Қазақ әдебиеті @adebiett Channel on Telegram

Қазақ әдебиеті

@adebiett


Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті (Kazakh)

Сіздің түнгеніз қалайды? Біздің Telegram каналымызды қатысып, Қазақ әдебиеті туралы ең соңғы жаңалықтары мен материалдарымен жетікті сақтап ұстайыңыз! 'адебиетт' атты каналымызда Казақ әдебиетінің шығармалары, қазақ жазушыларының жаңа алып келетін ең соңғы жаңалықтары мен любителялардың пікірлері туралы хабарландырулар жиналған. Қазақ әдебиетінің жасырын есімдері, ұстаздар арасындағы сұрақтар және мақалалар әр түрлі қызықты мазмұндармен толықтырылған. Осы каналға қосылыңыз және Қазақ әдебиеті мен арнайы кітаптар туралы көп түрлі сөздерді үйреніңіз! Көптеген жаңалықтар мен ерекшеліктер біздің Telegram каналымызда көрсетіледі. Сізді қосуға күтеміз!

Қазақ әдебиеті

17 Feb, 15:21


«Бақыт деген не?» деп қарттан сұрап ем
Дедi ол маған: «Балалық шақ – бал кезің».
Бозбаладан бақыт жайлы сұрап ем
Дедi маған: «Ол – махаббат, ән сезiм».

Бақыт жайлы бойжеткеннен сұрап ем
Дедi ол: «Ғашық жiгiтiммен тiл табу».
Бақыт жайлы келiншектен сұрап ем
Дедi: «Көш бастайтын ұл табу».

Бақыт жайлы саудагерден сұрап ем
Жауап бердi: «Бақыт – байлық, алтын»,– деп.
Бақыт жайлы қайраткерден сұрап ем
Дедi ол: «Бақыт – құрметтеуі халқың»,– деп.

Ертелi-кеш ем қабылдап тұратын
Сырқат шалдан бақыт жайлы сұрадым.
Ол күлiмдеп, талдап тұрып сақалын
Айтты маған бабалардың мақалын:

– Бақыт деген, ең бірінші, денсаулық,
Екіншіден, ақ жаулық,
Үшіншіден, он саулық
Және, қалқам, еңбегімен елену,
Атқан таңның арайына бөлену!...

// Шырын Мамасерікова - Бақыт
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

16 Feb, 15:31


Мені ешкім сағынбасын.
Сен сағын!..
Сағын... көзден үзіп мұңның моншағын.
Дәл осылай сағынуға бола ма?
– деп, таңғалсын
Аспан.
Ай.
Күн.
Жер шары!..
Мені ешкім іздемесін.
Сен ізде!..
Ізгі өлеңі іздемеді дегізбе!
Дәл осылай бола ма екен сүюге?
– деп таңғалсын
Өзен,
Мұхит,
Теңіз де!..
Мені ешкім ойламасын.
Сен ойла!..
Сен ойласаң, мен сеземін қалайда...
Сезе тұрып айта алмаған тіл ғәріп,
Көз өтірік айта алмайды алайда!..
Мені ешкім аңсамасын.
Сен аңса!..
Аңсауларда армандар бар о, қанша?!.
...Жер бетінен пәк махаббат жоғалса,
Ғұмыр кешу қиын маған адамша!..

// Қалқаман Сарин - Сен...
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

15 Feb, 15:31


Елдің міні ұлғайып,
Сөздің құны азайып,
Тапқан бала қайырылмай шешеге,
Ұры-қары толып кеткен көшеге,
Некесіздер нəсіл болған заман-ай!

Не жер жыртып, қой бақпай,
Не сөз жазып, ой бақпай,
Жең астынан жымқырушы көбейіп,
Пысықтардың жүрер жолы кеңейіп,
Масылдар да асыл болған заман-ай!

Қанағатсыз көп болып,
Ұлағаты жоқ болып,
Арақ жұтқан желігіп,
Ішпей-жемей тоқ болып,
Инабаттан тұлдыр қалған заман-ай!

Шаңырағы атасыз,
Дастарханы батасыз,
Білімдері тұрақсыз,
Ұл-қыздары құлақсыз,
Қоңыраудан шылдыр қалған заман-ай!

Іні именбей ағадан,
Ит көп болып баладан,
Кедей-кепшік тамсанып,
Қалталылар əн салып,
Тексіздер де төре болған заман-ай!

Су тартылып, сəн кетіп,
Тіршіліктен мəн кетіп,
Сепкен дəнің береке боп жиылмай,
Өз тапқаның өзіңе де бұйырмай,
Ішкен асың кере болған заман-ай!

Ауыл азып, жер тозып,
Атажұрттан ел безіп,
Құлагердей тұлпардан
Жұртта қалған ит озып,
Ынтымақтың құты қашқан заман-ай!

Доңыз еті ас болып,
Қырма сақал жас болып,
Бозбала мен бойжеткен
Түні бойы мас болып,
Имандылар бетін басқан заман-ай!

Басшылары біліксіз,
Қосшылары құлықсыз,
Өз бетімен ой ойлап,
Іс жасамас ұлықсыз,
Əкімдерден əділдік қашқан заман-ай!

Аяқ басар жер таппай,
Сөзін тыңдар ер таппай,
Қараңғыда жол таппай,
Хакімдер де қатты сасқан заман-ай!

// Ақылбек Шаяхмет - Заман-ай
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

14 Feb, 15:25


Заманақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне-бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Саудасы – ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны.

Өнімсіз іске шеп-шебер,
Майданға түспей несі өнер?
Сиырша тойса мас болып,
Өреге келіп сүйкенер.

Күлмеңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері.

// Абай Құнанбайұлы

Қазақ әдебиеті

13 Feb, 13:58


Көзімнің тұңғиығында,
Көңілімнің бір қиырында;
Арымның асыл көлінде,
Жанымның жасыл белінде -
Сен жүрсің...

Өлеңнің нәзирасындай,
Жаңаарқа жазирасындай;
Тағдырдың арман шыңындай,
Шалғынның тамған шығындай -
Мөлдірсің!..

// Ғалым Жайлыбай
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

12 Feb, 15:27


– Неге үйіне асығады бұл кісі?
Деп біреулер келетіндей білгісі.
Мен үйіме асығатын себебім
Менің жарым – асыл жардың үлгісі.

Күн шыққандай – күлсе оның күлкісі.
Оның көзі – көз біткеннің мұңдысы.
Кейде менің өңменімнен өтеді.
Секілденіп қосауыздың ұңғысы.

Мен сияқты баласының тұңғышы
Кейде мені келеді оның ұрғысы.
Соның ыстық пейіліне ынтызар
Мен аялап келе жатқан жыр құсы.

Мен жəйлі оның келер бəрін білгісі
Айырбастай алмас оны мың кісі.
Анамдай боп аймалайды бетімді
Басқа түгіл, оның жұмсақ сүлгісі.

Келеді оның қасымда ылғи жүргісі,
Жарасады менімен тек тұрмысы.
Қызықпайды басқалардың бағына -
Тек менімен келеді өмір сүргісі.

Тек менімен келер өмір сүргісі
Жер бетінде бар болған соң бір кісі
Асығамын, асығамын үйіме –
Болмайын деп сағындырған жыл құсы!

// Жүрсін Ерман - Асыл жар
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

11 Feb, 15:21


Жасымнан ұнатып ем бір жігітті,
сүюдің қиындығын кім біліпті.
Көз қырын тастамай ол өте берді,
жүрекке арқалатып нұрлы үмітті.

Әдейі оны күнде жанап өтем,
ойпыр-ай, ғашық болған жаман екен,
көңілдің жайлауында сайран салып,
жаныңды талай күйге салады екен.

Сол жігіт білсең атын өлең деген,
жымияр: «Саған оңай көнем бе мен!»
– Ерте-кеш болса да бір естір ме екем
бір сөзін «Сені жақсы көрем!» деген ...

// Фариза Оңғарсынова - Ұнатып ем... (1957)
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

10 Feb, 15:27


Болмаппыз шыны керек туа мықты,
Жабысқан дерттен жаным суалыпты.
Азайып анамыздың ақ үміті,
Алмапты Туу жайлы куәлікті.
Үміттің үзілген тек жері бар ма?
Бәрібір тоқтамапты өмір арба.
Жыл өткен соң тіркепті ауыл Совет,
Туды деп мені оныншы февральда.
Өлер деп көздің жасын сан ағызған,
Өмірге қайта кепті жаңа бір жан.
Бір күнге мен осылай кеш туыппын,
Мұзбалақ Мұқағали ағамыздан.
Туа сап сол ақынға ауды да есім,
Пір көріп өттім өлең дәу киесін.
Мұқаңнан мені өмірге кеш әкелген,
Ауыл Совет, сен қандай әулиесің?
Шынымен болмасақ та, туа мықты,
Мұқалмас жырмен Мұқаң суарыпты.
Өлең сенің өзіңнен алсам деймін,
Туу жайлы ендігі куәлікті.

// Есенқұл Жақыпбек - Туу туралы куәлік

t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

10 Feb, 09:30


Шәміл,
Шәміл!
Шаршадым, қалжырадым.
Ет жүрегім езілді, қан жылады.
Жырым менің – науқастың сандырағы,
Құным менің – тазының қарғыбауы.

Темір емес, мен-дағы адаммын ғой,
Аңнан емес, адамнан жаралдым ғой!
Шәміл-оу
Тұңғиыққа қамалдым ғой!
Қайтермін?!
Қайда барып жазармын бой?!

Тағы түн.
Тағы менен ұйқы қашты.
Қайтемін қаңыраған күйкі басты?
...Алдымда мынау фәни-тыржалаңаш,
Шығарып тілін маған, сиқы ашты.

Махаббат менен кеткен,
Бөлекте жүр.
Мен де бір – жасын түскен терек те бір.
Тіршілік махаббаттан таралған ғой,
Шәміл-оу!
Енді маған керек пе өмір?!

// Мұқағали Мақатаев - Шәмілге жазған хаттардан (6)
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

10 Feb, 06:12


Шәміл, Шәміл!
Айналдым жазылмасқа.
Күйрейтұғын түрім бар, жазым бассам.
Қазір менен сауық пен сайран қалған,
Жайына жыр да қалған жазылмастан.

Ойға өріс таппаған, тілге – дерек,
Ойнақы жырым менің кімге керек?
Тулайды тұтқындалған ақтиіндей,
Шығыршықты айналып шыр көбелек.

Жоқ, Шәміл,
Менің ойым бөлек еді,
Басқа жыр, басқа ғұмыр керек еді...
Құл болғам Махаббатқа, менде ерік жоқ,
Еріксіз өмір маған не береді?!

Махаббат түсінбеді, аулақтады,
Арманым кетті мені алдап тағы.
Сая іздеп құр бекерге сабылыппын,
Табыныппын сағымға ар жақтағы.

...Қазір түн.
Сыртта нөсер.
Сәуір айы.
Көктеген әлдеқашан кәрі қайың.
Сәлден кейін тағы да таң атады,
Тағы да...
Сары уайым...
Сары уайым...

// Мұқағали Мақатаев - Шәмілге жазған хаттардан (5)
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

10 Feb, 03:05


Шәміл-оу!
Күндер өтті,
Айлар өтті.
Алаңсыз қайран күндер қайда кетті?
Махаббат сәулесіне ұрындым мен,
Махаббат өмірімді ойран етті.

Қазір түн.
Көктем түні маужырап тұр.
Отырмын жазбай, сызбай қалжырап құр.
Алдында тереземнің - кәрі қайың,
Көктей алмай бұтағы саудырап тұр.

Ақ нөсер аңырап кеп дүркін-дүркін ашылар,
Кәрі қайың көктер бір күн.
Махаббат мені, сірә, дауалар ма,
Бет алып бұрылмасқа кеткен, шіркін.

Көшелердің көзінен қан атылып
Қала жатыр,
Қазір түн.
Дала тұнық.
Махаббатты күзетіп, кіршік ілмей,
Бүгін және отырмын таң атырып.

// Мұқағали Мақатаев - Шәмілге жазған хаттардан (4)
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

09 Feb, 16:43


Махаббат бүгін және қарамады,
Қарамады...
Жанымды жаралады.
Шәміл-оу!
Білесің бе?
Шын махаббат –
Осылай қарамаудан жаралады!

Мейлі, ол қарамасын, түсінбесін,
Осылай асқақ болсын, кішірмесін.
Бастан ауып баратқан тал түсіме,
Тағдырым көлеңкесін түсірмесін.

Ескермесін, білмесін,
Кете берсін.
Бұл фәниден алаңсыз өте көрсін,
Дәрменсіз менің мылқау махаббатым,
Сірә да, өміріммен өтелерсің...

// Мұқағали Мақатаев - Шәмілге жазған хаттардан (3)
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

09 Feb, 16:17


«Достардың» ортасына түсіп қалдым...
(Шәміл-ау!
Осы мені ұшықтар кім?)
Желдеріне желігіп пысықтардың,
Кеше мен махаббатқа ішіп бардым.

Бардым-дағы отырдым қарсы қарап,
Ол да отыр.
Түрі жоқ хал сұрамақ.
Сұқтанған жат көздерден жасқандым да,
Тайып тұрдым.
Қашанғы әл шыдамақ.

Тіл қатып, тіс жармадым, үндемедім
Білмеймін білгенін де, білмегенін.
...Мен деген – саудам біткен саудагермін,
Керегім бола қойсын кімге менің?!

О, шіркін!
Қайран күндер.
Сайран күндер!
Қанатын бақыт құсы жайған күндер.
Жалт бұрылып, оқыс бір қарағанда,
Жүзіңнен жүрексініп, тайған кімдер.

Сол күндер ғой - жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, айызым тамсанады.
Өкініш пе, білмеймін, қуаныш па?
Өз-өзінен жүрегім ән салады.

Әнсіз өмір өмір ме, қаңсымай ма,
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма.
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын,
Шәміл-ау!
Шәмші қайда?
Шәмші қайда?

Шәмшіге айт,
Тағы да бір таңдандырсын,
Жындандырсын жүректі, жандандырсын!
Мәңгі өлмес Махаббатым айта жүрер,
Мәңгілік өлмей тұғын ән қалдырсын!

// Мұқағали Мақатаев - Шәмілге жазған хаттардан (2)
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

09 Feb, 15:57


Мұқағали Мақатаев - Шәмілге жазған хаттардан (t.me_adebiett)

Қазақ әдебиеті

09 Feb, 15:36


Шәміл-ау!
Хал-жайымды білсең еді,
Білмеймін қайтерімді...
Кім сенеді?
Он жетімде өшіріп алған отым,
Қайтер ең, қайта қарып жүрсе мені?

Бір дертке ұшырадым, бұл күнде мен
Қоштастым сауығыммен, күлкімменен.
Жүрегім жерік болған жағдайы бар
Бір пәле жатыр білем, бүлкілдеген.

Ынтығып ыңқылменен, күңкілменен
Жеткізіп айту қиын құр тілменен,
Бүгін маған жиырма керек боп жүр,
Алдында хор қызының іркілмеген.

Белгілі саған менің маубастығым,
Сабырсыз аузы күйген албастымын.
Кесемді алдыменен үрлеп алам,
Ыссы шайды аузыма алмас бұрын.

Ойласам, талай-талай қыр басыппын,
Досым деп, «доңызбен» де мұндасыппын.
...Шәміл-ау!
Қалың достан қалған сен ең,
Қайтемін?
Ғашықпын мен,
Шын ғашықпын!!!

Ғашықпын!
Ғашықпын деп білдірмедім,
(Белгілі: білдіргенім - бүлдіргенім).
Жарқ етіп, жайдың оты шашылғанда,
Жалт етіп, қарауға да үлгірмедім...

// Мұқағали Мақатаев - Шәмілге жазған хаттардан (1)
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

09 Feb, 12:01


Өкінбе жалғыз жүрмін деп,
Несіне өмір сүрдім деп.
Бәрінің де аты — жалғыздық,
Келеді бәрі бір-бірлеп,
Кетеді бәрі бір-бірлеп.

// Мұқағали Мақатаев. "Таңданба, жаным, таңданба" өлеңінен үзінді (06.07.1973)
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

09 Feb, 07:28


...Құс та болғым келмейді!
Қанатым бар.
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.

От та болғым келмейді!
Жылуым бар.
Жылуым бар, керексе жылыныңдар.
Әлди болғым келеді, әлди болғым -
Күн сәулесі ойнақтап тұлымында,
Отыратын анасы құлынымдап.

Қанаттанып өмірге ұшарымда,
Кесілмесін бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ Ананың құшағында.

Tap бесігі – кең жаһан тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.

// Мұқағали Мақатаев - Сәби болғым келеді
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

09 Feb, 07:27


Мұқағали Мақатаев - Сәби болғым келеді (t.me_adebiett)

Қазақ әдебиеті

09 Feb, 04:59


Өмірдің қысы, жазы, көктемдері,
Қысылтаяң шақтары, өткелдері,
Адамның аққан қаны, төккен тері,
Мұратқа жетпегені, жеткендері –
Жанымды жеп жүр менің көптен бері.

Атысу, аңдысу мен таласудың,
Санасу, табысу мен жарасудың,
Мінезін мынау адам баласының
Білсем деп құпиясын аласұрдым.

Алдында алуан-алуан мінездердің,
Амалсыздан келеді мың өзгергің.
Әркім өзін балайды данышпанға,
Бір-бір құдай санайды бір өздерін.

Білмейді екем...
Қолымнан келмейді екен,
Жоқты аңсап, жоқ сусынға шөлдейді екем.
Қой енді, тыйылайын, бұғынайын,
Ойымды орасанға бөлмей бөтен.

Жасырмай ойымды айттым талай-талай,
Қайтейін кетті бәрі қарайламай.
Айтарын ашып айтқан абайламай,
Дариға-ай,
Махамбеттер, Абайлар-ай!!!

// Мұқағали Мақатаев
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

09 Feb, 04:58


Мұқағали Мақатаев - Махамбеттер, Абайлар-ай (t.me_adebiett)

Қазақ әдебиеті

13 Jan, 15:24


Ұлтымыздың осы кезеңдегі айдарынан жел ескен ерен тұлғаларын біздің Батыс өңіріміз алақанына қалай салып, әлдилеп отыр? Қараңыз: Оралда, салқын сарайының алдында малдасын құрып, Қадыр Мырза Әлі отыр! Атыраудың көшесінде – Ару Фариза, алтын ордасының алдында – Әбіш Кекілбай! Дендерде - Табылды Досым тұр! Басқа өңірлеріміз топырағынан осы заманда ешкім тумағандай – тып-типыл; Қарағандыны – Әлихан мен Әлімханның, Жетісуды – Ілияс пен Тұманбайдың, Торғайды – Ақан Нұрманов пен Кеңшілік Мырзабековтің елесі кезіп жүр ... Әлі қанша жыл кезеді? Оны бір Құдай біледі ... Ерін қадірлемеген жұрт іргелі мемлекет құрып, ел қатарына қосыла алмайды.

// Серік Ақсұңқарұлы. "Рухтың шалқуы" кітабынан

Қазақ әдебиеті

12 Jan, 15:05


Мұхтар Шаханов - Қонаевтың дара махаббаты және сезім, сана биіктігі туралы толғаныс

Қазақ әдебиеті

12 Jan, 14:58


Өмір рухсыз шалқымасын,
Пенделікке уақыт айтар өкімін.
Мен Зухрамен жарты ғасыр
Және алты ай екі күн,
Бірге ғұмыр кешіппін.
Неге қазір мұң торлап тұр көзімді?
Ұқтым одан жан адамнан ұғынбаған сезімді.
Тағдыр жазған несіп бұл.
Ешкімнен де естімеген іңкәр, асыл сөзімді
Тек Зухрадан есіттім.
Енді бүгін сол күндерден қалды не?
«Жұбайлар бар әңгімесі таусылған,
Ал махаббат таусылмайтын әңгіме!»
Осы қос жол жырыңыздың мағынасы жөнінде,
Сенім жалғап сенімге,
Ой мен сана бірлестігін негізге ап,
Жарысқандай егіз сезім, егіз бақ,
Жаздың әсем, айшуақты кешінде,
Бір түн бойы ой толғасқан сәттеріміз есімде.
О, керемет, арамызда бір таусылмай әңгіме,
Жалғыз тұлпар сырласым боп, қалып қойды ол мәңгіге! -
Деп сыр шертті бірде маған Дінмұхамед Қонаев,
Өз жарына деген дара сағынышы молайып.
«Махаббат ол - екі адамның сезім, пайым биігіне шығуы,
Сол биікте тұрып және бірін-бірі ұғуы.
Тұла бойы ізгіліктен өрілген,
Болмысыма шетсіз-шексіз берілген,
Жаратылған адам еді ол менің ғана бағыма!»
Деп Димекең жанарына жас үйірді тағы да.
Кейде мұңсыз төзімді де,
Шолақ, қызба сезімді де,
Махаббат деп мадақтаймыз, және соған сенеміз.
Тойға ұласқан үйленудің бәрін де,
Жұбайлыққа үйренудің бәрін де,
Нағыз егіз махаббатпен шатастырып келеміз.
Солай ғұмыр кешкен талай әжеміз бен атамыз.
Тіпті ұрпақ өрбітуді махаббат деп жатамыз...
Зор ақырған дауысымен селт еткізер даланы,
Есектер де сүп-сүйкімді қодық туа алады.
Әр жыл сайын бірнеше лақ тудырады текелер,
Теке сезім қандай жеке сезімменен өтелер?
Биік сана жоқ жердегі істің бәрі доғал ғой.
Әрі оларды махаббатпен шатастыру обал ғой.
Иә, махаббат неге жиі айналады елеске,
Талпынғанның бәрі неге шыға алмайды белеске?
Шын махаббат екі дара, екі іңкәр жүректің,
Шырқау сана биігінде жолығуы емес пе?!
Шырқау сана биігінде жан шындығы қалбырап,
Теңін таппай, жалғыз жүрген тұлғалар да бар бірақ...
Өзге тірлік, негізінен, бос еліктеу, алқыныс,
Бірін-бірі қолдау, алдау, ізденіс пен талпыныс.
Сағым қосып сағымға,
Рух даңқының құлдыраған шағында,
Қайсар, шыншыл талпыныстың өзі, әрине, жарқын іс.
Махаббатты мақсат тұту – адами өр салтымыз,
Онсыз біздер жай пендеміз, мүгедекпіз, жартымыз.
Махаббат ол – миллиондардың арманының алаңы,
Әркім оған өз намысын, өз тағдырын салады.
Көп адамның үміттері, талғамдары жаралы,
Сезім, сана шыңдарына кім шарықтай алады?..
«Махаббат тек дара, ұлы адамдарда болады»,
Деген сенім мәңгілікке өзгеріссіз қалады...

// Мұхтар Шаханов - Қонаевтың дара махаббаты және сезім, сана биіктігі туралы толғаныс

Қазақ әдебиеті

12 Jan, 03:47


Өткен, кеткен бұл фәниден сан алып,
Тарих үшін ол да емес жаңалық.
Дінмұхамед – Қонаевтың жай аты
Шын аты оның – мейірім мен даналық.

// Нарша Қашағанұлы

Қазақ әдебиеті

11 Jan, 15:21


Қожан деген мұғаліміміз болатын. Бір күн бұрын қалаға, Түркістанға кеткен ғой. Жолдас-жораларымен түнімен ішіп, енді ауылға қайтайын деп масаң қалпында шығып кетіпті. Біреулерден Сталин өлді дегенді де естиді. Бірақ масаң адам оған мән бере қоймайды. Тіпті ептеп әндетіп қойып, теңселе басып келе жатады. Мынадай қасіретті күні теңселе басып келе жатқан Қожанды көріп милиционер ұстап алмай ма ?! Сен бүгін ұлы көсеміміз Сталиннің қайтыс болғанын білмейсің бе? Мына жүрісің не жүріс деп айқайламай ма? Сонда Қожан «Не, бір орыс өлді деп, бәріміз өлуіміз керек пе»? дейді ғой. Милиционер ары қарай сөзге келмей Қожанды сүйрей-мүйрей алып кетеді. Сол кеткеннен Қожан жиырма жылға сотталып кетті. Тек Хрущевтің жылымық кезінде саяси тұтқындарды бостандыққа шығарғаннан кейін ғана Қожанды екі-үш ағайыны арнайы барып елге алып қайтты.

// Темірхан Медетбек. "Қайран өмір" кітабынан үзінді

Қазақ әдебиеті

11 Jan, 10:34


Патша үкіметі отарланған халықтарды орыстандырудың шешуші кілті, нәтижелі құралы – аралас мектеп немесе әр түрлі саяси-әлеуметтік жағдайларға орай ашылып отырған мектептер түрі мен кейбір кәсіптік оқу орындары болуы керек деп түйді. Осы себепті патша үкіметі орыс емес халықтар үшін мектептер ашқанда, оларды сауаттандырып, ғылым-білімге тарту үшін емес, керісінше өздерінің күнделікті саяси-әлеуметтік мұқтажына қызмет етер төменгі дәрежелі қызметкерлер даярлау мақсатымен ашып отырған. Патшаның отаршыл әкімдері қазақ даласында ашылған оқытушылар семинариясы мен орыстүземдік мектеп дейтін аралас мектептер атаулының бәрін де шамаларына қарай миссионерлік ағартушылық мақсатта ұстап отырған.
Патша үкіметі жалпы отарланған бұратана халықтарды, оның ішінде елді біртіндеп, асықпай, сақтықпен шоқындыру арқылы орыстандыру жолындағы ең басты тәсілдерінің бірі – қазақ халқының ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб графикасы негізіндегі жазуын қолданудан шығару болатын-ды. Күнделікті тұрмыста ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан арабша жазуын кириллицамен алмастыруда – бүкіл халықтың келер ұрпағын ата-баба салтынан, ұғым-нанымынан, тарихи естегі дәстүр жалғастығынан қол үзіп, рухани жағынан қалай илесең солай қарай жығыла беретін көнбіс рухани құлға айналдыру мақсаты жатты.

// Мекемтас Мырзахметұлы. "Қазақ қалай орыстандырылды" кітабынан
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

11 Jan, 06:48


Тағы бір ұлы тұлға өмірден өтті

Бүгін белгілі абайтанушы, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Түркі әлеміне қызмет» халықаралық сыйлығының иегері Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті.

👉 Бізге жазыл | zakon.kz

Қазақ әдебиеті

10 Jan, 15:10


Мұхтар Мағауин. "Қазақ тарихының әліппесі" кітабынан үзінді

Қазақ әдебиеті

10 Jan, 09:09


Мұхтар Мағауин. "Қазақ тарихының әліппесі" кітабынан үзінді

Қазақ әдебиеті

10 Jan, 05:12


💬 Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден озды

10 қаңтарда 85-ке қараған шағында жазушы, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауин қайтыс болды. Жазушының дүниеден өткенін оның ұлы Едіге Мағауин желідегі парақшасында хабарлады.

🗣 "Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19:55-те (Қазақстан уақыты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 5:55)" деп жазды Едіге Мағауин.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Қазақ әдебиеті

09 Jan, 14:26


Жамбылға қонақ көп келетін. Келген қонақтарын жөндеп қабылдасын деп өкімет Жәкеңе 200 қой бөліп берген. Күзде, қозы піскенде Жәкеңнің үйіне қонақтар келгіштей бастайды. Ет жеп, әңгіме-дүкен құрады.
– Ау, Жәке, көпті көрген адамсыз ғой, - дейді біреуі. – Баяғы хан, батырларды болса да білмейміз. Ал, сіз сол қазақтардың ішінде ең мықтысы, бірегейі деп кімді атар едіңіз?
Жәкең біраз ойланып:
– Құнанбайдан артығы болмас, - депті.
– Қалайша?! – деп таң қалыпты жазушылар. – Абайды қайда қоясыз?
– Е, Құнанбай сияқты әкеден Абай туады да,– депті Жамбыл.
Кейінірек жаңағы топ сауалды Мұхаңа (Әуезовке) да қояды. Мұхаң іркілмей:
– Абай! – деп жауап береді.
– Жоқ, Мұха, олай емес екен. Жәкең басқаша жауап берді.
– Пәлі! Не депті сонда?
– Құнанбай депті.
Мұхаң үндемей ойланып қалыпты. Сонсоң:
– Иә, тегін қария емес екен... – депті.

// Герольд Бельгердің "Мұнар тау" кітабынан. Тегін қария емес (Әбдрахым Жаймурзиннің әңгімесі) 17.09.2002

Қазақ әдебиеті

08 Jan, 15:25


Әке, сенің қызыңмын ғой!
Бәлкім, сосын қорықпаймын күйреуден,
Бәлкім, сосын ерте кеттім үйден мен...
Қайтпауды да кері мүлде,
Тек Өзіме сенуді де,
Бәрін сенен үйренгем!

Әке, сенің қызыңмын ғой!
Тырнағын да батыра алмай көп қыран,
Сол үшін де сескенбедім соққыдан!
Қолдан жалғыз қалам түспей,
Жақсы көріп анамды іштей,
Сен өкпелеп қалмаса екен деп тұрам...

Әке, сенің қызыңмын ғой!
Ешкімге де сосын кеткен жоқ есем,
Арман бар ма алғанымды өтесем?!
Жеткен кезде көпке күшім,
Кенет сынып кетпеу үшін...
Жазылуға тиістісің, Әке, сен!

// Жадыра Байбұланова
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

07 Jan, 15:35


Өрнектеші өмірді келсе күшің,
Әзірге бар мен жоқтың өлшемісің.
Мақсатыңа бөгет боп тұрса біреу,
Сен шегінбе, алдымен ол шегінсін.

Келген жандай бейне бір Айға барып,
Ірі сөйлеп,
Жүрме тек
Майдаланып,
Кірісетін ісіңе кірісерсің,
Алдыменен өзіңді қайрап алып.

Өзіңді өзің тарт алға асықтырып,
Жоламасын бойыңа пасық қылық.
Шыңға шыққан екенмін деп ойлама,
Біздер өткен асуды басып тұрып.

Өшпей бықсып тұрмасын көзіңде мұң,
Сол шаланы өшірсін төзімдерің.
Өзің менің өркенім жайылатын
Ойлайтыным және де өзің менің.

Орны бөлек өмірде әр баланың,
Әке арманын жақсы ғой жалғағаның.
Кетпе ертерек сарғайып жазың жетпей,
Өсімдігі сияқты шөл даланың.

Үмітімсің үзілмес сен де менің,
Үмітіме қашанда сенген едім.
Жақсы болар еді ғой, қатем болса,
Қателескен жерімді жөндегенің.

Байқа балам, бүлдіріп алма бәрін,
Елді алдасаң, өзіңді алдағаның.
Жас сәбидің таза ғой жан жүрегі,
Тазалығын жоғалтпа сол баланың.

Жақсы ғой жаманатты жолатпасаң,
Өмір деген ұрпақпен сабақтасат.
Саған айтып отырмын бұл сырымды,
Қателегімді өзімнің сарапқа сап.

// Ибрагим Иса - ҚАЙРАУ немесе балама сыр
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

07 Jan, 14:28


Әйел махаббаты (Өліп-өшіп әйел ғашық болмасын)

Өліп-өшіп ғашық болса ол саған,
Бар дүниені ұмытады қоршаған.
Жібітеді
Жылытады әйтеуір,
Мейлі, тіпті, жүрегің тас болса да.

Өліп-өшіп ғашық болса ол егер,
Қанша бура болсаң дағы шөгерер,
Мейлі, тіпті жер түбінде жүрсең де
Жүрегіңді сағынышпен шегелер.

Сезімі оның басқалардан өзгерек,
Отырмайды сенімен бос сөзге кеп.
Есепсіз-ақ,
Төсексіз-ақ,
Құшақсыз,
Рахатқа қояр сені тез бөлеп.

Жалынбайды жылу сұрап ол сенен,
Өз жүрегі өз жылуын өлшеген.
Қаламайды ол,
Қарамайды ол басқаға,
Жаны жүдеп жалғыздықтан өлсе де.

Оған қымбат қуанғаның, күлгенің,
Оған қымбат сенің есен жүргенің.
Жанын салып,
Барын салып күтеді ол,
Табу үшін көңіліңнің түрлі емін.

Өзге қызық – қызық емес ол үшін,
Сен арқылы кеңейтеді ол өрісін.
Ырысысың,
Тынысысың сен оның,
Және дағы азабысың,
Сорысың.

Оның көзі сен дегенде қырағы,
Бүйрегі тек саған ғана бұрады.
Бойындағы қымбаты мен сымбатын,
Саған ғана сыйласам деп тұрады.

Сендік сырын сақтар мәңгі ішінде,
Сені ғана көрсем дейді ол түсінде.
Қай кезде де түсінеді жаныңды ол,
Оның жанын түсін,
Мейлің түсінбе.

Бар дегенмен алда өмір – жыл қанша,
Өте шығар уақыт мойын бұрғанша.
Саған қайтып жібімейді ол ешқашан,
Сенен егер көңілі оның бір қалса.

Артық сөздің керегі не,
Керегі,
Сарғаймасын десең көңіл тірегі;
Тыныс, дәмің, туысқаның ол сенің,
Мүмкін болса ренжітпе сен оны.

Сағыныш та,
Қайғы да бір – қорғасын,
Ал, үмітің мәңгі серік-жолдасың.
Ұнату да – ғажап сезім,
Алайда,
Өліп-өшіп әйел ғашық болмасын..

// Ибрагим Иса - Әйел махаббаты
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

06 Jan, 15:24


Көрінбес апаннан қорқамын
Тағдыр-шал жасырып тастаған.
Енші алған отаудан қорқамын
Еденін еш мейман баспаған.

Оқтаулы қарудан қорқамын
Тентек ұл төрінде сақтаған.
Бұраңбел арудан қорқамын
Ананың ақылын бақпаған.

Сұмжүрек ақыннан қорқамын
Сайтанның балшығын илеген.
Сом білек батырдан қорқамын
Жөн сөзге басын бір имеген.

Армансыз ұланнан қорқамын
Асқарға бармағын созбаған.
Кеңтанау құнаннан қорқамын
Дөненнен бір рет озбаған.

Қап-қара тілектен қорқамын
Қаскөйдің кеудесін кернеген.
Мейірімсіз жүректен қорқамын
Ешкімге ғашық боп көрмеген...

// Серік Сейітман – Қорқыныш

Қазақ әдебиеті

06 Jan, 05:16


Өмір – теңіз, ішіндеміз кеменің,
Көңіл өзі аңсайды екен дегенін.
Адамдардың арасынан қаптаған
Адам іздеп келемін.

О адамзат!
Адам керек – барсың ба?
Сыйласуға дүниені тарсынба.
Әр күн сайын кездесетін қарсыңда
Бір түсейік әр сынға.

Қорықпаймын тірлігімнен ақсаған,
Қорықпаймын азаптан да, басқадан.
Мен қорқамын мынау жердің бетінде
Қалмай ма деп жақсы адам.

Жақсы адамдар ұзағырақ жасасын,
Басқа жандар жойсын қарап қатасын.
Жарықтықтар жанымызда жүргенде
Ап қалайық батасын.

Керек емес кердеңдерден марапат,
«Адам» дейтін бізде биік бар атақ.
Ал адамға, ал адамға керегі –
Жақсылардан шарапат.

// Серік Сейітман - Жақсылардан шарапат

Қазақ әдебиеті

05 Jan, 15:25


Жал-жая ма?
Қадірлеген атамыз.
Коньяк па?
Аздап дәмін татамыз.
Бәрін қойып дастарханға,
О тоба!
Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз.

Бүгін көңіл семірді ғой,
Семірді!
Бітік егін жауып кетті өңірді.
Бір жүз грамм арақ емес,
Бір кезде
Бір үзім нан алып қалған өңірді.

Бір үзім нан – қолда кетпен ойнатқан,
Бір үзім нан – шымға соқа байлатқан.
Бір үзім нан – нулы көлде шөп шауып,
Бір үзім нан – қу далада қой баққан.

Бір үзім нан – жүк көтерген бір батпан,
Бір үзім нан – би билеткен, жырлатқан.
Бір үзім нан – кірпігіңді сулаған,
Бір үзім нан – омырауды құрғатқан.

Бір үзім нан,
Бас иемін ізетпен.
Бір үзім нан – жалғыз басты жүз еткен,
Бір үзім нан – майдандағы жігіттің
Ауылдағы абыройын күзеткен.

Кешіре гөр,
Бір үзім нан,
Асылым!
Кешіре гөр,
Көрсең бізден асылық!
Кешір мынау тоқ ұрпақ,
Тоқ буынды,
Аяқ асты жатсаң кейде басылып!

Татсақ енді
Бақыт дәмін татамыз
Асыл асын қадірлеген атамыз...
Бәрін қойып дастарханға,
О тоба!
Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз.

// Қадыр Мырза Әли

Қазақ әдебиеті

05 Jan, 13:20


Азамат мінсіз болса,
Арулар мұңсыз болса.
Түбітің қылсыз болса,
Өсекші тілсіз болса,
Шіркін-ай!

Ардагер жаусыз болса,
Ақиқат даусыз болса.
Айдау жол шаңсыз болса,
Ағайын қамсыз болса,
Шіркін-ай!

Ормандар өртсіз болса,
Данышпан дертсіз болса.
Ауылың шексіз болса,
Қауымың кексіз болса,
Шіркін-ай!

// Қадыр Мырза Әли

Қазақ әдебиеті

05 Jan, 09:42


Желбірейді далада
Жақсылықтың желегі.
Қажығанда
Қаладан
Қашып шыққым келеді.

Басып озып арманды,
Темір тұлпар желеді.
Түк істемей
Орманды
Кезе бергім келеді.

Шатқалда, не қойнауда
Ойыңды кім бөледі ?!
Жүйрік мініп,
Жайлауда
Жүйткігім бір келеді.

Аққу-қаздар қаптаған
Неткен ғажап көл еді!
Көл бойында
Апталап
Жатып алғым келеді.

Наурызында көктейтін
Неткен ғажап шөл еді!
Жұрт аяғы жетпейтін
Жерге кеткім келеді.

Алыс, алыс, алысқа,
Көшіп кеткім келеді.
Тіпті сонау ғарышқа
Ұшып кеткім келеді.

Жүрген кезде серуендеп
Сыз береді құла таң.
Адамдарды көргеннен
Сағынғанды ұнатам!

// Қадыр Мырза Әли
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

05 Jan, 08:32


Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді.
Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.

Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді.
Қарашығын
Ағы бұл көздің дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.

Төзер едің,
Ойбай-ау!
Еңіретіп,
Алтынды мыс,
Мысыңды темір етіп,
Орманды шоқ,
Шоғыңды көмір етіп,
Өмір өтіп кетпей ме,
Өмір өтіп?

// Қадыр Мырза Әли - Өмір пернесі

Қазақ әдебиеті

05 Jan, 06:56


Қадыр Мырза Әли көп оқыған адам. Бүкіл ғұмырында 7 мыңға жуық кітап жинап, бәрін оқып шыққан. Тіпті, олардың кейбіреуін екі-үш рет қайталап оқыған. Ақынның шығармашылығы әрбір қазаққа белгілі және оқырмандар оның туындыларын сүйіп оқиды.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өсіп жетілуіне көп еңбек сіңірген Қазақстанның халық жазушысы, белгілі ақын Қадыр Мырза Әли өмірінің соңғы жылдары екі рет инфаркт алып, 2011 жылы 23-нен 24-ші қаңтарға қараған түні жүрегі тоқтап қайтыс болды.

Қаламгер дүниеден өткен соң оның шығармаларын жан-жақты насихаттау мақсатында “Қадыр Мырза Әли” республикалық қоғамдық қоры құрылды. Оның туған өлкесі Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында Қазақстанда тұңғыш рет Қадыр Мырза Әли атындағы шығармашылық орталығы ашылып, ақынға үлкен ескерткіш орнатылды.

Қадыр Мырза Әли – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан-жақты өсіп, өркендеуіне, кемелденуіне, болашақ ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастыруда зор еңбек сіңірген ақын. Қазақ халқының өмірін көркем бейнелеген ақынның поэзиясы қай кезде де мәнді, өміршең.

Қазақ әдебиеті

05 Jan, 06:10


«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі», – деп белгілі жазушы, мемлекеттік, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тегін айтпаған. Қадыр ағамыз Қаскелеңде мұғалім болған жылдары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа да әдебиеттен сабақ берген. Қадыр Мырза Әли – әдебиеттің барлық жанрында өнімді еңбек еткен тұлға. Дегенмен ол кісі әдебиетпен қатар математика саласына да өте жетік болған екен. Қадыр ақын «Жазмыш» пен «Иiрiм» атты қос бiрдей әдеби мемуарлық кiтабын жазды. Өзінің «Иірім» кітабынан сурет өнеріне бейім болғандығын, студент кезінде Мұхтар Әуезовтің лекциясы үстінде ұстазының суретін салып отырған бала шәкіртке Әуезовтің өзі ризашылық білдірген екен.

Қадыр ақын жырлаған: «Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарын білмейтін қазақ жоқ. Ақын тілімен: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп те жаздық. Қазақ тілінің қадірін, қасиетін айтудай-ақ айтқан қазақтың қадірлі ұлы Қадыр ақын «Бала тілі бола алмаса ана тіл, ана тілі бола алмайды ешқашан» деп те жырлады.
Осы орайда Мұқағали Мақатаевтың «Қадыр – найзағайлы ақын. Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын. Оның поэзиясы – өзіміз сүйіп отырған дәуір мінездес» деп айтуы шындықтың ауылынан алыс емес.

Қазақ әдебиеті

05 Jan, 05:56


ҚазҰУ-нің филология факултетін бітірген. 1958-1993 жылдары “Балдырған” журналында әдеби қызметкер, “Жұлдыз” журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, “Жазушы” баспасында поэзия редакиясының меңгерушісі, Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі, “Балауса” баспасының редакторы қызметтерін атқарды.

Қадыр ақынды тану – қазақты тану. Өз халқыңды сүю өзгені мансұқтау емес, өз ұлтыңды ұлықтау. Ақын Күләш Ахметованың сөзімен айтсақ: «Қадыр Мырза Әли – ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінін-мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын».

Қазақ әдебиеті

05 Jan, 05:03


Бүгін – Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлидің дүниеге келген күні. “Қазақ жырының Қадыры” атанған ақын Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты кентінде дүниеге келген.

Бала кезінде жетім қалған Қадыр кедейліктің тауқыметін көріп өсті. Балалық шағынан бастап кітаптарға қызығушылық танытып, Жымпиты аудандық кітапханасының тұрақты оқырманы болды. Тіпті, кітапханадағы барлық кітаптарды қайта оқып шығып, көркем әдеби шығармалардың жаңа басылымдарын асыға күтетін.

Қадыр алғаш рет өлең жазуды алтыншы сыныпта оқығанында, 11 жасында бастады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін бала Қадыр интернатқа жіберіледі. Онда ол достар туралы, олардың кемшіліктері туралы жаза бастайды. 1954 жылы жас ақын өлеңдерін республикалық «Пионер» журналында жариялап, біртіндеп таныла бастады.

Қазақ әдебиеті

03 Jan, 16:09


Жаны да, жанары да шуақ күлкі,
Таба алсаң, табанында жұмақ кілті...
Әлемде ең аяулы жан кім десе,
Ана деп шешіледі сұрақ құлпы!

Сықса құрт, тықса кәмпит, көргіш онда
Балалық, соны ұрладық , оңды-солды, ә?
Сыққаны неге ащы болды сонда?
Тыққаны неге тәтті болды сонда?

Кешіккен ерін күтсе есік торып,
Есіткен сыбдырды ана, бесік қонып
Қу жанын орамалға түйіп қойып,
Қу жалған жұмбағынан шешіп көріп

Ананың әлдиінде енші ғылым,
Анашым, сенсің нәзік, сенсің ірім.
Ұлыңның жамағанда сен шұлығын,
Ұлтыңның жамағансың кемшілігін

Тартса сүт, тартса бұзау, нәрі – бізге,
Жоғымыз, сонда біздің барымыз не?
Лайық шалқайса да, бірақ-бірақ,
Бүкшеңдеп, жүр бізді әлі салып ізге

Тілімде сенің атың тұрды, білдім,
Дінімде сенің атың – құлдық ұрдым...
Ғаламда сендей ғазиз бар ма, сірә,
Адамға ақиқаты, шындығы үлгім

Ағарған әр шашыңа қарызбын мен,
Ақ сүтің... өтелер ме парыз мүлдем?
Анашым, сен аман бол, сен аман бол,
Жаратқан, бөле көрме жаны ізгімнен!

// Мирас Асан - Ана
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

02 Jan, 15:06


Жастығың жара бермес бүршік ыңғай.
Бұл өмір қысқа, құстың тұмсығындай,
Өкініп өткен күнге өксігенмен,
Жуарсың көңіліңнің кіршігін қай?

Бұл өмір – ойнап жүріп от басулар.
Кездейсоқ кездесулер, қоштасулар.
Таусылған тағдырларды теңдеп алып,
Келмеске кеткен сонау көп ғасырлар.

Бұл өмір – жауабы жоқ, сұрағы бар,
Алдамшы арзан бақтан кім арылар?
Қаңтарда көбелек боп жауған қардың,
Көктемде көз жасына куә қылар.

Бұл өмір – кімге мәнді, кімге мәнсіз?
(Сағымдай бірде жоқсыз, бірде барсыз).
«Қар жаумай, қазан ұрмай солып қалар»,
Қайтейін ғұмырымды гүлден әлсіз.

Бұл өмір – бізге мәлім өткел сынды,
Өтем деп сол өткелді көп тер сіңді.
Жазғырып Жаратқанды жылаймыз-ау,
Жүргендей қатар кешіп от пен суды.

Бұл өмір өтпес, өтсек біз өтерміз,
Қыс, Көктем, жасыл Жаз бен Күз екенбіз.
Тұншығып жасына әбден көзіміздің
Бір күні еріп кетер мұз екенбіз.

// Қалқаман Сарин - Бұл өмір...

Қазақ әдебиеті

02 Jan, 06:07


Ұлым,
Ақымаққа ілеспе, ақылдыға ер,
Ерсең, жаның жақсыға жақын жүрер.
Ойыңдағың оп-оңай бола бермес,
Бойыңда бір болмаса батыл жігер.

Ұлым,
Ақымаққа ілеспе, ақылдыға ер,
Ерсең, жаның жақсыға жақын жүрер.
Құдайсызға күніңді қаратпасын,
Құдайсыздар қорықпай хақыңды жер.

Ұлым,
Ақымаққа ілеспе, ақылдыға ер,
Ерсең, жаның жақсыға жақын жүрер.
Жаяу көрсең жасқама, жомарттық қыл,
Астыңдағы, аяма, атыңды бер!

Ұлым,
Ақымаққа ілеспе, ақылдыға ер,
Ерсең, жаның жақсыға жақын жүрер.
Елдің атын шығарса ерлік жасап,
Шығарады шыңға атын батырдың ел.

Ұлым,
Ақымаққа ілеспе, ақылдыға ер,
Ерсең, жаның жақсыға жақын жүрер.
Ұққан адам, "Әкесі өсиет қып
ұлына сөз айтыпты татымды" дер.
...Ақымаққа ілеспе, ақылдыға ер!

// Қалқаман Сарин
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

01 Jan, 15:25


Ұршықтай уақыт дөңгелеп
Жеткізді тағы бір таңға.
«Қош келдің, Жылым, төрле!» – деп,
Үмітпен қарар жұрт алға,
Сенімдерін артып сұлтанға.

Салауат тілеп жас жылға,
Кәрі мен жасым тұр бүгін.
Шаңырақ – күмбез астында
Берекелі болғай тірлігім,
Тегеурінді болғай тізгінім.

Қара бұлттарды айдасын
Туымдай көркем аспаным.
Аталы сөзден таймасын,
Қарттарым – шежіре-дастаным,
Парасатты болғай жастарым.

Жанына нәр боп үміт-бал,
Жарқылдап жүрсін қыз-келін.
Кішіпейіл болсын ұлықтар,
Нұр бассын жүрек-жүздерін –
Бір жасар сонда ізгі елім.

Шапағатыңды, жылым, ел көрсін,
Арманыма арды жани бер!
Ақ бесіктерде тербелсін
Адал сүт емген сәбилер!

// Фариза Оңғарсынова – Жаңа жылға тілек

Қазақ әдебиеті

31 Dec, 15:24


Жүздерінде қуаныш барша жанның,
Сезілмейді менің де шаршағаным.
Жүрек сәл-сәл аңсайды кең даланың
Ақ қырауын, ақ қарын, ақ самалын.

Таудың шыңы, кең дала, аппақ бәрі,
Біз отырмыз қар жасап ақ мақтаны.
Тілі түгел шықпаған кенжеміздің
Қандай тәтті былдырлақ тақпақтары.

Ең жақсы күн Жаңа жыл қай елде де,
Қызығы ортақ кедей мен бай елге де.
Мен отырдым өзімдей бақыт тілеп
Жер бетінде жүрген бар әйелдерге.

Нұрланса екен шыршаның оттарына,
Қуанса екен сәбидің тақпағына.
Мейірімін жүректің жоғалтпаса,
Жығылмаса тағдырдың соқпағына.

Сәулесіне шырша шам шай қайнатып,
Мендей болып отырмай ойдан қатып.
Тілемейін сендерге ақындықты,
Ана болып жүрсеңдер қандай бақыт!

// Ақұштап Бақтыгереева - Жаңа жыл кешінде

Қазақ әдебиеті

31 Dec, 13:20


Жаңа жыл құтты болсын, алашым!
Мал мен басың өссін-өнсін тарасын!
Жаңа талап, жаңа дәулет, жаңа бақ
Беріп жұрттың толықтырсын шарасын.

Тоқшылықпен, тұнықтықпен, саулықпен
Шаттандырсын үлкен, бала-шағасын.
Өрттен, жұттан аман сақтап шаруасын,
Төрт түлікпен бықырлатсын даласын.

Жанын, малын аямайтын ұлты үшін
Етіп берсін мұнда туған баласын.
Ақ көңілдік, ақ бейілдік нәсіп қып,
Жұрттың жойсын жүректегі қарасын.

Тілек те бір, ниет те бір, іс те бір
Тістейтіндер жаңа жылдың қалашын.
Біреу аяқ, біреу ауыз, біреу қол
Болып, әркім қызметіне тарасын.

// Сәбит Дөнентаев - Жаңа жыл құтты болсын! (1915 жыл)

Қазақ әдебиеті

30 Dec, 15:25


Жаңа жыл туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл шуылдаған жаңа ормандар.
Ол мынау мәңгі бақи жаңа дүние,
О сәлем, жаңа жылда жаңарғандар!

Жаңа жыл алаулаған тұр өңімде,
Атаның өсиетінде, тілегінде.
Күніге жүз айналып толғанатын
Ананың жаңа жыл бар жүрегінде.

Тербеген сағынышпен талай түнін,
Жаңа жыл жар лебінен тарайтын үн.
Қыздардың жанарында жаңа жыл бар
Дәл биыл он сегізге қарайтұғын.

Жаңа жыл январьдың ақ қарында,
Көктемнің бұлбұл қанат бақтарында.
Әрқашан мен жаңа жыл аңсап қалам
Достарым алыс кеткен шақтарында...

Жаңа жыл ақ ниеттің алаулауы,
Жаңа жыл тарихтардың тараулары,
Жаңа жыл жалындаған алқызыл нұр,
Сенімен мен көтерген жалаудағы.

Жаңа жыл қуануда, күрсінуде,
Сел-дария сезімдердің түйсігінде.
Жолдардың жан баспаған торабында,
Талдардың гүл жармаған бүршігінде.

Жол бар ма жаңа жылдар байқамаған,
Көл бар ма жаңа жылдар шайқамаған.
Мен әр жас сәбиімді көрген сайын,
Әлемге жаңа жыл боп қайталанам.

Жаңа жыл бұрылыстарда бара алмаған,
Жаңа жыл құрылыстарда қаланбаған.
Ағалар қарапайым өмірінен,
Бір жаңа жыл жасар деп алаң маған.

Жататын омырауынан шайқап өлең,
Жаңа жыл мынау ару байтақ әлем.
Мен оған ұқсаңқырап кеткен сайын,
Жан досым, бір жаңа жыл байқа менен.

Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік.
Баратын болашаққа білек түріп,
Мен жаңа жылдарыма қол созамын,
Әлемге жаңа жылдар тілеп тұрып.

// Төлеген Айбергенов – Жаңа жыл

Қазақ әдебиеті

28 Dec, 15:21


Көп айтамыз, өмір, уақыт озғанын
Жанталастан жүйкенің де тозғанын,
Ал неліктен өрімталдай қыз-жігіт,
Күңіреніп, жейді күн-түн өз жанын!

Не көрінді толмай жатып ортайып,
Жастарыңа жетпей жатып қартайып,
Мұңға батып, бүк түсердей не болды,
Алшаң басып жүрер шақта шалқайып?

Тауса бермей түңілумен төзімді,
Шында жігер, қайрат, намыс сезімді,
Қисық жолға кіжінумен күйзелмей
Түзетіп ал ең алдымен өзіңді.

Өзін жеңген жеңер бәрін түбінде
Одан асқан жеңіс бар ма ілімде?
Аталарым қан майданды қақ жарып
Өсіп-өнген бұдан жаман күнінде!

// Баянғали Әлімжанов - Өзін жеңген

Қазақ әдебиеті

27 Dec, 14:31


Беу, менің батпан-батпан кемшілігім –
Бетіме шіркеу болған енші-мінім.
Қарғыдан қалай ғана құтылам деп,
Қиналған қу жанымды көрші бүгін.

Бағым да мінім барда дүркіремес,
Мінезді жасыру да мүмкін емес.
Жұтып та қоймайды екен ақауыңды
Құрдымға құл боп жүрген құлқын-өңеш.

Мінімді түзетем деп арпалысып,
Ми ашып, бел бүгілді, қол қарысып.
Кінəрат қисық шеге секілденіп
Кетіп жүр талқы-тезден жалтарысып.

Майқандап майдан қылшық суырғандай,
Арылсам мін біткеннен жұғын қалмай...
Əйтпесе... шыбын жанды қуырғандай,
Ғұмырым бара жатыр ғұмыр болмай...

// Ұлықбек Есдәулет

Қазақ әдебиеті

25 Dec, 15:15


Өмірдің өзі нұр шаша бермес,
Жарқырап ылғи күн алдан.
Сәттер де болар,
Сәттер де болар, жол таба алмай тұманнан.
Көңіліңде сонда болсын деп, ұмтылдыратын,
Жанынды бұлқындыратын,
Аласармайтын асқақ, мол арман!
Таңдарың да солай әрқашан
Сенім мен күшпен жалғасар.
Дауылдарға қарсы өршеленбесең жан басар.
«Құрсын ондай тірлігің» - деген сол оймен,
Жалтақтамаймын, таң басам.
Асуларым бар алда сан.
Отты жандардың өшпейтін үмітімен жалғасар.
Өмірге келіп кеткенде, сенде не мән бар?
Жүректерді тербеп, от болып лаулап жанбасаң?
Арман, арман...
Арманымды іздеп алға асам.

// Фариза Оңғарсынова - Мол арман
t.me/adebiett

Қазақ әдебиеті

25 Dec, 15:06


Фариза Оңғарсынова - Мол арман (t.me/adebiett)

Қазақ әдебиеті

25 Dec, 12:00


Фариза Оңғарсынова - Жүрмін, ана, көп жаннан сағым сынып...

Қазақ әдебиеті

25 Dec, 06:13


Мейрамбек Бесбаев Фариза Оңғарсынованың өлеңін оқыды

Қазақ әдебиеті

25 Dec, 05:12


Фариза Оңғарсынованың өзі оқыған өлеңі

Қазақ әдебиеті

25 Dec, 04:35


Фариза кішкене кезінен анасының Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) туралы әңгімесін естіп өскен. Жоғары сыныпқа келгенге дейін Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) біздің ауылдың адамы немесе менің ағаларымның біреуі деп ойлап жүрген. Ол қиындықтарды көрген сайын анасын жылатпайтын амал іздеген. Мектепте оқып жүргенінен-ақ «Қобыланды батыр» жырын жатқа оқыған. Кітапқа, жалпы әдебиет пен жырға жақын болуы осы кезден басталған.

"Бала күнімде ауылда өсіп, ұяңдау болдым. Ал жұрттың бетіне айтып тастай беретін қасиет келе қалыптасты. Біреу ішкі жан-дүниеме үйлеспесе, қабылдай алмаймын. Тіпті, 5-10 минуттан артық сөйлесіп отыруға қауқарым жетпейді. Жақтырмасам, сөйлеспей жүре беретінмін. Бұл қасиетімнің көргенсіздік екенін, дұрыс еместігін енді түсініп жүрмін. Басты қағидам — не жасасам да өкінбеймін", — дейді ақын қыз өзінің мінезі туралы.

Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, "Біздің Камшат" повесі, аудармалары "Жазушы", "Жалын", "Молодая гвардия" баспаларынан жарық көрді.

Қазақ әдебиеті

06 Dec, 15:25


Ел болмақтың орнына –
Бара жатыр ел іріп.
Ойланбақтың орнына –
Жүргендер көп еліріп.
Сахарада тудық па,
Сағымды көп қудық па –
Желпіл қағып шығамыз,
Етек-жеңді жел үріп.
Желпілдедік, желпіндік,
Шетімізден жел кіндік.
Ішті тесіп барады
Кемді күнгі еркіндік.
Еркін ойлау орнына –
Еліре сөйлер бейпілдік.
Аузымызбен тау жығып,
Тілімізбен жер тілдік.
Басқаны көрсек жағынып,
Бастасты көрсек қағынып.
Тұрамыз дау сағынып,
Жақыннан жау табылып.
Жақсы сөзге тарынып,
Жаман сөзге жарылып,
Жылтырды көрсек табынып,
Жылпосқа ердік сабылып.
Мың жыл тұрып ұйымай,
Жүз жылқайнап қойылмай,
Шашырадық, шашылдық
Құсқанбастың шоғындай,
Түзде шілдің боғындай.
Мәшурасынан мән кетіп,
Мәйегінен мәз кетіп,
Су шалаптай шылдырап,
Қу бұтақтай сылдырап,
Қара суық соққанда
Қаптай қашқан тағыдай
Ойдан қырға құлдырап,
Бұралқы сөзге бұлдырап,
Осынша аңғырт болардай,
Осқырынған біздің жұрт,
Бұ Құдайға неғылды-ай!

// Әбіш Кекілбайұлы

Қазақ әдебиеті

05 Dec, 15:08


Ұл-қызын атастырып бесіктегі,
Жесірін жылатпаған есіктегі,
Тұрмысы тұралаған туысына
Қол созған, жылу жинап, есіткені.

Үкідей үлбіретіп жас күнінен,
Атынан аластаумен ласты кілең,
Қызына жатжұрттық деп төрін берген,
Айналдым Алашымның дәстүрінен!

Мен қазір жазғы жәндік күйіндемін,
Белшемнен кешіп тұрмын мейір кенін.
Ақ екен жан әлемің жаулығыңдай,
Қарағым,
Иіле бер,
Иіл, келін!

Тәңірім сыйлап дәйім қанға сабыр,
Әжелік дәуреніңді қамдаса жүр.
Сен келіп, шаңыраққа шаттық қонды,
Келінжан, айналайын, көп жасағыр.

Бал санап нәрестеңнің еркелігін,
Кеш солай ғұмыр-бақи ертегі күн.
Ұрпағың ұлтын сүйер ұлан болсын,
Анасы Ұлы Елімнің ертеңінің.

Жүрмесін көңіліңді жасқап қайғы,
Қайғырсаң ата-енеңе ас батпайды.
Келінжан!
Иіле бер!
Сен иілсең –
Алаштың абыройы асқақтайды!

// Серік Сейітман - Келініме

Қазақ әдебиеті

04 Dec, 15:20


Қазақтан шыққан білгендер
Халқыңды өрге сүйреңдер,
Қазаққа да туды ай, күн,
«Жарық мұнда, жүр» деңдер.

Бақытымызға берді Алла,
Сіздер дейін кемеңгер,
«Сөзді ұғарлық адам жоқ,
Неғыламыз» демеңдер.

Еңбек кетпес далаға,
Жығылғанын демей бер,
Тарт қолынан, ет жәрдем,
Оттан шықсын күйгендер.

Оңсын милләт десеңіз,
Алалықты сүймеңдер.
Түзу жетсін мақсатқа,
Арттарыңнан жүргендер.

Бұл сөздерді тек кермес,
Қазағың шын сүйгендер.
Сіздер қалай бастасаң,
Соқырларың артыңнан,
Солай қарай сүмеңдер!

// Сәбит Дөнентайұлы - Қазақтың білгендеріне

Қазақ әдебиеті

03 Dec, 15:17


Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай –
Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай.
Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,
Ықтырмамен күзеуде отырар бай.

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Жас балаға от та жоқ тұрған маздап,
Талтайып қақтана алмай, өле жаздап.
Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын,
Бір жағынан қысқанда жел да азынап.

Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы.

Қар жауса да, тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы.

Бай үйіне кіре алмас тұра ұмтылып,
Бала шықса асынан үзіп-жұлып,
Ық жағынан сол үйдің ұзап кетпес,
Үйген жүктің күн жағын орын қылып.

Әкесі мен шешесі баланы аңдыр,
О да өзіңдей ит болсын, азғыр-азғыр.
Асын жөндеп іше алмай қысылады,
Құрбысынан ұялып өңшең жалбыр.

Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ,
Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!

Алса да аяншақтау кедей сорлы,
Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны.
Жас бала, кемпір-шалын тентіретпей,
Бір қыс сақта, тас болма сен де о құрлы.

// Абай Құнанбайұлы

Қазақ әдебиеті

02 Dec, 15:08


Аруды таңдап сүйсе де,
Алтынды үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
Арманын қоймас адамзат!

Ілімді түгел білсе де,
Қызығын көзбен көрсе де,
Қапалы күні қабарып,
Қайғының түні төнсе де,
Үмітін жоймас адамзат!

Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңілі қарайып,
Қара бір көзін жұмса да,
Өмірге тоймас адамзат!

// Үмбетей Жырау - Өмірге тоймас адамзат

Қазақ әдебиеті

30 Nov, 15:20


Аяймын күнім батып түн болғанын,
Жігері талай жанның құм болғанын.
Айтпады-ау о дүниеден келіп біреу,
Кешегі кеткендердің кім болғанын.

// Омар Хайям

Қазақ әдебиеті

29 Nov, 15:25


Кезім бар іштей қызғанған
Жеткізбес, сірә, ізгі арман.
Сезіміңді айта алмайтын
Азап па деймін қыз болған...

// Ақұштап Бақтыгереева

Қазақ әдебиеті

28 Nov, 12:15


Көп емес-ау саған артар міндетім,
Ең оңайы: өзіңе-өзің жүр жетіп.
Бір өлеңін жатқа оқысаң Абайдың,
Сол болады еліңе еткен құрметің.

Көп емес-ау, саған артар міндетім,
Ең қиыны: өз халқыңды біл жетік.
Жақсы білсең, Құрекеңнің бір күйін,
Ол да сенің еліңе еткен құрметің.

Өз мініңді тексере алсаң, қолға алып,
Сол болады халқың жайлы толғану.
Ақырында...
Жазғандарын әкеңнің
Өз тіліңде оқи алсаң болғаны.

// Жұмекен Нәжімеденов

Қазақ әдебиеті

28 Nov, 06:58


«Соңғы қазақ қалғанша оқылатын бір ақын бар қазақта. Ол – Жұмекен Нәжімеденов»

// Мұқағали Мақатаев

Қазақ әдебиеті

28 Nov, 03:43


Бүгін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Нәжімеденовтің дүниеге келген күні.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов 1935 жылғы 28 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келді. Ол 1954 жылы Нұржау кеңесіне қарасты орта мектепті бітіргеннен кейін 1954-1955 жылдары "Жас қайрат" сегізжылдық мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген.

Қазақ әдебиеті

26 Nov, 15:08


Масқара ғой –
Кейбіреулер елірді.
Тезегің не?!
Менсінбейді көмірді.
Шылым екеш шылым үшін,
Таппаса,
Іске алғысыз қылады бұл өмірді.

Масқара ғой –
Кейбіреулер елірді.
Менсінбейді туған ауыл,
Өңірді.
Бір ұрттам су таптырмай тек көрсінші,
Түкке алғысыз қылады бұл өмірді.

Ұяттың да жоқтығы ғой бір атым,
Өмір екеу болса – олардың мұраты:
Біреуіне шағыстырып біреуін,
Пай-пай, шіркін,
Өсек тасып тұратын!

// Төлеген Айбергенов - Қанағатсыздар

Қазақ әдебиеті

25 Nov, 15:40


Міржақып Дулатұлы. Қайда едің (t.me/adebiett)

Қазақ әдебиеті

25 Nov, 15:25


Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын, сонда қайда едің?

Ақыл таппай дағдарып,
Жанашыр таппай сандалып,
Барарын қайда біле алмай,
Жүрген бір күнде сан ғаріп –
Есепсіз көп шешендер,
Жөніңді айтшы, қайда едің?

Сарыарқа сайран жерлерім,
Көк орай шалғын көлдерім,
Асқар тау – биік белдерім.
Бәрін жауға алдырып,
Қысылып қазақ тұрғанда,
Данышпандар, қайда едің?

Атадан бала айырылып,
Қанаты сынып қайырылып,
Қасірет толып жүрекке,
Тұрған бір кезде қайғырып,
Толып жатқан қамқорлар,
Елде жоқ едің, қайда едің?

Құландай үркіп елдерің,
Қалдырып мекен жерлерін,
Жаяу-жалпы, жалаңаш,
Қатын-бала, ерлерің
Аштықтан қырғын тапқанда,
Сыпыра жомарт, қайда едің?

Кедейдің сорын қайнатып,
Майданға жасын айдатып,
Тіл жоқ, көз жоқ, басшы жоқ,
Өлімге басын байлатып
Жіберерде, жаным-ау,
Жанашыр, жақын, қайда едің?

Енді бүгін кім жаман?
Данышпан емес, кім надан?
Қамқор емес, кім жауыз?
Жомарт емес, кім сараң?
Көсем емес, кім жалтақ?
Шешен емес жоқ адам.
Бәрі білгіш, бәрі де ер –
Жеткіздің, Алла Тағалам.

// Міржақып Дулатұлы - Қайда едің?

Қазақ әдебиеті

25 Nov, 04:14


Әкесі – Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерліктей дөңгелек қана шаруасы бар, қолы шебер адам болған. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.

Дулат балаларының үлкені Асқарды әуелі мұсылманша, сонсоң орысша оқытып, заң қызметіне бейімдеп, заман талабын ерте түсінген әке осы ізбен кіші ұлы Міржақыпты да оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады.

Міржақып Дулатұлы өзі жазған өмірбаянында «1897 жылы мен екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түстім, оны бітіргеннен кейін оқытушылар курсында оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алдым. Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым», - деп жазады.

Міржақып анасынан 2 жасында, әкесінен 12 жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, "ауыл мұғалімі" атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты халін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Өз бетінше талпыным, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.

Қазақ әдебиеті

25 Nov, 03:42


Бүгін Алаш орда үкіметінің белді басшыларының бірі, қоғам қайраткері, ағартушы-педагог, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының дүниеге келген күні. Міржақып Дулатұлы – қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, жалынды көсемсөз шебері, «Алаш-Орда» партиясы және Қазақстандағы ұлт азаттық қозғалысы көшбасшыларының бірі.

Әдебиеттің дамуына үлес қосқан, қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер Міржақып Дулатұлы бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген.

Қазақ әдебиеті

24 Nov, 14:01


Беймәлімдеу,
Нелер күтіп тұр алдан,
Ақ пен қара
Жолақтардан құралған...
Ертеңіңе құлшындырар
Жетем деп
Өмір деген – бір АРМАН!

Жазмышыңның
Тартқан сыйын арқалап,
Сенделсең де,
Кезіп кейде шартарап.
Құласаң да, сені
Қайта тұрғызар
Өмір деген – МАХАББАТ!

Көп шындыққа
Жанаспаса кей ілім,
Тарылмасын
Пенделікпен пейілің...
Жыласаң да,
Жұбататын қайтадан
Өмір деген – МЕЙІРІМ!

Боп жатса да миыңда
Сан жарылыс,
Таптап өтіп,
Тұқыртса да тағы күш!
Өткеніңмен өзегіңді
Жалғайтын
Өмір деген – САҒЫНЫШ!

Бұлт та мәңгі
Басып тұрмас Күн көзін,
Қажет екен барлығына
Бір төзім!
Сабыр, Үміт, Қанағат деп
Күн кешкен
Өмір деген бұл – ӨЗІҢ!!!
Өмір деген – ӨЗІҢ ғой!!!

// Меңдігүл Мұханбетжанқызы

Қазақ әдебиеті

23 Nov, 15:08


Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Біреу малма сапсиды, салып иін,
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,
Астында ақ шомшы жүр, ол – бір керуен.
Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы,
Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен.

Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.

Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы,
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.

// Абай Құнанбайұлы - Күз

Қазақ әдебиеті

22 Nov, 15:32


Шынымен жоқсың ба енді, арайлым-ай,
жалғыз ой маза бермей қамайды ұдай:
өзіңсіз, сенің ыстық құшағыңсыз
мен енді жүре аламын қалай бұлай?
Айт-дағы, жүре аламын қалай, жаным,
өте ме сенсіз сонда сан айларым?
Дайындап дастарқанды, отыра алмай
сен келіп қала ма деп қарайладым.
Еңсемді бара жатыр басып қайғым,
мені енді жұбата алар жасытпай кім?
Сен келіп қалар-ау деп жанталасып
үйге де бұрынғыдай асықпаймын.
Сарқылып біткені ме арман-селім,
айырар күш барына нанбаушы едім.
Асылым, жанарыңмен аялаған
қылығың көз алдымда қалды-ау сенің...
Қуатым, бойға қайрат-күш алғаным,
мен енді кімді аймалап құшам, жаным?
Аққу ем, қос қанатым қырқылды да,
қансырап талпындым да, ұша алмадым.
Аялап жүрсің бе екен мені ескеріп
жуымай, жүресің тек елес беріп.
Сен неге жалғыз кеттің, бірімізсіз
біріміз жүре алмайтын емес пе едік?
Сен ең ғой жаңа туған тұңғыш айым,
мен сорлы сенсіз енді кімге ұсайын?
Аңсадым, аяулым-ау, тым болмаса
түсімде келші армансыз бір құшайын.

// Фариза Оңғарсынова - Жоқтау немесе жесірдің зары (Ыстанбұл маңындағы зиратты аралай жүріп әлсіз жылаған әйел үнін
естідім. Жанымдағы Мырза Әли оның сөздерін былайша түсіндірд
і) 1973ж.

Қазақ әдебиеті

21 Nov, 15:11


Тәңірім-ай, бізде ақын мен жазушы қаншама? Бәрі де атақты болғысы келеді. Бәрінің де халыққа танымал болғылары бар. Алайда сол әрекеттеріне халықтың қалай қарайтынына бұрылып бір өздері көз салмайды-ау.
Қайран әдебиетіміз қазір не боп кетті? Ол бәрін асыраушы: талантты да, талантсызды да, пенсионерлерді де, тағы-тағыларды. Екі-үш өлеңін алып жаңа жаза бастаған жас келеді, бірер жерге көрсетеді де, бұл істен ештеңе өнбейтінін, өтіп кетудің мүмкін еместігіне көзі жетеді. Сонан соң өз күшін проза жазып байқайды. Ол да алдында алынбас қамалдай тұрып алады. Ашынған, жаңа жаза бастаған жас сонан соң сынға жармасады. Поэзия мен прозадағы беделділердің біріне болмаса біріне жағымпазданудың оңай еместігін біліп, ал сын саласын ыңғайлы, әрі тиімді санайды. Сонымен өз әрекетін бастап кеп жібереді. Кейде тіпті біреуді (әрине, онша қауіпті еместігі), яғни қызметі жоқты, қорқытып та тастайды, сөйтіп күндердің күнінде біздің әдебиетіміздің «білгіші» болып шыға келеді. Және әдебиетімізге пікір айта бастайды.
Мен кейде дүмбілездердің әдебиетке қандай жолмен келгенін, кімнің бақшасында өскенін, кімнің қанаты астында қатайғанын, оның қамқоры кім екенін, бүкіл кезген жолын зерттегім келеді, әттең, уақытым жоқ...
Бұлай бола беруі мүмкін де емес. Түптің түбінде бәрінің де ақыры болады, шыда, күт...

// Мұқағали Мақатаев күнделігінен. 26 қаңтар 1975 жыл

Қазақ әдебиеті

20 Nov, 12:29


Батыр болу шарт емес текті, рухты,
Бай да болу шарт емес епті, мықты.
Жәй ғана бір жақсылық жасау үшін,
Мейірімді болғаның жеткілікті!

// Қалқаман Сарин

Қазақ әдебиеті

19 Nov, 15:40


Күні кеше толған ай жүзің еді,
Сиқырлы қара нәркес көзің еді.
Мап-майда мамық қардай мінсіз денең
Бейне бір бақшадағы үзім еді.

Жел тимей, кірсіз тұрған кезің еді,
Жандыға жақсы дәру сөзің еді.
Басып кеткен пайғамбар іздеріндей,
Қадірлі аяқ басқан ізің еді.

Ал бүгін ол көріктің бәрі де жоқ,
Ақ марал, аяғыңа дәл тиген оқ.
Өкіндің, жастық, мастық ісің өтті,
Аһ ұрдың, сыртың – жалын, ішіңде – шоқ.

Тіліне қу түлкінің тез алдандың,
Ойламай таңдағыны, тез құп алдың.
Тап-таза ат, көркем көрік – бәрі кетіп,
Өміріңше құтыла алмас отта қалдың.

Таралды жұрт аузына жаман атың,
«Бұзылған!» дейді енді жақын, жатың,
Ызыңдап ол да, бұл да сол сөзді айтар,
Жас төкпей нағып сонда шыдар дәтің.

// Мағжан Жұмабаев - Алданған сұлу

Қазақ әдебиеті

18 Nov, 15:20


Иә, інім, өмір қызық бірақ қиын,
Сырғиды тұрақтамай сынап-күйің.
Қуансаң – өмір қымбат, ал, мұңайсаң,
Өмірдің құны кейде бір-ақ тиын.

Бұл өмір Медеудегі сырғанақтай,
Тағасыз адымдайсың бұлғалақтай.
Сәл тайсаң біттің онда, біттім дей бер,
Тереңге әкетеді бір қаратпай.

Көрсең де көп белеңнің сан асуын,
Кей-кейде жалындайды жан ашуың.
Тым қиын бұл өмірден жол табуың,
Тым оңай ашық күнде адасуың.

Қателік кезіктірер дайын дауға,
Жасыма, ұмтылма сен мойындауға.
Көрмейді қос жанарың кемшілікті,
Көңілдің көзі керек пайымдауға.

Мөлдірсің, тұп-тұнықсың, өзгешесің,
Өмірде барлығымен кездесесің...
Лайланба, інім болсаң өтінемін,
Қиынмен қиюласқан кезде көшің.

Өмірдің алғаннан соң жолдамасын,
Толқисың, түрленесің, толғанасың.
«Құрысын бүйткен өмір!..» деп ойлама,
Түсесің қиындыққа – сомдаласың!

Жұқтырма жолыңдағы жат сынықты,
Бұқтырма жаныңдағы тапшы үмітті.
Қатені біз жасаған қайталама,
Жаңғырт тек біз жасаған жақсылықты!

Бұл өмір үлкенге сын, кішіге – сын,
Өзіңді сан теңізге түсіресің.
Тәптіштеп «бұлай бол» деп неғылайын,
Бәрібір, санаң болса түсінесің!..

// Қайрат Әлімбек - Ініме (1981)

Қазақ әдебиеті

14 Nov, 13:28


Жалғызым!
Жырақтағы жұбанышым!
Жантөзгісіз күйімнің шыдамысың.
Сен үшін күллі әлемге күліп қарап,
Мөлтілдеп арғы жақта тұрады ішім!

Мені кейде мұндағы жасытты арман,
Жер жалыққан жылаңқы ғашықтардан.
Жұлдыз еді жүрегім іңкәрлікпен
Құс жолынан өзіңе қашып тамған.

Жел тұрса билей салар мың бұралып,
Қайыңдар баяғыдан жынды халық.
Сені де самал болып түртіп ем ғой,
Міз бақпадың, сол тұстан жылжымадық!

Жарығым, жаның неге құлыптаулы?
Жек көруді, содан соң ұлықтауды,
Кімнен, қашан үйрендім есімде жоқ,
Осыншалық сүюді, ұмытпауды!..

// Айнұр Төлеу - Күбір

Қазақ әдебиеті

14 Nov, 12:16


Ұсынылып жатқан "Түркі елдерінің ортақ әліпбиі"

Қазақ әдебиеті

13 Nov, 17:05


Қыз баланың ұяты,
Еркектердің талғамы.
Ардың таза болғаны,
Ұлттың таза болғаны.

Тектілерден тектілік,
Солай тұқым қуады.
Иманы бар анадан,
Иманды ұрпақ туады.

Керімдерді кергілеп,
Сала берме сынаққа.
Артық кетсең бір күні,
Тартыларсың сұраққа.

Сыбағаңды алдың да,
Өмір өзі жіліктер.
Қыз баланың сезімін,
Алдамаңдар жігіттер!

// Қайрат Ахмер

Қазақ әдебиеті

12 Nov, 14:14


"Ақ көңіл" деп, біреулер "көкірек" деп,
Өтіп жатыр, әйтеуір, өмір ептеп.
Ат құйрығын кесісіп біреу кетсе,
Кете алмай жүр біреулер төңіректеп.

Сүйеніші біреудің "құдайы" бар,
Өр санайды өздерін ұдайы олар.
Талғамыңмен ешкімді өзгертпейсің,
Асқағы бар, ішінде шынайы бар.

Дейді біреу: бақ құсы маған қонса,
Дос болады біреулер бағаң болса.
Кешірер ем бәрін де пенделікпен,
Құртақандай жүрегі адал болса.

Көкіректі буады қашанғы үміт,
Кездейсоқтық кетеді босанды үгіп.
Үйдей міні болса да да кешірер ем,
Перделерін сыпырса жасандылық!

Өмір-өзен, ақпайды тыныш күліп,
Бір істі ұқпай жүремін, бір істі ұғып.
Көңілге жат көп нәрсе көрінеді,
Соның бірі – аярлық, жымысқылық!

Осыны ойлап, қабаққа мұз қатырам,
Құлағандай көгінен құзға қыран.
Тұман ойдан жүзімді жүз құрғатып,
Тұман ойға өзімді жүз батырам...

// Ханбибі Есенқарақызы

Қазақ әдебиеті

11 Nov, 15:32


Уақыт деген шын мықты,
Ғасырларды мың жықты.
Жеңе алмайды оны ешкім,
Мойындайық шындықты.

Ағарып таң атқаны,
Қызарып күн батқаны.
Жылжып өмір көшімен,
Уақыт өтіп жатқаны.

Күндер мен түн алмаса,
Мезгіл өтер жалғаса.
Берері көп уақыттың,
Көшінен кеш қалмаса.

Жалынсаң да сен мейлі,
Тоқтатуға келмейді.
Жанға түскен жараны,
Уақыт өзі емдейді.

Дұрыс тапсаң бағытты,
Сыйлайтын шын бақытты.
Бар асылдан бағалы,
Қадірлейік уақытты!

// Гүлнәр Демеуова - Уақыт

Қазақ әдебиеті

10 Nov, 15:10


ҚАЗАҚ АТҚА МІНГЕНДЕ! –
Өр тұлғасы тауға айналып,
Көк тіреген құзар шыңнан дулығасы аумай қалып,
"Күлдір-күлдір кісінеген күреңдей" боп,
...Күре тамыры білеудей боп,
Кесек сөйлеп,
Кек қысып,
Жауға айла ғып,
Кеуде керіп тік жүретін,
Кең даланы маңдайға алып!

ҚАЗАҚ АТҚА МІНГЕНДЕ –
Жауласқанын түгел жеңіп,
Дауласқанын түгел жеңіп,
Маңғазданып, мінезденіп...
Шалқып-шалқып сөйлейтін,
Шат-шадыман бір күйге ілезде еніп,
Толқып-толқып сөйлейтін
Топты жарып,
...Түрленіп,
Түрі өзгеріп,
Қорқып-қорқып қашатын сонда, сонда
Қарсы келмей бетіне бір өзге жұрт!

ҚАЗАҚ АТҚА МІНГЕНДЕ –
Біт сәттен, бір мезеттен,
Бар қайғыдан арылып тым мезі еткен.
Дүниені дүр сілкінтіп,
Қабыландай қарғыса күнге жеткен.
Қара жердің үстінде үстемдік қып,
Көк аспанды көмкеріп күмбез еткен.
Өкініп, өксік буып,
Өткізіп алса-дағы мұңды өзектен.
Кезі жоқ кесір тиіп, тіл-көз өткен!

ҚАЗАҚ АТҚА МІНГЕНДЕ –
Өзен тасып,
Көл толқып,
Дала асқақтап
Һәм бекзада болмысын бөлек сақтап,
Көз алдына елестеп көне жорық,
Сары садаққа жебе жонып,
Айбалтаға ағаш саптап,
Қайта келіп кешегі кемел шағы,
Қайта қонар басына адасқақ бақ!

ҚАЗАҚ АТҚА МІНГЕНДЕ –
Тамыры толқып соғып,
Тәні қызып,
Тəуекел,
Тəңірден,- деп, - дəм-ырызық!
Жортқанмен,
Жаяу-жалпы жүргендерді
Жасқамайтын
Нағыз Ер,
Нағыз Ұлық!
Ұшқан құс,
Жүгірген аң саятшылылық
Шіркін-ай, ат үстінде бәрі қызық.
...Қаһарына бір мінсе қайсар қазақ
Қарақшының қаны бұзық,
Жаһаннамға жіберген жанын үзіп.

ҚАЗАҚ АТҚА МІНГЕНДЕ –
Көзімде көл тұншығып,
Кеудемде шер тұншығып,
Жануардың жалына жармасып ап,
Жаудан кегі қайтпаған ерше ұмтылып,
Жорта бергім келеді,
Ен далада
...Еңсе тіктеп, еркінсініп.
Соның бәрі дариға-ай, арман еді-ау,
Соққы болып тигенде сор тіршілік.
Тау теңселіп, жел күрсініп,
Алты қабат аспан аунап,
Жеті қабат жер сілкініп,
Кетсе-дағы
Ант етемін аттан түспен,
...Семсер сынар,
Кетпесін сертім сынып!

// Қалқамин Сарин - Қазақ атқа мінгенде

Қазақ әдебиеті

08 Nov, 15:24


Қайрат қайтты, балам-ау, күш кеміді,
Құрбыларды қуантты құт келіні.
Келін керек,
Немере ойнатайық,
Қалай сақтап қоя алам іште мұны.

Жүйрік уақыт түйе емес шегеретін,
Қазақпыз ұрпағымен көгеретін.
Менің ішім қылп етіп, сөз таппадым,
Құрдастарым мақтаса немересін.

Әлі жассың, - дейді жұрт жорта маған,
Қарт болдым алпысыңды орталаған.
Ерік берсең өзім-ақ құда түсем,
Достар көп құдалыққа қолқалаған.

Құдамен құшақтасып, қауқылдасып,
Сіз, бізбен өтсе деймін алтын уақыт.
Тағы да жасарар ем бірер жасқа,
Немере иіскесем мауқым басып.

Қай қызды күнім дедің, айым дедің,
Балам-ау, үйленуге дайын ба едің?
Шіреніп мына төрде жатпас па едік,
Шілдеде әзірлесе шайын келін.

Деп жүрмін жігіт болды, ер жетті ұлым,
Келін қашан келер деп дөңбекшідім.
Мойныма немеремді мінгізіп ап,
Ата! - деген келеді сезді естігім.

// Болат Үсенбаев

Қазақ әдебиеті

07 Nov, 14:26


Шіркін, сенің жүрегің нұрдан болса,
Күнмен бірге көгімде тұрған болса,
«Тәңірден соң бір саған аманат» деп,
Көңіліме көңілің құрбан болса.

Шіркін, сенің жүрегің гүлден болса,
Гүл күлгенде, ол бірге күлген болса,
Қызыл-жасыл дүние қызығына,
Құрғыр көңіл қана алмай жүрген болса.

Шіркін, сенің жүрегің мұнар болса,
Сол мұнарға сенімім шығар болса,
Қалау, аңсар, үміт те, жанымыз да,
Бір ойға ұйып, бір сөзге тұнар болса.

Шіркін, сенің жүрегің менде болса,
Сезімге бай, секемге кенде болса,
Ғұмыр бойы сырыңа сырым бойлап,
Қанша қазсам сарқылмас көмбе болса.

// Ерлан Жүніс

Қазақ әдебиеті

06 Nov, 15:30


Бұл өмірде шын құдірет іздесең,
Баламаны таппақ болсаң Күнге сен.
Сиынатын Тәңірменен теңесер,
Тіршіліктің тұлғасы ол – кім десең ?
Ана дер ем!

Інісіне тек жақсылық қалаған,
Шырылдайтын қорғамақ боп жаладан.
Бауыр еті бауыры үшін қашан да,
Отқа, суға түсуге де бар адам
Әпке дер ем!

Асқар таудай қорғаны деп сенетін,
Мейірімен шуақ нұрын төгетін.
Жатжұрттық боп өзге жанға кетсе де.
«Ағатайлап» сағынышпен келетін,
Қарындас дер ем!

Олар үшін кейде алатын тілеп мұң,
Жолдарына келетін тек гүл еккің.
Бірде ақын, бірде батыр жасайтын,
Жиілетіп дүрсілін көп жүректің
Ару дер ем!

Ләззаты мен қуанышын татып мың,
Бірге мәңгі өткізетін жақұт күн.
Бөлісетін қайғы менен мұңыңды,
Сездіретін шұғыласын бақыттың.
Жарың дер ем!

Балапаным деп мейірін төккізген,
Әке болып маңдайынан өпкізген,
Тілеуің де, тынысың да сол болып,
Жан жылуы қорғап жүрген көп күзден.
Қызың дер ем!

Тіршілікті тіршілікке жалғаған,
Бітпейтұғын арналатын арман ән.
Нәзіктікпен айналаны нәзік қып.
Сұлулықпен дүниені қорғаған.
Әйел дер ем!

// Қуат Қайранбаев - Құдірет

Қазақ әдебиеті

05 Nov, 15:24


«Пәленшеев, Төленшеев» деп, әкеміздің атына «...ев» пен «...овты» қосақтап айту дағдыға айналған-ды. Мұның өзі бір мезгіл ұйықтап, үш мезгіл тамақ ішкендей бойымыз үйренген үрдіс болатын. Өйткені Кеңес өкіметі бізді солай оқытып, солай тәрбиелегені кім-кімге де жасырын емес. Көзімді тырнап ашып, көркем шығармаларға ден қоя бастаған кезде фамилиясының артында не «...ев» жоқ, не «..ов» жоқ үш адамның аты-жөніне қайран қалғанмын.

1. Бауыржан Момышұлы.
2. Балғабек Қыдырбекұлы.
3. Шона Смаханұлы.

Үш тұлғаның үшеуі де – ұлы! Неге? Сұлтан болуға ұмтылған жоқ, ұлты үшін ұлтан болды. Ұлы болуға ұмтылған жоқ, ұлтының құлы болуға тырысып бақты.
Тәуелсіздік тұсында тәрбие алған кейінгі жастар Шона ағамыздың сын-сықақтарын оқығанмен, ана тіліміздің мәртебесі үшін «мыңмен жалғыз алысып», жауға жалғыз шапқан батырлығын біле ме?

Тіл үшін тіресіп жүріп Алматыда қаншама қазақ мектептерін ашқызды! Бұл жөнінде сәл шегініс жасап балалар ақыны Абдрахман Асылбектің естелігіне құлақ түрейікші. « Ол кезде Алматыда небәрі бір ғана қазақ мектебі болатын. Шона ағамызды қазақ мектебі мен қазақ тілінің мүшкүл хәлі толғандырып, Үкімет алдына мәселе қоя бастады. Қазақ мектебін ашу оңай еместігін жақсы түсінген Шөкең амал-айлаға көшіп,ең алдымен орыс мектептерінің ішінен қазақ сыныптарын ашуды қолға алды. Үй-үйді аралап, қаракөздердің тізімін және ата-аналарының ұлт мектебіне бергіміз келеді деген келісімін ала жүріп, қазақ мектептерін қалайда көбейту жолдарын қарастыра бастады. Бұл оңай шаруа ма? Жан-жақтан жанашырларды шақырып жасақ жинады. Әуелгіде Қадыр Мырза-Әлі, Қабдеш Жұмаділов секілді атақты ақан-жазушылар, кейінірек Марат Тоқашбаев, Нұрдаулет Ақышев қостаған жорналшы жігіттер ілкінді істі ілгері жылжытты. Оларға мен де қосылдым. Сөйтіп жүріп, он шақты жыл ішінде Алматы қаласында біраз қазақ мектебі ашылды».

Ал, қазақ мектебі мен балалар бақшасын ашу үшін жоғары-төменді шенеуніктерге дүркін-дүркін хат жолдап, қара терге түскенін білеміз бе? Үмбетбай Уайдиннің 2006 жылы 10 қазан күні Қазақ радиосына берген сұқбатынан үзінді келтірейік. « Қонаевтің қабылдауында болыпты деген әңгіме құлағыма тиіп, Шөкеңнен «Сол рас па?» деп бір-екі рет сұрағанымда, күліп жауап берді. «Есіктен кіріп келгенімде күректей қол алдымнан шықты. Қолым қолының ішінде жоғалып кетті» деді. Бұйымтайын сұрапты. Сонда Шөкең: «Мен соғыстан аман-есен келдім. Бала оқыттым. Еліме күлкі сыйлап жүрмін. Ендігі арманым – қазақ мектептерін көбейтсем екен!» депті. Сол сәтте Қонаев « Менің алдыма келгендер үй сұрап, машина сұрап бүгежектейтін еді» деп ризашылықпен елжірей қарапты.

Шона ағадай қазақ тілінің мәртебесі үшін ашық күрестік пе? Көбіміз үндемедік. Бұғып қалдық. Партиядан қорықтық. Саясаттың салқыны тисе, тұмауратып қаламыз ба деп үріктік. Шона ағамыз бұққан да жоқ, үріккен де жоқ. Әй, батыр екен-ау!

// Көпен Әмірбек. «Сөйле десең, сөйлейін» кітабынан үзінді

Қазақ әдебиеті

05 Nov, 13:41


Ашыққанға нан арман,
Адасқанға таң арман,
Ауырғанға жан арман,
Арман, арман, сан арман.

Бұлбұл құсқа бақ арман,
Мансапқорға тақ арман,
Шөл далаға қақ арман,
Арман, арман, тағы арман.

Елдік арман данаға,
Ерлік арман балаға,
Арманға әркім садаға.
Армансыздар бола ма?

Ажар арман шор болсаң,
Ажал арман қор болсаң.
Арман да зор зор болсаң,
Арман да бор, бор болсаң.

Арман – қаны жүректің,
Қансыз жүрек соқпайды.
Арман – жаны тілектің,
Жансыз тілек тоқтайды.

Ендеше арман мол болсын,
Сұлу болсын, зор болсын,
Жарқын болсын, жол болсын,
Не тілесең, сол болсын.

// Жұбан Молдағалиев - Армандар

Қазақ әдебиеті

04 Nov, 15:20


Мастанба сұлулыққа, мастанба, қыз,
Біз-дағы дәл өзіңдей жас болғанбыз.
Жетімсіреп қап қойдық айна алдында,
Сұлулық тастай салып қашқанда біз.

Көшеде талайларды тамсандырып,
Талай-талай жүректі сарсаң қылып.
Сұқтана қарап қалған сан көздердің,
Алдынан өткенбіз біз алшаң күліп.

Талайлар қол созды ғой үздігіп-ақ,
Талайлар ұнатты ғой бізді құлап.
Көркімізге құмарта қарағанмен,
Қарабайыр жар етті қызды бірақ.

Жұрт назары – сұлуға ең керегі,
Сонымен жаны кейде емделеді.
Табынатын сан мыңдар, тамсанатын,
Сурет қана болыппыз көрмедегі.

Кеткенде әрің тайып, бағың ұшып,
Жас қыздарға қонғанда жаңылысып.
Бояуы оңып, сурет ескіргенде,
Көрмеде қалмайды екен табынушы.

Шіркін, жастық келмейді екінші рет,
Бояуыңды оңдырдық, кешір, сурет.
Сұлулық бізді тастай қашқан кезде,
Айна алдында қап қойдық жетімсіреп.

// Сәулеш Шәтенова - Уақыт сұлуларды аямайды

Қазақ әдебиеті

03 Nov, 15:31


Ел байлығын миллиардтап тонаған,
Қомағайлар кердең басып жүр аман,
Еңбегімен тапқандайын соларды
Өзін ерек өзгелерден санаған.

Көкесіне сыйынады тырсиып,
Сәлемі де барлы-жоқты тым суық.
Өз ісінің білдірмейді тігісін
Қулықпенен жымияды ырсиып.

Жасырмаған офшорларға бекерге,
Қазынасын асырған соң шетелге,
Ашылудан жария боп қорқа ма,
Бұл залымдар арамдықпен еті өлген.

Ен байлыққа мастанғандар мелдектеп,
Ойланбайды халқым бар деп, ел деп тек,
Көп асқанға кездесер деп бір тосқан
Тәңіріден зауал бір күн келмек деп.

Жайлы тұрмыс, биік мансап билеген,
Өмірінде арзан киім кимеген,
Сол байлардың жарлыларға келгенде
Қол созуға мұршалары тимеген.

Қанша қазақ баспанадан тарыққан,
Үкімет жоқ жақыбайды жарытқан,
Үйсіз, күйсіз, аш-жалаңаш тұрмыстан
Көп балалы аналар жүр жалыққан.

Шенді біткен миллиондап айлығын,
Алып, жатса, санамайды байлығын,
Қалтыраған сәбилерге келгенде
Жариялап есептейді шайлығын.

Барған сайын бай мен кедей алшақтап,
Отыз жылда талай белес алсақ та,
Байлар шалқып ағыл-тегіл байлықтан
Кедей байғұс күнелтуде жан сақтап.

Отыз жылда етсе де өмір ағысы,
Шайға жетпей кедейлердің табысы,
Күнкөрісті ойлауменен қажыған
Шіркін, қазақ, оянбай ма намысың?

Енді үкімет елдің жайын ойласа,
Нашарлардың тірлігіне бойласа,
Жұмыссызға жұмыс көзін аштырып
Кем-кетікке жәрдем, көмек тыймаса.

Көп балаға қолдау жасап ұдайы,
Көңіл бөлсе, жәрдемдесіп шынайы ,
Кәсіпкерлер кедейлерді қамқорлап
Кедейленбес ел байлығы, мұнайы.

Қашан орнар әділдік пен дұрыстық,
Не үшін біз еңбек еттік, тырыстық,
Қарашаға, қарапайым жандарға
Қашан келер жайлы тұрмыс, ырыс, құт?

Ойлан, билік, ел басқарған елбасы,
Үкімет те шындап жұртты қолдасын,
Ен байлыққа ие байтақ жерімде
Кедейленген бір де қазақ болмасын.

// Нұрлығайн Нұғманов

Қазақ әдебиеті

02 Nov, 15:19


Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс-алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.
Жақсыны көзден салмаңыздар,
Жақсыдан қапыл қалмаңыздар.
Өзі болған ерлердің,
Аяғынан алмаңыздар.
Әр елге, әр жұртқа
Алтын сақа табылмас!
Бас ауырса бақсыларды,
Алып келіп бақтырарсың
Жазықсыз жануарды сойып,
Өкпеменен қақтырарсың.
«Жын-бәлекет қашады» деп,
Тұмар алып тақтырарсың.
Білмес надан еткен істен
Ешбір қайыр табылмас.
Алған жарың жаман болса,
Бір Тәңірге көп налырсың.
«Жарым сондай болса екен» деп,
Көрінгенге көз саларсың.
Әуелде маңдайыңа нені жазса соны аларсың,
Бәріңізге қасы қара, қызыл жүзді табылмас!
Қатының өлсе, қарыс ұрып қаларсың,
Аны-мұны қармалап,
Және біреуді аларсың,
Бір кеткен соң қамқор әке-шешең табылмас!

// Ыбырай Алтынсарин - Әй, жігіттер!

Қазақ әдебиеті

01 Nov, 15:11


Жанарыңның, жарығым, тереңі мұң,
Өрімталым, өзгеден ерек үнің.
Көздеріңде жан сырың дірілдейді,
Айтшы, жаным, ренжідің неге бүгін?

Қара түнек сел екен
Бұзған бәрін,
Еріксізден қиналып сыздар жаның.
Көңіліңе қаяу мұң ораныпты,
Белгісі ме бұл әлде қызғанғанның?

Өтсе күндер,
Жылжып бір арман – ағын,
Көкіректе өзіңсің – салған әнім.
Пендемін ғой, қателік болған шығар,
Жүрегімді мен бірақ алдамадым.

Қуанышым,
Көктемім – қызғалдағым,
Шуақ сепкен жаныма ізгі арманым.
Үміт деген нәзік қой үлбіреген,
Үзіп алма, бұлайша қызғанбағын.

Қызғанбағын,
қылықтым, жыламағын,
Сені қалай жылатып жүре аламын!
Іште қалар қызғаныш – тамшы емес пе,
Көз жасыңды көл қылма, сұранамын.

Іңірде айтып көңілдің ізгі арманын,
Сағымдарша сырғанап жүзді алға Күн
Көтерейік сенімнің ақ желкенін,
Сенші жаным, өтінем, қызғанбағын!

// Әкім Ысқақ

Қазақ әдебиеті

31 Oct, 15:17


Ата қартайып, күші кеміді. Көзі нашар көретін болды, құлағы нашар еститін болды. Ішкен тамағын алдына төгетін болды. Өйткені, оның аяқ-қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалдың алдына жаман дастархан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды. Немересі өзінің әкесіне «атамды бөлек отырғызба» деуге бата алмады. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі не жасап отырғанын сұрады. Сонда бала: «Ыдыс-аяқ жасап жатырмын. Қартайғанда сіздерге тамақ құйып беремін», – деді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қойыпты.

// Спандияр Көбеев

Қазақ әдебиеті

30 Oct, 12:25


Көпен Әмірбек, "Көрмейін десем көзім бар" кітабынан

Қазақ әдебиеті

29 Oct, 15:24


Ақиқатты іздеген -
Әуелден дос бізбенен.
Әділдікті қорғаған -
Бір туғандай ол маған.
Армандасын қолдаған -
Ағайындай ол маған.
Жалғандықты жақтаған -
Бір туса да жат маған.

// Мұзафар Әлімбаев

Қазақ әдебиеті

28 Oct, 15:24


Өмірде неше түрлі уды іштім,
Неше түрлі азапқа, жаным, түстің.
Ағайынның ішінен ала шықса,
Жау ішінде бар ма екен сонан күштің.

Күндейді, бәлен дейді көре алмайды,
Мен кірген қауымға олар ене алмайды.
Ертең жаны шығатын шұбар жылан,
Соңыма жылдан артық ере алмайды.

Қара көңіл адалға сене алмайды,
Ақты қара қашан да жеңе алмайды.
Өмір бойы тілеген бір тілегін,
Махмұт бүгін жауына бере алмайды.

Бұл жолда керек емес жанды аяу,
Ол онша ұзақ емес тұр ғой таяу.
Ұлы кеуде ышқынып жан берсе де,
Шынашақта қозғалған қанды қой-ау.

Мен соған сөзсіз әлі-ақ жетем деймін,
Шын досыммен қосылып кетем деймін.
Өткен күнді тек қана әңгіме қып,
Қалған күнде бақытпен өтем деймін.

Ол ойым кешікпей-ақ болуы анық,
Көзім жетті сәулесі күннен жарық.
Шын өмір, шын әділдік сол күнде орнап,
Мен секілді қуанар миллион халық.

Сол кезде сөйлесерміз қаймықпастан,
Көз жыпықтап ет жүрек шайлықпастан.
Өткен күнгі сұрқия сұр жыланды,
Сөз қылып шығарармыз талай дастан.

Кейінгі жас балалар оқып көрер,
Кейде жылап, кей кезде сақ-сақ күлер.
Кім адам, кім айуандық істегенін,
Кімнің дос, кімнің қасын анық білер.

Сонда олар сын көзімен әділ қарар,
Ел жауы кім екенін дәлдеп табар.
Сол жаудың ұрым-бұтақ тұқымына,
Аямай әділет заң балта шабар.

Арманым сол өмірді көрсем екен,
Соған дейін адам боп жүрсем екен.
Өмір бойы тілеген осы тілек,
Сарғайтып сағындырмай келсең екен.

// Сұлтанмахмұт Торайғыров - Ағайынның азғандығы

Қазақ әдебиеті

28 Oct, 13:28


Жорналшы жəне жазушы марқұм Балғабек Қыдырбекұлы қазақтың көне, сирек қолданылатын сөздеріне ерекше құмар еді. Шоқан ескерткішінің жанында сейілдеп жүргенде ол əрдайым менен емтихан алып жүретін. «Білгіш болсаң, Гера, пəйкел, нұғара, шіленгір, күрік, мұрақ деген сөздердің мағынасын айтшы», – деп маған тəптіштеп түсіндіріп, миыма құятын. Сонсоң неше түрлі құйтырқылау сұрақтар қоятын. «Жыланның ұрғашысын қазақтар не дейді? Мысықтың баласын ше? Барыстың «əйелі» қазақша қалай болады? Баласы ше? Қасқырдың ұрғашысын қазақтар қалай атайды?» Əрине, мен көбісін білмеймін. Бəкең мəз болып, миығынан күліп, сəнді галстугін түзеп қойып, шыт жаңа костюміндегі болар-болмас қылшықты саусағының ұшымен шертіп, сілкіп тастап, маған асықпай-саспай түсіндіреді: мəлике, мəулен, таутан, алан, құртқа.

// Герольд Бельгер. "Қазақ дәптері" кітабынан

Қазақ әдебиеті

28 Oct, 05:31


Кез келген қазақ жазушысының шығармаларынан (əсіресе, тарихи тақырыпта жазылған Есенберлин, Кекілбаев, Мағауин, Жұмаділов романдарынан) қазақтың көне сөздерін көптеп табасыз. Қазақтың күнделікті тұрмыс-салтына, жер бедеріне, мал шаруашылығына, туыстық қарым-қатынасына, этнографияға, қолөнеріне, санаға, дүниетанымына байланысты ұғым-атаулар санында, Құдай біледі, шек жоқ. Жылқы мен түйеге қатысты сөздердің өздері жүздеп саналады. Киіз үйдің төңірегінде жүз сөз табылып қалады (Еуропа тілдерінің ешқайсысында, əлбетте, оның біреуі де жоқ. Киіз үйдің өзі болмаған соң, олар қайдан болсын?).
Ұсталық өнер жайында қаншама сөз бар! Зергерлік атаулар қаншама! Бір ғана «вид» деген сөзге қазақтың 26 синонимі бар. Бір ғана сырғаның қазақта 20-30 түрі табылады. Бір ғана пышақтың ұшы, қазинегі, кежегесі, ілдірігі, жүзі, сағасы, алқымы, жемесі, сырты, сақинегі, құрсауы, дүмі, шығыршығы, болатынын марқұм Дəркембай ұста жазып та, суретін салып та түсіндіріп еді. Байыбына барып ойлансаңыз, аузыңызды ашып, жағыңызды ұстайсыз. Бұл байлық қолданыстан шығып, ұмытылып барады. Обал ғой, обал!

// Герольд Бельгер

Қазақ әдебиеті

27 Oct, 13:16


Сүрініп кетсең,
Түңілме
Қайта түрегел,
Сілкініп тастап
Серпіліп алға жүре бер,
Сенен де бұрын
Бұдан да ауыр салмақты
Көтеріп кеткен
Ерлердің барын біледі ел.

Жығылып қалсаң,
Тұрдым де жерге бір аунап,
Тырнадан үлгі ал,
Төбеңнен ұшқан тыраулап,
Сарала жапырағы
Саудырап түсіп жатқанда
Көктемін күтіп
Күлмей ме кейде қырау бақ?

Жаныңды жесе
Күйзеліс, уайым жегідей,
Өзіңді өзің
Езгілей берме тірідей,
Қарысып неге
Қасқайып қатып қалмайсың,
Аяғын шайнап
Қақпаннан шыққан бөрідей.

Жылаңқы, жасық,
Кінәмшіл болсаң боркемік,
Күйініп іштей
Кетерсің босқа өртеніп,
Темірді үзіп
Қопарар тасты шағыңда,
Не болды сонша,
Шағылып тауың ерте өліп?!

Басыңды көтер
Жігерді қайрап мін атқа,
Үргісі келген иттердің бәрін шулат та,
Тәуекел етіп
Көтеріп тағдыр жазғанын
Тарта бер тура
Өшпейтін үміт-шыраққа!

// Баянғали Әлімжанов - Басыңды көтер…

Қазақ әдебиеті

26 Oct, 15:22


Әжемнің бейнесі!
Кетпейді көз алдымнан.
Жыр-дестемді тоқыдым гөзал мұңнан.
Түсімде Ақ бас шың боп құшақ ашса,
Қолымды жетпек болып созам қырдан.

Әжемнің бейнесі!
Ұмыта алмаймын тұлғасын күлімдеген,
Жұмсам болды көзімді, түрін көрем.
Түрілмеген іргесі күнді нұсқап,
Жолдарыма бастайды жүрілмеген.

Соғыс кеткен ағартып қара шашын,
Аяулы әже, қашан да жол ашасың.
Бірде ұршығын иіріп елестесе,
Бірде тоқып көрінер алашасын.

Отыратын әндетіп, бесік тербеп,
Көз алдымда жүр бейнең көшіп, көлбеп.
"Құлыным!" деп айналып, толғанатын,
Мен жүгіріп кіргенде есіктен кеп.

Жүрегімде сонан соң жыр от алып,
Шуағыңнан жүремін қуат алып.
Өзің еккен еменнің саясынан,
Көзін ашып кеткенсің, тұма тауып.

Аққу – таңдар қанатын қағып ұшып,
Жыр бастаудан жүрші, әже, қанып ішіп.
Асыл бейнең жарқырап сол тұмада,
Тұрар мәңгі Ай, Күнге шағылысып...

// Бауыржан Жақып - Әжемнің бейнесі

Қазақ әдебиеті

24 Oct, 15:24


Биік ұстап қазағымның намысын,
Атқа қондың қару алып, арысым!
Қол бастадың қайсарлықты танытып,
Отан үшін, ұлтымыздың ары үшін.

Атой салдың найзағайдай күркіреп,
Жауың қашты қаһарыңнан дүркіреп.
Бостандыққа жетер ме еді, шіркін-ай,
Болған кезде қазағыңда бір тілек.

Бар арманың азаттық қой аңсаған,
Ерлігіңе бас иемін, хан саған!
Халқын қорғап қасық қаны қалғанша,
Шейіт болды қатарыңда қанша адам.

Қазағымның сыйлы ханы аталып,
Қариядан, үлкендерден бата алып.
Қапияда қолға түсіп, мерт болдың,
О, тағдыр-ай, неткен мынау қаталдық.

Дамыл таппай, ойға-қырға сабылып,
Әскер жидың, келді саған ағылып.
Қалың қолмен Ақмоланы басып ап,
Тұрған еді үміт оты жағылып.

Ұйқы көрмей, азап шегіп, қиналып,
Жорықтарға сапар шектің жиналып.
Бұл қазағым еркін халық болады,
Деген сөзге сенуші едің иланып.

Он жыл бойы тапжылмастан күрестің,
Жауларыңа бой берместен тірестің.
Отан үшін қазағымда өзіңдей,
Ержүректік көрсетпеген бірі ешкім.

Талай рет аман шығып жорықтан,
Жан емес ең хас дұшпаннан қорыққан.
Бейнет шектің, етегіңмен су кешіп,
Құтқарам деп туған елді зорлықтан.

Белді буып, алға шықтың жарқылдап,
Ұран тастап қалың топқа саңқылдап.
Тәуелсіздік тарихына, хан Кенем,
Есіміңді жазып кеттің алтындап.

Батылдық қой, табандылық не деген,
Ел сүюді үйренемін мен сенен.
Ескерткіш боп жадымызда тұрсың ғой,
Рухың жебеп бәрімізді хан Кенем!

// Есенгелді Сүйінов - Хан Кене

Қазақ әдебиеті

23 Oct, 15:30


Жапанға біткен жантақты
Жаһан кезген нар жейді.
Тәтті менен дәмдіні
Қолында бұлы бар жейді.
Қорқақтықтың белгісі –
Арықты да жар дейді.
Кертартпаның белгісі –
Кең дүние тар дейді.
Қолында жоқтар тайлақты
Солқылдақ өркеш нар дейді.

Балам, маған кейіме,
Әкем айтпай кетті деп.
Сырын білмей бой салма,
Атасы оның текті деп.
Тұрлаусыздан сөз ұқпа,
Ауызы оның епті деп.
Нашардан шыққан жақсының
Сөзін жерге тастама,
Атасы нашар өтті деп.

Орманшы ағаш кесе алмас,
Ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас,
Жау жарағын сайламай.
Егінші егін сала алмас,
Қос өгізді айдамай.
Көңілмен құрғақ бос жүрсең,
Алақандай жер жүзі
Аспан болар айнадай.

Істемей қолмен іс болмас,
Құр сөзде күш болмас,
Таңдайға дәмі татымас
Ауызға салып шайнамай.
Ер қолынан іс келмес
Сұңқардайын түйілмей,
Буынып белін түйінбей,
Зердесі жігер қайнамай.
Жабыққанды дерт білмес,
Басқан қайғы серпілмес,
Шамшырақтай жайнамай.

Ер деп атақ алмайсың,
Алмас семсер асынбай,
Кезенген жауды қашырмай,
Асудан ары асырмай.
Бара алмассың, байланып,
Көңілге алған жеріңе,
Болат найза қайрамай.
Шыға алмассың ұмтылып
Шығам деген өріңе,
Садақ сыртты, күпшек сан
Тобышақ атты жайламай...

Балам, саған айтқаным:
Даңғойланбай, шаруа жи.
Қолда барың қанағат,
Қолда жоққа құмартып,
Әуреленбе, нәпсің тый.
Әкеңнің айтқан сөзін
Құтысына көңіліңнің,
Төгіп алма, дәлдеп құй!
Менің айтқан бұл сөзім
Өміріңе пайдалы,
Басыңда болса егер ми.

// Дулат Бабатайұлы - Құтысына көңіліңнің... (Баласына айтқаны)

Қазақ әдебиеті

22 Oct, 15:17


Ессіз ғашық хәлімді көре тұрып,
"Жігітім бар!"-деуші едің өп-өтірік.
Азаптағың келетін мені әйтеуір,
Сүйгеніме шынымен сене тұрып,
Көнбей маған кетуші ең, көне тұрып.

Гүлнәр, Баршын, Гүлсімің, Күмісің бар,
Бәрі соның деуші еді: "жігітім бар".
Менің бала кезімнің арулары-ай,
Сендер бәрің шынымен ұлысыңдар.

"Жігітім бар" - дегенің сылтау еді,
Барлық ұлдар ол кезде мылқау еді.
"Жігітім бар" - дегенің жігіттердің
Сезімі мен намысын шыңдау еді.
Соны, бірақ түсінген кім бар еді?

Жігіт те емес, бала едік сары ауызды,
Бүгін жігіт болдық қой, ор ауызды.
Сонша неге ұнаттық екен, Құдай,
Көзі ғана әдемі қара қызды?!

Қасып қойып тәтті бір жарамызды,
Қыздар жүрді-ау қыздырып арамызды.
"Жігіті бар" сол қыздар жігіт іздеп,
Кезіп кетті кейіннен әр ауылды.

Ол жылдардың қыздары керемет ең,
Елемейтін сен өзің бөгемесең.
"Жігітім бар" дегені байғұстардың,
"Жігітім бол сен менің" дегені екен.

Сезіміме сен менің сене тұрып,
"Жігітім бар" - деуші едің сәл өкініп.
Жігітің сол, білмеппін, мен екем ғой,
Неткен шындық едің сол, сол өтірік.

// Есенқұл Жақыпбек - Жігітім бар...

Қазақ әдебиеті

21 Oct, 15:39


Қиял құсы...
Ол құстың иесі – ақын. Ұяң кісі.
Түннен жасап алардай тамаша әлем,
Бойына бар ғаламның сияр күші.
Жоқ оның одан басқа зиянды ісі.

Бар үнімен,
Табиғаттың тілдесіп тамырымен,
Қара өлеңмен кәдімгі қаны – күрең.
Жұлдыздарға түнімен хат жазады ол,
Ақ Айдың жарығымен.

Қап-қара түн.
Тылсым түннен тағатын тапқан ақын.
Қиял тербеп кетеді аспанға ұшып,
Айдың нұры аймалап ақ қанатын.

Жанды көзі,
Ақынның аспанға ұқсас бар мінезі.
Биіктікті, сүйеді ол кеңістікті,
Жұлдыздармен жарасып жалғыз өзі.

Арпалысып алапат алып күшпен,
Әуел баста-ақ ақындар жұлдыз болып,
Жанарынан жалғанның ағып түскен.
Иә, солай Ақын ем,
анық Күшті ем!

// Қалқаман Сарин - Ақын

Қазақ әдебиеті

20 Oct, 15:30


Мен Сізді қабылдадым,
Өмірімнің егесі деп,
Жүректің төресі деп.
Бірге алып жетелер деп,
Биікке белесі көп,
Бақытқа бөгеті жоқ.

Мен Сізді таңдаған ем,
Жайдары жаныңыз үшін,
Бойдағы барыңыз үшін.
Бір кешер бағымыз бенен,
Бірге атар таңымыз үшін.

Мен Сізге қолымды бердім,
Жолдарда құлатпайды деп,
Жалғанда жылатпайды деп.
Тағдырда менімен бірге,
Тойтарар сынақтарды деп.

Мен Сізге жүрегімді аштым,
Ішіне нұр құяды деп,
Сезім мен сыр жияды деп.
Алқалап-арқалайды деп,
Ақынды мұң-қиялы көп.

Мен Сізді жанға баладым,
Құларда тірек болатын,
Дұғамда тілек болатын.
Өлең боп кеудемде мәңгі,
Соғатын жүрек болатын!

// Жұлдызай Ысқақ

Қазақ әдебиеті

19 Oct, 15:24


Жәңгір хан жайлы алғаш құдайы күлшедей кітап жазып, артынша пьесаға түсіріп, спектакль қойғызып, ұнамды образын өрнектеген өзім едім. Қаншама қарсылыққа тап келдім… Мәселе онда емес. Айтпағым, хан зираты Батыс Қазақстан облысы Орда селосының іргесінде жатыр. Отан соғысы жылдары болған оқиға. Отыннан тарыққан жұрт алдымен хан зиратының үстіндегі ағаш күмбезін бұзып алады. Отқа жағады. Артынша тасын тасып әкетіп, бұзауқора жасайды. Имансыздықтың мұнан асқан мысалын таба алмассың, баяғы Махамбеттен қалған «Хан емессің, қасқырсың» осылай жалғасып жатты.
Келесі жазда көрген елге таңдай қақтырған тағы бір оқиға өтеді. Бір түнде хан моласы мен Фатима тоташтың, жанындағы қос ұлының басына көк сырмен сырланған темір қоршау пайда болады. Кім қойғаны, қайдан әкелгені беймәлім, құпия!

Бақса, Қазан татарлары жергілікті қазақтардың сорақылығын естіп, жаға ұстасқан. Сосын қой, болмас деп әдемілеп темір қоршау жасатып, арнайы бригада мен машинаны аттандырады. Бір түнде бар шаруаны бітіріп, көзге түспей кері қайтқан.

Фатима тоташтың тегі татар. Атақты мүфти Мұхамеджан Хусейіновтың қызы. Жәңгір күйеубаласы.
Жәңгір хан 1845 жылы 11 тамызда дүние салды. Ал темір қоршау 1945 жылы жаз айында орнатылған. Арада тұтастай 100 жыл жатыр.

Бір ғасыр бойы жатжұрттық қызын ұмытпаған, хан күйеудің рухын сыйлаған татар ағайындарға қалайша таңғалмассың.

// Рахымжан Отарбаев

Қазақ әдебиеті

18 Oct, 15:23


Мойнымызға бір қырсық мініп алмай,
Қуанар-ау деп едім бірі қалмай.
Көнбіс халқым жатыр-ау көп себептен
Бостандықтың бағасын ұғына алмай.

Бір-бірімен сыйыспау – жалғанда азап.
Бірін-бірі қиыспау – арман ғажап.
Бірін-бірі сақтағай Ай астында
Апыл-тапыл азаттық алған қазақ!

Қамсыздықтан туады тексіз қоғам,
Халқым менің кеудесі көп сыздаған.
Мұны ұмытпа: барың да, бақытың да,
Қамалың да, қаупің де – шексіз далаң!

// Күләш Ахметова

Қазақ әдебиеті

17 Oct, 15:17


Мен сені ұзақ күттім...
Бақыттың әлемі боп,
Шаттықтың өлеңі боп,
Жақұттай әдемі боп,
Келеді деп!

Мен сені ұзақ күттім...
Хәлімді көреді деп,
Мұңымды бөледі деп,
Сөзіме дерегі көп
Сенеді деп!

Мен сені ұзақ күттім...
Санаумен сағаттарды,
Төзім мен тағат талды.
Бағыңа балап мәңгі
Келермісің?!

Мен сені ұзақ күттім -
Жанарға мұң тұндырып...
Келсең ғой, шіркін, күліп!
Берейін сертімді нық!
Сенермісің?!

Мен сені ұзақ күттім...
Сенсіз бақ қонбас болды,
Жағдайым оңбас болды,
Жалғыздық жолдас болды
Себебі көп!

Мен сені ұзақ күттім...
Қасыңда қалу үшін!
Бір әнге салу үшін!
Бірге өшіп, жану үшін!
Басқаның керегі жоқ!

// Мерген Тоқсанбай - Мен сені ұзақ күттім

Қазақ әдебиеті

17 Oct, 06:14


Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қазақ әдебиеті

16 Oct, 15:15


Өз демiне өртенген он алты жас,
Көз жетпейтiн биiкке созар құлаш.
Кеудесiне жүрегi сыйып-сыймай,
Қызды көрсе қалтырап болар тыраш,
Беу, он алты жас!

Естiгенде жүректiң ыстық үнiн,
Сол он алтым есiме түстi бүгiн.
Айдағаның бес ешкi болғанымен
Жер жаратын едi ғой ысқырығың,
Ох, он алты жас!

Маған да бiр он алты кез келiп тұр,
Ойсыз тауда орғыған өзге елiк бiр.
Тiлiң жетпей тұрса да тiлегiң көп,
Айтарыңды аянбай көзбен ұқтыр.
Шіркін, он алты!..

Елiк те емес, елiктiң ерке лағы,
Мөлт-мөлт етiп көзiнде шер тұнады.
Он алтының орманы адастырар,
Қамшылама, Кендебай, керқұланы.
Қайран он алты...

// Ұлықбек Есдәулет - Он алты жас

Қазақ әдебиеті

15 Oct, 15:19


Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ – шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар.

Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел-жайлау, өзен яки көл болмайды.
Бұтасы қу баялыш, қара жусан,
Көгала бетегелі бел болмайды.

Бетпақтың көлденеңі сегіз көштік,
Сайланып қыс ішінде талай көштік.
Азамат, ат пен айғыр, атан ғана
Шыдар деп қоста отырып, талай дестік.

Бетпақта елсіз-көлсіз өсіп-өнген,
Жалғыз-ақ құлан, киік шөлге көнген.
Қазақтың малдарындай қыбырласып,
Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген.

Жалғыз-ақ ел жылында көшіп өтер,
Асығып қар суымен "несіп етер".
Қаптасып, көшкен елмен дамыл алмай,
Мергендер аң ауласып кәсіп етер.

Мергендер дамыл алмай киікті атқан,
Ауылды қан сасытып топырлатқан.
Киікті ойлай ма екен таусылар деп,
Азайып бірте-бірте келе жатқан!..

Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық,
Сол шөпті қорек қылған байғұс киік.
Таңы – аппақ, екі көзі мөлдір қара,
Тигендей емес адам көзі қиып.

Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.
Бөкенді атып мерген өлтіргенде,
Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім.

Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңнан баяғыда өреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кез келеді анда-санда саяқ-некен.

Кей қазақ әдет қылған киік атып,
Мүйізін пайда қылып, шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.

Бетпақта келе жатты ақсақ киік,
Сандалып қаңғырақтап басын иіп.
Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,
Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.

Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі кетіп жығылғалы.

Қиырсыз, Бетпақ дала... қураған шөл...
Жалғыз-ақ сырғандайды қоңылтақ жел.
Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай.
Ел қайда? Ел алыста – шулаған ел!

Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...
Ақбөкен сахараның бота көзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып?

Келеді қаңғылақтап жалғыз өзі,
Тілі жоқ, құр жүректе айтар сөзі.
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі.

Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға,
Моншақтап жерге тамған қызыл қанға.
Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,
Әл кетіп сорлы киік жығылғанда!..

Бота көз сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген?
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегінен атқан мерген!

// Сәкен Сейфуллин – Ақсақ киік

Қазақ әдебиеті

14 Oct, 15:45


Бердібек Соқпақбаев туралы

Қазақ әдебиеті

13 Oct, 15:32


АЭС дей ме, хәлің бар ма, АЭС ке
Келмей тұрып одан жеңіл, жәй іске.
Жалпы осы Қазақстан мен білсем,
30жылда озып шықты қай істе?!

Қай мұңымыз құлағыңа жетіп ед(і),
Енді міне, АЭС келіп бекімек!
Халқыңменен Билігіңнің арасы
Бара жатыр бірте-бірте сетінеп,
Білесің бе, Өкімет?!

Біле тұра сол бәленің зардабын,
АЭС салу болды неге арманың?!
Халқың ауру, дүмше, мешел ұрпағың,
Аз болды ма Полигоннан алғаның?!

Шығады ма, сол АЭС пен жақсы атың,
Тағы қандай бар ойлаған мақсатың?!
Тұла бойы түршігеді халқыңның
Еске алғанда АЭСтердің апатын!

Қазақ жері неге сынақ айлағы?
Байқоңырың апарады Айға әні!
Тонап болды Жердің асты-үстінің
Бар байлығын келімсектер қайдағы!

«Аман болғай Елімнің бар аймағы!»-
Деген тілеу үмітке үкі байлады.
Кешегі өткен Референдум қазаққа
Бола алмады Демократия айғағы?!

Ойластырып ерте бастан ойынын
Билік елге қоя салды қойылым.
Балық бастан шіріп жатыр, әлі де
Соғудамыз өзге елдің сойылын!

Қарыз қысқан Елің мынау тоналған,
Билігіңнен Ұят пен ынсап жоғалған!
Ұлт мүддесін биік қойған тағынан
Ерлер қайда, Елге тұлға бола алған?!

Ел көзінен жас емес, қан ағып тұр,
Соқыр билік көрмей оны неғып тұр?!
Біздің елде Әділеттік жерленген
Жемқорлықтың ғана бағы жанып тұр!

Референдум- көз бояудың амалы,
Мызғымайды аярлықтың қамалы.
Тілің, дінің, бұғауланып ар-ұятың
Өсек, өтірік тұмшалады санаңды.

Әлдеқашан шешіп қойып жәй істі
Қазынаның қасығымен май ішті.
Қаржы бөліп, жалған Референдумға,
Қолдады деп халық өзі АЭС-ті.

Біле алмадым, заман қайда барады,
Халық қарсы, бірақ АЭС салады!
Келер ұрпақ кем тар болып туылса,
Сол ұрпақтың жібермесін обалы!
АЭС дейді.....

// Меңдігүл Мұханбетжанқызы

Қазақ әдебиеті

12 Oct, 15:23


Қыз қадірін қызды болсаң білерсің,
Қызғыш құстай қорып сосын жүрерсің.
Қабағынан кірбің көрсең үндемей,
Жүрегіңді жүз ит талап жүдерсің.
(Қыз қадірін қызды болсаң білерсің...)

Қызыл гүлім,
Қыр бағасын асырған,
Жан періштем, жан жарасын жасырған.
Қазағымның – қарлығашы ақ бауыр,
Не өтпей жүр сенің ғазиз басыңнан.

Кешіріңдер,
Барлық ана, барлық жар?!
Шаршадыңдар, шалдықтыңдар, талдыңдар.
Тірі тозақ көріп жүріп кейбірің,
Тастай батып, судай сіңіп қалдыңдар.
Қара қайғы,
Қара көзде сұр қайғы,
Сырғып тамып омыраудан тұрмайды.

Соны ойласаң өзек өрттен құрғайды.
Ұрпағыма сала көрме бұл жайды.
Жер бетінде бар еркектің төзімі
Бір ананың шыдамына тұрмайды.

// Сабыр Адай – Ана мен шыдам

Қазақ әдебиеті

11 Oct, 15:19


Шаршадым білем.
Жантая кеткім келеді.
Миыңды жеген құрысын бүйткен өлеңі!
Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой,
Аузымнан түссе, адыра қала береді.

Өлеңі құрысын,
Таппадым одан миятты,
Жазбай-ақ қойдым,
Жазғаным енді ұят-ты.
Менсіз де мына ғаламат жырау-дүние,
Өзінен-өзі жырланып жатқан сияқты.

Өткізіп жылдар,
Өткізіп айлар,
Бекер күн,
Болғансып ақын,
Мұрнымды несін көтердім?!
Өлмей-ақ жүр ғой,
Өлең жазбаған адамдар,
Өлеңсіз мен де,
Өмірді бірдеңе етермін.

Жанды да жансыз,
Көрінген заттан сыр бағып,
Өлетін болдым,
Өзімнен-өзім ұрланып.
Шаршадым білем,
Жатпасам енді болмас-ты.
Жұрт кетіп жатқан
Қара теңізге бір барып...

// Мұқағали Мақатаев - Шаршадым білем

Қазақ әдебиеті

10 Oct, 15:25


Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самолеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!

Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, Күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді!

Күнге күліп, күй тартқан,
Айға әнін тыңдатқан,
Бақыт жырын жырласа,
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді!

Тыңда туып түлеген,
Тастүлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген
Ұшқыш болғым келеді!

Жат жерлерге қонбаған,
Жатқа көңілі толмаған,
Асыл затты сұңқардай
Өз ұясын қорғаған
Ұшқыш болғым келеді!

Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тастүлектей түйілген
Ұшқыш болғым келеді!

Ар, намысын ақтаған,
Жүректе сыр жаттаған,
Туған елін – ұясын
Жан-тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келеді!

Ұшқыш болмай немене!
Қуат бітті денеме!
Қанатым бар қайысып,
Жастарға ісім өнеге,
Ұшқыш болғым келеді!

// Қасым Аманжолов - Ұшқыш болғым келеді!

Қазақ әдебиеті

09 Oct, 15:35


Жансын лаулап
Жүрегімде от барда.
Көздегенге жетпей көңіл тоқтар ма?!
Қайран тілім –
Терісіндей серкенің,
Қайта-қайта түстің-ау сен көкпарға.

Ұрпақ болса уызына жарыған,
Ана сүті өн бойына дарыған.
Арылармыз дәл осынау дерттен де
Аяз болып арқамызды қарыған.

Болашаққа бұрғанменен бетіңді,
Талай-талай күрек тісің кетілді.
Өз еліңде, өз жеріңде жүріп-ақ
Өксідің-ау өгей бала секілді.

Бетін ашып ашу-ыза, наланың,
Шешіп едің небір дауын даланың.
Жат қолына – тор ішіне түскендей,
Жауап күтіп, жаутаң-жаутаң қарадың.

Анам десем,
Панам десем нетеді?!
Үйретіп ең «әке» менен «шешені».
Сені ойласам –
Жетім бала елестеп,
Маңдайынан сипағым кеп кетеді.

Қайран тілім!
Кеудең толы қайғы-мұң.
Жауға шапсам –
Өзің едің Айбыным!
Алтын емес, күміс емес,
Сен едің
Бабаларым беріп кеткен Байлығым.

Ақын болсам –
Тұра алмаймын толғанбай,
Батыр болсам –
Көк байрақты қолға алмай!
Сол байлықты төгіп-шашып қор қылдым,
Жақсы әкеден жаман бала қалғандай.

Қасиетті қайран қара шаңырақ
Қалмаса екен жиһазы жоқ, қаңырап.
Қайрылмастан кете ме деп қорқамын –
Қайран тілім
Аруанадай аңырап...

// Серік Тұрғынбекұлы - Қайран тілім!

Қазақ әдебиеті

08 Oct, 15:15


Қай көктемнің жазылмаған өлеңі,
Қайдан білем, қайда оның дерегі,
Кісікиік күй кештіріп күн бойы,
Көз алдыма күлген сәті келеді.

Күлген сәті, күрек тісі көрініп,
Жүрген сәті бір басуға ерініп,
Түсімде ме, өңімде ме, жалт еткен,
Көздерінен күллі дүние төгіліп.

Өзекті өртеп өндір шақтың өлеңі,
Беймаза бір сезімдерге бөледі,
Күні бойы күй кештіріп күйгелек,
Көз алдыма күлген сәті келеді.

Қайдан көрдім сол қалқаны, қай маңнан,
Ой ішінде озар күндер айналған,
Алып кеткен жоқпын оның күлкісін,
Қалып кеткем қалпымда сол ойланған.

Қайдан білем, гүлді ме еді, қарлы ма,
Жалт етті сәт жалғыздыққа салды да,
Күмәні көп дүниеде күрсінсем,
Күлген сәті келеді көз алдыма.

Мені қайта алып бармас жолдарым,
Жастығымның қайдан табам сол бағын,
Күліп жүрсең, біліп жүрсем болғаны,
Жер бетінде бір жымиған жан барын.

// Ерлан Жүніс

Қазақ әдебиеті

07 Oct, 15:25


Жанымда тоңамын десең,
Қорықпа, жылыта салам.
Қасымда боламын десең,
Бəрін де ұмыта салам.

Төземін жасырын сынасаң,
Ренжимін несіне саған?
Кешір деп Асылым сұрасаң,
Қайтадан кешіре салам.

Еңсені басса қайғы мұң,
Жаманды жақсарта салам.
Берсе де əлем байлығын,
Сен үшін бас тарта салам.

Сұрағым кеп тұрғанда да,
Жоқ мүлде сырым дей салам.
Жылағым кеп тұрғанда да,
Сен үшін күлімдей салам.

Сондай ем бұрыннан десең,
Ар жағын қазбай өтемін.
Шаршадым жырыңнан десең,
Мақұл деп, жазбай кетемін.

Ешқайда бармашы десең,
Бармаймын, тыңдап өтемін.
Мен үшін арнашы десең,
Өзімді құрбан етемін.

Бəрін де байқадым деші,
Барыңда бағалаймын деп.
Бірақ та айта көрмеші,
Ештеңе қаламаймын деп...

// Мергүл Асылханова - Сен үшін