Айбек, исламтанушы | 🎯 @aibekadilbek Channel on Telegram

Айбек, исламтанушы | 🎯

@aibekadilbek


🎓исламтану ғылымдарының магистрі
🎯 тұлғалық даму эксперті

• діни жүйелі білім беремін
• ислам призмасымен тұлғалық дамуға көмектесемін

Айбек, ислами наставник 🎯 (Kazakh)

Айбек, ислами наставник 🎯 телеграм каналы қандай? Ол - 🎓исламтанушы | магистр. Бұл каналда кез-келген проблеманың шешімі исламда бар, сол шешімді табуға көмектеседі. Айбек осы канал арқылы жаңа білімдерді және танымал білім алушыларды ислам діні туралы мағлұматпен толықтай көмек көрсетуші. Онда сіз танымал соғыс туралы хабарландырулар, діннің аспаптары, намаз жасау туралы нұсқалар және басқа көңілді мәліметтер таба аласыз.

Айбек, исламтанушы | 🎯

17 Feb, 16:22


🕋 Мекке қаласынан келген именной жайнамаздарға заказ қабылдаймыз.🤩

жақыныңызға Рамазан айына сыйлық жасағыңыз келсе таптырмас мүмкіндік.😇

📌 кез-келген есімді арабша әдемі етіп жазып береміз.

Қазір 42 жәйнамаз бар.
түстері фотода көрсетілген.

заказ және толық ақпарат үшін: ватсап(Есбол)

Айбек, исламтанушы | 🎯

16 Feb, 07:46


📌Рамазан айына бүгін уже 13-ақ күн қалыпты… 🌙

ойлап жүрмін, қалай осы Рамазанды өзім разы болатындай, прям 100%-ға өткізсем болады деп…

Көбінесе, Рамазан басталғанда энергичный болып мотивацияға толып алып, көөп жақсы амалдар жасап бастап, ортасына жетпей өшіп қалып жатамыз.

👉🏻Сол мотивацияны өшіріп алмай, дисциплинаны қосатын бір марафон ба жасасам деген ой келіп жатыр.

Қалай ойлайсыздар бұл қаншалықты керек продукт ??? Жауаптарыңызды күтемін👇🏻

Айбек, исламтанушы | 🎯

15 Feb, 11:15


Айбек, исламтанушы | 🎯 pinned «📌 канал бойынша навигация: үстін бассаңыз сол постқа барады:👇🏻 фатиха сүресі аср сүресі кәусәр сүресі Кәфирун сүресі қадір сүресі ықылас сүресі / ықылас сүресінің мағынасы нәс сүресі фәләқ сүресі аят әльКурси құныт дұғасы әттәхият дұғасы субхәнәкә…»

Айбек, исламтанушы | 🎯

15 Feb, 11:15


📌 канал бойынша навигация:

үстін бассаңыз сол постқа барады:👇🏻

фатиха сүресі

аср сүресі

кәусәр сүресі

Кәфирун сүресі

қадір сүресі

ықылас сүресі / ықылас сүресінің мағынасы

нәс сүресі

фәләқ сүресі

аят әльКурси

құныт дұғасы

әттәхият дұғасы

субхәнәкә дұғасы

рукуғтағы/ сәждедегі дұғалар

Роббәнә әтинә дұғасы

Аллаһумма салли/Аллаһумма бәрик

намаздан кейінгі дұға

сәйидул Истиғфар

қажет намазы

Истихара дұғасы (намазы)

керек мағлұматты төмендегі хештегтермен де іздесеңіз болады:

#сәһу #дәрет #ғұсыл #тест. #даналықтар #ойымғо #намаз

Айбек, исламтанушы | 🎯

13 Feb, 05:17


крайности...

📌дінді қатты ұстанып жүрген адамдар кейде алыстап кетіп жатқанын көреміз, неге?

Пайғамбарымыздың ﷺ хадисі бар:
اكلَفوا منَ العمَلِ ما تُطيقونَ فإنَّ اللَّهَ عزَّ وجلَّ لا يَملُّ حتَّى تَملُّوا وإنَّ أحبَّ الأعمالِ إلى اللَّهِ عزَّ وجلَّ أدوَمُهُ ، وإن قَلَّ

"өздеріңе шамаларың жететін амалды жүктеңдер, Алла амалдарыңа сауап беріп шаршамайды, сендер шаршап қаласыңдар (амалдарың көбейіп). Аллаға ең сүйікті амалдар, аз болса да тұрақты болғандары.

📌Парыз амалдар міндетті түрде атқарылуы керек.

бірақ әр парыздың қасында жүретін сүннет, мустахаб амалдар бар.

оған қоса қосымша ғибадаттар бар.

адамдар осы қосымшаға қатты беріліп шаршап қалып, түбінде парыздарын орындауда кемістік жасап жатады.

сондықтан, приоритет дұрыс болуы керек.

бір күні қааатты діндар болып, анау кәпір мынау харам деп, ертесі күні діннің атына кір келтіріп жүрсең дұрыс болмайды.

"Не надо ходить с одного края на другой, надо придерживаться золотой середины."

📌как сказано в аяте: 2:143



(п.с. тақырып өте ауқымды, сіздерді шаршатпайын деп барынша қысқаша жаздым, мүмкін аудио форматында қосымша ақпарат берермін. ин шәә Алла)

Айбек, исламтанушы | 🎯

12 Feb, 13:47


📌Бүгін Алматы облысында өрт болған мешітте болдық.

мешітте өрт болуы қиын жағдай.
бірақ,
сол жағадайдан кейін жамағаттың жиналып бір ауыздан мешітті қайта жөндеуге атсалысып жатқандары қатты қуантты.)

(біреуі ішін тазалап, екіншісі кілемін төсеп, біреуі ішін дұрыстап, қалғандар кезекпен жұмыскерлерге тамақ беріп жатыр екен....)

Алла мұсылман қоғамына бірлік берсін.

Айбек, исламтанушы | 🎯

04 Feb, 15:09


Ассаламу алейкум !!!

Ауырып қалып(қатты ауырып қалдымм), Муфтиятта жұмыс көбейіп контентке қолым жетпей жүр🥲)).

Айбек, исламтанушы | 🎯

29 Jan, 14:40


📌Құран курсына 20% жеңілдікпен 4 орын қалды.

Айбек, исламтанушы | 🎯

28 Jan, 12:34


Рамазан айына 31-ақ күн қалыпты.
“Неге адамдар Рамазанды өкінішпен өткізеді?”

Кеше ғана 2024-жылдың оразасынан өткендей едік. Осы жылдың оразасы мұрнымыздың ұшында тұр.🫣

📌Жыл сайын оразада адамдар өкінетін бірнеше себеп бар:
1. осы күнәмды тастағанымда ғой
2. Намаз бастап кеткенімде ғой
3. Ораза ұстадым бірақ - руханият дамуды сезінбедім…
4. Мешітте құран оқып отырғандарды, Рамазанда толық құран оқып шыққандарды көріп, мен де құран оқи алғанымда ғой
5. …
-деп неше түрлі өкінішпен өтетіндер көп.
Бәрімізде бір өкініш болады.

👉🏻Осы өкінішті азайту үшін - рамазанға алдын-ала дайындалу керек деп білемін:
1. Жаман әдетті тастағыңыз келсе қазір бастаңыз күресіп.
2. Намаз оқып кеткіңіз келсе қазір бастаңыз сүре, дұға жаттап.
3. Рухани даму үшін - қазірден күнәні азайтып, білім алып, ортаны ауыстырыңыз.
4. Құран оқып үйренгіңіз келсе қазір бастаңыз үйренуді.
Сонда өкініш болмайды.

Құран оқуды әлі білмейтіндерге өзімнің құран курсыма 20%-дық жеңілдікпен 20 орын ашамын. Бисмиллә деп сіз де құранға түсіп, құран түскен айды - “құранмен” өткізіңіз🫀.
Курсқа жазылу үшін - ватсап.

Жүректеріміз құранмен байланысқан құлдардан болуды Алла нәсіп етсін.🤲🏻

Айбек, исламтанушы | 🎯

24 Jan, 12:10


көөөп адам осыны оқығанда қателеседі)

дұрыс оқылуы керек па?

Айбек, исламтанушы | 🎯

22 Jan, 14:42


📌Истихара дұғасының арабшасы:

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ، وَأَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ، وَأَسْأَلُكَ مِنْ فَضْلِكَ العَظِيمِ، فَإِنَّكَ تَقْدِرُ وَلَا أَقْدِرُ، وَتَعْلَمُ وَلَا أَعْلَمُ، وَأَنْتَ عَلَّامُ الغُيُوبِ، اللَّهُمَّ إِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الأَمْرَ خَيْرٌ لِي فِي دِينِي وَمَعَاشِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي فَاقْدُرْهُ لِي، وَيَسِّرْهُ لِي، ثُمَّ بَارِكْ لِي فِيهِ، وَإِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الأَمْرَ شَرٌّ لِي فِي دِينِي وَمَعَاشِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي فَاصْرِفْهُ عَنِّي، وَاصْرِفْنِي عَنْهُ، وَاقْدُرْ لِيَ الخَيْرَ حَيْثُ كَانَ، ثُمَّ أَرْضِنِي بِهِ.

Қазақшасы:
«Уа, Алла! Шынымен, мен Сенен жақсылықты, күш-қуатты және кеңшілігіңді сұраймын. Өйткені менің шамам жетпейтін нәрсеге Сен құдіреттісің, мен білмейтін нәрсені Сен білушісің. Сен ғайыпты өте жақсы білесің. Уа, Алла! Егер осы (бастағалы тұрған) ісімді дінім, тіршілігім және ақыретім үшін қайырлы деп білсең, онда оны маған нәсіп қыл, аса қиындатпа, соңын берекелі ет! Ал егер осы ісімді дінім, тіршілігім және ақыретім үшін жаман деп білсең, онда мені ол істен, ол істі менен аулақ ет! Қай жерде болсам да, мен үшін жақсылығыңды жақын ет! Сосын мені (Сенің шешіміңе) разы қыл»

Транскрипция:
Аллаһумма иннии әстәхиирука би’имика, уә әстәқдирукә биқудротикә, уә әсәлука мин фадликәл-‘азим. Фә-иннака тақдиру уә лә әқдир, уә тә’ғламу уә лә а’ғлам, уә әнта ‘алләәмул-ғуюуб. Аллаһумма ин кунта тә’ғламу әннә һәәзә-л-әмро хойрун ли фи динии уә ма’ашии уә ‘ақибәти әмрии, фәқдурһу ли, уә йәссирһу лии, суммә бәәрик лии фииһ. Уә ин кунта та’ғламу әнна һәәза-л-әмро шәррун ли фи динии уә ма’ашии уә ’ақибәти әмрии, фасрифһу ’анни, уәсрфни ’анһу, уақдур лиәл-хойро хайсу кәәнә, суммә ардынии биһ.

#истихара@aibekadilbek

Айбек, исламтанушы | 🎯

21 Jan, 11:41


Истихара дұғасы, сөзбе-сөз мағынасы және жаттауға арналған аудио нұсқаулық.

#истихара@aibekadilbek
текст - төменде болады👇🏻

Айбек, исламтанушы | 🎯

20 Jan, 15:07


таңдау жасауда қателеспей, артынан өкінбей таңдау жасау үшін не істеу керек?!

видео 👈🏻

Айбек, исламтанушы | 🎯

16 Jan, 05:35


Ғаззадағы соғыс тоқтады деген хабар жетті! Бұл хабардың рас болуын әрі енді ешқашан соғыс болмауын тілейміз!

Мұсылманның қуанышына қуана алмаған, қайғысына ортақтаса алмаған өзінің иманына мән берсін!

Айбек, исламтанушы | 🎯

10 Jan, 13:49


Қалай ойлайсыздар?
Неге батыс дамып, мұсылмандар артта қалып қойды?

Айбек, исламтанушы | 🎯

09 Jan, 16:05


Олар құранды ақылға салып ойланбай ма? әлде жүректері құлыптаулы ма?... ❤️🔒

47:24

Айбек, исламтанушы | 🎯

08 Jan, 16:59


Сен түсініп, ойыңа сіңіруің керек болған нәрсе:

1. Алла тағала саған тек хайырлы болған нәселерді бұйырды.
2. Алла тағала сені тек сен үшін зиян болған нәрселерден тиды.

(П.с. Менің сөзім емес, ғалымдардың сөздері)

Айбек, исламтанушы | 🎯

07 Jan, 16:24


күнә жасағандағы, сенің ішкі дауысың:

қой тоқта!!!

қой!!!

....

Айбек, исламтанушы | 🎯

06 Jan, 15:15


📌көзіңіз ашылсын:

Алла бұйырған нәрсені істеу - ғибадат (құлшылық) болғандай,
Алла тыйған нәрсені істемеу де - ғибадат.


яғни, Алла сізге зинаға жолама деді.
1. сіз барсаңыз - күнә!
2. сіз жоламасаңыз - сауап.

сол сияқты бұйырған нәрсені орындамау да - күнә. 🫣

теңгенің 2 жағы бар)...

Айбек, исламтанушы | 🎯

05 Jan, 15:14


Алланың жомарттығына таң қаласың...)🤩

Пайғамбарымыз ﷺ айтады:
من دلَّ على خير، فله أجر فاعله

"Жақсылыққа сілтеушіге, істеушіге берілгендей сауап беріледі". (Муслим риуаят етеді)

ойлаңызшы сіз бір кісіге намаз оқуға кеңес бердіңіз, ол намаз оқып, дінде дамып ұстаз болып көөөп шәкірт тәрбиеледі...

хадиске сай, сізге сол жақсылықтарды істеушіге берілгендей сауап беріледі ғой...

[негізі сен қатты шаршамадың ғо🤓, но көөөп сауап алдың))]

Алла баршамызды жақсылыққа шақырушылардан етсін🤲🏻

Айбек, исламтанушы | 🎯

31 Dec, 08:42


"Ажырасамыз"- деп айтатып бірақ ол сөзді елемей жүрген ерлі-зайыптылар қаншама...

фиқһ кітаптарында "талақ" түсуі үшін тек талақ деп айтудың қажеті жоқ екендігі.
әрі талақ мағынасы көзделіп айтылған кез-келген сөз арқылы түсетіні айтылады.

шариғатымызда: өтірігі де шын, шыны да шын мәселенің бірі осы талақ.

адам ойнап талақ деп айтса да талақ түседі.

📌сондықтан құрметті ЕРКЕКТЕР.
ашуландым, ренжідім екен деп ауызыңызға келген сөзді айтып, артынан бармақ шайнап отырмаңыз.

сіз өз жұбайыңызға байқамай 3 талақ беріп, бірақ оны білмей, әрі қарай тұрып жатқаныңыз зина болса ше?! абайлаңыз!

Талақ сүресінде Алла тағала, Өзінен қорқуды қайта қайта айтады.

Талақ деген өте нәзік мәселе. Сондықтан оны ЕРКЕКтерге берген.

п.с.
соңғы кезде осы жағдай көп орын алуда, консультацияға да келіп жүр осы мәселемен...

Айбек, исламтанушы | 🎯

12 Dec, 08:15


📌Түрік мықты болуы үшін араб нашар болуы шарт емес...

біреулер қазақты көтеру үшін өзге ұлтты түсіріп, жекіп сөз сөйлейді...

бұнысы - надандық...

әр ұлттың өзіндік мықты тұлғалары бар соны ұмытпайық)

(п.с. бүгін бір кісінің сөзін естіп осы пост шықты)

Айбек, исламтанушы | 🎯

11 Dec, 06:09


📌Интернет желісінде "ҚМДБ қалың мал мен мәһрды біріктірді" , "Мәһрды алып тастады" - деген сөздер өте кең тарап жүрғой.

олай айту - жала.
Алладан қорқсын айтып жүрген адам.


ҚМДБ егер қыз разы болса қалың малды -> мәһр ретінде санауға болады деген пәтуа шығарды.

Мәһрды алып тастады дейміз деп үлкен күнәға батып қалмаңыз)...🤫

кезінде Омар (р.а.) мәһрге қатысты құтпасында не болғанын білетін шығарсыздар?!)🤓

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

13 Nov, 13:08


🥲біз нәпсіміздің жетегінде еріп кеткеніміз сонша, нәпсімізге ұнайтын діни ескертулерді естісек рақаттанамыз.

нәпсімізге ұнамайтынын естісек тыңдағымыз келмейді, тәкәппарланып шығамыз.

📌біліп қояйық, хақ дін сенің нәпсіңе қарамайды. Саған ұнасы ұнамасын әр жақсылық үшін сауап, әр күнә үшін жаза бар.
жәннәт хақ болғаны сияқты, тозақ та хақ.☝🏻

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

11 Nov, 15:29


мен үшін өте ерекше әсер еткен есім.

кері байланыс беруді ұмытпаймыз)

#99есім@aibekadilbek

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

08 Nov, 13:10


патшалық туралы жақсы айтылды
#99есім

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

07 Nov, 15:02


2.1 Алла Тағаланың Ар-Рахман, Ар-Рахим есімдеріне қатысты сұрақ:

Алланың мейірімі болса неге жерде ауру-сырқат, қиындықтар бар?

#99есім

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

06 Nov, 12:50


Алланың Ар-Рахман, Ар-Рахим есімдерінің қандай ерекшелігі бар?

ол есімдермен қалай амал етеміз?

кері байланыс беріп өтсеңіз)🙂

#99есім

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

05 Nov, 14:06


📌орындар:
тегін: аяқталды
жеңілдікпен: 3

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

05 Nov, 12:23


Аллаға махаббат деген не? ❤️
Бүгін бір рилста Аллаға махаббат дегенді көріп ойланып кеттім
Аллаға даген махаббаттың мәнін түсіну үшін бірінші махаббаттың мәнін түсіну керек деп ойлаймын.

📌Қағида бар: من أحب شيء أكثر من ذكره
“Кім нені жақсы көрсе оны көп ойлайды”..

🤔Егер сіз біреуді (ұлды, қызды) жақсы көрсеңіз сіздің жағдайыңыз қандай болады…

👩🏻‍❤️‍👨🏻Оны көп ойлайсыз, кездесуге асығасыз, бірге өткізген әр сәттен ләззәт аласыз, кездесудің аяқталуын қаламайсыз…

❣️Енді Алланы жақсы көруді ойлап көрейік…
- сіз Оны көп ойлайсыз ба?
- кездесуге асығасыз ба? (Намаздар)
- тек Оған арналған уақытыңыз бар ма?
- Оның сізге айтқан сөздерін(құран)тыңдайсыз ба/оқисыз ба?
… әлі қанша сұрақтар қоюға болады ия?

Аллаға деген махаббатымыздың шынайылығы осы сұрақтарға ИЯ-деп жауап беру деп білемін…

бонус🎁
Егер Аллаға деген махаббатыңызды арттыруға қадам жасаймын десеңіздер құран курсына жеңілдікпен әлі 7 орын бар

2 жақсылықты бір оқпен атыңыз))) ватсап

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

05 Nov, 04:49


Алланың көркем есімдеріне байланысты Имам Ғазалидің еңбегінен сіздерге аударма.

Алланың бірінші АЛЛА есіміне түсіндірме.

тыңдап көріңіздер өөөте керемет дүние айтады.🤓

#99есім

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

04 Nov, 05:18


Ассаламу алейкум!!!

байқасаңыздар каналдың аты сәл өзгерді.

неге олай болып кетті деген қызық тболса)🤓

маған қызық 2 тақырып бар өзі.
1-Ислам, 2-тұлғалық даму.

ислам бойынша академиялық білім алдық шүкір).

тұлғалық даму бойынша білім алып, практикада, әрі консультациялар(коучинг) өткізіп жүргеніме де 2 жыл болыпты.

мен телеграмда көбіне тек ислами контент жасайтын болғандықтан 2-бағыт аздап қалып қойды.

болашақта осы екі бағытты қатар алып жүрсем деген ниетім бар...

дұға етіп қойыңыздар🎯

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

01 Nov, 05:42


әр әлсіз таңдау өз артынан тағы бір әлсіздікті әкеледі.

әр мықты таңдау өз артынан тағы бір мықтылықты әкеледі.


бұл сөздердің тәпсірі аудио форматында шығады)🤓
ин шәә Алла

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

31 Oct, 14:01


📌Өкінішке орай, көп адам тегін екен деп жазылып бірақ курсты оқымайды.🥲 Сол нәрсенің алдын алу үшін тегін сабаққа 2 шартпен қабылдайтынымды білесіздер.

1-шарт, НИЕТ. Сіз 45 сабақты 2 ай ішінде қарап максималды түрде активность таныта алуыңыз керек. Егер ол шартқа сай келмесеңіз басқа қатысатын адамның орынын алмаңыз.

2-шарт, сіздің қаржылық жағдайыңыз бұл курсты 7990тг-ге сатып алуға жетпеуі керек.

Егер қаражатыңыз жететін болса ақылы қатысыңыз.


• Сабақтарға ерлер де/ханымдар да қатыса алады.

деңгей:
бұл курстың деңгейі - 0-ден құранға түсіп оқығанша.
тәжуид келесі деңгей.

сабақ форматы:
- видеосабақтарға негізделген, кез-келген уақытта қарай аласыз

-сабақтар телеграм платформасында

- сабақтар саны 45
- ұзақтығы 5-20минут

кері байланысты тапсырмаларды орындау арқылы алып отырасыз
әсіресе аудио тапсырмалар бар, оқып жібересіз біз тексеріп, дұрыс/қатесін айтамыз.

📌Тегін қатысу үшін сілтемеден өтіңіз: 👉🏻ватсап👈🏻

📌Ақылы(жеңілдікпен) қатысу үшін сілтемеден өтіңіз: 👉🏻ватсап👈🏻

жалпы орындар саны:
- тегін: 30
- жеңілдікпен: 20

Орындардың мониторингі келесі постта болады.

Айбек, исламтанушы | коуч 🎯

31 Oct, 09:09


Аннонс, бүгін құраннан тегін сабақтарға тағы орындар ашамын.

20-30 шақты адам ғана қабылданады.

Әрі, жеңілдікпен ақылы сабақтарға қатысу мүмкіндігі болады.

Өткізіп алмаңыз !!!

Бүгін сағат 19:00-де тіркелу басталады.

Айбек, ислами наставник 🎯

30 Oct, 12:53


Үстіндегі оқиғаның біздің өмірімізге, әсіресе ислами тақырыптарға қандай қатысы бар?

📖Құранды оқып, оның мағынасына ой жүгіртсеңіз Қиямет күні, Тозақ пен Жәннәт туралы аяттар қайта-қайта кездеседі. 🔁
(Қайта-қайта қайталанатын тақырыптар көп, мысал ретінде біреуін алдым)

🧠Неге 1-ақ рет айтып қоя салмады ???

Мәселе, қияметті және ол жақтағы нәрселерді как данность ретінде қабылдауда емес
Мәселе,
1. адамның құранмен қарым-қатынас жасау арқылы өзінің мақсаттарын үнемі есінде ұстауы.
2. қайда бара жатқанын нақты сезінуі, соған сай амал етуі.

Адам баласы табиғатынан ұмытшақ болып есептеледі, сондықтан да оған үнемі ол нәрселер айтылып отыруы керек, болмаса ұмытып кетеді…

📌Қорытынды,
1. Құран оқып мағынасына ой жүгіртсеңіз Алла өзі сізді тура жолға бағыттайды, себебі құран кемел кітап, ол сізді тура жолға бағыттау үшін түсірілген.

2. Дүниелік әрі Ақыреттік мақсаттарыңыз нақты әрі көз алдыңызда болсын болмаса ұмытып кетесіз.

3. Дінге қызмет етіп жүреңіз, шаршап жатсаңыз есіңізде болсын Алла амалдарыңызды еселеп ақысын береді. (Діни қызметте жүргендерде сынақ көп болады) Алла сауаптан жазсын)

4. Сізді біреу қайта-қайта дінге шақырса, ескерту жасаса, ренжімеңіз, қайта қуанып амал етіңіз🙃

тақырыпты аша алдық па?🤓

Айбек, ислами наставник 🎯

30 Oct, 08:06


📌Бүгін кітап оқып отырып қызық оқиғаға тап болдым.
🏊🏻‍♀️
Қысқаша, американдық жүзуші ханым Флоренс Чадвик ұзақ қашықтықтарды жүзіп бағындырып рекордтар қоюмен айналысады. Солай бір күні Калифорния штатында суық мұзды өзенді бағындыру барысында 15 сағат жүзеді. Айнала тұман болғандықтан алды арты көрінбейді.

Қатты қиналғаннан жаттықтырушысы, ата-анасының айтқанына қарамай жүзуді тоқтатады.

Қараса сондағысы жарты миль қашықтық қалыпты. Ол деген: шамамен 800 метр біздің есеппен.

⌛️Негізі 15 сағат мұзды суда жүзген адам үшін қалған 800 метрді жүзіп өту аса қиын тапсырма емесқо бірақ не болды ??

Өзінің сөзі бойынша, қалың тұман себепті жағалуға сонша жақын екенін көрмеген, сондықтан жүзуді тоқтатқан екен…

Енді осы жерде бұл оқиғаның біздің ислам тақырыптарымен қандай қатысы бар ? Әзірге ойланып көріңіздер, жалғасын саламын))🤔

Айбек, ислами наставник 🎯

29 Oct, 15:03


Ибн Масғуд (Алла одан разы болсын) айтады: “Мен не дүние шаруасында амал етпей, не ақыретіне амал етпей адамның құр-босқа жүргенін ұнатпаймын

📌Даналықтар:
1. Уақытты босқа жібермеу
2. Дүние табу үшін де амал ету керек, бірақ ізінен қуып кетпей, жүрекке кіргізбей
3. Ақырет үшін міндетті түрде амал ету керек, көбіміз осы өмір тіршілігі үшін амал етуді білеміз бірақ ақыретті ұмытпау керек.

Сізде қалай әсер етті бұл сөздер ?!

Айбек, ислами наставник 🎯

14 Oct, 07:42


Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рахымына алсын) телеграм каналындағы жазбалар мен аудармалардың жиынтығы. PDF форматта. Тегін.

Айбек, ислами наставник 🎯

30 Sep, 09:21


📌Уақытың үшін 2 рет сұраласың, қалай?

Пайғамбарымыздан ﷺ жеткен хадис бар: қиямет күнінде адам мына 4 нәрседен сұралмай тұрып бір қадам алға жылжымайтыны туралы.

1. Өміріңді не нәрсеген жұмсадың ?
2. Жастық шағыңды не нәрсеге құрттың ?
3. Қайдан мал тауып, қайда құрттың ?
4. Біліміңе немен(қалай) амал еттің ?

🤔Қарап отырсақ бірінші және екінші пункт біздің уақытымызбен тығыз байлансты. Қазіргі заманда адам уақытын дұрыс жоспарламаса дұрыс емес бағытта кетіп қалары сөзсіз.

Сондықтан уақыттарыңызға өөөөөте абай болыңыздар…. Әсіресе жастық шаққа…. Бұл сіздің үлкееен потенциалыңызға толы уақыт… оны босқа құртып соңынан қапыға қалмаңыз !!!!!!

Айбек, ислами наставник 🎯

06 Sep, 12:34


📍харамнан желінген мал адамды харам істерге алып барады, сондықтан харамнан жеуден аулақ болайық.

Айбек, ислами наставник 🎯

20 Aug, 15:03


💔Иманым әлсіреп кетті…

Дәл осы сезімді бәріміз басымыздан өткізген шығармыз. Кей күнәлар немесе парыздарды дұрыс атқармау (т.б.) себеп иманымыздың нұры әлсіреп өзімізді жаман сезініп жатамыз.

📌Негізі бұл - нормально. Тек иманның нұры әлсірегенде сіз еш амал жасамай әрі қарай оны сөндіре бермесеңіз.

Көбіміздің намазды тастап кетуіміз😿, жаман әдеттерге салынуымыздың бәрі осы іштегі иманның нұрының әлсіреуінде жатыр…

Егер сізде осы иманның әлсіреуі сезімі болып жатса тезірек амал етіп бастау керек. Әйтпесе Алла сізді көтерген, бастаған тура жолдан адасып.
Қараңғылыққа батып кетуіңіз мүмкін.

Бұнай кезде не істеу керек?👇🏻

1. Иманның нұрын әлсіреткен амалдарды(күнәларды) тоқтату.
2. Жақсы амалдар жасау, нәпсіге өте ауыр болады.
3. Ортаңызға мән беріңіз, керек болса ауыстырыңыз

4. Құран оқыңыз, тыңдаңыз. Бұл да нәпсіге ауыр тиеді бірақ өте эффективно. Себебі құранда Алла тағала осы құранның кеудедегіге шипа екендігін айтады.

Егер құранмен еш байланысыңыз болмаса, оқи алмасаңыз, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, әлі жеңілдікпен орындар бар.

Жазылу үшін: 👉🏻ватсап👈🏻

Айбек, ислами наставник 🎯

19 Aug, 14:58


бүгінгі обновление)🙌🏻

тегін қатысушылар: орын толды
жеңілдікпен: 31

Айбек, ислами наставник 🎯

18 Aug, 12:24


Мен өзімнің курсыма қатысуды саны бар сапасы жоқ, басы бар аяғы жоқ болғанын қаламаймын. Сондықтан 50 адамды 2 шартпен (тегін) қабыдаймын деп шештім.

1-шарт, НИЕТ. Сіз 45 сабақты 2 ай ішінде қарап максималды түрде активность таныта алуыңыз керек. Егер ол шартқа сай келмесеңіз басқа қатысатын адамның орынын алмаңыз.

2-шарт, сіздің қаржылық жағдайыңыз бұл курсты 7990тг-ге сатып алуға жетпеуі керек.
Тегін орындардан бөлек ақылы 50 адамды қабылай аламын. Егер қаражатыңыз жететін болса ақылы қатысыңыз.

(Оқымайтын болсаңыз, тегін екен деп, біреудің орынын алып ақысына кірмеңіз)

📌Тегін қатысу үшін сілтемеден өтіңіз: 👉🏻ватсап👈🏻

📌Ақылы(жеңілдікпен) қатысу үшін сілтемеден өтіңіз: 👉🏻ватсап👈🏻

Орындардың мониторингі келесі постта болады.
Сабақтарға ерлер де/ханымдар да қатыса алады.

Айбек, ислами наставник 🎯

18 Aug, 12:00


Ассаламу алейкум …
құран курстарына тегін қатыстырамын деп пост шығарып едім, көп адам ниет білдіріпті. Келесі постта тегін қатысудың шарттары болады. Тек 50 адам қатыса алады соған мән беріңіздер)))📌

Айбек, ислами наставник 🎯

15 Aug, 04:32


📿Истиғфар - туралы не білесіз?

Пайғамбарымыз ﷺ бүкіл күнәләрі кешірілген болуына қарамастан күніне 100 рет истиғфар айтатын болған.

неге олай жасайсыз деп сұралғанда?
- Шүкіршіл құлдардың қатарынан болмаймын ба?! - деп жауап берген.

Истиғфар - Алладан кешірім тілеу.

Әстәғфируллаһ - أستغفرالله -

ал үстіндегі посттағы күнделікті таңда н/е кеште шын сеніп Сәйидул истиғфар арқылы дұға етіп күндіз н/е түнде жан тапсырсаңыз Жәннәт иелерінен боласыз...(хадис)

Айбек, ислами наставник 🎯

03 Aug, 13:49


Ассаламу алейкум !!!
Білесіздер менің құран үйренуге арналған мощный курсым бар. Соны тегін берсем қалай болады екен деген ой💭 болып жатыр. (Бұл курсты дайындауға өте көп күш кетті негізі)

- Бірақ тегінді көп адам бағаламайды. Сіздердің араларыңызда қанша адам бар екен үйренуге ниетті, егер тегінді үйрене аламыз деген шешімдеріңізді көрсем бере алатын сияқтымын.

Үйрене аласыздар ма тегін ??🤔

Айбек, ислами наставник 🎯

30 Jul, 15:14


📌 канал бойынша навигация:

үстін бассаңыз сол постқа барады:👇🏻

фатиха сүресі

аср сүресі

кәусәр сүресі

Кәфирун сүресі

қадір сүресі

ықылас сүресі / ықылас сүресінің мағынасы

нәс сүресі

фәләқ сүресі

аят әльКурси

құныт дұғасы

әттәхият дұғасы

субхәнәкә дұғасы

рукуғтағы/ сәждедегі дұғалар

Роббәнә әтинә дұғасы

Аллаһумма салли/Аллаһумма бәрик

намаздан кейінгі дұға

сәйидул Истиғфар

қажет намазы

керек мағлұматты төмендегі хештегтермен де іздесеңіз болады:

#сәһу #дәрет #ғұсыл #тест. #даналықтар #ойымғо #намаз

Айбек, ислами наставник 🎯

22 Jul, 07:21


бүгін таңертең ғана өлім туралы ойлап кетіп едім.

расымен де, өліп кетсең ше...
соонша жоспарың, арман-мақсатың бәрі бітті.

қияметің басталды.🤐

Ұстазды Алла рақымына алсын. Аз өмір сүрсе де сапалы өмір сүрді...

Айбек, ислами наставник 🎯

21 Jul, 17:19


Құранның адамды өзгертуі

Айбек, ислами наставник 🎯

21 Jul, 16:22


Ассаламу алейкум !!!
Алматы қаласында офисі бар кісілер болса маған жекеме хабарласа аласыздар ма?

Күнделікті жұмыстарымды істеуге офис керек болып жатыр.

@aibekadilbekov 👈🏻осында жазсаңыздар болады..

Айбек, ислами наставник 🎯

19 Jul, 11:23


жұма күні оқу сүннет болған Кәһф сүресінің даналықтарынан хабардарсыз ба?

👇🏻Сіздерге Кәһф сүресінен бір қызық даналықпен бөліспекпін. Кәһф сүресінде Муса (а.с.) Алла тағала ілім мен даналық берген кісіден (Қыдыр а.с.) білім үйренгісі келеді.

🎥Муса пайғамбар мен Қыдыр (а.с.) сапарларында 3 түрлі оқиға болады:
1. Қыдыр (а.с.) теңізде амал ететін адамның кемесін тесіп тастайды.
2. Қыдыр (а.с.) бір баланы өлтіреді.
3. Олар (а.с.) шаршап келіп тамақ сұрағанда бас тартқан ауылдағы, 2 жетім баланың құлағалы тұрған дуалын(стена) қайта тұрғызады (жөндейді).

Неге бұл нәрселері жасағанын соңынан түсіндіргенде:
1. Кемені теңіздің артқы жағынадғы патша кемесін тартып алмасын деп тескенін, патша армия жинап жатып кемелерді тартып алып жатқанын айтады.
2. Жас баланы өлтіруінің себебі, әке-шешесі салиқалы адамдар, ал бала өссе оларды тыңдамайтын қатыгез адам болатынын, ол баланың орынын Алла тағала жақсырақ баламен ауыстыратынын айтады.
3. Неге дуалды қайта тұрғызды десе, бұл әке-шешсі салиқалы ( болған екі жетім баланың дуалы, оның астында олардың қазыналары бар, Алла тағала бұлардың ер жетіп, сосын ол қазынаны шығаруды қалады деп айтады.
(18:60-82)

📌Бұл оқиғаның даналығы,
- қазір сізге ұнамсыз болып көрінген нәрседе басқа сіз білмейтін үлкееен хайыр болуы мүмкін соны біліңіз, әрі сеніңіз.

-Алла тағала сіздің тағдырыңызға сізге хайырсыз болған нәрсені жазбайды сондықтан, әр нәрседен бір жақсылық көріп үйреніңіз.

-Қиындықтар сізді сындырмасын, керісінше даналығыңызды арттырсын…

(Пост шектен тыс үлкен болып кетпесін деп, қысқаша айттым. Бұл оқиғалармен таныс па едіңіз, кері байланыс күтемін.🧠)

Айбек, ислами наставник 🎯

18 Jul, 11:04


📍намаз - байланыс

намаз ол сіздің діндегі түсінігіңіз, сезімдеріңіз, Алламен байланысыңыз.

қалай?

намаз бастауға дейін адам діннен дым түсінбейді, сезінуі де қиын...

ал, намаз бастаған соң діни түсінігі де дамып, көзі ашылады...

сондықтан-да намаз өте маңызды...

📍намаз - сенің исламмен, Алламен байланысың.

намаз жоқ = байланыс жоқ..

Айбек, ислами наставник 🎯

10 Jul, 09:34


🚨қабірде қойылатын 3 сұрақтың бірі: Раббың кім?

- бұл сұрақты қазір өзіңізге қойып ойланып көріңізші.
Раббыңыз кім?
танисыз ба Раббыңызды?

Айбек, ислами наставник 🎯

08 Jul, 11:48


құранның жүрекке әсері?
жүрегім қатайып кетсе не істеймін?
(0-ден құранға түсу курсынан үзінді)

Айбек, ислами наставник 🎯

24 Jun, 11:47


Проблемаң көбейіп кетіп шығар жол таппай жүрсең, не істеу керек?

Өзіме кеңесім, әрі тәжірибемнен өткен:

📌Негіз: Біз білуіміз, миымызда сенуіміз қажет болған мәселе: барлық істі реттеуші Алла тағала. Бұл істеріңіздің реттеуліңінің негізі болмақ.

Бірінші қадам, Алланың көркем есімдерін айтыңыз, сезініңіз, осы есімдерді әсіресе көп еске алыңыз: “Әл-Һәди, Әр-Рашид, Әл-Фәттәх, Әл-Хәкәм, Әл-Мужиб, Әл-Хәким, Әл-Уәли, Әл-Мубди, Әл-Муғид, Әл-Хәйй, Әл-Қайюм, Әл-Жәмиғ, Ән-Нур”…

Екінші қадам, дұғалар, Йәә Хәйю, Йә Қойюм бирахматикә Әстәғис, Әслих лии шәнии кулләһ, уә ләә тәкилнии иләә нәфси торфәтә айн.
Истихара дұғасын да оқысаңыз болады.

Арабшасы: يا حي يا قيوم برحمتك أستغيث أصلح لي شأني كله ولا تكلني إلا نفسي طرفة عين

мағынасы:
Уа Хәйй (мәңгі тірі), уа Қайюм (Өздігінен тұрушы) Сенің мейіріміңмен жәрдем сұраймын, менің істерімнің бәрін жақылап реттестірші және мені бір сәтке өзіме қалдырмашы.🤲🏻

Үшінші қадам, истиғфар. Истиғфар есіктерді ашады.

Төртінші қадам, өзіңізді реттеуден бастаңыз. Шаш, киім, үй барлығын реттеңіз, стресстен арылуға көмектеседі. Әрі өзіңізді жақсырақ сезінетін боласыз.

Бесінші қадам, миыңыздағы уайым, түсініксіз ойлардың барлығын қағаз бетіне шығарғаныңыз дұрыс.

Алтыншы қадам, оңаша қалып сол ойларды, уайымдарды реттеудің ең дұрыс жолын ойланыңыз. Ақылдасатын адамдар тізімін шығарыңыз.

Жетінші қадам, жоспар бойынша амалға кірісіңіз…

Бұндай жағдайдан уайымсыз өтудің жолы — тағдырға деген иманның нық болуы. Алла жазған тағдырыңыздағы оқиғалар міндетті түрде орындалады (57:23 аятты қараңыз.)

(Пайдалы болса, реакция білдіріп достарыңызға бөлісіңіз)