ZTB - Қазақша жаңалықтар @ztb_qazaq Channel on Telegram

ZTB - Қазақша жаңалықтар

@ztb_qazaq


Қазақ тіліндегі жаңалықтар

ZTB - Қазақша жаңалықтар (Kazakh)

ZTB - Қазақша жаңалықтар телеграм каналы Қазақстан мендегі жаңалықтардың тіпті хабарлары мен хабарландыруларымен толтырылады. Бұл канал Қазақ тілінде бағдарламалық жаңалықтарды үйрену мен оның барлық жаңалықтарын білу үшін қолданылады. ZTB - Қазақша жаңалықтар каналы алғаш рет келген адамдар, оқушылар, желілер мен журналисттер үшін қажетті жаңалықтар мен білдірмелер бар. Осы каналда қазақ культурасының және саясатының арнайы ақпараттары жіберіледі. Бұл каналды іздеп жаңалықтарды жеке тілде оқуға болады. Қазақ тілінде мазмұнының арқылы, оқушыларға екі-тілді білім арттыруға көмектеседі. ZTB - Қазақша жаңалықтар каналындағы хабарлар кездесетін салыстырмаға мысал қалпырақтайтын проблемаларды талдаулап, жаңа жаңалықтар жасауға мүмкіндік береді. Осы каналды пайдалану арқылы қазақ тілінде хабарлану үшін жаңа үздіктер мен білім арттыру мүмкіндігі бар. Сіз де ZTB - Қазақша жаңалықтар каналына қосылыңыз, қазақ тілінде жаңа білім алыңыз!

ZTB - Қазақша жаңалықтар

31 Dec, 15:23


🎄ZTB NEWS редакциясының атынан өткен жылды қорытындылап, сіздерді, құрметті ақпараттық жобамыздың оқырмандарын келе жатқан 2025 жылмен құттықтаймыз!

@ztb_qaz

ZTB - Қазақша жаңалықтар

29 Dec, 05:47


❗️Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында 181 адам (175 жолаушы және 6 экипаж мүшесі) болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, тек екі адам аман қалған.

Jeju Air әуе кемесі Бангкоктан ұшып келе жатқан. Сеулден 288 км қашықтықта орналасқан Муан әуежайына қонған кезде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, қоршауға соғылған. Осыдан кейін өрт шықты.

Жолаушылардың көп бөлігі, 173 адам - Оңтүстік Корея азаматтары, тағы екеуі Таиланд азаматтары.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ құстардың соқтығысуынан басқаруды жоғалтуы мүмкін.

Тергеу басталды.

@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

27 Dec, 06:40


📹Мейлі әскерден қашсын, бірақ былай күш көрсету дұрыс емес секілді.

Бұған Ақтөбе облысының Полиция департаменті қандай пікір білдірер екен?

@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

27 Dec, 05:35


🇷🇺Путин «2025 жылы соғыс аяқталады ма?» деген сұраққа жауап берді.

@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

26 Dec, 10:31


🇦🇿 Bu gün Azərbaycanda Aktauda baş vermiş təyyarə qəzasında həlak olanların əziz xatirəsinə ehtiram və hörmət əlaməti olaraq matəm günüdür. Bütün ölkə əhalisi qəm-qüssə və kədər içindədir. ZTB NEWS redaksiyası həlak olanların ailələrinə və yaxınlarına başsağlığı verir. Qazaxıstan qardaş Azərbaycan xalqının kədərini bölüşür.

🇰🇿 Бүгін Әзербайжанда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу ретінде аза тұту күні. Осыған байланысты елде барлық мәдени шара тоқтатылды. Телеарналар хабар тарату кестесіне өзгерістер енгізді. Мешіттерде марқұмдарды еске алу рәсімі өтіп жатыр. Елдің бүкіл халқы қайғыға батты.

ZTB NEWS редакциясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қазақстан бауырлас Әзірбайжан халқының қайғысына ортақ.

@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

26 Dec, 04:20


Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі кеше болған ұшақ апатынан қаза тапқан отандастарымыздың есімдерін жариялады.

▪️Тулесинов Сандибек Екібайұлы, 16.11.1988 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.

▪️Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 жылы туған, Маңғыстау облысының тумасы, Жаңаөзен қаласында тұрған.

▪️Маңғыстау облысының тумасы, 12.01.1978 ж. т. Махмудова Галина Растамбековна Ақтау қаласында тұрды.

▪️Гаухар Жұмағатқызы Шаймерденова, 17.07.1975 жылы туған, Алматы қаласының тумасы, Астана қаласында тұрған.

▪️және Г. Шаймерденованың ұлы - Жұмағат Эльдар, 23.08.2013 Ж. Т., Астана қаласында тұрды.

▪️Джутаева Салима Аманжоловна, 21.02.1995 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, Қарағанды қаласында тұрған.

@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

26 Dec, 04:12


🥀Әзірбайжанда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандар үшін аза тұту күні басталды.

Кеше Баку-Грозный бағытымен бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы Ақтауда апатқа ұшырады. Құлағаннан кейін әуе кемесі өртеніп кетті.

Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға құстар тобының соқтығысуы себеп болуы мүмкін.

Қылмыстық іс қозғалды. Ұшақ апатының себептерін тергеу үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Бортта 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болды. 29 адам, оның ішінде екі бала аман қалды.

ZTB NEWS редакциясы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

ZTB - Қазақша жаңалықтар

25 Dec, 08:18


🚑Ақтаудағы ZTB-ның оқырмандары жолдарда жедел жәрдем көліктерінің көп екенін хабарлауда. Дәрігерлер ұшақ құлаған жерге аттануда.

@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

25 Dec, 08:15


⚡️Ұшақ бортында 6 қазақстандық болған

Алдын ала ақпаратына сәйкес бортта 6 - Қазақстан, 37 - Әзербайжан, 3 - Қырғызстан, 16 - Ресей азаматы болған.


@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

25 Dec, 07:52


✈️Апатқа ұшыраған ұшақтың бортында болған адамдардың тізімі

@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

25 Dec, 07:50


⚡️Аман қалған 12 адам ауруханаға жеткізілді

Көлік министрлігі жолаушылар саны туралы ақпаратты нақтылады:

Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.

@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

24 Dec, 09:38


Mycar.kz жаңа автокөліктер маркетплейсі 1000-шы сатып алушымен толығып, айтарлықтай нәтижеге жетті. Бақытты жан - Ақмола облысы, Щучинск қаласының тұрғыны Виталий Комов.

"Таныстарымыз бізге Mycar.kz сайтынан көліктерді онлайн қарауды ұсынды. Жексенбі күні бойы жаңа көліктерді зерттеп, кешке несиеге сатып алу өтінішін қалдырдық. Ал сейсенбі күні біз жаңа көлікті мемлекеттік нөмірімен және техпаспортпен Астанадағы автоорталықтан алып кеттік! Бұл өте ыңғайлы және жылдам болды. Біз Mycar.kz-тің мыңыншы онлайн сатып алушысы ретінде жаңа телефонға да ие болдық!".

"Mycar.kz қосымшасында Hyundai, Subaru, Chery, Changan, Haval, Tank және GWM сынды жеті танымал бренд қолжетімді. Қосымшада бренд пен модельді таңдау, қажет болса, 8 түрлі банктен автонесиеге мақұлдау алу, верификациядан өту және бар болғаны 25 минут ішінде барлық қажетті құжаттарға қол қоюға болады. Клиенттерімізге көлік толық ресімделіп, мемлекеттік нөмірімен тапсырылады. Егер сатып алу Mycar.kz арқылы несиеге жасалса, автонесиені рәсімдеу мен көлікті кепілге қою сияқты барлық рәсімдер процеске енеді", – деді, Mycar.kz өнімдер жөніндегі директоры Диас Мұхамедиев.
 
Серіктестік материал

ZTB - Қазақша жаңалықтар

28 Oct, 11:35


🇰🇿🇲🇳Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді.

Мемлекет басшысының бұл сапарының маңызы зор, себебі ол соңғы рет Ұлан-Баторға 16 жыл бұрын келген. Бұл Тоқаевтың Моңғолияға Қазақстан Республикасының Президенті ретінде алғаш рет келіп отырғанын білдіреді.

Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

28 Oct, 09:45


Ақтау қаласында сұйытылған газдың жетіспеушілігі байқалады. Көлік жүргізушілер бұл проблеманың бір апта бұрын басталғанын айтуда. Толығырақ сілтеме бойынша оқыңыз👇🏼

https://ztb.kz/aqtauda-suiytylgan-gaz-tapsylygy-baiqalady

ZTB - Қазақша жаңалықтар

12 Oct, 08:27


📸Марқұм Шерзаттың өртенген үйінің қазіргі күйі қандай

Аймақ қоршауға алынды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жүр.

Үйден ештеңе қалмады...түгелдей жанып кетті...

@ztb_qazaq

ZTB - Қазақша жаңалықтар

11 Oct, 07:16


😔Қостанай облысында жер үйде 5 бала өртеніп кетті

Жітіқара қаласында өрт пен үйдің шатырының опырылуы салдарынан қараусыз қалған бес бала қаза тапты. Сонымен қатар, қылмыстық істі тергеудің барысы Бас прокурордың бақылауына алынды.

Қайғылы оқиға түнде болған. Үй шатыры опырылып құлаған кезде онда ересектердің қарауынсыз қалған 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазалау кезінде бес баланың денесі табылды. 2011 жылы туған балалардың үлкені зардап шеккен жоқ.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық зерттеу тағайындалды. Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.

Жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті көмек көрсетеді.

@ztb_qazaq