АБУ ХАНИФА МИРАСЫ @abuxanifa Channel on Telegram

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

@abuxanifa


📖 Жоба ислам ғылымдарының дамуына өте зор үлес қосқан имам Абу Ханифаның мирасын, яғни сахабалар түсінуіндегі Құран мен Сүннетті насихаттауға арналған

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ (Kazakh)

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ тақырыбындағы Телеграм каналымызға қош келдіңіз! "abuxanifa" пайдаланушы аты болды. Бұл каналда Имам Абу Ханифаның мирасы туралы хабарландырулар қолданылған. Абу Ханифа - бұл ислам ғылымдарының дамуына өте зор үлес қосқан имам. Оның сахабалар түсінуі, Құран мен Сүннетті насихаттау туралы мағлұмат алуға мүмкіндік табыңыз. Жоба АБУ ХАНИФА МИРАСЫ көрсеткіштері арқылы біздің каналға қосылыңыз, діни біліміңізді арттыру мен байқамту үшін анық білім мен білік алыңыз!

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

06 Feb, 11:46


📚 ЖИЫРМА ҮШІНШІ ТАРАУ:

Бұл үмметтің бір бөлігі пұттарға табынатындығы туралы

Аллаһ Тағала былай деді:

أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يُؤْمِنُونَ بِالْجِبْتِ وَالطَّاغُوتِ وَيَقُولُونَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا هَؤُلاءِ أَهْدَى مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا سَبِيلا (٥١)

«Сондай өздеріне Кітаптан үлес берілгендерге қарамайсың ба? Олар жибт пен тағутқа иман келтіреді де, кәпірлерді: «Бұлар мүминдерге қарағанда туралау жолда», - дейді» («ән-Ниса» сүресі, 51-аят).

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

30 Jan, 09:32


🎙📖🔈 Шағбан айының қадір-қасиеті және ондағы жасалатын дінбұзар іс-әрекеттер
Шағбан айы жылдық амалдардың Аллаһқа көтерілетін және Пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) ең көп ораза ұстаған ай.
Не себепті адамдар оған ғапылдық танытады?
Не себепті Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) амалдарының ол ораза ұстаған күйде көтерілуін қалады?
Шағбанның ортасындағы түнді арнайы құлшылықтармен ерекшелеудің дінбұзар бидғат екендігі туралы дәлелдер.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

27 Jan, 19:47


📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 9-кеңес: Кешіру бекзаттылықтың көрінісі, ал қателігіңді мойындау - ардақтылық


📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

24 Jan, 13:31


📖🎙🔈 Көзді харамға салудың зардаптары және оны харамнан тыюдың он ұлы жемісі.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

21 Jan, 08:59


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арналған  таңдаулы тарауларды оқып аудару

Әйелдермен жақсы қарым-қатынас жасау туралы бап

Осы бапта келтірілген Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Олар (әйелдерін ұратындар) сендердің араларыңдағы жақсыларың емес", - деген, әрі "Бұл дүние уақытша пайдаланатын нәрсе, ал оның уақытша пайдаланатын нәрселерінің ішіндегі ең жақсысы - салиқалы әйел ", - деген хадистері.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

17 Jan, 06:05


📖🎙🔉 "Көз тию, оның себептері және алдын алудың шариғи тәсілдері"


"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

Оқуға арналған нұсқа
https://t.me/kitapsoresi/473

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

13 Jan, 16:23


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Қадір түнінде намаз оқудың қадір-қасиеті және оның қай түнде болуы көбірек ықтимал екендігі туралы бап

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

08 Jan, 05:18


📖🎙🔈 БІРҚҰДАЙШЫЛЫҚ КІТАБЫ

📚 ЖИЫРМА ЕКІНШІ ТАРАУ:

Таңдаулы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таухидтің қолсұғылмаушылығын қорғайтын әрі ширкке алып баратын кез-келген жолға бөгет қоятын

Аллаһ Тағала былай деді:

لَقَدْ جَاءَكُمْ رَسُولٌ مِنْ أَنْفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُمْ بِالْمُؤْمِنِينَ رَءُوفٌ رَحِيمٌ (١٢٨)


«Расында, сендерге іштеріңнен бір Елші келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүминдерге өте жұмсақ, ерекше рахымды» («әт-Тәуба» сүресі, 128-аят).

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

04 Jan, 05:12


📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 8-кеңес: Күпірліктен (шүкірсіздіктен) аулақ бол


📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

01 Jan, 06:26


شهر رجب والأشهر الحُرم - اللغة قازاقية

Ражаб айы және қасиетті айлар

https://youtu.be/wSV9UEAGVGk

Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сунна" колледжі

Оқуға арналған материал

https://t.me/kitapsoresi/143

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

31 Dec, 03:34


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арналған  таңдаулы тарауларды оқып аудару

Әйелдермен жақсы қарым-қатынас жасау туралы бап

Осы бапта келтірілген Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Мүминдердің ішіндегі иманы бойынша ең кемелдері - мінез-құлықтары ең жақсылары. Сендердің араларыңдағы ең жақсыларың өз әйелдеріне қатысты ең жақсы болғандарың", - деген хадис.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

26 Dec, 12:31


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Рамазан түндерінде намаз оқудың мустахаб амал және ол тарауих деп аталатындығы туралы бап

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

23 Dec, 19:54


📖🎙🔉 "Ғайбаттан қалай сақтануға және құтылуға болады"


"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

Оқуға арналған нұсқа
https://t.me/kitapsoresi/468

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

21 Dec, 16:17


📌 "Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіндісі" топтамасы
Мұсылман адамға не себепті жаңа жылды тойлауға болмайды?
Видео нұсқасы:
https://m.youtube.com/watch?v=1bhxz5QlVJQ

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

19 Dec, 15:08


АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚ЖИЫРМА БІРІНШІ ТАРАУ: 📚

Ізгі-салиқалы адамдамдардың қабірлерін шектен тыс құрметтеу олардан Аллаһтан басқа құлшылық жасалатын пұттар жасайтыны туралы

🍃Имам Мәлик өзінің «Мууатта» атты хадистер жинағында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан хадисін жеткізеді: «Я, Аллаһ! Менің қабірімді құлшылық жасалатын пұтқа айналдырма. Ақиқатында, пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналдырған адамдарға Аллаһтың ашу-ызасы қатты» (Мәлик «Мууатта» 85, Ахмад «Муснад» 246/2).

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

16 Dec, 20:15


📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 7-кеңес: Сенің отбасылық өмірің қоғамның ортақ иелігіне айналмауы керек

Отбасыңнан тыс шығаруыңа болмайтын төрт нәрсе

📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

13 Dec, 04:44


🔈 "Асыл білім қазынасы"
Ислам туралы 1000 сұраққа жауап және дәлел

570. Жұма намазға айтылған (екінші) азаннан кейін әлдебір нарсе сатуға немесе сатып алуға болады ма?

📌 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

10 Dec, 02:46


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арналған  таңдаулы тарауларды оқып аудару

Әйелдермен жақсы қарым-қатынас жасау туралы бап

Осы бапта келтірілген Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Мүминдердің ішіндегі иманы бойынша ең кемелдері - мінез-құлықтары ең жақсылары. Сендердің араларыңдағы ең жақсыларың өз әйелдеріне қатысты ең жақсы болғандарың", - деген хадис.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

07 Dec, 11:40


📖🎙🔈 Шейх Абдуррахман әс-Сиғдидің "Бақытты өмір сүрудің пайдалы құралдары" жолдауын оқу

16) Басқалардың сізге зиян тигізгендеріне алаңдамаңыз:
Олар осынысымен тек өздеріне ғана зиян тигізеді, ал егер сіз олармен айналыссаңыз, онда бұл оларға зиян тигізгендей, сізге де зиян тигізеді.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

04 Dec, 18:36


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер түнгі намазын аурғаны не басқа себеппен өткізіп алса, онда ол оны таң атқаннан кейін он екі ракағат етіп оқитын еді деген және басқа да хадистерінің түсіндірмесі.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

01 Dec, 09:52


📖🎙🔉 "Ғайбат"

Бірінші бөлім

"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

Оқуға арналған нұсқа

https://t.me/kitapsoresi/468

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

27 Nov, 11:49


📚ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ📚

Ізгі салиқалы адамның өзіне немесе оның қабіріне құлшылық етуді айтпағанның өзінде, Аллаһқа ізгі-салиқалы адамның қабірінің жанында құлшылық етуге болмайтындығы туралы

🍃 Әл-Бухари мен Муслимнің «әс-Сахихтарында» (бірде) Умм Сәләма Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Эфиопияда көрген шіркеуі және ондағы иконалар туралы баяндағаны жайындағы Айшаның хадисі келтіріледі. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Оларда салиқалы кісі немесе (Аллаһтың) ізгі пендесі қайтыс болса, олар оның қабірінің үстіне ғибадатхана құрады да, оның ішіне осы суреттерді салады. Қиямет Күні мұндай адамдар Аллаһтың алдында жаратылыстардың ең жамандары болады» (әл-Бухари 427, Муслим 528, Ахмад 51/2).

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

23 Nov, 11:27


📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 6-кеңес: Күйеіңді жақсы көруің оның жақсы көретін адамдарын жақсы көруіңді талап етеді.

📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

20 Nov, 20:10


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арналған  таңдаулы тарауларды оқып аудару

Әйелдермен жақсы қарым-қатынас жасау туралы бап

Осы бапта келтірілген Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Өзің тамақтанғанған оны тамақтандыр, өзің киінгеннен оны киіндір, бетінен ұрма және көріксізсің (деген сияқты сөздерді) айтпа, әрі бойкот жасасаң да, үйде бойкот жаса", - деген хадис.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

17 Nov, 18:21


📖🎙🔈 Шейх Абдуррахман әс-Сиғдидің "Бақытты өмір сүрудің пайдалы құралдары" жолдауын оқу

14) Өмір қысқа екенін есте сақтаңыз: Нағыз, шынайы өмір – қысқа болса да – бақыт пен тыныштыққа толы, сондықтан үнемі уайымдау және алаңдап-абыржуға бой алдыру арқылы оны одан сайын қысқартпаңыз.

15) Сіздің көптеген уайымдарыңыз негізсіз: Сіз уайымдаған нәрселердің көбісі орын алмады. Сондықтан болуы не болмауы екіталай, күмәнді нәрселердің орын алатыны көбірек ықтимал нәрселерден асып түсуіне жол бермеңіз.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

13 Nov, 03:59


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Ең жақсы намаз қиямда тұруы ең ұзағы", "Ең жақсы намаз Дәудтің намазы...", "Түнде сондай бір сағат бар, егер мұсылман адам Аллаһтан бұл дүние мен Ақыретіне қатысты игілік сұрап дұға етуі сол уақытқа сәйкес келсе, Аллаһ оған сұрағанын береді", - деген хадистерінің түсіндірмесі.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

10 Nov, 18:36


📖🎙🔉 "Алпыстан асқандар және басқалар үшін"

"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

Оқуға арналған нұсқасы

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

07 Nov, 18:53


📚ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:

Адамдардың күпірлігінің және діндерін тастауының себебі ізгі-салиқалы кісілерді шектен тыс ұлықтауы болып табылатындығы туралы

🍃 Аса Құдіретті Аллаһ Тағала былай деді:

يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لا تَغْلُوا فِي دِينِكُمْ وَلا تَقُولُوا عَلَى اللَّهِ إِلا الْحَقَّ إِنَّمَا الْمَسِيحُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ رَسُولُ اللَّهِ وَكَلِمَتُهُ أَلْقَاهَا إِلَى مَرْيَمَ وَرُوحٌ مِنْهُ فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ وَلا تَقُولُوا ثَلاثَةٌ انْتَهُوا خَيْرًا لَكُمْ إِنَّمَا اللَّهُ إِلَهٌ وَاحِدٌ سُبْحَانَهُ أَنْ يَكُونَ لَهُ وَلَدٌ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأرْضِ وَكَفَى بِاللَّهِ وَكِيلا (١٧١)

«Әй, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаһқа қатысты шындықты ғана айтыңдар» («ән-Ниса» сүресі, 171).

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

03 Nov, 18:51


📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 5-кеңес: Кемшіліктерді махабатыңның теңізіне батырып таста.

📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

02 Nov, 16:19


📌 Наным-сеніміңіз дұрыс па, тексеріп көріңіз?

https://t.me/imani_negizder

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

30 Oct, 05:26


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арналған  таңдаулы тарауларды оқып аудару

Әйелдермен жақсы қарым-қатынас жасау туралы бап

Осы бапта келтірілген Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Мумин ер мүмин әйелді жек көрмесін, егер оған оның бір мінез-құлқы ұнамаса, басқасы ұнауы мүмкін", - деген хадис.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

26 Oct, 02:49


📖🎙🔈 Шейх Абдуррахман әс-Сиғдидің "Бақытты өмір сүрудің пайдалы құралдары" жолдауын оқу

13) Басқалардың қателіктері мен сізге тигізетін зиянына төзімділік таныту:

Әр адамның бойында қателік, кемшілік немесе сіз жек көретін нәрсе болуы мүмкін, сондықтан адамдардың жақсы жақтарына қараңыз.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

22 Oct, 18:04


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап

Айша (анамыздың), Ибн Масғудтың және Хузайфаның (Аллаһ оларға разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түнгі намазының бейне-кейіпі туралы хадистерінің түсіндірмесі.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

19 Oct, 08:50


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ (ОҒАН АЛЛАҺТЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) МЕШІТІНДЕГІ ПАЛЕСТИНА БАУЫРЛАСТЫРЫМЫЗ ҮШІН ДҰҒА.
ДҰҒА ЕТЕЙІК БАУЫРЛАР

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

18 Oct, 12:19


📖🎙🔉 "Имани сүйінішпен жылау"

"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

Оқуға арналған нұсқа

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

14 Oct, 08:19


https://www.youtube.com/shorts/RWR2qPcZUSQ

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

12 Oct, 02:14


🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:📚

Аллаһ Тағаланың:

إِنَّكَ لا تَهْدِي مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ (٥٦)

«Расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі», - деген сөздері туралы («әл-Қасас» сүресі, 56-аят).

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

09 Oct, 04:25


📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 4-кеңес: Тазалық пен реттілік - сенің мінез-құлқыңның ұлылығының көрсеткіші.

📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

06 Oct, 17:54


📖🎙🔈 Шейх Абдуррахман әс-Сиғдидің "Бақытты өмір сүрудің пайдалы құралдары" жолдауын оқу

11) Қиялға келетін қорқынышты елестерге әрі жалған жорамал қауіп-қатерлерге берілмеңіз: Бұндай үрейлі елестер мен өтірік қауіптер уайым-қайғы мен аурулардың себебі болып табылады.

12) Жүректің Аллаһқа тәуелді болуы және Оған тәуекел етуі: Кім Аллаһ Тағалаға тәуекел етсе, Аллаһ Тағала оған жеткілікті болады.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

04 Oct, 11:20


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан отбасылық қарым-қатынас тақырыбына арналған  таңдаулы тарауларды оқып аудару

Әйелдермен жақсы қарым-қатынас жасау туралы бап

Осы бапта келтірілген Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
"Сендердің әлдебіреуің әйелін құлын сабайтындай сабап, кейін кешке онымен төсектес бола ма?", - деген хадис.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

30 Sep, 05:22


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Түнгі намаз екі, екі ракағат етіп оқылады, ал кім таң кіріп қоюынан қорықса, сол үтірін бір ракағат етіп оқысын", - деген және осыған мағыналас басқа хадистерінің түсіндірмесі.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

27 Sep, 13:51


"Расында, жұма күні - сендердің ең жақсы күндеріңнен, бұл күні Адам (ата) жаратылды..."

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

25 Sep, 08:45


📖🎙🔉 "Зинақорлық"

"Бақыт кілті" топтамасынан

🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

22 Sep, 08:39


🍃Абу әл-Аббас былай деді: «Аллаһ көпқұдайшылдар үміт ететін барлық нәрсені теріске шығарды. Ол Одан басқа ешкім өздігінше ешбір нәрсеге ие емес екенін және оған иелік жасауда ортақтас та емес екенін хабарлады. Ол сондай-ақ Аллаһта көмекшілер жоқ екенін де хабар етті. Сөйтіп, тек шапағат қана қалады, алайда ол тек Раббы рұқсат еткендерге ғана көмек береді. Бұған байланысты Аллаһ былай деді:
وَلا يَشْفَعُونَ إِلا لِمَنِ ارْتَضَى
«Олар тек Ол разы болғандарға ғана шапағат жасайды» («әл-Әнбия» сүресі, 28-аят).
Қиямет Күні көпқұдайшылдардың тәуекел ететін шапағаты болмайды, өйткені Құран мұны теріске шығарады....
Мұндай шапағат Аллаһтың рұқсатымен жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық еткен адамдарға ғана жасалады, ал Аллаһқа серік қосқандар оны ала алмайды...
Құран құрамында көпқұдайшылықтан әлдебір нәрселер болған шапағатты кері қайтарады... Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ шапағат жалғыз Аллаһқа ықыласты түрде құлшылық еткен бірқұдайшыл адамдарға ғана жасалатынын түсіндіріп берді».

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

22 Sep, 08:38


🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ:

Шапағат туралы

🍃 «Сәба» сүресі, 22-23 аяттар:

قُلِ ادْعُوا الَّذِينَ زَعَمْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ لا يَمْلِكُونَ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ فِي السَّمَاوَاتِ وَلا فِي الأرْضِ وَمَا لَهُمْ فِيهِمَا مِنْ شِرْكٍ وَمَا لَهُ مِنْهُمْ مِنْ ظَهِيرٍ (٢٢)وَلا تَنْفَعُ الشَّفَاعَةُ عِنْدَهُ إِلا لِمَنْ أَذِنَ لَهُ حَتَّى إِذَا فُزِّعَ عَنْ قُلُوبِهِمْ قَالُوا مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ قَالُوا الْحَقَّ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ (٢٣)

“(Мухаммад,) оларға: «Көктерде де, жерде де тозаңның салмағындай түкке ие бола алмайтын, екеуіндегі иелікке бір ортақтығы жоқ, сондай-ақ Аллаһқа олардың ешбіреуі көмекші де емес Аллаһтан өзге кұдай санайтындарыңды шақырыңдар», - де. Аллаһтың қасында рұқсат берілген біреуден басқа ешкімнің шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, олар өзара: «Раббыларың не айтты?», - десе: «Хақты айтты. Ол Аллаһ – аса Жоғары, тым Үлкен», - деседі”.

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

15 Sep, 10:01


🌿 Пайғамбарыңа (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көмектес!

📌 Шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сунна" колледжі

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

13 Sep, 07:09


🎙🔈 Мәуліт және Пайғамбарымызға деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шынайы махаббат

Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайтының редакциясы

Қосымша материалдар:

📌 Шейх Ибн әл-Усайминнің мәуліт туралы сөздері
https://t.me/abuxanifa/2164
📌 Мәуліт туралы викторина
https://t.me/abuxanifa/889
📌 Ханафи мазхабының үлкен имамдары мәулітке тыйым салғандығы туралы
https://t.me/abuxanifa/2163
📌 Біз Құран мен Сүннетті сахабалар түсініп ұстанғандай етіп түсініп ұстанумыз керек
https://t.me/abuxanifa/724
📌 Шейх М. әл-Әлбанидің мәулітті жақтайтын адаммен ғылыми пікірталасы
https://t.me/bilim_baqshasy/556

https://t.me/baqyt_kilti/307

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

11 Sep, 11:48


📖🎙🔈 Бадр әл-Утайбидің (Аллаһ оны есендікте сақтасын)
"Мұсылман әйелдерге тұрмыс құрудан бұрыңғы 20 кеңес" жолдауын аударып оқу

🌿 3-кеңес: Сенің әйелдік нәзіктігің мен жұмсақтығың - сенің ең тиімді қаруыңның бірі.

Әйелдердің күйеулеріне қарым-қатынасы бойынша төрт түрі:

1. Тәкаппар, өзін күйеунен жоғары санайтын әйел;

2. Парықсыз, көрінгеннің сөзіне еретін, жөнсіз қылымсыйтын әйел;

3. Айқайлай беретін, ұрысқақ кемпір;

4. Күеуін құрметтейтін, көргенді, сүйгіш әрі туғыш әйел.

📌 Дайындаған "Абу Ханифа мирасы" сайты редакциясы

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

08 Sep, 05:00


📌 Ілім ізденушіге айтылған маңызды насихат

Үлкен ғұлама шейх Солих әли-Шейх (хафизаһуллаһ) айтты:

لو كل يوم تأخذ تفسير آية واحدة فقط، وحديث وشرحه، ومسألة فقهية واحدة، فقط ثلاث في اليوم
اجتمع عندك في السنة كم؟
تفسير ٣٦٠ آية
وتفسير ٣٦٠ حديث في سنة
و ٣٦٠ مسألة فقهية...
كيف خمس سنين،عشر سنين؟
تُصبِح طالب علم.

«Егер күн сайын бір аяттың тәпсірін, бір хадистің түсіндірмесін және бір фиқһи (арам мен адал және ғибадат) мәселені алып, осы үшеуін ғана үйреніп отыратын болсаң, онда бір жылда сенде біршама білім жиналып қалады. Яғни, 360 аяттың тәпсірін, 360 хадистің түсіндірмесін және 360 фиқһи мәселені білетін боласың. Егер бір жылда осынша білім жинасаң, онда бес жыл, он жыл жиналатын білім қандай болмақ десеңші?! Сөзсіз, ілімі мол ілім ізденушіге (шейхқа, ғалымға) айналасың».
📚الأجوبة والبحوث (٥/٣٠٣).

———————
Сол сияқты Құран мен хадис жаттағысы келетіндер де күніне бір аяттан және бір хадистен тоқтамай жаттап отыратын болса, онда бірнеше жылдарда Құранды толық жаттап біткен қариға және біршама хадис кітаптарды жаттап шыққан хафизға айналатын болады. Алайда, адамдарды бұдан тосатын нәрсе – бір аят пен бір хадисті азырқанушылық. Себебі адам баласы Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿وَكَانَ ٱلۡإِنسَـٰنُ عَجُولࣰا﴾.

﴾Адам баласы – тым тағатсыз﴿.
Исра сүресі, 11-аят.

Сондықтан, барлық білімді бір сәтте алғысы келеді. Сосын бір күнде бірнеше аят, біршама хадис жаттап, кейін көптеген айлар бойы жаттай алмай кетеді. Сөйтіп соңында ештеңеге қол жеткізбейді.
Ал, негізінде сол өтіп жатқан уақыт бәрібір де өтіп жатыр. Арамызда намаз бастағандарына он жылдан, жиырма жылдан асқандар бар. Бірақ та Құранды толық жаттау былай тұрсын, тіпті Құранды арабша оқи алмайды. Сол үшін Араб елдеріне барып, бір күнде, бір жылда ғалым болып кетемін деген қияли сеніммен емес, өмірге шынайы көзбен қарай білу керек. Барлығын бүгін және аз-аздан үздіксіз режимде бастаңыз!!!
Хадисте келгендей:

 أَحَبُّ الْأَعْمَالِ إِلَى اللهِ تَعَالَى أَدْوَمُهَا وَإِنْ قَلَّ.

«Аллаһқа ең сүйікті амалдар – аз болса да, жалғасымды болғандары».
📚 Бұхари; (5861), Муслим; (783).

#paidaly_maqala #bilim

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy

АБУ ХАНИФА МИРАСЫ

04 Sep, 17:44


Имам, хафиз ән-Науауидің "Рияду-с-солихин" еңбегіне шейх Ибн әл-Усайминнің жасаған шархынан намазға арналған таңдаулы тарауларды оқып аудару

Түнгі (тахажжуд) намазының қадір-қасиеті туралы бап

Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Уа адамдар! Сәлем таратыңдар, тамақпен тамақтандырыңдар, түнде адамдар үйықтап жатқанда намаз оқыңдар - Жәннатқа есендікпен кіресіңдер", - деген хадисінің түсіндірмесі.