qos paraq🤍 @aibasovaaa Channel on Telegram

qos paraq🤍

@aibasovaaa


Әр сәтін ертегідей көретін жанның жазбалары... 🕊

Insta:_aibasovaa_

qos paraq🤍 (Azerbaijani)

Qos paraq🤍 adlı kanal, aibasovaaa kullanıcısına ait bir Telegram kanalıdır. Bu kanal, aşk, ilişkiler, kişisel gelişim ve motivasyon konularında içerikler sunmaktadır. Aibasovaaa, takipçilerine ilham verici mesajlar, motivasyon kaynakları ve ilişki ipuçları sunarak onların hayatlarını daha olumlu bir şekilde değiştirmelerine yardımcı olmaktadır. Kanal, genç yetişkinler ve yetişkinler arasında popülerdir ve her gün yüzlerce yeni takipçiye ulaşmaktadır. Eğer aşk ve ilişkiler konularında daha fazla bilgi edinmek, motivasyon kazanmak ve kişisel gelişiminize katkı sağlamak istiyorsanız, qos paraq🤍 kanalını takip etmeyi düşünebilirsiniz!

qos paraq🤍

07 Jan, 17:59


Жүрегімді берсем аласың ба?
Жазылмайтын жарасы бар... 💔

qos paraq🤍

05 Jan, 20:37


5күн.
Осы 5күн ауырамын деп өмірдің қамшының сабындай ғана қысқа, жанымның көбелектің қанатындай тым нәзік екенін ұққандаймын. Ажалың келместей есіріп, өміріңе елеусіз қарасаң аяғыңның айды аспанан келері әп-сәтте ақ. Бір айыңды ауыруың мен әлсіздігіңмен алысып өткізсең, екінші айың бақытыңды қызғыштай қорқап әлек болады екенсің. (-әзірге бақытымызбен әлекке түсе қойған жоқпыз.) Өмір ақ пен қарадан, жақсы мен жаманан, тәтті мен ащыдан тұрады деген осы екен-ау. Өмір заңдылығы. Ал өмір сенің осы алысуларыңа, қиындығыңа қарамай зулап өте береді. Сенде шаруасы жоқ. Шарықтап биікке жетсең де, құз түбіне тіреліп, құлдырай құласаңда. Ал сен өмір ағынасына ілесе алмай бір тұншығып, бір қалқып өтесің. Өмір осымен қызық шығар шынымен...

-қызық өміріміз тек, тек қана бақытты күндерден тұратын болса жалығып кетер мекенбіз? меніңше, шүкірсіз пенде болып, Құдайымызды ұмытып кететін шығармыз…

qos paraq🤍

05 Jan, 14:33


Сенің де тағдыр дәптеріңе есімі ойылып тұрып жазылған бір жанның бары анық. Күндердің бір күні Алла саған ол адамды жолықтыратыны сөзсіз. Ең бастысы, сен жаныңда қандай адамды көргің келеді, өзің соған сай бол. Біз, қыздар, қандай жігіт қалайсың десе? Үстіне киген киімінен бастап түріне дейін сипаттайтынымыз өтірік емес. Оқыған-тоқыған, ел көрген-жер көрген, ақылды жігіт керек дейміз. Енді сұрақ, өзің сол адамға лайықсың ба? Егер жауабың жоқ болса алдымен өзіңді өзгерт, ізден, дамы. Сен дайын болғанда, ол жанның да алдыңнан шығатыны сөзсіз...

qos paraq🤍

01 Jan, 17:09


Ішімдегі жан мен тәнімнің күйреп, құртылуынан үйдегі ең жылы жылулық сақтап тұрғандай…

qos paraq🤍

28 Dec, 20:05


Кейде есейгім келмейді, есейгеніңді мойындауда қиын екен. Тіпті, соңғы жылдарда тұрмыс құру жайлы ойларымда күн өткен сайын мың құбылып, қылық шығарып тұрады. Қазіргі әлемдік жаңалықтарды тыңдап, көріп одан қалды қазіргі жігіттердің некеге деген салмақсыз ойларынан, іс-әрекеттерінен кейін одан сайын ойлана бастайсың. Ойланып отырсам, балалық уайымдар қазіргі сәттердегі уайымдардан әлде қайда жеңіл екен ғой. Мектеп кезде 6сағаттық сабақтың бітіп, үйге қайтудың өзін үлкен бір бақыт көруші едік. Ал қазір бақытты әр дүниеден, әр адамнан іздеп әлекпіз. Бақытты даладан іздеп жүргенде жылдарымыз, өміріміз өте береді екен-ау…

(-түнгі ойлар ғой…шаршатып, сансаққа салатын…)

qos paraq🤍

20 Dec, 22:06


Жалғыздықпен күрескеннің әрбірі,
Бақыт деген марапатқа лайықты!

qos paraq🤍

18 Dec, 10:48


Өткенің бүгінгіңе, бүгінгің келешегіңе зиян келтірмейтіндей өмір сүр…

qos paraq🤍

16 Dec, 20:01


2024тің соңғы күн, сағаттары жылжып жатыр. Тағы бір жылды артқа қалдырып, жаңа жылға қадам басқалы жатырмыз. Тағы бір жылға есейіп, жаңа жылда жаңа бастамалар бастауға ниеттіміз. Жаңа жыл дегенде өзгеретін сол баяғы сандар болмаса ел қатарлы сағат тілінің 00:00 болғанын тағатсыздана күтіп, тойлайтындардан емеспіз. Жалпы жаңа өмір бастаймын, өткенімді ұмытамын деген адам үшін жылдың жаңару емес, жаңа күннің қайырлы ату маңызды.
Әдеттегінше осы жылға артар өкпем жоқ. Қайырлысын да, қайырсызын да көрдік. Естіліктер қорабы ауыр әрі, ыстық сәттерге біраз толды. Таныстықтар жайлы жақ ашып, кеңінен ақтарылғым келмейді. Олай дер болсам ішімдегі өкініш жалыны лап ете қалардай. “Қайыры болар” деген жұбыныш сөзге тәнімде, жанымда үйреніп алды. Қуанарым осы жыл жан-жақты даму жылы болды. Тың кеңестер, жаңа кітап, жаңа мүмкіндіктер, жаңаша дамулар орын алды… Жыл басында жақындарым жаңа мінез-құлақтарға ие болып, жыл соңында көңіліме серкеу түсіргені болмаса, тағдырымнан тоғыз рет таяқ жеп, өмірімнен он рет опық жесемде өзгере қойғам жоқ…

Жылдағыдай келер жылдан үмітім зор. Осы жолы 2025іме артар сенімім де, үмітімде айрықша. Шынайы ниетпен, Аллаһтың берерінен, жақсылығынана үмітімін. Тән қалауыммен өткен жылыма барлық реніштерді, естеліктерді, сағыныштарды, кей адамдарды қалдырып кеткем келеді. Енді ойламастай… Сағынбастай…

-қайырлы, берекелі жыл болсын🤍

(-мүмкіндік болса 2024тің естелігін өмірімде болмағандай ұмытуды қалар едім…)

qos paraq🤍

14 Dec, 18:05


Жалт еткен сәттерден, Жыртылған дәптерден, Өмірім құралған Менің...

qos paraq🤍

13 Dec, 18:28


Барым да бір өзіңсің құдай. Жарылқау мен қолдауды бір өзіңнен ғана күтемін. Жабырқап жаным жабықса пендеге емес өзіңе ғана баруды аңсаймын. Басыма бақ қонып, тақта болсам да, жолымнан тайып қайғы мұңға ұшырасамда хәлімді бір өзің ғана егжей-тегжейлі білесің. Өткенімді де, келерімді де бір өзіңе тапсырдым. Сен бәрің білушісің! Әр айтқан сөзім бір өзіңе тиесілі. Сен естушсің! Мұңым мен қайғымды біліп, жұбататын қолдаушысың! Сенің қолыңнан бәрі келеді! Ал мен дәрменсізбін, сен қаласаң бәрің де өзгерте аласың! Ақиқатында барлық күш қуат өзіңе тән.

qos paraq🤍

11 Dec, 16:52


Күн суыды, жылы киініп жүр жақсым..❤️

qos paraq🤍

07 Dec, 23:37


❤️