Армения, Косово, Украина және т.б. мемлекет президенттері отырды", - деді Нұрлан Байжігітұлы.

Bugin.kz

06 Feb, 11:24


❗️Үкімет шегірткемен күресу үшін биыл 7 млрд теңге бөледі

Бұл туралы сенат кулуарында вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
"Былтырғы мәселелерді есепке алып, 7 млрд теңге қаражат дайындадық.  Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Былтырғыдай болмайды, химиялық реагенттер сатып алынды, техника дайын”, - деді Жұманғарин. 

Жұманғариннің мәліметінше, билік көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. Осы мақсатқа былтыр 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге. Көктемге дейін өткен жылғы 195 млрд теңге көлеміндегі қарыздарды жабу мүмкіндігі бар деген болжам бар. 

Bugin.kz

06 Feb, 11:23


‼️Алматылық тұрғынның шетелден келген мармелад үшін басы дауға қалды

ІІМ шетелден келген есірткі салынған сәлемдемені анықтады.

Алматы полициясы қылмыстық сәлемдемені МКД әріптестері мен поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көмегімен анықтаған. Полицияның мәліметінше, сәлемдеме 30 жастағы жергілікті тұрғынға келген. Оған АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме жіберген.

“Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды”, - делінген мәліметте.

Bugin.kz

06 Feb, 08:00


‼️Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді

Әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне себепкер болған экс-министр Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ол мекеме басшылығының оған жеңілдік жасамауына байланысты сотқа шағымданды. Ал Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда жеңілдіктер берілмейді.

Сот Бишімбаевтың шағымын қанағаттандырмады, алайда Бишімбаевтың нақты қандай заң бұзғаны айтылмады.

Bugin.kz

06 Feb, 05:43


‼️Балабақша тәрбиешісі барлық баланы бір қасықпен тамақтандырған

Маңғыстау облысындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл жағдай Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жекеменшік балабақшада болған.

Тәрбиеші бірнеше балаға бір қасықпен тамақ берген. Тіпті ол бір салфеткамен барлығының мұрнын сүрткен көрінеді.

Балабақшада санитарлық норма сақталмаған.

Аудандық білім бөлімі тәрбиешіге айыппұл салынып, жұмыстан босатылғанын хабарлады. Тәрбиешінің көмекшісі де қызметінен кеткен.

Bugin.kz

05 Feb, 09:09


‼️Елде қыз алып қашуға заңмен тыйым салынуы мүмкін

Мәжіліс кулуарында депутат Мұрат Әбенов заңнамаға енгізілуі мүмкін өзгертулер туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оған сәйкес қыз алып қашуға қылмыстық жаза қарастырылады.

"Мен түзету енгізуге ұсыныс жасадым, ол қазір Қылмыстық, Қылмыстық-атқару және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауында. Жауапкершіліктің бірнеше түрі қарастырылған, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік – бас бостандығынан айыру, айыппұл, қоғамдық жұмыстар. Мұның бәрі жағдайға байланысты. Бір топ адам жасаса, кәмелетке толмаған адамға қарсы жасалса, қандай да бір зиян келтірілсе, т.б. заң жәбірленуші жағында болуы керек", - деді депутат.

Bugin.kz

05 Feb, 07:05


‼️Алмас Кішкенбаевқа сот үкім шығарды

Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алматы соты әншіні "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша кінәлі деп тапқан.

Еске салайық, 31 қаңтарда Алмас Кішкенбаевқа қатысты жағымсыз ақпараттың шеті шыққан еді.
Алматылық 17 жастағы баланың айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, кейін бірге ішуді ұсынған. Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм арнасында жазды. Оның сөзінше, 30 қаңтар күні түнде құқық қорғау органдарына курьер болып жұмыс істейтін кәмелетке толмаған баланың әкесінен арыз түскен.

Bugin.kz

05 Feb, 05:22


❗️Швецияда ер адам 10-ға жуық адамды атып өлтірді

Швецияның Эребро қаласында қайғылы жағдай болды. Ер адам ересектерге арналған оқу орталығында атыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы жағдай салдарынан 10-ға жуық адам қаза тапты.
Қалалық полиция бастығы Роберто Эйд Форест бұл оқиғаның салдарынан 10 адам қаза тапқанын растады. Олардың арасында шабуылдаушының өзі де бар. Атысты ұйымдастырған адамның қандай да бір ұйымдасқан топпен байланысы болмаған. Полиция жағдайдың тергелетінін айтты.

Bugin.kz

05 Feb, 05:16


❗️Екі ай бұрын жоғалған қыздың денесі сөмкеден табылды

Былтыр қараша айында үйінен шығып кеткен 26 жастағы қыздың денесі Алматыдағы Кеңсай зираты маңында сөмкеден табылды.

Марқұмды өзі жақын араласып келген жігіті өлтірген. 19 жастағы жігіт қызды пәтерде қылқындырып, қылмысын жасыру үшін денесін сөмкеге салып айдалаға апарып тастаған. Жігіт қызға мәжбүрлеп несие де алдырыпты.
Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті мәйіт салынған сөмкені Кеңсай зираты маңында қарға көміп кетіпті.

Bugin.kz

05 Feb, 04:56


❗️Көлік министрлігі Ақтау маңында болған әуе апатын тергеу бойынша алдын ала есепті жариялады.

Ұсынылған ақпарат алдын ала жазылғандықтан, барлық материал зерттеу нәтижелері бойынша нақтылануы және толықтырылуы мүмкін.

“Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer-190 ұшағының авиациялық оқиғасына қатысты тергеудің алдын ала есебі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ресми сайтында ашық түрде жарияланды”, – делінген хабарламада.

Bugin.kz

04 Feb, 11:17


❗️Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айында Халықаралық әйелдер күні және Ұлыстың ұлы күні аталып өтіледі.
8 наурыз:

- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9 және 10 наурыз күндері демалады.
- алты күндік жұмыс аптасы үшін 8 және 9 наурыз күндері – демалыс, 10 наурыз — жұмыс күні.

22 наурыз:

- аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 21-25 наурыз аралығында демалады.
- алты күндік жұмыс аптасы үшін 21, 22, 23 және 24 наурыз күндері – демалыс, ал 25 наурыз – жұмыс күні.

Bugin.kz

04 Feb, 09:56


‼️Ақтауда 5 жігіт зорлаған қыздың өлімі: оның атына рәсімделген несиені кім төлейді?

Ақтауда қаза тапқан Алина Серікованың ағасы 5 ер адамның мәжбүрлеп алдырған несиесін кім төлейтінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алина Серікованы 5 ер адам зорлап, атына 2 млн теңге несие рәсімдеп, үйіне тастап кеткен. Алина болған жағдайлардан кейін өзіне қол жұмсады. Марқұмның ағасы Бауыржан Жолжан оның атынан 2 миллион теңгеге сауда несиесі рәсімделгенін айтты.

“Олар оны тек осыдан кейін ғана жіберетінін айтқан, оның басқа амалы қалмаған. Несие берілген кезде жауыздар базарға келіп, оны таныс сатушы арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. Мен қарындасымның қайтыс болғаны туралы куәлікті алған кезде банкке барып, оның есепшотын жабу үшін және алынған несиеге айыппұл қосылмас үшін куәліктің көшірмесін апардым", - деді Бауыржан Жолжан.
Ер адамның айтуынша, сот апелляциялық шағымды қарап, сотталушыларды үкімді өзгерткеннен кейін оларға материалдық және моральдық шығынды өтеуге, сондай-ақ несиені жабу үшін сол екі миллион теңгені төлеуге міндеттеген.

"Олардың отбасы төлейді деп ойлаймын, біз сот шешімі бойынша материалдық және моральдық шығынды ала салысымен мен әпкеме есепшот ашып, сенімді адам ретінде бұл несиені жабамын", - деді марқұмның ағасы.

Bugin.kz

04 Feb, 08:50


‼️Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебі қашан белгілі болатыны айтылды

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағына қатысты тергеу жөнінде ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Министр әлі де тергеу жұмысы қызу жүріп жатқанын айтты.

"Мамандар жұмыс істеп жатыр. Әзербайжан Республикасы, Ресей Федерациясы, Бразилия және ИКАО-дан халықаралық мамандар тартылғанын бұған дейін де айттық. Алдағы күндері алдын ала есеп біздің сайтта ресми түрде жарияланады деп күтіп отырмыз. Мамандарға жұмысты аяқтау үшін уақыт қажет. Бұл - өте ауыр жұмыс", - деді Қарабаев Үкіметте өткен брифингте.

Bugin.kz

04 Feb, 08:47


❗️Астанада спорткешенде жаттығудан кейін полиция қызметкері қайтыс болды

Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығулардан кейін залдан шығар кезде 42 жастағы ер адам талып қалған.

“Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шаралар қабылдады, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Қызметкердің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, - деп хабарлады ведомстводан.

Bugin.kz

04 Feb, 06:35


‼️Астана – Щучинск тасжолында 95 көлік соқтығысты

3 қаңтарда Астана – Щучинск тасжолында жаппай жол-көлік оқиғасы болып, 95 көлік пен 20 адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 353-бабы 1-бөлігі "Көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Әкімшілік заңнама аясында 37 әкімшілік іс қозғалып, олар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы "Көлік жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуы, нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, көлік құралдарына немесе басқа да мүлікке зақым келтіруі" бойынша қаралып жатыр", – деп хабарлады ІІМ.

Bugin.kz

17 Jan, 13:40


‼️Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды ұрып-соққан полицейлер сотталды

Алматы облысы, Қаскелең қаласының Қарасай аудандық сотында бүгін Қаңтар оқиғасына қатысты, Қошмамбет кентінде болған азаптауға байланысты соңғы сот өтті.

Сотта 6 айыпталушының барлығы сотталды. Бауыржан Сопақов, Арман Шойбеков, Берік Әбілбеков, Олжас Айдарханов, Серік Тұрпанов, Нұрсұлтан Хамитов үш жылға бостандығынан айырылды.

Сотталушылардың туыстары сот шешімімен келіспейді. Олар ұлдарының сотталғанына адвокаттарды кінәлап отыр. 
Еске салайық, Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған 98 жәбірленушіні полицейдер азаптаған. Оларды түнімен ұрып-соғып, медициналық көмек көрсетпеген. Әрі ұйқы бермей, қинаған.

Bugin.kz

17 Jan, 10:42


‼️”Заңсыз жүк болған”: Пойыз бастығы ҚТЖ ревизорын соққыға жықты

"Қазақстан темір жолы" ревизорларына шабуыл жасалды.

Тексерушілер жолаушылар пойызынан 108 келі рәсімделмеген жүкті анықтады. Бірақ тексеріс жанжалмен аяқталып, тексерушілерге қатысты физикалық күш қолданылды.
Тексеру №77 Маңғыстау – Алматы бағыты бойынша жүретін пойызда (Тараз – Шымкент учаскесі) жүргізілген. Нәтижесінде, 8-вагонда Түрксіб станциясынан Шымкент станциясына дейін жеткізілуі тиіс 108 келі рәсімделмеген багаж анықталды.

Bugin.kz

17 Jan, 10:05


🛑Аяғымен кеткен балам табытпен келді" : 18 жасар сарбаздың ата-анасы зар илеп отыр

Жетісу облысы Сарыөзек әскери бөлімінде қаза болған сарбаз бүгін жер қойнына табысталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Марқұм сарбазды ата-анасы жер қойнына тапсырды. Олар баласының әскерге аяғымен кетіп, табытпен оралғанына зар илеп отыр.

Еске салайық, 14 қаңтар күні Жетісу облысы Сарыөзек әскери бөлімінде жас сарбаз өзін жүрек тұсынан атып өлтіргенін хабарлаған едік. Құрлық әскерлері қолбасшылығының мәліметінше, сарбаз оқу-жаттығу барысында қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзып, өлімге әкелетін жарақат алған.
Видео Stan.kz сайтынан салынды.

Bugin.kz

17 Jan, 07:16


🛑Сарыөзектегі сарбаз өлімі: тың ақпарат тарады

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді.

Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші жүрегіне қаруды дұрыс пайдаланбаған екен.

“Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы жетекшілік ететін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр”, - деп хабарлады құрлық әскерлерінің қолбасшылығы.

Bugin.kz

17 Jan, 06:27


🛑ХАМАС пен Израиль атысты тоқтату туралы келісімге қайта келді

Бірақ Израиль үкіметі бұл келісімді сенбіге дейін бекітпейді.

Израиль премьер-министрінің кеңсесі Дохадағы келіссөздер барысында делегациялардың бітім туралы келісімге қол қойғанын ресми түрде растады.

Bugin.kz

17 Jan, 06:07


‼️Ақтөбеде адамдарды кепілге алған күдікті екі айға қамалды.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Тергеу соты санкция шығарды. Ал зардап шеккен әйел ем қабылдауын жалғастырып жатыр. 

“Әйелдің жағдайы тұрақты, сауығып келеді. Науқаспен психологтар жұмыс істеп жатыр”, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Bugin.kz

17 Jan, 05:50


⚡️Димаш Құдайберген “Халық сүйіктісі-2024” сыйлығын жеңіп алды

16 қаңтарда Астанада “Халық сүйіктісі-2024” ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті.

Белгілі әнші бұл мәртебелі сыйлықты төртінші рет жеңіп алды.

Bugin.kz

17 Jan, 05:42


❗️100 % кінәлі: Семейде биіктен құлаған мұғалімнің ісі бойынша тың мәліметтер шықты

Семейде шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің ісі бойынша тексеру аяқталды.

Еңбек инспекциясының мәліметінше, жұмыс берушінің кінәсі 100% дәлелденді.

Енді жұмыс беруші зардап шеккен мұғалімге ем алып жатқан кездегі жалақысын толық көлемде төлеуге міндеттеледі. Сонымен қатар ақылы түрде жүргізілген емнің барлық шығындар өтейді.

Іс материалдары полицияға жіберілді. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.

Bugin.kz

16 Jan, 13:37


‼️Тағы да сарбаз өлімі: Сарыөзекте сарбаз қаза тапты

Қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

“2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды”, - делінген хабарламада.

Bugin.kz

16 Jan, 11:55


🛑Қайырымдылық қордан ақша алу үшін: танымал блогер 1 жасар қызын улады

Австралиялық 34 жастағы блогер бір жасар қызын қорлады. Сонымен қатар 60 мың доллар алаяқтық жасады деп айыпталды.

Полицияның мәліметінше, әйел қызына денсаулығына қауіпті дәрі-дәрмектерді әдейі беріп, оның жаны қиналған сәтін суретке, видеоға түсіріп алған. Содан кейін бұл суреттерді GoFundMe платформасы арқылы қайырымдылық жинау үшін қолданған.

Полицияның айтуынша, 2023 жылдың 6 тамызы мен 15 қазаны аралығында әйел қызына заңсыз жолмен дәрі-дәрмектер берген. Сонык ішінде басқа отбасы мүшелеріне тағайындалған ескі рецепттерді қолданған. Тергеушілердің пікірінше, блогер баланы саналы түрде ауыр жағдайға жеткізді.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол GoFundMe арқылы шамамен 60 мың доллар жинады. Қаражат баланы емдеу үшін емес, өз басына жұмсалған.

Bugin.kz

16 Jan, 10:38


‼️Сот залында ән шырқаған қыздар елдің ызасын тудырды

Әлеуметтік желіде әнші қыздардың өнер көрсетуі көпшіліктің ызасына тиді. Еgovpress парақшасында аты жөні белгісіз қыздардың сот залында ән шырқаған бейнесі тарады.

“Тек бізде ғана адамдар сот залында, Қазақстан Республикасының Елтаңбасының алдында түсініксіз концерт ұйымдастыра алады. Біз де не болып жатқанын түсінбей отырмыз”, - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Bugin.kz

16 Jan, 09:35


🛑”Ішімдік ішкен”: 20 жастағы келіншек күйеуін пышақтап өлтірді

Қайғылы оқиға Қырғызстанның Мәскеу ауданында болған. Беловод ауылының 20 жастағы тұрғыны күйеуінің жүрек тұсына пышақ сұққан. Ерлі-зайыпты өзара араздасып қалған көрінеді. Олардың ұрыс басталмай жатып ішімдік ішкені белгілі болды.

Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал оның келіншегі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қылмысқа қатысты тиісті сараптамалар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тергеу жалғасып жатыр.

Bugin.kz

16 Jan, 06:41


🛑Ақтөбеде мас күйінде микроавтобус жүргізген жүргізуші ұсталды

Оның оғаш қылықтарын патрульде жүрген полицейлер байқаған.

Сараптама оның ішімдік ішкенін растап, тәртіп бұзушыға хаттама толтырылып, автобус арнайы тұраққа жіберілді.

Bugin.kz

16 Jan, 06:35


‼️35 жастағы жігітке тұрмысқа шыққан 9 жасар қыз елдің жағасын ұстатты

Әлеуметтік желілерде Иракта өткен үйлену тойының видеосы тарады. Қалыңдық 9 жаста екені айтылды. Ал күйеу жігіт 35 жаста екен.

Мәліметтерге сүйенсек, 35 жастағы ер адам 9 жастағы қызға Ирак парламенті некелік келісім жасасу жасын 9-ға дейін төмендеткеннен кейін үйленген көрінеді.

Bugin.kz

16 Jan, 05:28


‼️Екібастұз қаласындағы балабақшада тәрбиеші балаларды ұрып-соққан

Желіде Екібастұз қаласындағы балабақшада тәрбиеші балаларды ұрып-соққан видео тарады.

Желідегілер бұл оқиғаның "Сәби сити” балабақшасында болғанын айтып жатыр. Әрі бұл видео қырқылған, толық емес көрінеді. Желі қолданушылары тәрбиешінің бұдан да сорақы іс-әрекеттері барын айтады.

“Видеодағы менің жиенім. Ол екі жасқа да толмаған. Болған оқиғаның жартысы ғана видеоға түсіп қалған. Бұдан да сорақысы болған. Бала ұйқтағысы келмегені үшін осылай жасаған. Басқа біреудің баласын бұлай қорлауға қандай құқығы бар? Бала психологиялық түрде де ауыр соққы алды”, – делінген пікірлерде.

Bugin.kz

16 Jan, 05:19


⚡️Газа секторындағы қарапайым халықтың шынайы қуанышы

Bugin.kz

16 Jan, 05:11


‼️465 күн: Израиль мен ХАМАС келісімге келді

Келісімге сай, Израиль мен ХАМАС атысты тоқтатып, екі тарап кепілде отырғандарды босатуы керек.

Келісімнің нақты шарттары мен мерзімдері жария етілмеді. Бірақ басты мақсат – халықтың зардап шегуін тоқтату және гуманитарлық жағдайды тұрақтандыру.

Катар астанасында бірнеше апталық келіссөздерден кейін осындай шешім қабылданды. Енді ХАМАС кепілге алып отырған ондаған адамын босатады. Ал Израильдегі жүздеген палестиналық тұтқындар босатылады. Ең бастысы Газаның барлық тұрғындарына үйлерінің соғыстан аман қалған бөлігіне оралуға мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ Израиль Газа секторының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жіберуі мүмкін.

Bugin.kz

15 Jan, 13:22


🛑Беті мен ішінен ұрған: FlyArystan қызметкеріне шабуыл жасалды

Тосын жағдай 14 қаңтарда Алматы-Астана бағыты бойынша ұшатын FS 7057 рейсінде болған.

Әуе компания мәліметінше, әйел рейске кешігіп келген көрінеді. Өзіне қарай жақындаған ер адамға әйел ашуланып, қызметкердің телефонын лақтырған. Онымен қоймай іші мен бетінен ұрып, балағаттаған.

Bugin.kz

15 Jan, 12:25


❗️Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" 16, 17 және 18 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

Метеорологтар мәліметінше, қысқа үзілістен кейін Қазақстан аумағына кезекті Атлантикалық циклон жылжып келеді. Ол өзімен жауын-шашын әкеледі: батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде, ал қалған аймақтарда қар түрінде жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында жауын-шашын болуы мүмкін.

"Желдің күшеюі, боран, көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі. Тек температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", – деді синоптиктер.

Bugin.kz

15 Jan, 10:07


⚡️Тоқаев Италия премьеріне гүл шоғын сыйлады

Мемлекет басшысы Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, гүл шоғын сыйлады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті.

Bugin.kz

13 Jan, 07:23


🛑Шымкентте ер адам анасын өлтіріп, өртеп жіберді

Қайғылы оқиға 12 қаңтарда сағат 02:50 шамасында болған. Бұрын сотталған 1994 жылы туған ер адам жанжал кезінде анасына ауыр пышақ жарақатын салған. Анасы оқиға орнында көз жұмды. Ер адам мәйітті аулаға шығарып, оны өртеп жіберді.

Күдікті ұсталды. Оқиға орнында күйген әйелдің денесі табылды. Қылмыс құралы ретінде пышақ тәркіленді.

Bugin.kz

13 Jan, 05:45


‼️Алматыдағы полицейдің өлімі: оқиғаның қалай басталғаны туралы видео тарады

Әлеуметтік желіде Алматыдағы мекемелердің біріне келген қонақ пен полиция қызметкері арасындағы төбелес пен айуандықпен өлтірілген сәті түсірілген видео жарияланды.

Видеода мекеме ішінде төбелестің қалай басталғаны көрсетілген.
Ер адам қасындағы бойжеткенге кенеттен шабуыл жасап, қол көтеріп, тұншықтыра бастайды. Әйел адамға көмекке басқа адамдар келеді, олардың арасында полицей де болған. Кейін жанжал төбелеске ұласып, қызды құтқармақ болған полиция қызметкері пышақ жарақатынан мерт болды.

https://t.me/buginkz_kz

Bugin.kz

13 Jan, 05:20


🛑Қоймада жарылыс болып, 10 адам ажал құшты

Қайғылы жағдай Йеменнің Эль-Байда провинциясында болды. Автожанармай құю станциясы мен газ қоймасы жарылды. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 65 адам түрлі жарақат алды.

Захер ауданында болған жарылыс тізбекті реакция тудырып, соның салдарынан екі көрші жанармай станциясы мен жақын маңдағы коммерциялық қоймалар өртеніп кетті.

Жарылыс кезінде жанармай құю станциясында көп клиент болғаны айтылып жатыр. Адамдар өртенген кешеннен қашып шығуға тырысып, бір-бірін таптап өткен. Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, жанармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тапты.

Bugin.kz

13 Jan, 04:54


⚡️“4 минуттық жазба жоқ”: Қара жәшікте не бары белгілі болды

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың "қара жәшіктерінде" қайғылы жайтқа дейінгі соңғы төрт минуттың жазбасы жоқ болып шықты.

Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында апатқа ұшыраған Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағының "қара жәшіктерінен" алғашқы мәліметтер белгілі болды. Алайда, ұшақтың құлауына дейінгі соңғы төрт минутқа қатысты жазбалардың болмауы тергеуді қиындатып отыр. 

https://t.me/buginkz_kz

Bugin.kz

11 Jan, 20:53


🛑ҚБТУ ректоры не дейді?

ҚБТУ ректоры Маратбек Ғабдуллин өрттің себептері қатаң тексерілетінін айтты. Әрі қызыл жалынға оранған ғимаратта өртке қарсы қауіпсіздік шаралары сақталғанын мәлімдеді.

t.me/buginkz_kz

Bugin.kz

11 Jan, 19:56


⚡️Алматыда өртке оранған нысан тарихы

Өрт сөндірушілер ғимарат жобасының күрделі екенін айтып жатыр. Осы нысан осыдан 87 жыл бұрын яғни 1938 жылы тұрғызылған. Бірақ соғыс басталып, құрылыс толық бітпей, тек 1951 жылы қолданысқа берілген.

1980-жылдардың басына дейін бұл ғимарат үкімет үйі болды. Онда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, Министрлер Кеңесі және Коммунистік партияның Орталық комитеті орналасқан. 1991 жылы дәл осы ғимаратта Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы заң қабылданған.

t.me/buginkz_kz

Bugin.kz

11 Jan, 19:29


❗️Өрт оқшауланды

Сөндіру жұмыстары төрт жауынгерлік учаскеде жүргізілді. Ғимарат құрылысының ерекшеліктері мен қатты түтінге байланысты жалынды сөндіру қиындаған.

t.me/buginkz_kz

Bugin.kz

11 Jan, 19:19


‼️Өрт орнында жедел штаб құрылды

Қазақстан ТЖМ командалық орталығы өртті сөндіру құралдарын көбейтуді тапсырды.

Оқиға орнында Алматы ТЖД 78 құтқарушысы мен 28 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін барлығы 59 адам және 16 техника жұмылдырылған еді.

t.me/buginkz_kz

Bugin.kz

11 Jan, 19:12


🛑Алматыда Қазақ-британ техникалық университетінде өрт шықты

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Барлығы 59 адам және 16 техника жұмылдырылды. Өртке үшінші дәреже берілді.

Бұл туралы қалалық ТЖД бастығының орынбасары Бағдат Шайзада айтты.

t.me/buginkz_kz

Bugin.kz

11 Jan, 05:04


🇰🇿👏 Қазақстандық оқушы халықаралық олимпиадада топ жарды

Астаналық Сәулебек Әлидан ғылыми сайысқа қатысып, абсолютті жеңімпаз атанды.

Сореrnicus олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген дарынды оқушы қатысады. Олимпиада физика, химия, биология, география пәндері бойынша өтті.

Сәулебек Әлидан химия пәні бойынша сайысқа түсті.

t.me/buginkz_kz

Bugin.kz

10 Jan, 12:33


⚡️Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер елімізде ауа-райының күрт өзгеретінін болжады.

Мамандардың мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстік-шығысы мен шығысында қар жауады және бұрқасын сақталады.

“Республика аумағының қалған бөлігінде ауа-райын жоғары қысым алқабы анықталды. Осыған байланысты жауын-шашынсыз бірақ аязды ауа-райы күтіледі”, - дейді мамандар.

13 қаңтарда Солтүстік циклон батыс аймақтарға ауысады, одан жауын-шашын жаууы ықтимал. Сондай-ақ көктайғақ болуы болжанады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде.

Елдің солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 8-18 градус аязға дейін төмендейді, ал шығыста термометр бағандары −10 −27 градусқа жетеді.

Bugin.kz

10 Jan, 10:49


⚡️Енді пластик пакет қолдануға тыйым салынады

Өзбекстанда пластик пакеттерді өндіруге, импорттауға және пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.

Бұл елде 2025-2027 жылдарға арналған пластикпен ластануды азайту жөніндегі ұлттық бағдарламаның жобасы әзірленіп жатыр. Жаңа заң 2027 жылы қабылданбақ.

"2027 жылдан бастап полиэтилен пакеттерін өндіруге, импорттауға және пайдалануға тыйым салу және экологиялық таза (биологиялық ыдырайтын) пакеттерді пайдалануды ынталандыру ұсынылып отыр. Бұдан басқа пластикалық өнімдерде зиянды химиялық заттарды пайдалануды шектеу және қаптамада қайта өңделген пластикті пайдалану мөлшерін белгілеу жоспарланған", – делінген хабарламада.

Bugin.kz

10 Jan, 09:53


❗️Ақтауда 5 жігіттің қызды көлікке қинап мінгізген сәті видеоға түсіп қалған

Ақтауда бойжеткенді көлікке қинап мінгізген бір топ жігіттің видеосы тарады.

Былтыр мамыр айында зорлықтың құрбаны болған қыздың тағдыры елді елең еткізді. 5 жігіт жұмыстан қайтып жатқан қызды көлікке қинап мінгізіп, оған есірткі беріп, зорлаған. Таңға дейін қорлық көрген қыздың атынан жігіттер 2 млн теңге несие рәсімдеген. Үйге келген қыз құрбысына барлық жағдайды айтып, өзі терезеден секіріп, мерт болды.

Bugin.kz

10 Jan, 09:14


‼️Сәтбаев қаласын қара күйе басты

Ұлытау облысындағы Сәтбаев қаласында көшелерді қара күйе басып қалды. Жылу қазандығынан шыққан түтіннен қар қараға боялған. Облыс әкімдігі бұл "жылу тарифін төмен бағада ұстап тұру үшін арзан көмір жаққанан болып отыр" деп мәлімдеді.

“Газ тазарту жүйелері толығымен ескірген және қазіргі экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді, бұл айтарлықтай қаржыны қажет етеді”, - деп жазылған хабарламада.

Билік бұл жағдайдың алдын алып, экологияны жақсарту мақсатында жаңа технологиялар әкеліп жатқанын айтты.

Bugin.kz

10 Jan, 08:59


🛑Маңғышлақ-Ақтөбе пойызындағы адам шошырлық көрініс елдің ашуына тиді

Жолаушылардың бірі вагонның лас екенін айтып шағымданды. Бұл жағдайға қатысты Көлік министрлігі ақпарат берді. Бұл — жеке тасымалдаушы – «Otpan Logistiс» ЖШС тиесілі пйыз екен.

2024 жылы тексеріс кезінде одан 100-ден астам заңбұзушылық анықталған.

Министрлік бұл тасымалдаушыға бақылау шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ айыппұл да салынады.

Bugin.kz

10 Jan, 07:40


❗️Қытайда тағы бір қауіпті вирус тарады

Қытайда маймыл шешек вирусының жаңа кластерлік өршуі анықталды.

Бұл туралы кеше, 9 қаңтар күні Қытайдағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мәлімдеді.

“Жақында Қытайда Ib кіші типті маймыл шешек вирусының кластерлік өршуі анықталды. Инфекция көзі Конго демократиялық Республикасында саяхаттаған шетелдік азаматтан табылды”, - делінген хабарламада.

Bugin.kz

10 Jan, 06:46


Президент марқұм Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

“Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын”, – делінген жеделхатта.

Bugin.kz

10 Jan, 05:35


🛑”Тағы да әуе апаты”: Бортта балалар бар ұшақ толықтай жанып кетті

Бразилияда әуе апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бразилиядағы Cessna aircraft бизнес-джет ұшағы әуежайдан шығып, көп ұзамай апатқа ұшыраған. Мәліметтерге сүйенсек, ұшақ Убатуба қаласында орналасқан Гастан-Мадейра әуежайындағы ұшу-қону жолағынан шығып, қалалық жағажайда апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиға салдарынан ұшқыш мерт болды. Ал жеті адам жарақат алды, оның ішінде жағажайда демалып жүрген адамдар да бар екені нақтыланды.

Бортта бес адам болған екен. Куәгерлер ұшақтағы жолаушыларды құтқарып үлгерді, олардың көпшілігі балалар болған.

Bugin.kz

10 Jan, 05:02


❗️Ұлы жазушы Мұхтар Мағауин өмірден озды.

Бұл туралы ұлы Едіге Мағауин жазды.

“Арыстан ӘКЕМ фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)”, - деп жазды Едіге Мағауин.

Bugin.kz

09 Jan, 10:04


❗️Қарағандыда өрт болған жерден екі баланың мәйіті табылды

Түнде Пришахтинская көшесіндегі екі пәтерлі тұрғын үй өртенді. Өрт сөндірушілер келгенше, өртенген үйден бастауыш мектеп жасындағы екі бала шығып үлгерген.

Келген өрт сөндірушілер үйден 2020 және 2022 жылы туған балалардың мәйіттерін тапты. Күйік және көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға жатқызылды.

Bugin.kz

09 Jan, 09:42


❗️Атырау қаласында әйел 8-қабаттан секіріп, мерт болды

Қайғылы оқиға Атырау қаласындағы Алмагүл шағын ауданында болған. Биіктен секірген келіншектің 30 жаста екені белгілі болды. Мәліметтерге сүйенсек, ол 8- қабаттан құлап, сол жерде қайтыс болған.

Трагедияның себептері әлі анықталған жоқ. Оқиға орнында жедел жәрдем мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. Ссондай-ақ полиция оқиғаның барлық мән-жайлары анықталатынын айтты.

Bugin.kz

09 Jan, 08:45


🛑Алапат өрт салдарынан 5 адам қаза тапты

Лос-Анджелестегі орман өрті кешеден бері жалғасып жатыр.

Соңғы деректерге қарағанда, өрт салдарынан Лос-Анджелесте 5 адам қаза тапты. Белгілі Hollywood жазбасының өзі өртке оранды. Бұл Американың бүкіл киноиндустриясының бетбейнесіне айналған белгі еді.

Өрт аумағында Камала Харристің резиденциясы, сондай-ақ Бен Аффлек, Том Хэнкс сынды актерлер мен әнші Рианнаның үйі қалғаны туралы айтылып жатыр. Малибуда әнші Пэрис Хилтонға тиесілі үйлердің бірі толығымен жанып кеткен.

АҚШ-тың федералды авиация басқармасы өрт аймағына ұшуға тыйым салды.

Bugin.kz

09 Jan, 08:36


❗️“Баладан бас тартамын”: Астанадағы вокзалдан қараусыз жас бала табылды

Астанада вокзал маңында кішкентай бала табылды. Ол медициналық мекемеге орналастырылды.

Әуелі WhatsApp чаттарында қараусыз қалған бала туралы хабарлама тараған. Онда баланы әдейі тастап кеткені және қалтасында "Баладан бас тартамын" деген жазба бар екені айтылған.
Көлік департаментінің баспасөз қызметі вокзалда қараусыз қалған бала табылғаны туралы деректі растады. Сонымен қатар полиция баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады.

Bugin.kz

09 Jan, 07:57


❗️Қостанай облысында ақша бопсалаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Әулиекөл ауданында жанармай құю станциясына қарақшылық шабуыл жасалған. Бетін шарфпен орап, қалпақ киген белгісіз адам операторды пышақпен қорқытып, ақша талап етті. Күдікті әйелді қорқытып, күш қолданып 33 мың теңгені алып кеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында 41 жастағы күдікті ұсталды.

Bugin.kz

09 Jan, 06:46


🛑Өнер көрсетіп жатқан піл адамдарға шабуыл жасады

Үндістанда Керала штатындағы діни фестиваль кезінде ашуланған жануар адамдарға шабуыл жасады. Мәліметтерге сүйенсек, 17 адам жарақат алған, олардың біреуі ауыр жағдайда екені мәлім болды.

Салтанатты рәсім кезінде бес пілдің бірі толқып, көпшілікке жүгіре жөнелген. Видеодан жануар көрермендердің бірін азу сүйегімен ұстап, айналдыра жөнелгенін көруге болады.

Дүрбелең жағдайдан кейін піл 2 сағат өткен соң тынышталған. Полиция тергеуді бастады. Мерекені ұйымдастырушылардың рәсімге жануарлардың қатысуы үшін барлық қажетті құжаттары болғандығы атап өтілді.

Bugin.kz

09 Jan, 06:02


❗️Ақтауда 5 жігіт зорлаған қыз өзіне қол салды

Ақтауда бойжеткенді 5 жігіт зорлап, есірткі берген. Әрі оның атына несие рәсімдеген.

Бұл туралы ақпарат nemolchikz_official инстаграм парақшасында тарады. Мәліметтерге сүйенсек, оқиға 2024 жылдың мамыр айында болған. Ал 2024 жылдың соңында марқұм қыздың туыстары сот шешіміне келіспейтінін айтып, құқық қорғаушылардан көмек сұрап жатыр. Олардың айтуынша, сот шешімі бұрмаланған көрінеді.
Толығырақ мына сілтемеден оқисыз.

Bugin.kz

08 Jan, 12:04


Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда аптаның екінші жартысында күн райы қолайсыз болады деп болжанып отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, боран, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және күшті жел болуы мүмкін. Ауа райының тұрақсыздығы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуынан туындайды. Солтүстік пен шығыс өңірлерде бұрқасын күтілсе, батыс аймақтарда жаңбыр мен қар жауады, ал кей жерлерде көктайғақ байқалуы мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша, Атлант және Арктикадан келген ауа массалары республиканың солтүстік жартысында температураны 15-25 градус аяздан минус 10-18 градусқа дейін жылытады. Оңтүстік аймақтарда ауа температурасы 10-15 градус аяздан, ал Жетісу облысында 20-25 градус аяздан 5-13 градус аязға дейін өзгереді, ал таулы аймақтарда температура 16 градустан 21 градусқа дейін ауытқиды. Батыс өңірлерде температура фонында өзгеріс байқалмайды. Сонымен қатар республика аумағында тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанып отыр.

Bugin.kz

08 Jan, 08:45


🛑5 ай бұрын жоғалған: Атырау облысында өзеннен ер адамның денесі табылды

Атырау облысында өзеннен ер адамның денесі табылды.

Атырау облысы Елтай ауылының тұрғыны, Өзен бетінде мұзда қатып қалған көлік дөңгелектерін байқап, дереу полицияға хабарлаған.

Өзеннен шығарылған көліктен ер адамның денесі табылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, марқұм 2024 жылдың тамыз айынан бері іздеуде жүрген 1971 жылы туған азамат болып шықты.

Bugin.kz

08 Jan, 08:38


❗️Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім ауруханадан шықты

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.

“Ол емделіп, қайта қалпына келуі керек. Қажетті шұғыл шаралар қабылданды. Кінәлілер жазаланды, бұл барлығына сабақ болуы керек. Әкімдік мұны өндірістік жарақат деп тани ма, танымай ма тергеу аяқталған соң шешіледі”, - деді министр.

Bugin.kz

08 Jan, 07:56


‼️Қарағанды облысында мешіт жанып кетті

Қарағанды облысында мешіттен өрт шықты.

Мәліметтерге сүйенсек, жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенге дейін жалынды сөндіруге тырысқан. Бірақ олардың күш - жігері жеткіліксіз болды. Ал ең жақын өрт сөндіру бөліміне дейін 130 км-де екен.
“6 қаңтарда Қарқаралы ауданындағы Томар ауылында ауданы 165 шаршы метрлік бір қабатты мешіттің ағаштан жасалған шатыры, есік-терезесі өртенді. Өрт себебі анықталып жатыр”, - деп хабарлайды Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі. 

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. 

Bugin.kz

08 Jan, 05:37


❗️Ақтаудағы апат: қара жәшікте не бары белгілі болды

Ақтауда апатқа ұшыраған борттың қара жәшігіне қатысты тың дерек белгілі болды.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, Астанаға қара жәшіктерден алынған материалдар жіберілген.

"Келген бетте сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі", - деп хабарлады ведомство.

Bugin.kz

08 Jan, 05:03


‼️Жойқын жер сілкінісі: 126 адам ажал құшты

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономиялық ауданында 6,8 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, табиғи апат салдарынан 126 адам көз жұмып, тағы 188 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Жер сілкінісі кеше, сейсенбі күні таңертең тіркелді. Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:00-де құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатқаны хабарланды.
Алғашқы сағаттарда қаза тапқандар саны 53 адам деп хабарланған еді. Алайда кейін бұл көрсеткіш артты. Сонымен қатар жарақат алғандар арасында жағдайы ауыр адамдар бары бірден ескертілді.

Bugin.kz

06 Jan, 14:26


❗️Донер жеткізушінің қыздарға жасаған әрекеті қызу талқыланып жатыр

Атырау облысының қыз-келіншектері жергілікті донер жеткізуші жігіттің үстінен шағымданған. Олардың айтуынша жігіт қыздардың номерін алып, оларға интимді сипаттағы суреттер жібереді екен.

Донер жеткізуші ватсап желісі арқылы тапсырыс берген қыздардың фотосын сақтап алып, оларға ұятсыз хаттар жазуды әдетке айналдырған екен. Бұл турады атыраулық белсенді Рүстем Баязиев мәлімдеді. Сонымен қатар донер жеткізушіден зәбір көріп жүрген қыз-келіншектер көп екен. Оның оғаш әрекеттері полицияға да жетті.

Bugin.kz

06 Jan, 14:04


❗️”2 адамы жоқ”: Ертіске құлаған көлік табылды

5 қаңтар Ертіс өзеніне көлік түсіп кеткенін хабарлаған едік. Қазіргі уақытта оқиға орнында екі адамды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Бүгін құтқарушылар көлікті алып шықты.
Оқиға 5 қаңтар күні Ертіс өзенінің Полковничий аралы аумағында (Бүркіт ұясы маңында) автокөлік жардан құлап, суға батып кеткен. Оқиға болған сәтте көліктің ішінде төрт адам болған.

Жолаушылардың бірі көліктен шығып, өз бетінше жағаға жүзіп шыққан. Кейінірек, құтқарушылар өзен ағысынан 11 шақырым төмен жерде бір қыздың денесін тапты.
Апат кезінде көлікте болған тағы екі адамның қайда екені әлі белгісіз.

Bugin.kz

06 Jan, 12:54


❗️Қазақтанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 7, 8 және 9 қаңтарға ауа райы болжамын жасады.

7 қаңтарда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райын ылғал қоры мол оңтүстік-каспийлік циклон анықтайды. Осыған байланысты елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар, боран, кей жерлерде қатты қар жауады деп күтіледі.

Толығырақ мына сілтемеден оқисыз.

Bugin.kz

06 Jan, 12:03


‼️Әзербайжан президенті Ресейге тағы шүйлікті

6 қаңтарда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL ұшағының жолаушыларының өліміне қатысты Ресей өкілдерін айыптап, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайтыс болғандардың жақындарымен және аман қалған экипаж мүшелерімен кездесуде ол әуе кеңістігін жабуға бағытталған «Кілем» операциясы ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін ғана жарияланғанын атап өтті.

“Егер әуе кеңістігінде қауіп туындаса, оны дереу жабу қажет. Бұл барлық елдерге ортақ тәжірибе. Неліктен экипажға алдын ала ескертпеді? Неліктен әуе кеңістігі уақытында жабылмады? Бұл сұрақтарға тергеу жауап беруі керек”, - деді Әлиев. 

Сондай-ақ, ол қайғылы оқиғадан 10 күн бұрын Грозный маңында болған осыған ұқсас жағдайды еске салды. Ол кезде AZAL ұшағы қауіп-қатерге байланысты кері қайтқан болатын. Енді Әзербайжан президенті Ресейдің кінәлілерді ьез арада жауапқа тартуын талап етуде.

Bugin.kz

06 Jan, 11:06


❗️Қостанай облысының полициясы 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды.

Polisia.kz мәліметінше, 1995 жылы 58 жастағы Александр Хан Қазақстаннан белгісіз себептермен хабарсыз кеткен. Оның қызы Юлия Хан Қостанай Полиция басқармасына жүгініп, жоғалған әкесін табуға көмек сұрады. Әкесін іздеу оның өмір бойғы арманына айналған. Александр Ханның 1995 жылы алыс шетелге тұрақты тұруға кетіп, отбасымен байланысын үзгеніне қарамастан, полиция қызметкерлері Юлияның үмітін үзбей, іздеу жұмыстарын бастаған.

"Көші-қон қызметі мамандарының кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында Александр Ханның Францияда ұзақ жылдар бойы тұрғаны анықталды. Әртүрлі себептермен ол туыстарымен байланысын жалғастыра алмаған, бірақ қызының табандылығы мен полицейлердің еңбегі бұл олқылықтың орнын толтырды. Жиырма жылдан кейін әке мен қыз қайта қауышып, бұл кездесу Хан отбасы үшін үлкен қуанышқа айналды", - делінген хабарламада.

Bugin.kz

06 Jan, 10:45


‼️Қытайда өршіген вирус Қырғызстаннан да табылды

Қытайда метапневмовирусы тарады. Қазақстанда да метапневмовирус штамы анықталды. Бүгін, 6 қаңтар күні қырғызстандықтардан да вирус түрі анықталғаны белгілі болды.

Қытайдағы жергілікті БАҚ-тың жазуынша, ауруханалар пациенттерге толы екен. Әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар арасында бұл ауру түрі жиі тіркеліп жатыр.

Осыған орай еліміздің денсаулық сақтау министрлігі кеше, 5 қаңтар күні мәлімдеме жасаған еді. Айтуларынша, метапневмовирусы көптеген елде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустың бірі. Әлемдегі сияқты елімізде де ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өсуі байқалады. Оның штамы Қазақстанда тұмау өршіген кезде инфекцияның басқа түрімен қатар анықталды. Оны жұқтырғандар саны 1,6%-ды құраған.
Ал Қырғызстанда бір күнде 2 адамнан жаңа вирус түрі анықталды.

Bugin.kz

06 Jan, 06:10


❗️Түркістан облысының әкімі тағайындалды

Енді бұл лауазымды Нұралхан Көшеров атқарады.

Ол бұған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды.

Bugin.kz

05 Jan, 11:19


‼️“Не үшін беруім керек?”: қайырымдылық қордың басшысы емге ақша бермейтінін айтты

Әлеуметтік желіде qazaq_robin_hood лақап атымен танымал Ілияс Сариев өзіне тағылған айыптың бәрін жалғанға шығарды.

Бұған дейін Елге көмек” қайырымдылық қорының басы дауға қалған еді. Қазақстанның әр аймағынынан Ілиясқа “алданғандар” әлеуметтік желіде видео жариялаған. Ал Ілияс бұл мәліметтің бәрін жоққа шығарды.

“Жасаған жақсылығым көп қой. Ұнамаған 4-5 адамның әңгімесі, мұның бәрі. Ағайын-туысына ұнамаған шығармын. Бірақ менің істеп жатқан жұмыстарым өте көп”- деп жауап берді қор жетекшісі.

Журналист Гүлмира Әбіқай Ілиястан ақша ала алмаған тағы бір келіншектің видеосын көрсетіп, емнің ақшасын неге бермегенін сұрады.

“Ол ақшаны не үшін аударуым керек? Өзімде тұрады ақша. Баланың еміне әлі ештеңе істеліп жатқан жоқ. Не үшін аударуым керек?”, - деп жауап берді Ілияс.

Bugin.kz

04 Jan, 13:30


❗️Сауда орталығы өртеніп, 8 адам ажал құшты

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясының Цяоси ауданында өрттен сегіз адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 08:40 шамасында көкөністер мен басқа да қажетті заттарды сататын сауда орталығында басталды. Өрт сөндірушілер шұғыл әрекет ету бригадаларымен және дәрігерлермен бірге құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына жедел келді. 10:10 - да өрт сөндірілді.

Ал іздеу-құтқару жұмыстары түсте аяқталды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Bugin.kz

03 Jan, 11:10


❗️Тағы да ұшақ апаты: ұшақ ұшқанына 1 минут өтпей жерге құлады

Бір моторлы төрт орындық van’s RV-10 ұшағы 200 адам жұмыс істейтін Оңтүстік Калифорниядағы (АҚШ) Michael Nicholas Designs жиһаз қаптау зауытының төбесін тесіп өтті.

Oxu.Az мәліметінше, ұшақта болған 2 адам қаза тапты.
Ұшақ Оранж округіндегі Фуллертон муниципалды әуежайынан шыққаннан кейін бір минуттан кейін құлады.
Әуежай қызметкері Крис Виллалобос AP-ке ұшып шыққаннан кейін ұшқыш әуе диспетчерлеріне шұғыл қону үшін бұрылатынын айтқан. Ұшақ апатының себептері әлі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.

Ұшақ апаты 2 қаңтарда, жергілікті уақытпен сағат 14:00-де болды.

Bugin.kz

03 Jan, 11:02


❗️Елдос Сметов Англияға көшпекші

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің алдағы жоспарлары туралы айтты.

"Бірінші бол" сайтының мәліметінше, Елдос 4 айға тіл үйренуге Англияға кетеді екен.

"Елдос 4 айға Англияға тіл үйрену курсына кетіп бара жатыр. Қайда тұрады, қайда оқиды – бәрі шешіліп қойылған. Өзім Қазақстанда боламын, Елдостан бөлек те шәкірттерім бар, соларды жаттықтырамын. Ғалымжан Қырықбай, Алтынбек Қонысбай деген балалар тәп-тәуір өнер көрсетіп жүр", - деді бапкері.

Сондай-ақ Ғалымжан Жылгелдиев Елдостың алдағы Лос-Анджелестегі аламанда тағы бір рет топ жаруын қалайтынын да жоққа шығармады.

“Біраз уақыт өтсе де, әлі күнге дейін іштей қуаныш бар. Қазір түс сияқты. Парижде сезіне алған жоқпыз, ал елге келгенде жұрт аяғымызды жерге тигізбей, жан-жақтан құттықтап жатты. Сөйте тұра Елдос енді 2028 жылы Олимпиадада топ жарса, Париждегі жетістігін қайталаса екен деген арман-тілегіміз бар", - дейді ол.

Bugin.kz

31 Dec, 19:02


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Bugin.kz

30 Dec, 11:01


❗️Ұшақ апатынан мерт болған жолаушының соңғы хаты жарияланды

Желіде Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушысының соңғы хаты тарады, деп хабарлайды Bugin.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұм ұшақ апаты болардан бұрын туысына хат жазған. Ол туысына жерге қона алмайтынын айтыпты.

“Ұшақ қанатына құс тиіп кетті, біз қона алмаймыз", – деп жазған марқұм туысына.

Туысы бұл жағдайға таңырқап, қашан болғанын сұраған.

“Дәл қазір. Соңғы сөздерді айтатын кез келген сияқты?”, – деп жазған ол.

Осы хабарламадан кейін онымен байланыс үзілген.

Bugin.kz

30 Dec, 10:35


❄️Жаңа жыл мерекесі күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер жаңа жыл мерекесі күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республиканың басым бөлігінің ауа-райына Скандинавия түбегінен келетін циклон әсер етеді.

Ауа райы құбылмалы болады, еліміздің солтүстік батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауып, боран соғады, 1-2 қаңтарда қатты екпінді жел соғып, батыста, оңтүстік батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік шығысында қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады.

31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік шығысында таулы аймақтарда нөсер жаңбыр, қалың қар жауады деп болжанып отыр. Республика аумағында жел күшейіп, тұман түсуі ықтимал.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде батыста -5 +5 градус, күндіз -3 +10 градус, солтүстік батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус суық, күндіз +7 -2 градус, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус суық. Ал оңтүстікте, оңтүстік шығыста температуралық фонда күрт өзгеріс болмайды.

Bugin.kz

22 Nov, 07:53


Заманбек Нұрқаділовтың алғашқы жары Нұрбике Нұрқаділова дүниеден озды.

Қайғылы қаза туралы марқұмның қызы Құралай Нұрқаділова айтты.

“Бүгін түнде біздің еліміз үшін маңызы бар адам өмірден озды. Заманбек Нұрқаділовтің саяси жолына көп еңбек сіңірген адам. Ол – ақылды, білімді әрі саясатта сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Өте қарапайым және ақылды еді. Ол туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішінде оның үнсіздігі, Кеңес одағы кезіндегі және одан кейінгі ел туралы көп айтары бар еді. Оның ақыл-кеңесінің арқасында көп жас саясаткер саясатқа араласқан. Ол барлық тарихи фактіні іштей есіне алатын, өте қызықтырып айтатын. Менің анамның даналығына оны білетіндердің бәрі үнемі таңданатын. Иманда бол, анашым. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым! – деп жазды Құралай Нұрқаділова.”, – деп жазды Құралай Нұрқаділова.

Bugin.kz

22 Nov, 04:56


⚡️Премьер-министр Украинадағы шиеленісті жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты президент берген тапсырмаларды орындау бойынша шұғыл жиын өткізді.
Жиын барысында премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдады. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.

Bugin.kz

22 Nov, 04:55


⚡️Президент Украинадағы жағдайға қатысты маңызды шешім шығарды

Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан басшысы Премьер-министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына, барлық күштік ведомстволардың басшыларына және әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты. 

Bugin.kz

19 Nov, 12:49


⚡️Алматы қаласында 15 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады.

Мәліметтерге сүйенсек, жасөспірім 17 қарашада Nest Grand тұрғын үй кешеніне кірген. Көп қабатты үй Саин – Шаляпин көшелерінің қиылысында орналасқан.
18 қараша күні таңертең ол ғимараттың жоғарғы қабатынан секірген. Аталған факті бойынша Әуезов ауданы ПД жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Bugin.kz

19 Nov, 07:27


⚡️Үкімет уақытқа қатысты даулы мәселеге нүкте қойды

Бірыңғай уақыт белдеуі халықтың наразылығына қарамай, өзгеріссіз қалатын болды.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов бірнеше өңірдегі халықтың қарсылығына, депутаттардың мәлімдемесіне қарамастан Қазақстанның жаңа уақыт белдеуіне көшуін ғылыми тұрғыдан дұрыс шешім деп атады.

Bugin.kz

18 Nov, 10:16


Үй берем деп алдаған: Жемқорлықпен ұсталған Перизат Қайраттың тағы бір былығы ашылды

Осыдан екі жыл бұрын "BIZ BIRGEMIZ" қорының атынан өзіне пәтер берілетінін естіген. Оған Перизат Қайраттың өзі хабарласқан. Тіпті бұл “сыйлық” сертификат түрінде галоконцертте ресми түрде табысталған екен. Дегенмен арада қаншада уақыт өтсе де, желіде баласымен такси жүргізіп танылған автоледи уәде етілген пәтердің кілтін қолына ұстай алмапты.

Толығырақ сілтемеден оқыңыз!

Bugin.kz

18 Nov, 05:45


Қостанайда үш бала мен атасы уланып қайтыс болды.

Қайғылы оқиға Қостанайда Қарынсалды ауылында болды. Мәліметтерге сүйенсек, үйдегі жасөспірімдер 8, 3, 2 жаста болған. Сонымен қатар 1957 жылы туған атасы да көміртегі тотығымен улану салдарынан қайтыс болды.

Балалардың әкесі, анасы, сондай-ақ олардың 4 жасар ұлы ауруханаға жатқызылды.

Bugin.kz

14 Nov, 09:18


⚡️Елімізде келесі жылы зейнетақы 8,5%-ға, жәрдемақы 7%-ға өседі.

Ал базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің төменгі шегіне қарай өзгереді. Мәселен, ең төменгі зейнетақы – 95 131 теңге, ал ең жоғарғы зейнетақы көлемі – 213 046 теңге болады. Бірақ салық мөлшері де өседі. 
Ал  арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды, баланың тууына байланысты бір жолғы және бала бір жарым жасқа толғанға дейін бала күтіміне тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақыларды, наградталған аналарға, көпбалалы отбасыларға төленетін мелекеттік жәрдемақыны төлеу кезінде 3692 теңге мөлшеріндегі айлық есептік көрсеткіш қолданылатын болады. Яғни жәрдемақы 7%-ға өседі.

Bugin.kz

14 Nov, 08:20


⚡️120 спорт түріне мемлекеттен қаржы беру тоқтайды.

Енді Қазақстанның атынан ойындарға қатысып, миллиондаған айлық алатын легионерлер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайтын болды. Бүгін Мәжілісте арнайы заң жобасы қаралды. Ол спорт саласын басқару формасын толық өзгертуді көздейді. Құжат бірінші оқылымда мақұлданды.

Бұдан былай қомақты қаржы тек Қазақстанның атын халықаралық дәрежеде көтеруге үлес қосып отырған бағыттарға ғана беріледі.  Сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын спорт түрлері 180-нен 60-қа дейін 3 есе қысқартылмақ. 

Bugin.kz

13 Nov, 07:16


⚡️Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған полицей сотталды.

2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілген азаматты азаптаған полицей сотталды.

Істі Алматы прокурорлары тергеген. Полицейге "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" бабы бойынша айып тағылған.
Прокуратура полицей айыбын мойындап, процестік келісімге келді деді. Сот мұны ескеріп, оған 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Сот оның арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.

Bugin.kz

13 Nov, 05:35


⚡️18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер бүгін, 13 қарашада еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. 
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 

Әрі қарай мына сілтемеден оқисыз.

Bugin.kz

11 Nov, 16:12


🔴 Бүгінгі күннің маңызды жаңалықтары:

🔻 Бишімбаев түрмеден қашты – ІІМ жауап берді

🔻 Қордайда 17 жастағы қыздың денесі табылды

🔻 Қарағандыда тағы бір құрылысшы көз жұмды

🔻 Таразда түрмедегі әйел тұтқыннан жүкті болып қалды

🔻 Атырау облыcында үй жанып, анасы мен баласы тірідей өртеніп кетті

Bugin.kz

08 Nov, 06:18


⚡️Шығыс Қазақстанда әскери қызметші көз жұмды.

Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.

Қайғылы оқиға 7 қарашада болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге суицид себеп болған.

Bugin.kz

08 Nov, 05:39


⚡️Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін Алматыда қар және жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,7 м/с болмақ. 

Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеп, түнде -7 градусқа дейін жетеді. Желдің жылдамдығы 8,4 м/с болады. 

Әрі қарай мына сілтемеден оқисыз.

Bugin.kz

07 Nov, 07:48


Павлодарда зейнеткердің үстіне ағаш құлады. Павлодарлық тұрғын сол жерде көз жұмды.

Қайғылы оқиға бүгін, 7 қараша күні болған. Таңғы сағат 9.37-де Естай көшесіндегі аулада кетіп жатқан зейнеткердің үстіне ағаш құлаған. 

Толығырақ мына сілтемеден оқисыз.

Bugin.kz

06 Nov, 07:53


Енді колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін. Алайда бұл өзгеріс барлық мамандыққа қатысты емес.

Оқу-ағарту министрі Ғаи Бейсембаевтың айтуынша, бұл өндірістен қол үзбей кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Австралия және Ұлыбританияда оң нәтиже берген. Бұл елдердегі онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған.

Онлайн оқыту форматын енгізудің негізгі мақсаты – колледждерге білім беру бағдарламаларын икемді бейімдеу, ал студенттерге жұмысты үзбей-ақ нақты жағдайларда практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау.

Bugin.kz

06 Nov, 07:10


⚡️АҚШ-тың 47-президенті белгілі болды

АҚШ-тағы президенттік сайлауында Трамп жеңді.

Трамп сайлаушылардың 277 дауысын жинады. Fox News арнасының мәліметінше, ол президенттік сайлауда жеңіске жетті.

Камала Харрис 226 дауыс жинады.

Bugin.kz

05 Nov, 16:36


🔴 Бүгінгі күннің маңызды жаңалықтары:

🔻 "Хутор" бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың қанша уақытқа қамауға алынғаны белгілі болды

🔻 Иман Хелифтің ер адам екенін көрсететін құжаттар пайда болды

🔻 Екі петропавлдық жасөспірімнің істеген сұмдық істері әшкере болды

🔻 Декларация тапсырмағандардың шоттары бұғатталады

🔻 “Тағы да Талғар”: Үй жарылып, әйел адам көз жұмды

Bugin.kz

05 Nov, 05:51


⚡️ 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 5 қарашға арналған ауа райын ұсынып, бірнеше өңірге ескерту жариялады.

Мамандардың айтуынша, Манғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Ақтөбе облысының басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Ал Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, қар жаууы ықтимал. Тұман, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанда, Павлодар қаласында көктайғақ, тұман күтіледі.

Әрі қарай мына сілтемеден оқисыз.

Bugin.kz

05 Nov, 05:49


📍ТЖМ: Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.

Ал есептік қарқындылығы:

Алматы қаласында – 3 балл;
Талғар қаласында – 4 балл;
Есік қаласында – 4 балл;
Түрген ауылында – 3 балл;
Өтеген-Батыр ауылында – 3 балл;
Боралдай ауылында – 2 балл;
Маловодное ауылында – 2 балл:
Ж. Кайыпов ауылында – 2 балл;
Алатау қаласында (Жетіген) – 2 балл;
Қарасай қаласында (Қаскелең) – 2 балл.

Bugin.kz

05 Nov, 05:16


⚡️Алматыда жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін 5 қарашада сағат 10:01-де тіркеді. Дүмпу Алматы облысы мен Алматы қаласында тіркелген.

Bugin.kz

04 Nov, 12:07


📌Елордада "Халық қатысатын бюджет" жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды

Ауданның кәмелетке толған барлық тұрғындары өз ұсыныстарын жібере алады.

Жобаның мақсаты - тұрғындардың бастамасы мен ұсыныстары бойынша ауданды абаттандыру.

Ұсыныстарды Байқоңыр ауданы әкімдігінің WWW.BAIKONYR-ASTANA.KZ ресми интернет-ресурсының "Халық қатысатын бюджет 2025" бөліміне жіберуге болады. Ұсынысты жіберу үшін өтінімді толтыру қажет (жобаның атауын, оның сипаттамасын көрсету), эскиз бен сметаны (индикативті болуы мүмкін), ағымдағы күйдің фотосуреттерін, қалауыңыз бойынша презентацияны тіркеу қажет. Осы бөлімде осы жобаның ережелері, типтік жобалық ұсыныс, жоба бойынша іс-шаралар мерзімі, сараптамалық кеңестің құрамы көрсетілген.

Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі. Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері және жобаны іске асыру әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады.

Өтінімдер 2025 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

Bugin.kz

04 Nov, 09:43


⚡️Хуторлық Хасан не үшін ұсталды?

Алматы облысының полиция департаменті Хасан Қасымбаевтың не үшін ұсталғанын айтты.

Хасан Қасымбаев азамат А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, ұрлады деген күдікке ілінген. Кейін полицейлер істің кей мән-жайын ашты. 2021 жылдың маусым айында азамат А-ның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікпен бес күдікті ұсталған. Сот оларды тағылған айып бойынша кінәлі деп тапты. Қазір бесеуі де жазасын түрмеде өтеп жатыр.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде, жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 2024 жылғы 2 қарашада Хасан есімді азамат та ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Bugin.kz

04 Nov, 07:25


Алматы облысында белгісіз біреулер мемлекеттік рәміздерді қоқысқа тастаған. Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, рәміздерді қорлағандарды іздестіріп жатыр.

Видео әлеуметтік желіде тараған. Автордың айтуынша, видео Талғар ауданындағы Еркін ауылында түсірілген.

Сұмдық жағдай, мемлекеттік рәміздер қоқыста шашылып жатыр. Бұл – тек заң бұзушылық емес, елімізге және оның рәміздеріне көрсетілген құрметсіздік. Біз мемлекеттік органдарға жүгініп, тергеу бастауын және кінәлілерді анықтауын талап етеміз. Сонымен қатар мұндай жайт енді қайталанбауы керек, – деді автор.

Желі қолданушылары аталған жайтқа қатысты наразылықтарын білдіріп, мемлекеттік рәміздерді жоюдың арнайы тәртібі барын алға тартты.

Ал Талғар ауданының әкімдігі қоқыс полигонының Қайнар ауылдық округіндегі жекеменшік аумақта орналасқанын мәлімдеді. Рәміздер бүгінде қоқыстан шығарылған.

Дереккөз: Halyq Uni

Bugin.kz

04 Nov, 04:07


⚡️Атышулы Хасанды полиция ұстап әкетті

Талғардағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін елге танылып кеткен Хасан Қасымбаевті полиция ұстап әкетті.

Алматы облысының құқық қорғау органдарының мәліметінше, Талғардағы атышулы Хасанды он жыл бұрын жасалған қылмыс үшін қамауға алды. Істің мән-жайы әлі белгісіз. 
Алдын ала мәлімет бойынша, оны полиция 2021 жылы тұрғынның денсаулығына ауыр зақым келтіргені үшін ұстады.

Bugin.kz

01 Nov, 10:31


⚡️Алматы облысында бала отырған көлік жылжып, жолға шығып кетті.

Оқыс оқиға видеоға түсіп қалды. Видеодан көлікте жас баланың ғана отырғанын, көлік жолға шығып кеткенін көруге болады. Оқиға Байтерек ауылында болған. 
Жолда келе жатқан көлік тоқтап үлгерген. Әлеуметтік желі қолданушылары баланы жалғыз қалдыруға болмайтынын айтып, ата-анасына шүйлікті. Баланы “періштесі қақты” деді желідегілер.

Bugin.kz

31 Oct, 10:00


⚡️Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбай елге жіберілуі мүмкін.

Бұл туралы бүгін Сенаттың кезекті отырысында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

Толығырақ мына сілтемеден оқисыз.

Bugin.kz

31 Oct, 05:30


Елімізде 1 қарашадан бастап не өзгереді?

Қарашада неше күн демаламыз?

Қараша айында Қазақстанда мереке күндері жоқ. Сол себепті бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

📌 Әрі қарай мына сілтемеден оқисыз.

Bugin.kz

31 Oct, 04:32


🇰🇿Жәмилә Бақбергенова Албаниядағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Күрес түрлерінен Тиранада (Албания) өтіп жатқан Олимпиада бағдарламасына кірмейтін Әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова күміс жүлде иеленді.

Отандасымыз 72 келіде сынға түсіп, финалдық белдесуде Ами Ишиге (Жапония) есе жіберді.

Bugin.kz

30 Oct, 14:19


😱 Қазхромға тиесілі Дөң тау-кен байыту комбинатында екі жұмысшы қаза тапты

Ауыр жүк көлігі жоғары жылдамдықпен келіп, аударылған.

Қайғылы оқиға куәгерлерінің айтуынша, апатқа тежегіштің істен шығуы себеп болуы мүмкін.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ал компания қаза тапқандардың отбасына көмек беретінін айтты.

Bugin.kz

24 Oct, 05:59


⚡️Талғарда түрмеден қашқан ер адам бұған дейін көршілерінің қорасын паналаған.

Журналист Гүлмира Әбіқайға оқырмандарынан видео келген. Видеода келіншек түрмеден қашқан жігіттің паналаған жерін көрсетті. Өздері кенеттен байқап қалған көрінеді. Жігіт қайта қашып кеткен. 
26 жастағы ер адам 21 қазан күні Талғар аудандық полиция басқармасында орналасқан уақытша қамау абақтысынан қашып кеткен. 

Bugin.kz

24 Oct, 04:39


Түркиядағы теракт: бес адам қаза болып, 20-дан астамы жараланды

Түркияның қорғаныс министрі Яшар Гүлер шабуылдың артында АҚШ пен Еуроодақтың бірқатар елінде террористік ұйым деп танылған сепаратистік Күрдістан жұмысшы партиясы тұрған болуы мүмкін деп есептейтінін айтты.

Bugin.kz

23 Oct, 16:31


‼️ Түркия астанасында теракт болды. Қаза тапқандар бар

Анкара қаласындағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясының жанында жарылыс болды. Автоматпен қаруланған үш белгісіз адам ғимаратқа кіріп кеткен.

Олардың бірі – әйел адам. Олар ғимараттың кіреберісіне көлікпен келіп, қол гранатасын лақтырған.

Үш адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды. Sabah газеті үш лаңкестің екеуінің өлтірілгенін хабарлады.

Bugin.kz

23 Oct, 07:09


⚡️Атырау облысында полицей жасөспірімдіқағып өлтірді.

Патрульдік полиция тобының инспекторы кәмелетке толмаған жас жігіттердің мопед айдап жүргенін байқайды. Кейін артынан тоқтауын сұрайды. Бірақ мопед жүргізушісу қаша жөнелген. Ал полицей жасөспірімдерді қуа жөнеледі. Мопед жүргізушісі рөлге ие бола алмай аударылады. Артында қуып келе жатқан полицей көлікті уақытында тоқтата алмай, жерде жатқан жасөспірімді көлікпен басып кетеді. 

Толығырақ мына сілтемеден оқисыз.

Bugin.kz

23 Oct, 04:52


📌 Астанада стихиялық полигондардан 160 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Жыл басынан бастап елорданың бес ауданында рұқсат етілмеген полигондардың 221 орны анықталды.

Сондай-ақ, пайдалану орындарын ластағаны үшін жалпы сомасы 136 млн теңгеден асатын 9 мыңға жуық құқық бұзушыға айыппұл салынды.

Сонымен қатар, қоқысты рұқсатсыз тастағаны үшін 161 жүк көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 млн 200 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Заңсыз полигондарды жою жұмысы жалғасуда. Оның ішінде жаңа ошақтардың пайда болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Bugin.kz

22 Oct, 10:16


⚡️Назарбаевтың үйінен қаралы хабар келді

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың келіні қайтыс болды.
77 жастан асқан Светлана Назарбаева көз жұмды. Светлана Сатыбалды Назарбаевтың жары. Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы.

Bugin.kz

22 Oct, 08:41


⚡️Дәулет Тұрлыхановтың ұлы тойға барам деп түрмеден бірақ шықты

Сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлын бас бостандығынан айырды.

Нұрасыл Болат тойға барамын деп, бас бостандығынан айырылып қалды. Сот бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы ұсынысты қарады. Жоғарғы Соттың мәліметінше, бұған дейін Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.

Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

Bugin.kz

21 Oct, 12:21


⚡️Жарысқа Қазақстан атынан шығатын шетел азаматтарына бір тиын төленбейді.

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы бюджеттен шетелдік спортшыларға ақша бөлінбейтінін айтты.

Депутаттың айтуынша, тиісті заңдық норманы үкімет қолдаған. 
Ол адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылып, 180 спорт түрі қысқартылатынын атап өтті.

Bugin.kz

21 Oct, 06:53


Түрік діни лидері Фетхуллах Гүлен қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Фетхуллах Гүлен мен Түркия президентіні Режеп Ердағанның арасында өзара келіспеушіліктер бар. Гүлен алғаш, 1960-жылдардың соңында, Измир мешітінде шешен уағызшы ретінде танылды. Ол 1999 жылы қысымға ұшырап, мемлекеттің зайырлы сипатын өзгерту үшін төңкеріс жасамақ болды деген айыппен қуғындалды. Бұл айып дәлелденбеді, бірақ ол АҚШ-та қалып қойды.

Гүлен әлемдегі ең ірі діни қоғамдық ұйымның бірін басқарады. Ол басқаратын "Хизмет" қозғалысына миллиондаған адамдар мүше және қозғалыс 150 елде мыңға жуық білім орнын қаржыландырып отыр. Ол білім орталықтары мектеп түлектерін университеттерге түсуге әзірлейді.

Bugin.kz

18 Oct, 11:38


⚡️Илон Масктың анасы Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті.
Әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Қазақстанға келген кездегі сезімімен бөлісті.

Мэй Маск Алматыға алғаш рет өтетін “BeWoman” әйелдер форумында сөз сөйлеу үшін келді. Ол әуежайдағы құрмет-қошеметке таңданысын білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады. 

Жазбаны мына сілтемеден оқи аласыз.

Bugin.kz

18 Oct, 11:31


⚡️Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметтерінен босатылды.

ҚР Бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды.

Bugin.kz

18 Oct, 09:52


⚡️Шерзат Болаттың өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды.

17 қазанда кәмелетке толмаған Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында.

Bugin.kz

17 Oct, 04:03


⚡️Алматыда жер сілкінді

Мамандар жер сілкінісі 2 балл болып сезілгенін мәлімдеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан.

Bugin.kz

16 Oct, 14:32


🇰🇿🔥 Ташкентте әскери қызметкерлер арасында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Нұрқанат Серікбаев әлем чемпионы атанды.

Нұрқанат финалда отандасымыз Шерзод Давлатовтан басым түсті.

Bugin.kz

16 Oct, 05:03


⚡️Рамазан айы қашан басталады?

Мүфтият діни мерекелер кестесін жариялады.


2025 жылғы Раманзан айы 1 наурызда басталады.

Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түсіп тұр.

Ораза айт – 30 наурыз.

Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға келеді.

Bugin.kz

15 Oct, 13:04


⚡️ «Хуторлық Хасанның» ағасы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті

Ол бұл қызметте 2 жылдан аса отырған.

“Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, - делінген хабарламада.

Bugin.kz

15 Oct, 08:49


😱 Марқұм Шерзаттың өртенген үйінен заттай дәлелдер табылды

Материалды мына сілтемеден оқи аласыз.