Qazaqparat @qazaqparat_kz Channel on Telegram

Qazaqparat

@qazaqparat_kz


Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

Qazaqparat (Kazakh)

Qazaqparat тағы мойындағы оқиға және білім аспектеріне үнес көрсету үшін жасалды. Бұл телеграм каналы арқылы сіз фото-видео материалдарды көре аласыз және қосымша мәліметтер алуға болады. Жасаңыз келсе, біздің ботқа өтіңіз: https://t.me/qazaqparat_bot және өз мәнін табыңыз. Qazaqparat каналы - бұл кең мәдени көрініс платформасы, жаңалықтар, оқиғалар, курстар мен басқалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік бере отырып отыр. Біздің тобымызға қосылыңыз, қазақ тіліне бағынасы бойынша білім артауыңызды мекендейтін ортаңызды алыңыз!

Qazaqparat

19 Feb, 17:32


🗣️ Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп,
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.

Абай


🔷Депутат TikTok-ты шектеуді ұсынды: әсері атом бомбасынан кем болмай тұр
🔗Сілтеме

🔷КҚК жасалған дрон шабуылы: Қазақстан мәселені Украинамен талқылайды
🔗Сілтеме

🔷Депутат бұралқы иттерді эвтаназия әдісімен ұйықтату нормасын ұсынды
🔗Сілтеме

🔷Қазақстанда жүк таситын әуе компаниясы ашылуы мүмкін
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

19 Feb, 16:50


🇰🇿🇯🇴Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары

@qazaqparat_kz

Qazaqparat

19 Feb, 16:32


💬 Шымкентте бауыры жыртылып кеткен Түрікменстан азаматына бірнеше ота жасалды

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен ауыр халде Түрікменстан азаматы жеткізілген. Жарақаты мен денсаулық жағдайына қарай дәрігерлер 27 жастағы азаматқа бірнеше операция жасады.

Алдымен науқастың бауыры жыртылуынан ішінен қан кетуін тоқтататын ота жасады. Бауыр қызметі жақсарған пациентке екінші кезеңде ортопедиялық ота жасалып, аяқ сүйегінің сынғанына байланысты фиксация қойылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

19 Feb, 16:21


🇰🇿🇯🇴Мемлекет басшысының Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды

Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевты ханзада Әли бен әл-Хусейн құрметпен шығарып салды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

19 Feb, 15:20


🔷Мемлекет басшысы Иордания Короліне:

«Әлемде орын алып жатқан үдерістерге қатысты көзқарасымыз бен оған беретін бағамыз ортақ деп санаймын»

@ptrkkz

Qazaqparat

19 Feb, 15:15


🌾 Кейінгі 5 айда Қазақстан Өзбекстанға 2 млн тонна астық экспорттады

«Қазақстан темір жолы» компаниясының алдын ала мәліметіне сай, қамтылып отырған кезеңде экспорт көлемі 48,3%-ға өсті.

Қазақстан астығын ең көп сатып алған елдер көшін Өзбекстан бастап тұр. 5 айдан аса уақыт ішінде бұл мемлекет 2 млн тонна өнім импорттады.

Сонымен қатар, 🇹🇯Тәжікстан (789 мың тонна), 🇨🇳Қытай (679 мың тонна), 🇮🇷Иран (644 мың тонна), Әзербайжан (319 мың тонна) және 🇦🇫Ауғанстанға (235 мың тонна) экспортталған астықтың көлемі артты.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

19 Feb, 14:40


🇰🇿🇯🇴 Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Амманға ресми сапары аясында Иордания музейін аралап көрді. Мемлекет басшысын аталған нысанда ханзада Әли бен әл-Хусейн, Иордания музейі Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары, ханшайым Сумайя бинт Хасан мен музей директоры Ихаб Амарин қарсы алды.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев көрме залдарын аралап көріп, музей қорында сақталып тұрған сирек жәдігерлермен және экспонаттармен танысты. Сондай-ақ Мемлекет басшысына Иордан Хашимит Корольдігіндегі ең үлкен музейдің құрылу тарихы жөнінде мәлімет берілді.

➤ Музейдегі ерекше көрменің бірі – Кумран қолжазбалары. Онда тарихи құндылығы зор мыс қолжазбалардың фрагменттерімен танысуға болады.

➤ Иордания музейі тұрақты экспозициядан бөлек, ұлттық тарих пен мәдениетті дәріптеу үшін уақытша көрмелер, дәрістер, семинарлар мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.

✍️ Президент нысанды аралап көрген соң Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

19 Feb, 13:04


🇰🇿🇯🇴 Келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Бірлескен мәлімдеме қабылдады

✍️ Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері төмендегідей құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігі Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Иордан Хашимит Корольдігі Атом энергетикасы жөніндегі комиссиясы арасындағы атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Иордан Хашимит Корольдігі Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрлігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

4. «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы» АҚ мен Иордан Хашимит Корольдігі Инвестициялар министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiм;

5. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокешенi» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен Иордания радио және телевизия корпорациясы (Jordan Radio and Television Corporation) арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандум.

✍️ Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Иорданияға ресми сапары аясында ведомствоаралық және коммерциялық 10 құжатқа қол қойылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

19 Feb, 12:15


💬 Аустралияда 150-ден астам косатка жағаға шығып қалды

Жабайы табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметкер Брендон Кларктың айтуынша, ұзындығы алты метр, салмағы бір тоннадан асатын сүтқоректілерді қайраңнан шығарып жіберу қиын.

Дельфин түрлерінің жаппай қырылып, жағаға шығып қалуы Аустралия жағалауында жиі кездеседі. Дегенмен, Кларк мұндай оқиға Тасманияның дәл осы бөлігінде соңғы 50 жылда алғаш рет болғанын атап өтті.

Олардың не себепті жағаға шығып қалғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Жүргізілген тергеу оқиғаға қатысты қосымша ақпарат беруі мүмкін.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

19 Feb, 11:17


🇰🇿🇯🇴Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 18:11


🗣️ Арғымаққа міндім деп, артқы топтан адаспа.

Асан қайғы


🔅Қысқы Азия ойындары: Қазақстан құрамасының медальдар саны 13-ке жетті
🔗Сілтеме

🔅Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көп келеді
🔗Сілтеме

🔅Жемқорлықты қабылдау индексі бойынша еліміз нешінші орында
🔗Сілтеме

🔅Биыл УЕФА президенті алғаш рет Орталық Азияға келуі мүмкін
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 17:32


🗣Астанадағы оқыс оқиға: 5 жасар баланың жағдайы ауыр

Елордада жасөспірімнің пышақпен шабуылына ұшыраған 5 жасар балақайдың жағдайы ауыр. Бұл туралы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

Баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, — деді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 17:05


🈂️ Илон Маск ChatGPT-ді 100 млрд долларға сатып алғысы келеді

Илон Маск ChatGPT-дің жұмысын бақылайтын ұйымды 100 миллиард долларға сатып алғысы келетінін мәлімдеді. Миллиардер басқаратын инвесторлар консорциумы OpenAI-дің директорлар кеңесіне осындай ұсыныс жіберген.

📹 Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 15:11


📈 Былтыр елімізде 123 651 жұп некелесіп, 40 647-сі ажырасқан

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы демографиялық жағдай туралы статистикалық мәліметтер жариялады.

☝️12 ай ішінде 368 670 сәби дүниеге келді, оның ішінде ұлдар – 190 213, қыздар – 178 457.

☝️Аталған уақыт ішінде 133 592 адам қайтыс болды.

☝️Сондай-ақ былтырғы жылдың ішінде алдын ала мәлімет бойынша 123 651 неке және 40 647 ажырасу тіркелген.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 14:02


🦢Түркістан облысында аққулар қыстап жатыр

Әлеуметтік желіде шағын көлде жүзіп жүрген аққулардың видеосы тарады. Онда топтана ұшқан аққулардың суға қонғанын, су бетінде еркін жүргенін көруге болады.

🦢🦢Табиғат жанашырлары көктемге дейін құстардың қауіпсіздігін бақылауда.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 13:31


📄📄📄📄Қытайлық спортшы: Біз додада қарсылас болғанымызбен өмірде доспыз

Қытайлық спортшы Ци Гуанпу Kazinform тілшісіне эксклюзив сұхбат беріп, барша қазақстандықтарды тарихи алтын медалімен құттықтады.

«Біз қазақстандық спортшылардың жеңіске деген талпынысының куәсі болдық. Олардың мықтылығы біздің құрметімізге лайық болды. Мінберде тұрғанымызда, екі шетте қытайлық спортшылар, ал ортада қазақстандық спортшылар екенін байқадық. Сол себепті, достарымызды ерекше тәсілмен құттықтап, құрметімізді көрсеткіміз келді», — деді қытайлық спортшы.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 12:30


🇰🇿🇪🇺Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

📞 Еуропа тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта телефон арқылы сөйлесті.

✔️Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағының арасындағы байланыстарды нығайтудың өзекті мәселелері мен перспективасы талқыланды.

✔️Мемлекет басшысы Еуропа Одағымен, соның ішінде Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы қарым-қатынастардың даму қарқынына оң баға берді. Сондай-ақ сауда, инвестиция, энергетика, көлік-логистика және цифрлық трансформация салаларындағы байланыстарды тереңдету мен орнықты дамудың маңызын атап өтті.

✔️Тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің барлық бағыты бойынша диалог пен өзара ықпалдастықты ілгерілетуге алдағы уақытта да дайын екенін растады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Коштаны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 10:49


🔨 Мектептегі жаппай улану. Жалған құжатпен жұмыс істеген 4 жұмысшы айыппұл төлейді

Былтыр Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында оқушылары жаппай уланған мектептің асхана қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты.

Маңғыстау облысының прокуратурасының мәліметінше, мектеп асханасының жұмысшылары жалған құжатпен жұмыс жасағаны үшін сотталды. 

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 10:34


📄📄📄📄Харбин: Хоккейден Қазақстан құрамасы қытайлық қарсыластарына 24 шайба салды

Жігіттеріміз қарсыластарына ешқандай мүмкіндік берген жоқ. Алғашқы кезеңде 8 гол, екінші кезеңде 7 шайба, ал соңғы кезеңде 9 шайба соқты.

📌 Қазақстандық хоккейшілер қарсыласын жарыс жолынан тайдырып, жартылай финалға жолдама алды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 09:25


Елордада жұмысшы мамандықтарының фестивалі басталды

Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, бірнеше күн бойы семинарлар, мұнай және энергетика өнеркәсібі тақырыптары бойынша хакатон, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесері, машина жасау бойынша шеберлік сабақтары, концер пен халықаралық аккредиттелген колледждердің тренингі секілді іс-шаралар өтеді. 

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі 11-15 ақпан күндері сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 53/1 мекенжайы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 09:18


📄📄📄📄Қысқы Азия ойындары: Қазақстан құрамасының медальдар саны 13-ке жетті

Қазақстан спортшылары бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында төрт медаль еншіледі.

📌 Қазақстан делегациясының медальдар саны 13-ке (3 алтын, 6 күміс және 4 қола) жетіп, жалпы есепте 4-орында келе жатыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Feb, 07:35


ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 17:13


🗣️ Жалғыз ұлы бардың шығар-шықпас жаны бар

⚫️Жемқорларды елден шығуға тыйым салу жағын қарастырып жатырмыз — Антикор
🔗Сілтеме

⚫️Димаш Құдайберген жаңа әнінің премьерасын жариялады
🔗Сілтеме

⚫️Құлпынай терген қазақ: Гастарбайтерге айналған отандастар мәселесі шешіле ме?
🔗Сілтеме

⚫️Үш облыста тек шетелдіктерге арналған казинолар ашылады
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 15:29


💎 Қазақстандағы зергерлік бизнес: Заңды және көлеңкелі нарық

Kazinform тілшісі қазаққа ешқашан жат болмаған зергерлік өнеріне назарға алып, сала ретінде дамуы мен жай-күйіне шолу жасады. Өзекті проблемаларын да тапты.

🟧Зергер – бизнесмен бе, шебер ме?
🟧Бұл мамандық қайда оқытылады?
🟧Зергерлер қанша табыс табады?

🖥 Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 14:42


🈂️ Былтыр қазақстандық әуекомпаниялар 15 миллионға жуық адамды тасымалдады

Ал, әуежайлар 30 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Жүк тасымалы да ұлғайып келеді. Жылдық өсім 28 мың тонна. Ал, ұшу қауіпсіздігі бойынша біз  ТМД елдері арасында көш бастап тұрмыз.

📹 Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 13:18


💰255 мың емес, 1 млн теңге: Мобильді аударым шегі өзгереді

Бұрын қалай еді?

Бір жеке тұлға банктегі шотына үш ай бойы әр түрлі нөмірден ай сайын 100 және одан да көп аударым қабылдаса, ол аударымдардың жалпы сомасы 3 ең төменгі жалақыдан асса, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген адам болуы мүмкін деген пайыммен салық органдарының назарына ілігуі мүмкін еді.

Енді не өзгереді?

Қаржы министрлігі осы «3 ең төменгі жалақы» деген сөзді «12 ең төменгі жалақы» деген сөзбен алмастыруды ұсынып отыр. Демек, қатарынан үш ай бойы қабылдаған аударымдар саны ай сайын 100-ден және үш айдағы жалпы сомасы 1 млн 20 мың теңгеден асса ғана салық органдарының назарына ілігеді деген сөз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 12:40


💬 Мәйіттік донор болуға дайынсыз ба – дәрігермен сұхбат

Қоғамда өлімнен кейінгі ағза донорлығы мәселесі жиі көтеріледі. Себебі донорға мұқтаж науқастар саны жыл сайын артуда. Кезегіне жетпей, ерте көз жұматындар жетерлік. Осы орайда саладағы жаңалық пен бетбұрысты білу үшінТранспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директорының орынбасары Назгүл Жылгелдинамен сұхбаттастық.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 11:54


🗣Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған қыз баланың анасы кім екені анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 11:11


Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды

Астана қаласының Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Есіл жағалауында «Күн» субұрқағы құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаржыны жымқыру күдігіне ілінген еді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 10:51


Арнаулы кеңесші Президентке Жапония Премьер-министрі Шигеру Ишибаның ыстық ықыласын жеткізді, сонымен қатар Токионың қазақ-жапон сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі жандандыруға бейілдігін растады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Акихиса Нагашима жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтудың маңызын атап өтіп, сауда, энергетика, көлік, білім беру, мәдени-гуманитарлық салаларындағы, сондай-ақ климаттық өзгеріс мәселелері бойынша екіжақты өзара ықпалдастықты тереңдетудің перспективасын талқылады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 10:35


📹🎙Димаш Құдайберген жаңа әннің премьерасын жариялады

Будапештте шығармашылық сапарда жүрген Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне бейнеүндеу жасады. Әнші жақында «Love’s not over yet» атты жаңа туындысының жарыққа шығатынын мәлімдеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 10:05


Жаслан Мадиев: Жасанды интеллектінің арқасында бұрын 5 күн істеген жұмысты 3 күнде бітіріп, адамдар өзін-өзі дамытуға, отбасына көбірек көңіл бөле алатын болады

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 09:39


⚡️Антикор: жемқорларды елден шығуға тыйым салу жағын қарастырып жатырмыз

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров бұл ұсыныстың бұрыннан бері қаралып жатқанын тілге тиек етті.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 09:33


💬 Алматыда жаңа туған сәбиін үйдің кіреберісіне тастап кеткен ана іздестірілуде

«Нәресте қазір ауруханада жатыр. Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының кім екенін анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полициядан.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 09:08


💬Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты істің сотқа тез түсуі күдіктілердің материалмен танысуына байланысты

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

31 Jan, 07:27


«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорын Лаззат Шыңғысбаева басқарады

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

18 Jan, 17:39


🗣️ Біліксіз адам майы жоқ жілік сияқты: бос қуыс болады.

Ахмет Игүнеки


🔵Салық кодексін әзірлеу шеңберінде ұсынылған шаралар талқыланды
🔗Сілтеме

🔵Жатыр мойны обырының қалай алдын алуға болады
🔗Сілтеме

🔵Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды
🔗Сілтеме

🔵Трамптың инаугурациясына дайындық қызып жатыр
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

18 Jan, 16:34


💧 Су тасқыны кезеңіне дайындық: Өңірлерде қандай жұмыс атқарылып жатыр

Қазір су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендердің тізбесі түзетілді.

Негізгі іс-шаралар – қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру арналары мен арықтарды орнату, сондай-ақ су өткізу құрылыстары мен нөсерлі кәріз жүйесін жөндеу. 

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

18 Jan, 14:13


🖼 Қытайлық қылқалам шеберлері және Ганьсудағы қазақтар

Ресми дереккөздер бойынша, Шығыс Түркістандағы қазақтардың Ганьсу провинциясына көші 1911 жылдан басталады. Олардың тұрмыс-тіршілігін қытайлық қылқалам шеберлері қалай суреттеді?

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

18 Jan, 10:34


🥇 Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды

Турин универсиадасында Биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырым қашықтықта Мирас университетінің студенті Никита Акимов тамаша өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

18 Jan, 09:34


🎾 Елена Рыбакина жарақаты туралы айтып берді

Қазақстандық теннисші әлемнің 33-ракеткасы, украиналық Даяна Ястремскаямен өткен матч барысында беліндегі жарақатқа байланысты үш рет медициналық көмекке жүгінді.

– Шынымды айтсам, бәсекенің қалай бітетінін білген жоқпын. Жарақаттың қайдан болғаны белгісіз. Бұл оңайға түспеді. Ұзақ ойнау ауыр тиетінін түсіндім, сондықтан белсендірек қимылдап, кейде тәуекелге баруға тура келді. Матчтың нәтижесі менің пайдама шешілгеніне шынымен қуаныштымын.

– Қазір өзіңді қалай сезінесің? Бәрі қалыпты ма?

– Бәрі қалыпқа түсе қойған жоқ. Физиотерапевтім маған көмектеседі деп үміттенемін, -
деді Рыбакина матчтан кейін.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

18 Jan, 07:56


⚡️Ерлан Садкенұлы Нұрпейісов ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Ерлан Нұрпейісов бұл қызметке 2023 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

18 Jan, 06:32


🌎 Әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан:Apple-дағы қазақ, сатылған азаматтық және төлем тоқтамы

🔍TACC: Қазақстан шетелдіктерге банк картасын жасатудың мерзімін шектеді

🔍Report: Заңсыз азаматтық алып бергендер ұсталды

🔍Daryo: Қазақстан азаматы Apple-де басшы болып тағайындалды

🔍Anadolu: Қазақстан-Ресей шекарасындағы 2 өткізу пункті уақытша тоқтатылады

🖥 Шолуды сілтемеге өтіп оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

18 Jan, 04:09


❗️Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер 18 қаңтарда елде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады деп болжап отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

17 Jan, 17:48


⚡️2 балл: Екі облыста жер сілкінісі тіркелді

Сейсмикалық станция желісі бүгін сағат 22:08-де Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.

🔴Жетісу облысы (Панфилов ауданы Жаркент қаласы) - 2 балл;
🔴Алматы облысы (Ұйғырский ауданы, Чунджа ауылы) - 2 балл.

Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

17 Jan, 17:31


🗣️ Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады

🔷СҚО-да биыл да тасқын болады, бірақ ауқымы әзірге белгісіз — синоптиктер
🔗Сілтеме

🔷Ұлттық авиация: Әлемдегі «тоғызыншы аспан» неге табыс көзіне айналмай тұр
🔗Сілтеме

🔷Алтын құймаларға инвестиция саларда нені ескеру керек
🔗Сілтеме

🔷Шымкенттегі 17 базар неге жабылды
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

07 Jan, 12:09


Қытайда зілзала құрбандарының саны 95-ке жетті

Шигацзе қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша 7 қаңтар күні сағат 17:00-ге дейін зілзала салдарынан 95 адам көз жұмып, 130 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алған.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

07 Jan, 10:37


💬 Индонезия ресми түрде БРИКС қатарына қосылды

«Индонезия басқа дамушы экономикалармен ынтымақтастықты нығайту арқылы теңдік, өзара құрмет және тұрақты даму сияқты ортақ қағидаттарды алға жылжытып, әділетті, бейбіт және өркендеген әлем құруға ұмтылады», - деп атап көрсетілген мәлімдемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

07 Jan, 09:38


⚡️Ұшақ апаты. Алдағы күндері Астанаға «қара жәшіктен» алынған материалдар жеткізіледі

Елге жеткізілгеннен кейін сарапшылар борттық өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерделеуге кіріседі.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

07 Jan, 09:20


Самара маңындағы жол апатынан екі қазақстандық қаза тапты

Олардың мәйіттері Қазақстанға жеткізілді.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, азаматтарға жолда сақтық пен мұқият болу маңыздылығын еске салады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

07 Jan, 07:56


🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

✉️Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

▪️Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

07 Jan, 07:31


⚡️Самара маңындағы апат. 7 қазақстандық Орал ауруханасына жеткізілді

Ресей аумағында қазақстандық азаматтардың қатысуымен болған ЖКО туралы хабардан кейін оқиға орнына шұғыл түрде 6 жедел жәрдем бригадасы жолға шықты.

Апаттан зардап шеккендерде мидың шайқалуы, аяқ-қолдардың, жамбас сүйектерінің, омыртқаның сынуы, көгеру, гематома және орташа ауырлық дәрежесіндегі көптеген жарақаттар тіркелді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

07 Jan, 05:58


⚡️Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 53-ке жетті

Сицзан автономиялық ауданы Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 53 адам қаза тауып, тағы 62 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

07 Jan, 05:49


💬 Апатқа ұшыраған AZAL ұшағының «қара жәшіктері» зерттеліп, Қазақстанға жөнелтілді

Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағының өздігінен жазғыш құралдарын (қара жәшіктер) зерттеуді аяқтады.

«Ұшақтағы өздігінен жазғыш екі құралдағы деректерді жинақтау және тексеру жұмыстары аяқталды», — делінген таратылған ақпаратта. 

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

07 Jan, 04:11


💬 АҚШ Конгресі Трампты 60-шы президенттік сайлаудың жеңімпазы деп жариялады

Бұл жолы төрағалық 2024 жылдың қарашасындағы президенттік сайлауда Дональд Трампқа жеңілген Камала Харриске бұйырды.

«Дональд Дж. Трамп, Флорида штаты тұрғыны 312 дауыс алды. Калифорния тұрғыны Камала Д. Харрис 226 дауыс алды», - деп мәлімдеді Харрис.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

07 Jan, 03:00


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.

Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.

Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.

Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.

Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Рождество мерекесі құтты болсын!

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

06 Jan, 18:07


🗣️ Иттің сырттанын бөрі біледі,
Жігіттің сырттанын сырттағы ел біледі
.

🔷Абай облысының кәсіпкері қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығарады
🔗Сілтеме

🔷Қаңтар оқиғасының экономикалық зардабын жоя алдық па
🔗Сілтеме

🔷Жаппай жол апатына ұшыраған көлік иелеріне қандай өтемақы беріледі
🔗Сілтеме

🔷Еңбекмині айлығы 20%-ға өсетін мамандарды атады
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

06 Jan, 16:38


Ертең Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты өтеді

7-11 қаңтар күндері Шымбұлақ тау-шаңғы курортында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына 13 елден 110 спортшы қатысады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

06 Jan, 16:02


⚡️Маңғыстауда оқушылардың жаппай астан улануына қатысты тергеу аяқталды

Мектеп асханасының меңгерушісі Дәметкен Шәкенова ҚР Қылмыстық Кодекстің 304-бабы «адамдардың жаппай ауруға немесе улануына әкеп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша айыпталып отыр. Жеке кәсіпкер сот барысында ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен үйіне жіберілген.

Енді кәсіпкерге айыппұл салынуы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

06 Jan, 14:51


🈂️ Мобильді аударымдар тексеріледі
 
Мобильді аударымдарға қатысты өзгерістер көпшілік арасында әлі де түсінбеушілік тудырып отыр. Енді аударымдардың саны ғана емес, жалпы көлемі де есепке алынуы мүмкін. Сонымен, салық органдарының бақылауына кімдер ілінеді? Аударымның шекті көлемі қанша?  

📹 Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

06 Jan, 14:25


🏆🎞🎬Қазақстандық «Шатырдағы екеу» фильмі Үндістандағы кинофестивальде жеңімпаз атанды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, фильм үздік толықметражды фильм деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинациясында жеңіске жетті.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

06 Jan, 13:45


🎾 Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов бірден 10 сатыға жоғарылап, рейтингіде 4-орыннан көрінді

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

06 Jan, 13:17


💬 Жетісу облысында 1 адамнан метапневмовирус анықталды

Облыс бойынша вирустық жұқпаларға тексерілген 87 адамның 28- інен оң нәтиже тіркелді. Оның ішінде 1 адамнан қауіпті  вирус  саналатын метапневмовирусы анықталды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

06 Jan, 12:05


💬 Ильхам Әлиев AZAL ұшағының апатқа ұшырауына кінәлі адамдарды жазалауды талап етті

«Ақтаудағы ұшақ апатынан Әзербайжан азаматтарының қаза болуына Ресей Федерациясының өкілдері кінәлі деп сеніммен айта аламын. Ал біз әділдікті талап етеміз, кінәлілердің жазалануын талап етеміз, толық ашықтық пен адами мінез-құлықты талап етеміз», - деді Әзербайжан Президенті.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

06 Jan, 10:31


Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты

✔️Asyl Qala, бұл – 100-ден астам адам еңбек ететін арнаулы кәсіпорын. Жобаға құйылған инвестиция көлемі 8 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 4500 шаршы метр тротуар жабындысын өндіруге жетеді. Құрылыстың екінші кезеңі аяқталған соң бұл көрсеткіш 9000 шаршы метрге дейін ұлғаяды.

✔️Бүгінде аталған кәсіпорында шығарылған өнімдер Астана және еліміздің басқа да қалаларында пайдаланылады.

✔️Бұдан кейін Мемлекет басшысы автоклавты газ блоктарын шығаратын Uniton зауытымен танысты. Sensata Group құрылыс компаниясына қарасты кәсіпорын жылына 150 мың шаршы метр газ блоктарын өндіре алады. Жоба «Даму» қоры және Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырылған. 110 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс индустриясы экономиканың маңызды бағыты екенін атап өтіп, жергілікті өнім көлемін арттыру қажеттігін айтты.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 17:33


🗣️ Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел

Абай


🔷 Жылан жылы жайлы бола ма
🔗Сілтеме

🔷 Қазақстан өткен жылы қанша инвестиция тартты
🔗Сілтеме

🔷 Президент құттықтауынан кейінгі Жаңажылдық бейнебаян қалай түсірілді
🔗Сілтеме

🔷 Алматының ойын-сауық орталықтарының бірінде өрт болды
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 16:29


🎾 United Cup турнирі: Қазақстанның жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

Аустралияда теннистен өтіп жатқан United Cup турнирінде Қазақстанның жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды. 

Қазақстандықтар 4 қаңтар күні Сиднейде Польша құрамасымен финал жолдамасын сарапқа салады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 14:43


💬 Лас-Вегастағы Tesla Cybertruck жарылысы: Күдікті анықталды

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Ливельсбергер жаңа жыл түні Trump халықаралық қонақүйінің тұрағында өртенген электрлі пикапты жалға алған. Жарылыс кезінде Теслада отшашу минометтері, кемпингке арналған жанармай және құты болған.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 12:52


📈Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 192 км аумақта жер сілкінді

«Сейсмологиялык зерттеу институты» сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 2 қаңтар Астана уақытымен 17:13 жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 км жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы (баллмен): Алматы облысының Шонжы ауылы, Көкпек ауылы, Шелек ауылы; Жетісу облысының Жаркент қаласы, Сарыөзек ауылы, — 2 балл»,-делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісінен кейін зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспегенін хабарлады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 12:36


🔥Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінен өрт шықты

Алматы өрт сөндірушілері Әуезов ауданындағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің шатырында ауа тартқыш құбырының электр қозғалтқышының жануын оқшаулады.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 12:25


✉️ Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичке көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇲🇪 Қасым-Жомарт Тоқаев Цетине қаласында орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президент Черногория халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 11:36


✉️ Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇺🇸 Мемлекет басшысы Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, АҚШ Президенті мен жақынынан айырылған отбасыларға өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.

Сонымен қатар Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, мұндай қастандық әрекетті қатаң айыптайтынын жеткізді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 11:15


🔴 «Крокус»-тегі теракт. Кінәлілерге қатысы бар шетелдіктер 15 жылға сотталуы мүмкін

Ыстанбұл прокуратурасы Crocus терактісінің кінәлілеріне қатысы бар бес шетелдікті 7,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түркияда ұсталған шетелдіктер Крокустағы лаңкестік әрекетті жасағандарға нұсқау беріп, оларға 800 мың рубль және жаңа төлқұжат беруге уәде еткен көрінеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 10:26


⚡️ Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері 1 наурыз күні өтетін UFC Vegas 103 турниріне қатысады. 

Отандасымыз аустралиялық Стив Эрцегке (12-3) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы darteam.kazakhstan командасы хабарлады. 

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 09:28


🗣 Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі бар

ТЖД мәліметіне сәйкес, Алматы облысының тауларында 2-5 қаңтар аралығында көшкін қаупі сақталады. Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар.

Департамент қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұрайды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 08:38


🛂 Румыния мен Болгария Шенген аумағына ресми түрде қосылды

Екі елдің 25 миллион тұрғыны енді Шенген аймағында еркін жүріп-тұра алатын 450 миллионға жуық ЕО азаматтарының қатарына қосыла алады.

Болгарияның Түркиямен шекарасы ЕО-ның сыртқы шекарасы бола отырып, 2 қаңтардан бастап ЕО елдерінің 100 полиция қызметкерінен тұратын бірлескен контингенті күзететін Шенген аймағының сыртқы шекарасына айналады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 07:03


🕯️Черногорияда бардағы атыстан кейін үш күндік қаралы күн жарияланды

Цетине қаласының тарихи орталығында ер адам тұрғындарға оқ жаудырды. Кемінде 12 адам қаза тапты. Бардағы атыстан кейін ер адам далаға шығып, өтіп бара жатқан адамдарға да оқ атқан. 

Ішкі істер министрі оқиғадан кейін шабуылшының қала орталығындағы үйінің жанында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын да айтты. 45 жастағы ер адам алған жарақаттарынан ауруханаға жетпей көз жұмды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 06:15


🔥АҚШ-та Дональд Трамптың қонақүйінің жанында Tesla өртке оранды

Лас-Вегас полициясы АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трампқа тиесілі Trump International Hotel қонақ үйі жанында Cybertruck электр пикапының өртенуін зерттеп жатыр.

«Біз Trump Tower кіреберісінде көліктің өртенуін тексеріп жатырмыз. Өрт сөндірілді. Оқиға орнына жақындамаңыз», - деп жазды Лас-Вегас полиция департаменті X желісінде.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 06:01


Лауазымды тұлғалардың есірткі таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілігі қатаңдатылды

Бұрын олардың мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылса, енді мүлкі тәркілене отырып, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Заңда есірткінің және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында басқа да шаралар қабылданды.

Мәселен, қылмыстық топ арқылы аса ірі мөлшерде құрамында есірткі заттары бар және өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін заң жүзінде жауапкершілік белгіленді.

Прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есірткі, прекурсорлар, улы және күшті әсер ететін заттарды өндіруге пайдаланылатын заттардың, құралдар мен жабдықтардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Бұдан бөлек, Заңда есірткі тектестер, психотроптық заттар, сондай-ақ прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттарды қолдану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

02 Jan, 06:00


✍️ Президент есірткі өндіруге қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатайтатын заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Аталған Заң Президенттің 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұл құжат есірткі өндіру мен өткізуді ұйымдастырушыларға жауапкершілікті қатаңдату, ал есірткіні жасырын орналастырушыларға қолданылатын шараларды жұмсартуды қарастырады.

Заң есірткі өндірісі үшін ғана емес, осы қылмыстық әрекет үшін лауазымды адамдардың да жауапкершілігін едәуір қатаңдатты. Енді бұл қылмысқа қатысы бар тұлғаларды мүлкін тәркілеп, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Сонымен қатар Заңда есірткіні жасырын орналастырушылардың жазасы аздап жұмсартылды. Мәселен, алғаш рет мұндай қылмыс жасағаны үшін қылмысын ауырлататын мән-жайлар болмаса, мүлкін тәркілеп, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген (бұрын мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыратын).

Жаза аталған қылмысқа тартылатындардың, яғни есірткіні жасырын орналастырушылардың көбі жасөспірімдер мен жастар болғандықтан жұмсартылды. Олардың есірткіні өздері дайындамайтыны, көбіне есірткінің заңсыз айналымын ұйымдастырушылардың қылмыстық тұзағына түсетіндігі ескерілді.

Алайда қылмыстық әрекетті бірнеше рет қайталаса, оны мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жаза күтеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

28 Dec, 05:12


📰 Бұл аптада әлем назары Қазақстанда болды десек артық емес. Әсіресе Ақтау маңындағы ұшақ апаты басты ақпараттың біріне айналды. Медиада жаңа терминал, оқу ақысының көптігі, отандық компанияның шошқа етін экспорттауы да айтылған

Anadolu: Azerbaijan Airlines ұшағының екінші «қара жәшігі» табылды

ТАСС: Қазақстан Арменияға шошқа етін экспорттай бастады

Daryo: Министрлік Sirena Travel әуе компаниясының дауынан соң тексеріс бастауы мүмкін

Trend: Қазақстан Алят портына терминал салуды жоспарлап отыр

🖥 Толығырақ Kazinform тілшісінің шолуынан оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

28 Dec, 03:39


🥇 Бұл жылда бізді кімдер, қалай таңғалдырды

Күні ертең 2024 жыл да тарих қойнауына сіңеді. Бұл жыл қазақстандықтарды бірде тіксінтіп, бірде күйзелтіп, бірде қуантып, бірде сүйсінтті. Бүгінгі материалда жыл бойында баршаны тосын мәліметімен таңғалдырып, ерекше ісімен сүйсінткен адамдарды еске түсіріп көрдік.

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 17:15


🗣️ Көптің күші бірлікте

🔷 Қазақстан ұшақ апатын жан-жақты зерттеуге бар күш-жігерін салады - Президент
🔗Сілтеме

🔷 2025 жыл — Жұмысшы мамандықтарының жылы: Президент Жарлыққа қол қойды
🔗Сілтеме

🔷 Димаш Қытайдың Чэнду қаласында өткен жаңа жылдық концертте өнер көрсетті
🔗Сілтеме

🔷 Қазақстанда рекордтық көлемде астық жиналды
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 14:50


👶Биыл сәбилерге қойылған ең танымал есімдер белгілі болды

2024 жылы, өткен жылмен салыстырғанда, ұлдар есімі арасында болмашы өзгеріс бар. Алғашқы ондықтан Нұрислам есімі шығып қалды. Ал соңғы 10 жыл (2014 жылдан бастап) бойы бірінші орында тұрған Алихан есімін Мұхаммед есімі ығыстырды.

2024 жылы қыздар арасында Мариям есімі тізімнен Амина есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа енді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 13:52


🇰🇿🇦🇿 Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

➤ Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағында қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына сабыр тіледі.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссия жұмысы туралы мәлімет беріп, Қазақстан тарапы ұшақ апатын жан-жақты және объективті түрде зерттеуге бар күш-жігерін салатынын жеткізді.

➤ Ильхам Әлиев іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша шұғыл әрекет еткені үшін Қазақстан Үкіметіне алғыс айтты.

➤ Тараптар қайғылы оқиғаның мән-жайы толықтай анықталғанша екі ел үкіметтерінің құрылымдары тығыз байланыста болады деп уағдаласты.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 12:41


💬AZAL ұшағында оттегі баллоны жарылғаны туралы ақпаратқа түсінік

«Ростов ұшу басқарушысы Ақтау мұнарасының борт директорына ұшақтағы жолаушылар салонында оттегі баллоны жарылып, жолаушылар есінен танып жатқаны туралы қосымша ақпарат беріп, ұшақ қонғанша реанимация дайындауын сұраған. Осы ақпарат негізінде барлық құтқару қызметтері шұғыл хабарланды,» — делінген хабарламада.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 10:33


⚡️Ақтауға Бразилиядан Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындады.

Сондай-ақ, алдағы күндері елімізге CENIPA өкілдері (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) келеді деп жоспарланып отыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 10:16


✉️ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Мемлекет басшысына көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇨🇳 Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сондай-ақ Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 09:45


⚡️Елдігімізді танытқан ерен жыл - Берік Уәли Президенттің жыл бойғы қызметіне шолу жасады

ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту мен өркендету жолында жыл бойы атқарған қызметіне шолу жасады. Egemen Qazaqstan газетіне жарияланған мақалада қоғамдық-саяси өмірдегі, әлеу­меттік-экономикалық даму­дағы іргелі өзгерістер мен табыс­тарға да қысқаша тоқталған.

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 08:26


🎵Димаш Қытайдың Чэнду қаласында өткен жаңа жылдық концертте өнер көрсетті

Димаш өзінің репертуарындағы қытай тіліндегі ең әдемі лирикалық әндерінің бірі – «The Crown» әнін орындады. Бұл ән 2017 жылы «Xiaomi Super GOD MOBA» мобильді ойынына саундтрек ретінде шыққан қазақстандық композитор Ұлықпан Жолдасовтың «Кім екен» шығармасының қытай тіліндегі нұсқасы.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 07:45


⚡️Биылғы әлеуметтік міндеттемелер орындалды: зейнетақы, жәрдемақы, арнаулы төлем

Елімізде бюджет шығыстарының негізгі үлесі әлеуметтік салаға бағытталады. Алдағы үш жылға арналған бюджетте де басты басымдық ретінде әлеуметтік қамтамасыз ету және азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге ерекше екпін қойылған. 2024 жылдың осы саладағы негізгі қорытындылары бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректерін көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 06:59


⚡️Ақтау маңындағы ұшақ апаты: ауруханадағы науқастардың жағдайы қалай

«Қазіргі таңда ауруханада Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен 6 науқас ем алып жатыр.

Оның 4 жансақтау орталығында. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр.

2 науқас травматология бөлімшесінде емдерін жалғастыруда»
, - деп жазды денсаулық сақтау мекемесінен.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 06:01


🏛🏛🏛🏛 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

27 Dec, 04:51


🧑‍⚖️ Оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу: Қызылордада жасөспірім қызды есірткі тұтынуға көндірген адам сотталды

Қызылорда қаласының № 2 сотында кәмелетке толмағанды психотроптық заттарды тұтынуға көндіру фактісі бойынша сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен, жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім беретінін, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау жөнінде ойын білдірді.

Сот үкімімен сотталушы 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

25 Dec, 07:22


Ұшақ апаты: Алты адам аман қалды, бірақ жағдайы ауыр

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, алты адам аман қалған. Бірақ барлығы ауыр халде. Министрдің айтуынша, ұшақ құлаған жерде 14 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

25 Dec, 07:16


Ұшақ апаты: Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар бар

ТЖМ мәліметіне қарағанда, ұшақта 100-ге жуық жолаушы болған.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

25 Dec, 07:05


⚡️Ақтауға ұшақ құлады: Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды

Ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Басқару орталығында республикалық жедел штаб құрылды.

Жедел желі телефоны:
8 7292 319099


ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

25 Dec, 07:01


Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтауда апатқа ұшырады

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

25 Dec, 06:55


🟥Алматыда 20 жастағы жігітті пышақтап кетті: марқұмның спортшы екені белгілі болды

Қазақстанның Муай-тай федерациясы спортшының отбасына көңіл айтты.

«Алматы қаласынан қаралы хабар келді. Муайтайдан ересектер арасында әлем чемпионы Серік Али бұзақылар қолынан қаза тапты. Чемпионымыздың отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтымыз», – делінген хабарламада.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

25 Dec, 06:34


⚡️Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қорға 80 млн доллар сомасында қайтарылған актив туралы түсінік берді

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

25 Dec, 06:18


Есін біледі, ем алып жатыр – Министрлік Семейде жарақат алған мұғалімнің жай-күйін айтты

«Науқастың жағдайы жақсарып келеді. Қазір ол есін біледі, медициналық көмек алып жатыр. Жарақат алған күні оған шұғыл ота жасалды. Қазір ол жансақтау бөлімінен шығарылды және ісінуге қарсы ем жүргізілуде», - деді Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмек көрсету департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаева.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

25 Dec, 04:49


💬 Бүгін Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толды

Фариза өткен ғасырдың 70-жылдары қазақ әдебиетіне дауылды жырларымен енді. Талантты ақын қайталанбас мінезімен және терең дүниетанымымен өлеңді биікке көтеріп, қазақтың көркем сөзін әлемге танытты.

Еңбек жолын ауыл мұғалімдігінен бастаған ақын 1968-1970 жылдары журналист ретінде де елеулі еңбек сіңірді. Оның табиғатпен үндес болмысы жырларынан да көрініс тапты.

🖊Оның жауһар жырлары мен жарқын бейнесі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

25 Dec, 03:49


💬 «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі қандай мүмкіндік береді

Салымшылар ай сайын қанша қаражат аударуы керек? Жалпы, осы бағдарлама балаларға қандай мүмкіндік береді? Осы сұрақтарға Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді.

🔗 Жүйе бойынша Қазақстанда, шетелде кәсіптік-техникалық, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу мақсатында қаражатты жинақтауға болады.

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Dec, 18:24


🗣️ Ақылды бар уақытын өнер мен ғылымға жұмсайды, ақымақ кеселді іске, ұйқы мен айтыс-ерегіске жұмсайды

🔷Елде АЭС-ті кім салатыны 2025 жылдың бірінші жартысында белгілі болады
🔗Сілтеме

🔷2024: Қазақстан спорты қандай жеңістерге жетті
🔗Сілтеме

🔷Атырауда су тасқыны кезінде қап тасыған Пшон атты итке ескерткіш қойыла ма
🔗Сілтеме

🔷Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлерінің біліксіздігінен 6 жастағы қыз бала қайтыс болды
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Dec, 17:33


🥇 Қазақстандық ауыр атлет Денис Полубояринов Азия чемпионы атанды

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Dec, 16:12


⚡️Елдос Сметов: Мемлекеттік қызметке бармаймын, тағы бір Олимпиадаға қатысамын

«Қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет мақсатын қойғам жоқ, өзімді ол жақта көріп тұрған жоқпын. Өйткені мен әлі спортшымын, спортшы ретінде алға қойған мақсатым бар. Сол мақсатпен мүмкіндігім бар кезде айналысуым керек. Қазір 32 жастамын, Олимпиада уақытында 35-36 жаста боламын. Бұл жаста «жүлде алу мүмкін емес» деп үміт үзуге болмайды»,
- деді Елдос Сметов.

Сонымен бірге, спортшы ағылшын тілін үйренуге Англияға баратынын, 2027 жылы Қазақстанда өтетін әлем біріншілігіне, 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиадаға қатысатынын айтты.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Dec, 16:03


🈂️ Бауыржан Момышұлының туғанына 114 жыл

Кеңес Одағының батыры, қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, жазушысын ұлықтау рәсімі елдің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Астаналық зиялы қауым да батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, естеліктерімен бөлісті.

📹 Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Dec, 14:43


💬💬 «2024 жыл - қазақ спортшылары үшін табысты болды, бірақ 2028 - қуанышты жыл болады», - деді Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев “Үздік-2024” спорт премиясында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Dec, 14:25


🎖Елдос Сметовтың бапкері «Жылдың үздік жаттықтырушысы» жүлдесімен марапатталды

Айта кетейік, Туризм және спорт министрлігінің жыл сайынғы «Үздік» премиясында Елдос Сметов пен Давид Дегтярев – «Жылдың үздік спортшысы» атанды. Олардың жаттықтырушылары-
Ғалымжан Жылгелдиев пен Юрий Колесников – «Жылдың үздік жаттықтырушысы» марапатын алды.

💍 Ал Давид Дегтярев үйлену тойына байланысты салтанатты кешке қатыса алмады.

🎉Құттықтаймыз!

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Dec, 14:10


Астанада Туризм және спорт министрлігінің жыл сайынғы«Үздік» премиясын табыстау салтанаты басталды

Жыл қорытындысы бойынша Елдос Сметов, Давид Дегтярев – «Жылдың үздік спортшысы», Ғалымжан Жылгелдиев, Юрий Колесников – «Жылдың үздік жаттықтырушысы», Ақмарал Науатбек – «Спорттағы үздік серпін» марапатын алады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Dec, 13:57


0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣

Үлескерлер проблемасының туындауына не түрткі?


«Bızdıñ orta» подкастының бүгінгі шығарылымда құрылыстағы ұзаққа созылған жобалар және үлескерлердің құқықтары талқыланады.

Осы ретте «Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ басшысы Ғани Тәжиев құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерін атап, олардың қашан аяқталатынын да айтты.

📹 Толық нұсқасын Youtube арнамыздан көре аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Dec, 13:28


⚡️Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысады

Бұл туралы чемпион Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Үздік» салтанатты шарасында айтты.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Dec, 13:10


⛽️ Жүргізушілердің бензинмен жүретін көліктерін газға ауыстыруының себебі неде

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, елде сұйытылған мұнай газының 1 литріне 59-89 теңге деңгейінде белгіленген төмен бағаға байланысты отынның бұл түрін тұтыну өскен.

«Автокөліктердің бензиннен сұйытылған газға көшуінің басты себептерінің бірі – баға айырмашылығы.Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2024 жылдың 11 айында газ қозғалтқышы бар автокөліктер саны 661 мың бірлікті құрады немесе 2023 жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсті», – деді министр.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 16:35


💬 Балқаш көлін жан-жақты зерттеуге 5 млн доллар бөленетін болды

«
Балқаш көлі қандай күйде болатыны өзекті мәселе саналады. Сол себепті біз халықаралық сарапшыларды шақырып, бұл көл үшін не істей алатынымызды талқыладық. Қорытындылай келе, Қазақмыс корпорациясы Балқаш көлінің экологиялық ахуалын зерттеу үшін алдағы 5-10 жыл ішінде 5 млн АҚШ долларын бөлетін болды. Бірінші, Балқаш көліне қандай зерттеу жасау керектігін білуіміз керек болады. Одан бөлек, қандай мониторинг жүйелерін орнату қажет екенін анықтау керек. Яғни, бұл кешенді түрде айналысуды қажет ететін бастама», — деді Экологиялық саясатты дамыту мәселесі бойынша менеджері Елдар Есболов.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 15:15


🏆Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде 6 жүлде жеңіп алды

Санджу қаласында күрес түрлерінен өткен Korea Open халықаралық турнирі аяқталды.

🥇Отандасымыз Эльмира Сыздықова аталған додада 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, үздік атанды.

🥈Грек-рим күресінен ел намысын қорғаған Айбек Айтбеков (60 келі) пен Диас Сейітқалиев (77 келі) финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесулерде қарсыластарына есе жіберді. Осылайша олар күміс жүлдені қанағат тұтты. 

🥉Ал үшінші орынға Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын (екеуі де 87 келі салмақта) және Нұрасыл Аманәлі (97 келі) табан тіреді. 

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 14:47


💬Мысырда суға батқан яхтада қазақстандық туристер жоқ – СІМ

Кеше туристер мінген Sea Story яхтасы Қызыл теңіздегі Мысырдың Марса Алама қаласының жағалауындағы тур кезінде суға батып кетті. Яхта бортында 31 турист болған. 

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 14:02


🚀 Қазақстан кезекті ғарышкерін қашан ұшырады – министр жауабы

«Қазір ғарыш саласы бойынша 6-шы ғылыми бағдарлама әзірленіп жатыр. Ғарышкерді ұшыруға айтарлықтай инвестиция қажет және мұндай мүмкіндікті қолайлы бағамен пайдалану үшін әртүрлі келіссөз жүргізілуде. Дәл қазір бізде ұшыратын дайын ғарышкер жоқ. Бірақ, халықаралық компаниялармен және шет елдермен бұл мәселені талқылап жатырмыз», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 13:05


💬 Төленбеген қарызыңыз болса, шетелге шыға алмайсыз

147 мың теңгеден (40 АЕК) 3 айдан астам өтелмеген қарызы барларға жол жүру шектеледі. Шетелге шығуға шектеулердің тоқтатылуының жалғыз себебі - шетелде емделу қажеттілігі.

Борышкерлер емделу үшін елден тыс жерлерге шығуға негіз ретінде Қазақстанда сәтті емделіп жатқан жиі кездесетін ауруларды (остеохондроз, гастрит, артрит, пульпит және т.б.) көрсеткен. Бұл жағдайға Қазақстанда емдеуге арналған тиісті технологиялар мен жабдықтар жоқ аурулар тізбесінің жоқтығы ықпал етіп отыр. Тоқтату мерзімі де реттелмеген.

Соның салдарынан борышкерлер өз құқықтарын жиі пайдаланып, мемлекет бюджеті мен алименттерді қоса алғанда, өтелмеген миллиондаған берешегі бар, оларға қатысты қойылған шектеулер мен тыйымдарды «айналып өтеді».

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 12:00


💰Қазақстан жарты жылда 306 млн долларға IT-қызметтерді экспорттады

«2023 жылы экспорт көлемі 529 млн долларға жетті, ал биыл бірінші жартыжылдықта бұл көрсеткіш 306 млн долларға жетті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026 жылға қарай 1 миллиард долларға жетеді деп сенім артамыз. Бүгінде Қазақстанның IT-қызметтері 86 елге экспортталады. Бұл біздің цифрлық шешімдерге жоғары сұранысты және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетімізді растайды», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 11:31


💬 Премьер-министр шекарадағы жүк кептелістерін реттеудің жолын айтты

«Былтырдан бері 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді. Салық жүйесі мен теміржолдың ақпараттық жүйелері интеграцияланды. Алайда бизнес тарапынан шекарада жүктердің тұрып қалуына қатысты шағымдар әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан шекарадағы мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі жедел көрсету үшін барлық рәсімдерді аяқтау қажет», - деді Олжас Бектенов.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 11:01


🏛🏛🏛🏛 Президент Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады

Ербол Мырзабосынов отандық спорт саласын кешенді реформалау жөнінде бұған дейін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады.

❗️Қасым-Жомарт Тоқаев министрге спорт және туризм салаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта өтетін халықаралық спорт додаларына дайындық деңгейін пысықтауды, сондай-ақ елімізде танымалдығы артып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударуды тапсырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 10:03


🏫 Грекияда 80 жастағы ер адам мектеп оқушысы атанды

Ер адам 12 жасында әкесіне егістікте жұмыс істеуге көмектесу үшін мектепті тастап кеткен. Кейінірек Афинаға көшіп, онда аспазшы болып жұмыс істеген және жеке тавернаға иелік еткен.

Онымен бірге сыныпта 15 жасар балалар бар.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 09:30


💧Елімізде мемлекеттік су қойма, бөгеттерінің қатары көбейді

Үкімет 2024 жылғы 20 қарашадағы қаулысымен республикалық меншіктегі су қоймалары, бөгеттер мен су тораптары тізбесіне толықтырулар енгізді. Бұған дейін тізімге 212 объекті енген, ал қазір 232 объектіге толықты.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 09:01


👨‍⚕️ Қазақстанда алғаш рет сүйектегі метастазды емдейтін терапия енгізіледі

Әдіс «Самарий, 153sm-Оксабифор» радиофармацевтикалық препаратын қолдана отырып жасалады. Бұл препарат метастаз немесе сынған жер секілді сүйектің зақымданған аймақтарына жиналады да сау тіндерге әсер етпестен оларды β-бөлшектермен сәулелендіреді. Әдіс белгілі бір бөлікке бағытталғандықтан ауырсынуды жеңілдетіп, дәрілерге деген қажеттілікті азайтады, сондай-ақ сүйек тініндегі сырқаттың асқынуын баяулатуға көмектеседі.

Әдістің ерекшелігі — дәстүрлі емдеу тәсілдерінде болатын жанама әсер мен қауіп азайып, пациенттердің өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарады. Бұл, әсіресе, созылмалы сырқат пен метастазы асқынғаннан зардап шегетін науқастар үшін өте маңызды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 08:53


⚡️27-28 қараша күнгі Астана қаласындағы ЖОО оқу форматы анықталды

4 жоғары оқу орны - қашықтықтан, 2 жоғары оқу орны - ішінара қашықтықтан, 2 жоғары оқу орны - каникул (1 триместр), 5 жоғары оқу орны - дәстүрлі (офлайн) форматта.

Оқу форматына қатысты шешімді жоғары оқу орындары академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 08:30


⚡️«Қарметтің» жылу-электр орталықтары экологиялық рұқсат рәсімдеуден босатылады

2025 жылдың бірінші қаңтарынан бастап елдегі қоршаған ортаға ең көп шығарынды тастайтын 50 кәсіпорынның тізімі ашық жариялануы керек болған. Бұл кәсіпорындар жұмысын кідіріссіз жалғастыру үшін кешенді экологиялық рұқсат алуы қажет. Ал ол рұқсатты алу үшін Қазақстан заңнамасында көрсетілген экологиялық талаптардың бәріне сай болуы шарт.

Энергетика министрлігі көпшілік талқылауына шығарған бұйрық жобасында осы тізімге енуі керек болған «Qarmet» акционерлік қоғамына тиесілі жылу-электр орталықтарын осы тізімнен 2031 жылға дейін шығара тұруды ұсынған. Яғни, осы кезеңде кешенді экологиялық рұқсат алудан босатылады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 07:52


🔵 Алматыда 200-ден астам көшеге жаңа атау беріледі

Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінде биыл қаладағы Ю.Гагарин атындағы даңғылдың бір бөлігіне Ермек Серкебаевтың есімі, Әуезов ауданындағы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников аты және атау жоқ көшелерге Ескендір Хасанғалиев пен Юрий Померанцевтің есімдерін берілгенін хабарлады.

Жаңа көше атаулары қалалық мәслихаттың шешімінен кейін келесі жылдан бастап беріле бастайды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 07:30


🗣Маңғыстауда газ стансаларында жүргізушілер әлі де кезекте тұруға мәжбүр

Өңірде бүгінде 462 автогаз құю станциясы бар. Маңғыстау облысына ай сайын 18 мың тонна сұйытылған газ жеткізіледі. Оның 16 мың тоннасы Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытынан, тағы 2 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытынан келеді.

Айта кетейік, Ақтау қаласында газ тапшылығы әлі де бар. Газ құю бекеттерінің басым бөлігі жабық. Ал, сұйытылған мұнай газы барларында кезек. Көлік жүргізушілер шамамен 1 сағат кезек күтуге мәжбүр.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 07:02


✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Мереке Мәтімұлы Көшекбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды;

Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 07:01


✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды;

Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

26 Nov, 06:23


🇺🇸 Трамп Қытай, Мексика және Канада тауарларына жаңа тариф енгізуді жоспарлап отыр

Трамптың айтуынша, Қытайдан келетін тауарларға 10% қосымша тариф қойылады. Бұл шара Қытай үкіметін елден синтетикалық опиоид фентанилдің заңсыз экспортын тоқтатуға мәжбүрлеу мақсатында енгізілмек.

Ал Мексика мен Канададан келетін тауарларға 25% тариф қосылады. Бұл тарифтер аталған елдер есірткі мен заңсыз мигранттардың АҚШ шекарасынан өтуін тоқтатқанға дейін күшінде болады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Nov, 12:11


🥩Қазақстан өңірлерінде жылқы еті қанша тұрады

Жылқы бағасы малдың жасына, бордақыланғанына, семіздігі мен арықтығына байланысты әртүрлі келеді. Еліміз бойынша еттің ең арзаны Түркістанда. Мұнда жылқы етінің бағасы келісіне 1900 - 2200 теңге аралығында.

Өзге өңірлермен салыстырғанда Талдықорғанда жылқы еті қымбатырақ. Келісі 2600-2800 теңгеден басталса, Петропавлда-2700 теңгеден сатылып жатыр.

⚖️ Ал сіздің өңірде ет бағасы қаншадан?

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Nov, 11:13


📰 «KAZINFORM» ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады

◾️Қытайдың мемлекет және қоғам қайраткері Жанәбіл Сымағұлұлы дүние салды - CNR
🟧ТМҰ елдері экология министрлерінің алғашқы жиналысының декларациясына қол қойылды - «ӨзА»
◾️Қытайлық қандасымыз Жапонияда алтын медал еншіледі - Harajorga
🟧Иран мұхиттарда 2000 метрден астам тереңдікке жергілікті техникамен жетеді - «ParsToday»
◾️Қыстауға көшкен малшыларға полицейлер көмектесті - «Халық газеті»
🟧«Қазақтың отбасы фольклор» түрікшеге аударылды - TRT
◾️«Алтай ақпараты»: Зайсан көлі Шыңжаңға балық өнімдерін импорттайтын маңызды орынға айналды

👨‍💻Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы тағы не жазды – толығырақ Kazinform тілшісінің шолуынан оқыңыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Nov, 09:55


⚡️Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Nov, 09:14


⚽️ Аргентиналық бапкер Испания чемпионатында рекорд орнатты

54 жастағы Диего Симеоне Ла Лигада бір командада 700 ресми ойын өткізген алғашқы жаттықтырушы болды.

Ол осы кезеңде командасымен бірге 413 жеңіске қол жеткізіп, 156 рет тең ойнады. 131 кездесуде қарсыластарына есе жіберді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Nov, 08:05


💼 Кадрлық ауыс-түйіс: Қазақстанда өткен аптада болған тағайындаулар

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Nov, 07:21


0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣ АЭС қаншалықты қауіпсіз — Ұлыбританияның экс-министрімен сұхбат

Бүгінде Орталық Азия елдері атом энергетикасын дамытуға бет бұра бастады. Бұл ретте Өзбекстанда аз қуатты АЭС құрылысы басталатын болса, Қазақстан энергетикалық нысанды салу бойынша референдум өткізіп, жобаларды зерделеуге кірісті. Осы орайда Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Ұлыбританияның Қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығы экс-министрі, қазіргі NNWI компаниясының директоры Тим Йеодан сұхбат алып, саланың перспективалы бағыттарын сұрап көрді.

🖥 Сұхбаттың толық нұсқасы мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Nov, 06:49


⚡️Ақтөбедегі әскери қызметшінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

«Осы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарумен атылып, суицид жасады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды. Құрлықтағы әскер қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген Ақтөбе гарнизоны таратқан ақпаратта.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Nov, 05:18


🛒 Дүкендердегі мәжбүрлі сатып алудан қалай қорғануға болады

Қазақстан тұрғындары жиі қосымша қызметтер мен тауарларды мәжбүрлі түрде сатып алуға тап болуда. Смартфон сатып алу міндетті сақтандырумен немесе ақылы баптаулармен байланыстырып беріледі, ал тұрмыстық техника тек аксессуарларымен бірге ұсынылады. Мұндай жағдайлар тұтынушыларды ашуландырып қана қоймай, заң талаптарын да бұзады. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ақпаратында айтылған.

◾️Заң не дейді?
◾️Құқықтарыңызды қалай қорғауға болады?

🖥 Толығырақ мына сілтемеде.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

24 Nov, 04:04


⚡️Ақтөбе облысында тағы бір сарбаз суицид жасады

«Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде қарауыл қызметіндегі мерзімді қызметтің әскери қызметшісі өзіне қару жұмсап, көз жұмды», - делінген ақпаратта.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

23 Nov, 18:20


🗣️ Экономикалық бостандық болмай өзге бостандық та болмайды.

Маргарет Тэтчер


🔷Батыс Қазақстанда киік мәселесін қалай шешуге болады
🔗Сілтеме

🔷Есірткі қылмысына қатысты лауазым иесі өмір бойына сотталуы мүмкін
🔗Сілтеме

🔷Қазақстанда ұялы байланыс қызметінің құны қанша
🔗Сілтеме

🔷Әлемдік ғарыш ұйымы Күннің ерекше суреттерін жариялады
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

23 Nov, 15:42


💬 Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды

Қазақстандық өнерпаз Чехия астанасында екінші рет шоу жасады. Алғашқы рет «Арнау» гастролі аясындағы концерті 2022 жылы өтсе, екі жылдан кейін «Stranger» атты жаңа бағдарламасы Sportovní hala FORTUNA аренасында өнерпаздың жанкүйерлерін қайтадан жинады.

Концерт барысында Димаш 9 жасар София есімді музыкамен айналысып жүрген қызды сахнаға шақырды. Жас вокалист еш қиналмастан үлкен сахнадан Уитни Хьюстон әнінің үзіндісін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленіп, Димаштың өзінен гүл шоғын алды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

23 Nov, 13:43


🇺🇸 Трамп миллиардер Скотт Бессентті жаңа қызметке ұсынды

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Трамп миллиардер Скотт Бессентті қаржы министрі лауазымына ұсынды. Ол соңғы кездері Трамптың экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

23 Nov, 12:23


🔭 Әлемдік ғарыш ұйымы Күннің ерекше суреттерін жариялады

Еуропалық ғарыш агенттігі EКA-ның Solar Orbiter миссиясы жетілдірілген құралдар арқылы Күнді зерттеп жатыр. Солардың бірі – поляриметриялық және гелисейсмикалық кескіндеме (PHI), ол көрінетін жарықта кескіндерді түсіріп қана қоймай, магнит өрісінің бағытын өлшейді және әртүрлі беттік аумақтардың қозғалысы мен жылдамдығын бақылайды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

23 Nov, 09:03


🌐 Әлемдік БАҚ-тағы Қазақстан: Құрық табанын тереңдету, уақыт белдеуі, қонақүйдегі түрік үлесі мен газ бағасы

Daryo: Казақстан сұйытылған газдың көтерме бағасын өзгеріссіз қалдырмақ

Report: Құрық портының табанын тереңдету жұмысы аяқталды

CentralAsia: Қазақстан сутегі бастамасына қосылды

ТАСС: Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу – тарихқа негізделген

Anadolu: Қонақүй индустриясын дамытуда түрік мейманхана иелерінің үлесі зор

🖥 Толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

23 Nov, 07:32


📅 Таеквондо өнерінің тарланбозы - Мұстафа Өзтүрік дүниеге келген күн

Бүгін, шетте туып-өскен қазақтардың жарық жұлдызы, қазақ және түрік таэквондосының негізін қалаушы, таеквондодан қара белбеу 6 дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүрік дүниеге келген күн. Марқұм тірі болғанда биыл 70 жасқа толар еді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

20 Nov, 22:01


🇰🇿🇭🇺 Қазақстан Президентінің Мажарстанға мемлекеттік сапары аяқталды

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

20 Nov, 21:41


Президент Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесті

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешт қаласындағы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

20 Nov, 21:21


🇰🇿🇭🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысты

🔵Мажарстан Премьер-министрінің кеңсесі орналасқан ғимаратта мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президентінің құрметіне салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.

🔵Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына көрсеткен қонақжайлығы мен достық пейілі үшін Виктор Орбанға ризашылығын білдірді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

20 Nov, 20:31


🇰🇿🇭🇺 Келіссөз қорытындысы бойынша екі елдің стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуды және ортақ бастамаларды жүзеге асыруды көздейтін Бірлескен мәлімдеме қабылданды

✍️ Сонымен қатар Қазақстан мен Мажарстанның ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы консулдық мәселелері бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен Мажарстанның «National Capital Holding» ұлттық компаниясы арасындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Kazakh Invest» және «UBM Group» компаниялары арасындағы Қазақстанда құрама жем және премикс өндірісі жобасын іске асыру жөніндегі үшжақты негіздемелік келісім;

4. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (Қазақстан), L.A.С Holding (Мажарстан) және Xi'an Free Trade Port Construction and Operation Co (Қытай) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

5. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Мажарстанның «MOL GROUP» компаниясы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Мажарстанның Ұлттық банкі арасындағы банк саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

20 Nov, 19:12


🇭🇺 Мажарстан Премьер-министрі сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар өзара ықпалдастықты одан әрі кеңейте түсетініне сенім білдірді

✔️Бұдан бөлек, тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстар жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанның Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық аренадағы рөлін арттыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

✔️Будапешттегі келіссөздер қос тараптың стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екенін көрсетіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жол ашты.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

20 Nov, 19:11


🇰🇿🤝🇭🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді

✔️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға мемлекеттік сапары аясында Премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді. Кездесу достық рәуіште өтті. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімнің жоғары екенін көрсетеді.

✔️Келіссөздер барысында ынтымақтастықтың басым бағыттары мен екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдету перспективалары талқыланды. Қазақстан Президенті Мажарстанды еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық серіктесі, сондай-ақ достас әрі бауырлас мемлекет ретінде атап өтті.

✔️Президенттің айтуынша, Мажарстанға мемлекеттік сапары екіжақты ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде энергетика, көлік-логистика сияқты бағыттарға тың серпін беруді көздейді. Бұл ретте мұнай-газ секторы мен ауыл шаруашылығы, логистика, атом өнеркәсібі және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне баса мән берілді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан жоспарланған бастамаларды табысты орындау үшін екі ел үкіметтері қолайлы жағдай жасауға дайын екенін растады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

20 Nov, 18:29


🗣️ Маған достық та, шындық та қымбат. Дегенмен әрқашан шындықты бірінші орынға қоямын.

Аристотель

🔷Қазақ фильмдері миллиардтаған касса жинады
🔗Сілтеме

🔷Импорттық азық-түлікті отандық өнімге алмастыру мәселесі қашан шешіледі
🔗Сілтеме

🔷Құны 74 млн теңгеден артық ипотека алғандар да декларация тапсырады
🔗Сілтеме

🔷Қазақстандықтарға Украинадан кету ұсынылды - Елшілік
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

20 Nov, 17:45


🈂️Мажарстан Қазақстанға АЭС мамандарын даярлауға көмектеседі

Елімізде салынатын АЭС-ке қажетті мамандар Мажарстанда тәжірибеден өтеді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

📹 Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

13 Nov, 06:00


🚌 Алматыда қала маңына қатынайтын тағы 8 жаңа автобус бағыты ашылды

13 қарашадан бастап тасымалдаушы «НұржасТранс» ЖШС №218, 238, 246, 248, 250, 255 маршруттарына қызмет көрсетуге кіріседі. «Төле би Яссауи автобекеті – А.Тоқпанов ауылы» бағыты бойынша №218 маршрутта 5 автобус жүреді. Қозғалыс 5:30 басталып, 23:00 аяқталады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

13 Nov, 05:41


⚡️Жоғары аудиторлық палата мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

«7 қарашада ол Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды. Осыған орай Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Михаил Бортниктің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату ұсынысы енгізілді», - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

13 Nov, 04:58


🗣Ташкентте қазақтан шыққан тұңғыш әйел-дәрігер Гүлсім Асфендиярованың мемориалдық кешені ашылды

Ғалымдардың айтуынша, қазақ қызы Орталық Азиядағы медицинаның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Атап айтқанда, дәрігерлер мен мейірбекелерді даярлайтын курс ашты, аурухана және емханаларды құруға ықпал етті.

❗️Сонымен қатар ол 1900 жылдардың бас кезінде Орталық Азияда тұңғыш рет кесір тілігі отасын жасап, әйелдерді босандырған, тұңғыш жекеменшік перзентхана ашқан адам.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

12 Nov, 18:35


🗣️ Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Абай

🔷Алматы облысында әйнектен аспалы көпір салынады
🔗Сілтеме

🔷TikTok-тағы «рулар жарысына» заңгер мен депутат пікір білдірді
🔗Сілтеме

🔷Солтүстік Қазақстаннан он айда 21 мың адам көшіп кеткен
🔗Сілтеме

🔷Парижде қазақстандық аспаз өз қолынан шыққан тағамдарды ұсынады
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

12 Nov, 16:30


🕰💡 Уақыт белдеуінің ауысуы энергия тұтынуға әсер етпеген

«
Уақытты бір сағатқа ауыстыру электр желісінің қызметінің бұзылуына немесе тұтынушылар үшін шектеулерге әкелмеді.2023 және 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі деректерді талдау электр энергиясын тұтынудың 4% деңгейінде тұрақты өсуін көрсетеді. Бұл өсім уақыт белдеулеріндегі өзгерістерге емес, жалпы халықтың және ел экономикасының тұтынуының табиғи өсуіне байланысты.Мысалы, еліміздің батыс БЭЖ-нің аймағында уақыт белдеуінің ауыспағанына қарамастан, тұтыну өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға артқаны байқалады», — делінген Энергетика министрлігі хабарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

12 Nov, 15:55


🈂️ Цифрлық трансформация

Алдағы уақытта тұрғындар жол сапасын бақылап, оған қатысты пікірлерін білдіре алады. Ал 2026 жылы жол саласында жаңа электронды платформа іске қосылады. Бұдан бөлек саланы цифрландыру мәселесі де талқыланды.

📹 Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

12 Nov, 15:34


🇰🇿🇦🇿 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакуге жұмыс сапарының бірінші күні

ℹ️@qazaqparat_kz

Qazaqparat

12 Nov, 15:21


Президент «Әл-Азһар» университетінің Жоғарғы имамы Ахмед ат-Тайебпен әңгімелесті

✔️Мемлекет басшысы мұсылман үмбеті үшін білімнің, рухани тәлім-тәрбие мен ізгіліктің шамшырағы саналатын «Әл-Азһар» университетінің абырой-беделіне Қазақстан жұртшылығы зор құрметпен қарайтынын жеткізді.

✔️Президент толеранттылық пен конфессияаралық диалогтың нығаюына зор үлес қосқаны, сондай-ақ ислам дінінің шынайы қағидаттарын дәріптегені үшін Жоғарғы имамға ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі жік-жікке бөлінген заманда осынау құндылықтардың мән-маңызы одан сайын арта түсті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Ахмед ат-Тайебті келесі жылы Астанада өтетін VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырды.

✔️Әңгімелесу барысында теологиялық білім беру және ғылыми зерттеулер бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

12 Nov, 15:04


Қасым-Жомарт Тоқаев ICAO кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады

➤ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) басшысымен кездесу барысында авиация саласын дамыту перспективасы талқыланды.

➤ Мемлекет басшысы ICAO-мен нәтижелі ынтымақтастық орнатқан 30 жыл ішінде Қазақстанның Ұйым стандарттарына сәйкестігі 82 пайызға жеткенін атап өтті. Бұл – дамыған Еуропа елдерімен тең деңгейдегі көрсеткіш.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әуежайларды жаңғырту, әуе кемелері паркін ұлғайту және «ашық аспан» режимін енгізу бағытындағы дәйекті шаралардың нәтижесінде ұшу географиясы айтарлықтай кеңейіп, халықаралық рейстердің саны артты.

➤ Өз кезегінде ICAO кеңесінің президенті Қазақстанмен әуе тасымалының қауіпсіздігі және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар еліміздің азаматтық авиация саласындағы табысын жоғары бағалады.

➤ Сальваторе Шаккитано Қазақстанның Ұйым жанынан тұрақты өкілдігін ашқаны үшін ризашылығын білдіріп, келесі жылы Астанаға сапармен келуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

12 Nov, 14:41


Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассерді қабылдады

✔️Кездесуде бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді іске асыру және ынтымақтастық перспективасына қатысты мәселелер талқыланды. Қоршаған ортаны қорғау саласына, соның ішінде климаттық өзгеріс салдарын жеңілдету және «жасыл» энергетикаға көшу шаралары бойынша бірлескен жобаларға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық экологиялық сын-қатерлер мен Қазақстанның орнықты дамуға ұмтылысы жағдайында бұл бастамалардың маңызы зор екенін атап өтті.

✔️Қазақстан Президенті биыл қыркүйек айында Астанада өткен Араб үйлестіру тобының дөңгелек үстел форматындағы басқосуының қорытындысына жоғары баға берді. Бұл іс-шара тараптардың стратегиялық жобаларды жүзеге асырудағы көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге өзара бейілді екенін көрсетті.

✔️Мемлекет басшысы «Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы бойынша қаржылық және техникалық келісімнің бірінші фазасына қол қойылғанын айтты. Аталған жобаны іске асыру Қазақстанның 7 облысында 8 су қоймасы мен жалпы ұзындығы 3450 шақырым болатын 115 каналды, 1 қарсы реттегішті салуға және жөндеуге мүмкіндік береді. Бұл еліміздің аграрлық саласында 332 мың гектардан астам алқапты сумен үздіксіз қамтамасыз етеді.

✔️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның орнықты экономикалық дамуына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Ислам даму банкінің басшылығына ризашылығын білдірді.

✔️Келіссөздер қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттарды алмасу рәсімі өтті. Келісім сомасы 1,153 миллиард долларды құрайды, сондай-ақ 3,5 миллион доллар көлемінде грант беріледі. Бұл – банктің 51 жылдық тарихындағы ең көлемді қаржыландыру жобасы.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

12 Nov, 14:03


Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 cаммитінде бірқатар елдің делегация басшыларымен әңгімелесті

✔️COP29 Дүниежүзілік климат саммитінің аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармермен, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен, Молдова Президенті Майя Сандумен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен және басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесіп, аз-кем әңгімелесті.

✔️Кездесулер барысында әртүрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы, жаһандық климаттың күн тәртібі, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 18:01


🗣️ Ақылдылықпен ел биле, бiлiмдiлiкпен жұртты аузыңа қарат.

Жұсіп Баласағұни


🔷Букмекерлік кеңселер жарнамасына қатысты жаңа шектеулер енгізілді
🔗Сілтеме

🔷Каспийде қырылған итбалық саны мыңға жуықтады
🔗Сілтеме

🔷Тікұшақ апаты: Қорғаныс министрлігі апаттың әртүрлі нұсқасын қарастырып жатыр
🔗Сілтеме

🔷Алдағы үш күнде 25 градусқа дейін аяз болады - Қазгидромет
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 17:13


🗣Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген айыпталушыға үкім шықты

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің біркелкі жауаптарымен, оқиға орнын қарап-тексеру туралы хаттамасымен, беттестіру жүргізу хаттамаларымен, сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысымен бекітілді.

Жеңілдетілген мән-жай ретінде оның бұрын сотталмағаны және жастығы ескерілді (21 жас). Яғни, ең жоғары жаза 7 жылдың 2/3-нен аспауы тиіс.  Осының негізінде, сот сотталушыға 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 15:41


📹 Атыраулық әже TikTok арқылы табыс тауып, жаңа баспаналы болды

Хадиша апай үйде үш немересін бағып отыр. Оған қоса, 70 жастағы әже Тикток желісінде күнделікті 4-5 сағатын өткізеді. Мұны үйреткен өз ұлы. «Батыстың әжесі» лақап атымен елге танылған апа қазір әлеуметтік желінің жұлдызы. Ең қызығы, 10 млн табыс тауып, жаңа баспана алған.

«Батыстың әжесі» Тиктокта 100 мыңға жуық оқырман жинаған. Дені шетелдіктер. Хадиша апай олармен әлеуметтік желі арқылы араласып тұрады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 14:46


🇰🇿🇦🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcу үшін Бакуге жұмыс сапарымен келді

✔️Президент сапар барысында мемлекеттер басшыларымен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және бизнес-құрылым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 13:42


🐆 Катонқарағайда қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Сирек кездесетін жыртқышты Аршаты орманшылығында орнатылған фототұзаққа түсіріп алған.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 12:59


💰 Қазақстандағы орташа жалақы 11 пайызға өсті

2024 жылғы III тоқсанда елдегі айлық жалақының орташа мәні 390 328 теңгені құрады.

💰 Орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі:
💚Шымкент қаласында – 16,1%-ға,
💚Алматы қаласында – 15,2%-ға,
💚Абай және Ақтөбе облыстарында – 14,2%-ға,
💚Қостанай облысында – 14,0%-ды құрады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 12:31


🗣Дамаск маңында Израиль соққысынан жеті адам қаза тапты

Сирия қорғаныс министрлігі жексенбі күні Сирия астанасының оңтүстігіндегі Сайеда Зайнаб ауданындағы тұрғын үйге жасалған соққыдан 7 бейбіт тұрғын қаза тапты деп хабарлады. Бұл бір аптадан аз уақыт ішінде жасалған екінші шабуыл, деп жазады Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Министрлік мәлімдемесінде қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар бар екені және 20 адамның жараланғаны айтылған.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 11:57


🇯🇵 Жапония үкіметі толық отставкаға кетті

Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба өткен айдағы жалпы сайлаудан кейін елдің келесі премьер-министрін таңдау үшін парламентте дауыс беру алдында кабинетімен бірге отставкаға кетті.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 11:05


💬 Ақтөбедегі Қазхром комбинатында жұмысшы мерт болды

Оқиға 4 қараша күні болған. Хромтау ауданындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының аумағында жұмысшы биіктен құлап мерт болды.

Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 09:09


🥈Алан Құрманғалиев Мажарстанда өткен турнирде екі мәрте жүлдегер атанды

Отандасымыз 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста екінші орынды иеленіп, күміс медаль жеңіп алды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 08:12


🎿 Тоғыз қазақстандық биатлоншы әлем кубогының алғашқы кезеңінде өнер көрсетеді

Қазақстан биатлон құрамасының жаттықтырушылар штабы Контиолахтиде (Финляндия) өтетін әлем кубогының бірінші кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын атады.

Әлем кубогы 30 қараша мен 8 желтоқсан аралығында өтеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 07:47


💬 Алматы облысында 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметіне сәйкес, 51 жастағы ер адамның денесі Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының шетінде табылған. Әлеуметтік желіде ол 2 қараша күні хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарландыру жарияланған болатын.

Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 07:02


✉️ Мемлекет басшысы Польша Президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇵🇱Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

✔️Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 07:01


✍️ Санжар Аскенұлы Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

11 Nov, 05:47


🔝🗡Ел құрамасы семсерлесуден Швейцарияда өткен әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 18:29


🗣️ Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!

Ғабиден Мұстафин


🔷ҚФФ Әділет Барменқұловтың басшылықтан кеткенін растады
🔗Сілтеме

🔷Солтүстікке халық көшіп келмесе, ауыл тұрмақ тұтас аудан тарап кетуі мүмкін - Бурахан Дақанов
🔗Сілтеме

🔷Келер жылдан Өзбекстандағы цирктерде жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салынады
🔗Сілтеме

🔷Трамптың жеңісі мен мұнай бағасының құбылуы теңгеге қалай әсер етеді – сарапшылар пікірі
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 17:35


🇪🇸 Испанияда су тасқыны құрбандарының саны 223-ке жетті

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 223-ке жетті, құрбандардың басым көпшілігі елдің шығысындағы Валенсия автономды қауымдастығында тіркелген. Бұл туралы Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте X желісінде хабарлады.

Хабар-ошарсыз кеткендердің саны – 78. Бұл ретте ведомство басшысы апат кезінде қаза тапқандардың 48-і әлі анықталмағанын атап өтті.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 15:42


🏠«7-20-25» ипотекалық кредиттеу бағдарламасының талабына өзгеріс енгізілді

Ол 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді:

💰Қаржыландыру көлемі: 2025 жылы 100 млрд теңге деп белгіленді.

✔️Әскерилерге қарызды төлеу мерзімі кейінге қалдырылады: әскери қызметшілері үшін әскери қызметті өткеру мерзімінде және ол аяқталғаннан кейін 60 күнде қарыздың негізгі борышы мен сыйақысы бойынша төлем мерзімі кейінге қалдыру енгізілді.

✔️Салымшыға қойылатын жаңа талап: қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) Қазақстан аумағында соңғы 18 ай ішінде меншік құқығында үйі болмауы керек. Алайда әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақхана бөлмелері, апатты деп танылған тұрғын үйлер оған жатпайды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 14:40


🌾 Фермерлер субсидия ақшасын «жеп» қоймас үшін не істеу керек

Отандық ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы жемқорлық, бюджет қаражатын ұрлау — ұлттық экономиканың өсуіне тежеу. Үкімет 2025 жылдан бастап субсидия тәртібі өзгеретіні туралы мәлім еткен. Жаңашылдықтың бірі ауыл шаруашылығы техникасына бөлінген несиенің пайызын субсидиялау талаптарына қатысты.

Соңғы уақытта ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау бойынша жемқорлық тәуекелдері азаймай тұр. Бұған дейін жазғанымыздай, Павлодар облысында агроөнеркәсіп кешені бойынша мемлекетке 500 млн теңге шығын келген.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 13:40


📊 Солтүстікке халық көшіп келмесе, ауыл тұрмақ тұтас аудан тарап кетуі мүмкін - Бурахан Дақанов

Бүгінде еңбек күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан оңтүстіктен тұрғындарды көшіру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Аталған жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстың барысын білмек болып TAUEKEL ұйымының жетекшісі Бурахан Дақановпен сұхбаттастық.

🖥 Сұхбаттың толық нұсқасын сілтемеге өтіп оқи аласыз.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 13:02


✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 12:49


🧱 Отандық құрылыс материалдарының үлесі қанша

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, құрылыс материалдары бойынша отандық өнімдердің үлесінде 2020 жыл мен 2024 жыл аралығында өсім болды. Яғни 13 пайыздық көрсеткішке ұлғайған. 2024 жылдың қаңтар-тамызы аралығында отандық өнім үлесі 66,8 пайызды көрсеткен.

Ел нарығы портландцемент, тауарлы бетон, гипс, құрылыс ерітінділері және гипсты картонмен толықтай қамтамасыз етілген. 

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 12:14


⚡️ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

Әділет Назарбайұлы ҚФФ басшылығына 2022 жылы 28 ақпанда тағайындалған болатын. 

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 11:01


⚡️Өскеменде актриса театр директорын сотқа берді

Талапкер жұмыстан өз еркімен шықпағанын, театр басшылығының ұжымдық шарт талаптарын орындамағанын жеткізді. Белгілі болғандай, актрисаға репетиция уақыты айтылмай, спектакльдерде ойнайтын рөл мүлде берілмей келген.

Сот жұмыс беруші тарапынан бұзушылықтарды анықтап, актрисаның жұмыстан шығарылуына оның басшылықпен кикілжиңі себеп болды деген қорытындыға келді.

Актриса қайта жұмысқа орналастырылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 10:05


🛣 Республикалық маңызы бар тағы бір жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылмақ

Ұзындығы 359 шақырымды құрайтын учаске Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 2025 жылдың соңына дейін 300 шақырым жол жөнделеді. Жалпы ұзындығы 954 шақырымды құрайтын «Жезқазған — Петропавл» жолы СҚО, Қостанай, Ақмола, Ұлытау өңірлері арқылы өтеді.

Қазіргі уақытта өңірде «Жезқазған — Петропавл» жолының 83 шақырымында жұмыстар аяқталуда.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 09:00


🦁Өзбекстанда циркте жануарлардың өнер көрсетуіне тыйым салынды

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Өзбекстанда жануарларды цирк қойылымдарында пайдалануға тыйым салатын заң күшіне енеді. Шешім жануарлардың құқықтарын қорғау және оларды пайдалануды болдырмау мақсатында қабылданды.

Сондай-ақ жеке тұлғаларға тұтқында ұстауға тыйым салынатын жануарлардың тізімі бекітілді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 08:01


Президент Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы бағдарламасының 23-ші министрлік конференциясына қатысу үшін Астанаға келген Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакавамен кездесті.

✔️Мемлекет басшысы мәртебелі мейманды Қазақстан мен Азия даму банкінің нәтижелі қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қаржы институтымен өзара ықпалдастықтың стратегиялық сипатын, сондай-ақ банктің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және ұлттық қаржы жүйесін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты.

✔️Азия даму банкі 1994-2024 жылдар аралығында Қазақстанда жалпы сомасы 7 миллиард долларға жуық жобаларды қаржыландырды. Атап айтқанда, банк Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізін салуға, сондай-ақ Ақтөбе – Қандыағаш жолын қайта жөндеуге қатысты.

✔️Қазақстан Президенті жаңа басым бағыттар бойынша бірлескен шараларды одан әрі жалғастырудың маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанда экономиканы ырықтандыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру үшін қажетті жағдай жасау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы декарбонизациялау өзара іс-қимылдың перспективті салаларының бірі екеніне тоқталды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 07:20


🥉Лев Черепанов ашық суда жүзуден Гонконг қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 07:04


🔴 Рудныйда бірнеше жерде жылу трассасы жарылды

Бүгін шамамен сағат 02.00-де Рудный қаласының Топорков көшесіндегі жеке секторда диаметрі 219 мм кварталішілік тарату құбыры жарылған. Жеке сектордағы 198 үй жылудан ажыратылды. Сағат 8:30-да бүлінген жер жөнделіп, құбыр іске қосылды. Әкімдіктің хабарлауынша, қазірдің өзінде қала тұрғындарының үйлерінде жылу пайда болған.

Тағы бір апат жағдайы таңғы сағат алты шамасында орын алды. Онда Строительная көшесіндегі құбырға зақым келді. Жеке сектордағы 27 үй жылудан ажыратылды. Құбырдың бұзылған жері бір-екі сағаттың ішінде жөнделіп, сағат 12:00-ге дейін жылу берілетіні хабарланды. Әкімдік бұл құбырлар магистральдық құбыр емес екенін мәлімдеді. Бұл аймақтарда бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 06:26


ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің мәлімдеуінше, өлім себебі — суицид.

Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 05:23


⚡️Qarmet-те 155 шахтер шұғыл эвакуацияланды

7 қараша күні сағат 20:29-да кәсіпорынның Орталық диспетчерлік басқармасына “Абай” шахтасында электр энергиясының тоқтағаны туралы хабар түсті.

Бұл жағдай “Қарағанды Жарық” ЖШС-нің №9 трансформаторлық станциясында электр қуатының тоқтауы салдарынан туындаған.

Қазіргі уақытта электр қуаты қалпына келтіріліп, шахтаның жұмысына қауіпсіз қайта оралу үшін дайындық жүргізілуде.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

08 Nov, 05:02


🇦🇲🇦🇿 Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімнің толық мәтінін әлі келіскен жоқ

Армения қысқа мерзімде мәтінді келісу үшін байланыстарды жандандыруға мүдделі. Бұл туралы Армения Сыртқы істер министрінің орынбасары Ваан Костанян мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта сыртқы саяси ведомство басшылары немесе мемлекет басшылары деңгейінде кездесу өткізу туралы нақты келісім жоқ. Бірақ армян тарапы бейбіт келісім мәтіні бойынша келісімді тез арада аяқтау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін кездесулерді жандандыруға мүдделі.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 18:45


🗣️ «Ең қиын жолдарды таңдаңыз, бәсекелестерді кездестірмейсіз»

🔷Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды
🔗Сілтеме

🔷Атыраудан Ресей шекарасына дейінгі жол құрылысы қалай жүріп жатыр
🔗Сілтеме

🔷Жылына бірнеше рет тұтанатын Каспий жағалауындағы қамыс өртінен қандай зиян бар
🔗Сілтеме

🔷Қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылады
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 17:33


🇻🇳Вьетнамның жаңа президенті сайланды

Генерал әрі саясаткер Лыонг Кыонга 67 жаста. 2024 жылдың мамыр айынан бастап Коммунистік партия Орталық Комитеті хатшылығының тұрақты мүшесі. Саясаткер алдағы екі жылда президент қызметін атқарады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 16:16


⚡️Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі өртенді

Оқиға орнына келген Төтенже жағдайлар күштері мен құралдары бірнеше минут ішінде оқпанмен су беріп, баллондарды салқындату арқылы өртті ауыздықтады. Жақын жерде тұрған 3 көлік өрттен зақымдалды. Өрт сөндірушілер 8 көлікті, жақын маңдағы тұрғын үйлерді және 17-ден 11 газ баллонын өрттен құтқара алды. 

Зардап шеккендер жоқ.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 15:50


🈂️ Қосымша құн салығын емес, алдымен салық мәдениетін көтеру керек

Jibek Joly арнасына сұхбат берген «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының төрағасы осылай деді. Райымбек Батталов құн салығын 1-2 пайызға ұлғайтудың өзі - бизнес пен экономикаға қандай ауыртпашылық түсіретінін айтты. Бұл бюджет кірісін ұлғайтқанмен, артынша кәсіпкерлерді «көлеңкеге» итермелейді.

📹 Толығырақ «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 15:30


🐠 Жетісудағы Шажа өзенінде балықтар қырылып жатыр

Жағадан әр аттам сайын 4-5 балықтың өлексесін көруге болады. Олардың көбі «қабыршақты осман» балығы. Суда өліп жатқан балықтардың сыртын ақ түсті, созылмалы сұйық зат жауып кеткен. Ал, жүзіп жүргендерінің денесінен ақтаңдақтарды байқауға болады.

Балық инспекциясындағылар өзен жағасынан судың сынамасын алып, тексеруге жіберген. Қиыны сол Жетісу облысында балықты зерттейтін бір де бір зертхана жоқ. Сол себепті Алматыдан келетін институт мамандарын күтіп отырғандарын айтады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 15:16


🈂️30 мың азамат VIP-нөмір иесі атанды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Қазақстанда мұндай нөмірлердің ең арзаны 210 мың теңге тұрады.

📹Толығырақ Jibek Joly арнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 15:01


⚡️26 қытайлық Қазақстан аумағынан шығарылды

«Қытай азаматтары тиісті рұқсатты алмай, салынып жатқан зауыттың аумағында жұмыс істеген. Сотта құқық бұзушылар кінәларын мойындамай, бірі турист ретінде келгенін, ал бірі жұмыс іздеу мақсатында келгенін айтып көрсеткен», - делінген Жамбыл облысының Сарысу аудандық сотының хабарламасында.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 14:15


🇰🇿🚆Республика күніне орай қосымша пойыздар қатынайды

Мереке күні қатынайтын қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша жолға шығады:
🟧№ 630/629 пойызы «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;
◾️№ 204 пойызы «Астана-Шымкент» бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
🟧№ 216 пойызы «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
◾️№ 201 пойызы «Алматы-Астана» бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.

Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 13:49


🇰🇿🇬🇼 Қасым-Жомарт Тоқаев Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбаломен телефон арқылы сөйлесті

📞Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы қарым-қатынастың даму перспективасын талқылады.

✔️Президенттер екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екендерін растап, өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын қарастырды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Умару Сисоку Эмбалоны өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

✔️Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 13:20


🇰🇿🗺🇺🇿Қазақ-өзбек шекарасында кеден терминалы ашылады

Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласынан 450 шақырым жерде орналасқан «Дәуіт-ата» шекара бекетінің аумағында салынып жатқан кеден терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Кеден бекетінің жанында 350 жүк көлігі сиятын тұрақ, қонақ үйлер мен техникалық қызмет көрсету пункттері орналасқан.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 13:01


📜📜 Мемлекет басшысы «Биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 12:15


🍎 Алматыда халықаралық алма күні аталып өтті

Мерекені тамашалауға келген көпшілікке аспаздардың қиялынан туған алмадан жасалған түрлі дәм ұсынылып, дастархан жайылды. Іс-шараға эстрада жұлдыздары да қатысып, мерекенің көркін қыздырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 11:15


Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазгидрометтің хабарлауынша, алдағы 3 тәулікте елдің басым бөлігінде жауын, кей жерлерде қар жауады, көктайғақ болады.

23 қазанда республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жауын-шашын болжанады.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 11:10


⚡️Әділет министрі Азамат Есқараев Маргарет Тэтчер медалінің сатылуы туралы пікір білдірді

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 10:36


🇨🇿 Ян Липавский кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, Чехия Президенті Петр Павелдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Прагаға ресми сапармен келуге шақырғанын жеткізді

➤ Чехия Сыртқы істер министрі қарқынды экономикалық байланыстар қазақ-чех ынтымақтастығының негізі саналатынына назар аударды. Ян Липавский өнеркәсіп, «жасыл» даму талаптарына көшу және энергетика салаларын бірлескен жұмыстың басым бағыттары ретінде атап өтті.

➤ Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ян Липавский өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

➤ Кездесу соңында Мемлекет басшысы Чехия Президенті Петр Павелге ізгі тілегін жеткізді.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 10:35


🇰🇿🇨🇿 Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен Чехия арасында достық пен өзара құрметке құрылған көпжылдық әрі нәтижелі ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті.

➤ Мемлекет басшысы министрдің сапары екі ел арасындағы көпжақты қарым-қатынастың нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл.

➤ Президент екі елдің сауда және инвестициялық байланыстарын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар екеніне назар аударып, еліміздің чех инвесторларына алдағы уақытта да қолдау білдіруге дайын екенін айтты.

ℹ️ @qazaqparat_kz

Qazaqparat

21 Oct, 10:16


🌉 Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды

Көпір – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады. Сондай-ақ, тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды.

📹: mukhtartoi

ℹ️ @qazaqparat_kz