018.KZ — ABAI AQPARAT @abaiaqparatkz Channel on Telegram

018.KZ — ABAI AQPARAT

@abaiaqparatkz


018.KZ — ABAI AQPARAT - Абай облысының басты ақпарат алаңы

https://018.kz/

instagram.com/abaiaqparatkz

https://www.facebook.com/groups/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT (Kazakh)

018.KZ — ABAI AQPARAT - Бұл каналда Абай облысының басты ақпараттары жиналған. Абай облысы Қазақстандағы ең ерекше жерлерден бірі. Мемлекеттік маңыздылығы мен тарихы арқылы маңызды ақпараттарды ұсынады. Каналдың ішінде Абай облысы туралы хабарландырулар, ілмектер, фотосуреттер және басқа көптеген интересті материалдар табылуы мүмкін. Жазушылық әлеміндегі басты жаңалықтар мен оқиғалардың жан-жақты ақпараттары мен суреттерімен танысуға мүмкіндік береді. Каналды көрген кезде қалаймын күнделікті сіздерді қызығушы материалдармен бөлісіп, Абай облысы үшін көптеген жаңалықтарды ойлауға шығармыз. Қана бір басқа манымдағы әрі
әрінсіз қызығушы жаңалықтар мен суреттерді көру үшін қосылыңыз! https://018.kz/instagram.com/abaiaqparatkz/
https://www.facebook.com/groups/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 13:27


🇰🇿🇷🇺Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Қазақстанға келді

Ол президентпен және Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездеседі.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 12:59


Бородулиха ауданының әкімдігі ресми сайтта кеткен қателерін түзетті

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 12:23


Әли Әшімбеков – болашағынан үміт күттіретін жас маман

Әли Әшімбеков – Электротехникалық колледждің 4-курс студенті. Ол «Энергетика» мамандығы бойынша білім алып, бұл саланы аса маңызды әрі сұранысқа ие мамандық деп санайды.

Әли соңғы екі жылда WorldSkills байқауына қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізді. Облыстық іріктеу кезеңінде бірінші орын иеленсе, республикалық деңгейде төртінші орынға лайық деп танылды. Бұл жетістіктер оның өз ісіне деген жоғары қызығушылығы мен кәсіби біліктілігін дәлелдейді.

Болашақта ол алған білімін жетілдіріп, энергетика саласында білікті маман болуды мақсат етеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 11:42


Парижде Жасанды интеллект саммиті өтіп жатыр

Оған әлем елдерінің лидерлері мен технологиялық компаниялардың басшылары, саясаткерлер, 100-ден астам мемлекеттен ғалымдар қатысып жатыр. Жиында Жасанды интеллектінің жаһандық қауіпсіздікке, экономикаға және үкімет басқаруға әсері талқыланады.

Франция президенті Эммануэль Макрон мәлімдегендей, АҚШ пен Қытай үстемдік ететін технологиялық әлемде Еуропа бәсекеге қабілетті болуы керек. Оның сөзінше, жеке сектор Францияда бір гигаватт мәлімет өңдеу орталығы мен өзге де технологиялық жобаларға 109 млрд еуро бөлейін деп отыр.

Айта кетсек, АҚШ жасанды интеллект инфрақұрылымына алдағы төрт жылда 500 млрд доллар жұмсамақ. Сондағы мақсаты - бұл салада Қытай мен басқа да бәсекелестерінен әрдайым озық болу.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 11:34


Бородулиха әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметтерде қателіктер орын алған👀

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 11:22


Assyltas қоғамдық қоры биыл 10 тамыз дүниеге келген Абай есімді балаларға 180 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындайды

Бұл туралы Дулат Тастекей хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 11:02


Аягөз қаласында заманауи жедел басқару орталығы өз жұмысын бастады

Ашылу салтанатына Абай облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ернар Базаров қатысты.

Қазіргі таңда қала көшелері мен қоғамдық орындарға 120 бейнебақылау камерасы орнатылып, олар тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында 10 стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғы іске қосылды.

Сонымен қатар, пилоттық жоба аясында жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейтін заманауи Ekin Patrol G2 мобильді кешендері қолданысқа енгізілуде.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 10:42


Елімізде ет неге қымбаттап кетті?

Бұған Тәжікстан мен Өзбекстанның қазақ етіне деген сұранысы әсер еткен.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

Айтуынша, бұл елдер өңірлерден ет сатып алып жатыр.

Салдарынан алыпсатарлар да бағаны көтере бастаған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 10:11


Енді Қазақстан астығы Мысыр және Араб елдеріне экспортталады

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 09:22


Жуырда мемлекеттік қызметтердің бірыңғай eGov.kz порталы ребрендинг жасап, жаңа форматқа көшеді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 08:38


Мал басына берілетін субсидия толық алынып тасталуы мүмкін

Айдарбек Сапаровтың сөзінше қазір ведомство мемлекеттік қолдауды малға емес, тапсырылған еттің көлеміне қарай беруді қарастырып отыр.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 08:00


1 наурыздан бастап пойыз билеттері 7%-ға қымбаттайды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 07:23


Елімізде өсімдік шаруашылығын қадағалаудың ақпараттық жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында Қазақстанда өсімдік шаруашылығын қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірленіп жатқанын хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 06:55


Елімізде қосылған құн салығынан кімдер босатылады?

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бұл салықтан босатылады.

Бұл туралы бүгін вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 06:52


Өскемен қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымын атқарған Станислав Яковлевич Горельников қызметінен босатылды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 06:16


Курчатов қаласы әкім аппаратының басшысы лауазымына Бауыржан Тұрарбекұлы Дюсенбаев тағайындалды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 06:09


Қазақстан қоржынында үшінші алтын

ІХ қысқы Азия ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырым спринтте Владислав Киреев алтын медальға ие болды.

Сондай-ақ қазақстандық Вадим Куралес биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырым спринтте күміс медаль алды.

Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль бар.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Feb, 05:27


Үкімет басшысы Салық кодексінің жаңа редакциясын 20 ақпанға дейін мәжіліске енгізуді тапсырды

Сондай-ақ, ол Салық кодексінің жаңа редакциясын талқылау үшін Үкіметте 6 жұмыс тобы құрылғанын, бүгіннен бастап өңірлерді аралайтынын айтты. 

Олжас Бектенов талқылау жұмыстарына өзі де араласатынын мәлім етті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 11:11


❄️Алдағы күндері -30 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде атмосфералық ағындардың ықпалымен қар жауып, боран соғады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 10:23


⚡️Қазақстан халқының саны 20 286 084 адамға жетті

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 20 286 084 адамды құрады.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 09:10


⚡️Шәкәрім университетінде мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технопаркі ашылады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 07:57


⚡️Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары болып Марат Қапарұлы Теміржанов тағайындалды

Ол Көкпекті ауданындағы қызметінен кетті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 07:36


⚡️Қытайлық компания елімізде роботтар өндірісін қолға алмақ

AgiBot компаниясы әмбебап адам тәрізді роботтарды өндірумен айналысады.

Бұл роботтарды өнеркәсіппен қатар, тұрмыста да қолдануға болады.

Тиісті келісімге «Digital Almaty 2025» форумында қол қойылды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 05:59


⚡️Елімізде тағы бір жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 3 қыркүйекті тазы мен төбет сынды қазақ ит тұқымдарының күні етіп бекітетін жобаны жариялады.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 05:14


⚡️АҚШ-та мигранттардың жағдайы қиындады

АҚШ-тың жаңа билігі заңсыз миграциямен күресті күшейткеннен бері, босқындардың жағдайы қиындады.

Полиция көшеде құжатсыз жүргендерін көрсе бірден ұстап, қамап тастайды. Ірі қалаларда рейдтер көбейді. Осы себепті елге заңсыз кіргендердің зәре-құты қашқан.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 04:27


⚡️Ауыр жүк көліктері семейлік жүргізушілерді әуреге салды

Семей қаласында ауыр жүк көліктерінің қала ішінде қатынауы жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіруде.

Бүгін Гагарин көшесі арқылы Шугаев көшесіне шығатын дөңеске ауыр жүк көліктері кіре алмай жатқандықтан, аталған көшелерде ауқымды көлік кептелісі байқалуда.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 04:02


⚡️Семей қаласында Avtobys бірыңғай төлем жүйесіндегі ақау жойылып, қолданба қалпына келтірілді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 03:55


⚡️Трамп Канада, Қытай, Мексика тауарларына баж салығын енгізді

АҚШ президенті тиісті жарлыққа қол қойды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 03:51


🗣Қазіргі таңда Avtobys қолданбасында үлкен жүктемелердің пайда болғаны анықталды

Мамандар қысқа уақыт ішінде келтірілген қолайсыздықтар қалпына келетінін хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 03:46


⚡️Семей қаласында Avtobys бірыңғай төлем жүйесінен ақау шықты

Қоғамдық көлікке мінген жолаушылар QR код және карта көмегімен төлем жасай алмауда.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Feb, 03:18


❄️Бүгін Абай облысы аумағында қар жауып бірқатар елді-мекенде борандатады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Feb, 15:56


⚡️Семей қаласында көше жарықтары қалпына келтірілуде

Қазір көше жарығын ауыстыру және қалпына келтіру жұмыстары Сәтбаев, Садовая және Мичурин көшелерінде жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов жарық мәселесі туындаған учаскелерді аралап, тұрғындардың пікірін тыңдаған болатын. Көше жарығын толық қалпына келтіру белгіленген мерзімде аяқталып, бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Feb, 13:32


⚡️Samsung қазақстандық теледидарлар шығарады

Samsung Electronics Central Eurasia мен Silkroad Electronics зауыты арасында келісімге қол қойылды. Оған сәйкес, Samsung компаниясы алғашқы қазақстандық теледидарларды 2025 жылдың екінші тоқсанында сатылымға шығарады.

Бұл жоба отандық машина жасау саласы үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Feb, 05:40


⚡️Бензинді толық құймаған жанармай бекетіне 3 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда жеке тұлғаның өтініші бойынша «Газпромнефть-Қазақстан» ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Көлікке 20 литр бензинді құю барысында 100 мл-ге аз толтырылған екен.

Ал бұл стандарттарды бұзу болып саналады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

01 Feb, 10:49


⚡️Еркебұлан Ильясов - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

01 Feb, 10:13


⚡️Бородулиха ауданының орталығында жаңадан пайдалануға берілген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ішіндегі маңдайшалардың барлығы тек орыс тілінде жазылған

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 12:37


⚡️Бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы кезең-кезеңімен өседі

Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 10:25


⚡️Үкімет пен Парламент екінші АЭС қай аймақта салу қажет екені жөнінде маған ұсыныс беруі керек - Президент

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 07:43


⚡️Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Бұл бағытта біз артта қалып барамыз, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр - Президент

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 07:27


⚡️Бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек - Президент

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 06:58


⚡️Елімізде коммуналдық қызметтің бағасы өседі

Премьер-министр нарықтық баға саясатына біртіндеп көшетінімізді айтты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 06:41


⚡️Еліміздегі 20 университетте жасанды интеллект бойынша мамандар даярланады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 06:22


⚡️Үкімет тағы екі АЭС станциясын салатын жерді анықтайды - Олжас Бектенов

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 06:16


⚡️Қосымша құн салығын көтеру қажет - Олжас Бектенов

Елімізде қосымша құн салығын 12-ден 20-% өсіру көзделген.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 06:14


⚡️Алматы облысында бірінші АЭС салу бойынша келісімдерге қол қоямыз - Олжас Бектенов

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 06:00


⚡️2024 жылы Қазақстан экономикасы 4,8%-ға өсті

Бұл туралы үкімет басшысы өз есебінде айтты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 05:57


⚡️Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет - Президент

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 05:54


⚡️Премьер-Министр Олжас Бектенов есеп беріп жатыр

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 05:53


⚡️Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 05:14


⚡️Бүгін Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 04:06


⚡️Енді кредитті растау уақыты ұзаруы мүмкін

Бүгінде осы мәселені Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі талқылап жатыр.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Jan, 03:44


🇰🇿🇧🇾Тоқаев Лукашенконы Беларусьтегі президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

27 Jan, 16:46


⚡️Алматыдан 24 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

Сейсмикалық станция желісі бүгін сағат 19:55-те Алматының оңтүстік-шығысында 24 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.

Сілкініс ошағы - Қазақстан аумағында орналасқан.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісі сезілмеген.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

27 Jan, 08:48


⚡️Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Jan, 06:36


⚡️Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Регби Федерациясының президенті болып сайланды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

25 Jan, 11:53


⚡️Орталық Азияда ең жоғары жалақы төлейтін ел белгілі болды

Бұл тізімде Қазақстан көш бастап тұр.

Салыстырмалы мәліметтерге сәйкес, былтырғы қыркүйек айында елдегі орташа жалақы 817,2 долларды құрады, бұл көрсеткіш Өзбекстандағы (437,8 доллар) немесе Қырғызстандағыдан (411,2 доллар) екі есе шамасында артық.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

25 Jan, 06:10


🍦Қазақстан балмұздақ экспорттаудан рекорд орнатты

Еліміз 2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында шетелге 9,8 мың тонна балмұздақ жеткізген.

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 70%-ға көп.

Олардың 69%-ы – Ресейге, 20%-ы – Қырғызстанға, 9%-ы – Өзбекстанға тиесілі.

Үшеуі де бізден балмұздақ сатып алуды көбейткен.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

25 Jan, 05:15


Тәрбие, білім және қауіпсіздік: Абай облысында әр балаға қолайлы жағдай жасалады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

25 Jan, 04:40


⚡️Жаңа петиция: отшашуларды сатуға тыйым салу ұсынылды

Авторының айтуынша, бұл жерде қауіпсіздікпен қатар, қоршаған ортаны ластау мәселесі тұр.

Отшашу салдарынан өрт те болуы мүмкін, дейді олар.

Тиісті петиция ePetition порталында жарияланды.

▪️Бұл петицияға қалай қарайсыз? Қолдайсыз ба?⤵️

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

24 Jan, 11:55


⚡️Ертеңнен бастап пойыздарда интернет іске қосылады

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз ететін пилоттық жоба іске қосылады. Бұл қызмет ең алдымен жолаушылар арасында танымал бағыттардың бірі № ¾ «Астана-Алматы» пойызында жүзеге асырылады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

24 Jan, 11:11


⚡️«Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.

Биыл 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.

Өтінімдерді қабылдау 17 наурыз күні басталады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

24 Jan, 08:08


⚡️Жасанды интеллект 1 млн-ға жуық жұмыспен қамтылған қазақстандықты алмастыра алады

Бұл туралы Еңбек министрлігі талдау нәтижесіне сүйене отырып хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

24 Jan, 07:17


⚡️АҚШ-тың федералды соты Трамптың азаматтық алуға қатысты бұйрығына уақытша тыйым салды

Қазылар алқасы президенттің бұл әрекетін Конституцияға қайшы деп тапқан. Сондықтан, мигранттардың жаңа туған сәбилерін азаматтықтан айыру талабы әзірге орындалмайды. Федералды сот оны екі апталық мерзімге шектеді. Сот шешімі АҚШ-тың бүкіл аумағына таралады.

Бұған дейін, Вашингтон, Аризона, Иллинойс және Орегон штаттарынан құралған коалиция бірігіп Трамптың үстінен шағым түсірген болатын.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

24 Jan, 06:39


⚡️Абай облысында 2025 жылғы 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты ІІ ауысымда

▫️Жарма ауданының 6 мектебінің 1-4 сынып, 6 мектебінің 1-9 сынып;

▫️Аягөз ауданының барлық мектебінің 1-11 сынып;

▫️Көкпекті ауданының 7 мектебінің 1-11 сынып;

▫️Ақсуат ауданының 8 мектебінің 1-4 сынып;

▫️Бородулиха ауданының 11 мектебінің 1-11 сынып;

▫️Бесқарағай ауданының барлық мектебінің 1-4 сынып;

▫️Курчатов қаласының барлық мектебінің 1-4 сынып;

▫️Семей қаласының барлық мектебінің 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

20 Jan, 03:06


⚡️ХАМАС кепілдегі үш қызды босатты

471 күн тұтқында болған Роми Гонен (24 жаста), Эмили Дамари (28 жаста) және Дорон Штайнбрехер (31 жаста) «Қызыл крест» халықаралық ұйымына тапсырылды.

Ал Израиль келісім бойынша 90 Палестина азаматын түрмеден шығарады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

20 Jan, 02:35


⚡️Қамшыбек Қоңқабаев бокстан кетті

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, танымал былғары қолғап шебері Қамшыбек өз мансабын аяқтады.

Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

19 Jan, 15:11


⚡️Азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары жүргізілуде

Бүгінде Семей қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында «Семей әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ белсенді түрде жұмыс істеуде. Корпорация бағаны тұрақты ұстап тұруға үлес қосуда.

8 фирмалық павильондарда және 24 сауда кәсіпорындарында (супермаркеттер, дүкендер) жеміс-көкөніс (картоп, қырыққабат, сәбіз, пияз) және азық-түлік өнімдерін (күріш, қарақұмық жармасы, қант, күнбағыс майы) сатады.

Ертеңнен бастап картоп пен көкөністердің бөлшек саудадағы бағасы 115 тг/кг құрамақ.
Азық-түлік өнімдері:
Күріш – 475 тг/кг;
Қарақұмық жармасы – 300 тг/кг;
Қант – 435 тг/кг;
«Алтын Май» күнбағыс майы:
1 л – 585 тг;
2 л – 1170 тг;
3 л – 1900 тг;
5 л – 3070 тг.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

19 Jan, 08:31


⚡️Картоп экспортына 6 ай шектеу қойылды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

19 Jan, 04:26


🇺🇸АҚШ-та Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне дайындық қызу жүріп жатыр

20 қаңтарда Дональд Трамп 47-ші АҚШ президенті болып Ақ үйге қайта оралады. Ұлан асыр той бүгін салтанатты шерулермен басталып, дүйсенбі күні ресми ұлықтау рәсімімен жалғасады.

Іс-шараның бас ұйымдастырушысы Майкл Томас бұл ел тарихындағы ең көп Құпия қызмет өкілдері мен әскерилер жұмылдырылған инаугурация болғалы тұр деп мәлімдеді.

АҚШ тарихындағы 60-шы инаугурация Қазақстан уақытымен кешкі сағат 10-да басталады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

19 Jan, 02:34


✍🏼Әбілқайыр Скаков Медициналық сақтандыру қорының төрағасы қызметінен кетті

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

18 Jan, 11:39


⚡️Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне 250 мың адам қатысады

Іс-шара 20 қаңтарда өтеді. Осыған орай қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бұл күні Колумбия аймағын 25 мың әскери қызметкер мен полицей күзетеді.

Бұдан бөлек, Ұлттық гвардияның 8 мың сарбазы мен өзге штаттардан қосымша тағы 4 мың полиция қызметкері келеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

18 Jan, 08:51


Қазақстанның жоғары оқу орындарын интернационалдандыру: Шәкәрім атындағы университет мысалында

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

18 Jan, 06:32


🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

18 Jan, 05:32


⚡️Ерлан Нұрпейісов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

18 Jan, 05:02


⚡️Дональд Трамптың инаугурациясына АҚШ-тағы елші Ержан Ашықбаев Қазақстан атынан қатысады

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ержан Ашықбаев 2021 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

18 Jan, 04:26


⚡️Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер 18 қаңтарда елде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады деп болжап отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

13 Jan, 02:58


🇰🇿Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы XXXII Қысқы Универсиада ойындарын жеңіспен бастады

Бірінші матчта біздің жігіттер Швеция командасын 9:2 есебімен жеңді.

Келесі ойында ерлер құрамасы 14 қаңтар күні Оңтүстік Корея командасымен кездеседі.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Jan, 08:28


⚡️Калифорниядағы орман өртінен 16 адам қаза тапты

Тағы 16 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Бұл туралы NBC News хабарлады. Тілсіз жау осы уақытқа дейін 16 мың гектар жерді жайпап, 12 мыңдай үйді күлге айналдырған. Өрттен Лос-Анджелестің Пасифик-Палисейдс ауданы қатты зардап шекті.

Қызыл жалынды ауыздықтау үшін аймақта мыңдаған маман жұмыс істеп жатыр. Тағы 14 мың өрт сөндіруші Мексикадан тартылған. Америкалық актерлер мен журналистер кәсіподағы жалыннан жапа шеккендерге көмек ретінде млн доллар бөлді.

Калифорниядағы орман өрті қаңтардың 7-сінде басталды. Алдын ала есеп бойынша одан келген шығын – 57 млрд доллар.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Jan, 05:18


Бүгін - Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

Саяси тұлғаның туғанына 113 жыл толып отыр.

Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Jan, 18:56


⚡️КБТУ ғимараты – республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші

1980 жылдардың басына дейін бұл Үкімет үйі болған, мұнда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, Министрлер Кеңесі және Компартияның Орталық комитеті орналасқан.

1991 жылы дәл осы ғимаратта Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Jan, 18:53


⚡️Өртті ауыздықтау үшін тағы қосымша күштер тартылатын болды

Жедел штаб құрылды. Қазір оқиға орнында 78 құтқарушы, 28 техника бірлігі жұмыс істеп жатыр.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Jan, 18:12


⚡️Қазақстан-Британ техникалық университетінен (ҚБТУ) өрт шықты

Белгілі болғандай, өрт 4-қабатта тұтанған.

Оқиға орнына 59 өрт сөндіруші мен 16 техника жұмылдырылды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Jan, 17:22


⚡️«Семей» футзалы жылдың басын өз алаңында жеңіспен бастады

«Семей» футзал клубы «Астана» футзал клубын 4:1 есебімен айқын жеңді.

Бұл ойын «Арена» мәдени-спорттық кешенінде өтіп, семейлік жанкүйерлерге керемет көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.

Ойын барысында «Семей» ойыншылары өздерінің шеберлігін және тактикалық артықшылығын көрсетіп, жеңіске лайық екенін дәлелдеді.

Көрермендер матч бойы өз командасын қолдап, керемет атмосфера көрсетті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Jan, 15:30


⚡️Ержан Максим халықаралық ән байқауында Гран-при жеңіп алды

Италияның халықаралық «Sanremo best song 2025» ән байқауы Дубайда өткен.

Ержан байқауда қазақтың халық әні Айқаракөзді орындады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Jan, 08:01


Ауылдық елді мекендердегі медициналық қызметтердің қолжетімділігі

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Jan, 07:00


⚡️Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Jan, 06:29


❄️Алдағы күндері елімізде -27 градусқа дейін аяз болады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

10 Jan, 14:01


✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

10 Jan, 10:46


⚡️Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

10 Jan, 09:44


⚡️Алакөл көлінде мұз жарылып, 25 балықшы жағаға жете алмай қалған

Оқиға орнына барған құтқарушылар қайықпен оларды жағаға жеткізген.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

10 Jan, 08:48


⚡️Қырғызстан шетелдік нөмірі бар рөлі оң жақтағы көліктерді заңдастырмақшы

Президент Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды. Енді министрлер кабинеті автокөлік құралдарын тіркеу рәсімін пысықтауы тиіс.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

08 Jan, 05:14


⚡️Биыл қандастар мен қоныс аударушыларға бөлінетін квота мөлшері артты

9 653 адамға квота бөлінді. Былтырғымен салыстырғанда 170-ке көп.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

08 Jan, 04:36


⚡️Соңғы екі жылда елімізде қылмыс әлеміне қатысы бар 27 адам ұсталды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

08 Jan, 03:55


🦠Метапневмовирус эпидемия қаупін тудырмайды

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис мәлімдеді.

Ол Қытайдағы вирус жұқтырғандар санының көбеюі маусымдық кезеңге сәйкес келетінін және болжамдардан аспайтынын атап өтті.

Харристің сөзінше, бұл вирус алғаш 2001 жылы анықталған және содан бері адамдар арасында айналымда жүр.

Әдетте одан суық тигенде байқалатын белгілер туындайды, бірақ иммунитеті әлсіреген адамдарда, сәбилер мен қарттарда ауыр түрде өтуі мүмкін.

Бұл вирустан өлім-жітім деңгейі өте төмен. Дегенмен ұйым өкілі алдын алу шаралары ретінде бетперде киюді, бөлмелерді желдетуді және қолды жиі жууға кеңес берді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

08 Jan, 03:28


⚡️Еліміздегі кадрлық ауыс-түйістер осы аптада жалғасады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Jan, 13:15


Кешкі Семей😍

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Jan, 12:02


⚡️Сауд Арабиясындағы нөсерден Мекке мен Мәдина қалаларын су басып қалды

Толассыз жаңбыр корольдіктің бірнеше аймағында жауды. Билік қызыл қауіп деңгейін жариялап, барлық қоғамдық орындарды жабуға мәжбүр болды. Мектептер қашықтан оқытуға көшті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Jan, 10:54


⚡️Алдағы күндері Абай облысы аумағында көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

Бұл туралы «ҚАЖсервис» ЖШС Абай облысы филиалының №26 ЖПБ аға шебері Ерасыл Төлеубай хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Jan, 07:56


🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

✉️Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

▪️Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Jan, 07:32


🇨🇳Си Цзиньпин Тибеттегі жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Си Цзиньпин зардап шеккендерге көмек көрсетіп, құрбандар санын азайту үшін барлық күш-жігерді жұмсауды тапсырды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Jan, 06:49


⚡️Тибетте 7,1 балдық қуатты жер сілкінісі болды

Дәл осындай зілзаланы Непал, Үндістан, Бутан және Бангладеш жұрты да сезген.

Табиғат апатынан 53 адам қаза тауып, 62 адам зардап шекті. Бұл сандар әлі де өсуі мүмкін.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Jan, 06:15


📶Абай облысында әлеуметтік міндеттемелер толық орындалды

Облыста 2024 жылы мүгедектігі бойынша 18,1 мың адамға 16,9 млрд. теңге, асыраушысынан айырылған 7,5 мың адамға 5,0 млрд теңге, 13,3 мың көпбалалы отбасыларды қолдауға 10,6 млрд теңге жәрдемақы берілді. 98,2 мың адамға 112,5 млрд теңгеге зейнетақы төленді.

2025 жылы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау жалғасады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Jan, 06:02


⚡️Апатқа ұшыраған AZAL ұшағының «қара жәшіктері» зерттеліп, Қазақстанға жөнелтілді

Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының өздігінен жазғыш құралдарын (қара жәшіктер) зерттеуді аяқтады.

«Ұшақтағы өздігінен жазғыш екі құралдағы деректерді жинақтау және тексеру жұмыстары аяқталды», — делінген таратылған ақпаратта. 

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Jan, 05:16


❄️Алдағы күндері Абай облысында -25 градусқа дейін аяз болады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 11:54


⚡️Апелляциялық сот Гүлмира Сатыбалдыға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды

Ол 2024 жылғы тамызда 12 жылға сотталған.

Гүлмира Сатыбалды — Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 10:35


⚡️Қытайда медицина саласындағы жемқорлық үшін 40 мыңнан астам адам жазаланды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 09:49


⚡️2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы көбейді

Мемлекет қазақстандықтарға қолдау көрсетуді жалғастыруда. Бала тууға байланысты төлемдер, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылар және мүгедектігі бар азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің көлемі артты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 08:53


⚡️Елімізде газ бағасы қымбаттамайды

Сұйытылған мұнай газы ішкі нарыққа былтырғы бағамен сатылмақ.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 08:09


⚡️Семейде Ертіс өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Қазақстан ТЖМ қызметкерлері ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің инженерлік техникасының көмегімен судан батып кеткен автокөлікті алып шықты.

Екі адамды іздестіру жұмыстарын ведомствоның 100-ден астам қызметкері жүргізуде.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 07:15


⚡️2025-2026 оқу жылына арналған мектеп оқулықтары сараптамадан өтті

278 оқулық қаралып, оның 266-сы пайдалануға ұсынылды.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 07:08


⚡️Петропавлда «Абай мен Пушкин» ескерткішіне шығып селфи жасаған шетелдік жазаланды

Осы әрекеті үшін оған Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 06:44


⚡️Алматыда қар көшкіні қаупі туралы ескертілді

6-9 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады.

Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар аумақ анықталған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 06:03


✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 05:58


⚡️Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиыны басталды

Депутаттар облыс әкімі лауазымына ұсынылған екі кандидатураны талқылауда.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 05:18


⚡️Түркістан облысында 2,4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланған

43 адамға қатысты іс сотқа жолданды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 04:35


⚡️Шымкентте әкім аппаратының басшысы сотталды

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы өзінің қызметтік лауазымын пайдаланып, ЖШС директорымен және құрылтайшысымен алдын ала сөз байласу арқылы бюджет қаражатын жымқыру әрекетіне барғаны анықталды.

Күдіктілер қоқыс жәшіктері, шағын беседкалар, әткеншектер, ойын және тренажер алаңдарын қоса, тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін, материалдардың құнын көтеріп сметалық құжаттар жасаған. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде 700 млн теңгеге жуық мемлекеттік мүлік талан-таражға түскен.

Сонымен қатар ЖШС директоры мен құрылтайшысы декларацияларға жалған мәліметтер енгізу арқылы салық төлеуден жалтарған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 194 млн теңгеден астам салық берешегі толық өтелді.

Сот үкімімен үш айыпталушы кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 04:04


✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Jan, 03:26


⚡️Қазақстанда тамақ жеткізетін курьерлерге қатысты жаңа талап бекітілді

Енді курьерлерде медициналық тексеруден өткенін растайтын медициналық кітапша болуға тиіс. Сондай-ақ, кәсіби гигиеналық дайындықтан өтіп, жалпы қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелеріне лайық болуға тиіс.

Бұдан бөлек, қоғамдық тамақтану өнімдерін тасымалдау барысында қаптаманың зақымданбағанын анықтау үшін өнімді тексеру мүмкіндігі беріледі.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Jan, 13:50


⚡️Ертеңнен бастап елімізде кадрлық ауыс-түйістер басталады

Бірінші болып ертең таңертең Түркістан облысының әкімі ауысады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Jan, 13:35


⚡️Қазақстан кәсіби футбол лигасын (QFL) Айдын Қожахмет басқаруы мүмкін

Ол осы уақытқа дейін «Жеңіс» ФК бас директоры қызметін атқарды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Jan, 13:00


⚡️Қарағанды облысында көлік мұз астына түсіп кетті

Қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні үш ер адам мал іздеп шыққан.

Алайда соңы қайғылы жағдайға ұласты.

Екеуі көліктен өздігінен шығып, аман қалды.

Бүгін құтқарушылар су астынан 36 жастағы ер адамның денесін шығарды.

ТЖМ ескертеді: қыста мұз үстіне шығу өте қауіпті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Jan, 12:19


❄️Бүгін түнде Абай облысы аумағында жел, боран күтіледі

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Jan, 10:05


⚡️Ал Қарағанды тас жолының бойында 800 автокөлік тұр

Қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылған еді. Енді Қарағанды облысының полицейлері келіп, қауіпсіздік мақсатында автоколоннамен Ақмола облысына дейін ілестіріп әкетпек.

❗️Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын елді мекендерден тыс жерлерге аса қажеттілік болмаса, шықпауға шақырады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Jan, 09:19


⚡️Әлеуметтік желіде Астана-Щучинск тасжолында болған жаппай жол апатының видеосы тарап жатыр

Оан көктайғақ пен боран себеп болған.

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Алматы – Екатеринбург республикалық жолы жабылған болатын.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Jan, 07:22


⚡️Жастарға жасанды интеллект технологияларын қолдана білуді үйрету маңызды - Президент

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Jan, 04:41


⚡️Жуық арада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді - Президент

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Jan, 04:02


Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Jan, 12:56


📞Тоқаев Байденге көңіл айтты

Президент Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.

▪️АҚШ-та жүк көлігінің жүргізушісі адамдарды басып, оларға оқ жаудырған.

Салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 30-ы жараланған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Jan, 10:49


🔴Абай облысында көлік қозғалысын шектеу туралы

2025 жылғы 02 қаңтарда сағат 16:30-де Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Таскескен-Бахты» 0-75 км, Таскескен а.- Урджар а. учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

📞1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Jan, 09:34


Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қаншаға өсті?

Айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты айыппұл мөлшері артады.

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш - 3 932 теңге.

Осылайша:

▫️көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге;

▫️жылдамдықты 10-20 шақырымға асырғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге;

▫️бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін 10 АЕК – 39 320 теңге;

▫️көлікті тұраққа дұрыс қоймағаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге;

▫️жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін 5 АЕК – 19 660 теңге.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Jan, 05:40


Болгария мен Румыния Шенген аймағына кірді

Шенген аймағындағы мемлекеттер саны 29-ға жетті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

01 Jan, 16:00


🛣️2024 жылы қанша облыстық жол жөнделді?

Бұл 231 шақырым автожолды құрайды:

⚫️60 км болатын 6 облыстық учаске;

⚫️78 км болатын 11 аудандық учаске;

⚫️Семей қаласындағы 36 км құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жүргізілді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

01 Jan, 10:49


Елімізде бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері өсті

▫️бірінші, екінші және үшінші балаға – 149 416 теңге;
▫️төртінші баладан бастап – 247 716 теңге беріледі.

Сондай-ақ бала күтіміне байланысты ай сайын берілетін жәрдемақы мөлшері де ұлғайды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

29 Dec, 09:51


⚡️Ертең Семей қаласының сауда орталықтарында әскери оркестр өз өнерлерін паш етеді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Семей филиалының әскери оркестрі қаланың сауда орталықтарында өнер көрсетеді.

Аталған шара төмендегі сауда орталықтарында өткізіледі:

14.00-14.30 «Апрель»
15.00-15.30 «Қазына»
16.00-16.30 «Park city»
16.30-17.00 «Avenue»

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

29 Dec, 09:36


«Coca-Cola» керуені Семейде😍

Семей қаласында алғаш рет «Coca-Cola» керуені жүріп өтті. Бұл шара қала әкімдігінің арнайы шақыруымен ұйымдастырылды.

28-30 желтоқсан аралығында керуен Семей көшелерін аралап, тұрғындарды ерекше көріністерімен қуантпақ. Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары керуеннің қай жерде келе жатқанын 2GIS қосымшасы арқылы бақылап, оны қарсы алуға мүмкіндік алды.

Кешегі күннің өзінде керуенді 8000-нан астам адам тамашалап, олардың көңіл күйі көтеріңкі болды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

29 Dec, 05:30


⚡️Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушыларының арасында Қазақстан азаматтары болмаған - СІМ

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

29 Dec, 04:20


⚡️Корея республикасы президентінің м.а. вице-премьер Чой Сан Мок Муан әуежайындағы ұшақ апаты орын алға жерге келді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

29 Dec, 04:16


⚡️Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан 179 адам қаза тапты деп болжануда

Апат бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

29 Dec, 04:11


⚡️Әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жөнелтілді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

29 Dec, 04:00


⚡️Енді Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырады

Бангкоктан (Таиланд) келе жатқан Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Муан әуежайына дұрыс қона алмай қоршауға соғылған.

Ұшақта 181 адам болған, оның алтауы экипаж мүшесі екені айтылды. Апаттан 62 адам қаза тапқан, бұл сандар әлі де өсуі мүмкін.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Dec, 14:08


t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Dec, 14:06


⚡️Coca Cola керуенін 2ГИС қосымшасы арқылы бақылауға болады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Dec, 14:01


⚡️Coca Cola керуені Семей қаласының көшелеріне шықты

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Dec, 13:42


⚡️Coca Cola керуенінің бағытын назарларыңызға ұсынамыз

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Dec, 13:37


⚡️Coca Cola керуеніне арнайы безендірілген жиыны 3 жүк көлігі қатысады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Dec, 13:34


⚡️Санаулы сәттен соң Семейде Coca Cola керуені жолға шығады

Дайындық жұмыстары аяқталды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Dec, 13:03


⚡️Абай облысының ішкі саясат басқармасы мен Абай облысының прокуратурасы
мемлекеттік тұрақтылық пен этносаралық біртұтастыққа нұқсан келтіргені үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 174-ші және 180-ші баптары негізінде жаза қолданылатындығын ескертеді


t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Dec, 12:49


⚡️Путин Әлиевтен ұшақ апаты үшін кешірім сұрады

Ресей Президенті Әзербайжан басшысымен телефон арқылы сөйлесуге мүдделі болған. Путин қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасыларына тағы да көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Әңгіме барысында Путин Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық жауынгерлік дрондары шабуыл жасағаны, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс беріп жатқаны айтылған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

28 Dec, 09:39


⚡️Көптен күткен Coca Cola керуені бүгін кешке Семей қаласының көшелерін жүріп өтеді

Осыған дейін бірнеше мәрте күні шегерілген керуен, осы жолы нақты жолға шығатынын хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 15:41


Ертең «Abay Media Group» ЖШС компаниясы жылды қорытындылайды

Іс-шара аясында жылдың үздік қызметкерлері, баспасөз саласының озат мамандары және әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, халықпен тығыз байланыс орнатқан әкімдер «Абай Ақпарат» премиясын иеленеді.

Жиын барысында өңірлік медиа саласының жетістіктері мен алдағы жылға арналған жоспарлар талқыланады. «Абай Ақпарат» премиясын табыстау тек үздіктерді марапаттау ғана емес, сонымен қатар өңірдегі медиа нарығының даму қарқынын арттыруға және кәсіби шеберлікті ынталандыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Бұл жиын аймақтық ақпараттық саясаттың дамуын, медианың жаңа деңгейге көтерілгенін және қоғамның сенімін арттырудағы маңызды үлесін айқын көрсетеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 14:58


Ұсынылатын күн тәртібі:

🗣Абай облысы Жаңасемей ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы (экономика және қаржы бөлімінің басшысы).

🗣Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі туралы (Жаңасемей ауданының әкімі).

🗣Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихаты төрағасының мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша 2024 жылғы атқарылған жұмысы туралы есеп (мәслихат төрағасы).

🗣Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс Жоспары туралы (мәслихат төрағасы).

🗣Әр түрлі.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 14:39


⚡️30 желтоқсан күні Жаңасемей аудандық мәслихатының сессиясы өтеді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 14:15


⚡️28 желтоқсан күні Аягөз ауданының жаңа әкімі тағайындалады

Аудандық мәслихат кезектен тыс сессия өтетінін хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 12:34


Абай облысының ішкі саясат басқармасы жылды қорытындылады

🔗Толығырақ сілтемеде:

https://018.kz/13819-bejbitshilik-pen-kelisim-ishki-sajasat-basarmasyny-2024-zhyly-zhmystaryny-ntizheleri-men-zhetistikteri.html

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 10:55


⚡️Өкінішке орай бүгін Coca Cola керуені көшеге шықпайтын болды

Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 10:52


⚡️Семей қаласының «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК директоры лауазымына м.ғ.д. Саят Таңатаров тағайындалды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 10:30


⚡️Семей қаласына көптен күткен Coca Cola керуені келді

Ол санаулы сәттен соң қала көшелеріне қозғалысқа шығады.

Керуен қозғалысын 2ГИС қосымшасы арқылы бақылай аласыздар.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 10:22


⚡️Қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метр жерасты жолы табылды

Сол арқылы күн сайын 5-7 тонна жанар-жағармай контрабандалық жолмен шығарылып отырған.

Қылмыстық топ осылайша екі ай әрекет еткен.

Топ мүшелері Қазақстан мен Өзбекстан аумағында ұсталды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 08:18


⚡️Мақаншы аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына, полиция подполковнигі Ковнашаров Әділ Слямханұлы тағайындалды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 08:07


⚡️Абай облысында 2024 жылғы 26 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты ІІ ауысымда

▫️Ақсуат ауданының 18 мектебінің 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 07:39


⚡️Наурызбай қажы Тағанұлы бас мүфти болып қайта сайланды

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы 2020 жылы Бас мүфти болып сайланған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 06:00


⚡️Ұшақ апатынан зардап шеккен Ресейдің 9 азаматы Мәскеуге кетті

Ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ресейден жіберілген медицина қызметкерлері Ақтауға келген болатын. Бүгін олар әртүрлі жарақат алған 9 азаматты Мәскеуге алып кетті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 05:17


⚡️Ұшақ апатынан аман қалған Әзербайжан азаматтары жақын арада отанына жіберіледі

Бұл туралы сол елдің Төтенше жағдайлар министрі мәлімдеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 04:38


⚡️Аягөз ауданының жаңа әкімі тағайындалғанша оның міндетін орынбасары Өмірбек Бекбаев атқарады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

26 Dec, 04:19


⚡️Әділбай Қанат Серікқанұлы Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ол бұрынғы қызметінен босатылды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 15:57


⚡️Ербол Дайырбеков Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 15:55


⚡️Жаңасемей ауданы полиция бөлімінің бастығы болып полиция полковнигі Рауан Шибутов тағайындалды

Бұрын Абай облысының Затон полиция бөлімінің бастығы лауазымын атқарған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 15:02


⚡️Дәурен Қойгелдин Мақаншылық студенттерді жұмысқа шақырды

Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин Шәкәрім университетінде білім алып жатқан ауданның 100-ге тарта студентімен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында әкім жастарды туған жерге оралып, оқуын аяқтаған соң ауданның дамуына үлес қосуға және бірлесе еңбек етуге шақырды.

Әкім жастарға өздері үшін жасалатын мүмкіндіктер мен қолдаулар туралы айтып, ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін олардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сонымен қатар, әкім туған жеріне оралып, түрлі салаларда жұмыс істейтін жастарға арналған бос жұмыс орындары мен кәсіби өсу мүмкіндіктері жайлы ақпарат берді. Бұл қадам ауданның кадрлық әлеуетін нығайтуға және жастардың өз туған жерінде тұрақтап, белсенді жұмыс жасауына серпін береді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 14:49


⚡️Шығыс Қазақстанда жұмыс уақыты өзгертілуі мүмкін

Бұл туралы брифингте облыс басшысы Ермек Көшербаев айтты.

Айтуынша, аймақ тұрғындары жаңа уақыт белдеуіне бейімделуі үшін жұмыс уақытын өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 14:40


⚡️14 желтоқсаннан бастап ТЖМ қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды демалыс және мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 13:26


⚡️Шавкат Рахмонов Иэн Гэрриді жеңгені үшін 450 мың доллар табыс тапты

Оның ішінде 350 мың доллар кепілдендірілген гонорар болса, тағы 100 мың доллар жеңгені үшін берілді.

Еске салайық, бұл отандасымыздың кәсіби мансабындағы он тоғызыншы жеңісі.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 12:02


🇰🇷Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльдің елден шығуына тыйым салынуы мүмкін

Мұндай әрекет әскери жағдайға байланысты тергеу амалдары үшін қажет.

Демек, полиция президенттен жеке жауап алатынға ұқсайды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 11:12


⚡️Қазақстандықтар енді Абай облысындағы Бақты кеден бекеті арқылы Қытай шекарасынан жаяу кіріп-шыға алады

Бұл бастама халықаралық қатынастарды жеңілдетіп, экономикалық және туристік байланысты нығайтуға бағытталған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 10:38


⚡️Абай облысының экология департаменті «Курчатов водоканал» кәсіпорнына қатысты тексеріс басталатынын хабарлады

Себебі Курчатов қаласының кәріз суы Ертіс өзеніне құйылып жатыр.

Қазіргі таңда, Ертіс өзенінің химиялық, бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша су сынамалары алынды. Нәтижесі 4 күннен соң белгілі болады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 10:05


⚡️Мемлекет басшысы Головкинді ХБФ Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 09:18


Қазақстанның жер байлығына арналған монета шығарылды

Ұлттық банк «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы бойынша Cu (мыс) коллекциялық монетасын айналысқа шығарды.

Жаңа серияны ашатын монета 925 сынамалы күмістен жасалады. Салмағы 32,9 грамм, оның ішінде мыс қосылған элемент салмағы 1,8 грамм. Номиналы 1 000 теңге.

Оны ертеңнен бастап интернет дүкенде сатып алуға болады.

Жаңа серия барысында Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бөлшегі бар күміс монеталарды әзірлеу жоспарланған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 08:00


Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды

Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың «Мәдениет қайраткері» атанды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 06:52


⚡️Келесі жылы Үржар ауданында бірнеше жанармай құя бекетін салу жоспарлануда - Ақылбек Башимбаев

t.me/abaiaqpratkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 06:44


⚡️Үржар ауданында былтырғы жылмен салыстырғанда биыл қылмыстың саны айтарлық төмендегені байқалады - Ақылбек Башимбаев

t.me/abaiaqpratkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 06:28


⚡️Ұлыбританияда 300 мыңға жуық отбасы жарықсыз қалды

Ұлыбританияда «Дарраг» жойқын дауылынан 2 адам қайтыс болып, 300 мыңға жуық отбасы жарықсыз қалды.

Елдің метеорологиялық қызметі сирек хабарланатын «қызыл» түсті ескерту жариялауға мәжбүр болды. Желдің жылдамдығы сағатына 145 шақырымға жетіп, кей жерде ағаштарды тамырымен жұлып әкетті.

Көлік қатынасы тоқтап, мерекелік іс-шаралар кейінге қалды. Рождестволық жәрмеңкелер мен спорттық шаралар өтпейді. Миллиондаған адамға үйден шықпауға кеңес берілді.

t.me/abaiaqpratkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

09 Dec, 05:45


⚡️Жапонияда төрт күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр

Себебі жұмысбастылықтан жастардың отбасын құрып, балалы болуы қиындап барады.

t.me/abaiaqpratkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Dec, 09:53


⚡️Денсаулық сақтау министрлігі мектеп асханаларын ескертусіз тексеруді ұсынды

Бүгінде осыған қатысты норма талқыланып жатыр.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Dec, 09:09


⚡️Халық табысының қанша пайызын тамаққа жұмсайды?

Үкімет есептеп шығыпты.

Ресми мәліметке сәйкес, қазақстандықтар өз табысының 8%-ын нан мен жарма өнімдеріне жұмсайды.

Вице-премьер Жұманғариннің айтуынша, 17%-ы – етке, 5%-ы – сүт өнімдеріне, ал көкөніс, жеміс-жидек пен тәттілерге 4% кетеді.

Жалпы халық табысының 50%-ы азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға кетеді екен.

▪️Ал Сіз азық-түлікке қанша жұмсайсыз?⤵️

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Dec, 07:47


🇰🇿🇫🇷Франция Қазақстанға АЭС салу ісінде қолдау көрсетуге дайын

Бұл туралы қазақстандық делегацияның Францияға сапары барысында айтылды.

Делегацияны энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастап барды.

Министр Францияның атом саласындағы жетекші ұйымдарымен жүздесті.

▪️Айта кетері, Франция – атом саласында әлемдік көшбасшы.

Елде өндірілетін электр энергиясының шамамен 70%-ын атом энергиясынан алады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Dec, 05:59


⚡️2025 жылы зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегі өзгеріссіз қалды

2024 жылғы деңгеймен қалып отыр.

Айта кетері, зейнетақы жинағын жұмсау үшін шоттағы ақша «жеткіліктілік» шегінен асуға тиіс.

Артылған бөлігін баспана алуға, ипотеканы өтеуге және емделуге жұмсауға болады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Dec, 05:28


⚡️Астанада криптовалютаны 7 млрд теңгеге заңсыз ауыстырғандар сотталды

Елордада криптовалютаны заңсыз саудалаған екі адам сотталды.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, олар «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасына тіркелмеген. Лицензиясыз кәсіпкерлікпен айналысқан. Осылайша, 7 млрд теңгені заңсыз жолмен айырбастаған.

Енді қылмыстық жолмен келген табыс мемлекетке қайтарылуы тиіс.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Dec, 04:38


⚡️Эммануэль Макрон мерзімінен бұрын отставкаға кетпейтінін айтты

Франция басшысы 2027 жылы өкілеттігі аяқталмайынша президенттіктен кетпейтінін мәлімдеді. Күні кеше ол осылай деп француз халқына үндеу жасады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Dec, 03:48


6 желтоқсан - Прокуратура күні

1991 жылы дәл осы күні Қазақстанда бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.

Прокуратураның негізгі функциясы - заңдылықтың сақталуын қадағалау, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.

Прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

06 Dec, 03:12


⚡️Қорғаныс министрлігі Испаниядан 145 млн еуроға алып ұшақ сатып алды

Airbus А-400М ұшағы Алматыға келіп қонды.

Ұшақ 37 мың келі жүкті тасымалдауға қауқарлы. Сағатына 802 шақырым жылдамдықпен 12 200 метр биіктікте ұша алады.

2026 жылы осыған ұқсас тағы бір ұшақ әкелінбек. Еліміз – Airbus А-400М ұшағы бар әлемдегі тоғызыншы мемлекет.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Dec, 18:13


🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты АҚШ-тың Президенті болып сайлануымен құттықтады

Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады.

Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Dec, 16:38


⚡️LRT құрылысына алғашқы рельс төселді

Астанада LRT тәжірибелік учаскесінде 500 метр рельс төселді. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Dec, 12:38


⚡️Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша бөлінетіні белгілі болды

АҚШ долларының бағамы 500 теңгеден асып кетті. Бұл Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаражат көлеміне әсер ете ме?

💬Қаржы министрі Мәди Такиевтің сөзінше, қордағы ақша онсызда доллармен сақталады және балалардың шоттарына жіберіледі. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ.

💸Оның сөзінше, 2025 жылы 6,9 миллион балаға 889 млн долларға жуық ақша бөлінеді.

Бұл бала басына шаққанда 120 доллардан келеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Dec, 11:52


🇰🇿Биыл елімізде халық саны 210 мың адамға көбейді

Осылайша 20 243 981 жеттік.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Dec, 10:46


⚡️Ұлттық қауіпсіздік органдары 4 терактінің алдын алды

Бұл туралы президентке есеп берген ҰҚК басшысы Ермек Сағымбаев айтты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Dec, 10:28


⚡️Енді қазақстандықтар өзін құмар ойыннан 10 жылға дейін шектей алады

Бұған дейін 12 айға ғана шектей алатын.

Енді бұл мерзім 10 жылға дейін ұзартылды.

Қызметті eGov mobile арқылы пайдалануға болады.

Қызмет тек 21 жастан асқандар үшін қолжетімді.

Айта кетері, бүгінге дейін 173 868 адам өзін құмар ойындардан шектеген.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Dec, 09:37


⚡️Таңертең Kcell ұялы байланыс операторында ақау пайда болды

Компания бұл техникалық себептерден туындаған ақау екенін хабарлады тілшімізге ұялы байланыс операторы.

Қазір ақау жойылды.

🗣Айта кетейік, таңнан бері мобильді интернет пен бірқатар қосымшалар, оның ішінде Kcell қосымшасы жұмыс істемей қалған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Dec, 07:48


⚡️Шар қаласындағы Қазпошта ғимараты қаңырап қараусыз қалған

Жарма ауданының әкімі Нұрлан Борсықбаев бұл сауалға жауап берді.

«Иә, дұрыс айтасыз. Бұл ғимарат ескірген. Қазір нысан біздің қарамағымызда болмағандықтан, өзімізге алу бойынша келіссөздер жүргізіледі. Болашақта IT саласын дамыту мақсатында қолдану жоспарымызда бар», - деді ол.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

05 Dec, 06:11


⚡️Биткоин бұрын-соңды болмаған 100 мың доллар межеден асты

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 15:23


⚡️Еліміздің басым бөлігінде ертең тұман мен көктайғақ күтіледі

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 14:16


✍️ Мемлекет басшысы «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 14:15


✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 13:16


⚡️Елімізде алдағы күндері аяз күшейеді - Қазгидромет

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 12:43


⚡️Енді заңсыз шығарылған қаржы Интерпол арқылы қайтарылады

Интерпол Ұлттық орталық бюросы мен Активтерді қайтару жөніндегі комитет арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Мұндай серіктестік халықаралық тергеулерге қолдау көрсету және мемлекеттер мен олардың азаматтарына тиесілі қаражатты қайтару арқылы экономикалық қылмыстарға неғұрлым жедел және тиімді қарсы тұруға мүмкіндік береді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 10:21


⚡️Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі қызметінен кетті

Ким Ён Хён азаматтардан кешірім сұрап, президентке отставкаға кететінін мәлімдеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 09:45


⚡️Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жасанды интеллект бойынша қазақ тілі айтарлықтай деңгейге жеткенін айтты

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 08:53


Сәлемдемені поштадан пин-код арқылы алуға болады

Мәжіліс пошта нарығын дамытуға бағытталған «Пошта туралы» заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Атап айтқанда, онда пошта сәлемдемесін жеткізу және тапсыру рәсімін оңайлату қарастырылған. Айталық сәлемдемені сенім білдірілген басқа адамға пин-код енгізу арқылы тапсыру белгіленген.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 08:10


🇰🇿🇬🇪🇰🇷Грузия мен Оңтүстік Кореяда зардап шеккен қазақстандықтар жоқ

Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Елшіліктерге отандастарымыз жүгінбеген.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 07:23


⚡️Қалалар мен аудан әкімдерінің әлеуметтік желідегі белсенділігі бойынша рейтингі «018.kz» ақпараттық порталына жарияланды

Рейтингті «Abay Media Group» ЖШС қарасты Аналитика және мониторинг бөлімі әзірледі.

2024 жылдың қараша айы бойынша көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталды.

🌐Толығырақ сілтемеде:

https://018.kz/13360-abaj-oblysy-ala-men-audan-kimderini-rejtingi.html

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 06:23


⚡️Мәжілісте қазақ тілін жасанды интеллектіні қолдану арқылы дамыту барысы талқылануда

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 05:37


⚡️«Каспий» футбол клубының басшылығы жаттығуға бөлінген 27 млн теңге қаражатты жымқырған

Бас прокуратураның мәліметінше, бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарын өзгертуге мәжбүрлеген. Сонымен қатар, 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген.

Футбол клубының экс-басшысы және екі сыбайласы қамауға алынды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 05:00


⚡️ТЖМ ШҚО және Алматы тауларында көшкін түсу қаупі жоғары екенін ескертті

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 04:40


🇰🇿Семейде Тәуелсіздік күніне орай безендіру жұмыстары басталды

Қала көшелерінде мемлекеттік мерекеге байланысты ақпараттық билбордтар мен баннерлер пайда болды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 04:10


⚡️Оңтүстік Кореяның оппозициясы президент Юн Сок Ёльді мемлекетке опасыздық жасады деп айыптамақ

Оппозиция талабымыз орындалмаса, Юн Сок Ёльге импичмент жариялау мәселесін көтереміз деп отыр.

Парламенттегі 300 орынның 170-і «Тобуро» партиясына тиесілі. Корея Республикасының Конституциясында импичмент туралы шешімді қабылдау үшін депутаттардың үштен екісінің дауысы қажет деп көрсетілген. Билеуші партия заң шығарушы органдағы орындардың үштен бірінен астамын бақылайды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 03:53


⚡️Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль өткен түнде енгізген әскери жағдайды тоқтатты

Бұл шешімді ел басшысы Оңтүстік Корея Парламентінің – Ұлттық ассамблеяның 300 депутатының 190-ы әскери жағдайды жоюға дауыс бергеннен кейін қабылдады.

Елдегі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар Юн Сок Ёльді сынға алып, оның отставкаға кетуін талап етуде.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 03:41


⚡️Келер жылдан бастап мүгедектігі бар адамдардың жәрдемақысы өседі

I топтағылар - 101 702 теңге, II топ – 81 362, ал III топқа берілетін көмек – 55 474 теңге алады. Мүгедектігі бала кезінен болса I топ - 101 702 теңге, II топ – 84 598 теңге, III топ – 74 428 теңге болады.

Оған қоса қажетті техникалық құралдар мемлекет есебінен беріледі. Ал биылдың өзінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске асырыла бастады.

Елімізде бүгінде 734 мыңға жуық мүгедек куәлігі бар жан бар.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 03:31


Президент One Water саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі:

🗣Әлемде 2 млрд-тан астам адам сапалы ауыз суға жарымай отыр, ал 4 млрд халық су тапшылығына ұшырады.

🗣Жер аумағы көлемді және теңізге шығатын жолы жоқ ел ретінде Қазақстан судың қадірін анық сезінеді. Су таусылмайтын ресурс емес. Мұны өз басымыздан өткерген жағдайдан білеміз. Судың да сұрауы бар. Оны үнемдеп пайдалану керек.

🗣Судан таршылық көрмеудің маңызды аспектілерінің бірі – су қоймаларының әлеуетін арттыру, мұздықтарды сақтау, суарудың инновациялық жүйесін енгізу.

🗣Мұздықтар дүниежүзіндегі 2 млрд-қа жуық адамды сумен қамтамасыз ететін өзен-көлдерді қоректендіреді. Сондықтан еруіне жол бермей, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірыңғай су саясатын әзірлеген жөн.

🗣Мұздықтарды қорғау мен зерттеуге арналған жаһандық орталықтарды біріктіретін серіктестік құру ұсынамын.

🗣Су тапшылығы азық-түлік және энергетика қауіпсіздігіне, өнеркәсіп өсіміне қауіп төндіреді.

🗣Қазақстан 2026 жылы БҰҰ қолдауымен Өңірлік климат конференциясын өткізеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

04 Dec, 03:13


⚡️Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Ғапуов Айбек Еркінұлы тағайындалды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Dec, 04:51


⚡️2025 жылы 41 706 қазақстандық әскери қызметке шақырылады

Науқан екі кезеңде - наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жүзеге асырылады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Dec, 04:09


⚡️Абай көшесіндегі көлік кептелісінің ұзындығы 1,2 шақырымға созылды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Dec, 03:46


⚡️Семей қаласының Абай көшесінде көлік ағынының көп болуына байланысты кептелістің қызыл деңгейі жарияланды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

03 Dec, 03:21


⚡️2026 жылдан бастап барлық мектептер үш тілде емес көп тілде білім беруді бастайды

Оқушылар 2026 жылдан бастап ағылшын тілінде ғана емес, басқа да шет тілдерінде білім алуы мүмкін. Дегенмен бұл талап білім беру мекемесінің әлеуетіне байланысты қойылады. Сонымен бірге мектептің таңдауы бойынша бір топ пәнді ағылшын тілінде оқытуға болады.

Өзгертілген білім стандартында кейбір пәндерді біріктіру, ал бірнеше пәнді кіріктіріп оқыту көзделген. Ал «Көркем еңбек» пәні қайтадан бұрынғыша «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу» пәні болып екі бөлек оқытылады. Бағалау жүйесі де қайтарылды. Енді басқа сабақтар сияқты 1-10 балл арасында баға қойылады.

Құжаттағы тағы бір өзгеріс – мектеп бітіруші түлектер үшін міндетті пәндер қысқартылып, жоғары оқу орнына түсуге дайындалу үшін оқушының таңдауына қарай қосымша сабақтар қосылады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 13:49


⚡️Бүгін түнде Абай облысы аумағында ауа температурасы -20 градусқа дейін төмендейді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 11:54


⚡️Елімізде бір доллардың құны 525,25 теңгеге жетті

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 11:08


⚡️1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 10:35


⚡️Антикор туризм саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 10:05


⚡️Теміртауда заңсыз майнинг фермасын ұйымдастырушы анықталды

Күдікті өндірістік база аумағында металл контейнерлерде криптовалюта өндіру үшін арнайы есептеу құрылғыларын орнатқан. Тінту барысында 156 майнинг жабдығы (ASIC) және басқа да қосалқы құрылғылар табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 09:33


⚡️Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бергендердің кірістері мен шығыстары тексерілмек

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 08:57


⚡️Үкімет валюта бағамына қатысты мәлімдеме жасайды

Бүгін Үкіметте сағат 15:00-де аяқасты жиын болғалы жатыр. Онда вице-премьер Нұрлан Байбазаров теңгенің жағдайын баяндап, мәлімдеме жасамақшы. Министрлер кабинетінің ұстанымы бірер сәттен кейін белгілі болады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 08:24


⚡️Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 530 теңгеге жетті

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 07:47


⚡️Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сондай-ақ Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.

Ескерткіштің ашылуын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев ашып, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюстің ашылу рәсімін орындады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 06:49


⚡️Елімізде бір доллардың құны 517,02 теңгені құрап отыр

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 06:28


⚡️БРИКС доллардан бас тартса, Трамп 100 пайыз салық салмақшы

АҚШ-тың жаңа президенті әлден ұйымға мүше мемлекеттерді осылай деп қорқытып отыр. (Солай болса, Америкаға импортталатын тауарлар бағасы қымбаттайды).

Сөйтіп Трамп халықаралық саудада долларды басқа валютамен ауыстыруға ниетті елдерге қарсы шаралар қабылдайтынын ескертті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 06:22


⚡️Абай облысында 2024 жылғы 2 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты IІ ауысымда

▫️Курчатов қаласындағы мектептердің 2-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 06:09


⚡️Джо Байден ұлына рақымшылық жасады

АҚШ президенті Джо Байден екі қылмыстық іс бойынша айыпты деп танылып, сот шешімін күтіп отырған ұлы Хантерге рақымшылық жасады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

02 Dec, 05:31


⚡️12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің бақылауынсыз қалдыруға тыйым салу ұсынылды

Мұндай ұсынысты балалар омбудсмені Динара Зәкиева айтты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

24 Nov, 11:43


⛔️Абай облысында Жетісу облысы бағытындағы автожолдарда қозғалыс шектелді

2024 жылғы 24 қараша сағат 16:30-дан бастап боран, көрінудің шектелуі және жол қозғалысы қауіпсіздігіне төнген қауіпке байланысты келесі учаскелерде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды:

❗️ «Мақаншы – Жалаңашкөл», 0-133 шақырым
❗️ «Мақаншы – Үшарал», 0-48 шақырым

👮🏽‍♂️Жүргізушілерден сақтық шараларын сақтауды және бұл ақпаратты жол жүру жоспарларында ескеруді сұраймыз.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

24 Nov, 09:30


⚡️Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке қайта оралмақ

Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, ол Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады.

41 жастағы Сәпиев бұған дейін ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

24 Nov, 07:55


⚡️Енді есірткі қылмысына қатысы дәлелденген лауазымды тұлға өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желіде жазды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

24 Nov, 05:38


⚡️Келесі жылдан бастап азаматтар дүние-мүлкін зейнеттегі туысқандарының атына жаза алмайды

ҚР Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, декларациялаудан босатылған тұлғалардың атына дүние-мүлік жазылса, ол оны қай көзден сатып алғанын көрсету керек болады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

23 Nov, 16:26


⚡️Республикалық «Жайдарман» ойындарында «Талант», «Шапалақ», «Жуалы» құрамалары биылғы маусымның чемпиондары атанды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

23 Nov, 16:23


⚡️Абай облысының атынан қатысқан Семей медицина университетінің «Қыздарский» құрамасы республикалық «Жайдарман» ойындарында екінші орын иеленді

Құттықтаймыз🎉

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

23 Nov, 13:11


⚡️Астанада әскери авиация жаттығулары өтеді

23-24 қараша күндері елордада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек.

Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді»,-делінген хабарламада.


Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

23 Nov, 10:02


⚡️Енді кезекке санатына қарамастан соңғы бес жылда тұрғын үйі жоқ азаматтар тұра алады

Осыған байланысты «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» құрылады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

23 Nov, 09:20


⚡️Енді тұрғын үй кезегіне қою және оны бөлу қызметі әкімдіктен Отбасы банкке беріледі

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

23 Nov, 08:30


⚡️Абай облысының әкімі Энергетикке тағы да ат басын бұрды

Бұл жолы «Энергетик» ықшам ауданының мәселелерін шешу бойынша Жол картасы әзірленбек.

Аймақ басшысымен бұған дейінгі кездесуде тұрғындар абаттандыру, ыстық су, көше жарығы, балалар алаңын салуға қатысты мәселелерді жеткізген болатын.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

23 Nov, 06:12


⚡️Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды

13 желтоқсаннан бастап Kcell және Activ 18 тарифтік жоспар құнын өзгертеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

23 Nov, 05:59


Отбасы банкке Ұлттық даму институты мәртебесі берілді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

23 Nov, 05:53


⚡️Жылуға жұмсалған 770 миллион теңгеге жуық қаражат қазақстандықтарға қайтарылады.

Монополистер 2023/2024 жылғы маусымға жылу үшін төлемдерді қайта есептеп, азаматтарға 768,2 миллион теңге қайтарды.

Аймақ бойынша қайтару:

📌ШҚО – 354,5 млн
📌Алматы — 95,4 млн
📌Маңғыстау – 60,9 млн
📌Қызылорда – 38,6 млн
📌Ақтөбе – 37,7 млн

Қайтару ағымдағы жылыту маусымында жеке шоттарда көрсетіледі.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Nov, 17:59


Абай облысының құрамасы финалда бақ сынайды

Ертең Астана қаласында «Жайдарман» ойындарының биылғы маусымдағы соңғы ойыны өтеді.

Финалдық кезеңде Семей медицина университетінің студенттерінен құралған «Қыздарский» құрамасы өнер көрсетеді.

Редакция атынан жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Nov, 16:17


Біз өмір сүріп жатқан уақыт белдеуі өмірімізге қалай әсер ететінін ойлап көрдіңіз бе?

🎥Қазір толығырақ түсіндіреміз!

Қазақстан шамамен шығыс бойлық ендікте 67-82 градус өлшемі аралығында орналасқан. Бұл бесінші уақыт белдеуі немесе UTC+5.

Еліміздегі уақыт белдеуінің тарихы туралы не айта аламыз? Көпшіліктің есінде қалған UTC+6-ға алғаш рет еліміз 1930–1931 жылдары ауысты. Содан бізге тағы бір сағат жасанды түрде қосылды. Басшылық мұны әртүрлі аймақтардағы жұмыс күні шамамен бір уақытта басталуы үшін жасады.

Ғаламторда бар ғылыми деректерге сүйене отырып, осындай қорытынды жасадық. Ал Сіз қалай ойлайсыз?🤔

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Nov, 14:22


⚡️Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін – СІМ

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Nov, 13:44


⚡️Мемлекет басшысы тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

15 Nov, 17:57


Абай театрында Шәкәрім университетінің 90 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

15 Nov, 13:58


⚡️Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы Бурабайда өтеді

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында айтты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

15 Nov, 12:50


⚡️Мемлекет басшысы: Қазақтың тамыры – ауылда

Мықты мемлекет боламыз десек, ауылды дамыту аса маңызды. Халқымыздың салт-дәстүрі, тілі мен ділі, бәрі ауылда сақталған. Президент жиында «жаһандану дәуірінде қазақты сақтау үшін, ең алдымен, ауылды сақтау керек» деген үндеу тастады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

15 Nov, 12:11


Shakarim University-дің бұрынғы ректорлары мерейтойлық марапаттарға ие болды

Shakarim University-дің 90 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өту аясында университеттің бұрынғы басшыларына арнайы марапаттар табысталды. Бұл наградалар олардың университеттің дамуына, оны аймақ пен елдің жетекші білім беру мекемелерінің біріне айналдыруға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Shakarim University-дің әр жылдардағы бұрынғы ректорлары оқу және ғылым үдерістерін басқарумен қатар, жоғары білікті мамандарды дайындау үшін қолайлы жағдай жасауда үлкен еңбек сіңірді. Бүгінде университет жетістіктерімен, білім берудегі жаңашылдықтарымен және ғылыми жаңалықтарымен танымал. Бұл табыстардың көпшілігі университетті басқарған тұлғалардың қажырлы еңбегінің жемісі болып табылады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

15 Nov, 11:30


⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында сөз сөйледі

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері бас қосқан жиынға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевта қатысты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

15 Nov, 11:18


⚡️Президент Үкіметке жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 13:32


⚡️Екінші ауысымдағы оқушыларға ыңғайлы болу үшін Семейде қоғамдық көліктердің кестесін кешкі сағат 21:00-ге дейін, Аягөзде 20:00-ге дейін ұзарту ұсынылды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 12:45


⚡️15 қараша күні Абай облысы мәслихатының сессиясы өтеді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 12:32


⚡️Қазақстан Президенті Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 12:05


⚡️Алаяқтар рәсімдеген несиені банктер мен микрокредиттік ұйымдар есептен шығаруға міндеттелмек

Жоғарғы сотта осындай ұсыныс айтылды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 10:42


Ертең Абай облысында «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі әкімдердің І өңірлік форумы өтеді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 10:15


⚡️Шетелден әкелінетін дәрілердің бағасы төмендетілмек

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 09:17


⚡️Қытай Қазақстанға арнап тепловоз шығарды

Қытайдың Циндао қаласында Қазақстан үшін арнайы шығарылған Қытайдың бірінші магистральдық жүк тепловозы (ТЭ36А үлгісі) Қазақстанға жеткізілуге дайын. Бұл туралы CCTV хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 08:44


Құрметті Абай облысының тұрғындары!

Сіздерді дәулескер күйші, қомпозитор, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбектің және «Ақжауын» оркестрінің концертін тамашалауға шақырамыз!

Концерт 19 қараша күні, сағат 18:00-де Абай атындағы театрда өтеді (кіру тегін).

Өнер иесінің шығармашылығына толы кешті бірге тамашалайық!

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 07:31


⚡️240 млн теңгеге өрт сөндіретін екі дрон сатып алынды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 07:03


⚡️Абай облысының, оның ішінде Семей қаласының дамуына айрықша үлес қосқан біртуар тұлға, бірқатар жауапты қызметтерді абыроймен атқарған «Құрмет» орденінің иегері Зәуреш Рамазанқызы Исабаева мезгілсіз дүниеден өтті

Марқұмның туған туыстары мен жақындарына редакция атынан қайғырып көңіл айтамыз.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 06:48


🚁 Өрт кезінде көпқабатты үйдің тұрғындары тікұшақпен құтқарылады

Алғаш рет тікұшақпен көпқабатты үй тұрғындарын эвакуациялау жаттығуын Астанада өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында баяндады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 06:33


🇰🇿🇦🇿🇺🇳Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына келді

🤝 Мемлекет басшысын Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.

✔️ Президент СOP29 саммитінің пленарлық сессиясында ең бірінші болып сөз сөйлейді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 06:14


Ескі 5000 теңгелік банкноталарды келесі жылға дейін қолдануға болады

Ұлттық банк 2011 жылғы және 2023 жылғы 5 мың теңгелік банкноталарды қолдану мерзімін 2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін ұзартты.

«Айналымда қатар жүру кезеңі аяқталған соң 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен Қазпошта 3 жыл ішінде, ал ҚҰБ филиалдары мерзімсіз ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға  айырбастайды»,- деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкі.

*2011 және 2023 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноталар

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 05:48


⚡️Семей қаласында 2024 жылғы 12 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) 2 ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 05:12


▶️Абай облысының әкімі Үкімет отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша баяндама жасады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 04:53


🚖 Елімізде такси бағасы ЕАЭО елдерінен екі есеге қымбат

Numbeoдеректеріне сүйенсек, елімізде такси қызметінің құны 1 км үшін 0,63 доллар болған.

Бұл Ресей, Беларусь сияқты көрші елдерден шамамен екі есеге қымбат.

▪️Арменияда 0,33 доллар
▪️Ресейде 0,31 доллар
▪️Беларусьте 0,3 доллар.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 04:32


🇯🇵 Жапония үкіметі толық отставкаға кетті

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба өткен айдағы жалпы сайлаудан кейін елдің келесі премьер-министрін таңдау үшін парламентте дауыс беру алдында кабинетімен бірге отставкаға кетті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 04:01


⚡️Қашып жүрген LRT-ның бұрынғы басшысы 9 жылға сырттай сотталды

Іс материалына сәйкес ол лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланған.

Яғни, нақты қажеттіліксіз LRT жобасына Қытайдың мемлекеттік даму банкінен 257,6 млн АҚШ долларын заңсыз сұратқан.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

12 Nov, 02:43


⚡️Абай облысында 2024 жылғы 12 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты I ауысымда

▫️Аягөз ауданындағы 12 мектептің 1-11 сынып;

▫️Жанасемей ауданындағы 2 мектептің 1-11 сынып;

▫️Семей қаласындағы барлық мектептің 1-11 сынып оқушылары және колледждің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қалған аудан мен қала мектептері штаттық режимде оқиды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

11 Nov, 14:52


🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcу үшін Бакуге жұмыс сапарымен келді

✔️Президент сапар барысында мемлекеттер басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және бизнес-құрылым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 14:11


⚡️Астанада такси жүргізушісін тонап кетті

Жүргізушіге үш жолаушы шабуыл жасап, 50 мың теңгесін тартып алған. Оқиға бойынша қылмыскерлер ұсталып, іс қозғалды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 13:56


👃Енді иістерді интернет арқылы жіберуге болады

Osmo стартапы хош иістерді цифрландыруға қол жеткізді. Жоба қатысушылары иісті ұстап, оны молекулаға дейін интерпретациялайтын машина жасады, ол үшін жасанды интеллект қолданылады.

Бұл комбинацияны әлемнің кез келген нүктесіне жіберуге болады, ал сол жерде дәл осындай машина формуланы қайта жасап, иісті жаңғыртады.

Иістерді фото немесе видео сияқты оңай жіберетін уақытты күтіп отырмыз.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 13:02


🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 12:28


⚡️Облыс әкімі Татарстан Республикасының Раисымен кездесті

Татарстан Республикасындағы Абай облысының мәдени күндері аясында Қазан қаласына жұмыс сапарымен Абай облысының делегациясы келді. Сапар барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов кездесті. Бұл сапардың мақсаты – екі аймақ арасындағы байланысты, әріптестік қарым-қатынасты нығайту, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 12:19


⚡️Алексей Ни енді өмір бойына бапкерлікпен айналыса алмайды

Ақпаратты Қазақстан Ауыр атлетика федерациясы растады.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы мен Халықаралық тестілеу агенттігі осындай шешімге келген.

Себебі оның зілтеміршілерге допинг ішкізгені белгілі болды. 

Айта кетейік, Алексей Ни Қазақстан ұлттық құрамасын 1994-2016 жылдар аралығында баптаған.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 11:37


Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар аяқталды

Оқу-жаттығу барысында құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығы бойынша іс-қимылдар пысықталды.

Оқу-жаттығу қаланың әртүрлі аудандарында өтіп, қауіпсіздік күштері, төтенше жағдайлар қызметі және жергілікті атқарушы органның қатысуымен әртүрлі шабуыл сценарийлерін қамтыды.

Әр түрлі құрылымдар арасындағы өзара әрекеттесуге және жедел ақпарат алмасуға ерекше назар аударылды.

✍️Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 10:57


⚡️Семей қаласында жыл басынан бері 147 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 10:30


⚡️Курчатовқа ғылыми қалашық мәртебесі берілуі мүмкін - Сенат

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 10:25


⚡️АЭС-ті Семей полигоны маңына салу ұсынылды

Сенат депутаты Андрей Лукин Үкімет басшысына сауал жолдап, атом электр станциясын Абай облысының Курчатов қаласында салуды ұсынды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 09:49


✍🏼Сенат сот жүйесін реформалау туралы заңды мақұлдады

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 09:37


⚡️Қазақстан территориясы бойынша барлық әуе рейсі кешігуі мүмкін

Air Astana метеорологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты рейстердің кешіктірілуі мүмкін екенін хабарлады. Әуе компаниясы жолаушылардан рейс статусын алдын ала сайттан тексеріп отыру керектігін ескертті.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 08:47


⚡️Оңтүстік Корея президенті Трампқа қоңырау шалған соң акциялар қымбаттады

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трампқа қоңырау шалып, құттықтағаннан кейін кореялық кеме жасайтын компаниялардың акциялар құны күрт көтерілді.

Өйткені Трамп екі елдің кеме жасау саласына қалай көмектесе алатынын айтып, талқылаған. Артынша екі ел басшылары жақын арада кездесуге келісті.

Осы әңгімден кейін бірден Hanwha Ocean компаниясының бағалы қағаздары Сеулдегі саудада 15%-ға өсті. Бұл сәуір айынан бергі жақсы өсім. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, әлемдегі кеме жасау саласындағы ең ірі корпорация Hyundai Heavy Industries акциялары 16%-ға, ал оның бәсекелесі Samsung Heavy Industries-тікі 8,4%-ға көтерілді.

Трамп кеме жасау саласына көңіл бөліп, АҚШ-ты теңіз державасына айналдырғысы келеді. Бүгінде теңіздегі қуаты мықты ел – Қытай.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 08:05


⚡️Қазақстан БРИКС-ке серіктес ел ретінде қосылуға шақыру алды

Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанада қазақстандық әріптесімен өтіп жатқан келіссөзде айтты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 07:22


📱Қазақстандықтарды әскерге шақырудың жаңа тәсілі енгізілді

Мәжілісте жаңа заң жобасы мақұлданды. Қорғаныс министрлігі енді әскерге шақыруды 1414 нөмірінен SMS жіберу арқылы жүзеге асырады.

«Қорғаныс министрлігі SMS-хабарламаларды «электрондық үкіметтің» веб-порталы – 1414 қызметі және пайдаланушының «жеке кабинеті» арқылы жібере алады», делінген ведомство ақпаратында.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

07 Nov, 06:44


⚡️Ресей президенті Путин Қазақстанға 27 қараша күні келеді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 13:00


⚡️Абай облысында жолдағы қауіпсіздік дронмен бақыланбақ

Бұл өңірде 9 айда 780 жол апаты тіркелген, салдарынан 59 адам қайтыс болған. Мыңнан астам адам жарақат алған.

Қазірдің өзінде көлік ағыны көп жолдарда жылдамдықты шамадан тыс асырғандар, жолақтар мен жол белгілерін ескермейтіндер анықтала бастады.

Тәртіп сақшылары енді әуеден бақылау жүргізілетіндіктен жол ережесін бұзу оқиғалары әлдеқайда азаятынын айтады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 12:06


⚡️Татарстан астанасында Абай ескерткіші ашылады

Қазандағы БРИКС саммиті аясында 24 қазанда қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбаевқа ескерткіш ашу жоспарлануда.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 12:02


⚡️Абай облысы мен Өзбекстан өңірлері арасында ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімдерге қол қойылды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 10:04


⚡️Қарағандыда 36 жастағы тұрғын 7 млн теңгенің алтынын ұрлап, ломбардқа өткізген

Күдікті қаладағы жер үйлердің бірінің терезесін сындырып кіріп, ішінен алтын бұйымдар ұрлап әкеткен. Айғақ заттар қаладағы ломдардтардың бірінен тәркіленіп алынды.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 08:59


⚡️Бұқтырма су қоймасындағы көпір тегін болады

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 08:04


💬Самат Смақовтың жұбайы «Астана» футбол клубының жеңісін атап өтті

«Елімай» жанкүйерлерінің пікірінше, өңірімізден шыққан танымал тұлғалардың қарсылас команданың жеңісіне ашық қуануын түсіну қиын.

Ал Сіз қалай ойлайсыз🤔

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 07:42


⚡️Банктерге қосымша құн салығы салынса, клиенттерге салмақ болмақ - Halyk Bank басшысы

Үміт Шаяхметова қаржылық қызметтерге ешқашан салық салынбағанын және салудың қажеті жоқ екенін айтты.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 06:20


⚡️Алматыдағы форумда Жұманғарин сөзін «бисмилләдан» бастады

Осылайша премьер-министрдің орынбасары Ауған елінен келген делегацияны қарсы алды.

▪️Қалада «Қазақстан-Ауғанстан» бизнес форумы өтіп жатыр.

Форумға Ауған елінен 170 компания өкілі келген.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 05:16


⚡️9 айда елімізде жол апатынан 1 754 адам қаза тапқан

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 04:26


💸Шетелден қайтарылған қаражат қайда жұмсалады?

Барлық қаражат арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі.

Бүгінгі таңда онда 177 млрд теңге жинақталған.

Үкімет бұл қаражат есебінен жүзеге асырылатын алғашқы екі әлеуметтік жобаны таныстырды:

▪️Ақмола облысында құны 2,1 млрд теңге болатын спорт кешені;

▪️Түркістан облысында 890 млн теңге сомаға музыка мектебі салынбақ.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 03:58


⚡️Есен Елеукен жаңа қызметке ауысуына байланысты «Жайдарман» ойындарынан кетті

Енді танымал жастар жобасын Жанасыл Болатбек басқарады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

22 Oct, 03:41


⚡️Республика күніне орай қосымша пойыздар қатынайды - ҚТЖ

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

21 Oct, 16:22


⚡️26 қазан күні Астана қаласында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

21 Oct, 13:01


✍️ Мемлекет басшысы «Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

21 Oct, 12:02


⚡️Елімізде алғаш рет такси нарығына қатысты форум өтеді

Шара 28 қараша күні Алматыда өтеді деп жоспарланған.

Форумда такси нарығын реттеу, Қазақстандағы болашағы, такси қызметіне салық салу, парктерді автокөліктермен қамтамасыз ету, тұтынушы қауіпсіздігі, саланы қаржыландыру, сақтандыру және Алматы қаласының такси паркін электр көліктеріне көшіру сынды өзекті мәселелер талқыланбақ.

Жиынға сала мамандары мен сарапшылар қатысады. Сондай-ақ такси индустриясы қауымдастығының, Yandex Go компаниясының басшылары қатысады.

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

21 Oct, 10:38


Семейде танымал «Патруль» фильмі түсірілді💥

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

21 Oct, 08:33


⚡️Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын Күршім көпірі ашылады деп күтілуде

t.me/abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT

21 Oct, 08:21


⚡️Маргарет Тэтчерге Назарбаев берген орден сатылымда жүр

«Достық» орденінің суреті Ұлыбританиядағы интернет-дүкендердің бірінде жарияланды.

Орден шамамен 7,9 млн теңгеге бағаланған.

Сипаттамасында Нұрсұлтан Назарбаев бұл орденді Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министріне 2001 жылы бергені жазылған.

t.me/abaiaqparatkz