ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟 @nurlan_imam Channel on Telegram

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

@nurlan_imam


ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟 (English)

Welcome to NurlanImam.fan, the official Telegram channel for all fans of the talented and versatile artist Nurlan Imam. If you're a fan of Nurlan Imam's music, acting, and overall creativity, then this is the place for you! Stay up to date with all the latest news, updates, and exclusive content directly from Nurlan Imam himself. Be the first to know about new music releases, upcoming projects, behind-the-scenes looks, and much more. Join a community of fellow Nurlan Imam fans and connect with others who share your passion for his work. Don't miss out on this opportunity to get closer to the artist you admire and love. Join us at NurlanImam.fan today and experience the magic of Nurlan Imam's world like never before!

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

09 Apr, 14:08


Қош Рамазан!
Біз сені сағынатын боламыз!
Төрт көзімізді аман есен жеткізе гөр!🤲

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

09 Apr, 14:06


Я Раббым,Ұстаған оразамыздан қателіктер кеткен болса кешіріп ,толықтырып сауаптан жаза гөр!🤲❤️

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

08 Apr, 23:09


Бізді тастап барасың ба Рамазан?
Дұға етсем қаласың ба Рамазан?
Ай басында, ай соңында кеп тұршы
Нәпіл болып арасында Рамазан?
Келер айлар ғажап болсын Рамазан
Сен секілді таза-ақ болсын Рамазан!
Саған қосып Кадыр түнін жіберген
Раббымызға мадақ болсын Рамазан!

Сенен алған нұрыңменен күндеймін
Сенен қалған мінезбенен гүлдеймін
Келер жылы келеріңе сенем ғой,
Сен келгенмен мен болам ба білмеймін.🥹

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

08 Apr, 23:04


Алланың көркем есімдері
36. Әш-Шәкур الشَّكُورُ Алғыс айтушы, жақсылықтың қарымтасын қайтарушы.
37. Әл-Алий  العَلِيُّ Асқақ, Бәрінен Биік.
38. Әл-Кәбир  الكَبِيرُ Үлкен, аса зор.
39. Әл-Хафиз  الحَفِيظُ Сақтаушы, қорғаушы.
 40. Әл-Муқит  المُقِيتُ Қорек беруші, пенделердің қажеттіліктерін меңгеруші.

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

08 Apr, 22:57


Бүгінгі зікір: "Лә иләһа иллаллаһ"
"Алладан басқа тәңір жоқ"

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

08 Apr, 22:36


Бүгінгі дұға:
О,Раббым!Жүрегімді тек қана махаббатқа толтыр!Кешірімшіл болуымды нәсіп ет,Өзіңде мені кешір!Жаратқан Ием!Менің осы талпынысым үшін сыйға бөле!Қате кемшіліктерім болса,кешір!
Алла Тағалам басыма түскен қиындықтардың жеңіл шешімін көрсет!Я ,Раббым келесі Рамазанға аман есен төрт көзімізді түгел жеткізгейсің.
Раббым Алла 30 күн бойы ұстаған оразамызды өзің қабыл көріп ,күнәләріміз кеше гөр!Қолымды өзіңнен басқа ешкімге жайдыра көрме.❤️🤲

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

07 Apr, 22:42


Алланың көркем есімдері:
30. Әл-Адл  العَدْلُ Әділетті.
31. Әл-Латиф  اللَّطِيفُ Жұмсақ, Мейірімді.
32. Әл-Хабир  الخَبِيرُ Бәрінен Хабардар.
 33. Әл-Халим  الحَلِيمُ Ұстамды, жылылық Иесі.
 34. Әл-Азим  العَظِيمُ Ұлық, Ардақты.
35. Әл-Ғафур  الغَفُورُ Кешіруші, Кешірімді.

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

07 Apr, 22:41


Бүгінгі зікір: Астағфируллаһ
Мағынасы: Алла мені кешір

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

07 Apr, 22:39


Бүгінгі Дұға:

Уа, Алла Тағала!
Күнәмді кешіре гөр!
Жүрегімнің ашуын басып,
Шайтаннан сақтай гөр!
Есеп күні мені ,ата анамды муминдерді өзің жарылқай гөр.Ендігі рамазанға аман есен төрт көзімізді түгел жеткізгейсіз Раббым Алла🤲❤️🌸

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

05 Apr, 22:58


Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға
"Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын". (Бухари)
"Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл".

ℕ𝕦𝕣𝕝𝕒𝕟𝕚𝕞𝕒𝕞.𝕗𝕒𝕟

05 Apr, 22:57


Ата-ана үшін жасалатын дұға
"Роббир-хәмһумә кәмә роббәяни соғиро".
Мағынасы: "Раббым, мені кішкентайымнан бағып, тәрбиелеп өсіргеніңдей оларға мейірім ет!"